Тағамдық қоспалар


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым МинистрлігіЕ.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті Тобы: БТ-31Орындаған: Балтабай А.АҚабылдаған: Қартбаева Г.Т Тағамдық қоспалар Жоспар: Тағамдық қоспалар Тағамдық қоспалардың тарихыТағамдық бояулар Антиоксиданттар Эмульгаторлар Соңғы жылдарда тағамдық өнімдерді дайындау үшін әртүрлі тағамдық қоспалар көптеп қолданылады. Олар тағамдардың түрі мен дәмін неғұрлым тартымды етеді және ұзақ сақтауға септігін тигізеді. Бірақ барлық тағамдық қоспалар адам денсаулығына зиянсыз деп айта алмаймыз. Олардың ішінде қайсысы тағамды неғұрлым пайдалы етеді, қайсысы зиянды әсер тигізетінін әртүрлі тағамдық өнімдерді эксперимент жүзінде дәлелдеп көруге болады. Бізге өзіміздің не ішіп не жеп жүргенімізді білу өте маңызды. Тағамдық қоспалар – тағамның сапасын жақсарту, сақталу мерзімін ұзарту, бұзылып кетуге жол бермеу, қоректік заттардың құрамын өз қалпында сақтауын қамтамасыз ететін түрін, иісін, дәмін сақтау үшін қолданылатын заттар. Тағамдық қоспаларды адамдар ерте кезден – ақ пайдаланып келеді. Олар тұз, бұрыш, қалампыр, қыша т.б өсімдік текті бояулар. 19 ғасырдың аяғына қарай химия ғылымының дамуына байланысты тағамдық қоспалардың көптеген түрлері алынды. Оларды қолдану кеңінен тарала бастады. 20 ғасырдың басында жасанды тағамдық қоспаларды өндіру іске асырылды. Аз уақыттың ішінде олар дүние жүзіне кеңінен таралды. Қазіргі кезде тамақ өнеркәсібінің барлық саласында міндетті түрде қолданылады. Тағамдық өнімдердің қораптарының, орауыштарының сыртында бізге түсініксіз химиялық атауларды ыңғайлы, әрі қысқа атау мақсатында Европа мемлекеттері кеңесе келе, тағамдық қоспаларға «Е» әрпі арқылы белгіленетін цифрлі кодты енгізді. Ол ( Европа немесе ағылш.-«жеуге болады» деген сөзінен шыққан). Әрбір тағамдық қоспаның үш- немесе төрт сандық коды бар. Тағамдық қоспаның коды оның қандай функционалдық топқа жататынын білдіреді. Қазіргі кезде тағамдық қоспаның 30 ға жуық функционалдық топтары бар. Тағамдық бояулар Е100-199 Консерванттар Е200-299 Антиокислителдер ( антиоксиданттар) Е300-399 Тұрақтандырғыш және қоюлатқыштар Е400-499 Эмульгатор Е500-599 Дәмдеуіштер Е600-699 Хош иістендірушілер Е700-799 Көбіктендіргіштер Е800-899 Көбік басушылар және көпсіткіштер Е900-999 Бояуларды тағамдық өнімдерге қосу себебі: Өңдеу немесе сақтау процесі кезінде жойылған табиғи түсін қалпына келтіру;табиғи түсін жетілдіру; түссіз өнімдерді бояу, тартымды түс беру үшін қолданылады. Мысалы: алкогольсіз сусындар, балмұздақтар, кондитердік өнімдер т.б. Куркум – көпжылдық шөптесін өсімдіктен алынатын сары түсті бояу. Ол суда ерімейтіндіктен спиртті ерітінді түрінде қолданылады. Қантты колер (карамель) - қантты күйдіргенде алынатын өнім. Оның судағы ерітіндісі жағымды иісі бар қою – қоңыр түсті сұйықтық.Сусындарды, кондитерлік тағамдарды бояу үшін қолданады. Синтетикалық тағамдық бояулар – бұлар табиғатта кездеспейтін органикалық қосылыстар. Олардың витаминдер емес, дәміде, биологиялық активтілігі де жоқ. Бірақ бұлардың табиғи бояуларға қарағанда алыну технологиясы оңай. Олар өңдеуге қолайлы, ұзақ сақталады, және түстері қанық. Тартразин Е102 тағамдарға сары және қызыл түс береді, тағамдық аллергия туғызады. Е127 қалқанша безі ауруын тудыратын зиянды әсері бар.    Консерванттар тағамдарды микробтардан, саңырауқулақтардан, бактериофагтардан қорғай отырып оның ұзақ мерзімге сақтауына септігін тиізеді. Әр консерванттың микробтарға қарсы әсері әртүрлі, сондықтан кейде олардың әсерінің арттыру мақсатында олардың бірнеше түрін бірден қолданады. Бірде – бір консервантты барлық тағамдарға қолдана бермейді, яғни универсал деп айта алмаймыз. SO2 – Шараптардың белгілі сорттарының сақталу мерзімін ұзартады, әрбір консерванттың әсері оның тағамдық мөлшеріне байланысты. Сульфиттер – түрлі жемістермен көкөністерді қарайып кетуден қорғайды, ағартқыш ретінде қолданады. Натрий нитраты Е250 және натрий нитриті Е251 әртүрлі аллергиялық және қабыну, бас ауруы, бауыр шаншуы, әлсіздік т.б. әсер ететіні белгілі болса да қолданыстан түспей келеді. Е231 және Е232 заттары теріге зиян. Бұл қоспалар ұзақ сақталатын ет , шұжық өнімдеріне, консервілерге қосады. Консерванттар мен тағамдық бояулар иммундық жүйеге кері әсер етеді, ішек микрофлорасын бұзады. Бұл қатерлі ісікке және жүрек- қан тамыры ауруына әкеліп соқтырады. Е216, Е217 (бензой қышқылы және оның тұздары) шоколад, шоколадты конфеттер, чипсондар, құрғақ суп, паштет жасауда қолданылады. Ғалымдардың зерттеу нәтижесінде бұл қоспалар қатерлі ісіктің пайда болуына жол беретіні анықталды. Антиоксиданттар майдың және құрамында майы бар тағамдардың тотығуына жол бермейді. Липидтердің құрамындағы қанықпаған қышқыл майларының тотығуын бәсеңдетеді. Антиокислителдер жемістерден, көкөністерден жасалған тағамдарды өңдегенде қарайып кетуден сақтайды. Шарап, сыра және алкогольсіз сусындардың ферменттік ашуынан қорғайды. Осының нәтижесінде бұл өнімдердің сақталу мерзімін бірнеше есе артады. Тағамдық өнімдердің тұтқырлығын арттырады, тепе-теңдігін қалыптастырады. Тағамның құрылысын сақтайды, қажетті қоюлылықты ұстап тұрады. Қоюлатқыштар тағамдық өнімдердің тұрақты күйде болуына, сонымен қатар дәмінің сақтауына оң әсерін тигізеді. Желатин – белокты зат, молекулалық массалары әр түрлі полепептидтердің қоспасы. Иісі, дәмі жоқ. Желатинді жануарлардың сүйегінен, сіңірінен алады. Ол ыстық суда еріп, іркілдек масса түзіледі. Крахмал – қоюландырғыш ретінде кондитер өнеркәсібінде, нан пісіру және балмұздақ өндірісінде қолданылады. Эмульгаторлар бір – біріне араласпайтын сұйықтардың өзара араласып, тағамдық қасиетін сақтай отырып, біркелкі қоспа түзілуіне жағдай жасайтын тағамдық қоспалар. 扛\倁ఀ“6ƀƁᅩ3ƃ＀™Ƌ-ƌ2ƿǿ̄̿ Соңғы кездерде өнеркәсіпте жасанды эмульгаторлар кеңінен қолданылады, Мысалы: Е510, Е513, Е527 эмульгаторлары өте қауіпті, бауырға, асқазанға зиян келтіреді. Дәмдеуіштер тағамның дәмін кіргізе отырып, оның құрылымын сақтайды, сапасы төмен азықтардың дәмін кіргізеді. Мысалы: ескі, сапасы төмен етті, балық, құс еті, саңырауқұлақ, чипса, сухариктер, құрғақ суп, құрғақ дәмдеуіштер т.б. Қазіргі кезде кең таралған дәмдеуіштің бірі – натрий глутаматы Е621. Натрий глутаматын жиі қолданатын адамдардың 30% бас ауруына, жүрек қағысының өзгерісіне, бұлшық еттегі әлсіздікке, кеуденің қысылуына, тершеңдікке шағым жасайды. Таза күйінде бұл заттың не иісі, не дәмі жоқ, бірақ, кез- келген тағамның дәмін арттырады. ࠁ扛ҦҲ堈਀ЈvЂǻ䄄I섅Ŀƿǿ̿쎀쎁ο1622_bigPicture 101622_big଀开敲獬ⸯ敲獬콬櫁ッ،ﯠ瑠鑟僮裆寓힡㻒놀쒕똬撌柭橺軇䤿괧⍦죑싙僁ᳶ鹢尭윯ྷ娰๝ᙌꑮᡰ彟㎆꺭邶넮榨噊䬋儓䋽槉藇魲ⱌ헉쩖얌⿹縊쭷俗㸐欠ⱬ芓礳쾘἞颦�蛱�衐수䌾攅洈ꔦ䯏똇踥쇜茺䈡䡗냭醦䥯䪒ᖃ蛇嬒鑚힔翛患㺱썴믂㚯韫辟��㵊ğ牟汥⽳爮汥偳ŋⴂ᐀؀ࠀ℀僫얩�ༀ܀搀獲搯睯牮癥砮汭䭐؅·˹ಃӉယ,န$࿱܀䐄怟Ꙉ�श墙�瓞⸿ૢ朞₩⏱垩槛㌔뙅⧞⺸ါ들혷૵혾앏ࠝ踌釞ᶂ갱쮚窋஽⋄ᶻᠫ੒勷Ẳ䉨紮霠鴯 Өздері газ бөліп, тағамның көлемін үлкейтетін заттар немесе заттар қоспасын көпсіткіштер дейміз. Осылай қамырдың көлемін өзгертеді, ашытқыш әсерін қалыптастырады. Табиғи Табиғи тектес Жасанды Табиғи хош иістендіргіштер жеміс – жидектерден, көкөністерден шырын түрінде алынады. Тамақ өнеркәсібінде тек табиғи хош иістендіргішті бір өзін ғана қолдану мүмкін емес. Себебі әртүрлі жағдайдың әсерінен тез бүлінеді. Табиғи тектес хош иістендіргіштер - ұзақ сақталуына байланысты жиі қолданылады. Оның құрамы жөнінен табиғиға өте ұқсас. Химиялық құрылысы бойынша бұл заттар эфир майларына, күрделі эфирлерге жатады. Күрделі эфирлердің барлығы дерлік жасанды жеміс эссенцияларын, сусындар, кондитер өнімдерін алуға қолданылады. Жасанды хош иістендіргіштер табиғатта кездеспейді. Оны химиялық синтез арқылы алады. Жасанды хош иістендіргіштер бұзылмайды, өте тұрақты, түсі қанық және арзан болады. Ара балы – жағымды дәмі және иісі бар тағам. Оның хош иісі және түсі бал арасының қандай өсімдіктің гүлінен жинағанына байланысты болады. Лактоза – сүт қанты. Суда нашар ериді. Кондитерлік тағамдар және балалар тағамына қосады. Глюкоза – табиғатта кең таралған бағалы қоректік зат. Ол өсімдіктердің жасыл бөлігінде, жүзімде шырынында,жеміс - жидектерде, балда көп кездеседі. Сахароз, крахмал, клетчатка сияқты маңызды полисахаридтердің құрамына кіреді. Фруктоза – глюкозадан екі есе тәтті қоректік зат. Ол барлық жеміс – жидектердің, балдың, гүлдердің шырынында болады, сондықтан оны «жеміс қанты» деп атайды. Мальтоза (солод қанты) – тәттілігі қанттан төмен. Бидай тұқымдастарының құрамында болады. Қамыр ашығанда мальтозадан глюкоза түзіледі. С12Н22О11 + Н2О = 2С6Н12О6 Қазіргі кезде сахарин, аспартам, ацесульфам, тауматин және глицеризин деген жасанды тәттілерді қолдануға рұқсат берілген. Аспартам мен ацесульфам сахарозадан 200 есе тәтті. Бірақ, олар туралы көптеген теріс пікірлер дәлелденіп жатыр. Мысалы аспартам 600 түрлі тағамның құрамына кіреді. Ол 30 градус температурада метил спиртіне және формальдегидке ыдырайды. Олар өте қауіпті канцерогенді заттар. Оны үнемі қолданған адамдардың басы ауырады, құлағында шу пайда болады, аллергияға, депрессияға үшырайды. Цекломат тәттілеуші қолданыстан шығып қалды. Себебі ол бүйрек жеткіліксіздігіне ұшыратады. Оны шөлді басатын, сарайыңды ашатын сусынға қосып келген. Белоктардың жоғары концентрациялы сұйық –газ жүйесін түзу қабілетін көбіктендіргіш деп атаймыз. Нәтижесінде көбік түзіледі. Көбіктердің тұрақтылығы оны түзетін белоктың табиғатына ғана емес, оның концентрациясына және температураға байланысты болады. Белоктар көбіктендіргіштер ретінде кондитерлік өнеркәсіпте кең қолданылады. Мысалы: зефир, суфле, сыра т.б. Е-кодты қоспа Қоспалардың топтары Қосымша әсері Е103, Е105, Е121, Е123, Е125, Е126, Е130, Е131, Е142, Е153 Бояулар Қатерлі ісіктің пайда болуына әкеліп соқтырады Е171-173 Бояулар Бауыр және бүйрек ауруларын туғызуы мүмкін Е210, Е211, Е213-217, Е240 Консерванттар Қатерлі ісіктің пайда болуына әкеліп соқтырады Е221-226 Консерванттар Асқазан және ішек жолдары аурулары Е230-232, Е239 Консерванттар Аллергиялық реакции туғызуы мүмкін Е311-313 Антиоксиданттар (қышқыданудан сақтайды) Асқазан және ішек жолдары ауруларынтуғызады Е407, Е447, Е450 Қоюлатқыш және тұрақтандырғыш Бауыр және бүйрек ауруларын туғызады Е461-466 Қоюлатқыш және тұрақтандырғыш Асқазан және ішек жолдары ауруларынтуғызады Е924a, Е924b Көбік басушылар Қатерлі ісіктің пайда болуына әкеліп соқтырады Бақылау сұрақтары Тағамдық қоспалар дегеніміз не?Бояуларды тағамдық өнімдерге қосу себебі?Антиоксиданттар қандай мақсатта қолданылады?Эмульгаторлар қандай қоспалар?Табиғатта кездеспейтін органикалық қосылыстар? Қолданылған әдебиеттер тізімі «Тағам биотехнологиясы» Б.Қ Заядан Г.Өнерхан «Пищевая биотехнология» Голубев В.Н Жиганов И.Н«Пищевая биотехнология» И.А Рогов Л.В Антипова Г.П Шуплеваhttp://read.kz/785-tagam-biotehnologiyasy.html Назарларыңызға рахмет!!!

Приложенные файлы

  • ppt 11371322
    Размер файла: 5 MB Загрузок: 1

Добавить комментарий