ПӨЭЖ ПАТЕНТ МАГ

Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі
Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік унивеситеті
С.Сәдуақасов атындағы Аграрлы-экономиқалық институт
«Патенттену және интеллектуалды меншікті қорғау»
ПОӘҚ
6М080100 «Агрономия»

Көкшетау 2015
ББК-40 у ( 5 каз)
А-45
Оқу-әдістемелік кешен Ш.Уәлиханов атындағы КМУ-нің оқу-әдістемелік кеңесінің (хаттама №1, 22.09.2015 ж.) шешімімен баспаға ұсынылды.

А- 45 Әленов Жумабай Нурсентұлы
«Патенттену және интеллектуалды меншікті қорғау» ПОӘҚ
6М080100 «Агрономия» /Көкшетау/ Ш. Уәлиханов атындағы КМУ-2015-60Б
ПОӘҚ агроном мамандықтары бойынша магистртерлерді дайындау кезде ғылыми білім ретінде оқу құралы орнына қолданатын студенттеріне «Патенттену және интеллектуалды меншікті қорғау» керекті мағлұматтар бар.
Солтүстік Қазақстанда пайдалануға рұқсат етілген өндірістік маңызы бар негізгі дәнді, отамалы, көкөніс дақылдары және көпжылдық шөптердің жаңа сортарына,технологияларына инновациалық жобаларға патент беру зандары.
УМКД құрылымы өзіне силлабус, лекция материалы, теориялық-тәжірибелік сабақтарға арналған оқу-әдістемелік құралдар, тәжірибелік сабақтарға әдістемелік нұсқаулар, ұсынылатың әдебиет тізімі мен қорытынды бақылау материалдарын біріктіреді.
© Ж.Н.Әленов 2015

Магистрантар үшін пән бағдарламасы (силлабус) құрылды __ҚРМЖММБС 3.08.359 – 2006 6М080100 «Агрономия» мамандағының 2014-2018 оқу жылдары
« Өсімдік және топырақтану» кафедра отырысында қаралды.
«____» _________ 2015ж.

МАЗМҰНЫ 1.Оқу бағдарламасы-SYLLABUS 6
2. Глоссарии 17
3. Теориялық-тәжірибелік бөлім. Дәріс тезистері, тәжірибе тапсырмалары 12
4. Тәжірибелік сабақтарға әдістемелік нұсқаулар 33
5. Ұсынылатың әдебиет тізімі 50
6. Қосымша 51
7. Қорытынды бақылау материалдары (сұрақтар)
58
SYLLABUS (ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ)
Оқытушылар жөнінде мәлімет
1 Әленов Жұмабай Нүсейітұлы,а/ш ғ.к., «Өсімдік және мал шаруашылық өнімдерін өндіру технологиясы» кафедрасының доценті.
С.М: Киров атындағы Омбы ауылшаруашылық институтын 1973 жылы аяқтады.
Кандидаттық диссертацияны 2002 С.Сейфулин атындағыв ҚазМАТУ қорғады, доцент атағы 2005 жылы берілді. Кафедрада 1996 жылдан бері жұмыс істейді.
2.Пән туралы мәлімет
Пәннің жүргізілу орны – Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеттінің 5 корпусы.
Мекен жайы: Куанышева көшесі 192  (201,131)
3. Пән туралы мағлұмат:
Пән атауы: «Патенттену және интеллектуалды меншікті қорғау»
Өткізу орны: сабақ кестесі бойынша
Жұмыс жоспарынан алынған көшірме
Курс Семестр Кредит саны
Дәріс Тәжірибе, сағ СОӨЖ СӨЖ Барлық сағ Бақылау алу түрі
1 1 2 15 30 - 45 Емтихан ауызша, жазбаша
3. Пәннің алғы реквезиттері: Пәнді жақсы білу үшін, үш курста оқыитын пәндерді білу қажет. Олар: Физика,химия, математика, биология
4. Пәннің соңғы реквезиттері: Инженерлік іс, механизация,электрофикация Осы пән басқа пәндерді ұйғаруға себеп болады. -интеллектуалдық (зияткерлік) меншік, өнеркәсіптік меншік, өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі, тауар белгісі (таңбасы), қызмет көрсету белгісі (таңбасы), тауардың шығу орнының атауы, ноу-хау, аналог, прототип, лицензиялық шарт туралы түсініктерді;
- өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге патент беруге өтінім беру тәртібің;
- тауар белгісін (қызмет көрсету белгісін) тіркеуге өтінім беру тәртібін;
- лицензиялық келісімді жасау тәртібін білуі керек.
Пәнді игерудің негізі жалпы білім беру және ғылыми теориялық пәндерді оқу кезінде меңгерген білімдері болып саналады .
5. Құзыреттілігі : . Патенттік әрекет негіздері. Тәжірибенің ғылыми есебінің негізгі бөлімдері. Патенттік өтінішті дайындау
5.1. Пәннің қысқа мазмұны: Курс ҚР және шет елдердегі патенттану,рационализациялау және өнеркәсіптік қорғаныс құжаттарын түрлерін қарастырады
- өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау саласындағы халықаралық заңдарымен;
- Қазақстан Республикасының және шет елдердің патенттік заңымен;
- өнертабысқа, пайдалы модельге патент беруге өтінім құрастыру және беру ережелерімен;
- өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды беруге лицензиялық келісімдерді жасау тәртібімен таныстыру.
6. Сабақтардың жоспары
6.1. Дәрісханалық және тәжірибелік сабақтардын оқу-әдістемелік жоспары.
№ Мазмұны
(тақырыптар, дәрістердің және тәжірибе сабақтардың) Дәріс (сағ) Тәжірибелік жұмыс
(сағ) ӨМОС Негізгі және қосымша әдебиеттер Басқа оқу құралдары
1 2 3 4 5 6 7
1 Кіріспе 1
3,4,5 Нә 2 Меншік жүйесіндегі интеллектуалдық (зияткерлік) меншіктің орны. Интеллектуалдық (зияткерлік) және өнеркәсіптік меншік объектілері
2 2 3,4,5 Нә
3 Интеллектуалдық меншікті қорғауға қатысты Қазақстан Республикасының заңдары
1 2 3,4,5 Нә
4 Өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы халықаралық келісімдер
1 2 1,2,3,4 Кә 5 Патенттік құжаттама және оны пайдалану 1 2
3,5 Нә
6 Өнертабыстардың жіктеуі (классификациясы)
Халықаралық патенттік жіктеуіш
1 2
3,4,5, Нә
7 Патенттік-ақпараттық зерттеулер 1 2 3, 5 Нә
8 Бәсекелесуге қабілетті өнімді жасау үшін патенттік құжаттаманы пайдалану
1 2
4 Нә
9 Техникалық ұсынысты талдау, оның патенттік қабілеттілігін анықтау, маңызды белгілерді табу 1 2 3,4,5 Нә 10 Өнеркәсіптік меншік объектісіне өтінім құрамы; патенттік құқықтың көлемін анықтау үшін өнертабыстың формуласының маңызы 1 3 1 Кә 11 Өтінімдік құжаттардың сараптамасы; өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеу 1 3 3, 5 Нә 12 Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану, құқықтарды беру. 1 3 3, 5 Нә 13 Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға патенттік құқықтарды бұзу 1 3 1 Кә, 5 Нә 14 Кәсіпорында патенттік-лицензиялық жұмыс және өнертабыстық қызметті ұйымдастыру 1 3 1,5 Кә, 5 Нә Барлығы: 15 30 7. Студенттің өзіндік жұмыстры
Тапсырма берлген аптасы Сабақ тақырыбы Стдуентке тапсырма Әдебиет СӨЖ бақылау түрі Тапсырма тексерген күні
2 Интеллектуалдық меншікті қорғауға қатысты Қазақстан Республикасының заңдары Реферат 2,3, Кә Жазбаша 3
4 Патенттік құжаттама және оны пайдалану Ауызша 3,4 Кә Ауызша 5
8 Бәсекелесуге қабілетті өнімді жасау үшін патенттік құжаттаманы пайдалану Реферат 3,5 Нә Жазбаша 9
10 Кәсіпорында патенттік-лицензиялық жұмыс және өнертабыстық қызметті ұйымдастыру Ауызша 5 кә Ауызша 12
7.1. Оқулық және оқу құралдарымен қамту картасы
№ Оқулықтар, оқу құралдары Басылым тілі Авторы, жылы Басылым саны Электрондық саны
Кафедрада Кітапханада 1 2 3 4 5 6 7
Негізгі әдебиет
1 Право интеллектуальной собственности в Республике Казахстан. орыс Каудыров.Т.Е.
Алматы: Жети жарғы, 1999. - - Электрондық үлгіде
2 Гражданско-правовая охрана объектов промышленной собственности в Республике Казахстан орыс Каудыров Т.Е., Алматы: Жети жарғы, 2000.
- - Электрондық үлгіде
3 Основы патентного права и патентоведения в Республике Казахстан орыс Т.Е. Каудыров., Алматы: Жети жарғы, 2003.
- - Электрондық үлгіде
4. Основы патентоведения: Учебно-методическое пособие орыс Абраменко А.П., Павлодар университеті, 2004. - - Электрондық үлгіде
5 Основы патентного дела орыс Бромберг Г.В., Учебное пособие: М.:Экзамен.-2002 - - Электрондық үлгіде
Қосымша әдебиеттер
1 Қазақстан Республикасының Патенттік Заңы қазақша 16 шілде 1999 ж., 2007 жылғы еңгізілген өзгертулерімен);
- - Электрондық үлгіде
2 Қазақстан Республикасының «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шығу орындарының атаулары туралы» Заңы қазақша 26 шілде 1999 ж. - - Электрондық үлгіде
3 Қазақстан Республикасының «Интегралдық микросұлбалардың топологияларын құқықтық қорғау туралы» Заңы қазақша 29 маусым 2001 ж. - - Электрондық үлгіде
4 Қазақстан Республикасының «Селекциялық жетістіктер туралы» Заңы қазақша 13 шілде 1999 ж.
- - Электрондық үлгіде
5. Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқытар -туралы» Заңы қазақша 10 маусым 1996 ж - - Электрондық үлгіде
6 ҚР ГОСТ Р 15-011-2005. Өнімді жасау және өңдіріске қою жүйесі. Патенттік зерттеулер. Мазмұны және жүргізу тәртібі.
қазақша - - Электрондық үлгіде
7 Тауар таңбасын тіркеуге өтінім құрастыру және беру ережелері қазақша 30 сәуір 1997 ж.
- - Электрондық үлгіде
Медицина, биология және ауыл шаруашылық саласында өнертабыстарға инновациялық патент және патент беруге өтінімдерді құрастыру бойынша ұсыныстар. қазақша Алматы., КИПЭ, 2002. - - Электрондық үлгіде
Патенттік құқық: Заңды актілер жинағы қазақша Т.Е. Каудыров, Э.З. Фаизова .- Алматы: Жеты жарғы. 1996.
- - Электрондық үлгіде
8. Бағалау ақпараты
Бақылау түрлері (ағымдық, аралық, қорытынды)
Ағымдық бақылау І – Семестрдің алғашқы жеті аптасы.
Аралық бақылау І – қазан айы, 2013 ж.
Ағымдық бақылау ІІ – Семестрдің кейінгі жеті аптасы.
Аралық бақылау ІІ – желтоқсан айы, 2013 ж.
Қорытынды бақылау – желтоқсан айы, 2013 ж.
Бақылау әдістері (сұрақ, жазба жұмыстары, тестер)
1. Ауызша: Сұрақтарға жауап беру, ойқорытынды жасау.
2. Жазбаша: Бақылау жұмысы, тестік жұмыс.
3. Реферат, баяндама жазу және қорғау.
4. Глоссарий.
5. Картамен жұмыс.
9. Бағаны қою саясаты
Объективтілігі (бағалау жүйесінің нақты эквиваленті ).
Айқындылығы (хабарлануы).
Ыңғайлылығы (әртүрлі бақылау формасын ескеру).
Жоғары дифференциация (көп ұпайлық бағалау шкаласының көмегімен жоғары дифференциациялау ).
Магистрантарға оқу әрекетінің әрбір түрінің бағалану ережесін және ағымдық, аралық, қорытынды ұпайлардың критерийін уақытында айту (семестр басында, сабақ басында, бақылау жұмысының алдында).
Бағаны қою саясаты 100 ұпайлық (100%) жүйеге негізделеді және ұпайлардың төмендегідей бөлінуін қарайды.
Он ұпайлық шкалада бағалау эквиваленті
Әріптік жүйе бойынша бағалау Сандық эквивалент Ұпайдық пайыздық көрсеткіші Дәстүрлі жүйе
бойынша бағалау
A 4,00 95-100 Өте жақсы
A- 3,67 90-94 B+ 3,33 85-89 Жақсы
B 3,00 80-84 B– 2,67 75-79 C+ 2,33 70-74 Қанағаттанарлық
C 2,00 65-69 C– 1,67 60-64 D+ 1,33 55-59 D 1,00 50-54 F 0,00 0-49 Қанағаттанарлық емес
10. Оқу пәнінің саясаты және академиялық этика
Барлық магистрантарға үшін әрбір сабаққа дайындалу және өздік жұмыстар мен семинар тапсырмаларын орындау міндетті түрде;
Сабақтарда белсенділік таныту, ұжымдық тапсырмаларды орындауға қатысу қажеттілігі ескеріледі;
Сабаққа кешікпеу, сабақты себепсіз босатпау, себепсіз сыртқа шығып келуге сұранбау, сабақ уақытында басқа тақырыптарға және ұялы телефонмен сөйлеспеу, т.б. жағымсыз қылықтардан аулақ болу;

1 Дәріс . Меншік жүйесіндегі интеллектуалдық (зияткерлік) меншіктің орны. Интеллектуалдық (зияткерлік) және өнеркәсіптік меншік объектілері.
Интеллектуалдық меншік дегеніміз — шығармашылық қызметтің нәтижесі. Интеллектуалдық меншіктің объектісі ретінде интеллектуалдық қызметтің нетижесі және
азаматтық айналымның қатысушыларын дараландыратын тауарлар, жүмыстар және қызметтер жатады.
Меншік жүйесіндегі интеллектуалдық (зияткерлік) меншіктің орны. Интеллектуалдық (зияткерлік) және өнеркәсіптік меншік объектілері (негізгі терминдер мен түсініктердің анықтамалары, интеллектуалдық (зияткерлік) меншіктің маңызын түсіндіру. Өнеркәсіптік меншік интеллектуалдық меншіктің құрамдас бөлігі ретінде, құқықтық қорғауға жататын адамның интеллектуалдық қызмет объектілері. Интеллектуалдық меншік объектілеріне құқық пайда болуының негіздері).
Мақсаты: адамның интеллектуалдық қызмет нәтижесі болатын объектілердің және жекелендіру құралдарының жіктелуін зерделеу (авторлық құқықтарды қорғау туралы заңдарға және патенттік заңға сәйкес қорғауға жататын объектілер, қорғалмайтын объектілер).
Интеллектуалды меншіктің құқық объектілеріне:
1. Интеллектуалдық қызмет нәтижелері;
2. Азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметті жекелендіру құралдары жатады.
Интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне:
- ғылым, әдебиет және өнер шығармалары;
- фонограмманы орындау және хабарлауды ұйымдастыру шараларын жеткізу;
- өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер;
- селекциялық жетістіктер;
- интегралды микросұлбалар топологиялары;
- ЭЕМ арналған бағдарламалар және деректер базалары;
- ашылмаған ақпарат, оның ішінде өндіріс құпиялары (ноу-хау) жатады.
Азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды және 7к0өрсетілетін қызметті жекелендіру құралдарына төмендегілер жатады:
- фирмалық атаулар;
- тауарлық белгілер (қызмет көрсету белгілер);
- тауардың шығу орындарының (шығу тегін көрсету) атауы.
Тәжірибелік тапсырма
1. Интеллектуалдық және өнеркәсіптік меншікке анықтама беру.
2.Интеллектуалдық меншікке адамның интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне және азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметті жекелендіру құралдарына айрықша құқық ретінде сипаттама беріңіз.
3. Интеллектуалдық меншіктің құқық объектілеріне жататын интеллектуалдық қызметтің нәтижелерін атап өтіңіз.
4. Азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметті жекелендіру құралдарының адамның күнделікті өміріндегі мәні.
Бақылау сұрақтар
1. Қандай Халықаралық конвенцияда интеллектуалдық меншікке анықтама берілген.
2. Өнеркәсіптік меншікті қорғау бойынша Париж конвенциясында аталған өнеркәсіптік меншік объектілерінің санына неге «ноу-хау» деген объект кірмейді.
3. Интеллектуалдық меншік объектілеріне құқық пайда болу негіздері қандай.
4. «Интеллектуалдық меншік объектісіне айрықша құқық» деген не.
5. Өнертабысқа берілетін қорғау құжаттың екі түрі (патент және авторлық куәлік) арасыңдағы принципиалды айырмашылық қандай.
2 Дәріс. Интеллектуалдық меншікті қорғауға қатысты Қазақстан Республикасының заңдары
Интеллектуалдық меншікті қорғауға қатысты Қазақстан Республикасының заңдары (Авторлық және патенттік құқық. Заң құжаттары: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, ҚР Патенттік Заңы, «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шығу орындарының атаулары туралы» ҚР Заңы, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңы, «Селекциялық жетістіктер туралы» ҚР Заңы).
Мақсаты: Өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы қарым-қатынастарды реттейтін заңдармен танысу.
Қазақстан Республикасында инттелектуалдық меншік саласында пайда болатын құқықтық қатынастарды реттейтін құқық көздері болып төмендегілер табылады: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, ҚР Патенттік Заңы, «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шығу орындарының атаулары туралы» ҚР Заңы, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңы, «Селекциялық жетістіктер туралы» ҚР Заңы, «Интегралдық микросұлбалардың топологияларын құқықтық қорғау туралы» ҚР Заңы, Қазақстан Республикасы қатысушысы болатын әртүрлі Халықаралық конвенциялар (келісім шарттар) және басқадай заң құжаттары.
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 88 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 4 сәуірде № 7516 тіркелді
«Қазақстан Республикасының Патент Заңының» 5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Инновациялық патенттің және өнертабысқа патенттiң қолданылу мерзiмiн ұзарту жөніндегі қағидалар;
2) Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Пайдалы модельге патенттiң қолданылу мерзiмiн ұзарту жөніндегі қағидалар;
3) Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Өнеркәсiптiк үлгiге патенттiң қолданылу мерзiмiн ұзарту жөніндегі қағидалар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Инновациялық патенттің және өнертабысқа патенттiң қолданылу мерзiмiн ұзарту жөніндегі қағидалар:
1. Осы Инновациялық патенттің және өнертабысқа патенттiң қолданылу мерзiмiн ұзарту жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Патент заңы) 5-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және инновациялық патенттер мен Өнертабыстарды, пайдалы модельдердi, өнеркәсiптiк үлгiлердi қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) берген патенттерге қатысты қолданылады.
2. Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
1) бюллетень - өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн қорғау мәселелерi жөнiндегi ресми мерзiмдiк басылым;
2) сараптама жасау ұйымы – мемлекеттік монополияға жататын салада қызметін атқаратын, уәкілетті органға бағынысты ұйым (өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласында қызмет көрсету);
3) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті.
3. Өнертабысқа инновациялық патенті мен патенті Патент заңының 5-бабының 3-тармағына сәйкес сараптама жасау ұйымына өтінім берілген күннен бастап тиісінше үш және жиырма жыл ішінде қолданыста болады.
4. Өнертабысқа инновациялық патенттің қолданылу мерзімі патент иеленушінің өтініші бойынша екі жылға ұзартылады.
Заңнамаға сәйкес оны пайдалану құзыретті органның рұқсатын талап ететін өнертабысқа Қазақстан Республикасы патентінің қолданылу мерзімі патент иеленушінің өтініші бойынша көрсетілген өнертабысты қолдануға рұқсат алу үшін өтініш берушінің/патент иеленушінің құзыретті органға өтініш берген күнінен бастап мұндай рұқсатты алуына дейінгі, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімге ұзартылады.
5. Инновациялық патенттің және өнертабысқа патенттің қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) сараптама жасау ұйымына инновациялық патенттің немесе патенттің қолданылу мерзімінің соңғы жылы ішінде ол күшін сақтаған жағдайында орындалғанда беріледі.
6. Инновациялық патенттің немесе өнертабысқа патенттің қолданылу мерзімін ұзарту бойынша істерді жүргізу үшін патент иеленуші Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкіліне (бұдан әрі – патенттік сенім білдірілген өкіл) немесе Патент заңында көзделген жағдайларда тиісті сенімхат бере отырып, өзге де өкілге уәкілеттік бере алады. Сенімхатта тапсырылған іс-әрекеттер нақты көрсетілуі тиіс.
7. Өтініш мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады. Басқа тілде берілген өтінішке өтініш берілген кезден бастап бір ай ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасы қоса беріледі. Өтініштің аудармасы берілмеген жағдайда өтініш берілмеген болып есептеледі.
8. Өтінішке патент иеленуші немесе патенттік сенім білдірілген өкіл не сенімхат негізінде өзге де өкіл қол қояды.
Заңды тұлға атынан өтінішке ұйым басшысы немесе қызметін көрсете отырып, уәкілеттік берілген өзге де тұлға қол қояды, оның қолы заңды тұлғаның мөрімен бекітіледі.
9. Өтінішке:
өнертабысқа патенттің қолданылу мерзімі ұзартылған жағдайда құзыретті органдарда рұқсат алу рәсімінен өткендігін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері (құзыретті органға тиісті өтініш пен құзыретті органның өнертабысты қолдануға рұқсат жөніндегі ресми құжаты);
іс-әрекет өкіл арқылы жасалған жағдайда сенімхат қоса беріледі.
10. Өтініш пен оған қоса берілетін құжаттар сараптама жасау ұйымына тікелей ұсынылады немесе пошта арқылы жолданады; құпиялық грифі бар материалдар арнайы байланысты пайдалана отырып жіберіледі.
Құжаттар көшірмелері факс арқылы жіберілген жағдайда құжаттар түпнұсқалары сараптама жасау ұйымына бір ай ішінде ұсынылады.
11. Өтініш сараптама жасау ұйымына түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралады.
Инновациялық патенттің немесе өнертабысқа патенттiң қолданылу мерзiмiн ұзарту жөнінде қорытынды шығарылғаннан кейін, бұл қорытынды қоса берілген материалдармен және өтінішпен бірге он бес жұмыс күні ішінде шешім шығару үшін уәкілетті органға жолданады.
12. Осы Қағидалардың 7-9-тармақтарында көрсетілген өтінішті беру шарттары сақталған жағдайда, инновациялық патенттің немесе патенттің қолданылуы осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес есептелетін мерзімге ұзартылады.
Патент иеленушіге инновациялық патенттің немесе өнертабысқа патенттің қолданылу мерзімін ұзарту туралы ресми жариялануымен бір мезгілде инновациялық патентке немесе өнертабысқа патентке қосымша беріледі.
Инновациялық патенттің және өнертабысқа патенттің қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәліметтер ресми бюллетеньде жарияланады.
13. Қажетті құжаттар болмаған немесе дұрыс ресімделмеген жағдайда не өтініште көрсетілген библиографиялық деректер Мемлекеттік тізілімнің деректеріне сәйкес келмегенде, патент иеленушіге сараптама жасау ұйымына жетіспейтін және/немесе түзетілген құжаттарды ұсыну немесе хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде тиісті өзгерістерді енгізу жөнінде хабарлама жіберіледі.
Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген өтінішті қарау мерзімі жетіспейтін және/немесе түзетілген құжаттар келіп түскен күннен бастап есептеледі.
14. Жетіспейтін және/немесе түзетілген құжаттар сараптама жасау ұйымына ұсынылмаған жағдайда, немесе хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде өзгерістер енгізу туралы өтініш берілмесе, өтініш қанағаттандырылмайды, бұл жөнінде патент иеленуші хабарландырылады.
15. Егер инновациялық патенттің немесе өнертабысқа патенттің қолданылу мерзімін ұзарту жөнінде өтініш берген патент иеленуші тегін, атын, әкесінің атын немесе библиографиялық деректерді өзгертсе, онда ол хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтініш беруге міндетті. Осы орайда, өтінішті қарау мерзімі тиісті өзгерістер енгізілгенге дейін тоқтатыла тұрады.
3-дәріс Жалпы ережелер
3.1 Интеллектуалдық меншiк құқығының объектiлерi
1. Интеллектуалдық меншiк құқығының объектiлерiне:
1) интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерi;
2) азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру құралдары жатады.
2. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерiне:
1) ғылым, әдебиет және өнер туындылары;
2) эфирлiк және кәбiлдiк хабар тарату ұйымдарының орындаушылығы, қойылымдары, фонограммалары мен хабарлары;
3) өнертабыс, пайдалы үлгiлер, өндiрiстiк үлгiлер;
4) селекциялық жетiстiктер;
5) интегралдық микросызба топологиялары;
6) ашылмаған ақпарат, оның iшiнде өндiрiс құпиялары (ноу-хау);
7) осы Кодексте немесе өзге де заң актiлерiнде көзделген
реттерде интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң басқа да нәтижелерi жатады.
3. Азаматтық айналымға қатысушыларды,тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру құралдарына:
1) фирмалық атаулар;
2) тауарлық белгiлер (қызмет көрсету белгiлерi);
3) тауарлар шығарылатын жерлердiң атаулары (шығатын жерiн көрсету);
4) осы Кодексте және заң актiлерiнде көзделген реттерде азаматтық айналымға қатысушылардың, тауарлар мен қызмет көрсетулердiң басқа да дараландыру құралдары жатады.
Ескерту. 961-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2005.11.22. N 90 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-баптан қараңыз) Заңымен.
Интеллектуалдық меншiк объектiлерiне құқықтың
пайда болу негiздерi
Интеллектуалдық меншiк объектiлерiне құқық оларды құру фактiсiнiң күшiмен не осы Кодексте немесе өзге де заң актiлерiнде көзделген жағдайлар мен тәртiп бойынша уәкiлеттi мемлекеттiк органның құқықтық қорғауды беруi нәтижесiнен туындайды.
3.2 963-бап. Интеллектуалдық меншiк объектiлерiне жеке
мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтар
1. Интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелерiнiң авторлары осы нәтижелерге қатысты жеке мүлiктiк емес және мүлiктiк құқықтарға ие болады.
Жеке мүлiктiк емес құқықтар, оның мүлiктiк құқығына қарамастан, авторға тиесiлi болады және оның мүлiктiк құқығы басқа тұлғаның интеллектуалдық шығармашылық қызметiнiң нәтижелерiне ауысқан жағдайда өзiнде сақталып қалады.
2. Азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды немесе қызмет көрсетулердi дараландыру құралдарына (бұдан әрi - дараландыру құралдары) арналған құқық иелерi осы құралдарға қатысты мүлiктiк құқықтарға ие болады.
3. Интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижесiнiң авторы болып танылу құқығы (авторлық құқық) жеке мүлiктiк емес құқық болып табылады және оған шығармашылық еңбегiмен интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижесiн жасаған адам ғана ие бола алады.
Авторлық құқықты иелiктен айыруға және басқа адамға беруге болмайды.
Егер нәтиже екi немесе одан да көп адамның бiрлескен авторлығымен жасалса, олар тең авторлар болып танылады. Тұтастай алғанда туындының тең авторлары болып танылатын адамдар тобы интеллектуалдық меншiктiң жекелеген объектiлерiне қатысты заң актiлерiмен шектелуi мүмкiн.
3.3 964-бап. Интеллектуалдық меншiк объектiлерiне
айрықша құқықтар
1. Интеллектуалдық шығармашылық меншiк объектiсiн оның иесiнiң өз қалауы бойынша кез келген әдiспен пайдалануға мүлiктiк құқығы интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижесiне немесе дараландыру құралына айрықша құқық болып танылады.
Айрықша құқық объектiсiн басқа тұлғалардың пайдалануына тек құқық иесiнiң келiсiмiмен ғана жол берiледi.
2. Интеллектуалдық меншiк объектiсiне айрықша құқықты иеленушi, егер ол осы Кодекстiң және өзге де заң актiлерiнiң ережелерiне қайшы келмесе, осы құқықты басқа адамға толық немесе iшiнара беруге, интеллектуалдық меншiк объектiсiн пайдалануға рұқсат етуге және оны өзгедей түрде пайдалануға құқылы.
3. Айрықша құқықтарды шектеуге, осы құқықтарды жарамсыз деп тануға және оларды тоқтатуға (жоюға) осы Кодексте және өзге де заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда, шектер мен тәртiп бойынша жол берiледi.
3.4 965-бап. Айрықша құқықтардың басқа адамға ауысуы
1. Егер осы Кодексте немесе өзге де заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, интеллектуалдық меншiк объектiсiне айрықша құқықтарды олардың құқық иелерi шарт бойынша толық немесе iшiнара басқа адамға беруi мүмкiн, сондай-ақ мұрагерлiк бойынша әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен және заңды тұлғаның - құқық иесiнiң қайта ұйымдастырылуы нәтижесiнде ауысады.
Айрықша құқықтардың берiлуi авторлық құқық пен өзге мүлiктiк емес құқықтардың жүзеге асуын шектемеуге тиiс. Мұндай құқықтарды беру немесе шектеу туралы шарттың талаптары жарамсыз болады.
2. Басқа адамға оның қолданылуы кезеңiнде шектеулi уақытқа айрықша құқық берудi көздейтiн шартқа лицензиялық шарт туралы ережелер қолданылады (осы Кодекстiң 966-бабы).
3.5 966-бап. Лицензиялық шарт
1. Лицензиялық шарт бойынша интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижесiне немесе дараландыру құралына айрықша құқықты иеленушi тарап (лицензиар) екiншi тарапқа (лицензиатқа) интеллектуалдық меншiктiң тиiстi объектiсiн белгiлi бiр әдiспен уақытша пайдалану құқығын бередi.
Лицензиялық шарт ақылы болып саналады.
2. Лицензиялық шартта лицензиатқа:
1) интеллектуалдық меншiк объектiсiн лицензиардың оны пайдалану мүмкiндiгi мен лицензияны басқа адамға беру құқығын сақтай отырып пайдалану құқығын (жай, ерекше емес лицензия);
2) интеллектуалдық меншiк объектiсiн лицензиардың оны пайдалану мүмкiндiгiн сақтай отырып, бiрақ лицензияны басқа адамдарға беру құқығынсыз пайдалану құқығын (айрықша лицензия);
3) интеллектуалдық меншiк объектiсiн пайдаланудың заң актiлерiне қайшы келмейтiн басқа да жағдайларын беру көзделуi мүмкiн.
Егер лицензиялық шартта өзгеше көзделмесе, лицензия жай (ерекше емес) деп ұйғарылады.
3. Лицензиаттың интеллектуалдық меншiк объектiсiн пайдалану құқығын басқа адамға беруi туралы шарт қосалқы лицензиялық шарт болып танылады. Лицензиат қосалқы лицензиялық шартты тек лицензиялық шартта көзделген жағдайларда ғана жасауға құқылы.
Лицензиардың алдында қосалқы лицензиаттың iс-әрекетi үшiн, егер шартта өзгеше көзделмесе, лицензиат жауапты болады.
3.6 967-бап. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң
нәтижелерiн жасау және пайдалану туралы шарт
1. Автор шарт бойынша туындыны, өнертабысты немесе интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң өзге де нәтижесiн жасау және өзiнiң жұмыс берушiсi болып табылмайтын тапсырысшыға оны пайдаланудың айрықша құқығын беруге өзiне мiндеттеме алуы мүмкiн.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген шарт интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң жасалуға тиiстi нәтижесiнiң сипатын, сондай ақ оның пайдаланудың мақсаттарын не әдiстерiн белгiлеуге тиiс.
3. Шарттың белгiлi бiр түрдегi не белгiлi бiр саладағы интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерiн жасауға автордың құқығын шектейтiн талаптары жарамсыз болады.
3.7 968-бап. Айрықша құқық және меншiк құқығы
Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижесiне немесе дараландыру құралына, мұндай нәтиже немесе дараландыру құралы көрсетiлген материалдық объектiге меншiк құқығына қарамастан, айрықша құқық қолданылады.
969-бап. Айрықша құқықтардың қолданылу мерзiмi
1. Интеллектуалдық меншiк объектiсiне айрықша құқық осы Кодексте немесе өзге де заң актiлерiнде көзделген мерзiм iшiнде қолданылады.
Заң актiлерiнде мұндай мерзiмдi ұзартудың мүмкiндiгi көзделуi мүмкiн.
2. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерiне жеке мүлiктiк емес құқық мерзiмсiз қолданылады.
3. Заң актiлерiнде көзделген жағдайларда айрықша құқықтың қолданылуы оны белгiлi бiр уақыт iшiнде қолданбаудың салдарынан тоқтатылуы мүмкiн.
970-бап. Айрықша құқықтарды қорғау әдiстерi
1. Айрықша құқықтарды қорғау осы Кодекстiң 9-бабында көзделген әдiстермен жүзеге асырылады. Айрықша құқықтарды қорғау:
1) пайдалану арқылы айрықша құқықты бұзған материалдық объектiлердi және осындай бұзушылық нәтижесiнде жасалған материалдық объектiлердi алып қою;
2) жiберiлген кемшiлiктер туралы, оған бұзылған құқықтың кiмге қатысты екендiгi туралы мәлiметтердi қоса отырып, мiндеттi жариялау жолымен;
3) заң актiлерiнде көзделген өзге әдiстермен де жүзеге асырылуы мүмкiн.
2. Интеллектуалдық шығармашылық қызметтiң нәтижелерi мен дараландыру құралдарын пайдалану туралы шарттар бұзылған жағдайда мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiк туралы жалпы ережелер қолданылады (осы Кодекстiң 20-тарауы).
4- дәріс Авторлық құқық
Интеллектуалдың меншік және оның объектілері[өңдеу]
Күнделікті өмірімізде біз «интеллектуалдық меншік» немесе «интеллектуалдық меншік құқығы» деген сөздерді жиі болмаса да естіп жатамыз. Егер бұл сөздерге ден қойып көңіл аударар болсақ, оның мәні тереңде жатканын аңғарамыз. Интеллектуалдық ментттіктің нақты аныңтамасы Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдарда берілмесе де Қазақстан Республикасының Азаматтык кодексінің 125-бабында көрсетілгендей: «Осы кодексте белгіленген реттер мен тәртіп бойыніиа азаматтық немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық қызме тінің нәтижелеріне және оларға теңестірілген заңды тұлғаны дараландыру құралдарына, жеке немесе заңды тұлғаның өзі орындайтын жұмысының немесе қызметі өнімдеріне (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет кәрсету белгісі және т. б. ) ерекше құқығы танылады». Мұны біз заңдық тұрғыда бекітілген интеллектуалдық меншіктің анықтамасы ретінде қабылдаймыз.
Интеллектуалдық меншік құқығының объектілері алуам түрлі болып келеді. Оларға мыналарды жатқызуға болады:
• интеллектуалдық қызметтің туындылары;
• ғылым, әдебиет және өнер туындылары;
• өнертабыс, үлгі, өндірістік үлгілер;
• фирмалық атаулар;
• тауарлық белгілері және т. б.
Объектілерді интеллектуалдык шығармашылык қызметтің нәтижесі және азаматтық айналымға қатысушылардың даралану кұралы деп екіге бөліп карастырут болады
Жоғарыда көрсетілген интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижелері, біріншіден, адамның ой еңбегінің, қиялының, идеясының жетістігі, яғни шығарма- шылықтың нәтижесі. Сонымен қатар ол тек идея күйінде ғана емес, нақты өмірде материалдық сипатқа ие болуы керек. Мысалы, кітапта, киноөнерде, көркемсуретте және
т. б. көрініс табуы қажет.
Интеллектуалдық меншік құқығы объектілерінің екінші тобы азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды немесе қызмет көрсетулерді дараландыру ұралдарының түрлері: фирмалық атаулар коммерциялық «сипаттағы заңды тұлғалардың ресми атаулары болып тибылады. Мысалы, «Эйр Казахстан» өуе компаниясы; Бахус» АҚ-ы; «Глотур» фирмасы, т.б., тауарлық белгілер пір шаруашылық субъектілерінің тауарлары мен кызметтерін екіншілерінен ажырату үшін қолданылады.
Питер Пэн туралы ертегінің жас батыры — Вендидің есімі ойдан құрастырылған. Шығарма жарық көрген соң, аталған есім кең тарап кетті, бірақ бұған дейін Англияда ондай есім болмаған. Жас өспірімдер П.Пэн туралы ертегінің авторы Джеймс Барриді өзінің досы ретінде танып, Маргарет Хенли есімді бір қыз оны «досым» деп атағанда ағылшынша «френди» орнына «венди» сөзі шығады, себебі ол қыз кейбір дыбыстарды айта алмаған. Сол кезден бастап жаңа есім пайда болады
1929 жылы Барри өзінің «Питер Пэн» ертегісінің авторлық құқығын Лондонның қалалық балалар ауруханасына береді, аталмыш аурухана аталған құқықты үшінші тұлғаларға беруден түскен пайдаға медициналық зерттеулер мен ауруханаға түрлі құрап жабдықтар сатып алады.
5 – дәріс Интеллектуалдық меншік объектілеріне құқықтың пайда болу негіздері[өңдеу]
Интеллектуалдық меншік объектілеріне құқық Интеллектуалдық меншік объектілерін кұру фактісі және тәртіп бойынша өкілетті мемлекеттік органның құқықтық қорғауды і беруі нөтижесінен туындайды.
Суретші сурет салды, автор кітап жазды. Бұл жердегі сурет пен интеллектуалдық меншік құқығы негізінде заңды дәлел болып табылады.
Интеллектуалдық меншік құқығы объектілеріне байланысты мүліктік емес (абыройын қорғау құқытғы, т.б.) және мүліктік (басу, жалға беру, т.б.) құқықтар болуы мүмкін. Бұл жерде интеллектуалдық меншік субъектісін екіге бөліп қарастыруға болады: автормен объектіге құқығы бар иеленуші. Интеллектуалдық қызмет нәтижелерінің авторларына жеке мүліктік емес және мүліктік құқыктар да тиесілі болады. Мүліктік құқығын басқа адамдарға берген жағдайда да авторда жеке мүліктік емес құқықтар әр уақытта сақталады. Тауарлық белгілердің иегерлеріне тек мүліктік кұқықтар ғана тиесілі.
Интеллектуалдық меншік объектілеріне қатысты күңделікіі қолданылып жүрген затқа, мүлікке, ментттік құқығьш қолдануға болмайды. Оған интеллектуалдық меншіктің өзіндік табиғатының ерекшелігі мүмкіндік бермейді.
Сондықтан да қолданыста жүрген заңнамада интеллектуалдық меншік объектілерше айрықша құкықтар қолданылады.
• Айрықша құқық меншік иесінің интеллектуалдық шығармашылықтың объектісін өз қалауы бойынша кез келген өдіспен пайдалануға мүліктік құқығы интеллектуалдық шығармашылық қызметтің нәтижесіне немесе дараландыру құралына айрықша құқық болып танылады. Оны пайдалану тек құқық иесінің келісімі арқылы ғана жүзеге асады.
Интеллектуалдық меншік объектісін уақытша пайдалану лицензиялық шарт арқылы жүзеге асырылады.
• Лицензиялық шарт бойынша интеллектуалдық шығармашылық қызметінің нәтижесіне немесе дараландыру құралына айрықша құқықты иеленуші тарапына (лицензиар) екінші тарал (лицензиатқа) интеллектуалдық меншіктің тиісті объектісін белгілі бір әдіспен уақытша пайдалану құқығын береді.
Авторлық құқық[өңдеу]
Авторлық құқық шығармашылық қызметтің нәтижесі ретінде ғылым, әдебиет және өнер туындыларына оның мақсатына, мазмұнына және абыройына, сонымен бірге оны жеткізудің әдістеріне қарамастан тарайды.
Авторлық кұқық жарық көрген (жарияланған, шығырылған) және әлі жарық көрмеген (жазбаша немесе ауызшн таспаға басылған шығармалар, бейнежазбалар, мүсін өнері ғимарат, үлгі және т.б.) туындыларға беріледі.
Авторлық құқық өзіндік идеяларға, тұжырымдамаға қағидаларға, әдістерге, жүйелерге, үрдістерге, жаңалықтарға, айғақтарға тарамайды.
Авторлық кұқықтың объектілеріне мыналар жатады:
• әдеби шығармалар;
• драма және музыкалыдрамалық шығармалар;
• мәтінмен және мәтінсіз музыкалық шығармалар;
• қолданбалы өнер шығармалары;
• фотографиялық шығармалар;
• сахналық туындылар;
• карталар, эскиздер, иллюстрациялар мен үш өлшемді шығармалар;
• энциклопедиялар, антологиялар, мәліметтер базасы;
• хореография және пантомимді шығармалар;
• кино, теле, бейне (видео) жәнө диафильмдер;
• ЭЕМ-ге арналған бағдарламалар;
• архитектура, қалақұрылыс және бақша-саябақ өнерінің шығармалары;
• жасанды шығармалар (аудармалар, рефераттар, түйіндер, музыкалық оранжировкалар, және т.б.)
Тәжірибелік тапсырма
1. Қазақстан Республикасындағы интеллектуалды меншік объектілерін қорғауға құқық көздерін келтіріңіз.
2. ҚР Патенттік Заңы және «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шығу орындарының атаулары туралы» ҚР Заңы қандай қатынастарды реттейді. Өнертабыстар, тауар белгілерінің құқық иеленушілер және нарықтық экономика жағдайында шаруашылық ететін субъектілер үшін осы заңдардың маңызын түсіндіріңіз.
3. Жаңа жасаулар мен технологияларды қорғау үшін қоғамда патенттік жүйенің пайда болу себептерін түсіндіріңіз.
4. Авторлық құқық және патенттік құқықпен қорғалатын интеллектуалдық меншік объектілерін атап өтіңіз.
Бақылау сұрақтар
1. Қай жылы Қазақстан Республикасында бірінші Патенттік Заң қабылданды.
2. Қазақстан Республикасының Патенттік Заңына сәйкес өнертабысқа, пайдалы модельге және өнеркәсіптік үлгіге патент кімнің атына беріледі.
3. Авторлық құқық субъектілеріне кімдер жатады.
4. Қазақстан Республикасында авторлық құқықтың күшін сақтау мерзімі.
6-Дәріс. Интеллектуалдық меншік құқығын қорғау жөніндегі Мемлекеттік органдар. Патенттік ведомство (ведомство – мемлекеттік бір сала бойынша басқару органы).
Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің зияткерлік меншік құқығы жөніндегі Комитетінің мемлекеттік патенттік құрылымындағы орны. Патенттік ведомствоның қызметтері. Өтінім құжаттарын беру тәртібі).
Міндеті: Патенттік ведомствоның ұлттық патенттік жүйедегі рөлі мен маңызын оқып үйрену.
Қазақстанда ұлттық патенттік жүйені жасау (1992 жылғы) - өнеркәсіптік меншік объектілерін жасау, құқықтық қорғау және пайдалануымен байланысты пайда болатын қатынастарды реформалау, ғылыми жобалар авторлары мен кәсіпкерлер арасындағы өзара қарым-қатынастарын қайта қарастырудың бастауы. Бұл өзгертулердің барлығында ең маңызды болатыны - өнертабыстарға, өнеркәсіптік үлгілерге, тауар белгілеріне құқықты кәсіпорынның материалдық емес активтер ретінде пайдалану және осыда ақша нақты табу, нарықтық экономика жағдайларында экономикалық есептерді шешуге бағытталған жеке меншік патенттік-лицензиялық саясатын жасауға мүмкіншілік пайда болды.
Қазақстан Республикасы комитеті 2001 жылы 29 наурызындағы «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі Комитетінің мәселелері» атты № 411 Үкімет қаулысымен күші жойылған Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің авторлық құқықтар жөніндегі Комитеті және Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің «Казпатент» деп аталатын патенттер және тауар белгілері жөніндегі Республикалық мемлекеттік кәсіпорын орнына жасалды.
Тәжірибелік тапсырма
1. ҚР Патенттік Заңында, «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шығу орындарының атаулары туралы» ҚР Заңында, «Интегралдық микросұлбалардың топологияларын құқықтық қорғау туралы» ҚР Заңында өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер, тауар белгілер, интегралдық микросұлбалар топологияларын қорғау саласында мемлекеттік монополияны қамтамасыз етуде ҚР мемлекеттік патенттік ұйым болып табылатын уәкілетті мемлекеттік органның міндеттері мен функцияларын анықтайтын тиісті нормаларын табыныз.
2. Мемлекеттік патенттік жүйесінде патенттік ведомствоның мемлекеттік орган ретінде маңызын түсіндірініз.
3. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі Комитетінің және оның құрылымдық бөлімінің «Зияткерлік меншіктің ұлттық институты» деп аталатын Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның веб-сайтарымен танысыныздар: http://www.intellkaz.kz, http://www.kazpatent.kz
4. «Зияткерлік меншіктің ұлттық институты» деп аталатын Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның функцияларын атап өтініз.
5. Зияткерлік меншік, патенттер және тауар белгілері жөніндегі Федералдық қызметінің (Роспатент) веб-сайтымен (http://www.rupto.ru) және Роспатенттің өнеркәсіптік меншіктің Федералдық институтының веб-сайтымен (http://www.fips.ru) танысыныздар.
Бақылау сұрақтар
1. «Казпатент» деп аталатын Қазақстан Республикасының Ұлттық патенттік ведомствосы қай жылы жасалды.
2. Елдегі өнертабушылық істерін басқару жөніндегі және өнертабыстарға, өнеркәсіптік үлгілерге қорғау құжаттарын (авторлық күәліктер, патенттер) беруі мен тауар белгілерін тіркеуін жүзеге асыратын ССРО-дағы мемлекеттік орган қалай аталатын.
3. Өнертабыстарды қорғау мәселелерін реттейтін арнайы заң ССРО-да болды ма.
4. 1973 жылы ССРО-да қабылданған өнертабыстарға қорғау құжаттарын алуға өтінім беру тәртібін анықтайтын нормативтік құжат қалай аталатын.
5. Қазақстан Республикасында өнертабысты патенттеу мақсатымен АҚШ-тың өтініш білдірушісі өтінімді тікелей «Зияткерлік меншіктің ұлттық институты» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына бере алама.
6. Ресей Федерациясының өтінім білдірушісі Қазақстанда өнертабысты патенттеуге өтінімді Қазақстан Республикасының патенттік сенімді өкіліне бармай тікелей бере ала ма.
7-дәріс. Өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы халықаралық келісімдер (Интелектуалды меншіктің Бүкілдүниежүзілік Ұйымының (ИМБҰ) қызметі.
Өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы халықаралық келісімдер (Интелектуалды меншіктің Бүкілдүниежүзілік Ұйымының (ИМБҰ) қызметі. Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясы. Еуразиялық патенттік конвенция. Интелектуалды және патенттік меншікті қорғау саласындағы заңдарды үйлесімдеу үшін халықаралық келісімдердің маңызы. Еуразиялық патенттік қоғам).
Міндеті: интеллектуалды меншікті қорғау саласындағы халықаралық келісімдердің негізгі ережелерін оқып үйрену (зерделеу), әр елдегі патенттік заңды үйлесімдеу себебін түсіну.
Қазақстан Республикасымен төмендегі келісім-шарттар бекітілген (ратификацияланған):
- әдебиет және көркем шығармаларын қорғау туралы Берн Конвенциясы (24 шілде 1971 жылы, ИМБҰ, Париж Акті);
- Москва қаласында 1993 жылы 24 қыркүйекте қол қойылған авторлық құқық және сабақтас құқықтар қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім;
- өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж Конвенциясы (1883 жылы, 20 наурыз);
- интелектуалды меншіктің Бүкілдүниежүзілік Ұйымының (ИМБҰ) құрайтын Конвенция (1967 жыл, 14 шілде);
- белгілерді халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі (1891 жыл, 14 сәуір);
- 1970 жылы 19 маусымда қабылданған Патенттік кооперация туралы Келісім-шарт (РСТ);
- 1994 жылы 9 қыркүйекте қабылданған Еуразиялық патенттік конвенция.
Интелектуалды меншіктің Бүкілдүниежүзілік Ұйымы өз қызметінде төмендегі мақсаттарға жетілуге ұмтылады (интелектуалды меншіктің Бүкілдүниежүзілік Ұйымының (ИМБҰ) құрайтын Конвенция, 3 бап) :
- бүкіл әлемде интелектуалды меншікті қорғауға мемлекеттердің ынтымақтастық және тиісті жағдайларда басқа халықаралық ұйыммен өзараәрекеттесу жолымен қолғабыс ету (жәрдемдесу);
- Одақтардың әкімшілік ынтымақтастығын қамтамасыз ету.
Тәжірибелік тапсырма
1. Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж Конвенцияны (1883 жылы, 20 наурыз), интелектуалды меншіктің Бүкілдүниежүзілік Ұйымының (ИМБҰ) құрайтын Конвенцияны (1967 жыл, 14 шілде) зерделеу. Осы халықаралық келісімдерге жалпы сипаттама беріңіз.
2. Төмендегі өнеркәсіптік меншік объектілері үшін конвенциялық басымдылық (приоритет) мерзімдерін келтіріңіз:
- өнертабыс;
- өнеркәсіптік үлгі;
-тауар белгісі;
- пайдалы модель
3. Интелектуалды меншіктің Бүкілдүниежүзілік Ұйымының (ИМБҰ) веб-сайтымен (http://www.wipo.org) және Еуразиялық патенттік қоғамының веб-сайтымен (http://www.eapo.org.) танысу.
Бақылау сұрақтары
1. Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж Конвенциясында бекітілген ұлттық режим принципі неде.
2. Интелектуалды меншіктің Бүкілдүниежүзілік Ұйымы (ИМБҰ) қандай функцияларды атқарады.
3. Қай жылы Еуразиялық Конвенция қабылданды.
4. Еуразиялық патенттің қандай аймақтарда күші бар.
5. Еуразиялық патенттік ұйымның штаб-пәтері қайда орналасқан.
6. РСТ рәсімі бойынша халықаралық өтінімді және еуразиялық патент алуға өтінімді беру өтінім білдірушіге қандай артықшылықтар береді.
8 Дәріс. Патенттік құжаттама және оны пайдалану
Міндетті: Патенттік құжаттаманың құрылымы және ерекшіліктерін (айырмашылықтарың) түсіну. Өнертабыс сипаттауларында деректерді идентификациялау үшін қолданылатын INID кодтарды оқып білу, ресми бюллетеньдер және басқадай өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер, тауар таңбалары туралы мәліметтерді жариялайтың патенттік құжаттарымен танысу.
Өнертабыстарға патентерге сипаттауларда үш негізгі құрылымдық компоненті бөлуге болады: титул парағы (Title- page), сипаттаудың мәтіндік бөлігі (Description) және сызбалар (Drawings) (егер өнертабыс объектісі құрылғы болса).
Өнертабыстарға патентерге сипаттаулардың маңызды бөлігі болып өнертабыс формуласы (патенттік формуласы) табылады.
Заңдылық көзқарастаң патентік формула – өнертабысты мазмұны бойынша белгілі өнертабыстардаң ерекшелендіретін осы өнертабыстың жаңалығының барлық белгілері берілетін патенттің маңызды бөлігі. Патентік формула патентке сипаттаудың мәтіндік бөлігінің жалғасы болса да, бұл патенттің өздік бөлігі болып табылады. Өнертабыс сипаттауларында деректерді идентификациялау үшін INID Халықаралық кодтары қолданылады.
Тәжірибелік тапсырма
1. Қазақстан Республикасының алдын ала немесе патентерге өнертабыс сипаттауларын зерделеу.
2. Шет елдердің (АҚШ, Ресей және т.б.) патентерге өнертабыс сипаттауларын зерделеу.
3. Өнертабыс сипаттауларындағы библиографиялық бөлігін талдау. Келесі мәліметтерді табыңыз:
- қорғау құжаттың нөмірі;
- ХПЖ (ӨХЖ) рубрика индексын;
- өтінішті беру күнін, басымдылығы күні;
- өтініш нөмірі;
- автордың атауы;
- патентиеленушінің атауы
Өтінім берушінің патенттік талаптары кіретін Қазақстан Республикасының немесе басқа елдің патентіне жарияланған өнертабыс сипаттауының құрылымдық бөлігін табыныз.
Бақылау сұрақтары
1. Өтінім берішінің патенттік талаптары кіретін Қазақстан Республикасының патентіне жарияланған өнертабыс сипаттауының құрылымдық бөлігі қалай аталады.
2. INID Халықаралық кодтары не үшін қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының Заң Министрлігінің Зияткерлік меншігі құқығы бойынша Комитетімен шығарылатын ресми бюллетень қалай аталады.
4. Өнертабыс сипаттауының библиолграфиялық бөлігінде берілген 11, 19, 54, 57 кодтар нені белгілейді.
5. Өнертабыс сипаттауына өтініш нөмірі, өтініш беру күні, автордың аты, ХПЖ рубрикасының коды, қорғау құжат нөмірі сияқты бибиографиялық элементтер не мақсапен енгізіледі.
6. Өнертабыс сипаттауының титул парағында не себепті реферат (Abstract) басылады.
9. Дәріс. Өнертабыстардың жіктеуі (классификациясы) Халықаралық патенттік жіктеуіш.
Мақсаты: техника объектілері үшін сәйкес рубрикаларын анықтау үшін Халықаралық патенттік жіктеуіштердің (ХПЖ) көрсеткіштерімен жұмыс істеудің практикалық дағдыларына ие болу
1975 жылы 7 қазанда күшіне енген ^ Халықаралық патенттік жіктеуіш өнертабыстарға сипаттаулар, жарияланған патенттік өтініштер, авторлық күәліктер, пайдалы модельдер және пайдалығы туралы күәлектерді (бұдан әрі «патенттік құжаттар» деген жалпы терминмен аталатын) қамтитын бірыңғай жіктеу жүйесін жасауын көздейді.
1971 жылы 24 наурызда қол қойылған халықаралық патенттік жіктеу туралы Страсбург келісімі негізінде қабылданған функционалды-салалық принципі бойынша құрылған Халықаралық патенттік жіктеу халықаралық масштабта өнертабыстар туралы мәліметтерді біркелкі жіктеу және іздеу үшін негізгі немесе қосымша құрал ретінде қолданылады.
ХПЖ объектілері қорғау құжаттармен қорғауға жататын білімнің барлық салаларын қамтиды.
ХПЖ - шарты атауларға ие болатын және А-дан Н-ға дейін латын алфавитінің басты әріптерімен белгіленген 8 тарауға бөлінген.
2001 жылы күшке енген тауарлар және қызметтердің Халықарарлық жіктеуішінің 8 редакциясы 45 класстан құралады.
1-34-ші классқа дейін – тауарлар. Мысалы, 12 класс-жер, су және ауамен жылжитын көлік құралдары мен аппаратарын жіктеу үшін қолданылады.
35-ші кластан 45-ші класска дейінгі – қызметтер. Мысалы, 43 класс тамақ өнімдері және сусындармен қамтамасыз ету бойынша қызметтерді жіктеу үшін қолданылады.
Халықарарлық патенттік жіктеу рубрикасының жіктеу индексінің құрылуының жалпы сұлбасын көрсетіңіз.
Бақылау сұрақтар
1. Халықарарлық патенттік жіктеу редакциясының қайта қарастыру мерзімі.
2. Халықарарлық патенттік жіктеудің белгіленуі.
3. Өнертабыстардың Халықарарлық патенттік жіктеуін құру кезінде қандай принцип қолданылады.
4. Өнертабыстардың Халықарарлық патенттік жіктеудің иерархиялық құрылымы неше тараудан тұрады.
5. Тауарлар және қызметтердің Халықарарлық жіктеуішінің 8-редакциясына неше класс енгізілген.

10 Дәріс. Патенттік-ақпараттық зерттеулер.
Патенттік-ақпараттық зерттеулер (Патентік зерттеулер тауардың (өнімнің) бәсекелестік қабілеттілігін және оған патенттік құқықтарды анықтау кезінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстардың құрамдас бөлігі ретінде, өнімнің техникалық денгейін бағалау; өнімнің патенттік тазалығы).
Міндеті: патенттік зерттеулерді жүргізу әдістемесін игеру, патенттік зерттеулер нәтижелері көмегімен міндеттерді анықтауды үйрену.
«Өнімді әзірлеу және өндіріске қою жүйесі. Патенттік зерттеулер. Мазмұны және жүргізу тәртібі» ҚР СТ ГОСТ Р 15.011-2005 сәйкес патенттік зерттеулер деп шаруашылық қызмет объектілерінін техникалық денгейін және даму тенденцияларын, патенттік қабілеттілігін, патенттік тазалығын, бәсекелестік қабілеттілігін (белгіленуі бойынша пайдалану тиімділігі) патенттік және басқадай ақпарат негізінде зерттеуді түсінеді.
Патенттік зерттеулер ғылыми есептерді шешу және жана техника объектілерін жасау кезінде шығармашылық үрдіс негізі болып табылады. Патенттік зерттеулер – патенттік және басқадай ғылми-техникалық ақпаратты іздеу, талдау және оны ғылыми-зерттеу, тәжірибелі-конструкторлық және жобалық-техноогиялық жұмыстарды жүргізудің барлық кезеңдерінде пайдалану.
Тәжірибелік тапсырма
«Өнімді әзірлеу және өндіріске қою жүйесі. Патенттік зерттеулер. Мазмұны және жүргізу тәртібі» ҚР СТ ГОСТ Р 15.011-2005 таныстыру.
Оқытушымен берілген тапсырмалар бойынша патенттік зерттеуді жүргізуге тапсырма және регламент құрастыру. Іздеу тереңдігін анықтау, патенттік және патенттік емес құжаттама бойынша аналогтарды іздеу жүргізуі тиімді болатын елдерді тандап алу. Қарастыру үшін қажетті құжаттама тізімін құрастыру.
Бақылау сұрақтары
1. Патенттік зерттеулер деген не.
2. «Өнімді әзірлеу және өндіріске қою жүйесі. Патенттік зерттеулер. Мазмұны және жүргізу тәртібі» ҚР СТ ГОСТ Р 15.011-2005 патенттік зерттеулер туралы есепті құру, баяндау және рәсімдеуге қандай талаптар қойады.
3. Патенттік зерттеулерді жүргізу кезінде патенттік емес құжаттама қолданылады ма.
4. Қазақстан Республикасынды өндіріске қоюмен байланысты жасалатын техника объекті үшін патенттік тазалығың белгілеу мақсатымен патенттік зерттеулерді жүргізу барысында патенттелген техникалық шешімдерді (өнертабыстарды) іздеу ретроспективасы (терендігі) неше жыл.
5. Жасаланатын техника объектінің жетілген техникалық деңгейін анықтау мақсатымен патенттік зерттеулерді қандай елдерге қатысты жүргізуі ұсынылады.
11 Дәріс. Бәсекелесуге қабілетті өнімді жасау үшін патенттік құжаттаманы пайдалану
Бәсекелесуге қабілетті өнімді жасау үшін патенттік құжаттаманы пайдалану (жасалатын техника объектінің аналогтарын табу, техниканың және ғылыми бағыттың даму тенденцияларын зерттеу кезінде патенттік құжаттаманың рөлі).
Міндеті: патенттік зерттеулерді жүргізу үшін патенттік және патенттік емес құжаттаманы пайдалануды және олар бойынша қойылған мақсаттарға сәйкес талдау жүргізуді үйрену.
Іздеу тақырыбын (объектісін) патенттік зерттеулердің нақты міндеттері, объектінің категориясына (құрылғы, әдіс, зат) және оның қандай элементтерін, параметрлерін, қассиеттері мен басқа сипаттамаларын зерттелетініне тәуелді анықтайды.
Егер патенттік зерттеулердің тақырыбы құрылғы болса (машина, аспап), мысалы, куттер, шұжық өнімдерін пісіру үшін арналған термоагрегат, компрессор, пісірілген шұжық өнімдерді өндіру линиясы, іздеу тақырыбы (объектісі) болып төмендегідей болуы мүмкін:
- құрылғы тұтасымен (жалпы құрастыруы.принципиалды сұлбасы);
- құрылғының жұмыс істеу принципі (әдісі);
- тораптары мен детальдары;
- құрылғының жеке элементтерін жасау үшін пайдаланатын материалдар (заттар), құрылғыны жасау технологиясы;
- өзара қолдану салалары.
Егер патенттік зерттеулер тақырыбы технологиялық процесс (үрдіс) болса, іздеу тақырыбы:
- технологиялық үрдіс тұтасымен, оның кезеңдері егер олар тәуелсіз (өзіндік) қорғауға қабілетті объекті болса;
- бастапқы өнімдер;
- аралық өнімдер және оларды алу әдістері;
- ақырғы өнімдер;
- негізінде осы әдіс жүзеге асырылатын құрал-жабдықтар болуы мүмкін.
Егер патенттік зерттеулер тақырыбы зат болса, онда іздеу тақырыбы:
- заттың өзі (оның сапалық және сандық құрамы);
- затты алу әдісі;
- бастапқы материалдар;
- қолдануы мүмкін салалар.
Егер жоба машиналар жүйесін (мысалы, субөнімдерді өндеу линиясы) жасаумен байланысты болса, онда оны құрамдас бөліктерге бөледі, іздеу тақырыбы болып машина жүйесінің құрамдас бөлігі табылады.
Тәжірибелік тапсырма
1. Егер патенттік зерттеулердің тақырыбы құрылғы болса (машина, аспап) іздеу тақырыбы (объектісі) не болатынын нақты мысалда көрсетініз.
2. Егер патенттік зерттеулер тақырыбы технологиялық процесс (үрдіс) болса іздеу тақырыбы не болатынын нақты мысалда көрсетініз.
3. Егер патенттік зерттеулер тақырыбы зат болса іздеу тақырыбы не болатынын нақты мысалда көрсетіңіз.
4. Оқытушы берген тапсырма бойынша тиісті есеп құрастыруымен патенттік іздеуді жүргізіңіз.
Бақылау сұрақтар
1. Патенттік зерттеулерді жүргізу немен аяқталады.
2. Ғылыми-зерттеу немесе тәжірибелі-конструкторлық жұмыстардың қандай кезендерінде патенттік зерттеулер жүргізіледі.
3. Маркетингті зерттеулер жүргізу кезінде патенттік құжаттаманы зерделеу қажет пе.
4. Техника объектілерінің дамуын болжау үшін ақпараттық негізі болып неге патенттік құжаттама саналады.
5. «Бәсекеге қабілетті өнім» дегенді қалай түсінесіз.
12. Дәріс. Техникалық ұсынысты талдау, оның патенттік қабілеттілігін анықтау, маңызды белгілерді табу
Міндеті: Техникалық ұсынысты оның патенттік қабілеттілігін анықтау және оның маңызды белгілерін табу мақсатымен талдау тәсілдерін игеру.
Өнертабысқа өтінім құрастыру кезінде бастанқыда ұсынылатын өнертабыс көмегімен шешілетін өнертабыстық міндет анықталу керек және осы өнертабыс арқасында жетілетін техникалық нәтиже табылу қажет.
Өнертабыстық міндет – белгілі құралдар көмегімен қанағатандырылуы мүмкін болмайтын қоғамдық қажеттілік.
Өнертабыс деп ойлап шығарылған объектісі емес, техникалық шешім аталады. Ал ойлап шығарылған объект техникалық шешімді жүзеге асыру дың мүмкін болатын формаларының (нысандарының) бірі болып табылады.
Объект – нақты немесе қағазда сипаттама түрінде болатын нақты құрылғы, әдіс немесе зат. Объект оның маңызды белгілер жиынтығымен сипатталады. Белгілердің маңыздылығының критерийі болып әрбіреуінің қажеттілігі және басқа белгілермен бірге берілген объектіні осы текті басқа объектілерінен айыру (өзгешелеу) үшін жеткіліктілігі саналады.
Тәжірибелік тапсырма
1. Оқытушы ұсынған өнертабыстар мысалдары бойынша берілген өнертабыстар көмегімен жетілетін техникалық нәтижені анықтау керек.
2. Өнертабыстық міндеттердің мысалын келтіріп, оларды шешу барысында объект ретінде не болғанын көрсету.
3. Төмендегі өнертабыс объектілерінің сипаттамаларын талдау керек:
- құрылғы;
- әдіс (биотехнологиялық әдістерді қоса алғанда);
- зат (химиялық, емдікті қоса алғанда);
- микроағзалар, өсімдік және хайуанаттар жасушаларының дақылдарының штамдары;
Бұрыннан белгілі құрылғыны, әдісті, затты штамды жаңа белгілену бойынша қолдану.
Бақылау сұрақтар
1. Берілген техникалық шешім үшін маңызды болып қандай белгілер саналады.
2. Өнертабыстың патенттік қабілеттілігінің белгілерін атаңыз.
3. Құрылғы, әдіс (биотехнологиялық әдістерді қоса алғанда), зат (химиялық, емдікті қоса алғанда), микроағзалар, өсімдік және хайуанаттар жасушаларының дақылдарының штаммдары, бұрыннан белгілі құрылғыны, әдісті, затты штаммды жаңа белгілену бойынша қолдану сияқты объектілерге не жатады.
13 Дәріс. Өнеркәсіптік меншік объектісіне өтінім құрамы; патенттік құқықтың көлемін анықтау үшін өнертабыстың формуласының маңызы
Өнеркәсіптік меншік объектісіне өтінім құрамы; патенттік құқықтың көлемін анықтау үшін өнертабыстың формуласының маңызы; өтінімдік құжаттаманы ресімдеу. (өнертабыс объектісіне тәуелді өнертабыс сипаттауы және формуласыны ресімдеу ерекшеліктері. Прототипті таңдап алу)
Мақсаты: Өнертабыс сипаттауын, формуласын, рефератты құрастыруын үйрену; өнертабыстың әртүрлі объектілеріне (құрылғы, әдіс, зат, белгілі құрылғыны, әдісті, затты жаңа белгіленуі бойынша қолдану) бірбуынды және көпбуынды формуланы құрастыру ерекшеліктерін түсіну.
Жасалған өнеркәсіптік меншік объектісін тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі Комитетінің «Зияткерлік меншіктің ұлттық институты» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына өтінім жіберу керек.
ҚР Патент Заңының 10 бабының 4 пунктіне сай өнертабысқа өтінім беру құқығына өнертабыс авторы, жұмыс беруші, олардың құқық мұрагерлері немесе арасында келісімдік болған жағдайда жоғары айтылған тұлғалар білесіп ие болады (бұдан әрі - өтінім білдіруші).
Өтінім беруге құқықты қандай болса да құжатпен растауы талап етілмейді.Өнертабысты патенттеуге жіберілетін өтінім құрамына:
-өнертабыс авторының және атына патент сұранылатын тұлғаларды, олардың мекенжайы көрсетілуімен инновациялық патент және патент беру туралы өтінім;
-өнертабысты жүзеге асыруға жеткілікті толық ашатын сипаттауы;
-оның маңыздылығын көрсететін және толығымен сипаттауда негізделетін өнертабыс формуласы;
-өнертабыс маңызын түсіну үшін қажет болса сызба және басқадай материалдар;
-реферат;
-іс жүргізу өкіл арқылы жүргізілетін жағдайда сенімхат;
- патенттік баж төлеуін растайтын құжат.
Қазақстан Республикасында патенттелетін өнертабысқа өтінім материалдары мемлекеттік және орыс тілдерінде ресімделеді.
Тәжірибелік тапсырма
Өнертабысқа инновациялық патент пен патент беруге өтінімді және пайдалы модельге патент беруге өтінімді құрастыру, беру, қарастыру жайлы Нұсқаулықпен (бұдан әрі - Нұсқаулық) танысу.
Өнертабыстың төмендегі объектілеріне тәуелді өнертабыс сипаттау және формуласын ресімдеу ерекшеліктерін сипаттаңыз: құрылғы, әдіс, зат
Жариялаған өнертабыс (электростатикалық тозаңдатқыш) туралы төменде келтірілген мәліметтерді пайдаланып электростатикалық тозаңдатқышқа өнертабыс сипаттауың реферат және өнертабыс формуласын құрастырыныз. Тапсырма үшін ССРО-ның № 1789293 авторлық куәлігінде (ӨХЖ В05В5/043, 1993) сипатталған Свинцов В.Я., Бегалин К.М., Абраменко А.П. өнертабыс авторларының еңбегі қолданылған.
Қолдану саласы. Өнертабыс сұйықтарды электростатикалық әдіспен тозаңдатуға арналған құрал жабдықтарға жатады және лак-бояу материалдарды, сұйық тамақ өнімдерін тозаңдату кезіндегі.
№ 1 аналог [ССРО-ның № 1098576 авторлық куәлігі, ХПК В05В5/00, 1982] – тегеріш айналу арқасында сұйық электр өрісінде тозаңдатылатың сұйық тозаңдытқышы. Бұл құрылғының конструкциясы тозаңдатқыштан қуыс цилиндрдің ұзындығы өзгеру арқылы шығатын тамшылардың мөлшерін реттеуге мүмкіншілік береді.
№ 1 аналогтың кемшілігі – жұмысының тиімділігінің төмендегі, тозаңдатуда көп энергетикалық шығындардың көптігі және қолданудың шектелген диапазоны.
Прототип ретінде алынған № 2 аналог [ССРО-ның № 521936, ХПК В05В5/00, 1974] –индукциялық электродпен байланысқан тоқ өткізетін сым орналасқан корпус, сұйық және ауаны жеткізетін штуцерлері бар өзара электрод және тозаңдатқыш қуыстармен байланысқан каналдардан тұратын электрстатикалық тозандатқыш.
Прототип кемшілігі. Белгілі техникалық шешім сұйық қасиеттерін, сұйықты тозаңдатуда жетілетін және тозаңдату факелін монодисперсті болуын қамтамасыз ететін тамшылардың мөлшерін тозаңдату шарттарынан тәуелді реттеуге мүмкіншілік бермейді. Пневматикалық форсункада форсункадан тарайтын сұйық тамшыларының мөлшерінің өзгеруі ауа ағынының жылдамдылығы өзгеру арқылы болуы мүмкін. Бірақ бұл жұмыста ыңғайсыздық туғызады, себебі ауа қысымының (арынының) әр түрлі көздерін пайдалануды талап етеді. Бұл өз кезегінде құрал-жабдықтың толық іске қосылмауына, тозаңдату факелінің өзгеруіне, материалдың диспергирлеу сапасын төмендетуге әкеледі. Белгілі тозаңдатқышта сұйық ағысы ауа ағынымен кетуі диспергирлеу сапасының төмендеуіне және қуат шығындарының жоғарлауына себепкер болуы мүмкін.
Өнертабыстық міндет - кептіргіш мұнараларда қолдану кезінде құрамы бойынша монодисперсті өнім алуын қамтамасыз ететін және тозаңдатылатың сұйықтың құрамына тәуелді тамшылардың мөлшерін реттеуге мүмкіншілік беретін сұйық тозаңдатқышты жасау.
Өнертабыстың техникалық нәтижесі - функционалды мүмкіншіліктерін кеңейту, тозаңдату сапасын және өнімділігін жоғарлату.
Өнертабыстың маңызы. Сұйықты жеткізу үшін каналы бар корпусы және жоғары вольтты қуат көзі блогының бір полюсына қосылған тесіктерінде тозаңдатқыш каналдар орналасқан электроды құрамына кіретін белгілі электростатикалық тозаңдатқышты шығысында тозаңдатқыш каналдар алдында ораластырылған электрод арасындағы саңылау реттелетін тесіктері электродтың тесіктерімен біліктес қуат көзі блогінің басқа полюсына қосылған пластинамен қамтуы ұсынылады. Тесіктері бар пластина корпусқа реттеуіш винт арқылы бекітілген. Бұл екінші электродтың рөлін орындайтын пластина және электрод арасындағы саңылауды оларға берілген мәні тозаңдатылатын сұйықтың қасиеттеріне тәуелді таңдап алынатын кернеуге тәуелді реттеуге мүмкіншілік береді. Корпусты жеке бөлікке ажыратылатындай орындау ұсынылады, бұл оның ішінде орналастырылған каналдарды тозаңдатылатын сұйыққа тәуелді ауыстыруға мүмкіншілік береді.
Фигуралар тізімі. Электростатикалық сұйық тозаңдатқышы тілікте көрсетілген сызба.
Өнертабысты пайдалану мүмкіншілігін растайтын мәліметтер. Электростатикалық сұйық тозаңдатқыштың құрамына екі бөліктен құралған цилиндрлік диэлектрикалық негізден (1) және қақпақтан (2) ажыратылатын корпус, сыммен (4) жоғары вольтты қуат көзі блогының бір полюсына (5) қосылған электрод кіреді. Электродта (3) ішінде саңылаумен тозаңдатқыш каналдар (7) орналастырылған тесіктер (6) орындалған. Тозаңдатқыш каналдар (7) канал (8) арқылы штуцерға (9) қосылған және сұйықты жіберу торабын түзейді. Тозаңдатқыш каналдар (7) бір- біріне қатысты осы каналдардан шығатын сұйық ағыстарын тозаңдатудан алынатын тозаңдату факелдарінін бөгеуін қамтамасыз ететіндей орналастырылады. Негіздің (1) саңылаударында (10) реттеуіш винттар (11) көмегімен электродтың (3) тесіктерімен (6) біліктес тесіктерге (13) ие металдық пластина (12) орнатылған. Металдық пластина (12) сім (14) көмегімен қуат көзінің жоғары вольттық блоктың полюсына қосылған, қарсы жақтағы полюсқа электрод (3) қосылған. Электрод (3) және металдық пластина (12) арасыңдағы саңылау винттер (11) көмегімен реттеледі. Электродтың (3) каналымен электрлік матастыруын болдырмау үшін диэлектрикалық пластина (15) орналастырылған.
Құрылғы төмендегідей жұмыс істейді:
Сұйық штуцерге (9) жіберіледі және канал (8) бойынша каналдарға (7) жіберіледі. Каналдан (7) шығатын сұйық тесіктерден (6) өтіп электрод қосылған жоғары вольттық қуат көзінің блок (5) полюсының зарядына сәйкес келетін зарядымен электродпен (3) зарядталады. Бұдан әрі сұйық ағысы (5) электрод (3) және пластина (12) арасында пайда болатын электр өрісіне жіберіледі. Зарядталған ағыс жеке тамшыларға ыдырамай металдық пластинаның (12) тесіктерінен (13) өтеді. Тесіктерден (13) шыққанда ағыстың жекеленген тамшыларға ыдырауы жүреді. Нәтижесінде тесіктен (13) біршама қашықтықта тозаңдату факелі пайда болады. Кернеудің шамасы неғұрлым үлкен болса тозаңдату бұрышы да соғұрлым үлкен болады.
Әрбір ағыстан пайда болатын тозаңдату факелдердің қабатасуы арқылы тозаңдатылатын материалдың монодисперстык бөлшектерінен тұратың тозаңдатудың бір үлкен факелі пайда болады.
Ұсынылатын электростатикалық тозаңдатқыштың конструкциясын кептіру мұнарасында тамақ өнімдерді тозаңдату үшін қолдану - мұнараның пайдалы көлемін өнімді пайдалануға және осымен тамақ өнімдерін кептіру кезінде дисперлігі мен сапасын төмендетпей өнімділігің жоғарлатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өлшемі бойынша біртекті бөлшектерден құралатын құрғақ дайын өнім алуы қамтамасыз етіледі.
Бақылау сұрақтар
1. Қазақстан Республикасында патенттеуге жіберілетін өнертабысқа өтінім құрамына қандай құжаттар кіреді.
2. Ресей Федерациясына патенттеуге қазақстандық өтінім білдірушімен Конвенциялық басымдылық (алғашқылық) сұрауымен жіберілетін өнертабысқа өтінім құрамына кіретін құжаттар құрамы Қазақстан Республикасына патенттеу кезінде берілген алғашқы (бастапқы) өтінім құжаттарының құрамынан айырмашылығы бар ма.
3. Басымдылық (алғашқылық) дегеніміз не.
4. Басымдылық (алғашқылық) қалай белгіленеді.
5. «Конвенциялық басымдылық» дегеніміз нені білдіреді .
14.Дәріс. Өтінімдік құжаттардың сараптамасы; өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеу.
Әлемде өнеркәсіптік меншік объектілерін патенттеудің бірнеше жүйесі бар: қабылдау, тексеру (зерттеу) және кейінге қалдыру. Қазақстанда қабылдау және тексеру (зерттеу) жүйелерінің элементтерін кіргізетін жүйе қабылданған.
Өнертабысқа өтінім материалдары бойынша зияткерлік меншіктің ұлттық институтында (ЗМҰИ) екі сараптама жүргізеді: өтінім материалдарының инновациялық патент беруге сараптамасы және маңызы бойынша.
-өтінімде болатын немесе оған қосылатын құжаттардың бар болуын;
-өнертабыстың маңызын талдаусыз өтінім құжаттарына өнертабысқа өтінім құрастыру бойынша Нұсқаулықпен белгіленген талаптардың сақталуы;
-өтінім беру күнін белгілеу.
Маңызы бойынша сараптама жүргізу кезінде:
-формулада сипатталған өтінім білдірілген өнертабыстың патенттік қабілеттілік шарттарына сәйкес болуын тексеруі;
-өнертабыстың басымдылық күнін белгілеу.
Қазақстан Республикасында тауар белгілерін (қызмет көрсету белгілерін) тіркеу үшін зияткерлік меншіктің ұлттық институтына (ЗМҰИ) жіберілетін өтінім белгіленген ережелерге сәйкес ресімделеді. Тауар белгісіне өтінім сараптамадан өту керек. Сараптама нәтижесі бойынша тауар белгісін тіркеу және куәлік беру туралы шешім қабылданады.
Тәжірибелік тапсырма
1. ҚР Патент Заңын талдап онда сараптама сұранысына өтінім білдірушінің жауабын ұсыну үшін белгіленген мерзімдерді табыңыз.
2. Әлемдегі бар патенттеу жүйелерін (қабылдау, тексеру (зерттеу) және кейінге қалдыру) өзара салыстырыңыз. Қай елдер үшін патенттеудің қандай жүйесі тән екенін белгілеңіз.
3. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі Комитетімен басып шығарылатын «Өнеркәсіп меншігі» ресми бюллетендерінде ҚР өнертабысқа инновациялық патент және патент беру, олардың күштерінің жойылуы туралы қалайша хабарландырылатындығымен танысу.
4. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі Комитетімен басып шығарылатын «Өнеркәсіп меншігі» ресми бюллетендерінде 5. ҚР тауар белгілерін (қызмет көрсету белгілерін) тіркеу және оларға куәліктерді беру туралы қалайша хабарландырылатындығымен танысу.
Бақылау сұрақтар
1. Патенттік құжаттаманың озық жариялау, әсіресе кейінге қалдырылған сараптамен патенттеу жүйесін пайдаланған кезде, неге себепші болады.
2. Тексеру (зерттеу) жүйенің қандай артықшылықтары және кемшіліктері бар.
3. Өнертабысқа өтінім материалдарының инновациялық патент беруге сараптама жүргізу рәсімі неде.
4. Өнертабысқа өтінім материалдарының маңызы бойынша сараптама жүргізу рәсімі неде.
15. Дәріс. Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану, құқықтарды беру.
Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану, құқықтарды беру. (Өнеркәсіп меншік объектілерін шаруашылық айналымға енгізу. Лицензиялық келісім шарттар; лицензиялар түрлері; патентті беру; ноу-хау беру туралы келісім шарт. Өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды заңды түрде беруін растау).
Міндеті: Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға құқықтарды беруге лицензиялық келісім шарттың негізгі ережелерін, лицензиялық келісім шарттардың әр түрлеріндегі тараптардың міндеттерін оқып үйрену.
Өнеркәсіптік меншік объектісін өз қалауы бойынша пайдалану бойынша айрықша құқыққа патент иеленуші ие.
Өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалану деп өнеркәсіптік меншіктің қорғалатын объектісі кіретін өнімді өндіру, қолдану, әкелу, сатуға ұсыну, азаматтық айналымға басқадай енгізу және қорғалатын әдісті қолдануды түсінеді.
Патент иеленуші болмайтын қандай болсын тұлға қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектісін тек қана лицензиялық келісім шарт негізінде патент иеленушінің рұқсаты бойынша пайдалануға құқығы бар.
Берілетін құқық көлемі бойынша лицензиялар жай, айырықша және толық деп бөлінеді. Сондайақ ашық және мәжбүрлеу лицензиялар болады. Патенттік Заңымен патентке құқықтарың қайта беруі қарастырылған.
Лицензиялық келісім шарт - ақылы шарт. Бұл шарт бойынша лицензиатпен (лицензияны сатып алушымен) лицензиардың (лицензия сатушының) шығындарын өтеуі қарастырылған. Лицензиялық келісім шарт Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі Комитетінде тіркелуі керек.
Тәжірибелік тапсырма
1. Патенттелген өнертабыстарды пайдалануға құқықтарды беруге лицензиялық келісім шарттардың типтік келісімдерін зерделеу. Олардың негізгі ережелерін талдау.
2. Лицензиялық келісім бойынша лицензиат және лицензиардың негізгі міндеттерің сипаттау.
3. Патенттелген өнертабыс, өнеркәсіптік үлгі немесе пайдалы модельге құқықтарды беруге лицензиялық келісім шарт жасауға ниеттенетін тараптар үшін таңдаулы (опциондық) келісімнің белгіленуін түсіндіру.
4. «Паушалды» және «роялти ставкасы» (есеп беру периодында алынған пайдадан периодты болып шығару, мысалы, жылдық) бойынша төлемді өткізуде лицензиялық келісімнің екі тараптары үшін оң және теріс сәттерін талдап өту.
Бақылау сұрақтар
1. Лицензиялық келісім шарт дегеніміз не.
2. Лицензиялық келісім шарт тараптарының қайсысы «лицензиар», қайсысы «лицензиат» деп аталады.
3. «Ноу-хау» беру туралы келісім шарттың ғылыми-техникалық жетістіктерді беруге басқа келісімдерден айырмашылығы неде.
4. Өнертабысты, пайдалы модельді немесе өнеркәсіптік үлгіні пайдалануға лицензия сату/ сатып алу туралы келісімді Қазақстан Республикасында қандай құзыретті мемлекеттік органында тіркеу талап етіледі.
5. Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «ноу-хау» беру туралы келісім шарттың міндетті түрде құзыретті мемлекеттік органында тіркеуі талап етіледі ме.
16. Дәріс. Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға патенттік құқықтарды бұзу.
Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға патенттік құқықтарды бұзу; патенттік құқықтарды бұзу үшін жауаптылық. (Патенттік құқықтарды бұзу түрлері. Сотқа талап арыздарды беру. Патент иеленушілердің айрықша құқықтарын бұзған тұлғаларды жауапткершілікке жауапқа тарту. Шығарылатын өнімнің патенттік тазалыққа зерттеулерін жүргізу қажеттілігі. Контрафактылық тауарлар, жалған жасалған өнім)
Міндеті: патенттік құқықтарды бұзу түрлері, бұзушыларды жауаптылыққы тарту мақсатымен сөтқа талап арыздарды беру туралы жалпы түсінік беру.
Бұзушылықты болдырмау және бұзылған құқықтар және мүдделерін қалпына келтіру үшін құқық иеленушіге жеткілікті құралдар бергенде ғана кез келген құқықты нақты деп санауға болады. Бұл міндеттерді орындау әртүрлі құралдар көмегімен жүзеге асырылады.Бұзылған құқықты қорғауына құқық иеленуші өзі жүгінеді.
Қандай құқықтық қатынастар саласына жататынына тәуелді қорғау әдістері азаматтық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық және қылмыстық-құқықтық деп бөлінеді.
-Азаматтық құқықтарды қорғау:
-құқықты тану;
-құқықты бұзуға дейінгі жағдайың қалпына келтіру және құқықты бұзатын немесе бұзу -қауіпін тұғызатын әрекеттерді болдырмау;
-даулы мәлімені жалған деп тану және оның жалғандылық салдарын табу, таязды мәліменің жалғандылығының салдарын айқындау;
-залалдарды (зияңдарды) өтеу;
-айып ақы төлету;
-моральдық зиянның орнын толтыру;
-құқық қатынастарды тоқтату немесе өзгерту жолымен және заңдарда көзделген басқадай әдістермен жүзеге асырылады.
Айрықша құқықтарды жоғарыда көрсетілген қорғау әдістерінің көптілігі қорғаудың юрисдикциялық (соттың қарауына жататындық) түріне жатады. Яғни, оларды жүзеге асыру тиісті мемлекеттік органдарда жүгінуімен байланысты болады. Ол органдар – қорғаудың азаматтық-құқықтық әдістері үшін сот органдары.
Тәжірибелік тапсырмалар
1. Қазақстан Республикасының Патент Заңын оқып, өнертабыс, өнеркәсіптік үлгі, пайдалы модельге патент иесінің айрықша құқықтарың бұзу деп бағаланатын әрекеттерді анықтау.
2. «Тауар таңбалар, қызмет көрсету таңбалар және тауардың шығу орындарының атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын оқып, тауар таңба иесінің айрықша құқығын бұзу деп қандай әрекеттер танылатынын анықтау.
3. Өнеркәсіптік меншік объектісіне оның айрықша құқықтарын бұзу туралы талап арызында патент иеленуші ұсынылатын талаптардың мысалдарын келтіру.
Бақылау сұрақтар
1. Өнертабысты пайдалануға мәжбүрлеу лицензиясы қандай жағдайда беріледі.
2. ҚР Патент Заңына сәйкес не патент иеленушінің айрықша құқықтарын бұзу деп танылмайды.
3. «Тауар таңбалар, қызмет көрсету таңбалар және тауардың шығу орындарының атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тауар белгісіне куәліктің иесіне не үшін тауар белгісінің жанында R латын әріп немесе «тауар таңбасы», «тіркелген тауар таңбасы» деген жазба белгілеу түрінде ескерту таңба қоюға құқық беріледі.
4. Қандай өнім контрафактылық өнім деп аталады.
17. Дәріс. Кәсіпорында патенттік-лицензиялық жұмыс және өнертабыстық қызметті ұйымдастыру.
Кәсіпорында патенттік-лицензиялық жұмыс және өнертабыстық қызметті ұйымдастыру (Фирманың, кәсіпорынның патенттік-лицензиялық саясатын жасау, өнертабыстар авторлар – қызметкерлерінің мүдделерін сақтауын қамтамасыз ету, қызметтік өнертабысқа құқықтар туралы мәселені шешу).
Міндеті: Фирма, кәсіпорын үшін жеке-меншік патенттік-лицензиялық саясатын жасау, өнертабыстар авторлар – қызметкерлерінің мүдделерін сақтауын қамтамасыз ету қажеттілігінің, қызметтік өнертабысқа құқықтар туралы мәселені шешудің маңызы туралы түсінік алу.
Кәсіпорындар қызметінің тиімділігі тек өндірісті оңтайлы басқаруынан ғана емес, сондай-ақ, осы кәсіпорынның өкімінде болатын зияткерлік меншікті басқарудан, кәсіпорын өкімінде бар болатын өнертабыстар, тауар белгілеріне құқықтарды қорғауы қалай қамтамасыз етілетініне, оларға алынған айрықша құқықтарды қалай өкім ететініне тәуелді болады. Нарықтық экономика жағдайларында зияткерлік меншік объектілерінің құқық иеленушілердің және оларды жасаушылардың (авторлардың) мүдделерін сақтауын қамтамасыз ету керек. Инновациялық жобаларды жасау бір адамның немесе шығармашылық ұжымның ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстарды орындау барысында алынған және автордың немесе жасалған жаңа ғылыми жобалар мен техникалық шешімдерге құқық берілген жұмыс берушіні қоса алғанда басқа тұлғалардың зияткерлік меншігінің құрамдас бөлімі болып табылатын шығармашылық қызмет нәтижелерінде негізделеді.
Интеллектуалды ресурстарды интеллектуалды меншікке және кәсіпорынның материалды емес активтеріне ауыстыру тиімділігін анықтау, оларды бағалау, құқықтық қорғаудың тиімді формаларын таңдап алу, интеллектуалды меншікпен басқарудың басқадай рәсімдерін пайдалану - менеджер квалификациясының (әсіресе инновациялық кәсіпорында) маңызды құрамдас бөлімі болып табылады. Кәсіпорында шығармашылық қызмет нәтижелеріне құқықтарды білікті ресімдеуін қамтамасыз ету үшін барлық ішкі техникалық және технологиялық құжаттаманы білікті ресімделуі қажет. Сонымен қатар, кәсіпорындарда құпиялы (конфиденциалды) ақпараттың таралуын толықтай болдырмауды қамтамасыз етуі мүмкін (мысалы, потенциалды (әлеуетті) серіктеспен келіссөздер жүргізу барысында). Серіктес келіссөздер объектісін (технология, техника, дизайн объектілері) өз атына патентеу, ал нақты иесіне оны қолдануға лицензия алуға ұсыныс жасау ықтималдылығы бар. Сондықтан инновациялық жобаны жасау және әзірлеу кезінде осының бәріне назар аудару керек.
Тәжірибелік тапсырма
1. Жұмыс беруші және қызметтік өнертабыс авторы-қызметкер арасында жасалатын келісім шартта міндетті түрде енгізілетін негізгі шарттарды дәйектеу.
2. «Ноу-хау» - ға жататын ақпараттың құпиялығын қамтамасыз ету мақсатымен кәсіпорында жүзеге асырылатын іс-шараларды ұсыну.
3. Гипотезалық (болжамдық) кәсіпорын немесе ұйым үшін патенттік-лицензиялық жұмыс және кәсіпорынның өнертабыстық қызметі бойынша жұмыс берушінің және өнертабыстар мен жаңашылдық ұсыныстардың авторлары болатын қызметкерлердің мүдделері есепке алынатын іс-шаралар жоспарын жасау.
Бақылау сұрақтар
1. Жасалған зияткерлік (интеллектуалды) меншік объектінің авторы.
2, Қызметтік тапсырма немесе қызметтік міндеттерін орындауымен байланысты жасалған өнертабыстың авторы болатын қызметкер жұмыс берушіні онымен жасалған өнертабыс туралы хабарлау керек пе.
3. Прогрессивті бәсекелестік қабілетті өнімді жоғары денгейде ұйымдастыру немесе қызметтің жаңа түрлерін (коммерциялық, қаржылық, әкімшілік) тиімді жүзеге асыру үшін қажетті уақыттың берілген сәтіне құпиялы (конфиденциалды) патенттелмеген өнертабыстар, білімдер және тәжірибе түрінде мәліметтер жиынтығы қалай аталады.
4. Автор-қызметкермен жасалған қызметтік өнертабыс туралы ескерту күнінен бастап ҚР Патент Заңына сәйкес қандай мерзім бойы жұмыс беруші Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі Комитетіне өтінім беру немесе өтінім беруге құқықты басқа тұлғаға беру, немесе авторды тиісті объектіні құпияда сақтау туралы хабарлау керек және бұл мерзім өткеннен кейін авторға осы қызметтік өнертабысқа (өнеркәсіптік ұлгіге, пайдалы модельге) патент алу құқығы ауысады.
Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі
Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік унивеситеті
«Патенттену және интеллектуалды меншікті қорғау»
пәні бойынша тәжірибелік сабақтарға әдістемелік нұсқаулар
6М080100 Агрономия

КІРІСПЕ
«Патенттену және интеллектуалды меншікті қорғау» пәнін оқытудың мақсаты студенттерді:
- өнеркәсіптік меншік объектілерін қорғау саласындағы халықаралық заңдарымен;
- Қазақстан Республикасының және шет елдердің патенттік заңымен;
- өнертабысқа, пайдалы модельге патент беруге өтінім құрастыру және беру ережелерімен;
- өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды беруге лицензиялық келісімдерді жасау тәртібімен таныстыру.
Курс бойынша студенттер:
-интеллектуалдық (зияткерлік) меншік, өнеркәсіптік меншік, өнертабыс, пайдалы модель, өнеркәсіптік үлгі, тауар белгісі (таңбасы), қызмет көрсету белгісі (таңбасы), тауардың шығу орнының атауы, ноу-хау, аналог, прототип, лицензиялық шарт туралы түсініктерді;
- өнертабысқа, пайдалы модельге, өнеркәсіптік үлгіге патент беруге өтінім беру тәртібің;
- тауар белгісін (қызмет көрсету белгісін) тіркеуге өтінім беру тәртібін;
- лицензиялық келісімді жасау тәртібін білуі керек.
Пәнді игерудің негізі жалпы білім беру және ғылыми теориялық пәндерді оқу кезінде меңгерген білімдері болып саналады .
Әдістемелік нұсқау үш тараудан тұрады:
1 Интеллектуалдық (зияткерлік) меншік, интеллектуалдық (зияткерлік) және өнеркәсіптік меншікті қорғау бойынша Қазақстан Республикасының заңдары. Өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
2. Патенттік құжаттама және оны пайдалану.
3. Өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды ресімдеу және өнеркәсіптік меншіктің экономикасы.
1 Тарау
Интеллектуалдық (зияткерлік) меншік. Интеллектуалдық (зияткерлік) және өнеркәсіптік меншікті қорғау бойынша Қазақстан Республикасының заңдары. Өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық.
1 тақырып.
Меншік жүйесіндегі интеллектуалдық (зияткерлік) меншіктің орны. Интеллектуалдық (зияткерлік) және өнеркәсіптік меншік объектілері (негізгі терминдер мен түсініктердің анықтамалары, интеллектуалдық (зияткерлік) меншіктің маңызын түсіндіру. Өнеркәсіптік меншік интеллектуалдық меншіктің құрамдас бөлігі ретінде, құқықтық қорғауға жататын адамның интеллектуалдық қызмет объектілері. Интеллектуалдық меншік объектілеріне құқық пайда болуының негіздері).
Мақсаты: адамның интеллектуалдық қызмет нәтижесі болатын объектілердің және жекелендіру құралдарының жіктелуін зерделеу (авторлық құқықтарды қорғау туралы заңдарға және патенттік заңға сәйкес қорғауға жататын объектілер, қорғалмайтын объектілер).
Интеллектуалды меншіктің құқық объектілеріне:
1. интеллектуалдық қызмет нәтижелері;
2. азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметті жекелендіру құралдары жатады.
Интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне:
- ғылым, әдебиет және өнер шығармалары;
- фонограмманы орындау және хабарлауды ұйымдастыру шараларын жеткізу;
- өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілер;
- селекциялық жетістіктер;
- интегралды микросұлбалар топологиялары;
- ЭЕМ арналған бағдарламалар және деректер базалары;
- ашылмаған ақпарат, оның ішінде өндіріс құпиялары (ноу-хау) жатады.
Азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметті жекелендіру құралдарына төмендегілер жатады:
- фирмалық атаулар;
- тауарлық белгілер (қызмет көрсету белгілер);
- тауардың шығу орындарының (шығу тегін көрсету) атауы.
^ Тәжірибелік тапсырма
1. Интеллектуалдық және өнеркәсіптік меншікке анықтама беру.
2. Интеллектуалдық меншікке адамның интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне және азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметті жекелендіру құралдарына айрықша құқық ретінде сипаттама беріңіз.
3. Интеллектуалдық меншіктің құқық объектілеріне жататын интеллектуалдық қызметтің нәтижелерін атап өтіңіз.
4. Азаматтық айналымға қатысушыларды, тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметті жекелендіру құралдарының адамның күнделікті өміріндегі мәні.
Бақылау сұрақтар
Қандай Халықаралық конвенцияда интеллектуалдық меншікке анықтама берілген.
Өнеркәсіптік меншікті қорғау бойынша Париж конвенциясында аталған өнеркәсіптік меншік объектілерінің санына неге «ноу-хау» деген объект кірмейді.
Интеллектуалдық меншік объектілеріне құқық пайда болу негіздері қандай.
«Интеллектуалдық меншік объектісіне айрықша құқық» деген не.
Өнертабысқа берілетін қорғау құжаттың екі түрі (патент және авторлық куәлік) арасыңдағы принципиалды айырмашылық қандай.
2. Тақырып.
Интеллектуалдық меншікті қорғауға қатысты Қазақстан Республикасының заңдары (Авторлық және патенттік құқық. Заң құжаттары: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, ҚР Патенттік Заңы, «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шығу орындарының атаулары туралы» ҚР Заңы, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңы, «Селекциялық жетістіктер туралы» ҚР Заңы).
Мақсаты: Өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы қарым-қатынастарды реттейтін заңдармен танысу.
Қазақстан Республикасында инттелектуалдық меншік саласында пайда болатын құқықтық қатынастарды реттейтін құқық көздері болып төмендегілер табылады: Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, ҚР Патенттік Заңы, «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шығу орындарының атаулары туралы» ҚР Заңы, «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» ҚР Заңы, «Селекциялық жетістіктер туралы» ҚР Заңы, «Интегралдық микросұлбалардың топологияларын құқықтық қорғау туралы» ҚР Заңы, Қазақстан Республикасы қатысушысы болатын әртүрлі Халықаралық конвенциялар (келісім шарттар) және басқадай заң құжаттары.
Тәжірибелік тапсырма
1. Қазақстан Республикасындағы интеллектуалды меншік объектілерін қорғауға құқық көздерін келтіріңіз.
2. ҚР Патенттік Заңы және «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шығу орындарының атаулары туралы» ҚР Заңы қандай қатынастарды реттейді. Өнертабыстар, тауар белгілерінің құқық иеленушілер және нарықтық экономика жағдайында шаруашылық ететін субъектілер үшін осы заңдардың маңызын түсіндіріңіз.
3. Жаңа жасаулар мен технологияларды қорғау үшін қоғамда патенттік жүйенің пайда болу себептерін түсіндіріңіз.
4. Авторлық құқық және патенттік құқықпен қорғалатын интеллектуалдық меншік объектілерін атап өтіңіз.
Бақылау сұрақтар
1. Қай жылы Қазақстан Республикасында бірінші Патенттік Заң қабылданды.
2. Қазақстан Республикасының Патенттік Заңына сәйкес өнертабысқа, пайдалы модельге және өнеркәсіптік үлгіге патент кімнің атына беріледі.
3. Авторлық құқық субъектілеріне кімдер жатады.
4. Қазақстан Республикасында авторлық құқықтың күшін сақтау мерзімі.
^ 3 тақырып.
Интеллектуалдық меншік құқығын қорғау жөніндегі Мемлекеттік органдар. Патенттік ведомство (ведомство – мемлекеттік бір сала бойынша басқару органы). (Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің зияткерлік меншік құқығы жөніндегі Комитетінің мемлекеттік патенттік құрылымындағы орны. Патенттік ведомствоның қызметтері. Өтінім құжаттарын беру тәртібі).
Міндеті: Патенттік ведомствоның ұлттық патенттік жүйедегі рөлі мен маңызын оқып үйрену.
Қазақстанда ұлттық патенттік жүйені жасау (1992 жылғы) - өнеркәсіптік меншік объектілерін жасау, құқықтық қорғау және пайдалануымен байланысты пайда болатын қатынастарды реформалау, ғылыми жобалар авторлары мен кәсіпкерлер арасындағы өзара қарым-қатынастарын қайта қарастырудың бастауы. Бұл өзгертулердің барлығында ең маңызды болатыны - өнертабыстарға, өнеркәсіптік үлгілерге, тауар белгілеріне құқықты кәсіпорынның материалдық емес активтер ретінде пайдалану және осыда ақша нақты табу, нарықтық экономика жағдайларында экономикалық есептерді шешуге бағытталған жеке меншік патенттік-лицензиялық саясатын жасауға мүмкіншілік пайда болды.
Қазақстан Республикасы комитеті 2001 жылы 29 наурызындағы «Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі Комитетінің мәселелері» атты № 411 Үкімет қаулысымен күші жойылған Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің авторлық құқықтар жөніндегі Комитеті және Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің «Казпатент» деп аталатын патенттер және тауар белгілері жөніндегі Республикалық мемлекеттік кәсіпорын орнына жасалды.
^ Тәжірибелік тапсырма
1. ҚР Патенттік Заңында, «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шығу орындарының атаулары туралы» ҚР Заңында, «Интегралдық микросұлбалардың топологияларын құқықтық қорғау туралы» ҚР Заңында өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер, тауар белгілер, интегралдық микросұлбалар топологияларын қорғау саласында мемлекеттік монополияны қамтамасыз етуде ҚР мемлекеттік патенттік ұйым болып табылатын уәкілетті мемлекеттік органның міндеттері мен функцияларын анықтайтын тиісті нормаларын табыныз.
2. Мемлекеттік патенттік жүйесінде патенттік ведомствоның мемлекеттік орган ретінде маңызын түсіндірініз.
3. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі Комитетінің және оның құрылымдық бөлімінің «Зияткерлік меншіктің ұлттық институты» деп аталатын Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның веб-сайтарымен танысыныздар: http://www.intellkaz.kz, http://www.kazpatent.kz
4. «Зияткерлік меншіктің ұлттық институты» деп аталатын Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның функцияларын атап өтініз.
5. Зияткерлік меншік, патенттер және тауар белгілері жөніндегі Федералдық қызметінің (Роспатент) веб-сайтымен (http://www.rupto.ru) және Роспатенттің өнеркәсіптік меншіктің Федералдық институтының веб-сайтымен (http://www.fips.ru) танысыныздар.
Бақылау сұрақтар
1. «Казпатент» деп аталатын Қазақстан Республикасының Ұлттық патенттік ведомствосы қай жылы жасалды.
2. Елдегі өнертабушылық істерін басқару жөніндегі және өнертабыстарға, өнеркәсіптік үлгілерге қорғау құжаттарын (авторлық күәліктер, патенттер) беруі мен тауар белгілерін тіркеуін жүзеге асыратын ССРО-дағы мемлекеттік орган қалай аталатын.
3. Өнертабыстарды қорғау мәселелерін реттейтін арнайы заң ССРО-да болды ма.
4. 1973 жылы ССРО-да қабылданған өнертабыстарға қорғау құжаттарын алуға өтінім беру тәртібін анықтайтын нормативтік құжат қалай аталатын.
5. Қазақстан Республикасында өнертабысты патенттеу мақсатымен АҚШ-тың өтініш білдірушісі өтінімді тікелей «Зияткерлік меншіктің ұлттық институты» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына бере алама.
6. Ресей Федерациясының өтінім білдірушісі Қазақстанда өнертабысты патенттеуге өтінімді Қазақстан Республикасының патенттік сенімді өкіліне бармай тікелей бере ала ма.
4-тақырып.
Өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы халықаралық келісімдер (Интелектуалды меншіктің Бүкілдүниежүзілік Ұйымының (ИМБҰ) қызметі. Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж конвенциясы. Еуразиялық патенттік конвенция. Интелектуалды және патенттік меншікті қорғау саласындағы заңдарды үйлесімдеу үшін халықаралық келісімдердің маңызы. Еуразиялық патенттік қоғам).
Міндеті: интеллектуалды меншікті қорғау саласындағы халықаралық келісімдердің негізгі ережелерін оқып үйрену (зерделеу), әр елдегі патенттік заңды үйлесімдеу себебін түсіну.
Қазақстан Республикасымен төмендегі келісім-шарттар бекітілген (ратификацияланған):
- әдебиет және көркем шығармаларын қорғау туралы Берн Конвенциясы (24 шілде 1971 жылы, ИМБҰ, Париж Акті);
- Москва қаласында 1993 жылы 24 қыркүйекте қол қойылған авторлық құқық және сабақтас құқықтар қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы Келісім;
- өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж Конвенциясы (1883 жылы, 20 наурыз);
- интелектуалды меншіктің Бүкілдүниежүзілік Ұйымының (ИМБҰ) құрайтын Конвенция (1967 жыл, 14 шілде);
- белгілерді халықаралық тіркеу туралы Мадрид келісімі (1891 жыл, 14 сәуір);
- 1970 жылы 19 маусымда қабылданған Патенттік кооперация туралы Келісім-шарт (РСТ);
- 1994 жылы 9 қыркүйекте қабылданған Еуразиялық патенттік конвенция.
Интелектуалды меншіктің Бүкілдүниежүзілік Ұйымы өз қызметінде төмендегі мақсаттарға жетілуге ұмтылады (интелектуалды меншіктің Бүкілдүниежүзілік Ұйымының (ИМБҰ) құрайтын Конвенция, 3 бап) :
- бүкіл әлемде интелектуалды меншікті қорғауға мемлекеттердің ынтымақтастық және тиісті жағдайларда басқа халықаралық ұйыммен өзараәрекеттесу жолымен қолғабыс ету (жәрдемдесу);
- Одақтардың әкімшілік ынтымақтастығын қамтамасыз ету.
^ Тәжірибелік тапсырма
1. Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж Конвенцияны (1883 жылы, 20 наурыз), интелектуалды меншіктің Бүкілдүниежүзілік Ұйымының (ИМБҰ) құрайтын Конвенцияны (1967 жыл, 14 шілде) зерделеу. Осы халықаралық келісімдерге жалпы сипаттама беріңіз.
2. Төмендегі өнеркәсіптік меншік объектілері үшін конвенциялық басымдылық (приоритет) мерзімдерін келтіріңіз:
- өнертабыс;
- өнеркәсіптік үлгі;
-тауар белгісі;
- пайдалы модель
3. Интелектуалды меншіктің Бүкілдүниежүзілік Ұйымының (ИМБҰ) веб-сайтымен (http://www.wipo.org) және Еуразиялық патенттік қоғамының веб-сайтымен (http://www.eapo.org.) танысу.

Бақылау сұрақтары
1. Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж Конвенциясында бекітілген ұлттық режим принципі неде.
2. Интелектуалды меншіктің Бүкілдүниежүзілік Ұйымы (ИМБҰ) қандай функцияларды атқарады.
3. Қай жылы Еуразиялық Конвенция қабылданды.
4. Еуразиялық патенттің қандай аймақтарда күші бар.
5. Еуразиялық патенттік ұйымның штаб-пәтері қайда орналасқан.
6. РСТ рәсімі бойынша халықаралық өтінімді және еуразиялық патент алуға өтінімді беру өтінім білдірушіге қандай артықшылықтар береді.
2 Тарау
патенттік құжаттама және оны пайдалану
5-тақырып.
Патенттік құжаттаманың құрылымы және ерекшіліктері (айырмашылықтары) (Өнертабыс сипаттауының құрылымы, өнертабыс сипаттауындағы библиографиялық деректерді идентификациялау үшін қолданылатын INID кодтар, авторлық күәліктер мен патенттердегі өнертабыс сипаттауларында мәтінді құру ерекшеліктері. Патенттік ведомствомен жариялайтын ресми бюллетеньдер).
Міндетті: Патенттік құжаттаманың құрылымы және ерекшіліктерін (айырмашылықтарың) түсіну. Өнертабыс сипаттауларында деректерді идентификациялау үшін қолданылатын INID кодтарды оқып білу, ресми бюллетеньдер және басқадай өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер, тауар таңбалары туралы мәліметтерді жариялайтың патенттік құжаттарымен танысу.
Өнертабыстарға патентерге сипаттауларда үш негізгі құрылымдық компоненті бөлуге болады: титул парағы (Title- page), сипаттаудың мәтіндік бөлігі (Description) және сызбалар (Drawings) (егер өнертабыс объектісі құрылғы болса).
Өнертабыстарға патентерге сипаттаулардың маңызды бөлігі болып өнертабыс формуласы (патенттік формуласы) табылады.
Заңдылық көзқарастаң патентік формула – өнертабысты мазмұны бойынша белгілі өнертабыстардаң ерекшелендіретін осы өнертабыстың жаңалығының барлық белгілері берілетін патенттің маңызды бөлігі. Патентік формула патентке сипаттаудың мәтіндік бөлігінің жалғасы болса да, бұл патенттің өздік бөлігі болып табылады. Өнертабыс сипаттауларында деректерді идентификациялау үшін INID Халықаралық кодтары қолданылады.
^ Тәжірибелік тапсырма
1. Қазақстан Республикасының алдын ала немесе патентерге өнертабыс сипаттауларын зерделеу.
2. Шет елдердің (АҚШ, Ресей және т.б.) патентерге өнертабыс сипаттауларын зерделеу.
3. Өнертабыс сипаттауларындағы библиографиялық бөлігін талдау. Келесі мәліметтерді табыңыз:
- қорғау құжаттың нөмірі;
- ХПЖ (ӨХЖ) рубрика индексын;
- өтінішті беру күнін, басымдылығы күні;
- өтініш нөмірі;
- автордың атауы;
- патентиеленушінің атауы
Өтінім берушінің патенттік талаптары кіретін Қазақстан Республикасының немесе басқа елдің патентіне жарияланған өнертабыс сипаттауының құрылымдық бөлігін табыныз.
Бақылау сұрақтары
1. Өтінім берішінің патенттік талаптары кіретін Қазақстан Республикасының патентіне жарияланған өнертабыс сипаттауының құрылымдық бөлігі қалай аталады.
2. INID Халықаралық кодтары не үшін қолданылады.
3. Қазақстан Республикасының Заң Министрлігінің Зияткерлік меншігі құқығы бойынша Комитетімен шығарылатын ресми бюллетень қалай аталады.
4. Өнертабыс сипаттауының библиолграфиялық бөлігінде берілген 11, 19, 54, 57 кодтар нені белгілейді.
5. Өнертабыс сипаттауына өтініш нөмірі, өтініш беру күні, автордың аты, ХПЖ рубрикасының коды, қорғау құжат нөмірі сияқты бибиографиялық элементтер не мақсапен енгізіледі.
6. Өнертабыс сипаттауының титул парағында не себепті реферат (Abstract) басылады.
6-тақырып.
Өнертабыстардың жіктеуі (классификациясы) (Өнертабыстардың ұлттық жіктеуі, өнертабыстардың халықаралық жіктеуі, өнертабыстардың халықаралық жіктеудін иерархиялық құрылымы, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің халықаралық жіктеулері )
Мақсаты: техника объектілері үшін сәйкес рубрикаларын анықтау үшін Халықаралық патенттік жіктеуіштердің (ХПЖ) көрсеткіштерімен жұмыс істеудің практикалық дағдыларына ие болу
1975 жылы 7 қазанда күшіне енген Халықаралық патенттік жіктеуіш өнертабыстарға сипаттаулар, жарияланған патенттік өтініштер, авторлық күәліктер, пайдалы модельдер және пайдалығы туралы күәлектерді (бұдан әрі «патенттік құжаттар» деген жалпы терминмен аталатын) қамтитын бірыңғай жіктеу жүйесін жасауын көздейді.
1971 жылы 24 наурызда қол қойылған халықаралық патенттік жіктеу туралы Страсбург келісімі негізінде қабылданған функционалды-салалық принципі бойынша құрылған Халықаралық патенттік жіктеу халықаралық масштабта өнертабыстар туралы мәліметтерді біркелкі жіктеу және іздеу үшін негізгі немесе қосымша құрал ретінде қолданылады.
ХПЖ объектілері қорғау құжаттармен қорғауға жататын білімнің барлық салаларын қамтиды.
ХПЖ - шарты атауларға ие болатын және А-дан Н-ға дейін латын алфавитінің басты әріптерімен белгіленген 8 тарауға бөлінген.
2001 жылы күшке енген тауарлар және қызметтердің Халықарарлық жіктеуішінің 8 редакциясы 45 класстан құралады.1-34-ші классқа дейін – тауарлар. Мысалы, 12 класс-жер, су және ауамен жылжитын көлік құралдары мен аппаратарын жіктеу үшін қолданылады.
35-ші кластан 45-ші класска дейінгі – қызметтер. Мысалы, 43 класс тамақ өнімдері және сусындармен қамтамасыз ету бойынша қызметтерді жіктеу үшін қолданылады.
Халықарарлық патенттік жіктеу рубрикасының жіктеу индексінің құрылуының жалпы сұлбасын көрсетіңіз.
Бақылау сұрақтар
Халықарарлық патенттік жіктеу редакциясының қайта қарастыру мерзімі.
Халықарарлық патенттік жіктеудің белгіленуі.
Өнертабыстардың Халықарарлық патенттік жіктеуін құру кезінде қандай принцип қолданылады.
Өнертабыстардың Халықарарлық патенттік жіктеудің иерархиялық құрылымы неше тараудан тұрады.
Тауарлар және қызметтердің Халықарарлық жіктеуішінің 8-редакциясына неше класс енгізілген.
7-тақырып.
Патенттік-ақпараттық зерттеулер (Патентік зерттеулер тауардың (өнімнің) бәсекелестік қабілеттілігін және оған патенттік құқықтарды анықтау кезінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстардың құрамдас бөлігі ретінде, өнімнің техникалық денгейін бағалау; өнімнің патенттік тазалығы).
Міндеті: патенттік зерттеулерді жүргізу әдістемесін игеру, патенттік зерттеулер нәтижелері көмегімен міндеттерді анықтауды үйрену.
«Өнімді әзірлеу және өндіріске қою жүйесі. Патенттік зерттеулер. Мазмұны және жүргізу тәртібі» ҚР СТ ГОСТ Р 15.011-2005 сәйкес патенттік зерттеулер деп шаруашылық қызмет объектілерінін техникалық денгейін және даму тенденцияларын, патенттік қабілеттілігін, патенттік тазалығын, бәсекелестік қабілеттілігін (белгіленуі бойынша пайдалану тиімділігі) патенттік және басқадай ақпарат негізінде зерттеуді түсінеді.
Патенттік зерттеулер ғылыми есептерді шешу және жана техника объектілерін жасау кезінде шығармашылық үрдіс негізі болып табылады. Патенттік зерттеулер – патенттік және басқадай ғылми-техникалық ақпаратты іздеу, талдау және оны ғылыми-зерттеу, тәжірибелі-конструкторлық және жобалық-техноогиялық жұмыстарды жүргізудің барлық кезеңдерінде пайдалану.
Тәжірибелік тапсырма
«Өнімді әзірлеу және өндіріске қою жүйесі. Патенттік зерттеулер. Мазмұны және жүргізу тәртібі» ҚР СТ ГОСТ Р 15.011-2005 таныстыру.
Оқытушымен берілген тапсырмалар бойынша патенттік зерттеуді жүргізуге тапсырма және регламент құрастыру. Іздеу тереңдігін анықтау, патенттік және патенттік емес құжаттама бойынша аналогтарды іздеу жүргізуі тиімді болатын елдерді тандап алу. Қарастыру үшін қажетті құжаттама тізімін құрастыру.
Бақылау сұрақтары
1. Патенттік зерттеулер деген не.
2. «Өнімді әзірлеу және өндіріске қою жүйесі. Патенттік зерттеулер. Мазмұны және жүргізу тәртібі» ҚР СТ ГОСТ Р 15.011-2005 патенттік зерттеулер туралы есепті құру, баяндау және рәсімдеуге қандай талаптар қойады.
3. Патенттік зерттеулерді жүргізу кезінде патенттік емес құжаттама қолданылады ма.
4. Қазақстан Республикасынды өндіріске қоюмен байланысты жасалатын техника объекті үшін патенттік тазалығың белгілеу мақсатымен патенттік зерттеулерді жүргізу барысында патенттелген техникалық шешімдерді (өнертабыстарды) іздеу ретроспективасы (терендігі) неше жыл.
5. Жасаланатын техника объектінің жетілген техникалық деңгейін анықтау мақсатымен патенттік зерттеулерді қандай елдерге қатысты жүргізуі ұсынылады.
8-тақырып.
Бәсекелесуге қабілетті өнімді жасау үшін патенттік құжаттаманы пайдалану (жасалатын техника объектінің аналогтарын табу, техниканың және ғылыми бағыттың даму тенденцияларын зерттеу кезінде патенттік құжаттаманың рөлі).
Міндеті: патенттік зерттеулерді жүргізу үшін патенттік және патенттік емес құжаттаманы пайдалануды және олар бойынша қойылған мақсаттарға сәйкес талдау жүргізуді үйрену.
Іздеу тақырыбын (объектісін) патенттік зерттеулердің нақты міндеттері, объектінің категориясына (құрылғы, әдіс, зат) және оның қандай элементтерін, параметрлерін, қассиеттері мен басқа сипаттамаларын зерттелетініне тәуелді анықтайды.
Егер патенттік зерттеулердің тақырыбы құрылғы болса (машина, аспап), мысалы, куттер, шұжық өнімдерін пісіру үшін арналған термоагрегат, компрессор, пісірілген шұжық өнімдерді өндіру линиясы, іздеу тақырыбы (объектісі) болып төмендегідей болуы мүмкін:
- құрылғы тұтасымен (жалпы құрастыруы.принципиалды сұлбасы);
- құрылғының жұмыс істеу принципі (әдісі);
- тораптары мен детальдары;
- құрылғының жеке элементтерін жасау үшін пайдаланатын материалдар (заттар), құрылғыны жасау технологиясы;
- өзара қолдану салалары.
Егер патенттік зерттеулер тақырыбы технологиялық процесс (үрдіс) болса, іздеу тақырыбы:
- технологиялық үрдіс тұтасымен, оның кезеңдері егер олар тәуелсіз (өзіндік) қорғауға қабілетті объекті болса;
- бастапқы өнімдер;
- аралық өнімдер және оларды алу әдістері;
- ақырғы өнімдер;
- негізінде осы әдіс жүзеге асырылатын құрал-жабдықтар болуы мүмкін.
Егер патенттік зерттеулер тақырыбы зат болса, онда іздеу тақырыбы:
- заттың өзі (оның сапалық және сандық құрамы);
- затты алу әдісі;
- бастапқы материалдар;
- қолдануы мүмкін салалар.
Егер жоба машиналар жүйесін (мысалы, субөнімдерді өндеу линиясы) жасаумен байланысты болса, онда оны құрамдас бөліктерге бөледі, іздеу тақырыбы болып машина жүйесінің құрамдас бөлігі табылады.
Тәжірибелік тапсырма
1. Егер патенттік зерттеулердің тақырыбы құрылғы болса (машина, аспап) іздеу тақырыбы (объектісі) не болатынын нақты мысалда көрсетініз.
2. Егер патенттік зерттеулер тақырыбы технологиялық процесс (үрдіс) болса іздеу тақырыбы не болатынын нақты мысалда көрсетініз.
3. Егер патенттік зерттеулер тақырыбы зат болса іздеу тақырыбы не болатынын нақты мысалда көрсетіңіз.
4. Оқытушы берген тапсырма бойынша тиісті есеп құрастыруымен патенттік іздеуді жүргізіңіз.
Бақылау сұрақтар
1. Патенттік зерттеулерді жүргізу немен аяқталады.
2. Ғылыми-зерттеу немесе тәжірибелі-конструкторлық жұмыстардың қандай кезендерінде патенттік зерттеулер жүргізіледі.
3. Маркетингті зерттеулер жүргізу кезінде патенттік құжаттаманы зерделеу қажет пе.
4. Техника объектілерінің дамуын болжау үшін ақпараттық негізі болып неге патенттік құжаттама саналады.
5. «Бәсекеге қабілетті өнім» дегенді қалай түсінесіз.
3 Тарау.
Өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды ресімдеу және өнеркәсіптік меншіктің экономикасы
9-тақырып
Жасалатын ғылыми-техникалық құжаттамада өнертабыстарды табу (Техникалық ұсынысты талдау, оның патенттік қабілеттілігін анықтау, маңызды белгілерді табу).
Міндеті: Техникалық ұсынысты оның патенттік қабілеттілігін анықтау және оның маңызды белгілерін табу мақсатымен талдау тәсілдерін игеру.
Өнертабысқа өтінім құрастыру кезінде бастанқыда ұсынылатын өнертабыс көмегімен шешілетін өнертабыстық міндет анықталу керек және осы өнертабыс арқасында жетілетін техникалық нәтиже табылу қажет.
Өнертабыстық міндет – белгілі құралдар көмегімен қанағатандырылуы мүмкін болмайтын қоғамдық қажеттілік.
Өнертабыс деп ойлап шығарылған объектісі емес, техникалық шешім аталады. Ал ойлап шығарылған объект техникалық шешімді жүзеге асыру дың мүмкін болатын формаларының (нысандарының) бірі болып табылады.
Объект – нақты немесе қағазда сипаттама түрінде болатын нақты құрылғы, әдіс немесе зат. Объект оның маңызды белгілер жиынтығымен сипатталады. Белгілердің маңыздылығының критерийі болып әрбіреуінің қажеттілігі және басқа белгілермен бірге берілген объектіні осы текті басқа объектілерінен айыру (өзгешелеу) үшін жеткіліктілігі саналады.
Тәжірибелік тапсырма
1. Оқытушы ұсынған өнертабыстар мысалдары бойынша берілген өнертабыстар көмегімен жетілетін техникалық нәтижені анықтау керек.
2. Өнертабыстық міндеттердің мысалын келтіріп, оларды шешу барысында объект ретінде не болғанын көрсету.
3. Төмендегі өнертабыс объектілерінің сипаттамаларын талдау керек:
- құрылғы;
- әдіс (биотехнологиялық әдістерді қоса алғанда);
- зат (химиялық, емдікті қоса алғанда);
- микроағзалар, өсімдік және хайуанаттар жасушаларының дақылдарының штамдары;
Бұрыннан белгілі құрылғыны, әдісті, затты штамды жаңа белгілену бойынша қолдану.
Бақылау сұрақтар
1. Берілген техникалық шешім үшін маңызды болып қандай белгілер саналады.
2. Өнертабыстың патенттік қабілеттілігінің белгілерін атаңыз.
3. Құрылғы, әдіс (биотехнологиялық әдістерді қоса алғанда), зат (химиялық, емдікті қоса алғанда), микроағзалар, өсімдік және хайуанаттар жасушаларының дақылдарының штаммдары, бұрыннан белгілі құрылғыны, әдісті, затты штаммды жаңа белгілену бойынша қолдану сияқты объектілерге не жатады.
10-тақырып
Өнеркәсіптік меншік объектісіне өтінім құрамы; патенттік құқықтың көлемін анықтау үшін өнертабыстың формуласының маңызы; өтінімдік құжаттаманы ресімдеу. (өнертабыс объектісіне тәуелді өнертабыс сипаттауы және формуласыны ресімдеу ерекшеліктері. Прототипті таңдап алу)
Мақсаты: Өнертабыс сипаттауын, формуласын, рефератты құрастыруын үйрену; өнертабыстың әртүрлі объектілеріне (құрылғы, әдіс, зат, белгілі құрылғыны, әдісті, затты жаңа белгіленуі бойынша қолдану) бірбуынды және көпбуынды формуланы құрастыру ерекшеліктерін түсіну.
Жасалған өнеркәсіптік меншік объектісін тіркеу үшін Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі Комитетінің «Зияткерлік меншіктің ұлттық институты» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына өтінім жіберу керек.
ҚР Патент Заңының 10 бабының 4 пунктіне сай өнертабысқа өтінім беру құқығына өнертабыс авторы, жұмыс беруші, олардың құқық мұрагерлері немесе арасында келісімдік болған жағдайда жоғары айтылған тұлғалар білесіп ие болады (бұдан әрі - өтінім білдіруші).
Өтінім беруге құқықты қандай болса да құжатпен растауы талап етілмейді.
Өнертабысты патенттеуге жіберілетін өтінім құрамына:
өнертабыс авторының және атына патент сұранылатын тұлғаларды, олардың мекенжайы көрсетілуімен инновациялық патент және патент беру туралы өтінім;
өнертабысты жүзеге асыруға жеткілікті толық ашатын сипаттауы;
оның маңыздылығын көрсететін және толығымен сипаттауда негізделетін өнертабыс формуласы;
өнертабыс маңызын түсіну үшін қажет болса сызба және басқадай материалдар;
реферат;
іс жүргізу өкіл арқылы жүргізілетін жағдайда сенімхат;
патенттік баж төлеуін растайтын құжат.
Қазақстан Республикасында патенттелетін өнертабысқа өтінім материалдары мемлекеттік және орыс тілдерінде ресімделеді.
Тәжірибелік тапсырма
Өнертабысқа инновациялық патент пен патент беруге өтінімді және пайдалы модельге патент беруге өтінімді құрастыру, беру, қарастыру жайлы Нұсқаулықпен (бұдан әрі - Нұсқаулық) танысу.
Өнертабыстың төмендегі объектілеріне тәуелді өнертабыс сипаттау және формуласын ресімдеу ерекшеліктерін сипаттаңыз: құрылғы, әдіс, зат
Жариялаған өнертабыс (электростатикалық тозаңдатқыш) туралы төменде келтірілген мәліметтерді пайдаланып электростатикалық тозаңдатқышқа өнертабыс сипаттауың реферат және өнертабыс формуласын құрастырыныз. Тапсырма үшін ССРО-ның № 1789293 авторлық куәлігінде (ӨХЖ В05В5/043, 1993) сипатталған Свинцов В.Я., Бегалин К.М., Абраменко А.П. өнертабыс авторларының еңбегі қолданылған.
Қолдану саласы. Өнертабыс сұйықтарды электростатикалық әдіспен тозаңдатуға арналған құрал жабдықтарға жатады және лак-бояу материалдарды, сұйық тамақ өнімдерін тозаңдату кезіндегі.
№ 1 аналог [ССРО-ның № 1098576 авторлық куәлігі, ХПК В05В5/00, 1982] – тегеріш айналу арқасында сұйық электр өрісінде тозаңдатылатың сұйық тозаңдытқышы. Бұл құрылғының конструкциясы тозаңдатқыштан қуыс цилиндрдің ұзындығы өзгеру арқылы шығатын тамшылардың мөлшерін реттеуге мүмкіншілік береді.
№ 1 аналогтың кемшілігі – жұмысының тиімділігінің төмендегі, тозаңдатуда көп энергетикалық шығындардың көптігі және қолданудың шектелген диапазоны.
Прототип ретінде алынған № 2 аналог [ССРО-ның № 521936, ХПК В05В5/00, 1974] –индукциялық электродпен байланысқан тоқ өткізетін сым орналасқан корпус, сұйық және ауаны жеткізетін штуцерлері бар өзара электрод және тозаңдатқыш қуыстармен байланысқан каналдардан тұратын электрстатикалық тозандатқыш.
^ Прототип кемшілігі. Белгілі техникалық шешім сұйық қасиеттерін, сұйықты тозаңдатуда жетілетін және тозаңдату факелін монодисперсті болуын қамтамасыз ететін тамшылардың мөлшерін тозаңдату шарттарынан тәуелді реттеуге мүмкіншілік бермейді. Пневматикалық форсункада форсункадан тарайтын сұйық тамшыларының мөлшерінің өзгеруі ауа ағынының жылдамдылығы өзгеру арқылы болуы мүмкін. Бірақ бұл жұмыста ыңғайсыздық туғызады, себебі ауа қысымының (арынының) әр түрлі көздерін пайдалануды талап етеді. Бұл өз кезегінде құрал-жабдықтың толық іске қосылмауына, тозаңдату факелінің өзгеруіне, материалдың диспергирлеу сапасын төмендетуге әкеледі. Белгілі тозаңдатқышта сұйық ағысы ауа ағынымен кетуі диспергирлеу сапасының төмендеуіне және қуат шығындарының жоғарлауына себепкер болуы мүмкін.
Өнертабыстық міндет - кептіргіш мұнараларда қолдану кезінде құрамы бойынша монодисперсті өнім алуын қамтамасыз ететін және тозаңдатылатың сұйықтың құрамына тәуелді тамшылардың мөлшерін реттеуге мүмкіншілік беретін сұйық тозаңдатқышты жасау.
Өнертабыстың техникалық нәтижесі - функционалды мүмкіншіліктерін кеңейту, тозаңдату сапасын және өнімділігін жоғарлату.
Өнертабыстың маңызы. Сұйықты жеткізу үшін каналы бар корпусы және жоғары вольтты қуат көзі блогының бір полюсына қосылған тесіктерінде тозаңдатқыш каналдар орналасқан электроды құрамына кіретін белгілі электростатикалық тозаңдатқышты шығысында тозаңдатқыш каналдар алдында ораластырылған электрод арасындағы саңылау реттелетін тесіктері электродтың тесіктерімен біліктес қуат көзі блогінің басқа полюсына қосылған пластинамен қамтуы ұсынылады. Тесіктері бар пластина корпусқа реттеуіш винт арқылы бекітілген. Бұл екінші электродтың рөлін орындайтын пластина және электрод арасындағы саңылауды оларға берілген мәні тозаңдатылатын сұйықтың қасиеттеріне тәуелді таңдап алынатын кернеуге тәуелді реттеуге мүмкіншілік береді. Корпусты жеке бөлікке ажыратылатындай орындау ұсынылады, бұл оның ішінде орналастырылған каналдарды тозаңдатылатын сұйыққа тәуелді ауыстыруға мүмкіншілік береді.
Фигуралар тізімі. Электростатикалық сұйық тозаңдатқышы тілікте көрсетілген сызба.
Өнертабысты пайдалану мүмкіншілігін растайтын мәліметтер. Электростатикалық сұйық тозаңдатқыштың құрамына екі бөліктен құралған цилиндрлік диэлектрикалық негізден (1) және қақпақтан (2) ажыратылатын корпус, сыммен (4) жоғары вольтты қуат көзі блогының бір полюсына (5) қосылған электрод кіреді. Электродта (3) ішінде саңылаумен тозаңдатқыш каналдар (7) орналастырылған тесіктер (6) орындалған. Тозаңдатқыш каналдар (7) канал (8) арқылы штуцерға (9) қосылған және сұйықты жіберу торабын түзейді. Тозаңдатқыш каналдар (7) бір- біріне қатысты осы каналдардан шығатын сұйық ағыстарын тозаңдатудан алынатын тозаңдату факелдарінін бөгеуін қамтамасыз ететіндей орналастырылады. Негіздің (1) саңылаударында (10) реттеуіш винттар (11) көмегімен электродтың (3) тесіктерімен (6) біліктес тесіктерге (13) ие металдық пластина (12) орнатылған. Металдық пластина (12) сім (14) көмегімен қуат көзінің жоғары вольттық блоктың полюсына қосылған, қарсы жақтағы полюсқа электрод (3) қосылған. Электрод (3) және металдық пластина (12) арасыңдағы саңылау винттер (11) көмегімен реттеледі. Электродтың (3) каналымен электрлік матастыруын болдырмау үшін диэлектрикалық пластина (15) орналастырылған.
Құрылғы төмендегідей жұмыс істейді:
Сұйық штуцерге (9) жіберіледі және канал (8) бойынша каналдарға (7) жіберіледі. Каналдан (7) шығатын сұйық тесіктерден (6) өтіп электрод қосылған жоғары вольттық қуат көзінің блок (5) полюсының зарядына сәйкес келетін зарядымен электродпен (3) зарядталады. Бұдан әрі сұйық ағысы (5) электрод (3) және пластина (12) арасында пайда болатын электр өрісіне жіберіледі. Зарядталған ағыс жеке тамшыларға ыдырамай металдық пластинаның (12) тесіктерінен (13) өтеді. Тесіктерден (13) шыққанда ағыстың жекеленген тамшыларға ыдырауы жүреді. Нәтижесінде тесіктен (13) біршама қашықтықта тозаңдату факелі пайда болады. Кернеудің шамасы неғұрлым үлкен болса тозаңдату бұрышы да соғұрлым үлкен болады.
Әрбір ағыстан пайда болатын тозаңдату факелдердің қабатасуы арқылы тозаңдатылатын материалдың монодисперстык бөлшектерінен тұратың тозаңдатудың бір үлкен факелі пайда болады.
Ұсынылатын электростатикалық тозаңдатқыштың конструкциясын кептіру мұнарасында тамақ өнімдерді тозаңдату үшін қолдану - мұнараның пайдалы көлемін өнімді пайдалануға және осымен тамақ өнімдерін кептіру кезінде дисперлігі мен сапасын төмендетпей өнімділігің жоғарлатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өлшемі бойынша біртекті бөлшектерден құралатын құрғақ дайын өнім алуы қамтамасыз етіледі.
Бақылау сұрақтар
Қазақстан Республикасында патенттеуге жіберілетін өнертабысқа өтінім құрамына қандай құжаттар кіреді.
Ресей Федерациясына патенттеуге қазақстандық өтінім білдірушімен Конвенциялық басымдылық (алғашқылық) сұрауымен жіберілетін өнертабысқа өтінім құрамына кіретін құжаттар құрамы Қазақстан Республикасына патенттеу кезінде берілген алғашқы (бастапқы) өтінім құжаттарының құрамынан айырмашылығы бар ма.
Басымдылық (алғашқылық) дегеніміз не.
Басымдылық (алғашқылық) қалай белгіленеді.
«Конвенциялық басымдылық» дегеніміз нені білдіреді .
11 тақырып.
Өтінімдік құжаттардың сараптамасы; өнеркәсіптік меншік объектілерін тіркеу; инновациялық патенттер, патенттер және куәліктерді беру туралы мәліметтерді жариялау. (Өнеркәсіптік меншік объектілерін патенттеу және сараптама жүргізу жүйелерінің түрлері. Қазақстанда қабылданған қабылдау-тексеру жүйесі. Сараптама жүргізу және мәліметтерді жариялау мерзімдері. Патенттік баждарды төлеу).
Міндеті: Қазақстан Республикасында өнеркәсіптік меншік объектілерін патенттеу кезінде жіберілетін өтінім материалдарының сараптамасың жүргізу жүйелерін оқып үйрену.
Әлемде өнеркәсіптік меншік объектілерін патенттеудің бірнеше жүйесі бар: қабылдау, тексеру (зерттеу) және кейінге қалдыру. Қазақстанда қабылдау және тексеру (зерттеу) жүйелерінің элементтерін кіргізетін жүйе қабылданған.
Өнертабысқа өтінім материалдары бойынша зияткерлік меншіктің ұлттық институтында (ЗМҰИ) екі сараптама жүргізеді: өтінім материалдарының инновациялық патент беруге сараптамасы және маңызы бойынша.
өтінімде болатын немесе оған қосылатын құжаттардың бар болуын;
өнертабыстың маңызын талдаусыз өтінім құжаттарына өнертабысқа өтінім құрастыру бойынша
Нұсқаулықпен белгіленген талаптардың сақталуы;
өтінім беру күнін белгілеу.
Маңызы бойынша сараптама жүргізу кезінде:
формулада сипатталған өтінім білдірілген өнертабыстың патенттік қабілеттілік шарттарына сәйкес болуын тексеруі;
өнертабыстың басымдылық күнін белгілеу.
Қазақстан Республикасында тауар белгілерін (қызмет көрсету белгілерін) тіркеу үшін зияткерлік меншіктің ұлттық институтына (ЗМҰИ) жіберілетін өтінім белгіленген ережелерге сәйкес ресімделеді. Тауар белгісіне өтінім сараптамадан өту керек. Сараптама нәтижесі бойынша тауар белгісін тіркеу және куәлік беру туралы шешім қабылданады.
Тәжірибелік тапсырма
ҚР Патент Заңын талдап онда сараптама сұранысына өтінім білдірушінің жауабын ұсыну үшін белгіленген мерзімдерді табыңыз.
Әлемдегі бар патенттеу жүйелерін (қабылдау, тексеру (зерттеу) және кейінге қалдыру) өзара салыстырыңыз. Қай елдер үшін патенттеудің қандай жүйесі тән екенін белгілеңіз.
Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі Комитетімен басып шығарылатын «Өнеркәсіп меншігі» ресми бюллетендерінде ҚР өнертабысқа инновациялық патент және патент беру, олардың күштерінің жойылуы туралы қалайша хабарландырылатындығымен танысу.
Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі Комитетімен басып шығарылатын «Өнеркәсіп меншігі» ресми бюллетендерінде ҚР тауар белгілерін (қызмет көрсету белгілерін) тіркеу және оларға куәліктерді беру туралы қалайша хабарландырылатындығымен танысу.
^ Бақылау сұрақтар
Патенттік құжаттаманың озық жариялау, әсіресе кейінге қалдырылған сараптамен патенттеу жүйесін пайдаланған кезде, неге себепші болады.
Тексеру (зерттеу) жүйенің қандай артықшылықтары және кемшіліктері бар.
Өнертабысқа өтінім материалдарының инновациялық патент беруге сараптама жүргізу рәсімі неде.
Өнертабысқа өтінім материалдарының маңызы бойынша сараптама жүргізу рәсімі неде.
12 тақырып.
Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалану, құқықтарды беру. (Өнеркәсіп меншік объектілерін шаруашылық айналымға енгізу. Лицензиялық келісім шарттар; лицензиялар түрлері; патентті беру; ноу-хау беру туралы келісім шарт. Өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықтарды заңды түрде беруін растау).
Міндеті: Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға құқықтарды беруге лицензиялық келісім шарттың негізгі ережелерін, лицензиялық келісім шарттардың әр түрлеріндегі тараптардың міндеттерін оқып үйрену.
Өнеркәсіптік меншік объектісін өз қалауы бойынша пайдалану бойынша айрықша құқыққа патент иеленуші ие.
Өнеркәсіптік меншік объектісін пайдалану деп өнеркәсіптік меншіктің қорғалатын объектісі кіретін өнімді өндіру, қолдану, әкелу, сатуға ұсыну, азаматтық айналымға басқадай енгізу және қорғалатын әдісті қолдануды түсінеді.
Патент иеленуші болмайтын қандай болсын тұлға қорғалатын өнеркәсіптік меншік объектісін тек қана лицензиялық келісім шарт негізінде патент иеленушінің рұқсаты бойынша пайдалануға құқығы бар.
Берілетін құқық көлемі бойынша лицензиялар жай, айырықша және толық деп бөлінеді. Сондайақ ашық және мәжбүрлеу лицензиялар болады. Патенттік Заңымен патентке құқықтарың қайта беруі қарастырылған.
Лицензиялық келісім шарт - ақылы шарт. Бұл шарт бойынша лицензиатпен (лицензияны сатып алушымен) лицензиардың (лицензия сатушының) шығындарын өтеуі қарастырылған. Лицензиялық келісім шарт Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі Комитетінде тіркелуі керек.
Тәжірибелік тапсырма
Патенттелген өнертабыстарды пайдалануға құқықтарды беруге лицензиялық келісім шарттардың типтік келісімдерін зерделеу. Олардың негізгі ережелерін талдау.
Лицензиялық келісім бойынша лицензиат және лицензиардың негізгі міндеттерің сипаттау.
Патенттелген өнертабыс, өнеркәсіптік үлгі немесе пайдалы модельге құқықтарды беруге лицензиялық келісім шарт жасауға ниеттенетін тараптар үшін таңдаулы (опциондық) келісімнің белгіленуін түсіндіру.
«Паушалды» және «роялти ставкасы» (есеп беру периодында алынған пайдадан периодты болып шығару, мысалы, жылдық) бойынша төлемді өткізуде лицензиялық келісімнің екі тараптары үшін оң және теріс сәттерін талдап өту.
Бақылау сұрақтар
Лицензиялық келісім шарт дегеніміз не.
Лицензиялық келісім шарт тараптарының қайсысы «лицензиар», қайсысы «лицензиат» деп аталады.
«Ноу-хау» беру туралы келісім шарттың ғылыми-техникалық жетістіктерді беруге басқа келісімдерден айырмашылығы неде.
Өнертабысты, пайдалы модельді немесе өнеркәсіптік үлгіні пайдалануға лицензия сату/ сатып алу туралы келісімді Қазақстан Республикасында қандай құзыретті мемлекеттік органында тіркеу талап етіледі.
Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «ноу-хау» беру туралы келісім шарттың міндетті түрде құзыретті мемлекеттік органында тіркеуі талап етіледі ме.
13 тақырып.
Өнеркәсіптік меншік объектілерін пайдалануға патенттік құқықтарды бұзу; патенттік құқықтарды бұзу үшін жауаптылық. (Патенттік құқықтарды бұзу түрлері. Сотқа талап арыздарды беру. Патент иеленушілердің айрықша құқықтарын бұзған тұлғаларды жауапткершілікке жауапқа тарту. Шығарылатын өнімнің патенттік тазалыққа зерттеулерін жүргізу қажеттілігі. Контрафактылық тауарлар, жалған жасалған өнім)
Міндеті: патенттік құқықтарды бұзу түрлері, бұзушыларды жауаптылыққы тарту мақсатымен сөтқа талап арыздарды беру туралы жалпы түсінік беру.
Бұзушылықты болдырмау және бұзылған құқықтар және мүдделерін қалпына келтіру үшін құқық иеленушіге жеткілікті құралдар бергенде ғана кез келген құқықты нақты деп санауға болады. Бұл міндеттерді орындау әртүрлі құралдар көмегімен жүзеге асырылады.Бұзылған құқықты қорғауына құқық иеленуші өзі жүгінеді.
Қандай құқықтық қатынастар саласына жататынына тәуелді қорғау әдістері азаматтық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық және қылмыстық-құқықтық деп бөлінеді.
Азаматтық құқықтарды қорғау:
құқықты тану;
құқықты бұзуға дейінгі жағдайың қалпына келтіру және құқықты бұзатын немесе бұзу қауіпін тұғызатын әрекеттерді болдырмау;
даулы мәлімені жалған деп тану және оның жалғандылық салдарын табу, таязды мәліменің жалғандылығының салдарын айқындау;
залалдарды (зияңдарды) өтеу;
айып ақы төлету;
моральдық зиянның орнын толтыру;
құқық қатынастарды тоқтату немесе өзгерту жолымен және заңдарда көзделген басқадай әдістермен жүзеге асырылады.
Айрықша құқықтарды жоғарыда көрсетілген қорғау әдістерінің көптілігі қорғаудың юрисдикциялық (соттың қарауына жататындық) түріне жатады. Яғни, оларды жүзеге асыру тиісті мемлекеттік органдарда жүгінуімен байланысты болады. Ол органдар – қорғаудың азаматтық-құқықтық әдістері үшін сот органдары.
Тәжірибелік тапсырмалар
Қазақстан Республикасының Патент Заңын оқып, өнертабыс, өнеркәсіптік үлгі, пайдалы модельге патент иесінің айрықша құқықтарың бұзу деп бағаланатын әрекеттерді анықтау.
«Тауар таңбалар, қызмет көрсету таңбалар және тауардың шығу орындарының атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңын оқып, тауар таңба иесінің айрықша құқығын бұзу деп қандай әрекеттер танылатынын анықтау.
Өнеркәсіптік меншік объектісіне оның айрықша құқықтарын бұзу туралы талап арызында патент иеленуші ұсынылатын талаптардың мысалдарын келтіру.
Бақылау сұрақтар
Өнертабысты пайдалануға мәжбүрлеу лицензиясы қандай жағдайда беріледі.
ҚР Патент Заңына сәйкес не патент иеленушінің айрықша құқықтарын бұзу деп танылмайды.
«Тауар таңбалар, қызмет көрсету таңбалар және тауардың шығу орындарының атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тауар белгісіне куәліктің иесіне не үшін тауар белгісінің жанында R латын әріп немесе «тауар таңбасы», «тіркелген тауар таңбасы» деген жазба белгілеу түрінде ескерту таңба қоюға құқық беріледі.
Қандай өнім контрафактылық өнім деп аталады.

14 тақырып.
Кәсіпорында патенттік-лицензиялық жұмыс және өнертабыстық қызметті ұйымдастыру (Фирманың, кәсіпорынның патенттік-лицензиялық саясатын жасау, өнертабыстар авторлар – қызметкерлерінің мүдделерін сақтауын қамтамасыз ету, қызметтік өнертабысқа құқықтар туралы мәселені шешу).
Міндеті: Фирма, кәсіпорын үшін жеке-меншік патенттік-лицензиялық саясатын жасау, өнертабыстар авторлар – қызметкерлерінің мүдделерін сақтауын қамтамасыз ету қажеттілігінің, қызметтік өнертабысқа құқықтар туралы мәселені шешудің маңызы туралы түсінік алу.
Кәсіпорындар қызметінің тиімділігі тек өндірісті оңтайлы басқаруынан ғана емес, сондай-ақ, осы кәсіпорынның өкімінде болатын зияткерлік меншікті басқарудан, кәсіпорын өкімінде бар болатын өнертабыстар, тауар белгілеріне құқықтарды қорғауы қалай қамтамасыз етілетініне, оларға алынған айрықша құқықтарды қалай өкім ететініне тәуелді болады. Нарықтық экономика жағдайларында зияткерлік меншік объектілерінің құқық иеленушілердің және оларды жасаушылардың (авторлардың) мүдделерін сақтауын қамтамасыз ету керек. Инновациялық жобаларды жасау бір адамның немесе шығармашылық ұжымның ғылыми-зерттеу және тәжірибелі-конструкторлық жұмыстарды орындау барысында алынған және автордың немесе жасалған жаңа ғылыми жобалар мен техникалық шешімдерге құқық берілген жұмыс берушіні қоса алғанда басқа тұлғалардың зияткерлік меншігінің құрамдас бөлімі болып табылатын шығармашылық қызмет нәтижелерінде негізделеді.
Интеллектуалды ресурстарды интеллектуалды меншікке және кәсіпорынның материалды емес активтеріне ауыстыру тиімділігін анықтау, оларды бағалау, құқықтық қорғаудың тиімді формаларын таңдап алу, интеллектуалды меншікпен басқарудың басқадай рәсімдерін пайдалану - менеджер квалификациясының (әсіресе инновациялық кәсіпорында) маңызды құрамдас бөлімі болып табылады. Кәсіпорында шығармашылық қызмет нәтижелеріне құқықтарды білікті ресімдеуін қамтамасыз ету үшін барлық ішкі техникалық және технологиялық құжаттаманы білікті ресімделуі қажет. Сонымен қатар, кәсіпорындарда құпиялы (конфиденциалды) ақпараттың таралуын толықтай болдырмауды қамтамасыз етуі мүмкін (мысалы, потенциалды (әлеуетті) серіктеспен келіссөздер жүргізу барысында). Серіктес келіссөздер объектісін (технология, техника, дизайн объектілері) өз атына патентеу, ал нақты иесіне оны қолдануға лицензия алуға ұсыныс жасау ықтималдылығы бар. Сондықтан инновациялық жобаны жасау және әзірлеу кезінде осының бәріне назар аудару керек.
Тәжірибелік тапсырма
Жұмыс беруші және қызметтік өнертабыс авторы-қызметкер арасында жасалатын келісім шартта міндетті түрде енгізілетін негізгі шарттарды дәйектеу.
«Ноу-хау» - ға жататын ақпараттың құпиялығын қамтамасыз ету мақсатымен кәсіпорында жүзеге асырылатын іс-шараларды ұсыну.
Гипотезалық (болжамдық) кәсіпорын немесе ұйым үшін патенттік-лицензиялық жұмыс және кәсіпорынның өнертабыстық қызметі бойынша жұмыс берушінің және өнертабыстар мен жаңашылдық ұсыныстардың авторлары болатын қызметкерлердің мүдделері есепке алынатын іс-шаралар жоспарын жасау.
Бақылау сұрақтар
Жасалған зияткерлік (интеллектуалды) меншік объектінің авторы.
Қызметтік тапсырма немесе қызметтік міндеттерін орындауымен байланысты жасалған өнертабыстың авторы болатын қызметкер жұмыс берушіні онымен жасалған өнертабыс туралы хабарлау керек пе.
Прогрессивті бәсекелестік қабілетті өнімді жоғары денгейде ұйымдастыру немесе қызметтің жаңа түрлерін (коммерциялық, қаржылық, әкімшілік) тиімді жүзеге асыру үшін қажетті уақыттың берілген сәтіне құпиялы (конфиденциалды) патенттелмеген өнертабыстар, білімдер және тәжірибе түрінде мәліметтер жиынтығы қалай аталады.
Автор-қызметкермен жасалған қызметтік өнертабыс туралы ескерту күнінен бастап ҚР Патент Заңына сәйкес қандай мерзім бойы жұмыс беруші Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінің зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі Комитетіне өтінім беру немесе өтінім беруге құқықты басқа тұлғаға беру, немесе авторды тиісті объектіні құпияда сақтау туралы хабарлау керек және бұл мерзім өткеннен кейін авторға осы қызметтік өнертабысқа (өнеркәсіптік ұлгіге, пайдалы модельге) патент алу құқығы ауысады.
Ұсынылатың әдебиет тізімі
Негізгі:
1.Каудыров.Т.Е. Право интеллектуальной собственности в Республике Казахстан. Алматы: Жети жарғы, 1999.
2.Каудыров Т.Е. Гражданско-правовая охрана объектов промышленной собственности в Республике Казахстан: - Алматы: Жети жарғы, 2000.
3.Основы патентного права и патентоведения в Республике Казахстан: Учебное пососбие/Ответ. редактор Т.Е. Каудыров. - Алмат: Жети жарғы, 2003.
4.Абраменко А.П. Основы патентоведения: Учебно-методическое пособие. – Павлодар: Павлодарский университет, 2004.
5.Бромберг Г.В. Основы патентного дела: Учебное пособие: М.:Экзамен.-2002
Қосымша:
1.Қазақстан Республикасының Патенттік Заңы (16 шілде 1999 ж., 2007 жылғы еңгізілген өзгертулерімен);
2.Қазақстан Республикасының «Тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлардың шығу орындарының атаулары туралы» Заңы (26 шілде 1999 ж.);
3.Қазақстан Республикасының «Интегралдық микросұлбалардың топологияларын құқықтық қорғау туралы» Заңы (29 маусым 2001 ж.);
4.Қазақстан Республикасының «Селекциялық жетістіктер туралы» Заңы (13 шілде 1999 ж.);
5.Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқытар туралы» Заңы (10 маусым 1996 ж.);
6.ҚР ГОСТ Р 15-011-2005. Өнімді жасау және өңдіріске қою жүйесі. 7.Патенттік зерттеулер. Мазмұны және жүргізу тәртібі.
Тауар таңбасын тіркеуге өтінім құрастыру және беру ережелері (30 сәуір 1997 ж.);
8.Өнертабысқа инновациялық патент және патент, пайдалы модельге патент беруге өтінімді құрастыру, беру және қарастыру жөнінде Нұсқау;
9.Өнеркәсіптік үлгіге патент беруге өтінім құрастыру және беру ережелері;
10.Медицина, биология және ауыл шаруашылық саласында өнертабыстарға инновациялық патент және патент беруге өтінімдерді құрастыру бойынша ұсыныстар..- Алматы., КИПЭ, 2002.
11.Патенттік құқық: Заңды актілер жинағы //Құрастырушы Т.Е. Каудыров, Э.З. Фаизова .- Алматы: Жеты жарғы. 1996.
Қосымша
Патенттік сенім білдірілген өкілдерді мемлекеттік тіркеу және аттестаттау
Дата создания: 31.10.2013
Дата обновления: 05.11.2013
«Патенттік сенім білдірілген өкілдерді мемлекеттік тіркеу және аттестаттау»
Жалпы ережелер
1. «Патенттік сенім білдірілген өкілді мемлекеттік тіркеу және аттестаттау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті (бұдан әрі - Комитет) көрсетеді.
Заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8- үй, № 13 кіреберіс.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Патент заңы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңының 36-бабына, «Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 26 шілдедегі Заңының 46-бабына, "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңының 5-бабына және «Интегралдық микросхемалар топологияларын құқықтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 29 маусымдағы Заңының 15-бабына сәйкес
көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету стандарты Комитеттің:www.intellkaz.kz Интернет-ресурсында орналасқан. Анықтама телефоны: (87172) 74-07-54.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметті аяқтау нысаны Патенттік сенім білдірілген өкілге біліктілік емтиханды өту жөніндегі аттестациялық комиссияның шешімі (бұдан әрі - Шешім) және қағаз тасымалдағышта берілетін Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілін тіркеу туралы куәлігі (бұдан әрі - Куәлік) немесе бас тарту себептері туралы жазбаша түрде дәлелді жауап беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет патенттік сенімді өкіл қызметімен айналысу құқығына үміткер жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) куәлікті алу үшін біліктілік емтихан патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен шұғылдану құқығына үміткер тұтынушының өтініші келіп түскен күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірмей, Куәлікті беру оны алу туралы өтініш келіп түскен сәттен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей өткізіледі;
2) осы Стандарттың 11-тармағында көзделген тізбеге сәйкес қажетті құжаттар Комитеттің жауапты қызметкеріне кезекте күтпестен тапсырылады;
3) Шешімді кезекте күтпестен Комитеттің жауапты қызметкері біліктілік емтиханды тапсырған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде және Куәлік оны алу туралы өтініш келіп түскен күннен күнтүзбелік 30 күні ішінде беріледі.
8. Мемлекеттік қызмет қолма-қол және (немесе) қолма-қол емес есеп айырысу бойынша ақылы түрде көрсетіледі.
Мемлекеттік баж Қазақстан Республикасының банктік мекемелері арқылы уәкілетті мемлекеттік органдардың немесе лауазымды адамдардың заңды мәні бар әрекеттер жасау және (немесе) құжаттарды беру орны бойынша төленеді, олар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес белгіленген төлем мөлшері мен күнін растайтын төлем құжаттарын береді.
Мемлекеттік бажды төлеу үшін қажетті банктік деректемелер осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда аптасына бес күн сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі.
Қабылдау кезек бойынша жүргізіледі. Алдын ала жазылу немесе жедел қызмет көрсету көзделмеген.
10. Құжаттарды толтыру орны қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар тағанмен жабдықталған.
Физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандустар мен лифтілер көзделген.
Қажетті құжаттардың тізімі
11. Мемлекеттік қызмет біліктілік емтиханынан өткенге дейін мынадай құжаттардың негізінде жүзеге асырылады:
1) тұтынушыны аттестаттауға жіберу және Куәлікті беру туралы өтініш мемлекеттік немесе орыс тілдерінде берілді;
2) жеке іс парақ фотосуретімен;
3) жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі;
4) еңбек кітапшасының немесе зияткерлік меншік құқығы саласындағы жұмыс тәжірибесін дәлелдейтін жеке еңбек шартының не қабылдау немесе қызметтен босату туралы бұйрықтан алынған көшірмесі;
5) жеке куәліктің немесе Қазақстан Республикасы азаматы паспортының көшірмесі;
6) патенттік сенім білдірілген өкілдерді аттестаттағаны үшін мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжат.
Тұтынушылар осы тармақтың 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың түпнұсқасын салыстыру үшін ұсынбаса, құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін беруі тиіс.
Тұтынушының жеке өзі немесе сенімхат бойынша оның өкілі құжаттарды ұсынған жағдайда, құжаттардың түпнұсқасын салыстырғаннан кейін тұтынушыларға қайтарылады.
Біліктілік емтиханын оң өткеннен кейін:
1) біліктілік емтиханын өткендігі туралы оң шешім;
2) патенттік сенім білдірілген өкілді тіркеу туралы куәліктің берілгені үшін мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері
7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) куәлікті алу үшін біліктілік емтихан патенттік сенім білдірілген өкіл қызметімен шұғылдану құқығына үміткер тұтынушының өтініші келіп түскен күннен бастап 3 (үш) айдан кешіктірмей, Куәлікті беру оны алу туралы өтініш келіп түскен сәттен бастап күнтізбелік 30 күннен кешіктірмей өткізіледі;
2) осы Стандарттың 11-тармағында көзделген тізбеге сәйкес қажетті құжаттар Комитеттің жауапты қызметкеріне кезекте күтпестен тапсырылады;
3) Шешімді кезекте күтпестен Комитеттің жауапты қызметкері біліктілік емтиханды тапсырған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде және Куәлік оны алу туралы өтініш келіп түскен күннен күнтүзбелік 30 күні ішінде беріледі.

ИНТЕГРАЛДЫҚ МИКРОСХЕМА ТОПОЛОГИЯСЫН ТIРКЕУ
ӨТIНIШIНЕ ТОЛЫҚТЫРУ
ДСМҰ ST.3 стандарты бойынша елдiң коды
(егер ол белгiленсе)
ӨТIНIШ БЕРУШI(ЛЕР) (толық аты немесе атауы)
_________________________________________________________________
ТОПОЛОГИЯНЫҢ АТАУЫ (қысқартылған)
_________________________________________________________________
өтiнiштiң 9-тармағына толықтыру
АВТОРДЫҢ ТЕГI, АТЫ, ӘКЕСIНIҢ АТЫ
_________________________________________________________________
Азаматтығы, тұрғылықты жерiнiң мекен-жайы, телефоны
_________________________________________________________________
Осы топологияны жасау кезiнде автордың шығармашылық үлесiнiң
_________________________________________________________________
қысқаша сипаттамасы

ӨТIНIШТIҢ __________ ТАРМАҒЫНА ТОЛЫҚТЫРУ
ӨТIНIШТIҢ __________ ТАРМАҒЫНА ТОЛЫҚТЫРУ
_________________________________________________________________
өтiнiш берушiнiң (лердiң) немесе оның (олардың) өкiлiнiң
қолы(дары); қол қойылған күн)
_________________________________________________________________
_________________________________________________________________
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi
Зияткерлік меншiк комитеті
Мекен-жайы: Астана қаласы сол жағалау,
Орынбор көшесі, 8, 13 кіреберіс
ИНТЕГРАЛДЫҚ МИКРОСХЕМА ТОПОЛОГИЯСЫН ТIРКЕУГЕ
ӨТIНIШ
ДСМҰ ST.3 стандарты бойынша елдiң коды
(егер ол белгiленсе)
1. ӨТIНIШ БЕРУШI(ЛЕР)
_________________________________________________________________
(өтiнiш берушiнiң(лердiң) және оның(олардың) жүрген жерiнiң
немесе тұрғылықты жерiнiң толық аты немесе атауы. Өтiнiш берушi
авторлардың тұрғылықты жерi туралы дерек 9-бағанда келтiрiлдi)
2. ОСЫ ТОПОЛОГИЯҒА ҚҰҚЫҚ ТУЫНДАУДЫҢ НЕГIЗДЕРI (егер автор өтініш берушi болып табылмаса, толтырылады) (Х-пен белгiлеу)
өтiнiш берушi автордың автордың немесе оның
жұмыс берушiсi болып құқықтық мұрагерiнiң
табылады өзге тұлғаға беруi
жұмыс берушiнiң құқықтарды мұрагерлiк құқығы басқа
тұлғаға беруi
3. ОСЫ ТОПОЛОГИЯҒА ЕҢ ЖАҚЫН ҰҚСАСТЫҚ ТУРАЛЫ МӘЛIМЕТ
_________________________________________________________________
4. ТОПОЛОГИЯНЫҢ АТАУЫ
толық: ____________________________________________________
қысқартылған: _____________________________________________
5. БАЛАМАЛЫ АТАУ __________________________________________
6. ТОПОЛОГИЯНЫң БIРIНШI ҚОЛДАНЫЛҒАН КҮНI ЖӘНЕ ЖЕРI
_______ күнi _________ айы _________ жылы _______________ елi
7. ТОПОЛОГИЯНЫҢ БIРIНШI ҚОЛДАНЫЛҒАН КҮНIНIҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ИЕЛЕНУШIСI ТУРАЛЫ ДЕРЕК
Аты/атауы _________________________________________________
Азаматтығы ________________________________________________
Мекен-жайы, телефоны ______________________________________
8. ҚОРҒАЛАТЫН ТОПОЛОГИЯЛАР ТУРАЛЫ МӘЛIМЕТ
(осы топологияны жасаған кезде қолданылған)
_________________________________________________________________
9. АВТОРДЫҢ ТЕГI, АТЫ, ӘКЕСIНIҢ АТЫ
(басқа авторлар туралы мәлiмет өтiнiшке (КТ/ҚОС нысаны)
қосымша(лар) түрiнде ұсынылады)
_________________________________________________________________
Азаматтығы ________________________________________________
Тұрғылықты жерiнiң мекен-жайы, телефоны
_________________________________________________________________
Осы топологияны жасау кезiндегi автордың шығармашылық үлесiнiң қысқаша сипаттамасы _____________________________________________
10. ӨТIНIМДЕ МАЗМҰНДАЛҒАН ҚҰЖАТТАР ТУРАЛЫ МӘЛIМЕТ (Х-пен белгiлеу) осы топологияны сәйкестендiретiн материалдар:
осы топологияны ол 2 данада пайдаланылған түрiнде қамтитын интегралдық микросхемалардың үлгiлерi,
2 данадағы ерекшелендiрiлгендерiн қоса алғанда, осы топологияның әрбiр қабатын бейнелейтiн визуальды қабылданатын материалдардың келесi түрлерiнiң бiрiнiң толық жиынтығы,
_______ парақты құрама топологиялық сызба немесе қабатты топологиялық сызба,
интегралдық микросхемада ____ данада тiркелген топологияның әрбiр қабатының фотосуретi,
2 данада 1 парақ реферат,
топологияның бiрiншi қолданылған күнi мен орнын растайтын, 2 данадағы ______ 1 парақ құжаттың көшiрмесi.
ақы төленгенi туралы құжат мыналар үшiн негiздiң бар екендiгiн растайтын құжат:
ақы төленгенi туралы құжат ақы төлеуден босату
________ парақта _________ парақта
ақы төлеудiң мөлшерiн азайту
________ парақта
өтiнiшке қосымша (КТ/ҚОС ____ парақта)
сенiмхат(тар) 1 парақта
_________________________________________________________________
11. ХАТ ЖАЗЫСУ ҮШIН МЕКЕН-ЖАЙ: (толық почталық индекстi, мекен-жай иесiнiң атын немесе атауын қоса алғанда, толық почталық мекен-жай) ______________________________________________________
Телефон нөмiрi
қалааралық кодты қоса алғанда Телекс Факс
_________________________________________________________________
(өтiнiш берушiнiң(лердiң) немесе оның (олардың) өкiлiнiң
_________________________________________________________________
қолы(дары); қол қойылған күн)
_________________________________________________________________

Қазақстан Республикасында
Тауар таңбасын (қызмет
көрсету таңбасын) жалпыға
мәлiм деп тану жөнiндегi
ережеге қосымша
ЖМТТ-1
(191) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ӘДІЛЕТ МИНИСТРЛІГІНІҢ
ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ КОМИТЕТІ
(121) ТАУАР ТАҢБАСЫН ЖАЛПЫҒА МӘЛІМ ДЕП ТАНУ ТУРАЛЫ
СЕРТИФИКАТ
(111) № ______
(730) Тауар таңбасы иесінің атауы мен орналасқан жері:
(511) ТҚХС сыныптары
(151) Жалпыға мәлiм тауар таңбаларының Мемлекеттiк
тiзiлiмiнде тіркелген
(152) Тауар таңбасының жалпыға мәлім деп танылған
күні
(181) Сертификаттың қолданылу мерзімінің аяқталу
Күні
Сертификаттың әрекеті Қазақстан Республикасының барлық аумағына таралады.
Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
Зияткерлік меншік құқығы
комитетінің төрағасы Аты-жөні
_________________________________________________________________
Енгізілген өзгерістер туралы мәліметтер осы сертификатқа
қосымша ретінде жеке парақта көрсетіледі
(510) Тауарлар және/немесе қызметтердің тізімі:
(591) Тауар таңбасының түстерін көрсету:
Тауар шығарылған жерлердің атауы
мен тауар шығарылған жерлердің
атауын пайдалану құқығына
берілетін өтінімді жасау, рәсімдеу
және қарастыру нұсқаулығына
Қосымша
ТШЖА-1 нысаны
Түскен күні
(210) Өтінім
N (220) Берілген күні
Тауар шығарылған жерлердің атауын пайдалану құқығын тіркеу және/немесе беру
ӨТІНІШІ
"Ұлттық зияткерлік меншік институты" РМҚК Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі Зияткерлік меншік құқықтары жөніндегі комитеті

Қазақстан Республикасы, 010000 Астана қ., Сол жақ жағалау, N 35 көше, Министрліктер үйі, 8 үй, № 13 В кіреберіс, № 4 корпус
Төмендегі құжаттарды ұсынып, өтінімге көрсетілген белгіні тауардың шығарылған жердің атауы ретінде тіркеуін және онымен пайдалану құқығын беруін сұраймыз.
(731) Өтініш беруші:
ДЗМҰ ST.3 стандарты бойынша елдің коды
(ұйымдастыру-құқықтық нысанын көрсете отырып, заңды тұлғаның толық атауы, оның мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер немесе жеке тұлғаның аты-жөні)
Өтініш берушінің толық мекен-жайы
Телефоны Факсі E-mail
(750) Хат алмасу мекен-жайы (толық пошталық мекен-жайы, аты-жөні немесе адресаттың атауы)
Телефоны Факсі E-mail
(740) Сенімді патент өкілі (аты-жөні, тіркеу нөмірі немесе өтініш берушінің басқа өкілі)
(540) Мәлімденген белгі (бас әріптермен толтыру)
Тауар түрі немесе нақты тауар
Тауардың ерекше белгілерін суреттеу
Тауардың шығарылған (өндірілген) жердің орны (географиялық нысанның шекараларын белгілеу)
Қосымша берілетін құжаттар тізбесі
парақтар саны
1 дана
Даналар саны
өтінімді беруге төлем туралы құжат
құзыретті органдардың қорытындысы
өтінімге қосымша берілетін құжаттарды орыс тіліне аударымы
өкіл уәкілеттігін куәландыратын сенімхат
басқа да құжаттар (көрсету)
Барлық парақ саны
Қолы
Лауазымы (Аты-жөні)
Мөр

Күні

Өтініш берушінің (егер заңды тұлға болса, мөрмен бекітіледі) немесе сенімді патент өкілінің колы және күні
«Патенттену және интеллектуалды меншікті қорғау» бақылау сұрақтары үшін
Қандай Халықаралық конвенцияда интеллектуалдық меншікке анықтама берілген.
Өнеркәсіптік меншікті қорғау бойынша Париж конвенциясында аталған өнеркәсіптік меншік объектілерінің санына неге «ноу-хау» деген объект кірмейді
Интеллектуалдық меншік объектілеріне құқық пайда болу негіздері қандай.
«Интеллектуалдық меншік объектісіне айрықша құқық» деген не.
Өнертабысқа берілетін қорғау құжаттың екі түрі (патент және авторлық куәлік) арасыңдағы принципиалды айырмашылық қандай.
Қай жылы Қазақстан Республикасында бірінші Патенттік Заң қабылданды.
Қазақстан Республикасының Патенттік Заңына сәйкес өнертабысқа, пайдалы модельге және өнеркәсіптік үлгіге патент кімнің атына беріледі.
Авторлық құқық субъектілеріне кімдер жатады.
Қазақстан Республикасында авторлық құқықтың күшін сақтау мерзімі.
«Казпатент» деп аталатын Қазақстан Республикасының Ұлттық патенттік ведомствосы қай жылы жасалды.
Елдегі өнертабушылық істерін басқару жөніндегі және өнертабыстарға, өнеркәсіптік үлгілерге қорғау құжаттарын (авторлық күәліктер, патенттер) беруі мен тауар белгілерін тіркеуін жүзеге асыратын ССРО-дағы мемлекеттік орган қалай аталатын.
Өнертабыстарды қорғау мәселелерін реттейтін арнайы заң ССРО-да болды ма.
1973 жылы ССРО-да қабылданған өнертабыстарға қорғау құжаттарын алуға өтінім беру тәртібін анықтайтын нормативтік құжат қалай аталатын.
Қазақстан Республикасында өнертабысты патенттеу мақсатымен АҚШ-тың өтініш білдірушісі өтінімді тікелей «Зияткерлік меншіктің ұлттық институты» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына бере алама.
Ресей Федерациясының өтінім білдірушісі Қазақстанда өнертабысты патенттеуге өтінімді Қазақстан Республикасының патенттік сенімді өкіліне бармай тікелей бере ала ма. 1. Өнеркәсіптік меншікті қорғау жөніндегі Париж Конвенциясында бекітілген ұлттық режим принципі неде.
2. Интелектуалды меншіктің Бүкілдүниежүзілік Ұйымы (ИМБҰ) қандай функцияларды атқарады.
Қай жылы Еуразиялық Конвенция қабылданды.
Еуразиялық патенттің қандай аймақтарда күші бар.
Еуразиялық патенттік ұйымның штаб-пәтері қайда орналасқан.
РСТ рәсімі бойынша халықаралық өтінімді және еуразиялық патент алуға өтінімді беру өтінім білдірушіге қандай артықшылықтар береді.
Өтінім берішінің патенттік талаптары кіретін Қазақстан Республикасының патентіне жарияланған өнертабыс сипаттауының құрылымдық бөлігі қалай аталады.
INID Халықаралық кодтары не үшін қолданылады.
Қазақстан Республикасының Заң Министрлігінің Зияткерлік меншігі құқығы бойынша Комитетімен шығарылатын ресми бюллетень қалай аталады.
Өнертабыс сипаттауының библиолграфиялық бөлігінде берілген 11, 19, 54, 57 кодтар нені белгілейді.
Өнертабыс сипаттауына өтініш нөмірі, өтініш беру күні, автордың аты, ХПЖ рубрикасының коды, қорғау құжат нөмірі сияқты бибиографиялық элементтер не мақсапен енгізіледі.
Өнертабыс сипаттауының титул парағында не себепті реферат (Abstract) басылады.
Халықарарлық патенттік жіктеу редакциясының қайта қарастыру мерзімі.
Халықарарлық патенттік жіктеудің белгіленуі.
Өнертабыстардың Халықарарлық патенттік жіктеуін құру кезінде қандай принцип қолданылады.
Өнертабыстардың Халықарарлық патенттік жіктеудің иерархиялық құрылымы неше тараудан тұрады.
Тауарлар және қызметтердің Халықарарлық жіктеуішінің 8-редакциясына неше класс енгізілген.
Патенттік зерттеулер деген не.
«Өнімді әзірлеу және өндіріске қою жүйесі. Патенттік зерттеулер. Мазмұны және жүргізу тәртібі» ҚР СТ ГОСТ Р 15.011-2005 патенттік зерттеулер туралы есепті құру, баяндау және рәсімдеуге қандай талаптар қойады.
Патенттік зерттеулерді жүргізу кезінде патенттік емес құжаттама қолданылады ма.
Қазақстан Республикасынды өндіріске қоюмен байланысты жасалатын техника объекті үшін патенттік тазалығың белгілеу мақсатымен патенттік зерттеулерді жүргізу барысында патенттелген техникалық шешімдерді (өнертабыстарды) іздеу ретроспективасы (терендігі) неше жыл.
Жасаланатын техника объектінің жетілген техникалық деңгейін анықтау мақсатымен патенттік зерттеулерді қандай елдерге қатысты жүргізуі ұсынылады.
Патенттік зерттеулерді жүргізу немен аяқталады.
Ғылыми-зерттеу немесе тәжірибелі-конструкторлық жұмыстардың қандай кезендерінде патенттік зерттеулер жүргізіледі.
Маркетингті зерттеулер жүргізу кезінде патенттік құжаттаманы зерделеу қажет пе.
Техника объектілерінің дамуын болжау үшін ақпараттық негізі болып неге патенттік құжаттама саналады.
«Бәсекеге қабілетті өнім» дегенді қалай түсінесіз.
Берілген техникалық шешім үшін маңызды болып қандай белгілер саналады.
Өнертабыстың патенттік қабілеттілігінің белгілерін атаңыз.
Құрылғы, әдіс (биотехнологиялық әдістерді қоса алғанда), зат (химиялық, емдікті қоса алғанда), микроағзалар, өсімдік және хайуанаттар жасушаларының дақылдарының штаммдары, бұрыннан белгілі құрылғыны, әдісті, затты штаммды жаңа белгілену бойынша қолдану сияқты объектілерге не жатады.
Қазақстан Республикасында патенттеуге жіберілетін өнертабысқа өтінім құрамына қандай құжаттар кіреді.
Ресей Федерациясына патенттеуге қазақстандық өтінім білдірушімен Конвенциялық басымдылық (алғашқылық) сұрауымен жіберілетін өнертабысқа өтінім құрамына кіретін құжаттар құрамы Қазақстан Республикасына патенттеу кезінде берілген алғашқы (бастапқы) өтінім құжаттарының құрамынан айырмашылығы бар ма.
Басымдылық (алғашқылық) дегеніміз не.
Басымдылық (алғашқылық) қалай белгіленеді.
«Конвенциялық басымдылық» дегеніміз нені білдіреді.
Патенттік құжаттаманың озық жариялау, әсіресе кейінге қалдырылған сараптамен патенттеу жүйесін пайдаланған кезде, неге себепші болады.
Тексеру (зерттеу) жүйенің қандай артықшылықтары және кемшіліктері бар.
Өнертабысқа өтінім материалдарының инновациялық патент беруге сараптама жүргізу рәсімі неде.
Өнертабысқа өтінім материалдарының маңызы бойынша сараптама жүргізу рәсімі неде.
Лицензиялық келісім шарт дегеніміз не.
Лицензиялық келісім шарт тараптарының қайсысы «лицензиар», қайсысы «лицензиат» деп аталады.
«Ноу-хау» беру туралы келісім шарттың ғылыми-техникалық жетістіктерді беруге басқа келісімдерден айырмашылығы неде.
4. Өнертабысты, пайдалы модельді немесе өнеркәсіптік үлгіні пайдалануға лицензия сату/ сатып алу туралы келісімді Қазақстан Республикасында қандай құзыретті мемлекеттік органында тіркеу талап етіледі.
5. Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «ноу-хау» беру туралы келісім шарттың міндетті түрде құзыретті мемлекеттік органында тіркеуі талап етіледі ме.
Өнертабысты пайдалануға мәжбүрлеу лицензиясы қандай жағдайда беріледі.
ҚР Патент Заңына сәйкес не патент иеленушінің айрықша құқықтарын бұзу деп танылмайды.
«Тауар таңбалар, қызмет көрсету таңбалар және тауардың шығу орындарының атаулары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тауар белгісіне куәліктің иесіне не үшін тауар белгісінің жанында R латын әріп немесе «тауар таңбасы», «тіркелген тауар таңбасы» деген жазба белгілеу түрінде ескерту таңба қоюға құқық беріледі.
Қандай өнім контрафактылық өнім деп аталады.

Приложенные файлы

  • docx 11323960
    Размер файла: 374 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий