2 апта ауылда


ЭССЕ
2 апта ауылда Мен басында қай ауылға барарымды білмей қыйналып жүрдім. Неге деп сұрасаңыз!? Біріншіден, менің ата- әжелерім ана ғасырдың өзінде қайтыс болып кеткен. Екіншіден, мені анам кеш туды, сондықтан мен елден ерекше болып жүрем.
Әкемнің ауылы Жаңақорған (ол жердің табиғаты сортаң,суға тапшы,желді болып келеді ), ал анамнын ауылы Боралдай өзенінің бойында орналасқан суы мол, табиғаты жанға жайлы Боралдай ауылы. Әкемнің ауылы Қызылорда облысында. жолы ұзақ шалғайда болғандықтан мен анамның ауылын таңдадым.
Әрине Боралдайда ешкім тұрмайды, бірақ сонау 1960 шы жылдары салынған үй әлі тұр. Ол үйде ешкім тұрмаған соң, су, газ және басқа да өмірге қажетті заттар жоқ. Не дегенмен, ауыл туған-туысқанға толы ортасы емес пе? 
Үйдің артында кішігірім бағымыз бар. Біз оны арам шөптерден жақсылап тұрып тазалап, суарып, картоп ектік. Мен өзім қалада өскендіктен бұндай қиындықты бірінші рет көруім. Біздің жұмыс картоп егумен бітеді ме десем, қателескен екенмін. Үйден жарты шақырамдай жерде 15 гектар суармалы жеріміз бар екен. Оны көріп, үйіміздің артындағы бағымызды «Айналайын» деп қалдым. 
Бұл жерге мал азығы жоңышқа егілген екен, ендігі жұмыс оны орып, пресстеп, престі жинау ғана қалған. Пресстеу деген оңай тірлік сияқты, бары-жоғы трактордың артынан қалмай, қалып кеткен қалдыктарды жинап, алдына апарып тастасаң болғаны. Бірақ бұның да өз қиыншылықтары бар ,бұл жұмысты таңертеңнен кешке дейін, шілде айының аптаған ыстығында істеу деген... бір сөзбен айтқанда шыдасаң болғаны! 
Ауыл деген шаруашылыққа, жұмысқа толы жер. Бір жұмысты бітірем деп бастасаң, басқа жақтан екіншісінің басталғанын байқамай да қаласың, кейіннен екеуін де бітіремін деп қиналып қалады екенсің. Бірақ қиналып жүрген кезіңде қызықты уақиғалар болып қалып, уақыттың қалай өткенін білмей де қаласың.
Елбасымыздың: «Біз кез-келген ұлттың түп-тамыры ауыл жұртында жататынын естен шығармауға тиіспіз» ,- деген сөзі дұрыс айтылған. Неге десеңіздер!? Себебі, ауыл — адамзаттың кең дүниенің есігін ашып, өмірге келген жері. Бізге дейін сан алуан ұрпақтың кіндік қаны мен маңдай тері тамған киелі мекені. Дүниедегі ең құдіретті  АНА болса, ауыл да барлық халықтың анасы, тіршіліктің нәрі.

Сонымен менің айтарым,ауылмен қарым қатынасты үзбей хабарласып тұру керек, туысқандарға көмек беру керек!
Рефлексия
2 апта ауылда
1-ші күн:
Темірланда тұратын нағашы ағамның үйіне мен кешке күн ұясына кіріп бара жатқанда келдім. Олар мені қонақжайлы қарсы алыды. Бір сөзбен айтқанда бірінші күні мен кеш келген соң, ешқандай жұмыс істемедік. Барлығын ертенге қалдырдық. 
2-ші күн:
Таңертеңгі сағат тоғыз шамасында інілерімді оятып, таңғы тамағымызды ішіп боламыз дегенше он да болып қалды. Үйдің артында кішкентай ғана бақша бар. Ол бақшада не жоқ десеңші! Барлығы да бар. Тіпті Амстердамнан алып келген қызғалдақ та отырғызылған. Күні бойы маған осы бақша туралы, ондағы егілген көкөністерді қалай баптау керек екендігі жөнінде нағашы ағам айтып берді. Бақша кішкентай, сондықтан оны суару да қиынға соқпайды. Маған қажетті мағұлматтарды алып болған соң, барлығымыз отырып түскі асымызды ішітік.
Кешке қарай інілеріммен сыртқа шығып, олардың достарымен таныстым. Шынымды айтсам олар маған ұнады деп айта алмаймын. Әрине әр адамның достары өзіне байланысты ғой. 
3-ші күн:
Таңертен тұруға асыққан жоқ едік, себебі істейтін жұмыс жоқ. Не бәрі бақшаны суарсақ болғаны.Таңғы шәйді ішіп болдық. Іш пісті. Үйдің ең үлкені – Жандос , ол каратэге қатысады, сары поясы бар. Ортаншы баласы – Мадихан (Мади), ол - футболшы. Ал ең кішкентайы – Мұқағали (Мукаш). Бәріміз жиналып, бір-бірімізге соғыс жарияладық, бірақ соңында барлығымыз жақсылап тұрып таяқ жедік. Себебі, үйдің ішінің астан-кестені шығып, шаң-тозаң болды. 
Басында біз бүгін Боралдайға барамыз деп едік, бірақ Нұрлыбек көкенің (төбеде айтылып кеткен балалардың әкесі) уақыты болмағандықтан бара алмадық. Сондықтан, бүгінгі күніміз үйде босқа жүрумен өтті.
4-ші күн:
Барлығымызды таң атпай ертелеп оятты, неге екенін бірден түсіндік. Ауылға баратын уақыт келді. Тез-тез жуынып-шайынып, шәйімізды ішіп, өзімізге керекті заттың барлығын жинастырып алып кеттік.
Міне, енді ауылға да бара жатырмыз. Мен Боралдайда әлі болып көрген жоқпын. Ауыл қандай? Үйдің жағдайы қалай? Жарық, газ, су бар ма? Деген сұрақтар маған маза бермеді. Жолды ұзақ деуге болмайды, жарты сағаттық жол болса да, мен үшін мәңгілік өткендей болды.
Боралдайдағы үйді көрген кезімде, өткен шаққа қадам жасағандай болдым! Үйдің салынғанына 50 жылдан асып кеткеніне қарамастан, сыртқы жағдайы жақсы. Бірақ ішкі көрінісі мәз емес екен. Едендерінің тозығы шыққан, есік-терезелері сынып жарамсыз халге жеткен.
Бір сөзбен айтқанда ескі үй. Бұл үйдің үш бөлмесі бар екен. Біз оның бір бөлмесінде ғана жайғастық. Басқа бөлмелерін де көрейік десек, Нурик көке: "Жоқ, көрмей-ақ қойындар, кейін бәрін тазалаған кезде бірақ көресіңдер",- деді.
Үйдің жанында Темірландағы бақшадан 4-5 есе үлкен бақша бар екен. Біздің міндетіміз - осы бақшаны «құмайы» деген арам шөптен тазалау. Жаздың аптап ыстығында арамшөпті жұлу деген… түсінген шығарсыздар.
Сонымен, төртінші күніміз арамшөпті жұлумен өтті. Біз ол үйде қонған жоқпыз, себебі ол жерде жататын жер де жоқ. Кешке Темірланға қайтып келдік.
5-ші күн: 
Таңертең барлығымыз ерте тұрып, көрпе-төсектерімізді жинастырып, камазбен ауылға жол тарттық. Бұл менің камазға бірінші рет мінуім еді. Мен қаланың ішінен осы секілгі мәшинелерді көптеп көргем. Бірақ осыншама үлкен екедігін аңғармаппын. Жол – жөнекей біздің улкен камазымыз бұзылып калды, не дегенімен біздің жүргізуші өз жұмысын жақсы біледі екен. Оның тез жөндегені соншалықты, камаздың артынан түсеміз дегенше бізге "Тез – тез қайта мініңдер",- деп бұйрық берген болатын.
Ауылға келдік. Үйдің іші – сыртын тазалай бастадық. Сол кезде біз көре алмай жүрген үш бөлмені толықтай, әр бұрышын қарап шығуға мүмкіндік түсті. Бірінші және екінші бөлмеде еш қызық болған жоқ, оны тез – тез тазалап келесі бөлмеге көштік.
Мінекей кезек үшінші бқлмеге де келіп қалды. Бұл бөлмеде ескі үлкен сандық бар екен. Ішінен менің анамның студент кезінде қаладан алып келген үн табақтары (пластинкалары), тұмар және тағы басқа да қызықты заттар шықты. Кешке дейін соларды ақтарып отырдық.
Мен және інілерім, үшеуіміз машинаның ішнде қондық, ал қалғандары үйдің сыртына көрпелер салып, сол жерде жатты.
6-шы күн:
Ауыл адамдары қаладағыдай емес, олар өте ерте оянады. Малдарын өріске айдайды. Ал мен сол кезде машинаның артында жайбарақат жатқан едім. Кенеттен дауыс шыкты. Шошынып, оянып кеттім. Жаныма қарасам, сиырлар өріске кетіп бара жатыр екен. Үлкендер бақшадағы жұмысқа кірісіп те кетіпті. Біз барып оларға қосылдық.
Енді бақшаны суғару қалды, бірақ бұл жұмысты үлкендер атқарды. Ал біз өзенге барып, шомылып қайтуды жөн көрдік. Өзенді табамыз дегенше түс болды. Өзенді табы мен ойлағаннан қайда қиын екен.
Өзенді тапқан сәтте шешініп, шомылуға кірістік. Менің бұл ағысы қатты өзенде алғаш рет шомылуым. Толықтай алғанда мен осы ауылға келіп көптеген заттарды алғаш рет істеп жатыр екенмін.
Өзеннің суы мұздай, рахат.Суда шомылып жүрген кезімде өз көзілдірігімді шешуді ұмытып кетіппін. Кейнен ол ес – түссіз ағыспен ары қарай өз саяхатын жалғастырған болатын. Сол күннен бастап көзілдіріксіз жүрдім. Көзілдіріксіз жүрген қызық екен. Жай жатқан затты оз қиялыммен өзгертіп жүрдім. Әрине әр заттың өз жаман жақтары болады ғой. Козілдіріксіз түнде жүруге болмайды екен. Алыстағы жайңалып тұрған ағаштан қорқу деген жүрген ессіздік қой.
Үйге қайтып келдік. Бақшаның жартысы суарылып болыпты. Ендігі жұмыс бізде. Біз картопты отырғызуымыз керек. Бірақ ол жұмысты ертенге қалдырды. Себебі, бақша толықтай суарылып болған жоқ. Ал егер бүгін бастап қойсақ картоп бекер суланып, жаман болып кету қауіпі бар еді.
Әдеттегідей барлығымыз бір кесе шәйға отырдық.
7-ші күн:
Дәл кешегі мал өріске бара жатқанда тұрдық. Үш қорап картопты алып, еге бастадық. Картоп егу қиын тірлік емес екен, ең бастысы ара-қашықтығын бір табанға теңестіріп, тастасаң болғаны. Түске дейін жұмыстың жартысын бітірдік. Үзіліс жарияланды. Терлеп-тепшіп тамақтанып алдық. Біздің үйде су жоқ, суды қайдан алдындар десеңіз!? Ауыл деген берекелі жер, көмек сұрап бара қалсаңыз мейірімді жандар барынша көмек беруге тырысып тұрады. Газды, біз Темірланнан әкеліп жүрдік. Бұл күні біздің қатты шаршағанымыз соншалықты, жұлдызды түнді тамашалауға шамамыз келмей, қатып ұйықтап қалдық.
8-ші күн:
Бұл күн – қыйналу күні. Сағат тоғызға дейін рахаттанып үйықтадық, рахатымыз осымен аяқталды. Кейін бізді жарты шақырымдай жердегі егістікке алып барды. Бұл жерде трактор орылған жоңышқаны пресстеп жатыр. Біз оның артынан қалмай, қалып кеткен қалдыктарды жинап, алдына апарып, тастасақ болғаны. Бұл оңай тірлік сияқты, бірақ күн өте ыстық.
Бұл жерден біз көптеген жыландарды көрдік, біз олардан, олар бізден қорқып, қашып жүр. Тышқандарның неше – турдісі бар екен. Егістікте қиналсақ та, бүгінгі күн қызықты өтті. Кешке біз қайтадан Темірланға келіп қондық, келуіміздің мақсаты: жуынып- шайынып, киім ауыстыру.
Қалған күндеріміз қызықсыз орумен өтті. Ендігі міндетіміз барлық орылған шөпті пресстеп бітіру. Біз бұны ертерек бітірген болар едік, егер трактор тезірек жүрсе. Сонымен бүгін – ертең бұл жұмысты бітіріп, үйге қайта ораламыз. Бұл жұмыстың қиын болғаны соншалықты менің інім мені сол жерде жалғыз қалдырып жылап қашып кеткен болатын.
Ура-а! Пресстеу бітті. Енді осы престелген шөптің бәрін жинап, қораға тасып алу керек. Қораға тасып алмай біз ешқайда кете алмаймыз. Неліктен!? Себебі, бұл престелген шөпке малдар тиісуі мүмкін, біз азаннан-кешке дейін шөпті қарауылдап жүруіміз қажет.
Қорытындылай келе, ауыл тыныс-тіршілігі қиын да қызықты. Ең бастысы: жұмыс ешуақытта бітпейді, бірі бітсе, екіншісі дайын тұрады!

Біздің өте тез жүретін тракторымыз

Бұл бізде егілетін картоп

Картоп егілген огород

Огородты суарған кез
Бөлмеден шыққан сандық

Сандықтың ішінен шыққан заттар

Үйдің ішкі көрінісі


“Ата – ана жұмысында 10 күн”
Оқушының аты - жөні: Дүйсенбеков Елнұр Дүйсенбекұлы
Сыныбы: 9 «D»
Күні: 30.05.2015
Ата – анасының аты – жөні : Примкулов Дүйсенбек Сенбиевичь
Қол – таңба:____________________
1-ші күннің кестесі
Уақыты Іс - әрекет
9:00 Жұмысқа келу

9:00 – 9:30 Жұмыскерлермен танысу

9:40 – 10:00 Бұл жұмыс не ушін қажет?

10:00 – 12:00 Жұмыстың мақсаты

13:00 Түскі ас

Жұмыстың мақсаты:

Халықтың әкімшілікке жер мәселесі жөнінде жазылған өтінішіне , қаланың бас жоспарына сәйкес нақты орналасуы жайында заң шеңберінде жауап беру, сұраныстағы салынатын нысанның нобайы жобасы жасалынып құрылысын салуға рұқсат беру және салынған нысанды қабылдау.
Мақсат орындалу үшін:
* Нысанды жобалап, оны салу үшін (жер телімін таңдап, қажетті құжаттарды дайындау қажет).
* Қажетті құжаттар сәулет және қалақұрылысы бөліміне жолданады.
* Сәулет және қала құрылысы бөлімінің келісімі бойынша қалалық жер комиссиясында құжаттар талқыланып,қорытынды шығарылады.
* Қорытындыға сәйкес кадастірлік іс дайындалып әкімнің қаулысына жолданады.
Арыздың нобайы жобасы

“2 апта ауылда”
Оқушының аты - жөні: Дүйсенбеков Елнұр Дүйсенбекұлы
Сыныбы: 9 «D»
Күні: 27.07.2015
Ата – анасының аты – жөні : Баетова Набира
Қол -таңба:____________________
Рефлексия
Ата– ана жұмысында 10 күн
1-ші кун:
Менің әкем зейнеткерлігіне қарамастан жұмыс жасап жүр. Егер адам өз жұмысын жақсы көрсе, оны сүйіп жасаса, оған жас тосқауыл емес, жай ғана сан. Әкем Жер кадастірінде жұмыс істейді. Ол нысанды жобалап, құрылысын салады. Бір сөзбен айтқанда сызбалармен жұмыс жасайды.
Бұл күні мен әкемнің жұмысындағы достарымен танысып олардың қандай жұмыс істейтінін түсініп алдым. Менің әкем зейнеткер болғандықтан ол жақын арада түскен арызды алып, сол жұмысты уйде зерттейді. Бірақ қасында мен болғандықтан бізге жұмыста қалып бір арызды зерттеуге рұқсат берді.
Мен арызбен жұмыс жасауға асықпадым, бірінші барлық жұмыскерлердің немен айналысып жатқанын қарап шықтым. Бірі жазу жазып өліп атса, екіншісі асықпай кофесін ішіп нобайы жұмыс жасап жатыр екен.
Бүгінгі күн жұмысты зерттеумен отті.
2-ші күн:
Біз қаралып қойған арызбен жұмыс жасадық. Арыз алдыма қойылды. Әкем бұл арыз не себепті жазылғанын түсіндірді. Бізге қалуға рұқсат бергенімен, мен үйге барып, тыныш жерде арыз зерттеген жөн екенін аңғардым.
Менің бұл жұмыс жайлы еш білімім болмағандықтан, бары – жоғы болмасын бір арызды зерттеуіме бір күн кетті.
3-ші күн:
Бұл күні әкем маған “Оңтустік Қазақстан Облысы Шымкен қаласының Әкімдігіне барып, Шымкен Қаласының Сәулет және Қала Құрылысы Бөлімін корейк”,- деді.
Ол жерден біз басқа арыздың нобайы жобасын алып шықтық. Бұл нобайы жоба сауда павильоның жобалау мен құрылысын салу ушін арналған екен.
Кейіннен әкем маған бұл нобайы жобанын қалай жасалатыны жайлы айтып берді.
4-ші кун:
Бүгін біз нысанды жобалау және құрылысын салу үшін жер телімін таңдау және келісім беру актісі қарадық, оның не ушін керек екендігін түсіндік. Бас нобайы жобасын қарадық. Бір сөзбен айтқанда бүгінгі күн сәтті өтті.
5-ші күн:
Осы өткен 5 күн ішінде ең басты және маңызды мағұлматты алған соң, әкемнің жұмысы қандай екендігін түсінген соң, бәрімен қоштасып, кеттім.

Приложенные файлы

  • docx 11416694
    Размер файла: 2 MB Загрузок: 0

Добавить комментарий