дайын ТТП шпор


Шикізат, иіру өндірісінің негізгі этаптары. Макта және химиялық талшықтарды иіру жүйесі. 1 кезең.
Иіру өндірісінде құрамы, құрылысы және тағайындалуы әртүрлі иірімжіптердіөңдіреді.Иіру өндірісі деп – табиғи және химиялық талшықтардан иірімжіп құрастыруды қамтамасыз ететін механикалық технологиялық процесстердің жиынтығын айтады.Иірімжіп деп салыстырмалы қысқа талшықтарды бұрау немесе желімдеу арқылы біріктірген ұзын ұзындықты және көлденең қимасы кіші жіпті айтады.Иірімжіп дайындау үшін табиғи текстиль талшықтарын, штапельді химиялық талшықтарды элементарлы химиялық жіптердің жгуттарын қолданады. Иірімжіптің геометриялық қасиеттері, оның құрылымы (талшықтардың орналасуы, ширатылуы) және физикалық қасиеттері талшықтардың қасиеттеріне ғана емес, сондай-ақ иіру жүйесіне де байланысты. Иіру жүйесі иірімжіп өндірісінде қолданылатын технологиялық процесстер мен машиналардың жиынтығымен анықталады. Иіру жүйелерін талшықты материалдарды тарау әдісіне (шөткелі тарау немесе тарақты тарау) және талшықтар ағының жіңішкелету (бөлу немесе созу) әдісіне байланысты жіктейді. Мақтаиіру өндірісінде мақта талшығын және оның химиялық талшықтармен қоспасын өңдіру үшін екі иіру жүйесін қолданады: шөткелі және тарақты. Шөткелі иіру жүйесінде талшықты материалды тарау қалпақты тарау машинасында, ал өнімді жіңішкелету – тарту аспабында орындалады. Тарақты иіру жүйесінде талшықты тарау қалпақты шөткелі және тарақты тарау машиналарында, өнімді жіңішкелету – тарту аспабында орындалады. Жүниіру өндірісінде таза жүн және жартылай жүн талшықтарын өңдеу үшін иірудің 3 жүйесін қолданады – аппаратты, тарақты (мәуітті) және шөткелі. Аппаратты иіру жүйесінде талшықтарды тарау білікті шөткелі тарау машинасында, жартылай фабрикаттарды жіңішкелету бөлу әдісі арқылы – шөткелі тарау аппараттарының созба кареткаларында және тарту – иіру машиналарында жүргізіледі. Иіру өндірісінің схемасы
талшықтардың барлық түрлері үшін негізінен бірдей болып келеді. Иіруөндірісі 3 негізгі кезеңнен тұрады:
1. текстиль талшықтарын иіруге дайындау – таспа дайындау;
2. алдын-ала иіру – созба дайындау;
3. иіру – иірімжіп дайындау.
Әрбір иіру жүйесінде иірімжіпті иірудің белгіленген біржоспары бойынша дайындайды. Иіру жоспары деп жартылай фабрикаттын сызықтықтығыздығы, тартылысы және қабат саны бойынша белгілі бір жиынтықты айтады.
2.Тоқу өндірісіндегі дайындау операциялары
Дайындалған желі және арқау жіптер тоқу станогына келіп түседі. Тоқу станогында мата қалыптастыру циклдік үрдіс болып табылады. Ол бес операциядан тұрады:
Күзу ашылуы;
Арқау жіпті салу;
Арқау жіпті матаның жиегіне қағу;
Желі жіптің бойлықпен жылжуы;
Матаның тауар білігіне оралуы.
Тоқу тоқу станогының көмегімен жүргізіледі. Тізбе орағыш тоқу станогының ұяларына орналастырылады.Тізбе орағыштан желі жіптері төгіліп, оқтауша деп аталатын білікшені жанай өтіп, ламельдерден , галевтің көздерінен және бердоның тісінен өтеді.Әрбір желі жібі ремизкалардың біреуінің өзін сәйкес галевінің көзі арқылы өтеді.Ремизкалардың галевтерімен бірге кезекпен көтеріліп төмен түскенінен желі жіптері күзу жасайды . Күзуге арқау жіп салынады. Бердо батан механизмінің тербеліспен қозғалуынан алға қарай қозғалғанда арқау жібін матаның шетіне қағады да , артқа қарай кетеді. Алынған мата белтемірді және білікті жанап өтіп , тауар реттегішпен әкетіліп, тауар білігіне оралады. Осы операциялардың бәрі матаның әрбір элементін қалыптастырғанда қайталанады. Матаның жаңа элементі батанның әрбір соғуынан жасалады. Мата жасалған сайын және оны қалыптастыру зонасынан әкеткенде тізбе орағыш айналып, желі жіптер бойлығымен жылжиды.
3.Беймата текстиль материалдарын өңдіру.
Беймата бұйымдар көбінесе жайма түрінде ұзындығы 3 мм қысқа талшықтардан немесе жіптерден жасалған жайғақтан өндіріледі. Жайғақ сирек тоқылған матамен, трикотаж жаймасымен, қабыршақпен қатырмалау арқылы шығарылады.
Бейматаларды бекітідің 3 әдісі бар:
Механикалық
Физика-химиялық
Аралас
Механикалық әдістермен өндірілетін бейматаларға келесілер жатады:
Іліп тоқыла тігілген жайма;
Инетесімді жайма;
Киізбасылым жайма.Инетесімді беймата жайманы жасағанда ұшында кетікшелері бар арнайы инелермен тесу арқылы жоғары қабаттағы төменге қарай енгізіп жайғақты бекітеді.
Іліп тоқыла тігілген жайма дайындағанда талшықты жайғақтарды жаймаға бекіту оларды тартылған жіптермен немесе талшықпен іліп көктеу қолданылады.
Киіз бастыру тәсілімен беймата жүн немесе құрамында жүн басым болатын жайғақты арнайы ортада және жағдайды механикалық әсер ету әдісімен жасайды . Жүн талшықтарының бір бірімен ілінісуі нәтижесінде жайғақ киізденеді.
Физика- химиялық тәсілмен бейматаны жайғақтарды сұйық байланыстырғыш заттар (желімдер) арқылы біріктіру немесе ыстық пен әсер ету әдісімен (престеу) жасайды.Аралас тәсілге жоғарыда аталған тәсілдердің екі немесе одан көбін қолдану арқылы алу жатады.
4.Партионды және таспалы тізіпорау машиналары.
Тізіп орау мақсаты бірдей ұзындықпен берілген жіптер санын бір орағышқа орау. Оның мәні қажетті желі жіптер санын бір біріне қатар орналасқан түрде тізіп орағыш білік немесе тоқу тізіп орағышқа орау. Тізіп орау үрдісіне келесі талаптар қойылады:
Орағышқа орағанда жіптердің тартылуын бірдей және өзгермеуі тиіс;
Тізіп орау жылдамдығы тұрақты және жоғары болуы тиіс;
Тізіп орау жеңіл болуы үшін оныңң қалпы қатаң түде цилиндрлі болуы қажет.
Тізіп орау мынадай үш тәсілі белгілі:
Партиялық тәсіл;
Таспалық тәсіл;
Секциялық тәсіл.
Партиямен тізіп орау тәсілінде тізіпорау білігі деп аталатын фланцалы орағышқа тоқу тізбеорауышында болатын желі жіптерінің тек бір бөлігі оралынады. Тізіп орау біліктерінің партиясы дайындалғаннан кейін оларды біруақытта тоқу тізбе орағышқа орайды.Нәтижесінде керекті желі жіптер саны алынады. Мұндай қайта орау шлихтау машинасында орындалады. Тізбеорау білігіндегі жіптер саны 400-600-ден жоғары , ал партиядағы біліктер саны -2-16. Мақта мата тоқу өндірісінде бұл тәсіл өнімділігі жоғары негізгі тәсіл болып табылады.

Таспалық тәсіл бойынша тізіп орау машинасының барабанына бірінен соң бірі бірнеше таспа оралады. Одан таспаның барлық жіптері біруақытта тоқу тізбе орағышқа қайта оралады. Таспалық тәсіл түрлі желі жіптерін дайындағанда қолданылады.

5.Беймата жайма өндірісіндегі физико-химиялық және қиыстырылған технологиялары.
Физика-химиялық тәсілмен бейматаны жайғактарды сұйық байланыстырғыш заттар (желімдер) арқылы біріктіру немесе ыстық пен әсер ету әдісімен (престеу) жасайды.
Желімді беймата өндіру үшін әртүрлі шикізат қолданылады: қысқа талшықтар (мысалы, линт - мақтадан талшықты бөліп алғанда қысқа талшықтар, иіру өндірісінің иіруге жарамсыз қалдықтары, тоқыма кәсіпорындарына басқа қалдықтары), қалпына келтірілген талшықтар (тігін өндірісінің қалдықтарынын тұтынылған бұйымдарды қайтадан өндеу нәтижесінде алынған), химиялық талшықтар.
Жайғақтардың құрылымдық элементтерін бір бірімен біріктіру ылғалды немесе құрғақ тәсілмен орындалады.
Ылғалды тәсілде кеңінен қолданылатындарға СКН-40-1-ГН, СКН- 40, БНК латекстер, термопластикалық полимерлердің судағы эмульсиялары, поливинилспиртінің эмульсиясы, химиялық материалдар қолданылады. Байланыстырушыларды жайғақтарды сіңірумен, жайғақтың үстінде орналастырылған шашыратқыштың көмегімен бүрку немесе шашыратумен және тағы басқа тәсілдермен орындауға болады.
Тұтас сіңіру соңынан байланыстырғыштың артығын кетіру үшін сығуды, кептіруді және термоөндеуді қажет етеді. Сығу каландрлеу біліктерімен, кептіру барабанды кептіргіштерде орындалады. Жайма ыстық айналып тұратын барабандардың бетін жабумен кептіріледі, қыртыстары жазылады, машинадан шығарылады. Кептіру үрдісінде инфрақызыл сәулелерімен және жиілігі жоғары тоқпен өңделінеді. Соңынан орындалатын термоөңдеу байланыс беріктігін күшейту және біртегістеу үшін қажет.
Аралас тәсілге жоғарыда аталған тәсілдердің екі немесе одан көбін қолдану арқылы алу жатады.
6.Партионды тізіпорау машиналары.
СП типті партиямен тізбе орау машинасының сұлбасы

Иіршік орнатпада (1) конусты бобиналар (2) орнатылады. Бобиналардан тігілген желі жіптері (3) жіп тартқыш (4) және дыбыс беру аспабы (5) арқылы өтеді. Жіп үзілгенде дыбыс беру аспабы іске қосылады. Одан кейін жіптер екі шыны шыбықтардың (6) арасынан, бөлгіш қатардан (7), өлшегіш білікті (8) айналып өтіп тізбе орағыш білікке жіберіледі. Тізбе орағыш білікке оралатын жіпті тығыздау үшін және орау қалпын дұрыс жасауға біліктің бетіне арнайы аспап көмегімен сырғанағыш білік (10) жабысып тұрады. Ол қозғалысты білікке үйкелісу арқылы алады. Қатар тізбе орау білігі (7) жіпті ені бойынша біркелкі бөліп тұрады. Ол металдан жасалған тарақтардан тұрады. Тарақтар жылжымалы өзара шарнирмен бекітілген механизмге орнатылады.Өлшегіш білік (8) тізіп орау ұзындығын есептегішке қозғалыс береді. Ең жоғарғы орау ұзындығы 100 000 м. Тізіп орау жылдамдығы 500-800 м/мин немесе оданда жоғары болуы мүмкін.
7.Тоқымашылық өндірісінің технологиясы.
Мата - тоқыма станогында перпендикуляр орналасқан негіз және арқау жіптердің өзара айқасуымен алынған тоқыма бұйым.Матаның бойымен кететін жіптерді негізгі жүйе немесе негіз жіптері дейді. Матаға көлденеңінен түсетін жіптерді арқаулық жүйе, немесе арқау жіптері дейді.Негіз және арқау жіптің тоқылуы тоқыма станогында жүргізіледі.Тоқу станогында мата қалыптастыру циклдік үрдіс болып санала- ды. Ол бес операциядан тұрады: үзу ашылуы, арқау жіпті салу, арқау жіпті матаның жиегіне қағу, негіз жіптің бойлықпен жылжуы, матаның тауар білігіне оралуы.Тоқу станогының технологиялық сұлбасы 3.1.-суретте көрсетілген.Тізбе орағыш (1) тоқу станогының ұяларына орналастырылады.Тізбе орағыштан негіз жіптері (2) төгіліп, оқтауша (3) деп аталатын білікшені жанай өтіп, ламельдерден (4), галевтің көздерінен (5) және бердоның тістерінен (6 ) өткізіледі.Әрбір негіз жібі ремизкалардың біреуінің өзіне сәйкес галевінің көзі арқылы өтеді. Ремизкалардың галевтерімен бірге кезекпен көтеріліп төмен түскенінен негіз жіптері күзу жасайды. Күзуге арқау жіп (7) са- лынады.
Сурет 3.1. Тоқу станогының технологиялық сұлбасы
Бердо (6 ) батан механизімінің (8 ) тербеліспен қозғалуынан алға қарай қозғалғанда арқау жібін матаның шетіне (9) қағады да, артқа қарай кетеді. Алынған мата белтемірді (10) және білікті (11) жанап өтіп, тауар реттегішпен әкетіліп, тауар білігіне (12 ) оралынады.Осы операциялардың бәрі матаның әрбір элементін қалыптас- тырғанда қайталанады.Мата өндірілгенде және оны қалыптастыру зонасынан әкеткенде тізбе орағыш айналып, негіз жіптер бойлығымен жылжиды.Мата өнеркәсібіне әр түрлі тоқу станоктары қолданылады. Оларды келесі принциптер бойынша топтастыруға болады:
- матаны қалыптастыру принципі бойынша 2 түрі болады;
-матаны кезеңмен және бір зоналық үрдіспен қалыптастыру ста-ноктары, матаны толассыз және көп аймақтық үрдіспен қалыптастыру станоктары. Арқау жіпті салу тәсілі бойынша қайықты тоқу станокта- ры қайықсыз станоктары;
-жекеленген механизмінің түріне қарай эксцентриктік, кареткалық және жаккардтық станоктар, жұмыс ені бойынша енсіз (100 см) және енді (120-175-250 см) станоктар, соғу механизімінің жүйесі бойынша- орташа, төмен және жоғары соғу станоктары.Қайықты станокта мата тоқу. Қайықты тоқымашылықтағы негізгі ерекшелік-жіпсалғыш механизм. Жіпсалғыштың қайығы болғандықтан, ол арқау жіптің белгілі бір артық қорын жасайды. Қайық күзуге кезекпен екі жағынан өтіп кетіп, үздіксіз арқау жіптен мата жасалынады. 3.2 - суретте қайықты тоқу станогының сұлбасы көрсетілген.
Қайықты станокта тізбе орағыш (1) негізгі реттеуіштің тіреуішіне ораланастырылады. Реттеуіш тізбе орағыштың берілген жылдамдықпен айналуын және жіптердің созылуын қамтамасыз етеді. Негіз жіптері оқтаушаны (3) айналып өтіп орнынан ауытқытады. Негіз жібі ламель- дерден (3), ремизкалардың (4) галевтерінің арасынан өтеді, бердо батанға (8 ) бекітілген.Ремизкалар күзу ашылу жасап тұрады, жай жаймалық айқаспа өрімін жасау үшін екі ремизка жеткілікті: біреуіне негіздің барлық жұп жіптері, ал екіншісіне тақ жіптері енгізіледі.Егер тоқу станогында бір ремизка көтеріліп, екіншісі төмен түссе, негіз жіптерінің бәрі жылжиды және қайық өтетін күзу ашы- лады.Жайманың айқаспасын тоқу үшін ремизкалардың көтеріліп түсуі эксцентриктік күзу ашылу механизмімен орындалады.Ол механизмнің өзі аяқ тұрғызғыштан (12) және эксцентриктен (13) тұрады.
8.Иіру өндірісінің екінші және үшінші кезеңдері
Иіру өндірісі негізгі 3 кезеңнен тұрады:
Текстиль талшықтарын иіруге дайындау – таспа дайындау.
Алдын-ала иіру – созба дайындау.
Иіру – иірімжіп дайындау.
Созба жасау. Таспалық машинадан алынған біртегістелген таспа жуан болады, ал жіп алу үшін оны жіңішкелету қажет. Созбалық машиналарда созу қондырғысының көмегімен жіңішкелетіп, арнайы жәй ширату және орау механизмдері арқылы созба дайындалады.Таспа 6-30 есе созылады. Иірілетін жіптің жіңішкелігіне байланысты таспа 1 - 3 созба машинадан өтеді. Соңғы операцияда таспа жіптің сызықтық тығыздығына қарай керекті жіңішкелікке дейін созылады.
Жіп иіру. Созбаны берілген жіптің сызықтық тығыздығына сәйкес көрсеткішке дейін жіңішкелетіп, жіпке ширатып, арнайы собыққа (қағаз патрон) орайды.Жіп иіру арнайы иіру машинасында орындалады. Созба сақинаға кигізілген жүгірткіштің көмегімен ширатылып, бірден айналып тұратын собыққа оралады. Собық ұршыққа нығыз орнатылған. Сондықтан мұндай тәсіл ұршықты немесе сақиналы жіп иіру тәсілі деп аталады.Иіруге қолданылатын талшық түріне байланысты сақиналы тәсіл бірнеше түрлі болады.
Мақта жібі тарақты, кардты және аппараттық жіп иіру жүйесі бой-ынша алынады.
Тарақты жүйе – бойынша ұзын және орташа талшықты мақтадан орташа және жіңішке - 15,4 тен 5,8 текске дейін - мақта және аралас жіп иіріледі. Бұл тәсіл бойынша кардалы және тарақты тарау қолданылады, сондықтан жіңішке, біртегіс, біркелкі және берік жіп алынады, мұндай жіп жұқа, жоғары сапалы мата үшін қолданылады.
Кардалы тәсіл – бойынша орташа және ұзын матадан таза, химиялық талшықтармен араласқан түрінде сызықтық тығыздығы 83,3-11,8 текс- ке дейін жіп иіріледі және әртүрлі маталар үшін негізгі шикізат болып табылады.
Аппараттық тәсіл – бойынша жіп қысқа талшықты мақтадан және жіп иіру өндірісінің қалдықтарынан иіріледі. Бұл тәсіл бойынша та- рау машинасында алынған холстик арнайы қондырғының көмегімен бөлек жолақтарға бөлініп, созбаға жиырылып жіп иіру машинасына түседі. Аппараттық жіп жуан (50-250 текс), бос, үлпілдек, жуандығы бойынша біркелкі емес. Аппараттық жіп кардалық жіппен бірге аз қолданылады
9.Өндірістің кезеңдері мен процесстері. Тоқымшылыққа иірімжіптерді дайындау.
Иіру өндірісі негізгі 3 кезеңнен тұрады:
Текстиль талшықтарын иіруге дайындау – таспа дайындау.
Алдын-ала иіру – созба дайындау.
Иіру – иірімжіп дайындау.
Жіп иіру процесі негізінен келесі технологиялық операциялардан түрады: талшықтарды қопсыту, тазарту және түту, араластыру, тарау, таспа алу, яғни бір-біріне паралель орналастырылған талшықтардан таспа жасау, таспаны жіңішкелету немесе созба дайындау, жіп иіру, яғни ширату нәтижесінде жіңішкеленген таспаны үздіксіз жіпке айнал- дыру.
Қопсыту - нығыздалған (престелген) бумалардан талшықтарды босату және дөрекі қоқыстардан тазарту болып саналады. Біріншіден қатты нығыздалған бумалардан тісті немесе металды суырғыштармен (қаққыштармен) талшықтар жұлынып алынады, одан кейін қопсыту машинасының жұмыс органдарының соққылау нәтижесінде бір-бірінен ажыратылады.
Интенсивті қопсыту процесі - түту деп аталады. Талшықтарды түту машинасында араластырғанда майлау, яғни, эмульсиялау талшығын өңдейді. Майлау талшықтың электрленуін азайту, талшықтардың бір-бірінен ығысуын жеңілдету үшін жүргізеді.Түту машинасынан талшықтар жұқа қабат - холстик түрінде шығады, яғни талшық холстикте әр түрлі бағытта орналасқан шатасқан түрде болады.
Тарау - процесінде талшықтар ағыны тарау машинасының жұмыс органдарының әсерінен өтеді. Жұмыс органдарының беті инелі (кардалық) таспамен немесе қатты металды аралы таспамен қапталған. Транспортермен талшықты ағын инелі жазықтардың ара- сынан өтеді.
Осы қопсыту, түту процестерінен өткеннен кейін таспа алынады.
Созба жасау. Таспалық машинадан алынған біртегістелген таспа жуан болады, ал жіп алу үшін оны жіңішкелету қажет. Созбалық машиналарда созу қондырғысының көмегімен жіңішкелетіп, арнайы жәй ширату және орау механизмдері арқылы созба дайындалады.Таспа 6-30 есе созылады. Иірілетін жіптің жіңішкелігіне байланысты таспа 1 - 3 созба машинадан өтеді. Соңғы операцияда таспа жіптің сызықтық тығыздығына қарай керекті жіңішкелікке дейін созылады.
Жіп иіру. Созбаны берілген жіптің сызықтық тығыздығына сәйкес көрсеткішке дейін жіңішкелетіп, жіпке ширатып, арнайы собыққа (қағаз патрон) орайды.Жіп иіру арнайы иіру машинасында орындалады. Созба сақинаға кигізілген жүгірткіштің көмегімен ширатылып, бірден айналып тұратын собыққа оралады. Собық ұршыққа нығыз орнатылған. Сондықтан мұндай тәсіл ұршықты немесе сақиналы жіп иіру тәсілі деп аталады.Иіруге қолданылатын талшық түріне байланысты сақиналы тәсіл бірнеше түрлі болады.
Мақта жібі тарақты, кардты және аппараттық жіп иіру жүйесі бой-ынша алынады.
Тарақты жүйе – бойынша ұзын және орташа талшықты мақтадан орташа және жіңішке - 15,4 тен 5,8 текске дейін - мақта және аралас жіп иіріледі. Бұл тәсіл бойынша кардалы және тарақты тарау қолданылады, сондықтан жіңішке, біртегіс, біркелкі және берік жіп алынады, мұндай жіп жұқа, жоғары сапалы мата үшін қолданылады.
Кардалы тәсіл – бойынша орташа және ұзын матадан таза, химиялық талшықтармен араласқан түрінде сызықтық тығыздығы 83,3-11,8 текс- ке дейін жіп иіріледі және әртүрлі маталар үшін негізгі шикізат болып табылады.
Аппараттық тәсіл – бойынша жіп қысқа талшықты мақтадан және жіп иіру өндірісінің қалдықтарынан иіріледі. Бұл тәсіл бойынша та- рау машинасында алынған холстик арнайы қондырғының көмегімен бөлек жолақтарға бөлініп, созбаға жиырылып жіп иіру машинасына түседі. Аппараттық жіп жуан (50-250 текс), бос, үлпілдек, жуандығы бойынша біркелкі емес. Аппараттық жіп кардалық жіппен бірге аз қолданылады.
10.Мақтаны пневмо-механикалық әдіспен иіру.
Камерасыз пневмомеханикалық иіру тәсілі. Екі конденсорлы тәсіл.Белгілі бір конденсорлы әдіс қысқа зығыр талшықтарына қолданылады, ал екіконденсорлы әдіс болса жүнді химиялық талшықтады иіру үшін арналған. Талшықтар түрлі тығыздықта және ұзындығы 30-дан 150 мм-де 300 м/мин жылдамдықпен шығрылады. Алынған талшықтар тік бұрышпен (90°) екі конденсорлы иіру әдісімен алынған.
30°-40° бұрыштық дискреттік ағынмен берілген талшықтардан (химиялық, мақта талшығы) иірілген жіп алу үшін де екі конденсорлы әдіс қолданылады. Мұнда 15-тен 60 текс аралығындағы иірілген жіп 300 м/мин жылдамдықпен алынады. Екіконденсорлы иіру машинасының технологиялық схемасы. Тарау лентасы қоректендіруші цилиндр көмегімен диаметрі 400 мм, биіктігі 900 мм таздан алынады да тығыздаушыға өтеді. Дискреттеуші құрылғы, камералы пневмомеханикалық иіру машинасындағыдай қоректендіруші цилиндрді, столды, дискретті валикті қоқыс кетіруші құрылғы мен қаптама білікшені қосады. Дискретті талшықтардың ағыны ауа ағынымен дискреттеуші білік гарнитурасынан алынады. Сорылып алынған талшық арнайы пішін келтіруші конфузорға түседі. Дискретті талшық ағыны біртіндеп жоғарылайтын жылдамдықтан тұрады, бұл талшықтың жіңішкеруін қамтамасыз етеді. Талшықтардың ұзындығының қалыптасуы жіңішке перфоризациялы иіру барабандарының көмегімен жүреді. Талшықтың шығуы барысында өзінің өсі бойынша айналатын талшықты конус орналасады. Конустан өткен талшық шығарушы біліктен шығады.
11.Иіру өндірісінің екінші және үшінші кезеңдері. Иіру және алдын ала иіру процестерінің мағынасы.
Иірудің мақсаты ─ талшықтардан иірім жіп өндіру болып табылады. Мақта талшығы алғашқы өңдеуден өткенге қарамастан онда қоқыс-қалдықтар, ақаулар, қысқа талшықтар болады. Кипа түрінде престеліп келген талшықтардан біркелкі иірім жіп алу үшін ол қопсыту , тазарту, талшықтарды бір-біріне параллельдітүрде орналастыру, өнімді жіңішкелету, ширату операцияларынан өткізілуі қажет. Бұл операциялар біртіндеп орындалатын процесс болып табылады. Алдымен престеліп нығыздалған мақта қабаттары инелердің колкалы барабандарының әсеріне түсіп, соққыланып, бөлек бөліктерге ажыратылып, ірі қоқыс-қалдықтарданжәне ақаулардан ажыратылады. Барлық қопсыту-түту машиналары талшықтарды бір машинадан екінші машинаға жіберіп отыратын механикалық және пневмомеханикалық берілістері арқылы бір агрегатқа біріктірілген. 1. Қопсыту-түту агрегатынан холст өнімі алынады. Әрі қарай холст рулон түрінде оралып, тарау машинасына жіберіледі. Тарау машинасының тістері мен инелерінің арасынан өтіп, бөлек талшықтарға бөлініп, барлық ұзындық бойынша біркелкі таспаға айналады. 2. Тегістелген және параллель орналасқан таспалар ленталық машиналарға беріледі. Ленталық машиналарда бірнеше таспалардың біріктірілуі, тегістелуі және параллельденуі созу арқылы орындалады. Ары қарай осы таспадан жіңішкерек өнім ─ созба (ровница) алады.Созбаға беріктілік беру үшін оны аздап ширатады және келесі операцияларға транспортталуы ыңғайлы болуы үшін оларды катушкаға орайды. Ескерту. Пневмоиіру машиналарын қолданғанда бұл этап болмайды. 3. Пневмомеханикалық және сақиналы иіру машиналарында таспадан немесе созбадан иірім жіп дайындау және иіру процестері жүргізіледі. Иіру машиналарында өнім берілген сызықтық тығыздығы бойынша жіңішкертіледі және өнімге қажетті беріктік беру үшін талшықтардың ширатылуы мен патронға немесе шпульге оралуы орындалады.
12.Басты қосарлы иірмелі трикотаж өрімдердің құрылымдық сипаттамаларын жобалау әдістері
Трикотаж өрімдері деп трикотаждағы ілмектердің қосылуы мен белгілі орналасу тәртібін атайды. Қайталанған трикотажды өрімнің бөлігін раппорт деп атайды. Трикотажды өрімнің түрі әсіресе сыртқы сипатына, оның қалыңдығына, салмағына, созылымдылығына және басқа қасиеттеріне әсер етеді. Бүкіл трикотажды өрімдердің түрлерін тоқу тәсілі бойынша екі класқа бөледі: иірмелі (көлденең тоқылған) және желіжіптік (бойлай тоқылған). Сонымен қатар өрімдер жалаң және қосарлы, құрылымы бойынша тегіс және суретті болуы мүмкін. Өрімдері бойынша трикотаж жаймалары әртүрлі болады олар басты, туынды және суретті түрлерге бөлінеді.
Басты топқа ілмектердің мөлшері мен формасы бірдей өрімдер жатады. Басты өрімдерге мынадай түрлері жатады: иірмелі біртегіс, тізбекше, трико, атлас. Туынды өрімдер түрлері бірдей екі не одан артық басты өрімдердің үйлесуінен құрылады. Туындыға мына өрімдер жатады: біртегіс туындысы, трико туындысы, атлас туындысы және т.б. Басты өрімдерге қарағанда туынды трикотаж неғұрлым тығыз болады және аз сөгіледі. Суретті өрімдерді басты және туынды өрімдердің құрылымын өзгерту және сырттай эффектілерді алу үшін қосымша жіптерді қолдану арқылы алады. Осы өрімдер жаймалардың түріне әсемдік береді, сөгілуі мен созылуын төмендетеді және үлдір, түрлі-түсті, бедерлі өрнектерді құрайды.
Басты иілдіру өрімдері. Бұл топқа біртегіс, ластик, екі терістемелі өрімдер жатады. Біртегіс – біржақты иілмелі жалаң өрім, оң және теріс жағы өзгеше болады. Оң жағында тек ілмек таяқшалары көрініп, тегіс және жылтырболады. Терістемеде тек ілмек доғалары көрінеді, сондықтан өрімнің бұл жағы күңгірттеу, бұдырлы болады. Біртегіс өрімі төмендегідей қасиеттермен сипатталады. Созылымдылық. Созылымдылығы жоғары, әсіресе ілмек қатары (жаймаға көлденең) бойымен қатты созылады. Біртегістің бұл қасиеті оң қасиетінің бірі болып саналады. Созылымдылық созу кезіндегі деформация мөлшері және үзілу кезіндегі ұзару мөлшерімен сипатталады. Өрімнің түрі және иірімжіптің қасиетіне байланысты деформация серпімді жене серпінсіз болу мүмкін. Біртегістің құрылысы. 1-өңі, 2- терістемесі Ластик – оң және теріс жағы бірдей қосарлы өрім. Ластикте оң және терістеме ілмек бағаншалары кезегімен құралады. Созылмаған жайманың бетінде тек ілмек таяқшалары көрінеді (біртегістің оң бетіне ұқсас), сондықтан кейде осы трикотажды екі бетті деп атайды. Ластик деп қосарлы екі бетті иірмелі өрімді атайды, оның екі жағындағы ілмек бағаншалары заңдылы кезекпен алмасады. Қайталанған осындай кезектің бөлігін раппорт деп атайды. Оң және терістеме ілмек бағаншалардың кезектесу тәртібіне байланысты раппортта ластиктың 1+1, 2+2, және т. б. болады, мұнда бірінші сан оң ілмек бағаншаларының санын, ал екінші сан – терістеме санын көрсетеді. Ілмек бағаншалардың кезегі әр түрлі болғанда жайманың оң және теріс жағының айырмашылығы болады. Мұндай бұйымдарға мысалы, спорттық және сырт киім, сонымен қатар мынадай бөлшектер – шұлық-ұйықтардың ластигі (кемері), свитерлердің қаттамасы не жағасы және т. б. жатады. Ластиктің ені бойынша созылуы біртегіске қарағанда екі есе артық, ал ұзына бойынша біртегіспен бірдей. Ластик өрімін ластикті, фангілі және котонды машинада өндіреді. Екітерістемелі (айналмалы) трикотаж – қосарлы өрім, екі жағының құрылымы бірдей, біртегістің теріс жағына ұқсас (ілмек доғалары басым болады). Бұл өрім ілмек таяқшалары мен ілмек доғаларының алмасуынан алынады, яғни оң ілмек қатары теріс қатарымен алмасады. Айналмалы трикотажды сырт киім (жәкет, жилет, жемпір), жаулық, басқа тартатын орамал алу үшін қолданады. Оларды өндіру үшін жазық және шеңберлі айналмалы машиналарды пайдаланады.
13.Мақтаны тарақты жүйемен иіру. Мақтаны пневмо-механикалық әдіспен иіру.
Мақтаны тарақшалы жүйемен иіруде сызықтық тығыздығы кіші иірім жіптер өндіріледі. Тарақшалы иірімжіптерді тоқу және трикотаж өндірісінде, текстильді – галантереялалық бұйымдар өндіруде қолданылады. Тоқу өндірісінде тарақшалы иірімжіптен жоғары сапалы маталарды өндіреді: батист, поплин, плащтық маталарды, вельвет, бархат т.б. сондай –ақ тарақшалы иірімжіпті техникалық маталарды өндіруде қолданылады. Шөткелі тарау жүйесінен айырмашылығы: тарақты жүйеде талшықты материал 2 рет таралады:
Тарау машинасында
Тарақты тарау машинасында.
Тарақшалы тараудың мақсаты – таспадан түйіндер, қоқымдар түріндегі өте ұсақ қоспалар мен қысқа талшықтарды алып тастау және де талшықтарды өнімнің бойымен ориентациялау, түзету және параллель орналастыру.
Тарақты тарау жүйесі қосымша 2 операциядан тұрады:
Тарақты тарауға дайындау
Тарақты тарау.
Тарақшалы иіру жүйесінде шөткелі жүйедегідей машиналар қолданылады, бірақ онда қосымша 2 машина – лента қосқыш және тарақты тарау машиналары ориентацияланған. Шөткелі тараумен жүргізілетін тарақты иіру жүйесінде, тарақшалы тарау машинасында қосымша тарау операциясы жүреді. Одан алынған таспаны жіңішкелету қондырғыда созу арқылы жүргізіледі. Бұл жүйе бойынша берік, тегіс, таза, жылтыр және жіңішке иірім жіп өндіріледі. Жіңішке талшықты мақтадан сызықтық тығыздығы 5-11,5 текс болатын, ал жіңішке және дөрекі ұзынталшықты жүннен сызықтық тығыздығы 15-42 текс болатын иірім жіп өндіріледі.
Тарақшалы иіру жүйесімен иірім жіпті өндіру шөткелі иіру жүйесіне қарағанда көп ауысымдардан тұратын болғандықтан мұнда өте қымбат шикізат қолданылады және де қалдықтар көп қалады. Сондықтан да тарақшалы иірімжіптің өзіндік құны жоғары болып келеді. Мұнда талшықтың жалпы массасының 20%- ын қалдықтар құрйды.
14.Камерасыз пневмомеханикалық иіру тәсілі. Екі конденсорлы тәсіл.Белгілі бір конденсорлы әдіс қысқа зығыр талшықтарына қолданылады, ал екіконденсорлы әдіс болса жүнді химиялық талшықтады иіру үшін арналған. Талшықтар түрлі тығыздықта және ұзындығы 30-дан 150 мм-де 300 м/мин жылдамдықпен шығрылады. Алынған талшықтар тік бұрышпен (90°) екі конденсорлы иіру әдісімен алынған.
30°-40° бұрыштық дискреттік ағынмен берілген талшықтардан (химиялық, мақта талшығы) иірілген жіп алу үшін де екі конденсорлы әдіс қолданылады. Мұнда 15-тен 60 текс аралығындағы иірілген жіп 300 м/мин жылдамдықпен алынады. Екіконденсорлы иіру машинасының технологиялық схемасы. Тарау лентасы қоректендіруші цилиндр көмегімен диаметрі 400 мм, биіктігі 900 мм таздан алынады да тығыздаушыға өтеді. Дискреттеуші құрылғы, камералы пневмомеханикалық иіру машинасындағыдай қоректендіруші цилиндрді, столды, дискретті валикті қоқыс кетіруші құрылғы мен қаптама білікшені қосады. Дискретті талшықтардың ағыны ауа ағынымен дискреттеуші білік гарнитурасынан алынады. Сорылып алынған талшық арнайы пішін келтіруші конфузорға түседі. Дискретті талшық ағыны біртіндеп жоғарылайтын жылдамдықтан тұрады, бұл талшықтың жіңішкеруін қамтамасыз етеді. Талшықтардың ұзындығының қалыптасуы жіңішке перфоризациялы иіру барабандарының көмегімен жүреді. Талшықтың шығуы барысында өзінің өсі бойынша айналатын талшықты конус орналасады. Конустан өткен талшық шығарушы біліктен шығады.
15.Трикотаж өрімдері.Туынды иілдіру өрімдері.
Трикотаж өрімдері деп- трикотаждағы ілмектердің қосылуы мен белгілі орналасу тәртібі.Қайталанған трикотажды өрімнің бөлігін раппорт д.а.Трикотаж өрім түрлері тоқу тәсілі бойынша:Иірмелі,желіжіптік б.б.Өрімдері б-ша басты,туынды,суретті. Басты-ілмектердің мөлшері мен формасы бірдей өрім жатады. Мысалы: иірмелі, біртегіс, тізбекше,трико,атлас.Туынды-түрлері бірдей 2 н-е одан артық басты өрімдердің үйлесуінен құралады.М:Біртегіс туындысы, трико туындысы, атлас туындысы.Суретті - өрімдерді басты ж-е туынды өрімдердің құрылымын өзгерту және сырттай эффектілерді алу үшін қосымша жіптерді қолдану арқылы алады.Көлденең тоқылған трикотаж өрім-ң басты иілдіру өрімдері:біртегіс,ластик, екітерістемелі өрімдер. Біртегіс- біржақты иілмелі жалаң өрім,оң және теріс жағы өзгеше.Оң жағында ілмек таяқшалары көрініп,жылтыр болады. Терістемеде тек ілмек доғалары көрінеді.Біртегіс өрімі төмендегідей қасиеттермен сипатталады: Созылымдылық- созылымдылығы жоғары,әсіресе ілмек қатары бойымен қатты созылады.Ластик- оң және теріс жағы бірдей қосарлы өрім.Кезек-кезекпен орналасады. 1+1, 2+2. Мұнда бірінші сан-ілмек бағанының саны, екінші сан- терістеме саны б.т.М: спорттық,сырт киім,шұлық-ұйық ластигі,свитер қаттамасы н/е жағасы.Ластик өрімін ластикті,фангілі, котонды машиналарда өндіреді. Екітерістемелі трикотаж – қосарлы өрім,екі жағының құрылымы бірдей, біртегістің теріс жағына ұқсас.Бұл өрім ілмек таяқшалары мен ілмек доғаларының алмасуынан алынады.М: айналмалы екі трикотажды сырт киім (жакет, жемпір) жаулық үшін қолд.Жазық,шеңберлі, айналмалы машиналарда өндіріледі. Туынды иілдіру өрімдері.Туынды өрімдер екі үш және одан көп түрі бірдей басты өрімдердің қиылысуынан алынады.Бұл өрімге туынды біртегіс,интерлок жатады. Туынды біртегіс- жалаң өрім, екі иілмелі біртегістің үйлесуінен тұрады.Артықшылығы- үзілгенде ілмектердің тарқатылуға тқзімділігі жоғары, бұл жай шұлық,спорттық жіне басқа да бұйымдарда аса маңызды.Туынды біртегістің ерекше айырмашылығы- аралықтарының болмауы.Қарапайым біртегіске қарағанда берік,сырт киім трикотажында қолд.Трикотаж шеңберлі тоқыма машиналарынрда өндіріледі.Интерлок- қосарлы өрім,екі айқасқан ластиктің үйлесуінен тұрады, бір-біріне теріс жағымен қосылған Жайманың оң мен теріс жағы бірдей оң ілмек бағаншалардан тұрады
16.Мақта иірімжібін жобалау.Мақта иірімжібінің құрылымдық сипаттамаларын жобалау әдістері.
Мақта иірімжібінің негізгі қасиеттеріне: иірімжіптің ұзындығы, үзілу ұзындығы, қалыңдығы, беріктігі, сызықтық тығыздығы, иіру қабілеті т.б. жаталды.Мақта иірімжібінің үзілу ұзындығын анықтау. Мақта талшағынан иірімжіптің белгілі қалыңдығын ( нөмірін) алу үшін талшықтар мен ииірімжіп арасындағы қатынасты анықтау керек.Ол профессор А.Н.Соловьевтың формуласымен анықталады:
P0=Lp=P/Tв(1-0.0375H0-2.65/түбір астыT/Tв)(1-5/Lш)Kню
Мұндағы: Lp-иірімжіптің үзілу ұзындығы,
P- талшықтардың беріктігі,
Tв-талшықтардың қалыңдығы
Т-иірімжіптің қалыңдығы
H0-иірімжіптің біркелкісіздігі
Lш- талшықтардың штапельді ұзындығы
Ню-құрал-жабдықтың жағдайын сипаттайтын коэффициент.
Жалаң қабат жіптің беріктігі бойынша біркелкісіздігін анықтау:Hp=(H0+70.7/түбір астыT/Tв)a
Талшықтардың иілу қабілетін анықта.Жалаң қабат жіптің беріктігі бойынша біркелкісіздігін және үзілу ұзындығын анықтау қатар,берілген типті және сортты мақта талшықтарынан қандай иірім жіп шығаруға болатынын анықтау.Яғни, иірімжіптің минималды мүмкін қалыңдығымен максималды мүмкін номерін анықтаймыз.Ол үшін шикізаттың комплексті сумарлы көрсеткішін шығарамыз.Иірімжіптің минималды мүмкін қалыңдығын анықтау дегеніміз- осы сортты мақта талшықтарынан стандартқа сай иірімжіп шығару болып табылады.Талшықтардың иіру қабілеті 1 кг шикізаттан алынатын иірімжіптің максималды ұзындығы стандартқа сәйкес болу керек.
17.Ілмек құрау принциптері.Ілмек құрау үрдісі іліп тоқитын ине ,жіпжүргізгіш,платина және престер жұмыс органдары көмегімен орындалады.Іліп тоқитын инелердің түрлері: ілгекті, тілшікті, құбырлы, қуыс болады. Жіп жүргізгіш- болаттан жасалған жайпақ өзек,оның тесігі арқылы жіпті өткізіп, инеге салады. Платиналар- болаттан жасалған түрлі фигуралы жіңішке тілімше, инелердің арасында орналасады. Қызметі: жіпті ілмекке иілдіру,иненің өзегі бойымен жылжыту және жаңа ілмекті түсіру мен тарту операцияларына қатысу.Пресс- иненің ілгегін жабады.Формасы: білеуше, доңғалақша, етікше тәрізді, иненің үстінде н/е алдында орналасады. Ілмек құрау үдерісі екі тәсілмен орындалады. Трикотажды, іліп тоқу. Трикотаж тәсілінде ілмек құрауды бастау үшін бұрынғы ілмектер қатары болу керек.Ілмек құрау үдерісі бірізді 10 операциядан тұрады: 1)аяқталу 2)жіпті салу, 3)иілдіру, 4)шығару, 5)престеу, 6)келтіру, 7)қосу, 8)түсіру, 9)қалыптастыру, 10)тарту.1-аяқталу- операцияның маңызы, бұрынғы ілмек платинаның көмегімен иненің өзегі бойынша төменгі негізіне қарай жылжиды,нәтижесінде жаңа жіпті салатын аралық п.б..2 жіпті салу- эаңа жіп жіп жүргізгіштің көмегімен иненің көзіне салынады.3 иілдіру- инеге салынған жаңа жіптің иілуі,платина көмегімен орындалады.4 шығару- платиналар көмегімен жаңа тұйықталмаған ілмекті ине ілгегінің астына шығарады. 5престеу-иненің ілгегін оның өзегіндегі ойысқа батырады.Мақсаты бұрынғы ілмекті ілгектің астына кіргізбеу.6 кептіру- бұрынғы ілмекті престелген инелердің ілгегіне алып келу.7қосу-бұрынғы ілмек иненің ілгегі бойынша жылжып,жаңа ілмекпен қосылады.8түсіру-бұрынғы ілмек инелердің басынан жаңа құрылған ілмекке түседі.9 қалыптастыру- жаңа ілмек соңғы формасын қабылдап,алдыңғы ілмектер арқылы созылып солармен мөлшері бірдей болады.10 тарту- құрылған ілмектің қатарын арнайы механизм тартады.Тартудан кейін ілмек құрау үдерісі қайталанады. Тоқу тәсілімен иілдіру машинаның тілшікті инелі түрінде және жәліжіптік машиналарында инелердің барлық түрінде қолд.Ілмек құрау үдерісі 10 операциядан тұрады:1-аяқталу, 2-жәптә салу, 3-шығару, 4-престеу,5-келтіру, 6-қосу, 7-иілдіру, 8-түсіру, 9-қалыптастыру, 10- тарту.Тілшікті инелі машиналарда ілмек құрау органдары ретінде тілшікті ине, жіпжүргізгіш, тойтарыс жазықпен болады.Тойтарыс жазықтың мақсаты: бұрынғы ілмекті инеден түсіру.
18.Жібек және жібек өндірісі. Жібек иірудің дамуы. Жібек– жібек құртының пілләсынан өндіріліп, тоқыма-мата өнеркәсібінде пайдаланылатын табиғи талшық. Кейде сондай талшықтан тоқылған матаны да жібек деп атайды. Жібек құрты қуыршаққа айналар алдында арнаулы бездері бөлетін жібек жіпше – піллә түзеді. Өндірістік жібек, негізінен, тұт ағашының қолдан өсірілетін (асыранды) құртынан және жабайы емен құртынан алынады. Асыранды жібек құрты барлық жібектің 90%-ын береді. Көп еңбек қажет ететіндіктен, жібек ең қымбат саналады. Сондықтан қазір жасанды жібек өндірісі жолға қойылған. Жалғыз пілләдан алынған талшық тым жіңішке болатындықтан, тікелей өндірісте қолданылмай, тек жібек қасиетін зерттеу үшін пайдаланылады. Жібектің механикалық қасиеттері жоғары, әрі жақсы диэлектрик, 120 – 130°С ыстыққа төтеп береді, тек 160 – 170°С-та ғана ыдырай бастайды. Табиғи жібек талшықтарынан тоқылған маталарды адамдар ерте замандарда-ақ жоғары бағалаған. Жібек құрты қазір тек Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кейбір аудандарында, Қытай, Жапония, Үндістан және т.б. елдерде өсіріледі ЖІБЕК ИІРУ – жібек өндіретін өнеркәсіптердегі жібек талшығынан жіп дайындаудың технологиялық процесі. Негізгі шикізат ретінде піллә қалдықтары мен жібек жіптерінің қиқымдары, шатасқан талшықтар пайдаланылады. Ж. и. шикізатты сұрыптау, кесу, желімсіздендіру, қопсыту, тарау, шүйкелеу және иіру процестерінен тұрады. Шикізат сапасына қарай сұрыпталады, жабысқақ талшықтардан, майдан ажыратылады, қайнату арқылы желімсіздендіріледі. Қопсыту кезінде шатасқан талшықтардың арасы жазылып, талшық иіруге икемді, қысқа кесінділерге бөлінеді. Тарағанда талшық жігі ашылып, ұзынынан сараланады.Таралудан шыққан талшықтар шайырдан арылту цехында сілкуден өтеді де, тарақтап түту машинасына беріледі. Тарау процесі өңделіп отырған талшықтан 0,02 – 0,03 нөмірлі, ұзындығы 1,5 – 3 м жіп алынғанға дейін жүргізіледі. Дайын жіп әбден тазаруы үшін екі ұшынан бірдей сыдырылады да, арнаулы білікке оралады. Жібек жіп өте жіңішке болып иіріледі.
19.Таспалық машинадағы таспаның созындысын есептеу
Таспалық машиналарға Л2 – 50 – 1М, Л2 – 50 – 220, Л2 – 50 – 1 машиналары жатады. Оларда келесі үрдістер орындалады:
Созу аспабында таспаны жіңішкерту үшін созу
Талшықтарды түзету және қатарластыру
Талшықтарды араластыру және таспаны жуандығы бойынша біртегістеу үшін біріктіруЗаттың жуандығын автоматты түрде реттеу.Таспадан иірімжіп алу үшін оны жүздеген есе жіңішкерту қажет. Иіру машиналарының көбінде таспаны мұндай жіңішкертуге мүмкіндігі жоқ. Сондықтан жартылай өңделген зат созба жасалынады. Созба жасауды алдын ала иіру, ал машиналарды созба жасағыш машиналар деп атайды.
Созба жасау машиналарында келесі үрдістер орындалады:
Таспаны жіңішкерту үшін тартып созу .Созылған таспаны яғни таспа мен созба арасында өтпелі затты ширатып күшейту. Созбаны катушкаға орау.
20. Құрғақ кокондардың және жіптерінің қасиеттері
Жібек құрты – құмырсқаларға байланысты алынған. Бұл даму төрт тәсіл арқылы орындалады:1) Жұмыртқа 2) Қырықбуын (құрт) 3) қуаршақ 4) көбелек.Жазда тұтты жібектің көбелектері жұмыртқаға айналады, сосын келесі жылдың көктем мезгіліне дейін арнайы орындарда +2..+40 С температурада, ал ылғалдылығы 65-70% сақталады. Жұмыртқаларды дайындау мен сақтау мамандандырылған кәсіпорындарда жүзеге асады, суперэтилент және этилен – тұқымдық жібек станциясында, ал тұқымдық және өнеркәсіптік – жұмыртқа заводтарда іске асады.Балапан басып шығару мерзімі 20 күн. Бұл балапанның өсуіне байланысты температурада аздап өседі.ЖІБЕК КӨБЕЛЕГІ – қабыршақ қанаттылар отрядының  көбелектер тұқымдасы. 20-ға жуық түрі бар. Әсіресе қолға үйретілген түрі – тұт Жібек көбелегінің маңызы зор. Ол Қазақстанның оңтүстігінде. Қанатын жайғандағы ұзындығы 4 – 6 см, ақ түсті. Ұрпақ беруіне қарай моно және поливольтинді болып бөлінеді. Жұмыртқасы қыстап шығады. Пілләдан шыға салысымен шағылысады. Ұрғашысы 2 – 3 тәулікте 500 – 700 жұмыртқа салады. Жұмыртқаның даму кезеңі 10 – 12 тәулікке созылады. Жібі Өте берік, ұзындығы 1000 – 1500 м жібек талшығынан тұратын пілләні 3 тәулікте түзеді. Бұл талшықтар жұлдызқұрттарының өрмек бездерінен бөлінеді. Жібек талшықтары құрамында күрделі Aмин қышқылдарының кешені болуына байланысты өте берік әрі эластик. қасиетке ие болады. Ұрғашыларына қарағанда еркектерінде жібек талшығы 20%-ға көп болады. Қуыршағы 10 тәулікте дамиды. Қазіргі кезде Жапонияда, Қытайда, Үндістанда, Кореяда, Үндіқытай елдерінде өсіріледі. Тұт Жібек көбелегінің пілләсі жібек мата тоқу үшін пайдаланылады.
21.Тоқу станогында маталар дайындау Дайындалған желі және арқау жіптер тоқу станогына келіп түседі.Тоқу станогына мата қалыптастыру циклдік үрдіс болып саналады. Ол бес операциядан тұрады:
Үзу ашылуы
Арқау жіпті салу
Арқау жіпті матаның жиегіне қағу
Желі жіптің бойлықпен жылжуы
Матаның тауар білігіне оралуы
Тоқу станоктарының барлығында негізгі және көмекші механизмдер болады. Негізігі механизмдерге станоктың тұлға сүйеніші және тартпадан желі жібін тарту және жіберу механизмінен тауарлық реттеуіштен күзу ашылу механизмінен батанның және соғу механизмдерге арқаулық шөлмектерді автоматты түрде ауыстыру механизмі желі бақылағыш құлыптың механизмі және т.б. Олардың бәрі жұмыс қауіпсіздігін сақтауға матаның сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады. Матаны қалыптастыру принципі бойынша екі түрі болады:Матаны кезеңмен және бір зоналық үрдіспен қалыптастыру кезеңдері.Матаны толассыз және көп зоналық қалыптастыру кезеңдері
22.Жүн және химиялық талшықтардан иірімжіп өңдіру өндірісі.Жүн және химиялық талшықтарды қопсыту түту агрегаты мақта тарамдарын жаңғақтарды қоқыстан тазарту үшін УО – 1 қалдық тазарту машинасы қолданады. Сондай ақ ҮУ типті қалдық тазарту машинасыда қолдануға болады. Машина агрегат ретінде қолданылады. Қопсыту және тазаоту үздіксіз орындалады. Сондықтан оның өнімділігі УО – 1 ға қарағанда 2- 2,5 есе жоғары. Созба қалдықтарын дайындауға Щ- 850 шымшылау машинасы мата тоқу және трикотаж қалдықтарын дайындауға бір және көп барабанды шымшылау машиналары қолданылады. Алдын ала дайындаудан өткен шикізат құрамы араластырылады. Араластыру қолмен шымшылау араластыру машиналарымен немесе механикаландырылған лабазалардың көмегімен автоматтандыру әдіс арқылы орындалады. Талшық иілгіш жұмсақ болу үшін эмульсиямен өңделеді, эмульсияның құрамы олеин саляр, машина майлары кіреді. Араластыру машиналарында талшықтар эмульсия шашырату арқылы майланады.Дайындалған қоспаны тарау және одан созба қалыптастыру үшін тарау аппараттары қолданады.
23.Тарау машинасының жұмысы мен құрылысыТарау қондырғысы текстиль өндірісінде талшықты материалдарды тарауға арналған. Текстиль қондырғысының бұл түрі иіру өндірісінде және беймата өндірісінде де жиірек қолданылуда. Тарау машиналары 2 типке бөлінеді: 1)Кардты тарау 2) Тарақты тарау. Бұдан басқа тарау машиналарын қолдану аясына байланысты 2 типке бөлуге болады:
Қалпақты машина – қысқа химиялық талшықтар мен мақта талшықтарын өңдеуде қолданылады.
Білікшелі машиналар – жүн, дөрекі табиғи талшықтар және беймата өндірісінде ұзын химиялық талшықтарды өңдеуде қолданылады.
Тарау машинасында келесі үрдістер жүргізіледі:
Мақта шүйкелерін жеке талшықтарға бөлу
Толығымен қоқыстардан және ақауы бар талшықтар мен шаң-тозаңнан тазарту
Толығымен қысқа және өлі талшықтардан тазарту
Толығымен талшықтарды араластыру
Талшықтарды түзету және қатарлау
Холстіні таспаға түрлендіру
Мақта иіру өндірісінде тарау машиналарының әр түрлі үлгілері жұмыс істейді: қарапайым көлемді 4-450, ЧМ-450, ЧМС-450, кіші көлемді ЧММ-450 мен ЧМВ-450,бұл машиналардың маркалары жетілдірілген. ЧМС машинасы:1 – қоқыс алу қондырғысы; 2 – угар шығару механизмі; 3 – прочес шығаруға арналған біліктер; 4 – қайырмалы қалпақша; 5 – жазу білікшесі; 6 – қоректендіру столы; 7 – қоректендіруші цилиндр; 8 – қабылдағыш барабан; 9 – басты барабан; 10 – қалпақшалар; 11 – алынбалы барабан; 12 – алынбалы тарақ; 13 – плющтеуші білікшелер; 14 – таспатөсеуші; 15 – алынбалы білікше; 16 – жұмысшы білікше. Қоқыс қалдықтары угар камерасына шығарылып, ол жерде механизм (2) арқылы машинадан шығарылады. Одан әрі талшықтар қабылдау барабанынан негізгі барабанға (9) өтеді. Келесі процесс мақтаны тазарту мен бөлу негізгі барабан гарнитуралары мен қалпақшалар (10) арасында өтеді. Таралған, тазартылған және біршама түзетілген талшықтар негізгі барабаннан алынбалы барабанға (11) өтеді. Алынбалы барабаннан талшықтар жұқа мақта – прочес түрінде тарақпен (12) алынып, лентажасаушы воронка мен плющтеуші білікшелерге (13) түседі. Плющтеуші білікшелерден таралған таспа лентатөсеушіге (14) жіберіледі, ол жерде қосымша тығыздалып тазға орналастырылады.
24.Тоқу станогында маталар дайындау
Дайындалған желі және арқау жіптер тоқу станогына келіп түседі.Тоқу станогына мата қалыптастыру циклдік үрдіс болып саналады. Ол бес операциядан тұрады:
Үзу ашылуы
Арқау жіпті салу
Арқау жіпті матаның жиегіне қағу
Желі жіптің бойлықпен жылжуы
Матаның тауар білігіне оралуы
Тоқу станоктарының барлығында негізгі және көмекші механизмдер болады. Негізігі механизмдерге станоктың тұлға сүйеніші және тартпадан желі жібін тарту және жіберу механизмінен тауарлық реттеуіштен күзу ашылу механизмінен батанның және соғу механизмдерге арқаулық шөлмектерді автоматты түрде ауыстыру механизмі желі бақылағыш құлыптың механизмі және т.б. Олардың бәрі жұмыс қауіпсіздігін сақтауға матаның сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады. Матаны қалыптастыру принципі бойынша екі түрі болады:
Матаны кезеңмен және бір зоналық үрдіспен қалыптастыру кезеңдері
Матаны толассыз және көп зоналық қалыптастыру кезеңдері
Тізбе орағыш тоқу станогының ұяларына орналастырылады. Тізбе орағыштан желі жіптері төгіліп, оқтауша деп аталатын білікшені жанай өтіп, ламельдерден, галевтің көздерінен және бердоның тістерінен өтеді. Әрбір желі жібі ремизкалардың біреуінің өзіне сәйкес галевінің көзі арқылы өтеді. Ремизкалардың галевтерімен бірге кезекпен көтеріліп төмен түскенінен желі жіптері күзу жасайды. Күзуге арқау жіп салынады. Бердо батан механизмінің тербеліспен қозғалуынан алға қарай қозғалғанда арқау жібін матаның шетіне қағады да, артқа қарай кетеді. Алынған мата белтемірді және білікті жанап өтіп, тауар реттегішпен әкетіліп, тауар білігіне оралады. Осы операциялардың бәрі матаның әрбір элементін қалыптастырғанда қайталанады. Матаның жаңа элементі батанның әрбір соғуынан жасалады.
25Иіру аппаратты иірімжіптің қалыптасуыАппаратты жүйе бойынша иірімжіпті өндіру келесі машиналармен болады:Сақиналы,Пневмомеханикалық,Ротор иіру
Сақиналы иіру машиналары аппараттық жүйесінде қолданылады, Маркалары әр түрлі болады, М-88Ш ПБ-114Ш ПБ132Ш Бұлардың басқа ерекшелігі ұршық үстінде арнайы соптама болады.Барлық иіру тәсілдерінің иіру машиналары келесі операцияларды орындауға арналған; әр түрлі конструкциялы созу қондырғысы арқалы таспаны немесе созбаны жіңішкерту. созу шамасы 10-100дейін жетеді; ширату механизмінің көмегімен жапсарлас заттан берік жіп қалыптастыру. сақиналы ұршықсыз машиналарда пневмотикалық камера орындайды; дайын жіпті орағыш собыққ орау
26.Жіңішке жүн мен химиялық талшықтарды тарақты иіру жүйесімен өңдіруТарақты жіп иіру жүйесі бойынша жіпті жүннің ұзын талшығынан иіреді. Тарау аппаратында таспа біртегістеп таралынады. Тарақты таспа жіңішкелігі бойынша тағыда біртегістелініп, жіңішкелетіп жіп иіру машинасына жіберіледі.Тарақты жіп біртегіс, біркелкі Т- 55,6 - 14,3 текс, жұқа көйлектік, костюмдік және пальтолық материалдар үшін қолданылады.
27.Ширату өндірісі.Ширатылған иірімжіп және оның қасиеттеріШирату процестің негізгі мақсаты-біртекті және берікті иірімжіптер алу. Жоғары сапалы мата, тігін жіптер және тігін бұйымдары бұйымдарын шығару үшін ширатылған иірімжіптерді пайдаланады.Ширату процессі екі тәсілмен орындалады: Біріншіден, бірнеше ұштарын бірге қосып ширатады, сосын алынған ширатылған иірімжіпті екінші рет бірнеше ұштарын қосып ширатады. Бірінші алынған жіп- бірширатым жіп, екінші ретте алынған жіп- екіширатым жіп деп аталады.
Қабатталған және ширатылған жіптердің сызықтық тығыздығы қорытындылайтын (К) сызықтық тығыздық деп аталады. Сызықтық тығыздықты және қорытындылайтын сызықтық тығыздықты номиналды, нақтылы, кондиционды деп бөледі.Номиналды сызықтъщ тыгыздъщ ТН өндіруге жоспарланған, жалғыз жіптің сызықтық тығыздығы.Қорытындылайтын номиналды сызықтық тығыздық Кн жіптерді ширату үшін және өндіруге қажетті қабатталған жіптердің сызықтық тығыздығы.Нақтылы (нәтижелі) сызықтық тыгыздықты Тф (Кф) тәжірибе арқылы анықтайды.Оларды қарапайым материал үлгілерін өлшеп және кондиционерленгеннен кейін текспен есептейді:
Т.=1000Ет/1 немесе К. =1000Ет/1
мұндағы, Ет-қарапайым үлгілердің жалпы массасы, г; 1-қарапайым үлгілердегі жіптердің ұзындығы, м; п - қарапайым үлгілердің саны.Кондиционды сызықтық тығыздық Тк және нәтижелі сызықтық тығыздықта Кк нормалы ылғалдылыққа сәйкес келтірілген жалғыз немесе ширатылған жіптердің нақты сызықтық тығыздығы. Ол көрсеткіштер келесі формуламен есептелінеді:
Тк=Тф (100+^н)/(100+^ф), Кк=Кф (100+^/(100+^,
мұндағы, ^н - жіптердің нормалды ылғалдылығы,%; ^ф- жіптердің нақтылы ылғалдылығы, %.
Кондиционды сызықтық тығыздықтың Тк номиналдыдан Тн салыстырмалы ауытқуы ё мөлшерленген көрсеткіштер болып есептелінеді. Оларды процентпен келесі формула арқылы анықтайды:
5=Тк-Тн/Тн*100 немесе 5=Кк-Кн/Кн*100.
Сызықтық тығыздықтың көрсеткіштері жіптің тығыздығының жанама сипаттамасы болып табылады. Жіптің сызықтық тығыздығының көрсеткіштері артқан сайын жіп қалың болады. Бірақ, ол талшықтың құрамы бірғана түрден тұратын жіптердің қалыңдығын көрсетеді. Ал, тігін жібінің қалыңдығын сипаттау үшін шартты белгілер қолданылады. Шартты белгі артқан сайын, тігін жібі жіңішке болады. Киім тігу үшін тігін жібін таңдауда ең негізгі көрсеткіш жіптін диаметрі болып саналады. Оны есептік және эксперименттік әдістермен анықтайды. Сынаудан бұрын иірім жіптің ширату бағытын анықтайды. Ол үшін жіптің қысқа бөлігін тік жағдайда екі қолдағы екі саусақтың арасына қосып, оның төменгі шетін тарқату керек. Егер осы бөліктің жоғарғы шеті сағат бағыты бойынша тарқалса, онда жіп 2 болғаны, ал егер қарама қарсы бағытта қозғалса, онда 8 болғаны. Жіптің ширату бағыты бұйым тоқу технологиясында оның физика-механикалық және тұтыну қасиеттеріне әсерін тигізеді.
28.Қайта қалпына келтірілген жүнді қайталама шикізаттан және тігін өндірісінің пішім қалдыктаранан дайындау. Тігін өндірісінің қалдықтарынын тұтынылған бұйымдарды қайтадан өндеу нәтижесінде алынған және иіру өндірісінің иіруге жарамсыз қалдықтары, тоқыма кәсіпорындарына басқа қалдықтарыды беймата өндіруге қолданлады. Қажетті шикізат ретінде табиғи және химиялық талшықтарды.Беймата - ұзьндығы 3 мм-ден қысқа емес талшыктардан немесе жіптерден жасалған жайғақтардың бір немесе бірнеше кабатталуынан жасалынатын жайма.Беймата жайғақты алу технологиясымен ажыратылады.Беймата жаймалар матаға ұқсас көрінеді, бірақ құрылымы және қасиеттері бойынша айырмашылығы көп. Бекітудің 3 әдісі белгілі: механикалық, физика-химиялық және аралас. Механикалық әдістермен өндірілетін бейматаларға іліп тоқыла тігілген жайма, инетесімді және киізбасылым жайма жатады.Механикалық әдістермен өндірілетін бейматаларға іліп тоқыла тігілген жайма, инетесімді және киізбасылым жайма жатады. Іліп тоқыла тігілген жайма дайындағанда талшықты жайғақтарды жаймаға бекіту оларды тартылған жіптермен немесе талшықпен іліп көктеу қолданылады.
Инетесімді беймата жайманы жасағанда ұшында кетікшелері бар арнайы инелермен тесу арқылы жоғары қабаттағы төменге қарай енгізіп жайғақты бекітеді.Бейматаның киіз бастыру тәсілімен беймата жүн немесе құрамында жүн басым болатын жайғақты арнайы ортада және жағдайды механикалық әсер ету әдісімен жасайды. Жүн талшықтарының бір бірімен ілінісу нәтижесінде жайғақ киізденеді.Физика-химиялық тәсілмен бейматаны жайғактарды сұйық байланыстырғыш заттар (желімдер) арқылы біріктіру немесе ыстық пен әсер ету әдісімен (престеу) жасайды.Аралас тәсілге жоғарыда аталған тәсілдердің екі немесе одан көбін қолдану арқылы алу жатады.
29.Тоқу. Тоқу станоктары.11944351071880Тоқу станогында мата қалыптастыру циклдік үрдіс болып саналады. Ол бес операциядан тұрады: үзу ашылуы, арқау жіпті салу, арқау жіпті матаның жиегіне қағу, негіз жіптің бойлықпен жылжуы, матаның тауар білігіне оралуы.
Тоқу станогының технологиялық сұлбасы суретте көрсетілген. Тізбе орағыш (1) тоқу станогының ұяларына орналастырылады. Тізбе орағыштан негіз жіптері (2) төгіліп, оқтауша (3) деп аталатын білікшені жанай өтіп, ламельдерден (4), галевтің көздерінен (5) және бердоның тістерінен (6) өткізіледі. Әрбір негіз жібі ремизкалардың біреуінің өзіне сәйкес галевінің көзі арқылы өтеді. Ремизкалардың галевтерімен бірге кезекпен көтеріліп төмен түскенінен негіз жіптері күзу жасайды. Күзуге арқау жіп (7) салынады.Бердо (6) батан механизімінің (8) тербеліспен қозғалуынан алға қарай қозғалғанда арқау жібін матаның шетіне (9) қағады да, артқа қарай кетеді. Алынған мата белтемірді (10) және білікті (11) жанап өтіп, тауар реттегішпен әкетіліп, тауар білігіне (12) оралынады.Осы операциялардың бәрі матаның әрбір элементін қалыптастырғанда қайталанады. Мата өндірілгенде және оны қалыптастыру зонасынан әкеткенде тізбе орағыш айналып, негіз жіптер бойлығымен жылжиды.Мата өнеркәсібіне әр түрлі тоқу станоктары қолданылады. Оларды келесі принциптер бойынша топтастыруға болады:
- матаны қалыптастыру принципі бойынша 2 түрі болады;
- матаны кезеңмен және бір зоналық үрдіспен қалыптастыру ста- ноктары, матаны толассыз және көп аймақтық үрдіспен қалыптастыру станоктары. Арқау жіпті салу тәсілі бойынша қайықты тоқу станоктары қайықсыз станоктары;
- жекеленген механизмінің түріне қарай эксцентриктік, кареткалық және жаккардтық станоктар, жұмыс ені бойынша енсіз (100 см) және енді (120-175-250 см) станоктар, соғу механизімінің жүйесі бойынша- орташа, төмен және жоғары соғу станоктары.Қайықты станокта мата тоқу. Қайықты тоқымашылықтағы негізгі ерекшелік-жіпсалғыш механизм. Жіпсалғыштың қайығы болғандықтан, ол арқау жіптің белгілі бір артық қорын жасайды. Қайық күзуге кезекпен екі жағынан өтіп кетіп, үздіксіз арқау жіптен мата жасалынады.

Суретте қайықты тоқу станогының сұлбасы көрсетілген.
Қайықты станокта тізбе орағыш (1) негізгі реттеуіштің тіреуішіне ораланастырылады. Реттеуіш тізбе орағыштың берілген жылдамдықпен айналуын және жіптердің созылуын қамтамасыз етеді. Негіз жіптері оқтаушаны (3) айналып өтіп орнынан ауытқытады. Негіз жібі ламель- дерден (3), ремизкалардың (4) галевтерінің арасынан өтеді, бердо батанға (8) бекітілген Ремизкалар күзу ашылу жасап тұрады, жай жаймалық айқаспа өрімін жасау үшін екі ремизка жеткілікті: біреуіне негіздің барлық жұп жіптері, ал екіншісіне тақ жіптері енгізіледі
Егер тоқу станогында бір ремизка көтеріліп, екіншісі төмен түссе, негіз жіптерінің бәрі жылжиды және қайық өтетін күзу ашы- лады. Жайманың айқаспасын тоқу үшін ремизкалардың көтеріліп түсуі эксцентриктік күзу ашылу механизмімен орындалады. Ол механизмнің өзі аяқ тұрғызғыштан (12) және эксцентриктен (13) тұрады. Күрделі айқаспаларды тоқығанда көп ремизкалар керек немесе жаккард машиналары қолданылады. Күзуге арқаужіпті салу үшін қайық (6) іске қосылады, қайықта арқау жіп оралған шөлмек бекітілген. Шөлмек станоктың әрбір жұмыс циклінде бір шөлмекті қораптан екіншісіне күзу арқылы батанның брусы бойынша сүңгіп кетіп, арқау жіпті өткізеді.Қайық күзуден сүңгіп шыққаннан кейін, бердомен батан станоктың алдыңғы жағына қарай қозғалады, арқау жіп матаның шетіне қағылып, матаның кезекті элементі құрылады. Келесі күзу ашылғанда негіз жіптері жаңа орынға орналасып, арқау жіптермен осылай айқасады.Қайықтың қозғалуын станоктың созу механизмі қамтамасыз етеді. Ол қуғыштың ұрғанынан қайықты қораптан шығарып оны күзу арқылы инерция күшімен сүңгуге мәжбүр етеді. Мата белтемірді (11) айналып өтіп, тауарлық реттегіш арқылы тауарлық білікке оралады.
30.Ширатылған иірімжіп және оның қасиеттері.Иірімжіпті дайындау үшін табиғи текстиль талшықтарын (мақта, жүн, зығыр талшықтары, табиғи жібек қалдықтары т.б.) штапельді химиялық талшықтар және элементарлы химиялық жіптердің жгуттарын қолданады. Иіру процессі иіру машиналарында іске асады; оның мәні тегіс таспаны қажетті сызықтық тығыздыққа дейін созу, оны ширатып иірімжіп қалыптастыру, собыққа орау. Сақиналы иіру машиналарында иірімжіп ұршыққа қондырылған собық түрінде паторонға оралады. Соңғы кезде сызықтық тығыздығы бойынша тегістігі жоғары, берік иірімжіп алуғамүмкіндік беретін иірудің ұршықсыз әдісі кеңінен қолдана бастады. 
Иіру өндірісі дегеніміз – табиғи және химиялық талшықтардан иірімжіптің қалыптасуын қамтамасыз ететін механикалық технологиялық процесстердің жиынтығы.
Иірімжіптің геометриялық қасиеттері (сызықтық тығыздығы, орташа тығыздығы, тегістігі, үлпектігі ), оның құрылымы (талшықтардың орналасуы, ширату) және физикалық қасиеттері (үзілу салмағы, созылғыштығы, серпімділігі, жылу өткізгіштігі,гигроскопиялығы) талшықтарды қасиеттеріне ғана емес, сонымен қатар иіру жүйесіне де тәуелді болып келеді. Иіру жүйесі иірімжіп өндірісінде қолданылатын технологиялық процесстердің және машиналардың жиынтығы арқылы анықталады. Иіру жүйесін талшықты материалдарды тарау әдісі бойынша (кардты тарау немесе тарақты тарау) және талшықтардың ағынын жұқарту әдістері бойынша (бөлу немесе созу) топтайды. Мақта талшықтарын және оның химиялық талшықтармен қоспасын өңдеуге арналған мақта иіру өндірісінде, иірудің төрт жүйесі қолданылады – кардты, тарақты, меланжды және аппаратты. Иірудің меланжды жүйесінде иірімжіптерді сұрып және боялған талшықтар немесе әртүрлі түсті талшықтар қоспасынан өндіреді. Иірудің аппаратты жүйесі бойынша сызықтық тығыздығы жоғары төмен сортты мақтадан және қалдықтардан иірімжіптерді өндіреді. Иірудің кардты жүйесінде талшықты материалдарды тарау, қалпақшалы кардты тарау машинасында, ал өнімнің жұқаруы – созу аспаптарында жүзеге асырылады.Иірудің тарақты жүйесінде талшықтарды тарау мерзімді қозғалыстағы қалпақшалы кардты және тарақты тарау машиналарында, ал өнімнің жұқаруы - созу аспаптарында жүзеге асырылыды. Таза жүн және талшықтардың жартылай жүнді қоспасын өңдеуге арналған жүн иіру өндірісінде иірудің үш жүйесін қолданады – аппаратты, тарақты және жартылай тарақты.
Жүннен жасалған иірімжіп келесілерге бөлінеді: Қолданылатын шикізат түріне байланысты:
таза жүнді және химиялық талшықтар қосылған жартылай жүнді (аралас);
жүн талшығының түріне байланысты – қой, ешкі, түйе жүнді;
белгіленуіне байланысты – тоқыма, трикотаж және кілем өндірістеріне арналған;
иіру әдісіне тәуелді – жіңішкетарақты, ірітарақты, жартылайтарақты және аппаратты;
құрылымына тәуелді – біржіпті, ширатылған (екі және одан көп жіптерден ширатылған), фасонды;
өңдеу әдісіне тәуелді – боялмаған, ағартылған, боялған, бастырылған, меланжды, мулине.
Таза жүнді және химиялық талшықтар қосылған жартылай жүнді (аралас) маталар келесі түрлерге бөлінеді:
белгіленуі бойынша – көйлектік, костюмдік, пальтолық және т.б;
шикізаттың түріне және сапасына байланысты – 60к және одан жоғары сапалы жүннен өндірілген, 50к-58к жіңішке жүннен өндірілген, 50к-58к жартылай жіңішке жүннен өндірілген, 44к-48к жартылай дөрекі жүннен өндірілген, 36к-40к дөрекі біртекті жүннен өндірілген, жіңішке жүнмен химиялық талшықтардан өндірілген, дөрекі жүнмен химиялық талшықтардан өндірілген,
өндіру әдісіне байланысты – тарақты камволды иірімжіп, аппаратты әдіспен өндірілген шұғалы, аппаратты және тарақты иірімжіптер комбинирленген;
өңдеу әдісіне байланысты – боялмаған, тегіс боялған, фасонды, меланжды, түкті;
31Маталардың қасиеттік көрсеткіштері жіптердің қасиеттері мен құрылымына тәуелділігі.Матаның құрылымы - қалыңдығымен, жіптердің қасиеттерімен, сондай-ақ олардың өзара орналасуы және байланысуымен анықталынады. Маталардың құрылымының негізгі сипаттамалары: жіптерінің есептелген диаметрі және сызықтық тығыздығы, айқаспа (өрімдер) түрлері, матаның 10 см ұзындығында негіз немесе арқау жіптерінің саны, толтыруы, толтырылуы, кеуектілігі, құрылым фазасы, тірек беті. Матада жіптердің орналасу тығыздығын оның 100 мм шарт- ты ұзындығындағы негіз (Пн) немесе арқау (Па) жіптерінің саны- мен бағаланады. 100 мм негіз жіптерімен арқау жіптерінің қатынасы матаның механикалық қасиеттерінің көрсеткіштерінің анизотропия- сын сипаттайтын маңызды параметрлері болып саналатын мата ұяшы- ғының формасын және өлшемін анықтайды. Матаның талшықты материалмен толықтырылуы тек қана оның тығыздығымен ғана байланысты емес, сонымен қатар жіптердің жуандығына және олардың айқасуына байланысты.
Матаның негіз немесе арқауы бойынша сызықтық толтыруы, Ен және Еа, % - негіз немесе арқау жібінің есептелген диаметрлері бір- біріне көрші орналасқан жіптердің ось арақашықтығынан қанша пайыз болатынын көрсетеді.Матаның негіз немесе арқауы бойынша сызықтық толтырылуы Н , Н , % - екі жүйенің жіптерінің басылғандығын және қиғаш орна- ласуын есептемегенде, көлденең қималарының қосындысы негіз не- месе арқау бағытындағы түзу сызықты кесіндінің ұзындығынан қанша пайыз болатынын көрсетеді.
Матаның көлемдік толықтырылуы, Е^ % матадағы жіптердің көлемі, матаның барлық көлеміне қатынасымен анықталады.
Матаның беттік толықтырылуы, Е^ ,% матаның ең кіші элементіндегі екі жүйенің жіптерінің проекциясының ауданының сол элементтің барлық ауданына қатынасымен анықталады.Массалық толықтырылу, Е^, % матаның көлемін талшықпен толығымен толықтырылған жағдайдағы матаның максимальді массасы және мата жібінің массасының бөлігін көрсетеді.Матаның толтырылу көрсеткіштерін қолдана отырып оның салыс- тырмалы кеуектілік сипаттамаларын есептеуге болады. Беттік кеуектілігі К %, тесіп өтетін кеуектердің ауданының матаның ауданына қатынасын көрсетеді.Матаның сызықтық тыгыздыгы М, г/м, үлгінің 1 м ұзындығына келетін нүктелік үлгінің массасымен сипатталынады.Матаның беттік тыгыздыгы М^ г/м2 ауданы 1м2 болатын матаның массасымен сипатталынады
32.Иілмелі және желіжіп тоқылған трикотажИілмелі трикотаж бір, екі немесе одан артық бірге алынған жіптерден құрылады, олар бір жіпжүргізгішке сабақталып, бірден инеге салынып, ілмектер тоқылынады. Ілмектер қатарлары жіптің бірізді иілу жолымен алынады, бір қатар құрылғаннан кейін жіп екіншіге ауы- сады, сонан соң үшіншіге. Иілмелі трикотаж ілмекті қатарлар бойынша (горизонталь бағытпен) жеңіл тарқатылады, ал жіп үзілгенде ілмекті бағанша бойынша (верти- каль бағытпен) тез сөгіледі. Негізжіптік трикотаж бір-біріне параллель орналасқан жіптердің жүйесінен (негізжіп) құралынады Ілмекті қатарды алу үшін бірмезгілде жіптердің жүйесі иіліп, әр жіп өз инесіне салынады. Сондықтан ілмекті қатарда әр жіп бір (екіден көп емес) ілмек құрайды, кейін келесі қатардың көршілес бағаншасына ауысады. Сонымен, негізжіптік трикотаждың әр ілмекті бағаншасы көршілес бағанамен созылма арқылы бірігеді. Негізжіптік трикотаж ілмекті қатар бойынша тарқатылмайды және ілмекті бағанша бойымен аз тарқатылады.Негізжіптік трикотажда ілмектің құрылысы, иірмеліге қарағанда біршама ерекшеленеді. Негізжіптік трикотаждың ілмегі таяқшалардан (а-б), ілмек басы (б-вг) және бір ілмекті екінші ілмекпен біріктіретін созылмалардан (д-е мен д^-е1) тұрады. Тік а-б мен г-д бөліктерден тұратын ілмектің бөлігін және олардың біріккен б-в-г доғасын, ілмектің қаңқасы деп атайды. Көршілес ілмектердің қаңқасы созылмамен бірігеді.Сонымен, иілмелі трикотажда ілмек қатарын алу үшін бір жіп жеткілікті, ал негізжіпте - бір қатарда қанша ілмек құру қажет болса, соншалықты жіп керек. Қарастырылған трикотаждың түрлері тегіс және суретті (өрнекті) болады. Тегіс деп, барлық ілмектері түсі, құрылымы, формасы бойынша бірдей түрін атайды. Суретті (өрнекті) трикотажда барлық ілмектері берілген бағдарлама
бойынша саны әр түрлі жіптерден, түстері, құрылымы және формасы бір бірінен өзгеше болу мүмкін.
Басты иілдіру өрімдері. Бұл топқа біртегіс, ластик, екі терістемелі өрімдер жатады. Біртегіс - біржақты иілмелі өрім, оң және теріс жағы өзгеше болады. Оң жағында тек ілмек таяқшалары көрініп, тегіс, жылтыр болады. Терістемеде тек ілмек доғалары көрінеді, сондықтан өрімнің бұл жағы күңгірттеу, бұдырлы болады.
Ластик - оң және теріс жағы бірдей қосарлы өрім. Ластик оң және терістеме ілмек бағаншалар кезегімен құралады. Созылмаған жайманың бетінде тек ілмек таяқшалары көрінеді (біртегістің оң бетіне ұқсас), сондықтан кейде осы трикотажды екі бетті деп атайды.Ластик өрімін ластикті, фангілі және котонды машинада өндіреді. Екітерістемелі (айналмалы) трикотаж - қосарлы өрім, екі жағының құрылымы бірдей, біртегістің теріс жағына ұқсас (ілмек доғалары басым болады). Бұл өрім ілмек таяқшалары және ілмек доғаларының алмасуынан алынады, яғни оң ілмек қатары теріс қатарымен алмасады.
Интерлок (қосластик) - қосарлы өрім, екі айқасқан ластиктің үйлесуінен тұрады, бір - біріне теріс жағымен қосылған. Жайманың оң мен теріс жағы бірдей және оң ілмек бағаншалардан тұрады. Интерлок өрім ластикпен салыстырғанда серпімділігі мен тығыздығы жоғары, созылымдылығы мен тарқатылуы төмен болады.
33.Киіз және пима өңдіру технологиясы Киізденуі - жүннің басқанда бірігіп ұйысуы. Жіңішке, серпімді, өте иректі жүннің киізденуі жоғары болады.Қалыпты жағдайда биязы жүннің бойындағы ылғалы 18%, қылшық жүндікі -15 %. Басқа талшықтарға қарағанда жүннің гигроскопиялық қасиеті жоғары, ылғалды аз тартады және аз шығарады. Жылу мен ылғалдың әсерінен жүн талшығы 60 % дейін ұзара алады. Жүннің қасиетін ескере отырып, оған үтіктеу, созу, декатирлеу сияқты опера- циялар жасалынады. Киімді химиялық тазартудан өткізгенге қолданылатын барлық органикалық еріткіштердің әсеріне жүн төзімді.
Жүні таза болу үшін, қойды қырқар алдында 3 – 4 рет ағынды суға тоғытады.Киіз басу барысы бірнеше кезеңдерден тұрады:
Сабау. Алдымен жүн жасалатын бұйымдарға ыңғайланып, ақ, қара түстерге бөлініп жиналады да, оны HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%95%D1%88%D0%BA%D1%96" \o "Ешкі"ешкі терісінен жасалған HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D1%83%D0%BB%D0%B0%D2%9B" \o "Тулақ"тулаққа салып, сабайды.
Шабақтау.Жүн сабалып болған соң, басылатын киіздің көлеміне қарай, шиді жаяды да, оның үстіне жүнді салып, шабақтайды. Осыдан кейін бет тартылады, яғни киіздің оң жағына арналған неғұрлым таза, әдемі жүнді сол қолмен уыстап алып, әлгі шабақталған жүннің үстіне салып отырып, оң қолдың қырымен басып қалып, үзіп қалдырады. Үзілген жүн бірімен-бірі жалғаса, біртегіс болып төселе береді. Бұл істі бұрыннан бет тартып машықтанған, жүн тартудың шебері деп танылған бір адам ғана орындайды. Себебі, екі-үш адам орындаса, жүн ала-құла тартылады да киіз біркелкі шықпайды.
Булау. Содан кейін HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B9%D0%BD%D0%B0%D1%83_%D1%82%D0%B5%D0%BC%D0%BF%D0%B5%D1%80%D0%B0%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D1%81%D1%8B" \o "Қайнау температурасы"қайнап тұрған ыстық суды HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A8%D0%B5%D0%BB%D0%B5%D0%BA" \o "Шелек"шелекпен әкеліп, сүзгімен немесе шөміштің сырт жағымен шашыратып шидің бір жақ шетінен бастап себелеп құяды. Жоғарыдан шашырап құйылған су өз салмағымен жүнді басып, шабақталған жүн мен тартылған жүнді біріне-бірін қосып жабыстырады. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%AB%D1%81%D1%82%D1%8B%D2%9B_%D1%81%D1%83" \o "Ыстық су"Ыстық су жүннің талшықтарын буландырып жібітеді де, оның өзара кірігіп, тез киізденуіне жағдай жасайды. Су себіле басталысымен қатар отырған 3 – 4 әйел басылып жатқан жүнді сыртындағы шимен қабаттай шиыршықтап, жинап отырады. Шиді ширатып орап жинаған сайын әлсін-әлсін ыстық су құйылады. Түгел жиналған шидің сыртынан жіппен шандып, жұмырлап байлайды да, ортан белінен бір жерінен немесе екі жерінен арқанды өткізіп алып домалатады, екі басын тұйықтап бос салып қояды. Бүктеліп әзір жатқан шидің өн бойын бойлай 10 – 12 адам қатар жүріп келе жатып, шиге ораулы киізді аяқтарымен теуіп отырады. Бұларға қарама-қарсы бір адам – “қой бастар” киізді алға қарай (өзіне қарай) домалата сүйрейді. Бұдан кейін шидің шандуларын шешіп, шиыршықталған киізді жазып босатады. Киіздің асты-үстін ауыстырып отырып, 3 – 4 рет шиыршықтап, бүктейді де, екі басын түйістіріп шұжыққа ұқсатып көктеп алып, тағы да ыстық су құйып сығымдап, үстін күпімен, тонмен жылылап жауып тастап булайды.
Білектеу.Ыстық буымен балбырап жатқан киізді мөлшерлі уақыт өткен соң шешіп алып, қайыра ширатып, тағы да жіппен шандып байлайды. Қатарласа отырған киізшілер шидің үстінде көлденең жатқан киізді өздеріне қарай жұла тартып алып, тізесіне соғады, білегімен ұрып басады. Білектеліп болған киізді ұзыннан екі қабаттап бүктеп, оның екі басын бір-біріне түйістіре шуда жіппен көктейді.
Қарпу.Киіз басушылар киізді ақ шидің үстіне салып, айнала отырады. Қусырылған киіздің әр жерінен қамти ұстап, оңды-солды қарпиды. Қарпылған киіздің шет-шеті жиналып тегістеледі де, екі жақ бетіндегі кірікпей қалған бос қылшықтары түседі. Білектеу мен қарпудан кейін кірігіп, ширай түскен киіз біраз қуырылғандай болып көлемі шағындалады. Енді оны ұзынынан шығара созғылай есіп шиыршықтайды да, әуелі бір жақ шетін жұмарлай білектеп есе отырып, екінші басына жеткізеді. Одан кейін екінші басын тағы да соза білектей отырып бірінші басына дейін апарады. Сонда киіз молығып, созыла түседі. Киізді білектегенде және ұзындағанда оның екі жақ басына жуан ағаш, жинаулы ши сияқты нәрселерден тиянақ қойып отырады. Сонда киіздің ұзына бойының екі жақ шеті олпы-солпы болмай, тегістеліп шығады. Дайын болған киізді арналған мақсатына қарай өре киіз, кесек киіз, текемет киіз, сырмақ киіз, талдырма, сатымсақ киіз, қозы жүнді киіз деп бірнеше түрге бөліп айтады.
Механикаландырылған киіз басу.Қазіргі заманғы Киіз Басу жұмыстары механикаландырылған. Киіз өндірісінде жүн арнаулы машиналармен көпсітіліп, майланып, араластырылады да, тарақтап түту машинасымен түтіледі. Түтілген жүн жасалатын бұйым пішіміне сай тартылып, талдыру машиналарында дірілдеткіш, қызған тақталар көмегімен талдырылады, күкіртқышқылының ертіндісі сіңіріледі. Сөйтіп басу машинасына жіберіледі. Мұнда ол білектеуден өтіп нығыздалады, соның нәтижесінде бұйымның көлемі қажетті мөлшерге дейін кішірейеді. Білектеу бірнеше рет қайталанады. Әр білектелген сайын бұйым кергіш машиналармен түзетіліп отырады. Соңынан байпақ пен қалпақтарды қалыпқа кигізіп, ал киізді булы кептіргіштерге жайып кептіреді. Киіз Басу – әрлеу, түгін қырқып тазалау, престеу, кесу т.б. жұмыстармен аяқталады. Шұға өндірісіндегі Киіз Басу тек өңдеу процесінің бірі боп саналады.
34.Иіру және алдын ала иіру процестерінің мағынасы.
Иірудің мақсаты ─ талшықтардан иірім жіп өндіру болып табылады. Мақта талшығы алғашқы өңдеуден өткенге қарамастан онда қоқыс-қалдықтар, ақаулар, қысқа талшықтар болады. Кипа түрінде престеліп келген талшықтардан біркелкі иірім жіп алу үшін ол қопсыту , тазарту, талшықтарды бір-біріне параллельдітүрде орналастыру, өнімді жіңішкелету, ширату операцияларынан өткізілуі қажет. Бұл операциялар біртіндеп орындалатын процесс болып табылады. Алдымен престеліп нығыздалған мақта қабаттары инелердің колкалы барабандарының әсеріне түсіп, соққыланып, бөлек бөліктерге ажыратылып, ірі қоқыс-қалдықтарданжәне ақаулардан ажыратылады. Барлық қопсыту-түту машиналары талшықтарды бір машинадан екінші машинаға жіберіп отыратын механикалық және пневмомеханикалық берілістері арқылы бір агрегатқа біріктірілген. 1. Қопсыту-түту агрегатынан холст өнімі алынады. Әрі қарай холст рулон түрінде оралып, тарау машинасына жіберіледі. Тарау машинасының тістері мен инелерінің арасынан өтіп, бөлек талшықтарға бөлініп, барлық ұзындық бойынша біркелкі таспаға айналады. 2. Тегістелген және параллель орналасқан таспалар ленталық машиналарға беріледі. Ленталық машиналарда бірнеше таспалардың біріктірілуі, тегістелуі және параллельденуі созу арқылы орындалады. Ары қарай осы таспадан жіңішкерек өнім ─ созба (ровница) алады.Созбаға беріктілік беру үшін оны аздап ширатады және келесі операцияларға транспортталуы ыңғайлы болуы үшін оларды катушкаға орайды. Ескерту. Пневмоиіру машиналарын қолданғанда бұл этап болмайды. 3. Пневмомеханикалық және сақиналы иіру машиналарында таспадан немесе созбадан иірім жіп дайындау және иіру процестері жүргізіледі. Иіру машиналарында өнім берілген сызықтық тығыздығы бойынша жіңішкертіледі және өнімге қажетті беріктік беру үшін талшықтардың ширатылуы мен патронға немесе шпульге оралуы орындалады.
Сақиналы иіру машинасыИіру өндірісінде сақиналы иіру машинасынан негізгі алынатын өнім – иірімжіп.Өзінің құрылымы бойынша мемлекеттік стандарттарының талаптарына сай болу керек.Бұл машинада негізгі орындалатын процесстер:созу,ширату,орау.Сақиналы иіру машинасының жұмыс жасау органдары негізі симетриялық екі жақ бетті болып келеді. Барлық иіру тәсілдерінің иіру машиналары келесі операцияларды орындауға арналған: - әр түрлі конструкциялы созу қондырғысы арқылы таспаны немесе созбаны жіңішкерту.Созу шамамен 10-100-ге дейін жетеді. - ширату механизмнің көмегімен жапсарлас заттан берік жіп қалыптастыру. Сақиналы машиналарда мұндай механизмді ұршық пен жүгірткі, ал ұршықсыз машиналарда пневматикалық камера орындайды.- дайындалған жіпті орағыш-собыққа,шөлмекке немесе цилиндрлі бобинаға орау.
Сақиналы иіру және өнеркәсіпте жаңа иірім жіп өндіру тәсілі осы таңға дейін негізгі болып табылады. Әлемдік тоқыма өнеркәсібінде 150 млн-нан астам иіру ұршықтары орнатылған. Жаңа ұршықсыз иіру әдісі шыңына жетсе де кейде сақиналы иіруді алмастыра алады. Қазіргі таңда иірім жіп өнеркәсібінде тек шектелген ассортиментердің орташа және жоғары сызықтық тығыздығын алуда қолданады.Қазіргі кездегі сақиналы иіру машинасы әмбебап яғни, иірім жіп иіруде барлық сызықтық тығыздықта талшықтың кез келген түрінен және әртүрлі ұзындық пен ендікте. Сақиналы иіру машинасы электрэнергиясын жұмсауда өте тиімді және бағасы арзан.Көптеген іздестіру жұмыстардың нәтижесінде жоғары өнеркәсіптік сақиналы иіру машинасы екі негізгі бағытта жүреді.Автоматтандырылған операция автосъемниктердің, ұршықтың собықшаға оралуының айналу жылдамдығын басқару, созба үзілген жағдайда беруді тоқтату, шаңсыздандыру, иіру кезінеде иірім жіп туралы барлық ақпаратты жеткізеді. Жоғарғы өндірістік сақиналы иірудің мақсаты иірудегі геометриялық оптималдылық, қос сақина мен жүгіртпенің оптималдық жұмысы, ұршықтың максималды жылдамдығын санау, созу аспабының жұмыс сапасын қамтамасыз етеді.
35Трикотаждың кұрылымы және қасиеттері. Трикотаж деп ілмектерден тұратын, бір не бірнеше жіптерден өзара бойлай және көлденең бағытта іліптоқылған тоқыма бұйымды немесе жайманы атайды.Трикотаждың негізгі элементі – ілмек – қисық сызық, оның ұзындығы мен формасы трикотаждағы бір қатар маңызды қасиеттерді белгілейді.
Ілмек (1-сурет) екі шектес ілмектердің негізін біріктіретін қаңқадан (2-3-4 жоғарғы доға және 1-2 мен 4-5 таяқшалардан) және созылмалардан (0-1 мен 5-6) тұрады. 2-3-4 жоғарғы доғаны инелі, ал 5-6-7 созылманы – платиналы доға деп атайды.Трикотажда тігінен бір біріне тізілген ілмектерді, ілмекті бағанша, ал горизонталь бойынша бір қатардағы – ілмекті қатарлар деп атайды.Екі шектес ілмекті бағаншалар орталықтарының аралығын ілмекті қадам деп атайды және А әріпімен белгілейді, ал екі ілмекті қатарлар орталықтарының аралығын – ілмекті қатар биіктігі атап В әріпімен белгілейді. Іліптоқу әдісі бойынша трикотаж иілмелі (көлденең тоқылған) және желіжіптік (бойлай тоқылған) түрлеріне бөлінеді.Иілмелі трикотаж (1 сур.) бір не екі немесе одан артық бірге алынған жіптерден құрылады, олар бір жіпжүргізгішке сабақталып бірден инеге салынып ілмектер тоқиды. Ілмектер қатарлары жіптің бірізді иілу жолымен алынады, бір қатар құрылғанансоң жіп екіншіге аусады, сонан соң үшіншіге және т. б.Иілмелі трикотаж ілмекті қатарлар бойынша (горизонталь бағытымен) жеңіл тарқатылады, ал жіп үзілгенде – ілмекті бағана бойынша (вертикаль бағытымен) тез сөгіледі.Желіжіптік трикотаж бір-біріне параллельді орналасқан жіптердің жүйесінен (желіжіп) құрылады. Ілмекті қатарын алу үшін, бірмезгілде жіптердің жүйесі иіліп, әр жіп өз инесіне салынады. Сондықтан ілмекті қатарда әр жіп бір (екіден көп емес) ілмек құрайды, сонан кейін келесі қатардың көршілес бағаншасына аусады.Сонымен желіжіптік трикотаждың әр ілмекті бағаншасы көршілес бағанамен созылма арқылы бірігеді. Желіжіптік трикотаж ілмекті қатар бойынша тарқатылмайды және ілмекті бағанша бойымен тым аз тарқатылады. Желіжіптік трикотажда ілмектің құрылысы, иірмеліге қарағанда біршама ерекшеленеді. Желіжіптік трикотаждың (3 сур.) ілмегі (а-б) таяқшалардан, (б-в-г) ілмек басы және бір ілмекті екінші ілмекпен біріктіретін (д-е мен д1-е1) созылмалардан тұрады. Тік а-б мен г-д бөліктерден тұратын ілмектің бөлігін және олардың біріккен б-в-г доғасын, ілмектің қаңқасы деп атайды. Көршілес ілмектердің қаңқасы созылмамен бірігеді.


2 сурет. Желіжіптік трикотаждың (оң жағы) ашық (III-IV қатар) және теріс ілмектері (II- қатар) 3 сурет. Желіжіптік трикотаждың ілмек құрылысының сұлбасы
36Трикотаждың сипаттамаларыТрикотаж тығыздығы, жіптің қалыңдығы, ілмектің ұзындығы және массасытрикотаждың маңызды параметрлері болып табылады.Трикотаж тығыздығы оның бірлік ауданына келетін ілмектер санымен сипатталынады. Трикотаждың бірлік ауданына ұзындығы 100мм тең квадрат қабылданған. Тығыздық екі бағытта анықталынады: горизонталь және вертикаль бойынша. Тығыздықтарды есептелген кезде тығыздық бойынша анықталатын ілмек қадамы А мен ілмек қатарының биіктігін В білу қажет.

Приложенные файлы

  • docx 12549022
    Размер файла: 968 kB Загрузок: 1

Добавить комментарий