23 билет,2 ші сұрақ.У.п


Стресс
Стресс – бұл қажетті нәтижелерге жету барысындағы қиындықтар немесе бөгеттердің бар болуымен негізделген динамикалық жағдай. Соңғы уақыттарда стресс жиі кездесетін құбылысқа айналды. Әдетте стресс 2 негізгі сәттермен байланысты: бөгеттер мен мақсаттардың орындалмауынан.
Стресстің барлық бастаулары үш үлкен топқа бөлінуі мүмкін:
-          сыртқы факторлар
-          ұйымға тәуелді факторлар
-          жұмысшы жағындағы факторлар
Сыртқы факторлар. Стресстің сыртқы қайнар көздеріне қарулы қақтығыстарды, экономикалық және саяси жағдайлардың күшеюі, қоғамдағы тұрақсыздық, инфляция, жұмыссыздықтың кобеюін жатқызуға болады.
Ұйымға тәуелді факторлар болса көптеген топтардан турады. Ал олар өз кезегінде келесі топшаларға бөлінеді:
-          орындалған жұмыстың мінездемесі (шешілетін мәселелердің күрделілігі, жұмыстағы өзімшілдік, жауапкершілік дәрежесі, еңбек жағдайы)
-          ролдердің нақты бөлінбеуі (ресми негізделген талаптардың нақты талаптарға сәйкес келмеуі, рольдік жағдай)
-          топтағы қарым-қатынас (қолдаудың болмауы, сөйлесуді жүргізу пробемалары)
-          басқару стилі (қысым көрсету, қорқыту сияқты келеңсіз тәсілдер)
Жұмысшының жағындағы факторлар. Бұл факторлар тобына өзіндік проблемалар, сонымен қатар жұмысшының өзіндік қасиеттерін жатқызуға болады.
Сонымен қатар, стресстің болуына жағдай жасайтын, керісінше кедергі болатын факторларға келесілерді жатқызуға болады:
-          жұмыс тәжірибесі
-          қабылдау
-          жолдастар мен туыскандардың және әріптестердің қолдауы
-          орын алған жағдайды жақсартуға бағытталған белсенді әрекеттер
-          долылық дәрежесі.
Стресстің нәтижелері.
Стресс өзін әр түрлі көрсете алады. Стресстің белгілері 3 негізгі топтарға бөлінуі мүмкін: физиологиялық, психологиялық, мінез-құлықтық.
Стресстің физиологиялық белгілері келесі нысандарда көрінуі мүмкін: қан қысымының жоғарлауы, жүрек-тамыр ауруларының туындауы мен асқынуы. Стресстің адам физиологиясына әсер етуі соңына дейін зерттелмеген. Дегенмен, адамның өмірлік функциялары мен деңсаулығына әсері өте жоғары екені дәлелденуде.
Стресстің психологиялық белгілері. Стресс көбінесе адамның көңілі толмауымен тығыз байланысты болады. Яғни, ол келесі нысандарда көрінуі мүмкін: масыздану, уайымдау, ашулану. Көбінесе жұмыстағы біркелкілік, жауапкершіліктердің дұрыс белгіленбеуі сияқты факторлар әсер етеді.
Стресстің мінез-құлықтық белгілеріне төмендегілер жатады:
-          еңбек өнімділігінің төмендеуі
-          жұмысқа келмеуі
-          кадрлар ағымдылығы
-          алкоголь өнімдерін шектен тыс пайдалану, сонымен қатар басқа да формадағы көріністер.
Ұйымдағы стресс.
Ұйым деңгейіндегі стрессті басқару келесі өзара тығыз байланысқан бағыттар арқылы жүзеге асады:
-          кадрларды таңдау және орналастыру
-          мақсаттарды нақтылау және оларды жүзеге асыру
-          жұмыстарды жобалау
-          шешімдерді топтық қабылдау және өзара байланысуы
-          жұмысшыларды емдеу бағдарламалары.
Кадрларды таңдау және орналастыру. Жұмыстардың әр түрлі мінездері мен мазмұндарына стресстің туындауына әр түрлі әсер етеді. Сонымен қатар, жұмысшылар да жағдайға әр түрлі әсер етеді: біреулері стресске ұшырыса, кейбірі азырақ ұшырайды. Яғни, кадрларды таңдау мен орналастыру кезінде осындай маңызды ерекшеліктерді ескеру қажет. Бұл арқылы көптеген әлеуметтік және экономикалық келеңсіз жағдайлардың алдын алу керек.
Стресстің факторлары:
Алаңғасарлық;
Жоғарғы қозғыштық;
Жиі шаршау;
Әзілшілдік сезімнің жоғалтуы;
Кенеттен тартылатын темекі санының өсуімен бірге,алкагольдік сусындарға құмарлықтың пайда болуы;
Ұйқының және тәбеттің жоғалуы;
Естің нашарлауы;
Кейде баста,асқазанда,арқада психосоматикалық деп аталатын аурулар пайда болуы;
Қуаныштың толық жоғалуы;

Приложенные файлы

  • docx 11407311
    Размер файла: 14 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий