8 апта емтихан сурак ДПЭ (1)


1.ҚР Дипломатиялық қызметі туралы заңы.
Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы Заңы 2002 жылғы 7 наурызда қабылданды. Заң 7 тарау, 33 баптан құралады:
1-тарау .   ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 1-бап .     Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 2-бап .     Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңдары 3-бап .     Дипломатиялық қызмет органдарының мәртебесі 4-бап .     Дипломатиялық қызметтiң бiрыңғай жүйесi 5-бап .     Дипломатиялық қызмет органдарының мiндеттерi 6-бап .     Дипломатиялық қызмет органдарының негiзгi функциялары 7-бап .     Байланыс, мұрағат, қауiпсiздiк және баспа басылымдары 2-тарау .   ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ПЕРСОНАЛЫ, ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ЛАУАЗЫМДАРҒА ТАҒАЙЫНДАУ 8-бап .     Дипломатиялық қызмет персоналы 9-бап .     Дипломатиялық қызмет органдарына қызметке тұру 3-тарау .   ДИПЛОМАТТЫҚ ДӘРЕЖЕЛЕР 10-бап .    Дипломаттық дәрежелер 11-бап .    Дипломаттық дәрежелердi беру тәртiбi 12-бап .    Дипломаттық дәрежелерде болу мерзiмдерi 13-бап .    Дипломаттық дәреженi мерзiмнен бұрын және кезектен тыс беру, төмендету, одан айыру және қалпына келтiру 4-тарау .   ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕН ӨТУ 14-бап .    Дипломатиялық қызмет органдарында лауазым ауыстыру, қызмет атқару 15-бап .    Ротация 16-бап .    Қызметтiк аттестаттау 17-бап .    Жоғары оқу орындарына, ғылыми мекемелерге жіберу 18-бап .    Дипломатиялық қызмет персоналының еңбек қатынастарын тоқтату 5-тарау .   ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ПЕРСОНАЛЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ, МIНДЕТТЕРI МЕН ЖАУАПКЕРШIЛIГI 19-бап .    Дипломатиялық қызмет персоналының құқықтары мен мiндеттерi 20-бап .    Дипломатиялық қызмет органдарында қызметте болуға байланысты шектеулер 21-бап .    Дипломатиялық қызмет персоналын көтермелеу 22-бап .    Дипломатиялық қызмет персоналының жауапкершiлiгi 23-бап .    Дипломатиялық қызмет персоналын керi шақырып алу 6-тарау .   ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТI ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ, ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ ПЕРСОНАЛЫНА БЕРIЛЕТIН КЕПIЛДIКТЕР МЕН ӨТЕМДЕР, ОЛАРДЫ МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТIК ЖАҒЫНАН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 24-бап .    Дипломатиялық қызметтi қаржылық және материалдық-шаруашылық жағынан қамтамасыз ету 25-бап .    Дипломатиялық қызмет персоналына берiлетiн кепiлдiктер мен өтемдер 26-бап .    Жерлеу шығыстарын өтеу27-бап .    Дипломатиялық қызмет персоналының еңбек қатынастарын реттеу 28-бап .    Дипломатиялық қызмет персоналының еңбегiне ақы төлеу 29-бап .    Дипломатиялық қызмет қызметкерлерiне ақшалай төлемдер жасау 30-бап .    Жыл сайынғы демалыстар 31-бап .    Дипломатиялық қызметтiң персоналын зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтiк қорғау 32-бап .    <*>32-1-бап. Қазақстан Республикасынан халықаралық ұйымдарға жұмысқа жіберілген, бұрын дипломатиялық қызмет персоналы лауазымында болған лауазымды адамдарды қамтамасыз ету7-тарау .   ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР 33-бап .    Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
 1. Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан, осы Заңмен реттелмеген бөлігінде мемлекеттік қызмет туралы заңдардан, өзге де нормативтік құқықтық актілерден және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарынан тұрады.
  Дипломатиялық қызметтiң бiрыңғай жүйесiн Сыртқы iстер министрлiгi, оның ведомстволары, шет елдердегi мекемелер, сондай-ақ Сыртқы iстер министрлiгінiң қызметiн қамтамасыз ету үшiн құрылған ведомстволық бағыныстағы ұйымдар, Сыртқы iстер министрлiгiнiң қарауындағы оқу орындары құрайды.       Дипломатиялық қызметтiң бiрыңғай жүйесiн Сыртқы iстер министрлiгi басқарады.
  Дипломатиялық қызмет органдарына мынадай мiндеттер жүктеледi:
      1) Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының тұжырымдамасы мен негізгi бағыттарын әзiрлеу және Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiне тиiстi ұсыныстар беру;
      2) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси және сыртқы экономикалық стратегиясы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi үшiн ұсыныстар әзiрлеу және Президенттiң халықаралық бастамаларын iске асыру;
      3) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын iске асыру, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыруға және халықаралық беделiн нығайтуға жәрдемдесу;
      4) Қазақстан Республикасының егемендiгiн, қауiпсiздiгiн, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын, оның басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынастардағы және халықаралық аренадағы саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерiн дипломатиялық құралдар мен әдiстер арқылы қорғауды қамтамасыз ету;
      5) шет елдерде Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерiн қорғау;
      6) Қазақстан Республикасының халықаралық бейбiтшiлiктi, ғаламдық және аймақтық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi күш-жiгерiн дипломатиялық құралдар мен әдiстер арқылы iске асыру;
      7) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дипломатиялық және консулдық қарым-қатынастарын жүзеге асыру;
2.ҚР Сыртқы істер министрлігінің жаңа негізде ұйымдастырылуы
ҚР Президентінің 2002 ж. 12 наурыздағы Жарлығымен[1]ҚР Мемлекеттік хатшысы —ҚР Сыртқы Істер министрініңқұқықтық мәртебесі мен өкілеттігі айқындалды. ҚР Мемлекеттік хатшысы — ҚР Сыртқы Істер министрі ҚР Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын ҚР лауазымды тұлғасы болып табылды.ҚРМемлекеттік хатшысы — ҚР Сыртқы Істер министрі өз қызметін ҚРПрезидентінің тікелей басшылығымен жүзеге асырды. ҚР Мемлекеттік хатшысы —[[ҚР Сыртқы Істер министрі]] ҚР Үкіметінің мүшесі болып табылды. ҚР Мемлекеттік хатшысы — ҚР Сыртқы Істер министрі ҚР Президентініңтапсырмаларына сәйкес мынадай өкілеттіктерді жүзеге асырды: Сыртқы істер министрлігінің жұмысын үйымдастыру және басшылық жасау; ҚР сыртқы саясатының түжырымдамалық негіздерін әзірлеуді қамтамасыз ету және ҚР Президентіне тиісті ұсыныстар табыс ету; ҚРсыртқы саяси бағытын іске асыруды қамтамасыз ету; ҚР сыртқы экономикалық және инвестициялық саясатын үйлестіру және оны іске асыруды қамтамасыз ету; ҚР атынан мемлекетаралық келіссөздер жүргізу; ҚР орталық атқарушы органдарының халықаралық қызметін үйлестіру; Мемлекеттік хатшы — Сыртқы істер министрінің қүзіретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекет Басшысының қарауына ұсынылатын нормативтік қүқықтық актілердің жобаларын келісу; ҚР-да қызметін қоса атқаруға тіркелген шет е л д е р д і ң елшілерінен сенім грамоталарын қабылдау; мемлекет Басшысы жанындағы мынадай консультативтіккеңесші органдардың қызметін үйлестіру: Адам құқықтары жөніндегі комиссия,Қазақстан халықтары Ассамблеясының Кеңесі, Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия, ҚР Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын тапсыру жөніндегі комиссия, Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссия, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия, ҚР Президентінің мәдени және гуманитарлық салалардағы қайырымдылық және демеушілік қызметі үшін Құрмет дипломын тапсыру жөніндегі комиссия; мемлекет Басшысының өзге де тапсырмаларын орындау.Мемлекеттік хатшы — Сыртқы істер министрінің қызметін ұйымдастыру-құқықтық, ақпараттық-талдау және өзге қамтамасыз етуді ҚР Президентінің Әкімшілігі және Сыртқы істер министрлігі жүзеге асырды. ҚР Президентінің 2003 ж. 10 шілдедегі Жарлығымен[2] ҚР Мемлекеттік хатшысының құқықтық мәртебесі мен өкілеттігі айқындады.
3.Дипломатияның пайда болуы.
Дипломатия - [ лат. duplicata- билеуші шығарған үкімнің түпнұсқасы мұрағатта сақталғанкөшірмесі немесе дубликаты] - үкімет органдары, оның шетелдердегі өкілдері мен сенімді тұлғалары жүзеге асыратын мемлекеттің сыртқы саяси міндеттерін іске асыру әрекеттері. Дипломатияны, көбіне, ресми қарым-қатынас жасау арқылы мемлекеттің сыртқы саяси мақсаттары мен мүдделерін іске асыратын мемлекеттік іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде қарастырады. Дипломатия - сыртқы саясатты жүргізуге арналған аса маңызды құрал, үйлесімді құрамдас бөлік. Нақты айтқанда, дипломатия мемлекеттің сыртқы саяси және халықаралық қатынастарды жүзеге асырушы тәжірибелік тәсілдер, құралдар мен әдістерінің жиынтығы болып табылады. Бейбіт жағдайда бұл құрал аса жоғары мәнге ие болады және басқа да сыртқы саяси құралдардың көпшілігі оған бағынышты. Көптеген елдерде дипломатия мемлекеттердің бейбіт жағдайда бірлесіп, тыныш өмір сүруінің ғылымы немесе әдістемесіжайлы теориясы деп, мемлекеттер арасындағы достықты нығайтуға, әріптестікті орнатуға, олардың арасындағы қандай да бір қайшылықтарды бейбіт реттеудің саяси амалдары мен әдістері жөніндегі ғылым ретінде қарастырылады.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%94%D0%B8%D0%BF%D0%BB%D0%BE%D0%BC%D0%B0%D1%82%D0%B8%D1%8F_%D1%82%D0%B0%D1%80%D0%B8%D1%85%D1%8B&action=edit&redlink=1" \o "Дипломатия тарихы (мұндай бет жоқ)" Дипломатия тарихы, дипломатиялық құқық,дипломатиялық қызмет, дипломатиялық хаттама осы ғылымның салалары болып табылады. Кей жағдайларда дипломатияны келіссөздермен байланыстырады, яғни, дипломатия - халықаралық қатынастарды келіссөздер көмегі арқылы жүргізу; ол халықаралық қатынастардыелшілер мен өкілдер арқылы жүргізіп, реттеу әдісі немесе әртүрлі қайшылықты мүдделерді ыңғайлау тәсілі. 
Дипломатия тарихы туралы айтқанда ежелгі үндістан, ежелгі қытай, ежелгі Египет, Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим Орта ғасырлардағы дипломатия және Византия дипломатиясының қалыптасуы туралы айтуға болады.
Мысалы Ману заңдары.
Ману  заңы (санскритше манавадхар-машастра) — үнділердің жеке және қоғамдық өмірдегі мінез-құлқын, жүріс-тұрысын анықтайтын ежелгі діни-құқықтық нормалар жиынтығы. Үнді аңыздарына қарағанда оны адамдардың арғы атасы Ману құрастырған. Тарихи деректер бойынша Ману заңын шамамен б.з.б. 2 — б.з. 2 ғ-лар аралығында діни абыздар (брахман-риши) жазған. Діни-әдеби шығарма болғандықтан, Ману заңының мазмұны құқық мәселесінен өзге дін, саясат, әдеп мәселелерін, яғни ежелгі Үндістандағы қоғамдық қатынастардың барлық саласын қамтыды. Ману заңы 12 бөлімнен тұратын 2 652 шумақты өлең сипатында санскрит тілінде жазылған. Заңда варналардың, яғни таптардың пайда болуы егжей-тегжейлі баяндалып, олардың мұрагерлік-кәсіптік сипаты нақтылы көрсетілген. Ману заңы бойынша, брахмандар — абыздар ([[дінбасылар[[), кшатрилер — әскери ақсүйектер, вайшилер — қатардағы қауым мүшелері, шудралар — құлдар. Тіршілікті жаратушы Брахма құдайы брахмандарды өз аузынан, кшатрилерді қолдарынан, вайшилерді белінен, ал шудраларды өкшесінен жаратты делінген. Брахмандар ең биік дәрежеде болды. Әскери іс кшатрилердің құзырында болса, вайшилер жер өңдеумен, мал өсірумен, қолөнермен және саудамен айналысуға, ал шудралар осы варналарға қызмет етуге тиісті болды. Варнаның бірінен екіншісіне өтуге тыйым салынды. Ману заңында жеті түрлі меншік құқығының пайда болу жолдары нұсқалған: мұрагерлік, сыйға алу немесе олжа тауып алу, сатып алу, жаулап алу, өсімқорлық, атқарылған жұмыс ақысына алу, қайырымдылық жасау. Ману заңында патша өзіне қарастыларды қорғамай, салық салса, онда ол тозаққа барады делінген. Қарызын тиісті мерзімде өтей алмаған борышқор жұмыс істеп өтеуге міндетті болды. Бірақ төм. кастаға жататын несиегер жоғ. касталық борышқорды жұмыс істетіп өтетуге мәжбүрлей алмады, ол борышын біртіндеп беріп отырды. Борышқор қайтыс болса, оның міндеттемелері баласына немесе туысқанына көшті. Ману заңы бойынша әйел адам жас шағында әкесіне, кейін күйеуіне, ал күйеуі дүниеден озған соң балаларына бағынуға міндетті болды. Ер адам өзінен төмен варнадан әйел алуға ерікті болғанмен әйел адамның өзінен төмен варна адамына күйеуге шығуына тыйым салынды. Шудраның брахман әйел алуы сорақы күнә болып есептелді. Отбасы мүлкін қожайын басқарды. Қожайын өлген соң дүние-мүлік не әр балаға үлестірілді, не үлкен балаға қалды. Үлкен балаға қалған жағдайда ол басқа балаларды қамқорлығына алды. Қыздарға мұра тиесілі болмады, бірақ оларға бауырлары өз үлесінің төрттен бірін беруге тиіс болды. Заңда патша жауларына қызмет көрсету, қала қорғанын, қала қақпасын бүлдіру секілді мемлекеттік қылмыстар алдыменен сөз етілді. Түнде ұрлыққа түскен адамға тағайындалатын жаза — екі қолын да кесіп, шанышқыға отырғызу. Бір рет ұрлық қылған адамның қолының екі саусағы, екінші ұрлық үшін қол мен аяқ кесілді, үшінші рет ұрлық жасаған адамға өлім жазасы берілді. өрлықты көре тұра айтпаған адам да жазаға тартылды. Ал ұрлықтың ізін жасырушы ұрының өзімен бірдей жазаланды. Адам өлтірушіге де өлім жазасы тағайындалды. Жоғ. сот қызметін патша мен брахмандар атқарды. Қылмыстық және азаматтық іс жүргізушілік арасында айырмашылық болмады, сот отырысы жарыспалы түрде өтті.
4.Кәсіби дипломаттарға қойылатын талаптар.

5.Дипломатиялық қызмет.
1. Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі (бұдан әрі - дипломатиялық қызмет) - Қазақстан Республикасының Конституциясына, осы Заңға, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерiмен халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының кәсiби қызметi.
      2. Қазақстан Республикасының консулдық қызметі - дипломатиялық қызметтің халықаралық құқық жол беретiн шектерде мемлекеттің, Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен достық қарым-қатынастарын дамытуға, экономикалық, сауда-саттық, ғылыми-техникалық, ізгілік-мәдени байланыстарды және туризмді кеңейтуге жәрдемдесетін бір бөлігі.
 1. Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан, осы Заңмен реттелмеген бөлігінде мемлекеттік қызмет туралы заңдардан, өзге де нормативтік құқықтық актілерден және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарынан тұрады.
 Дипломатиялық қызметтiң бiрыңғай жүйесiн Сыртқы iстер министрлiгi, оның ведомстволары, шет елдердегi мекемелер, сондай-ақ Сыртқы iстер министрлiгінiң қызметiн қамтамасыз ету үшiн құрылған ведомстволық бағыныстағы ұйымдар, Сыртқы iстер министрлiгiнiң қарауындағы оқу орындары құрайды.       Дипломатиялық қызметтiң бiрыңғай жүйесiн Сыртқы iстер министрлiгi басқарады.
 Дипломатиялық қызмет органдарына мынадай мiндеттер жүктеледi:
      1) Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының тұжырымдамасы мен негізгi бағыттарын әзiрлеу және Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiне тиiстi ұсыныстар беру;
      2) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси және сыртқы экономикалық стратегиясы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi үшiн ұсыныстар әзiрлеу және Президенттiң халықаралық бастамаларын iске асыру;
      3) Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын iске асыру, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық саясатын жүзеге асыруға және халықаралық беделiн нығайтуға жәрдемдесу;
      4) Қазақстан Республикасының егемендiгiн, қауiпсiздiгiн, аумақтық тұтастығын және шекараларының мызғымастығын, оның басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынастардағы және халықаралық аренадағы саяси, сауда-экономикалық және өзге де мүдделерiн дипломатиялық құралдар мен әдiстер арқылы қорғауды қамтамасыз ету;
      5) шет елдерде Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерiн қорғау;
      6) Қазақстан Республикасының халықаралық бейбiтшiлiктi, ғаламдық және аймақтық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi күш-жiгерiн дипломатиялық құралдар мен әдiстер арқылы iске асыру;
      7) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дипломатиялық және консулдық қарым-қатынастарын жүзеге асыру;
      8) шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының сыртқы саяси және сыртқы экономикалық бiрыңғай бағытын және инвестициялық саясатын жүргiзудi қамтамасыз ету мақсатында басқа да орталық атқарушы органдардың халықаралық қызметiн үйлестiру;
      9) әлемдегi саяси және әлеуметтiк-экономикалық жағдайға, шет мемлекеттердiң сыртқы және iшкi саясатына, халықаралық ұйымдардың қызметiне талдау жасау және орталық мемлекеттiк органдарды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз ету.
6.Дипломатиялық өкілеттілік. ӨКІЛДІКТЕР ТУРАЛЫ ЖАЗДЫМ!!!!
Дипломатиялық өкілдіктер – бұл мемлекеттердің шетелдік сыртқы қатынас органдары ішіндегі орталық орган болып табылады.
Тұрақты дипломатиялық  өкілдіктерге: елшіліктер, миссиялар, сауда және мәдениет өкілдіктері  мен миссиялар, халықаралық ұйымдардағы  және мекемелердегі тұрақты өкілдіктер; екі жақты және көпжақты халықаралық конференцияларда, конгрестерге қатысу үшін жіберілетін  делегациялар, уақытша өкілдіктер.
Дипломатиялық өкілдіктің 2 түрі бар: елшілік және миссия.
Елшілікті –  Төтенше және Өкілетті елші, Миссияны – Төтенше және Өкілетті елші-өкіл немесе сенім  білдірілген өкіл басқарады.
Дипломатиялық қатынастар сәйкес мемлекеттер арасындағы келісім  негізінде белгіленеді.
1961ж.  дипломатиялық қатынастар туралы  Вена Конвенциясының 14 б. сәйкес  елшілеі мемлекет басшысы жанынан  аккредиттеледі, ал елші-өкілдер – СІМ жанынан, сол үшін олар өз министрінің сәйкес министрін тапсырады. Сенім білдірген өкілді тағайындау уақытша сипатта болады.
Дипломатиялық өкілдіктердің басшылары 3 класқа бөлінеді:
Төтенше және Өкілетті Елшілер – мемлекет басшылары жанынан аккредиттелген;
Төтенше және Өкілетті Елші-өкілдер – мемлекет басшылары жанынан аккредиттелген;
Сенім білдірген өкіл – сыртқы істер министрі жанынан аккредиттелген.
Нақты мемлекеттегі өкілдік басшыларының кластары дипломатиялық  қатынастарды белгілеу туралы мемлекеттер арасындағы келісіммен анықталады.
Дипломатиялық өкілдіктердің атқаратын функциялары  мынадай:
келген елде өз мемлекетінің өкілдігін жүзеге асырады;
келген елде аккредиттелген мемлекеттің, оның азаматтарының мүдделерін қорғау;
келген елдің үкіметімен келіссөз жүргізу;
келген елдегі жағдайлар мен оқиғаларды барлық заңды құралдармен анықтайды;
аккредиттелген мемлекетпен және келген елдің арасындағы достық қатынастарды қолдау.
Дипломатиялық өкілдіктердің басшысын тағайындау. Өкілдіктің басшысын тағайындалар алдында аккредиттелген мемлекет нақты мемлекеттегі өкілдіктің басшысы етіп нақты тұлғаны  тағайындауға баратын шетелдің  құзырлы билік органынан агреман – келісім – согласие сұрайды. Агреманнан бас тарту немесе сұрауға жауап қайтармау тұлғаны өкілдіктің басшысы етіп тағайындауға кедергі келтіреді. Агреманнан бас тартуын мемлекет дәлелдеуге міндетті емес. Агреманды ағаннан кйін тұлға өкілдіктің басшысы болып тағайындалады және сенім қағазын беріледі.
7. Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясы.
Принята 18 апреля 1961 года, 53 баптан құралады.
Дипломатиялық қатынастар – халықаралық құқық нормалары мен халықаралық қарым-қатынастар тәжiрибесiне сәйкес мемлекеттер арасындағы ресми қатынастарды қамтамасыз еудің негiзгi формасы.
Дипломаттық қатынастар мемлекеттер арасындағы тату қатынастардың дамыту, бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiкті сақтауға жәрдемдеседі. 1961 жылғы дипломаттық қатынастар туралы Вена конвенциясына сәйкес, дипломатиялық қатынастардың орнатылуы өзара келiсiм арқылы жүзеге асады.
Дипломатиялық қатынастар орнатылуы алдында әдетте мемлекет пен оның үкіметі басқа мемлекет тарапынан іс жүзінде немесе заңды түрде мойындалады.
1961ж. Конвенцияға сәйкес мемлекеттің дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары мынадай кластарға бөлінеді:
елші және нунций (Ватикан елшілері);
елші-өкілдер және интернунций (Ватиканның елші-өкілдері);
сенім білдірілген тұлғалар.
8. Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясы.
Консулдық қатынастар туралы Вена Конвенциясы, 1963 жылы 24 сәуірде Венада(Австрия) қабылданған. Онда “Халықаралық көпжақты консулдық құқық жөнінде ереже (кодекс)” бекітілді. Бұл конвенция 1911 жылғы консулдардың қызметі жөнінде Каракас конвенциясын және 1928 жылғы консулдық шенеуніктер жөніндегі Гаага конвенциясынтолықтырды. Консулдық қатынастар туралы Вена Конвенциясында штаттағы консулдардың негізгі қызметі мен штаттағы емес консулдардың халықаралық құқықтық мәртебелері бекітілді.
9.Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрлігі туралы ереже.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ереже 2004 жылғы 28 қазандағы N 1118 қаулысымен  бекiтiлген.
БӨЛІМДЕРІ:
1. Жалпы ережелер
2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің миссиясы,негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
3. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметін ұйымдастыру
4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мүлкі
5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігін қайта ұйымдастыру және тарату
Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі сыртқы саяси қызмет саласындағы басшылықты жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызмет органдарының бірыңғай жүйесін басқаратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясынажәне заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.      4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында және банктерде шоттары болады.      5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
10.Дипломатиялық протоколдың қалыптасуы.
Дипломатиялық хаттама – бұл үкіметтердің, сыртқы істер ведомстволарының, дипломатиялық өкілдіктердің, ресми тұлғалардың халықаралық байланыстарда басшылыққа алатын жалпы қабылданған нормалардың, ережелердің, шарттардың жиынтығы. Дипломатиялық хаттама – бұл үкіметтер мен олардың өкілдерінің ресми және бейресми іс-шараларға қатысты әрекет ету ережелерінің жиынтығы.
Орта ғасырларда бұл түсінік құжаттарды ресімдеу және мұрағат саласында қолданылған. Кейін протокол дипломатия мен дипломатиялық қызмет саласында қолданыла бастады. Оның мәні мен маңызы арта түсті. Дипломатиялық құжаттарды ресімдеуден бөлек дипломатиялық протоколды этикет және церемония салаларында да қолданыла бастады. Қазіргі кезеңде хаттама (дипломатиялық, мемлекеттік) жалпы қабылданған халықаралық сыпайылықты мүлтіксіз орындауды білдіреді. Оған сәйкес, әрбір мемлекетте ресми билік өкілдері түрлі дипломатиялық церемониялардың тәртібін реттейді.
Осылайша протокол біріншіден, ресми дипломатиялық іс-әрекеттерді, екіншіден, негізгі келісім-шартты толықтыратын халықаралық келісімді білдіреді.
Дипломатиялық хаттама мемлекеттер арасындағы халықаралық байланыстарды орнатуға және дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенінің ажырамас бөлігі, сонымен қатар дипломатияның аса маңызды ұйымдастырушылық және саяси құралы саналады. Шет мемлекеттің жоғарғы лауазымды тұлғасына, сондай-ақ ол өкілділік етіп отырған мемлекет пен халыққа деген құрмет оның басты қағидасы болып табылады.
Дипломатиялық хаттаманың ережелері, дәстүрлері мен шарттары толық көлемде 1961 жылғы «Дипломатиялық қатынастар жөніндегі Вена конвенциясында» көрініс тапқан. Нормалардың міндеттілігі, оларды қолдану икемділік, универсалдылық, прагматизм хаттаманың негізгі сипатты белгілері ретінде қарастырылады. Хаттаманың ережелері мен нормалары түрлі ұлттар мен мемлекеттердің сан ғасырлық қарым-қатынастары нәтижесінде қалыптасты.
Халықаралық практикада ұлттық дипломатиялық хаттамалардың өзара әрекеттесу үрдісі осы бағытта «ортақ ережені» қалыптастыруға және бекітуге зор мүмкіндік берді. 1815 жылы 19 наурызда Вена конгресінің Қорытынды актісінде «Дипломатиялық агенттерге қатысты ереже» (1815 жылғы Вена регламенті) қабылданды. Бұл құжат дипломатиялық агенттерді класстарға (сыныптар) бөлген және мемлекеттердің өкілдері арасындағы қарым-қатынастар тәртібін белгілеген алғашқы халықаралық ереже саналады.
Мемлекетаралық қатынастардың тұрақтануы мен нығаюы процесінде дипломатиялық хаттаманың нормаларды әсіресе дипломатиялық қатынастарды орнату, шетелдік елшінің қабылдаушы мемлекеттің басшысына Сенім грамотасын тапсыру, іс-сапарлармен алмасу, жоғарғы және аса жоғары деңгейде ресми кездесулерді, конференциялар мен кеңестерді ұйымдастыру барысында мүлтіксіз орындау талабы қойылады.
Церемонияларды ұйымдастырудан бөлек хаттама іс-әрекеттің әдістері мен аясын, және этикет ережесін анықтайды, сонымен бірге ресми және жеке хат алмасу нормаларын, киім формасын белгілейді. Церемонияға қатысатын әрбір қатысушының ресми статусына байланысты тиісті орнын және құрмет көрсетуді қамтамасыз ету хаттаманың негізгі міндеті. Осылайша дипломатиялық және іскерлік қатынастарды жүзеге асыруға қолайлы достастық атмосфераны қалыптастыру хаттаманың негізгі мақсаты болып есептеледі.
Дипломатиялық хаттаманың негізгі нормаларын әлемнің барлық мемлекеттері белгілі бір дәрежеде басшылыққа алуы тиіс. Бірақ әр мемлекеттің дипломатиялық хаттамасы әдетте өз дәстүрлеріне, тарихына, мәдениетіне, саяси жүйесіне сәйкес өзіндік ерекшелікке ие болады. Мемлекет оған қоғамда қалыптасқан жағдайларға және тарихи дамуға байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
Қазіргі кезеңде дипломатиялық хаттаманың нормалары төмендегі жағдайларға байланысты нақты орындалуы тиіс:
1. Жаңа мемлекетті мойындаған кезде;
2. Дипломатиялық қатынастарды орнатқан кезде;
3. Тұрақты дипломатиялық миссияларды ашу кезінде;
4. Дипломатиялық өкілділіктің басшысын тағайындау кезінде;
5. Сенім грамотасын тапсыру кезінде;
6. Дипломатиялық іс-сапарлар кезінде;
7. Кездесулер, келіссөздер өткізу және келісім-шарттарға қол қою барысында;
8. Ресми делегацияларды қабылдау мен кездесу барысында;
9. Халықаралық кездесулер, конференциялар, саммиттер, форумдар ұйымдастыру кезінде;
10. Түрлі мерекелер мен қайғылы жағдайларға байланысты.
Дипломатиялық хаттамада мемлекеттік әнұран мен ту этикасын сақтау ерекше рөл ойнайды. Дипломатиялық өкілдік басшысы кез келген уақытта өз резиденциясының және елшілік ғимаратының үстіне мемлекеттік туды ілуге құқылы. Сонымен қатар олар мемлекеттік туды өздерінің қызмет көліктеріне іле алады.
Ресми түрде ұлттық қаралы немесе қайғылы күн жарияланған кезде мемлекеттік ту жартылай түсірілуі қажет. Әдетте мемлекеттік ту азанғы 8-де көтеріліп және күн батқан кезде түсіріледі. Жоғары дәрежелі шетелдік мейманды қабылдаған кезде екі мемлекеттің де туы көтеріледі.
Дипломатиялық хаттамаға сәйкес дипломатиялық қабылдаулар өткізіледі, дипломатиялық хаттар алысады, дипломатиялық корпуспен байланыстар жасалынады.
11.Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік протокол Департаментінің функциялары.
 1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколы (бұдан әрі - Мемлекеттік протокол) қалыптасқан халықаралық практикаға сәйкес Қазақстан Республикасының басшылығы қатысатын ресми іс-шараларды өткізудің рәсімдік қағидаларын реттейді.      2. Мемлекеттік протокол бірыңғай протоколдық-ұйымдастыру нормаларын белгілейді және қамтамасыз етеді, мемлекетішілік және халықаралық іс-шараларды өткізген кезде Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының протоколдық үлкендік реті қағидатын Мемлекеттік протоколға 1, 2-қосымшаларға сәйкес бекітеді және протоколдық іс-шараларды жоспарлау мен жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдары мен ұйымдарының орындауы үшін міндетті болып табылады.      3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Мемлекеттік протоколды сақтауын бақылауды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - Сыртқы істер министрлігі) жүзеге асырады.
Функциялары:      орталық аппараттың функциялары:      1) шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету;      2) Қазақстан Республикасы халықаралық саясатының стратегиясын іске асыру;      3) келіссөздер жүргізуді және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуды ұйымдастыру;      4) халықаралық шарттарды жасасу, орындау, өзгерту, олардың қолданысын тоқтата тұру және тоқтату туралы ұсыныстар дайындау, оларды белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің немесе Үкіметінің қарауына енгізу;      5) Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастары мәселелері бойынша белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне, Парламентіне және Үкіметіне ұсыныстар мен ұсынымдар беру;      6) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың қызметіне қатысуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының халықаралық қоғамдастықтың мүшесі ретінде жаһандық және өңірлік проблемаларды шешудегі рөлін арттыруға жәрдемдесу;      7) Қазақстан Республикасының басқа елдермен парламентаралық байланыстарын жүзеге асыруға жәрдемдесу;      8) Қазақстан Республикасының аумағында және шет елдерде халықаралық-құқықтық нормалармен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен регламенттелген консулдық функцияларды жүзеге асыру;      9) шет елдер тұратын отандастармен байланыстарды және қарым-қатынасты дамытуға жәрдемдесу;      10) өз құзыреті шегінде босқын деп танылған адамның шыққан елінде тұратын туыстары туралы ақпарат алуына жәрдемдесу;      11) Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттердің және халықаралық ұйымдардың дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің және консулдық мекемелердің жұмыс істеуіне жәрдемдесу, өз құзыреті шегінде оларға қызмет көрсететін ұйымдардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;      12) Қазақстан Республикасының су ресурстары мен қоршаған ортаны халықаралық қорғау және ұтымды пайдалану, Дүниежүзілік мұхит ресурстарын игеру, ғарыш кеңістігін зерттеу саласындағы мүдделерін қамтамасыз етуге қатысу;      13) Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын, оның қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін, құқық тәртібін қорғауды қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сауда-экономикалық, қаржы, ғылыми және ғылыми-техникалық, мәдени, сондай-ақ өзге де байланыстарын дамыту мен кеңейту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу;      14) өз құзыреті шегінде аштыққа және артта қалушылыққа, халықаралық терроризмге, діни және саяси экстремизмге, ұйымдасқан қылмысқа және есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, оларға ұқсас заттардың, прекурсорлардың және қару-жарақтың заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар зардаптарын жою жөніндегі халықаралық акцияларға қатысу;      15) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының транзиттік-көліктік әлеуетін тиімді пайдалануға жәрдемдесу және энергетика мен мұнай-газ салаларында Қазақстан Республикасының әлемдік қоғамдастықпен ынтымақтастығы жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты әзірлеуге және жүргізуге қатысу;      16) өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және өзге де ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;      17) инвестициялық ахуалдың жақсаруына жәрдемдесу және халықаралық нарықтарда Қазақстан Республикасының оң имиджін қалыптастыру;      18) мемлекеттік бағдарламаларды, басым жобаларды іске асыру үшін тікелей қаржы ресурстарын, оның ішінде халықаралық экономикалық және қаржы ұйымдары ұсынатын қарыздар мен гранттар есебінен тартуға қатысу;      19) қазақстандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді халықаралық нарыққа ілгерілетуге жәрдемдесу;      20) Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастар саласындағы заңнамасын жетілдіру, оны Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкес келтіру жөнінде ұсыныстар дайындау;      21) өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу, бекіту;      22) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын тіркеудің, есепке алудың және сақтаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;      23) шет елде Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясаты, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани өмірі туралы ақпарат таратуға жәрдемдесу;      24) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын, бұқаралық ақпарат құралдарын Қазақстан Республикасының халықаралық жағдайы мен сыртқы саясаты туралы хабардар ету;      25) Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттар депозитарийінің функцияларын жүзеге асыру;      26) Қазақстан Республикасының мемлекетішілік және халықаралық іс-шараларын протоколдық-ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;      27) Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарды орындау жөніндегі Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметін жалпы қадағалау мен үйлестіруді жүзеге асыру;      28) мемлекетішілік және халықаралық іс-шараларды өткізу кезінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының мемлекеттік протоколды сақтауы бойынша үйлестіруді жүзеге асыру;      29) дипломатиялық және консулдық артықшылықтар мен иммунитеттердің сақталуын қамтамасыз ету
12.Дипломатиялық өкілдіктердегі протоколдық қызмет.
Дипломатиялық хаттама – бұл үкіметтердің, сыртқы істер ведомстволарының, дипломатиялық өкілдіктердің, ресми тұлғалардың халықаралық байланыстарда басшылыққа алатын жалпы қабылданған нормалардың, ережелердің, шарттардың жиынтығы. Дипломатиялық хаттама – бұл үкіметтер мен олардың өкілдерінің ресми және бейресми іс-шараларға қатысты әрекет ету ережелерінің жиынтығы.
Орта ғасырларда бұл түсінік құжаттарды ресімдеу және мұрағат саласында қолданылған. Кейін протокол дипломатия мен дипломатиялық қызмет саласында қолданыла бастады. Оның мәні мен маңызы арта түсті. Дипломатиялық құжаттарды ресімдеуден бөлек дипломатиялық протоколды этикет және церемония салаларында да қолданыла бастады. Қазіргі кезеңде хаттама (дипломатиялық, мемлекеттік) жалпы қабылданған халықаралық сыпайылықты мүлтіксіз орындауды білдіреді. Оған сәйкес, әрбір мемлекетте ресми билік өкілдері түрлі дипломатиялық церемониялардың тәртібін реттейді.
Осылайша протокол біріншіден, ресми дипломатиялық іс-әрекеттерді, екіншіден, негізгі келісім-шартты толықтыратын халықаралық келісімді білдіреді.
Дипломатиялық хаттама мемлекеттер арасындағы халықаралық байланыстарды орнатуға және дамытуға бағытталған іс-шаралар кешенінің ажырамас бөлігі, сонымен қатар дипломатияның аса маңызды ұйымдастырушылық және саяси құралы саналады. Шет мемлекеттің жоғарғы лауазымды тұлғасына, сондай-ақ ол өкілділік етіп отырған мемлекет пен халыққа деген құрмет оның басты қағидасы болып табылады.
Дипломатиялық хаттаманың ережелері, дәстүрлері мен шарттары толық көлемде 1961 жылғы «Дипломатиялық қатынастар жөніндегі Вена конвенциясында» көрініс тапқан. Нормалардың міндеттілігі, оларды қолдану икемділік, универсалдылық, прагматизм хаттаманың негізгі сипатты белгілері ретінде қарастырылады. Хаттаманың ережелері мен нормалары түрлі ұлттар мен мемлекеттердің сан ғасырлық қарым-қатынастары нәтижесінде қалыптасты.
Халықаралық практикада ұлттық дипломатиялық хаттамалардың өзара әрекеттесу үрдісі осы бағытта «ортақ ережені» қалыптастыруға және бекітуге зор мүмкіндік берді. 1815 жылы 19 наурызда Вена конгресінің Қорытынды актісінде «Дипломатиялық агенттерге қатысты ереже» (1815 жылғы Вена регламенті) қабылданды. Бұл құжат дипломатиялық агенттерді класстарға (сыныптар) бөлген және мемлекеттердің өкілдері арасындағы қарым-қатынастар тәртібін белгілеген алғашқы халықаралық ереже саналады.
Мемлекетаралық қатынастардың тұрақтануы мен нығаюы процесінде дипломатиялық хаттаманың нормаларды әсіресе дипломатиялық қатынастарды орнату, шетелдік елшінің қабылдаушы мемлекеттің басшысына Сенім грамотасын тапсыру, іс-сапарлармен алмасу, жоғарғы және аса жоғары деңгейде ресми кездесулерді, конференциялар мен кеңестерді ұйымдастыру барысында мүлтіксіз орындау талабы қойылады.
Церемонияларды ұйымдастырудан бөлек хаттама іс-әрекеттің әдістері мен аясын, және этикет ережесін анықтайды, сонымен бірге ресми және жеке хат алмасу нормаларын, киім формасын белгілейді. Церемонияға қатысатын әрбір қатысушының ресми статусына байланысты тиісті орнын және құрмет көрсетуді қамтамасыз ету хаттаманың негізгі міндеті. Осылайша дипломатиялық және іскерлік қатынастарды жүзеге асыруға қолайлы достастық атмосфераны қалыптастыру хаттаманың негізгі мақсаты болып есептеледі.
Дипломатиялық хаттаманың негізгі нормаларын әлемнің барлық мемлекеттері белгілі бір дәрежеде басшылыққа алуы тиіс. Бірақ әр мемлекеттің дипломатиялық хаттамасы әдетте өз дәстүрлеріне, тарихына, мәдениетіне, саяси жүйесіне сәйкес өзіндік ерекшелікке ие болады. Мемлекет оған қоғамда қалыптасқан жағдайларға және тарихи дамуға байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.
13.Жаңа мемлекеттерді мойындау, дипломатиялық қатынастар орнату, дипломатиялық өкілдіктердің басшыларын тағайындау, сенім грамоталарын тапсыру, дипломатиялық іс-сапарлар, келіссөздер, дипломатиялық сұхбаттасу кезіндегі дипломатиялық протоколының нормалары.
Соңғы уақыттарда мемлекеттердің басым бөлігі ережеге сәйкес дипломатиялық өкілдіктерді ашуды елшіліктер деңгейінде реттейді. Бұл қағидадан үлкенді, кішілі мемлекеттердің егеменді теңдігін көрсетеді.
Мемлекеттердің арасындағы дипломатиялық қатынастардың үздіксіз дамуы уақыт өте келе бір-бірінің жерінде дипломатиялық өкілдіктерді ашу және елшілермен алмасу қажеттігін тудырды. Мәселен, XVI ғасырда Венеция мемлекеті Вена, Париж, Мадрид, Рим және өзге де жетекші еуропалық елдердің астаналарында өз дипломатиялық өкілдіктерін ашты. Ағылшын дипломаты Э. Сатоудың (1843-1929 жылдар) «Дипломатиялық практика бойынша нұсқаулық» ебегінде «елші» сөзі (французша – «ambassadeur», ағылшынша – «ambassador») бұрын «вассал», «жақтаушы» секілді түсініктен шыққандығы айтылады. XVI ғасырда түрлі тілдерге енген бұл сөз мемлекет басшыларының өкілдеріне, яғни елшілерге қатысты қолдана бастады.
Егер мемлекеттердің арасында дипломатиялық қатынастар алғашқы рет орнатылса, елші (төтенше және өкілетті елші) келгенге дейін сол елге елшілік ғимаратын ашылуға және жұмысқа дайындау мақсатында бір топ дипломатиялық және әкімшілік-техникалық қызметкерлер аттандырылады. Солардың ішіндегі ең жоғарғы рангке ие дипломат өзімен бірге өз елінің сыртқы істер министрінің хатын алып келіп, оны сол елдің сыртқы істер министріне тапсырады. Бұл хатта аталған дипломатты Уақытша сенімді өкіл ретінде қабылдау туралы өтініш жасалынады. Елші келгенге дейін ол дипломатиялық өкілдіктің басшысы міндетін атқарады. Елшілік ғимаратын дайындау барысында Уақытша сенімді өкіл шетелдік дипломатиялық және әкімшілік-техникалық жұмысшылардың иммунитеттері мен артықшылықтарын реттейтін ережелермен, сондай-ақ кедендік ережелермен танысады.
Елшіліктің салтанатты түрде ресми ашылу туралы хабары сыртқы істер министрлігіне және өзге дипломатиялық өкілдіктерге циркулярлы нота арқылы хабарланады. Нотада елшіліктің мекен-жайы, жұмыс істеу күндері мен сағаттары, оның қызметкерлерінің телефондары көрсетіледі.
Төтенше және өкілетті елшіні дипломатиялық өкілдіктің басшысы ретінде тағайындағанға дейін қабылдаушы мемлекеттің қолдауын немесе келісімін алу қажет. Дипломатиялық практикада бұл процедураны агреман деп атайды.
Агреман (французша – agrement)– қабылдаушы тараптың белгілі бір тұлғаны дипломатиялық өкілдіктің басшысы ретінде тағайындауында қолдауға ие болу немесе келісімін алу процедурасы. Агреман елшілік арқылы қабылдаушы мемлекеттің сыртқы істер министрлігіне құпия түрде ауызша немесе жазбаша жеткізіледі. Онда үміткер туралы қысқаша мәліметтер беріледі. Үміткерді дипломатиялық өкілдіктің басшысы ретінде тағайындау қабылдаушы мемлекеттің құзырындағы мәселе. Егер қабылдаушы мемлекет үміткерді лайықсыз тұлға ретінде таныса, агреманды кері қайтарып, оны «персона нон грата» ретінде жариялайды. Мұндай жағдайда қабылдаушы мемлекеттің, яғни агреманды кері қайтару себептерін түсіндірмеуге құқы бар. Осындай жағдай орын алса үміткерді бағыттаушы мемлекет оның кандидатурасын қайтарып алуға міндетті.
Қабылдаушы мемлекет өз келісімін бергеннен кейін елші сол елге аттанады. Содан кейін өз қызметіне кіріспес бұрын елші өз мемлекетінің президенті атынан келіссөздер жүргізуге, келісімдер жасауға толық құзырлы екенін дәлелдеу үшін қабылдаушы мемлекеттің басшысына «сенім грамотасын» тапсырады.
Агреманды алғаннан кейін, елші қабылдаушы мемлекетке жол тартуға дайындалады. Жалпы қабылданған ережеге сәйкес ол ең алдымен өзі үшін «сенім грамотасын» және өзіне дейінгі елшіге «кері шақыру грамотасын» алады. Сенім грамотасы (французша – lettres de creance) мемлекет басшысының өкілі ретіндегі елшінің мәртебесін (статусын) ресми түрде куәландыратын құжат саналады.
Кейінгі орта ғасырлар мен жаңа заман кезеңінде сенім грамоталары тым көркем әрі айшықты етіп жазылатын. Онда мемлекет басшыларының (монархтар, императорлар т.б.) толық титулына, олардың атақтары мен иеліктеріне, яғни мемлекеттің құдіреттілігін көрсетуге ерекше мән берілетін. Қазіргі кезеңде сенім грамоталарының тілі нақты, қысқа да нұсқа. Дипломатиялық практикада грамоталардың ортақ құрылымы қалыптасты.
Сенім грамоталары ресми түрде елшіні бағыттап отырған мемлекет басшысының конституциялық атауынан басталады. Содан кейін қабылдаушы мемлекет басшысының толық титулы көрсетіледі. Негізгі мәтінде жаңа елшіні тағайындау арқылы екі ел арасындағы достастық пен ынтымақтастықты дамыту және тереңдету жөніндегі тілегі келтіріледі. Осыдан кейін елшінің толық аты-жөні беріліп, елшінің өз мемлекет басшысы мен үкіметінің атынан айтатын сөздер мен мәлімдемелерге сенім білдіру туралы өтініш айтылады. Құжаттың «сенім грамотасы» деген атауы осыдан келіп туындаған.
Елшілердің сенім грамоталарын тапсыру әрқашан салтанатты жағдайда өтеді. Негізінен елшілер сенім грамоталарын мемлекет басшыларының (президент, премьер-министр, монарх, король т.с.с.) резиденциясында тапсырады. Оны тапсырудың күні мен уақыты туралы Мемлекет хаттама қызметі шетелдік елшіге алдын-ала хабарлайды. Тиісінше ол осы церемонияға қатысатын елшіліктің дипломатиялық персоналар мүшелерінің тізімін жібереді.
Белгіленген уақытта елші дипломатиялық қыметкелердің (4 адамнан артық болмауы тиіс), сондай-ақ қабылдаушы елдің Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хаттама қызметі басшысының ертіп жүруімен церемония басталмастан 5-7 минут бұрын мемлекет басшысының резиденциясына келеді.
Осы церемониядағы шетелдіктер үшін салтанатты, ұлттық киімді немесе қара түсті костюмді кию рұқсат етіледі. Қабылдаушы елдің Сыртқы істер министрлігің қызметкерлеріне қара костюм және ақ көйлек кию қажет.
Мемлекет басшысы елшіні қысқа сұхбаттасуға шақырады. Сұхбатқа Сыртқы істер министрінің орынбасары, аудармашы және елшінің тілегі бойынша елшілік қызметкерлерінің бірі қатысады. Церемонияға қатысқан қалған тұлғалар Бас залдан шығып, сұхбаттың аяқталуын күтеді. Содан кейін барлығы Бас залға қайта оралып, ресми суретке түседі. Осыдан соң елші мемлекет басшысымен, Сыртқы істер министрінің орынбасарымен қоштасып, Мемлекеттік хаттама қызметінің дипломатиялық қызметкерлерінің ертіп жүруімен мемлекет басшысының резиденциясынан кетеді.
14.Дипломатиялық протокол нормалары: келісім шарттар мен келісімдерге қол қою кезінде, ресми делегацияларды қарсы алу мен шығарып салуды ұйымдастыруда, халықаралық мәжілістер мен конференциялар шақырылған кезде, әр түрлі мерекелерді, сондай-ақ қаралы оқиғаларды ескеруде орындалуы тиіс.
1) Қарсы алу және кездесу (кездесу өткізу)
Әуежайға екі елдің мемлекеттік тулары мен ғимаратқа қазақ және Қонақтың тілінде жазылған сәлемдесу транспаранттары ілінеді. Ұшақтың трапынан әуежайдың ғимаратына дейін салтанатты киімдегі Республикалық гвардия сапқа тұрады. Осылайша шетел басшысының ресми сапары қабылдаушы ел астанасында аса салтанатты рәсіммен басталады. Қабылданған ережеге сәйкес егер Жоғарғы мәртебелі мейман астанаға тым кеш немесе азанда келсе, мұндай рәсімдер ұйымдастырылмайды.
Астана әуежайында шетел басшысын қарсы алу ресми церемониясына қабылдаушы мемлекеттің басшысының (Қазақстан Республикасының Президенті) қатысуы мүмкін. Мұндай церемония ерекше жағдайларда өткізіледі және шет мемлекет Басшысының билікте болуы кезінде бір реттен аспайды. Жоғарғы мейманның ел астанасына мейрам немесе демалыс күндері, тым кеш немесе азанда келуі кездесудің маңызын төмендетуі мүмкін екені айрықша атап өткен жөн.
Негізінен әуежайда қарсы алудың екі түрі болады:
а) Республикалық ұланның құрметті қарауылы өтетін қарсы алу рәсімі;
ә) Республикалық ұланның құрметті қарауылы өтпейетін қарсы алу рәсімі;
Әуежайда құрметті қарауыл өтетін қарсы алу ресми рәсімі бойынша, үшақ тоқтағаннан кейін Қазақстан Республикасының Президенті Хаттамасы басшысы және қонақ елінің елшісі әуе кемесінің бортына көтеріліп, Жоғары мәртебелі мейманды сыртқа шығуға шақырады. Осы уақытта ресми делегация мүшелері екінші траппен түсіп, арнайы белгіленген орынға орналасады. Мейманды Қазақстан Республикасының Президенті ұшақтың трапында қарсы салады. Қазақ ұлттық киіміндегі қыз мейманға гүл сыйлайды. Егер жұбайы (жолдасы) бірге еріп келсе, онда екі қыз мәртебелі мейман мен оның жұбайына (жолдасы) гүл сыйлайды.
Осыдан кейін мемлекет басшысы мәртебелі мейманды белгіленген орынға өтуге шақырады (жұбайы (жолдасы) белгіленген орынның оң жағында тұрады). Құрметті қарауыл бастығы сәлемдік баянат береді. Республикалық ұлан оркестрі екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындайды. Мейман елінің әнұраны дәстүр бойынша бірінші орындалады.
Президент пен Жоғары мейман құрметті қарауыл сабының бойымен өтеді. Қазақстан Республикасының туы алдында мейман тоқтап, сәл иіліп өзінің құрметін білдіреді. Саптан өту аяқталған соң Президент пен мейман екі елдің делегациясына барып, оның мүшелерін бір-бірімен таныстырады. Бұдан кейін олар белгіленген орынға барып, Құрметті қарауыл ротасының салтанатты сап түзіп өтун тамашалайды. Мейман Президентпен бірге әуежай ғимаратының ішіндегі арнайы VIP-бөлмеге барып, қысқа сұхбат жүргізеді. Сұхбат барысында шәй, сусындар ұсынылады.
Сұхбат аяқталғаннан кейін Президент пен мейман көлікке жайғасады. Автокөліктерде екі елдің кіші-гірім тулары орнатылады. Автокөлік кортежі жол полициясының ілесуімен қалаға бет алады. Дипломатиялық практикаға сәйкес мейман жүретін бағыттарға екі елдің мемлекеттік тулары мен екі тілде жазылған сәлемдеме транспаранттары ілінеді.
Әуежайда Республикалық ұланның құрметті қарауылы өтпейтін қарсы алу рәсімі бойынша ұшақ тоқтағаннан кейін Сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік хаттама қызметінің басшысы мен мейман елдің Қазақстандағы елшісі әуе кемесінің бортына көтеріліп, мейманды сыртқа шығуға шақырады. Траптың алдында мәртебелі мейманды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі немесе оның орынбасары, лауазымды тұлға (Үкімет мүшесі), қала әкімі (әкімнің орынбасары) қарсы алады. Қазақ ұлттық киіміндегі қыз мейманға гүл сыйлайды. Егер жұбайы (жолдасы) бірге еріп келсе, онда екі қыз мәртебелі мейман мен оның жұбайына (жолдасы) гүл сыйлайды. Қазақстан Республикасыныңм Сыртқы істер министрі немесе оның орынбасары мейманды ресми тұлғалармен таныстырады. Мәртебелі мейман Сыртқы істер министрі немесе оның орынбасарымен бірге қысқаша сұхбаттасу үшін әуежайдағы VIP-бөлмеге кіреді. Ал ресми делегация мүшелері екінші траппен түсіп, VIP залға кіреді. Осыдан кейін одан шығып белгіленген автокөліктерге отырады.
Қонақүйге орналастырылғаннан кейін делегация басшысы Қазақстан Республикасының Үкіметінің мүшесінің ілесіп жүруімен ресми кездесуге бару үшін Президент Сарайына бағыт алады. Делегация кешкісін немесе демалыс күні келсе, ресми кездесу келесі күні таңертең ұйымдастырылады.
Жоғары мәртебелі мейманмен еріп жүретін ресми тұлғалар, Қонақ елдің Елшілігінің қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері егер жиналу уақыты сапар бағдарламасында басқаша көрсетілмесе, церемония басталмастан 15 минут бұрын Президент Сарайына келеді.
Автокөлікпен Президент Сарайының бас кіреберісіне қарсы тоқтаған мейман мен оның жұбайын Президент Хатамасының басшысы қарсы алады. Содан кейін мәртебелі мейманды Қазақстан Республикасының Президенті жұбайымен бірге бірінші қабаттағы холлда қарсы алады. Президент мейманды подиумға өтуге шақырады. Осы ретте мейман Президенттің оң жағына тұрады (жұбайлары подиумның оң жағынан бөлінген орынға барып тұрады). Құрметті қарауыл бастығы мейманға сәлемдік баянат береді. Республикалық ұланның оркестірі екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындайды. Мейман мен Президент кілемше төселген жол бойымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туына қарай өтеді. Оның алдына мейман тоқтап, сәл иіліп құрмет білдіреді. Бұдан кейін тараптар келіссөздер жүргізуге көшеді.
2) Келіссөздер, сұхбаттасулар, құжаттарға қол қою.
Шет мемлекет Басшысымен келіссөздерді Қазақстан Республикасының Президенті жүргізеді. Келіссөздер мен сұхбаттасуға қатысатындардың құрамы бойынша ұсынысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі тарапынан жасалынып, қалыптасқан тәртіпке сәйкес бекітіліп, қарама-қарсы тарапқа дипломатиялық арналар бойынша хабарланады.
Қазақстан Республикасының Президенті жүргізетін келіссөздер мен сұхбаттасулардың тәртібі Президенттің Хаттамасы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің уағдаластығы бойынша сапарға дейін 25 жұмыс күн бұрын белгіленіп, Президент Әкімшілігіне жолданады.
Шағын топтағы келіссөздер (алдын-ала уағдаластық бойынша екі мемлекет басшылары кездесуі мүмкін) әрбір тараптан 2-3 ресми тұлғаның қатысуымен өткізіледі (әдетте, екі мемлекеттің сыртқы істер министрлері, мемлекет басшыларының көмекшілері, екі елдің елшілері кіреді). Кеңейтілген құрамдағы келіссөздерге Президентпен бірге 10 ресми тұлға қатысады.
Қорытынды құжаттарға қол қою кезінде Сыртқы істер министрлігінің қызметкері қол қойылатын құжаттардың атауларын оқиды және құжаттарға қол қоятын ресми тұлғаларды қазақ тілінде жариялайды. Қажет болған жағдайда аудармашы оны ағылшын тіліне немесе мейман елінің тіліне аударады. Президент пен басқа лауазымды тұлғалар (делегация мүшелері) құжаттарға қол қойған кезде, оларға Сыртқы істер министрлігінің қызметкері көмектеседі.
Бағдарламаға сәйкес сапар аясында Жоғары мәртебелі мейман мен делегация мүшелерінің Премьер-министрмен, Парламент Сенаты мен Мәжілісі Төрағаларымен, Қазақстан Республикасының басқа да ресми тұлғаларымен арада кездесулер мен сұхбаттар өткізілуі мүмкін.
3) Баспасөз-конференциясы.
Сапардың бағдарламасы бойынша келіссөздер аяқталғаннан кейін біріккен баспасөз-конференциясын өткізу қарастырылады. Баспасөз-конференцияны Президент ашады. Ол журналистерге өткізілген кездесулер мен келіссөздер туралы қысқаша хабарлайды. Осыдан соң сөз мәртебелі мейманға беріледі. Журналистер мемлекет басшыларын сұрақтар қояды.
15.Дипломатиялық артықшылықтар мен иммунитеттер ұғымы.
Дипломаттардың  қорғаншылықтары мен артықшылықтары:
дипломаттың жеке басына қол сұғылмаушылық – дипломатиялық өкілдіктің басшылары және мүшелері тұтқындалмайды және ұсталмайды. Келген мемлекет дипломаттарды олар келген елдің территориясына кірген сәттен бастап қауіпсіздіктерін тиісінше қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық шараларды қабылдауға міндетті.
дипломаттың тұрғын үйіне қол сұғылмаушылық – дипломат қайда тұрмаса да, тұрақты немесе уақытша (резиденцияда, қонақ үйде, дем алу үйінде, пәтерде) оның тұрғылықты жеріне қол сұғылмайды. Дипломаттың мүлкі, корреспонденциясы, дипломаттың жүріп-тұру құралына дақол сұғылмайды – бұл келген елдің билігі жүріп-тұру құралдарын ұстауға және оларда тінту жүргізілмейді дегенді білдіреді. Бірақта, егер автомобиль жүргізіп отырған дипломат жол ережесін бұзса, оны тоқтатып жол ережесін бұзғаны туралы айтылады.
Диломаттың қылмыстық, азаматтық және әкімшілік юрисдикциядан қорғаншылығы бар;
Кедендік жеңілдіктер мен артықшылықтар берілген – бұл дипломат өкілдіктің, өз және отбасының мұқтаждығы үшін заттар әкелуге құқылы, кедендік қараусыз және кедендік алымдарсыз, жинауларсыз, салықтарсыз өткізіледі. Дипломат отбасының мүшелері де, егер олар келген елдің азаматтары болмаса, кедендік артықшылықтарды пайдаланады;
Фискалды қорғаншылық (фиск-казна-қазына)- жеке, мүліктік, мемлекеттік, аудандық сипаттағы барлық салықтардан, жинаулардан, баж салықтарынан дипломаттар босатылады. Бұнда ерекшелік, жанама салықтарды, мұраға салық ерекшелікті құрайды. Келген мемлекеттің міндеті дипломаттарды еңбектік, мемлекеттік, әскери міндеттерден босатады.
Елшіліктің басқа да қызметкерлерінің қорғаншылықтары мен артықшылықтары – жеке артықшылықтар мен қорғаншылықтарды халықаралық құқық дипломатиялық өкілдіктің басшыларына, персоналдардың мүшелеріне береді. Артықшылықтар мен қорғаншылықтарды халықаралық құқық  әкімшілік-техникалық, қызмет көрсетуші персоналға бермейді, бірақ практикада олар пайдаланады.
1961ж. Вена  Конвенциясы өкілдіктің мүшелері  және олардың отбасыларының мүшелері, егер олар келген мемлекеттің  азаматтары болмаса, артықшылықтар  мен қорғаншылықтарды пайдаланады,  ал кедендік артықшылықтар толық  емес көлемде беріледі; ал азаматтық және әкімшілік юрисдикциядан қорғаншылықты өз қызметтік міндетін орындағанда пайдаланады.
Өкілдіктің  қызмет көрсетуші персоналына өз міндетін орындағанда қорғаншылық  беріледі, олар салықтан, жинаудан және еңбек ақыға салынатын салықтан босатылады.
16.Консулдық иммунитет.
Консулдық өкілдікті  консул басқарады. Консул – бұл өз мемлекетінің, оның заңды және жеке тұлғаларының экономикалық және өзге де мүдделерін қорғау мақсатында шет мемлекетке  тағайындалатын лауазымды тұлға.
Консул –  бұл нақты бір округта өз елінің заңды және экономикалық мүдделерін, оның заңды және жеке тұлғаларының заңды мүдделерін қорғау, ұсынушы және қабылдаушы мемлекеттердің арасында әртүрлі байланыстардың дамуына ықпал ету мақсатында қабылдаушы мемлекеттің келісімімен  сол мемлекеттің территориясындағы нақты пунктке келетін бір мемлекеттің лауазымды тұлғасы.
Консулдық артықшылықтар  мен қорғаншылықтар – бұл консулдық  өкілдіктерге, консулдық лауазымды  тұлғаға қабылдайтын мемлекетте өздерінің консулдық функцияларын кедергісіз атқару үшін берілетін жеңілдіктер  мен артықшылықтар.
17.Консулдық мекемелердің артықшылықтары және иммунитеттері.
1963ж. консулдық  қатынастар туралы Вена Конвенциясы   штаттағы консулдық лауазымды  тұлғаларға және консулдық мекеменің  өзге де қызметкерлеріне артықшылықтар  мен қорғаншылықтар береді:
-қабылдаған  мемлекет олардың жеке басына, ар-намысына, бостандығына қол сұғушылықтан қорғау мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдауы және оларға құрметпен қараулары тиіс.
-консулдық лауазымды  тұлға қамауға алынбайды. Олар  ауыр қылмыс жасағанда сот  қаулысы болғанда ғана қамауға  алынады.
- консулдық  лауазымды тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалса, онда осы лауазымды тұлға құзырлы органдарға келуге міндетті. Консулдық өкілдік қызметкерлерін сот және әкімшілік істерді қарағанда куә ретінде шақыруы мүмкін және олар жауап беруі тиіс. Егер ол жауап беруден, түсінік беруден бас тартса, онда оны мәжбүрлеуге немесе жазалауға болмайды. Консулдар өздерінің ресми функцияларына қатысты сұрақтар бойынша жауап беруге, ресми құжаттарын көрсетуге міндетті емес.
- салық төлеуден, кедендік салықтардан және әртүрлі  алымдарды төлеуден босатылады; бұндағы бір ерекшелік консулдар қабылдаған елдегі қозғалмайтын жеке мүлкіне салынатын салықтар мен жинаулардан, жеке табысына салынатын салықтардан және жинаулардан, қосалқы салықтардан, мұрагерлікпен алынған мүліктерге салынатынг салықтардан, сот, тіркеу салықтарынан, гербтік, ипотекалық жинаулардан босатылмайды;
- қызмет көрсетуші  персонал еңбек ақысына салынатын  салықтан босатылады;
- консулдық  артықшылықтардың бірі кедендік  тексеруден және кедендік баж  салығынан босатылады; қабылдағн  елде консулдықөкілдікте ресми пайдалану үшін арналған заттар әкелуге, консулдардың және олардың отбасы мүшелерінің жеке пайдалаатын заттарын әкелуге рұқсат беріледі және олар кедендік салықтан босатылады.
Консулдық өкілдіктің қызметкері қабылдаған мемлекеттің  территориясына кірген сәттен бастап артықшылықтар мен қорғаншылықтарды  пайдаланулары басталады; егер де олар осы территорияда болған болса, онда консулдық міндеттерді атқаруға кіріскен сәттен басталады. Ал оның отбасы мүшелеріне артықшылықтар мен қорғаншылықтар оған осы режим берілген сәттен бастап таралады, консулда тоқтатылған тоқтайды.
18.Дипломатиялық қабылдаулар
19.Дипломатиялық өкілдіктің ұйымдастыратын қабылдаулары.
20.Мемлекеттің басқару органдарының жоғары мәртебелі шетел қонақтарына немесе делегацияларына арналып ұйымдастырылатын қабылдаулар.
Дипломатиялық қабылдаулар үкіметтердің, сыртқы істер ведомстваларының, дипломатиялық өкілдіктердің және дипломаттардың сыртқы саяси қызметінің жалпы қабылданған әрі кең таралған формаларының бірі саналады. Қабылдаулар маңызды оқиғалардың құрметіне (ұлттық мерекелер, мерейтойлар, келісімнің жасалуына бір жолы толуы, сондай-ақ елге қандайда бір Жоғарғы мәртебелі мейманның келуі), сонымен бірге сыртқы істер министрлігі, үкіметтердің және елшіліктердің күнделікті қызметі барысында өткізіледі.
Дипломатиялық өкілдік тарапынан ұйымдастырылатын қабылдаулар елшілікке қабылдаушы ел үкіметімен байланыстарды жүргізуге және дамытуға мүмкіндік береді. Мұндай қабылдауларда шетелдік дипломаттар өз елінің саясатының бағыт-бағдарын түсіндіреді, қабылдаушы елде орын алып жатқан оқиғалар мен жағдайлар туралы мағлұмат жинайды, маңызды халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасады. Осыған орай кез келген дипломатиялық қабылдау, оны ұйымдастырушылар үшін де, оған қатысушылар үшін де үлкен саяси маңызға ие. Бұл бағытта мемлекеттің жетекші билік органдарының (мемлекет басшысы, үкімет, сыртқы істер министрлігі) шетелдік жоғарғы мәртебелі қонақ пен делегацияның құрметіне ұйымдастыратын қабылдауларының саяси маңызы одан анағұрлым жоғары.
Қабылдауларды өткізу дәстүрлері тарихының тамыры айтарлықтай тереңге кетеді. Қонақжайлық іс жүзінде барлық мемлекеттер мен ұлттардың аса маңызды мейірбандылығы мен абыройының нышаны болған және болып қала береді. Мемлекеттер қонақтарды қабылдаулардың тарихи және мәдени дәстүрлерін бейбітшілік пен сыпайлықтың белгісі ретінде көздің қарашығындай сақтап келеді. Қазақ халқы ежелден мейірбанды және аса қонақжай халық. Мұның ақиқат екенін шетелдік жоғарғы мәртебелі меймандар, дипломаттармен қатар, қарапайым азаматтар да мойындайды.
Көп ғасырлық дипломатиялық дәстүрлер мен практика барлық қатысушылар басшылыққа алатын, қолданатын дипломатиялық қабылдаулардың түрлерін, оларды дайындау және ұйымдастыру әдістерін, дипломатиялық этикеттің қағидаларын орнатты. Қазақстан Республикасындағы хаттамалық практика мен дәстүрлердің тарихы терең әрі ұлттық-мәдени ерекшеліктерге ие, екінші жағынан, халықаралық қатынастарда жалпы қабылданған ережелерге сәйкес келеді.
Дипломатиялық қабылдаулар бір жағынан қонақжайлықтың белгісі, екінші жағынан, ресми биліктің дипломатиялық корпуспен және шетелдік дипломаттармен қатынастарды дамытудың маңызды құралы. Мұнда этикет мәселесі ерекше рөл ойнайды. Этикет – бұл өзін-өзі ұстау, әдептіліктің, сәлемдесу және сөз сөйлеу формалары, ортада тиісті деңгейде киіну мен жүріп-тұрудың ережелерінің жалпы жиынтығы.
Олар түрлі себептерге орай ұйымдастырылады. Әр сәтте олар формасы мен маңызына, ресмилігі мен бейресмилігіне байланысты өздерінің аса салтанаттығымен немесе қарапайымдылығымен, меймандар санының аздығымен және көптігімен ерекше көзге түседі.
Еліміздің дипломатиялық хаттамасында өзге мемлекеттердегідей қабылдаулар күндізгі және кешкі, ресми және бейресми, жайғастырусыз (отырғызусыз немесе отырмай) және жайғастыру (отырғызу) болып бөлінеді. Егер шақырылғандар ресми лауазымды тұлғалар болса, онда қабылдау ресми болып есептелінеді. Күндізгіге әдетте «шампан бокалы», «шарап бокалы», «таңғы ас» секілді қабылдаулар жатқызылады.
21.Дипломатиялық қабылдаулардың түрлері, дайындық әдістері.
Дипломатиялық қабылдаулар бір жағынан қонақжайлықтың белгісі, екінші жағынан, ресми биліктің дипломатиялық корпуспен және шетелдік дипломаттармен қатынастарды дамытудың маңызды құралы. Мұнда этикет мәселесі ерекше рөл ойнайды. Этикет – бұл өзін-өзі ұстау, әдептіліктің, сәлемдесу және сөз сөйлеу формалары, ортада тиісті деңгейде киіну мен жүріп-тұрудың ережелерінің жалпы жиынтығы. Олар түрлі себептерге орай ұйымдастырылады. Әр сәтте олар формасы мен маңызына, ресмилігі мен бейресмилігіне байланысты өздерінің аса салтанаттығымен немесе қарапайымдылығымен, меймандар санының аздығымен және көптігімен ерекше көзге түседі.Еліміздің дипломатиялық хаттамасында өзге мемлекеттердегідей қабылдаулар күндізгі және кешкі, ресми және бейресми, жайғастырусыз (отырғызусыз немесе отырмай) және жайғастыру (отырғызу) болып бөлінеді. Егер шақырылғандар ресми лауазымды тұлғалар болса, онда қабылдау ресми болып есептелінеді. Күндізгіге әдетте «шампан бокалы», «шарап бокалы», «таңғы ас» секілді қабылдаулар жатқызылады.«Шампан бокалы» ережеге сәйкес әдетте, күндізгі 12:00 басталып, бір сағатқа созылады. Бұл қабылдау негізінен ұлттық мерекенің, елшінің кейін қайтуы немесе жаңа елшінің келуі, шетелдік делегацияның елге келуі, көрменің (фестивальдің) ашылуы және басқа да маңызды оқиғалардың құрметіне өткізіледі. Қонақтар үстелге жайғаспайды. Сусындарды, тіске басар мен тағамдарды даяшылар (официанттар) береді. Ұйымдастыру тұрғысынан келгенде «шампан бокалы» үлкен шығындарды және ұзақ дайындалуды қажет етпейтін қабылдау түрі саналады.
«Шарап бокалы» осы қабылдау типіне жатады. Тек оның атауы ғана қабылдаудың ерекшелігін көрсетеді.Таңғы ас әдетте бір жарым сағатқа созылады. Оның бір сағаты үстел басында, 30 минуты кофе немесе шай ішіп, әңгімелесуге кетеді. Кофе мен шай үстел басына алып келінуі мүмкін. Ережеге сәйкес меймандар егер шақыру қағазында арнайы киім формасы көрсетілмесе, күнділекті киімде келеді.
Ресми қабылдау болып есептелінетін «таңғы асқа» ереже бойынша лауазымды тұлғалар шақырылады. Қонақтардың саны 16 адамнан аспағаны абзал. Өйткені бұл жағдай қонақтарды тік бұрышты формадағы үстелге жайғастыруға мүмкіндік береді. Бірақ бұдан көп болуы да ықтимал. Қонақтарды хаттамаға сәйкес жайғастыру қажет. Ол екі топ бойынша жүзеге асырылады – жоғарғы және ортаңғы.Кешкі қабылдаулардың «коктейль», «а ля фуршет», «түскі ас», «кешкі ас», «түскі ас-буфет» секілді түрлері бар.Кеш барысында қабылдаушы тарап пен қонақтар бір-біріне тең көңіл бөлу керек. Ер адамдар жанында отырған әйелдерге көңіл бөлуі қажет. Үй иесі қонақтар құрметіне сөз сөйлейді, ал қонақтар арасында жоғарғы лауазымдысы тілек айтады.Кешкі қабылдау түрлеріне «шай» немесе «кофе» жатады. Ол 16:00 мен 18:00 аралығында, ереже бойынша әйелдерге арнап өткізіледі. Сыртқы істер министрінің жұбайы немесе шет мемлекеттің елшісінің жұбайы өзге елшілердің және дипломатиялық қызметкерлердің жұбайларын «шайға» («кофеге») шақырады. Қабылдаудың мұндай түрі дипломатиялық миссия басшыларының жұбайларының сыртқы істер министрінің жұбайымен қоштасуында ұйымдастырылады. «Шайға» шақырылған меймандардың санына қарай бір немесе бірнеше үстел қойылады. Кәмпит, тәттілер, жеміс-жидектер, сусындар, сонымен қатар канапе қойылуы мүмкін. Кейде ашқандай тағамсыз шай немесе кофе берілуі мүмкін. Қазіргі кезеңде мұндай дипломатиялық қабылдауларды барлық мемлекеттік орындар, іскер тұлғалар да кеңінен қолдануда.
22.Отырып немесе отырмай өткізілетін күндізгі және кешкі қабылдаулар: "шампан бокалы", "шарап бокалы" сияқты күндізгі қабылдаулар, ертеңгі астар.
Еліміздің дипломатиялық хаттамасында өзге мемлекеттердегідей қабылдаулар күндізгі және кешкі, ресми және бейресми, жайғастырусыз (отырғызусыз немесе отырмай) және жайғастыру (отырғызу) болып бөлінеді. Егер шақырылғандар ресми лауазымды тұлғалар болса, онда қабылдау ресми болып есептелінеді. Күндізгіге әдетте «шампан бокалы», «шарап бокалы», «таңғы ас» секілді қабылдаулар жатқызылады.
«Шампан бокалы» ережеге сәйкес әдетте, күндізгі 12:00 басталып, бір сағатқа созылады. Бұл қабылдау негізінен ұлттық мерекенің, елшінің кейін қайтуы немесе жаңа елшінің келуі, шетелдік делегацияның елге келуі, көрменің (фестивальдің) ашылуы және басқа да маңызды оқиғалардың құрметіне өткізіледі. Қонақтар үстелге жайғаспайды. Сусындарды, тіске басар мен тағамдарды даяшылар (официанттар) береді. Ұйымдастыру тұрғысынан келгенде «шампан бокалы» үлкен шығындарды және ұзақ дайындалуды қажет етпейтін қабылдау түрі саналады.
«Шарап бокалы» осы қабылдау типіне жатады. Тек оның атауы ғана қабылдаудың ерекшелігін көрсетеді.
«Таңғы ас» күндізгі сағат 12:00 мен 15:00 аралығында беріледі. Әдетте ас беру 12:30 немесе 13:00 басталады. Ас мәзірі ұлттық дәстүрлерді ескере отырып жасалады. Таңғы асты ұйымдастыру барысында ас мәзіріне бір-екі суық тіске басар, бір ыстық тағам (балық немесе ет), тоқбасар (десерт) беріледі.
Таңғы ас алдында сусындар беріледі. Сонымен қатар бірінші тағам және ыстық тіске басар да берілуі мүмкін. Кейбір елдерде бір салқын, бір ыстық, 1 тоқбасар (десерт), шай немесе конфе беріледі. Меймандарға салқын тағамға – арақ немесе шырын, балықтан жасалынған ыстық тағамға – құрғақ шарап, етке – құрғақ шарап, тоқбасарға – шампан, кофеге – коньяк немесе ликер ұсынылады. Кейбір елдерде ас барысында құрғақ жүзім шарабы, соңына таман – шампан, кофе немесе шай беріледі. Таңғы ас әдетте бір жарым сағатқа созылады. Оның бір сағаты үстел басында, 30 минуты кофе немесе шай ішіп, әңгімелесуге кетеді. Кофе мен шай үстел басына алып келінуі мүмкін. Ережеге сәйкес меймандар егер шақыру қағазында арнайы киім формасы көрсетілмесе, күнділекті киімде келеді.
Ресми қабылдау болып есептелінетін «таңғы асқа» ереже бойынша лауазымды тұлғалар шақырылады. Қонақтардың саны 16 адамнан аспағаны абзал. Өйткені бұл жағдай қонақтарды тік бұрышты формадағы үстелге жайғастыруға мүмкіндік береді. Бірақ бұдан көп болуы да ықтимал. Қонақтарды хаттамаға сәйкес жайғастыру қажет. Ол екі топ бойынша жүзеге асырылады – жоғарғы және ортаңғы.
Таңғы ас дипломатиялық қабылдаулардың кең таралған түрлерінің бірі. Олар келісім-шартқа қол қою, делегацияның келуі, елшінің келуі немесе кетуі, мерейтойлар, Сыртқы істер министрлігінің шетелдік дипломатиялық миссиялармен тығыз байланысты дамыту құрметіне және басқа да маңызды себептерге орай ұйымдастырылады. Халықаралық және дипломатиялық хаттамада күндізгі қабылдаулардың салтанаттылығы, кешкіге қарағанда төмендеу болып есептеледі.
23.Кешкі қабылдаулар: "коктейль", "а ля фуршет", "түскі ас", "кешкі ас", "түскі ас-буфет", "шай","жур фикс".
Кешкі қабылдаулардың «коктейль», «а ля фуршет», «түскі ас», «кешкі ас», «түскі ас-буфет» секілді түрлері бар.
«Коктейль» сағат 17:00 және 18:00 аралағында басталып, екі сағатқа созылады. Әдетте шақыруда қабылдаудың басталу және аяқталу уақыты көрсетіледі. Формасы жағынан ол «шампан бокалына» ұқсас келеді. Меймандар еркін орналастырылады. Қабылдау барысында даяшылар сусындарды, ішімдіктер мен тағамдарды тасиды және үстелге қояды. Ішімдіктердің кең ассортименті беріледі. Коктейльден бөлек, қонақтарға арақ, шарап, шампан ұсынылады. Кіші-гірім бутербродтар (канапе), тарталеткалар, жеміс-жидектер, шоколад және тәттілер секілді суық тіске басарлар тартылады. Егер қабылдау бір сағаттан астам уақытқа созылса, онда негізінен шанышқымен желінетін ыстық тағам берілуі тиіс. Қонақтар белгіленген уақытта келіп, қалаған уақытында кете алады. Алайда қабылдаудың басынан аяғына дейін болу – қонақтың үй иесін құрметтеуі деп есептеледі. Ал қонақтың аз уақыт болып кетуі екі ел арасында татулықтың жоғары деңгейде емес екенін көрсетеді.
«А ля фуршет» қабылдауы «коктейль» өткізілетін уақытта ұйымдастырылады. «Коктейль» және «а ля фуршет» қабылдаулары үстел басына жайғасу арқылы емес, тұрып тұру арқылы өткізіледі. Бұл қабылдауларда суық тағамдармен қатар, ыстық тағам да берілуі мүмкін. Меймандар үстелдерге өздері келіп, таңдаған тағамдарын алып, өзгелердің де осылай істеуіне мүмкіндік беруі үшін кері оралады. Екі қабылдаудың да салтанаттылығы айтарлықтай жоғары. Оның соңында шампан, балмұздақ, кофе немесе шай ұсынылады. Егер қабылдау ұлттық мерекенің немесе мәртебелі мейманның құрметіне берілсе, соңына таман шағын концерт қойылуы немесе фильм көрсетілуі мүмкін. Шақыруда ерекше киім формасының көрсетілуі қабылдаудың салтанаттылығының дәлелі бола алады.
«Түскі ас» қабылдаудың аса құрметті әрі салтанатты санатына жатады. Ол әдетте 20:00 немесе 20:30 басталады. Бірақ бұдан кеш болмауы тиіс. Кейбір елдердің хаттамасы бойынша бұд ертерек басталуы да мүмкін. Оның ұзақтығы үш сағат және одан көп болуы ықтимал. «Түскі асты» өткізудің маңызды шарты ретінде – үстел басына хаттамалық ретпен отырғызуды айтуға болады. Таратылатын шақыруларда міндетті түрде «түскі ас отырғызу арқылы» деп көрсетілуі керек. Салтанатты киім формасын көрсетпесе де болады, себебі «отырғызу арқылы» деген сөздің өзі ерлердің смокингте немесе фракта, әйелдер кешкі көйлекпен келу керек екенін білдіреді.
Қабылдауды ұйымдастырушылар отырғызу тәртібіне өзгертулер енгізіп үлгеруі үшін мұндай сипаттағы шақыруларға міндетті түрде не оң жауап беру керек, не бас тарту қажет. Өйткені шақыруды қабылдап, келмей қою немесе көп уақыт өтпей бас тарту, содан кейін келу тіпті жол берілмейтін мәселе.
«Түскі ас» мәзірі ұлттық дәстүрлерді немесе шет мемлекеттің өкілдерінің ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып жасалынады. Мәзір екі-төрт суық тіске басардан, бірінші тағамнан, ыстық балық еті, ыстық ет пен тоқбасардан тұрады. Бір жарым-екі сағат өткен соң «түскі астың» бірінші бөлігі аяқталады. Содан кейін меймандар қонақтар бөлмесіне өтеді. Оларға кофе, шай, ликер, коньяк ұсынылады. Қонақтар шылым шеге алады.
«Кешкі ас» әдетте 21:00 немесе одан кеш басталады және үш сағаттан астам уақытқа созылады. Оның «түскі астан» айырмашылығы тек басталу уақытында ғана. Кешкі аста ереже бойынша бірінші ыстық тағам берілмейді. Оның барысында шампан мен өзге де ішімдіктер беріліп, олардың құрметіне концерт немесе ойын-сауық бағдарламасы, би ұйымдастырылуы мүмкін.
Бірқатар мемлекеттерде меймандар үй иесіне сыйлық немесе гүл алып келеді. Оларды алдын ала жіберуге де болады. Кешкі асқа шақырылғандар саны оннан асса, отырғызу жоспары бойынша қонақтарды алдын ала таныстыру керек. Үй иелері меймандары есік алдында күтіп алады. Кешіккен қонақтар кешіккені үшін кешірім сұрап, үстел басына жайғасады.
Кеш барысында қабылдаушы тарап пен қонақтар бір-біріне тең көңіл бөлу керек. Ер адамдар жанында отырған әйелдерге көңіл бөлуі қажет. Үй иесі қонақтар құрметіне сөз сөйлейді, ал қонақтар арасында жоғарғы лауазымдысы тілек айтады.
Астың соңында басты қонақтың жұбайы ас қайыруға болады деп берген уақытта үй иесінің жұбайы орнынан тұрады. Егер ер адамдар үстел басында қалып, жұмыс жайында сөйлескісі келсе, олар үстелдің бір шетіне қарай жиналып, кофе ішіп, шылым шегеді. Тост айтылып бітпей және шарап әкелінбей, шылым шегуге болмайды.
«Түскі ас-буфет» уақыты жағынан түскіге де, кешкі ге де жатады. Себебі ол 16:00 мен 20:00 аралығындағы уақытта басталады және ұзақтығы екі сағаттан аспайды. Қонақтарды үстел басына отырғызу еркін болғанымен, мұнда дипломатиялық этикет нормаларын ескеру қажет. Барлығы үстел басына төрт-алтын адамнан отырады. «А ля фуршеттегідей» тіске басарлар қойылған дастархан жайылады, сусындар мен ішімдіктер ұсынылатын буфет болады. Меймандар таңдаған тағамдары мен тіске басарларын алып, таңдаған шағын үстелдерге келіп жайғасады. Мұндай қабылдаулар театр, концерт, кино сияқты мәдени шаралардан кейін ұйымдастырылады. Ыстық белбеуде орналасқан елдерде ол ашық жерде, бақта ұйымдастырылады. «Түскі ас-буфет» ресмилігі төмен және оған кешкі костюм кию міндетті емес.
Кешкі қабылдау түрлеріне «шай» немесе «кофе» жатады. Ол 16:00 мен 18:00 аралығында, ереже бойынша әйелдерге арнап өткізіледі. Сыртқы істер министрінің жұбайы немесе шет мемлекеттің елшісінің жұбайы өзге елшілердің және дипломатиялық қызметкерлердің жұбайларын «шайға» («кофеге») шақырады. Қабылдаудың мұндай түрі дипломатиялық миссия басшыларының жұбайларының сыртқы істер министрінің жұбайымен қоштасуында ұйымдастырылады. «Шайға» шақырылған меймандардың санына қарай бір немесе бірнеше үстел қойылады. Кәмпит, тәттілер, жеміс-жидектер, сусындар, сонымен қатар канапе қойылуы мүмкін. Кейде ашқандай тағамсыз шай немесе кофе берілуі мүмкін. Қазіргі кезеңде мұндай дипломатиялық қабылдауларды барлық мемлекеттік орындар, іскер тұлғалар да кеңінен қолдануда.
Дипломатиялық практикада сирек болса да қабылдаудың «жур фикс» түрі де кездеседі. Шақырудың бұл түрін сыртқы істер министрінің немесе елшілердің жұбайлары ұйымдастырады. Сыртқы істер министрінің жұбайы мен елшілердің жұбайлары жылдың белгілі бір мезгіліндегі әр аптаға қонақтарды қабылдаудың күні мен сағатын белгілейді. Күз-қыз мерзімінің басында бір мәрте шақыру жіберіледі. Кей кездерде «сәрсенбіде», «бейсенбіде» немесе «жұмада» деп аталатын бұл қабылдау формасы мен мазмұны жағынан «шайға» ұқсас келеді.
24.Қабылдауларды дайындау және өткізу ережелері.
Әрбір дипломатиялық қабылдауды өткізу алдын-ала тыңғылықты дайындықты талап етеді. Осы үрдіс барысында алға қойылған мақсатқа байланысты қабылдаудың түрін, өткізілетін жерді анықтау, шақырылатын меймандардың тізімін жасау, шақыруды алдын-ала толтырып, тарату, ас мәзірін, егер «таңғы ас», «түскі ас» немесе «кешкі ас» ұйымдастырылса үстел басына жайғастыру жоспарын жасау төтенше маңызға ие мәселе саналады. Егер қабылдау елшінің резиденциясында немесе елшілік ғимаратында ұйымдастырылса, онда елшінің жұбайы ғимаратты дайындауға, дастарханды әрлендіруге, қабылдауда қызмет көрсететін даяшыларға нұсқаулар беруге көңіл аударуы қажет.
Қандай да бір мемлекеттің шетелдік жоғарғы мейман мен оның делегациясының құрметіне ұйымдастыратын қабылдауы мен шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктердің өткізетін қабылдаулары өзара жақын болып көрінгенімен, бірқатар айырмашылықтар да бар. Шетелдік мәртебелі меймандардың құрметіне қабылдауларды өткізуде қабылдаушы мемлекеттің дипломатиялық хаттамасының алдында ғимаратты іздестіру (егер саны шамадан тыс меймандарды қабылдау қажеттігі туындаса), қабылдау барысында қызмет көрсету секілді мәселелерді шешу тұрмайды. Осы мәселелермен қатар, егер қабылдауға ерекше салтанаттылық сипат беру қажеттілігі туындаса қабылдаудан кейін концерт ұйымдастыру да тез әрі оң шешіледі.
Ал шетелдердегі дипломатиялық өкілдіктер алдында қабылдау орнын таңдау, қонақтар санын, қабылдаудың күні мен сағатын анықтау секілді мәселелерді шешу мәселелерімен жиі-жиі соқтығысып отырады. Елші негізінен қабылдауды өз резиденциясында немесе елшілік ғимаратында өткізуді жөн көреді. Елшінің резиденциясы мен елшілік ғимаратының құқықтық статусын ескерсек елшіге қонаққа келген меймандар бұл жағдайда елші өкілдік ететін мемлекеттің территориясында болады. Егер қабылдау елшілік ғимаратынан тыс жерде ұйымдастырылса, онда жоғарғы деңгейлі әрі қызмет көрсету мәдениеті аса жоғары мейманхана (ресторан) таңдалынады. Мұндай жағдайда ереже бойынша жалға алынған ғимаратта екі елдің мемлекеттік тулары мен екі ел басшыларының суреттері ілінеді.
Қабылдаудың түрін таңдау барысында қабылдаушы елдің салт-дәстүрлері ескеріледі. Кейбір елдерде мемлекет басшысы, үкімет басшысы және сыртқы істер министрінің жетекшілігіндегі шетелдік делегацияны қабылдау барысында «таңғы ас», «түскі ас» ұйымдастырылады. Қонақ тарапынан жауап ретінде іс-шара өткізу қарастырылмайды.
Қабылдаларды ұйыдастыру кезіндегі мемлекеттердің астаналарындағы дипломатиялық корпустың практикасы алуан түрлі болып келеді. Өздері өкілдік ететін елдерінің ұлттық мерекелерінің (мысалы, Француз Республикасы елшілігі 14 шілде Бастилия қамалының алынуы, АҚШ елшілігі 4 шілде тәуелсіздік күнінің құрметіне т.с.с.) құрметтеріне «коктейль», «а ля фуршет», «шампан бокалы», «шарап бокалы» секілді қабылдау түрлерін ұйымдастырады. Күнделікті дипломатиялық қызмет тәртібі бойынша елшіліктер «таңғы астарға», «түскі астарға», кино тамашалауға және т.с.с. жиі шақырады. Қабылдаудың уақытын анықтау барысында оларды мереке және демалыс күндері, ал мұсылман елдерінде «рамазан» айында өткізілмейтінін ескеру қажет. Қабылдаулар ұлттық қайғылы күндері, ал бұдан бұрын белгіленген іс-шаралар өткізілмейді. Шақырылатын меймандар тізімін жасау – дайындық жұмысының маңызды элементі саналады. Қабылдауға шақырылатындардың жалпы саны анықталады. Мемлекеттік немесе ресми сапармен келген мәртебелі мейманның немесе делегацияның құрметіне өткізілетін қабылдауларға, оның мүшелері мен ілесіп жүретін тұлғалармен қатар, қонақ елдің елшісі мен елшіліктің жоғарғы дипломатиялық қызметкерлері де шақырылады. Ұйымдастырушы тараптан мемлекет жетекшілері, министрлер және келіссөздерге қатысқан немесе барлық сала бойынша қонақ елмен ынтымақтастықты дамытуға үлес қосушы өзге ресми тұлғалар қатысады. Егер жоғары мәртебелі мейман жұбайымен келсе, тиісінше қабылдауға ресми тұлғалардың жұбайлары да қатысады. Шақырылғандармен арадағы іскерлік байланыстардың маңызы назарға алынады. Қабылдау өткізілетін ғимарат шақырылғандардың саны мен қызмет көрсету мүмкіндіктеріне сәйкес келуі тиіс. Қабылдауда тар жерді таңдамаған абзал.
Елшіліктер ұйымдастыратын қабылдауларға қабылдаушы ел басшылары, ресми тұлғалар, қоғамдық ұйымдардың, мәдениет және ғылым саласы өкілдері шақырылады. Егер қабылдау екі жақты ынтымақтастықтың мерейтойына арналса, онда дипломатиялық корпусты шақыру қарастырылмайды. Қабылдауларды ұйымдастыру барысында елшіліктерге оппозициялық партиялардың өкілдерін шақыруда аса сақ болған дұрыс. Бұл қонақ ел мен қабылдаушы мемлекет арасындағы ынтымақтастыққа сызат түсіруі әбден мүмкін.
Меймандардың тізімін мұқият жасау барысында, шақырылғандардың бірінің түрлі себептермен келе алмайтынын болжау төтенше қиын мәселе. Бұл жағдай қабылдауға кететін шығындарды есептеуде үлкен маңызға ие. Қазіргі дипломатиялық практикада елдердің дипломатиялық қабылдаулардың аса салтанаттылығын шектеуге, оларға қарапайым сипат беруге, спирттік ішімдіктерді ұсынуды шектеу немесе алып тастауға, тым қымбат тағамдардан бас тартуға ұмтылып отырғанын байқауға болады.
Дипломатиялық қабылдаулардағы ас мәзірі ең алдымен ұйымдастырушылардың ұлттық дәстүрлерін, содан кейін меймандардың талғамын, олардың ұлттық, діни ерекшеліктерін ескеруі қажет. Кімнің вегетариан тағамын жейтінін, кімнің шошқаның етін жемейтінін білу қажет. Жабайы құстың еті, оны аулауға елде тиым салған мезгілде дастарханға қойылмайды. Елшіліктегі қабылдау кезінде елшінің жұбайы ас мәзіріне ұлттық тағамдардың енгізілуін мұқият қадағалуы тиіс. Дастарханға қойылатын тағам түрлерінің барлығы негізінен жергілікті талғам мен жағдайларға байланысты болып келеді. Барлық тағамдар біріншіден, дәмді болуы тиіс, екіншіден, әдемі берілуі керек.
Қабылдауларда хрусталь, фарфор, күміс және осы секілді өзге де сапалы ыдыс-аяқтарды қою дәстүрі қалыптасқан. Қонақ бөлмесі мен үстелдерге қойылған тірі гүлдер ғимарат ішіне мерекелік рең мен жайлылық сезімін береді. Кей кездерде гүлдер қонақтардың мемлекеттік туының түр-түсіне қарап таңдалынады.
Ерекше салтанатты жағдайларда мемлекет басшысының құрметіне өткізілетін қабылдауда, жоғары мәртебелі мейман залға кіру кезінде екі елдің әнұрандары орындалады. Осындай қабылдаулар барысында концерттер қойылып, екі елдің ұлттық әндері шырқалады. Қабылдау аяқталғаннан кейін басты мейман үй иесінің ертіп жүруімен бірінші болып кетеді. Осы уақытта оркестр салтанатты маршты орындайды. Кей уақытта қабылдау өтіп жатқан ғимарат алдында құрметті қарауыл сап түзеп, бас мейман келу және кету сәтінде құрмет көрсетеді.
Қабылдауға қонақтар жазбаша шақырулар арқылы келеді. Шақыру бланкілері типографиялық әдіспен теріледі, шақырылатын мейманның аты-жөні, оның лауазымы қолмен жазылып, қабылдаудың түрі, күні, сағаты және өткізілетін орны көрсетіледі. Мәліметтердің барлығын машинкада басу бұрынғы кездерде сыпайылыққа жатпайтын әрекет ретінде қарастырылатын. Егер қабылдау елге жоғары мәртебелі мейманның келуі, мерейтой, ұлттық мереке құрметіне ұйымдастырылса, онда шақыру типографиялық әдіспен дайындалған арнайы бланктер формасында болады.
Дастархан басына отырғызуды көздейтін қабылдауды ұйымдастыру барысында алдын ала қонақтың келу-келмеуін анықтау қажет. Мұндай жағдайда шақыру бланкісінің оң жағының төменгі бұрышында бас әріптермен – RSVP (repondez, s’il vous plait – жауап қатуды өтінеміз) деп көрсетіледі. Президент, премьер-министр, сыртқы істер министрі секілді бас мейманды шақыру мәселесіне байланысты елші алдын ала олармен ауызша келісіп алады. Тек келісімді алғаннан кейін ғана, шақыру жіберіледі. Бұл жағдайда RSVP әріптері сызылып, оның орнына «p.m.» (pour memoire – есте болуы үшін) деп жазылады. Шақыру қағаздарын қабылдауға дейін бір-екі апта бұрын жіберу дәстүрі қабылданған. Өз кезегінде бұл жағдай қонақтардың өз уақыттарын қабылдауға келетіндей етіп жоспарлайды деп үміттенуге мүмкіндік береді. Шақыруларды жіберу курьер немесе пошта арқылы жүзеге асырылады.
Шақыруды алған соң онымен мұқият танысу қажет. Бұл қателіктер мен түсініспеушіліктердің, олқылықтардың алдын алуға мүмкіндік береді. Шақырудың қай тілде жазылуына қарамастан, төмендегі жағдайларды толық анықтап алған жөн: кім, ненің құрметіне, қайда, қашан, киім формасы, шақыруға жауап беру қажет пе. Мәтінді дұрыс талдау оң шешім қабылдауға себеп бола алады.
RSVP әріптері жазылған шақыруларға және егер олар сызылмаса шұғыл жауап қатқан дұрыс. Жауапты беруді кешіктіру немесе оны бермеу ескермегендіктің белгісі ретінде бағаланады. Ең дұрысы жауап қатуды кешіктіргеннен гөрі, сыпайы түрде алдын ала шақырудан бас тартқан абзал. Сонымен қатар RSVP шақыруына жауаптың оң немесе теріс болуына қарамастан, жазбаша жауап берген дұрыс. Жауапты телефон арқылы берсе де орынды болады.
25. Мемлекеттік іс-сапардың протоколы.
ҚР Мемлекеттік протоколына сәйкес:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протоколы (бұдан әрі - Мемлекеттік протокол) қалыптасқан халықаралық практикаға сәйкес Қазақстан Республикасының басшылығы қатысатын ресми іс-шараларды өткізудің рәсімдік қағидаларын реттейді.      2. Мемлекеттік протокол бірыңғай протоколдық-ұйымдастыру нормаларын белгілейді және қамтамасыз етеді, мемлекетішілік және халықаралық іс-шараларды өткізген кезде Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының протоколдық үлкендік реті қағидатын Мемлекеттік протоколға 1, 2-қосымшаларға сәйкес бекітеді және протоколдық іс-шараларды жоспарлау мен жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының барлық мемлекеттік органдары мен ұйымдарының орындауы үшін міндетті болып табылады.      3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Мемлекеттік протоколды сақтауын бақылауды Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - Сыртқы істер министрлігі) жүзеге асырады.
Мемлекеттік сапарлар. Жалпы қабылданған дәстүрге сәйкес мемлекеттік сапарлар шетмемлекет Басшысының сапарының аса жоғарғы категориясына жатқызылады. Мұндай сапарды негізінен шетмемлекет Басшысының осы қызметте отырған уақытында (әдетте, басында) ерекше жағдайларда және бір рет (одан артық жасамайды) жасайды. Мемлекеттік сапар кезінде аса мәртебелі Мейманды қарсы алу, кездесулер өткізу мен шығарып салу айрықша жоғары деңгейде өткізіледі. Қабылдаушы мемлекет Басшысы мәртебелі Қонақпен ресми кездесулерде президенттік биліктің символдарын пайдаланады. Сапар барысында, елді аралау кезінде Қонақты ертіп жүрудің деңгейі артады. Жалпы алғанда мемлекеттік сапарлар церемониалды және ресми іс-шараларының ұйымдастырылуы жағынан ресми сапарлардың форматына сәйкес келеді.

Приложенные файлы

  • docx 11413975
    Размер файла: 815 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий