Айым ФИФ диф


КІРІСПЕ
Жекелеген территорияның флорасын зерттеу, жер бетін флоралық аудандарға бөлуге, флоралық облыстарға бөлуге және біршама бөлшектенген флоралық кеңістіктердің бірліктерін — облыстарды, провинцияларды, округтарды және т.б. бөлуге қажетті материал береді. Өсімдіктер қауымдастықтарының географиясы (география растительности) — бұл флорографияның бірінші проблемасы. Оның міндеті — өсімдіктер топтарының таралуын зерттеу болып табылады. Сонымен, өсімдіктер географиясының деңгейінде екі ерекше ғылым қалыптасқан: түрлердің және басқа систематикалық бірліктердің географиясы (эйдологиялық география) және өсімдіктер қауымдастықтарының географиясы. Оларды зерттеудің негізгі тәсілі — ареалогиялық тәсіл, басқаша айтқанда түрлердің немесе өсімдіктер топтарының алып жатқан жер көлемін зерттеу.
Биогеография - биоценоздардың және олардың құрамына кіретін өсімдіктердің, жануарлардың және микроорганизмдердің таралу заңдылықтары туралы ғылым. Биогеография микроорганизмдер географиясын, өсімдік географиясын, өсімдіктер бірлестігі географиясын, жануарлар географиясын және организмдердің жалпы географиясын қамтиды. Кейбір авторлар (Э. Мартонн, В.Г. Гептнер, Ф.Витасек және тағы да басқалары) Биогеографияны ботаникалық география мен зоогеографияның жиынтығы ретінде, басқалары (В.Б. Сочава) Жердегі органикалық дүниенің географиялық таралуының жалпы зандылықтарын зерттейтін осы ғылымдардың қондырмасы есебінде қарайды.
Ғылым есебінде XIX ғ. бас кезінде, өсімдік географиясы мен жануарлар географиясы туралы мәліметтер корланған кезде құрылды. Биогеографияның ареологиялық, флоралық, фауналык, экологиялық, тарихи және аймақтық деп аталатын негізгі бағыттары бар.
ӨСІМДІКТЕРДІҢ ЖЕР ШАРЫНДА ТАРАЛУЫ ФЛОРАЛЫҚ
ОБЛЫС АЙМАҚТАРЫ.
Өсімдіктердің жер шарында таралуы өткен тарихи эпохамен байланысты екендігін анализдеп, синтездеп көптеген қосымша факторлардың да себепкер болғандығы анық. Жалпы өсімдік географиясының өзі жер бетіндегі таралуы заңдылықтарын, тарихи себептерін анықтайтын, зерттейтін ғылым деп дәлелдеген. Флоралық ареалдың, аймақтың территорияның құрылуына, қалыптасуына негізгі әсер ететін тарихи фактор. Әрбір материктің өзінің құрылу тарихы, бағыты, этаптары, геологиялық өзгерістері бар. Бір материк пен екінші материк арал болуы мүмкін, арақашықтығы арақатынасы оқшаулануы сияқты ерекшеліктері бар. Біртұтас жер шары бірнеше бөліктерге бөлінді. Соның нәтижесінде де өзгешіліктер бар – тропика, субтропика, шөл, дала, шөлейтті, тайга, тундралы жерлер пайда болды. Материктердің геологиялық бөлінуі факторлардың әсері – сол жердегі флораның дамуы, өсіуі, таралуы, ареал құрумен қатар жаңа өсімдік түрлері таксондары пайда болды. Бір өсімдік түрі дамыса, екінші бір өсімдік түрлері жойылып, азайып бара жатқандығы белгілі. Бір материктен екінші материкте ораграфиялық, ауа райында ұқсастық болмайды. Тек, кейбір өсімдік түрлері бірнеше материкте космополитті өсуі мүмкін. Осы мысалдар мен факторлардың әсерінің өзі тарихи факторлардың ықпалы күштті болғандығының дәлелі. Өсімдіктер түрі, бірлестігі қандай бір жер болсада сол жерде өсіп шығуға өз әрекетін жасайды. Өсімдікке топырақ, ауа райы , жыл мезгілдері, геологиялық жағдай әсер ететіні белгілі.Өсімдік құрлымын, бірлестігін құрып, өз белдеуі, түрлері жинақталып, доминаттары шыға бастайды. Голарктикалық бореалдық климатта өсімдік түрлері бірлестігіндегі орман, тундра, тайга, батпақ өсімдіктері мұз қатпау дәуірінен бұрында тіршілік еткен. Кейбір өсімдіктер түрлері үштік дәуірден 30 млн жылдан бері ол Орта Азияда, тропикалық белдеуде оданда ертерек бор дәуірінде тіршілік етіп келе жатқан өсімдік түрлері бар. Мұз дәуірінен бұрын өмір сүріп біздерге жеткен өсімдік түрлерінің құрылысын салыстырғанда айтарлықтай өзгерістер бар екендігі-уақытқа, эпохаға байланысты өзгерістер болғандығының дәлелі. Өсімдіктердің көптеген түрлерінің жер бетінде төрт рет мұз қаптағанынан жойылып кеткендері де аз емес. Өсімдіктердің жер бетінде таралуы, бөлінуі көп жағдайда жер бедеріне, ландшафтқа тайга, шөл, орман, дала, бөлінуіне де байланысты.
Жер шары өсімдіктерінің георафиялық орналасуына байланысты- аймаққа, облысқа, ареалға, провинсияға бөлінді. Өсімдіктер өсіп тұрған жерлердегі алатын көлемі, аумағы, зонасы әртүрлі. Тек Рессейде тайга, Солтүстік Африка жерлерінде өсіп тұрған өсімдік түрлері белгілі бір түгел аумақ территорияны, немесе полосаны алып жатыр. Таулардағы белдеулерегі өсімдіктердің жазықтықтағы өсімдіктермен ептеп ұқсастығы бар. Мысалы, Кавказ тауларындағы өсімдіктер Европа жеріндегі Оңтүстіктен Солтүстікке қарай бағытталғанымен салыстыруға ұқсастығының барлығын байқауға болады. Тау биік болатын болса белдеулерге бөлінетіні, әр белдеуде өзіне тән өсімдіктер болатыны белгілі. Белдеулердегі өсімдіктер құрамдарының, түрлерінің өзгеруі биіктеген сайын климаттың өзгеруі деп түсу керек. Жоғарылап биіктеген сайын ауа райының суықтауы, өсімдік вегетациясының мерзімінің кемуі, көктемгі жылулықтың кеш түсуі, яғни, қыс ерте түсіп жаз кештеу шығатыны. Жоғарылап, биіктеген сайын кей тауларда ылғалдылық артып, кей тауларда ылғалдылық кеміп құрғақ болып тұрады екен. Жапырағы түсетін ормандар қоңыржай ендікте, керсінше, континент шетіне қарай шақталып ығысқан. Қиыр шығыстада орман ағаштары топтасып өседі де, мұхит жағалауларына жақындамайды, олар басқа өсімдіктер типтерімен алмасады. Солтүстік жарты шарда мәңгі жасыл қатты жапырақты тоғайлардың алатын орны ерекше. Олар субтропикалық белдеулердің құрғақ аудандарда, континенттің батыс жағалауында 35-40 ендіктен сына тәріздес басталып құрғақ шөл далаға жете бере кішіриіп барып бітеді. Бұл жерлерге қарама-қарсы субтропикалық ендіктен, шығыс ылғалды континенттерінде мәңгі жасыл субтропикалық ормандар өсіп тұр. Тропика, субтропика, шөлдала, тайга, тундра деп сипаттама бергенде, сол жерлерге ғасырлар бойы бейімделген, тек сол жерлерге тән, суыққа, ыстыққа, экстремальды жағдайға бейім аймағы өсімдіктер тайга тундрада өседі. Жер шары континенттерін салыстырмалы ерекшеліктерге, өсімдіктерімен қысқаша шолу жасай отырып, оқымысты ғалымдарда бұл салада еңбек еткен жоқ.
Дильс Л. 1929 жер шарындағы өсіп тұрған өсімдіктеріне байланысты алты флоралық аймаққа бөлді: 1.Палиотрпикалық 2.Кап 3.Галарктикалық 4.Неотропикалық 5.Антрактикалық 6.Австралиялық.
Энглер А. 1936 5 флоралық аймаққа бөлді: 1. Солтүстік флорадан Сыртқы флоралық аймақты - 9 облысқа 47 провинсияға бөлді. 2.Палеотропикалық флоралық аймақ - 9 облысқа 33 провинсияға бөлді. 3.Орталық және оңтүстік Америкалық флоралық аймақ - 5 облысқа , 13 прв инсияға бөлді. 4.Теңіз жағалауы флоралық аймақ – 3 облысқа көптеген провинсияға бөлінді. Олардың өсуі, дамуы, таралу тарихы барлық геологиялық өзгерістерге тікелей байланысты.
Голарктикалық флоралық аймаққа сипаттама
Голарктикалық флоралық аймақта жер бедеріне, ландшафтқа, географиялық орналасуына байланысты өсімдік түрлері бар тропикалық флорамен салыстырғанда айырмашылық та бар. Ареалда - өсімдік туысының, түрінің, тұқымдасының негіздері қаралып өсімдіктер семантикасына жинақталып өсімдіктер географиясы ғылым саласына өз үлестерін қосуда. Жергілікті өсіп тұрған өсімдіктердің «Х» деп аталатын болса, ал сол жерге қоныстанатын «диаспора», бір екеу болып көріне бастаған өсімдіктерді «У» деп барлығы бірігіп группа болып сол территорияны қамти бастайды. Сонымен қатар басқа жерлерде өспейтін кездеспейтін сол жерге тән өсімдіктерде болады. Мысалы, тропикада – пальма, америкалық кактустар. Голарктикалык - бұл қарағайлар тұқымдасының (Ріпасеае), талдар тұқымдасының, қияқ - өлеңдер тұқымдасының (Сурегасеае), сарғалдақ гүлділердің өкілдері басым болып келетін, құрлықтың көптеген бөлігін алып жататын тұтастай айналмалы кеңістік (циркумпилярная масса). Оның құрамына үлкен континент Евразияның Козерог тропикасынан оңтүстікке қарай жататын және бір кездерде Тетис теңізінің аралдары болған Үндіқытай мен Үндістан жартылай түбектерінен басқа жерлердің барлығы кіреді. Бұған сонымен бірге солтүстік неотропикалық Африканы (Сахара шөлін қосып есептегенде), ал батыс жарты шарда Солтүстік Американы тұтастай дерлік жатқызады.
Голарктикалық облыстан оңтүстікке қарай екі тропиканың арасында (аздап Рак тропикасының солтүстігіне және Козерог тропикасының оңтүстігіне енеді) шығыс жарты шарда — палеотропикалық, ал батыс жарты шарда неотропикалық облыстар жатады.
Жер бетіндегі өсімдіктердің материктерге таралуы бор дәуірінен басталған. Барлық өсімдіктерді материктерикте 6 облыстық аймаққа бөлу – қазіргі ауа райы, топырақ эдапикалық факторларды тарихи геологиялық – палеогеографиялық негізінде бөлінген. Әрбір флоралық облыста түрдің, туыстың, тұқымдастың проценттік саны, өсіп тұрған аумағы әр түрлі. Сондықтан флоралық обылыстарға, ареалға, провинцияға бөлінгенде – генетикалық, тарихи материктің географиялық орналасу жағдайы, пайда болу орталығы, қашан, қай эрада алғашқы таралу ерекшілік мекені ескерілген. Кейбір флоралық облыстары Қытай –Жапон флоралық облысы, солтүстік Америка үштік дәуірден бері өзгеріске ұшырағанда, ол жердегі кейбір өсімдік түрлері басқа жерде өспейтін, кездеспейтін болғандықтан - Реликт облыс болып қалған. Кейбір обылыстарда Орталық Европа мұз дәуірінен, теңіз, су, геологиялық трансгрессияның нәтижесінде жер бедерінде, ауа райында қатты өзгерістер болып құрғақшылық артып -өсімдік түрлері қатты зардап шегіп, жойылып түр саны кеміп – деструктивті флораға айналған. Материктің кейбір жерлерінде өсімдіктер төзімділік нәтижесінде мүшелері өзгеріске ұшырау бейімделгіштік қасиеттерінің арқасында сақталған. Өсімдіктердің ареалдығы түр санының көптігі, аздығы, ауа райы, топырақ, алып тұрған аумағында байланысты емес. Мысалы: неотропикадағы Малезия флорасы - тропикалық солтүстік жарты шарын, голарктикалық флораны қосқанда асып түседі. Аз ғана жерді алып жатқан Кап флоралық аймағы - өзіндегі өсімдік түр санымен, ерекшеліктерімен эндем, реликт ешқандай басқа флоралық облыспен тең келмейді. Өсімдіктердің таралуына кейбір флоралық облысқа құрғақшылықта, теңізде кедергі бола алмайды. Полиотропикалық флоралық облыс - тропика шығыс жарты шары Атлант, Тынық мұхит жерлерін алып жатыр. Голарктикалық флора – солтүстік тропикадан сырт жерлерде де, өсімдік түрлері, туыстары, тұқымдастары 3 материктерде жалғасқан. Әрбір облыс жер көлемінің бірдей болмауы, өсімдік түрлерінің фармацияның әртүрлілігі, бір жерде аз, бір жерде шоғырлануы, жер бедері мұхит пен теңізден континетпен шектелуі – жердің геологиялық өсімдіктердің тарихы даму палеогеографиялық флора деп түсіну керек
1.2Неотропикалық флоралық аймаққа сипаттама
Неотропикалық биогеографиялық аймақтың шекарасы Калифорниямен Мексиканың оңтүстік бөлігінен басталып 40с оңтүстік белдеуге дейінгі құрлықты және Орталық Америкаға таяу аралдарды басып өтеді: Калифорния түбегінен Мексика шығанағы Антиль архипелагы Багамаралы, Флорида шығанағы, Атлант мұхиты, Гавана, Кариб теңізі, Гвинск қыраты, Амазонка, Бразилия, Анд, Оңтүстікте, Галапогос, Панама, Бразилия аралдары кіреді. Калифорния, Флорида түбегі, Оңтүстік тропика, Мексика жағалауы, Орталық Америка, Антиль аралдары неотропикалық деп аталады. Неотропикалық биогеография аймағы Кариб, Оринок, Амазонка, Бразилия, Лаптан, Анд аймақ бөлімдерінде бөлінеді. Неотропика флоралық аймағы өсімдіктерге өте бай. Бразилияның өзінде 40000 өсімдік түрі өседі.
Бұл аймақтың өсімдіктері әрүрлі, көбі мезофильді орман өсімдіктері, мысалы, сүттіген, лавр, ойраншөп, мирта, тұт, салинда, пальма, орхидеа, күрделігүлділер, астық, бұршақ, ерінгүлділер тұқымдасы өкілдері де кең тараған. Эндемик өсімдіктер көп емес - бромелия, кактус, осы аймаққа тән өсімдіктер. Неотропикалық флораның гүлді өсімдіктерінің шығу орталығы, таралуы, негізгі палеотропикалық өсімдіктер патшалығынан деп қабылдайды: бомбакс, анон, гернайда, лавр, бромелия, бұрыш, ризоферия, мирт, анокордия, сапиндовия, протеин, бигновения, орхидеа, пальма, тұқымдастары 450 ескі және жаңа дүние бөлігінде де кездеседі. Оңтүстік Америка флорасы Батыс Африка тропикасымен байланысты жоғарғы борға дейін жалғасқан. Батыс Африка тропикалық тұқымдасы бромелияның барлық түрі Оңтүстік Американың тропикасында тек эндемик түрлері ғана Гвинеяда өсіп тұр. Оңтүстік Америкамен Африка материктерінің ажырағанына өте көп уақыт болды, сондықтан да неотропикалық флорада оқшауланудың нәтижесінде қазір 30–ға тарта эндемді тұқымдастар бар: Кариокария, Тавария, Юлиания, Беликания, Канн, Циклантия эндемді тұқымдастар. Неотропикада настурция тұқымдасы, өте кең тараған, сондай-ақ кактус, аройдты, бромелия, хразбалания, цирилла, текалқа тұқымдасының ішінде ағаш өкілдері: меңдуана, дурман древовидный - томат, томатағашы, мирта тұқымдасының өкілдері: фейоха, бегония, флуксия, агава, пальма туысының ерекше түрлері - хамедорея, маурития, свовль, негізінен мезофильді орман өсімдіктері - сүттіген, лавр, алабұта, күрделі, ерінгүлділер, элактұқымдасы, мәңгі жасыл лавр тәріздес жапырақтары бар ормандардың болуымен ерекшеленеді.
Неотропика флоралық аймағы 5 тармаққа бөлінген: Кариб теңізі, Гвиантау қыраты, Амазонка, Бразилия, Анд.
1) Кариб неотропикалық солтүстік бөліміне: Оңтүстік Мексика, Оңтүстік Америка және көптеген аралдар кіреді. Екі эндемді тұқымдас, 500-ге тарта эндем туыстары, әсіресе ертеден өсіп келе жатқан, морфологиялық құрылысы жағынан ерекшеленетін микроция жас. Бұл өсімдіктің бір түрі ғана сатовниктерге жатады. Кубада өседі.
2)Гвиантаулы қырат бөлімі. Оңтүстік Американың Солтүстік таулы жерлерін алып жатыр. 800 өсімдік түрі өседі, жартысы эндем. Эндем өсімдіктердің 90-96 таулы жерлерде, бір эндемді тұқымдас, 100 эндемді туыс, бұлар өте ертеден өсіп келе жатқандықтан – реликт болып табылады.
3)Амазонка флоралық бөлімі – неотропикадағы көлемі жағынан ең үлкені. Бұл флоралық бөлімде –Амазонка бассейіні Оринокоға орналасқан, негізінен жазық, тегіс жерлер. А.Гумбольдттың зерттеу жұмыстарын жүргізген, жаңбырдың көбірек жауатын, орманды–Гилей деп атаған жері. Бір эндемді тұқымдас, 500 эндемтуысы, 3000 жуық эндем түрлері бар.
4)Бразилия неотропик бөлімі. Бразилия үстүртіне орналасқан эндем тұқымдасы жоқ, 400 эндем туысы бар. Ертеден өсіп келе жатқан қылқан жапырақтылар өкілі–араукария араукарияу эколистная, подокарпус түрлері. Бразилия флоралық бөліміне тән өсімдік - падуб, жапырағы шай орнына пайдаланылғандықтан жергілікті халық бұл өсімдікті парагвай шәйі деп те атайды.
5)Андфлоралық бөлімі. Батыс Америка жағалауынан оңтүстік тропика,солтүстік материк шегін едейін созылып жатыр. Жері өсімдік түрлеріне бай болмағаны мен өздеріне тән ерекшеліктері бар.
Палеотропикалық флоралық аймаққа сипаттама
Палеотропикалық облыс – Африка және Азия материгінде негізгі белдеулерден оңтүстікке, тропика шөлдаласы арқылы батыстан оңтүстікке созылып жалғасқан асқақ Гималай тауы, Үндіқытай тауы, шығыста Янцзы өзені, Тынық мұхитта Тайвань аралынан солтүстікке қарай Гавай аралы одан оңтүстік – шығысқа қарай ығысқан Америка жағалауларымен параллель жатады.
Палеотропикалық флоралық облысында жалпы тропикада, жақын орналасқан аралдары және өзіндік эндемді өсімдіктер түрі көп – 10000 жуық эндемді тұқымдастар бар. Диптерокарп–400, фикус–1000, непентес өсімдігінің 70 түрі өседі. Мысалы: Қосқанат жемістілер – Азия материгінде тропика орманындағы мәңгі-жасыл ағаш – Малайск архипелагы, Замбези Мозайка бассейнінде Нигер, Нигерия, Чад, Камерун жерлерінде өседі. Бұл тұқымдастың аты – жемісті жаңғақты қоршай, орай орналасқан, тұқымның желмен таралуына жағдай жасайтын 2 қанатты тостағаншасы болуымен аталған. Жер бетінде 17 туысы, Африкада 2 туысы өседі, 400 түрі бар. Қосқанатты жемістілер ағаш, биіктігі 60-70 м отаны Малайск архипелагы, Жаңа Гвинея, Филиппин, Мадагаскар, Экваторлы Африка жерлеріне таралған. Сүрегі жеңіл өнеркәсіпте кеңінен қолданылады. Ал, басқа түрінен шайыр алынады. Суматра ағашынан сапасы өте жоғары малобар майы деп аталатын май алынады. Палеотропикалық облыста кеңінен тараған өсімдік панданус тұқымдасы неотропикалық облыста циклоцвет тұқымдасын алмастырады, панданус өсімдігінің өкілдерінің ареалдары–Африка тропикасы, Мадагаскар, Оңтүстік Азия, Солтүстік Австралия, Зонд, Полинезия, Жаңа Зеландия архипелагы. Панданус тұқымдасының 800 түрі бар, пальмаға өте ұқсас, барлық жерде пальмамен қатар таралып отырады.
Палеотропикалық эндем Непентес - Nepenthes тұқымдасы шығыс бөліктерде кездеспейтін – неотропикалық бормелия тұқымдасына ұқсас. Сағақтары арқылы басқа өсімдіктерге жармасып, кішкентай қоржындары арқылы насекомдарды қорытатын асқазан шырыны бар. Непентес өсімдіктері Мадагаскар жерінен әрі кездеспейді: олар Ганга, брахмапутра джунглиясының, тропика ормандарының – Үлкен Зонд, Филиппин аралдары, Үндіқытай, Жаңа Гвинея, солтүстік Австралия жерлерінде өседі. Таралу орталығы – Малезия. Бұл жерде 70 – ке тарта түрлері бар.
Африка, Азия тропика жеріндегі халық шаруашылығында үлкен маңызы бар – банан Musaceae - банановые тұқымдасы. Банан 15 м биік болып келеді. Ұзында жалпақ – 4м жапырағы бар шөптесін өсімдік. Жемісі – 60% ұн тәріздес дәмі бар заттан, 16% қант, 5,6% крахмал, майларынан тұрады. Банан жемісінен – банан ұнын, мармелад, шырын, банан шарабын, өзін сол күйінде де тамаққа пайдаланады. Банан шарабын, өзін сол күйінде де тамаққа пайдаланады. Банан оңтүстік Азиядан дегенде жорамал бар. Ал, бірақ ертедегі египеттіктер де әртүрлі сорттары өсірілген плантациялары болған. Тропикалық Америкада да 100 ге тарта сорттары өседі.
Пальма өсімдігінің кейбір түрлері палеотропикалық: кариота - Coryota, арека - Areca, нипа - Nipa, Борасова пальмасы, эндем ротанг пальмасы шырмауық тәріздес лиан Малезия, Индия жерінде және де жалпы тропикалық Африкада аз кездеседі.
Эндем палеотропикалық өсімдік – имбир - Zinqiberaceae тұқымдасы халық шаруашылығында техникалық, тамақтық имбирь, кардомон, дәрмене тамыр рөлі ерекше. Целогинэ - Coeloqyne, дендроби - Dendrobium, ангрэкум - Anqraecum, бульбофилл тропикада - эндем ароидты түрлері де көп. Көпшілігі эпифитті өсімдіктер тропикалық ареалдың мәнін де, сәнін де келтіріп тұрған осы өсімдіктер.
Палеотропикадағы облысқа анализ жасай келе, оның географиялық орналасуы тарихы және қазіргі жағдайын ескере отырып 5 флористикалық тармаққа бөлінеді:1. Үндіафрикалық 2. Мадагаскар 3. Малезия 4. Жаңа Зеландия. 5.Санвич аралдары немесе Гавай.
1.Үндіафрика тармағы – Африка континентіндегі Сахарадан бастап оңтүстіктегі Оранж өзеніне дейін Азияда – оңтүстік батыс Аравия, Үндістан түбегі. Тар шөлінен бастап батыста шығыс Үндіқытайға дейін созылып, Солтүстіктегі Гималаймен қоршалған болып есептеледі.
Палеотропикалық өсімдіктер оңтүстік Америка, оңтүстік Азияға қарағанда – сиректеу, кедейлеу, ал жас жағынан бірдей. Бор, үштік дәуірден қалған, құйқалы Гвинея, Конго тропикалық орман өсімдіктері сақталған, 13000 түрі, бұршақ, пальма, ананас, стеркулия, панданус басқада Африка тұқымдастар өседі. Африка тропика ормандарында биіктігі – 80 м келетін гигант, тамыр тіреуіштерінің болуымен ерекшеленетін Макаранги өсімдігі, халық шаруашылығында сүрегі, жемісі кеңінен пайдаланылады. Пальма рафии шырыны шарап жасауға пайдаланылады Elaecis quineensis - пальма майы алынады. Ливия кофесінің отаны Coffea liberica, өте улы өсімдіктер Erythrophloeum quineense бұл өсімдіктердің қабығында жүрекке әсер ететін улы зат бар. Биік банандар, бамбук, эпифит, эндемді өсімдіктер мүйіз жапырақты папоротник, кактус, рипсалис шырмауық өсімдіктер арасында өседі.
2.Мадагаскар флоралық облысы. Бұл палеотропикалық флоралық аймағының Мадагаскар тармағына астанасы – Антанариву. Мадагаскар аралы және осы арал айналасындағы – Маскоренск, Сейшель, Амиранск, Комор және басқада кішігірім архипелаг аралдары кіреді. Мадагаскардан батысқа қарай құрғақ Саваннаға ұқсас 33 туыс шығыс Африка өсімдіктері өседі. Мысалы, пальма, бұршақ, сүттіген тұқымдасы баобаб. Бұл байланыс өте ертеде болған. Өйткені Мадагаскардағы эндем түрлері – Африкада өсіп тұрған эндем ұқсастығы осының дәлелі.Арал орталығы үстірт жазықтық, сондықтанда бұл биік жерлерде өз ерекшеліктері бар. Бейімделген – злактар, сирек кездесетін ағаштар, көп таралған пролеска, Канар, Африка, Наираби, Танзания аралы, Килиманджаро Занзибар тауларында да өседі. Пролеска тәріздес таралу қазтамақ өкілінде де кездеседі. Сонымен Мадагаскарда – 6765 өсімдік түрі, оның 89% эндем, үш эндем тұқымдасы бар. Сейшель аралында 338 гүлді өсімдік түрлері, 18% эндем, 5 пальма түрлері өседі. Сейшель аралында аты бүкіл әлемге таныс жемісі өсімдіктер ішінде салмағы жөнінен алғашқы орынды алатын 15-20 Сейшель пальмасы.
3.Малезия. Индонезия, Калимантано палеотропикалық тармағы. Палеотропикалық облыстың шығыс жағына орналасқан. Батыс тармағы Гималай тауымен шектеліп, шығыс Оңтүстік қытай, солтүстікте голарктика тармағымен жалғаса келе оңтүстікте Янцзы Улан - Мурэн өзен бойымен, Гавай аралы, оңтүстік Африка, жағалауы, Жаңа Зеландия, Батыста Малезия Үнді – Африка жерлеріне дейін жетеді. Қазбадан табылған өсімдіктер Малезия аймағы қазіргімен салыстырғанда үштік кезеңнен өте аз өзгерген. Малезия тармағында ең бай өсімдік түрі–45000 негізгі шоқталып, жинақталған жері Батыс Малезия. Зонд флорасы деп те атайды. Тропикалық орман құрғақ. Жоғарғы белдеулерде бұршақ тұқымдастар өкілдестері, шатыр тәріздес кронгасы бар ағаштар, сүттіген тұқымдастары, бурзер ағаштары. Малезия тармағында – ауылшаруашылық тропикалық мәдени өсімдіктер плантициясы: банан, қант қамысы, тростник, нан ағашы, таро, шай соңғы ғасырда пайда болған. Бұл жерде техникалық өсімдіктерден мақта, каучук, бояу алынатын индиго, куркум өсімдіктері өсіріледі.
4. Жаңа Зеландия флоралық тармақ. Жаңа Зеландия және оны қоршаған Кермадек, Тынық мұхит, Австралия, Тасмания, теңізі Веллингтон, Антипад аралдар осы флоралық аймаққа кіреді. Жаңа Зеландияда өсімдік және жануарлар әлемі мезазой эрасынан сақталып, өзгеріссіз келеді. Тауда, тау етектерінде өсімдік түрлеріне өте бай, эндемді өсімдіктер де жетерлік. Ашық сулы орман, тау етегінде өсіп тұрған папоротник түрлері орляк, злак, бұршақ тұқымдастарының орнына ірі ағаш тәріздес бөдене шөп, ағаш тәріздес күрделі тұқымдастар өкілі, шатырша гүлділер тұқымдастарынан эндемді өсімдіктер. Жаңа Зеландия өсімдіктің – 1843 түрі, оның 78% эндем, яғни, аралдық флора, ең жақын материк Австралияға дейін - 1650 км, Оңтүстік Америкаға дейін 7700 км. Дегенмен, Жаңа Зеландия өсімдіктері субантарктикалық Америкамен көптеген өсімдіктері бірдей. Мүктің – 46 түрі, қынаның – 30 түрі, гүлді өсімдіктер: кальцаолария, фуксия, бөдене шөп, шамшат. Жаңа Зеландия өсімдіктері палеотропикалық тармаққа жатқандықтан Австралия өсімдіктеріне ұқсастық аз. Мысалы: эвкалипт, акация, протеин тұқымдасының өкілі аз, ксанторей, казуарин жоқ. Осы өсімдіктердің Жаңа Зеландия жерінен қазбадан табылғандығы үштік дәуірде Жаңа Зеландия мен Австралияның геологиялық жақындығы барының дәлелі. Субарктикалық Америкамен өсімдіктер арасындағы байланыс, ұқсастық ертедегі антарктида мезазойда бір континент болғандығының дәлелі – бұлармен қоса Америкамен Африканың оңтүстік төменгі жағы, Австралия және Жаңа Зеландия. Кейінірек Жаңа Зеландия жеріне Панданус, Кокос пальмасы сияқты өсімдіктер Малезиядан тарай бастады. Жаңа Зеландия басқа материкпен байланысы болмай жеке дара оқшаулануда болғандықтан өзінің өсімдігі де, ауысып, таралып келген өсімдіктерде - Жаңа Зеландия өсімдігі болып қалып қойды. Чатам аралында пальмамен, ағаш тәріздес папоротниктердің оңтүстік шекарасының таралу линиясы өтеді. Басқа флоралық облыстармен салыстырғанда Жаңа Зеландия өсімдіктері халық шаруашылығы, техникалық рөлі зор.
5.Гавай флоралық аймағы. Ашық мұхит ішіне орналасқан, ең жақын материк 3000 км Сандвич, Гавай аралдары тізбектеліп палеотропикалық аймақтың Гавай флоралық тармағын құрған. Жақын жерде материктің жоқтығы бірнеше мың км мұхитпен, теңіз қоршаған жеке дара флоралық оқшаулану салдарынан өз өсімдік ерекшеліктері бар түрлер тіршілік етеді. Сондықтан да аралдың барлық жерінде өсімдік өсіп тұрмайды. 1600 м биіктікке дейін ғана белдеуде метросидерас, панданус, акация, кокос пальмасы, ағаш тәріздес папоротник түрлері, алевритті ағаш, Гавай тунгасы одан төменгі тау етегінде егінді жерлер.Сандвич аралы түземді флора деп те аталады. 705түрлі гүлді өсімдік, оның 93%, яғни 653 түрі эндем. Гавай аралынан басқа жерлерде өспейді де, кездеспейді де. Малезия флорасымен туыстық байланыстылығы барлығы: 260 эндем түрінің Гавай аралындағы – 180түрі Тынық мұхиты аралымен, Индия мұхиты 46 неотропикалық флорамен, 18 – Азия, Африка континентальды флорасының ұқсастығы барлығы анықталды. Гавай өсімдіктері эндемдер басқа да бір жаққа таралып немесе өздері құрып кетті деп ешбір оқымысты айта алмайды.
Сонымен, палеотропикалық флоралық аймақты басқа оқымыстылар: Африка, Мадагаскар, Полинезия, Жаңа Каледония деп 5 флоралық тармаққа бөлген. Эндем тұқымдас оның ішінде 5 өсімдік тұқымдасы непентес, диптерокарп, банан, флагеллария, панданус айрықша ерекшеленеді. Кеңінен тараған тұқымдастар: пальма, сүттіген, элак, күрделі гүлділер, оpxидей.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жекелеген территорияның флорасын зерттеу, жер бетін флоралық аудандарға бөлуге, флоралық облыстарға бөлуге және біршама бөлшектенген флоралық кеңістіктердің бірліктерін — облыстарды, провинцияларды, округтарды және т.б. бөлуге қажетті материал береді. Өсімдіктердің жер шарында таралуы өткен тарихи эпохамен байланысты екендігін анализдеп, синтездеп көптеген қосымша факторлардың да себепкер болғандығы анық. Жалпы өсімдік географиясының өзі жер бетіндегі таралуы заңдылықтарын, тарихи себептерін анықтайтын, зерттейтін ғылым деп дәлелдеген. Флоралық ареалдың, аймақтың территорияның құрылуына, қалыптасуына негізгі әсер ететін тарихи фактор. Әрбір материктің өзінің құрылу тарихы, бағыты, этаптары, геологиялық өзгерістері бар. Бір материк пен екінші материк арал болуы мүмкін арақашықтығы арақатынасы оқшаулануы сияқты ерекшеліктері бар.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Сағындықов Ж. Өсімдіктер географиясы. Алматы.,1997 83бет
2. Байтенов М.С.”Қазақстан флорасы”, том 1,2.Алматы,1999.
3 А.Ж. Божбанов “Экологиялық зоогеография негіздері” Алматы, 2013 106 б
4. Акмуллаева А.С. «Өсімдіктер мен жануарлар экологиясы» 49 бет
5. Қ.Ш. Нұрғазы, М.Қ.Байбатшанов “Зоогеография” алматы6 2010 116 бет
6. Қ.Ұлықпан “Жануарлар зкологиясы” Эверо, 2014 163 бет
7. Карамышева З.З.,Рачковская “Ботаническая география степного части центрального Казахстана” Алматы, 2010.

Приложенные файлы

  • docx 11431421
    Размер файла: 46 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий