окон тест онко 180 тест каз


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
ЖЕДЕЛ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК және МЕЙІРБИКЕ ІСІ КАФЕДРАСЫ
Интерн хирургтарға анестезиология -реанимация пәнінен
« Онкология және маммалогия» модулының қорытынды бақылауға арналған тесттік сұрақтары.
Тесттің саны – 180
Шымкент- 2017ж.
Қорытынды бақылауға арналған тест сұрақтары кафедра мәжілісінде талқыланып бекітілді.
Жедел медициналық көмек және мейірбике ісі кафедрасының мәжілісінде талқыланып, бекітілді.
Хаттама № ____ «_____» ______ 2017 ж.
Кафедра меңгерушісі, к.м.н. доц. _____________ Сейдахметова А.А.
«Онкология және маммалогия» модуліне интерн хирургтарға арналған тесттік сұрақтар. жалпы саны 180. 18.10.17ж.
~ Қатерлі ісікпен ларингоэктомияға қолданылатын анестезияның түрі :
| эндотрахеальді анестезия превентивті қойылған трахеостома арқылы +
| бетперделік ингаляция анестезия
| оротрахельді интубациямен қосарланған анестезия
| көктамырлық анестезия
| назофарингеальды ингаляция анестезия
~ Ауыз-жұтқыншақ фибромасына жасалатын ота кезінде кеңірдектің интубациясы ... жасалады.
| трахеостомия арқылы+
| оротрахеальді әдіс арқылы
| көмейді кесіп қойылған микротрахеостома арқылы
| назотрахеальді әдіспен
| кеңірдек интубациясын жасау үшін көрсеткіш жоқ
~ Агранулоцитоз ... қауіпті.
| іріңді -қабыну процесстерінің қосылуымен +
| жіті бүйрек жетіспеушілігінің дамуымен
| өкпе шеменінің ісінуімен
| миокардиодистрофияның дамуымен
| дамуымен
~ Қан кету уақыты ... ұзарады.
| айқын тромбоцитопенияда+
| гемолитикалық кризде
| жарақат және и бұлшық ет қажуында
| асфиксияда
| күйікте
~ Тромбоцитопения пайда болуы мумкін:
| ҚТІШҰ синдромының коагулопатия сатысында+
| жарақат және бұлшық ет қажуында
| гепаринді көп қолданғанда
| гемолитикалық кризде
| перитонитте
~ Холестаз кезінде ұзақ әсер ететін препаратқа ... жатады.
| векурониум +
| сукцинилхолин
| барбитураттар
| атракуриум
| форан
~ Холецистэктомия кезінде Одди сфинктерін тарылтатын препаратқа ...жатады.
| лидокаин+
| дроперидол
| кеторолак
| гликопирролат
| брузепам
~ Асқазан өңеш аралығындағы қысымды жоғарылататын препаратқа ... жатады.
| фентанил +
| атропин
| метоклопрамид (церукал)
| дроперидол
| трамал
~ Ішектің моторикасын ... төмендетеді.
| құрсақ жүйкесінің қозуы+
| жұлын анестезиясы
| седуксен
| адреналин
| адреноблокаторлар
~ Механикалық сарғаю кезінде бауыр функциясының бұзылуына ... тән.
| гипопротеинемия +
| холестериннің жоғарылауы
| фибриногеннің жоғарылауы
| сілтілі фосфатаз деңгейінің төмендеуі
| панцитопения
~ Механикалық сарғаюы бар науқастардың орталық гемодинамикасының өзгерісі ... сипатталады.
| шеткі қан тамырларының қарсыласуының жоғарылауы+
| минуттық көлемнің жоғарылауы
| сол қарыншаның жұмысының төмендеуі
| лақтыру көлемінің жоғарылауы
| айналымдағы қан көлемінің жоғарылауы
~ Асқазан ойық жарасының тесілуінен дамыған перитониттің токсикалық фазасына ... тән.
| сол қарыншаның жұмысының төмендеуі+
| орталық веноздық қысымның, ЖМК жоғарылауы
| шеткі қан тамырларының қарсыласуының төмендеуі
| брадикардия
| алкалоз
~ Перитониттің екінші фазасында жүректің минуттық көлемінің жоғарылауы ... байланысты.
| лақтыру көлемінің жоғарылауына+
| тамыр соғу жиілігінің жоғарылауына
| сол қарыншаның жұмысының жоғарылауына
| шеткі қан тамырларының қарсыласуының төмендеуіне
| айналымдағы қан көлемінің жоғарылауы
~ Әрбір құйылатын кристаллоидты ерітіндіге транскапиллярлы миграцияның алдын-алу мақсатында ... енгізіледі.
| альбумин+
| қан
|желатин препараты
| кортикостероидтар
| допамин
~ Ішектің түйілуінде кездесетін құсудың негізгі механизмы ... болып табылады.
| құрсақ мүшелерінің интерорецепторларының тітіркенуі +
| симпатикалық жүйке жүйесінің тітіркенуі
| ішек ілмектеріндегі қысымның жоғарылауы
| интоксикация
| дегидратация
~ Көмей карциномасының жоспарлы анестезиясында:
| көмейді тартқан кезде жиі гипотензия және аритмия дамиды +
| ларингоспазмды тудырмау мақсатымен интубацияны терең анестезиядан соң жасайды
| қырылдап демалу сирек кездеседі
| жүректің рефлекторлы тоқтауы кездесуі мүмкін
| интубацияны алдын ала жасалған трахеостомиядан кейін жүргізеді
~ Ішектің түйілуінде болатын ағзаның сұйықтықты жоғалту жолдарының ең маңыздысы ... болып табылады.
| ішкі жоғалтулар ( ішек саңылауларына , құрсақ қуысына )+
| шумақтық реасорбцияның төмендеуі
| сыртқы жоғалтулар (құсу, өкпе, тері)
| асқазан ішек секрецияларының көбеюі
| дене қызуының жоғарылауы, перспирация
~ Простатаның трансуретральды резекциясын жұлынды анестезиямен жүргізгенде кездесетін құрсақ қуысының талмаға дейін алып келетін ауыруының себебі болып ... табылады.
| ирригациялық сұйықтықтың экстравазациясы +
| тамыр ішілік гемолиз
| қан тамыр ішілік шашыранды ұю
| миокардтың инфарктысы
| өкпе артериясының эмболиясы
~ Простатэктомияда эпидуральды анестезияны қолдану:
| 65 жастан асқан науқастарға болады +
| қан кетудің алдын алатын тиімді әдіс
| гипотензияға сирек алып келеді
| аспирин қабылдаған науқасқа болмайды
| гипертониясы бар науқасқа болмайды
~ Периоперативты олигурияға алып келеді:
| АДГ-ның көп бөлінуі +
| альдостеронның бөлінуінің қарқындылығы
| гистаминның әсері
| бүйрек өзектеріне анестезияның арнайы әсері
| гипергликемия
~ 62 жастағы науқаста ішектің резекциясынан кейінгі екінші тәулікте олигурия байқалды. Бүйректің жіті тубулярлы некрозына күмән тудыратын белгі болып ... табылады.
| плазмадағы калий деңгейі 6.4 ммоль/л +
| зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1024
| өте жоғарғы лейкоцитоз
| зәрдегі натрий деңгейі 10 ммоль/л
| креатининнің зәр/ плазма қатынасының 40-тан жоғарылауы
~ Операциядан кейінгі кезеңде оттегіні тіндерге жеткізілуін қамтамасыз ететін гемоглобин концентрациясы ... г/л-ден төмен болмауы керек.
| 80 +
| 60
| 100
| 120
| 140
~ Бүйректің үлкен қатерлі ісігінде жасалынатын нефрэктомия операциясының ең сирек кездесетін асқынуы болып ... табылады.
| гипертониялық криз +
| массивты қан кетулер
| ісікті алған кезде көк еттің зақымдануынан болатын пневмоторакс
| бүйрек үсті безінің зақымдануы
| төменгі қуыс венаның қысылуынан туындайтын веноздық қанның азаюы
~ Феохромоцитома кезінде кездесетін клиникалық белгілерге жатады:
| глюкозаға төзімділіктің төмендеуі +
| плазма көлемінің жоғарылауы
| плазмадағы Na деңгейінің төмендеуі
| гематокриттің төмендеуі
| ванил-миндалды қышқылдың экскрециясының төмендеуі
~ Тоқ ішектің резекциясы жасалған,сепсиспен ауыратын науқаста коагулопатияның дамуы ... байланысты болуы мүмкін.
| ТШҚҰ синдромына+
| К витамин жеткіліксіздігіне
| бауырдың фторотанмен зақымдануына
| диагностикаланбаған Виллебранд ауруына
| гепаринды тері астына енгізуге
~ Тромбоцитарлы-қантамырлық гемостаздың бұзылысын ... анықтауға болады.
| қан кету уақытынан+
| қан ұю уақытынан
| тромбиндық уақыттан
| плазминоген деңгейінен
| фибринолизден
~ Операциядан кейінгі жақын арада дамитын гипотонияның себебі ... байланысты.
| орны толтырылмаған немесе жалғасқан қан кету +
| ауыру синдромына
| операциялық үстелде науқастың жатуының өзгеруіне
| анестетиктердің шектен тыс мөлшеріне
| эндокринды жетіспеушілікке
~ Бір литрге дейін қан жоғалтқандағы инфузиялық терапияның негізгі принципы болып ... табылады.
| гиперволемиялық гемодилюция+
| гемотрансфузия
| полиионды ерітінділерді енгізу
| плазма енгізу
| кристаллоидтар енгізу
~ Ұзақ уақыт бойы парентеральды қоректендіруге … пайдаланбайды.
| плазма+
| липид ерітінділері
| амин қышқылдары
| магний ерітінділері
| глюкозы ерітіндісі
~ 68 жастағы науқаста операциядан кейінгі кезеңде айқын ауыру сезімі байқалды. Сонымен қатар науқаста тыныс алу жетіспеушілігінің екінші сатысы дамыды. Науқас өте әлсіз, есі аздап тежелген. Науқасқа ауыру сезімін басу мақсатымен ... енгізу қажет.
| дипидолор 7,5 мг+
| морфин 10 мг
| промедол 20 мг
| норфин 0,3 мг
| фентанил 0,1 мг
~ 54 жастағы науқасқа жоспарлы операция тағайындалған. Клиникалық диагнозы: Қан кетумен асқынған жатырдың көптеген миомасы. Қосалқы патологиясы: артериальды гипертензия орташа қауіпті, созылмалы бронхит, созылмалы анемия. АРХҰҚ жіктеуі бойынша операциялық-анестезиологиялық қауіп ... сатыны құрайды.
| III +
| I
| II
| IV
| V
~ Гиперосмолярлы синдром ... концентрациясының жоғарылауының салдарынан дамуы мүмкін.
| Na+, глюкозы, мочевина және басқа заттардың+
| К+, Mg2+, плазмадағы белоктың
| тек қана К+
| тек қана Na+
| плазмадағы белоктың
~ 70 кг салмақтағы науқас толығымен парентеральды қоректендірілгенде сұйықтық және натрии, калии ,хлор иондарының тәуліктік қажеттілігі ... құрайды.
| сұйықтық - 2,5 л, Na - 100 ммоль, К-100 ммоль, Cl-100 ммоль +
| сұйықтық - 1,5 л, Na - 60 ммоль, К - 40 ммоль, С1 – 60 ммоль
| сұйықтық - 3,0 л, Na - 140 ммоль, К- 140 ммоль, С1 - 140 ммоль
| сұйықтық - 2,0 л, Na - 70 ммоль, К - 70 ммоль, С1 - 100 ммоль
| сұйықтық - 3,5 л, Na - 100 ммоль, К - 100 ммоль, С1 - 100 ммоль
~ Асистолия кезінде ең тиімді препарат болып ... табылады.
| адреналин+
| кальция хлорид
| алупент
| атропин
| строфантин
~ Көлемді іш құрсақ операциялардан кейін кездесетін өкпе жетіспеушілігінің себебі болып ... табылады.
| асқазан сұйықтығының аспирациясы+
| бронхоспазм
| ателектаз
| пневмоторакс
| өкпе шеменінің ісінуі
~ Артериалды гипертензиямен ауыратын науқас тиазидты диуретик және атенолол (100 мг тәулігіне) қабылдайды. Науқастың асқазанына көлемді операция тағайындалған. Сізге ... қажет.
| антигипертензивті емді жалғастыру +
| атенололды кальций өзекшесінің блокаторына алмастыру
| операция барысында көк тамырдан бета-блокатор енгізу
| ағзадағы сұйықтықты азайту үшін кристаллоидты 5 мл/кг/сағ енгізу
| көк тамырдан ангиотензинды айналдыратын фермент ингибиторын енгізу
~ Миастения кезінде ... қолдануға болмайды.
| сукцинилхолин+
| гексенал
| атропин
| прозерин
| кетамин
~ Митральды қақпақшаның тарылуы бар науқасқа жедел түрде перитонит жөнінен операция жасау керек. Анестезия барысында бірінші кезекте ... қауіптену керек.
| инфузионды терапия барысында өкпе ісінуінен +
| гипертониялық кризден
| қан тамыр қарсыластығының төмендеуінен туындайтын коллапстен
| өкпе артериясының эмболиясынан
| миокардтың жыртылуынан
~ Бауырдың циррозымен ауыратын 50 жастағы науқасқа холецистэктомия отасын жүргізгенде біріктірілген эндотрахеальды анестезия барысында миорелаксант ретінде сукцинилхолин қолданылған. Анестезияның өту ағымы бірқалыпты болғанымен, операция аяқталған кейін өздігінен тыныс алуы ұзақ уақыт қалпына келмеді. Осы асқынуға алып келген себептің бірі болып ... табылады.
| қандағы холинэстераза деңгейінің төмендеуі +
| қандағы холинэстераза деңгейінің жоғарылауы
| анемияның екінші сатысы
| қандағы билирубин деңгейінің жоғарылауы
| қандағы азот қалдықтарының жоғарылауы
~ Қандағы тромбоциттің деңгейі мкл-де ... мыңнан кем болғанда қан кетуге алып келуі мүмкін.
| 40 +
| 100
| 50
| 150
| 10
~ Қандағы гемоглобин концентрациясының деңгейі 8 г/дл (80 г/л) және ретикулоциттердің санының жоғарылауы ... кездесуі мүмкін.
| геморрагиядан кейінгі анемияда +
| емделмеген пернициозды анемияда
| созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің анемиясында
| апластикалық анемияда
| жіті лейкемияда
~ ҚТШҰ синдромының дамуы ... байланысты емес.
| гемофилияға +
| гемолизге
| ауыр бас ми жарақатына
| амниялық су эмболиясына
| ұзақ уақыт жүргізілген жасанды қан айналымға
~ Созылмалы постгеморрагиялық анемияның коррекциясын жүргізгенде ... қолдану қажет.
|эритроцитарлы масса +
| мұздатылған плазма
| реоглюман
| криопреципитат
| полифер
~ Тромбоцитопенияға алып келуі мүмкін :
| Верльгоф ауруы+
| бұлшық еттің езілуі
| гемолиз
| күйік
| пневмония
~ Ұйыған қанның ретракциясының жеткіліксіздігі ... байқалады.
| қандағы белок деңгейінің төмендеуінде+
| айқын тромбоцитопенияда
| анемияда
| гиперфибриногенемияда
| гипертромбоцитозда
~ Гиповолемия жағдайына ... тән емес.
| Орталық веноздық қысымның жоғарылауы+
| қан қысымының төмендеуі, тахикардия
| жүректің соққы көлемі мен лақтыруының төмендеуі
| айналмалы қан көлемінің төмендеуі
|сол қарыншаның толу қысымының төмендеуі
~ Бронхофиброскопия ... жүргізілмейді.
| өкпе эмфиземасында+
| бронхтың бітелуінде
| өкпеден қан кеткенде
| асқазан сұйықтығының аспирациясында
| тиімсіз жөтелуде
~ Бүйрек ишемиясында ... .
| добутамин гемодинамиканы реттеу арқылы несептің бөлінуін жақсартады+
| несепте натрий деңгейі жоғарылайды
| несепте креатинин деңгейі жоғарылайды
| бүйректің қыртыс қабатына қарағанда“мишық” бөлігі көп зақымданады
| несептің бөлінуі жоғарылайды
~ Бауыр комасы кезінде глютамин қышқылы ... мақсатында беріледі.
| аммиакты зиянсыздандыру+
| организмдегі артық мысты жою
| пирожүзімдік қышқылды бейтараптау
| протеазды ингибициялау
| ацидозды коррекциялау
~ Операция кезінде және операциядан кейін дамитын бүйрек үсті безінің жетіспеушілігінің маңызды белгісіне ... жатады.
| тұрақты гипотония және тахикардия +
| тұрақты брадикардия және нормотония
| тұрақты гипертензия және брадикардия
| тұрақты тахикардия және гипертензия
| тұрақты ентігу
~ Операциядан кейінгі ерте кезең дегеніміз, ол алғашқы ... сағат.
| 24+
| 2
| 6
| 48
| 72
~ Үлкен кісілердің тәуліктің энергиялық қажеттілігі ... ккал/кг құрайды.
| 25 – 30 +
| 35 – 40
| 55 – 60
| 75 – 80
| 85- 90
~ Тік ішектің қатерлі ісігінің жиі кездесетін орны:
| ампуланың ортаңғы бөлімі +
| анальды бөлім
| ампуланың төменгі бөлімі
| ампуланың жоғарғы бөлімі
| ректосигмоидты бөлім
~ Науқаста струмэктомия жасалғаннан кейін тырыспалар, Хвостек және Труссо симптомы дамыды, болжамды себебі болып табылады:
| гипопаратиреоз+
| гипотиреоз
| тиреотоксикалық криз
| жұтқыншақ нервінің жарақаты
| тиреотоксикоздың қалдық көріністері
~ Бүйректің қалыпты функциясымен 60 жастағы, 70 кг салмақты науқасқа он екі елі ішектің тарылтатын жарасына байланысты асқазанға ваготомия және резекция жасалынды. Операция кезінде жоғалтқан сұйықтық көлемін сайма- сай толықтырылған, сондықтан науқастың су балансы нормоволемиялық деп есептелген. Операциядан кейінгі бірінші тәулікте мұрын арқылы қойылған зондтан 5000 мл өт аралас сұйықтық бөлінген. Алдағы 24 сағат бойы науқасқа қажет инфузияның көлемі ... құрайды
| 7500 мл+
| 2500 мл
| 5000 мл
| 10000 мл
| 12000 мл
~ Операциядан кейінгі ауырсынуды басу мақсатымен хирургиялық науқастарға қолданылатын трамал дәрісі әсер ету ұзақтығына және күшіне байланысты ... тобына жатады.
|аз ғана уақыт әсер ететін орташа анальгетик +
|ұзақ әсер ететін күшті анальгетик
| ұзақ әсер ететін әлсіз анальгетик
| қысқа әсер ететін күшті анальгетик
| аз ғана уақыт әсер ететін мықты анальгетик
~ Декстран ерітінділеріне әсеріне тән емес белгісі:
| энергия көзі болып, зат алмасуға қатысады+
| шынайы плазма алмастырғыш болып келеді
| шокқа қарсы әсері гемодинамикалық әсері бар
| реологиялық қасиеті бар
| ұлпалардан қан кетуді күшейтуі мүмкін
~ 30 жастағы науқаста қалқанша безінің оң бөлігінде көлемі 2х2 см болып келетін тығыз консистенциялы ісік табылды .Перифериялық лимфа бездері үлкеймеген. Радиоизотопты сканирования жасағанда диагнозы: Түйінді эутиреоидты зоб екені расталды. Емделуінде ... жасалады.
| қалқанша безінің бөлігін түйінмен қоса резекция +
| субтотальды струмэктомия
| гемиструмэктомия
| ісікті толығымен қыру отасы
| консервативті емдеу
~ Сүт безінің ұшынан қанның бөлінуі қатерсіз аурулардың ішіндегі ... кездеседі.
| өзек ішіндегі папилломада +
| Педжет ауруында
| түйінді мастопатияда
| кисталарда
| фиброаденомада
~ Сүт безінің қатерлі ісігінде кездеспейтін белгіге ... жатады.
| емшек ұшының және ареолдың гиперпигментациясы +
| умбиликация
| лимондық қабық
| емшек ұшының тартылуы
| емшек ұшының желінуі
~ Сүт безінің қатерлі ісігінің қосымша емдерінің әдістерінде жиі ... қолданылады.
| сәулелік терапия+
| овариоэктомия
| химиотерапия
| гормонотерапия
| пангистерэктомия
~ Бір жыл бұрын пневмонияның ауыр түрімен ауырған , қазір іріңді қақырықпен жөтеліп жүрген 57 жастағы науқастың рентгенографиясында өкпесінің төменгі бөлігінде ішінде суы және ауасы бар дөнгелек құрылым анықталды. Науқаста ... болуы мүмкін.
| өкпенің созылмалы абсцессі +
| кавернозды туберкулез
| өкпенің паразитарлы кистасы
| бронхоэктатикалық ауру
| өкпенің қатерлі ісігі
~ 65 жастағы науқаста өкпенің рентгенограммасында шеткерілі дөңгелек көлеңке анықталды. Диагнозды растау үшін ... жүргізу қажет.
| УДЗ-дың көмегімен тері арқылы өкпе пункциясы және биопсиясы +
| бронхография
| томография
| бронхоскопия арқылы биопсия
| екі ай сайын динамикалық бақылау
~ Өкпенің қатерлі ісігі диагнозын қою үшін негізгі әдіс болып ... табылады.
| трахеобронхоскопия және биопсия +
| өкпенің рентгенологиялық зерттеуі
| өкпенің томографиясы
| компьютерлы томография
| өкпенің радиоизотопты зерттеуі
~ Иық бұлшық ет атрофиясы,ауырсынуы және Горнер синдромы (Пенкоста синдромымен қосылған) ... кездеседі.
| өкпенің жоғарғы бөлігінің перифериялық ісігінде +
| өкпенің төменгі бөлігінің орталық ісігінде
| өкпенің ортаңғы бөлігінің орталық ісігінде
| өкпенің ортаңғы бөлігінің перифериялық ісігінде
| өкпенің жоғарғы бөлігінің орталық ісігінде
~ Өкпенің орталық қатерлі ісігімен ауыратын 35 жастағы науқаста дауысының қарлығуы, бетінің, мойындарының және кеуденің жоғарғы бөлігінің ісінуі анықталды. Спирографияда тыныс алу функциясы бірқалыпты сақталынған. Ары қарай емдеу мақсатымен берілетін сіздің ұсынысыңыз:
| симптомдық емдеу +
| лобэктомия
| пульмонэктомия
| трахеямен қоса жасалатын пульмонэктомия
| рентген терапия
~ Науқаста өкпенің жоғарғы бөлігінің перифериялық қатерлі ісігі анықталды. Морфологиялық зерттеу қорытындысы: майдажасұшалы ісік. Операция барысында ісіктің ішкі плевра қуысына және кеуде қуысының лимфа бездеріне метастаз бермегені анықталды. Науқасқа ... жүргізу қажет.
| жоғарғы оң өкпенің лобэктомиясын +
| пневмонэктомия
| сынамалы торакотомия
| сәулелі терапия
| химиотерапия
~ Науқас ер кісі үш жылдан бері ауырып, тамақты жұтудың қиындығына , тәулігіне 1-2 рет қайта құсуға анда санда кеуде астының ауыруына шағымданды . Науқас арықтаған, азғын , қызыл қан анализінде айтарлықтай өзгеріс жоқ. Науқаста ... болуы мүмкін.
| өңештің ахалазиясы +
| өңештің ісігі
| өңештің тыртықтық тарылуы
| эзофагит
| өңештің дивертикулы
~ Өңештің мойын бөлігінің үшінші дәрежелі қатерлі ісігі дисфагияға алып келген 50 жастағы науқастың емінде ... қолдануға болады.
| консервативты, сәулелі және химиялық терапия +
| гастростома қоюды
| эзофаго-гастроанастомоза қойып өңештің резекциясын
| өңештің резекциясын Торек-Добромыслов отасымен 2 рет
| еюностома қоюды
~ Операциядан кейінгі кезеңде кездесетін септикалық асқынулардың профилактикасы болып ... табылады.
| ерте энтеральды қоректендіру+
| операция кезінде контрикал енгізу
| 3 тәулік бойы тамақтандырмау
| гепаринотерапия
| төменгі молекулярлы гепарин енгізу
~ Оттегіні тасымалдайтын қан алмастырғыш болып ... табылады.
| перфторан+
| полиглюкин
| стабизол
| альбумин
| полифер
~ Перфторанның қайта енгізілуі ... дамуымен қауіпті.
| анафилаксия+
| ҚТШҰ синдромы
| тромбоз
| газдық эмболияның
| қан кетумен
~ Коллоидтық белсенділік қасиеті бар сұйықтық:
| стабизол+
| инфезол
| физиологиялық ерітінді
| альбумин
| плазма
~ Ересек адамның 1 кг дене салмағына шаққандағы сұйықтыққа тәуліктік сұранысы:
| 30-40 мл+
| 20-30 мл
| 10-15 мл
| 40-50 мл
| 50-60 мл
~ Ағзада негізгі энергия көзі ... болып табылады.
| амин қышқылдары, көмір сулар, майлар, белоктар+
| майлар, витаминдер,ферменттер
| витаминдер, амин қышқылдары, коферменттер
| белоктар, майлар, витаминдер
| белоктар, майлар, витаминдер, су
~ Интоксикацияның лейкоцитарлық индексы (ЛИИ) … анықталады .
| лейкоцитарлық формуламен+
| лейкоцитозбен
| эритроцит көлемінің лейкоцитке қатынасымен
| тромбоцит көлемінің лейкоцитке қатынасымен
| динамикадағы лейкоцит деңгейінің жоғарылауымен
~ Фракцияланбаған гепариннің антикоагулянттық әсерін бақылау мақсатымен ... тексереді.
| қан кету уақытын +
| протромбиндық индексты
| тромбоциттердің санын
| лейкоциттердің санын
| фибриногеннің деңгейін
~ Басқармалы гипокоагуляция … жүргізіледі.
| фракционирленбеген гепаринмен+
| клексанмен
| фраксипаринмен
| фибринолизинмен
| альтеплазамен
~ Тромбалық асқыну қаупі жоғары науқастарға операциядан кейінгі бірінші тәулікте ... жүргізген дұрыс.
| қан ұюын бақылап отырып гепаринотерапия+
| көп мөлшерде төменгі молекулярлы гепаринды терапия
| инсулинды терапия
| ұзаққа созылған ӨЖЖ
| эпидуральды анестезия
~ Операциядан кейінгі кезеңде ауыру сезімін басу мақсатымен стероидты емес қабынуға қарсы анальгетиктерді ... тәулік бойы қолданылады.
| 3+
| 2
| 7
| 14
| 10
~ Орталық веноздық қысым ...көрсеткіші болып табылады.
| веноздық тонуспен оң жақ қарыншаның жиырылғыштығы+
| веноздық тонустың
| оң жақ қарыншаның жиырылғыштығының
| жүректен шығатын қан көлемінің
| веноздық қайтымды қан көлемінің
~ Фентанил дәрісі ... тобына жатады.
| наркотикалық анальгетиктер+
| ингаляциялық емес анестетиктер
| гипнотиктер
| наркотикалық емес анальгетиктер
| транквилизаторлар
~ Кетамин (калипсол) дәрісі ... тобына жатады.
| ингаляциялық емес анестетиктер+
| гипнотиктер
| наркотикалық анальгетиктер
| наркотикалық емес анальгетиктер
| транквилизаторлар
~ Кетамин анестезиясына тән емес құбылыс:
| брадикардия+
| тахикардия
| АҚҚ көтерілуі
| ОКҚ көтерілуі
| ТЖ төмендеуі
~ Деполяризациялаушы емес миорелаксанттардың әсерінен нервбұлшықеттік блокада ұзақтығы ... созылады.
| 15 – 60 мин+
| 30 – 40 сек
| 5 – 6 мин
| 1 – 2 мин
| 30 – 40 мин
~ Деполяризациялаушы емес миорелаксанттардың әсерінен болатын нервбұлшықеттік блокада ... аралығында басталады.
| 1,5 – 5 мин+
| 4 – 6 мин
| 30 – 40 сек
| 5 – 10 сек
| 1 – 2 мин
~ Нейролептоанальгезия дегеніміз ... препараттарының қосындысы.
| дроперидол және фентанил+
| промедол және атропин
| пипольфен және промедол
| листенон және тубокурарин
| диазепам және дроперидол
~ Атаральгезия бұл ... препараттарының комбинациясы.
| седуксен және фентанил+
| дроперидол және фентанил
| атропин және промедол
| виадрил және оксибутират натрий
| диазепам және дроперидол
~ Калийдің сарысудағы концентрациясы ... .
| ацидоз кезінде көбейіп, алкалоз кезінде азаяды+
| ацидоз кезінде азаяды
| алкалоз кезінде көбейеді
| ацидоз кезінде азайып, алкалоз кезінде көбейеді
| ацидоз және алкалоз кезінде өзгермейді
~ Плазманың қалыпты жағдайдағы осмолярлығы:
| 290 мосммоль+
| 230 мосммоль
| 205 мосммоль
| 320 мосммоль
| 340 мосммоль
~ Орны толмаған қан кету және тұрақты гипотензиясы бар науқасқа таңдаулы анестетик болып ... табылады.
| калипсол+
| десфлуран
| севоран
| барбитураттар
| пропофол
~ Венозды қысымды ... қалыпты ұстап тұрады.
| қаңқа бұлшықет тонусы+
| плевра ішілік қысым
| жүрек жұмысы
| капиллярлардағы қысым мен қанайналым
| өкпе артериясындағы қысым
~ Наркозда қолданылатын ең қауіпті жарылғыштық қасиеті бар анестетик:
| циклопропан+
| наркотан
| фторотан
| метоксифлюран
| азот қышқылы
~ Антиноцицептивті ( ауырсынуға қарсы) жүйенің медиаторы болып табылады:
| эндорфин+
| морфин
| брадикинин
| серотонин
| интерлейкин
~ Науқасқа краниотомия жасау кезінде ӨЖВ –ны қолдану арқылы анестезия жасау барысында тыныс шығарудың соңындағы СО2-ның концентрациясының деңгейі ... .
| жүректің айдауына байланысты+
| ауалық эмболия кезінде жоғарылайды
| 3% санынан төмен деңгейде қалыптанып тұру керек
| отырған науқастарда тура болмайды
| анестезияның тереңдігіне тәуелді емес
~ Операция алдын бас -сүйекішілік қысымды төмендетуге бағытталған әдістерге ... жатады.
| гипервентиляция, маннитол және пропранолол енгізу+
| натрий нитропруссидін,ганглиоблокаторларды енгізу
| жұлындық дренаж
| барбитураттарды және седуксенді енгізу
| фурасемид енгізу
~ Операциядан кейінгі екінші тәулікте тромбозға алып келу қаупі бар науқастарға ... жүргізген дұрыс.
| қан ұю уақытын қадағалаумен гепаринотерапия жасау+
| үлкен мөлшерде төмен молекулярлы гепариндерді жасау
| инсулинмен терапия
| созылмалы ӨЖВ
| эпидуральді анестезия
~ Қарт және егде адамдардың гипоксемиясы бар екенін ескере отырып, оларға операциядан кейінгі кезеңде өкпелік асқынулардың алдын алу үшін ... қолдану қажет.
| ылғалдатылған O2-нің ингаляциясын +
| тыныстық гимнастиканы
| ультрадыбыстық және булық ингаляцияны
| өкпе артериясының тромбэмболиясын алдын алу іс әрекеттерін
| вибрационды массаж
~ Операциядан кейін қолданылған промедол … .
| гиповентиляция тудырады+
| науқастардың ерте жазылуына әсер тигізеді
| тек ауырсынуда қолданады
| ішектердің қызметін төмендетеді
| микроциркуляцияны бұзады
~ Капиллярлардан интерстициальді кеңістікке сұйықтықтың өтуі ... төмендегенде күшейеді.
| плазманың онкотикалық қысымы+
| орташа артериалық қысым
| интерстициальді сұйықтықтағы ақуыз концентрациясы
| венозды қысым
| плазмада натрий концентрациясы
~ Эритроцитарлы массаны контейнерге құю кезінде ...... қосуға болады.
| изотоникалық натрий хлорид ерітіндісін +
| гипотониялық натрий хлорид ерітіндісін
| 10% глюкоза ерітіндісін
| реополиглюкин
| гипертониялық натрий хлорид ерітіндісін
~ Калипсолдың орташа мөлшерін қолданғанда ... .
| бронходилятаторлық әсер етеді+
| микроциркуляцияны жақсартады
| АҚ төмендетеді
| бронхтардың жиырылуын тудырады
| артериалық қысымды жоғарылатады
~ Дормикумды седуксенмен салыстырғанда негізгі артықшылығы ... болып табылады.
| кері әсерлерінің аз болуы+
| тыныс алуды аз тежеуі
| гемодинкамикаға онша әсер етпеуі
| токсикалық қасиеті жоғарылығы
| балаларда қолданылуы
~ Рекофолды ... бірге қолданған жөн.
| кетаминмен+
| новокаинмен
| седуксенмен
| ГОМК-пен
| дормикуммен
~ Наркоздан шығу кезінде науқастар « тыныс алуды ұмытып қалады» бұл жағдай ... байланысты.
| бұлшық ет релаксанттарының қалдық әсеріне+
| дроперидолдың әсеріне
| есте сақтаудың төмендеуіне
| наркотиктердің әсеріне
| гемотрансфузияға
~ Науқас қабырға сынығынан кейін болған ауырсыну синдромы әсерінен экскурсияны тежейді , науқаста ... ТАЖ дамиды.
| торакодиафрагмальді+
| обструктивті
| орталық
| перфузионді
| нейро-бұлшықеттік
~ 56 жастағы науқаста торакотомиядан кейін кенеттен көкіректе ауырсыну, тахикардия, ауа жетіспеу сезімі байқалды. Қан кету белгілері жоқ. Жағдайының нашарлау себебі ... болып табылады.
| өкпе артериясының тромбоэмболиясы+
| жіті миокард инфаркті
| төс ортасының дислокациясы
| майлы эмболия
| ауа эмболиясы
~ Интубационды наркозбен жүргізілген операция кезінде демалуға қарсыласу жоғарылаған, дем шығару соңында оң қысым, екі жақты аускультативті әлсіз тыныс, кеуде клеткасының көлемінің ұлғаюы байқалады. Критикалық жағдайдың себебі болып ... табылады.
| дем шығару клапанының ақаулығы+
| бронхиолоспазм
| пневмоторакс
| ателектаз
| манжеттің бүтіндігінің бұзылысы.
~ 26 жастағы науқас, жасанды тыныс алуға ауыстырылған. Қанның газдық құрамын қарағанда артерия қанында оттегінің қысымы 100 мм сн.б құрайды, ал көмірқышқыл газы - 35 мм сн. б. ЖӨЖ құрылғысында…
| коррекцияның қажеті жоқ+
| ТАЖ төмендету
| ТАЖ жоғарылату
| ТАК және ТАЖ жоғарылату
| ТАК жоғарылату
~ Науқаста эр.массаны және жаңа мұздатылған плазманы көп мөлшерде құйғаннан кейін айқын метаболикалық алкалоз дамыды. Асқынудың даму себебі болып ... табылады.
| цитратты интоксикация+
| ескі қанның құйылуы
| ДФГ ның 2,3жетіспеушілігі
| трансфузиядан кейінгі гемолиз
| жеке сәйкес келмеушілік
~ 54 жастағы ер кісіде паренхиматозды ағзалар мен тоқ ішектің жарылуына байланысты ота жасалынды. Ота барысында 2 мөлшерлік эритроциттік массасын трансфузиялағаннан кейін SpO2-нің 60 дан 99% жоғарлауы анықталған, оның негізгі себебі ... болып табылады.
| трансфузиядан кейінгі гемолиз+
| өкпенің диффузды қабілеттігін жақсаруы
| ДФГ-ның 2,3жетіспеушілігі
| гиперкалиемия
| қанның оттекті сыйымдылығының жоғарылауы
~ 32 жастағы әйелдің жатырына экстирпация жасау кезінде 400 мл эр.массасын трансфузия жасады. Бірақ лабораториялық көрсеткіш төменгі нәтиже берді. Болжамды себебі болып ... табылады.
| қан ағудың жалғасуы+
| айқын спленомегалия
| иммунды сәйкессіздік
| топтық сәйкессіздік
| резус сәйкессіздігі
~ Жүрекке дефибрилляция жүргізудің көрсеткіші болып ... табылады.
| ЭКГ-да жүрек фибрилляциясының тіркелуі+
| 1-минут ішінде жүрекке жабық массаждың нәтижелілігі
| ұйқы артерияларында пульстің болмауы
| ЭКГ-да электро-механикалық диссоциацияның тіркелуі
| қарашықтың максималды кеңеюі
~ Гемотрансфузияның көрсеткіш ... болып табылады.
| HВнің 80 г/л ден төмендеуі+
| қан жасаудың стимуляциясы
| ЖОҚ толықтырылуы
| дезинтоксикация
| парентеральді қоректену
~ Микротрахеостомия қою кезінде микроирригаторды орнату үшін тіндерді тесу нүктесі… болып табылады .
| қалқанша – сақина байламы+
| қалқаншалы шеміршектің ортасы
| сақина тәрізді шеміршек ортасы
| шеміршектің 1-2 сақинасы арасы
| трахеяның 3-4 сақинасының арасы
~ Тамыр ішілік наркоз жүргізген кезде науқаста қозғалыстық қозулар, АҚ-ның жоғарылауы, бұлшық еттің тартылуы байқалды.Наркоздан соң науқаста мазасыздық, сандырақтау және әртүрлі елестер байқалды. Наркоздың тереңдігі жеткілікті болды, бұл симптоматика … тән.
| кетаминге+
| диприванға
| пропафолға
| натрий оксибутиратына
| натрий тиопенталына
~ Массивті компенсирленген емес қан жоғалтқан науқастарға анестезия кезінде ... қолданған жөн.
| листенон+
| тубокурарин
| диплацин
| мивокурорин
| ардуан
~ Фентанилдің ең күшті әсер ету ұзақтығы шамамен ... құрайды.
| 20-30 минутты+
| 45-60 минутты
| 1-2 сағатты
| 2-4 сағатты
| 4-6 сағатты
~ Дроперидол әсерінің ұзақтығы ... құрайды.
| 12-14 сағатты+
| 45-60 минутты
| 2-4 сағатты
| 7-12 сағатты
| 20-30 минутты
~ Бас кезінен гиповолемиясы бар науқастарға таңдаулы анестетик ... болып табылады.
| кетамин+
| фторотан
| барбитураттар
| эфир
| пропофол
~ Перфузиядан кейінгі синдромда қолдануға ... болмайды.
| гемосорбцияны
| ПДКВ режимінде ӨЖЖ
| 50% оттегімен ӨЖЖ
| глюкокортикоидтарды қабылдауға
| сұйықтықты аз мөлшерде қабылдауға
~ Пневмонэктомиядан кейін дамыған қарынша үстілік тахикардияда ... болмайды.
| лидокаин енгізуге
| каротидты синустың массажын жасауға
| пропранолол енгізуге
| верапамил енгізуге
| каптоприл енгізуге
~ Аорта ішілік баллонды контрпульсацияның гемодинамикаға оңды әсеріне жатады:
| коронарлық перфузияның жоғарылауы
| миокардтың жұмысын азайтуы
| жүйелі перфузияны жақсартуы
| диастолық қысымды жоғарылатуы
| систолалық қысымды жоғарылатуы
~ Электрокардиоверсияның көрсетілімі болып табылады:
|қарыншалық тахикардия
|түйінді брадикардия
| синустық тахикардия
| электро-механикалық диссоциация
| жүрекшелік фибрилляции
~ Жүректің жіті тампонадасы ... байланысты.
|парадоксальді пульске (pulsus paradoxus )
| брадикардияға
| массивты асцитке
|тахикардияға
|пневмотораксқа
~ Бүйрек арқылы іске асырылатын созылмалы тыныс алу ацидозында:
| РаСО2 жоғарылайды
| зәрдің рН жоғарылайды
| негіздердің көбеюі азаяды
| стандартты бикарбонат төмендейді
| Р50 төмендейді
~ Жүрек лақтыруының фиксирленген төмендеуі байқалады:
| аорта қақпақшасының тарылуында
| жүректік өкпеде
| дигоксиннің уытты әсерінде
|митралды қақпақшаның тарылуында
| аортаның коарктациясында
~ Операцияның қауіптілігі ... азаяды.
| анамнезінде миокардтың инфарктысы болса (4 ай бұрын)
| жүрек жетіспеушілігінің бастапқы белгілерінде
| толық көлденеңді құрсаулануда
| күштемелі және тыныштық стенокардиясында
| аортаның айқын тарылуында
~ Эмфиземаның ауыр түрімен ауыратын науқасқа 2 сағат бойы 100% оттегі бергеннен кейін дамыған ұйқышылдық пен дезориентация дамуының себебі болып ... табылады.
| гиперкапния
| ми қан тамырларының тарылуы
| мидың гипоксиясы
| оттегінің токсикалық әсері
| гипокапния
~ Премедикацияға атропин ерітіндісін ... науқастарға тағайындауға болмайды.
| митральды қақпақшаның айқын тарылуы бар
| бас-ми ішілік қысымы жоғарылаған
| гипотиреозбен ауыратын
| бета-адренорецепторлардың блокаторларын қабылдаған
| кальций антагонистерін қабылдаған
~ Анестезия барысында дамыған қарыншалық тахикардияның емдеуіне ... ерітіндісін қолданады.
| лидокаин
| дигоксин
| кальция глюконат
| верапамил
| изоптин
~ Митральды қақпақшаның жетіспеушілігінде қолданылатын тиімді анестезия ... .
| сәл ғана жүйелі вазодилатацияны шақырады
| жүрек камераларының толымдылығын жоғарылатады
|жүйелі қан қысымын жоғарылатады
|миокардтың жиырылуын төмендетеді
|жүректің лақтыру көлемін төмендетеді
~ Тотальды көк тамырлы анестезия және ӨЖЖ наркозы жүргізілген науқаста операция кезінде демалуға қарсыласу жоғарылаған, дем шығару соңында оң қысым, екі жақты аускультативті әлсіз тыныс, кеуде клеткасының көлемінің ұлғаюы байқалады. Критикалық жағдайдың себебі болып ... табылады.
| дем шығару клапанының ақаулығы
| бронхиолоспазм
| пневмоторакс
| ателектаз
| манжеттің бүтіндігінің бұзылысы.
~ Қан айналымның гипердинамиялық түрі ... кездеспейді.
| өкпе артериясының эмболиясында
| жүктілікте
| анемияда
| миокардитте
| өкпе шеменінің ісінуінде
~ Трахеяның бір жағына қарай ығысуы ... кездеседі.
| токсикалық зобта
| оң жақты пневмоторакста
| сол өкпенің коллапсінде
| сол жақты эмпиемада
| сол жақты пневмонэктомияда
~ Өкпе серпімділігі ... анықталады.
| өкпе тінінің эластикалығымен
| жасымен
| өкпе көлемімен
| анестезияның тереңдігімен
| науқас дене салмағымен
~ Операциядан кейінгі ателектаздың дамуына алып келетін факторларға жатады:
| өкпенің эмфиземасы
| анестезия барысында өздігінен тыныс алу
| кеуде бөлігіне жүргізілген эпидуральды анестезия
| зәрдің шықпай қалуы
| жұлын анестезиясы
~ Бір өкпені желдендіріп жүргізілген анестезия барысында ... .
| тыныс жолдарында қысым жоғарылайды
| СО2 – ның ағзадан шығуы жоғарылайды
| жұтқан ауада О2концентрациясы 50% кем болмауы тиіс
| анестетиктердің концентрациясы екі есе жоғарылайды
| өкпенің гипоперфузиясы кездеседі
~ Кеуде клеткасының рентгенографиясында кездесетін алдыңғы кеуде қуысының үлкен құрылымы ... байланысты болуы мүмкін емес.
| көк еттің жарығына
| айрықша безінің кистасы
| төс артындағы зобқа
| лимфомаға
| көкірек аралық ісіктер
~ Екі саңылаулы түтікшелі интубация жасаудың ... абсолютты көрсеткіші болып табылады.
| бронхоплевральды жыланкөз
| өкпе ісігі
| лобэктомияның орындау қажеттілігі
| кеуде бөлігіндегі ламинэктомия
| өңештің операциясы
~ Ересек науқастардың жүрегін зондтау жүргізгенде көбінесе... анестезия қолданылады.
| жергілікті инфильтрационды
| калипсолды
| мидазоламды
| барбитуратты
| жалпы комбинирленген
~ Спирограммадағы өкпедегі рестриктивті процесс ... нақтыланады.
| форсирленген тыныс шығару көлемінің төмендеуі
| тыныс алудың минуттық көлемінің жоғарылауы
| тыныс алу көлемінің жоғарылауы
| өкпенің минуттық желденуінің жоғарылауы
| қалдық көлемнің жоғарлауы
~ Тыныс алу жолдарының шырышты қабатының бронхоскопиясында анестезияға ... ерітіндісін қолдануға болмайды.
|10-15% кокаин
| 1-3% дикаин
| 10% новокаин
| 10% лидокаин
| 3% тетракаин
~ Бронхофиброскопияға көрсеткіш болып ... табылмайды.
| өкпе эмфиземасы
| бронх обтурациясы
| өкпелік қан кету
| асқазан сұйықтығының аспирациясы
| нәтижесіз жөтел
~ Жүрек ауруына байланысты операция кезінде гемотрансфузияға көрсеткіш ... болып табылады.
| гематокриттің 30% төмендеуі
| айналымдағы қан көлемінің төмендеуі
| артериалды гипоксемияның дамуы
| артериалды қан қысымының төмендеуі
| гемоглобинның 90% төмендеуі
~ Анестезиолог дәрігер анестезия жүргізу мақсатында бел сегментінің біреуіне тримекаин ертінідісінің сынама дозасын енгізді.Үш минуттан кейін аяқтары және құрсақтың төменгі кең аймақтары терең жансыздандырылды. Аяқ бақайларының белсенді қозғалысы жоғалды. Науқасқа жасалған анестезияның түрі ... деп аталады.
| жұлынды
| эпидуральды
| омыртқа маңайлық
| каудальды
| құйымшақты
~ Науқаста трахеяның интубациясынан кейін дәрігер кеуде клеткасының экскурсияның болмауын, нәтижесінде ерін мен тырнақ көгеруін анықтады. Өкпе аускультациясында – екі жақтан дыбыссыз тыныстық шулар ,эпигастральды аймақтың кебуі байқалады. Науқаста жедел тыныс жеткіліксіздігінің белгілерінің дамуына ... алып келді.
| өңештің интубациясы
| оң жақ басты бронхтың интубациясы
| трахеяның перфорациясы
| сол жақ басты бронхтың интубациясы
| гиповентиляция
~ Интубация процессі кезінде трахеяның,көмейдің рефлексогенді аймақтарының тітіркенуінің әсерінен жүректің рефлекторлы тоқтауы болды.Реанимация шарасын жүргізуде ... бірінші кезекте енгізіледі.
| атропин
| промедол
| эуфиллин
| пипольфен
| лидокаин
~ 20 жасар науқаста жөтел ұстамасынан кейін кеуде клеткасында кенеттен ауырсыну,тыныстың қиындауы,ентігу басталды.Оң жақтан тыныс шулары естілмейді.Перкуторлы – жоғары тимпаникалық дыбыс. Науқастың жағдайының нашарлауының ... себебі болып табылады.
| спонтанды пневмоторакс
| тыныс жолдарында бөгде зат
| оң жақ өкпенің ателектазы
| өкпе ісінуі
| миокард инфаркті
~ Плазмада бикарбонаттың жоғарлауы... байқалады.
| созылмалы гиповентиляцияда
| ацетазоламидпен емдегенде
| қантсыз диабетте
| бүйрек жеткіліксіздігінде
| эмфиземада
~ Өкпе гипертензиясын туындатуға әкелетін дәрілерге ... жатады.
| кетамин
| фуросемид
| морфин
| диазепам
| пропофол (диприван)
~ 30 жастағы науқаста қалқанша безінің оң бөлігінде көлемі 2х2 см болып келетін тығыз консистенциялы ісік табылды .Перифериялық лимфа бездері үлкеймеген. Радиоизотопты сканирования жасағанда диагнозы: Түйінді эутиреоидты зоб екені расталды. Емделуінде ... жасалады.
| қалқанша безінің бөлігін түйінмен қоса резекция
| субтотальды струмэктомия
| гемиструмэктомия
| ісікті толығымен қыру отасы
| консервативті емдеу
~ Бір жыл бұрын пневмонияның ауыр түрімен ауырған , қазір іріңді қақырықпен жөтеліп жүрген 57 жастағы науқастың рентгенографиясында өкпесінің төменгі бөлігінде ішінде суы және ауасы бар дөнгелек құрылым анықталды. Науқаста ... болуы мүмкін.
| өкпенің созылмалы абсцессі
| кавернозды туберкулез
| өкпенің паразитарлы кистасы
| бронхоэктатикалық ауру
| өкпенің қатерлі ісігі
~Клиникалық өлімнің шұғыл түрде алғашқы диагностикасын жүргізуге арналған іс шаралар:
|есін,өздігінен тыныс алуын, магистральды артерияда пульсын анықтау
|шұғыл түрде қандағы электролит, эритроцитов және гемоглобин деңгейін анықтау
|тыныс шуларын,жүрек тондарын аускультациялау,қан қысымын өлшеу
|ЭКГ-ны түсіріп, спирография жасау
|Глазго шкаласын пайдалану
~Науқастың өздігінен тыныс алуын тексерудің ең түсініктісі болып ... табылады.
|«көремін» , «есітемін» «сеземін» жиынтығы
|айна немесе металлдан жасалған құрал (терлейді)
|аузына жіп немесе шашты жақын ұстау
|тыныс шуларын аускультациялау
|тыныс алуды есептеу
~Қан айналым тоқтауының диагностикасын және жүрек комрессиясын жасаудың ең жылдам,қарапайым әдісі:
|магистралды артерияда пульсты анықтау (үлкендерде ұйқы, балаларда иық/сан )
|жүрек тондарын аускультациялау
|құрсақ аортасының пульсациясын визуальды анықтау
|тері қабатының түсін бағалау
|ЭКГ түсіру
~Клиникалық өлімнің алғашқы диагностикасына ... қажет.
|10 секунд
|2 секунд.
|2 минут.
|60 секунд
|30 секунд
~Европалық стандарт бойынша өкпе жүрек реанимациясының базалық түрінің толық сипаттаушы тізімі:
|электрлік дефибрилляция,тыныс жолдарын қалыпқа келтіру, жүрек компрессиясы және жасанды тыныс
|жасанды тыныс және жүрекке тікелей емес массаж жасау
|жасанды тыныс және жүрекке тікелей емес массаж және дәрілер енгізу
|кеңірдектің интубациясы жәнежасанды тыныс
|жасанды тыныс және медикаментозды терапия
~Реанимациялық іс шаралардың базисты және кеңейтілген болып бөлінуінің мағанасы:
|базистыӨЖР-ға арнайы құрал,дәрілер қажет емес, «клиникалық өлім»диагнозынан кейін бірден жүргізеді
|базисты ӨЖР –ны медициналық білімі жоқ,тек айналасындағылар ғана жүргізеді
|базисты ӨЖР тек 10 минут қана жүргізіледі, көп затты қажет етпейді, тірілту мүмкіндігін анықтайды
|базисты ӨЖР тек жедел жәрдем дәрігерлері, ал кеңейтілген реанимацияны реаниматологтар жүргізеді
|базисты ӨЖР тек қана парамедиктер жүргізеді және кеңірдектің интубациясын талап етеді
~«В» фибриногеннің пайда болуы ... білдіреді.
|тамырішілік коагуляцияның белсенділігін
|гипофибриногенемияны
|гиперфибриногенемияны
|гипокоагуляцияны
| ағзадағы антикоагулянттардың артықтығын
~Өкпені жасанды желдендірудің"ауыздан ауызға" әдісінің ең қауіпті асқынуы:
|асқазанның ауаға толып аспирация ,регургитацияға алып келуі
|қарыншалық фибрилляция
|төменгі жақтың сынуы
|өкпе альвеоласының жыртылуы, пневмоторакс.
|төстің сынуы
~«Ауыздан ауызға» әдісі арқылы өкпені жасанды желдету кезінде ауаның асқазанға түспеуі үшін келесі шара орындалу:
|ұзақтығы 1 секундтан көп, ырғақты
| жылдам әрі соққы тәрізді
|алдын ала мұрын-асқазан зондын енгізу
|ауаның ену жылдамдығы маңызды емес
|тыныс жиілігі минутына 16 реттен көп
~Адекватты жүргізілген ЖӨР белгілері:
|кеуденің ырғақты көтерілуі және компрессия кезінде ұйқы артериясында пульстің байқалуы
|сынған қабырғалардың болуы.
|арнайы құрылғыларсыз базисті ЖӨР адекваттылығын анықтау мүмкін емес.
|науқастың есінің болуы
|АҚҚ жоғарылауы
~Жүрек/қан айналым тоқтауының түрлері:
|қарыншалар фибриляциясы/қарыншалар тахикардиясы, электромеханикалық диссоциация, асистолия
|пароксизмальды қарыншаүстілік тахикардия, пароксизмальная наджелудочковая тахикардия, электромеханикалық диссоциация, асистолия
|қарыншалар фибриляциясы/қарыншалар тахикардиясы, толық атриовентрикулярлық блокада, асистолия
|қарыншалар фибриляциясы/қарыншалар тахикардиясы, электромеханикалық диссоциация,синус түйінінің әлсіздік синдромы
|толық атриовентрикулярлық блокада, экстрасистолия
~Мониторда қарыншалар фибриляциясы/қарыншалар тахикардиясы анықталған жағдайда қолданылатын дұрыс шара:
|біріншілік электрлік дефибриляция
|кеңірдек интубациясы және трахеобронхиальды ағаштың санациясы
|1мг адреналинді көктамырға енгізу
|300мг кордаронды көктамырға енгізу
|ауа өткізгіш түтікті енгізу және ӨЖЖ аппаратына қосу
~Магистральды артерияларда пульстің болмауы, бірақ ЭКГ да толық атриовентрикулярлы блокада, қарыншаүстілік тахикардия, синус түйінінің әлсіздік синдромының болуы қан айналым тоқтауының келесі типіне тән:
|электромеханикалық диссоциация
|пульссіз қарыншалық тахикардия
|асистолия
|жүрекшелер фибрилляциясы
|гиперфузиямен брадикардия
~Кеңейтілген реанимация кезінде европалық одақтың ұсынысы бойынша дәрілерді енгізу жолдары:
|т/і, сүйек ішілік
|б/е, жүрекішілік
|эндотрахеальды, б/е
|т/і, эндотрахеальды
|т/і, артерияішілік
~ҚР №5 хаттамасы бойынша қарынша фибрилляциясы/қарыншалық тахикардияны басу үшін адреналиннен басқа келесі препаратты енгізуге болады:
|кордарон, лидокаин
|лидокаин, дигоксин
|кордарон, магнезия
|атропин, магнезия
|новокаинамид. атропин
~62 жас науқаста 3реттік дефибрилляциядан кейін кеңірдек интубациясы, 1мг адреналинді т/і енгізгеннен кейін қарыншалар фибрилляциясы жалғасуда. Сіздің келесі амалыңыз:
|кордарон 5 мг/кг т/і
|атропин 0,02 мг/кг т/і
|новокаинамид 15 мг/кг
|магнезия 0,5г т/і
|верапамил 0,1мг/кг
~Тәуліктік фильтрация көлемі(біріншілік зәр) қалыптыда ...мл/мин құрайды.
|125
|40
|100
|180
|150
~Сол жақ қарынша лақтырыс фракциясы ...көмегімен анықталады.
|ультрадыбысты зерттеу
|рентгенокардиометрия
|электрокардиография
|компьютерлі томографии
|коронарография
~ ҚТШҰ – синдромының жіті түрдегі фазасына жатпайды:
|ұзаққа созылған гиперкоагуляция
|фибринолизсіз коагулопатия
|жылдам ағымды гиперкоагуляция
|коагулопатия
|гипокоагуляция
~Анафилактикалық шок кезінде енгізілетін адреналиннің алғашқы мөлшері ... мл.
|0,5
|1
|2
|3
|1,5
~Анафилактикалық шок кезіндегі қолданылатын преднизолонның мөлшері ... мг/кг.
|2
|0,5
|0,1
|1
|5
~Анафилактикалық шок түріне жатпайды:
|инфекциялық
|гемодинамикалық
|асфиксиялық
|абдоминальді
|типті
~Жұтқыншақ ісінуі салдарынан дамыған асфиксияда қолданылады:
|коникотомия
|шеткері вена катетеризациясы
|кеңірдек интубациясы
|трахеостомия
|бронхоскопия
~Анафилактикалық шоктың жедел ағымына тән:
|өте тез дамуы, коллоптоидты жағдай
|баяу дамуы , коллаптоидты жағдай
|гемодинамиканың айқын емес бұзылысы , науқас есі сақталынған
|тырысу, бронхоспазм, тері бозаруы, АҚҚ 80/40 мм.рт.ст,
|бет, тіл ісінуі, АҚҚ төмендеуі ,тахикардия
~ Өкпе шеменінің ісінуінде қанның онкотикалық қысымын төмендету мақсатымен ... қолданады.
|лазикс
|маннитол
|верапамил
|инсулин
|мочевина
~ Жүрек ырғағы бұзылысының ... каротидтi синусқа массаж жасау қажет.
|қарынша үстiлiк тахикардиясында
|жүрекшелер дiрiлiнде
|жүрекшелер фибрилляциясында
|қарыншалық тахикардиясында
|қарыншалар дiрiлiнде
~Қарыншаның майда толқынды фибрилляциясында электрлiк дефибрилляция эффективтiлiгiн жоғарылату үшiн ... енгiзедi.
|адреналин
|лидокаин
|атропин
|кальций хлоридi
|строфантин

Приложенные файлы

  • docx 12788646
    Размер файла: 69 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий