С есебі Муратқанова Айдана Муратқанқызы


Мен курсқа мектебім ұсыныс жасаған соң келдім. Алғашқы кезде баруды қаламадым, кейіннен, мектептегі деңгейлік курс оқыған мұғалімдердің сабақ өткізуде ерекше әдіс – тәсілдерді қолданатынын, дәстүрлі сабақтар оқушыларды жалықтырып жіберетінін ескеріп, курсқа келгеніме, менің де деңгейлік курс өткен мұғалімдер қатарына қосылатыныма қуандым. «Тиімді оқу және оқыту» курсына келгенде өзіме мақсат қойдым: Курстың мақсаты мен мағынасын барынша жетік түсініп, өзімнің күнделікті сабақтарымда жүзе асыру.
Алғашқы күні тренеріміз және курс тыңдаушыларымен танысып, жаңа ортаға үйрене бастадым. Ең бірінші күнгі есімдерімізді жаттау, бір-бірімізді есімізде сақтау қиынға соқты. Тренеріміздің пайдаланған әдіс-тәсілінің арқасында, екінші күні тез арада бір-бірімізге бой үйренісіп кеттік. «Тиімді оқу» және «Тиімді оқыту» тіркестерінің мағынасын ашуға тырыстық. Бірінші күні, мен өзіме осы уақытқа дейін оқушыларда «тиімді оқу» бола алды ма? –деген сұрақ қойдым. Ол сұрақтың жауабына күмәнмен қарадым. Себебі, оқушыларым сабақта алған білімдерін, өмірде тиімді пайдалана алып жүрген жоқ деген ой туындады. Курс тыңдаушыларының барлығы бірінші күнде-ақ үйлеріне үлкен ойда кетті деп ойлаймын.
Келесі күні тренеміздің жаңаша топтастыруы, жаңа тапсырма беруі, курсты ары қарай қызықтылығын арттырды. Күнделікті топтасудың жаңаша тәсілін көрсетіп, бір-бірімізге үйренуді, әр-түрлі адамдармен топтасуды қадағалады. Осындай тәрізді тәсілдерді, сыныбымызды топтастыруда, түрлендіріп, пайдануға болатының ұғып отырдық.
Бетбе – бет кезеңде жеті модульді жақсы меңгеріп шықтық. Бұрын, «Сын тұрғысынан ойлау» - деген сөздің мүлдем мағынасын білмей келген екенмін. СТО әдістері деп сабақ жоспарыма қосып қоятынмын, енді, жақсы білдім деп айта аламын. Сын тұрғысынан ойлау, әсіресе, математика пәніне өте қажет. Есептің мұғалім көрсеткен тәсілімен ғана шектеліп қалмай, басқаша тәсілдерді іздестіріп, мәселені жан-жақты қарау, өз ойын жеткізе алу екеніне көзім жетті. Сұрақтың тиімді қойылуы, дұрыс қойылған сұрақ арқылы сабақ мақсатына жетуге болады. Сұрақтың түрлері бұрын жалпылама болған екен. Ашық сұрақ, түрткі сұрақтың мағынасын түсіндім. Осы сұрақтарды оқушыларға ойлану үшін қойса, жақсы нәтижеге жететінін ұқтым.
Бетпе – бет кезеңнің төртінші аптасында, сабақтарымызды жоспарлап, орта мерзімді жоспарлау және қысқа мерзімді жоспарлау жаза бастадық. Сабақтарды жоспарлағанды 7 – сыныпты таңдап алдым. Өйткені, былтырғы оқу жылында екі 6 – сыныбым болған. Мектептегі тәжірибе кезеңі қыркүйек айына келгендіктеп, оқу жылының басы қайталау сабақтарына тап болып, сол уақытта оқушылармен біраз түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, жаңа сабақтарға тізбектелген төрт сабақты жоспарладым. 7-сынып биыл жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша білім алатының ескеріп, әдіс – тәсілдердің қайсысын қолдану тиімді болатының ойластырдым. Оқушылардың жас ерекшелігін ескеру керектігі, бастапқы жұмыстарды топтық жұмысқа бағдарланып, дағдыландыруды көздедім.
Мектептегі тәжірибе кезеңінде жоспарлаған 7 «Ә» сыныбы өзіме түспей, мүлдем танымайтын 7 «А» сыныбымен жұмыс жасадым. 7 «Ә» сыныбы «гиперактивный» сынып болатын, ал 7 «А» сыныбы түсінулері өте баяу екен. Жаңартылған оқу бағдарламасымен алғаш оқулары және менің де тәжірибеде бірінші рет қолдануым болды. Қиыншылықтар оқулықтың болмауынан болды. Бірақ та, мақсатты айқындағаннан кейін, тапсырмаларды құрастырып беріп отырдым. Алғашқы күні, топтық жұмыстың ережесін оқушылар өздері құрастырып, бағалау түрлерінен мәлімет алды. Қыркүйектің алғашқы аптасын өткен сыныпты қайталауға арнадым. Осы қайталау кезінде, оқушылар жұптық, топтық, жеке жұмыс, критерий, дескрипторды біліп, меңгеру мақсатта болған, бірақ, 7 «А» сыныбы бірден меңгеріп кете алмады. Себебі, осыған дейін қалыптаспаған болып отыр. Менің өзім де, бірден кірісіп кеткеніммен, нәтиже басқа болады деп күнкенімнен болар деп ойлаймын.
Орта мерзімді жоспарды және арнайы белгіленген күндер бойынша қысқа мерзімді жоспарларымды бекіттім. А есебінде жоспарлағаным бойынша өзгерістер болды. Оған себеп, сыныптың бірден үйрене алмауы, және әдіс – тәсілдердің тиімді болатының тандауым. Сынып дәстүрлі білім беруге дағдыланған сынып болып шықты. Себебі, мұғалім тақырыпты түсіндіргенді, мұғалімнің оқушыға дұрыс деп айтқанын күтіп отырады. Оларды осы қалыптан өзгерту өте қиынға соқты. Алғашқы сабағым «натурал көрсеткішті дәреже анықтамасын біледі және қолданады» деген мақсатта болды. Оқушылардан сабақ мақсатын айтуды күтіп, 3 мин уақытты өткізіп алдым. Ең бірінші қателегім осы болды. Мақсатты өзім түсіндіруге тура келді. Алғашқы сабақ болғандықтан, оқушылар білген ойларын айта алмады, сабақта ашыла алмады. Топтастыруда біраз уақытымды алды. Топтастыруды күнде жаңа тәсіл беремін деп у – шуға жол беріп алдым. Екінші қателігім деп есептеймін. Тәжірибенің аяқ жағына қарай оқушылар қалыптаса бастады, болашақта топтастырудың жылдам, тиімді тәсілдерін қолданған дұрыс екен. Бастапқы кезеңде өздерін «сыныптың лидерлеріміз деп санайтындар» бұл топта отырғымыз келмейді, басқа топқа ауыссам болады ма? - деген сөздер айтты. Сол оқушыларды бақылауға алдым. Олар өздерін жұмыстың барлығын өз басшылығына алып, өзгенің идеясын тыңдамауға дейін баратының байқадым. Ешқандай шара қолданбадым. Келесі күндері екі лидер болған қыздар бір-топта келісе алмады. Одан кейін ол оқушылар топтық жұмысқа дағдыланып, топта ешкімді бөлмеуге үйрене бастады. Сол оқушылар қолдау – қолпаштаудың болғанын да, қалап тұрады. Егер мадақтау өздерінің аттарына айтылмаса, сабаққа араласпай қояды. Сондықтан, осы сыныпта мен бағалаудың қолдау – қолпаштау түрін азырақ қолдануға, мүлде бағалаудан шектеуге бел будым.
«Натурал көрсеткішті дәреже қасиеттерін біледі» мақсатына таңдап алынған топтық жұмыстың «Әткеншек» әдісін бірінші сабаққа қойғаным дұрыс болмапты, себебі, топтар уақытылы аяқтай алмады, және бір – бірін бағалауда әр – қайсысы жазып, топтық бір – ауыздан шешім шыққан жоқ. Бұл әдістің орнына «Постер қою» дұрыс болады деп ойлаймын. Сонда, менің оқушыларым бірлесіп, барлығына түсінікті мәлімет алар еді. Келесі жұптық жұмыс, уақытымды бірақ топтық жұмысқа арнап жіберіп, тездетуге тырыстым. Оқушылар тапсырмалардың барлығын орындап үлгермеді. Жеке жұмыс мүлдем орындалмай қалды. Оны үй жұмысына бердім. Бірінші сабағым бойынша, мақсатымның толық орындалмағанын оқушылар, тақырыпты толық меңгермей кеткеніне өкініп қалдым.
Екінші күні «Натурал көрсеткішті дәреженің қасиеттері тақырыбы» алдыңғы сабақтағы өзімнен кеткен қателікті жөндеу үшін оқушыларға өзім түсіндіру жұмысын жүргіздім. Түсіндірмей, оқушылардың өзіне қалдырсам, уақыттан жеңілетін едім. Сол себептен де, егер оқушылар сабақ мақсатына жете алмай жатса, түсіндіріп, бағыт – бағдар беріп, есептердің шығару мысалдарын көрсету керек шығар деп ойлаймын. Сынып әлі де болса, ойын айтпайды. Сұрақтың жауабына күмәнмен қараса, бүкіл сынып үндемей қалады. Оны өзім «Ойланбай бос қол көтере бергенше, ойланып сөйлеңдер!» - деп айтқан. Сол сөзімнен өзім таяқ жеп қалдым. Екінші сабақта уақытты жинақтап, топтық жұмысты тез орындауға тырысты. Топтық жұмыстың «ЖИГСО» әдісі нағыз математикаға лайық деп санаймын. Сарапшылар тобына барғанша ЖАДА ұйымдастыру мақсатым болдым. Біршама топтар ұйымдаса алды, ал кейбіреуі, мұғалімнің бұйырғанын күтіп, дұрыс жауапты қаратпай, жекеленіп қалды. Ондай оқушыларды топқа қосуға, жұмыстарын тексеруге ұсыныс жасап, біріктірдім. Сарапшылар тобынан кейін, өзінің тобына қайтіп келгенде, негізінен, топта әрбір есепті талдау керек. Тағы уақыттың тапшылығына байланысты, талдаудың жасатпай, әрбір топтан бір – бір оқушыға жұмыс жауапты баяндатқыздым. Қалған есебі бар оқушылар оны тыңдамады да. Осы жерде топ ішінде бір – бірімен есептерімен алмасып, жұптық жұмысты ұйымдастырған тиімді болар еді. Жұптық және жеке жұмысты біріктіріп дескрипторын оқушылармен бірге талдадық. Оқушылар бұл сабақта сабақ мақсатына жетуге біршама жақындады. Рефлекция Білем, Білдім, Білгім келеді бойынша болды. сонда оқушылардың рефлексия жазуының өзі дұрыс болмағанына көңіл аудардым. Оны айтқанмын қалай жазу керек екенін, соны ескермей, «Білдім», «Бүгінгі сабақ күшті болды» деп жазған екен. Көпшілік оқушылар білдімге жазса, Д деген оқушы білгім келедіге «натурал көрсеткішті дәреже қасиеттері туралы көп мағлұмат білгім келеді» - деп жазған. Осы бала ғана жазғанына назар аударып, Д деген оқушыны талантты балалар қатарына қосуға бола ма деген ойға келдім. Сол оқушыны назарда ұстайтын боламын.
Келесі сабақ «Натурал көрсеткішті дәреже қасиетерін қолданып, күрделі есептер шығару» мақсатына арналған. Сабақ мақсатын анықтауда Д деген оқушының жазғанын, және өзгелердің жазған рефлексияларын талдап, салыстыруды қолдандым. Оқушылар белсенді, бірақ, математикалық тілде жатық сөйлей алмады. Өтіп жатқан тақырыбымыздың терминдері «негіз», «натурал көрсеткіші» деген сөздерді орынды қолдана алмады. Осы уақытқа дейін мен бір рет баяндағанмын, олар есеп шығару дағдыларын қалыптастырып, тілдік дағдыны ысырып қойған. Енді оны да назарда ұстау қажет. Бес топқа бірдей тапсырма беріп, «Айналмалы бекеттер» әдісін қолдандым. Оқушылар уақытқа жұмыс істемейді. Ортадағы постерге жазуды «мен жазам» деген оқушылар болды. уакыт аяқталғанда екі топта жұмыстары аяқталмай қалды. Кері байланыс бутерброды арқылы бағалау керек еді, бірінші есеп қате, екінші есеп дұрыс деген тіркестерді қолданды. Стикерге бағалауды дұрыс жаза білмейтінін, бірінші сабақтағы қателік қайталанып тұрғанын көріп тұрмын. Әркім өз тобына келгеннен кейін, ауызша кері байланысты жазбашаға қарағанда жақсы берді. Өз қателіктерін көре білді. Жұптық жұмыс дескриптор талдалынды, бірін - бірі бағалау болмады. Өзіндік бағалауға қол жеткіздім. Менде дескриптордың мына бөлігі орындалмады деп, оқушылар айта алды. Рефлексия балық қаңқасына шешімдерін жазды. Бір қуантқаны, кешегіге қарағанда, рефлексия жаза білген. Менде осындай дескриптор орындалмады, мен оны келесі сабақ жоюға тырысамын деп жазған. Үйге тапсырма берілді. Д мен Ә деген оқушыларда дескриптордың барлық бөлігі орындалған, сондықтан қосымша тапсырмалар бердім.
Төртінші сабақты 2 сабақ өткеннен кейін таңдап алдым. Оқушылардың бойындағы өзгерістер қаншалықты деңдейде болғанын анықтау үшін. Мақсаты «Бүтін көрсеткішті дәреже қасиеттерін қолдану». Әдіс – тәсілдерді қайталау ретінде алдым. ЖИГСО оқушылар жақсы меңгерген. Отырып талдаулары да жақсы. Ілгерілеу бар. Тек ең басындағы мен – мендігі басым оқушылар әлі сақталып отыр. Топтық жұмыс көп уақытты қажет етеді. Жұптық пен жеке жұмыс уақытын қысқартуға тура келіп отыр. «Үштік одақ» әдісін алғаш қолдануым. Оқушылар бірден кірісіп кетті. Жекелеген тұстарда, кейбір оқушылар тыңдаушы ғана болып отырып қалды. Ашылмаған, мен зерттей алмаған оқушылар әлі де болса көп. Олармен жұмыстарды ары қарай жалғастыратын боламын. Дескриптормен өзін – өзі бағалай алады, бірақ бір – бірін әлі бағалауға жете қойған жоқпыз. Тәжірибе кезінде екі талантты оқушыны анықтай алдым. Сыныптың ішінде алі де болса, бар деп есептеймін, және зерттеуім бұл екі оқушымен тоқтамайды. Оқушылар сабққа келгенде бүгін сабақ қалай болатыны жөнінде сұрайды. Қызығушылықтары артқаның және жауапкершілікті сезінгендіктерін байқаймын. Ең алғаш мүлдем сөйлемейтін сынып болған, біртіндеп, ойларын ашық айта бастады. Сергіту сәттерін көп өткізбедім, себебі 7 – сыныптың оқушылары уақыт шектеулі, әрі топтық жұмыста қозғалыста болады. Оқушыларымның бойынан осындай өзгерістер болды.
Мұғалім ретінде өзімнің бойымнан да өзгерістерді байқаймын. Бұрын сабақты өткізуге аса жауапкершіліктің керек екенің сезінбеген екенмін. Сабақтың қызықты және мақсатқа бағдарлануы оқушының да оқуға деген ынтасын арттырады. Мұғалімдер жас болсам да, меннен кеңес сұрай бастады. Сабағыма қатысып, өз тәжірибелерінде қолданды. Бұл мен үшін үлкен жетістік! Әлі үйрену керек екенін білемін, және сол үшін ізденіп, еңбектенудің маңызы мол!

Приложенные файлы

  • docx 12390113
    Размер файла: 23 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий