Мемлекет ж&amp#1241не &amp#1179&amp#1201&amp#1179ы&amp#1179 теориясы- О&amp#1179у &amp#1179&amp#1201ралы


ОҚУ ҚҰРАЛЫ
САПАРГАЛИЕВ Г.С. ИБРАЕВА А.С.
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ
АСТАНА 2006
МАЗМҮНЫ
АЛҒЫ СӨЗ
БІРІНШІ БӨЛІМ
Бірінші тақырып. МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
Екінші тақырып. МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ
Үшінші тақырып. МЕМЛЕКЕТ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ
Төртінші тақырып. МЕМЛЕКЕТТІҢ МӘНІ МЕН ҚЫЗМЕТТЕРІ (ФУНКЦИЯЛАРЫ)
Бесінші тақырып. МЕМЛЕКЕТТІҢ МЕХАНИЗМІ
Алтыншы тақырып. МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫ (ФОРМАСЫ)
Жетінші тақырып. МЕМЛЕКЕТ ТИПТЕРІ
Сегізінші тақырып. ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ
Тоғызыншы тақырып. ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІ
Оныншы тақырып. ҚҰҚЫҚ ҰҒЫМЫ
Он бірінші тақырып. ҚҰҚЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ
Он екінші тақырып. ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ (НЫСАНДАРЫ)
Он үшінші тақырып. ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМА
Он төртінші тақырып. ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ
Он бесінші тақырып. ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Он алтыншы тақырып. ЗАҢДАРДЫ ЖҮЙЕЛЕУ
Он жетінші тақырып. ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР
Он сегізінші тақырып. ҚҰҚЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Он тоғызыншы тақырып. ҚҰҚЫҚТЫ ТҮСІНДІРУ (ТАЛҚЫЛАУ)
Жиырмасыншы тақырып. ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ
Жиырма бірінші тақырып. ЗАҢДЫ (ҚҰҚЫҚҚА САЙ) МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ
Жиырма екінші тақырып. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПТЫЛЫҚ
Жиырма үшінші тақырып. ЗАНДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП
Жиырма төртінші тақырып. ТҰЛҒА, ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ
Жиырма бесінші тақырып. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ
Жиырма алтыншы тақырып. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІ
Жиырма жетінші тақырып. ОСЫ ЗАМАНҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
Жиырма сегізінші тақырып. ЭКОНОМИКА, ҚҰҚЫҚ, САЯСАТ, МЕМЛЕКЕТ
Жиырма тоғызыншы тақырып. ҚҰҚЫҚ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ АДАМЗАТ ҚОҒАМЫНЫҢ ӘЛЕМДІК ПРОБЛЕМАЛАРЫ
АЛҒЫ СӨЗ
_______________________________________________________________
Бұл еңбек мемлекет және құқық пәнін игеруде жоғарғы оқу орындарьнда және колледждерде заң мамандығын алушы студенттерге оқу құралы ретінде толықтырылып үшінші мәрте ұсынылып отыр. Сонымен қатар, оқу құралы оқушыларға мемлекет және құқық мәселелерін жаңаша осы заман талаптары тұрғысынан түсінуіне бағыт көрсетіп, жөн сілтейді.
Еңбектің авторлары тәуелсіз Қазақстан мемлекеті мен құқығының даму барысын көрсетуге тырысқан.
Мемлекет және құқық теориясы пәнінің өзіне ғана тән ерекшелігі бар, өйткені мемлекет пен құқық абстрактілік санаттар, категория ретінде зерттелінеді, оқытылады.
Аталған теория мемлекет пен құқықты зерттегенде оларды нақты мемлекетте нақты құқық ретіңде, нақты бір тарихи кезеңде болған кұбылыстар деп қарастырмайды.
Керісінше, оларды жалпы сипаттары бойынша және тарихи дамуының барысындағы, өзгеру сатыларын жан-жақты қамтып, қарастырады. Сонымен бірге ең алдымен осы заманғы мемлекеттіліктер мен құқықтардың ең дамыған нысандарын зерттеуді өзіне бағыт-бағдар ретінде ұстанады. Олардың мағынасы мен мәнін және тағайынын теориялық көзқарастар тұрғысынан түсіндіреді.
Мемлекет және құқық теориясы күрделі заңтану ғылымы, ол мемлекет теориясы және құқық теориясы деп аталатын екі бөліктен тұрады.
Мемлекет теориясы мемлекет туралы жалпы ғылым, ол мемлекет типтерін, нысандарын (формаларын) және қызметтерін (функцияларын) зерттейді.
Ал құқық теориясы – заң догматтары мәселелерін, яғни құқық негіздерін, құқық нормаларының түрін, құқықтық қатынастарды, құқықтық сананы, құқықты түсіндіруді, заң алдындағы жауаптылықты және тағы басқа құқықтық мәселелерді зерттейтін ғылым.
Оқу құралы үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде мемлекет жене құкық туралы негізгі ұғымдардың мағынасы мен мәні, маңызы талданып, олар жөніндегі мағлұматтардың түсінігі берілген. Бұл бөлімнің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол мемлекет және құқық теориясының өр тақырыбы бойынша мазмұндық сипаты бар кестелерден тұрады. Әрбір кестеге қысқаша, мазмұндық түсініктемелер берілген.
Құралдың екінші бөлімінде мемлекет жөне құқық теориясы мәселелерін қамтитын негізгі үғымдардың кысқаша түсіндірме сөздігі де берілген.
Әр кұралдың соңғы бөлімінде қосымшалар келтірілген. Мұнда ҚР нормативтік-құқықтық актілер туралы заң мәтіні келтірілген.
Оқу құралын ұсына отырып авторлар өздерінің алдына бірнеше мақсат қойды, олар студенттердің алғашқы курстан бастап тыңғылықты түрде салалық заң ғылымдары пәндерін игеру дағдысын қалыптастыру, сөйтіп, оларды жоғары курстағы пәндерді игеруге дайындау, пән бойынша негізгі ұғымдардың түсініктерін оқыту.
Бірінші тақырып. МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ
ТЕОРИЯСЫНЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ
Мемлекет және құқық теориясының пәнінің ерекшеліктері
Әр ғылымның немесе оку пәнінің өзіндік зерттейтін, оқытатын пәні болады. Ғылымның немесе оку пәнінің заты – ол зерттейтін мәселелердің жиынтығы.
Мемлекет және құқық теориясының (МҚТ) пәні – бұл мемлекет пен құкықтьң пайда болуының, дамуының және қызмет атқаруының жалпы заңдылыктары, олардың мәні, кұрылымы, негізгі бөлшектері, принциптері, институттары. Сонымен катар МҚТ қазіргі мемлекеттік құқықтық болмыстарды да қарастырады және жалпы кұқықтық түсініктерді зерттейді.
Мемлекет пен құқықты басқа құрылымдардан бөліп қарауға, сондай-ақ әлеуметтік құбылыстар жүйесіндегі олардың орнын анықтауға, сөйтіп, мемлекет пен құқықтық мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді.
Мемлекет пен құқық өте тығыз байланысты. Құқықсыз мемлекет өмір де сүре алмайды, қызмет те істей алмайды. Сондыктан мемлекет пен құқықтың пайда болу заңдылықгары да ұқсас. Мемлекет пен құқық теориясының пәнін былай кестелеуге болады.
Мемлекет және құқық теориясының пәні
Барлық мемлекеттік-құқықтық құбылыстар мен процестердің жалпы сипаттары, заңдылықтары
Жалпы мемлекеттік құқықтық категориялар, санаттар, түсініктер
Қазіргі мемлекеттік-құқықтық болмыс
Мемлекет және құқық теориясының пәні - өте күрделі ұғым. Осы пәнді толық зерттеу үшін төмендегі сұрақтарға аса көңіл бөлу қажет:
1. мемлекет және құқықтың мәні.
2. кез келген типті және кез келген жүйедегі мемлекет және құқықтың жалпы сипаттары.
3. мемлекет және құқық пайда болуының жалпы заңдылықтары.
4. мемлекет және құқықтың типтері мен формалары (нысандары).
5. мемлекет және құқықтың дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары, принциптері, механизмдері.
6. мемлекет және құқықтың бір-бірімен және басқа қоғамдық құбылыстарымен байланыс етудің жалпы заңдылықтары.
Заң ғылымдары арасында мемлекет және құқық теориясы ерекше орын алады. Мемлекет және кұқык теориясының ерекшеліктері мыналардан тұрады:
– біріншіден, қоғамдық ғылым, өйткені оның пәні мемлекет және құқық, бұлар қоғамдық құбылыстар болып табылады. Бұл ғылым (мемлекет және құқық теориясы) басқа ғылымдардың біразынан (табиғат зерттеу, техникалык тәрізділерден) осы айырмашылықтары аркылы ерекшеленеді;
– екіншіден, саясат пен заңдарды зерттейтін ғылым, мұндай зерттеулерде мемлекеттің саясат пен билікке жататын немесе ғылыммен тікелей байланысты қызметтік іс-әрекеттерін карастырады. Міне, осындай сипатты айырмашылығына байланысты мемлекет және құкық теориясы мемлекеттік-кұқықтық қондырманы тікелей зерттемейтін басқалай да қоғамдық ғылымдардан ерекшеленеді;
– үшіншіден, ғылым мемлекет пен құқықтың негізгі және жалпылық заңдылыктарын, жалпыламалык сипаттарын зерттейтін жалпытеориялық ғылым болып табылады. Осы айырмашылығы арқылы арнайы заң ғылымдарынан ерекшеленеді;
– төртіншіден, методологиялық сипатындағы ғылым. Мемлекеттік-кұқықтық қондырманың жалпы зандылықтарын баяндап түсіндіргенде мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттеудің амал-тәсілдерін, жолдарын қарастырып, олардың әдістемелік мәселелерін де шешеді.
– бесіншіден, заң ғылымдарының бәріне тән тұғырнамалық сипаты бар ғылым. Өйткені барлық заң ғылымы пәндерінің "өне бойын көктей өтетін" құқықтық құбылыстарды зерттейді.
Сонымен мемлекет және қүқык теориясын – мемлекет пен құқықтың негізгі және жалпы зандылыктарының, олардың мәні мен тағайынының фактілерге негізделген дамуын қорытындылаған білімдер жүйесі дейміз.
Мемлекет және құқык теориясының әдістері
Ғылымның пәні дегеніміз – оның зерттейтін мәселелері.
Ғылымның әдістері дегеніміз – пәнін танып аныктау үшін сол ғылымның зерттеу барысында қолданатын тәсілдері, жолдары мен амалдары.
Әдіс және әдіснама (методология) деген түсініктерді ажыраату керек. Әдіснама екі мағынада қолданылады;
а) әдістер туралы ілім;
б) әдістер жиынтығы
Осы әдістер арқылы ғылым өз пәнін зерттейді. Мемлекет және құқық теориясының әдістері мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттеуде ғылыми жолмен, қамтамасыз ететін теориялық принциптердің, логикалық әдістері мен арнайы тәсілдердің жиынтығы болып табылады.
Мемлекет және құқық теориясьшын қолданатын негізгі әдісіне диалектикалық әдіс жатады. Мемлекет және құқық теориясы диалектаканың үш заңына сүйеніп зерттеледі.
Олар:
1. Сандық өзгерістердің сапалық өзгерістерге ауысу заңы. Дағдылы іс-төжірибеде бұл мына жәйттерді білдіреді. Кез келген мемлекет өзінің қызмет атқаруы барысында бүкіл жүйесін дамытуды көздейді, мысалы: құқық қорғау органдары құрылымында және тағы баскаларда да Қазақстан Республикасында 1995 жылға дейін тергеу ісімен байланысты әрекеттермен прокуратура тергеушілері де айналысатын. Қоғамдағы демократиялық процестер дамуы барысында тергеу ісі мен оны қадағалау ісін бір органның қолына берудің ағаттығы айқындалды. Осыдан соң ҚР Президентінің "Прокуратура туралы" Жарлығы жарияланып, онда прокуратура құзырына қылмыстық істерді жүргізуде қадағалау қызметтері қалдырылды.
2. Теріске шығаруды терістеу заңы. Бұл заң бойынша қазіргі күнде теріске шығарылып жатқан қайсы бір болсын құбылыс, ертең я болмаса оның арғы күні (яғни өзінің заманы туғанда) қабылдануы және болмыста іске асып жатуы ықтимал жәйт деп саналады. Қазіргі заманнан біраз ғана бұрын қоғам өміріндегі құбылыстарға мемлекеттің толығынан араласып, оған ықпал жасауы жалпы көпшіліктің бәрі танып мойындаған қағидат деп келген болсақ, енді міне заман өзгерген қазіргі сәтте қоғам өз болмысындағы құбылыстарға мемлекеттің араласып, ықпал жасау мүмкіндігін шектеуге талаптанғанын өзіміз іс жүзінде күнделікті өмірде көріп жүрміз.
3. Қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі заңы. Бұл заңның айқындауында белгілі бір орында (жерде) және белгілі бір мерзімде (уақытта) бірін-бірі жокқа шығаратын құбылыстар болуы ықтимал екен. Мысалы: 1)Құқық бұзушылық және заңды жауаптылық құбылыстар бірге жүреді; 2)Қазақстан Республикасы билік бөлінісі жүйесін жариялады. Сонымен қатар мемлекеттік билік біртұтас, үш биліктің арасы тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекет және құқық теориясының өдістері бірнеше түрлерге жіктеледі.
Жалпығылымдык әдістер:
а) диалектикалық әдіс (диалектика-даму);
б) абстрактілік ойлаудан нақты (конкретті) ойлауға өрлеу әдісі.
Мысалы: мемлекет нысаны (формасы) деген ұғымды алып мемлекеттің әр түрлерін талдай бастасақ, онда "мемлекет нысаны (формасы) ұғымы өзінің құрамдас бөліктерінің "басқару тұрпаты" деген ұғыммен толықтана бастайды. Сонда мұндағы алғашқы ұғым "мемлекет нысаны (формасы)" талдау барысында кейін жаңа нақты белгімен, яғни ерекшелікпен толықтырылғанын байқаймыз. Ал енді керісінше құқық бұзушылық ұғымының бірнеше, яғни қылмыстық, әкімшілік, азаматтық түрлерін зерттеу барысында нақтылықтан (конкреттіден) абстрактілікке қарай өрлесек, онда кұкық бұзушылық туралы жалпы ұғымды тұжырымдауға қол жеткіземіз;
в)тарихи әдіс. Бұл әдіс – мемлекет пен құқыкгың тарихилығына, оның өзгермелілігіне және әрқашан да дамуда болатын кұбылыс екендігіне негізделеді. Бұл әдісті қолдану барысында зерттлініп отырған мемлекет пен құұыктың өз қызмет бағыттарын атқарып отырғанда қандай тарихи ортада, қандай дәстүрлер мен қандай аумақтық ерекшеліктер мен халықтар болатындығының ескерілуі қажет екендігін байыптаймыз;
г) жүйелілік әдісі. Мемлекет және құқық - құрылымы күрделі болып келетін жүйелілікті білдіретін ұғым. Мысалы, мемлекет мемлекеттік органдар жүйесінен, ал құқық – құқық салаларынан тұратынын осы әдісті қолданып пайымдаймыз.
Мемлекет жөне құқықты біртұтас жүйе ретінде қарастырып зерттегенде ғана оны толығынан танып білуге болады.
Мемлекет және құқық теориясын зерттеп барып пайымдаудың арнайы және ғылыми дербес әдістері де бар:
а)формальды – логикалық әдіс. Бұл әдісті қолдану арқылы құқтың ішкі құрылымы, қайнар кездері, оны (құқықты) жүйелеудің әдістері зерттелінеді, сөйтіп пайымдалады. Мемлекет табиғатын зерттеу барысында бұл әдіс мемлекет нысанын (формасын), сондай-ақ оның құрылымын талдағанда колданылады;
б)салыстырмалы мемлекеттану мен қщықтану әдісі. Бұл әртүрлі еддердің мемлекеттік және құқықтық жүйелерін зерттеуде негізге алынатын әдіс;
в) нақты – әлеуметтік әдіс – нақты әлеуметтік зерттеулерге негізделген әдіс. Бұл зерттеулерді жүргізгеңде коғамдағы заңдарға, мемлекеттің тікелей өзіне немесе оның құрамдас бөліктеріне коғам қандай пікірде, қандай қайшылықтарда екендігі анықталынады. Бұл әдіске тән амал-тәсілдерге:
– байқау жүргізу;
– анкеталау;
– интервью алу (сұраққа жауап алу);
– эксперимент жасау жатады.
Жоғарыдағыларды тізбелегенде атап өтетін бір жәйт мемлекет және құқық теориясы әдістерінің сан қилы болып келетіндігі. Дегенмен осы әдістер өздерінің мемлекет және құқықы қоғамның күрделі құбылысы деп жан-жақты тануға мүмкіндік береді.
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕРІ
Мемлекет және құқық теориясының атқаратын қызметі.
Заң ғылымдарының қоғам өміріндегі мақсаты оның атқаратын қызметінен көрінеді.
Мемлекет және құқык теориясы барлық заң ғылымдарына негіз болады, зерттеу жолын көрсетеді.
МҚТ қызметтері әртүрлі.
1. Онтологиялық қызметі. Мемлекет және құқық теориясы бұл қызметін атқаруда осы ғылым пәнінің теориялық негіздерін зерттейді. Мемлекет және құқықтың не екендігін, оның қалай пайда болғанын түсіндіріп береді. Сонымен бірге қазіргі замандағы мемлекеттің қырлары мен сырларын ашып, ол туралы түсініктеме жасайды.
2. Гносеологиялық қызметі, басқаша айтқанда түп-түқияндық қызметі. Бұл қызметті жүзеге асыру барысында, мемлекет және құқық теориясы аталып отырған пәнді танып білу үшін зерттеп, байыптауды жүзеге асырудың теориялық тәсілдерін даярлайды, ал мұның өзі түбінде құқықтық танымның дамуына жол ашады.
Заң ғылымының түп-тұқиянын білу нәтижесінде құқық, оның жүзеге асырылуы және барлық құқықтық құбылыстар танылады. Құқықгық болмысты талдау барысында құқықтық ұғымдар, түсініктер, құрылымдар қалыптасады да, олар құқықтық құбылыстарды одан ары танып-білудің құралдарына айналады. Құқықты тану үшін ерекше теориялық амал-тәсіл (концепция) қолданылады. Құқықтық бір мәселені зерттеп тану үшін бірнеше, өзара пікір таластыратын теориялық тәсілдер қолданылуы мүмкін. Осындай шығармашылық пікір таластыру нәтижесінде шындықты ашуға, ақиқатты айқындауға мүмкіндік туады. Мысалы, құқықтың қандай әлеуметтік құбылыс екеніне анықтама беру үшін оған нормативтік, философиялық және қоғамтану тұрғысынан қарау қажет.
3.Методологиялық қызметі. Мемлекет және құқық теориясы іргелі ғылым болғандықтан, оның зерттейтін заты, яғни пәні де бар. Олай болса бұл ғылымның сол пәнді зерттеуге, соның барысында зерделеуге қажетті тәсілдері мен амалдарының жолдары да бар. Осылар арқылы заң ғылымдарындағы ұғымдар, санаттар, құбылыстар зерттелініп, талданып, ғылымда өздеріне тиісті орындарын алып жатады.
Заң ғылымының дүние тануы құқықтық құбылыстарды зерттеуге, пайда болу жолдарын анықгауға байланысты. Шынайы дүние танушылық – ғылыми ізденістің нәтижеге жетуінің шарты. Осы уақытқа дейін заң ғылымдары марксизм-ленинизмнің дүние тану тәсілін қолданып, басқа тәсілдерден бас тартқандықтан, құқықтың шын мәнін зерттеп білуге мүмкіндік болмады. Марксизм-ленинизм құқыққа тек қана таптық түрғыдан қарағандықтан, оның әлеуметтік мән-мағынасын толығынан, жан-жақты түсіңдіре алмады.
4.Идеалогиялық қызметі. Идеология ұғымына халықтың, қоғамның, оның белгілі бір әлеуметтік топтарының көзқарастары мен ұстанатын принциптерінің жүйесі жатады. Қайсы бір реттерде халықтың немесе ұлттың көпшілік бөлігіне арналған бірыңғай (жұмылдырушы) идеология орын алып жатады. Мысал ретінде бұрынғы КСР Одағын алуға болады. Мұнда тек қана бір марксистік-лениндік идеология орын алып келген болатын. Қазіргі күннің мысалдарын келтірер болсақ, онда АҚШ-ты айтар едік. АҚШ-та американдықтардың арманы дейтін ұғым бар. Әрбір американдық өзінің табыс табуға деген өз елінде бар мүмкіншіліктер жасалғандығына сенетіндік идеологиясы қоғамда орын алған. Қоғамда идеологиялық бағыт-бағдардың болмауы немесе оның жойылып кетуі елде аласапыранмен, толқулардың басталуына, сөйтіп мемлекет аумағында заң бұзушылықтардың өсуіне, қылмыстардың өршуіне апаратыны өз еліміздің басынан кешіп отырғандығын мысал ретінде айтуға болады. Сондықтан да мемлекет жөне құқық теориясы қоғамда белгілі бір құқықтық жөне саяси мөдениетті қалыптастыруға бағытталған ақыл-кеңестер топтамасын ұсынып отырады. Әрине мұндай ақыл-кеңестер мемлекеттің өзі жүргізіп отырған саясатына үйлес болуы, оған қайшы келмеуі тиіс. Мұндай құқықтық мақсаттар мен саясатты жүзеге асыруда мемлекет әрқилы құралдар мен әдістерді қолдануы мүмкін. Мысал үшін Идеологиялык бағдарлама ретінде қабылданған ҚР Президентінің "Қазақстан-2030" деген үндеуін атауға болады. Мұнан басқа құжаттан ҚР Президентінің жыл сайынғы жолдауын да жатқызуға болады.
5. Болжамдык, (прогностикалық) қызметі. Жоғарыда айтылғандай, мемлекет және құқық теориясының пәні – мемлекет пен құқықтың пайда болуы, қызмет бағыттарын атқаруы мен дамудың жалпы заңдылықтары және осылардың қоғамдық болмыс пен саяси жүйеде алатын орыны екендігі мәлім.
Мемлекет пен құқық теориясының пәніне жататыңдардың заңдылықтарын зерделей отырып бұл теория өзінің үғым-түсініктерінің әрі қарайғы даму барысын, мемлекеттік-құқықтық аяның өзгерістерге ұшырауын болжалдайды. Ал мұның езі өз кезегінде түзетуге келмейтін қателіктердің алдын алып, оларды болдырмауға мүмкіндіктер береді.
Ерекше атап айтатын жәйт, мемлекет және құқық теориясының барлық қызметтері бір-бірімен тығыз шиырлана өрілген болып келеді де олар бірін-бірі өзара толықтырып жатады. Сондықтан да бұлар мемлекет және құқық теориясы тағайынының толыққанды түсінігін тек жиынтық түрінде ғана бере алады.
Заң ғылымының қызметі құқықтың, құқықтық құбылыстардың дамуы, өзгеруі туралы болжау жасауға мүмкіндік береді. Ғылыми құқықтық болжалдың маңызы – қоғамдық қатынастарды дағдарыссыз, жұлқыныссыз, ырғақты реттеудің жол-жобаларын айқындауға мүмкіндік береді. Әрине, өтпелі кезенде қоғамдық қатынастарды ырғакты реттеу оңай емес, себебі кенеттен пайда болатын өзгерістерді алдын ала болжау өте қиын. Сондықтан қабылданатын зандарда олқылықтар, кемшіліктер көп кездеседі. Осы жағдайды Қазакстанның құқықтық жүйесінің қалыптасу барысынан да байқаймыз. Неғұрлым қоғамдық қатынастарда тұрақтылық басым болса, соғүрлым олардың даму жолын алдын ала болжау да оңайырақ болып, құқық арқылы реттеудің жолы жеңілденеді.
6. Дағдылы ұйымдастырушылық қызметі. Қандай бір дамыған мемлекет болса да, ол ертелі-кеш шешімі қиын, әрі онысы тез арада табыла қоймайтын келелі мәселелерге тап болатыны тарихтан мәлім. Міне осындай жағдайларда дағдылы істер мен төжірибелерге жене теориялық жадығаттарға (материалдарға) сүйене отырып мемлекет және құқық теориясы ғылымы кездесіп отырған келелі мәселенің шешімін іздестіреді. Осындай ізденістер барысында аталған қиын мәселелерді шешудің жолдары анықталады. Осы анықталған жолдар - ақыл-кеңестер ретінде ұсынылып тығырықтан шығудың жолын айқындайды. Мысалы, Қазакстан Республикасы сот реформасын 1995 жылдары бастаған кезде соттар тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен халық заседательдері институтынан бас тартқан болатын. Ал казір сот жүйесінде туындаған қиындықтарға байланысты ҚР Конституциясының 75-і бабына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар арқылы соттардың өздерінің іс қарауларында сот әділдігін жүзеге асыруына мүмкіндік жасау үшін ант берген сот мүшелері (присяжные заседатели) институтын енгізді. Әлем елдерінің соттар жүйесінде жинақталған іс-тәжірибелер мен өз мемлекетіміздің де сот жүйесінің іс-тәжірибелерін елеп-екшеудің нәтижесінде, елімізде соттар жүйесіне қойылып отырған талаптарға сай келетін, біздердегі жағдайларға ыңғайластырылған шешім қабылдауға мүмкіндік пайда болды.
Заң ғылымының нәтижесін іс жүзінде қолдану – құқық жасау және оны жүзеге асыру қызметін жетілдіру мәселесін шешу болып табылады. Бұл тәжірибелік ұсыныстар жасауға байланысты болып келеді. Заң ғылымы теориялық мәселелерді зерттей отырып, құқықтық болмыстық заңдылықтарын анықтайды, соның нәтижесінде сапалы заңдар жасау ісі, мемлекет органдарының кызметін жетілдіру шаралары белгіленеді, ол жөнінде ұсыныстар жасалады. Әрине, мұндай ұсыныстар пайдалы, ұтымды әсер ету үшін ғылыми тұрғыдан шүбәсіз болуы керек. Сонымен қатар мемлекет органдары, лауазым иелері ондай ұсыныстарды пайдалануға әрекет жасаулары қажет.
7. МҚТ тәрбиелеу қызметі- өзіне тән әдістермен заңды құрмет тұтатын, заңға бағынатын азаматтарды қалыптастыру. Заң ғылымдары – құқықгың игілікті құбылыс екенін, әр азаматтың заңды мүддесін қорғайтын құрал екенін, оның өміріне қажетті жағдайлар жасайтын амал екенін дәлелдейді. Заңсыз іс-әрекеттердің қандай дағдарысқа апаратынын, адамды тығырыққа тірейтінін айқындайды. Сөйтіп, заңды сақтау, оны бұзбау әрбір азаматқа қажет екенін дәлелдеп, адамдардың құқықтық, санасын қалыптастыруға ықпал етеді.
Заң ғылымының жүйесі
Заң ғылымы – мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттеп, олардың қоғамдық өмірмен байланыстарын, арақатысын айқындайтын арнайы білім жұйесі. Заң ғылымы өзі зерттейтін объектілерінің ерекшеліктеріне байланысты түрлі салаларға бөлінеді.
Келесі беттегі кестеден байқалатыны, Қазақстан Республикасында заң ғылымдары, біріншіден, мемлекет пен құқыкгың теориясына негізделеді. Теорияда мемлекет пен құқыққа тән жалпы заңдылықтар, олардың жалпы белгілері, түрлері оқытылады. МҚТ-мен тығыз байланыста мемлекет және құқықтық жалпы тарихы заң ғылымы болады. Бұл пәннен әр елдің мемлекеті мен құқығының тарихын тану арқылы, олардың қандай кезеңдерден өткені, қандай ұлттық ерекшеліктері болғаны анықталады.
Мемлекет пен құқықтың қалыптасуына, дамуына, өзгеруіне саяси және құқықтық ілімдер зор әсер етеді. Сондықтан осы ілімдердің де тарихы окытылады.
Сонымен қатар әр елдің өз мемлекеті мен құқығының шығу, қалыптасу, даму, өзгеру тарихы бар. Бұл тарихты зерттеу жөне оқыту тек білу үшін ғана керек емес. Мемлекеттің тарихы оның қазіргі жағдайына, болашағына да әсер етеді, коғамды ұтымды жолмен дамытуға, қажетті саясатты жасауға жол сілтейді. Сондай-ақ ұлттық саяси және құқықтық сананы қалыптастыруға да әсерін тигізеді.
Әр мемлекеттің өзіндік ұлттық құқық жүйесі қалыптасады. Ол жүйе мемлекеттің, қоғамның ерекшеліктеріне сәйкес, қоғам өмірінің салаларына бейімделіп қалыптасады. Сөйтіп, сол салалардағы маңызды қоғамдық катынастарды реттейді. Мемлекетпен қоғам өмірінің салаларындағы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктеріне байланысты құқық салаларының өзіндік ерекшеліктері болады. Сондықтан құқық салаларының аталуы да, мазмұны да ерекше, айрықша болып келеді.
Әр мемлекет басқа мемлекеттермен қарым-қатынаста болады және дұниежүзілік қауымдастық шешетін мәселелерге қатысуға атсалысады. Соған байланысты баска мемлекеттердің ұлттык құқық жүйесінің негізгі саласы – конституциялық құқықты білу өте қажет. Халықаралық қауымдастық қабылдаған құқықтық құжаттар бар, олар негізінен адамдардың құқықтары мен бостандықтарына арналған. Демократиялық даму жолына түскен мемлекет мұндай халықаралық құқықтық құжаттарды мойындауға, мемлекет ішінде қолдануға міндетті. Сол себепті халыкаралык қүқыкты да білу өте кажет.
Заңдарды жүзеге асыруда, қолданбалы қосалқы ілімдердің (криминалистика, сот психиатриясы, т.б.) аткаратын рөлі ерекше.
ЗАҢ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЖҮЙЕСІ
Тарихи-теориялық ғылымы
Салалық
заң ғылымы
Салааралық заң ғылымы
Шетел мемлекеті мен құқығын зерттейтін ғылымдар
Қолданбалы, іс жүзінде қолданылатын ғылымдар

Мемлекет және құқық теориясы
Мемлекет пен құқықтың жалпы тарихы
Қазақстан мемлекеті мен құқығының тарихы
Саяси және құқықтық ілімдер тарихы

Пысықтау сауалдары
1. Мемлекет және құқық теориясы пәнінің ерекшелігі неде?
2. Мемлекет және құқық теориясы қандай қызметтер атқарады?
3. Мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттеуде қаңдай ғылыми әдістер қолданылады? Атап-атап айтыныз.
4. Заң ғылымдар жүйесі қандай бөліктерден тұрады?
СӨЖ-на арналған тапсырма
1. Мемлекет және құқық теориясының әдістерін пайдалана отырып, «қоғам», «адам», «билік» ұғымдарының мағынасын ашыңыз.
Екінші тақырып. МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ
Ғылыми зерттеулердің мәліметтеріне қарағанда біздің ғаламшарымыз – жер осыдан 4-5 млрд. жыл бұрын пайда болған көрінеді. Адам яғни саналы адам – homo sapiens жер бетінде осыдан 40 мың жыл бұрын пайда болған дейді антрополог ғалымдар. Алғашқы мемлекеттік құрылымдар біздің дәуірімізден 4-5 мың жыл бұрын пайда болғанын ғылыми зерттеулер дәледдеді. Соған сәйкес ежелгі адамдар 35 мың жылдар бойы мемлекеттік құрылымдарсыз өмір сүрген деуге болады.
Мемлекеттілікке дейінгі кезең ғылымда алғашқы қауымдық құрылыс немесе рулық қауым деген атаумен белгілі. Бұлай болатын өз себебі бар, өйткені адамдар ол кезде кауым, ру-ру болып тайпаларға бірігіп өмір сүрген. Бірлестіктерге бірігу қандас туыстық, бірге тұру және бірлесіп, ортақттасып еңбектенуге негізделінетін.
Ру – адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі, туысқан адамдардан тұратын қауымдастық. Оның мүшелері өзара некеге отырмайды. Барлық халыктар рулық дәуірден өткен. Қазіргі халықтардың кейбіреуінде рулық дәуірден қалған әдетғұрыптары, дәстүрлері әлі де сақталған. Мысалы, қазақтың әдеті бойынша жеті атаға дейін қыз алысып-беріспейді.
Рулық қоғамда қауымдық билік болған. Ру өміріне байланысты мәселелердің барлығын рудың жалпы жиналысы қарап, шешіп отырған. Оған жынысына қарамай, кәмелетке толған ру мұшелерінің барлығы қатысатын. Қандай мәселе болса да, жалпы қауымның келісімімен, әділдік жолымен шешілетін. Ру мүшелері жалпы жиналыста ру ағасын сайлайтын. Ру ағасына ақылы толған, ру әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін білетін, рудың қамын ойлайтын, қауымды басқара білетін адам сайланатын. Бірнеше рулар бірігіп, тайпа кұрайтын. Тайпаны басқару үшін ру ағаларынан кеңес күрылатын. Сол кеңесте рулардың тұрмысына, басқа тайпалармен қарым-қатынасына байланысты мәселелер қаралатын.
Алғашқы қауымдық құрылыс, яғни рулық қауым жетілу деңгейі төмен, даму жағы тұралап қалған қоғам болатын. Мұнда бірлесіп еңбектенудің негізгі түрлері терімшілік, аң және балық аулау болатын. Еңбектенудің осындай түрлеріне сай еңбек құралдары да қарапайым, жетілдірілмеген болып келетін.
Алғашқы қауымдық құрылыста (рулық қауымда) әлеуметтік билік орын алатын. Мүндай билік әдетте ең алдымен еңбектенуге негізделетін де, онда күштеп енбек етуге мәжбүрлеу болмайтын. Адамдар міндеттерін өз еркімен атқаратын, еңбек ету қауымдағы адамдардың барлығына Бірдей болатын, еңбектену нәтижесінде табылған қоректер рулық кауым адамдары арасын-да теңдей етіп бөлісілетін, кауымдастардын құқықтары да, міндеттері мен жауапкершіліктері де бәріне бірдей^тең болатын.
Рулық қауым яғни алғашқы қауымдық құрылыстың негізгі басқару органдары көсем – ру басы яғни қауым бастығы, қариялар кеңесі және қауымдастардың жалпы жиналысынан тұратын. Рулық қауымның болмысына байланысты ең маңызды мәселелерді шешу күн тәртібіне қойылғанда ғана қауымдастардың жалпы жиналысы шақырылатын болған. Рулық қауымның әрбір ересек мүшесі қандай да болсын мәселелерді талқылауға оларды шешуге қатысуға хақылы болатын.
Рулық қауымдағы күнделікті, әрі кезек күттірмейтін мәселелерді дер кезінде шешуді ұйымдастырып, басқарып отыру үшін қауымның ең беделді мүшелері арасынан қауым бастығы көсем (ру ағасы) сайланатын. Бұл лауазым сайланбалы әрі алмастырылып отыратын және де ол лауазым иесіне ешқандай пұрсаттар бермейтін.
Ру ағасы (көсем) қауымның басқа мүшелерімен тең болатын және барлық қауымдастар тәрізді солардың үлесіндей мөлшерде үлес алатын болған. Оның биліктік беделі тек кана қауымдастардың оған деген құрметіне, сеніміне негізделетін. Соғыс туындағанда әскерге басшылық ету үшін әскери көсем сайланатын, қауым ішінде осылайша көсемдер (қариялар) кеңесі құрылатын.
Уақыт өте келе рулар өзара бірігіп тайпаларды құрайды, өз кезегінде олар әлгі рулар өкілдерінен тұратын көсемдер (қариялар) кеңесі арқылы басқарылатын. Тайпаны басқаратын көсемдер (қариялар) кеңесі тайпа көсемін сайлайтын. Бұл лауазым да қоғам дамуының алғашқы кезендерің де алмастырылып отыратын және ол лауазым иесіне ешқандай жеңілдіктер бермейтін.
Қоғам дамуының әрі қарай жалғасуы барысында тайпалар да бірігуді бастады. Алғашында мұндай бірігу уақытша сипатта болатын, кейіннен тайпалардың бірігуі тұрақты сипат ала бастады. Сөйтіп тайпалар одағы қоғам дамуының қозғаушы күштерінің біріне айналды.
Тайпалар одағы тайпа көсемдері кеңесі арқылы басқарылатын, олар болса одақ көсемін сайлайтын. Қоғам дамуы барысында кейінірек көсемдер өз қызмет бағыттарын өмір бойы атқаратын болды.
Жоғарыда айтылғандарды түжырымдай келгенде алғашқы қауымдық қүрылыс (яғни рулық қауым) жөнінде оларға ғана тән мынадай сипатгарды атап-атап көрсетуге болады.
1. Ру (алғашқы қауым) мүшелері ортак шаруашылықпен айналысуында қандас туыстастығына, барлығына ортақ аумақта бірге тұрып өмір сүруіне сүйенген.
2. Ортақ тілде сөйлеген және дәстүрлері, әдет-ғұрыптары жалпы барлығына бірдей болған.
3. Ру адамдары арасында некелік қатынастардың орын алуына тыйым салынған. Мысалы, қазақтар некелік қатынастарына тыйым салу "жеті атаға" жеткенге дейін сақталып келген яғни жақын туыстар түгілі жамағайындар арасындағы некелік қатынастарға да тыйым салынатын болған.
4. Ру (қауым) адамдарының өлгенін барлық қауымдастарға ортақ қабірстанға жерлейтін болған.
5. Әрбір рудың (кауымның) өзіне тән атауы болатын.
6. Руды (қауымды) ең беделді қауым мүшесі көсем (ру ағасы) басқаратын, оның өзі қауымның жалпы жиналысында сайланатын.
Соныменен, мемлекеттілік қезеңге дейінгі әлеуметтік билік тікелей түрде қоғамдық болған, оның құрылуы алғашқы қауымдық демократияға, өзін өзі баскаруға негізделген-тін, оның ықпалы тек ру (қауым) тегіне ғана таралатын да сол рудың (қауымның) ырқын (ерік-жігерін) білдіретін, қандас туыстардың өзара қатыстылықтарына негізделетін, мұнда қауымның жиналысы биліктің органы ретінде іс атқаратын, ру ағалары алғашында еш-кандай жеңілдіктерге ие болмаған деп тұжырым жасауға болады.
Ф.Энгельс алғашқы қауымдық құрылысты "алғашқы қауымдық коммунизм", "адамзаттың алтын ғасыры" деп атаған.
Алғашқы қауымдық кезеңде қоғамдық қатынастарды нормативтік реттеу, рулар мен тайпалардың әлеуметтік-экономикалық бірлігін білдіріп және оны қамтамасыз етіп отырған адамдардың тіршілік ету әрекеттерінің өзінде болатын. Мұның өзі еңбек құралдарының жетілдірілмеген қарапайымдылығымен, еңбек өнімділігінің мардымсыздығына байланысты еді. Осыдан барып бірлесіп тұру еңбек кұралдарына қоғамдық меншіктің болуын және ендірілген қоректік өнімдерді теңдей етіп бөлу қажеттілігін туындатты. Ал мұның өзі алғашқы қауымдық қоғам нормаларының табиғи болмысына әжептәуір ықпалын тигізді.
Нормалар алғашында "табу" – тыйымдар түрінде болды, бірте-бірте олар әдет-ғұрыптарға ұласты (сөйтіп басқаша, екінші түрге айналды). Кейініректе моральдық нормалар пайда бола бастады.
Әдет-ғұрып – қауымдағы адамдардың қарым-қатынасын реттейтін, дағдыға айналған географиялық, улттық, экономикалық факторларға байланысты тарихи қалыптасқан, жазылмаған мінез-құлық қағидасы. Әдеттер ру тұрмысының дамуына байланысты, ру мүшелерінің арасындағы қатынасты жөнге салып, реттеу үшін, олардың өсіп-өніп, өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қажетті құрал ретінде қолданылды. Олар ұрпақтан ұрпаққа ауысып, ру мүшелерінің сана-сезіміне ананың сүтімен, кауым өмірінің үлгісімен сіңіп, олардың мінез-құлықтарын, іс-әрекетін алға бағыттап отырды. Ру әдеттері барлық ру мүшелерінің еркін білдіріп, мүдделерін қорғайтын қағидалар деп танылып, оны мүлтіксіз орындау әрбір ру мүшелерінің дағдысына айналды. Ру әдет-ғұрыптарын сақтау, орындау – міндет пе әлде кұқық па деген сауал ру мүшелерінің ойына кіріп те шықпайтын. Олардың түсінігінше ру әдеттерін, дәстүрлерін бұлжытпай орындау табиғи, өзінен-өзі түсінікті жағдай болып саналды. Рулық әдеттер, дәстүрлер қандай болғанын қазақ халқының тарихынан да көруге болады.
Мемлекеттің шығуының жалпы заңдылықтары
Ру дәуірінде адамдар тек жаратылыстың даяр өнімдерін жинап қорек етіп, өмір сүрген. Келе-келе адамдар өндіріс кұралдарын жасап алып, өздері шаруашылыққа кіріседі. Сөйтіп, жинау-терімшілік шаруашылығынан өндіру шаруашылығына ауыса бастайды. Мал өнімдерімен күнелтуден диқаншылыққа ауысады.
Диқаншылықтың нәтижесінде отырықшылық қалыптасып, елді мекендер, қалалар салына бастайды. Қалаларда қол өнері пайда болып, ол мал шаруашылығы және диқаншылық сияқты табыс көзіне айналады. Экономиканың аталған салалары бірінен-бірі бөлініп шығып, дербес өмір сүре бастағаннан кейін, бірінің өндірген өніміне бірі мұқтаж екендігі байқалады. Диқандарға мал өнімі, малшыларға жер өнімі, қолөнершілерге тамақ қажет болады. Сөйтіп, соларға делдаддық жасайтын алыпсатарлар қалыптаса бастады.
Құрал-саймандардың жетілдірілуіне байланысты еңбек өнімділігі де өседі. Соның нәтижесінде артық өнім пайда болды. Рулық қауымда барлық жиналған, табылған өнім ру мүшелерінің жалпы меншігі болған еді. Енді еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты артық өнім жеке адамдардың, жеке отбасыларының меншігіне айнала бастады. Сөйтіп, малға, жерге, қолөнер бұйымдарына жекелеген иелер пайда болды. Ақырында ру қауымының жалпы меншігінің орнына жеке адамдардың меншігі пайда болып, меншіктің айрықша түрі – жеке меншік қалыптасты. Жеке меншіктің пайда болуына байланысты қоғам таптарға бөлінді. Бір жағынан, құрал-жабдықтар, өндірілген бұйымдар, мүлік-дәулет адамдардың бір тобының колында шоғырланады да, байлар пай-да болды. Екінші жағынан, кедейлер, жарлылар пайда болды. Сөйтіп, рулық қауым өзіне тән белгілерінен айрылып, құлдыра-ды. Оның орнына жеке меншікке негізделген, айрықша екі үлкен әлеуметтік топтан тұратын қоғам қалыптасты. Мұндай жағдайда рулық қоғамдағы барлық ру мүшелерінің игілігін көздеп, еркін білдіретін қауымдық билеу құрылымы өз міндетін, қызметін атқара алмады.
Меншік иелерінің – байлардың айрықша мүдделері болғандықтан, басқа ру мүшелерімен, кедей-жарлылармен қатар отырып, мәселелерді тең негізде шешуге бармайды. Содан байлар мен кедейлердің арасында кайшылықтар пайда бола бастады. Қоғамдағы осындай түбегейлі экономикалық-әлеуметтік өзгерістердің нәтижесінде коғамды билеу, басқару жүйесі де өзгерді. Рулық биліктің орнын саяси билік, саяси құрылым баса бастайды. Сөйтіп, қоғамның белгілі бір сатысында мемлекет жөне құқық пайда болды.
Мемлекеттің және құқықтың пайда болуының жолдары
Мемлекеттің пайда болуы және оның қалыптасуы ұзақ уақыт бойы жүретін процесс. Ол әр халыкта әрқилы болып өткен.
Мемлекеттің пайда болуының тарихи екі түрлі жолын атап ай-
туға болады;
1. Мемлекеттің пайда болуының шығыстық жолы (Ежелгі Шығыс, Африка, Америка). Осы жолмен көшпелі мемлекеттер де пайда болған.
Өздерінің дамуы барысында мемлекеттің пайда боларында бұл мемлекеттер шығыс жолымен жүріп өтті. Сонда бұл жолдың сипаты мына белгілерден көрінеді:
- рулық (алғашқы) қауымға тән ерекше белгілер (атрибуттар): жерді қауым болып иелену мен оларға ұжымдык меншік ру-тайпа ақсүйектерінің (абыздар, әскери көсемдер жөне с.с.) қолына шоғырланған. Бұл шоғырлану ру-тайпалық құрылыстың (яғни қауымның) ыдырауы барысында да сақталған. Ал енді бұлардағы басқарудың қоғамдық құрылымдары мемлекеттік органдарға айналған, ал ру-тайпа ақсұйектері шенеуліктер аппаратына өзгерген, сонда жер қоғамдық болудан өзгеріп мемлекеттікке көшкен.
2. Мемлекет дамуының батыстық (еуропалык) жолы. Мемлекеттер дамуында бұл жолды Рим, Афины елдері жүріп өткен. Бұл жолға тән сипаттарға келер болсақ, олар алғашқы қауымдық құрылыстың (ру-тайпалардың) ыдырауының белсенді түрде болғанын сөйтіп жеке меншік пен таптардың пайда болғанын атау керек. Мысалы, Римде мемлекеттің пайда болуына үлкен ықпалын тигізген плебстер мен патрицийлердің күресі болды. Соның нәтижесінде плебстер демократиялық жеңілдіктер алған.
Мемлекеттердің пайда болуының әрқилы жолдарының болуына қарамастан, олардың бәріне өз ықпалын тигізген қозғаушы күш – ру-тайпалық құрылыстың (қауымның) ыдырауы мен ұйымдасқан түрдегі мемлекеттік биліктің қажеттілігінен туындаған болатын.
Сондай-ак құқықтың пайда болуында біркелкілік сипат болмаған, әрбір мемлекетте оның даму барысына әрқилы қозғаушы күштер өз ықпалын тигізген. Құқық дамуында да екі жолдың бар екені мәлім:
1. Құқықтың пайда болуының шығыстық жолы (Ежелгі Шығыс елдері): мұнда құқықтың қалыптасуы мен дамуына үрдістер зор ықпалын тигізген. Сондықтан, қазірдің өзінде де Ежелгі Шығыс елдерінің қайсы біреулерінде құқықтың басты кайнар көзі ретінде діни нормалар қолданылуда.
2. Құқықтың пайда болуының батыстық (еуропалық) жолы. Бүл елдерде әдет-ғүрыптық құқықтардан басқа заңдар мен прецеденттік (үлгі боларлық шешім) құқық та дамыған.
Дегенмен, құқықтың пайда болуына ортақ түрткі фактор (себеп) – сан алуан күрделі қоғамдық қатынастар пайда болды.
Мемлекеттің шығуы туралы теориялар
Мемлекет пен құкықтың шығуы туралы түрлі теориялар бар. Осы құбылыстардың пайда болуын олар түрліше түсіндіреді. Марксизм-ленинизм ілімі мемлекет пен құқықтың пайда болуын таптық теория тұрғысынан түсіндіреді. Рулық қауым құлдырап, жеке меншік пайда болып, қоғам екі тапқа – қанаушы және қаналушы таптарға бөлінген соң, олардың арасында шешілмейтін қайшылықтар, ымырасыздық орын алады. Сол екі тап нәтижесіз, тоқтаусыз күресте бірін-бірі жойып жібермеуі үшін рулық биліктің орнына жаңа саяси құрылым – мемлекет пайда болады. Мемлекет аталған қайшылықтарды шешу үшін емес, кедей тапты байлардың еркіне көндіріп, оны қанауға, езуге жағдай туғызу үшін құрылған. Сондықтан кандай да мемлекет болсын тек қанауды максат тұтып, бай, яғни үстем таптың игілігін көздеп, соның мүддесін қорғайды. Ф. Энгельс "Отбасы, жеке меншік және мемлекеттің пайда болуы" деген ғылыми еңбегінде мемлекет пен құқықты үстем таптың құралы деп таниды. Социалистік мемлекет те таптык мемлекет. Бірақ ол сан жағынан қоғамның басым көпшілігін құрайтын еңбекші таптың мүддесін қорғайды.
Теологиялық (діни) теория мемлекет пен құқықтың пайда болуын құдайдың құдіретімен байланыстырады. Әрбір ірі дінде кұдайдың әрекеті деген діни-құқықтық қағидалары бар. Қазіргі заманда да кейбір мемлекеттер осындай қағидааларға негізделіп құрылып, қызмет атқаруда. Бұл қағидаларға сүйене отырып дін теоретиктері мемлекет пен құқык құбылыстарын діни рәсімдерге байланыстыра түсіндіреді.
Патриархалдық теория мемлекет пен құқықтың шығуын отбасының дамуымен байланыстырады. Отбасының қожасы ер адам, ол отбасын өз еркімен билейді, отбасы мүшелерінің арасындағы қатынастарды реттейді. Сөйтіп, отбасы мүшелерінің белгілі бір тәртіпке бағынып, қалыптасуының жөн-жобаларын аныктайды. Адамдар осындай қағидаларды басшылыққа алып, мемлекет құруда отбасын басқару үлгілерін қолданған деп түсіндіреді бұл теория.
Келісім-шарттық теория мемлекет пен құқықтын шығуын, пайда болуын адамдар арасындағы келісім-шартпен байланыстырады. Тағылық дәуірде адамдар өмір сүру үшін бірімен-бірі жауласып, соғысып, әбден береке-касиеті кетеді. Сондай кауіпті, келіссіз өмірден құтылу үшін адамдар өзара ымыраға келісіп, шартқа отырады. Соның нәтижесінде мемлекет құрып, оған қоғам мүшелерінің барлығын қорғауды, лайықты өмір сүруге жағдай туғызуды міндеттейді. Қоғам мүшелері де заң талаптарына бағынатыны туралы міндеттеме алады, деп түсіндіреді бұл теорияны жақтайтындар.
Күштеу (зорлау) теориясы мемлекет пен құқықтың шығуын зорлық-зомбылықпен байланыстырады. Күшті тайпалар әлсіз тайпаларды жаулап алып бағындырып, олардың қарсылығын басып тұру үшін мемлекет және оған тән басқару, күш қолданатын органдарды құрады дейді.
Мемлекет пен құқықтың шығуын түсіндіруге тырысатын бұл аталғаннан басқа да теориялар бар. Осы теориялардың бәріне тән бір белгі бар – ол мемлекет пен құқықтың адам қоғамы дамуының белгілі бір сатысында пайда болуы. Шынында да тарихи деректерге жүгінсек, мемлекет пен құқықтың қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде шыға бастағанын байқаймыз.
1. Мемлекет (таптық тәсіл бойынша) – бір таптың (азшылықтың) бір тапқа (көпшілікке) үстемдік етуін қолдайтын саяси ұйым.
2. Мемлекет (жалпы әлеуметтік тәсіл бойынша) – саяси ұйым (ассоциация). Бұл саяси ұйымға оның мүшелері бұқаралық биліктің қатынастар арқылы біріктіріледі. Мұнда мемлекет адамдардың өзара ымыраға келуінің құралы болып табылады.
3.Мемлекет – құқықтық заңдарға тәуелді адамдардың бірлестігі (И.Кант бойынша).
Құқықтың пайда болуының негізгі теориялары:
1. Теологиялық теория. Бұл теорияны жақтаушылар құқықты құдайдың жаратқаны, құдайдың адамдарға берекелікке, әрі сонымен бірге жер бетінде төртіпті сақтау мақсатындағы берген құрылымы деп түсіндіреді.
2. Құқықтың табиғи жаратылыстық теориясы. Бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауы бойынша мемлекеттің белгілеуі арқылы анықталған құқықтармен қатар адамнын жаратылыстық табиғатынан туындайтын да құқықтардың бар екендігі алға тартылады.
3. Құқықтың тарихи теориясы. Бұл теория құқықты тарихи түрде туындайтын, сөйтіп әрі қарай дамитын кұбылыс деп таниды. Теорияның бір ерекшелігі мұнда құқықтың ұлттық өзгешеліктері болады да, олар мемлекетте құқық дамуы барысында ескеріліп отырады. Бұл теория құқық дамуы барысындағы ұлттық ерекшеліктерді ескеріп отыратынын мойындағанымен заң шығарушылардың рөлін жеткілікті дәрежеде тани қоймайды, яғни мойындамайды.
4. Құқықтың психологиялық теориясы. Бұл теория құқықтың түзілуін (пайда болуын) адамдардың психикасына (жүйке жүйесіне) байланыстыра қарастырады. Сонда, осы теорияның түсіндіруі бойынша – құқық деп адамдар қоғамда қабыл алынып мақұлдаған мінез-құлық ережелерін баянды ету мақсатын білдіретін психологиялық тілек-ықыласын бірінші орынға қояды. Мұның өзі адамның жаратылыстық табиғатында (жүйкесінде) көрініс тапқан, өйткені белгісіздік пен екі ұштылыққа адам төзбеген ғой деп дәлелдейді.
5.Құқықтың маркстік теориясы. Осы теорияны жақтаушылар құқықтық терең тамыры экономикада деп бұлтартпайтын дәлелдер келтіріп, құқық экономикалық базиске тәуелді деп сендірген. Құқықтың экономикадан жоғары тұруы мүмкін емес, өйткені мемлекет экономикасының белгілі бір мерзіміне қандай құқықтық нормалардың қажет болатынын тек экономика ғана айта алады. Дегенмен құқықты таптар күресімен байланыстыра қарау, сөйтіп құқықтан тек үстем таптың көзкарастарын іздестіру артық кеткендік болады. Олай болатын себебі әлгілердің барлығы, дұрысын айтқанда қоғам мен мемлекеттің типіне (түріне) байланысты болып келеді. Өйткені, құқықтық қоғам, құқық қаналушы таптарды езіп-жаншуға бағытталмаған, қайта ол қоғамдағы қатынастарды дамытып, бәріне тең құқықтылық жағдай жасауға бағытталған болып келеді.
Пысықтау сауалдары:
1. Қауымдық құрылыстың негізгі белгілері мен ерекшеліктерін атап-атап көрсетіңіз.
1. Ф.Энгельс рулық қауымды не себетпі "алғашқы қауымдық коммунизм" деп атақған?
2. Қауымдық құрылыста адамдар арасындағы қатынастарды қандай нормалар реттеп отырады?
3. Мемлекеттің пайда болуын түсіндіретін қандай теориялар бар?
4. Құқықтың пайда болуын түсіндіретін теорияларды атаңыз.
5. Мемлекеттің пайда болуының "шығыстың жолынан" "батыстың жолының" айырмашылығы неде?
6. Мемлекет және құқықтың шығуы туралы теориялардың қажеттілігін немен түсіндіруге болады?
7. Мемлекет және құқықтың пайда болуын теологиялық теория арқылы түсіндірудің негізгі түйіні неде?
8. Мемлекет және құқыктың пайда болуын патриархалдық теория тұрғысынан түсіндіру қалай ұғынылады?
9. Мемлекет және құқықтың пайда болуын келісім-шарт теориясы тұрғысынан түсіндіру қалай ұғынылуы тиіс?
10. Мемлекет және құқыктың пайда болуының күштеу (зорлау) теориясын калай түсінген жөн?
11. Мемлекет және құқықтың пайда болуын патриархалдық теория қалай түсіндіреді?
12. Мемлекет және құқықтың пайда болуын теологиялык теория арқылы түсіндіруді ұсынған ғалымдарды атаңыз.
13. Мемлекет және құқықтың пайда болуын келісім-шарт теориясы тұрғысынан түсіндіруді ұсынған ғалымдарды атаңыз.
14. Мемлекет және құқықтың пайда болуын күштеу (зорлау) теориясы тұрғысынан түсіндіруді үсынған ғалымдарды атаңыз.
15. Мемлекет және құқықтың пайда болуын таптық тұрғыдан түсіндіру теориясының мәнісі неде?
16. Мемлекет және құқықтың пайда болуын таптық тұрғыдан тусіндіруді ұсынған ғалымдарды атаңыз.
17. Мемлекет және құқықтың пайда болуын психологиялык теория тұрғысынан түсіндірудің мәнісі неде?
СӨЖ-на арналған тапсырма
1. Ф. Энгельстің «Отбасының, жеке меншік және мемлекеттің шығуы» атты еңбегін оқып, конспектілеңіздер. Ф.Энгельс еңбегі бойынша мемлекеттің шығу теориясының артықшылық және кемшілік тұстарын анықтаңыз. Афина мемлекетінің пайда болуы қарастырылған тарауға көңіл бөліңіз.
2. Берілген кітап бойынша мемлекет және құқықтың пайда болуының негізгі себептерін қарастырыңыз. Өз пікіріңізді білдіріңіз.
Үшінші тақырып. МЕМЛЕКЕТ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ
Мемлекет туралы ұғым. Мемлекет – басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететі, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, коғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде үғынамыз.
Көрсетілген негізгі жағдайлар біздің түсінігімізде және мемлекетті анықтауда өзінің көрінісін табуы керек. Өзінің көрінісін тапқан құбылыстың күрделілігі мен көп аспектілігіне қарай оның біржақты болуы мүмкін емес.
Мемлекет дегеніміз - адамзат қоғамы дамуының нәтижесінде пайда болған саяси ұйым.
Мемлекет – қоғамды басқару міндетін атқаратын, адамдардың, топтардың, таптардың қарым-қатынастарын реттеп отыратын, заңдарды қабылдайтын саяси ұйым.
Мемлекет – қоғамның саясатын жүзеге асыратын саяси ұйым.
Мемлекет туралы ұғымның толық болуы үшін оның белгілеріне егжей-тегжейлі тоқталып, олардың мазмұны мен мәнін тереңірек ашу қажет.
Мемлекеттің негізгі белгілері. Мемлекеттің рулық баскару нысанынан басты айырмашылығы арнаулы кәсіби басқару және мәжбүрлеу аппаратының болатындығында жатыр. Бұл жердегі әңгіме қоғамнан ерекшеленген, басқару ісі негізгі жұмысына, кәсібіне яғни мамандығына айналған, қатары біртіндеп көбейе бастаған адамдар туралы. Басқарушы - адамдардың мұндай ерекше тобын алғашқы рулық басқару нысаны білген емес. Ол тек қана басқарудың мемлекеттік жүйесіне тән нәрсе; олар мемлекеттің рабайсыз үлкен механизмін іске қосады. Нәтижесінде мемлекеттің барлық халқы бір жағынан басқарылғандарға, екінші жағынан басқаратындар мен басқаруға байланысты маманданғанға бөлінеді. Сөйте тұра екіншілерінің біріншісіне қатысы тек қана басқару функцияларын емес, сондай-ақ кейбір мәжбүрлеп ықпал ету ша-раларын да ресми түрде жүзеге асыруына қақысы бар.
Мемлекеттің баска бір ерекше белгісі, өзінің өмір сүруі үшін халықтан салық жинауға мәжбур болуы. Бүл салық – мемлекеттің өмір сүріп, тіршілік етуінің экономикалық негізі; салықсыз ол күн көре алмайды, өйткені қаржының жетіспеуінен немесе болмауынан оның тіршілік етуі қиындайды. Салықты мемлекеттің барлық азаматтары, соларға қоса шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар да төлейді; халықтың шамалы бөлігі ғана салық төлеуден босатылады. Мемлекет салықтан түскен қаржыны басқару және мәжбүрлеу аппаратының орасан зор армиясын ұстауға, мемлекеттің өзі жүргізетін ішкі және сыртқы саяси шараларын қаржыландыруға, медицинаны, білім беру, ғылым, мәдениет салаларын қолдауға, экономиканың маңызды салаларын ынталандыруға, қоғамдык кауіпсіздікті, құқық тәртібін, қылмыс және құқық бұзушылықпен күресті қамтамасыз етуге пайдаланады.
Мемлекеттің ерекше белгілерінің біріне оның өз азаматтарын аумақтық принцип бойынша бөлетіндігі жатады, ал алғашқы – рулық баскару ұйымының негізі мүлдем басқаша – қандас туысқандардың байланысы мен қарым-қатынасынан құралады. Енді соңғысы бұрыңғы маңызын жойды, басқару ісінде басым болудан қалды. Керісінше, мемлекет азаматтарға өздеріне тиесілі құқыктарын бөліп, оларға міндеттер жүктеу туралы мәселені шешкен кезде, оларды баскару, ұйымдастыру және басқа да шараларға тарту кезінде ең алдымен олардың аумаққа жатуын, тұрғылықты жерін ескереді.
Мемлекеттің дамуы барысында халықтың аумақтық орналасу принципі бірқатар мемлекеттік-құқықтық институттарымен (тұтас алғанда) жанама түрде байланыс орнатты, ол оны нақтылай түсуге, тереңдетуге, айқын мазмұнмен толықтыруға бағытталған болатын.
Айтылғанға байланысты адамның қандай да бір мемлекетке жататындығын білдіретін азаматтық институты пайда болды. Азамат еместер шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ тұлғалар болып танылады. Азаматтардың мәртебесіндегі айырмашылықтарының, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың арқасында мемлекет халықты "өзіміздікі" және "өзіміздікі емес" деп айшықтап атап көрсетеді (дифференциялайды). Сыртқы (мемлекеттер арасындағы) және ішкі (автономиялық және әкімшілік аумақтық бөліністер арасындағы) шекаралар институтының маңызы айтарлықтай. Олардың көмегімен мемлекеттік биліктің кеңістіктегі шегі, сондай-ақ мемлекеттің егемендігінің құрамдас бөлігі болып табылатын аумақтық билік жүргізу институты анықталады.
Мемлекет басқа ұйымдардан қоғамда әрекет ететін құрылымдарымен және институттарымен, егемендік сияқты белгімен ерекшеленеді. Бұл сипат мемлекетті басқа ұйымдардан, коғамның құрылымдары мен институттарынан жоғары қояды.
Егемендіктің екі құрамдас бөлігі бар: үстемдік және тәуелсіздік. Мемлекеттік биліктің үстемдігі деп өз аумағындағы ең жоғары билікті айтады. Өз аумағындағы жұмыс істеп тұрған барлық ұйымдар, бірлестіктер, құрылымдар мен тұлғалар мемлекеттің басымдық рөлін мойындайды. Олар мемлекеттік бұйрығын орындауға, мемлекеттің белгілеген тәртібін сақтауға әрі бұзбауға міндеттенеді. Мемлекетке тиесілі аумақта бірде бір үйым, бірлестік немесе құрылым мемлекетке қарсы келе алмайды.
Егемендіктің екінші бір құрамдас бөлігі болып саналатын тәуелсіздік дегеніміздің мәнісі – мемлекет өзінің билігін дербес жүргізеді, өзінің стратегиялық бағыты мен тактикалық жолын өзі тандайды, өз ісіне ешкімді араластырмай, ішкі және сыртқы саясатын өзі жасайды, басқаның үстемдігіне жол бермейді. Тәуелсіздік ұғымының ішкі аспектісі мемлекеттің ішінде жұмыс істейтін бірде-бір ұйымның, бірлестіктің және құрылымның мемлекет билігінің дербестігіне қол сұға алмайтындығына ерекше көңіл аударуға міндеттейді. Ал тәуелсіздіктің сыртқы аспектісі, егемен мемлекет басқа мемлекеттермен, халыкаралық ұйымдармен дербес қарым-қатынасты сақтайды дегенді білдіреді.
Мемлекет – қоғамның, елдің, халыктың ресми өкілі. Қоғамның, елдің, халықтын мүддесін ол қанағаттандыра алды ма, жоқ па, қоғам, ел, халық оған өкілеттік берді ме жоқ па, оған қарамастан бұл мәселенің дұрыс жауабы алдын ала түйінделіп қойған ұғым болып табылады. Қоғамда, елде, халыктың арасында жұмыс істеп жатқан басқа бірде-бір ұйым (бірлестік, құрылым) коғамның, елдің, халықтың еркі мен мүддесін білдіруші екендігін, барлық деңгейде және барлық жағдайда оларды білдіре, көрсете аламын деп мәлімдеуге батылдық білдіре алмайды. Бұған үміткер болуға мемлекеттің гана негізі бар. Мемлекеттің мұндай сипаттарының молдығына дау жоқ.
Мемлекеттік басқарудың құқықтық нысаны, реттеуді және ықпал етуді пайдалануы, оның міндетті белгісі болып табылады. Олардың алдында тұрған міндетті мемлекет құқықсыз шеше алмайды. Егер мемлекеттің аумағында орналасып, жұмыс істеп тұрған басқа ұйымдар, бірлестіктер мен құрылымдар құқық шеңберінде әрекет етіп, құқық тәртібін сақтауы, заңдар мен басқа да құқықтық нұсқауларды орындауы қажет болса, онда құқык аясындағы мемлекеттің қызметі мүлде басқаша, маңызды ерекшелігімен сипатталады және әр алуан болып келеді: бұл айтылғандардан басқа, мемлекеттің құқықшығармашылық монополиясы, сондай-ақ құқық қорғау, бақылау, қамтамасыз етіп, кепілдік беретін функциялары бар. Мемлекет қоғамдағы негізгі өзара қарым-қатынаста өзінің қызметіндегі басты демеу болып отырған құқық бастауына сүйенеді.
Мемлекетте ішкі және сыртқы функциялардың жиынтығы болуы және оларды органдар, мекемелер мен билік құралдарының жүйесімен жүзеге асыруға бейімделуі (бұл мәселелер төменде егжей-тегжейлі қарастырылатын болады) мемлекеттің айрықша белгісі болып табылады.
Осыған дейін айтылып келген, мемлекеттің ерекшелік белгілерінен басқа, мемлекеттің элементтері туралы да айту керек, ол отандық оқу және монографиялық әдебиетте халық пен аумақты меңзейді. Ол тіршілік ету және даму процесінде мемлекет сүйенетін объективті тірек ретінде түсіндірілуі керек. Халықсыз және аумақсыз мемлекет жоқ және болмайды да: соңғысын табиғи факторға немесе мемлекеттің материалдық құрамдас бөлігіне жатқызу қажет.
Сонымен, мемлекет – саяси ұйым. Қоғамда көптеген саяси ұйымдар болуы мүмкін. Бірақ мемлекет – ерекше, бүкіл қоғамды қамтып, негізінен, соның атынан, қоғам үшін қызмет істейтін саяси ұйым. Мемлекет қоғамның атынан коғамның ішінде де, басқа мемлекеттермен қатынастарда да қызмет атқарады. Сондықтан мемлекеттің қоғам өміріне тікелей және жанамалай әсер ететін ерекше органдары және басқа саяси ұйымдардан оны ажырататын белгілері бар. Оларға жататындар мыналар: 1)Мемлекеттік егемендік. Мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі - ол басқа мемлекеттерден тәуелсіз болады, оларға бағынышты емес. Мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын өзі қалыптастырып, өз еркімен жүзеге асырады. Былайша айтқанда, басқа мемлекеттерге жалтақтамай, өзінің ішкі және сыртқы істерін өзі атқарады. 2)Билеуші органдар. Мемлекеттің ерекше билеуші, басқарушы органдары болады. Мемлекет органдарында тек басқару қызметімен шұғылданатын чиновниктер (қызметкерлер) болады. Қоғамдағы заңды орнықтырылған тәртіпті қамтамасыз ету үшін мемлекет әскер, полиция құрады. Сыртқы жаулардың жансыздарынан сақтану үшін қарсы барлау органын ұйымдастырады. 3) Мемлекет органдарын, оларда істейтін қызметкерлерді қаражаттандыратын оның арнаулы материалдық қоры болады. Ол корды жасау үшін мемлекет алым-салық белгілейді және оны жинайды. 4) Мемлекеттің өзінің тұрағы, аумағы болады. Сол аумақта мемлекет қүрылады, өз қызметін атқарады, билік жүргізеді. Өз аумағының тұтастығын мемлекет барлық күш-қуатымен сақтап, қорғауға тынымсыз әрекет жасайды. Мемлекеттер арасындағы қайшылықтар, келіспеушіліктер, соғыс-тар көбінесе осы жер, аумак мәселесіне байланысты. Мемлекеттің аумағы басқаруды тиімді жүзеге асыру үшін әкімшіліктерге бөлінеді. Халық әкімшілік-аумақтық бөліктерге бөлініп тұрғандықтан олардың құқықтық жағдайы соған байланысты болады. 5) Мемлекеттің күрделі белгілерінің бірі – құқықтық жүйенің калыптасуы. Қоғамдық қатынастарды реттеп, оларды қажетті қалыпқа салып, тәртіп орнату үшін құқықтық нормалар жасалынады. Оларды жасап, қабылдайтын мемлекеттің тиісті өкілеттігі бар органдар болады. Сол құқықтық нормалардың жиынтығы мемлекеттің құқықтық жүйесін құрайды.
Әскер
Полиция
Барлау
Ішкі әскер
Пысықтау сауалдары
1. Мемлекеттің жалпы сипаттамасы мен анықтамасын көрсетіңдер.
2. Мемлекеттің егемендігін қалай түсінген жөн?
3. Мемлекеттің билеуші органдарын қалай түсінген жөн?
4. Мемлекеттің тұрақты аумағы дегенді қалай түсіну керек?
5. Мемлекеттің құқықтық жүйесі нені білдіреді?
6. Мемлекеттің белгі нышандарын келтіріңіз.
СӨЖ-на арналған тапсырма
1. С. Зимановтың «Қазқтың ата заңдары: құжаттар, деректер және зерттеулер» 10 томдық, Алматы: Жеті жарғы, 2001ж. еңбегінің 1-ші томының “Қазақтың ата заңдары және оның бастаулары” және 2-ші томның “Қазақ ата заңдары турлы кейбір ойлар” мақалаларын зерделеп, қарастырыңыз.
2. География, тарих, экономика, саясат мәліметтерін қолдана отырып, Қазақстан Республикасы мемлекетінің белгілерін ашыңыз.
Төртінші тақырып. МЕМЛЕКЕТТІҢ МӘНІ ҚЫЗМЕТТЕРІ (ФУНКЦИЯЛАРЫ)
Мемлекеттің мәні – мемлекеттің басты тағайыны, осы құбылыстың басты өзегі, яғни басты жемісі.
Мемлекеттің мәні оның мазмұнын, мақсатын, қызметінің бағыттарын анықтайды. Басқаша айтқанда мемлекеттегі билік пен оның құрамында болатындардың бәрі.
Кез келген мемлекетте қарама-қарсы қайшы болып келетін екі мән – таптық және жалпы әлеуметтік мән болады.
Мемлекеттің таптық мәнін қарастырып көрейік. Мемлекет бұқара (көпшіліктің) билігі ретінде өзін өзі басқарудың бұрыңғы органдары қауымдық құрылыста басқару қызметтерін атқаруды тоқтатқаннан бастап пайда болады. Қоғам әлеуметтік жіктелуге аяқ басады, бұрынырақта қоғамның (қауымның) барлық мүшелеріне тиісті болған билік саяси сипатқа ие болады, сөйтіп ол ең алдымен қуатты әлеуметтік топтардың таптардың мүддесіне бейімділік танысу түрінде жүзеге асырылады. Сонымен мемлекеттің таптық мәні қашанда болсын билікте қоғамның қуатты тобының мүддесін жақтау және оны жүзеге асыру арқылы білдіріледі.
Дей тұрғанмен мемлекет тек ауқатты таптың ғана қамын ойлаумен айналыспайды, қайта ол бүкіл коғамның қамын да ойластыруға мәжбүр болады. Өйткені қоғам бірегей ағза (организм) болғандықтан, соған сәйкес дәулетті топтар ондағы кедей (жарлы) қаналушы топтарынсыз тіршілік ете алмайды. Сөйтіп кез келген мемлекет қашанда болсын жалпы әлеуметтік қызметтерді де жүзеге асыруға мәжбүр болады, сондықтанда, бүкіл қоғам мүдделерін де ескеріп қызмет атқаруы тиіс. Осы айтқанымыз мемлекеттің жалпы әлеуметтік мәні болып табылады.
Мемлекеттің кайсысы болса да қанаудың, қандай бір әлеуметтік топтың, таптың үстемдік құруының машинасы, құралы ғана емес, сонымен бірге ол бүкіл қоғамның мүддесін де білдіреді, оны біріктіру кұралы, оны интеграциялайтын тетік болып табылады.
Мемлекетте әрқашанда бір жақты таптық немесе топтық үстемдік құрушы билеуші басшы тобы мүдделерімен бүкіл қоғамның мүдделері үштастырылады, үйлестіріледі.
Әртүрлі тарихи жағдайларда осы екі мәністік (мәндік) жақтардың арақатыстылығы әртүрлі мемлекеттерде бірдей емес, яғни әрқилы болып келеді, бір жағының күшеюі басқа жағының нашарлауына апарып соғады.
Мемлекеттің таптық мәні жоғары дәрежеде құл иеленуші мемлекетте байқалады, онда құл (күң) құқықтың субъектісі емес, құқықтың объектісі (заты) – мүлік яғни жанды мүлік есебінде құл иеленушінің меншігі болып табылады.
Қоғамның дамуы барысында, құл иеленушіліктен феодализмге, феодализмнен капитализмге қарай өту кезеңдерінде және сол формацияларда мемлекеттің жалпы әлеуметтік жақтары үлкен рөл атқара бастады. Әсіресе мемлекеттің жалпы әлеуметтік мәні осы күнгі батыс мемлекеттері қоғамында айқын көрінеді. Бұл көріністерді кәсіпкерлердің табыстарына салынатын салықтардың жоғары мөлшерде болуынан, еңбек ету жағдайларын мемлекет тарабының реттеуін, алуан түрлі әлеуметтік бағдарламалардың кең түрде дамуынан және тағы басқалардан байқауға болады.
Мемлекеттің әлеуметтік рөлінің жоғарылай түсуі әжептәуір дәрежеде әлеуметтік қайшылықтардың жұмсаруына апарады, таптық қарсыластардың әрекеттерін басу шараларының қажеттілігі де азаяды, қоғамдағы тұрақтылық та нығая түседі.
Осы заманғы дамыған мемлекеттер өзінің жалпы әлеуметтік мәнін ұлғайтуға деген ұмтылысын күшейтуде, өйткені олар ең алдымен қоғамдағы тұрақтылықты нығайтуға мүдделі болып отыр.
Сонымен қорытып айтқанда қайсы мемлекетте де болсын қарама-қарсы екі мән болады – таптық және жалпы элеуметтік, проблемаларды туындататын да осы екеуінің арасындағы қайшылықтар. Оларды шешу мемлекеттің бірден бір міндеті болып табылады.
Мемлекеттің аталған міндеттерді орындауы олардың қызмет бағыттарынан көрінеді.
Мемлекеттің қызметтері дегеніміз қоғамды басқарудағы мемлекеттің өзінің алдына қойған міндеттері мен мақсаттары, әлеуметтік тағайыны мен мәнін білдіретін, өздеріне ғана тән формалары, өздеріне ғана тән әдістер арқылы атқарылатын әрекеттері және олардың негізгі бағыттары. Мемлекеттің қызметтері қатып қалған және ешбір өзгермейтін қасаң құбылыс емес, қайта олар өзгермелі, езгерістерге жиі ұшырайтын құбылмалы болып келеді.
Нақты тарихи жағдайларға байланысты қайсыбір қызметтері басты шарт ретінде алға шығып отырады. Мысалы: ежелгі кезеңдердегі Шығыс Азия мемлекеттерінде ирригация яғни, суландыру жүйесі құрылыстарын салу – қоғамдық жұмыстар ретінде мемлекеттің басты қызметтері болып саналған. Ал көшпелі елдерде мемлекеттерді сыртқы жаулардан қорғау ісі басты қызмет түрі болатын. Қазіргі дамыған демократиялық еддерде азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау ісін қамтамасыз ету басты қызмет болып табылады.
Демократиялық мемлекеттің негізгі мақсаты – қоғам үшін, қоғамдағы адамдардың топтары үшін, қоғамның дамып өркендеуі үшін қызмет атқару болып табылады. Қоғам өте күрделі құбылыс. Қоғамның негізгі тірегі - өңдіріс. Өндірісті ұйымдастырып, дамыту үшін мемлекет те, адамдардың бірлестіктері де, жекелеген адамдар да қажетті іс-әрекет жасап отырады. Бұл салада мемлекеттің істейтін қызметі сан алуан. Мемлекет өзіне қарайтын кәсіпорындарды тікелей басқарып, олардың жұмысын реттеп отырады. Мемлекеттің меншігінде табиғи байлықтар да болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігінде болады. Меншіктің басқа түрлерінің қалыптасуына, пайдалану әдістеріне мемлекет немқұрайлы карай алмайды. Себебі меншік міндет жүктейді, оны пайдалану иесімен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуі тиісті. Сондықтан мемлекет өз меншігіне жататын объектілерді тікелей басқарып реттейді, ал мемлекеттік емес меншік түрлерін жанамалап реттейді. Демек, қалай да болса шаруашылықты ұйымдастыру және реттеумен шүғылданады. Осыған байланысты мемлекеттің экономиканы ұйымдастыру, басқару, реттеу функциясы болады.
Қандай да болсын қоғам түрлі таптар мен әлеуметтік топтардан тұрады. Кейбір елдерде, мысалы Қазақстанда, көптеген ұлттар тұрады. Олардың арақатысын реттеу – негізінен, мемлекеттің міндеті. Оларға қамқорлық жасауды, олардың арасындағы қатынастарды, пайда болатын қайшылықтарды реттеу, шешу, жөнге салу, тек қана мемлекеттің қолынан келетін іс. Ол ұшін мемлекетте күш те, қаражат та, басқа да мүмкіндіктер бар. Осыған сәйкес мемлекет әлеуметтік функция атқарады. Егер де мемлекеттің осы қызметі кең өріс алып, үздіксіз жүргізілетін болса, оны әлеуметтік мемлекет дейді.
Осы заманғы мемлекеттердің бәрінде де ең маңызды қызметтер экологиялық қызмет болып табылатындығын атап өтуіміз керек. Осылай көңіл бөліп атап көрсетуіміздің себебі адамзат баласының қазіргі кездегі тіршілік ету әрекетінің қоғамдық масштабта табиғатқа теріс ықпал жасауынан туындап отыр. Мысалдар келтірсек, адамзатты, табиғатты бүлдіру шектен шығуда. Атмосфераның, судың, топырақтың ластануы қатерлі сипат алып бара жатыр, адамды қырып-жоюдан алапат құралдарының жинақталған қорлары бәрі жиналып адам айтқысыз жойқын проблемаларды туындатып отыр.
Чернобыль атом электростанциясының; ядролық апатының өзін еске алсақ та, мұхиттар мен теңіздердегі атом сүнгуір қайықтарындағы апаттарды еске алмасақ дәрісіміз мысалсыз жалаң, яғни дәлелсіз болады. Мысалы, Баренц теңізінде 2000-шы жылдың тамыз айында болған Ресейдің "Курск" атом сүңгуір қайығының апатқа ұшырауы, Каспий теңізінің ластануы салдарынан Каспий итбалығының (тюлень) жаппай қырылуы, Арал теңізінің тартылып, оның құрғап қалған орнынан ұшқан тұзды тозаңдардың Канадаға дейін жетіп жауын-шашынмен жаууы алапат апат емей немене, осы сияқтыларды тізбектей берсе адам баласына төнген қауіптің орасан зор екеніне көз жеткіземіз.
Осы аталғандардың бәрі адам тіршілігінің нәтижесі. Басқаша айтканда, осындай әрекеттер жер бетіндегі бүкіл тіршілік иелерінің өміріне қауіп төндіруде.
Қандай қоғам болса да ғылымсыз, білімсіз, мәдениетсіз өркендеп, дами алмайды. Бұл салада да мемлекет зор қызмет атқаруы керек. Мысалы, Қазақстан мемлекетінде мемлекеттік ғылыми-зерттеу, білім беру, мәдениет мекемелері бар. Оларды мемлекет қаржыландырып, жұмысын реттеп, басқарып, бағыт беріп отырады. Мемлекеттік емес оқу, мәдениет орындарының жұмысын заң жүзінде реттеу арқылы оларға да әсер етеді. Демек, мемлекеттің ғылымды, білім беруді, мәдениетті басқарып, дамытып отыратын функциясы болады.
Аталғандар мемлекеттің ішкі функциясына жатады. Мемлекет басқа мемлекеттермен түрлі, сан алуан қатынастарға түседі. Алдымен мемлекет өзінің тәуелсіздігін, егемендігін, аумағының түтастығын басқа елдердің қол сұғуынан қорғауға, сақтауға әрекет жасайды. Ол өзінің шекарасын бекітеді, күзетеді. Сол үшін қажетті қарулы күштер құрады, басқа мемлекеттермен осыған байланысты шарттар жасасады. Осы міндеттерді атқару мемлекеттің өзін-өзі қорғау функциясы деп аталады.
Мемлекеттер бір-бірімен экономикалық, сауда, мәдени, ғылыми, саяси, құқықтық, т.б. түрлі қатынастарда болуға талпынады. Мұндай қатынастар тең негізде қалыптасатын болса әр елдің дамуына қолайлы жағдайлар туғызады. Осы салада мемлекеттің басқа елдермен қатынас жасау функциясы жүзеге асырылады.
Бейбітшілікте, тыныштықта өмір сүру үшін мемлекеттер өзара келісім-шарттарға отырады, әскери одақтар кұрады, т.с.с. әрекеттер жасап отырады. Қазіргі тарихи жағдайда соғыс, әскери шиеленістер адамзаттың өмір сүруіне шексіз кауіп төндіруде. Сондықтан адамгершілік жолмен дамығысы келетін мемлекеттер соғыстың алдын алу әрекеттерін жасауға тырысады. Демек, мемлекетке бейбітшілік функциясын атқару да тән көрініс болу керек.
Осы айтылғандар мемлекеттің сыртқы функциясына жатады.
Аталған мемлекеттің ішкі және сыртқы функциялары түрлі жолдармен, тәсілдермен жүзеге асырылады. Олар екі топқа бөлінеді: 1) құқықтық; 2) ұйымдастырушылық.
Құқықтық тәсілге жататындар: заң, басқа да нормативтік құкықтық актілер жасау, жедел орындау, іздестіру қызметі, құқық қолдану қызметі, құқық қорғау қызметі. Ұйымдастырушылық тәсіліне жататындар: ұйымдастыру-реттеу қызметі, экономиканы ұйымдастыру қызметі, ғылымды, білім беруді ұйымдастыру қызметі, әскери-ұйымдастыру қызметі.
Дегенмен, осы аталған көзқарастар кеңінен таралмағанын ескере отырып мемлекет қызметтерін жіктеудің төмендегідей түрін ұсынып отырмыз.
1. Пайда болуының себебі бойынша:
-Таптық қайшылықтардың болуынан туындайтын қызметтер;
-Қоғам қажеттілігі туындатқан қызметтер.
2. Бағыты бойынша:
1. Ішкі
а) адам және азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғау қызметі;
ә) меншік формаларын (нысандарын) қорғау қызметі;
б) құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету қызметі;
в) экологиялық қызметі;
г) экономикалық қызметі;
д) әлеуметтік қызметі;
е) ғылыми-техникалық прогресті дамыту қызметі;
ж) алымдар мен салықтарды жинау қызметі.
2. Сыртқы
а) басқыншылық соғыстар жүргізу қызметі;
ә) елді сыртқы шабуылдаулардан қорғау және елдің қорғанысын нығайту қызметі;
б) бейбітшілікті қолдау қызметі;
в) өзара тиімді сауда-саттық қызметі;
г) басқа мемлекеттермен бірлесе отырып әлемдік проблема-
ларды шешу қызметі.
3. Қызметтік әрекеттердің ұзақтығы бойынша
а) тұрақтылары, мемлекет дамуының барлық кезендерінде жүзеге асырылатын тұрақты қызметтері;
ә) уақытшалары, яғни мемлекеттің алдына қойылған белгілі бір міндеттердің орындалуына байланысты тоқтатылатын қызметтер. Әдетте мұндай қызметтер төтеншелік сипатта болады.
4. Қызметтердің маңыздылығы бойынша
а) негізгі қызметтер;
ә) негізгі емес (қосалқы) қызметтер.


Пысықтау сауалдары
1. Мемлекет мәні деген нені білдіреді?
2. Мемлекеттің қызметі дегеніміз не?
3. Мемлекеттің қызмет істеу бағыттарының түрлерін атаңыз.
4. Мемлекеттің әлеуметтік бағыттағы қызметтерінің мазмұнын
баяндаңыз.
5. Мемлекеттің ғылым-білім, мәдениетті басқару, дамыту қызметтері
бағыттарын баяндаңыз.
6. Мемлекеттің экономиканы ұйымдастыру қызметтерінің бағыттары
жөнін баяндаңыз.
7. Мемлекеттің өзін-өзі қорғаудағы атқаратын қызметтерін түсіндіріңіз.
8. Мемлекеттің басқа мемлекеттермен қарым-қатынастарды жасау
қызметін түсіндіріңіз.
9. Мемлекеттің бейбітшілік қызметін түсіндіріңіз.
10. Мемлекеттің қызмет бағыттарын жүзеге асырудың тәсілдерін атаңыз.
СӨЖ – на арналған тапсырма.
ҚР Президентінің 2007 ж. Бағытталғын үндеуін қарастырып Қазақсьан мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық және т.б. қызметтеріне сипаттама беріңіз.

Бесінші тақырып. МЕМЛЕКЕТТІҢ МЕХАНИЗМІ
Мемлекеттің сан қилы қызметін атқаратын механизмі (аппараты) болады. Мемлекеттің механизмі - белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сипатталатын мемлекет органдарының жүйесі. Әр мемлекеттің механизмі оның тарихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық, географиялық, т.б. ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Дегенмен, барлық мемлекеттерге бірдей тән органдар болады.
Негізінен, олар - құкыктық тәртіпті сақтайтын, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін, сыртқы тәуелсіздігін қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде болады. Мемлекет механизміне тән заңдылық - оның органдары тек мемлекет қызметін атқаруға қажет болғанда ғана құрылады. Екінші заңдылығы - бірінің қызметін бірі қайталайтын органдардын болмауы. Мемлекет механизмінің құрылымы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан және мемлекеттік қызметкерлерден ұйымдық қаржыларынан, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді қамтамасыз етуге қажет ықтиярсыз көндіру күштерінен тұрады.
Мемлекеттік органдар өкіметтік қызметтерін жүзеге асырудың барысында өзара тығыз байланыстылықта және бірімен-бірі матасқандық жағдайында болатындығын атап көрсеткен жөн.
Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың биліктік өкілеттіктері болмайды (әкімшіліктерді қоспағанда). Олар экономика, білім, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, спорт және т.б. салаларда жалпы әлеуметтік қызметтерді атқарады.
Мемлекеттік қызметкерлер - бұлар басқару ісімен арнайы түрде айналысатын айрықша топ кұрайтын санаттағы адамдар болып табылады. Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайы арнайы заң арқылы реттелінеді, онда мемлекеттік қызметкерлердің түрлері және міндеттері мен құқықтары айқындалып көрсетілген болып келеді.
Демократиялық құкықтық, әлеуметтік мемлекет ғасырлар сынағынан өткен принциптерге негізделіп құрылады. Мұндай мемлекеттердің механизмі мынадай органдардан тұрады: 1. Өкілдік органдар. Қазақстан Республикасында өкілдік органдар екіге бөлінеді: 1) Жоғарғы өкілдік орган - Парламент. Парламент сонымен қатар бірден-бір заң шығаратын орган; 2) Жергілікті өкілдік органдар - облыстық, аудандық, қалалық мәслихаттар. 2. Мемлекет басшысы. Қазақстанда мемлекет басшысы - Президент. Президент мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін камтамасыз етеді. З.Атқарушы орган. Қазақстанда жоғары атқарушы орган - Үкімет. Жергілікті атқарушы органдар - әкімшіліктер. 4. Орталық басқару органдары. Қазақстанда оларға: министрліктер, мемлекеттік комитеттер, агенстволар, ведомстволар жатады. 5. Сот органдары. Қазақстанда оларға: Жоғарғы Сот, жергілікті соттар, әскери соттар жатады. 6. Прокуратура. Ол зандардың біркелкі орындалуын қадағалайтын орган. 7. Әскер. Оған мемлекеттің әр саладағы қарулы күштері жатады. 8. Барлау, қарсы барлау органдары. 9. Абақты, бас бостандығынан айырылған адамдарды ұстап тұратын орындар.
МЕМЛЕКЕТ ҚҰРЫЛЫСЫ, МЕХАНИЗМІ.

Мемлекет механизмінің негізгі құрылымдық бөлімі мемлекеттік орган. Басқаша айтсақ мемлекеттік орган дегеніміз - билік өкілеттіктерге ие, мемлекет кызметгерін жүзеге асырушы ұйым. Мемлекеттік орган мемлекеттік қызметкерлерден түрады, бұлар-дын айрықша тұрі - лауазымды тұлғалар (адамдар) болып табы-лады. Мемлекеттік кызметкерлерді материалдық игіліктермен қамтамасыз ету қоғамға жүктелген.
Мемлекеттік органның биліктік (өкіметтік) өкілеттіктері болады. Олар:
- атқарылуы (орындалуы) міндетті болып келетін нормативтік құқықтық актілерді қабылдау үшін берілген мүмкіндіктер;
- мемлекеттік органдар қабылдаған актілерді басшылықка алып, алуан түрлі әдістерді қолдана отырып мемлекет бағдарламаларын жүзеге асыру, оларды орындауды қамтамасыз ету болып табылады.
Мемлекеттік органдар түрлі негіздер бойынша жіктеледі:
1. Туындау тәсілдері бойынша:
а)Бастапқы (өкілдік берілген) органдар, мысалы, мүрагерлік монархия, парламент, президент. Бұл органдар басқа қандай бір органдар арқылы кұрылмайды;
б) туынды (үкімет, прокуратура және т. сондайлар). Бүларды бастапқы органдар құрады және бұларға өкіметтік (биліктік) өкілеттіктерді солар береді.
2. Өкіметтік (биліктік) өкілеттіктердің көлемі бойынша:
а) ең жоғарғы (үкімет);
б) жергілікті (әкімшілік).

3. Құзырларының ауқымдылығы бойынша:
а) кұзырларынын жалпылама болып келетіндері (үкімет);
б) құзырлары арнайы түрде белгіленіп берілетіндері (ішкі істер органдары}.
4. Билік бөлінісі қағидаттары бойынша:
а) Заң шығару органдары (Парламент);
б) Атқарушы (Әділет жөне т.б. министрліктер);
в) Сот органдары (соттар).
5. Шешім қабылдау тәртібі бойынша:
а) алқалы органдар, яғни шешімді алқалы түрде қабылдайтындар (Парламент, Үкімет жөне т.б.);
б) жеке дара басшылық органдар, яғни шешімді жеке дара басшылықпен қабылдайтындар (Президент, министрліктер, комитеттер).
Мемлекеттік аппаратты ұйымдастыру мен оның қызмет атқаруын белгілеуде барлық мемлекеттік органдар үшін бірыңғай талаптар қойылады.
Талаптар - мемлекеттік органдарды құру және олардын қызмет атқаруларын айқындау тәсіл-амалдарының бастапқы идеялары, міндетті ережелері, негіздері.
Принциптер түрлері:
1. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы қағидаты - адамдар мен азаматтардың құқыктары мен бостандықтарын мемлекеттік қызметкерлердің тануы, - бұлжытпауы және қорғау болатын міндеттерін айқындайды.
2. Демократизм қағидаты - азаматтардың мемлекеттік органдарды құру және олардың кызметтерін ұйымдастыру ісіне кеңінен қатысуды білдіреді.
3. Билік бөлінісі қағидаты - өкімет (билік) органдары мен лауазымды адамдар (тұлғалар) тарабынан болуы мүмкін басынушылықтар мен зорлық-зомбылықтарды болдырмаудың механизмдерін құрудың, жақтасаудың басты шарты және негізі.
4. Заңдылық кағидаты - Конституцияны, зандар мен заң актілерін барлық мемлекеттік қызметкерлердің міндетті түрде бұлжытпай орындауларын, сақтауларын кажет екендігін білдіреді.
5. Жариялылық қағидаты - құқық субъектілерінің белгілі бір нақты мемлекеттік органдар тарабында атқарылып жатқан істер жөнінде мағлұмат алуын қамтамасыз етуді айқындайтын негіз.
6. Шынайы кәсіпқойлық қағидаты - мемлекеттік аппарат қызметтерінде кәсіби біліктілігі ең жоғары мамандарды пайдалану ісін практикаға, іс жүзіне енгізуді белгілеудің ең басты негізі.
7. Істерді атқаруда алқалылық пен жеке-дара шешім қабылдауларды үйлестіру қағидаты - мемлекеттік аппаратта демократиялық және бюрократиялық бастауларының ақылға қонымды шамада үйлесімді болуын қамтамасыз етудің алғышарттының міндеттік негізі.
8. Сайланбалылық пен тағайындаулардың үйлестірілуі қағидаты - мемлекеттік басқару ісінде децентрализациялау мен орталықтандыру (бір орталыққа бағындыру) шараларының үйлесімділік дәрежесін (айқындау шартын) белгілейтін негіз.
9. Иерархиялық (сатылық) қағидаты - мемлекеттік аппаратта мемлекет органдары әртүрлі деңгейлі дәреже алады, осыған байланысты басшылық бағыныштылықты немесе тең орында тұрады.
Пысықтау сауалдары
1. Мемлекеттік органның түсінігін анықтаңыз. Олардың кұзыреттері қаңдай болады?
2. Мемлекеттік органдар құрылымдарына қарай қалай бөлінеді?
3. Мемлекеттік органдар қызмет өкілеттіктері сипаттары бойынша қалай
жіктеледі?
4. Мемлекет органдары құзырларын іске асыруы бойынша қалай жіктеледі?
СӨЖ-на арналған тапсырма
ҚР Конституциясының 1-5, 40, 41, 50-52, 77-баптарына талдау жасай отырып, онда көрсетілген қағидаларды табыңыз.
Алтыншы тақырып. МЕМЛЕКЕТ НЫСАНЫ (ФОРМАСЫ)
Мемлекет нысаны туралы ұғым
Мемлекет нысаны туралы ұғым ең маңызды мазмұндық сипаттама болып саналады. Методологиялық (әдіснамалық) жағынан алып қарағанда мұның маңызды екенінде сөз жоқ.
Мемлекет нысаны деп мемлекеттік билікті ұйымдастыру мен оның құрылымын айтады.
Мұнда маңызды мәселе: мемлекет нысаны теория жүзінде ғана емес, оның практикалық саяси мәніннің жоғары дәрежеге дейін көтерілуі. Мемлекеттегі биліктің қалай ұйымдастырылып, қалай жүзеге асырылып жатқандығынан мемлекеттік басшылықтың нәтижелілігі, басқарудың ұтымдылығы, үкіметтің мәртебелік беделі мен қадірінің дәрежесі және оның тұрақтылығы, елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің ахуалы, жайы мен күйі көрініп тұрады. Міне, мемлекет нысаны мәселесінің аса маңызды саяси аспектісінің осыларға байланысты болып келетін себебі осы.
Мемлекет нысаны, яғни мемлекеттік биліктің құрылымы, оны ұйымдастыру мағынасы жағынан алып қарағанда әртүрлі аспектілер түрінде көрінеді. Біріншіден - бұл мемлекет пен басқарудың жоғарғы органдарын құру және ұйымдастырудың белгіленген тәртібі. Екіншіден - бұл мемлекеттің аумақтық құрылысын жасаудың тәсілі, орталық регионалдық және жергілікті билік пен басқарулардың өзара қатынастарын белгілеудің тәртібі. Үшіншіден – бұл мемлекеттік (саяси) билікті жүзеге асырудың әдістері, амалдары мен жолдары. Сонымен мемлекет нысаны негізгі үш элементтен, атап айтқанда: мемлекетті басқару нысаны, мемлекеттің құрылым нысанынан және мемлекеттік, саяси режим нысанынан синтезделеді (түзіледі). Осы көрсетілген мемлекет нысаны жөніндегі түсінік бірден қалыптаспаған. Ұзақ уақыттар бойы бұл түсінік басқару нысаны мен мемлекеттік құрылым нысанынан тұрады деп есептелініп жүрді де, кейінірек оған саяси режим, саяси өзгермелілік (динамика да) те қоса қарастырылатын болды.
Мемлекетті басқарудың нысаны
Басқару нысаны ұғымын пайымдағанда мемлекеттік ең жоғарғы биліктің ұйымдастырылуы түсініледі. Әсіресе оның ең жоғарғы және орта органдарының ұйымдастырылуы, олардың құрылымы, құзыреттері, құрылуының тәртіптік реті, өкілеттіктерінің мерзімі, халықпен қатынасу түрлері, халықтың оларды қалыптастыруға қандай дәрежеде қатысатыны түсініледі.
Басқаша айтқанда басқару нысаны - мемлекеттегі жоғары егемендік биліктің ұйымдастырылуы, оның органдарының өзара және халықпен байланысын сипаттайды. Басқару нысаны мемлекет нысанындағы ең басты жетекші элемент болып табылады.
Ежелгі грек философы Аристотель өз заманында басқарудың нысанын жоғарға өкіметтік биліктің жүзеге асырылуының қалай орындалатынына байланысты жіктеген болатын. Онда жоғарға өкіметтік билікті жеке адамның бір өзі атқаратын түрін – монархия, шектеулі адамдар арқылы атқарылатын жоғарғы өкіметтік билік – аристократия және бүкіл халықтың қатысуымен атқарылатын жоғары өкіметтік билік – демократия деп жіктеген болатын.
Басқару нысандарының осы көрсетілген айырым белгілері қазіргі кезге шейін сақталды. Жоғарға билікті жалғыз адам атқара ма? Әлде ол билік сайланбалы алқалы органға тиесілі ме? Міне осы жәйтке байланысты басқару нысаны ерекшелеу барысында ажыратылады. Енді осыны байланыстыра отырып басқарудың монархиялық және республикалық нысандарын атап, бөліп көрсетуге болады.
Монархия – мемлекеттің егеменді жоғары билігі бір адамның қолында өмір бойы болады және атадан балаға мұра (мирас) ретінде беріледі (өтіп отырады). Монарх (патша, король, перғауын (фараон), қаған, хан және тағы басқалар) ешкімнің алдында жауапты болмайды. Ол тек құдайдың алдында ғана жауапты.
Ең алғашқы мемлекеттердің бәрі де монархиялар болған және орта ғасырдағы мемлекеттердің көпшілігі де монархия-тын.
Қазақ жеріндегі бұрын болған мемлекеттер де монархия болған, мұнда мемлекетті қаған, хан басқарған. Бірақ, ханның билігі атадан балаға емес, ағадан ініге мұра ретінде ауысып отырған.
Сонымен, монархия деп жоғарғы билігі бір ғана адамға тиесілі болып келетін мемлекеттегі билікті айтады. Мұндағы бір ғана адамға тиесілі билікті ол адам өз билігімен, қалауынша пайдаланады. Билікті өз билігімен қалауынша пайдалану құқығын ол адам ешқандай да басқа биліктен алған емес.
Монархияның үш түрі болады: а) Шексіз (абсолюттік) монархия. Бұл жерде монарх мемлекеттің бірден бір жалғыз, ең жоғары органы. Оның қолында заң қабылдау, атқару, және сот биліктері шоғырланған. Қазіргі кезде басқарудың мұндай нысаны СаудАравиясы, Біріккен Араб Әмірлігі елдерінде орын алған.
б) Шектеулі конституциялық немесе парламенттік монархия, басқарудың мұндай нысанында елдегі билік (өкімет) монарх пен басқа органдарға бөлінген болып келеді. Мысалы, парламентке. Қазіргі кезде басқарудың мұндай нысаны Ұлыбритания, Бельгия, Норвегия, Швеция мемлекеттерінде бар.
в) Дуалистік монархия. Басқарудың бұл нысанында елдегі мемлекеттік билік монарх пен парламент араларында тең бөлікке түскен болып келеді. Мысаля, өикен замандардағы Пруссия, Австрия, Италия, Румыния, Ресей елдерінде монархтың қолында атқарушы билік (өкімет) болған. Үкіметті жасақтау, өзінің алдында жауапты министрлерді, басқа да лауазымды тұлғаларды тағайындау және оларды орнынан алу құқығына ие болағн. Бұлардан басқа монарх тыйым (вето) құқығы мен парламентті таратып жіберуге шексіз құқықты болған.
Республика. Басқарудың бұл нысаны бойынша мемлекеттегі ең жоғары билік (өкімет) сайланбалы органдарға тиесілі болып келеді. Мұндай органдар белгілі бір мерзімге ғана сайланады және олар сайлаушылар алдында жауапты болады.
Республика билігінің екі жолы бар: президенттік және парламенттік. Президенттік республикада Президентті тікелей халық сайлайды және Президент мемлекет басшысы бола тұрып, негізінен, Үкіметті өзі құрады. Қазақстан мемлекеті – Президенттік басқару нысанындағы республика.
а) Президенттік республика басқарудың бұл нысанында президенттің жеке өзі, парламенттің қатысуымен үкіметті құрады. Үкімет өзінің қызметтері бойынша президент алдында жауапты болады. Басқарудың мұндай нысаны қазіргі заманда Америка Құрама Штаттарында және Қазақстанда орын алған.
б) Парламенттік республика. Мұндай басқару нысаны бар елде парламент заң қабылдайтын ғана емес, сонымен бірге үкіметті бақылайтын да орган болып табылады. Мұндағы президент – мемлекет яғни ел басшысы, ол үкімет басшысы емес. Мұнда үкіметті партиялар құрады. Үкіметке премьер-министр жетекшілік етеді (басқарады) (премьер-министр лауазымы басқаша аталуы мүмкін).
Парламенттік республикада мемлекет билігінің жоғары органдарының жүйесі Парламенттің басымдылық принйипіне негізделген. Парламенттің аалдында үкімет өзінің саяси қызметі үшін алқалы түрде жауап береді. Үкімет Парламенттің сеніміне сүйеніп қызмет істейді. Парламент Үкіметті қолдамаса, ол қызметін тоқтатады.
Парламенттік-президенттік аралас республикалар да кездеседі (мысалы, Қырғызстан Республикасы, Португалия), онда Үкіметті Президент пен Парламент бірлесе отырып жасақтайды, құрады.
Формалды тұрғыдан қарасақ, басқару нысанынның мемлекеттік құрылысқа шешуші әсер етпейтінін байқаймыз. Мысалы, монархиялық Жапония немесе Ұлыбритания әлдеқашаннан демократиялық құқықтық мемлекет екені белгілі. Республикалық Кеңестер Одағы мұндай мемлекет бола алмады. Патшалық Ресей демократиялық та, құқықтық та мемлекет болмаған еді. Ал Франция Республикасын бұрыннан демократиялық басқарудан республикалық басқару нысанындағы демократиялық, құқықтық мемлекеттің мазмұнына көбірек сәйкес келеді.
(a) Мемлекеттің аумақтық құрылымы
Әрбір мемлекеттің аумағында мемлекеттің аумақтық құрылымы оның ішкі құрылысын анықтайтын құрамды бөлшектерге бөлінеді. Сол аумақтық құрылымның көлемінде мемлекеттің аумақтық бөліктерінің жүйесі қалыптасады. Солардан мемлекет, мемлекет органдарының байланыс жүйесі түзіледі. Мемлекеттің тұтастай және оның әрбір аумақтық бөлігінің құқықтық мәртебесінің сипаты да соған байланысты болады. Мемлекет аумағының аталған түзілімін мемлекеттік құрылым дейді. Демек, мемлекеттік құрылым - тұтастай мемлекет пен оның бөліктерінің белгілі түрдегі құқықтық қатынастарын сипаттайтын мемлекеттің аумақтық ұйымдастырылуы болып табылады.
Мемелекеттік құрылымына байланысты барлық мемлекеттер қарапайым (унитарлы) және күрделі болып екі топқа бөлінеді.
Унитарлық мемлекеттің ішкі аумақтық құрылымында басқа мемлекеттер болмайды. Осы мағынада унитарлық мемлекет біртұтас мемлекет деп аталады. Унитарлық мемлекет, әдетте тек әкімшілік-аумақтық бөліктерге бөлінеді де, мелекеттің әкімшілік-аумақтық құрылымын құрайды. Әкімшілік-аумақтық бөліктерге ерекше құқықтық мәртебе берілмейді. Мұндай мемлекетте бір ғана Конституция, бір ғана заң шығаратын жоғары орган, бір ғана жоғары басқару органы, біртұтас азаматтық болады. Қазақстан Республикасы – унитарлық мемлекет.
Унитарлық мемлекет – тұтас орталықтандырылған мемлекет. Оның әкімшілік-аумақтық бөліктерінде мемлекеттік құрылым мәртебесі және егемендік құқықтар болмайды. Унитарлық мемлекетте жоғарғы органдардың, заң қабылдаудың, соттардың бірыңғай жүйелері құрылады. Онда бірыңғай азаматтық және бір арналы салық жүйесі болады.
Күрделі мемлекет – мұндай мемлекеттердің құрамдас бөліктерінің белгілі бір дәрежеде дербестігі болады. Күрделі мемлекеттерге империя конфедерация, федерация, достастық және бірлестіктер құрған мемлекеттер жатады.
Империя – күш жұмсаудың нәтижесінде құрылған күрделі мемлекет. Бұл мемлекеттің құрамдық бөліктері жоғарғы өкімет (билік) орындарына тәуелді болып келеді. Империялардың бір ерекшелігі, олардың құрамдық бөліктерінде ешқашанда бірыңғай мемлекеттік-құқықтық мәртебе болған емес. Мысалы, тарихта белгілі Рим империясы, Британия империясы және т.б. жатады.
Конфедерация – белгілі бір тарихи кезеңде, өздерінің алдына қойған мақсаттарына жету үшін егеменді мемлекеттердің уақытша жасасқан келісімдері бойынша құрылған одақ. Мемлекеттердің уақытша құрған одағы алдына қойылған мақсаттары бойынша түрлі болуы мүмкін, олар: әскери, экономикалық және саяси да болады. Сонымен, мұндай мемлекеттердің одағын – егеменді мемлекеттер одағы деп атайды. Мысалы, АҚШ-тағы 1776-1787 жылдардағы әскери одақ, бұрынғы КСРО-ның орнында құрылған тәуелсіз мемлекеттер достастығы (ТМД). Конфедерациялық одақ құрған егеменді мемлекеттер халықаралық-құқықтық қатынастардың субъектісі олардың басқару жүйесі, әділсот органдары бұрынғыдай өз қызметтерін жалғастыра береді.
Федерация – бұл мемлекет күрделі одақтық мемлекет, оның құрамдас бөліктері мемлекеттік құрылымдар болып табылады. Олардың белгілі бір мөлшерлі шамада (дәрежеде) егемендігі болады. Федерациялық одақ децентрализациялау қағидатына негізделеді.
Федерацияда жоғарғы федералдық органдар және федералдық заң қабылдау жүйелерімен қатар федерация субъектілерінің жоғары органдары мен заң қабылдау жүйелері қатарласа өмір сүреді, федерацияда қос арналы салық жүйесі орын алады. Федерацияның нысандық белгісіне қосарланған азаматтықтың болуы жатады. Федерациялар аумақтық немесе ұлттық-мемлекеттік қағидат бойынша құрылуы мүмкін. Мысалы, АҚШ мемлекеті федерация-штаттардың 51 субъектілерінен, ал Ресей Федерациясы – 89 федерация субъектілерінен (Республикалар, округтер, өлкелер және т.б. тұрады). Гермения- 10-нан аса федерация – жерлер субъектілерінен тұрады.
Достастық – белгілі бір дәрежеде тектес болып келетін ортақ белгілерімен (нышандарымен) сипатталатын мемлекеттердің ұйымдасқан түрдегі бірлестігі. Мұндай бірлестікті біріктіретін белгі (нышандары) экономикаға, құқық жүйесіне, тіл, мәдениет, дін салаларына қатысыты болып келеді. Мысалы Еуропа Одағы және т.б.
Бұл бірлестіктің мүшелері толығынан алғанда тәуелсіз, егеменді мемлекеттер, олар халықаралық қатынастардың субъектілері болып табылады.
Мемлекеттер бірлестігі - қоғамның мемлекеттік болып ұйымдасуының өтпелі кезеңдеріне тән нысан. Мемлекеттер бірлестігін құрудың негізнде, әдетте, мемлекетаралаық келісім (шарт) жатады, оның өзі көп жағдайларда бірлестікке кірген мемлекеттер арасындағы интеграциялық байланыстарды нығайта түседі. Сөйтіп бірлестік мемлекеттерінің конфедеративтік бірлестікке қарай бірте-бірте дамуына жол ашады.
Мемлекеттің саяси режимі
Саяси режим дегеніміз мемлекеттік өкімет билігін жүзеге асыру әдістеренің жиынтығы.
Саяси режимдердің түрлері:
а) демократиялық;
б) антидемократиялық.
Антидемократиялық саяси режим өз кезегінде:
а) авторитарлық;
б) тоталитарлық;
в) фашистік режимдер болып жіктеледі.
Демократиялық саяси режимның белгілері:
1. Әр түрлі партиялардың, бірлестіктердің, қозғалыстардың Конституция шеңберінде еркін, бостандық жағдайында әрекет етеді, қызмет атқарады.
2. Идеологиялық плюрализм, яғни, қоғамда әр түрлі идеологиялық ағымдардың, бағыттардың болуына және үстемдік етуші бірден-бір идеологияның болмауына жағдайлар жасалады.
3. Мемлекет өз органдарын, негізінен сайлау жолымен құрады.
4. Қоғамда демократиялық құқықтар мен бостандықтар орын алады. Оларды, шын мәнінде, қамтамасыз етьу кепілдері жасақталады.
Антидемократиялық саяси режимнің белгілері:
1. Демократиялық партиялар мен ұйымдарға тыйым салынады.
2. Идеологиялық плюрализм болмайды, мемлекетте үстемдік етуші идеология орнығады.
3. Сайлау жолымен құрылған органдар болмайды.
4. Демократиялық құқықтар мен бостандықтар шектеледі.
5. Жаппай қуғын-сүргін және заңсыздықтар орын алады.
6. Авторитарлық режим антидемократиялық режимның бір түрі ретіндегі
7. сипаты персонофикацияланады, яғни, нақты билеушілер түрінде көрініс табады, олар диктатура (шексіз билік) орнатады.
Тоталитарлық режимның белгілері:
1. Мемлекетте бір ғана саяси партия үстемдік етеді, ол мемлекеттік биліктің ұйтқысы болады.
2. Бір ғана идеология үстемдік етеді, идеологиядағы плюрализмге төзбеушілік етек алады.
3. Қоғамда жеке адамға табыну мемлекет тарапынан қамтамасыз етіледі.
4. Мемлекет әкімшіл-әміршіл жүйе арқылы басқарылады.
5. Азаматтардың құқықсыздығы, олардың жүріс-тұрысы мен іс-әрекеттерінің жөн-жобасы қатал түрде реттеліп, жүзеге асырылады.
6. Шектен шыққан әлеуметтік бөспелік (демагогия) орын алады.
Пысықтау сауалдары:
1. Мемлекет формасы түсінігін айтыңыз.
2. Республика мен монархия айырмашылығы неде?
3. Республика ұғымы және оның түрлері.
4. Мемлекеттің құрылымдық нысаны ұғымын ашыңыз.
5. Унитарлық пен федерация анықтамасын беріңіз.
6. Саяси режим анықтамасының мазмұнын баяндаңыз. Мемлекеттің саяси режимның қандай түрлері бар?
7. Мемлекеттің саяи режимінің демократиялық түрінің сипаттары неден тұрады?
8. Мемлекеттің антидемократиялық түрлерінің сипаттары қандай?
СӨЖ-на арналған тапсырма
АҚШ, Франция, Германия, Ресей мемлекеттерінің басқару формаларына сипаттама беріңіз. Бұл үшін әр елдің конституциясын текстерін және бүгінгі таңдағы қоғамдық-саяси ақпаратты пайдаланыңыз. «Конституции 16 стран мира» кітабын пайдаланыңыз.
МЕМЛЕКЕТТІК САЯСИ РЕЖИМДЕРДІҢ ТИПОЛОГИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛІЛІК БЕЛГІЛЕРІ

Жетінші тақырып. МЕМЛЕКЕТ ТИПТЕРІ
Мемлекет типологиясы (жіктелуі, топтастырылуы) дегеніміз мемлекеттерді өздеріне тән айырымдық белгілері негізінде біріктіріп топтастыруға мүмкіндік жасайтын, сөйтіп оның тарихи дамуындағы қисынын (логикасын) айқындайтын ғылыми жіктеу болып табылады.
Мемлекеттерді типке бөлудің екі тәсілі бар:
1. Формациялық тәсіл; 2. Өркениеттік тәсіл. Мемлекеттерді формацияға бөлу қоғамның экономикалық және әлеуметтік құрылысының ерекшеліктеріне байланысты. Мұндай тәсілді қолдану нәтижесінде қоғам таптарға бөлінеді де, олардың әрқайсысының экономикалық жүйеде өзінің ерекше орны болады. Құлдық дәуір коғамында негізінен екі үлкен тап: құл иеленушілер мен құлдар болған. Жеке меншік құл иеленушілердің қолында болып, құлдар тек жұмыс істейтін құрал ретінде пайдаланылған. Сондықтан мемлекет те негізінен, құл иеленушілердің еркін білдіріп, солардың мүддесін қорғаған. Ондай мемлекетті құл иеленушілік мемлекет дейді. Феодалдық қоғам феодалдар мен шаруаларға бөлініп, ол қоғамның экономикалық негізін феодалдар және шаруалардың жеке меншігі құраған. Бұл қауымды феодалдық қоғам деп атайды. Феодалдық қоғамда да екі негізгі тап: феодалдар және оларға басыбайлы шаруалар болды. Мұндай қоғамдағы мемлекет феодалдық мемлекет деп аталды. Себебі, ол негізінен, феодалдардық еркін білдіріп, солардың мүддесін, меншігін қорғайды, шаруаларды феодалдарға бағынуға мәжбүрледі. Буржуазиялық қоғам да негізінен, екі таптан тұрады: буржуа жеке меншік иелері және өз еңбегінің күшімен ғана өмір сүретін жұмысшылар, шаруалар, ой еңбегі қызметкерлері. Мұндай қоғамда мемлекет, негізінен, жеке меншік иелерінің мүддесін қорғайды. Сонымен қатар қоғамда таптардың арасында қайшылықтардың асқынып кетпеуі үшін шаралар қолданылып, құқықтық тәртіп орнатуға қажетті әрекеттер жүзеге асырылады.
Марксизм-ленинизм ілімі негізінде XX ғасырдың басында социалистік мемлекет дүниеге келді. Мұндай мемлекеттің типі әр түрде қалыптасты. Оның басқа типті мемлекеттерден түбегейлі ерекшелігі – еңбекшілердің, жұмысшы табы мен шаруалардың еркін баянды етіп, солардың мүддесін қорғайтын мемлекет ретінде жариялануы болды.
Формациялық тәсілді пайдаланып мемлекеттер типологиясын жасағанда айырымдық белгі ретінде қоғамдық-экономикалық формация категориясын яғни өндіріс тәсілінің әйтеуір біріне негізделген қоғамның тарихи түрі (типі) алынады. Формациялық типология бойынша мемлекеттердің төрт түрі болады, олар:
- құл иеленуші;
- феодалдық;
- буржуазиялық;
- социалистік.
Қазіргі кезде мемлекеттің шығыстық типі (түрі) деген қарастырылуда, ол құл иеленуші мемлекеттен бұрын болған.
Мемлекет типтерін егжей-тегжейлі қарастырар болсак, онда төмендегідей мемлекеттер сипаттарына тоқталамыз:
1. Шығыстық мемлекет (батыс елдері ғалымдарының зерттеулерінде осылай аталады) (Египет (қазақша: Ежелгі Мысыр), Вавилои (қазақша: Ежелгі Бабьш). Бұл мемлекеттердің географиялық орналасуы мен табиғаттық жағдайлары ірі-ірі суландыру жүйелерін салу жұмыстарын ұйымдастыруды қажет еткен.
Сондықтан да бұл мемлекеттерде жерді суландыру құрылыстарына мемлекеттік меншік болды және мұның өзі сол мемлекеттің экономикалық негізін құрады. Осыдан барып шығыстық мемлекеттің қызметтері анықталды, ол қызметтер:
а) Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;
б) Салықтар мен алымдарды өндіріп алу (жинастыру);
в) Өзінің аумағын қорғау немесе бөгде мемлекеттің жер аумағын жаулап алу;
г) Қауымдастар мен құл-күндердің қарсылықтарын басу.
Мемлекеттік биліктің ұйымдастырылу түрі шығыстык деспотия түрінде болатын. Бүкіл билік мұрагер монархка тиесілі болып, мемлекетті қуатты әскери-бюрократтық аппараттық күшімен басқарған.
2. Құл иеленуші мемлекет (Ежелгі Грекия, Ежелгі Рим). Бұл мемлекеттердің экономикасының негізі (базисі) тек өндіріс құралдары мен жабдықтары ғана емес, сонымен бірге өндіруші күштер болып табылатын құлдар да құл иеленушілердің меншігі болатын. Мұнда құл иеленушілер және құлдар негізгі таптар еді, бұлардан басқа әлеуметтік топ – қоленершілер болатын және т.б.
Мемлекеттің қызметтері:
а) құл иеленушілердің жеке меншігін қорғау және қызметкерлерді қанауға жағдайлар туғызу болатын;
б) құлдардың қарсылықтарын болдырмау, оларды басып, езу-жаншуды ұйымдастыру;
в) тәртіпті сақтау, тәртіпке келтіру мақсатында идеологиялық күш жұмсап ықпалын тигізіп отыру.
Бұл мемлекеттерде мемлекеттік билікті (өкіметті) ұйымдастырудың монархия және республика түрінде болатын.
3. Феодалдық мемлекет, бұл мемлекеттердің экономикалық базисі (негізі) - жерге, толық басыбайлы шаруаларға жарым-жартылай түріндегі меншік иесі болу феодалдардың үлесі болатын. Мұндағы негізгі таптар феодалдар және басыбайлы шаруалар еді. Аралық тап - қолөнершілер мен т.б. болатын.
Мемлекет қызметтері:
а) Феодаддық меншікті қорғау;
б) қаналушы таптың қарсылығын басу;
в) сыртқы шабуылдардан қорғану және басқаларды басып алушылық (басқыншылық) соғыстарын жүргізу.
Мемлекеттік билікті (өкіметті) ұйымдастыру түрі - әртүрлі монархия. Басқарудың республикалык түрі (нысаны) тек қала – республика болғандарда кездесіп отырған (мысалы, Генуя, Псков).
4. Буржуазиялық (капиталистік) мемлекет. Мұндай мемлекеттің экономикалық базисі - өндіріс кұралдарына жеке меншіктің болуы, ал негізгі таптары буржуазия мен жүмысшылар, әлеуметтік таптарына - люмпен - пролетариат (қайыршыланғандар) жатады.
Мемлекет қызметтері:
а) экономикалық яғни белсенді түрде қатысып араласу арқылы экономиканы мемлекеттік реттеу;
б) әлеуметтік (Халықтың кедей топтарына қолдау көрсету және т.б.).
Мемлекеттік билікті ұйымдастырудың түрі (нысаны) сан қилы (республикадан монархияға шейін).
5. Социалистік мемлекет.
Экономикалық базисі (негізі) – жер және т.б. қоғамдық мемлекеттік меншікте болды. Негізгі тап – жұмысшылар мен шаруалар. Әлеуметтік топ ретінде интеллигенция алға шығады.
Кызметі:
а) мемлекеттің, қоғамның және еңбекшілердің мүддесін корғау;
б) экономикалық;
в) әлеуметтік.
Мемлекеттік билікті ұйымдастыру түрі (нысаны) - республика.
Мемлекеттер саяси режиміне байланысты төмендегідей түрлерге жіктеледі:
1. Тоталитарлық мемлекет – бұл мемлекетте билік диктаторлық немесе билеуші элитаның қолына шоғырланған. Адам мемлекет алдында бишара, мүсәпірлік халде болады. Бұл мемлекетте заң рұқсат еткеннен басқаның бәріне тыйым салынған.
2. Авторитарлык мемлекет тоталитарлық мемлекеттен шектеулі болса да демократиялығының көбірек болуымен ерекшеленеді.
3. Либералдық мемлекет жеке тұлғаның құқықтық әлеуетін аша түсуге жағдайлар жасайды. Мұнда заңмен тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етілген қағидаты орын алған болып келеді.
4. Демократиялық мемлекет. Бұл мемлекетте азаматтар мемлекет істеріне қатысады. Маңызды мемлекеттік органдардың бәрі халық бақылауында тұрады. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары шынайы (нақты) болып келеді. Мемлекет жеке адам мен коғамға қызмет етумен болады.
Заң ғылымында "өркениет" ұғымына негізделген мемлекеттер типологиясына басқаша тәсіл колдану баршьшық. "Өркениет" ұғымы діни, ұлттық географиялык және басқалай да белгілерге (нышандарға) байланысты болып келетін қоғамдық дамудың, материалдық және рухани мәдениеттің деңгейі ретінде түсініледі. Өркениет өзінің дамуында бірнеше кезеңнен өтеді.
Бірінші – локальдық (жергілікті) өркениет, бұлардың әркайсысының өзіндік өзара байланысқан әлеуметтік институттар жиынтығы болады, олардың ішінде мемлекетте бар (Ежелгі мысырлық шумерлік, үнділік, эгейлік);
Екіншісі - өздеріне тән мемлекет типтері сәйкес келетін ерекше өркениеттер (үнділік, қытайлық, батыс-европалық, шығыс-европалық, исламдық және т.б.);
Үшіншісі – осы заманғы өркениет; мұндай өркениеттің мемлекеттіліктері тек енді ғана қалыптасудың үстінде және оларға тән нәрсе әлеуметтік-саяси құрылымдардың дәстүрлері мен осы заманғыларының бірлесіп күнелтуі.
Өркениеттерді және олардың мемлекеттіліктерін типологиялау үшін әртүрлі негіздер бар, мысалы – хронологиялық, генетикалық, кеңістіктік, діни деп жіктеп айтуға болады.
Мемлекетті өркениетті тәсілмен сипаттағанда оның қоғамды басқару жолдары қандай екені, экономиканы, мәдениетті дамытудағы атқаратын қызметі айқындалады. Осы тұрғыдан қарағанда мемлекеттер алғашқы өркениеттегі және кейінгі өркениеттегі мемлекеттер деп екі топқа бөлінеді. Алғашқы өркениеттегі мемлекет шексіз билікке негізделеді де, біріктіруші және ұйымдастырушы күш ретінде қоғамның әлеуметтік және экономикалық құрылымы анықталады. Бұл - көне грек, шумер, ассировавилон, иран, бирма, жапон, т.б. елдердегі саяси ұйымдар. Кейінгі өркениеттегі мемлекеттік билік алғашқы өркениеттідей аса қуатты барлық қоғамды қамтып, басқарған күшті емес. Мемлекет көп жағдайда мәдени-діни жүйеге бағынған. Мемлекет басшысы заңдарды, қағидаларды бекіткеннен кейін оларды өзі сақтауы керек, әйтпесе, оның билігі заңсыз болып саналады. Бұларға Батыс Еуропа, Шығыс Еуропа, Солтүстік Америка, т.б. мемлекеттері жатады.
Мемлекеттерді өркениет тәсілімен түрлерге бөлуде мемлекеттердің мемлекеттік және әлеуметтік-экономикалық құрылысын қоғам дамуының рухани ізгілік және мәдени факторларымен салыстыра отырып шешеді. Сонда:
Өркениет - әлеуметтік-мәдени жүйе. Бұған қоғамның тіршілік етудегі болмысының әлеуметтік-экономикалық жағдайлары, этникалық (халықтық), діни негіздері, адам мен табиғаттың үйлесу деңгейінің дәрежесі, сондай-ақ тұлғаның (жеке адамның) экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани бостандығының деңгейі кіреді.
Өркениет дегеніміз қоғамның салыстырмалы түрде тұйықталған және локалдық (жергіліктілік) ахуалы.
Осы ахуал – діни, психологиялық, мәдени, географиялық және басқа да белгілерінің ортақтығымен сипатталады. Бұл ахуалдың негізгі ерекшелігі – дін мен оның ұйымдасу тұрпаттары (формалары) өзгеріссіз кала береді.
Пысықтау сауалдары
1. Мемлекеттерді типтерге бөлудің мәнісі мен мағынасы және тәсілдері.
2. Мемлекеттерді формадиялық тәсілдер бойынша типке бөлудің мәні неде?
3. Мемлекеттерді өркениеттік тәсіл бойынша бөлудің мәні неде?
Сегізінші тақырып. ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ
Құқықтық мемлекет дегеніміз жеке адам және қоғам мүддесін корғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген мемлекет. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру ісі қоғамды демократияландыруға, құқықтық тәртіптің және заңдылық принциптерінің сақталуына негізделеді.
Құқықтық мемлекет – басқаша түсіндірсек ол жеке тұлға мен қоғамның құқықтары мен бостандықтарының құқықтық қорғалуын өзінің негізгі мақсаты етіп қойған мемлекетті айтады. Бұл мемлекет өз мақсатын орындауда төмендегідей қағидаттарға сүйенеді:
а)құқыктың басымдылығы;
б)адам мен азаматтың құқықтық қорғалуы;
в)мемлекеттік биліктің бөлінуі;
г)заң үстемдігі;
д)құқық пен заңның тұтастығы;
е)мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауаптылығы;
ж)азаматтық коғамның орнауы;
з)қоғамның құқықтық мәдениетінің жоғары болып, оның құқықтық санасы деңгейінің биікке көтерілуі;
и) соттардың тәуелсіздігі;
к) антимонополиялық құрылымдардың тұрақты түрде қызмет істеуі.
Құқықтық мемлекетте барлық субъектілер өз әрекеттері бойынша жауапты және құқықтық тендікті сақтай отырып құрылуы тиіс. Сондықтан күкықтық мемлекетте субъектілердің әрекет ету қағидаттары төмендегідей болады:
а) "Заңда тікелей көрсетілген әрекеттерге ғана рұқсат берілген" қағидат мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғаларға ғана қатысты болып келеді.
б) Құқық субъектілерінің қайсысына болсын атап-атап көрсеткенде азаматтар, занды тұлғалар мен басқалай да шаруашылық субъектілеріне қатысты "заңмен тікелей тыйым салынбағанның бәріне рүқсат етілген" қағидаты басшылыққа алынады.
Адам және азамат қүқықтары мен бостандықтарьш ең толық түрде қамтамасыз етудің тиісті жағдайларын жасау, сондай-ақ билікті асыра пайаалануға, оның диктатураға, деспотияға өзгеріп кетуіне жол бермеу үшін мемлекеттің билікті дәйекті түрде құқық аркылы шектеп отыруы – құқықтық мемлекеттің мақсаты болып табылады.
Елдегі атқарылатын барлық істер мен әрекеттерінде заң мен құқыққа жүгінетін қиялдағы мемлекет құқықтық мемлекет идеясы ежелден бері бар екендігін Платон өзінің "Заңдар" деген диалогіндегі "Заңы пәрменсіз және оның өзі әлде біреудің билігінде кеткен мемлекеттің жуык арада күйрейтініне сенімім кәміл. Ал, заңы - әміршілердің билеушісіне айналған және олар заңның құлы болған мемлекет есен-сау болады және ондай мемлекетке игіліктердің қандайын болса да құдайдың үйіп-төгері айдан анық деп есептеймін" деп түйіндегенінен пайымдаймыз.
Францияның ұлы ойшылы Ш.Л. Монтескье өзінің "Заңдар рухы туралы", "Заң рухы туралы қорғаныш" деген еңбектерінде, ағылшын философы Дж.Локк өзінің "Мемлекетті басқару туралы екі трактаты" атты шығармасында, неміс философтары Кант "Құқық туралы ілімнің метафизикалық бастаулары" деген еңбегінде, Ф.Гегель "Құқық философиясы" деген еңбегінде құқықтьіқ мемлекеттің негізгі қағидаттарын тұжырымдаған болатын.
Зорлық-зомбылықтарға, диктатура мен тиранияның орнауына жол бермеу мақсатындағы құқықтық мемлекеттің ең басты кағидаты билік бөлінісі болып табылады.
Билік бөлінісі қағидатының ең басты талабы саяси бостандықтарды нығайтуға, заңдылықты қамтамасыз етуге, қайсыбір әлеуметтік топтың, мекеменің, немесе жеке адамның өздеріне берілген билікті асыра пайдалануына жол бермеуге бағытталады. Осы талаптың орындалуы мемлекеттік билікті заң шығарушы (халық сайлаған және заң қабылдау арқылы қоғамның даму стратегиясын жасауға тиісті болып келетін), заң атқарушы (биліктің өкілді органдары тағайыңдаған және қабылданған заңдарды жүзеге асыру мен жедел шаруа істерімен айналысатын) және сот (құқықты қалпына келтіру мен кінәлілердің әділ жазалануына кепіл болатын) тармақтарына бөлу арқылы іске асырылады.
Есте болатыны мұндағы әрбір билік өз алдына дербес және бір-бірін тежейтін бола тұра - өздерінің қызметтерін ерекше органдар жүйесі және тежемелік әрі тепе-теңдік жүйелері түріндегі айрықша нысандар арқылы жүзеге асырып отыруы тиіс.
ҚР Конституцияда бекітілген "тежемелік әрі тепе-теқдік" жүйесі нақтыланған мемлекеттік билікке заң қабылдау, атқарушы және соттарға қатысты кұқықтық шектеулердің жиынтығы болып табылады. Мысалы, заң қабылдау билігіне қатысты "тежемелік әрі тепе-теңдік" жүйесінде Президент үлкен роль атқарады, әсіресе бұл "заң қабылдау билігі" асығыс шешім қабылдағанда Президент кідірте тұру ветосы құқығын қолданады. Ал енді атқарушы билікке қатысты тежемелерге Президент билігінің мерзімі, Президентке импичмент жариялау, Үкіметке сенімсіздік білдіру вотумы жатады.
Парламент тарапынан болатын тежемелерге атқарушы органдардың жауапты қызметкерлеріне заң қабылдау құрылымдары құрамына сайлануға, коммерциялық істермен айналысуға тыйым салу ветолары жатады. Сот билігіне Конституцияда, істерді жүргізу заңдарында көрсетілген мына кағидаттар құқықтық шектеулер болады: кінәсіздік презумпциясы, қорғалуға құқықты болу, азаматтардың заң мен сот алдында тең құқықтылығы, сот ісін жүргізудің жария және жарыссөз түрінде болуға тиістілігі, сотқа қарсылық білдіру және т.с.с. жатады.
Импичмент – дегеніміз жоғары лауазымды тұлғаға сенімсіздік білдіру, оны лауазымнан тайдыру, оны заң алдындағы жауаптылыққа тарту.
Мемлекет пен түлғаның (адамның) өзара жауаптылығы қағидатын түбегейлі қарастырған жөн. Бүл қағидатта мемлекет – саяси биліктің сақтаушысы ретінде мемлекет пен азамат арасындағы қатынастардың өнегелік құқықтық бастауларын білдіреді. Ал азамат болса сол қатынастардың іске асырылуы кезіндегі қатысушысы болып табылады.
Мемлекет қоғам мен жеке тұлғаның бостандықтарын заңдар арқылы арнайы белгілей отырып, сонымен бірге мемлекет өзінің де әрекет ету шектерін белгілейді. Заңдар арқылы мемлекет өзіне міндеттерді қабылдауы тиіс. Бұл міндеттер мемлекетке оның азаматтар, қоғамдық ұйымдар мен басқа мемлекеттермен болатын қатынастарында әділеттілік пен тең құқықтылықты қамтамасыз ету үшін қажет.
Мемлекеттік органдар құкыққа тәуелділікте бағынышты бола тұрып, оның ұйғарымдарын бұза алмайды, ал оның ұйғарымдарын бұзғаны немесе орындамағаны үшін жауапты болады.
Заңның мемлекеттік билік үшін міндеттілігі кепілдер жүйесі арқылы қамтамасыз етіледі, ал мұның өзі әкімшілік тарапынан зорлықтардың болуына жол бермейді. Мұндайларға Үкіметтің өкілді органдар алдында жауапты болуы, мемлекеттің әртүрлі деңгейдегі лауазымды тұлғаларының нақты адамдардың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіргені үшін, билігін асыра пайдаланғаны, қызмет бабын бас пайдасына пайдаланғаны үшін импичмент және т.б. түрдегі тәртіптік, азаматтық құқықтық немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылатындығының заңдарда көрсетілулері жатады.
Мемлекеттік құрылымдардың міндеттемелерін орындау барысын көпшілік (қоғам) тарапынан бақылау (қадағалау) нысандары референдум, сұрау салу, сайлаушыларының алдында депутаттардың есеп берулері халық алдында әкімдердің есеп берулері түрінде болуы мүмкін. Жеке тұлғаның мемлекет алдындағы жауаптылығы да сондай құқықтық бастаулар негізінде құрылады. Мемлекеттік көндіруді қолдану құқықтық сипат түрінде жүргізілуі тиіс, тұлға бостандығының мөлшер шамасы сақталып, ол өз қалпын бұзбауы тиіс, ол тұлғаның құқық бұзушылығы мөлшерінен аспауы және жасаған қүқық бұзушьшығына сай қатаң жазалы болуы тиіс. Сонымен мемлекет пен тұлға араларындағы қатынастар өзара жауаптылық негізінде жүзеге асырылуы тиіс.
Құқықтық мемлекеттің басты белгілерінің бірі азаматтық қоғамның орнығуы болып табылады.
Азаматтық қоғам дегеніміз имандылық, өнегелік, діни, ұлттық, әлеуметтік-экономикалық, отбасылық қатынастар мен институттардың жиынтығы, осылардың көмегі арқылы жеке адамдар мен олардың топтарының мүдделері қанағаттандырылады.
Азаматтық қоғам құқықтық мемлекеттің негізі болып табылады. Азаматтық қоғам болмаса құқықтық мемлекет те болмайды.
"Азаматтық коғам" ұғымын өткен замандардың ұлы ойшылдары Аристотель, Цицерон, Г.Гроций, Т.Гоббс, Дж.Локк, Гегель, К.Маркс және т.б. тұжырымдаған болатын.
Азаматтық коғамның негізгі идеясы адамның қоғамдағы басымдылық идеясы, адамның дербестік идеясы, өз әрекеттерін құқықты құрмет тұта отырып, ең алдымен өнеге мен имандылық қағидаттарына сүйене отырып жүзеге асыруға қабілетті болу идеясы. Сонымен бірге, азаматтық қоғамның болмысына мемлекет араласпауы тиіс, ал оның араласуы тек құқық бұзушылық болған жағдайда ғана болуы мүмкін.
Егер де азаматтық коғамның толық сипаттамасын жасауға талпынар болсақ, онда – азаматтық қоғам дегеніміз нақты адамға арнайы бағытталған, оның бойында құқықтық дәстүрлер мен заңдарға, жалпы ізгілік, имандылық, өнегелік идеяларына (мұраттарына) құрмет сезімін тудыратын, шығармашылық және кәсіпкерлік істер азаттығын (бостандығын) қамтамасыз ететін, ондай істерде сәттілікке жетуге мүмкіндіктер жасайтын, адам мен азамат құқықтарын жүзеге асыруда мемлекет әрекеттерін шектеу мен қадағалаудың тетіктерін (механизмдерін) табиғи түрде байланысты етіп жасайтын азат демократиялық құқықтық қоғам.
Азаматтық қоғам құрылым ретінде мына жүйелерден тұрады:
а)әлеуметтік;
б)экономикалық;
в)саяси;
г)рухани-мәдени;
д) ақпараттық.
Бұдан да толығырақ алғанда азаматтық коғамның күрылымы мынадай бөліктерден тұрады:
1. Мемлекеттік емес, әлеуметтік-экономикалық қатынастар мен институттар (меншік, еңбек, кәсіпкерлік).
2. Мемлекетке тәуелді емес өндірушілер (жекеше фирмалар мен т.б.).
3. Қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер.
4. Саяси партиялар мен қозғалыстар.
5. Тәрбие беру аясы мен мемлекеттік емес білім беру.
6. Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары.
7. Отбасы.
8. Шіркеу, мешіт, және т.с.с.
Азаматтық қоғамның белгілері:
- адам және азаматтың құқықтары мен бостаңдықтарын ең толық түрде қамтамасыз ету;
- өзін-өзі басқаруы;
- оны құрайтын құрылымдар мен ондағы түрлі халық топтары арасында болатын бәсекелестік;
- қоғамдық пікірдің еркін түрде қалыптасуы және көппікірлілік (плюрализм);
- бүкіл жалпылык хабардар болу және ең алдымен ақпарат алуға адам құқықтарынын іс жүзінде жүзеге асырылуы;
- адамдардың тіршілік етуін қоғамның үйлестіруі (координация-келісімділік) қағидатына негізделеді (мемлекеттік аппаратта қызмет ету субординация қағидатына қарай құрылған. Бұл қоғамдағы болмыстың ұйымдастырылуынан айырмашылығы);
- экономиканың көп құрылымдығы (көп укладтығы);
- биліктің легитимділік пен демократиялық сипатта болуы;
- құқықтық мемлекет;
- мемлекеттің адамдарға лайықты деңгейде өмір сүруіне қажетті жағдайды қамтамасыз ететін пәрменді әлеуметтік саясатының болуы және т.б.
Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның қалыптасуы енді ғана басталуда. Сондықтан да көптеген келелі мәселелер туындау үстінде, бұлардың шешімін табу мемлекетке, қоғамға және де нақтылап айтқанда әрбір адамға байланысты.
Сонымен қорытып айтқанда азаматтық қоғам адамның тіршілік ету болмысындағы жағдайларын, тұлғалар мен әлеуметтік топтардың алуан түрлі қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастардың, формалды (занда көрсетілген) және формалды емес те құрылымдарының жиынтығы.
қауым
әлеуметтік құрылымдар (сословие, әлеуметтік топтар, таптар)
қоғам - ел азаматтарының жиынтығы ретінде
азаматтардың әлемдік достастығы

АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

саяси партиялар мен лоббилік ұйымдары (комитеттер, комиссиялар, кеңестер), заң шығару және мемлекеттік органдар жанындағы
қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстар (экологиялық, соғысқа қарсы, құқық қорғаушы)
кәсіпкерлер одағы, тұтынушылардың құрама одақтары, қайырымдылық қорлары
ғылыми және мәдени ұйымдар, спорт қоғамдастықтары
муниципалдық коммуналар, сайлаушылардың құрама одақтары, саяси клубтары
тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары
мешіт, шіркеу және т.с.с.
отбасы
Пысықтау сауалдары:
1. Құқықтық мемлекет туралы негізгі идеялар тұжырымдарын жасаған ойшыл ғалымдардың есімін және олардың аталған тұжырымдары көрсетілген еңбектерін атаңыз.
2. Биліктер бөлінісі қағидатының (принципінің) мағынасы мен басты мақсаты неде?
3. Тежемелік әрі тепе-тендік жүйесін сипаттап беріңіз.
4. Импичмент дегеніміз не? ҚР Президентіне импичмент жариялауға негіз болатынды айтыңыз.
5. "Азаматтық қоғам" ұғымына анықтама беріңіз.
6. Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның арақатыстылығы қаңдай болады?
7. Азаматтық қоғамның құрылысы қаңдай?
8. Азаматтық қоғамның белгілерін атаңыз.
СӨЖ-на арналған тапсырма
1. Ш.Л. Монтескьенің «Заңдар рухы туралы», Дж. Локктың «Мемлекеттік басқару туралы екі трактат» еңбектерін оқыңыз. Ойшылдардың заң үстемдігі және биліктің бөліну теориясын дамытатын идеяларын конспектілеңіздер.
2. Әйгілі Ежелгі Рим философы Цицеронның: «Біз заңның құлы болғанда ғана, бостандыққа қол жеткіземіз» деген ойын қалай түсінесіз?
3. Мына жағдайды елестетіңіз: Сіз екі әріптесіңіздің құқықтық мемлекеттің қағидалары туралы пікірталасының куәсі боласыз. Біріншісі, басты қағида – заң күшінің жоғарылылығы деп есептейді. Ал, екіншісінің ойы бойынша жеке тұлғаның бостандығы, оның құқықтары мен мүдделері, ар–ождан мен қадір–қасиетіне қол сұғылмаушылық қағидасы маңызды деп санайды. Сіздің пікіріңіз қандай?
4. С.С.Сартаевтың «Құқықтық мемлекеттің кілті кімде?» мақаласын немесе К.Д.Жоламанның «Құқықтық мемлекет, оның түсінігі мен мазмұны»//Право и государство №1-2, 2000.18-21 бб. мақаласын зерделеп, конспектілеу және ауызша формада тапсыруы міндетті.
Тоғызыншы тақырып. САЯСИ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ
Қоғамның саяси жүйесі – саяси, әлеуметтік, заңға тән идеологиялық, рухани нормалардың, тарихи дәстүрлерге, нақтылы қоғамнын саяси режимінің бағдарламаларына тәуелді саяси институттардың, қозғалыстардың тәртіптелген тұтас жиынтығы. Нақтылы қоғамның саяси жүйесі онын ұлттық, таптық жаратылысымен, әлеуметтік құрылысымен, басқару тұрпатымен (республика, монархия), мемлекеттік құрылымымен (федерация, біртұтас), саяси режимінің сипатымен (демократиялық, демократияға қарсы, тоталитарлық), саяси өмірдің ұлттық дәстүрлерімен т.с.с. жағдайлармен анықталады.
Саяси жүйеге жатқызылатын қоғамдық құбылыстардың ерекше белгілері болады. Оңдай белгілерге мыналар жатады: 1) саяси жүйе бөлігінің ұйымдық сипаты болуы кажет; 2) кез келген қоғамдык бірлестік, ұйым саяси жүйенің болмысы бола алмайды. Саяси жүйеге жату үшін оның алдына қойған мақсатының саяси мазмұны болуы шарт; 3) Саяси ұйымның саяси сипаты оның бағдарламасында анықталады.
Саяси жүйені зерттеу, тану үшін ерекше тәсілдер қолданылады. Конституциялық тәсілді қолдану арқылы саяси жүйе бөліктерінің ұйымдық ерекшеліктері айқындалады. Мысалы, мемлекеттің механизмінің болуы оның басқа саяси жүйе бөліктерінен ерекше екенін байқатады. Функционалдық (қызмет бағытына байланысты) тәсілді қолдану арқылы саяси ұйымның табиғи сипаты анықталады. Реттеу рөлін зерттеу арқылы саяси ұйымның қоғамдық қатынастарды қалыптастырып, дамытудағы кызметі көрсетіледі. Идеологиялық тәсілді қолдана отырып саяси ұйымның нақтылы қандай таптар, әлеуметтік топтар, ұлттар үшін қызмет атқаратынын анықтауға болады. Коммуникативтік тәсілді қолдану аркылы саяси ұйымның саяси жүйеге жататын басқа үйымдармен қарым-қатынасының дәрежесін, деңгейін, көлемін, мазмұнын түсінуге болады.
Саяси жүйе дегеніміз саяси билікті және азамат пен мемлекеттің өзара байланысын ұйымдастырушы, сонымен бірге өздері өзара әрекеттесуде болатын нормалар мен идеялардың осыларға негізделген саяси институттардың, мекемелер мен әрекеттердің жиынтығы.
Осы аталып отырған көп қалыпты қүрылымның негізгі тағайыны адамдардың саясаттағы әрекеттерінің бірлігін, тұтастығын қамтамасыз ету болып табылады.
Әдебиеттерде саяси жүйе төрт тараптың диалектикалық ынтымағы (бірлігі) деп атап көрсетіледі:
1.Институционалдық (мемлекет, саяси партиялар, әлеуметтік- экономикалық және басқалай да үйымдар) Осылардың бәрі жиынтық түрінде коғамның саяси үйымын құрайды.
2. Реттеуші (күқық, саяси нормалар мен дәстүрлер, имандылық нормаларының кейбіреулері және т.б.).
3. Қызметтік (функционалдык) саяси режимнің негізін құрайтын саяси іс-әрекет әдістері.
4. Идеологиялық (ең алдымен осы қоғамда ұстемдік кұрған саяси сана).
Осындай тәсілді негізге ала отырып саяси жүйе құрамының негізгі кұрамдас бөліктерін ажыратып көрсеткенде саяси және құқықтық нормаларды, саяси құрылымды, саяси іс-әрекетті, саяси сананы жөне саяси мәдениетті атауға болады.
1. Саяси және құқықтық нормалар - бұларға мінез-кұлықтың калыптасып болған немесе анықталып белгіленген, саяси катынастарды реттеудің тәсілдері, бар және әрекет үстіндегі конституциялар, кодекстер, заңдар, партиялардың жарғылары мен бағдарламалары, саяси үрдістер мен рәсімдер жатады.
2. Саяси құрылым - бұларға саяси және мемлекеттік ұйымдар, институттар, мекемелер мен олардың араларындағы қатынастар жатады.
3. Саяси іс-әрекет - бұған адамдардың қоғамдағы саяси биліктің қызмет етуін қамтамасыз етуге, өзгертіп кайта құруға және қоғамдағы саяси билікті жүзеге асыру жүйесін корғауға бағытталған әртүрлі әрекеттері жатады.
4. Саяси сана мен саяси мәдениет - мұндағы ескерілетіні саяси билік механизмінің іс-әрекетін көрсететің руханият көріністерінің көп түрлілігі және олардың саяси қатынастар аясында адамдардың жүріс-тұрысын бағыттап отыратындығы түсініледі.
Саяси мәдениет - саяси билік мүшелері қабылдаған және өздерінің іс-әрекеттері мен қатынастарында пайдаланатын саяси идеялардан, рәміздерден, нанымдардан тұратын құндылықтар жүйесі.
Қоғамның саяси жүйесі - белгілі саяси қызметтерді атқарып, оларды жүзеге асыратын мемлекеттік және мемлекеттік емес институттар жүйесі. Мемлекет, партиялар, кәсіподақтар және қоғамдық болмыста іс түйіні билікті күшпен тартып алулармен, одан ажырап қалмау және пайдалану әрекеттерімен байланысты ұйымдар мен қозғалыстар жоғарыда аталған институттарға жатады. Саяси жүйе ішкі-сыртқы саясатты жүргізуді камтамасыз етеді, әлеуметтік топтарды калыптастырады, олардың мүдделерін білдіреді және оларды қорғайды. Саяси жүйенің сипаты әлеуметтік ортамен тығыз байланыста болады, өйткені өзі содан туындап, соған қызмет етеді.
Қоғамның саяси жүйесінің негізгі субъектілері ретінде мемлекет, партиялар және қоғамдық қозғалыстар ең алдыңғы қатарға шығады.
Мемлекет - саяси жүйеде бастауыш рөл атқарады, өйткені, онын өзіне ғана тән ерекше белгілері болады: біріншіден - қоғамды интеграциялауға (біріктіруге) қабілетінің болуы, бұл қабілет коғамда болатын әлеуметтік өзгешеліктерге, мүдделер тартысы дегенге қарамастан өз ықпалымен әсер етеді; екіншіден - мемлекет - билік органы. Ол белсенді түрде коғамдық қатынастарды ұйымдастыру ережелерін, белгіленген нормаларды сақтағаны (бұзғаны) немесе бұзғаны үшін санкцияларды, көтермелеу мен жаза қолдануларды жүзеге асырады; үшіншіден - қоғамда онын құқық шығармашылық кызметі болады; төртіншіден - мемлекеттік биліктің көпшілікке тәндігі, жалпылық істерді басқарудың кәсібилендірілуі, мемлекеттік органдарға, олардын қызметкерлеріне өкілеттіктерді ерікті немесе еріксіз беру, басқа адамдарға сол өкілеттіктерді басқаруға беру; бесіншіден - саяси кеңістік шегінің ерекшелігі (өзгешелігі) мен оның айқындығы.
Мемлекеттің географиялық шегі болады; оның билігі жүретін аумағы, езінің азаматтарын - мемлекет мүшелерін қамтитын -заңдық ықпалы болады. Осы зандық ықпал бойынша мемлекет алдында әлгі мүшелерінің заң бекіткен міндеттері, құқыктары болады, олар алым салықтар төлейді және тағы сондайлар. Басқаша айтқанда, мемлекеттің зандық ықпалы бойынша оның органдарының бар болуы мен әрекет етуіне материалдық мүмкіндіктер тудырылады, камтамасыз етіледі.
Саяси жүйеде мемлекеттің алатын орны ерекше. Мемлекет барша елдің ресми өкілі болып саналады, себебі ол қоғамды қандай да болсын ерекше бөліктерге бөлмей қоғамның, халыктың мүддесін қанағаттандыру үшін қызмет атқарады. Мемлекеттің тарихи даму барысында қалыптасқан, тек оның өзіне ғана тән құрылымы бар. Мемлекет өз қызметін атқару үшін ерекше ұйымдардан тұрады: ол мемлекет органдары. Саяси жүйенің басқа бөліктерінің мұндай құрылымы болмайды. Мұны - мемлекеттің механизмі дейді. Осы механизм арқылы мемлекет өзінің сан алуан, түрлі бағыттағы қызметін атқарады. Мемлекет тек қоғамның ішінде ғана емес, басқа мемлекеттермен қарым-қатынас, алыс-берістер жасауға байланысты да қызмет атқарады. Тек мемлекетке ғана азаматтық деген құбылыс тән, сондықтан азаматтық -мемлекет пен адамдардың арасындағы тұрақты саяси-құқықтық байланыс болып саналады. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекет органдары ғана қабылдай алады, олар қоғамдық қатынастарды ресми түрде реттейтіндіктен, барлық қоғам мүшелерінің іс-әрекетін, мінез-құлқын жолға салған құрал болып саналады.
Мемлекет саяси жүйенің негізгі құрамды бөлігі болғандықтан саяси жүйенің құрамына өзінің ерекше әсерін тигізеді. Мемлекеттің әлеуметтік-саяси табиғатына, ондағы орнатылған саяси режимге байланысты қоғамның саяси жүйесінің құрылымдық ерекшеліктері болады. Егер мемлекетте фашистік, тоталитарлық саяси режим орын алса, ондай қоғамның саяси жүйесінін өрісі де тар болады. Ондай мемлекеттерде саяси партиялардың, қозғалыстардың қалыптасып, қызмет істеуіне шек қойылады немесе мүлдем тыйым салынады.
Саяси жүйенің негізгі субъектісі болып табылатындар саяси партиялар да жатады.
Саяси болмыстын кез келген түрдегі өзгешеліктерінде партияларды қажетті компонент (бөлік) ететіні саяси партиялардың қоғамдағы тағайыны болып табылады. Бұл тағайындарға кіретіндер:
-бүкіл әлеуметтік тұтастықтың ортақ мүддесі денгейіндегі әртүрлі әлеуметтік топтар мен бірліктердің мүдделерін білдіретін өкілдер қызметін жүзеге асыруы жатады;
-саяси қатынастар аясына жататын әлеуметтік топтарды интеграциялау (біріктіру) ісін белсенді жүргізуде жатады;
- партия ішіндегі қарама-қайшылыктарды жою да кіреді.
Партиялардың өздерінің бағдарламалары, мақсаттар жүйесі болады, оларды белсенді түрде насихаттайды, қорғайды; азды-көпті тарамдалған ұйымдық құрылымы болады, өздерінің мүшелеріне белгілі міндеттер жүктейді және де олардың жүріс-тұрыстарының нормаларын қалыптастырады. Сондықтан да олар қоғамның саяси өмір болмысының ұтымды болуына, ұйымшылдық деңгейінің жоғарылауына қуатты қозғаушы күш ретінде қызмет етеді.
Партиялар өз сипаттары бойынша:
- таптық болуы мүмкін, яғни әлеуметтік топтардык мүдделерін білдіретін, мұндай әлеуметтік топтар өндірістік қатынастар құрылымында алатын орнына қарай шаруалар, жұмысшылар, кәсіпкерлер болып айырмалануы мүмкін;
- ұлттық, діни болулары мүмкін, олар қайсыбір этникалық топтың немесе конфессияның айрықша мүдделерін білдіріп, олардын мемлекетте басымдылыққа ие болуын өздеріне мақсат ретінде қоятын болуы да мүмкін (мысалы, Исламнын өрлеу партиясы, орыс халқының Одағы және т.с.с);
- өз алдына белгілі проблемаларды шешу мәселесін қойған партиялар да болуы мүмкін. Мұндай партиялар ең өзекті маңызды, жедел түрде шешімі табылуға тиісті әлеуметтік мәселелерді қозғап, өздерінің бағдарламалары мен іс-әрекеттерін соларды шешуге бағыттайды (бұларға экономикалық партия, бейбітшілік немесе қарусыздандыру партиясы, жер реформасын жүргізу партиясы және т.с.с);
- мемлекеттік-патриоттық партия, мұндай партия халыктың әлеуметтік топтары мен топтамалары өкілдерін мемлекеттің тұтастығын, ондағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге жұмылдыратын істерге бағыттайды;
- аты елге танымал, яғни әйгілі есімді саясаткер айналасына топталып қалыптасқан және оны қолдаушы топ ретінде әрекет ететін партия;
Қозғалыстар – мұндай "ұйымды" әдетте қатар түрде орталықтандырылған ұйым деуге болмайды, сондай-ақ мұнда жазылып белгіленген мүшелікте жок, бағдарлама мен доктринаны мақсат пен саяси мақсаттар жүйесі алмастырған болып келеді.
Қозғалыстың мақсатын қолдайтын кез келген адам оның қаты-сушысы бола алады. Әркімнің өзінің қозғалысқа қатысуы немесе оның іс-қимылдарына қолдау көрсету нысандарын тандаудың түрлері көп. Осы заманғы жағдайда саяси белсенділіктің дамуы партияларға қарағанда адамдар қозғалыстарды жоғары бағалайтыны байқалады, олай болатыны партияларда (іріктеу) таңдап алу жүйесі, міндеттемелер мен тәртіп мәселелері жолға қойылған болып келеді. Көптеген саяси проблемалар қозғалыстар белсенділігінің есебінен шешіліп жататынын қарап айтқан жөн (мысалы, экологиялық проблемалар, бейбітшілік үшін күрес, қоғамды демократияландыру үшін күрестерді ұйымдастыру). Қазақстан Республикасында “Невада – Семей”, “Арал теңізді сақтаймыз”,деген қозғалыстар орын алуда.Олардың ролі өте маңызды, себебі осы ұйымдар келесі мәселелер шешу үшін қалыптасқан
Саяси жүйенің саяси-нормативтік құрылымы
Саяси және құкыкгық нормалар-конституция, кодекстер, жарғылар, партиялардың бағдарламалары, саяси үрдістер мен рәсімдер ретінде саяси-құқықтық қатьнастарды реттеудің тәсілдері болып қалыптасқан немесе белгіленген мінез-құлық ережелері
Саяси құрылым – саяси және мемлекеттік ұйымдар, институттар, мекемелер мен олардың араларындағы қатынастардың жиынтығы
Саяси іс-әрекет адамдардың қоғамдағы саяси билікті жүзеге асыруында қызмет атқаруларын қамтамасыз етуге, мазмұнын өзгертуге, қорғауға бағытталған алуан түрлі әрекеттері
Саяси сана – саяси билік механизмдерінің қызметін қамтып көрсететін және саяси қатынастар аясыңдағы адамдардың іс-әрекеттерін мінез-құлықтарын бағыттап отыратын руханилықтың алуан түрлі көрінісі
Саяси мәдениет – саяси бірлестіктер мүшелері қабылдаған және өз қызметтері мен қатынастарын реттеу мақсатында қолданатын құндылықтар, саяси идеялар, рәміздер, наным-сенімдер жүйесі
Саяси жүйенің негізгі субъектілері
Түтастай алғанда мемлекет және мемлекеттік органдар
Саяси партиялар - олар таптық, ұлттық, діни, проблемалық, мемлекеттік-патриоттық болуы мүмкін
Қоғамдық саяси қозғалыстар
САЯСИ ПАРТИЯ
Мемлекеттегі саяси билікке қатысуға немесе билікті (өкіметті) басқару, атқару ісіне
ие болуға ұмтылған идеологиялық ортақтығы арқылы ұйымдасқан ерікті одақ.
I. Негізгі белгілері: II. Құрылымы: III. Функциялары (қызметтері):

белгілі идеологияның сақтаушысы партия аппараты; билік үшін күресу, оны пайдалану
немесе әлем мен адам болмысына немесе бақылауға алу;
ерекше көзқарасы болады;
қатардағы мүшелері
адамдардың ұйымдасқан бірлестігі (партия бұқарасы); ірі-ірі әлеуметтік топтардың мүдде-
айтарлықтай ұзақ мерзім ішінде, лерін анықтау, тұжырымдау және
ерікті түрде, саясаттын әртүрлі негіздеу;
деңгейлерінде жергіліктіден ха-
лықаралыққа дейін құрылым- партияны жақтаушылар. ірі-ірі әлеуметтік топтарды жандан-
дары болады; дыру , интеграциялау;
мақсаты-билікке ие болуға және партия идеологиясын жасау, оны
оны жүзеге асыруға бағытталған; насихаттау және қоғамдық пікір
қалыптастыру;
саясаттағы мақсаты қоғамнын
белгілі топтарының мүдделерін бүтіңдей қоғамға немесе оның белгілі
білдіру және оларды қорғау бөлігіне саяси тәрбие беру;
партия,мемлекетік құрылымдар және
түрлі қоғамдық ұйымдар үшін кадрлар
дайындау және оларды қызметте
жоғарылату

САЯСИ ПАРТИЯЛАР
саралау негіздер
ұйымдық; институционалдық;
саяси; функционалдық;
бағдарламалық; реттеу;
идеологиялық;
коммуникативтік;

негізгі өндіріс құралдарының, табиғи байлықтың меншік иесі ретіндегі рөлі айрықша болады;
қоғам дамуының басты бағыттарын айқындайды;
барлық азаматтардың саяси ұйымы болып саналады;
мемлекеттік басқару және мәжбүрлеу органдарының жиынтығы
болып есептеледі;
жалпыға бірдей міндетті құқық нормаларын қабылдайды;
мемлекеттік егеменді болады;
ішкі және сыртқы функциялары (қызметінің бағыттары) болады;
елдің ресми өкілі ретінде мемлекеттік билікті қоғам көлемінде
жүзеге асырады
Пысықтау сауалдары.
1. Саяси жүйе ұйымына анықтама беріңіз.
2. Саяси жүйенің құрылысын сипаттаңыз.
3. Саяси жүйенің негізгі белгілері қандай?
4. Қоғамдық қозғалыстардың ерекшеліктері неде?
5. Мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың арақатынастары қандай?
6. Саяси партиялардың белгілерін анықтаңыз.
7. Қазақстан Республикасындағы саяси партиялардың түрлеріне сипаттама беріңіз.
СӨЖ-на арналған тапсырма
ҚР–ның «Саяси партиялар туралы» (15.07.2002ж.), «Қоғамдық бірлестіктер туралы» (31.05.1996ж.) және «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» (16.01.2001ж.) заңдарына талдау жасаңыз. ҚР Президентінің «Қазақстан – 2030» жолдауына сүйене отырып, ҚР–ның саяси жүйесіне сипаттама беріңіз.
Оныншы тақырып. ҚҰҚЫҚ ҰҒЫМЫ
Құқықтың анықтамасы, оның белгілері
"Құқық" терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында, күнделікті өмірде және қызмет бабында қолданылады. Кең мағыналы түсінік болғандықтан, әрбір адамның құқықтың мәні туралы қандай да бір пікірі қалыптасатыны сөзсіз.
Заң ғылымында "құкық" термині бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, "құқық"- ресми турде танылған жеке және заңды тулғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құкығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады. Осы келтірілген жағдайларда "құқық" түсінігі субъективтік (тұлғалық) мағынада колданылады.
Субъективтік (тұлғалық) құқық-тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері. Мұндай мүмкіндіктер құқықтық қатынастарға қатысатын тұлғалардың мінез-құлқының шегін анықтайды. Тұлғаның құқығы құқықтық қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан, екі жақта да құқықтық міндеттер пайда болады. Демек, құқықтық қатынасқа қатысушыларда құқықпен қатар құқықтық міндеттер де туындайды. Басқаша айтқанда, тұлғаларда құқықпен бірге құқыктық міндет те болады. Мысалы, әр азаматтың оқып, білім алуға құқығы бар. Сол құқықты пайдаланып, оқуға түскеннен кейін азамат оқу орнының ішкі тәртібіне бағынуға, оқу бағдарламасын орындауға міндетті.
Заңды тұлға кәсіпкерлікпен шұғылданып, заңдық негізде мүлікке ие болуға хақылы. Ол мүлікті өз игілігі үшін пайдаланады. Сонымен қатар, өз мүлкін пайдаланғанда қоғамнын, басқа адамдардың мүдделеріне зиян келтірмеуі керек. Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп жазылған: "Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс" (6-бап).
Айтылғаннан шығатын қорытынды: құқықсыз міндет болмайды, міндетсіз құқық болмайды. Бұл жағдай әлеуметтік әділеттікті баянды етеді.
Субъективтік (тұлғалык) құқықтық міндет - құқықтық мүмкіндік берілген құқық тұлғасының занды мүддесін (талабын) орындату үшін басқа құқық тұлғасына жүктелген міндет. Бұл міндет құқықтық қатынастарға қатысу нәтижесінде жүзеге асырылып, мемлекеттің мәжбүрлеуі арқылы (міндетті орындамаған жағдайда) қамтамасыз етіледі.
Екіншіден, "құқық" дегеніміз құқық нормаларының жүйеге келтірілген жиынтығы. Бұл объективтік мағынадағы құқық, себебі олардың жасалуы жеке адамның еркіне байланысты емес. Сонымен, объективтік мағынадағы құқық жеке нормаларға бөлінбейтін, тұтас құбылыс болып саналады. Мысалы, Қазақстанның құқығы туралы Конституция былай дейді: "Қазақстан Республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес зандардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердін, Республиканың халықаралық шарттык және өзге де міндеттемелерінін, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады" (4-бап).
Үшіншіден, "құқық" термині оку пәнін білдіретін ұғым ретінде қолданылады. Құқық пәндері түрлі салаларға бөлінеді: конституциялық кұқық, әкімшілік құқық, еңбек кұқығы, отбасы құқығы, азаматтык құқық, қылмыстық құқық, қаржылық құқық, т.б. Құқық саласы - өзара туыстас қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Мысалы, азаматтық құқық - мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқыктық нормалардың жиынтығы. Қылмыстық құқық - қылмыс жасауға, жазалауға байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Тертіншіден, "құқық" термині тұлғалық құқық пен объективтік құқықтың жиынтығы ретінде де қолданылады. Осыған байланысты "құқық жүйесі" деген түсінік бар. Мысалы, қазіргі жағдайда елімізде Қадзақстанның, құққық жүйесі қалыптасуда.
Құқық пәндерін окып, құқықтың мәнін терең түсінген адам оның түрлі жағдайда мағынасы әр түрлі болатынын да анықтай алады. Мұның өзі құқықтың өте күрделі әлеуметтік құбылыс екендігінін белгісі.
Құкықтың түрлі түсінігінің болуы - оның әлеуметтік мәнінің де әр түрлі болуының негізі. Егер құқықты тұлғалармен байланыстырса, тұлғалардың мемлекетте, қоғамда құқықтық мәртебесі қандай екенін анықтау, түсіну қажеттігі туады. Азаматтарға сан килы құқықтар мен бостандықтар берілсе, оларды жүзеге асыру мүмкіндігі жасалса, онда қоғамда шынайы теңдік орнатылған болып есептеледі. Ал, объективтік құқық туралы сөз болғанда, мемлекетте қалыптасқан заңдар жүйесі әлеуметтік тұрғыдан сипатталады.
Әрине, кұқық туралы зерттеушілердің көзқарасы бір жерден шығып, бір текті болады деп айтуға болмайды. Негізінен, құқкықты таптық және жалпы әлеуметтік тұрғыдан түсіндіру ғылымда кен орын алып келді. Маркстік ілім құқықты, оған байланысты құбылыстарды тек таптық тұрғыдан ғана зерттейді. Бұл ілім бойынша құқық - үстем таптың саяси құралы, тек соның жоғын жоқтап, мүддесін қорғайды. Ал өркениеттік тұрғыдағы ілім бойынша құқық қоғамдағы барлық адамдардың еркін білдіріп, олардың мүдделерін корғайтын құрал болып саналады. Қандай ілім болса да құқықтың әлеуметтік мәні бар екенін теріске шығармайды. Бірақ маркстік ілім құққықтың әлеуметтік мәнін өте тар тұрғыдан түсіндіруге тырысады. Әрине, құл иеленушілік дәуірде құқық ашықтан-ашық тек құл иеленушілердің мүдделерін қорғап, құлдарды сөйлейтін мүлікке теңегені белгілі. Бірақ бұл көзқарасты барлық қоғамдарға, түрлі сатыдағы мемлекеттерге телуге болмайды. Құқық тек үстем таптың еркін білдіретін болса, ондай қоғамда үздіксіз тап тартысы орын алып, ақырында ол құлдырап жойылады. Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық азаматтардың еркін білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек. Қазақстан мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осыңдай жалпы әлеуметтік тұрғыдан қарау шындыққа сай келеді десек, қателеспейміз. Қазақстан Республикасында қабылданған заңдарды талдайтын болсақ, олардың қандай да болсын әлеуметтік топтарды кемсітетінін немесе белгілі бір топқа артықшылық жасайтынын таба алмаймыз. Демек, Қазақстан заңдары барлық әлеуметтік топтардың еркін білдіріп, олардың заңды мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған.
Кұқықтың жалпы әлеуметтік мәнін мойындай отырып, оған мынадай анықтама беруге болады.
Құқық (объективтік тұрғыдан қарағанда) - адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты тұлғаның бостандығын білдіретін, қоғамдық қатынастарды реттейтін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Енді, құқықтың негізгі белгілерін қарастырайық.
Жүйелілігі. Құқық – бірнеше бөліктен тұратын жүйелі құрылыс. Оның бір бөлігі – табиғи құқықтың мазмұны адам мен қоғамның табиғатына байланысты әлеуметтік-құқықтық талаптармен анықталады. Мысалы, адамның өмірі, денсаулығы табиғи құбылыстар. Оларды сақтауға, қорғауға, қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық нормалар табиғи құкыққа жатады. Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп жазылған:
“Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ” (15-бап). Құқықтық жүйенін екінші бөлігі – мемлекеттегі қолданылатын барлық заңдардың жиынтығы. Құқықтық жүйенің үшінші бөлігі – субъективтік (түлғалық) құқықтар. Осы айтылған бөліктер бірімен-бірі табиғи түрде байланысты, бірінсіз басқаларын түсінуге, жүзеге асыруға болмайды. Мысалы, тек әр адамның өмір сүруге құқығы бар деп жарияланса, оның жүзеге асырылуы қамтамасыз етілмесе, адамның өз өмірін сақтауға, корғауға мүмкіндігі болмаса, аталған құқық қағаз бетінде ғана жазылып қалған болар еді. Адам өзіне қажетті рухани және мүліктік игілікті пайдалану үшін өзі белсенді әрекет жасауы керек. Адамның әлеуметтік-құқықық талаптарының мағынасы – оны мемлекеттің тануы, қорғауы, қажет болған жағдайда қамтамасыз етуі.
Нормативтік сипаты – құкықтың негізгі белгілерінің бірі. Құқық қағидалардан, ережелерден, рәсімдерден тұрады. Қағида – тұлғалардың мінез-құлықтары туралы ереже. Былайша айтқанда, қоғамдык катынасқа қатысушылар өз іс-әрекеттерін, мінезін белгілі ережеде көрсетілген қалыпқа (кисынға) бейімдеулері қажет. Сондықтан құқықтың нормалары – тұлғалардың іс-әрекетінің, мінез-құлқының үлгісі. Мысалы, әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы (Қазақстан Республикасының Конституциясы, 19-бап). Тұлғалардың мінез-құлқын анықтау арқылы құқық нормалары қоғамдық қатынастарды қажетті арнаға бағыттап, жолға салады, реттейді, жөндейді, ұйымдастырады, тұрақтандырады, бассыздықтан қорғайды.
Формалды анықтылық – құқықтың тағы да бір маңызды белгісі. Ол құқықтың мемлекетпен байланысты екенін көрсетеді. Құкықты, оны құратын заңдарды, басқа да нормативтік актілерді жасайтын, жалпы алғанда, мемлекет. Мемлекет органдардан тұрады, демек, мемлекет органдары заңдарды жасайды. Заң - ережелер жиынтығы. Олар жай ережелер емес, мемлекет атымен жасалатын болғандықтан ресми сипаты бар ережелер. Әрбір ереже, кағида тұлғалардың мінез-құлқы туралы заң шығарушының ойын анықтап, түсінікті түрде тұжырымдайды. Қағидада артық сөз болмауы керек, оның әрбір сөзінің әлеуметтік мәні болады, себебі ол коғамдық қатынасқа қатысатын тұлғалардың мінез-құлқын анықтау арқылы олардың тағдырына әсер етеді.
Құкықтың енді бір белгісі -мемлекеттің күшіне сүйенуі. Егер мемлекет құқық қағидаларының жүзеге асырылуына, дұрыс қолданылуын қамтамасыз етпесе, олар тек қағаз бетінде ғана жазылып қалған болар еді. Мемлекет, оның органдары тұлғалардың құққықтарын жүзеге асыруға жәрдемдеседі, жағдай жасайды. Мысалы, Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша елімізде азаматтарды тұрғын үймен камтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Занда көрсетілген категориядағы мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгіленген нормаларға сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретін ақыға беріледі (25-бап). Егер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кол сұғылса, мемлекет оларды қорғайды. Заңды бұзғандар құқықтық жауапқа тартылады, мүмкіндігінше бұзылған құқық орнына келтіріледі.
Құқықтың тағы бір белгісі – адамдардың еркін білдіруі. Қазақстан Республикасының Конституциясында мемлекеттік биліктін бірден-бір бастауы - халық деп жазылған. Халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқьшы жүзеге асырады, сондай-ак өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді (3-бап). Сонымен, халык зандарды өзі тікелей қабылдай алады. Мұңдай жағдайда заң тікелей халыктың еркін паш етеді. Оған мысал, 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан халқы Конституцияны референдум арқылы кабылдады. Конституция - құқықтың өзегі, ұйтқысы. Олай болса, Қазақстанда қалыптасып келе жатқан құқық бүкіл көп ұлтты халықтың еркін білдіреді, ойын жүзеге асырады десек, ешбір асыра сілтеу болмаиды. Халыктың ойын, еркін мемлекет органдары да тиісті нормативті актілер қабылдау арқылы жүзеге асырады. Халық Президентті сайлайды. Халық атынан әрекет жасап, Президент өз өкілеттігінің шеңберінде нормативті актілер - заң күші бар жарлықтар, жай нормативті жарлықтар, қаулылар қабылдайды. Президенттің нормативті актілері Қазақстан құқығын қалыптастыратын бастау болып есептеледі. Құқықты құратын нормалар тек бір адамның немесе әлеуметтік топтың еркін білдіріп, мүддесін ғана қорғамайды. Ол – халық үшін қызмет істейді.

Пысықтау сауалдары
1. "Құқық" анықтамасының әдеттегі (үйреншікті) мәні неде?
2. Субъективтік құқық дегенді қалай түсінесіз?
3. "Құқықсыз міңдет болмайды, міндетсіз құқық болмайды" ұғымы нені
білдіреді?
4. "Занды міндет"деген үғымды түсіндіріңіз.
5. "Объективтік мағынадағы құқық" деген нені білдіреді?
6. Заң ғылымының оқу пәнін білдіретін "құқық" атауының мағынасын түсіндіріңіз.
7. "Құқық - күрделі әлеуметтік құбылыс" деген анықтаманы түсіңдіріңіз.
8. Құқықты түсіндірудің ғылымда қалыптасқан жолдарын атап атап көрсетіңіз.
9. Қазақстан Республикасы заңдарыңда қалыптасқан құқықтардың жалпы
сипаттарын атаңыз.
10. Құқықтың негізгі белгілерін атаңыз.
11. Құқық жүйелілігі деген не?
12. Құқықтың нормативтілік сипатын түсіңдіріңіз.
13. Құқықтың жария (формальды) айқыңдылығы (анықтығы) нені білдіреді?
14. Құкықтың мемлекет күшіне сүйенуін қалай түсіңдіруге болады?
15. Құқық адамдардың еркі мен ықтиярын білдіреді деген не?
Құқықты түсіну жолдары
Құқық – адамзаттың әділдік және азаттық идеяларына негізделіп, көбінесе заңдарда баянды етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жүйесі.
Көне заманнан оқымыстылар құқықтың мәні мен мазмұнын түсінбекші болып, оған сан қилы анықтамалар берген. Оның түсінігі мен мәнін анықтаудың үш жолын айтуға болады. 1) нормативті тұрғыдан қарау, былайша айтқанда, құқықты заң нормаларының жүйесі деп санау; 2) социологиялық тұрғыдан карау, яғни, құқықты реттелетін қоғамдық қатынастармен ұқсас деп санау; 3) философиялық тұрғыдан қарау, яғни құқықты бос-тандық пен әділдік деңгейімен байланыстыру.
Құқықты социологиялық және философиялық тұрғыдан қарағанда ол өте кең түсінік болып, оған құқық нормаларымен қатар құқықтық сана, құқықтық қатынастар да жатады.
Құқыққа, ерекше әлеумттік құбылыс ретінде қарасақ оған жалпы және айрыұша белгілер тән екендігін байқаймыз.
1. Құқық жазылған нормалардан тұрады. Нормативтік тек құқыққа тән жағдай емес. Ол адамның табиғатымен байланысты және кез келген әлеуметтік ұйымға тән. Нормативтік дегеніміз адамдардың ой жүйесін, қоғамдык өмірін тәртіптеп, соның нәтижесінде белгілі ережелерге бағындыру.
2. Құқық әділдік және бостандық идеяларын білдіреді. Әділдік пен бостандыққа адамзат ежелден ұмтылып, оларды армандаған. Әділдік - адамның игілігіне бағытталған жағдай, ол басқа адамның мүддесіне зиян келтірмейді, қоғамға пайдалы. Осы талаптарға сай келетін адамның әрекеттері әділ болып саналады. Марксизм-ленинизм негізін қалаушылары әділдікті тек таптық мүдделермен байланыстырады.
Бостандық - адамнан ажыратылмайтын қасиет. Тек бостандық болса ғана адам лайықты өмір сүре алады, барлық өзіне тән шығармашылық мүмкіндіктерін аша алады.
3. Құқықтың бейнелейтін объектілері болады. Олар - билік, мемлекет, қоғамдағы тәртіп. Солар арқылы әділдік пен бостандық жүзеге асырылады. Әрине, әділдік пен бостандық шектелсе де, сол аталған құбылыстар арқылы жүзеге асырылады. Құқықтың нормалары мен мемлекет органдарының арасында қайшылықтар, үйлеспеушіліктер болуы мүмкін. Зандарда адамдардың құқыктары мен бостандықтары жарияланғанымен, мемлекет органдары олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етпеуі де мүмкін.
4. Құқық адамның іс-әрекетін реттейді, оның ойына, сезіміне әсер етеді. Егер адам зандарда әділдік пен бостандық баянды етілетініне көзі жетсе, оларды орындау қажет деп есептейді. Мұндай жағдайда адам өз еркімен заң талабын орындайды. Заң талабын бұзса, кінәліге мәжбүрлеу шаралары қолданылады.
5. Құқық нормативтік актілер түрінде қалыптасады. Оларда адамдардың еркі баянды етіледі. Адамдардың еркін заң шығаратын орган ресмилендіреді. Сондықтан кұқық – мемлекет таныған адамдардың еркі. Егер құқық әділдік пен бостандықты паш етсе, ол жалпы халыктық құқық деп саналады.
6. Құқықтың формалды анықтылығы. Заңдарда бекітілген нормативті нұсқаулар ерекше қасиетке ие болады. Ол - формалды анықтылық. Оның белгілері: айқындығы, бір мағыналылығы, қысқалығы. Бұл құқық субъектісінің не нәрсені істеуге болады, нені болмайтындығын білуіне ыңғайлы, әрі колайлы. Мысалы, біреудің мүлкін ұрлау - қылмыс.
7. Құқықтың жүйелілігі – оның тағы бір қасиеті. Зандарда жазылған құқкықтық нормалар өзара байланысты, үйлесімді болады. Құқықтың нормалары тек осындай негізде жазылып, калыптасса ғана құқық өзінің борышын орындауға қабілетті болады.
8. Құқықтың тағы бір қасиеті - оның өзгермелілігі. Қоғамдық өмір сіресіп қалмай, құбылып, езгеріп тұрады. Соған сәйкес құқық нормалары да өзгерген қатынастарды лайықты түрде реттеу үшін өзгеріп тұруы қажет. Осыған байланысты ескірген зандар күшін жояды, жаңа заңдар қабылданады. Құқық біркелкі қалыпты түрде адамдарға қолданылады. Осының өзі құқықта теңсіздіктің баянды етілетінін байқатады. Адамдар әр түрлі: біреу әлсіз, біреудің қабілеті мол, екіншісінікі кем, біреудің отбасы бар, біреу бойдақ. Адамдардың мұндай айырмашылығын заң ескере бермейді. Сондықтан заң адамдарды іс жүзінде теңдестіре алмайды. Әрине, өмірдің кейбір салаларында, мысалы, саяси құқықтармен пайдаланғанда барлық азаматтардын жағдайы бірдей.
9. Құқықты мемлекет қорғайды. Құқықтың барлық, нормаларының талаптарын адамдар өз еркімен орындай бермейді. Соған байланысты мемлекет құқық талабын бұзғандарға мәжбүрлеу тәсілін колданады. Мұндай қорғау болмаса, құқық жоқ деп есептеу керек.
Пысықтау сауалдары
1. Құқықтың әдеттегі (үйреншікті) жалпылама анықтамасын баяндаңыз.
2. Құқықтың түсінігі мен мәнін анықтайтын жолдарды атаңыз.
3. Құқықтың әлеуметтік құбылыс ретіндегі жалпы белгілері қаңдай?
4. Құқықтың әлеуметтік құбылыс ретіндегі айрықша белгілері қандай?
Құқықтың мәні.
Құқықтың үш "алтын" тірегі бар: имандылық, өмірдің материалдық жағдайлары және мемлекет. "Құқық" түсінігі имандылыққа, әдептілікке тіреледі. Құқық имандылық негізінде пайда болады. Имандылықтың өзі де адамдар арасындағы қатынастарды реттейтін күш. Әрине, имандылықтын талаптары заң емес, тек ізгілікке, адамгершілікке өнегелікке негізделеді. Оның қағидаларын орындататын ұйымдастырылған күш жоқ. Имандылық тек арға, ұятқа арқа сүйейді, жұртшылықтың пікіріне негізделеді. Ал құқық имандылықтан нәр алады, неғұрлым құқыктың нормалары имандылық шарттарына сәйкес келсе, соғұрлым олардың сапасы да, абыройы да жоғары болады. Имандылық әділетсіздікті, жауыздықты, зорлық-зомбылық, ұрлық, тағы сондай теріс қылықтарды айыптайды. Бірақ ондай қылықтар үшін жаза қолдануға кажетті құралы жоқ. Имандылықтың ең күшті құралы - жұртшылықтың пікірі. Құқық та теріс қылықтарға тыйым салады. Тек тыйым салып қана қоймайды, кінәлі адамдарды жазалау шараларында белгілейді, сол шараларды қолданатын мемлекет органдарының күшіне сүйенеді. Сөйтіп, құқық нормалары арқылы мемлекет имандылық талаптарына ресми мағына береді, соның нәтижесінде қоғамдық қатынастарды реттейді. Имандылықтың талаптары жалпылама түрде болады, олардың анықтамасы, дәл түсінігі жоқ. Айталық, ұрыны, зорлықшылды, өсекшіні жаман адам деп айыптайды. Ал құқық мұндай адамдардың іс-әрекетіне мейлінше дәл, бұлтартпайтын анықтама беріп, тиісті құқықтық норманың мазмұнына жатқызады.
Құқықтың тағы бір тірегі - адамдардың өмір сүру жағдайлары, олардың шаруашылығы. Адамзаттың өмір сүруі өндіріске байланысты. Өндіріс тиімді, нәтижелі болу үшін оны ұйымдастыру, оның дамуына қажетті жағдай туғызу керек. Бұл тек мемлекеттің қолынан келетін іс. Мемлекеттің өндіріске, шаруашылыққа әсер ету дәрежесі қоғамда қалыптасқан меншік түрлеріне байланысты. Қазір Қазақстанда меншіктің екі түрі бар: мемлекеттік меншік және жеке меншік. Мемлекет өз меншігін тек қана реттеп қоймайды, сонымен қатар оны дамыту үшін басқарады. Ал жеке меншікке негізделген өндірісті иесі заңда белгіленген тәртіпке сүйене отырып, өзі басқарады. Демек, мемлекет екі меншікке негізделген өндірістің дамуын реттеу үшін құқықтың мүмкіндігін пайдаланады. Соның нәтижесінде құқықтың өзі де өзгереді, дамиды, өндірістік қатынастарды реттеуге бейімделеді.
Осы айтылғандардан байқалатыны - құқық калыптасуының екі кезі, яғни бастауы бар екен. Құқық нормаларын жасауға халық тікелей қатысады. Бірақ халық тек өте маңызды мемлекеттік мәселелерді шешу қажет болғанда, басқа жолмен оларды шешуге болмайтын жағдайда ғана зандарды тікелей қабылдайды. Демек, халық занды ерекше жағдайда қабыддайды. Әдетте, зандарды, басқа да нормативтік актілерді тиісті мемлекет органдары жасайды. Сондықтан құқық нормаларының басым көпшілігін мемлекет шығарады.
Мемлекеттің қызметі құқық нормаларын қалыптастырумен аяқталмайды, қайта онын, қызметі сол кұқық нормалары занда белгіленіп іске қосылған сәттен басталады деуге болады. Құқық нормаларының талаптары өздігінен жүзеге аспайды. Оларды жүзеге асыру үшін, талаптарын орындату мақсатында мемлекет түрлі әдістер қолданып алуан қызметтер атқарады. Егер құқықтық нормалардың талаптары орындалмаса, бұзылса, мемлекет кінәлі адамдарға тиісті шаралар қолданады. Сөйтіп, құқық нормалары мемлекеттің ырқына негізделіп, жүзеге асырылады.
Құқық нормалары адамға бостандық беріп қана қоймайды, сол бостандықты қамтамасыз ететін орасан зор күш - мемлекетке сүйенеді. Құқықтын тірегі, оның күш-қуаты беделі мен абыройы - мемлекет.
Пысықтау сауалдары.
1. Құқықтың тірегін атаңыз және олардың атқаратын қызметтерін қысқаша түсіндіріңіз.
2. Имаңдылық деген не, оның атқаратын қызметі қандай?
3. Адамдардың өмір сүру жағдайларына не жатады?
4. Қазақстаңдағы меншік түрлерін атаңыз, олардың мәнісін түсіңдіріңіз.
5. Құқық нормаларынын жүзеге асырылуы мемлекет күші арқылы болады деген үғымды түсіндіріңіз.
Құқықтың қызметтері
Құқықтың әлеуметтік мақсаты оның атқаратын қызметінен байқалады. Оның қызметі қоғамдық қатынастарға, адамдардың мінез-құлқына, іс-әрекеттеріне әсер етуге бағытталады. Құқық қызметінің негізгі бағыттары мыналар: 1) Реттеу қызметі. Бұл қызметтің мәні - қоғамдық қатынастарды баянды ету, тұрақтандыру. Мысалы, құқық нормалары азаматтардың түрлі жағдайлардағы құқықтық мәртебесін анықтайды. Конституция азаматтарға сан қилы құқықтар мен бостандықтар береді және соларды пайдалану үшін тиісті қоғамдык қатынастарға қатысу мүмкіндіктерін туғызады. Құқықтар мен бостандықтар тұрақты құбылыстар, өзінің мәнін, күшін жоғалтпайды, оларды үнемі пайдалануға болады. Сондықтан құқықтар мен бостандықтарды паш ететін құқықтық нормалар әрдайым қоғамдық қатынастарды реттейтін құрал болып саналады; 2) Тыйым салу қызметі. Құқықтық нормалар жеке адамның, коғамның және мемлекет органының зиянды іс-әрекеттеріне тыйым салады. Зиянды іс-әрекеттердің алдын алуға арналған құқықтык нормалар адамдарға, ұйымдарға міндет жүктейді, зиянды істен сақтандырады, құқықтық нормалардың қағидаларын бұзбауды талап етеді; 3) Заңды игіліктерді қорғау қызметі. Адамдарға, ұйымдарға, бірлестіктерге құқықтар мен бостандықтар белгілі бір игілікті пайдалану үшін, өз кажетін (рухани, материалдық, т.с.с.) қанағаттандыру үшін беріледі. Мысалы, әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар. Оған ешкім қол сұға алмайды. Егер адамды заңсыз бас бостандығынан айыратын болса, кінәлі адам құқықтық жауапқа тартылады. Занда көзделген реттерде ғана және тек соттың немесе прокурордың рұқсатымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады. Соның өзінде де тұтқындалған адамға сотқа шағымдану құқығы беріледі. Тұрғын үйге қол сұғылмауы керек. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді. Заңға сәйкес пайда болған меншікті мемлекет корғайды. Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды. Кәсіпкерлікпен шұғылдану -азаматтардың негізгі құқықтарына жатады. Мемлекет кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз етеді.
Құқықтық нормалар адамдардың, ұйымдардың, бірлестіктердің құқықтары мен бостандықтарын паш етумен қатар, оларды қорғау жолдарын, әдістерін, мүмкіндіктерін жан-жақты қарастырады.
4. Құқықтың тәрбиелік қызметі де ерекше. Құқықтың нормалары адамдардың санасына әсер ету арқылы құқыктық мәдениетті қалыптастырады. Сонымен қатар, құқық заңды бұзудың алдын алу қызметін де атқарады. Осы айтылғандар құқықтың экономикалық, әлеуметтік, идеология салаларындағы қызметіне жатады. Осыларға қоса құқық мемлекетті, қоғамды және азаматтардың заңды мүдделерін қорғау қызметін де жүзеге асырады.

ҚҰҚЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІ
Әлеуметтік ТәрбиелеуРеттеу
ЭкономикалықАлдын алуҚорғау
СаясиСақтандыру

Пысықтау сауалдары
1. Құқықтың қызметтерін атаңыз.
2. Құқықтың әлеуметтік қызметі нені білдіреді?
3. Құқықтың экономикалық қызметі нені білдіреді?
4. Құқықтың саяси қызметі нені білдіреді?
5. Құқықтың тәрбиелік қызметінің мазмұны неде?
6. Заңды бұзудың алдын алушылық деген не нәрсеге бағытталған?
7. Құқықтың сақтандыру қызметінің мазмұны нені қамтиды?
8. Құқықтың реттеу қызметінің мазмұны неде?
9.Құқықтық қорғау қызметінің мазмұнын түсіндіріңіз.
Құқық принциптері (қағидаттары)
Құқық принциптері - құқықтың мәнін білдіруде оған негіз болатын идеялар мен бастаулар. Ол идеялар әділеттік пен бостандықтың сара жолын қорытындылау арқылы шығарылады.
Құқық принциптері әділдік, дұрыстық көрсеткіші болғандықтан, тұрақтылығымен ерекшеленеді, олардың ұзақ уакыт бойы өзгермеуі құқықтық нормалардан айырмашылығы болып табылады.
Құқықтық принциптер нормаларда, заңдарда тікелей немесе жанамалай білінеді.
Әділет және бостандық идеяларын дамытатын құқықтык, принциптердің ең бастылары - демократиялық, ұлтаралық пәтуа (келісім), заңдьшық, адамгершілік, азаматтардың заң алдында тең болуы (теңқұқықтылығы).
ҚҰҚЫҚ ПРИНЦИПТЕРІ
Демократиялық
Ұлтаралық пәтуа (келісім)
Заңдылық
Адамгершілік, ізгілік
Заңдылықтың бірдейлігі
Азаматтардың заң алдыңда тең болуы (теңқұқықтылық)
Пысықтау сауалдары
1. Құқық принциптерінің анықтамасын түсіндіріңіз.
2. Құқықтық принциптердің ең бастыларына жататындарды атаңыз.
СӨЖ-на арналған тапсырма
ҚР Конституциясының 77–бабының 3–тармағы сот әділдігінің негізгі қағидаларын бекітеді. Бұл қағидаларды талқылай отырып, олардың барлық құқық қорғау органдарында маңызды орын алатындығының себебін түсіндіріңіз.
Он бірінші тақырып. ҚҰҚЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ
Адамдар сан ғасырларға созылған өздерінің тіршілік етулерінің барысында түрлі нормалар мен ережелерді көптеп жасаған. Бұлар ізгілік, құқықтық, саяси, этикалық (әдептілік) өнегелі, эстетикалық, корпоративтік, діни, әдет-ғұрыптар, үрдістер, дәстүр мен дағдылар, тұрмыстық әдет-ғұрыптар, ырымдар мен жоралар, салт-дәстүрлері, салт жоралары және тағы басқалар болып жіктеледі. Нормалар дегеніміз қоғамдық қатынастарға араласып қатысушылардың жүріс-тұрыстарының басқаша айтқанда мінез-құлықтарының үлгілері, эталондары, ережелері болып табылады.
Зан ғылымы қоғамдағы қолданыста жүрген барлық нормаларды негізгі екі топқа әлеуметтік және техникалык, деп бөліп қарастырады.
Қоғамның әлеуметтік нормалары дегеніміз қоғамдық қатынастарды реттейтін, қоғамның пікір күші ықпалымен немесе мемлекеттің мәжбүрлеуімен қамтамасыз етілетін, қоғамдағы адамдардың мінез-құлқы, жүріс-тұрыстары ережелерінің жүйесі. Бұған құқық нормалары, әдет-ғурыптар, өңеге, иман, діни нормалар, дәстүр және т.б. жатады. Осы ережелер өздерінің пайда болу негізіне, қамтамасыз ететін күшіне және хабарлау тәсіліне қарай ажыратылады. Мысалы, өнеге нормалары баяғыдан адам қоғамында қалыптасып келе жатқан, отбасында орын алатын және отбасы аркылы қалыптасатын ауызша нормалары, ал құқық нормаларының негіздері мемлекетте жатады және әрқашанда жазбаша түрінде болады, оларды мемлекет қамтамасыз етеді.
Техникалық нормаларға - техникалық нормалардан басқа санитария мен гигиеналык, экологиялык, биологиялык, физиологиялық және тағы басқалай да нормаларға қатыстылары жатады. Бұл нормалардың бәрін қысқашалап техникалық деп атау әлеуметтік деп аталатын нормалармен байланыстыра қарастырғанда түсінікті болу үшін сондай аталыммен атау қалыптасқан.
Техникалық және әлеуметтік нормалар өзара ықпалдасып жатады. Қоғам үшін аса маңызды нормаларды құқық және мемлекет әрдайым қолдап отырады. Содан олар жүріс-тұрыстын техникалық-заңдық ережелеріне айналады, сөйтіп жалпыға бірдей міндетті болады да белгілі бір заңдық салдарды туындатады. Мысалы құрылыс жұмыстарының жүргізілулерінде қылмыстық заң қауіпсіздік ережелерін бұзғандық үшін жауаптылықтың болуын көздейді де оны алдын ала заңдарда белгілеп қояды. Осындай құқыктық нормалар әртүрлі көліктерді пайдалануларда да қарастырылады.
Сонымен, осы замаңғы әлеуметтік нормалар дегеніміз, қоғамдағы болмыстың тәртіпсіздік былығына айналмауы үшін, қайта ол әрбір азаматқа, адамдар топтарына, нақты бір мемлекеттерге, бүкіл адамзат қоғамдастығына ұтымды, әрі тиімді, жабдықталған (яғни комфортты), әділетті, пайдалы, құнды болуы үшін арналған және қолданылатын түрлі ережелердің жиынтық түрі.
Қоғамдық қатынастардың әрбір субъектілері қоғамда бар нормалар туралы хабардар болуы және өздерінің болмысын соларға негіздей отыра кұруы тиіс. Әртүрлі әлеуметтік нормаларды зерделеудің, игеріп ұғудың және қолданыстарда пайдаланудың барысын әлеуметтендіру деп атайды.
Адам әртүрлі топтар, бірлестіктер істеріне қатыса жүріп әлеуметтік тәжірибе жинақтайды, тұлға ретінде қалыптасады.
Сонда ғана тұлғаны мәдени нормалар білімдері негізінде іс-қимылдарға баратын, өзін айқын сезінетін, басқа адамдар арасындағы өзінің рөлін анық түсінетін тұлға дейміз. Әлеуметтік есеюдің нәтижесінде (тұлғалық касиеттерінің қалыптасуы барысында) адам өзін азамат ретінде байыптайды, ұғынады.
Азамат - адамның негізгі сипаттық мінездемелерінің бірі. Мұның өзі оның белгілі бір мемлекетке тәндігін білдіреді.
Адамның әлеуметтенуін нобайлау барысында байыптап барып өмір жолы ретінде көзімізге елестетіп көрсек, онда ол сол адамның әулеттік отбасында басталатынын пайымдаймыз. Одан әрі қарай ол қоғамда жүзеге асырыла бастайды. Ал, мемлекет адамдардың бірлесіп өмір сүруі барысында оларды реттеумен айналысатын қоғамдағы ұйымдардың бірі, әрі бірегейі екенін байқаймыз. Азамат және оның мүдделері өркениетті мемлекеттің басты қамы болып табылады.
Адамдардың өзара бірігіп өмір сүруін бағыттайтын нормалар халықаралық шарттарда (конвенцияларда), конституцияларда, әртүрлі ұйымдар мен партиялардың жарғыларында; кодекстер, заңдар, талаптары мен ұйғарымдарында; діни әдет-ғұрыптарда; мәдени дәстүрлер мен үрдістерде, саяси міндеттемелерде көрініс тапқан. Осы нормалардың көмегі арқылы белгіленген тәртіп, иерархиялық (бір-біріне бағыныштылық) қатынастар орнығады. Мұндай орнығу орын алған коғамда нормалардың ықпалы барлық әрекеттерден әрқашанда байқалып отырады. Олар адамдардың әртүрлі әрекеттерін, өзара қатынастарын реттейді. Әлеуметтік нормалар адамның ұрпағы ана кұрсағында жатып тіршілік белгісін білдіре бастаған кезден-ақ қызметін көрсете бастайды және сол адамның дүниеден өтуімен байланысты аяқталады.
Мемлекетте азаматтарға қалыпты өмір сүрудің жағдайларын жасау мен олардың өзара қатынастарын, мемлекетаралық (халықаралық) қатынастарды реттеу үшін де құқық нормалары болады. Бұл нормалар зандарда, кодекстерде, конвенцияларда, шарттарда және басқалай да құқықтық актілерде көрсетіліп баянды етіледі. Қоғамда ұлттық (мемлекеттік) және халықаралық құқықтық нормалар да орын алады (егер де осы мемлекет әлгі нормаларды таныған болса). Осы нормаларға өз кезегінде барлық азаматтар мен ұйымдардың қолдануы және орындауы үшін (ортақ түрде) міндетті болады.
Құқықтық нормалар үшін мораль нормаларының, өнеге нор-маларының маңызы аса зор болып келеді. Сонда мораль дегеніміз - адамдардың жүріс-тұрысын жақсылық және жамандық, әділеттілік және әділетсіздік тұрғысынан реттейтін нормалар мен қағидаттар жүйесі деп қарастырамыз. Әлеуметтік нормалар жүйесінде жақсылық және жамандық (зло), әділеттілік пен әділетсіздік тұрғысынан қоғамдық қатынастарды реттеудің ең әмбебап құралы мораль (өнеге) нормалары болып табылады. Сондықтан да бұл нормалар қоғамдық ықпал ету шаралары күшімен қамтамасыз етіледі.
Құкық сонымен қатар дін нормаларымен де байланысты болып келеді. Дін нормаларының негіздеріне (қайнар көздеріне) Ислам (мұсылман) дінінде - Құран, Сунна, Иджма, Кийас; христиан дінінде - Ветхий Завет (Ежелгі өсиеті кітабы) жатады. Осы дін нормалары діни бірлестіктердің ұйымдастырылуы мен қызмет атқаруларын белгілейтін ережелер болып табылады.
Дін нормалары - сонымен әртүрлі діндерді тұтудағы белгіленген ережелер болып табылады. Және де бұл ережелер сол дінді ұстанып, тұтынатын адамдарға ғана міндетті болады.
Дін нормалары адамзат қоғамның белгілі бір даму сатысында заңдық сипатта болғанын тарих көрсетіп отыр. Олар саяси, мемлекеттік, азаматтық, құқықтық, неке - отбасылық және басқалай да қатынастарды реттейтін болған.
Көпшілік қатынастарда діни ұйымдар белгілеген нормалар қолданыстағы құқықтармен астасып жатады. Дәлірек айтқанда мемлекеттің негізгі заңы - Конституция діни ұйымдардың қызмет атқаруының құқыктық негізін қалап, адамдардың әрқайсысының өздері қалаған кез келген дінді тұтынып ұстануына кепілдік береді. Діни бірлестіктерге заңды тұлға мәртебесінің берілуінің мүмкіндігі заңдарда көрсетілген.
Құқықтық нормалар әдет-ғұрып нормаларымен де байланысты болып келеді.
Әдет-ғұрып дегеніміз - қоғам дамуының ғасырларға жалғасқан болмысының барысында қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырған, соның нәтижесінде дағдыға айналған адамдардың өздерінің еріктері бойынша орындалатын жүріс-тұрыс (мінез-құлық) нормалары мен ережелері.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 3-і бабы бойынша іскерлік қызмет өрісіндегі құқықтық әдеттегі азаматтық зандардың қайнар көздері болып саналады.
Әдет-ғұрыптар мораль нормаларына қарағанда құқықпен азырақ байланысқан, бірақ солай болғанның өзінде де әдет-ғұрыптар құқыққа ықпалын тигізеді.
Мысалы, көшпелі кезеңдегі қазақ қоғамында әдет-ғұрып құқықтың қайнар көзі болған. Мемлекет әдет-ғұрыпттардың қайсы біреулерін құқық нормалары ретінде баянды етіп бекіткен болатын. Сөйтіп оларға жалпыға бірдей міндеттілік мән (маңыз) берген. Құқықтық әдет-ғұрып ("әдеттегі құқық") жинағының жарқын мысалына Тәуке ханның "Жеті жарғы" заңдар жинағы жатады.
Құқық пен әдет-ғұрыптың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын қарастырып көрейік. Мысалы, құқық және әдет-ғұрыптар нормалары адамдардың жүріс-тұрыстарын реттеушілер болып табылады, сөйтіп белгілі бір ұжымдардың пікірі бойынша адамдардың ісі (қылығы) қандай болуы тиіс немесе қандай болуы мүмкін екендігін көрсетеді, жалпы, жалпыға бірдей міңдетті ережелер түрінде білдіріледі. Сонымен әдет-ғұрыптар мен құқық нормаларының бір-бірінен айырмашылығы шығу тегі бойынша, білдірілу (баяндалу) формасы және қамтамасыз етілу тәсілдері бойынша анықталады. Егер әдет-ғұрыптар адам қауымының пайда болуымен қатар, бір кезде пайда болған болса, онда құқық нормалары мемлекеттік түрде ұйымдастырылған қоғамда пайда болады; егер әдет-ғұрыптар арнайы актілерде баянды етілмесе (бекітілмеген болса), оның орнына адамдар санасында ғана болып және ұрпақтан-ұрпаққа беріліп жатқан болса, онда құқық нормалары белгілі бір формаларда болады, сөйтіп ресми жолдар арқылы беріледі; егер әдет-ғұрыптар қоғамдық пікірдің күшімен қамтамасыз етілетін болса, онда құқық нормалары мемлекеттің еріксіз көндіру күштерінің мүмкіндіктерін ескере отырып жүзеге асырылады.
ҚОҒАМНЫҢ ҚАТЫНАСТАРЫН РЕТТЕЙТІН НОРМАЛАР
Әлеуметтік нормалар: Әлеуметтік-техникалық нормалар:
құқық нормалары техникалық құралдарды пайдалану
мораль (имандылық,
нормалары санитарлық-гигиеналық нормалар

қоғамдық ұйымдар агрономиялық нормалар
(корпоративтік)
нормалары басқалары
әдет-ғүрыптар
діни нормалары
басқалары

құқық нормалары
имандылық (морлаль өнеге) нормалары
әдет – ғұрыптар
корпоративтік нормалар
діни нормалар
саяси
ұйымдық
этиклық (әдептік)
эстетикалық
басқалары
стихиялық (сұрапылдық) түрде
саналы түрде
ауызекі
жазбаша
ҚҰҚЫҚ ПЕН МОРАЛЬДЫҢ ИМАНДЬІЛЫҚТЫҢ, ӨНЕГЕНІҢ
ЖАЛПЫЛАМА ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
экономикалық базиске жасалған қондырма болып табылады;
нормативтік мазмұңда болады;
қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып табылады;
әлеуметтік-экономикалық мүдделердің ортақтығына (бірлігіне) негізделеді;
көпшілік жағдайларда ерікті түрде жұзеге асырылады;
жұзеге асырылуының ішкі кепілі – адамның ар-ұяты мен намысы.
мемлектпен бірге, қатар пайда болады
нормалардан (жүріс-тұрыс ережелерінен) тұрады
нақтылығы (деректілігі), айқындалған арқылы сипатталады
мемлекеттік мәжбүрлеудің болу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі
нақты шаралар мен мәжбүрлеудің түрлері күні бұрын көрсетілген болады
тек қана құқық бұзушының жүріс-тұрысын жан-жақты бағалайды
мемлекетпен бірге, қатар жойылады
мемлекеттен бұрын пайда болады
күрделірек құрылымы болады
мазмұнының тым күрделі болуымен сипатталады
дағды арқылы немесе қоғамдық пікір күшімен қамтамасыз етіледі
мәжбүрлеудің шаралары мен түрлері күні бұрын көрсетілмеген болады
адамның жүріс-тұрысы жан-жақты бағаланады
кез келген қоғамда орын алады
Корпоративтік нормалар (қоғамдық ұйымдардың нормалары) дегеніміз қоғамдық ұйымдардың қызмет атқаруда мақсаттарына жету үшін жасалған жарғыларында, ережелерінде, шешімдерінде көрсетілген, белгіленген жүріс-тұрыс ережелері.
ҚҰҚЫҚ НОРМАЛАРЫ МЕН КОРПОРАТИВТІК НОРМАЛАР:

Жалпы ерекшеліктері: Айырмашылығын көрсететін
ерекшеліктер:
айқын, нақты жүріс-тұрыс қамтамасыз ету дәрежесі
ережелері түрінде болады
мәжбүрлеу түрлері
арнайы актілерде баяндалған
болып келеді құқық нормаларының
басымдылығы
нормалары жүйеге келтірілген
болады
Пысықтау сауалдары:
1. Әлеуметтік нормалардың түрлерін атаңыз.
2. Әлеуметтік нормалар жүйесіне құқыктың алатын орны мен атқаратын рөлі қандай?
3. Мораль нормаларының құқыққа тигізетін ықпалы қандай?
4. Әдет-ғұрыптар мен құқықтық нормалардың ара қатыстылығын сипаттаңыз.
5. Діни және құқықтық нормалардың ара қатыстылықтары қаңдай?
6. Корпоративтік нормаларды сипаттаңыз.
Он екінші тақырып. ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ (НЫСАНДАРЫ)
Заң ғылымында түрлі философиялық - нысан (форма), мән, қызмет (функция), мазмұн деген сияқты санаттар (категориялар) жиі қолданылады. Мысалы, нысан (форма) деп заттың, пәннің, құбылыстың ішкі мәнің білдіретін сыртқы көрінісі ұғынылады.
Мән - пәннің, заттың, құбылыстың негізгі тағайыны, оның не үшін қажет екендігінің, қандай пайдаға асыруға болатындығының көрсеткіші.
Қызмет - сан алуан пәннің, заттың немесе кұбьшыстың негізгі тағайыны, оның іс-өрекетінің негізгі бағыггары.
Мазмұн пәннін, заттың немесе кұбылыстың осы нысан шегіндегі аясының ішіндегісі, ішкергі жағындағы бары-нәрі.
Құқық қоғамдык құбылыс ретінде ішкі және сырт нысанды болып келеді. Құқықтың ішкі нысаны - оның құрылысы (құрылымы), элементтерінің жүйесі. Бұлар осы құбылыстың (яғни құқықтың) мазмұнын құрайды.
Құқықтың сыртқы нысаны - деп формалды түрде құқықтық құбылыстарды баянды ететін зандық негіздердің кешені ұғынылады. Осы заңдык негіздердің кешені құқықтық нормалардың адресаттарына олардың нақты мазмұнымен танысуына және оларды пайдалануына мүмкіндік туғызады.
"Құқық нысаны" және "құқық негіздері" деген ұғымдар бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ біріне бірі дәл келмейді. "Құқық нысаны" құқықтың мазмұны сыртының қалай құрылғанына және білдірілгенін көрсеткен болса, онда "құқық негіздері" ұғымы құқықтың қалыптасу бастауларын, оның мазмұнын алдын ала анықтайтын қозғаушы күштер жүйесі (факторлар) мен жазылу (білдірілу) нысанын көрсетеді.
Міне осыған байланысты құқық негіздерін материалдық, идеалдық және заңдық деп жіктейді.
Материалдық құқықтық негіздер - мұның тамырлары коғам дамуының объективтік мұқтаждықтарында, экономикалық қатынастарында жатады.
Идеалдық құқықтық негіздер - бұларға заң шығарушының қоғам дамуы мұқтаждықтарын идеологиялык тұрғыдан жете түсінуі жатады. Осының негізінде де құқықтық нормалар қабылданады. Заңдық құқықтық негіздер - бұған мемлекетің өзі шығарған немесе таныған, сөйтіп оларға жалпыға бірдей міңдетті ресми-құқықтық түр беріп баянды еткен құқық нормалары жатады. Заң әдебиетінде темендегідей құқық негіздері атап көрсетіледі: Құқықтық әдет-ғұрып - құқық нысандарының ең ежелгілерінің бірі, ол - ұзақ мерзімнің ішінде қайталанулар барысында дағдыға айналған, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып отырған мінез-құлық (жүріс-тұрыс) ережелері. Бұл ережелер мемлекеттін мәжбүрлеу күшімен қорғалып отырады. Рулық кауымның әдет-ғүрыптары өзгерулердің барысында бірте-бірте мақұлданған әдет-ғүрыпқа ұласқаны тарихқа мәлім болған жағдайлар. Рулық қауымда ең көп таралған әдет-ғүрыптар ішіндегі жиі кездесетіндері: - "кекті қанмен жуу" ("қанды кек", "қан төгіп өш алу") және "жанға-жан", "қанға-қан", "көзге-көз", "басқа-бас", "тұяққа-тұяқ" деген "талион кағидаты" деп аталатындар. Бірте-бірте бұл әдет-ғұрыптар айып-анжы төлеумен алмастырыла бастаған. Қоғамның бірте-бірте топтарға жіктеле бастауына байланысты "айып-анжы" (төлету, төлеу де) дифференцияланған сипатқа ауыса бастайды.
Қазақ мемлекетінің хандық дәуір кезіндегі көшпелі қазақ қоғамында әдет-ғұрыптар құқық негіздерінің тұғыры қызметін атқарған. Осыған сәйкес көшпелі өмір кешкен қазақ қоғамында құқықтың негізгі нысаны мақұлданған (санкцияланған) құқыктық әдет-ғұрып болған.
Құқықтық әдет-ғұрыптардың жинақтарының қазіргі заманға жеткені Тәуке ханның "Жеті жарғы" атты заңдар жинағы. Әрине, бұл жинақ өзінен бұрынғы "Есім ханның ескі жолы", "Қасым ханның қасқа жолы" атанған әдет-ғұрып заңдарынан бастау алғанын тарихи мағлұматтар мен заңгер ғалымдардың зерттеу-талдаулары көрсеткен жәйттер.
Сот үлгі ісі (сот прецеденті) - мемлекеттің өзі жалпыға бірдей міндетті күші бар деп мән берген ұқсас істерді шешуде үлгі бола алатын соттың нақты іс бойынша қабылдаған шешімі.
"Сот үлгі ісі" Англияда, АҚШ-та, Үнді елінде және басқа да мемлекеттерде кеңінен қолданылады. Мұның өзі ұқсас болып келетін басқа істерді шешуде эталон (үлгі ретіндегі өлшеуіш) балып табылатын соттың сәтті, әділ қабылдаған шешімі.
"Үлгі іс" соттық та, сондай-ақ әкімшіліктік те болуы мүмкін. Ол судьяға немесе лауазымды тұлғаға өзінің білігінше дербес шешім қабылдауға, жәй ғана мүмкіндік беріп қоймайды, қайта болмыстағы ахуалдың ұқсастығы толық болмаған жердегі жағдай мен ахуалдың қаншалықты деңгейде ұқсастығын бағалау құқығы тек судьяларға ғана тән болғандықтан беріледі. Және де үлгі істегі бұрынғы шешімдердің барлығы бірдей міндетті емес. Тек алғашқы шешімді немесе үкімді қабылдаған соттың құқықтық позициясының (көзқарасының) мағынасы ғана міндетті болып келеді.
Нормативтік шарт - бұл екі немесе одан да көп жақтардың жасасқан шешімі. Мұның өзі жалпыға бірдей міндетті болады және мемлекет күшімен кепілдендіріледі.
Нормативтік шарттар бірте-бірте конституциялық, еңбек, азаматтық, халықаралық және құқықтың басқа да салаларында кеңінен таралып қолданыла бастады. Олар мемлекет ішінде қолданылатын және халықаралық, құрылтайлық және әдеттегі, типтік және ағымдық деген түрлерде болады.
Ең жиі таралған түрі кәсіпорын әкімшілігі мен еңбек ұжымының өкілі болып табылатын кәсіподақтың арасында жасалған ұжымдық шартты мысалға келтіруге болады. Бұл шарт еңбек қатынастарын реттеуде маңызды рөл атқарады.
Нормативтік құқықтық актілер осы заманғы құқықтық ең жетілдірілген түрі болып табылады.
Нормативтік құқықтық акт - мемлекеттің құзырлы органдары қабылдаған, жалпыға бірдей міндетті заңды нормалары балатын ресми құжат.
Нормативтік құқықтық актілер заңдық күшіне байланысты заңдар және заңға негізделген актілер деп бөлінеді.
Заң - ең жоғары заңдық күші бар нормативтік құқықтық акт, мұны заң шығарушы ең жоғары орган белгілі рәсім бойынша қабылдайды.
Булардың жетекшілік орны мынадай нышандармен (белгілермен) анықталады:
1. Заң мемлекеттік биліктің (яғни өкіметтің) заң кабылдаушы (өкілді) органдары немесе тікелей халықтың өзі бүкілхалықтық сұрау салу (референдум) арқылы қабылданады, күші де жойылады және өзгертіледі.
2. Заң айрықша түрде іс жүргізу тәртібі бойынша кабылданады.
3. Тәуелді нормативтік құқықтық актілердің бәрі зандарға қайшы болмауы тиіс, егер де ондай қайшылықтар болса, бұл актінін орнына одан тікелей жоғары тұрған заң күшіне сүйене отырып әрекет етуге болады.
4. Заңда алғашқы негіз сипатындағы норма болады. Барлық басқа актілер зандардан туындайды және олар зандардағы нормаларды егжей-тегжейлі талдауы, нақтылауы тиіс.
5. Заң ең маңызды негізге алынатын қатынастарды реттейді.
Заңдар конституциялық және ағымдық болып жіктеледі.
Конституциялық заңдар қоғамдық және мемлекеттік құрылыстын негіздерін баянды етеді, ағымдык заңдарға заңдық тұғыр болып қызмет етеді.
Бұларға конституция мен оған өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ оның мазмұнын нақтылайтын заңдар жатады.
Конституция - мемлекеттің негізгі заңы. Ол нормативтік құқықтық актілер жүйесінде басты орын алады, барлық заңдардын заңдық тұғыры болып табылады.
Конституциялық зандардың тізімі жеткілікті толық түрде Конституцияда анықталған.
Ағымдық (әдеттегі) заңдар конституциялық зандардың негізінде және соларды орындау мақсатында қабылданды. Ағымдык зандар елдің экономикалық, саяси, мәдени өмір болмысының түрлі жақтарын реттейді.
Заңға негізделген нормативтік құқықтық актілер - мемлекеттің атқарушы - орыңдаушы органдарының заңдар негізінде қабылдайтын актілері. Олар зандарды орындау мақсатында қабылданады.
Заңға негізделген актілерге жататындар:
- Президенттің жарлықтары;
Үкіметтің қаулылары мен шешімдері;
Министрліктер, ведомстволар, комитеттердің нұсқаулары, ережелер жиынтығы (кағидалар), бұйрықтар және т.б. түріңдегі нормативтік актілері;
жергілікті атқарушы органдардың нормативтік актілері;
локалдық нормативтік актілер, яғни ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелердің актілері.

Қазақстан Республикасында қолданылатын нормативтік құқықтық актілердің сатысы (ҚР "Нормативтік құқықтық актілер туралы" заңның 4-бабы).
1) Конституция – жоғары заң күші бар;
2) Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Заңдар;
3) ҚР Конституциялық заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күші бар Жарлыктары;
4) ҚР Кодекстері;
5) ҚР Заңдары, ҚР Президентінің заң күші бар Жарлықтары;
6) ҚР Парламентінің нормативтік Жарлықтары;
7) ҚР Президентінің нормативтік қаулылары;
8)ҚР Үкіметінің нормативтік қаулылары;
9) министрлерді мен орталык мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық бұйрықтары, қаулылары;
10)мәслихаттар, әкімдіктер мен әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері.
Құқық және заң
Құқықтың қандай құбылыс екенін жалпы түрде анықтадық. Ежелден құқықпен қатар заң деген ұғым да қалыптаскан. Екеуі дербес екі әлеуметтік құбылыс болғанымен, бірімен-бірі тонның ішкі бауындай өте тығыз байланысты. Жоғарыда айтылғандай, құқық нормалардан, ережелерден, қағидалардан тұрады. Ал құқықтық нормалар ресми түрде қабылданады. Дәлірек айтсақ, құқықтық нормалар нормативті актілерде жазылады. Нормативтік актілердің түрлері сан алуан. Мұны Қазақстан Республикасының Конституциясынан да анық көруге болады. Конституцияның өзі де жүйелендірілген мемлекеттің негізгі заңы. Казақстан Парламенті заңдар кабылдайды. Олар – конституциялық және жай заңдар. Президент жарлықтар қабылдайды. Жарлықтар – заң күші бар және жай жарлықтар түрінде болады. Қазакстан Үкіметі қаулылар, шешімдер, ережелер, қабылдайды. Министрліктер мен мемлекеттік комитеттер бұйрықтар, нұсқаулар, т.б. нормативтік актілер қабылдайды. Жергілікті мемлекет органдары да шешімдерін, қаулыларын кабылдайды.
Осы аталған нормативтік-құқықтық актілердің ішіндегі ең негізгілері – заңдар. Айта кету керек, әдебиетте заң "кең" тұрғыдан және "тар" тұрғыдан түсіндіріледі. Кең тұрғыдан алсақ, заңға нормативті актілердің барлық түрлері: нағыз заңдар, жарлықтар, қаулылар, шешімдер, бұйрықтар, нұсқаулар, ережелер, жарғылар, т.б. жатады. Ал "тар" тұрғыдан қарайтын болсақ, заңға тек кана "заң" деп аталатын нормативті-құқықтық актілер ғана жатады. Заң, өз мәнінде алатын болсақ, нормативті-құқықтық актілердің арасында ерекше орны бар, ерекше қызмет атқаратын акт болып есептеледі. Былайша айтсақ, "заң" - төрағасы сияқты, басқа нормативті-құкықтық актілердің төрінен орын алатын акт. Оның себебі неде? Біріншіден, заңды мемлекеттің ең жоғары заң шығаратын органы - Парламент шығарады. Екіншіден, заң қоғамдағы ең күрделі қатынастарды реттеуге бағытталады. Заң реттейтін қоғамдық қатынастардың бүкіл қоғам мүдделеріне қатысы бар. Үшіншіден, заңның ең жоғары құқықтық күші бар. Зандар өз ішінде түріне байланысты бірнеше топтарға бөлінеді: Конституция, конституциялық заң, жай заң. Мұның ішінде ең жоғары құқықтық күші бары - Конституция. Мемлекеттегі барлық нормативтік актілер Конституция негізінде, соған сәйкес жасалып, қабылдануы керек. Қазақстан Конституциясы бойынша конституциялық заң Конституциядан құкықтық күші жағынан төмен тұрады. Сондықтан конституциялық заң деп аталса да, Конституцияға өзгерістер, косымшалар енгізе алмайды. Конституциялык заң Конституцияға сәйкес жасалып, қабылданады. Құқықтық күшіне қарай конституциялық заңнан кейін жай заң тұрады.
Өзара құқықтық күші әр дәрежеде болса да, аталған заңдар ең маңызды нормативтік актілер болып саналады. Басқа нормативтік актілер заңдарға тәуелді актілер қатарына жатады.
Нормативтік-құқықтық актілердің құрамында заңдардың ерекше орны болуы, айрыкша кызмет аткаруы заң мен құқықтың арақатысын анықтауға мүмкіндік береді.
"Құқықты қоғам жасайды, заңды мемлекет жасайды" деген тұжырым – заң мен құқықты ажыратудың қажет екендігінің белгісі. Құқықты қалыптастыратын қоғам. Құқық қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы. Құқық қалыптасуының объективтік барысын формалды заң шығару қызметімен шатастыруға болмайды. Құқықтың жасалуы – қоғамдық қатынастардың өздігінен шынайы қалыптасып, адамдардың және олардың бірлестіктерінің байланыстары әдеттегі, бірыңғай жолмен, үлгілермен, белгілі көлемде жүріп отыруына байланысты. Мұнда шындық, әділдік, дұрыстық – құқық қалыптасуының негізгі принциптері болып табылады. Демек, заң шығарушылықтың алғышарты, оның тиімді болуының негізі - құқықтың жасалуы. Заң шығарушылық неғүрлым құқықтың талаптарын (әділдікті, шындықты) толығынан ескеретін болса, соғұрлым заң құқыққа сәйкес болады. Мұндайда заңды құқықтық заң деп айтуға негіз бар. Біріншіден, кұқықтық заң коғамдық қатынастарды жөнге салып, реттеуге, дамытуға атсалысады, екіншіден, құқықтық заң әділдікті, адамгершілікті баянды етеді, үшіншіден, көпшіліктің еркін білдіріп, халықтық сипатқа ие болады. Сондықтан құқық пен заңды айырудың және олардың арақатысын дұрыс анықтаудың зор адамгершілік мәні бар. Сонымен қатар бұл мәселенің практикалық мәнін де естен шығармаған жөн. Заңның құқық талаптарына сай келуі оның сапасын жоғары көтереді. Демек, бұл жағдайды заң шығаратын орган ескеруі қажет.
Пысықтау сауалдары
1. Заң деген ұғым қалай түсіңдіріледі?
2. Заң мен құқықтың арақатынасын тұсіндіріңіз.
3. Нормативтік құқықтық актілер деген не?
4. Нормативтік құқықтық актілердің түрлерін атаңыз.
5. Заңның "кең" мағынасы нені білдіреді?
6. Заңның "тар" мағынасы нені білдіреді?
7. Заң қандай қоғамдық қатынастарды реттейді?
8. Конституция, конституциялық заң және жай заң дегендерді түсіндіріңіз.
9. "Құқықты қоғам жасайды, заңды мемлекет жасайды" дегенді қалай түсінуге болады?
10. Құқықтың қалыптасуының негізгі принциптеріне кіретіндерді атаңыз.
11. Құқықтық заң деген ұғымды түсіндіріңіз.
Нормативтік-құқықтық актілердің уақытқа, кеңістіктегі, субъектілерге байланысты (қамту өрісіндегі) күші
Нормативтік құқықтық актілердің уақытқа байланысты күші мына түрде атқарылады:
Нормативтік құқықтық актінің өз күшіне ену сәті оның жарияланғанынан белгілі бір мерзім еткеннен соң басталады, ол әдетте қағида бойынша 10 күн деп белгіленген.
Сондай-ақ кейбір нормативтік құқықтық актілердің өз күшіне енуі олардың қабылданған немесе жарияланған сәтінен басталады (егер де бұл жөнінде актіде тікелей аталып көрсетілген болса).
Нормативтік құқықтық актінің күшіне енуі сол актінің өзінде ол туралы арнайы қабылданған акті арқылы көрсетілуі мүмкін. Мысалы, қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексі (Жалпы бөлім) 1994-і жылы желтоқсан айында қабылданған, ал күшіне енуі 1995-і жылдың 1-ші наурызынан басталды.
Нормативтік құқықтық акті күшінің тоқтатылуы мына жағдайларда болады.
1. Жаңа актінің кабылдануына байланысты. Жаңадан қабылданған акт қағида бойынша өзі қабылданғаннан кейінгі пайда болған қоғамдық қатынастарға ғана өз күшін тарата (яғни қолдана) алады.
Заңның кері күші болмайды. Мұның мағынасы – заң өзі қабыданғаннан бұрын пайда болған қоғамдық қатынастарға қолданылмайды, яғни әлгі қатынастарға бұл заңның күші жүрмейді – деп түсіну керек.
Дей тұрсақ та, бұл қағидаттан ерекшелік ретінде болатын қағидалар да бар, олар:
1. Нормативтік құқықтық актінің өзінде осы акт қағидаларын, осы акт қабылданғаннан бұрын пайда болған қатынастарға қолданудың көзделгендігі арнайы түрде атап көрсетілген жағдайларда заңның кері күші пайда болады.
2. Нормативтік құқықтық акт қылмыстық жауаптылықты жеңілдеткен жағдайда да заңның кері күші болады.
3. Нормативтік құқықтық акт қылмыстық жауаптылықты жойған жағдайда да заңның кері күші болады.
Нормативтік құқықтық актінің кеңістіктегі күшін сипаттауды осы ұғымға енетін кеңістік аталымының мағынасын түсіндіруден бастаған жөн. Сонымен, кеңістік дегеніміз мемлекет шекарасы шегіндегі жер беті (бедері) белігі, оның қойнаулары ішкі-сыртқы су айдыны, олардың үстіндегі әуе (атмосфера) кеңістігі жатады, халықаралык сулардағы ашық теңіздерде жүзіп жүрген әскери және олардан басқа да кемелердің, ұшатын аппараттардың аумағы, сондай-ақ елшіліктердің аумақтары.
Сондықтан да бұл аумактар құқық теориясында "экстерриториалдылық" деген ұғым арқылы беріледі.
Нормативтік актілер күшінің "экстерриториалдылығы" құқықтық актілердің мемлекет аумағынан да тысқары аумақтарға жайылып таралуын білдіреді. Мысалы, белгілі бір саудадағы мәмілелерді: (келісімдерді), кейбір мұрагерлік туралы істерді сотта қарағанда шетелдік заңдарды пайдалануға рұксат беріледі.
Қамту өрісі (субъектілер) – бұған азаматтар, азаматтығы жоқтар және шетелдіктер жатады. Жалпы ереже бойынша нормативтік актілер мемлекет аумағындғы тұлғалардың бәріне бірдей таралады.
Бұл қағидаттан да ерекшелік ретінде болатын өзгешеліктер бар. Мысалы, нормативтік актілердін күшін қолдануда шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға деген өзіндік ерекшеліктер болады. Оларға кейбір құқықтар берілмейді, белгілі бір міндеттер жүктелмейді (Мемлекеттік органдарды сайлауға, өздерінің оларға сайлауына, қарулы күштер қатарында әскери қызметін өтеу (атқару) және т.б. құқықтары берілмейді).
Шет ел өкілдері (ел басылар және үкімет басшылары, елшіліктердің дипломатиялық қызметкерлері, басқалай да шет елдік азаматтар дипломатиялық... (экстерриториалдық) құқықтарға ие болады. Қазақстан Республикасы аумағында олардың жасаған құқық бұзушылықтары үшін қылмыстық және әкімшілік жөніндегі жауаптылықтары дипломатиялық жолдар арқылы шешіледі.

актіде көрсетілген әрекет күшінің
мерзімнен аяқталу мерзімі
акт жарияланғаннан әрекет күшінің
кейін тоқталуы
тездетіп (дереу) тікелей жойылуы
жағдайдың
өзгерулері

мемлекет ерлер кәмелетке әскери
азаматтары толғандар қызметкерлер
әйелдер
шетелдіктер әмелетке арнайы
толмағандар қызметкерлер
азаматтығы
басқалары
Статья II.
Статья III.
Статья IV.
Статья V. Пысықтау сауалдары
1. Құқық нысаны ұғымы түсінігі нені білдіреді?
2. "Құқық нысаны" және "құқық негізі" категориясының арақатыстылығы қандай?
3. Құқық нысанының түрлерін атаңыз және олардың әрқайсысын сипаттаңыз.
4. Құқықтық әдет-ғұрыптардың құқық негіздері ретіндегі ерекшеліктері неде?
5. Сот үлгі ісі (прецедентіне) анықтама беріңіз.
6. Нормативтік құқықтық актіге анықтама беріңіз және олардың түрлерін сипаттаңыз.
7. Заңның ең жоғары күші нені білдіреді?
8. Заңға негізделген актіге анықтама беріңіз.
9. Нормативтік құқықтық актінің уақытқа байланысты, кеңістіктегі және қамту өрісіндегі күштері қандай болады?
СӨЖ-на арналған тапсырма
ҚР «Нормативтік құқықтық актілері туралы» Заңының 1, 3, 4-6, 17, 18- баптарын, 7-9-тарауларын қарап, әсіресе 38-бапқа ерекше көңіл бөліңіз. Нормативтік құқықтық актінің түсінігін, түрлерін, сатыларын ашып көрсетіңіз.
Он үшінші тақырып. ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМА
Құқықтық нормалардың ұғымы және түрлері.
Құқықтық норманың құрылымы.
Құқық—күрделі құбылыс. Құқықтың негізгі кызметі – коғамдық қатынастарды реттеу, тәртіпті сақтау, қорғау, Құқық — жалпыға бірдей міндетті мемлекет қамтамасыз ететін нормалардың жиынтығы.
Ал құқықтық норма дегеніміз, құқықтың бір ғана ереже, қағидасы. Мысалы, құқықты үй деп санасақ, онда құқықтық норма осы үйдің бір кірпіші, бір торшасы.
Құқықтық норма — мемлекет таныған, және оны өзі қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарға араласып түсушілердің құқықтары мен міндеттерін туындататын, олардың әрекеттерін үлгі, эталон, масштаб, өлшем есебінде реттей алатын жалпыға бірдей міндетті ереже, норма.
Құқықтық норма — заңға сәйкес келетін мінез, жүріс-тұрыстың айырымдылық белгісін білдіреді. Осыдан құқықтық норма жария айқындылық, нақтылық мәнге ие болады. Оның өзі заң. Жөнмен көзделген істің шешімін табуға мүмкіндік береді.
Әрбір құқықтық норманың үш элементі (бөлігі) болады: диспозиция (мінез-құлық ережесі), гипотеза (жорамалы) және санкция (жаза, шара).
Құқықтық норманың гипотезасы (жорамалы) — құқықтық норманы қолдану (немесе қолданбау) үшін қажетті өмірдегі мән-жайлардың бар екенін көрсететін құқықтық норманың бөлігі. Гипотезаның көмегімен мінез-құлықтың қиялдағы нұсқасы өмірдегі жағдаймен, белгілі адаммен, мерзіммен және орынмен байланыстырылады. Былайша айтқанда, гипотеза құқықтық нормаға жан бітіреді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіп бұзған болуы керек. Егер осындай іс-әрекет жасаса ғана, заң бұзушы жауапқа тартылады.
Егер гипотезада (жорамалда) бір ғана мән-жай көрсетіліп, сол жағдайда құқықтық норма қолданылатын болса, оны қарапайым жорамал дейді. Мысалы, егер бала туғанда ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматы болса, бала да Қазақстан Республикасының азаматы болып саналады. Егер құқықтық норманы қолдану үшін екі, одан да көп мән-жай қажет болса, ондай гипотезаны күрделі жорамал дейді.
Егер құқықтық норманың қолданылуы бірнеше мән-жайдың біреуіне байланысты болса оны балама жорамал дейді.
Құқықтық норманың диспозициясы – құқықтық қатынастарға қатысушылардың мінез-құлқы қандай болуы керек екенін анықтайтын құқықтық норманың бөлігі. Диспозиция — құқықтық норманың ұйтқысы, мазмұны, өзегі. Бірақ құқықтық норма тек қана диспозициядан тұрмайды. Жорамал санкциямен байланысқанда ғана диспозиция өзінің реттеушілік қызметін атқара алады. Диспозиция – мінез-құлықтың үлгісі. Диспозиция үш түрлі болады: а) қарапайым диспозиция, егер мінез-құлықтың мазмұны ашылмаса; б) сипаттамалы диспозиция — мінез-құлықтың барлық мәнді белгілері анықталса; в) сілтемелі диспозиция — егер құқықтық норма диспозициясы анықталған басқа құқықтық нормаға сілтеп нұсқаса.
Құқықтық норманың санкциясы — құқықтық норманың диспозициясы бұзылған жағдайда қолданылатын жағымсыз шараны көрсететін құқықтық норманың бөлігі. Санкцияда мемлекет қандай іс-әрекеттерді, мінез-құлықты қолдамайтынын көрсетеді. Санкцияның түрлері: а) абсолютті-анық, б) баламалы, в) салыстырмалы.
Заң (басқа да нормативтік құқықтық актілер) — нормативтік акт болып саналады. Оның құрылымы ерекше. Заң баптардан тұрады. Бір заңда бір, бірнеше, ондаған баптар болуы мүмкін. Ал заңның бабы бір немесе бірнеше құқықтық нормалардан тұруы мүмкін. Егер заңның бабында бір норма болса, бап пен норма сәйкес келеді. Бапта екі норма да болуы мүмкін. Онда, әрине баптың мазмұны норманың мазмұнынан кең болады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 34-бабы екі құқықтық нормадан тұрады:
1. Әркім Қазақстан Республикасы Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге міндетті.
2. Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті.
Кейде бір құқықтық норма бірнеше баптан тұруы мүмкін.
Заңның бабында кейде норманың тек бір бөлігі ғана болады, ал басқа бөліктерін тағы екінші, үшінші баптардан немесе басқа нормативтік актілерден іздеуге тура келеді. Бұдан құқық нормасын заңның бабынан ажыратудың қажеттілігі туындайды. Мұның өзі сірә нормативтік актінің бір бабында кейде екі, үш және одан да көп нормалардың кездесуінен болады. Кейбір актілер, мысалы, құқықтың басқа салаларында қызмет ететін актілер санкцияларын білдіруге маманданған болып келеді.
Егер де құқық нормасының құрамындағы құрылымдық элементтердің қайсыбірі болмаса, онда ол өзінің реттеуші рөлін орындай алмайды. Сондықтан да нормаларды жасағанда заң шығарушы оның әрбір бөлігін арнайы жазып алуы қажет немесе оған тиісті сілтеме жасауы жөн. Ал ол норманы жүзеге асырушы өзінің істерін заң жөнімен сауатты құру үшін норма элементтерінің барлық байланыстарын ескеруі тиіс.
Құқық нормасы құқықтың басқалай да көріністерінен өзінің құрылымымен, сондай-ақ маңызды белгі-нышандарымен ерекшеленеді. Құқық нормасы, оның ішінде бәрінен бұрын жеке-дара көрсетілген ұйғарымнан ерекшеленеді. Жеке-дара ұйғарым нормаға негізделеді және бір рет қолданылуымен тәмәмдалады. Жеке-дара ұйғарым дәлме-дәл белгілі бір оқиғаға ғана, жалғыз бір жолғы әрекетке ғана, нақты, дерегі белгілі бір адамға ғана арналады. Басқа жағынан алып қарағанда құқық нормасы құқықтың жалпы принциптерінен ерекшеленеді. Құқық принциптері нормативтік сипатта болса да, өзін құқық нормасы арқылы көрсетеді, және де өзін анықтап дәлелдеуді қажет етеді, жорамал мен санкцияға тікелей шықпайды яғни байланыспайды. Онсыз құқықтық реттеудің айқындылығын көз алдымызға елестетудің өзі қиын.
Қандай бір норма болмасын оның қайсы түрге жататынын айқындап, анықтап алуға қызмет ететіндер құкықты жақсылап түсіну толығынан алғанда не үшін қажет болатынын анықтауы, реттеушілік мүмкіншіліктерінің қандай дәрежеде екендіктерін біліп алуы қажет. Заң нормаларын жіктеуде оларды реттеуші және қорғаушы деп бөлу жіктеудің ең бастысы болып табылады. Белгілі бір шамада мұның өзі де шартты ғана. Олай болатын себебі, әрбір норма адамдардың еркі мен ықтиярына, санасына ықпал ете отырып, оның мінезін, жүріс-тұрыстарын реттейді. Соның өзімен олардың мінездері, жүріс-тұрыстары тікелей реттелінетін тәрізді. Қорғау нормалары заң алдындағы жауаптылықтың және субъективті құқықтарды қорғаудан басқалай да мәжбүрлеу шараларын белгілейді. Оларды қолданудың тәртіптік реттері мен жөн-жосықтарын анықтайды. Мұнда адамдардың мінездерінің, жүріс-тұрыстарының реттелінуі жанамалай түрде жүргізілетін сипатта болады. Сонымен алдын-ала қарастырылған санкцияның сипаты мен оның қай салаға жататындығына байланысты құқық қорғау нормалары, азаматтық құқық қорғау нормалары, әкімшілік құқық қорғау нормалары, қылмыстық құқық қорғау нормалары және т.б. құқық қорғау нормалары деп сараланады. Нақ осы аталған құқық салаларының нормалары негізінен алғанда коғамдық қатынастарды сақтап, қорғауға маманданған болып келеді.
Реттеу нормалары міндеттеу, тыйым салу және құқықты белгілеу нормаларына бөлінеді. Жалпы алғанда осы бөлініп көрсетілген нормалардың қайсысы болса да осы көрсетілгендердің сипатында жасалып құрылуы мүмкін. Ал кейбір нормалар табиғи түрде өздері әртүрлі сипаттарды біріктіріп тұрады. Мысалы, белгілі бір жағдайларда, қылмыстық іс қозғау, тергеушінің әрі құқығы әрі міндеті болып табылады. Сонымен бірге, кейбір нормаларда алдыңғы қатарға жеке адамның міндеті ғана шығады. Ал басқа нормаларда олардың құқығы, үшінші бір нормаларда белгілі мінез, жүріс-тұрыстарға тыйым салынуына ерекше назар аударылады.
Міндеттеу және тыйым салу нормалары әдеттегі қағида бойынша өктемдік болып келеді. Яғни ережеден ешбір ауытқымайтын, сөзсіз орындалатын сипатта болады. Белгілеу (құқықты белгілеу) нормалары жиі түрде диспозитивтік категориядағы нормаға жатады, былайша айтқанда норманың күші бағытталған адамның мінезі, жүріс-тұрысы оның серіктесінің (әріптесінің) келісімімен өзгертілуі мүмкін екенін білдіреді.
Осы тәрізді негіздерге сүйеніп факультативтік нормалар да бөлектеп көрсетіледі. Ол белгілі бір жағдайларда мінез, жүріс-тұрыстың басты нұсқасынан ауытқытуға мүмкіндік жасайды. Сөйтіп бұл жағдайда негізгі емес, яғни қосалқы нұсқаны таңдап алуға мүмкіндік береді.
Ұсыныстық нормалар деп аталынатындар бірнеше түрлі мінез, жүріс-тұрыс нұсқаларынан біреуін ғана артықтау немесе тәуірлеу деп кеңес береді. Егер де норма ережені қалыптастыруда оның әрекет етуі мен санкциясын мейлінше толық түрде жасап, әрі қарайғы қолданыстарда қандай бір жаңаша нұсқауларға немесе анықтап, айқындай түсуге жол берілмейтіндей етілген болса, онда ол абсолюттік айқын норма делінеді. Керісінше айқындылығы салыстырмалы нормаларда нұсқаулар болмайды және нақты жағдайларға байланысты басқаша нұсқаулардың қолдануын да теріске шығармайды. Мұндай нормалар өз кезегінде ситуациялық және баламалық деп жіктелінеді. Бұлардың алғашқылары норма адресатының (арналған тағайынының) қалауын өзінің білігінше істеуін немесе істемеуін жағдайға қарап шешуіне мүмкіндік береді. Ал екіншілері – нормативтік актіде көрсетілген нұсқаулардан қалауынша таңдауына мүмкіншілік жасайды. Нормалардың негізгі және туынды, тұрақты және уақытша деген түрлері де болады.
Ерекше топқа мадақ нормалары жатады. Бүл нормалар адамдардың мінез, жүріс-тұрыстарын мадақтау шараларымен (санкцияларымен) дем беріп, ынталандырады. Мұндайларды тіпті, қылмыстық құқықтан да табуға болады.
Реттеу мен қорғау (сақтау) нормаларының арасынан мамандандырылғандарын бөліп арнайы қарастыруға болады. Бұларға: анықтамалық-пайымдық яғни дефинитивтік нормалар жатады. Мұнда мемлекеттік құқықтық институттардың белгі-нышандары мен анықтамалары келтіріледі; 2) қағидаттық (принципті білдіретін) нормалар; оперативтік (жеделдікті білдіретін) нормалар актілердің күшін жоюға бағытталған. Олардың күшін жанама болған қатынастарға таратуға бағытталған және т.с.с. Коллизиялық нормалар — нормалардағы қайшылықтарды шешуге мүмкіндік беретін нормалар.




Құқық нормасы мен нормативтік құқықтық акт бабының арақатыснасы
Құқық нормасы өзінің білдірілудегі көрінісін нормативтік құқықтық актілер бабынан табады. Алайда құқық нормасы мен құқықтық нормативтік актінің бабы бара-бар емес. Көбінесе олар бірдей болмайды яғни үйлеспейді. Құқық нормасы жүріс-тұрыстың ережесі, ол жорамал диспозиция және санкциядан тұрады. Ал, нормативтік актінің бабы - құқық нормасын жүзеге асыратын құрал. Ол мемлекеттің ерік-ықтиярын білдірудің нысаны.
Құқық нормасы мазмұн бола тұра, оның нысаны ретінде көрінетін нормативтік акт бабымен түрлі-түрлі арақатыстылықта болады.
Заң қабылдаушы жүріс-тұрыс ережесін баяндауда құқық нормасының логикалық құрылымына жататын үш элементтің бәрін де бір нормативтік актінің бір ғана бабына сиғызуы мүмкін; нормативтік актінің бір бабына бірнеше құқықтық норманын да орналастырылуы ықтимал; құқық нормаларының элементтері өр түрлі нормативтік актілердің әлденеше баптарында мазмұндалуы мүмкін; құқық нормалары элементтерін бір ғана сол нормативтік актінің бірнешелеген баптарында да баяндалуы мүмкін.
Мазмұндау тәсілі бойынша құқық нормасы мен нормативтік акт бабының арақатыстылығы (байланысы) үш нұсқада болуы ықтимал:
а)тікелей тәсіл - құқық нормасы нормативтік актінің бабында тікелей баяндалған жағдайда осы тәсіл орын алады.
ә) сілтеме тәсіл - нормативтік актінің бабы бүкіл норманы баяндамастан, осы нормативтік актінің басқа бабына сілтеме жасағанда осы тәсіл орын алады. Мысалы, ҚР Конституциясының 45-бабы 2 тармағы;
б)бланкеттік тәсіл - нормативтік актінің бабы норманы баяндамайды және нақты бапқа сілтеме жасамайды, оның орнына, қандай бір нормативтік актінің бүкіл бір түріне сілтеме жасай салғанда осы тәсіл орын алады. Мәселен, ҚР Конституциясының 6-бабы, 3 тармағы.
Құқық қабылдаушы орган құқық нормаларының логикалық үйлесімді жүйесін құруды қамтамасыз ету қажеттілігін басшылыққа алады. Сөйтіп оған нормативтік құқықтық актінің баяндалу тілін бағындырады. Мұның өзі құқық қабылдаушы органның алдына бірнеше арнайы міндеттер қояды: құқық нормаларын логикалық түрде бір нормадан кейін келесі норманың жасалуын, жалпылықтан нақтылыққа қарай жылжу түріне келтіреді. Әртүрлі құқықтық нормаларды жасақтау барысында заңдық жөні бар қағидалардың бірнеше нормаларда қайталанулары болдырылмайды. Нормативтік акт тілінің логикалық айқындылығына сөйтіп қол жеткізіледі. Құқық нормалары ең ұқыпты осындай тәсілдер арқылы жасалады. Құқық нормаларынан орын алған өз-өзінен айқын және жалпының бәріне белгілі қағидаларын, фактілерін, жағдайларын шығарып тастап, ондайларды болғызбайды. Осында аталған мәселелерді шешу ісі ұдайы да үнемі жүріп жатады. Кемшіліктер мен олқылықтар да жіберіліп, олар түзетіліп те жатады. Сондықтан да құқық нормаларының нормативтік акт баптарында үйлеспеушіліктердің орын алуы кездесіп жатады.
Пысықтау сауалдары
1.Құқық нормасының ерекшелігін сипаттаңыз.
2.Құқық нормасының ішкі құрылымы қандай болады?
3.Құқық нормасының негізгі түрлерін атап көрсетіңіз.
4.Құқық нормасы мен нормативтік құқықтың акт бабының арақатыстылығын сипаттап беріңіз.
СӨЖ-на арналған тапсырма
Төменде келтірілген кейбір нормативтік актілердің баптарына талдау жасаңыз, сөйтіп мына сұрақтарға жауап беріңіз: аталған норма түрі қандай түрге жатады? Осы нормаларда қандай элементтер түрі бар?
а) ҚР-сы Конституциясының 15-ші бабы:
•Әркімнің өмір сүруге құқы бар.
•Ешкімнің де адам өміріне өз еркімен қолсұғуға құқы жоқ. Өлім жазасы тек заң жөнімен төтенше жазалау шара ретінде, өте ауыр қылмыс істегені үшін қолданылады, оңда да өлімге кесілген адамға кешірім жасау туралы арыздану құқығы беріледі.
б)Неке және отбасы заңы. 15-бап. Некені бұзу.
Неке жұбайлардың біреуінің немесе екеуінің де арыздануы бойынша, сондай-ақ соттың бір жұбайды әрекет қабілеттілігі жоқ деп тануына байланысты жұбайының қамқоршысының арыздануы бойынша тоқтатылады. Некені әйелінің келісімінсіз, егер де ол екі қабат болса және туған бала бір жасқа толмаса, тоқтатуға болмайды.
в)ҚР-сы Конституциясының 35-і бабы.
Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады.
г) ҚР Азаматтық кодексінің 33–бабы.
Заңды тұлға ұғымы.
1.Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.
2.Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады.

Он төртінші тақырып. ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ
Құқық жүйесі - қолданыстағы құқықтық нормалардың тұтастығы мен үйлестігі түрінде және олардың салашалар, салалар мен институттарға логикаға сәйкес орналасқандығынан көрінетін құқықтың ішкі құрылымы.
Құқық жүйесі:
а)құқықтық нормалардан;
б)құқық салаларынан;
в)құқық салашаларынан;
г)құқықтық институттардан тұрады.
Құқық жүйесі - құқықтың өзінің құрылысы, өзінің құқық салашаларына, салаларына және институттарға жіктелуінің реті. Құқықтың жүйелік құрылысы белгілі бір анықталынған иерархиялық (сатылық) байланыстары бар, өзара қисынды орналасқан көптеген элементтерден тұратын біртұтас құрылым.
Құқық жүйесінің негізгі ерекшеліктері:
1)жүйенің бастапқы элементі болып құқықтың нормасы алға шығады, олар іріленген құрылымдарға - институттар, салашалар мен салаларға бірігеді;
2)жүйенің осы бастапқы элементтері өзара қайшы болмайды, бір-бірімен байланысқан, іштей үйлескен болып келеді, мұның өзі жүйеге тұтастық, жинақылық түр береді;
3)жүйенің мұндай болуы әлеуметтік-экономикалық, саяси, ұлттық, діни, мәдени, тарихи факторлармен байланысты болып келеді;
4)құқық жүйесі объективтік түрде бар қатынастарға байланысты туындайды, адамдардың субъективтік еркінше жасалуы мүмкін емес. Құқықты реттейтін не – деген сұраққа пән жауап берген болса, онда қалай реттейді деген сұраққа – әдіс жауап береді. Енді осыдан шығарып құқықтық реттеудің әдісіне анықтама беріп көрейік.
Құқықтық реттеудің әдісі дегеніміз біркелкі сипатты қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелуін жүзеге асыратын заңдық құралдардың жиынтығы.
Құқықтық реттеудің мынандай негізгі әдістері болады:
1)Иперативтік әдіс - бұл өкілдік ұйғарымдар мен субординациялар арқылы тыйымдар, міндеттер мен жазалар беру нормаларына негізделеді.
2)Диспозитивтік әдіс - бұл әдіс келісімге келуші жақтардың теңдігі (теңқұқықтылығы), субординациялар арқылы рұқсат ететін (ерік беретін) нормаларға негізделеді.
3)Мадақтау - бұл лайықты мінез-құлқына байланысты анықталған сыйлық беру әдісі.
4)Ұсынылатын, кеңес беретін - бұл әдіс қоғам мен мемлекет үшін қажетті нақты мінез-құлықтың болуын жүзеге асыруға кеңес беруге негізделеді.
Құқық жүйесінің құрылымдық элементтері:
Құқықтық норма - мемлекеттің өзі бекітіп кепілдендірген, нормативтік актілер нормасында көрсетілген, коғамдық қатынастарды реттейтін жеке түрде жалпыға бірдей міндетті болатын мінез-құлық (жүріс-тұрыс) ережесі.
Құқық институты — белгілі қоғамдық қатынастар топтамасын реттейтін заң нормаларының, тәртіпке салынған жиынтығы. Құқық институты — құқықтық нормалардың салыстырмалы түрде алғанда көп емес орнықты жиынтығы. Құқықтық институттар қоғамдық болмыстың жекелеген тұстарын, фрагменттерін (үзіктері мен үзінділер), жақтарын ретке келтіріп тәртіптеуге бағытталған. Институт — саланың құрамдас бөлігі, топтамасы, звеносы (үзбесі). Құқық саласының әрқайсысында көптеген институттар болады. Мысалы, қылмыстық құқықта тағайын, жаза беру, қылмыстық жауапкершіліктен босату институттары болады; отбасы құқығында - неке институты, бала асырап алу институты, некені бұзу институты болады; азаматтық құқықта – сатып алу – сату шарты институты, заңды тұлға институты, талаптың ескіруі институты және т.с.с.
Барлық институттар бір-бірімен тығыз байланысты түрде бір саланың аясында немесе одан тысқары да қызметтерін атқара береді. Құқықтық институттардың арасында кешенді күрделілері де болады. Бұлар өз құрамдарында субинституттар деп аталатын тым майда құрылымдардан тұратын құқықтық нормалардың аса ірі жиынтықтары. Мысалы, азаматтық құқықтағы жеткізіп тұрушылық институты өзіне айып институтын, айып төлеу (неустойка), жауапкершілік институттарын біріктіреді.
Қандайда болсын бір жиынтықтың нақты құқықтық институтқа, жекеленуі үшін заңды айырымдық үш нышаны (белгі) қызмет етеді:
1)құқық нормаларының заң тұрғысынан тұтастығы;
2)қоғамдық қатынастардың белгілі бір жиынтығын реттеудің толықтығы;
3)құқықтық институттарды құрайтын нормалардың заңдар және басқа нормативтік құқықтық актілер тарауларында, бөлімдерінде және басқалай да құрылымдық бірліктерінде жекеленуі.
Құқық саласы – құқықтық норманың жиынтығы болып табылатын қоғамдық қатынастардың сапалық жағынан біркелкі аясын өзіне тән құқықтық реттеу әдісімен реттейтін құқық жүйесінің ең ірі бөлімі.
Құқық салашасы - құқық саласымен салыстырғанда құқықтық нормалардың аздаған ғана топтамаларын біріктіреді және тектес қоғамдық қатынастарды реттейді. Мысалы, кәсіпкерлік құқығы – азаматтық құқықтың салашасы.
Құқық салаларының белгілері (нышандары):
-әрбір саланың өз пәні болады;
-өзінің заңдары, қағида бойынша дербес кодекстері немесе ірі заңдары;
-құқық нормаларын мүлтіксіз орындауға бағытталған құқық және міндеттерді, мемлекеттік құқықтық шараларды жүзеге асыру тәсілдерін белгілейтін өзінің заңдық ерекше режимі болады.
Құқық салаларын жіктеу:
1) басты құқықтық режимдерді қамтитын профильдеуші негізгі салалар және де бүкіл құқық саласы жүйесінің үстінде конституциялық құқық болады, содан кейін барып материалдық салалар – азаматтық, әкімшілік қылмыстық құқық және соларға сәйкес іс жүргізу салалары - азаматтық іс жүргізу құқығы, әкімшілік іс жүргізу құқығы, қылмыстық іс жүргізу құқығы болады;
2) арнайы салалар — мұнда құқықтық режимдер қоғамның ерекше аясына; еңбек құқығына, жер, қаржы құқығына, әлеуметтік қамсыздандыру құқығына, отбасы құқығына ыңғайластырылады;
3) профильдеуші және арнайы салалардың әртекті институттарын біріктіруі оларға тән болып келетін кешенді салалар: аграрлық құқық, экологиялық құқық, сауда құқығы, прокурорлық қадағалау, теңіз құқығы.
Заң әдебиеттерінде құқық салаларынан мыналарды атап көрсетеді:
1) Конституциялық құқық;
2) Азаматтық құқық;
3) Әкімшілік құқығы;
4) Қылмыстық құқық;
5) Жер құқығы;
6) Еңбек құқығы;
7) Неке-отбасы құқығы;
8) Қылмыстық іс жүргізу құқығы;
9) Аграрлық (ауылшаруашылық) құқығы;
10) Қылмыстық іс жүргізу құқығы;
11) Экологиялық (табиғи қорғау) құқығы;
12) Қаржы құқығы;
13) Азаматтық іс жүргізу құқығы;
14) Халықаралық құқық.
Қалыптасу кезеңін өткізіп жатқан құқықтарға кәсіпкерлік, салық, кеден, муниципалдық, компьютерлік, ғарыштық құқықтарды жатқызуға болады.
Құқықтың негізгі салаларына сипаттама беру дегеніміз конституциялық, әкімшілік, азаматтық, қылмыстық, неке-отбасылық, еңбек және т.б. құқықтардағы нақты пәнді және олардағы құқықтық реттеудің басым әдістерін талдап қарастыру болып табылады. Кейбір құқық салаларын қарастырып көрейік.
Конституциялық құқық саласы - жетекші құқықтық сала Конституциялық құрылыстың негіздері, тұлғаның құқықтық жағдайы, басқару формасы және конституциялық құрылыс осы құқықтың реттейтін пәні болып табылады. Бұл құқықтық салада құқықтық реттеудің әдісі – императивтік әдісі басым түрде қолданылады.
Азаматтық құқық саласы - мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтық қатынастарды реттейді. Бұл құқықтық сала құқықтық реттеуде негізінен диспозитивтік әдісті қолданады.
Әкімшілік құқық саласы - мемлекет органдарының атқару-орындау қызметінің барысында туындайтын құқықтық басқару қатынастарын реттейді. Бұл құқықтық салада құқықтық реттеудің көпшілігінде императивтік әдісін қолданады.
Қылмыстық құқық саласы - адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, конституциялық құрылысты, меншіктің жекелік және мемлекеттік нысандарын және т.б. қылмыстық қол сұғулардан қорғауда туындаған құқықтық қатынастарды реттейді. Бұл құқықтық саланы құқықтық реттеуде императивтік әдіс үстем болып келеді.
Неке-отбасы құқығы саласын — отбасын құру негізінде туындаған және отбасы мүшелері арасындағы қатынастарды құқықтық жолмен реттейді. Бұл құқықтық саланы құқықтық реттеуде негізгі қолданылатыны диспозитивтік әдіс.
Еңбек құқығы саласы - еңбек аясы мен еңбек ету яғни жұмыс атқару барысында туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді. Бұл құқықтық саланың құқықтық реттеуде қолданатыны – императивтік әдіс.
Бақылау сұрақтары
1.Құқық жүйесі анықтамасын айтыңыз және оның элементтеріне сипаттама беріңіз.
2.Құқықтың негізгі салаларын жіктеп беріңіз.
3.Құқықтық институт деген не?
4.Құқықтың негізгі салаларына қысқаша сипаттама беріңіз.
Он бесінші тақырып. ҚҰҚЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
Құқық шығармашылығы мемлекеттік қызметтің маңызды бағыттарының бірі. Заң ғылымында құқық шығармашылық екі аспекті тұрғысынан түсініледі. Құқық шығармашылығы мағынасы құзырлы органдардың құқықтық нормаларды тікелей жасау процесі Ал кең мағынада құқық шығармашылық дегеніміз процесс деп қаралады. Ол құқық шығармашылық түпкі ойдың туындаған сәтінен басталады да құқықтық норманың нақты жүзеге асырылуына шейін созылады (яғни оны даярлау, қабылдау, жариялау және т.с.с. дейін).
Құқық шығармашылығын ұғынудағы тәсілдердің айырмашылығына қарамастан, бұл әрқашанда құқық өкілеттігі бар органдардың белгілі бір нормативтік актілерді даярлау, қайтадан өңдеп даярлау және баспадан шығару бойынша атқарған қызметтік әрекеттері болып табылады.
Құқық шығармашылық қызметі негізгі екі бөліктен тұрады.
Біріншісі— заңдық мәні бар әрекеттермен байланысты болмайтын құқық шығармашылықтың ұйымдық мәселелері кіреді (нормативтік актінің жобасын даярлау, оны талқылау және т.с.с).
Екіншісі — өз негізінде құқықтық қағидаттарға (принциптерге) сүйенеді. Ал оның қызмет етуінің басталу сәті болып нормативтік акт жобасын даярлау туралы шешімнің бекітілуі саналады.
Осы екі бөлік бір-бірімен тығыз байланысты және жалпы контексте қарастырғанда құқықтық құжатты талқылауға, қабылдауға және жариялауға дайындау процесі тұтас рәсім болып табылады. Осыған сәйкес құқық шығармашылық процесін негізгі екі сатыға бөледі.
Біріншісі - нормативтік актінің жобасын жасауда мемлекеттік ерік-ықтиярды алдын ала қалыптастыру қарастырылады. Осы сатыдағы барлық іс-әрекеттер дайындық сипатта болады және олар құқықтық салдарды туындатпайды.
Екінші саты - құқық нормаларында мемлекеттің ерік-ықтиярын ресми түрде бекіту, мұның өзі нормативтік актінің жобасын жалпыға бірдей міндетті сипаты бар құқықтық актіге айналдыру болып табылады.
Құқық шығармашылығы төмендегідей ерекшеліктер арқылы сипатталады:
-белсенді түрдегі, шығармашылықты білдіретін, мемлекеттік қызмет болып табылады;
-оның шығаратын негізгі өнімі - ең алдымен нормативтік актілерде іске асырылатын заңдық нормалар;
-қоғамды басқарудың ең манызды құралы, оның даму стратегиясы осы жағдайда қалыптасады, мінез-құлықтың (жүріс-тұрыстың) маңызды ережелері қабылданады;
-құқық шығармашылықтың деңгейі мен мәдениеті, осыған сәйкес қабылданылатын нормативтік актілердің сапасы да – қоғамның өркениеттенуі мен демократиялануының көрсеткіші;
-құқықтық нормаларды жасау, өзгерту және оның күшін жоюда объективті әлеуметтік қажеттіліктерді және коғам мүдделерін танып білуге негізделген мемлекеттің ерекше нысанды қызметі. Құқық шығармашылық ісі белгілі қағидаттарға: демократизмге, жариялылыққа, кәсіпқойлыққа, заңдылыққа және құқық қолданудағы іс-тәжірибемен (практикамен) байланыстыруға негізделінеді.
Осы қағидаттардың сипаттарын қарастырайық:
1)демократизм - азаматтардың құқық шығармашылық ісіне қатысу деңгейін сипаттайды; қоғамдағы рәсімді нормалар мен институттардың даму деңгейін сипаттайды;
2)жариялылық - құқық шығармашылық ісінің қалың жұртшылыққа ашықтығын білдіреді;
3)кәсіпкерлік - осындай қызметпен құзыретті адамдар - заңгерлер, басқару ісінің мамандары, экономистер (барлығы да білікті ғалымдар болуы қажет) және т.б. айналысады.
4)заңдылық - осы құқық шығармашылық ісімен айналысу қызметі Конституция мен басқа да заңдар аясында атқарылуы тиіс;
5)ғылымилық-нормативтік актілерді даярлау барысында әлеуметтік-экономикалық, саяси және басқалай да ахуалдарды зерттеу аса маңызды болады; қоғамның дамуындағы объективтік қажеттіліктерді жете зерттеудің құқық шығармашылық ісіне тигізер ықпалы зор болады.
Осы параметрлерді анықтау үшін түрлі-түрлі әлеуметтік-құқықтық эксперименттер, социологиялық (әлеуметнамалық) сұраулар жүргізу, анкеталау және т.с.с. көрсетілген факторларды ескеріп барып қабылданған құқықтық ұйғарымдар дәлелді және тиімді болады,
Құқық қолдану іс-тәжірибелерімен болатын байланыс – заң шығарушы орган құқық қолданушылармен байланыс орнатпаса өз еңбектерінің нәтижелерінен бейхабардар болады. Қабылданған құқықтық шешімдердің тиімділігі жөнінде қорытындыларды жасауда, өз жұмыстарындағы олқылықтар мен кемшіліктерді түзетуде тәжірибені пайдалану ісі ақсайды. Құқық қолдану іс-тәжірибесі заң шығарушының тарабынан жіберілген олқылықтар мен кемшіліктерді табуға мүмкіндік береді, құқық шығармашылық ісіндегі қажеттіліктерді көрсетеді.
Субъектілерге байланысты құқық шығармашылық мынадай түрлерге бөлінеді:
1)халықтың тікелей құқық шығармашылығы – бұл мемлекет пен коғам болмысының ең маңызды мәселелері бойынша референдум – бүкілхалықтық дауыс беру арқылы өткізіледі;
2)мемлекеттің өкілетті органдарының тікелей құқық белгілеу қызметі;
3)мемлекеттік органдардың өздеріне тәуелсіз әдет-ғұрып түрінде қалыптасқан немесе мемлекеттік емес ұйымдар даярлаған нормаларды бекітуі (санкциялауы).
Заң қабылдау ісі құқық шығармашылықтың құрамдас бөлігі болып көрінеді. Заң шығармашылықтың мағынасы - ең жоғары заң қабылдау органының (парламенттің) ең жоғары заңдық күші бар нормативтік құқықтық актіні қабылдауы. Мұның өзі негізгі төрт сатыдан тұрады:
1)заң шығару бастамасы;
2)заң жобасын талқылау;
3) заңды қабылдау;
4)заңды жариялау.
Заң қабылдаудағы осы сатылардың барлығының орындалуы Қазақстан Республикасы Конституциясында өз көріністерін тапқан.
Заң шығару бастамасы құқығы – құзырлы органдардың, қоғамдық ұйымдар мен жекелеген адамдардың парламентке заңдар немесе басқалай да актілер шығару жөнінде немесе өзгерту, күшін жою туралы ұсыныстар енгізуге құқықтылығы. Мұндай ұсыныстар енгізудің соңы бұл мәселенің парламентте міндетті түрде қаралуымен аяқталады. Бұл заң шығару бастамасы ұсыныс немесе дайын заң жобасын парламентке беру түрінде көрінеді. Заң қабылдаудың ең жоғары органы мұндайда жаңағы ұсыныс немесе жобаны өз өндірісіне алуы тиіс. Мұндай ұсыныстар қамтамасыз етілуі тиіс.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабына сәйкес заң шығару бастамасы құқығы ҚР парламент депутаттарына, ҚР үкіметіне тиесілі.
Заң жобасын талқылау ең алдымен Мәжілісте өтеді. Мәжіліс депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен қарастырылып барып қабылданған заң жобасы Сенатқа жіберіледі. Онда алпыс күн ішінде қаралуы тиіс. Сенат депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданғаннан соң заң жобасы Заңға айналады, сөйтіп 10-күннің ішінде президентке қол қоюға тапсырылады.
Қазақстан Республикасының Заңдары республика Президенті қол қойғаннан кейін өз күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Президенті заңға 15 күннің ішінде қол қояды, халыққа таратылады, жарияланады. Мұндай болмаған жағдайда заңды немесе оның жекелеген баптарын қайта талқылауға, дауысқа салуға парламентке жіберіледі.
Егер де парламент әрбір палата депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен осының алдында қабылданған шешімін растаған болса, онда Президент 7 күннің ішінде заңға қол қояды. Егерде президент заңға қарсы болып ол қарсылығы қабыл алынса, онда заң қабылданбаған болып саналады да президент ұсынған редакцияда қабылданған болып саналады.
ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу парламенттің әрбір палатасы депутаттарының жалпы санының төрттен үшінен кем емес дауыстарымен қабылданады.
Конституциялық заңдар Конституцияда көзделіп қарастырылған мәселелер бойынша өрбір палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінен кем емес дауыспен қабылданады.
Конституциялық заңдарды қабылдау немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөне Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша мәселелерді қарауда заң жобасының екіден кем емес оқылуын жүргізу міндетті (ҚР Конституциясының 62-ші бабы).
Барлық заңдар оған Президент қол қойғаннан кейінгі жеті күн ішінде ресми түрде жариялануға жатады.
Заңдар ресми жарияланғанынан он күн өткеннен соң өз күшіне енеді. Егер де заңның өз күшіне енуінің басқаша нақты тәртібі сол заңда белгіленсе, онда заң өз күшіне сол тәртіп бойынша енеді.

(i)
(ii) Пысықтау сауалдары
1.Құқық шығармашылығына анықтама беріңіз.
2.Заң шығару құқық шығармашылығынан қалай айырмаланады?
3.Құқық шығармашылығы қағидаттарын (принциптерін) сипаттаңыз.
4.Құқық субъектілері қандай болады?
5.Заң кабылдау процесіне сипаттама беріңіз.
6.Заң шығару бастамасы құқығы кімдерде болады? (ҚР-сы Конституциясының 61-бабы бойынша мысал келтіріп айтыңыз).
7.ҚР-сы Конституциясы бойынша заң қабылдаудың тәртібін баяндап беріңіз.
Он алтыншы тақырып. ЗАҢДАРДЫ ЖҮЙЕЛЕУ
Әрбір мемлекетте толып жатқан түрлі құқықтық нормалар мен құқықтық нормативтік актілер болады. Пайдалануға ыңғайлы болуы үшін оларды үнемі белгілі бір жүйеге келтіріп отыру қажет. Мұндай қызметті "заңдарды жүйелеу" яғни құқықтық нормативтік актілерді нақты іс-тәжірибелерде пайдалану мақсатында оларды "тәртіпке салу" деген ұғымын білдіреді. Заң ғылымында заңдарды жүйелеудің негізгі екі түрі бар: инкорпорация және кодификация.
Инкорпорация - нормативтік материалдарды белгілі бір тәртіппен бірыңғай жинақтарға жиынтықтау және біріктіру. Мұндай жиынтықтаулар мен біріктірулер әдетте әліпбилік тәртіппен орналастыру, хронологиялық ретімен немесе субъектілері бойынша жасалады.
Инкорпорациялық жиынтықтауда нормативтік материал әртүрлі жинақтарға толық немесе бірен-сарандап орналастырылады. Мұндайда жинаққа орналастырылған актілердің мазмұндары өзгертілмейді, сол шығарылған қалпында қалады, дегенмен, кейде олардың мәнінің мазмұндалу түрінің өзгертілуі де мүмкін болады.
Инкорпорациялауда құқықтық акт мазмұны жағынан өзгертілмейді, оның өзгертулері сырттай болады: актінің бастапқы мәтініне ресми түрде енгізілген өзгерістер кіргізіледі, өздерінің күшін жойған баптар, уақытша ғана маңызды болған тармақтар, сондай-ақ ашық түрде қайшылықтары барлары және тағы соған ұқсастары алынып тасталынады.
Инкорпорациялық өңдеуден өткен актілердің заңдық күші олардың қабылданған мерзімінен бастап сақталады. Субъектілері бойынша инкорпорация официоздық (жартылай ресми) инкорпорация және ресми емес инкорпорация деп жіктелінеді.
Ресми инкорпорация – мұны инкорпорация жүргізуге (жасауға) өкілеттік алған мемлекеттік органдар атқарады. Сонда ресми инкорпорация дегеніміз құқықтық нормаларды (күші барларын) жариялау және қайтадан баспа арқылы шығарудың тәсілі. Сондықтан ресми инкорпорация - заң шығарудың ресми көзі, қайнары. Бұл инкорпорация — хронологиялық және пәндік түрінде болады.
Хронологиялық ресми инкорпорация - нормативтік актілердің белгілі бір тәртібіне келтірілуін олардың ресми жариялануы барысында жасауды көздейді.
Пәндік ресми инкорпорация - жүйелеудің күрделілеу түрі. Мұның нәтижесінде мемлекеттік билікті басқарудың ең жоғары органдары шығарған күші бар нормативтік актілерінің томдары, жинақтары жасалынады.
Бұл томдар мен жинақтарға нормативтік құқықтық актілер пәндік қағидат бойынша, қатаң түрде тақырыптар бағыттарын сақтай отырып орналастырылады. Мысалы: мемлекеттік құрылысты реттейтін, әкімшілік жауапкершілік, халық шаруашылығы салаларындағы қатынастарды реттейтін нормативтік актілерді біріктіру.
Ресми емес инкорпорация - мұнда жүйелерді арнайы тапсырма алмай-ақ жекелеген ведомство, ғылыми және оқу орындары, жеке тұлғалар жасай береді. Сондықтан да ресми емес инкорпорациялық жинақтарды заңдар негіздері (қайнар көздері) ретінде бағалауға болмайды. Құқық шығармашылығы істерінде, құқық қолдануларда бұларды нормативтік актілер жариялаудың нысаны ретінде қарастырып сілтемелер жасауға болмайды.
Кодификация - жүйелеудің ең күрделі және жетілдірілген түрі. Бұл күші бар заңдарды түбегейлі түрде ішкі-сыртқы мән-мағыналарын өңдеу барысында жаңартылған кодификациялық акті даярлау және қабылдау жөніндегі атқарылатын қызмет болып табылады.
Осындай кодификациялаудың нәтижесінде күші бар құқықтық нормалар бірлестірілген тұтас актіге жинақталады, оны тиісті мемлекеттік органдар қабылдап алады. Кодификациялаудың барысында арнайы нысанды негіздер, кодекстер, жарғылар, қағидалар және т.б. шығарылады. Мысалы, Конституция - басты кодификациялық акт. Бұлардан басқа қазіргі кезде Қазақстан Республикасында Азаматтық, қылмыстық істерді жүргізу, азаматтық істерді жүргізу жөне т.б. кодекстер (жинақтар) істер атқаруда күші бар актілер ретінде танылғандар. Кодификацияланған актілерге елімізде қазіргі кезде қолданыстағы "Жол жүру ережелері", "Темір жол жарғысы" және т.б. жатады.
Кодификациялық актілерде құқықтың белгілі бір салаларындағы әртекті қоғамдық қатынастарды тәртіптейтін түрлі құқықтық нормалар, институттар біріктірілген болып келеді. Бұл актілер өздерінің тұтастығы және орнықтылығымен ерекшеленеді. Ағымдағы барлық заңдар осы кодификациялық актіде тұтастыққа, орнықтылыққа қарай бағдарландырылған, әрі қатарластыра бағындырылған.
Кодификацияның айырмашылықтарын көрсететін ерекшеліктері:
1.Кодификацияны тек өкілетті мемлекеттік органдар ғана жүзеге асырады және ол ресми сипатта болады.
2.Кодификациялаудың нәтижесінде бірнеше актілер әр түрлі нормаларға біріктіріледі, сөйтіп түрі, мазмұны бойынша жаңа құқықтық акт жасалады. Оның мәтіні түп нұсқадағыдай ресми. Құқық қолдану органдары соған сілтеме жасауы тиіс.
3.Кодификация оқтын-оқтын жүзеге асырылып отырады, ол нормативтік материалдардың жиналып қордалануына және объективтік қажеттілікке байланысты жасалады.
Кодификацияны салалық және арнайы деп айырмалайды:
Салалық кодификация - қандай бір белгілі заңдар саласының немесе оның салашасының нормативтік материалдарын біріктіру болып табылады (ҚР Азаматтық Кодексі; ҚР Қылмыстық Кодексі және тағы басқалар).
Арнайы кодификация - белгілі құқықтық институттың немесе бірнеше құқықтық институттың нормаларын біріктіреді (ҚР Су Кодексі, ҚР Орман Кодексі және тағы басқалар).


(b)
(i) Пысықтау сауалдары
1.Заңдарды жүйелеудің мәнісі мен маңызы неде?
2.Заңдарды жүйелеудің жолдарын айтыңыз.
3.Кодификациялау деген не?
4.Инкорпорациялау деген не?
СӨЖ-на арналған тапсырма
ҚР «Нормативтік құқықтық актілері туралы» Заңының 3-тарауына талдау жасай отырып, әсіресе 16-18 баптарына назар аударыңыз. Бұл ережелерден заң техникасының талаптарын табыңыз.
Он жетінші тақырып. ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР
Құқықтық қатынастардың түсінігі, айрықша белгілері мен түрлері
Құқықтық қатынастар — құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар. Құқықтық қатынастарға мынадай белгілер тән. 1) Құқықтық қатынас — бұл қоғамдық қатынас, былайша айтқанда, адамдардың арасындағы қатынас және олардың іс-әрекетімен, мінез-құлқымен тікелей байланысты. Меншік иесінің өз заттарына хақысы бар, бірақ бұл құқықтарды ол басқа адамдармен қатынас жасағанда жүзеге асырады. 2) Құқықтық қатынас тек қана адамның мінез-құлқына құқықтық норма әсер еткенде пайда болады. Құқықтық норма мен құқықтық қатынас арасында бұлтартпастық байланыс бар, өмірде тек қана құқықтық нормада көрсетілген құқықтық қатынас пайда болады. Кейде заңда көрсетілмеген жағдайда да қатынас құқықтық сипатқа ие болуы мүмкін. Мысалы, құқықтық ұқсастық болған жағдайда құқықтық норма өзінде тікелей көрсетілмеген қатынастарға қолданылады. 3) Құқықтық қатынас — субъективтік құқықтар мен міндеттер арқылы пайда болатын адамдар арасындағы байланыс. Субъективтік құқыққа ие болушы соны пайдалана алатын тұлға, ал құқықтық міндет жүктелген сол міндетті орындауға тиіс тұлға. Құқықтық қатынаста хақысы бар тұлға және міндеті бар тұлға болады; адам, ұйым, мемлекет органы. 4) Құқықтық қатынас — ерікті қатынас. Құқықтық қатынас пайда болу үшін қатысушылардың еркі қажет. Кейбір құқықтық қатынастар пайда болу үшін тараптардың еркі қажет (мүліктік қатынастар). Ал кейбір құқықтық қатынастар тек бір тараптың еркіне ғана байланысты пайда болады (қылмыстық іс заң қорғаушы органның еркі бойынша қозғалады). 5) Құқықтық қатынасты мемлекет қорғайды. Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып, мемлекет құқықты қатынастарды да қорғайды. Мемлекет қорғайтын құқықтық қатынастар қоғамдағы құқық тәртібінің негізі болып саналады.
Құқықтық қатынастардың түрлері: 1.Реттейтін құқықтық қатынастар — субъектілердің заңға сәйкес мінез-құлқы, былайша айтқанда, құқықтық нормалар негізінде және соған сәйкес мінез-құлық. Мұндай құқықтық қатынастар құқық тәртібінің негізін құрайды. Бұларға жататындар: мемлекеттік, мүліктік, отбасы, еңбек, т.б. құқықтық қатынастар. 2. Қорғайтын құқықтық қатынастар — субъектілердің заңсыз әрекетінің салдарынан пайда болады. Оның мақсаты — қоғамдық тәртіпті қорғау, кінәліні жазалау, сөйтіп әділдік орнату. 3. Абсолютті құқықтық қатынастарда тек бір тарап белгілі (құқық иесі) болады. Басқалардың барлығы міндетті тарап болып саналады. Мысалы, бұларға меншікке байланысты қатынастар жатады.4.Салыстырмалы құқықтық қатынастарда барлық оған қатысушылар белгілі (сатушы мен сатып алушы) болып келеді.
Сонымен, құқықтық қатынастар дегеніміз — субъектілердің арасындағы ерекше құқықтық байланыс. Осы байланыстың нәтижесінде тараптардың өзара субъективтік құқықтары мен заңды міндеттері пайда болады. Осы байланысты мемлекет қамтамасыз етеді.
Пысықтау сауалдары
1.Құқықтық қатынастар деген не және олардың белгілері қандай?
2.Құқықтық норма мен құқықтық қатынас араларындағы байланыстың сипатын түсіндіріңіз.
3.Құқықтық қатынастың қандай түрлері болады? Мысалдар келтіріңдер.
Құқықтық қатынастар құрамының бөліктері
Құқықтық қатынастардың құрамы бірнеше бөліктерден: құқық субьектісінен, субъективтік құқықтан, заңды міндеттен, құқықтық қатынас объектісінен (затынан) тұрады.
Құқық субъектісі — заңды және жеке тұлға. Заңды тұлғаларға жататындар мемлекет органдары, қоғамдық бірлестіктер, т.с.с. Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлкімен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Қазақстан Республикасының азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып саналады.
Субъективтік құқық — тұлғалардың мүдделерін қанағаттандыру үшін оларға белгілі шекте әрекет жасауға берілген құқықтық мүмкіндік. Мұндай мүдделер заңды деп танылады. Сол заңда белгіленген шек аясында тұлға өз мүддесін қанағаттандыру үшін түрлі іс-әрекет жасайды. Жеке тұлға еңбек етуге, білім алуға, меншікке ие болуға, үйленуге хақылы. Сондай-ақ заңды тұлғалар да заңда рұқсат етілген шеңбер аясында әрекет жасай алады. Өзіне берілген құқықты пайдалана ма, жоқ па, ол тұлғаның өз еркі.
Заңды міндет — заң белгілеген әрекетті істеу немесе істемеу шарттары. Мұндай міндет басқа тұлғаның мүддесін қанағаттандыру үшін жүктеледі. Заңды міндеті бар тұлға оны өз еркімен орындамаса, оған мемлекеттің мәжбүрлеу күші қолданылады. Мысалы, ата-ана өз баласын асырап, бағып, тәрбиелеуге міндетті. Егер бүл міндетін орындамаса, заңда белгіленген шара қолданылады. Міндет заңды тұлғаларға да жүктеледі.
Құқықтық қатынастың объектісі (заты) — табиғат құбылыстары мүліктік, өзіндік мүліктік емес игіліктер. Субъективтік құқық пен заңды міндеттер аталған объектілерге бағытталған болып келеді.

Субъективтік құқық — субъектілердің ықтимал мінез-құлықтарының түрі және мөлшері.
Субъективтік заңды міндет — субъектілердің тиісті мінез-құлықтарының түрі және мөлшері.
Құқықтық қатынас объектісі—табиғат құбылыстары, мүліктік, өзіндік мүліктік емес игіліктер. Субъективтік құқық пен заңды міндет аталған объектілерге бағытталған болып келеді.

Пысықтау сауалдары
1.Құқықтық қатынастардың құрамына кіретін бөліктерді атаңыз.
2.Құқық субъектісі деген не және оның сипаттарын түсіндіріңіз.
3.Субъективтік құқық деген не және оның сипаттарын түсіндіріңіз.
4.Заңды міндет деген не және оның қандай сипаттары болады?
5.Құқықтық қатынастың объектісі (заты) деген не, оның сипаттарын түсіндіріңіз.
Заңды айғақтардың (фактілердің) түсінігі, оларды жіктеу
Заңды айғақтар (фактілер) — нақтылы өмірлік мән-жайлар. Сал айғақтармен құқық нормалары құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін немесе тоқтатылуын байланыстырады. Кейде бұл айғақтың құқықтық нәтижесі болады, ал кейде бірнеше айғақтардың жиынтығы құқықтық қатынастар тудырады, өзгертеді немесе жояды. Мысалы, зейнеттік қатынастар пайда болуы үшін үш айғақ қажет: жас, стаж және зейнетақы тағайындау туралы акт. Айғақтардан мұндай жиынтығын айғақтық құрам деп атайды.
Заңды айғақтар бірнеше негіздер арқылы жіктеледі. Нәтижесінің сипатына қарай олар мына топтарға бөлінеді:
Құқықты құратын (еңбек шартын жасауға байланысты жалдаушы мен жалданушының құқықтары мен міндеттері пайда болады);
Құқықты тоқтататын (үй-жайды сату нәтижесінде үй-жайға меншік иесі өзгереді, сатып алушының меншік құқығы пайда болады, сатушы ол құқықтан айрылады).
Құқық өзгертетін (үй айырбастау нәтижесінде құқықтық қатынастың объектісі өзгереді, соған сәйкес құқықтары мен міндеттері де өзгереді).
Заңды айғақтар ерік белгісіне байланысты да жіктеледі. Оған жататыны әрекет (шарт, заңды бұзу, мұра қалдыру, т.с.с). Әрекеттердің өздері заңды және заңсыз болып екіге бөлінеді. Мысалы, адамдардың әскери қызметте болуы, некеде тұруы, т.с.с. заңда белгіленген заңды айғақтар болып табылады. Заңды айғақтарға оқиғалар да жатуы мүмкін. Олар — жер сілкіну, өрт, дауыл, су тасқыны оқиғалары. Әрине, мұндай мән-жайлар тек заңда белгіленген (атап көрсетілген) болса ғана айғақтарға жатады.

Пысықтау сауалдары
1.Заңды айғақтар (фактілер) деген не, олардың сипаттамаларын түсіндіріңіз.
2.Заңды айғақтардың (фактілердің) жіктеу негіздерін сипаттаңыз.
3.Заңды айғақтар нәтижесінің сипатына қарай қандай топтарға бөлінеді?
4.Заңды айғақтар ерік белгісіне қарай қандай топтарға жіктеледі?
Он сегізінші тақырып. ҚҰҚЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Құқық жүзеге асыру үшін жасалады. Құқықтық қоғамда бір жағынан мемлекет, екінші жағынан азаматтар заң жолымен жүру туралы міндеттеме алады. Осыған байланысты құқықты жүзеге асырудың екі жағы болады, сондықтан ол екі бағытта қарастырылады: 1) мемлекет органдары, лауазымды адамдар заң бойынша қызмет істеуі керек; 2) азаматтар, олардың бірлестіктері және ұйымдары өз әрекеттері арқылы құқықты жүзеге асыруы тиіс.
Құқықты жүзеге асырудың ерекше тәсілдері бар. 1) Құқықты сақтау. Құқықты сақтау тыйым салатын нормалар арқылы жүзеге асырылады. Бұл тәсілдің мәні — тыйым салынған әрекетті жасаудан бой тарту; 2) Құқықты орындау. Құқықты орындаудың мәні — жүктелген міндетті жүзеге асыру үшін белсенді әрекеттер жасау. Мысалы, баланы тәрбиелеу үшін ата-анасы үнемі, жүйелі түрде қызмет істеп, оны оқытуы, әдепке баулуы қажет; 3) Құқықты пайдалану. Тұлға өзіне берілген құқықтар мен бостандықтарды пайдалана ма, жоқ па өз еркі. Егер оларды пайдаланғысы келсе, белсенді немесе енжар әрекет жасау арқылы құқықтық норманы жүзеге асырады.
Құқықтарды пайдаланудың барысында субъектілер өздерінің заңдарда көрсетілетін құқықтарын жүзеге асырады. Құқықты пайдалану тұлғаның құқық өкілеттігін жүзеге асыруға бағытталады. Демек, ол тұлғаның жүріс-тұрысы өз білігінше мұнда яки белсенді, яки енжар түрінде болуы мүмкін.
Құқықты жүзеге асырудың осы үш түрінің барысында қоғамдық қатынастардың субъектілері өз әрекеттері арқылы заң нормаларын тікелей іске асырады. Мұны құқықты тікелей жүзеге асыру нысаны деп атайды. Осындай нысандар түрінде көптеген (бірақ барлығы емес) құқық нормалары жүзеге асырылып жатады. Болмыста заң нормаларын бұлжытпай пайдалану және оларды дәл атқаруларды толық жүзеге асырылуына жағдайлардың жеткілікті болмайтын дәттері кездеседі. Ондайда бұл іске мемлекеттік-биліктік өкілеттіктері бар құзырлы органдардың араласу қажеттілігі туындайды. Мысалы, жоғары оқу орнына студенттер кабылдау, жұмысқа алу, зейнетақы тағайындау, әскери қызметте міндеттерді атқару жөне тағы тағылар.
4) Құқықты қолдану. Бұл билік қызметін жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Демек, құқықтық норманы мемлекет органдары қолданады. Есте болатын жәйт: тек қана ресми баспаларда басылып шыққан, яғни, жарияланған нормативті актіні қолдануға болады. Қолдану екі жолмен жүзеге асырылады: 1) билік жүргізетін қызмет арқылы. Мысалы, милиционердің қылмыскерді ұстауы; 2) нақтылы істі шешу арқылы.
Құқықты қолдану – құзырлы органдардың нақты жағдайда құқық нормаларын жүзеге асыру жөніндегі биліктік-ұйымдастырушылық қызметі Мұның нәтижесінде дербес құқықтық акт (құқық қолдану актісі) қабылданады (жасалады).
Құқықты қолдану арқылы мемлекет өз қызметінде екі функцияны жүзеге асырады: а) құқықтық нормалар ұйғарымдарының орындалуын ұйымдастыру, дербес актілер арқылы позитивтік (оңтайлы) реттеуді жүргізу; б) құқықты бұзылудан сақтау және оны қорғау.
Осыған сәйкес құқықты қолданудың екі нысаны: жедел атқару және құқық қорғауға жататын түрлері болады.
Құқықты қолданудың белгілері (нышандары):
1. Мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың ұйымдастырушылық-биліктік қызметі. Мұның өзі болмыстық ахуалдардың шешімін табуда қолданылатын айрықша амалдармен байланысты, сондықтан да білімділікті, дағдылардың қалыптасуын талап етеді. Осыларды ескеріп мемлекет соншама қызметтерді жүзеге асыру үшін арнайы субъектілерге билік өкілеттіктерін тиісінше береді. Бұлар мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар.
Азаматтар құқықты қолдану субъектілері болып табылмайды, өйткені мемлекет оларға бұл қызметтерді атқаруға өкілеттік бермеген.
2. Құқықты қолдану нақты құқықтық қатынастар шеңберінде жүзеге асырылады.
3. Қызметтің жүзеге асырылуы ерекше түрде белгіленген іс жүргізу заңдары бойынша атқарылады.
4. Құқықты қолдану нәтижесінде дербес құқықтық акт - құқық қолдану актісі қабылданады (жасалады).
Құқықты қолданудың мынадай сатылары болады:
а) істің нақты жағдайларын анықтау;
б) істің заңдық негізін анықтау. Бұған құқық нормасын таңдап алу, оның түпнұсқаға сәйкестігін тексеру, құқық нормасын түсіндіру жатады;
в) іс бойынша шешім қабылдау.
Құқық қолдану актісі – құзырлы органның нақты заңдық іс бойынша қабылдаған ресми түрдегі шешімі. Құқық қолдану актілері көптүрлі болып келеді.
Пысықтау сауалдары
1.Құқықты жүзеге асырудың тәсілдерін атаңыз.
2.Құқықты орындау деген не?
3.Құқықты пайдалану деген не?
4.Құқықты қолдану деген не
5.Құқықты сақтау (бұзбау) деген не?
Құқықты қолдану сатылары
Құқықты қолдану бірнеше сатыдан тұрады: 1) Істің нақтылы мән-жайларын анықтау; 2) істің заңдық негізін анықтау; 3) құқықтық норманы қолдану арқылы шешім кабылдау; 4) шешімді жүзеге асыру.
Бірінші сатыда заңды айғақтар және заңды құрам анықталуы тиіс. Олар – басты айғақ немесе басты айғақты анықтайтындар. Осы айғақтар заң бойынша істі тиісті түрде, заңды жолмен шешуге жеткілікті болуы қажет. Кейде анықталынатын мән-жайлардың көлемі заңда арнайы көрсетіліп белгіленеді. Мысалы, қылмыстық іс жүргізу заңы бойынша сотта қылмыстық істі қарағанда мына жағдайлар дәлелденуі қажет: а) қылмыс оқиғасы (уақыты, орны, жасалу әдістері); ә) айыпкердің кінәсі; қылмыстың себебі; б) айыпкердің жауапкершілігіне әсер ететін мән-жайлар; в) қылмыс арқылы келтірілген зиянның сипаты мен мөлшері; г) қылмысты жасауға түрткі болған мән-жайлар.
Екінші сатыда істің заңды негізі анықталуы тиіс: қолдануға қажетті құқықтық норманы табу; оның мәтінінің дұрыстығын анықтау-тексеру; норманың түпнұсқасы екендігін айқындау; оның кеңістіктегі, мерзімдегі (уақыттағы) күшін және субъектілерге қатыстылығын анықтау; норманың мазмұнын айқындау. Осы айтылған әрекеттердің барлығы заңдылықты, құқықтық тәртіпті нығайту үшін қызмет істейді.
Кейде заңды мәні бар әрекет жасалса да, оны шешуге арналған құқықтық норма болмауы мүмкін. Мұны заңдағы олқылық (кемшілік) деп атайды. Заңда қарастырылмаған жағдайда заң шығарушы екі тәсіл қолданады. Қылмыстық заңда ерекше принцип (қағидат) баянды етілген. Егер заңда оған жаза, шара белгіленбесе, қылмыс немесе теріс қылық жоқ деп есептеледі. Ал азаматтық заңдар бойынша іс-әрекет заңда қарастырылмаса да, тараптар үшін оның маңызы бар болса, азаматтық заңдардың жалпы мағынасына байланысты тараптардың құқықтары мен бостандықтарын туындатады. Осыған байланысты заң ұқсастығы және құқық ұқсастығы (аналогия) түсініктері бар, бұларды қолдану заңда қарастырылған.
Заң ұқсастығы — істі ұқсас қатынастарды реттейтін заңды қолдану арқылы шешу. Құқық ұқсастығы — істі заңдардың жалпы бағытына және мағынасына сүйене отырып шешу.
Құкықты қолданудың үшінші сатысы — қаралған іс бойынша құқық қолдану актісін қабылдау. Мұндай акт істің тағдырын шешеді. Сондықтан бұл жұмысқа жауаптылықпен қарау жөн. Осы актілер заңға негізделініп, заң бойынша жасалуы қажет. Құқық қолданатын акт — мемлекет атынан жасалатын, нақты заң бойынша қарауға құзыреті бар, тараптардың құқықтары мен міндеттерінің бар-жоғын анықтайтын, соған сәйкес шараларды белгілейтін органның актісі болып табылады.
Құқықтық норма болмаған жағдайда заң ұқсастығын, құқық ұқсастығын қолдану заңда қарастырылған.
Құқықты қолдану актісі – құзырлы мемлекеттік органдар мен лауазым иелерінің құжаттарында хатталған немесе ауыз екі түріндегі ұйғарымдары мен шешімдері. Бұл акт құқық нормалары негізінде қабылданады, заңдық күшке ие болады және құқықтық қатынастарды туындатады, өзгертеді немесе тоқтатады. Құқықты қолдану актісінде:
1) құқық нормасы болмайды;
2) нақты адресатқа (белгілі тұлғаға, ұйымға, ұжымға) бағытталуға арналған болады;
3) бір реттік сипатта болады (орындалысымен оның әрекеті аяқталады).
Құқықты қолдану актілерінің түрлері:
1.Құқықты қолдануды жүзеге асырушы субъектілер бойынша:
а) мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың актілері;
б) ҚР Президентінің актілері;
в) Басқару органдарының актілері;
г) әділ сот органдарының актілері;
д) прокуратура органдарының актілері;
е) алқалы және жеке тұлғаның актілері;
2.Құқық қолдану қызметі түрлері бойынша:
а) орындау (атқару) актілері;
б) құқық қорғау актілері;
3.Сырт көрінісінің түрлері бойынша:
а) құжат актілер - нақты органның тиісті түрде даярланған жазбаша жасалған шешімі. Негізінен алғанда құжат актілер төрт құрамдық бөлімнен: кіріспе, сипаттау, дәлелдеу және қорытындылардан тұрады.
б) әрекет-актілер – құқық қолдану субъектілерінің әрекеттері.
Бұл әрекеттердің биліктік күші болады және олар заңдық салдарға апарып соқтырады (орган жетекшісінің ауызша өкімі, жарлығы, полицейдің (милиционердің) көлік пен жаяу адамдар жүрістерін реттеудегі шарттары;
4. Қолданылу уақыттары бойынша.
а) бір рет қана күші бар актілер (мысалы, айып салу).
б) ұзаққа созылатын күші бар актілер (мысалы, некені тіркеу, зейнетақы тағайындау жөне т.б.).
Құқықтағы ақтаңдақтар (олқылықтар) және оларды болдырмаудың жолдары
Құқықтану практикасында (іс-тәжірибелерінде) заңдық сипаты бар белгілі бір жағдайлардың құқық нормаларымен реттелінбеген кездері ұшырасады. Мұндай жағдайлар құқықтағы олқылықтар деп аталады.
Құқықтағы ақтаңдақ (олқылық) дегеніміз күші бар заң жүйесінде құқықтық реттеуді талап ететін мәселені шешу үшін қажет құқық нормасының болмауы.
Құқықтағы ақтаңдақты (олқылықты) болдырмаудың мынадай әдістері бар:
1.Заң ұқсастығы — ұқсас құқықтық норманы қолданудың барысында пайдалану (қолдану).
2.Құқық ұқсастығы - нақты істің шешімін құқықтың жалпы қағидаттарының негізінде табу (адамгершілік (гуманизм), әділдік, заң алдындағы теңқұқықтылық және т.б.).
Заң ұқсастығы мен құқық ұқсастығы төтенше жағдайларда қолданылуы мүмкін.
Қылмыстық құқықта құқық ұқсастығы мен заң ұқсастығына тыйым салынады, өйткені "заңда көрсетілмеген қылмыс жоқ" деген мызғымайтын қағидат бар, ол тұлғаны (адамды) қорғаудың кепілі болып қызмет етеді. Құқықтың басқа салаларында ұқсастыққа жол беріледі. Ал азаматтық және азаматтық істерді жүргізу құқығында ұқсастықты қолдану тікелей баянды етілген (бекітілген).
Пысықтау сауалдары
1.Құқықты жүзеге асыру аталымына анықтама беріңіз, оның нысандарын сипаттаңыз.
2.Құқықтың ең басты тағайыны неде және оның негізгі кызметтері қандай?
3.Құкықты қолданудың ерекшеліктері неде? Кім құқық қолдану субъектісі бола алады?
4.Құқықты қолданудың сатыларын атаңыз.
5.Қолдану актісі құрылысын түсіндіріңіз.
6.Құқықта ақтаңдақтардың (олқылықтардың) болу себептері неде? Оларды болдырмаудың жолдарын айтыңыз. 1. Құқық аналогиясы (ұқсастығы) мен заң аналогиясын (ұқсастығын) қолдануға тыйым салу құқық саласының қайсысында кездеседі.
Он тоғызыншы тақырып. ҚҰҚЫҚТЫ ТҮСІНДІРУ (ТАЛҚЫЛАУ)
Құқықтық нормаларды түсіндіру дегеніміз күрделі ерік-ықтиярлық процесс, оның мақсаты құқық нормасының дәл мағынасын анықтау болып табылады.
Түсіндірудің объектісі (заты) заңдар мен заңдарға сәйкес шығарылған актілер. Түсіндіру екі бөліктен - анықтау (айқындау) жөне түсінік берулерден тұрады.
Түсіндіру-анықтау дегеніміз іштей ойлау процесі, ол субъектінің санасында жүріп жатады. өйткені мұның құқықты қолданушы ойланып барып жасайды. Мұндай анықтауды құқық қолданушы тұлға өзі үшін және іштей жасайды, сондықтан да оның сырттай көрінісі болмайды. Анықтау - құқықты барлық нысандарында (бұлжытпай атқару, пайдалануларда) жүзеге асырудың қажетті шарты болып табылады. Анықтау әрқашанда түсінік беруден бұрын жүргізіледі.
Түсіндіру - түсінік беру - түсіндірушінің өзіне емес, қатынасқа түсуші басқа тұлғаларға бағытталады. Түсінік беру нәтижесі жазбаша: ресми акт, құжат, құқықтық акті немесе ауызекі: кеңес, ұсыныс түрлерінде беріледі.
Сонымен, құқық нормасына түсінік беру — нормативтік құқықтық актілерде білдірілген мемлекеттік ерік-ықтиярдын мағынасын түсіндіру және оны жазбаша мазмұндау болып табылады.
Құқық нормаларын талқылаудың қажеттілігі олардың белгілерінің, сырт көріністерінің ерекшеліктеріне байланысты. Құқық нормаларының маңызды ерекшеліктерінің бірі — олардың жалпылама, қиялдық (абстрактылы) сипаты, олардың күшінің көптеген субъектілерге және өмірлік жағдайларда қолданылуы. Сондықтан құқықтық нормаларды қолдану барысында олар қиялдағы (абстрактылы) болғандықтан нормалардың мазмұнын нақтыландыру қажеттігі туады. Сөйтіп, құқықтық норманың мазмұнын нақтылы өмірлік жағдайға жақындату керек болады.
Әрбір құқықтық норма қоғамдағы қатынастардың белгілі бір түрін реттейді жөне де бұл реттеу жалпылама болады. Ал қоғамдық қатынастардың белгілі түрі сан алуан нақтылы қатынастардан тұрады. Әр нақтылы қатынастың өзіндік ерекшелігі бар. Құқықтық норманы нақтылы қатынасқа қолданғанда оның ерекшеліктеріне байланысты кейбір жағдайларды анықтау қажеттілігі, қолданылатын құқықтық норманың мағынасы қандай екені туралы сауалдар туындайды. Сол сауалдарға құқықтық норманы талқылау арқылы дұрыс жауап беруге болады.
Қоғамдық өмірде жаңа қатынастар пайда болып отырады. Оларды заң дер кезінде реттеп үлгірмеуі де мүмкін. Бірақ мұндай қатынастарды қолданыста жүрген заңның мазмұны қамтуы ықтимал. Бұл жағдайды да құқықтық норманың мазмұнын талдау арқылы анықтауға болады. Демек, әлгі құқықтық мазмұны заң ұқсастығы бойынша тікелей көрсетілмеген қоғамдық қатынастарға да қолданылуы мүмкін.
Талқылаудың қажеттілігі құқықтық норманың сыртқы ресмилендірілуіне, тілінің ерекшелігіне байланысты да тууы мүмкін. Заң шығарушының ойы-пікірі сөз, сөйлем арқылы жазылады. Кейде қолданылған сөздің бір ғана мағынасы болады, ал кейде оның бірнеше мағынасы болады. Құқықтық норманы нақтылы қатынасқа қолданғанда осы жағдайды да ескеру аса қажет болады. Кейде бір түсінік, ұғым бірнеше сөздермен берілуі мүмкін. Мысалы, "міндет", "қажет", "солай істеу керек", "тыйым салынады", я болмаса, "қақысы бар, "қақылы", "істей алады" т.с.с.
Түсіндіру түрлері: 1. Субъектілері бойынша: а) ресми – түсіндіруді өкілеттік берілген (алған) субъектілер: мемлекеттік орган, лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар береді. Ресми түсіндірудің заңдық маңызы болады және ол құқықтық салдарға апарады.
Ресми түсіндіру нормативтік, қазуалды, аутентикалық және легалды түрлерінде болады.
Нормативтік түсіндіру құқықтық нормаларды жаңадан жасауға алып бармайды. Ол тек бар құқықтық нормаларға түсінік береді, мағынасын аша түседі. Бұл түсіндіру жалпы сипатта және құқық нормаларын түсіну (ұғыну) мен әдеттегі қолдануларының біркелкі түрде болуын қамтамасыз етуі тиіс.
Казуалды түсіндіру жалпы сипатта болмайды, жалпыға бірдей міндетті де емес (маңызы бойынша), оның маңызы құқық нормасын нақты жағдайды ескере отырып түсіндіруге саяды.
Казуалды түсіндіруді құзырлы орган тек атап көрсетілген нақты істің қарастырылуы, барысына байланысты береді. Ол бойынша әдейі шешім қабылдау мәселесіне арнайды.
Аутентикалық түсіндіру - қолдануға алынған норма мағынасына түсінік беру сол норманы қабылдаған органнан шыққандығын білдіреді.
Легалды түсіндіру ісін осы түсіндіруді атқаруға (орындауға) тапсырма алған субъектілер жүзеге асырады. Легалды түсіндіру заңға сәйкес сипатта болады.
б) Бейресми түсіндіру - құқықтық нормаға түсінік беруді өкілеттік алмаған субъектінің жүзеге асыруы. Мұндай түсіндірулер жалпыға бірдей міндетті болмайды және заңдық салдарды туындатпайды.
Бейресми түсіндіру әдеттегі, кәсіби, доктриналды (ғылыми) түрде болады.
2. Жасалу тәсілдері бойынша түсіндірудің түрлері:
а)грамматикалық-нормативтік акт мәтінін талдау, заң аталымдарының (терминдердің) мағынасын анықтау ретінде;
б)логикалық (қисындық) - заңның жекелеген қағидаларының логикалық (қисындық) байланыстары пайымдалып зерттелінеді.
в)жүйелі — құқық нормалары мазмұнын осы нормативтік актілі институт, құқық саласымен өзара байланыстыра отырып олардың алған орны мен маңызын тұтастай анықтауға арнайды;
г)арнайы заңдық – заң ғылымы мен заң қабылдау техникасының кәсіби білімдеріне негізделеді;
д)тарихи-саяси актінің жасалуы кезіндегі тарихи жағдайларға байланысты болған заңдық ерік-ықтияр, саяси күштердің ара салмағы мен олардың орналасулары және т.б. жайлар анықталады.
3. Көлемі бойынша:
а)адекваттық (дәлме-дәл, барабар) түсіндіру - мұнда заң "рухы мен оның әрбір әрпі" бір-біріне дәл келеді, яғни құқық нормасының сөз түріндегі білдірулері мен оның шын мағынасы және мәні құқық нормасына пара-пар, тең болып келеді;
б)кеңейтілген - құқық нормасының ақиқат мағынасы мен мәні оның сөз арқылы білдіруінен едәуір кен болады;
в)шектелген - құқық нормасының ақиқат мағынасы мен мәні оның сөз түріндегі білдіруінен едәуір шағын болады; Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-6абына сәйкес Конституция нормаларына ресми түсіндірулерді Конституциялық Кеңес береді.
Пысықтау сауалдары
1.Құқық нормаларын талқылаудың мәнісі мен маңызын түсіндіріңіз.
2.Құқық нормаларын әдісі бойынша талқылау дегеніміздің мәнісі мен мазмұнын түсіндіріңіз.
3.Құқық нормаларын көлемі бойынша түсіндіру-талқылау дегеніміздің мәнісі мен мағынасы неде?
4.Құқық нормаларын субъектісі бойынша түсіндіру-талқылаудың мәнісі мен мазмұны неде?
Жиырмасыншы тақырып. ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ
Құқықтық сана — Қазақстан Республикасы азаматтарының жүзеге асырылып жүрген заңдарға, оларды қолдануға, азаматтардың құқықтарымен бостандықтарына және қалаулы құқыққа, басқа да құқықтық құбылыстарға құқық сезімдерінің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі.
Құқықтық сана коғамдық сананың жеке бір саласы болып табылады. Ол құқықтық болмысты заң білімдері, құқықты бағалау және оны жүзеге асыру практикасы, құқықтық мақсаттар, құндылық бағдары түрінде бейнелейді. Осы аталған бес бейне (заң білімдері; құқықты бағалау және оны жүзеге асыру практикасы; құқықтық мақсаттар; құндылық бағдары (әрине бұлар құқықтық сананы бейнелейтіндер) заңдық мәні бар жағдайлар туындағанда адамдардың жүріс-тұрыстарын реттейді.
Басқаша айтқанда құқықтық сана дегеніміз адамдардың, әлеуметтік бірліктердің коғамда бар және олардың тілек-ықыластарына сай келетін құқыққа қатыстылықтарын білдіретін көзқарастарының, идеяларының, түсініктері мен сана-сезімдерінің жиынтығы.
Құқықтық сананың функциялары:
а)танымдық;
б)бағалау;
в)реттеу.
Құқықтық сананың танымдық функциясына – құқықтық сана арқылы өмірдегі болмысты тану жүріп жатқандығы жатады;
Құқықтық сананың бағалау функциясына құқықтық сананың көмегі арқылы заңды маңызы бар өмірдегі нақты болмыстық жағдайларға баға берілетіндігі жатады.
Құқықтық бағалау қатынастарының негізгі төрт түрін атан көрсетуге болады:
- құқыққа және заңдарға қатысты (оның қағидаттарына, нормаларына, институттарына);
- маңайындағылардың құқықтық жүріс-тұрыстарына қатысты (қылмыстылыққа, қылмыстарға, қылмыскерлерге);
- құқық қорғау органдарына қатысты;
- өзінің құқықтық жүріс-тұрысына қатысты (өзін өзі бағалауға).
Құқықтық сананың реттеу функциясы дәлелдер жүйесі, бағалаулықтар бағдарлары, құқықтық мақсаттар арқылы жүзеге асырылады. Бұлар жүріс-тұрысты ерекше реттеуші түрінде оларды сот реттеуі арқылы қалыптастырудың ерекше механизмдері бар.
Мұндағы айрықша рөлді құқықтық мақсат орындайды. Ал құқықтық мақсат — субьектілердің заңды немесе құқыққа қарсы жүріс-тұрыстарға бару-бармауға бейімділігі. Ал, мұндай бейімділіктің құқық субъектісінің бойында қалыптасуы бірсыпыра әлеуметтік және психофизиологиялық себептерге байланысты болады.
Құқықтық сананың құрылымы негізгі екі элементтен: құқықтық психология және құқықтық идеологиялардан тұрады.
Құқықтық психология - сана-сезім, күшті сезім (эмоция), әсерленушілік (қуану-ренжу, қайғыру, уайымдау, ашулану-разы болу, ауан, көңіл күйі (шаттық, сергектік, шадымандық жөне т.б.), дағды, стереотип түрлерінде көрінеді. Ал осы аталғандар адамдарда болатын мән-жайлар көрсеткіштері қоғам болмысында бар заң нормалары мен оларды жүзеге асыру практикасымен (іс тәжірибелерімен) байланысты пайда болады. Құқықты жете түсінудің бұл ең "таралған" түрі. Құқықты жете түсінудің мұндай түрі азды-көпті дәрежеде заң элементтерінің қатысуымен пайда болған барлық қоғамдық қатынастарға төн.
Құқықтық идеология дегеніміз заңдық идеялардың, теориялардың, көзқарастардың жиынтығы. Бұл жиынтыққа кіргендер - концептуалдық және жүйеге келтірілген түрде объективті құқықтық шындықты көрсетеді жөне оның бағасын береді. Құқықтық идеология құқыққа тұтас әлеуметтік институт ретінде мақсаттылық қағидасы бойынша ғылыми немесе философиялық мән беру арқылы сипатталады.
Идеология аясынан жөне идеология арқылы бәрінен бұрын әлеуметтік топтар мен таптардың, халықтар мен мемлекеттердің және әлемдік бірлестіктердің мұқтаждықтары мен мүдделері көрініс табады.
Гегельдің құқық философиясы, мемлекет және құқықтың табиғи-құқықтық, позитивистік маркстік доктринасы (ғылымы), осы заманғы көптеген құқықтық сана концепциялары (көзқарастары, тұжырымдамалары) құқық арқылы болмысты түсіну тәсілі ретінде құқықтық идеологияның қызмет атқарғандығына мысал бола алады.
Бүгінгі күнге құқықтық мемлекет доктринасы (ғылымы) көптеген мемлекеттер (оның ішінде Қазақстан Республикасы да бар) дамуының идеологиялық негізі болып табылады. Саяси-құқыктық идеологиясыз осы заманғы өркениетті қоғамның болуы мүмкін емес. Сонымен, жоғары идеологиялық құжаттар бола алатындар мысалына АҚШ Конституциясын, ГФР Конституциясын, француздардың 1789-ы жылғы Адам және азамат құқықтары Декларациясын жатқызуға болады. Аталған құжаттар батыс елдері демократиясы мен құқықтар жүйесінің идеологиялық тұғыры болып табылады.
Сонымен, ұлттық-құқықтық идеология - қоғамның ең маңызды мәдени-құқықтық құндылықтарын сипаттайды, бұлар болса әлемнің өркениетті халықтарының құрамына (семьясына) кіру үшін берілген өзінше бір "рұқсат құжат".
Құқықтық сананың түрлері:
1. Субъектілері бойынша:
- дербес (жеке);
- топтамалық;
- қоғамдық.
2. Құқықтық қызмет деңгейінің жоғары-төмендігі бойынша:
- әдеттегі (үйреншікті-эмпирикалық) құқықтық сана - адамдардың құқық жөніндегі жаппай көпшілік түсінігі;
- кәсіби құқықтық сана – кәсіпқой-заңгерлер араларында қалыптасатын құқықтық ұғымдар, түсініктер, идеялар, сенімдер, дәстүрлер, стереотиптер;
ғылыми-құқықтық сана - құқықты жүйелі түрде теория бойынша игергендігін білдіретін идеялар, концепциялар, көзқарастар;

Құқықтық мемлекеттің ең маңызды белгісі - халықтың құқықтық мәдениетінің, құқық қорғаушылары мен басқа да лауазымды тұлғалардың кәсіби мәдениетінің болуы. Бұл белгі құқықтық мемлекетті құрудың міндетті шарты.
Құқықтық мәдениет — қоғамның құқықтық болмысының сапалық күйі. Бұл күй құқықтық актілердің, құқықтық және құқық қолданушылық қызметтің қаншалықты деңгейде екендігін білдіреді.
Осы сапалық күй тұлғаның құқықтық санасын, құқықтық дамуын, оның жүріс-тұрыс еркіндігі дәрежесін, мемлекет пен тұлғаның өзара жауаптылығы деңгейін де білдіреді. Және де бұл күй қоғам дамуына және қоғамның тіршілік ету жағдайларына ықпал жасап қолдау көрсетудегі қол жеткізілген деңгейін де көрсетеді.
Тұлғаның құқықтық мәдениеті - құқықты білу, ұғыну (түсіну) және құрметтеуден (құрмет тұтудан) тұрады. Ал мұның өзі құқықтық ұйғарымдарды жете түсініп барып орындаудан білінеді (көрінеді).
Құқықтық мәдениет (кең мағынада) дегеніміз нақты іс-қимыл, әрекет жасау үстіндегі заң қондырғысы компоненттерінің жиынтығы жөне құқық жөнінде, оның жүзеге асырылуы туралы, мемлекет органдарының, лауазым иелерінің іс-әрекеттері жөнінде адамдардың жалпы түсінігі мен пайымдаулары.
Құқықтық мәдениет (тар мағынада) дегеніміз тұлғаның құқық туралы ой-пікірлері, сезімдері мен пайымдаулары және де саналы түрдегі қажеттіліктері. Осы қажеттіліктер тұлғаның құқыққа сай мінездерінен, жүріс-тұрыстарынан көрініс табады.


Құқықтық мәдениеттің антиподы құқықтық нигилизм болады; нигилизм (немқұрайдылық – қоғамда құқық пен заңдылықтың девальвацияға ұшырауынан (құнсыздануынан), заңдылықты елемеуден, немесе олардың әлеуметтік реттеуші рөлін жете бағаламаудан көрінеді.
Құқықтық нигилизм — құқықтың әлеуметтік және тұлғалық құндылығын жоққа шығаратын, оны коғамдық қатынастарды реттеудің ең жетілдірілмеген тәсілі деп санайтын қоғамдық ой-пікірдің бағыты мен бағдары болып табылады.
Құқықтық нигилизмнің (немқұрайдылықтың) бірнеше түрі бар, ол құқықтың рөлі мен маңызына парықсыз, ықылассыз (немқұрайдылықпен) қараудан оған (құқыққа) толығынан сенбеу және құқықты ешбір дәлелсіз теріске шығарып мойындамауға дейінгі алапты жайлап жатқан түрлері болады.
Құқықтық нигилизмнің (немқұрайдылықтың) көріну түрлері:
1.Қоғамдағы бар заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерді қасақана тікелей бұзу.
2.Жаппай, барлық жерлерде заңдық ұйғарымдарды сақтамау, орындамау.
3.Бір-біріне қайшы келетін құқықтық актілерді қабылдау.
4.Заңдылықты саяси, идеологиялық және прагматикалық пайдалылыққа әдейі ауыстырып жіберу.
5.Адам құқықтарын бұзу, әсіресе адамның өмір сүруге құқықтылығын, ар-намысы мен қадір қасиетін қорғауға құқықтылығын және тағы басқа да құқықтарды бұзу.
6.Құқықтық формалды талаптар мен құқықтық шындықтар арасының алшақтығы, мұндағы талаптардың орындалмай қалуы.
Құқықтық нигилизмді (немқұрайдылықты) жеңудің негізгі жолдары - азаматтардың жалпы және құқықтық мәдениетін көтеру, олардың имандылық өнегелік және құқықтық санасын жоғары сапаға жеткізу; заңдарды жетілдіру; құқық бұзушылықтардың алдын алу, сөйтіп барлық қылмыстарды азайту; заңдылық пен құқықтық, мемлекеттік тәртіпті нығайту; тұлғалардың құқықтарды құрметтеуі мен оларды барлық мүмкіндіктерді қолданып қорғауына қол жеткізу; халыққа жаппай құқықтық білім беру және тәрбиелеу ісін біліктілігі жоғары әрі өз ісіне адал, жан аямай берілгендік танытатын тұлғалар категориясынан ғана маман заңгерлерді даярлау, олардың кәсіпқойлығын арттыру; құқықтық реформаны әрі қарай дамыту, сөйтіп ақырғы қорытындыда қоғамды асқынған әлеуметтік, экономикалық, саяси, рухани, өнегелік дағдарыстан алып шығу.
Пысықтау сауалдары
1. Құқықтық сана ұғымының мәнін түсіндіріңіз және оның құқық үшін қандай маңызы болатынын баяндаңыз.
2. Құқықтық сана қандай қызметтерді атқарады?
3. Құқықтық сананың элементтерін атаңыз және қандай мәні болатынын баяндаңыз.
4. "Құқықтық мәдениет" аталымын қалай түсіндіруге болады? "Құқықтық мәдениет" пен құқықтық мемлекеттің байланыстылығы қандай болады?
5. Құқықтық немқұрайдылықтың себептерін атаңыз.
6. Қоғам мен мемлекет үшін құқықтық немқұрайдылықтың қауіптілігі неде?
Жиырма бірінші тақырып. ЗАҢДЫ (ҚҰҚЫҚҚА САЙ) МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ
Заңды мінез-құлық — құқық нормаларының нұсқауларына сәйкес келетін жеке тұлғаның мінез-құлқы. Заңды мінез-құлық арқылы заң орындалады, жүзеге асырылады. Заңның талаптары орындалмаса, ол жансыз. Тұлғаның заңды мінез-құлқының көлемі мен үлгісі құқықтық норманың диспозициясында көрсетілген. Егер адамдардың мінез-құлықтары құқық нормаларының талаптарына сәйкес келсе, онда құқықтық тәртіп нығаяды.
Заңды мінез-құлық арқылы қоғам басқарылады, оның өмірі қалыпты жағдайда жүргізіледі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары жүзеге асырылады. Мұны азаматтардың көбі түсінеді, сондықтан пайда болатын, жүзеге асырылатын құқықтық қатынастардың басым көпшілігі заңды мінез-құлық негізінде құрылады.
Азаматтар заңның талабын белсенділікпен немесе енжарлықпен орындайды. Соған сәйкес мінез-құлық екіге бөлінеді: 1) белсенді заңды мінез-құлық; 2) бәсең (енжар) заңды мінез-құлық.
Белсенді заңды мінез-құлық — лауазымды тұлғалардың, азаматтардың өз бастамасымен белгілі мақсатқа бейімделген заңды әрекеттері. Ондай әрекеттер қосымша уақыт, күш, кейде қаражат жұмсаумен байланысты. Осындай мінез-құлық басым болуы үшін қазіргі кезеңде қажетті шарттар баршылық. Ол — егеменді, дербес мемлекет пен ұлттық құқық жүйесінің қалыптасуы, экономикалық дағдарысты тоқтату үшін барлық күш-жігерді жұмсаудың қажеттігі, асқынып бара жатқан қылмысқа қарсы азаматтардың әлінше күресу борышы. Демек, заңдардың қағидаларын белсенділікпен орындау — заманымыздың талабы. Белсенді түрдегі заңды мінез-құлықтың көріністері сан алуан. Ол — лауазымды тұлғалардың өз міндеттерін адал ниетпен, сапалы атқарып, азаматтардың өздеріне жүктеген міндеттерін қалтқысыз, саналы түрде орындауы, сонымен қатар құқықтарын жүзеге асыра отырып, мемлекеттің, қоғамдық бірлестіктердің жұмысына белсене катысып, әлінше көмектесу, заңдардың жобаларын талқылауда бой көрсетіп, өз пікірін ортаға салу—міне, құқықтық белсенділікке осындай әрекеттер жатады.
Енжар заңды мінез-құлықтың көрінісі де сан алуан. Азамат өзіне жүктелген міндеттерді қалай болса солай орындайды. Ал өзінің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға енжарлықпен, немқұрайдылықпен қарайды. Мысалы, сайлауға, заңның жобасын талқылауға катыспайды, отбасын құрғысы келмейді, оқып-білім алуға ерінеді, тіпті, жақсы істеп, табыс та тапқысы келмейді. Әрине, мұндай мінез-құлық заңға қайшы келмесе де, адамның ең алдымен өзіне зиян келтіреді, себебі адамның игілігі үшін берілетін заңды мүмкіндіктер іске аспай қалады. Мұндай мінез-құлықтан қоғам да ештеңе ұтпайды. Демек, екі тарап та ұтылыста болады. Мұндай енжар мінез-құлық басым болса, мемлекетке де зиян келеді. Азаматтардың енжарлығын, немқұрайдылығын пайдаланып, қара ниетті лауазымды тұлғалар мемлекет органының қызметін халықтың бақылауынан тыс қоюға әрекет жасаулары мүмкін.
Әрине, тек насихатпен адамдардың енжар мінез-құлқын белсенділікке айналдыру оңай емес. Ең алдымен белсенділік жастайынан қалыптасатын қасиет. Оның негізгі шарты — еңбекке баулу. Заңдар да адал, ақ ниетпен істелген жұмыс үшін көтермелеу шараларын белгілесе, ол құқықтық белсенділікке негіз болады.
Заңды мінез-құлық бірнеше түрде болуы мүмкін.
Құқықтық сананың деңгейіне байланысты заңды мінез-құлық (жүріс-тұрыс) төмендегідей түрлерге жіктеледі:
1. Маргиналдық (маргинал - жік аралық) заңды мінез-құлық - бұл мінез-құлық бәрінен бұрын заң бойынша жазаланудан қорқу мен өз есебінен жаңылып қалмау мақсатына негізделеді. Маргиналдық мінез-құлықты адамдар қайсы сәтте де болса заңды оп-оңай аттайды (бұзады), сәті келсе, ыңғайлы жағдай туа қалса құқықтық талаптарды орындамауға да дайын тұрады.
2. Конформистік құқыққа сай мінез-құлық. Мұндай мінез-құлық адамның құқықтық талаптарға конформистік түрде бас июіне (көніп бағынуына) негізделеді. Мұндай мінезді адамның ұстанатын қағидаты "бәрі қандай болса, мен де сондаймын" болады. Мұндай мінез-құлық құқықтық нормаларды жете түсінбей, олардың байыбына бармай бұлжытпауға (сақтауға) негізделеді.
2. Жағымды құқыққа сай мінез-құлық - мұндай мінез-құлық қоғамда бар құқық нормаларының әділ және әділеттілігіне деген мызғымас сенімге, құқықты құрметтеуге және оны терең білуге негізделеді. Мұндай мінез-құлық құқықтың әдеттегі қалып бойынша, әртүрлі себептермен дәлелдердің іштей арпалысуынсыз орындалуынан (атқарылуынан) көрінеді.
5. Құқыққа сай, әлеуметтік тұрғыдан белсенді мінез-құлықтың мұндай түрі құқықтың құндылығының қажеттілігі жөніндегі мызғымас сенім мен құкықты құрметтеуге ғана емес, сонымен бірге құқыққа дәлелді түрде қарау мен оны жете түсінуге негізделген.



Пысықтау сауалдары
1. Заңды мінез-құлықтық (жүріс-тұрыстың) ерекшеліктерін атап көрсетіңіз.
2. Мінез-құлықтың (жүріс-тұрыстың) заңдылығы айтарлықтай дәрежеде не нәрсеге тәуелді болады?
3. Заңды жүріс-тұрыстардың (мінез-кұлықтардың) түрлерін баяндаңыз.
Жиырма екінші тақырып. ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ЖӘНЕ ЗАҢ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПТЫЛЫҚ
Құқық бұзушылық дегеніміз құқықтық талаптарды бұзудағы немесе оларды орындамау барысындағы әрекеттер (әрекеттіліктер немесе әрекетсіздіктер).
Адамдардың қандай да әрекеттері (әрекеттіліктері немесе әрекетсіздіктері) қоғамға қауіп тудырған немесе туындататын болса ондай әрекеттілік немесе әрекетсіздік құқық бұзушылық деп бағаланады.
Адамның әрекеті (әрекеттілігі немесе әрекетсіздігі) қоғамға қауіпті болмаса, онда мұндай әрекеттілік немесе әрекетсіздік құқық бұзушылық қатарына жатқызылмайды. Әрекеттің (әрекеттілік немесе әрекетсіздіктің) қоғамға қауіптілігі ұғымы екі сәттен тұрады, олар: зиянның болуы және оның қоғам тарабынан бағалануы. Құқық бұзушылық дегеніміз, адамның қоғамға, мемлекетке немесе жеке тұлғаға зиян келтіретін кінәлі, соңы заң алдындағы жауаптылыққа апаратын құқыққа қайшы әрекеті немесе әрекетсіздігі.
Құқық бұзушылықтың белгілері (нышандары):
а) қоғамға зияндылығы, қауіптілігі - құқық бұзушылықтың негізгі объективтік нышаны, айырымдық белгісі және оның заңнан құқыққа қайшы болу шегін ажыратуға негіз болатын объективтік тұғыры. Құқық бұзушылықтың қоғамға келтіретін зияны мен оның қауіптілігі қоғамға маңызды құндылықтар мен оның тіршілік ету жағдайларына қол сұғулардан тұрады;
б) кұқыққа қайшы келушілік - әрекеттің немесе әрекетсіздіктің қоғамға қауіптілігін, зияндылығын заң атауы арқылы білдірілуі. Құқыққа қайшы (қарсы) келудің және ол үшін жауапты болудың шегін, мөлшері мен шамасын мемлекет анықтайды, әрі оны бекітеді де;
в) кінәлілік - басқаша айтқанда - құқық бұзушылыққа бару құқық бұзушының тысқарыдан ешбір ықпалсыз-ақ өзінің ерік-ықтиярын әлгіндей түрде білдіруі, ал мұның өзі кінәлі жүріс-тұрыс (мінез-құлық). Егер де жеке адамды таңдау еркі (ықтияры) болмаса, егер ол өзінің жүріс-тұрысының құқыққа қайшы келетінін жете түсінуге қабілеті болмаса, онда оның кінәлі әрекеті құқық бұзушылық болмайды да, ол объективті түрдегі құқыққа қайшы әрекеттік болып шығады. Сондықтан мұндай адам заң алдындағы жауаптылыққа тартылмайды;
г) әрекеттілік немесе әрекетсіздік түріндегі әрекеттер. Мұндағы әрекетсіздік түріндегі құқық бұзушылық - тұлға заңдық талаптарды орындауға міндетті бола тұрып, оларды орындамаған жағдайда болады;
д) жазаланушылық - мемлекет тарапынан мәжбүрлеу шараларының қолданылу мүмкіндігі.
Құқық бұзушылықтар әлеуметтік қауіптілігіне байланысты және зиян келтіру дәрежелеріне қарай қылмыстар және теріс қылықтар деп жіктеледі.
Қылмыстар қоғамға қауіптілігі (зияндылығы) жағынан барынша жоғары дәрежеде болатындығымен ерекшеленеді. Олар қоғамның ең маңызды, едәуір мәнді мүдделеріне нұқсан келтіреді. Мұндай ең маңызды, едәуір мәнді мүдделерге нұқсан келтірулер мен қол сұғулардан қылмыстық заңдар қорғайды. Жасалған қылмыстар үшін заң аса қатал жазалау шараларын белгілейді,
Формалды түрде қылмыстың барлық белгілері бар болса да қайсы бір қылмыстар қылмыс болып саналмайды. Олай болатын себебі кейбір жағдайларда әлгі қылмыстардың коғамдық қауіптілігі мен зияндылығының маңызы мардымсыз болып келеді.
Теріс құқықтар - әлеуметтік зияндылығы мен қоғамдық қауіптілігі төмен дәрежеде болатындығымен ерекшеленетін құқық бұзушылықтар.
Бұлардың нұқсан келтіретін объектілері мен заңдық салдары да түрлі-түрлі болып келеді жөне де олар қоғам болмысының әр түрлі салаларында болып жатады.
Теріс қылықтардың қоғамдық қауіптілік дәрежесін анықтауда төмендегідей айырымдық белгілері ескеріледі:
а) нұқсан келтірілген қоғамдық қатынастардың объект түріндегі маңыздылығының дәрежесі;
ә) келтірілген зиянның мөлшері;
б) құқыққа қарсы (қайшы) әрекеттің жасалу тәсілі, уақыты мен орны;
г) құқық бұзушының өз басы.
Теріс қылықтардың жіктелуі:
1. Мүліктік және кейбір жекелік мүліктік емес қатынастар аясындағы құқық нормаларын бұзу азаматтық-құқықтық нормаларды бұзушылықтар деп аталады;
2. Заң белгілеген қоғамдық тәртіпке, мемлекет органдарының атқару-орындау саласындағы қатынастарға нұқсан келтіруін әкімшілік құқық бұзушылықтар деп аталады;
3. Еңбек қатынастары аясындағы кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдардың ішкі еңбек ұйымдастыру тәртібіне нұқсан келтіруін тәртіптік құқық бұзушылықтар деп аталады;
4. Заң арқылы белгіленген рәсімдерді әділсоттың жүзеге асыруына (куәлардың сотқа келмей қалуы) нұқсан келтіруін жүргізу қатынастарындағы құқық бұзушылықтар деп аталады.
Құқық бұзушылықтың заңдық құрамы:
1. Құқық бұзушылықтың субъектісі – кінәлі, құқыққа қайшы (қарсы) әрекет жасаған адам. Мұндай субъект ретінде деликт қабілеттілігі бар адам және заңды тұлға танылады.
2. Құқық бұзушылықтың объектісі - қандай затқа құқық бұзушылық бағытталып, оған нұқсан келтірілсе сол зат аталған объект болып табылады. Мұндағы тектік объекті - қоғамдық қатынастар, ал түрлік объект - өмір, ар-намыс, денсаулық, т.б.
3. Объективтік жағы - құқыққа қайшы (қарсы) әрекеттің (әрекетсіздіктің) сыртқы көрінісі.
Объективтік жақтың элементтеріне сол әрекеттің (әрекетсіздіктің) өзі, одан туындаған зиянды нәтиже және осы әрекетсіздіктен пайда болған зиянды нәтижесінің себеп-салдарлық байланысы жатады.
Әрекет (әрекеттілік, әрекетсіздік) - адамның ерік-ықтияры мен ақыл-парасатының қадағалауы мен бақылауындағы жүрісі-тұрысы (мінез-құлқы) және ол адамның әрекеттілігі немесе әрекетсіздігінен көрінеді.
Ерік-ықтияр еместігіне қарамастан адамды күштеу арқылы құқық бұзуға итермелеп көндіруден туындаған әрекет құқық бұзушылыққа жатпайды.
Әрекеттің құқыққа қайшы келушілігі - тікелей, жанама тыйымдар мен жарасымды (оңды) заңды жүріс-тұрыстың (мінез-құлықтың) құқық нормасында жіктелуінен көрінеді.
Зиян - қолайсыз салдар, бұлар мүліктік, мүліктік емес, ұйымдық, жекелік (дербес) және басқалай да сипаттар түрінде болуы мүмкін. Зиянның объективтік жағына сондай-ақ құқық бұзушылықтың болған орны мен уақыты да кіреді.
4. Субъективтік жағы - бұған өзінің жасаған әрекетіне және оның салдарына сол тұлғаның субъективтік қатынасын (қарауын) сипаттайтын үлгілердің (нышандардың) жиынтығы жатады. Мұнда басты категориялары болып – кінә, себеп және мақсаттар көрінеді.
Кінәнің - қасақаналық және абайсыздық деген екі түрі ажыратылып көрсетіледі. Құқық бұзуға ниеттенген адам өз әрекетінің құқыққа қайшы және оның зиянды салдарын біле тұра сондай әрекетке баруы қасақаналық деп бағаланады. Құқыққа қайшы әрекетке баруда адам оның зияндылығын жете түсініп тұрып сондай салдардың болуын тілеген болса бұл тікелей (әдейі) қасақаналық болып шығады. Ал енді сондай әрекетке баруда құқық бұзушы адам сол әрекетінің нәтижесінде зиянды салдардың болуын болжалдаған болса, онда бұл әрекет жанама қасақаналық болады.
Абайсыздық қылмыс астамшылдық және қылмыстық астамшылық (менменсу) деп жіктеледі. Қылмыстық ұқыпсыздық болғанда адам өз әрекетінің құқыққа қайшы екендігіне мән бермейді, ол әрекетінің салдары қандай болатындығын да болжай алмайды.
Қылмыстық астамшылықта адам өз әрекетінің құқыққа қайшы келетіндігін түсінеді, оның қандай салдарға апарып соқтыратынын да, оның қауіпті нәтиже беретінін де болжайды, дегенмен жеңілтектік жасап ондай салдарды болдырмауға тырысады, үміттенеді.
Себеп - құқық бұзуға іштей талаптану. Мақсат - құқыққа қайшы әрекетке барудағы құқық бұзушының ұмтылыс жасап жетсем, алсам деген түпкілікті ойындағы көздеген нәтижесі.
Кінә және казус - факт ұғымы тығыз байланысты, ол адамның ерік-ықтияры қалауына байланысты туындамайды.
4. Заң алдындағы жауаптылық - құқық бұзушылыққа барған жағдайда оны жасаған адамның мемлекеттік мәжбүрлеу шараларына тартуының қажеттілігі.
Заң алдындағы жауаптылық белгілері:
а) құқықтық ұйғарымдар түрінде мемлекет белгілейді;
ә) құқық нормасының санкциясын жүзеге асыру түрінде көрінеді;
б) мемлекеттің мәжбүрлеуіне негізделеді;
в) құқық бұзушылықтың жасалуын нәтижесінде ғана туындайды;
г) құқық бұзушылық жасаған адамға қолайсыз салдар – жаза түрінде қолданылады;
д) міндет жүктеумен байланысты болады;
е) іс жүргізу нысанында (түрінде) жүзеге асырылады;
ж) мемлекеттің құзырлы органдары арқылы ғана қолданылады.
5. Заң алдындағы жауаптылық қай салаға жататындығына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді.
- әкімшілік – әкімшілік сипаттағы теріс қылық жасалған жағдайда туындайды және шара қолдану (жаза қолдану) немесе айыппұл салу түрінде болады;
- азаматтық — заң алдындағы жауаптылық міндеттеме шарттарының бұзылу нәтижесінде туындайды;
- қылмыстық – заң алдындағы жауаптылық қылмыс жасалуының нәтижесінде ғана қолданылады;
- материалдық (дүниемен байланысты) – қандай бір мемлекеттік кәсіпорындар, мекемелер ұйымдарға зиян немесе залал келтірілген жағдайда заң алдындағы жауаптылық туындайды;
- тәртіптік — заң алдындағы жауаптылық әскери, еңбек, оқу орнындағы тәртіптер бұзылған жағдайда туындайды, бұлар шара қолдану, сөгіс жариялау, ескерту жасау түрлерінде болады.
Заң алдындағы жауаптылықты, оны анықтап жүктейтін органдарға байланысты мынадай түрлерге бөлуге болады:
- сот арқылы анықталып жүктелетіндері;
- мемлекеттік басқару органдары арқылы анықталып жүктелетіндері;
- басқа құрылымдар арқылы жүктелетіндері.
Заңдық жауапкершілік жүктеудің мақсатын, қызметтері (функциялары) мен қағидаттарын қарастырайық.
Заңды жауапкершіліктің мақсаты осы құқықтық амал, тәсіл арқылы кайсындай нәтижелерге қол жеткізуге болатынын көрсетеді, анықтайды. Және де осы нәтижелердің қандай болатынын анықтайды. Сөйтіп олардың мәнін терең ұғынуға мүмкіндік береді. Заңдық жауапкершіліктің негізгі мақсаты субъектілердің құқықтарымен бостандықтарын қамтамасыз ету және қоғамдық тәртіпті сақтау әрі қорғау болып табылады. Атап айтқанда осы заңдық жауапкершілік аспабы құқық субъектілерінің мүдделерін қанағаттандыру және әлеуметтік байланыстардың әділетті түрде реттелінуіне бола белгіленеді.
Заңды жауаптылықтың қызметтерін оның алдына қойылған мақсаттар анықтайды, әрі содан туындайды.
Жазалау қызметі (функциясы) - орын алып отырған құқық бұзушылыққа мемлекеттік жаза қолдану түріндегі жауабы. Бұл жаза түріндегі жауап кінәлі адамға, оның жеке басына мүліктік немесе ұйымдық тауқымет тартқызу немесе мұқтаждыққа ұшырату, сөйтіп қолайсыз зардаптар шектіру арқылы сазайын беру түрінде білдіріледі.
Құқықты қалпыңа келтіру қызметі (функциясы) - құқыққа өкілетті субъектінің мүддесін қамтамасыз етудің барысында кінәліден келтірілген зиянды өндіріп алуға, шыққан шығынды, шеккен залалды өткізуге, жоғалған мүліктің орнын толтыртқызуға мүмкіндік береді.
Тәрбиелік қызметі (функциясын) – заңға теріс жүріс-тұрыстардың, құқық бұзушылықтардың алдын алудың, ондайларды болдырмаудың қажеттілігі дәлелдерін субъектілердің саналарында қалыптастыру, күнделікті болмыстағы қызметтерінде әдетке айналуын қамтамасыз етуге күш салу болып табылады.
Осы қызметтер заңдық жауапкершілік белгілеген мақсаттарға жетуге қолғабыс етіп көмектеседі.
Заңдық жауапкершілік қағидаттары (принциптері) - осы институттың іргетасын құрайтын ең басты негіздері, идеялары, тезистері болып табылады.
Заңдық жауапкершіліктің қағидаттарын төмендегідей етіп бөліп көрсетуге болады.
а) әділеттілік - мұның өзі тағайындалатын жазаның болған құқық бұзушылыққа мөлшерлестігі арқылы, теріс кылық үшін қылмыстық санкцияның белгіленуін болдырмау арқылы, жауапкершілікті бекітетін немесе оны күшейте түсетін заңның кері күшін жоққа шығару арқылы, кінәлыға бір бұзықшылығы үшін тек бір ғана жаза түрінің жүктеліп (қолданылуы) арқылы білдіріледі.
ә) заңдылық — заңдық жауаптылық кінәлы адамға қатал түрде заң бойынша жөне заңда көзделген әрекеттері немесе әрекетсіздіктері) үшін жүктеледі (қолданылады).
б) дәлелділік - істің нақты жағдайын жан-жақты және әділдікпен қарап, әрі тек жинақталған дәлелдемелер байынша шешудің қажеттілігін, адамның құқық бұзушылық жасаудағы айғақтарын, құқық бұзушылығының нақты түрін, соған сәйкес келетін құқық нормасын анықтау бойынша білдіріледі.
в) жазадан құтылмайтындық - құқық бұзушылық үшін заң алдындағы жауаптылықтың болмай қоймайтындығы; құқық бұзушылықтың ашылуының ұтымдылығы, сапалылығы және толықтығы, кінәлы адамдарға мемлекет тарапынан жазалау түріндегі жауаптылықтың міндетті және ұтымды түрде жүктелетіндігінің сөзсіз болатындығы.
г) мақсатқа лайықтылық - жазаның заңдық жауаптылық мақсаттарына сәйкестігі, санкцияларды даярлау; жасалған әрекеттердің (әрекетсіздіктердің) түрлі жағдайларын есепке алуда оны жұмсартатын да, ауырлататын да жақтарын ескеру.
Заңдық жауаптылықпен қатар құқық негізімен соның шегінде жүзеге асырылатын мемлекеттік ырықтандырудың басқа да түрлері атқарылады, оларға қорғау шаралары, бұлтартқызбау шаралары, тәрбиелік ырықтандыру шаралары, медициналық сипаттағы ырықтандыру шаралары жатады.
Егер заңдық жауаптылық, қосымша заңдық міндет жүктеумен байланысты болса (мысалы: еркінен айырумен), онда қорғау шарасы "ескі" яғни, "бұрынғы" осы субъектіге жүктелген міндетті орындаумен байланысты болады. Қорғау шарасының мақсаты - жазалау емес, тек құлық бұзушылық жасаған адамды жауаптылыққа тартпай, бұзылған құқықты қалпына келтіру болып табылады (мысалы, балаларын бағып-қағу үшін оның әкесінен нәпақа өндіруді заң жолымен еріксіз түрде алу.
Қылмыстық, әкімшілік, азаматтық істер бойынша өндірістің қалыпты жүргізілуін қамтамасыз етуге бағытталған бұлтартпау шаралары (ешқайда кетпейтіндік қолхаты, ұстау), сондай-ақ бұлардан басқа іс жүргізу шараларында (дербес тексеріс, куәландыру, күш қолданып тінту және т.б.) заңдық жауапкершілік шараларына қарағандағы айырмашылығы, олар тек құқық бұзушылықтың алдын алып болдырмау мақсатында қолданылады. Осы айтылып (жоғарыда мысал түрінде келтірілген) отырған жағдайда құқық бұзушылықтың орын алмауы себебінен жазалаудың да болуы орын алмайды.
Жаза қолданумен сипатталмайтын ырықтандыру шараларына: еріксіз түрде сақтандыру (алдын алу) шаралары (мысалы, карантин жағдайында жүріп-тұру еркіндігін шектеу); қоғамға қауіпті әрекеттерге (әрекеттіліктерге немесе әрекетсіздіктерге) барғаны үшін кәмелет жасына толмаған жастарға (әрекет қабілеттігі жоқ) қолданылатын тәрбиелік ырықтандыру шаралары; мемлекеттің немесе қоғамның мүддесіне бола құнының өтемін төлеп меншік иесінен мүліктерін төтенше, шұғыл жағдайларда (апатты ауыр жағдайларда, аварияларда, эпидемия-эпизоотия таралғанда) және басқа да төтенше сипаттағы жағдайларда қолданылатын алып қою шаралары жатады.
Сонымен, қоғамға, тұлғаға немесе мемлекеттік зиян келтіретін жағдайлар да бар. Бірақ мұнда зиян, залал келтірген тұлға заңдық жауаптылыққа тартылмайды. Міне осы жағдайлар әрекеттің құқықтық қайшылықтарын жоққа шығаратын жағдайлар деп аталады. Бұларға мына жағдайлар жатады:
1) қабілетсіздік - тұлғаның өз әрекеттеріне есеп бере алмайтын ессіздік күйі;
2) қажетті қорғану - бұл жағдайда қол сұғушы адамға зиян келтіру, яғни қорғанушының немесе өзге бір адамның жеке басын, тұрғын үйін, меншігін, жер телімін және басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қоғамға қауіпті қол сұғушылықтан сол қол сұғушыға зиян келтіру жолымен қорғау кезінде, егер бұл орайда қажетті қорғану шегінен асып кетушілікке жол берілмеген болса (ҚР ҚК-нің 32-бабы);
3) қылмыс жасаған адамды ұстау — қылмыс жасаған адамды мемлекеттік органдарға жеткізу және оның жаңа қол сұғушылыққа бару мүмкіндігін тыю үшін ұстау кезінде зиян келтіру, егер мұндай адамды өзге амалдармен ұстау мүмкін болмаса және бұл орайда осы үшін қажетті шаралар шегінен шығуға жол берілмесе;
4) аса қажеттілік - заң арқылы қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтіру, яғни белгілі бір адамның немесе өзге адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін зиян келтіру, егер бұл қауіпті басқа амалдармен жою мүмкін болмаса және бұл орайда аса қажеттілік шегінен шығып кетушілікке жол берілмеген жағдайында (ҚР ҚК-нің 34-бабы);
5) күштеп және психикалық мәжбүрлеу (жүйкесіне зақым ету) – егер күштеп мәжбүрлеудің салдарынан адам өзінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) ие бола алмаса, күштеп мәжбүрлеудің нәтижесінде заңдармен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру жағдайында (ҚР ҚК-нің 36-бабы);
6) орынды тәуекелге бару - қоғамдық пайдалы мақсатқа қол жеткізу үшін орынды тәуекел еткен ретте заң арқылы қорғалатын мүдделерге зиян келтіру жағдайы (ҚР ҚК-нің 35-бабы);
7) бұйрықты немесе өкімді орындау - адамның өзі үшін міндетті болып табылатын бұйрықты немесе өкімді орындау жөнінде іс-әрекет жасағанда оның заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру жағдайы - көрінеу заңсыз бұйрықты немесе өкімді орындамау жағдайы (ҚР ҚК 37-бабы);
8) елеулі маңызы болмайтын құқық бұзушылық - коғамға мемлекетке зиян келтірмеген және зиян келтіру қаупін туындатпаған жағдай (ҚР ҚК-нің 9-бабы);
9) казус (уақиға, шытырман қиын жағдай) және тағы басқалар.
Құқық бұзып, кінәлы болған субъектіге мемлекет өзінің мәжбүрлеу шараларын қолданады. Ол бойынша кінәлы субъектінің жеке өз басы мүліктік шектеуге ұшырайды немесе ұйымдық сипаттағы қысым мен шектеуге түседі.
Заң алдындағы жауаптылық бірнеше түрге бөлінеді — қылмыстық, әкімшілік, азаматтық, тәртіпсіздік және материалдық жауаптылық.
Заң алдындағы жауаптылық тек құқық бұзушылық орын алған жағдайда ғана туындайды. Мемлекеттің құқық бұзушыны жауапқа тартуға хақысы бар, ал құқық бұзушы мемлекеттің мәжбүрлеу шарасын мойындауы тиіс. Жауапқа тартылушы тұлға, мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы тек қана құқық бұзушылықтың бар екендігі анықталғанда және ол заңға сай келсе ғана мойынсұнуға құқылы. Жауапқа тартылушы адам, өзін заңсыз түрде жауапқа тартудан қорғауды талап етуге құқылы.

Статья VI.
Пысықтау сауалдары
1. Құқық бұзушылық ұғымына анықтама берінің және оның белгілерін атаңыз.
2. Құқық бұзушылықтың құрамы ұғымын түсіндіріңіз.
3. Заң алдындағы жауаптылық деген не, оның түрлерін атаңыз.
4. Заңдық жауаптылықтың болуына не негіз болады?
5. Заңдық жауаптылықтың мақсаты, кызметі мен қағидаттары (принциптері) қандай?
6. Заңдық жауаптылықтың мемлекеттің ырықтандыру шараларының басқа да түрлерінен айырмашылығы қандай болатынын атаңыз.
7. Әрекеттіліктің құқыққа қайшылығын болдырмайтын жағдайлардың қандайларын атап бере аласыз?

Жиырма үшінші тақырып. ЗАНДЫЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП
Заңдылықтың сипаттамасы
Заңдылық — заңдардың, басқа да нормативтік-құқықтық актілердің Республика аумағында мүлтіксіз жөне дәлме-дәл орындалуы. Заңдарды сақтайтын, орындайтын, жүзеге асыратын мемлекет органдары, ұйымдары, мекемелері, кәсіпорындары, лауазым иелері, азаматтар, қоғамдық бірлестіктер. Егер аталған субъектілер заңдарды мүлтіксіз орындаса қоғамда, мемлекетте заңдылық үстемдік етеді деп айтуға болады. Егер заңдар орындалмаса, бұзылса қоғамда заңдылық бұзылды деп айтады. Заңдылықтың сақталуы, үстем болуы — қоғам өмірінің тұрақтылығының алғы шарты. Заңдылық бұзылса демократияға, адамдардың құқықтары мен бостандықтарына зор нұқсан, зиян келтіріледі, қоғамдық тәртіп бұзылады.
Заңдылық қағидаттары (принциптері) - заңдылықтың мазмұнын ашатын, білдіретін негізгі идеялар, негіздер (бастаулар). Бұларға жататындар:
а) заң үстемдігі - ең жоғарғы акт ретінде бүкіл нормативтік актілердің және құқықты жүзеге асырудың бүкіл актілерінің заңға бағыныштылығы;
ә) заңдылықтың тұтастығы (жалпыға бірдей міндеттілігі) — белгілі бір мемлекеттік бүкіл аумағында құқық шығармашылығы мен құқықты жүзеге асырудың құқықтық қатынастардың субъектілері қызмет атқаруларының бірыңғай бағыттылығы.
б) заңдылықтың мақсаттылығы - қоғамның мақсаттары мен міндеттеріне сай келетін, өзі ең қолайлы әрі қатал түрде заң аясынан шықпайтын құқықтық әрекеттер нұсқасын таңдап алудың қажеттілігі;
в) заңдылықтың іске асатындығы - барлық қызметтердің түрлерінде құқықтық нормалардың орындалуына шын мәнісінде жету және қандай да болсын құқық бұзушылық үшін жауапкершіліктен құтылмайтындықтың орнығуы.
Заңдылық Қазақстан аумағының барлық жерінде біртүтас құбылыс болып орнауы қажет. Мемлекеттің өр жерінде өр түрлі заңдылық болмайды. Алматының өз заңдылығы, Семейдің өз заңдылығы - бірінен-бірінің ерекшелігі болуы мүмкін емес. Егер олай болса, қоғамда тәртіпсіздік, бассыздық орын алатын болады. Заңдылық барлық Республика аумағында тұтас орнатылуы тиіс. Заң Батыс Қазақстанда сақталып, Шығыс Қазақстанда сақталмайтын, мойындалмайтын болса, ол заңдылықты бұзған болып саналады. Заңдылықты мақсаттылыққа қарсы қоюға болмайды. Себебі кез келген заң бір мақсатқа жету үшін жасалады. Заңдылықтың бұзылуының бір себебі — оны мақсаттылыққа қарсы қою. Жергілікті жердің ерекшелігін немесе басқа жағдайларды сылтауратып заңды бұзушылыққа жол берілмеуі керек.
Заңдылықты нығайту үшін кепілдіктер қажет. Олар: а) экономикалық кепілдік — қоғам шаруашылығының деңгейі жоғары болып, заңды жүзеге асыру үшін қаражат жеткілікті болуы керек; ә) саяси кепілдік — мемлекет органдары заңға сүйене отырып, өзіне тапсырған қызметті оралымды, тиімді істеуі қажет; б) құқықтық кепілдік — заңдарды үнемі жетілдіріп отыру, заңды бұзушылықтың алдын алу, сот әділдігін жүзеге асыру, жауаптылықтан бұлтартқызбау, әлеуметтік бақылау, т.с.с.

Статья VII.
Құқықтық және қоғамдық тәртіп
Қоғам тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, өмір сүре алады. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, қирайды, оның келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген.
Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Қоғамдағы тәртіп түрлі әлеуметтік нормалардың, былайша айтқанда, адамдардың мінез-құлқын реттейтін қағидалардың өсерімен яғни күшімен орнатылады.
Әлеуметтік нормалардың ең негізгісі, алғашқы пайда болғаны әдет-ғұрып, дәстүр қағидалары. Әр халықта олар ежелден-ақ қалыптасқан. Қазақ халқы әдеттерінің заң түрінде күші болған, "Қасым ханның қасқа жолы", "Есім ханның ескі жолы", "Тәуке ханның Жеті жарғысы" – бұлар негізінен әдеттік заңдардың жинақтары. Осындай әдеттердің күшімен қоғамда тәртіп орнатылған.
Әлеуметтік нормалардың маңызды түрі - әдептік нормалар. Әдептік нормалардың құқықтық сипаты болмайды. Олар адамға құқық бермейді, міндет жүктемейді. Олар адамның ар-ұятын, намысын қалыптастырып, солар арқылы қоғамдық тәртіп орнатуға ұйтқы балады. Әдептік нормалар құқықтық нормаларға түрткі, негіз балып отырады. Құқықтық нормалардың басым көпшілігі әдептік нормалардан нәр алады, соларға арқа сүйейді. Неғұрлым құқықтық нормаларға әдептік нормалар арқау болса, соғұрлым заңдардың әділеттік, адамгершілік мәні жоғары балады.
Құқықтық нормаларды қолдану нәтижесінде қоғамда құқықтық тәртіп орнығады. Демек, құқықтық тәртіп дегеніміз құқықтық нормаларды жүзеге асыру нәтижесінде қалыптасатын қоғамдық тәртіп.
Пысықтау сауалдары
1. Заңдылық ұғымын айтыңыз және оның қағидаттарын (принциптерін) сипаттаңыз.
2. "Құқықтық тәртіп" деген заң аталымы қандай ұғымды білдіреді?
3. Құқықтық тәртіп пен қоғамдық тәртіптің арақатынастылығын түсіндіріңіз.
4. Заңдылық пен құқықтық тәртіптің кепілдіктерін атаңыз, олардың мазмұнын айтып беріңіз.
5. Заңдылық пен құқықтық тәртіптің заңдық кепілдіктерінің қандай болатындықтарын атаңыз.
Жиырма төртінші тақырып. ТҰЛҒА, ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ
Адам және адамзат құқықтарын қарастырар алдында, "тұлға", "азамат", категорияларының өзара қатыстылықтарын белгілеп алу өте маңызды. "Адам" ұғымы оны биологиялық жағынан қарастырып жануарлар әлемінің белгілі бір физиологиялық қасиеттері бар өкілі ретінде сипаттап барып таниды.
"Тұлға" ұғымы адамды қоғамдағы өзінің орны мен рөлін, оның алдында қаншалықты өзінің жауапты екендігін жете түсінген саналы да дербес адам ретінде бағалап әлеуметтік жағынан сипаттап барып таниды (әр түрлі объективтік-субъективтік себептерге байланысты адамның тұлғалық қасиеттерге (сапаларға) ие бола алмайтын жағдайлары да болуы мүмкін, мысалы, сот адамды психикалық кеселге ұшырауы себепті әрекет қабілеттілігі жоқ деп танығанда солай болады).
"Азамат" ұғымы адамды нақты мемлекетпен орнықты түрде құқықтық байланыс орнатқан дербес "тұлға" ретіңде заңдық жағынан сипаттап барып бағалайды һәм таниды.
Адам құқығы - адам мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған, өзі заң арқылы қорғалатын болуы мүмкін жүріс-тұрыстың (мінез-құлықтың) өлшем (шамасы). Мұның өзі адамның жаратылыстық табиғатынан туындайтын, қарапайым да ең маңызды игіліктерді, тұлғаның осы қоғамда еркін де қауіпсіз тіршілік ету жағдайында, оп-оңай жүзеге асырып пайдалануының мүмкін екендігін білдіретін әмбебап категория болып табылады. Қазіргі кезеңде адам құқығы жалпы әлеуметтік ұғым ретінде түсініледі. Мұның өзі тұлға бостандығы саласындағы ұлттық мүдделерден де жоғары тұрған жалпы адамзаттық талаптар мен стандарттарды бейнелейді, әрі оларды қамтиды.
Адам құқықтарына мынандай белгілер тән болады:
1) бұл құқықтар адамның табиғи және әлеуметтік мәнінің қоғам болмысы жағдайларында үнемі өзгеріп отыратындығын ескеру арқылы туындап өрі қарай дамып отырады;
2) объективті түрде қалыптасып барып пайда болады және мемлекеттің тануына байланысты болмайды (яғни мемлекет тарабының тануына тәуелді емес);
3) жеке адамға тумысынан тән болады;
4) ажырамайтын, тартып алынбайтын сипатта болады, табиғи ретінде (ауа, су және т.б. сияқтылар ретінде) танылады;
5) тікелей күші бар болып келеді;
6) ең жоғары әлеуметтік құндылық деп танылады;
7) құқықтың қажетті бөлігі ретінде, оның белгілі бір мәнін білдіретін (яғни бейнелейтін) нысаны түрінде көрінеді;
8) жеке адамға өз білігінше әрекет етуге немесе белгілі бір игіліктерді алып пайдалануға мүмкіндік жасайды және оны қамтамасыз етеді сөйтіп барып адамдар мен мемлекет арасында болатын өзара қатынастарды реттейтін қағидаттар мен нормалар болып қалыптасады;
9) Бұларды тану, бұлжытпай орындау, сақтау және қорғау – мемлекеттің міндеті болып табылады.
Адамның өмір сүруі және оның лайықты тұрмыс жағдайларында тіршілік ету құқығын жүзеге асыру үшін оның дүниеге келуінің өзі-ақ жеткілікті болады. Ал басқа құқықтарын іске асыру үшін ол адамда азамат пен тұлғаға тән қасиеттерінің болуы қажет-ақ.
Сонымен, азаматтық құқық - заң жөне мемлекет тарабынан қорғалатын, әрі заң тұрғысынан алғанда осы азаматтың жүріс-тұрысының шама мөлшері. Енді осы құқық кім көрінгеннің мүддесін қанағаттандыруға емес, тек нақты мемлекетпен тиянақты байланыс орнатқан азаматтың ғана мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған болады.
Азамат құқықтары адам құқықтарына қарағанда әрдайым заңдық категориялар түрінде көрінеді, бұл олардың айырмашылығы болып табылады. Олардың (азамат құқықтарын) мемлекет танымайынша олар заң жүзінде баянды етілмейінше, адамның нақты жақпен байланысы орнамайынша тәуелсіз түрде бар болуы, іске қосылуы мүмкін емес яғни қолданылуы да мүмкін емес.
Тұлға бостандығы - азамат құқығы, мұның өзі қандай да бір кедергінің немесе бір нәрседен қысылудың жоқ екендігін ғана білдіреді.
Азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын жариялау кезеңдеріне сүйеніп негіздегенде оларды әдетте үш буынға бөледі.
Бірінші буын — бұған ХVІІ-ХVШ ғғ. буржуазиялық революциялар жариялаған азаматтық және саяси құқықтар кіреді. Осы құқықтар "негативті" яғни теріс немесе болымсыз деген атауға ие болады. Мұның мағынасы тұлға мемлекет билігіне тәуелсіз дегенді білдіреді. Басқаша айтқанда оның (тұлғаның) жеке адамға тән бостандық пен өзінің кім екендігін көрсетуіне деген араласпаушылық шегін белгілейді (мысалы, тұлғаның өмір сүруге, бостандыққа және қауіпсіздікке құқықтылығы, тұрған жайының дербестігіне, заң алдындағы тең құқықтылығына, сайлау құқығына, ойлау мен ар-ождан бостандығына, сөз және баспасөз бостандығына және т.б.).
Екінші буын - социалистік идеялар мен социализм орнаған елдердің ықпалы негізінде халықтардың әлеуметтік-экономикалық, мәдени мәртебелерін көтеру мақсатында жүргізген күрестерінің нәтижесінде XX ғасырдың орта шенінде осындай түрде пайда болды. Кейде бұл құқықтарды "позитивтік" деп атайды. Олай болатыны бұларды жүзеге асыру бірінші буындағы құқықтарға қарағандағы өзгешелігі белгілі бір дәрежеде мақсатты әрекеттерге баруды мемлекеттен талап етеді. Яғни оларды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін шараларды жасауға "позитивтік" түрде кірісуді қажет етеді (мысалы, бұларға енбек ету, еңбекті еркін таңдау, демалыс, тынығу құқықтары, ана мен баланы қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, қоғамдағы мәдени болмысқа қатысу және т.б. құқықтар жатады).
Үшінші буын - адамзаттың ғаламдық проблемалары туындатқан ұжымдық немесе ортақтық құқықтар. Бұл құқықтар қаншалықты жеке адамдардың әрқайсысынан гөрі тұтастай ұлттар мен халықтарға соншалықты тиесілі (мысалы, бейбіт өмір сүру құқы, лайықты қоршаған ортаға құқықтылық, өзін-өзі билеу немесе өмірдегі, қоғамдағы орнын әркімнің өзінің белгілеуі құқығы, ақпарат алу, әлеуметтік және экономикалық дамуға құқықтылық және т.б. құқықтар). Құқықтардың осы түрі екінші дүние жүзілік соғыстан кейін, көптеген елдердің отарлық тәуелділіктен бостандық алу жағдайында, экологиялық ахуалдың дамыған елдер қоғамына тән проблемалардың шиеленісіп асқынуы нәтижесінде туындады және әлі де болса көбінесе өзінің даму кезеңін басынан өткеруде, заңдық міндетті нормалар ретінде қалыптасу сатысында тұр.
Құқық пен тұлғаның сан-алуан байланыстары ең толық түрде құқықтық мәртебе ұғымы арқылы ғана сипатталуы мүмкін. Осы сипаттауларда жеке адамның заңдық болмысының негізгі жақтары қамтылып көрсетіледі. Осының барысында олардың мүдделері мен мұқтаждықтары, мемлекетпен болатын өзара қатынастары, еңбек және қоғамдық-саяси қызметтік әрекеттесулері айқындалады.
Ең қысқаша түрде құқықтық мәртебе ғылымда тұлғаның қоғамдағы заң баянды етіп бекіткен жайы мен күйі ретінде анықталады. Құқықтық мәртебенің негізінде шындыққа негізделген мәртебе жатады, ал құқық болса осы жайды баянды етіп бекітеді, сөйтіп оны заң аясына (шеңберіне) енгізеді, әрі орнықтырады.
Құқықтық мәртебе тұлға құқықтарының, бостандықтарының, міндеттері мен мүдделерінің мемлекет таныған және оған мемлекеттің кепілдіктері берілген жиынтығы болып табылады. Тұлғаның шынайы жай-күйінің тұжырымдалуы түрлі жолдармен сан алуан тәсілдер арқылы бірнеше ерекше құралдардың көмегімен жүзеге асырылады. Мұның өзі адамды қоғамда бар құқықтардың субъектісі деп танудан-ақ, сөйтіп оған ерекше сипатты қасиет беруден басталады. Осыдан кейін ол өзіне лайықты құқықтық қатынастарға кірісуге, өзінің теріс қылықтарына жауапты болуына мүмкіндіктер ала алады. "Мәртебе" сөзін латыншадан аударғанда біреудің немесе заттың, бір нәрсенің "жайы-күйі, қалпы" дегенді білдіреді. Тұлғаның құқықтық мәртебесінің кіндігін, яғни тұғырлық негізін Конституция және басқалай да маңызды заң актілері мен Адам және азамат құқықтары Декларациясында жарияланған құқықтар, бостандықтар мен міндеттер құрайды. Міне осылар қоғамдағы тұлғаның жай-күйін мемлекеттік істердегі рөлін, мүмкіндіктерін, оған қатысу-қатыспауларын ен алдымен анықтайды.
Құқықтық мәртебенің түрлері:
а)азаматтың жалпы немесе Конституциялық мәртебесі;
б)азаматтардың арнайы немесе тектік мәртебесі;
в)дербес мәртебе;
г)жеке тұлға мен заңды тұлғаның мәртебесі;
д)шетелдік адамдардың, азаматтығы жоқ адамдардың, босқын адамдардың мәртебелері;
е)шет елдерде тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының мәртебесі;
ж)салалық мәртебелер: азаматтық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық және т.б. мәртебелер;
з)кәсібилік және лауазымдық мәртебелер (депутат, министр, судья, прокурор мәртебесі);
и) түрлі экстремалдық жағдайларда немесе елдің ерекше аймақтарында жұмыс істейтін адамдардың мәртебесі.
Жалпы құқықтық мәртебе - бәрінен бұрын Конституциямен анықталады. Сөйтіп ол ағымдағы әр түрлі жағдайларға (қызмет бабымен ауысуларға, отбасылық жағдайларға, лауазымға, атқаратын қызметке) тәуелді болмайды, елдің бәріне бірдей әрі жалғыз болады. Жалпы құқықтық мәртебе құқық, субъектілерінің бүкіл сан алуандығын, олардың өзгешеліктері мен ерекшеліктерін, айырмашылықтарын ескеруге мұршасы келе бермейді. Сондықтан да көптеген субъективтік құқықтар мен міндеттер оған кірмейді. Өйткені бұлар ол субъектілерде, оның еңбек етуіне, құқықтық қатынастарының сипатына, басқалай да жағдайларының өзгермелілігіне қарай бір жағынан туындап, басқа жағынан тоқтатылып жататындығына байланысты болады. Белгілі бір қоғамның сипаты жөнінде, оның әлеуметтік табиғатын, демократиялылығының дәрежесін, жалпы құқықтық мәртебесін және т.б. зерделеп барып қана пікір айтуға болады.
Арнайы, немесе тектік мәртебе — бұл мәртебе белгілі категорияға жататын азаматтардың (зейнеткерлер, жұмысшылар, шаруалар, мүгедектер) жағдайының ерекшеліктерін көрсетеді. Аталған топтар мен топтамаларға жататын азаматтар жалпы құқықтық мәртебелер аясында өздеріне тиесілі өзгешіліктерге, қосымша құқықтарға, міндеттерге ағымдағы заңдарда алдын ала қарастырылуы бойынша ие болуы мүмкін.
Дербес құқықтық мәртебе — жеке адамның деректерін белгілейді (жынысын, жасын, отбасы жағдайын, атқаратын жұмысын анықтайды). Әрбір адам өзінің дербес мәртебесін, құқықтары мен міндеттерін, жауапкершілігін, мүмкіншіліктерін жақсы білуі - құқықтық мәдениеттіліктің белгісі болып табылады. Дербес құқықтық мәртебе жылжымалы, өзгермелі болып келеді. Ол адам болмысында болып жататын өзгерістермен қатарласа бірге өзгеріп отырады. Құқықтық мәртебе күрделі жинақталған сипатта болады. Ол адамның қоғаммен, мемлекетпен, ұжыммен, өзін қоршаған адамдармен жасасқан бүкіл байланыстарын ашып береді. Бүл ұғымның құрылымына мынадай элементтер кіреді:
а) осы мәртебені белгілейтін құқықтық нормалар;
б)құқық субъектілік;
в)негізгі құқықтар мен міндеттер;
г)заңға негізделген мүдделер;
д) азаматтық;
е) заң алдындағы жауаптылық;
ж) құқықтық қағидаттар.
Құқық бар бостандықтың өлшемі, оның нормасы, мүмкін болатынның шегін нұсқау қызметін атқарады. Сонымен бірге құқық осы бостандықтың жүзеге асырылуының кепілі, оның сақшысы және қорғаныс құралы. "Зорлық-зомбылық болмай, заң өз үстемдігін жүргізген кезде бостандық та сонда". Құқық нормалары - бостандық нормалары. Ал осындағы бостандық - заң таныған, мемлекет оны заңдар мен басқадай да актілер түрінде тұжырымдаған бостандық – мәселе міне осында. Бостандық өзіне қажет сүйенішті (тіректі), кепілдікті құқықтан алады, ал тұлға болса өзіне тіректі яғни, кепілдікті құқықтан алады, сөйткенде ғана тұлға өз мүддесін қанағаттандыруына мүмкіндік алады.
Адамның құқықтары мен бостандықтары табиғи және оған тумысынан берілген. Ажырамайтын, ең жоғары құндылық деп танылады. Адамның құқықтарын сақтау және қорғау - мемлекеттің міндеті.
Әркімнің өмір сүруге, денсаулығының болуына, жеке басының қауіпсіздігіне және дербестігіне, ар-намысы және қадір-қасиеті мен ізгі атағының қорғалуына, ой және сөз бостандығына, өзінің пікірі мен сенім-нанымдарын білдіруге, тұрғын мекен-жай таңдауға, меншік алуға, сатып алуға, оған ие болуға, оны пайдалану мен оған иелік етуге, кәсіпкерлік іспен айналысуға, өз елінен басқа елге баруына, одан қайтып келуіне құқылы.
Азаматтардың митингілер, көшеде шерулер мен демонстрациялар өткізу құқығы; мемлекеттік органдарға сайлауға және сайлануға, ақпараттар алуға және оларды таратуға, дербес және ұжымдасып үндеулер (петициялар) беруге, өз еркі бойынша ұлтын анықтау құқықтары бар, және олар заң арқылы баянды етілген. Әлеуметтік және мәдениет салаларында да азаматтарға тиісті құқықтар қаралған (еңбек ету, демалысқа шығу, тынығу, білім алу, әлеуметтік қамсыздандыру, зияткерлік шығармашылықпен айналысу және т.б.). Адам құқықтары мен бостандықтары көпшілік мақұлдаған жіктеуге сәйкес әлеуметтік-экономикалық, азаматтық, мәдени және дербестік деп бөлінеді. Жіктеп бөлудің мұндай түрі әлемнің заңдық іс-тәжірибелерінде, сондай-ақ ұлттық құқықтық жүйелерде де қабылданған.
Адам құқықтары мен азамат құқықтарының араларындағы айырмашылықтарға келер болсақ, бүл айырмашылықтардың болуының өз негізі бар.
Біріншіден - адамның құқықтары қайсы бір мемлекеттің таныған-танымағанынан және заңдарда баянды етілген-етілмегеніне қарамастан-ақ сол құқықты иеленушісінен (сақтаушысынан) тысқары қандай да болмасын мемлекетпен байланыссыз-ақ бар бола береді. Ал азаматтың құқығы осы адамның өзі тиісті болып отырған мемлекеттің қорғауында болады.
Екіншіден - жер жүзінде көптеген адамдар азамат мәртебесін тіпті алмағандар (азаматтығы жоқ адамдар), демек олар формалды түрде азамат құқықтарын алмағандар, сондықтан азамат құқықтары оларда жоқ.
Заң ғылымында азаматтардың барлық құқықтары субъективтік құқықтар деп аталады, яғни дербес, ол адамдардың барлығына ғана емес, әркімге де тиісті құқық. Бұл құқық олардың иелерінің (сақтаушыларының) алдынан қаншама түрлі қызметтер атқаруына кең жол, яғни мол мүмкіндіктер ашады. Өздерінің қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруға, қандай да бір әлеуметтік игіліктерді пайдалануына, өздерінің заңда көрсетілген талаптарын басқа адамдардың ұйымдардың орындауына деген кең мүмкіндіктер береді.
Субъективтік құқық (яғни жеке адамның өзіне ғана тән дербес құқығы) - бұл мемлекеттің өзі кепілдендірген тұлға яғни жеке адам жүріс-тұрысының (мінез-құлқының) болу мүмкіндігінің (немесе берілген рұқсатының) өлшемі, мөлшері.
Сонымен субъективті — талаптанушы сипатта болатындарға тиесілі азаматтық, мүліктік, әлеуметтік-экономикалық құқықтар ғана емес, сонымен бірге осындай субъективті-талаптанушылық сипатта - саяси және дербес бостандықтарға жататын: сөз, баспасөз, жиналыстар өткізу, митингілерге шығу, көшелерде шеру, демонстрациялар өткізу, пікір, сенім, ар-ождан бостандықтары және басқалай да бостандықтар болады. Субъективтік құқық қашан да болсын мемлекет тарабынан кепілдіктің болуын ғана болжап қоймайды, сонымен бірге басқа адамдардың тиісті міндеттерін де болжалдайды. Егер де осы міндеттер болмаса, онда біздің көз алдымызда субъективтік құқық емес, жай ғана рұқсат болған болар еді. Ал енді осы рұқсаттылыққа әйтеуір бір кедергі болып тұрған бірдеңеге тыйым салынғанда ғана мүмкін болар еді.
Адам құқықтарының кепілдері көлемді әлеуметтік-саяси және заңды құбылыс болып табылады. Мұның өзі төмендегідей сәттермен сипатталады:
1) танымдық, яғни өзі ықпалын тигізетін объектілер жөнінде пәндік-теориялық білімдердің сырын ашып көрсетуге және мемлекеттің әлеуметтік және құқықтық саясаты жөніндегі іс-тәжірибеде (практикада) мәні бар мағлұматтар алуға мүмкіндіктер жасайтын сипатта;
2) идеологиялық, саяси биліктің демократиялық идеяларды мемлекет ішінде және одан тыс шеттерде де насихаттаудың құралы ретінде пайдаланатындығы сипатында;
3) практикалық (іс-тәжірибеде қолданылатын) заңтанудың аспаптар жинағы ретінде танылатын жеке адамның әлеуметтік игіліктерін қанағаттандырудың алғышарттары сипатында.
Кепілдіктер - тұлғаға өзінің құқықтары мен бостандықтарын, мүдделерін жүзеге асыру үшін тең мүмкіндіктер жасайтын әлеуметтік-экономикалық, саяси, имандылық, өнегелік ұйымдастыру алғышарттарының, жағдайларының, құралдары мен тәсілдерінің жүйесі. Кепілдіктер ұғымы адамзат жасаған ізгілік (яғни гуманизм адамгершілік), имандылық, өнегелілік, әділдік, заңдылық, мақсаттылық, теңқұқықтылық және т.б. негіздерге сүйенеді. Өзінің мәні бойынша кепілдіктер дегеніміз адамның заңды мүдделерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін жағдайлар (шарттар) жүйесі. Бұлардың негізгі қызметі мемлекеттің жөне басқа да субъектілердің тұлға құқығын жүзеге асыру аясындағы міндеттерін орындату болып табылады. Кепілдіктердің объектісіне адам құқықтарын сақтау мен қорғауға байланысты болып келетін қоғамдық қатынастар, азаматтардың мүліктік және мүліктік емес мүдделерін қанағаттандырулар жатады. Адам және азамат құқықтары жүйе тұрғысынан қарағанда мыналардан тұрады:
1. Материалдық кепілдіктер - экономикалық кеңістіктің тұтастығы, тауарлардың, қызмет көрсетулердің және қаржы қаражаттарының еркін түрде ауысып орналасулары, экономикалық қызмет еркіндігі, жеке меншік және мемлекеттік меншік түрлерінің тең құқықты деп танылуы және қорғалуынан тұрады.
2. Саяси кепілдіктер — халық билігінің жүйесі, мемлекет және қоғамды басқару ісіне тұлғаның қатысу мүмкіндігінің бар болуы.
3. Рухани кепілдіктер - отанды сүю және құрметтеуге, жақсылық пен әділдік, әділеттіліктің бар екендігіне сену сезіміне негізделген мәдениет құндылықтарының жүйесі: мұның өзі қоғамдық саналылық және адамның білімділігінен тұрады. Рухани кепілдіктерге әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық және діни араздықтарды тұтатуға тыйым салу да жатады.
4. Заңдық кепілдіктер - адам және азамат құқықтарын сақтау мен қорғаудың заңда қарастырылған амалдары мен тәсілдерінің жүйесі болып табылады. Тұлға құқықтарының заңды кепілдіктерінің арасынан жүзеге асырудың кепілдіктері мен сақшылық (сақтау) кепілдіктерін ажырата білу керек. Бірінші топқа құқық және еркіндік (бостандық) шегі; заңды айғақтар; жүзеге асырудың бастамашылық жолмен жүзеге асыруды ынталандыру үшін қолданылатын қолдау көрсету тобымен конституциялық бақылау мен қадағалау; тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны үшін кінәлыларға қолданылатын қорғау мен жауапкершіліктердің мөлшері; бақылау мен қадағалауды жүзеге асырудың іс жүргізу формалары (түрлері); тұлға құқығын бұзудың алдын алу және сақтандыру амалдары және басқа да құқықтық амалдар.
Адам және адамзат құқықтарының заңды кепілдіктері жүйесін құрудың басты қағидаты — құқықты, бостандықтарды және заңдық мүдделерді заңға қайшы келмейтін тәсілдермен қорғаудың жалпыға бірдей болуы.
Әлеуметтік мемлекет және оның заңдары мақсатты түрде материалдық молшылықты жасауы және оларды қорғау болуы тиіс. Сонымен қатар адамның лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету міндеттеріне қызмет етуі жөн. Қоғамдағы адамгершілік, ізгілік (гуманизм); әділдік қағидаттарын (принциптерін) нығайту ең басты және күнделікті атқаратын істер болуы тиіс.
Бақылау сұрақтар
1. Адам және азамат құқықтары мазмұнының мағынасын түсіндіріңіз.
2. Адам және азамат құқықтарын қамтамасыз етудегі мемлекеттің атқаратын рөлінің қандайлық маңызы бар екенін түсіндіріңіз.
3. "Субъектінің құқықтық мәртебесі" аталымын қалай ұғынасыз?
4. Бірінші буын құқығы, екінші буын құқығы және үшінші буын құқығы – деген не?
Қазақстан Республикасы конституциясында көрсетілген негізгі құқықтар мен бостандықтарды жіктеу
Конституция жеке адам, коғам және мемлекет үшін өмірлік маңызы жөне ең жоғары әлеуметтік мәні бар құқықтар мен бостандықтарды баянды етеді.
Олар әрбір еркін жеке тұлғаның ар-намысын қамтамасыз етудің алғышарты болып табылады. Ал бұлар болса азаматқа, қоғам мүшесі ретінде сол коғамды басқаруға, жаңғыртуға қатысу үшін қажет. Сонымен бұлар адамның материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін экономикалық және әлеуметтік жағдайлар туғызады.
Мемлекет, қоғам үшін Конституцияда бекітілген құқықтардың маңызы сонда – олар мемлекеттің демократиялық, құқықтық мәнін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Конституциялық құқықтар мен бостандықтардың өздеріне тән құқықтық қасиеттері бар.
1. Конституциялық құқықтар мен бостандықтар жеке тұлғаның құқықтық мәртебесінің, жағдайының ұйтқысы болып саналады және де құқық салаларында баянды етілген құқықтардың негізін құрайды. Мысалы, отбасы құқығындағы көрсетілген құқықтар Конституциядағы отбасына арналған құқықтардан келіп шығады.
2. Конституциялық құқықтар мен бостандықтар әрбір жеке адамға және азаматқа беріледі. Ал басқа, негізгі емес құқықтар мен бостандықтар адамның өмірдегі түрлі жағдайына, мәртебесіне байланысты — жұмысшы, қызметші, мүлік иесі, сатушы, сатып алушы, талапкер, жауапкер, т.с.с.
3. Негізгі құқықтар, бостандықтар және міндеттерге тән қасиет — олардың жалпылығы. Олар барлық адамдарға, азаматтарға түгелінен беріледі.
4. Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі құқықтары мен бостандықтары басқа құқықтар және міндеттерден өзінің шығу негізімен айрықшаланады. Оның бірден-бір негізі — Қазақстан Республикасының азаматтығына жату. Демек, негізгі құқықтар мен міндеттер тұлға мен мемлекеттің саяси және құқықтық байланыстарын, оның азаматтық мәртебесін білдіреді.
5. Қазақстан Республикасы азаматтарының негізгі құқықтары мен бостандықтары олардың еркімен қабылданбайды және жоғалмайды. Бұл аталған құқықтар мен бостандықтар азаматтығына байланысты болғандықтан олар азаматтықтан шыққанда ғана сонымен бірге жойылады.
Адам мен азаматтың негізгі құқықтары, бостандықтары және міндеттері бірнеше топқа бөлінеді:
а) өзіндік құқықтар. Бұл әр адамға туғаннан бастап тән, одан ешкім айыра алмайтын, табиғи құқықтар. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар, бұл адамның табиғи құқығы, оны қамтамасыз ету үшін сан алуан әрекеттер жасауға міндетті. Адамның қадір-қасиетіне қол сұғуға болмайды. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір-жапа көрсетуге немесе жазалауға тыйым салынады, Мемлекет органдары, лауазым иелері өздеріне өтініш айтқан адамдарға құрметпен қарап, заңға сәйкес көмектесулері керек. Өзіндік құқықтарға тұрғын үйге қол сұғылмаушылық та жатады. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді. Азаматтардың өзіндік құқықтарына басқалай да жеке басының игілігіне қажет құқықтар жатады;
ә) саяси құқықтар — тек Қазақстан мемлекетінің азаматтығы бар адамдарға ғана беріледі. Оларға жататындар: тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысуға, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарына тікелей өзі жүгінуге, өтініштер жолдауға құқылы; жоғары және жергілікті мемлекет органдарын сайлауға және оларға сайлануға, республикалық референдумға қатысуға құқылы; мемлекеттік кызметке кіруге құқылы; бейбіт әрі қарусыз жиналыстар өткізуге құқылы;
б) әлеуметтік-экономикалық құқықтар: еңбек бостандығына құқықтылық; ереуіл жасау құқығы; тынығу құқығы; кәсіпкерлік еркіндігі; отбасын құру құқығы; әлеуметтік қамсыздандырылу құқығы; денсаулықты сақтау құқығы; білім алу құқығы.
в) азаматтардың негізгі міндеттері: Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтау; басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеу; Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеу; заңда белгіленген салықтарды, алымдарды, өзге де міндетті төлемдерді төлеу; Қазақстан Республикасын қорғау, әскери қызмет атқару; табиғат байлықтарына ұқыпты қарау, т.с.с.

Статья VIII.
Пысықтау сауалдары
1. Қазақстан Республикасы Конституциясының маңызын сипаттаңыз.
2. Конституциядағы құқықтар мен бостандықтардың жалпыламалық мәнісін сипаттаңыз.
3. Адам мен азаматтардың Қазақстан Республикасы Конституциясындағы бекітілген а) өзіндік (жекелік) құқықтарын;
б) саяси құқықтарын;
в) әлеуметтік-экономикалық құқықтарын;
г) азаматтардың негізгі міндеттерін атап-атап көрсетіңіз.
Жиырма бесінші тақырып. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылысы
1991 жылы Кеңестік Социалистік Республикалық Одағы ыдырады. КСР Одағы құрамына кірген одақтас республикалар егеменді, тәуелсіз және дербес мемлекеттер құрды. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы таратылды (жойылды). Оның аумағында Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды.
Қазақстан Республикасы құрылған кезден бастап бірталай құқықтық актілер қабылданып, олар жаңа мемлекеттің заңдық негізін қалай бастады. Оларға жататындар: Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң, 1993 жылғы және 1995 жылғы Конституциялары. Аталған конституциялық актілер Қазақстанның тәуелсіздігін, дербестігін жариялап, демократиялық, құқықтық мемлекет құру туралы ойларды алға қойды.
Қазіргі уақытта негізгі құқықтық құжат — Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы. Ол тәуелсіздік кезінде қабылданған. Конституциялық заңдардың қағидаларын тұжырымдап, бір арнаға келтірді. Оның негізгі ережелері мыналар:
1.Халықтың билік етуі жарияланды. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі – халық. Халыққа, негізінен, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын анықтау құқығы берілген. Қазақстан халқы – тек қазақ ұлты емес, сонымен қатар Қазақстанмен тарихи тағдыры тығыз байланысты басқа ұлттар топтары. Қазақстан халқы дауыс беру арқылы (референдум), талқылау арқылы, сондай-ақ Парламент депутаттарына сайлау арқылы тікелей және жанамалай мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелерін шешуге қатысады, Халық тікелей мемлекет басшысын – Президентті сайлайды.
2. Егемендікті және тәуелсіздікті жариялау, Қазақстан Республикасының Конституциясында егемендік пен тәуелсіздіктің негізгі белгілері аталған. Оларға жататындар: өзінің аумағының болуы, оның тұтастығы, қол сұғылмау жөне бөлінбеуінің жариялануы; өзінің дербес жоғары және жергілікті мемлекеттік органдар жүйесінің болуы; өзіне тән азаматтығының болуы; Халық, Парламент, Президент және Үкімет қабылдайтын өз заңдарының болуы; Қазақстан Республикасының жер жүзі мемлекеттер жүйесінде терезесі тең жағдайы болуы. Тәуелсіздік, егемендік деген сөз — Қазақстан көрші мемлекеттерден, басқа елдерден түбегейлі әрі біржола тәуелсіз деген емес. Жер жүзі мемлекеттерінің барлығы бір-біріне белгілі дәрежеде тәуелді, өзара қатынастарын анықтайтын принциптерді мойындайды, бейбітшілік негізде өмір сүруге талпынады, қарым-қатынас жасасады, адам құқықтарын құрметтейді, т.с.с. Осы тұрғыдан Қазақстан Конституциясы адамның құқықтары мен бостандықтары туралы халықаралық құқықтық құжаттар талаптарына толығынан сәйкес келеді.
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы адам және азамат құқықтарының ерекшелігін (өзгешелігін), басымдылығын баянды етеді. Оған дәлел — Конституцияның адам мен азаматты алдыңғы қатарға қоюы. Конституция баптарының үштен бірі адам мен азаматың құқықтары мен бостандықтарына арналған.
Әрине, қоғамдағы демократизм және адамгершіліктің деңгейі Конституцияда құқықтар мен бостандықтардың жариялануымен ғана анықталмайды. Азаматтарға оларды пайдаланып, жүзеге асыра алатындай жағдай туғызу керек. Ол үшін мемлекет органдары, лауазым иелері заң жүктеген өз міндеттерін қалтқысыз, адал орындаулары қажет. Осы кітапта мемлекет органдарының, лауазым иелерінің міндетіне байланысты заңдардан үзінділер берілген. Сонымен қатар өрбір адам өзінің көптеген құқықтары мен бостандықтарына ие бола отырып, қоғам, мемлекет, басқа адамдар алдында да міндеттері бар екенін түсінуі қажет. Егер барша адамдар өздерінің құқықтары мен бостандықтарын пайдаланумен қатар, әдептік және құқықтық міндеттерін де орындаса, сонда ғана, шын мәнінде, құқықтар мен бостандықтардың бар екені туралы айтуға болады.
4. Конституцияда адамдардың ұлтына қарамастан құқықтары мен бостандықтарының тең екендігі баянды етілген. Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері тұрады. Ұлттардың теңдігі туралы ой Конституцияның барлық қағидаларында берік орын алған. Барлық ұлт өкілдері өз тілін пайдалана алады. Мемлекеттік қызметте ұлтына қарамастан барлық азаматтар істей алады. Оқуға түсуде, қызметке орналасуда ұлтына қарап шектейтін ешқандай кедергі жоқ. Конституцияда айтылғанындай әр адам өзінің ұлтын анықтауға, көрсетуге немесе көрсетпеуге хақысы бар. Осының барлығы ұлттар арасындағы келісімді нығайтуға, саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының Конституциясы — мемлекетіміздің негізгі заңы. Ол мемлекет өмірінің негізгі мәселелерін заң жүзінде ресмилендіреді. Ресмилендіруге жататындар — адам мен азаматтың негізгі құқықтары, бостандықтары және міндеттері, мемлекеттің құрылымы және қоғамның экономикалық негізі. Конституция заңдардың, басқа да мемлекет органдары қабылдайтын нормативтік актілердің негізгі көзі. Кез келген заң, Президенттің жарлығы, Үкіметтің қаулысы, министрліктің бұйрығы, жергілікті мемлекет органдарының шешімдері тек қана Конституцияның негізінде, оның қағидалары, ойлары және принциптерімен сәйкес қабылдануы қажет, оларға қайшы келмеуі тиіс. Егер Конституцияның қағидаларына, нормаларына қайшы болса, олар Конституцияға жат деп танылып, күші жойылады. Конституцияның нормаларын, ережелерін мүлтіксіз сақтау талаптары тек қана мемлекет органдарына, лауазым иелеріне емес, сонымен қатар азаматтарға, олардың бірлестіктеріне де қойылады.
Пысықтау сауалдары
1. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы қашан ыдырады және оның орнына қандай мемлекеттер пайда болды? Мысал келтіріңіз.
2. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының орнына қандай мемлекет құрылды және осы құрылған мемлекет мемлекеттік мәні бар қандай негізгі құжаттар қабылдады?
3. Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылдаған Конституциясы қандай қағидаларды тұжырымдады?
4. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясының (Негізгі Заңының) қысқаша мазмұны нені білдіреді?
5. Қазақстан Республикасында халықтың билік етуі жарияланды, мұның мағынасы нені білдіреді?
6. Қазақстан Республикасы егеменді мемлекет деп жарияланды. Мұның мәнісі мен мағынасын түсіндіріңіз.
7. Қазақстан Республикасының Конституциясы адам және азамат құқықтарының артықшылығы мен басымдылығын баянды етеді делінген. Мұның мәнісі мен мағынасын түсіндіріңіз.
8. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы қабылданған Конституциясы адамдардың ұлты мен нәсіліне қарамастан оларды тең құқылы және бостандықтары бірдей деп жарияланған. Бұл қағиданың мәнісі мен мағынасын түсіндіріңіз.
Қазақстан Республикасы — егемен және тәуелсіз мемлекет
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекетіміздің егемендігі мен тәуелсіздігін баянды етті. Қазақстан мемлекетінің егемендігі мына белгілермен сипатталады: Қазақстан мемлекетінің тарихи қалыптасқан аумағы бар. Қазақстанның аумағы бес мемлекетпен: Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Түркменстанмен шектес. Мемлекетіміздің аумағы біртұтас және оған қол сұғуға болмайды. Мемлекетіміздің аумағына басқа мемлекеттің қол сұғуы агрессивті деп бағаланады. Агрессияны халықаралық құқық айыптайды, Конституцияда жарияланғанындай, Қазақстан басқа мемлекеттермен тату көршілік, олардың ішкі ісіне араласпау, дауларды келісім арқылы шешу, бірінші болып қарулы күштерді қолданбау саясатын жүргізеді. Республикаға қарсы агрессия бола қалған күнде немесе сырттан тікелей қауіп төнсе, Президент республиканың барлық аумағында немесе кейбір аумақты жерлерінде соғыс жағдайын енгізіп, ішінара немесе жалпы әскерге шақыруды жариялайды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы заң бойынша біздің мемлекет өз аумағын құрлықта, теңізде, әуе кеңістігінде өз қарулы күштерімен қорғайды. Республика шекарасын Қазақстанның шекара әскері күзетеді, ол республика тұтастығына қандай болсын қарсы әрекетке тойтарыс беруі қажет, адамдарды қылмыстық әрекеттерден қорғауы тиіс.
Егемендіктің маңызды белгісі — онда мемлекеттік биліктің жоғары органдарының болуы. Заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғары өкілдік орган — Қазақстан Республикасының Парламенті. Парламент екі палатадан: Мәжілістен және Сенаттан турады. Олар тұрақты қызмет істейді. Мәжіліс депутаттарын азаматтар тікелей сайлайды. Ал Сенат депутаттарының басым көпшілігін мәслихаттар сайлайды. Сенаттың жеті депутатын Президент тағайындайды. Мемлекеттің басшысы — Президентті азаматтар сайлайды. Президент мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтайды. Президент мемлекеттік биліктің барлық буындарының келісіп қызмет істеуін қамтамасыз етуі тиіс. Қазақстан Республикасының Үкіметі еліміздің көлемінде атқарушы билікті жүзеге асырады. Ол атқарушы органдардың жүйесін басқарады. Атқарушы органдардың жүйесіне жататындар — министрліктер, агенттіктер, комиссиялар, және жергілікті атқарушы органдар — облыстық, қалалық, аудандық, ауылдық, селолық өкімдіктер мен өкімдер. Атқарушы органдардың өкілеттіктері заңдарда және арнаулы ережелерде анықталады.
Ерекше құқық қорғау органдары бар, олар — соттар, ішкі істер органдары) ұлттық қауіпсіздік органдары, прокуратура. Олардың ішкі құрылымы, өкілеттіктері арнаулы заңдарда анықталады.
Егемендіктің тағы бір маңызды белгісі — өз азаматтығының болуы. Азаматтыққа байланысты мәселелер Конституцияда, азаматтық туралы заңда, Президенттің заң күші бар жарлықтарында қарастырылған. Азаматтық – адамдардың мемлекетпен тұрақты саяси және құқықтық байланысының жағдайы. Мұндай байланыстан мемлекет пен азаматтардың өзара құқықтары мен міндеттері туындайды. Мемлекет, оның органдары азаматтарға ол құқықтары мен бостандықтарын пайдалануы үшін қажетті жағдайларды жасауы тиіс. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтары бұзылған болса, лауазым иелері, заң қорғайтын органдар кінәлылерді тиісті жауапқа тартады. Азаматтардың міндеттері — Конституцияны, заңдарды сақтау, мемлекеттік тілді, барлық ұлттардың тілдерін, әдеттерін, дәстүрлерін құрметтеу, еліміздің экономикалық қуатын күшейту.
Егемендіктің енді бір маңызды белгісі — басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасау қабілеттілігі. Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымының, басқа да халықаралық ұйымдардың мүшесі. Көптеген шет мемлекеттермен елшілік қатынастарын жолға қойды. Олармен саяси, экономикалық, мәдени, т.б. мәселелер бойынша халықаралық шарттар жасасты. Сол мақсатпен Қазақстан Республикасының Конституциясы Президентке, Парламентке және Үкіметке қажетті өкілеттіктер берді.
Егемен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Елтаңбасы, Туы, Гимні бар. Олар Қазақстанның қалыптасып дамуының тарихи жолдарын бейнелейді. Әр адам мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге тиісті, Заңдарда оларды пайдалану тәртібі белгіленген.
Пысықтау сауалдары
1. Қазақстан мемлекеті егемендігінің сипаттары қандай белгі нышандармен айшықталады, әрқайсысын атап-атап көрсетіңіз.
2. Қазақстан мемлекеті қай мемлекеттермен шектеседі және ол нені білдіреді?
3. Егемендіктің маңызды белгісі – мемлекеттің жоғарғы органдарының болуы – деген қағида нені білдіреді?
4. Егемендіктің бір белгісі ерекше құқық қорғау органдарының болуы –деген қағиданы қалай түсінген жөн. Мысалдар мен дәлелдер келтіріңіз.
5. Егемендіктің тағы бір белгісі – азаматтығының болуы – қағиданың мәнісін түсіндіріңіз.
6. Егемендіктің маңызды белгісінің бірі — басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасау қабылеттілігі — деген ұғымды қалай түсіну керек?
7. Егемендіктің белгілері — мемлекеттің Елтаңбасы, Туы, Әнұраны. Бұлар туралы қандай тұжырымдар айтуға болады?
Қазақстан — демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет
Қазақстан мемлекеті ежелгі қазақ жерінде құрылды. Демек, қазақ ұлты осы аумақта бұрыннан өмір сүріп келе жатқан халық (этнос) болғандықтан, мемлекеттің сол ұлттың атымен аталуы табиғи және заңды жағдай. Қазақ тілі – бірден-бір мемлекеттік тіл. Басқа ұлттардың тілдерін кемсітуге жол берілмейді. Орыс тілі мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында ресми түрде қолданылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, ұлтына қарамастан барлық азаматтарға тең құқық бере отырып, олардың тату тұруына заңдық негіз құрады. Сондықтан Қазақстан — жалпы халықтық мемлекет. Бұл жағдай Конституцияда жазылған мемлекеттің, оның органдары қызметінің принциптерінде анық айтылған. Біріншіден, мемлекет, оның органдары қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге талаптануы қажет. Қоғамдық татулық дегеніміз қайшылыққа, әлеуметтік топтар арасында, түрлі ұлттар арасында қарсы тұрушылыққа жол бермеу. Мұндай татулықты қамтамасыз ету қоғамның тұрақтылығының, әр адамның тыныш өмір сүріп, оқуының, жұмыс істеуінің алғы шарты. Екіншіден, мемлекет өзінің экономикалық саясатын қоғамның экономикасын дамытуға бейімдеп, тек бір топ адамның емес, бүкіл халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағыттауы керек. Үшіншіден, мемлекет органдары мемлекет өмірінің маңызды мәселелерін демократиялық жолмен шешуі керек. Бұл - халық ең маңызды мемлекеттік мәселелерді, мысалы, Конституцияға өзгерістер енгізуді референдум арқылы шешеді деген сөз. Референдумды өткізу тәртібі ерекше заңмен қарастырылады.
Қазақстан Республикасы алдына демократиялық мемлекет құруды мақсат етіп қойып отыр. Мұндай мемлекет құрудың негізгі шарты — барлық азаматтарды ұлтына қарамастан тең құқықтық негізде біріктіру. Осы интернационалдық идеяға сүйене отырып, Конституция "халық" деген ұғымды қолданады. Саяси-құқықтық мағынада "халық" деген — мемлекет көлемінде саяси әрекеттерге қатысуға хақысы бар, барлық кәмелетке жеткен Қазақстан азаматтарының жиынтығы. Мысалы, Конституцияға, Президенттің Қазақстан Республикасында сайлау туралы жарлығына сәйкес азаматтар, саяси партиялар, басқа қоғамдық бірлестіктер Республика Парламентінің Мәжілісіне депутаттыққа кандидаттар ұсынуға ерікті. Оларды жан-жақты талқылап, қолдап немесе қарсы үгіт жүргізуге хақылы. Барлық саяси партиялар тең құқықты, олардың біреуіне қандай да болсын жеңілдік немесе артықшылық берілмейді. Азаматтар өз қалауымен саяси партиялардың біреуін қолдай алады немесе олар депутаттыққа ұсынған кандидаттарды қолдауға немесе қолдамауға ерікті. Мұның өзі халықтың ой-пікірін айқындауға мүмкіндік береді.
Демократияның бір көрінісі — азаматтардың қоғамдық бірлестіктеріне мемлекет органдарының заңсыз қол сұғуына тыйым салу. Қоғамдық бірлестіктерді азаматтар түрлі мақсатпен: өздерінің саяси, әлеуметтік, рухани, мәдени, діни қажеттіктерін қанағаттандыру үшін құрады. Әрине, қоғамдық бірлестіктер Конституцияны, заңдарды сақтауға міндетті. Олар әлеуметтік, ұлттық, діни, нәсілдік арандатушылықпен айналыспауы керек. Олардың жұмысы мемлекеттің қауіпсіздігіне, конституциялық құрылысты өзгертуге, Қазақстан аумағының тұтастығына қарсы бағытталмауы тиіс.
Қазақстан Республикасы — зайырлы мемлекет. Елімізде түрлі діни бірлестіктер әрекет етуде. Азаматтардың қандай дінге сенгісі келсе өз еркі, тіпті, ешбір дінге сенбеуге де хақылы. Дін мемлекеттен ажыратылған. Оның мәні мынада: біріншіден, мемлекет қандай да болсын діни идеологияны мойындамайды; екіншіден, мемлекеттік оқу орындарында (мектептерде, институттарда, т.с.с.) діни ілімді уағыздауға жол берілмейді; үшіншіден, Республикамызда дінге сүйенген саяси партиялардың ұйымдастырылуына және қызметіне тыйым салынған.
Қазақстан халқы өз алдына жоғары мәртебелі мақсат қойып отыр. Ол –құқықтық мемлекет құру. Бұл мақсатқа жету ете қиын. Құқықтық мемлекетте заң бір әлеуметтік топтың емес, халықтың шынайы еркін білдіреді. Мұндай мемлекетте заңның рухы үстемдік етеді. Барша адамдар, ең жоғары дәрежедегі лауазым иелерінен қатардағы азаматтарға дейін заңдардың бүкіл халықтың мүддесі, игілігі үшін жасалып, қолданылатынын, заңдар адамдарға қажет қоғамдық тәртіпті орнататынын, адамдарға отбасын құрып, өсіп-өнуге, өзі қалаған жұмыспен шұғылдануға, өздерін еркін сезінуге, қоғам ісіне катысуға жағдай туғызуға керек екенін түсінуі қажет.
Қазақстан Республикасында, Конституцияда айтылғанындай, әлеуметтік мемлекет құрылуда. Әлеуметтік мемлекетте Конституция, заң халықты таптарға, ерекше әлеуметтік топтарға бөлмейді. Мемлекет халықтың барлық топтарына: шаруаларға, жұмысшыларға, қызметшілерге, мұғалімдерге, ғалымдарға, оқушыларға, аналарға, зейнеткерлерге, жетімдерге, тиісінше қамқорлық жасайды. Мемлекет әрбір әлеуметтік топтың ерекшеліктерін ескеріп, көмекке мұқтаждарға тиісті қаражат бөледі. Себебі еңбекке қабілетсіз, хал-жағдайы төмен адамдарға мемлекет тарапынан ерекше қамқорлық қажет. Мемлекеттің сипаты оның жастарға, мүгедектерге, зейнеткерлерге, көп балалы отбасыларына қамқорлық жасап, олардың адамға лайық өмір сүруіне жағдай туғызғанына қарап анықталады.
Пысықтау сауалдары
1. Қазақстан мемлекеті аталуының және өз аумағындағы орнығуының басты себептерін атаңыз және бұдан туындайтын табиғи заңдылықтарды түсіндіріңіз.
2. Қазақстан - бүкіл халықтық мемлекет деген ұғымның мағынасын түсіндіріңіз.
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының өз аумағындағы мәселелерді демократиялық жолмен шешуі тиіс деген қағиданың мәнісі мен мағынасын қысқаша түсіндіріңіз.
4. Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлекет – деген ұғымның мәнісі мен маңызын түсіндіріңіз.
5. Қазақстан Республикасы – әлеуметтік мемлекет деген ұғымның мәнісі мен мағынасын түсіндіріңіз.
6. Қазақстан Республикасы — құқықтық мемлекет деген ұғымның мәнісін түсіндіріңіз.
Қазақстан — Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет
Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылғанындай, ол біртұтас, Президенттік басқару жүйесіне негізделген мемлекет. Қазақстанның біртұтастығы – оның әкімшілік-аумақтық бөліктерден құрылатындығы, автономияға бөлінбеуі. Әкімшілік-аумақтық құрылым туралы ерекше заң бар. Ол Қазақстанның тарихы және казіргі замандағы ерекшеліктерін бейнелейді.
Қазақстан Республикасының Президенті — мемлекеттің басшысы, оның жоғары лауазымды тұлғасы. Қазақстанның Президенті Конституция бойынша жоғары лауазымды тұлға болғандықтан Қазақстан халқының бірлігін қамтамасыз етеді, былайша айтқанда, түрлі ұлттар мен әлеуметтік топтар араларында алауыздық болмауына күш салып қамқорлық жасайды. Мемлекеттік биліктің түрлі буындарының арасында қақтығыс болмауын қадағалайды. Президент Парламент қабылдайтын заңдарға қол қояды, егер заңдар Конституцияға сәйкес келмесе, қайта қарау үшін кері қайтарады (вето құқығы). Егер Парламент заң қабылдау құқығын уақытша Президентке тапсырса, ол заңды өзі қабылдай алады. Сонымен қатар Конституцияда көрсетілген жағдайларда Президент заң күші бар жарлық қабылдай алады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік билікті бөлу принципін бекітті. Мемлекеттік билік үш буынға бөлінеді: заң шығаратын, атқарушы және сот. Заң шығару "қызметімен Парламент шұғылданады. Атқарушы билікті жүзеге асыратын Үкімет. Ал сот билігін Жоғарғы Сот, облыстық, аудандық соттар жүзеге асырады. Аталған органдар біртұтас мемлекеттік биліктің буындары болып саналады. Мемлекеттік биліктің әр буыны өз қызметін дербес жүзеге асырады, атқарады және басқа буындардың қызметіне араласпауы тиіс. Ондай жағдай бола қалған күнде тежемелік өрі тепе-тендік жүйесін пайдалану қарастырылған. Парламент Үкіметті орнынан түсіру мәселесін қоя алады, ал Президент Парламентті тарата алады.
Мемлекеттің атқару-орындау органдары орасан зор жұмыс атқарады. Оларға жататындар: Үкімет, министрліктер, мемлекеттік комитеттер, жергілікті әкімшілік (облыстық, аудандық, қалалық, ауылдық, селолық). Заң (құқық) қорғау органдарының әрбір бөлігі туралы арнайы заң бар. Мысалы, прокуратура Конституцияда жазылғандай, мемлекет атынан заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәлме-дәл өрі біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады. Анықтау жөне тергеу кызметін жүргізу үшін арнайы органдар құрылады. Олар әр түрлі болады — ішкі істер органдары, мемлекеттік қауіпсіздік органдары. Құқықтық тәртіпті қорғауда ішкі істер органдарының атқаратын қызметі де сан алуан. Оларға жүктелген міндеттер ерекше заңда белгіленген. Адамның, қоғамның, мемлекеттің құқықтарын, тыныштығын, қауіпсіздігін қорғайтын, органдарға ұлттық қауіпсіздік органдары да жатады. Олардың да қызметі заңға сүйене отырып жүргізілуі қажет. Аталған органдардың қызметінің тиімді және жемісті болуы қай кезде де азаматтардың қолдауына, көмегіне байланысты.
a) Пысықтау сауалдары
1. Қазақстан Республикасы біртұтас Президенттік басқару жүйесіне негізделген мемлекет деген ұғымның мәнісі мен мағынасын түсіндіріңіз.
2. Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекет басшысы – Елбасы, оның жоғары лауазымды тұлғасы — деген ұғымның мәнісі мен мағынасын түсіндіріңіз.
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік билікті бөлу принципін бекітті — деген ұғымның мәнісі мен мағынасын түсіндіріңіз.
4. Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқару органдарының ұйымдастырылу принципін түсіндіріңіз.
5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқару органдарының жұмыстарын атқару-орындау принциптерін түсіндіріңіз.
6. Қазақстан Республикасында заң шығару органдарына нелер жатады?
7. Қазақстан Республикасында заңды атқару-орындау органдарына нелер жатады?
8. Қазақстан Республикасының сот жүйесіне сипаттама беріңіз.
Жиырма алтыншы тақырып. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕСІ
Қазақстан егемен, дербес, тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан бері Республикасын өзіндік құқықтық жүйесі қалыптаса бастады. Оған демократиялық, интернационалдық сипаттар төн.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін өзінің құқықтық жүйесін әр түрлі факторларды ескере отырып белсенді түрде қалыптастыруда.
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесін тұтастай алғанда оның роман-германдық құқықтық жүйеге жататындығын атап көрсетуге болады. Құқықтың негізгі қайнар көзі нормативтік құқықтық акт болып табылады. Мысалы, ҚР Конституциясының 4-бабына сай Қазақстанда Конституция нормалары, оларға сәйкес келетін заңдардың нормалары, басқа да нормативтік құқықтық актілердің нормалары, халықаралық келісім-шарттар мен Республиканың өзге де міндеттемелерінің нормалары, сондай-ақ Конституциялық Кеңес пен Республика Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының нормалары қолданыстағы құқық болып табылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясында "қолданыстағы құқық аталымы келтірілген. Мұның себебі Конституция нормаларының жай ғана декларация еместігін, қайта тікелей түрде қолданылатындығын арнайы атап көрсету екендігін, сондай-ақ осы нормаға сай "қолданыстағы құқық" деп тек Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес келетін нормативтік құқықтық актілер ғана танылатындығын ерекше көңіл аударып көрсету мақсаты еске алынды.
Қазақстан Республикасының ұлттық құқығы тек Республиканың мемлекеттік органдары қабылдаған нормативтік актілерден ғана емес, сондай-ақ Республика үкіметінің жасасқан халықаралық шарттары мен басқалай да міндеттемелеріндегі нормалардан тұрады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес құқық шығармашылық ісінің субъектісіне халық, Президент, Парламент, Үкімет, орталық атқарушы органдары жатады.
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі құқықтық жүріс-тұрыстың (мінез-құлықтың) абстрактілі - жалпыға бірдей ережелері (бұл ереже біркелкі қоғамдық қатынастардың жиынтығын реттейтіндігі белгілі) жиынтығы деп ұғынуға негізделеді.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы құқықтық жүйесінің ерекшелік белгісіне адамның табиғи құқықтары мен бостандықтары басымдылығының конституцияда танылуы және сонда баяндалуы жатады.
Құқықтың негізгі қайнар көзіне жоғары өкілетті орган Парламент қабылдаған немесе бүкілхалықтық сұрау салудың (референдум) барысында қабылданған заң жатады.
Мысалы, 1995 жылы тамыз айының 15-і жұлдызында ҚР-ның қазіргі қолданылып жүрген Конституциясы бүкілхалықтық сұрау салудың (референдумның) барысында қабылданған болатын. Осы Конституцияға 1998 жылы қазан айының 7 жұлдызында он тоғыз түрлі өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттің негізгі заңы болып табылады. Сондай-ақ бұл заң кейінгі бүкіл заңдар (конституциялық және жай) үшін және заңға сәйкес актілер үшін құқықтық негіз болып табылады.
Барлық заңдар мен заңға сәйкес шығарылатын актілердің (Қазақстан Республикасында) Конституцияға сәйкестілігін бақылауды Конституциялық Кеңес жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінде маңызды рөлді салалық сипаттағы кодификацияланған нормативтік-құқықтық актілер-кодекстер атқарады. Оларда әдеттегі заңдардың заңдық күші болғанымен, өздерінің мәні бойынша орталық орында тұрады, сөйтіп заңдардың тиісті салаларында жетекшілік рөл атқарады.
Атқарушы биліктің әр түрлі органдары қабылдаған заңдық негіздегі нормативтік құқықтық актілердің Конституцияға сәйкестігін қадағалауды Қазақстан Республикасының прокуратурасы жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында әдет-ғүрып құқықтың қайнар көздері жүйесінде қосымша рөл атқарады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінде (жалпы бөлім) іскерлік айналым әдет-ғұрпы азаматтық заңдардың қайнар көзі болуы мүмкін деп көрсетілген.
Қазақстан Республикасында соттар құқық жасаушы (шығарушы) болып табылмайды, Олар жаңа құқық нормаларын жасауға құқылы емес. Дегенмен, оның өз істерінде қолданатын нормативтік құқықтық актілерді түсіндірмелеуде мол еркіндікке ие. Мысалы, ҚР Конституциясының 78-і бабында "сәйкес" соттар адам және азаматтардың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына қысым жасайтын заңдар мен басқалай да нормативтік құқықтың актісі адам жөне азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына қысым келтіреді деп таныса, онда сол іс бойынша өндірісті уақытша тоқтатылғаннан соң ол сот бұл жөнінде Конституциялық Кеңеске аталған актінің Конституцияға сай еместігінің танылуын сұрап өзінің ұсынысын кешіктірмей жіберуі тиіс.
Конституциялық Кеңес пен Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларының құқықтық нормативтік сипаты болады.
Қазақстан Республикасы құқықтық жүйесінің манызды ерекшеліктерінің біріне Конституцияның үстемділік қағидатын жатқызамыз. Осы қағидаттың түрлі аспектілері болады. Мемлекет және құқық теориясында "құқықтық мемлекет" және "Конституциялық мемлекет" деген ұғымдар бір-біріне сәйкес дәл келеді деген пікірлерде көрініс беруде, өйткені жоғары құқықтық ойлар мен қағидаттар Конституцияда орын алған ғой. Сондықтан Конституция үстемділігі мемлекеттің Конституцияға бағыныштылығын білдіреді, сондай-ақ бүкіл мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, лауазымды тұлғалардың және мемлекет пен қоғам болмысы аясындағы барлық азаматтардың қызметтері мен әрекеті нақ Конституцияның негізінде ғана құрылуы тиіс.
Сонымен, Қазақстанның аумақтық тұтастығы, құрылысының унитарлық (біртұтастық) формасы, басқаруының президенттік формасы осы Конституцияның үстемділігі қағидатына негізделген.
Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заңдық күші - конституциялық, сондай-ақ жай заңдар, басқалай да нормативтік құқықтық актілер Конституцияға қайшы келмеуі тиіс деген, барлық деңгейдегі мемлекеттік билік органдары, лауазымды тұлғалар мен бірлестіктердің Конституцияны бұлжытпай сақтауы тиіс екендігін білдіреді.
Айрықша заңда атап көрсетілген және онда баянды етілген ереже Конституцияға қайшы келетін нормативтік құқық акті немесе олардың жекелеген құқықтық нормалары мен ережелерінің заңдық күші болмайды, сондықтан оның күші жойылған деп саналады.
Конституцияның ең жоғары заңдық күшіне сілтеме жасап тұрған аса маңызды сипаттарының бірі ретінде конституцияның тікелей қолданылатын сипатын атап көрсету жөн.
Бұл қағида Конституция нормаларын мемлекеттік органдар тек (тікелей) олардың өздері реттейтін қоғамдық қатынастарға ғана қолдануы тиіс екендігін білдіреді.
Конституцияның тікелей күші (әрекет етуі) оның құқық жасампаздық рөлінен де көрінеді, өйткені Конституцияда нақты заңдардың әрекет ету күшіне тікелей сілтеме жасалады. Сондай-ақ онда мемлекеттік биліктің жоғары органдарының норма шығармашылығы ісіндегі өкілеттіліктері анықтап көрсетілген.
Конституция нормалары мына жағдайларда: регламентациялауға (тәртіп белгілеуге) жататын қоғамдық қатынастарды реттейтін - арнайы нормалар болмаса; егер қоғамдық қажеттілігі бола қоймаса және егер бар нормалар Конституция нормаларына қайшы болып келгенде тікелей немесе сатысыз қолданылады.
Құқық негіздеріне (қайнар көздеріне) сондай-ақ халықаралық шарттар да жатады, дегенмен ондай шарттардың бөрі емес, тек олардың республикада ратификацияланғандары ғана жатады.
Ратификация - Республиканың өзі үшін халықаралық шарттың міндеттілігін Қазақстан Республикасы парламентінде қаралып бекітілуі түрінде мемлекеттің берген ризалығы (мақұлдауы). Қазақстан Республикасы парламентінің ратификациялануына жататындар:
1) орындалуының барысында қолданыстағы заңдардың өзгертілуін немесе жаңа заңдардың қабылдануын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңдарында қарастырылғаннан басқа ережелер белгілеуді талап ететін шарттар;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттің шекараларының өтуін (жүруін) белгілеу туралы шарттарды қоса алғанда ҚР-ның басқа мемлекеттермен болатын аумақтық межелерін белгілеу туралы шарттар;
3) қарусыздандыру немесе халықаралық татулық пен қауіпсіздік, сондай-ақ бітім шарты мен ұжымдық қауіпсіздік шарттары мәселелері бойынша халықаралық қатынастар негізі туралы шарттар;
4) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық одақтарға, халықаралық ұйымдар мен басқа да бірлестіктерге кіру (қатысу) шарты, егер де мұндай шарттар Қазақстан Республикасының егемендік құқықтарының бір бөлігін оларға жүзеге асыруға беру қарастырылса немесе олардың органдарының шешімдері Қазақстан Республикасы үшін заңдық міндеттілігін белгілейтін болса;
5) Мемлекеттік қарыздар мен Қазақстан Республикасына экономикалық және басқалай да көмек беру туралы шарттар.
Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен шартқа отыруында оны ратификациялау туралы уәде байласқан халықаралық шарттары ратификациялауға жатады.
Сонымен мемлекеттің аса маңызды елеулі мүдделерін, тіпті елдің егеменді құқықтарына дейін қамтып қозғайтын, мемлекеттік маңызы зор болып келетін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарды ратификациялауға жатады.
Сондықтан да халықаралық шарттарды ратификациялаудың алдында олардың Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкестілігі қаралады, талқыланады. Президенттің Сенат пен Мәжіліс төрағаларының және Парламенттің (жалпы санының бестен бір бөлігінен кем емес депутаттарының), Премьер Министрдің өтініші бойынша Конституциялық Кеңес Республика халықаралық шартының ҚР Конституциясына сәйкестігін ратификациялауға дейін қарап талқылайды. ҚР Конституциясына сәйкес емес деп танылған халықаралық шарттар ратификациялауға жатпайды және күшіне ендірілмейді.
ҚР Парламенті ратификациялаған халықаралық шарттар Республика заңдары алдында басымдылыққа ие. Егер де Конституциядағы жай заңдар мен Конституциялық заңдардың ара шегі ажыратылған дегенге сүйенер болсақ, онда Қазақстан Республикасы Парламенті ратификацияланған халықаралық шарттар жай заңдар алдында ғана басымдылыққа ие болуы ықтимал.
ҚР Парламенті ратификациялаған халықаралық шарттар тікелей (сатысыз) қолданылады. Бұл дегеніміз мұндай шарттар, ондағы құқықтық нормалар өздеріне лайықты қоғамдық қатынастарды реттейді, осы қатынастарға қатысушылардың құқықтарын, міндеттерін, жауапкершіліктерін туындататындығын білдіреді.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес барлық заңдар және Қазақстан Республикасының өзі олардың қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар баспасөзде жарияланады.
Қазақстан Республикасының Парламенті қабылдаған ҚР-ның заңдары, қаулылары мен басқалай да актілері қазақ және орыс тілдерінде шығатын "Егемен Қазақстан", "Заң", "Казахстанская правда", "Юридическая газета" газеттерінде жарияланып тұрады. ҚР-ның заңдары аталған басылымдар мен олардың ресми қосымшаларында жеті күн ішіндегі мерзім (президент қол қойған күннен бергі) немесе олардың қабылдауынан жеті күннен кешіктірмей жарияланады. КР-ның заңдарын "Парламент ведомстволары" мен "Егемен Қазақстан", "Казахстанская правда" газеттеріндегі жариялануы ресми болып табылады.
Аталған актілердің бәрі басқа басылым органдарында жариялануы, теледидар мен радиодан, телеграф бойынша тиісті органдарға жіберілуі, сөйтіп қалын бұқараға таратылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының заңдары, нормативтік сипаттағы Парламенттің басқа да актілері республика аумағында жарияланғаннан он күн өткеннен кейін өзінің күшіне енеді. Заңдардың көрсетілген мерзімде өз күшіне енуі Республика Парламенті белгілі бір актіні қабылдағанда оның өз күшіне енуінің басқаша мерзімін белгілеген жағдайда заңның күшіне енуінің жоғарыда аталған мерзімі қолданылуға жатпайды. Ратификациялауға жатпайтындарға Қазақстан Республикасы үшін өз күшіне енген мемлекетаралық және үкіметаралық шарттарды атаймыз. Сондай-ақ Президенттің аталған жарлығы келтіріліп белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асырылып Қазақстан Республикасының Үкімет аралық шарттарға қосылуы "Қазақстан Республикасы Президенті актілері мен ҚР-сы Үкіметінің актілері жинағында" жарияланады. ҚР-сы үшін күшіне енген халықаралық шарттар және оған қоса ведомствоаралық, сондай-ақ Президент Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеті қосылған шарттары "Халықаралық шарттар, келісімдер және Қазақстан Республикасының жекелеген заң актілері Бюллетені" басылымында жарияланады.
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары, олардың бір-біріне ұқсас шетел тілдерінде жасалған мәтіндері осы тілдердің бірінде ресми түрде қазақ жөне орыс тілдеріне тәржімаланып жарияланады.
Тап осы жағдайда Президенттің нормативтік жарлығы, Үкіметтің, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы соттың қаулылары, Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік актілері сөз болып отыр.
Пысықтау сауалдары:
1. Қазақстан Республикасы қолданыстағы құқығына (ҚР-сы Конституциясының 4-ші бабына) жалпы сипаттама беріңіз.
2. Қазақстан Республикасыңдағы құқық шығармашылығының субъектілерін атаңыз.
3.Қазақстан Республикасыңдағы құқықтың қайнар көздерін атаңыз.
4.Қазақстан Республикасы роман-германдық құқықтық жүйеге жатады деген қорытындыны дәлелдеңіз.
5. ҚР-сы Конституциясының үстемділік қағидаты (принципі) нені білдіреді?
6. Қазақтан Республикасының бүкіл аумағында Конституцияның тікелей күші болады деген қағиданың мағынасын ашып көрсетіңіз.
7. Ратификация ұғымының мағынасын ашып көрсетіңіз.
8. Халықаралық шарттардың қайсылары ратификациялауға жатады?
Жиырма жетінші тақырып. ОСЫ ЗАМАНҒЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР
Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметтері бойынша осы бүгінгі күнде Жер ғаламшарында 230-ға тарта мемлекет бар көрінеді. Алуан түрлі мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттеу-зерделеу үшін заң ғылымында құқықтық жүйе ұғымы қолданылады.
Құқықтық жүйе — нақты мемлекеттің тұтастай алынған құқықтық болмысының бәрі. Құқықтық жүйе ұғымына құқықтық құбылыстардың мол тобы - нормативтік, ұйымдық, мәдени-әлеуметтік аспектілер, құқық феноменінің жақтары кіреді.
Құқықтық жүйенің құрылымы құқықтық құбылыстардың 3 топтамасынан тұрады:
а) заң нормалары, қағидаттар, институттары (нормативтік жағы);
б) құқықтық мекемелердің жиынтығы (ұйымдастыру жағы);
в) осы қоғамның өзіне тән құқықтық көзқарастардың, түсініктердің, идеялардың жиынтығы, құқықтық мәдениет (идеологиялық жағы).
Әрбір мемлекеттің құқықтық жүйесі қоғам дамуының заңдылықтарын, оның тарихи, ұлттық, мәдени ерекшеліктерін бейнелейді. Әрбір мемлекеттің өзінің құқықтық жүйесі болады. Оның басқа мемлекеттердің құқықтық жүйелерімен ортақ болып келетін ерекшеліктерімен қатар, сондай-ақ айырмашылықтары да яғни өзгешеліктері де болады.
Құқықтық жүйенің дамуына қоғамның бүкіл рухани мәдениеті, дін, философия, өнеге, имандылық, көркемдік мәдениет, ғылым ықпал жасайды. Құқықтық мәдениетке саясат және саяси мәдениет зор ықпал тигізеді. Ежелгі Қытай, Үндістан, Мысырда, Рим мемлекетінде құқықтық жүйелер дін мен табиғи түрде өзара байланысты болып келетін.
Құқықтық жүйелердің дамуында сабақтастық байқалады. Мысалы, дәстүрлі құқықтық құндылықтар жаңа құндылықтармен өзара ықпалдасады. Ал, бұл жаңа құндылықтарды басқаруға құқықтық жүйеден немесе жүйелерден дәстүрлі құқықтық жүйе қабылдап алып жатады.
Құқықтық жүйелер өздерінің элементтерінің ұқсастығы, тұтастығы бойынша топтарға "құқықтық жүйелерге" бірігеді.
Құқықтық жүйелерді бөлу және жіктеудің белгілеріне мыналар жатады:
1) идеологияны, дінді, философияны, экономикалық және әлеуметтік құрылымдарды қоса алғанда;
2) заң техникасы, құқықтың қайнар көздері мұның негізі болады.
Осы белгілерді негізге ала отырып құқықтық жүйелердің мынандай түрлерін атап көрсетуге болады - роман-германдық, ағылшын-американдық, социалистік, діни және дәстүрлі құқықтық жүйелер.
Романо-германдық құқықтық жүйе – көптеген мемлекеттердің құқықтық жүйелерін біріктіреді. Бұл мемлекеттерге Франция, ГФР, Италия, Испания, Швеция, Дания, Латын Америкасының барлық мемлекеттері, Таяу Шығыс елдері жатады. Бұл құқықтық жүйенің ықпалы Жапония, Индонезия т.б. мемлекеттердің құқықтық жүйелерінде өз көрінісін тапты.
Роман-германдық құқықтық жүйе рим құқығын рецепциялаудың нәтижесі болып табылады, яғни мұнда құқықтың негізінде рим құқығының жетістіктері алынған. Роман-германдық құқық жүйесінің негізгі сипаттарына мыналарды жатқызуға болады.
1. Роман-германдық жүйесі бар барлық елдерде жазбаша конституциялар бар, бұлардың нормаларында ең жоғары заң күші бар деп танылады.
2. Әдеттегі заңдардың үш түрі бар: кодекстер, арнайы заңдар, ағымдағы заңдар, және нормалар мәтіндерінің жинағы.
3. Құқық негіздерінің арасында заңға негізделген нормативтік актілердің (регламенттердің, әкімшілік бұйрық-жарлықтардың, министрлік декреттерінің және т.б.) рөлі едәуір.
Роман-германдық құқықтық жүйеге кіретін елдердегі қызмет істейтін судья заңдық істі шешуде көбінесе тек істі бағалау процесін жүзеге асырады.
Ағылшын-американдық құқықтық жүйе немесе жалпы құқық жүйесі
Бұл құқықтық жүйе Англияға жөне Британия империясының бұрынғы отарларына тән. Англиядан басқа бұл құқықтық жүйе АҚШ, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, сондай-ақ Британия достастығына кіретін. 36 мемлекеттерге таралған.
Заңтану әдебиеттерінде ағылшын-американдық құқықтық жүйе кейде негізгі құқықтық жүйесі деп аталады. Жалпы құқық (Coman Law) тарихи түрде Англияда қалыптасқан және оның бұлай деп – аталуы оның бүкіл Англия аумағында тарауымен байланысты болған (оның қалыптасу кезеңі Х-ХІІІ ғасырлар) және бұл құқықтық жүйе сот әдет-ғүрыптары түрінде заңдардың қатысуынсыз пайда болып азаматтық сот істерін жүргізуде ел королінің қол астындағы азат азаматтардың бәріне таралған болатын.
"Жалпы құқық" жүйесі өз негізінде соттар жасаған үлгі іс құқығы (құқықтық үлгі іс) болатын.
Ағылшын-американдық (саксондық) құқықтық жүйенің негізгі ерекшелік белгілері төмендегідей болып келеді:
1. Сот құқық жасаушы (шығарушы) болады.
2. Кодификацияланған заң болмайды. Мысалы, Англияда жазбаша Конституция жоқ.
3. Сот шешімдері (прецеденттері, яғни үлгі істері) заңдармен қатарлас қолданылып құқықтың қайнар көздері болып табылатын. Ұқсас істерді қарағанда оларды шешім қабылдау үшін басқа соттар үлгі ретінде қолданатын болған.
4. Сот билігі қандай да болмасын басқа биліктерден автономиялы (дербес) болады, прокуратура, әкімшілік, әділет (мекеме, қызмет) болмайды.
Діни-дәстүрлік құқықтық жүйелер
Осының алдында сипатталған жүйелерге қарағанда Азия мен Африканың көптеген елдері құқықтық жүйелерінің тұтастығы аталған жүйелерге тән дәрежесі болмайды.
Бұл мемлекеттердің құқықтық жүйелерінің ерекшеліктері – құқықты олардың басқаша түсінетіндіктеріне байланысты, мұнда қоғамдық қатынастар құқықтық жолмен емес басқаша – діни-дәстүрлік тәсілмен реттелуі тиіс деген сенім, пікір Қиыр Шығыс, Африка, Мадагаскар елдеріне таралған.
Осылардың арасынан қазіргі күнге ен кең таралғаны мұсылман құқығы болады.
Мұсылман құқығы – бұл діни нысанда баяндалған және мұсылман діні исламға негізделген нормалар жүйесі. Ислам діні бойынша барлық әдет-ғұрып Алланың әмірімен жаратылған. Оны құран аяттары, сүрелері түрінде өзінің пайғамбары Мұхаммед арқылы тарихтың белгіленген мерзімінде, адамдарға мағынасын ашып тарат деп Алланың өзі берген көрінеді. Мұсылман құқығы адам болмысының әлеуметтік салаларының барлық аяларын түгел қамтиды. Алланың адамға берген құқықтары оған біржолата мүлдем берілген. Дегенмен құдайдың жіберген жаңалықтары (құқықтары) түсіндірулер беру мен талқылауларды қажет етеді.
Мұсылман құқығының негізгі төрт қайнар көзі бар:
а) құран — исламның (мұсылман дінінің) қасиетті кітабы;
б) сунна немесе Алланың пайғамбары, Мұхаммедтің өмірі мен істеріне байланысты дәстүрлер;
в) Иджма немесе мұсылман коғамының бірыңғай келісімі;
г) Кийас немесе ұқсастығы бойынша пікір түю (пайымдап ой жүгірту).
Мұсылман құқығының негізгі белгілері:
1) бірнеше құқықтық институттардың жалпы догмаға айналуы;
2) нормалардың казуистикалығы (жалпы догмаға айналуы);
3) нормаларда жүйеліліктің болмауы;
4) әдет-ғұрыптардың мұсылман құқығында орын алмауы (оған кірмеуі).
Тұтастай алғанда мұсылман құқығы адамдардың дінге және наным-сеніміне негізделген құқық.
Ислам (мұсылман діні) әлемдік үш діннің ішіндегі ең жасы, дегенмен сонда да болса ең кең таралғаны. Бұл діннің құрамында теология да бар, ол догмаларды (соқыр сенім қағидаларын) орнықтырады және не нәрсеге сенуі керек екендігін анықтайды. Исламның құрамында сондай-ақ шариғат та бар. Шариғат дегеніміз мұнда дінді ұстанушыларға берілген нұсқау, ұйғарым, онда қандай істерді істеуге болатындығы, қандай істерді істеуге болмайтындығы көрсетілген. Шариғат дегеніміз адамның "жүретін жолы", ал мұның өзі дұрысын айтқанда мұсылман құқығы.
Шариғат адамдарға жүктелген міндеттер идеясына негізделген. Міндеттерді орындамаудың салдары оны орындамай бұзғанның күнәсі болады. Сондықтан да мұсылман құқығы осы норманың өзі белгілеген санкцияларға көңілді молынан бөледі.
Мемлекет дегеніміз діннің қызметшісі. Осындай қызметші мемлекеттердегі бар Конституциялар, заңдар мен басқалай да актілер исламның (мұсылман дінінің) талаптарына сай болуы тиіс.
Индуизм діні құқығы — діни-дәстүрлік жүйенің екіншісі және ол әлемдегі жүйелердің ең ежелгісіне жатады. Бұған Үндістан, Пәкістан, Бирма, Сингапур, Малайзия елдері жатады, Африканың Шығыс жағалауындағы Танзания, Уганда, Кения және тағы басқа да елдер жатады. Исламшыларды белгілі бір діни догмаларды қабылдауды міндеттейді.
Индуизм діні құқығына тән белгілер:
1. Адамдар өздерінің туған сәтінен бастап әлеуметтік касталарға бөлінген және әрбір кастаның өзіне тән құқықтар мен міндеттері және тіпті өнегелілік те жүйесі бар.
2. Жүріс-тұрыстарды (мінез-құлықтарды) реттеуші ретінде әдет-ғұрыптарды пайдалана беруге ризашылық (рұқсат) беріледі. Ал әдет-ғұрыптар тым көп, және түрлі-түрлі болып келеді.
3. Қауымдар құқығымен қатар заңдар, сот прецеденттері де бар.
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі
Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі өзінің даму кезеңін бастан өткізуде.
Қазақстан өз тәуелсіздігін алғаннан соң әртүрлі факторларды ескере отырып өзінің құқықтық жүйесін қалыптастыру ісіне белсенді түрде кірісті.
Толығымен алғанда Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі роман-германдық құқықтық жүйеге бәрінен де жақын. Мұндағы құқықтық жүйеде құқықтың негізгі қайнар көздері нормативтік құқықтық актілер болып табылады. Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-ші бабына сәйкес Қазақстан Республикасында Конституция нормалары күші бар құқық болып табылады, және де Конституция нормаларына сай заңдардағы, басқа да нормативтік құқықтық актілердегі, Республиканың халықаралық шарттарындағы және басқа да міндеттемелеріндегі нормалар, Конституциялық Кеңестің және Республика Жоғарғы сотының нормативтік қаулыларындағы нормалар күші бар құқық болып табылады.
Пысықтау сауалдары
1. Осы заманғы жүйелерді жіктеп бөлугерге негіз болатындарды, яғни белгілерді атаңыз.
2. Құқықтық жүйе ұғымын түсіндіріңіз.
3. Роман-германдық құқықтық жүйеге сипаттама беріңіз.
4. Ағылшын-американдық (яғни саксондық) құқықтық жүйенің ерекшеліктерін баяндап беріңіз.
5. Мұсылман құқықтық жүйесінің айырымдық белгілерін атап-атап көрсетіңіз.
Жиырма сегізінші тақырып. ЭКОНОМИКА, ҚҰҚЫҚ, САЯСАТ, МЕМЛЕКЕТ
Осы тақырыптың мазмұнын ашып көрсету үшін экономика, саясат, құқық, мемлекет, нарық тәрізді санаттарды айқындап алу қажет.
Экономика дегеніміз қоғамдық қатынастардың жиынтығы, нақты қоғамның өндіріс тәсілі.
Саясат дегеніміз қоғамды басқару өнері. Мұның өзі билік жайында, таптар мен партиялар, ұлттар мен мемлекет араларында болатын қатынастарды (бір жағынан) және халықпен болатын қатынастарды (екінші жағынан) сипаттайды.
Құқық дегеніміз мемлекеттің өзі белгілеген, әрі қамтамасыз ететін және де қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, қоғамдық, таптық ерік-ықтиярды (қоғамның таптық нақты мүдделерін) білдіретін жалпыға бірдей міндетті, формалды түрде анықталған құқық нормаларының жүйесі.
Мемлекет дегеніміз бұқара көпшіліктің саяси билігі немесе биліктің саяси ұйымы. Осы ұйым арқылы қоғамның өмір болмысы ұйымдастырылады, қоғамды басқару (яғни саясат) жүзеге асырылады, жалпыға бірдей міндетті құқықтық нормалар шығарылады. Мемлекет өзінің билігін тәсілдер мен амалдар арқылы жүргізеді.
Нарық (рынок) дегеніміз сатушылар мен сатып алушылар араларындағы экономикалық қатынастар. Оның негізгі элементтері сұраныс (сұраным) ұсыныс (ұсыным) және баға болып табылады. Нарық және нарықтық қатынастар жағдайында құқық пен мемлекет экономикаға өз ықпалын бір мағыналы емес түрде тигізеді. Бір жағынан алғанда экономиканың даму заңы объективтік заңдылық ретінде болады. Құқық пен мемлекет оларға жанамалай ықпал етеді. Басқа жағынан алғанда осы заңдылықтарды мемлекет құқық нормалары түрінде баянды етеді. Осының өзі арқылы экономикаға шешуші ықпал тигізеді. Экономиканың басым бағыттары мемлекетті тікелей қолдайды, ал мемлекет болса оның басым бағыттарын дамытуға жағдайлар жасап ынталандырады, олардың стратегиялық бағыт-бағдарын айқындап береді. Мемлекеттің қолдауынсыз экономика тиісті түрде дами алмайды. Экономика аясын мемлекеттің бақылауы тікелей және жанама түрде жүргізіледі.
Тікелей мемлекеттік бақылауға жататындар:
- қаржылық бақылау;
- экологиялық бақылау;
- санитарлық бақылау;
- өрт болғызбауды бақылау;
- салмақ өлшемі мен ақша бірлігін бақылау;
- өнім сапасын бақылау.
Осы және басқалай да бақылау шаралары құқықтық және ұйымдық түрде жүргізіледі. Мұның өзі құқық шығармашылығы ісінде және құқықты жүзеге асырудың барысында атқарылады.
Нарықтық экономикада сұраным мен ұсынымды және бағаны алдын-ала әрдайым және бәрін де болжалдауға құқықтық ықпал жасаудың тиімділігі жөнінде сөз ету тіпті де артық. Мұндағы көптеген процесстерді реттеу құқықтың билігінде емес.
Сондықтан да нарықтық қатынастарды реттеудің негізгі бағыттарын құқық анықтауы тиіс, оны дәлдеп айтар болсақ:
1. Нарық дамуының мақсаты бағдарламаларды белгілеп алу және анықтау болып табылады. Заңдарда оның тек қана жалпы бағдарларын нұсқап көрсетуі тиіс. Ал азаматтар үшін "заң арқылы тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етілген" деген қағидаттың күші басшылыққа алынуы жөн. Ал тыйымдарды белгілеуде және оларды қоғамда орнықтыруда өздерінің табиғатында ізгілікке қайшы келетін, табиғилыққа қарсы болатын жәйттерді ғана тыйымдаудың аса қажет екендігін бірінші орынға қою қажет.
2. Заңдар меншіктің барлық түрлерін баянды етуі және кепілдендіруі һәм қорғауы тиіс.
Пысықтау сауалдары
1. Құқық пен мемлекеттің және экономиканың өзара ықпалдасуы мен байланыстылығын ашып көрсетіңіз.
2. Нарықтық экономикадағы мемлекет пен құқықтың атқаратын рөлі қандай?
Жиырма тоғызыншы тақырып. ҚҰҚЫҚ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ АДАМЗАТ ҚОҒАМЫНЫҢ ӘЛЕМДІК ПРОБЛЕМАЛАРЫ
XXI ғасырға аяқ басқан осы заманғы әлемнің ерекшелігі оның бүкіл жалпылық ғылыми-техникалық төңкеріс пен ғылыми-техникалық прогрестің аясында болып отырғаны.
Сондықтан да қазіргі таңда қашама түрлі мәселелер мен проблемалар әлемдік сипат алуда, олар әрі күн санап туындау үстінде туындауда.
Ғаламдық саналған проблемалар бүкіл жер шарының халқын қамтып отыр. Сөйтіп олар бүкіл жалпылық, яғни әркімге және өрбір мемлекетке қатысты жағдайға жетті. Сондықтан да жекелей алынған бір мемлекеттің күшімен олардың шешілуі мүмкін емес. Оларға тән белгілер мынандай:
- біріншіден, бұл проблемалар бүкіл адамзат мүдделерін қозғайды, перспективасы мен келешегіне көз салсақ, онда адам қоғамының да жалпы ғаламшарлық сипаты бар;
- екіншіден, бұл проблемалардың өздері коғам дамуының объективтік сипаттамасы ретінде көрінеді (білімнің барлық немесе көпшілік салаларында);
- үшіншіден, бұл проблемалардың шешілмеуі, адамзаттың келешегіне (болашағына) қауіп төндіреді, қоғамның әрі қарайғы дамуына кедергі болады;
- төртіншіден, бұл проблемалар әлем қауымдастығының, немесе мемлекеттердің көпшілігінің күш біріктіруі негізінде ғана шешілуі мүмкін;
- бесіншіден, бұл проблемалардың шешілу жолы халықаралық құқықтың басымдылығын болжалдайды. Яғни барлық мемлекеттердің халықаралық құқықтық институционалдық механизмдері рөлін көтеруге, заңдық сипаттағы халықаралық дауларды шешуде халықаралық соттардың ең соңғы инстанция ретіндегі мәнін, саяси, аумақтық және ұлттық, т.б. дауларды реттеуді ара ағайындық және әріптестік негізде халықаралық келіссөздер жүргізудің маңыздылығын барлық субъектілердің жете түсінуі қажет.
Ғаламдық проблемаларға мыналар жатады:
- халықаралық ынтымақтастық және бейбітшілікті нығайту;
- адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету;
- ұлттық және халықаралық қауіпсіздік;
- экология;
- ғылыми-техникалық төңкеріс (революция) және олардың нәтижелерін мешеулікті жеңуге пайдалану;
- лаңкестік (терроризм) пен есірткі бизнесі, қылмыстар мен басқа да қоғамға қарсы құбылыстарға күресте халықаралық ынтымақтастықты күшейту;
- адамдар аурулары, аштық-жалаңаштық, қайыршылық пен кедейшілік және басқалай да әлеуметтік болмыстағы жат құбылыстармен күресу проблемалары.
Аталған проблемалар топтамасы өзара тығыз байланысты, сондықтан олардың шешімінің табылуы да өзара байланысты жөне де ол кешенді түрде болуы тиіс. Олардың мазмұнын мынадай түрде нақтылауға болады:
1. Әлемдік ядролық апатты болдырмау, қару-жарақты жаппай шығаруды, атом құруын сынауды тоқтату;
2. Экономикалық, саяси, экологиялық, рухани және мәдени және де басқа салаларда халықаралық ынтымақтастық пен әріптестікті қамтамасыз ету;
3. Дамыған және даму кезеңін бастан кешіріп отырған мемлекеттер араларындағы экономикалық алшақтықты жою;
4. Энергия-шикізат, азық-түлік, өндірудегі демографиялық дағдарыстарды жою немесе азайту, экология талаптарын бұзбау, сақтау, ғарыш кеңістігін бірлесіп игеру және т.б. Басқаша айтқанда адамдардың тіршілік етуіне, қалыпты өмір сүруіне және қолайсыз табиғи ортада тірі қалуына жағдайлар жасау (мұның өзі адаммен оның тіршілік ету ортасына қатысты өзара қатынастар болып табылады);
5. Денсаулық сақтау жөне білім беруде, тұлғаның әлеуметтік және рухани дамуына ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану және т.б.;
6. Лаңкестік, есірткі бизнесі, ұшақтарды жару, қылмыскерлердің шет елдерге қашып әділ соттан бой тасалауға жасаған талпыныстары, ұрлықы дүниелерді өткізу немесе шекарадан тысқары аумақтарда қылмыстық жолмен алынған табыстарды "жуып-шаю", яғни "тазарту", есірткілерді заңсыз айналымға салу, мәдени құндылықтарды "тазарту" және қару-жарақ саудасын заңсыз жолмен жүргізу және тағы басқалай да қылмыстармен күресуде халықаралық ынтымақтастықтар жасауға дейін бару;
7. Адамдардың аса қатерлі аурулары болып табылатын СПИД, туберкулез, қатерлі ісік, сонымен бірге аш-жалаңаштық пен күресуде халықаралық ынтымақтастыққа сүйену. Қазақстан Республикасы үшін бүгінгі таңда ерекше алаңдаушылық тудырып отырған ел ішінде СПИД пен туберкулез ауруымен ауырғандар санының көбеюі болып отыр. Ғаламдық проблемалардың бірсыпырасын қарастырайық:
Мемлекет, құқық және экология
Қоршағам ортаны қорғау, экологиялық қауіпсіздік проблемалары бүкіл проблемалардың ішіндегі ең кіндігі. Міне, осы аталған проблемалармен адамзат ХХ-ы ғасырда бетпе-бет кездесіп отыр, міне осылар ғаламдық болып танылып отыр. Адамның тіршілік етуі тәуелді болып отырған осы проблемалар қалай болғанда да экологияға байланысты. Мысалы, термоядролық қару қолданылатын әлемдік соғыс бола қалған жағдайда әлемнің барша халқының жойылып кетуі ықтимал. Адамдардың тіршілік етіп отырған ортасы - табиғат жойылып кететіні ақиқат. Осының өзі жер бетінде өмір-тіршіліктің болу-болмауына қатер төндіреді. Яғни, адамзат тағдыры екіталай жағдайға тап болады. Ғаламдық проблемалармен өте тығыз байланысты экология проблемалары дедік, ал енді осы экология проблемалары демографиялық, энергетика (қуат көздерін игеру мен пайдалану), ғылыми-техникалық және тағы басқалай да проблемаларды бірінен соң бірін туындататынын бұқара көпшіліктің бәрі біле бермейді, Сондықтан да осы проблемалардың шиеленісіп кетпей тұрған шағында бұлардың алдын алу қоғамның ұйымдасқан күштерінің ең көкейтесті қамы болған абзал.
Қоршаған ортаға адамның, адам тіршілігінің теріс ықпалы көп бағыттар бойынша болып та, жүріп те жатыр. Олардың бірсыпырасы мыналар: Атмосфераның ластануы:
Атмосфераға жыл сайын техногендік жөне т.б. 200—400 миллион тонна шаң-тозаң, 150 миллион тонна күкіртті ангидрид, 700 миллион тоннаға шамалас зиянды химиялық заттар шығарылып, олар айналаны ластап жатады. Ал енді ғаламшардың индустриалдық жағынан аса дамыған аймақтарындағы ластану табиғи ластанудан мыңдаған және одан да кеп есе артық мөлшерде болуда.
ХХІ-і ғасыр қарсаңында адамзат ғаламдық проблема болып табылатын климаттың жылу жағына қарай ғаламдық өзгеріске ұшырауымен беттесіп отыр.
Ғаламдық жылыныспен байланысты туындаған жекелеген айғақтарды (оқиғаларды) сипаттайтын мысалдарды келтіру қажеттілігін тізбелеп көрелік. Мұның өзі әсіресе жер ғаламшары полюстеріндегі ахуалға тән. Өз кезегінде полюстердегі өзгерістер Оңтүстік Америка мен Европадағы климатқа ықпалын тигізді. Мысалы, 1995 жылдың қаңтар айында Аргентина ғалымдары Антарктика континентінің Ларсен мұзды қайраңынан ұзындығы 65 километр болып келетін мұз жарығын тапқан-тын. Орасан зор алып айсберг өте қалың мұз тақтадан бөлініп қалған. Ал мұның өзі 20 мың жыл бойында тұтас күйінде болғаны өте-мөте ықтимал! Олай дейтініміздің себебі бұл айсбергтің қалыңдығы 200 метр және де үстінің аумағы 2 мың 900 шаршы километрді алып жатыр. Осы себеп болып Антарктика жағалау шегінін өзгеруіне алып келеді. Осыған сайма-сай келетін өзгерістер географиялық карталарға енгізілуде. Кейбір ғалымдардың болжауы бойынша, климаттың жылынуы Антарктика мұзды қайранының бұзылуына алып барады. Ал климаттың жылынуы жақын 10 жыл ішінде болады. Ал біздің көріп отырғанымыз Антарктика мұзды қайраңы бұзылуының қазірдің өзінде-ақ басталғаны және климат жылынуының басталып-ақ кеткені.
Сондай-ақ Антарктика континенті атмосферасының ең үстіңгі қабатындағы озон тесігінің ұлғая түсуі аса зор алаңдаушылықты тудырып отыр. Антарктика континенті атмосферасының озон қабатындағы зор тесік бұрынғы кездердегіден де ұлғайған үстіне ұлғая түсуде - делінген АҚШ-тың Аэронавтика мен ғарыш кеңістігі бойынша ұлттық Басқармасының (НАСА-ның) 1997 жылғы қыркүйек айындағы пресс-релизінде. Антарктида атмосферасы озон қабатының бұзылуы салдарынан барып пайда болған орасан зор тесіктің аумақ мөлшері 28,3 миллион шаршы километрді алып жатыр деп бағамдалды, ал мұның өзі Америка Құрама Штаттары жер аумағынан үш есе асып түседі.
Біріккен Ұлттар Ұйымының жабайы табиғатты қорғау қорының 1997 жылғы "ғаламдық жылынудың салдары" жөніндегі хабарларында жақын болашақтағы жүз жыл ішінде Ресейдің солтүстік ендігіндегі климат 70% өзгереді — деген мағлұмат келтірілген. Мұның өзі аталған ендікте тіршілік етіп жатқан флора мен фаунаның тең жартысының жойылуына апарып соқтыруы мүмкін. Климат сондай-ақ Исландияда да, Канада да, Скандинавия мен Балтық жағалауы мемлекеттерінде де өзгереді. Ғалымдар ертеректен бері парниктік күшті әсердің катері (қаупі) жөнінде ескерткен болатын. Алайда экология мамандарының топшылаулары ешқашанда адамды шошытарлықтай, нақты қорқыныштылығымен көзге ерекше түсе бермейтін.
Ғалымдар ең алдымен морждар мен полярлық аюлар қырылып қалады деп болжалдайды. Ал Канада да қылқан жапырақты ормандар жойылып бітеді. Парниктік күшті әсер тропиктік елдерге де қауіп төндіреді. Эфиопияда маймылдардың кейбір түрлері қырылып қалады. Мексика болса өздерінде тіршілік ететін көбелектерінен айырылады. Арктика мұздарының еріп кетуі барлық континенттердің жағалық шектерін адам танымайтындай өзгертіп жібереді. Осы мағлұматтар келтіріп отырған авторлар жан-жануарлардың ғаламдық масштабта жаңадан қоныс аударуларын сөз етеді. Дегенмен, әзірге белгісіз, жан-жануарлардың қандай түрлері климаттың өзгеруінен "озып" жаңа тіршілік ету ортасына жетіп алатындығы болып отыр. Ғалымдардың пікірінше жан-жануарлардың кейбір түрлеріне аман-есен болып тірі қалуы үшін қоныс аударуды осыдан 10 мың жыл бұрын болған "ұлы қоныс аударуға" қарағанда 10 есе жылдам болуы тиіс екен.
Климаттың жылынуы туып көбеюшілікке де яғни тұқымның өсіп көбеюіне де әсері бар деген қорытындыны Чикаго мен Бостон Университеттерінің ғалымдары да тұжырымдады. Тұқымның өсіп көбеюі азаяды, олай болатыны климаттың өзгеруі салдарынан табиғи биологиялық ырғақ бұзылады. Оңтүстік жарты шар теңіздеріндегі сулар температурасының жарты градусқа өсуінің өзі кораллдар мен планктондардың жаппай қырылуына апарып соғады, бұл болса қорегінен жұрдай болған балықтардың жаппай қырылуына алып келеді.
Енді Қазақстанға келетін болсақ, ауаның ғаламдық деңгейде жылынуы адам айтқысыз зор да жойқын зардаптарды туындатуы мүмкін. Қазақстан ғалымдарының бағамдауы бойынша климаттың өзгеруіне тосқауыл қою жөнінде шаралар қолданылмаған жағдайда алдымыздағы ғасырдың соңын ала атмосфераның төменгі қабаттарының температурасы 3 градусқа көтерілуі мүмкін, ал мұның өзі жаппай су тасулары қаупін тудыруы мүмкін. Қазақстанға мұның тікелей қатысы бар. Өйткені Каспий деңгейінің көтерілуі Оңтүстік Америкадағы мұхит суы температурасының көтерілуімен байланыстылығы анықталған жәйт. Осы соңғы жүз жылдың барысында Қазақстан аумағында маусымдық және жыл бойындық ауа температурасының орташа көрсеткіштерінің жоғары көтерілу тенденциялары байқалған, 1894-ші жылдан 1994 жылдар аралығында ауа температурасының жылдық орташа көтерілуінің көрсеткіші 1,3 градус шамасында болған. Қазақстан аумағының үлкен бөлігі климаттың өзгеруінен өте зардап шегетін аймақтарды алып жатыр. Сондықтан да температураның ылғи да тұрақты түрде жоғары көтеріліп отыруы елдің ауыл шаруашылығы орман және су шаруашылықтарына алапатты зардаптар мүмкін. Мұның тағы да басқа теріс ықпалы халықтың денсаулығына орасан зор нұқсан келтірілетіндігінде жатыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының климаттың өзгеруі жөніндегі Рама конвенциясының мағлұматтары бойынша 1990 жылы Қазақстан 200 миллион тонна көмір қос тотығы тастандысын өндірген болатын. Халықтың жан басына шаққанда (есептегенде) мұның өзі дүние жүзіндегі ен жоғары көрсеткіштің бірі болып табылатын.
Жер ғаламшарындағы климаттың өзгеруіне бүкіл әлем жұртшылығы алаңдаушылық білдіріп отыр. Келешекте адамзат баласының жойылып кетпеуі яғни сақталуы зор мәселе түрінде қойылуда.
Мемлекеттердің атқаратын қызметтері бірінші кезекте тұрғанын айтқан жөн. Осы салада атқарылған іс ретінде ең алғашқы және ең маңызды халықаралық құжаттың қабылданғанын айтуға болады. Климаттың өзгеруі туралы 1992-і жылы маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында қол қойылған БҰҰ-ның Рамалық конвенциясы (жоғарыда аталынған) 1994 жылы 21 наурызда өз күшіне енген болатын. Бұл құжатты 165 мемлекет ратификациялады. Осы конвенцияда парниктік тастанды газдар мөлшерін азайту және бұл сала бойынша халықаралық ынтымақтастық механизмдері мен әрбір жақтардың (мемлекеттердің) міндеттемелері анықталған болатын. БҰҰ-ның осы Рама конвенциясы ережелеріне сай жүргізілген дайындықтың нәтиже фазасы Киото (Жапонияда) протоколына қол қою болды. Сонымен Киото протоколы БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі Рама конвенциясының тікелей жалғасы іспетті сипатталды. Конвенцияға қатысушы жақтар өздерінің алдына қойған ұзақ мерзімді мақсаттарына жету үшін міндеттеме алды.
Бұл міндеттемеде климаттың антропогенді себептерден ғаламдық өзгерулеріне дер кезінде көңіл бөлу және тиісті түрде құлақ асып, олардың әрі қарайғы етек алып кетуіне жол бергізбейтіндей саясат жүргізу, сонымен бірге бұл салада қалау-тілекке сай келетін нәтижелерге қол жеткізетін шараларды іске асыру және әрбір жақтардың өздеріне алған міндеттерін орындауы тиіс деген ереже-қағидалары бар.
Осы келтірілген міндеттер аталған конвенция бекіткен мемлекеттер қызметтерінің негізгі бағыттары болып табылады. Конвенцияның заңдық міндетті аспабы болып табылатын КИОТО протоколы өзінің жақтастары конференциясында (Жапонияның Киото қаласында 1997 жылы) қабылданды. Сөйтіп ол 1998 жылдан қол қоюшылар үшін ашық деп жарияланды. Осы хаттама бойынша Конвенцияның 1-ші қосымшасына енген жақтар (жақтастар) 2008-2012 жылдар аралығындағы кезеңде әр жыл сайын өздеріндегі өндірістерде өндіріліп шығып жатқан парниктік газдардың жиынтық тастандыларын 1990 жылдың деңгейімен есептегенде ең аз дегенде 5% мөлшерде азайтуы тиіс.
1998 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министрлігінің сараптау комиссиясы БҰҰ-ы Рама Конвенциясының Киото Хаттамасына қосылу жөнінде қол қою туралы жөнінде өз шешімін қабылдады. Бұл қол қою әртүрлі елдердің және халықаралық қорлардың қаражаттарын Қазақстанға тартуға мол мүмкіндіктер береді. Сөйтіп еліміздегі қордаланып қалған экологиялық проблемаларды шешуге мүмкіндіктер береді деген болжам бар.
Судың ластануыЖыл сайын 30000-нан аса әртүрлі химиялық, шамамен 1200 миллиондай тонна заттар әлемдік мұхитқа тасталып жатады, оның ішінде 6 миллиондай тоннасы мұнай.
Топырақтың ластануы
Жыл сайын біздің ортақ анамыз Жерде 20 миллион гектар жер өзінің құнарлығынан айырылып жатады, еске сала кететін жәйт, оның - 6 миллион гектары шөл далаға айналып жатады. Әрбір жылда топыраққа 4 миллионға жақын тонна улы химикаттар себілуде.
Ерекше түрде қатерлі болып келетіні радиоактивті ластану, ал мұның өзі ауаны, суды және құрлықта һәм әлемде мұхиттағы, өзен-көлдердегі суларды да, аралдарды да, әлемнің барлық тұстарын ластап жатады. Мұндай ластанулардың қауіптілігі Чернобыль атом электростанциясы апатындағыдай ғана емес, сондай-ақ қауіп-қатерді адамзатқа радиоактивті қалдықтардың да төндіретіні ақиқат шындық.
Жан-жануарлар мен өсімдіктер дүниесінің жойылу қаупі
Экологтардың мағлұматтары бойынша бүкіл дүние жүзінде 100-ге жақын жан-жануарлар мен өсімдіктердің түрлері жыл сайын жойылып отыратын көрінеді. Жойылудың аз-ақ алдында тұрған 50 000-ға тарта жан-жануарлар түрі бар көрінеді. Табиғатты қорғаудың Халықаралық Одағының жариялаған Қызыл кітабындағы жоғалып бара жатқан тек қана сүт қоректілер мен құстар жөнінде жинақталған тізімі көлемді 2 томды құрайтын көрінеді.
Өйткені жыл санау басталғалы өткен екі мыңыншы жылдың соңғы 2 жүз жылында яғни 19-20 жиырмасыншы ғасырларында орман алқаптары яғни ғаламшарымыздың тынысы екі есе азайып кетті, сөйтіп бейнелеп айтсақ тынысымыздың ғаламдық масштабта тарылуы басталды. Жыл сайын 11 миллион гектардағы орман алқаптары жоғалып отыратын болды. Американың тропикалық ормандарының 40%-і, Африканың тропикалық ормандарының 50%-і жойылып бітті. Жер бетінің өсімдік өсіп өнетін қыртысының 25%-і не жақын аумағы істен шығарылған. Бұрынғы болжауларда 2000-ы жылға қарай өсімдіктердің әрбір жетінші түрі жер бетінен жойылады деп пайымдалған болатын.
Мемлекет және құқық экологиялық проблемаларды шешуде төмендегідей түрде ықпалды әрекеттерге барады:
Біріншіден, табиғатты қорғау қызметтерін реттеу жөніндегі заңдарды іске асыруда оларды баянды етіп бекітілгендеріне мыналар жатады:
- табиғатты пайдаланудың режимі (белгіленген тәртібі);
- ерекше түрде қорғалынатын, режимді объектілерді олардың қызмет етулерін атап-атап белгілеу және жүзеге асыру;
- әлеуметтік және техникалық стандарттарды жасау және оларды болмысқа енгізуді қолға алу, жүзеге асыру;
- тиісті құқықтық ұйғарымдарды (бұйрықтарды, жарлықтарды) қорғау құралдары мен тіршілік ететін ортаны сақтауды іске асырудың барысын бақылау - қадағалаулар тәртібін болмыста жүзеге асыру;
- қылмыстық-әкімшілік құқықтық тыйымдарды болмыста іске асыру;
- табиғатты қорғау кызметін іске асыруда даулы мәселелерді шешудің, заң алдындағы жауапкершілікті жүзеге асырудың, лауазымды тұлғаларды заң жолымен қорғаудың рәсімдерін жасау.
Екіншіден, табиғат пен тіршілікті, қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдылықты қамтамасыз етуге бағытталған тиісті мемлекеттік органдардың құқық қорғау қызметтері, атап айтқанда:
- сот, прокуратура, ішкі органдардың ұйымдастырушылық қызметтері;
- табиғатты қорғау міндеттерін атқарып жатқан комиссиялар мен басқа да ұйымдардың (орман қорғау, балық ресурстарын қорғау және басқа да органдардың) ұйымдастырушылық қызметтері;
- тиісті мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдар әкімшілігінің табиғат пен тіршілікті қоршаған ортаны қорғаудағы қызметтері.
Үшіншіден, халықаралық құқықтық қатынастар аясында мемлекеттің атқарып жатқан қызметі. Бұл тұста мына бағыттарды атап көрсеткен жөн:
- экологиялық істерді жүзеге асыруда қызмет атқарып жатқан халықаралық ұйымдардың жұмысына мемлекеттің қатысуы;
- табиғатты қорғаудың халықаралық ұйымы мен және осыған ұқсас үкіметтік емес басқалай да ұйымдармен ынтымақтасып табиғатты, қоршаған ортаны қорғау ісімен айналысу;
- табиғатты қорғау міндеттерін шешуге бағытталған халықаралық құқықтық келісімдер мен басқалай да құжаттарды жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
Төртіншіден, мемлекеттің табиғатты қорғау қызметінде құқықтық емес нысандардың да маңызы едәуір болады. Бұл тұста халыққа экологиялық тәрбие беру ісін, экологиялық білімдерді насихаттау, бұл істе қоғамдық бірлестіктермен ынтымақтасып халықтың қалың бұқара көпшілігін осы жұмыспен шұғылдануға тартуды атап-атап көрсетуге болады.
Мемлекет, құқық және халық
Халықтың қоныс тебуі, яғни жерге орналасу проблемасы осы заманғы ғаламдық проблемалардың бірі. Бірінші кезекке шыққан осы проблема ең алдымен бейбітшілік, адамзаттың тіршілік етуін қамтамасыз ету, мешеулікті жою проблемаларымен тығыз байланысып, астасып жатыр.
Тікелей ме әлде жанама түрде ме бұл проблема мемлекеттік қызметтің төрт саласының әрқайсысының мазмұнына кіреді. Бұл төрт сала адамның, қоғамның тіршілік етуінің экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухани-діни жақтарын қамтиды. Бәрінен бұрын аталған халықтың қоныс тебу проблемасы осы төрт саланың ішіндегі әлеуметтік саламен тығыз байланысты. Халықтың қоныс теуіп жерге орналасуы "Демография" деген ғылымның зерттейтін пәні болып табылады. Демография халықтың санын, құрамын және қоныс аударып қозғалып отыруларының әлеуметтік-экономикалық, дін-мәдени және басқалай да факторларының байланыстылығын зерттейді.
Демографиялық процестерді мемлекеттік басқару ісі еңбек ресурстарының көлемін үйлесімді деңгейі жеткізіп оңтайландыруды өзіне мақсат етіп қояды. Басқаша айтқанда халықты материалдық игіліктерді өндірушілер ретінде қарастырады. Сонымен бірге бұл мақсаттың құрамында халықтың осы игіліктерді пайдаланушылар ретінде өзіне лайықты және жеткілікті дәрежеде өмір сүру деңгейін қолдап отыруы да бар.
Мемлекет өз қызметтерін атқарудың барысында құқықтық және құқықтық емес әдістерді пайдаланады. Осыған байланысты заң шығармашылығы ісінің рөлін атап көрсеткен абзал. Ал заң шығармашылығы ісі болса әлеуметтік дамуды реттейтін блокқа (топтамаға) еңбек туралы, авторлық заң шығару, әлеуметтік қамсыздандыру туралы заң шығару, мұның ішінде зейнеткерлік, тұрғын жай туралы заң шығару, білім және денсаулық сақтау жөнінде заң шығару, неке және отбасы жөнінде заң шығару және тағы басқа салалар бойынша заңдар шығарулар бар. Осы заң шығаруларда, оларды қабылдау және жүзеге асыру мемлекеттің табысты түрде қызмет атқаруына байланысты болады.
Әрбір мемлекет белгілі бір демографиялық саясатты ұстанады жөне оны жүзеге асырады. Ал мұның өзі әлеуметтік-экономикалық саясаттың бір бөлігі болып табылады. Сондықтан, әрине ізгілік-рухани салалармен тығыз байланыстылықта болады. Сонда мұның басты бағыттары мынадай: халықтың ұдайы өсіп-өніп көбеюі мен көшіп-қонып тұрғын орындарын ауыстыруы; халықтың білім әлеуетін қалыптастыру және құру; еңбек ресурстарының кұрамы мен құрылымы; кәсіби бағдары; еңбекке тарту жұмыс орындарына орналастыру процестері туралы барлық мағлұматтар мемлекеттік есеп-қисапта (статистикада) халық санағын өткізудің нәтижесінде жинақталып сақталады. Сөйтіп заң шығару-қабылдау және атқару-орындау билігінің назарына түседі. Осы мағлұматтардағы халықтың саны мен сапасы ең басты көрсеткіш болып табылады.
Біріккен Ұлттар Ұйымына (БҰҰ) мүше елдер үшін халықтардың көшіп-қону мәселесіне орай ұйымдастырылған халықаралық конференцияда қабылдаған шешімде БҰҰ-ы ХХ-шы ғасырдың 60-шы жылдарының соңын ала халықтардың көшіп-қону саласына көмек көрсету мақсатындағы барлық шараларды үйлестіріп отыру міндетін өзіне алған болатын. Осыған байланысты БҰҰ-ның арнайы қоры - ЮНФМА 1969 жылы құрылды. Осы бағытта ЮНЕСКО-да іс-қимылдар жасауда. Сөйтіп бұл ұйымда демографиялық проблемаларды, оның ішінде халықтарды оқу-ағарту ісіне тартып білім беру арқылы шешу жөнінде көмек беру ісімен шұғылдануда.
РҒА (Ресей Ғылым Академиясының) әлеуметтік-экономикалық институты демографиялық орталығының мағлұматтары бойынша әзірге жер-анамызда халықтар саны өсу үстінде көрінеді. БҰҰ болжауы бойынша жақын болашақтағы 50 жыл ішінде халықтар саны жер бетінде 9,8 миллиардқа дейін өсетін көрінеді. Ал одан арғы жерде ондай өсу күрт төмендеп баяулайтын сыңайы бар. Сөйтіп үшінші мың жылдықтың соңына қарай жер ғаламшарының тұрғындарының саны 10-11 млрд-қа барады-мыс. Сөйтіп одан арғы жерде халықтар саны тұрақтанады деген болжам бар.
Пысықтау сауалдары:
1. Адамзаттың ғаламдық проблемаларын атап-атап айтыңыз және оларды шешудегі мемлекет пен құқықтың рөлін көрсетіңіз.
2. Экологияны сақтау мен оны қорғауда құқық пен мемлекеттің ықпал ету тәсілдерін атап көрсетіңіз.
3. Экологиялық проблемалардың қайсылары Қазақстанға тән және оларды шешудің жолдары қандай?
4. Бүкіл адамзатқа демографиялық проблемалардың қандай мәні бар және оларды шешуде мемлекет пен құқықтың рөлі қандай?


Приложенные файлы

  • docx 12954365
    Размер файла: 268 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий