Студенттерге оқытуды ұйымдастыру түрлері Жоғарғ..


Студенттерге оқытуды ұйымдастыру түрлері Жоғарғы мектептерде оқытуды ұйымдастырудың әр алуан түрлері бар: лекциялар, практикалық оқулар және оның түрлері – просеминар, семинар, арнайы семинар, зертханалық жұмыстар, практикум, өз бетінше жұмыс, студенттердің оқу-зерттеу жұмыстары, өндірістік және педагогикалық практика және басқалар. Дидактикада олар студенттердің белгілі бір дидактикалық міндеттерді шешуі үшін танымдық қызметтік басқару тәсілдері ретінде түсіндіріледі. Сонымен қатар лекция, семинар, өз бетінше жұмыс, оқытуды ұйымдастыру түрлері ретінде болады, өйткені олар оқытудың мазмұны мен әдістерін жүзеге асыру шеңберіндегі студенттер мен оқытушылардың өзара іс-әрекетін жүзеге асыратын тәсіл болып саналады. Жоғары мектептерде оқытуды ұйымдастыру дәрісханалық және дәрісханадан тыс жолдармен іске асырылады, олардың әрқайсысында студенттермен оқу жұмысын ұйымдастырудың жаппай, топтық және жеке түрлері қолданылады. Оқу пәнін ұйымдастырудың дәстүрлік формасын төмендегіше жинақтауға болады. 3 - кесте Оқу процесін ұйымдастыру түрлері Теориялық дайындыққа бағытталған Практикалық жұмыстарға бағытталған лекция, семинар, өз бетінше жұмыс, конференция, кеңес беру практикалық оқулар, курстық жобалау, дипломдық жобалау, практика, іскерлік ойындар Лекция. Жоғары мектептің бүкіл тарихи кезеңдерінде – дүниеге келуінен бастап, бүгінгі күнге дейін лекция оқытуды ұйымдастырудың жетекші формасы болып табылады. Студенттің оқу пәнімен алғашқы таныстығы содан басталады, ол жастарды лайықты мамандық пен ғылымға жетелейді, ғылыми білімдердің негізін қалайды. Жоғары оқу орындарындағы лекция – оқытудың дидактикалық циклінің басты буыны. «Лекция» сөзінің негізінде латынша «lektio» оқу деген сөзі жатыр. Лекция Ертедегі Грецияда пайда болған және ертедегі Римде және орта ғасырларда әрі қарай дамыған. Жоғары оқу орындарындағы лекция – дәріскердің дәрісханамен шығармашылық қатынасы, осындай қатынастардың тиімділігі, танымдық және эмоциялық тұрғыдан алғанда, студенттердің осындай мәтінді оқығанына қарағанда, өте жоғары саналады. Лекцияларда тыңдаушыларға қайталанбас, күшті әсер қалдыратын, айрықша, тек өзіне ғана тән сипаттар бар. Сонымен қатар, лекция білім негіздерінің сараланған түрін және оқу материалына бағыт алуда өте үнемді тәсіл екендігін атап өтуіміз керек. Егер лекция ойлау қызметінің белсенділігін арттырған жағдайда, онда оқылатын жаңа оқу материалын студенттер жақсы меңгереді. Сондықтан лекцияда ең басты нәрсе – тыңдаушылардың ынта-ықыласын арттыру, олардың ойының дәріскер ойына ерісіп отыруы. Студенттерге жалпы әсер етудің арқасында оқу материалын жеткізудің лекциялық тәсілі, әзірге, дәріскердің өзінің ықпалы мен дәрісханамен байланысы арқасында ешқандай басқа әдістермен ауыстырылмайды. Студенттердің танымдық қызметін ұйымдастырудың бұл жетекші түрінің барлық әлуеттік мүмкіндіктерін лекцияда толық мүмкіндігімен пайдалану, оларды ғылыми ойлау жүйесіне және дәріскердің ғылыми мектебіне тарту – оқытушыға байланысты. Лекция төмендегі дидактикалық міндеттерді орындайтын сабақтың негізгі формасы:  оқытудың міндеттерін белгілеу және негіздеу;  жаңа білімді игеру үшін ақпарат алу;  санаткерлік білігі мен дағдысын қалыптастыру;  теориялық талдауға қызығушылығын қалыптастыру,  оқытылатын пәнді басқа пәндермен үйлестіру. Лекцияны даярлау және оқу: әдістемелік аспект. Қазіргі уақытта жоғары оқу орындарында лекция қанағаттандыруға тиісті жалпы талаптар қалыптасқан: сабақ берудің идеялық бағыттылығын қамтамасыз ету; ғылымилық және ақпараттық, яғни студенттерге қазіргі ғылыми деңгейде ашылатын белгілі бір ғылыми ақпаратты жеткізу; дәлелділік және қисындылық, құжаттар мен ғылыми дәлелдемелердің айқын бұлтартпас мысалдарының, фактілерінің және негіздемелерінің болуы; мазмұндау түрінің эмоциональдығы; тыңдаушылардың ойлау белсенділігін арттыру; ретімен қаралатын мәселелердің нақты құрылымы мен шешу логикасы; әдістемелік өңдеу – басты ойлар мен жағдайларды әр түрлі әдіспен қайталау; түсінікті тілмен оны мазмұндау, жаңадан енгізілген барлық терминдер мен атауларды түсіндіру; мүмкіндігінше дидактикалық есіту-көру материалдарын пайдалану. Лекциялар бір-бірінен баяндалатын материалдың мазмұны мен сипатына байланысты ерекшеленуі мүмкін. Дегенмен, әрқашан да кейбір жалпы әдістемелік жағдайларды ұстану пайдалы болады. Ең алдымен, бұл – тыңдаушыларға лекцияның жоспарын хабарлау, кейіннен мұны міндетті түрде қатаң қадағалап отыру. Жоспарға, негізінен, лекцияның негізгі түйінді мәселелерінің атаулары енгізіледі, бұл кейіннен емтихан билеттерін жасауда пайдалануы мүмкін. Лекциялардың негізгі міндеттеріне қарай төмендегі түрлерге бөлуге болады: Кіріспе, мотивациялық, даярланған, кіріктірілген, бағдар беру, шолу. Лекцияның дидактикалық элементтерін бөліп көрсетейік: 1) лекция материалдарын баяндау әдістері; 2) студенттердің бұрынғы білімдерінің жиынтығы; 3) лекция материалдарының мазмұны мен құрылымы; 4) студенттердің жаңадан алған білімдерін бақылау; 5) оқу әдебиеттері және оқытудың техникалық құралдары (ОТҚ). Жоғары оқу орындарында оқылатын лекциялардың кей түріне ерекше талаптар қойылады. Мысалы, кіріспе лекциялар студенттерді курстың мақсатымен, міндетімен, мамандар оқитын оқу пәндері жүйесіндегі оның ролімен және орнымен таныстыру сипатында, курсқа қысқаша шолу түрінде болуға тиіс. Дәріскер ондай лекцияларда оқылатын ғылымның мәні мен әдістерін анықтап қана қоймайды, сонымен қатар ғылыми мәселелер қояды, болжамдар ұсынады, ғылым дамуының болашағын және практикаға қолданылуын көрсетеді. Кіріспе лекцияларда теориялық материалдардың қоғамдық практикамен, студенттердің жеке тәжірибесімен және олардың болашақ жұмыстарының практикасымен байланыстырудың, ғылым тарихындағы атауларын, оның өрлеу және тежелген кезеңдерін айтудың, олардың басқа аралас ғылымдармен байланысын көрсетудің маңызы зор. Кіріспе лекцияда курспен жұмыс істеудің жалпы әдістерін әңгімелеу, курсқа ұсынылған оқулықтар мен оқу құралдарының сипаттамасын беру, қажетті әдебиеттер тізімімен таныстыру, емтихан талаптары мен басқа да курсты толықтыратын оқу түрлері туралы әңгімелеу пайдалы болады. Осындай кіріспе студенттердің курстың жалпы мазмұны мен құралымын пайымдауына көмектеседі, оларды лекциямен және арнайы әдебиеттермен жұмыс істеуге бағыттайды, курспен жұмыс істеу әдістерімен таныстырады. Тараудың немесе бүкіл курстың соңында шолу жасау-қайталау (біріктірілген) лекциялары, қосалқы материалдар мен жекелеген мәселелерді қоса алғанда, сол курстың ғылыми-ұғымдық негізін құрайтын, барлық теориялық қағидалардың негізгі мазмұнын алуға тиіс. Шолу жасау лекциясы – сол оқылған лекция курсының негізгі жағдайларының қысқаша конспектісі емес, білімді анағұрлым жоғары деңгейде жүйелеу. Жүйе түрінде мұқият әзірленген материал есте жақсы сақталатынын және жүйеден тыс берілген фактілер жиынтығына қайталаудан гөрі негізгі тақырыпты жаңа жағдайлармен сабақтастыруға мүмкіндік жасайтынын оқыту психологиясы көрсетіп отыр. Шолу жасау лекцияларында емтихан билеттеріне енгізілген күрделі, өте қиын сұрақтарды нақтылап қарау және бөліп көрсету пайдалы. Жоғары оқу орындарында дәріскерлердің басты міндеті – тыңдаған лекцияның негізгі мазмұнын тез қалпына келтіруге көмектесетін, алынған ақпаратты қысқаша жазбаша түрге айналдыру және материалды тыңдау, түсіну, пайымдауды жинақтайтын, белсенді процесті негізі етіп алған студенттердің лекциядағы жұмыстарын тиімді ұйымдастыру. Кейбір дәстүрлік емес лекциялардың қысқаша сипаттамаларын келтірейік. Проблемалық лекция шынайы өмірдің қарама-қайшылықтарын оларды теориялық тұжырымдамалар негізінде бейнелеу арқылы моделдейді. Осындай лекциялардың мақсаты – студенттердің өз бетінше білім алуы. Визуализациялық лекцияның өзінің негізгі мазмұны бейне түрінде беріледі (суреттер, графиктер, сызбалар және т.б.). ол пайымдаудың белсенділігін арттыру және әр түрлі белгілік жүйенің көмегімен ақпаратты қайта кодтаудың тәсілі болып табылады. Кеңес беру лекциясы өзінің мазмұнын дәрісхана сұранысы бойынша анықтайды. Мұндай лекция тыңдаушылардың ынтасын және дәріскердің шеберлік қабілетін толықтай пайдалануға мүмкіндік жасайды. Әдейі шатастыру лекциясы алдын-ала жоспарланған қателіктер арқылы ақпаратқа талдау жасау, бағдарлау және оны бағалау дағдысын қалыптастырады. Ойын сәттері қолданылатын лекциялар онда оқушылар мәселелерді өздері қалыптастырып, оны өздері шешуге тырысады. Бұл негізінде проблемалық принциптері жатқан біріккен лекциялардың жүзеге асыруға шығармашалық тұрғыдан келуге мүмкіндік жасайтын кейбір түрлері ғана. Психологиялық көзқарас тұрғысынан алғанда оқыту ісінің мәні мынады: лекция түріндегі ұйымдастыру нысанының көмегі мен оқу процесін оқытушы есту арналары – құлақ-ми арқылы және ақпарат қабылдаудың тиімдірек арналары – көру, яғни көз-ми арқылы қабылдайтындай етіп беріледі. Сондықтан лекцияны тек тыңдап қана қоймай, дәріскердің ізінше тақтадағы формулалардың, суреттердің сызбасын жүргізу керек. Лекцияның басты кемшілігі – мұнда әрбір оқушының қабылдау қабілетін ескеруге мүмкіндік болмайды, қабылдау жеке адамға ғана қатысты, сондай-ақ көп жағдайда кері байланыс та болмайды, соның негізінде оқытушы әрбір студенттің оқу материалын меңгеру деңгейіне қорытынды жасайды. Бұл кемшіліктер оқытудың практикалық түрлерінде жойылады. Лекцияның сапасын бағалау. Көп жағдайларда лекцияның сапасын бағалау қажеттігі туындайды. Бағалау үшін арнайы бөлінген сұрақтар оқытушының өз лекциясын жетілдіру мақсатында да оған баға беруге де, жекелеген жағдайларда себептерді анықтау үшін де көмектеседі, ашық лекцияларды, оқыту әдістерін және дәріскердің шебеолігін талқылау жоспары да пайдалы. Т.А. Ильина дайындалып жатқан немесе оқылған лекцияларды бағалауға негіз болатын негізгі факторларды бөліп көрсетті. Лекция оқу әдістемесі. Лекцияның анық жүйесі және мазмұндау логикасы, жоспардың болуы, оған қатал бағыну, жоспардан ауытқу және т.б. Тақырыпқа байланысты әдебиеттерді айту – лекцияның басында, оның барысында немесе соңында; негізгі және қосымша немесе тек негізгі әдебиет беріледі; ұсынылған әдебиетті таңдаудың дұрыстығын бағалау және т.б. Барлық жаңа терминдердің және ұғымдардың ұғымдылығы мен түсініктілігі. Дәлелділігі мен қисындылығы. Негізгі ойлар мен түйіндерді бөліп көрсету. Пысықтау тәсілдерін пайдалану – қайталау, түсінігін тексеруге сұрақтар қою, игеру және т.б., лекцияның соңында әр мәселені қарап болған соң, қорытындысын шығару және т.б. Көрнекі құралдарды, оқытудың техникалық құралдарын (ОТҚ) пайдалану. Дәріскердің тірек материалдарды пайдалануы және т.б. Студенттердің жұмысына басшылық жасау. Лекцияны жазуға қойылатын талап және оның орындалуына бақылау жасау. Студенттерді лекцияны жазу әдістеріне үйрету, оқыту, оларға бұл салада көмек көрсету – оқу екпінін өзгерту, жазуға, бөліп көрсетуге жататын материалды жазу, екпінмен айту, графиктер сызу үшін сәл кідіріс жасау және т.б. Лекция конспектілерін қарау – лекция кезінде, соңынан, семинарлық немесе практикалық сабақтарда. Ынта-ықыласты қолдау тәсілдерін пайдалану – риторикалық сұрақтар, әзілдер, көрші облыстарға саяхаттар, ескертпелер. Дәріскерге сұрақ қоюға рұқсат сұрау – лекция барысында, лекциядан кейін, жазбаша түрде, ауызша және т.б. Дәріскерлік қабілеттер. Пәнді білу. Идеялық сенімділік. Сезімталдық, дауыс, дыбыс ырғағы (дикция). Сөздің анықтығы, дұрыстығы. Сыртқы келбеті. Тыңдаушылар алдында өзін ұстай білу. Тыңдаушыларды көре және сезе білу, онымен байланыс орнату. Лекцияның нәтижелері. Лекцияның ақпараттық құндылығы. Тәрбиелік әсер. Дидактикалық мақсаттарға жету. Жоғары мектептердегі практикалық сабақтар. Жоғары мектептердегі оқыту процесі қайсыбір пәнді тереңдетіп оқытуға арналған практика-сабақтарды қамтиды. «Практикалық сабақ» термині педагогикада зертханалық жұыстардан, жаттығулардан, әр түрлі семинарлардан тұратын, жинақтайтын тектес ұғым ретінде пайдаланылады. Дәрісханада өтетін практикалық оқулардың студенттердің оқытушылармен бірлескен қызметінде практикалық міндеттерді шешу үшін алған білімдерін пайдалану дағдысын қалыптастыруда маңызы зор. әр түрлі практикалық сабақтар академиялық жүктемелердің ең сыйымды бөлігі болып табылады. Төменгі курстарда практикалық сабақтар жүйелік сипатта болады, олар әрбір немесе екі-үш лекцияның соңынан үнемі өткізіліп отырады. Күндізгі және кешкі бөлімдерде, барлық лекциялық курс және оның негізгі, күрделірек бөлімдері лекциялар мен практикалық сабақтар арқылы өтеді, олар лекцияда басталған жұмыстарды іштей жалғастырады. Егер лекция ғылыми білімнің жалпы түріндегі негізін қаласа, практикалық сабақтар осы білімдерді тереңдетеді, кеңейтеді, бөліктерге жіктейді, кәсіби қызмет дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді. Практикалық сабақтар студенттердің ғылыми ойлауы мен оны өз сөзімен жеткізу қабілетін дамытады, олардың білімін тексеруге мүмкіндік жасайды, осыған орай, жаттығулар, семинарлар, зертханалық жұмыстар мейлінше жедел кері байланыстың маңызды құралы ретінде саналады. Практикалық сабақтардың жоспары – пәнді оқыту жоспарының бір бөлігі. Ережеге сәйкес, ол кафедраның мәжілісінде талқыланады және лекция курсының негізгі ғылыми идеялары мен жалпы бағытына жауап бере отырып, кафедраның барлық оқытушыларына ортақ болып табылады. Алайда, бұл оқытушылардың бастамасы мен педагогикалық шығармашалығы кафедра жоспарына байланысты болады дегенді білдірмейді. Практикалық сабақтардың әдістемесі оқытушының тәжірибесі мен әдістемелік тұжырымдамасына байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Мұндағы маңызды нәрсе: студенттердің оқу жұмыстарында білімді меңгеруіне жағдай жасау. Практикалық сабақтар теория мен практиканың байланысын жүзеге асырудың өзіндік нысаны болып табылады. Практикалық сабақтардың құрылымы негізінен бірдей – оқытушының кіріспе сөзі, студенттердің материал бойынша қосымша түсіндіруді қажет ететін сұрақтары, практикалық бөлігінің өзінен, оқытушының қорытынды сөзі. Рефераттардан, баянадамалардан, пікірталастардан, жаттығу тапсырмаларын орындаудан, міндеттерді шешуден, бақылаудан, эксперименттен және т.б. тұратын негізгі, практикалық бөлігінде әр түрлілік туындайды. Тәжірибе көрсеткендей, практикалық сабақтарда тек практикалық дағдыларын қалыптастырумен, міндеттерді шешудің техникасымен, графиктер құрумен және тағы басқалармен шектеліп қалуға болмайды. Студенттер әрқашан курстың басты идеясын және оның практикасын көре білуі керек. Сабақтың мақсаты тек оқытушыға ғана емес, студенттерге де түсінікті болуы керек. Бұл оқу жұмысына өміршеңдік сипат береді, кәсіби қызметтің тәжірибесін меңгеру қажеттігін паш етеді, оларды практикалық өмірмен байланыстырады. Оқытушы сабақты барлық студенттер шығармашалық жұмыспен, дұрыс және дәл шешімдер іздестірумен айналысатындай етіп өткізу керек. Әрбір студент өзін «ашып» көрсетуге мүмкіндік алуы керек, сондықтан оқытушы оқу және жеке тапсырмалар жоспарын дайындағанда әр студенттің жұымын қадағалайтын, студенттің бастамасы мен дербестігіне қысым жасамай, дер кезінде лайықты педагогикалық көмек көрсетуге қабілетті кеңесші ретінде көрінеді. Семинарлық сабақтар. Семинарлық сабақтар өз атауын «көшет өсірілетін ыдыс» деген мағына білдіретін латынның «seminaries» деген сөзінен алынған. Олар ежелгі грек, рим мектептерінде пікірталастардың сабақтастығы, студенттердің хабарламасы, түсіндірмесі, оқытушының қорытындысы ретінде өткізілді. Қазіргі жоғарғы мектептерде семинар – гуманитарлық және жаратылыстану пәндері бойынша практикалық сабақтардың негізгі түрлерінің бірі. Семинар белгілі бір пәнді тереңдетіп оқуға арналған. Семинарлық сабақтардың мамандар дайындауға мүмкіндіктері зор, сондықтан кафедралар оны әр алуан және күрделі талаптарды табысты шешуге мүмкіндік жасайтын, оқу-тәрбие жұмыстарының негізгі формасы ретінде көреді. Семинарлар студенттердің шығармашылық дербестігін дамытады, олардың ғылымға және ғылыми зерттеулерге қызығушылығын күшейтеді. Семинар сабақтары барысында студенттер ғылыми ақпаратты иемденеді, ғылыми жұмыстарды рәсімдеу икемін қалыптастырады, материалды ауызша және жазбаша баяндау өнерін, дамушы ғылыми қағидалар мен қорытындыларды қорғауды игереді. Жоғары мектептерде үш түрлі семинар сабақтары белгілінген: алдын-ала өтетін семинар, арнайы семинар және жеке семинар. Алдын-ала өтетін семинар, аты айтып тұрғандай, семинарға кірісуге дайындайтын сабақ. Осындай сабақтар, негізінен, 1 курс студенттерін өз бетінше істелетін жұмыстың ерекшеліктерімен, сонымен қатар әдебиеттермен, түпнұсқалармен, олармен жұмыс істеу әдістерімен таныстыру мақсатында өткізіледі. Тәжірибе көрсеткендей, 1 курс студенттері бірнеше түпнұсқалармен жұмыс істей алмайды, ұсынылған әдебиеттер тізімін оқып, қажетті материалды қалай іріктеп алу керектігін, оны тақырыбына, қойған міндеттеріне сәйкес баяндауды білмейді. Сондықтан, бірнеше түпнұсқалармен жұмыс істегенде студенттерге дағдыға айнала бастайтын, ғылыми мәселелерді шешудің компилятивтік тәсілдерінен сақтандыра отырып, түпнұсқалармен жұмыс істеу дағыдысын дамытуға басты назар аудару керек. Алдын-ала өтетін семинардағы жұмыстың екінші кезеңі – студенттердің белгілі бір тақырыпқа рефераттар дайындауы, алдын-ала өтетін семинарға қатысушылардың оны оқуы, талқылауы және жетекшінің қорытындысы. Маңыздырақ оқу және тәрбие міндеттері ІІ-ІІІ курстардағы семинарларға, негізінен V курстағы студенттердің материалға зерттеушілік тұрғыдан келуін қалыптастыратын арнайы семинарларда шешіледі. Жоғары мектептерде семинарлық сабақтың үш түрі белгіленген: негізгі мақсаты белгілі бір жүйелі курсты және тақырыбы жағынан онымен тығыз байланысты курсты тереңдетіп оқытуды көздейтін семинар; курс тақырыптарының немесе тек бір тақырыптың жекелеген қатынастарын түбегейлі қайта қарап жетілдіруге арналған семинар; жекелеген проблемаларды тереңдету қарастыру үшін өткізілетін зерттеу түріндегі семинар немесе арнайы семинар. Жоғары курстардағы семинар бірте-бірте студенттерді арнаулы семинарға – арнайы ұйымдастырылған семинарға, жас зерттеушілерді, аз ғана уақытқа болса да, белгілі бір мәселені танып-білуге алып келеді. Алдын-ала семинар мен семинарға қарағанда арнайы семинардың табысты болуы оған кімнің жетекшілік етуіне көбірек байланысты. Белгілі маман жетекшілік ететін арнайы семинар студенттерді ұжымдық ойлауға және шығармашылыққа бейімдейтін ғылыми мектеп сипатына ие болады. Бұл жерде студенттердің топтық жұмысқа және оны бағалауға деген бағыт-бағдарын арнайы тәсілдерді (мысалы, жағдайларды моделдеу және т.б.) пайдалануныңы маңызы бар. Сабақ соңында жетекші, әдеттегідей, студенттердің ғылыми қызығушылығын қалыптастыра, мәселені әрі қарай зерттеу көкжиегін аша отырып, семинар сабақтары мен жұмыстарына ғылыми тұрғыдан толық шолу жасайды. Семинар сабақтарының сапасын бағалауда, оларға дайындықты жоспарлауда төмендегі критерийлер пайдалы болады: Мақсаттылық – мәселелер қою, теориялық материалдарды, оларды болашақ кәсіби қызметіне пайдалана отырып, практикалық материалдармен байланыстыруға ұмытылыс; жоспарлау – негізгі пәндерге қатысты басты мәселелерді бөліп қарау, әдебиеттер тізімінде жаңалықтың болуы; семинарды ұйымдастыру – пікірталас туғызу және қолдай білу, студенттердің барлық жауабы мен шығып сөйлеген сөздерін сындарлы талдау, оқу уақытын мәселелерді талқылаумен толықтыру, оқытушының өзінің әрекеттері; семинарды өткізу стилі – пікірталастан туындаған, өткір мәселелерді талқылап, қызу өтетін немесе ойға қозғау салмай, сылбыр өтетін, оқытушының студентке қарым-қатынасы – сыйластық, ретіне қарай талап қоя білу немес кеңпейілді; студенттердің оқытушыға қарым-қатынасы – сыйластық немесе немқұрайлы, сынаушылық; топты басқару – оқытушы семинарға қатысушылармен тез байланыс орнатады, топта өзін сенімді, еркін ұстайды, барлық студенттермен әділ, байсалды әрекет жасайды немесе керісінше, көптеген ескертулер жасайды, дауысын көтереді, басқаларын елеусіз қалдырып, аз ғана студенттердің жұмысына сүйенеді; оқытушының қорытындысы – білікті, сенімді немесе студенттердің білімін байыптайтын, теориялық тұжырым жоқ; студенттер семинарларда жазу жұмыстарын жүргізеді – үнемі жүргізеді, сирек жүргізеді, тіпті жүргізбейді. Зертханалық жұмыстар. Зертханалық сабақтар студенттердің теориялық-әдістемелік білімі мен оқу-зерттеу сипатындағы қызметінің біртұтас процесіндегі практикалық білігі мен үйлестіруге ықпалдастыруға мүмкіндік жасайды. Олардың ролінің артуы – эксперименттің қазіргі нысанында тез дамуына байланысты, соның нәтижесінде іс жүзінде жоғары оқу орындарын бітірушілердің барлығы да зерттеу жұмыстарына даяр болуға тиіс. «Зертхана» деген сөздің мағынасы (латынша labor – ебек, жұмыс, қиындық) туындаған ғылыми және өмірлік маңызы бар міндеттерді ой және дене еңбегін қолданып, шешумен байланысты, ежелден қалыптасқан ұғым екендігін білідреді. «Практикум» сөзі де сол ойды білдіреді: грекше practices «әрекетті» білдіреді, осыған орай, студенттерден қажырлы іс-әрекетті талап ететін оқу сабақтарының түрін білдіреді. Зертханалық жұмыстардың нақты оқу мамандығына байланысты айрықша айқын көрінетін ерекшеліктері болады. Сондықтан бұл жағдайда жалпы педаогикалық ұсыныстарға қарағанда, жеке ұсыныстар орындылау. Зертханалық сабақтарда жұмыстың тиімді нысандарының бірі бірлескен топтық жұмыс болып табылады. Оның нақты бағыты оқытушылардан көп жұмысты талап етеді. Практикалық сабақтарды, оларды студенттерді практикалық жұмыстардың әдістерімен қаруландыратындай, олардың ойлау қызметін жандандыратындай, алдағы уақытта тереңдетілген өз бетінше істелетін жұмысқа әкелетіндей етіп өткізу маңызды саналады. Жаттығулар – практикалық сабақтардың маңызды бөлігі. Жаттығудың негізі – лекцияда теория тұрғысынан талданып дамытылған мысал. Әдетте, нақты біліктер мен дағдыларды қалыптастыруға баса назар аударылады, бұл студенттер қызметтерінің мазмұнын – міндеттерін шешуді, графикалық жұмыстарды, дұрыс ойлау мен сөз сөйлеудің алғы шарты болып табылатын ғылымның категориясы мен ұғымын нақтылауды айқындайды. Студенттердің өз бетінше жұмысы. Жоғары мектептің орта мектептен айырмашылығы – даярлаудың мамандандыруылында ғана емес, ең бастысы, оқу жұмыстарының әдістемелеріне, студенттердің дербестік деңгейіне байланысты. Жоғары оқу орнының оқытушысы тек белгілі бір түрде студенттердің танымдық қызметін ұйымдастырады, ал танымды студент өзі жүзеге асырады. Өз бетінше атқарылатын жұмыс, ең алдымен, оқу жұмыстарының басқа түрлерінің міндеттерін орындап тамамдайды. Өз қызметінің объектісі бола алмаған ешқандай да білім адамның шын мәніндегі игілігіне айналмайды. Өз бетінше атқарылатын жұмыс практикалық маңыздылығымен қатар, белгілі дағды мен біліктің жиынтығы ретінде ғана емес, қазіргі заманғы жоғары білікті маманның тұлғалық құрылымында белгілі роль атқаратын мінез-құлық белгісі ретінде де маңызы бар. Сондықтан әрбір жоғары оқу орнында, әрбір курста оқытушының басшылығымен барлық студенттердің өз бетінше жұмысы үшін қажетті материалдар тыңғылықты түрде іріктеліп алынады. Студенттің пәнде оқылатын материалды меңгеруге арналған типтік есептеулер деп аталатын арнайы құрылған есептерді орындау – сонымен қатар рефераттар жазу және студенттердің ғылыми жұмыстардың тақырыбын зерттеу жөніндегі өз бетінше жұмысы да. Дәрісханадан тыс практикалық сабақтарға оқу залдарында, компьютерлік сыныптарда және үй жағдайларында орындалатын практикалық жұмыстар жатады, бұл оқулықтарды, оқу құралдарын, лекция конспектілерін, сонымен қатар ғылыми монографияларды және мерзімді басылым әдебиеттерін қажет етеді. Дербестік тұлғаның сапасы ретінде оқытудағы негізгі көрсеткіш болып табылады және оның дамуы белгілі бір дидактикалық әдістерді талап етеді. Егер студент танымдық қызметтің тәсілдері берілмеген оқу кітаптары бойынша жұмыс істесе, онда ол дербес таңдау жасағаны. Ал егер ол танымдық қызметті оған бұйырылған әрбір әрекетін қадағалайтын және оның дұрыстығына бақылайтын ережелер арқылы жүзеге асыратын болса, онда бұл дербестік емес, бұл оның белсенділігі. Студент танымдық қызметті материалды меңгерудің шарты ретінде әрқашан өзі жүзеге асырады, бірақ ол барлық уақытта дербес болмауы мүмкін. Типтік есептеулерді орындағанда, танымдық қызметтегі белсенділікті, ал ғылыми жұмыстарды орындағанда – танымдық дербестікті талап ету керек. Жоғары оқу орындарындағы өз бетінше жұмыс негізгі мақсатты көздейді: студенттерді оқуға үйрету, яғни оқу процесінде олардың білім мен білікті өз бетінше алу қажеттігі мен қабілетін дамыту. Өз бетінше еңбек студенттердің өзінің ойы мен көзқарасының шығармашалық дамуы мен қалыптасуына жағдай жасайтын, ойлаудың дербестігі, белсенділік пен басьама, фактілер мен құбылыстарды талдай білу, ұйымдастырушылық пен тәртіптілік сияқты қасиеттерін дамытады. Жоғары оқу орындарында семестрге арналған өз бетінше атқарылатын жұмыстың графигі жасалады, оған семестрлік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламалары қосылады. График – студенттерді өз уақыттарын жоспарлауға, оны тиімді пайдалануға мәжбүр ететін өзіндік стимул. Студенттер орындаған жұмыстар оқытушылардың жүйелі бақылауында болуға тиіс, ал өте маңызды қателері студенттермен әңгімелесу кезінде талқыланады. Өз бетінше жұмысқа тиісті ғылыми-теориялық курс, дәлірек айтқанда, студенттердің алған бүкіл білім кешені негіз болады. Жұмыс басталар алдында студенттер өз бетінше жұмысты орындауға арналған арнайы түсініктеме алады – талаптар анықталады, құралдар мен түпнұсқалар көрсетіледі, тиімдірек әдістер ұсынылады. Лекцияға, семинарларға, зертханалық жұмыстарға, сынақтарға, емтихандарға дайындық, ең алдымен, өз бетінше жеке жұмыс ретінде жиі қарастырылады және ұйымдастырылады. Дегенмен, эксперименттік зерттеулер, жоғары оқу орындарының жұмыс практикасы көрсеткендей, егер оған 2-3 адам қатысатын болса, онда белгілі кезеңдерде тиімдірек болады. Бұл жағдайда екінші және үшінші студент өзара бақылаудың қатысушылары ретінде ғана емес, әрбір қатысушының танымдық қызметінің тиімділігін біршама арттыруды қамтамасыз ететін, өзара санаткерлік белсенділіктің бұлжымас шарты ретінде көрінеді. Серіктестердің қатысуы дербес дайындық процесінің психологиялық жүйесін біршама қайта құрады. Ол толық құнды және аяқталған ретінде, сонымен бірге оқылатын оқу пәнінің «түсіну» кезеңіндегі жеке дербес оқу жұмыстарының жоғары кезеңі ретінде субъективті бағаланады. Дегенмен, көп жағдайда субъективті баға қате болады. Жоғары оқу орны жағдайында бұл кезең қажетті өз бетінше даярлық жұмыстарының тек бірінші жартысын ғана құрайды: оның екінші бөлігі игерілген материалдарды ретімен баяндау, басқа адамға белгілі бір қағидаларды дәлелдеу қажеттігін көздейді. Осы екінші бөлік ғана оқу материалын толықтай тануды қамтамасыз етеді. Тек өз бетінше оқу қызметінің екінші буыны ғана оның тиімділігі мен біткендігін қамтамасыз етеді. Өз бетінше оқу жұмыстарының аса жоғары әдістемелік деңгейінде студент жеке екі кезеңді де орындай алады:  өз бетінше жеке жұмысты;  бұл нәтижелерді серктесіне – курстасына көрсету, баяндау, талқылау.Источник: http://refbest.ru/wievjob.php?id=15844

Приложенные файлы

  • docx 12909720
    Размер файла: 27 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий