Философияның қоғамдағы рөлі


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Философияның қоғамдағы рөлі ЖОСПАР 1. Философиялық білімнің негізгі сипаттары. 2. Философияның функциялары. 3.Философияның адам және қоғам өмірінде атқаратын рөлі. философиялық білім және оның негізгі белгілері туралы тұжырымдама жасасақ:Философия даналықпен, ақыл-оймен байланысты. Философия терминінің өзі грек тілінен аударғанда phileo — сүйемін, sophia — даналық дегенді,  басқаш айтсақ, даналыққа құштарлы дегенді білдіреді.Философияның басы — таңдану. Сократ «Менің білетінім — мен ештеңе білмеймін» дегендей, таңданған адам заттың, құбылыстың себебіне тереңдеп үңіледі, философиялық пайымдау жасауға ұмтылады.Философиялық білімге еркіндік, тәуелсіздік тән. Философияның анықтамасы: Философия — бар болып отырғанды тұтас, элементтері бірі-бірімен тығыз байланысты түрде қарастыратын, оның даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Сократ: «Философия — ойлау арқылы ақиқатқа, білімге жету»Геродот: «Философия — білімді, ақылдылықты сүю»Аристотел: «Философия — ғылымдар негізі». Философияның функциялары:1.  көзқарастық — философиялық көзқарас көзқарастың жоғарғы деңгей болып табылады. Көзқарас — адамның өзі, қоғам, дүние туралы өзіндік ой-пікірлерінің күрделі құрылымнан тұратын жиынтығы. Оның құрамдас бөліктері ретінде білімді, акыл-ойды, сезімдерді, үміт-ұмтылыстарды наным-сенімдерді, құндылықтарды, күдік-күмәндарды және тағы басқаларды атауға болады. Көзқарастың мифологиялық, діни түрлері белгілі, олардың да адам өміріндегі маңызы ерекше. Бірақ философия ғана жан-жақты, ғылыми, терең, толыққанды көзқарасты қалыптастырады.2. рациональды жүйелеу — философия адам тәжірибесін теориялық деңгейде тұжырымдайды, ғылыми емес, қарапайым бақылаулардың және ғылыми танымның нәтижелерін философиялық деңгейде қорытып- сараптайды, дұрыс-бұрысын айырып, белгілі бір жүйеге келтіреді 3. сыни — философиялық ұғымдар мен категорияларды, заңдарды игеру, философия тарихымен, оны жасаушы философиялық тұлғалармен танысу, олардың ілімдерін зерттеу адамға өз өміріне, қызметіне, қоғамдағы орнына тереңірек үңілуге, сыни тұрғыдан талдауға үйретеді. Философия ғылымының көмегімен адам өз өмірін қайта құруға талпынады деуге болады. Ол жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның тыныс-тіршілігін сыни сараптан өткізеді, адам мен қоғамның ақиқатқа жету жолындағы қателіктерін жоюға ықпал етеді;4. болжам жасау — философия жеке адамның да, бүкіл қоғамның да болашағын болжауға септігін тигізеді, жаңа көзқарас-идеялардың негізін салады. Әрине, болашақты түгелдей жоспарлау мүмкін емес. Бірақ философияның көмегімен адам өзінің басты мақсаты — саналы тіршілік етуші адам атына сай өмір сүру сатыларын, өмірлік мақсаттарын, қысқа өмірде қажет болатын негізгі ұстанымдарын жалпы түрде болса да анықтап алады. 5. гуманистік — философия адамды дүниедегі ең басты құндылық деп таниды. Философия ғылымының көмегімен адам өзін ардақтауды, өзімен бірге өмір сүріп отырған басқа адамдарды бағалауды, өзінің бойында адамшылық қасиеттерді тәрбиелеп-дамытуды үйренеді.6. практикалық — неміс философы Гегель философияны өмір көшінен үнемі кеш қалып жүреді деп сынаса да, қазіргі философияның, онымен айналысатын философ мамандардың негізгі мақсат-міндеті оның практикалық сипатын зерттеу болуы деп ойлаймыз. Жан-жағынан адам, өмір, қоғам, дүние, табиғат туралы түсініксіз сұрақтар қаумалап, өмірден, қоғамнан өз орнын таба алмай қиналған қазіргі заман адамына құрғақ теориялар мен шым-шытырық абстракциялардан пайда шамалы, оған өзінің кім екенін, дүниеге келгендегі мақсатын түсіндіріп беретін, алдынан күнбе-күн тосып отырған қиыншылықтарды жеңуге көмектесетін, бір сөзбен айтсақ, практикалық сипаты бар философия қажет. Бірақ, бұл пікірден философия күйбең тіршіліктің пендешілік қажеттіліктерін түсіндіруді қанағат тұтып қоюмен шектелуі қажет деген тұжырым туындамауы керек, керісінше, ол әрбір адамды терең толғаныс-ойларға жетелеп, өткінші нәрселерден мәңгілік, мызғымас құндылықтарға бойлауға шақыруы тиіс. Сократ философиясы Сократ (б.э.д 469-399ғ) Софистикаға қатынасы бар, ең қадірлі философтың бірі.Ерекшеліктері:Сократ мағыналы шығармалар қалтырғанмен  тарихқа әйгілі полемист, ойшыл оқытушы философ ретінде қалды.Сократ жасап , қалданған негізгі әдісін  майевтика деп атаған. Оның мәні – логикалық әдістер арқылы қойылған сқраққа әңгімелесушінің өздігінше дөрыс жауапқа келуіне көмектесу.Сократ өз  философиясын, ағартушылық  жұмысын ең  өзекті мәселелер бойынша, қалың халықтың, базарларда ашық әңгіме базар құрып жүрген. Жақсылық пен жамандық махаббат, бақыт, адамдық т.б тақырыптарға.Сократты ресми билік органдары мойындамаған, оны қарапайым софист , яғни жастар арасына бүлік салып  жолдарын басқа жаңа бұрып , қоғамның тыныштығын бұзушы  деп қараған.  Сократтық мектептер – Сократ ойының әсерінен қалыптасқан және оның оқушыларымен дамыған философиялық ілім. Платон академиясы-б.э.д. 385 ж Платон мен қалыптасқан, философияны – діндік мектеп. Мақсаты философияның мәселелерді зерттеу, құдайлар мен музаларды қадірлеу болған. Ол б.э. 6 ғ дейін өмір сүрді.Клиниктер – еркіндік идеясын қоғамнан тыс қалыптастырған, философикалық мектеп. Бұл мектептің қайраткерлері өз философиялық зерттейтін өздеріне өойып тексерген. Клиниктер паразиттік, қаңғыбастық өмір сүрген, жанұясыз  мемлекетпен заңға, мәдениетке қарсы келген. Бұл мектептің ең   әйгілі қайраткерлеріне – Антисфен, Диоген, Синаский (Плотон, Сократ есінен таңға деп атаған.)Кирендік мектеп- Сократтың оқушысы  Киреннен  шыққан. Аристиппен  негізделген 4 б.ғ.д.ғ өмір сүргенМегар мектебі. Б.э.д 4 ғ Мегарлық Сократтың оқушысы Евклидпен негізделген. Қайраткерлері Евбулид, Диодор, Крон. Ойымды қорыта келсем, философия ғылымы адамға өзі өмір суріп отырған орта — табиғат пен қоғамның даму заңдылықтары туралы, өзінің осы жуйеде алатын орны, өмірі, өмірлік мақсат-міндеттері туралы жан-жақты теориялық білім беретін, адамның көзқарасын қалыптастыратын, сонымен қатар практикалық сипатқа ие, қазіргі заман адамына аса қажетті ғылым болып табылады.

Приложенные файлы

  • pptx 11371840
    Размер файла: 123 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий