15 апта вопросы с ответами 2017


«Мультимедиалық технологиялар» пәнінен аралық бақылау сұрақтары
Мультимедианың дамуы - 90-шы жылдардан бастап мультимедиа құралдары дамыды. XXI ғасырдың басында жаңа өнімдердің негізі жəне қызметі ретінде, яғни мыналар болды: электрондық кітаптар жəне газеттер, оқытудың жаңа технологиялары, видеоконференциялар, графикалық дизайнның құралы, дауыстық жəне видеопошта.
Мультимедиалық құрылғыларды жасаушылардың алдарына қойған ең басты мәселе – есептеу жүйесінің мамандарынан басқа қолданушылардың ЭЕМ-де жұмыс істеу қызығушылығын арттыру
“Мультимедиа” термині “мульти” — көп, и “медиа” — орта, тасушы, хабар құрамы деген сөздерден құралған, және оны жобалап “көпқұралды” деп те аударуға болады.
Мультимедиалық технологиялар – бұл қоршаған ортаға қолданушылардың өзара тіл табысуына мүмкіндік беретін мәтінді, графикті, дыбысты, анимацияны қолданатын технологиялар.
Анимациялау дегеніміз - «жандандыру» деген мағынаны білдіреді. Анимация теориясы адам көзінің мүмкіндіктеріне, көрген көріністер мен олардың қозғалысын сақтауға негізделген.
Компьютерлік графика дегеніміз – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.
Компьютерлік графика қай жылы қай қалада дамыды - Компьютерлік графиканы алғаш рет 1940 жылдары Масачусец технологиялық институтының ғалымдары АҚШ-тың қарулы күштеріне ЭВМ көмегімен ұшатын аппаратқа қолданады.
Айвен Созерланд кім - Айвен Созерланд 1961-1963 жылдары аталған институттың ғалымы техникалық сызуға арналған бағдарлама жасап шығарады.
Macromedia компаниясы қай жылы құрылды - 1980 жылы Калифорнияда бірнеше компаниялардың бірігуі нәтижесінде Macromedia компаниясы құрылды. Adobe Flash – веб-қосымшалар құру үшін арналған танымал мультимедиялық технология. Флеш 15 жыл бұрын пайда болған (FutureSplash Animator, кейінірек Macromedia Flash, 2006 жылдан бастап – Adobe Flash) күшейе түсті.
Ғылыми графика. Алғашқы компьютерлер тек ғылыми және өндірістік есептерді шығару үшін қолданылды. Есептерден шыққан нәтижелерді дұрыс түсіну үшін оларды графикалық тұрғыда өңдеп, графиктер, мен диаграммалар, сызбалар тұрғызған.
Іскерлік графика – қандай да бір мекеме жұмысының көрсеткіштерін көрнекі   түрде ұсыну үшін қолданылатын компьютерлік графиканың маңызды саласы. Іскерлік графиканың көмегімен жоспар көрсеткіштерін, есеп құжаттарын, статистикалық есептерді және т.б. объектілерді көрнекі түрде ұсынуға болады.
Контрукторлық графика - инженер-конструкторлардың, архитектор-лардың, жаңа техниканы ойлап шығарушы өнертапқыштардың жұмысында қолданылады.
Суреттеу графикасы (көркем графика) деп компьютер экранында ерікті түрде сурет салу мен сызуды айтады. Суреттеу графикасының пакеттері жалпы мақсатта пайдаланылатын қолданбалы программалық жасақтамалардың қатарына енеді.
Жарнамалық графика – теледидар пайда болғаннан кейін танымал бола бастады. Қазір компьютердің көмегімен жарнамалық роликтер, мультфильмдер, компьютерлік ойындар, видеодәрістер мен видеопрезентациялар жасалады.
Компьютерлік анимация дегеніміз не - дисплей экранында қозғалатын кескіндерді жасау өнерін айтады. Суретші қозғалатын объектінің бастапқы және соңғы қалпын бейнелейтін суреттерді ғана салады, ал осы екі суреттің арасындағы барлық қозғалысты компьютер осы объектіні қозғалтуға қажетті алдын-ала белгіленген математикалық есептеулерді орындай отырып өзі суреттеп шығады.
Растрлық графика - кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Графикалық ақпараттың осындай нүктелер жиыны немесе пиксельдер түрінде ұсынылуы растрлық түрдегі ұсынылу болып табылады.
Векторлық кескіндер - бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.
Фракталды графика - жасалу әдісі сурет салуға немесе безендіруге емес, програмалауға негізделеді. Егер растрлық графикада растр (пиксель), ал векторлық графикада сызық базалық элемент болып табылса, фракталдық графикада математикалық формуланың өзі базалық элемент болып табылады.
Растрлік графикалық редакторлар - Ең таралғандары: Adobe Photoshop, Corel Draw  Графикалық редактордың келесі негізгі жұмыс іс-тәртіптері бар:  саймандарды таңдау және баптау, түс таңдау, суретпен жұмыс (салу және редактірлеу), сыртқы құрылғылармен жұмыс.
Компьютердің мультимедиялық мүмкіндіктері - Әр-түрлі фигурадағы мәтін енгізу, Суреттер енгізу, Дыбыстар кірістіру, Видеолар кірістіру, Анимациялар құру
Фотошоп программасының ең бірінші нұсқасы қай жылы пайда болды - 1990 жылы пайда болды. Фотошоптың бұл нұсқасы Macintosh компьютерлерінде жұмыс жасауға арналған.
Adobe Photoshop (фотошоп) редакторы – компьютерлік графикамен жұмыс жасауға арналған компьютерлік программа, Бұл графикалық редактор растрлық суреттермен жұмыс жасауға арналған, яғни жеке нүктелерден тұратын суреттер.
ArchiCAD дегеніміз не – архитекторларға, құрылысшыларға арналған программа. Бұл программа сонымен қатар, дизайнерлерге, риэлторларға, құрылыс және архитектураға байланысты жұмыстың барлығына пайдалы.
ArchiCAD программасы қай елде қанша тілде дамыды - ArchiCAD программасы 80 елде 22 тілде таралған.
Corel программасының негізгі артықшылығы - векторлық графикада сурет маштабын кез-келген өлшемге өзгертуге болады, Математикалық формула арқылы есептелген сурет өлшемін өзгерту барысында сурет сапасының жоғалмауы,компьютер жадысында орынды аз алуы.
Кемшілігі: сурет өлшемдерін жай ғана өзгерте салуға болмайды, Себебі геометриялық фигурадан құрылғандықтан әрқайсысын жеке-жеке өзгертуге тура келеді, суреттің кез-келген нүктесінің түсін өзгертуге болмайды.
Photoshop программасының негізгі артықшылығы: графикалық көріністермен жұмыс кезіндегі жоғарғы сапа; жұмыс кезіндегі ыңғайлылық пен жайлылық; көріністермен жұмыс кезіндегі жоғарғы функционалдық мүмкіншіліктер ойлаған операцияны жасауға көмектеседі; негізгі сценарийларды қолданғандағы растрлық көріністерді жасаудағы кең автоматты мүмкіндіктер; әртүрлі көркем эффектілерді жасаудағы көп таңдаулы фильтрлік командалардың көмегі;түсті көрініспен жұмыс кезіндегі механизм;
Photoshop программасының кемшілігі: көп түсті сызық және орбиталық қисық салуда; симметриялы орналасқан көп көрінспен бір уақытта жұмыс істегенде; диалогтық терезесінен шықпай, әртүрлі фильтрлердің ісін көруге қолданған түзету қалыңдығындағы (слой) көріністі түзету командасын ауыстырғанда; қолданушының еркімен программаның интерфейс элементтерін түзегенде; мозайкалы суретті құру кезіндегі көріністі көбейткенде.
Macromedia Flash қай жылдан бастап күшейе түсті- Adobe Flash – веб-қосымшалар құру үшін арналған танымал мультимедиялық технология. Флеш 15 жыл бұрын пайда болған (Future Splash Animator, кейінірек Macromedia Flash, 2006 жылдан бастап – Adobe Flash) және содан бері күшейе түсті.
Flash-тің басты ерекшелігі қозғалмайтын суреттерден анимацияларды құру мүмкіндіктерін біріктіруді ұсынады. Бұл ойда жоғары айтылған программалар артта қалады. Бұлардың үлкен ерекшеліктері болса да, ешқайсысы Flash-тің функциясын атқара алмайды.
Анимация негіздері дегеніміз не - Арасында қысқа уақыт аралығымен түсірілген көптеген кадрлар жиынтығы.
Кадр бойынша анимация – бұл әртүрлі қозғалыс фазасын көрсететін кадрлардың үлкен санының тізбектелген көрінісі. Мұндай тізбек көрермен алдында тез бұралып, нәтижесінде ол үзілмейтін қозғалыс көреді..
Трансформациялық анимация дегеніміз –Қозғалыстың бастапқы және ақырғы нүктелерін және қозғалу траекториясын көрсету. Бұл нүктелер кілттік кадрлар деп аталады.
Қабаттар дегеніміз - (Flash терминологиясында – layer) Қабатта сурет салу құралдарын қолданып, сурет салуға болады. Оған қоса, қабаттың үстіне және астына басқа қабаттарды қоюға болады.
Қабаттар беретін артықшылықтар- кез келген графикалық көріністер әр түрлі қабаттарда тұрса, онда олар фрагментацияланбайды және бірікпейді; қимылды трансформациялау әдісімен қабатта тек бір ғана графикалық элементті анимациялауға болады. Сондықтан қабаттар қанша болса, анимацияланатын элементтер де сонша болады.
Интерактивтілік - Flash интерактивті фильмдерді құруға мүмкіндік береді, сайтты қолданушы сайтқа кіру кезінде пернетақта мен тышқанның көмегімен, фильмнің әртүрлі фрагментіне көшуге, объектілерді орнатуға, формаға ақпарат енгізуге мүмкіндік береді.
Батырмалар - фильм фрагменттері немесе бөлек кадрлар интерактивті болуы мүмкін. Мұнда көптеген стандартты әрекеттер сол немесе басқа фильм элементімен ActionScript программалауына байланыссыздығымен қадағаланады.
Символ - фильм кітапханасына кірістірілетін жəне сол немесе басқа фильмде бірнешерет қолдануға мүмкіндік беретін фильм элементі.
Клип - символ (Movie ClipSymbol) фильм кітапханасына бірнеше рет қолданылытынанимацияны қосу үшін қолданылады. Əр клиптің негізгі фильмнің уақыт диаграммасына тəуелсіз жүргізілетін өз уақыт диаграммасы болады.
Action Script – Flash программасында қолданатын программалау тілі
Объектілік модель дегеніміз – сценарийде қолданылатын және олардың арасындағы бағыңынқы қатынастағы объектілер типінің жиынтығы.
Flash- те мәтіннің қанша түрі бар - 3 түрі бар:1. Статикалық мәтін (Static Text)- фильмді орындатқан кезде өзгертуге болмайтын мәтін. 2. Динамикалық мәтін (Dinamic Text)- Action Script тілі көмегімен мазмұны өзгеретін мәтін. 3. Енгізу мәтіні немесе редакцияланатын мәтін (Input Text)- мәліметтер енгізуге мүмкіндік беретін мәтін.
Программа(сценарий)- жоғарғы деңгейдегі программалау тілінің ережелеріне сәйкес жазылған және берілгендерді (мәліметтерді) түрлендіру қызметін атқаратын ережелер, кілттік сөздер және түсініктемелердің реттелген тізімі.
Кілттік сөздер- Action Script командалары – ағылшын тіліндегі программа.
Macromedia FreeHand 9 – баспаға және Интернетке шығаруға дайындайтын профессионалдық қолданба. Macromedia FreeHand өте қиын көркемдеу құралдарын ұсынады, өнімділігін арттырады және Macromedia Flash-пен жақсы жинақталады
Форма анимациясы дегеніміз – бір объекті формасының, түрінің және түсінің екінші бір объектіге ауысуы. Мұндай әсерді қолдану үшін «Рroрerties» (Свойства) панелінің «Tween» (Дублировать) бөлімінен «Shaрe» (Форма) қасиетін таңдау керек. Сонда «TimeLine» панеліндегі аралық кадрлар жасыл түске боялады.
Жоғарғы деңгейлі программалау тілі дегеніміз - есепті шешуде алгоритм жазудың тиімді тәсілі. Программалау тілі интерпретирлеуші компирлирлеуші болып бөлінеді.
Транслятор дегеніміз – жоғарғы деңгейлі нақты программалау тілінмашиналық кодқа, яғни процедураның сандық командасына аудару үшін жасалатын арнайы программа. Трансляторлар өздеріне сәйкес келетін программалау тілдері сияқты интерпретатор мен компиляторлар болып бөлінеді.
Интерпретатор дегеніміз ақырғы листингті (интерпретирленген программалау тілінде жазылған программа мәтіні) бұл программаның орындалу барысында тікелей процессордың кодына түрлендіреді, жолдан жолға орындайды. Синхронист –аудармашымен салыстыруға болады, яғни ол кезекті сөйлемді аударғанда, келесісінің мазмұнын әлі де біле бермейді.
Компилятор дегеніміз – ақырғы листингті (компирленген программалау тілінде жазылған программа мәтіні) процессорға түсінікті сандық кодтардан тұратын және ақырғы листингке тәуелсіз орналасуына жіберілуі мүмкінавтономды орындалатын модульде түрлендіреді.

Приложенные файлы

  • docx 11415864
    Размер файла: 25 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий