А есебі Муратқанова Айдана Муратқанқызы


ОРТА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЛАУ
Тараудың тақырыбы және жалпы мақсаты:
№ 1.Тақырыбы және оқу мақсаты 2.Табыс критерийлері
Барлығы:
Көпшілігі:
Кейбірі:
3.Оқытудағы кедергілерді жоюға арналған интерактивті тапсырмалар
(барлық оқушы бірлесіп жасайтын жұмыс түрлері: топтық, жұптық т.б.) 4.Бағалау: оқыту үшін бағалау
(әрбір тапсырмаға арналған бағалау) 5. Барлық оқушылардың сабаққа толық қамтылуы
(Тапсырмаларға бәрі қатысуы үшін мұғалім не жасамақ?) 6. Оқушылардың жоғары деңгейде ойлауын дамытуға және өз бетінше жеке дамуына мүмкіндік беру (түсіну, қолдану, талдау, бағалау, жасау деңгейін анықтау үшін) 7.Ресурстар
(осы сабақта қолданылатын құралдар мен әдебиеттер)
1. Тақырыбы:
Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
Мақсаты:
7.1.2.1
натурал көрсеткішті дәреже анықтамасын және оның қасиеттерін білу;
7.1.2.2
санның дәрежесі қандай цифрға аяқталатынын анықтау;
Б:натурал көрсеткішті дәреженің анықтамасын біледі және қолданады;
К:натурал көрсеткішті дәрежесі бар өрнектерді дәрежелердің қасиеттерін пайдаланып ықшамдай алады;
К/б:Оң сандарды натурал көрсеткiшті дәрежеге, терiс сандарды жұп және тақ көрсеткiшті дәрежеге шығару нәтижелерін болжай алады және болжамдарды ережелер түрінде қалыптастыра алады; Т
«Әткеншек» әдісі
1 топ:
Оң сандардың натурал көрсеткішті дәрежелерін есептеу
2 топ:
Ондық бөлшекпен берілген сандардың натурал көрсеткішті дәрежелерін есептеу
3 топ:
Жай бөлшекпен берілген сандардардың натурал көрсеткішті дәрежелерін есептеу
4 топ:
Теріс сандардың натурал көрсеткішті дәрежелерін есептеу
Ж
«Ойлан- жұптас-бөліс» әдісі
натурал көрсеткішті дәрежесі бар өрнектерді дәрежелердің қасиеттерін пайдаланып ықшамдау
«Екі жұлдыз, бір тілек»
«критерий» арқылы бірін-бірі бағалайды
«Қара жәшік»
(Кері байланыс, өзін-өзі, сынып-тастарын бағалау)
ЖАДА ұйымдастыру
Топтық жұмыста оқушылардың толық қамтылуына жүйелі бақылау жасау.
Ыңғайлы орта құру Ж/ж
Т кестесі
Оң сандарды натурал көрсеткiшті дәрежеге, терiс сандарды жұп және тақ көрсеткiшті дәрежеге шығару Интерактивті тақта, GEOGEBRA, слайд, топтық, жеке үлестірмелі тапсырмалар, компьютер, А3, маркер, стикерлер
2 Тақырыбы:
Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
Мақсаты: 7.1.2.15
натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолдану;
Б: Бөлшекті дәрежеге шығару қасиетін біледі және қолданады;
К: Көбейтіндіні дәрежеге шығару қасиетін біледі және қолданады;
К/б:Дәрежені дәрежеге шығару қасиетін біледі және қолданады. Т
«Елшілер» әдісі
1 топ:
Ондық бөлшекті дәрежеге шығару
2 топ:
Жай бөлшекті дәрежеге шығару
3 топ:
Аралас сандарды дәрежеге шығару
4 топ:
Бұрыс бөлшекті дәрежеге шығару
Ж
«Үш қадамды сұхбат»
Көбейтіндіні дәрежеге шығару қасиетін қолдану
« Сэндвич» әдісі
Топтар бірін-бірі бағалайды
Ж. ҚБ
«Көршіме айтамын» әдістемесі
Ж/Ж
«өзін-өзі бағалау» Топтағы оқушылардың ЖАДА оқуы бойынша жұмыс істеуін қадағалау
«Серпілген сауал»
Ж/ж
«Семантикалық карта»
Дәрежені дәрежеге шығару қасиетін қолдану Интерактивті тақта, слайд, QUIZLET бағдарламасы, жеке, жұптық үлестірмелі тапсырмалар, компьютер, интернет.
3 Тақырыбы:
Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
Мақсаты:
7.4.2.3
шаршы мен текшенің сызықтық өлшемдерінің өзгеруіне байланысты олардың ауданы мен көлемі қалай өзгеретінін бағалау; Б.Шаршы мен текшенің ауданы мен көлемін есептейтін формуланы біледі және қолданады;
К. Шаршының сызықтық өлшемдерінің өзгеруіне байланысты оның ауданы қалай өзгеретінін бағалайды;
К/б.Текшенің сызықтық өлшемдерінің өзгеруіне байланысты оның көлемі қалай өзгеретінін бағалайды. Т
«Стикердегі диалог»
1-3 топ:
Шаршының ауданын қорытып шығару
2-4 топ:
Текшенің көлемін қорытып шығару
Ж
«Ойлан-Жұптас-Бөліс»
Шаршының сызықтық өлшемдерінің өзгеруіне байланысты пазл құрастыру «Топтық кері байланыс бутерброды»
жұптар бірін-бірі бағалайды. (мүмкін болған жағдайда мүғалім бағыт береді)
«Критерий» арқылы өзін-өзі бағалайды
ЖАДА және Көпіршілер әдісі
Түрткі сұрақ Жеке жұмыс
«Балық қаңқасы»
Текшенің сызықтық өлшемдерінің өзгеруіне байланысты көлемін тауып, балық қаңқасына жауабын жазу Интерактивті тақта, слайд, жеке, жұптық тапсырмалар, компьютер, интернет, стикерлер
4. Тақырыбы: Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
Мақсаты:
санды өрнектердің мәндерін табуда бүтін көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолдану;
Б:Бүтін көрсеткішті дәреженің анықтамасын, қасиеттерін біледі және қолданады;
К:дәреже көрсеткіші нөлге тең өрнектің негізіндегі айнымалылардың мүмкін мәндерін табады;
К/б:бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттерін санды өрнектердің мәндерін табуда қолданады; Т
«ЖИГСО »
1 оқушы:
Оң сандардың бүтін көрсеткішті дәрежелерін есептеу
2 оқушы:
Ондық бөлшекпен берілген сандардың бүтін көрсеткішті дәрежелерін есептеу
3 оқушы:
Жай бөлшекпен берілген сандардардың бүтін көрсеткішті дәрежелерін есептеу
4 оқушы:
Теріс сандардың бүтін көрсеткішті дәрежелерін есептеу
-Сарапшы топ
Ж
«Жұбыңды тап»
дәреже көрсеткіші нөлге тең өрнектің негізіндегі айнымалылардың мүмкін мәндерін табу «Екі жұлдыз бір тілек»
«Қара жәшік»
(Кері байланыс, өзін-өзі, сынып-тастарын бағалау)
Соңғы бес минут ЖАДА Көпіршелер
Түрткі сұрақ
Сынамалы сұрақ
бағыттау Жеке жұмыс
Тапсырма:
Кестені толтыру
бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттерін санды өрнектердің мәндерін табуда қолдану Интерактивті тақта, слайд, жеке, топтық үлестірмелі тапсырмалар, компьютер, интернет, маркер А3 қағазы, түрлі-түсті А4 қағазы, стикерлер
Мұндағы № тарауда берілген сағат саны (бұл сағат саны егер мұғалім қандай да бір оқыту әдісіне қатысты зерттеу сұрағы төңірегінде іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу кезінде сәйкесінше өзгеруі мүмкін)
ҚЫСҚА МЕРЗІМ ЖОСПАРЛАУ
Мектеп: Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназия
Мұғалімнің аты-жөні: Муратқанова Айдана Муратқанқызы
Күні: Пән/Сынып: 7 « ә » математика
Қатысқаны/қатыспағаны: Тарау немесе бөлім атауы: Бүтін көрсеткішті дәреже
Сабақтың тақырыбы: Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
Оқу мақсаты: 7.4.2.3
шаршы мен текшенің сызықтық өлшемдерінің өзгеруіне байланысты олардың ауданы мен көлемі қалай өзгеретінін бағалау
Сабақ мақсаты: 1.Шаршы ауданы мен текшенің көлемінің санның квадраты мен кубына байланысты екенін түсінеді;
2. Шаршы мен текшенің сызықтық өлшемдерінің өзгеруіне байланысты, олардың ауданы мен көлемі қалай өзгеретінін бағалайды.
Тілдік мақсаты: Тілдік мақсат
- дәреженің қасиеттерін ауызша және жазбаша түсіндіреді;
- пәндік лексиканы, терминологияны, символиканы сауатты қолданады.
Пәнге тән лексика мен терминология:
- дәреженің негізі;
- дәреже көрсеткіші;
- натурал көрсеткішті дәреже;
- дәрежеге шығару;
- квадраттау, кубтау;
- санның квадраты, санның кубы;
- көбейтіндінің дәрежесі;
- бөліндінің дәрежесі;
- дәрежелердің көбейтіндісі;
- дәрежелердің бөліндісі;
- дәрежені дәрежеге шығару;
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
бірнеше бірдей негізі сақталып, дәреже көрсеткіштері қосылады (азайтылады);
негізі сақталып, дәреже көрсеткіштері көбейтіледі;
теріс санды жұп көрсеткішті дәрежеге шығарғанда ...;
теріс санды тақ көрсеткішті дәрежеге шығарғанда ...;
негізі ... болатын дәреже түрін келтіріңіз;
Құндылықтарға баулу: Жауапкершілік. Құрмет.
Тақырып бойынша алдыңғы білім: Сандардың квадраты мен кубының мәндерін таба алу. Шаршы ауданы мен текшенің көлемін табу формулаларын білу. Аудан мен көлемнің өлшем бірліктерін белгілей білу.
Саралап оқыту
Барлық оқушылар: Көпшілік оқушылар: Жекелеген оқушылар:
Шаршы мен текшенің ауданы мен көлемін есептейтін формуланы біледі және қолданады Шаршының сызықтық өлшемдерінің өзгеруіне байланысты оның ауданы қалай өзгеретінін бағалайды;
Текшенің сызықтық өлшемдерінің өзгеруіне байланысты оның көлемі қалай өзгеретінін бағалайды.
Уақыты Кезеңдері Тапсырма Мақсаты Мұғалім не істейді Оқушылар не істейді Бағалау Ресурс
тар
2 мин
Ұйымдастыру Геометриялық фигуралар бойынша топтастыру Оқушыларды фигураларды ажырата алатынын және тез ұйымдасуға дағдылану Жағымды атмосфера құру Фигураларды ажыратып, топтасады. Қандай фигура екенін айту күтіледі. Қолдау-қолпаштау арқылы бағаланады Әртүрлі түсті фигуралар қағаз қиындылары
3 мин
Үй тапсырмасын сұрау «Жарыса оқыту» әдісі Оқушылардың өткен сабақ бойынша білімдерін нақтылау Мұғалім сұрақтарды ұсыну, оқушылардың барлығы жауап беруін қадағалау Оқушылар кезектесіп сұрақ таңдап,тобымен бірлесе шешіп, мұғалімге жауап беру күтіледі. жауап берілген топ жаңа сұрақ алады. Сұрақ санына байланысты стикер арқылы бағаланады Сұрақтар жазылған карточка
1 мин «Ой қозғау» 1.Суреттен не көріп тұрсыздар?
2.Қандай фигуралармен дәрежені байланыстыруға болады?
3.Не себепті?
Сабақтың мақсаты анықтау Мұғалім оқушыларға сұрақтар беру Оқушылар өз ойларын айту күтіледі (шаршының ауданы S=𝑎² және текшенің көлемі V=𝑎³ болғандықтан, бұл фигуралар дәрежеге байланысты болады).
Мадақтау Слайд
суреттер
12 мин
Негізгі бөлім Т
«Стикердегі диалог» әдісі
1 – топ
Егер шаршының қабырғасын 2 есе арттырсақ немесе кемітсек оның ауданы қалай өзгереді? Әр жағдайдағы ауданның өзгеруінің жалпы түрін (формуласын) жазып көрсетіңдер.
2-топ
Егер текшенің қабырғасын 3 есе ұзартсақ немесе қысқартсақ, онда көлемінің өлшемі қалай өзгереді? Өзгергендегі көлемнің жалпы формуласын жазып көрсетіңдер.
3-топ
қабырғасы 5 см ,7 см,
2 см болатын шаршының ауданын тауып, нәтижесінде, қабырғасы өзгеру барысында шаршының ауданы қалай өзгеретініне қорытынды (болжам) жасаңдар
4-топ
Егер текшенің қабырғасын 4 есе ұзартсақ немесе қысқартсақ, онда көлемінің өлшемі қалай өзгереді? Өзгергендегі көлемнің жалпы формуласын жазып көрсетіңдер.
Шаршы мен текшенің ауданы мен көлемін есептейтін формуланы білу және қолдану Топтарға тапсырмаларды ұсыну. Уақытымен аяқтап, стикерге диалаог жазуды қадағалау Оқушылар топпен тапсырманы орындап, қабырғаға іледі.Сағат тілі бойымен келесі топқа стикерге кері байланыс беру күтіледі «Кері байланыс бутерброды» Плакат, маркер, тапсырмалар, стикер.
10 мин «ПАЗЛ» құрастыру Ж
Шаршылар , қабырғалары, аудандары бойынша пазл орналастыру Шаршының сызықтық өлшемдерінің өзгеруіне байланысты оның ауданы қалай өзгеретінін бағалауға үйрену Оқушыларды жұптастырып, тапсырманы түсіндіреді, уақытылы аяқталуын қадағалау Оқушылар бір-бірімен ақылдасып, фигура өлшемдері бойынша пазл құрастыру, сын тұрғысынан ойлау күтіледі Жұптар бірін-бірі бағалайды.

шаршы суреттері, қабырғалары, аудандары берілген қағаз қиындылары
12 мин Жеке жұмыс «Балық қаңқасы»
62865137160№1
№2
№3
00№1
№2
№3

1)Текшенің барлық жақтарын баяуға 54 г бояу керек. Қыры бұдан 3 есе үлкен текшенің барлық жақтарын бояуға қанша бояу қажет болады?
Жауабы: 486 г.
2)Текше түріндегі ыдысты толтыру үшін 1840 г. сұйықтық керек. Қыры 2 есе кіші текше түріндегі ыдысты толтыру үшін қанша грамм сұйық қажет болады?
Ж: 230 г
3) Жүк тиеуші қоймадағы 3×3×3 өлшемді тәртіппен орналастырылған бір литрлік сүттер қаптамалары салынған қорапты көтере алады. Осындай сүттер қаптамасы салынған 9×9×9 дана өлшемді қорапты үш жүк тиеуші көтере ала ма?
Текшенің сызықтық өлшемдерінің өзгеруіне байланысты оның көлемі қалай өзгеретінін бағалайды Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауын қадағалау.
Түрткі сұрақ беру арқылы дұрыс бағыт беру Алған білімдерін тиімді қолданып, балық қаңқасына дұрыс жауапты жазу күтіледі. Дескриптор:
1.Есептің шығару жолын анықтайды
2.текшенің өлшемдерінің өзгеруіне байланысты бір есептің шешімін табады
3.Текшенің өлшемдерінің өзгеріне байланысты екі есептің шешімін табады
4. Текшенің өлшемдерінің өзгеріне байланысты үш есептің шешімін табады
5. Осы есепке кері есеп құрады
Балық қаңқасына жазылған есептер қима қағаздары
2 мин Кері байланыс Сұрақтар қою
-Сабақтың мақсаты қандай болды?
- Мақсатқа жету үшін қандай жұмыс жасадыңдар?
Тақырып бойынша білімдерін нақтылау Сынақтан өту сұрақтарын қою Өз ойларын жеткізеді деп күтіледі Қолдау-қолпаштау 2 мин Рефлексия «БББ» кестесі Сабақтың мақсатының орындалуын анықтау Өз ойын анық жеткізуге жағымды жағдай туғызу «БББ» кестесіне
Өз ойларын толтырады деп күтіледі Өзін-өзі бағалау Таратпа материалдар
1 мин Үй жұмысы 1.Егер қырын 3 есе, 4 есе, 𝑛 есе ұзартса, текшенің көлемі қалай өзгереді?
2. Шаршының қабырғасы қалай өзгереді, егер оның ауданын:
А) 6 есе ұзартса
В) 3 есе қысқартса Алған білімдеін одан ары жетілдіру Тапсырманы беру ОРТА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЛАУДА: Орта мерзімді жоспарлауға тізбектелген төрт сабағымды: «Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері», «Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері», «Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері», «Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері» тақырыптарын өткіземін деп жоспарладым. Осы жоспарланған сабақтарымда жеті модульді қамтуды жоспарлаймын. Оқушылар сабаққа мақсатты өздері қоюды, идеялармен эксперимент жасай алады деп болжанады. Райан мен Деки (2009) «ішкі уәж» деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасау арқылы,(МАН 31 б) оқушылар өзін-өзі ынталандыра алады және осыған орай, оларды ұмтылыс пен қызығушылық пайда болады деп ойлаймын. Сабақтың барлық кезеңдерінде «Екі жұлдыз, бір тілек», «Серпілген сауал», «Соңғы бес минут» әдістер арқылы әңгіменің үш түрі жүзеге асып отырды. «Серпілген сауал» әдісін қолдану кезінде оқушылар сұрақ қойып, жауап беруге, сын тұрғысынан ойлауға, сөйлеуге, өз ойын еркін жеткізуге, өзінің білгенін өзгемен бөлісе отырып, білім алуға қызығушылығы артып, өзіндік сын-пікір айтуға үйренеді деп ойлаймын. Осы арқылы «Диалогтық оқыту» әдісі, Выготскийдің «ЖАДА» теориясы қалыптасады. Осы мақсатта «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдері» модулін қолданбақшымын.
Тізбектелген сабақтарда тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты таңдалынып алынды. «Әткеншек», «Ойлан-Жұптас-Бөліс» әдістері арқылы оқуға деген қабілеттілік, сөз сөйлеу дағдылары, ойлау, негіздеу және шығармашылық зияткерлік сияқты қабілеттерін дамытады. Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс, рефлексия арқылы оқушыларда Жұмыс жадысы қалыптасады. Тапсырмалардың қызықты болуы және жас ерекшеліктеріне сай жасалуы оқушылардың зейінін шоғырландыра алады деп болжаймын. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес қызықты, танымды тапсырмалардың болуы әрбір оқушының оқуға деген құлшынысын оятатыны анық. Осындай тапсырмаларды әзірлеп, оқушыларға ұсынуды жоспарлаймын. Осы арқылы «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу» модулін пайдаланбақшымын.
Орта мерзімді жоспарлауда диалог арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытуды көздеймін. «Елшілер», «Ойлан-Жұптас –Бөліс», «Екі жұлдыз бір тілек», «Кері байланыс бутерброды» әдістері арқылы зерттеушілік әңгімені жүзеге асырады деп ойлаймын. Олай дейтін себебім, мысалы, «Елшілер» әдісіндегі елшінің айтқан сөзіне күмәнмен қарап, сын тұрғысынан ойланып, қарсы өз пікірлерін айта алады деген болжамым бар. Рефлексиялық оқыту негізінде сабақтың мақсат қойылуынан, сабақтың соңына дейін топта, жұпта не болғанын, неге дәл сондай әрекет жасағаны туралы ой толғаныс жүргізеді деп санаймын. Тек қана оқушылар емес, мұғалім ретінде менің де сұрақты қоюым қаншалықты дұрыс? Неліктен осы жаттығуды таңдап алдым? Қолданған белсенді оқыту тәсілдерім ұтымды болды ма? деген сұрақтар төңірегінде ойлану менің де сын тұрғысынан ойлануыма әкеледі. Мұғалім және оқушы сын тұғысынан ойлана алатындай деңгейге жету басты мақсатым. Соның арқасында ұтымды пікір айтқан, өзіндік сана-сезімі бар оқушыларды анықтай алсам, «сын тұрғысынан ойлау» модулі жүзеге асады деп есептеймін.
Жоғарыда аталған диалогтық оқыту кезінде оқушылар ұжым ішінде бірін-бірі тыңдап, идеялармен бөлісуге тырысады. Қате жауап бергені үшін жасқанбай, өз ойын еркін жеткізіп, бір-бірін қолдау оқушылар тарапынан да, мұғалім тарапынан да орын алады деп күтемін. Оқушылар «Мадақтау», «Қолдау-қолпаштау», «Екі жұлдыз-бір тілек», «Өзін – өзі бағалау», «Кері байланыс бутерброды» әдістері арқылы бағаланбақ. Бағалаудың барлық түрлерінде оқушыларға қадағалау, интерпретация, қорытынды жүргіледі деп жоспарладым. Бағалаудың интерпретациясына жеке жұмыс кезінде дайындалған «Критерийлер» арқылы бағалауды жатқызуға болады. Сондай-ақ, «қара жәшік ішіндегі жұмыс» арқылы оқу үшін бағалауды көздеймін. Осы кезде «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулін пайдаланбақшымын.
Топты жұмысты ұйымдастыруда өзінің ұшқыр идеяларымен, идеяларын ортаға салуымен, сын тұрғысынан ойлау дағдыларымен дараланатын оқушылар болады деп есептеймін. Менің жоспарлауымда қолданатын әдістерім: «ЖИГСО», «Әткеншек», «Үш қадамды сұхбат» көшбасшылықты анықтауға жол ашады деп ойлаймын. Көшбасшы оқушылардың көптеп болуы, жұмыстың нәтижесі деп санаймын. Іс-тәжірибе барысында мұғалім жүргізетін дамыту жұмысын басшылыққа аламын. Мектептегі тәжірибелі мұғалімдердің кеңес беруі, іс-тәжірибе алмасуы арқылы нақты жоспар құрып, оны жүзеге асыра аламын деп жоспарлаймын. Деңгейлік курстың нәтижесінде, сын тұрғысынан ойлануым, оқушыларға сын тұрғысынан ойлануға тапсырмаларды бере алуым, көшбасшылығымды айқындайды деп санаймын. Көшбасшы болуға талпыну, алдыға қарай ұмтылу, өзін көрсету жақсы қасиеттірдің бірі деп ойлаймын. Сондықтан, жаңаша тың идеяларды жүзеге асыру басты жоспарымда. Осылайша, «Оқытуды басқару және көшбасшылық» модулін пайдаланбақшымын.
Жұмыс барысында талантты және дарынды оқушыларға не ұсына алатынымды ойластыру үстіндемін. «Топтағы жұмысты құрылымдау» арқылы оқушыларды зерттеп, топ құрамын өзгертіп, басқалармен пікір-таласқа түсуін қадағалап, қиындатылған есептерді шығаруды ұсынуды жоспарлаймын. Зерттеу барысында бірлескен жұмыс пен сындарлы әңгіме жүргізген топтардан талантты оқушыларды анықтай аламын деп ойлаймын. Жеке жұмыстың «балық қаңқасы», «кесте толтыру» түрлерінде дескрипторлардың соңғы қадамы «талантты» оқушыларды анықтауға бағытталған. «Осы есепке кері есеп құрады» деген қадам арқылы сыни ойлауы, есептің асқаша шешімін ойлау алады деп болжаймын. Осы әрекеттер арқылы «Талантты және дарынды балаларды оқыту» модулін іске асыруды жоспарладым.
Тізбектелген сабақтарымда ақпараттық технологияларды тиімді пайдалануды жоспарлаймын. Оқушыларға дұрыс жауапты көрсеткенде интерактивті тақтаны пайдану мұғалімнің жұмысын біршама жеңілдетеді. BILIM LAND сайтындағы видео сабақтар, олардың жаттығулары оқушылардың өздігінен білім алуына, түсінбегенін ұғынуына жағдай жасайды. Сондай-ақ, математикалық GEOGEBRA бағдарламасын пайдануды, бағдарламамен жұмыс жасауға үйретуді көздеймін. GEOGEBRA математикалық программа сызбалар сызуға, нақты өлшемдерді көрнекі түрде көрсетуге арналған. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес 7 сынып оқушыларын қызықтыру QUIZLET бағдарламасын пайдаланбақшымын. Бұл бағдарлама оқушылар өздерінің ұялы телефондары, планшеттері арқылы натурал көрсеткішті дәреже қасиеттерін пайдаланып есептеп жаттығуға, ұшқыр ойларын дамытуға бағытталған. Осы тапсырмаларды орындау барысында «Оқыту мен оқуда ақпараттық- коммуникациялық технологияларды пайдалану» модулін пайдаланбақшымын.
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЛАУДА: Тізбектелген сабақтардың ішінен үшінші сабағым «Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері» сабағын 7 «Ә» сыныбына өткізуді жоспарладым. Ұйымдастыру кезеңінде оқушылар бір-бірімен амандасып, көңіл-күйлерін сұрайды. Оқушылардың сабақтың тақырыбына сәйкес текше, шаршы түстерімен топтастырамын. Оқушылар топтасқаннан кейін, үй тапсырмасын «жарыса оқыту» әдісі арқылы сұраймын. Топтан кезекпен сұрақты таңдап, жауап береді, тобымен ақылдасады, бір-біріне көмектеседі деп есептеймін. Оқушылар ЖАДА аясында өз ойларын еркін жеткізіп, сыни ойлай алады деп ойлаймын. Осы жерде «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдері» модулін қолданбақшымын.Оқушылар сын тұрғысынан ойлау арқылы сұраққа жауап беріп, сабақтың мақсатын өздері анықтайды. «Ой қозғау» кезінде интерактивті тақтадағы геометриялық фигулардың өлшемдерін дәрежемен байланыстыра алады деген ойдамын. «Ой қозғаудағы» Суреттен не көріп тұрсыздар? Қандай фигуралармен дәрежені байланыстыруға болады? Не себепті? деген сұрақтар «Сын тұрғысынан ойлауға үйрету» модулін жүзеге асырады деп ойлаймын. Сабақтың мақсатын анықтағаннан кейін, жаңа тақырыпты түсіну үшін «Стикердегі диалог» әдісін қолданамын. Топтық жұмыстың бұл түрінде жылдамдыққа, бірлесіп жұмыс жасауға, өзге топтың жұмысына сыни қарауға жетелеймін деп есептеймін. Себебі, бірінші және үшінші топ шаршының ауданын есептеу формулаларын, қабырғаларының өзгеруіне байланысты ауданын есептеу формуласын қорытып шығарады, ал екінші және төртіңші топ текшенің өлшемдерінің өзгеруіне байланысты оның көлемін есептеу формулаларын қорытып шығарып, стикердегі диалогке «кері байланыс бутерброды» әдісі бойынша өзге топты бағалайды деп ойлаймын. Өз жауаптарына және өзге топтың жауаптарына сыни көзбен қарайды деп болжанады. Осы саралау тапсырмасы арқылы «шаршы мен текшенің ауданы мен көлемін есептейтін формуланы білу және қолдану» мақсаты орындалады деп санаймын.
Келесі тапсырма оқушыларды жұптастырып, «Ойлан-Жұптас-Бөліс» әдісі арқылы шаршының сызықтық өлшемдерінің өзгеруіне байланысты пазл құрастыру. ПАЗЛ ойыны 7 сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай, тақырыпты қызықтыра түседі деп санаймын. Оқушылар көз мөлшерімен фигураларды ажырата алып, қабырғаларын, аудандарын орналастырады деп болжанады. Тек өзі ғана емес, қасындағы жұптасының пікірімен санасып, бірлесіп орындауға тырысады деп ойлаймын. Жұмыстарын аяқтағаннан кейін, өзге жұпқа жұмысты түсіндіріп, олардың жұмыстарымен бөліседі деп есептеймін. Жұптар бірін-бірі бағалайды және қажет болған жағдайда мұғалім бағыт береді. Оқушылар бір-бірімен диалогқа түсіп, ойын жеткізе алуын, өз идеяларын дәлелдей алуды көздеймін. Жұптық жұмысқа оқушыларға «неліктен осы өлшемдерді орналастырдыңыз?» деген сұрақ беру арқылы толығырақ жауап беруге итермелеймін. Шаршының сызықтық өлшемдерінің өзгеруіне байланысты оның ауданы қалай өзгеретінін бағалауға үйрену мақсатына жетемін деп ойлаймын. Осы арқылы «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу» модулін пайдаланбақшымын.
Жеке жұмыс орындау арқылы текшенің сызықтық өлшемдерінің өзгеруіне байланысты оның көлемі қалай өзгеретінін бағалау мақсатына жетемін деп ойлаймын. «Балық қаңқасы» арқылы берілген есептерді шығаруға тырысады. Балықтың «басына» сабақтың мақсаты қандай болғанын жазып берілген үш есептің шешімін тауып, соңына мақсатқа қалай жеткенін жазады деп есептеймін. Жеке жұмысқа көбірек уақыт бөлемін деп жоспарладым. Жеке жұмыстаға есептерді шығаруды берілген дескриптор арқылы орындауды жоспарладым. Олар: Есептің шығару жолын анықтайды; Текшенің өлшемдерінің өзгеруіне байланысты бір есептің шешімін табады; Текшенің өлшемдерінің өзгеріне байланысты екі есептің шешімін табады; Текшенің өлшемдерінің өзгеріне байланысты үш есептің шешімін табады; Осы есепке кері есеп құрады. Дескрипторда бірі екіншісіне байланысты емес, яғни оқушы бірінші қадамды орындамай-ақ, келесі қадамды орындай береді. Осы дескриптордағы соңғы қадамы «Осы есепке кері есеп құрады» арқылы «Натурал көрсеткішті дәреже қасиеттері» тақырыбының мақсатының орындалғанын анықтай аламын деп ойлаймын. Өзін-өзі бағалап, қосымша тапсырма алуға тырысатын оқушылар шығады деп ойлаймын. Оқушыларға тағы да қосымша дескрипторлар енгуді сұраймын. Өздері қоымша сатысын енгізіп, ол тапсырманы ұмтылуға талпынса, сабақтан «озық» шыққан оқушыны тани аламын деп ойлаймын. Осы әрекеттер арқылы «Талантты және дарынды балаларды оқыту» модулін іске асыруды жоспарладым.
Сабақтың соңында оқушылар «БІЛЕМ, БІЛДІМ, БІЛГІМ КЕЛЕДІ» кестесін толтырады. Бүгінгі сабақтың мақсаты қандай болды? Мақсатты жүзеге асыру үшін қандай жұмыстар атқарылды? Алдағы уақытта тағы не білгісі келеді? Деген сұрақтарға толығырақ жауап беріп, рефлексия жасай алады деп ойлаймын. Рефлексиядан оқушылардың барынша өз ойларын жазуды күтемін. Олардың шынайы жазбалары арқылы келесі сабағыма мақсатымды нақтылаймын деп есептеймін. Оқушылардан ойларын тез жинақтауды, сыни ойлауды, креативті ойларды күтемін. Кері байланысты оқушыларға ауызша ашық сұрақтар арқылы беремін деп жоспарладым. Олар: Текшенің көлемін қалай табамыз?, Шаршының ауданын қалай есептейміз?, Шаршының қабырғасын өсірсек, ауданы қалай өзгереді?, Текшенің көлемі берілсе, қабырғасын қалай табуға болады?. Оқушылар өз ойларын толық жеткізіп, өмірмен байланысты мысалдар келтіру күтіледі. Сабақ барысында «Қара жәшік ішіндегі жұмыс» орындалады деп санаймын. Оқушылар бір-бірімен, мұғаліммен кері байланыс орнатады, жеке жұмыста критерийді бірлесіп талдайды, сұрақты дұыс қояды деп болжанады. Осы жұмыстар арқылы «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулін пайдаланбақшымын.
Үй тапсырмасына сабақты одан ары бекітуге арналған тапсырмалар өз бетіндік жұмыс, шығармашылық тапсырма, білімін толықтыруға арналған тапсырмалар беріледі. Қысқа мерзімдік жоспарымды осылайша жоспарладым. Өзгерістер, толықтыруларды жұмыс барысында енгіземін.

Приложенные файлы

  • docx 12389586
    Размер файла: 57 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий