В есебі Муратқанова Айдана Муратқанқызы


ОРТА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРЛАУ
Тараудың тақырыбы және жалпы мақсаты:
№ 1.Тақырыбы және оқу мақсаты 2.Табыс критерийлері
Барлығы:
Көпшілігі:
Кейбірі:
3.Оқытудағы кедергілерді жоюға арналған интерактивті тапсырмалар
(барлық оқушы бірлесіп жасайтын жұмыс түрлері: топтық, жұптық т.б.) 4.Бағалау: оқыту үшін бағалау
(әрбір тапсырмаға арналған бағалау) 5. Барлық оқушылардың сабаққа толық қамтылуы
(Тапсырмаларға бәрі қатысуы үшін мұғалім не жасамақ?) 6. Оқушылардың жоғары деңгейде ойлауын дамытуға және өз бетінше жеке дамуына мүмкіндік беру (түсіну, қолдану, талдау, бағалау, жасау деңгейін анықтау үшін) 7.Ресурстар
(осы сабақта қолданылатын құралдар мен әдебиеттер)
1. Тақырыбы:
Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
Мақсаты:
7.1.2.1
натурал көрсеткішті дәреже анықтамасын және оның қасиеттерін білу;
7.1.2.2
санның дәрежесі қандай цифрға аяқталатынын анықтау;
Б:натурал көрсеткішті дәреженің анықтамасын біледі және қолданады;
К:натурал көрсеткішті дәрежесі бар өрнектерді дәрежелердің қасиеттерін пайдаланып ықшамдай алады;
К/б:Оң сандарды натурал көрсеткiшті дәрежеге, терiс сандарды жұп және тақ көрсеткiшті дәрежеге шығару нәтижелерін болжай алады және болжамдарды ережелер түрінде қалыптастыра алады; Т
«Әткеншек» әдісі
1 топ:
Оң сандардың натурал көрсеткішті дәрежелерін есептеу
2 топ:
Ондық бөлшекпен берілген сандардың натурал көрсеткішті дәрежелерін есептеу
3 топ:
Жай бөлшекпен берілген сандардардың натурал көрсеткішті дәрежелерін есептеу
4 топ:
Теріс сандардың натурал көрсеткішті дәрежелерін есептеу
Ж
«Ойлан- жұптас-бөліс» әдісі
натурал көрсеткішті дәрежесі бар өрнектерді дәрежелердің қасиеттерін пайдаланып ықшамдау
«Екі жұлдыз, бір тілек»
«критерий» арқылы бірін-бірі бағалайды
«Қара жәшік»
(Кері байланыс, өзін-өзі, сынып-тастарын бағалау)
ЖАДА ұйымдастыру
Топтық жұмыста оқушылардың толық қамтылуына жүйелі бақылау жасау.
Ыңғайлы орта құру Ж/ж
Т кестесі
Оң сандарды натурал көрсеткiшті дәрежеге, терiс сандарды жұп және тақ көрсеткiшті дәрежеге шығару топтық, жеке үлестірмелі тапсырмалар, компьютер, А3, маркер, стикерлер
2 Тақырыбы:
Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
Мақсаты: 7.1.2.15
натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолдану;
Б: Бөлшекті дәрежеге шығару қасиетін біледі және қолданады;
К: Көбейтіндіні дәрежеге шығару қасиетін біледі және қолданады;
К/б:Дәрежені дәрежеге шығару қасиетін біледі және қолданады. Т
«ЖИГСО» әдісі
1-оқушы
Дәрежелерді көбейту қасиеті
2-оқушы
Дәрежелерді бөлу қасиеті
3-оқушы
Дәрежені дәрежеге шығару қасиеті
4-оқушы
Көбейтіндіні дәрежеге шығару қасиеті
Ж
«Ойлан-жұптас-бөліс»
Көбейтіндіні дәрежеге шығару қасиетін қолдану
Кері байланыс
Ж. ҚБ
Қара жәшіктегі жұмыс
Ж/Ж
«Критерий арқылы» Топтағы оқушылардың ЖАДА оқуы бойынша жұмыс істеуін қадағалау
«Серпілген сауал»
Ж/ж
«Семантикалық карта»
Дәрежені дәрежеге шығару қасиетін қолдану жеке, жұптық үлестірмелі тапсырмалар, стикер, смайликтер
3 Тақырыбы:
Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
Мақсаты: 7.1.2.15
натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолдану;
Б. Натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолданып, стандартты есептерді шығарады
К. Бірнеше натурал көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолданып, ықшамдайды
К/б.Бірнеше натурал көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолданып, теңдеу шығарады Т
«Стикердегі диалог»
Натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолданып, стандартты есептерді шығарады
Ж
«Т-кестесі»
Бірнеше натурал көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолданып, ықшамдайды «Топтық кері байланыс бутерброды»
жұптар бірін-бірі бағалайды. (мүмкін болған жағдайда мұғалім бағыт береді)
«Критерий» арқылы өзін-өзі бағалайды
ЖАДА және Көпіршілер әдісі
Түрткі сұрақ
Жеке жұмыс
Бірнеше натурал көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолданып, теңдеу шығарады жеке, жұптық тапсырмалар, стикерлер
4. Тақырыбы: Бүтін көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
Мақсаты:
санды өрнектердің мәндерін табуда бүтін көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолдану;
Б:Бүтін көрсеткішті дәреженің анықтамасын, қасиеттерін біледі және қолданады;
К:дәреже көрсеткіші нөлге тең өрнектің негізіндегі айнымалылардың мүмкін мәндерін табады;
К/б:бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттерін санды өрнектердің мәндерін табуда қолданады; Т
Шаршы мен текшенің ауданы мен көлемін есептейтін формуларды шығару
Үштік одақ
дәреже көрсеткіші нөлге тең өрнектің негізіндегі айнымалылардың мүмкін мәндерін табу «Екі жұлдыз бір тілек»
«Қара жәшік»
(Кері байланыс, өзін-өзі, сынып-тастарын бағалау)
Соңғы бес минут ЖАДА Көпіршелер
Түрткі сұрақ
Сынамалы сұрақ
бағыттау Жеке жұмыс
Тапсырма:
Кестені толтыру
бүтін көрсеткішті дәреженің қасиеттерін санды өрнектердің мәндерін табуда қолдану жеке, топтық үлестірмелі тапсырмалар, маркер А3 қағазы, түрлі-түсті А4 қағазы, стикерлер
Мұндағы № тарауда берілген сағат саны (бұл сағат саны егер мұғалім қандай да бір оқыту әдісіне қатысты зерттеу сұрағы төңірегінде іс-әрекеттегі зерттеу жүргізу кезінде сәйкесінше өзгеруі мүмкін)
Мектеп тәжірибесінде жоспарланған тізбектелген сабақтарымды 7 «А» сыныбында өткіздім. Тәжірибе кезінде сабақтарыма біршама өзгерістер енгізуге тура келді, себебі, оқушыларды топтық жұмысқа, жаңартылған оқу бағдарламасымен оқытуға дағдыландыру, уақыттың азаюы қиындықтар туғызды.
Жоспарланған бірінші сабағымда, топтық жұмысқа уақытты көп бөліп қойып, жұптық және жеке жұмысты орындауға уақытым аз болып, сабақтың мақсатына жете алмадым. Осы сабақта «Серпілген сауал» және «ЖАДА» ұйымдастырып, диалогтық оқытуды жүзе асырдым. Бұл жерде ОмОЖТ модулін пайдаландым.Тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай әзірленді, бірақ бірінші сабаққа күрделі болды. «Кубизм», «Ойлан –жұптас- бөліс» әдістерін сабағымда қолдандым. Жоспардағы «Әткеншек» әдісті ең бірінші сабағымда қолдану тиімсіз болды. Оның орнына «Үштік одақ» жұмысын қолданғаным тиімді болар еді. Осы арқылы ОЖЕСОжО модулін пайдаландым.
Екінші сабағымда оқушыларым сын тұрғысынан ойлануға әлі жете қойған жоқ. Дегенмен де, «Миға шабуыл», «Екі жұлдыз бір тілек», «Кері байланыс бутерброды» әдістерін қолдандым. Оқушылар өз ойын айта алмай, ойланбай жауап беретін, сұрақты дұрыс қоя білмейтін, түрткі сұрақтармен ол тығырықтан шығуға, бағыт-бағдар беріп отыруға тура келді. Осы жерде СТО модулін жүзеге асыруға тырыстым.
Әр сабақта қалыптастырушы бағалаудың түрлі әдістерін қолдандым: «Қара жәшік ішіндегі жұмыс», «Екі жұлдыз бір тілек», «Топтық кері байланыс». Жұмыстарымды саралай келе оқушыларға қолдау-қолпаштауды көп қолданатымды аңғардым. Бұл бағалау түрінде оқушылар өздеріне көп қолдау болғанын қалап, келесі сабақта қолдау болмаса, ынтасы болмай қалады екен. Осы кезде ОүБжОБ модулін пайдаландым.
Үшінші сабақта талантты оқушыларды анықтағаным, әзірше, екі оқушы. Оларға үйге қосымша тапсырма беріп отырдым. Сын тұғысынан ойлауда осы оқушылардың ойы, өзгелерден озық болып отырды. Тапсырмаларды жылдам орындап, топ мүшелеріне бағыт-бағдар беретінін аңғардым. Осы әрекеттер арқылы ТжДБО мен ОБжК модулдері іске асты.
Жоспарлауда енгізген АКТ-ны пайдаланудан біршама кедергілер болды. Оқушыларға смартфон телефондарынан «QUIZLET» бағдарламасы бойынша натурал көрсеткішті дәреже қасиеті бойынша есептер беріп отырдым. Ақпаратты қараудың сілтемесін оқушыларға көрсетіп бердім. Осы әрекеттер арқылы ОмОАКТ модулін іске асыруды жоспарладым
ҚЫСҚА МЕРЗІМ ЖОСПАРЛАУ
Мектеп: Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназия
Мұғалімнің аты-жөні: Муратқанова Айдана Муратқанқызы
Күні: 14.09.2017
Пән/Сынып: 7 « а » математика
Қатысқаны/қатыспағаны: 26
Тарау немесе бөлім атауы: Бүтін көрсеткішті дәреже
Сабақтың тақырыбы: Натурал көрсеткішті дәреже және оның қасиеттері
Оқу мақсаты: 7.1.2.15
натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолдану
Сабақ мақсаты: Б. Натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолданып, стандартты есептерді шығарады
К. Бірнеше натурал көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолданып, ықшамдайды
К/б.Бірнеше натурал көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолданып, теңдеу шығарады
Тілдік мақсаты: Тілдік мақсат
- дәреженің қасиеттерін ауызша және жазбаша түсіндіреді;
- пәндік лексиканы, терминологияны, символиканы сауатты қолданады.
Пәнге тән лексика мен терминология:
- дәреженің негізі;
- дәреже көрсеткіші;
- натурал көрсеткішті дәреже;
- дәрежеге шығару;
- квадраттау, кубтау;
- санның квадраты, санның кубы;
- көбейтіндінің дәрежесі;
- бөліндінің дәрежесі;
- дәрежелердің көбейтіндісі;
- дәрежелердің бөліндісі;
- дәрежені дәрежеге шығару;
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
бірнеше бірдей негізі сақталып, дәреже көрсеткіштері қосылады (азайтылады);
негізі сақталып, дәреже көрсеткіштері көбейтіледі;
теріс санды жұп көрсеткішті дәрежеге шығарғанда ...;
теріс санды тақ көрсеткішті дәрежеге шығарғанда ...;
негізі ... болатын дәреже түрін келтіріңіз;
Құндылықтарға баулу: Жауапкершілік. Құрмет.
Тақырып бойынша алдыңғы білім: Сандардың квадраты мен кубының мәндерін таба алу. Натурал көрсеткішті дәреже қасиеттері, жұп дәрежеге шығару, тақ дәрежеге шығару
Саралап оқыту
Барлық оқушылар: Көпшілік оқушылар: Жекелеген оқушылар:
Натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолданып, стандартты есептерді шығарады Бірнеше натурал көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолданып, ықшамдайды Бірнеше натурал көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолданып, теңдеу шығарады
Уақыты Кезеңдері Тапсырма Мақсаты Мұғалім не істейді Оқушылар не істейді Бағалау Ресурс
тар
2 мин
Ұйымдастыру Дәреже көрсеткіштері бойынша бөлу Дәрежелерді таба алатының анықтау Жағымды атмосфера құру Дәрежелердің мәнін тауып, топтасады Қолдау-қолпаштау арқылы бағаланады Дәрежелері көрсетілген қағаз қиындылары
3 мин
Үй тапсырмасын сұрау «Кубизм» әдісі Оқушылардың өткен сабақ бойынша білімдерін нақтылау Мұғалім, оқушылар бір-біріне өткен сабақтар бойынша сұрақтар қояды Оқушылар кезектесіп сұраққа жауап береді, жауап бере алмаса тобы көмектеседі Қолдау - қолпаштау Сұрақтар жазылған куб
1 мин «Ой қозғау» -бүгінгі сабақтың мақсаты қандай болмақ?
-не себепті деп ойлайсыздар? Сабақтың мақсаты анықтау Мұғалім оқушыларға сұрақтар беру Оқушылар өз ойларын айту күтіледі
Мадақтау 12 мин
Негізгі бөлім Т
«Айналмалы бекеттер» әдісі
1 – топ
Натурал көрсеткішті дәрелерді көбейту
2-топ
Натурал көрсеткішті дәрежелерді бөлу
3-топ
Көбейтіндіні натурал көрсеткішті дәрежеге шығару
4-топ
Бөліндіні натурал көрсеткішті дәрежеге шығару
5-топ
Натурал көрсеткішті дәрежені дәрежеге шығару Натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттерін қолданып, стандартты есептерді шығару Топтарға тапсырмаларды ұсыну. Уақытымен аяқтап, стикерге диалог жазуды қадағалау Оқушылар топпен тапсырманы орындап, қабырғаға іледі.Сағат тілі бойымен келесі топқа стикерге кері байланыс беру күтіледі «Кері байланыс бутерброды» Плакат, маркер, тапсырмалар, стикер.
10 мин Т кестесі Ж
«Т кестесіне» натурал көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолданып, есептің шығарылуын жазады
Бірнеше натурал көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолданып, ықшамдау Оқушыларды жұптастырып, тапсырманы түсіндіреді, уақытылы аяқталуын қадағалау Оқушылар бір-бірімен ақылдасып, бір-біріне түсіндіреді деп күтіледі Жұптар бірін-бірі бағалайды.
Кеспе қағаздар
12 мин Жеке жұмыс -дәрежені дәрежеге шығару
-теңдеу шығару
-бірдей негізге келтіру
-ықшамдау
\
Бірнеше натурал көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолданып, теңдеу шығару Оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауын қадағалау.
Түрткі сұрақ беру арқылы дұрыс бағыт беру Алған білімдерін тиімді қолданып, есептерді шығарады деп күтіледі. Дескриптор:
1. Натурал көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолданады
2. натурал көрсеткішті дәрелерді ықшамдайды
3. Негізі бірдей негізге келтіреді
4. натурал көрсеткішті дәрежелі теңдеуді шығарады.
Дескрипторлар, тапсырмалар
2 мин Кері байланыс Сұрақтар қою
-Сабақтың мақсаты қандай болды?
- Мақсатқа жету үшін қандай жұмыс жасадыңдар?
Тақырып бойынша білімдерін нақтылау Сынақтан өту сұрақтарын қою Өз ойларын жеткізеді деп күтіледі Қолдау-қолпаштау 2 мин Рефлексия «Балық қаңқасы» Сабақтың мақсатының орындалуын анықтау Өз ойын анық жеткізуге жағымды жағдай туғызу «Балық қаңқасына өз ойларын
толтырады деп күтіледі Өзін-өзі бағалау стикерлер
1 мин Үй жұмысы Негізі 2 болатын дәреже түрінде жазыңыз:
а) 8∙24; б) 210∙32; в) 64∙16Алған білімдеін одан ары жетілдіру Тапсырманы беру
7 «А» сыныбына «Натурал көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолдану тақырыбына сабақ өткіздім. Алдыңғы тақырыптағы сабақ мақсатына жетпегендіктеп, сабақтың мақсатын өзгерттім. Оқушыларды геометриялық фигуралар көмегімен топтастырудың орнына, дәреже көрсеткіштері арқылы топтастыруды жөн көрдім. Себебі, дәреже тақырыбын одан ары дамытуға септігін тигізіп, көздерін үйретеді. Үй тапсырмасын сұрауда «жарыса оқыту әдісін» қолданудың орнына «кубизм» әдісін пайдаландым. Өйткені, ол әдіске уақытымның көп кетіп қалатының байқадым. Әр топқа кубтың қырындағы сұрақтарды беріп, топта ақылдасып, жауап берді. Өзге топтар кері байланыс беріп отырды. Сабақтың мақсатын анықтауда қиындық болды. Оқушылар өз ойын толық жеткізе алмады, себебі, әлі дағдылана қоймады және алдыңғы біліммен байланыстыра алмады. Мақсатты анықтауға көмек беруге тура келді. Бұл жерде СТО модулін пайдалануға тырыстым.
Жоспарлауда «Стикерлер» әдісін қолданбақшы болғанмын, бірақ «Айналмалы бекеттер» әдісін қолдану тиімді болар деп есептедім. Менің ойым қате болған екен, оқушыларды алдын-ала дайындап, түсіндірмей, топтық жұмыстың бұл түрін пайдалану қиынға соқты. Топтар бірлесіп, өзге топқа кері байланысты дұрыс бере алмады. Кері байланысты есепті «қате», «дұрыс» деп беріп жатты, ұсыныс жасай алмады.
Жұптық жұмыс «Т-кестесі» әдісі. Жұпта жұмыс жасауға дағдылана қоймаған. Есепті жеке шығарып, қасындығы жұбына түсіндіру жұмысы барлығында болған жоқ. Бір жұп, екінші жұппен «ЖАДА» құрып, бір-бірін бағалады. Бұл жерде «ОмОЖТ» модулін пайдаландым. «Жеке жұмыс» ең алдымен тапсырма бойынша дескрипторды бірге талдап, орындап біткеннен кейін, қай дескриптор орындалмай тұрғанын оқушылар өздері анықтады. Жеке оқушылар ғана дескриптор арқылы бағаланып, көпшілігі өздерін бағаланбады. Осылайша, ««ОүБжОБ» модулін пайдаландым. Сабақты қорытындылау мен рефлексияда, сынама сұрақтар қойылды: Мақсат қандай болды? Ол үшін қандай жұмыс жасадыңдар? Оқушылар өз ойларын «Балық қаңқасына» орналастырды, әрі қарай үй тапсырмасымен бекітеміз деген қорытындыға келді.
Оқушылардың және өзімнің бойынан өзгеріс болып жатқаның байқаймын. Бірақ баяу түрде. Алдағы уақытта оқушыларым қалыптасып, дағдыланса, сабағым жоғары деңгейде өтеді деп ойлаймын.


Приложенные файлы

  • docx 12389717
    Размер файла: 33 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий