Рахит ауруы


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Факультет: 1 Медицина Қабылдаған: Орындаған: Тірәсілова АқботаТобы: ЖМ -004 Рахит ауруы Жоспар: 1). Кіріспе. Рахит ауруы дегеніміз не?2). Негізгі бөлім Рахиттің пайда болу себептері3).Рахиттің жіктелуіЕмдік шаралары Қорытынды.Пайдаланылған әдебиеттер. Рахит – жалпы ағза ауруы болып табылады. Рахит ауруы — балаларда алғашқы 1-2 жылдарында жиі кездесетін, Д дәруменінің жетіспеушілігі мен күннің ультракүлгін сәулелерінің жеткіліксіз мөлшерде болуы салдарынан пайда болатын ауру. Рахит ауруы кезінде минералдану мен сүйектің түзілуі бұзылады. Д витаминінің жетіспеушілігінен, күн сәулесінің аз түсуі мен дұрыс тамақтанбаудан болады. Профилактика кезінде ағзадағы тапшы дәруменнің балансын толтырып, дисбалансты теңестіру керек. Ең негізгі белгісі болып ауру кезінде сүйектердің өзгерісі болуы. Бұл ауру балаларда екі жасқа дейін көп кездеседі. Көбінесе күзде, қыста туылған балалар жиі ауырады. Жасөспірім шағында аурудың салдарынан бойының өсуіне әсер етеді.Рахиттің әсерінен кальцийдің, фосфордың, магнидің ағзаға сіңірілуі бәсеңдейді. Сонымен қатар имунитеттің төмендеуі, асқазанның ас қорытылуы бұзылып, іш қату, өт жолдарының, 12 ішектің дискенезиясына және остеопороз, остемаляция, остеопения көбінесе омыртқаның қисаюына, тістердің бұзылуына, қан аздыққа әкеледі. Нәрестенің 1-2 айлығы кезінде аурудың клиникалық белгілері білінеді. Ең алдымен, нәрестенің ұйқысы бұзылады, теріде қызыл дақтар пайда болады. Ұйқысы бұзылып нәресте мойнын ары-бері бұра беруі мүмкін, соның әсерінен желке шашы түседі. Нәресте тершең болып, терден ащы иіс шығуы да мүмкін. Бұл кезеңде сүйектегі алғашқы өзгеріс байқалмайды. Ұзақ уақыт дәрі-дәрмек қабылдағаннан пайда болған рахит;Ішкі секреция безінің дұрыс қызмет атқармауынан болған рахит;Бауыр қызметінің бұзылуынан болған рахит;Гендердің өзгеруінен (гипофосфатазия) болатын рахит. Аурудың алғашқы белгілері мынадай:Сәбидің  ұйқысы бұзылады;Терісінде қызыл дақтар пайда болады;МазасызданадыКөп жылайды;Ұйқысы бұзылады;Мойнын әрі-бері көп бұрады,Шүйдесінде, желкесінде шашы түседі;Тершең болады;Терлегенде ащы иіс шығады;Асқа тәбеті тартпайды;Бауыр мен көкбауыр үлкейеді,Қан аздық;Рахиттың ортаңғы кезеңдегі клиникалық белгілері мынадай:Бассүйек жілігі мен кеуде жасушаларының өзгеріске ұшырауы, қисаюы;Жамбас сүйегінің тарылуы;Аяқтардың қисаюы;Буындардың ісініп, қисаюы;Көру қабілеті нашарлайды;Ішкі ағзалардың қызметінің бұзылуы РАХИТТІҢ ДАМУЫНА ӘКЕЛЕТІН НЕГІЗГІ СЕБЕПТЕР: РАХИТТІҢ ДАМУЫНА ӘКЕЛЕТІН ҚОСЫМША СЕБЕПТЕР: РАХИТТІҢ ДАМУЫНДА ҚАТЕР ТОБЫНА ЖАТАТЫН: -Түрлі мүшелердің патологиясы;-Мальабсорбция синдромы (целиакия, тағамдық аллергия, эукссудативті энтеропатиялар);-Тырысу синдромы бар балалардың тырысуға қарсы дәрілер қабылдауы;-Созылмалы бауыр ауруы, өт жолдарының, бүйректің аурулыры;  РАХИТТІҢ ЕМДЕЛУ ШАРАЛАРЫ: -Балалар кундеікті таза ауада екі – үш сағаттан кем емес серуендеуі және бала бөлмесі жиі желдетіліп туруы керек;-Баланың тамақтануы жасына сай болу керек;Рахиттің ауырлығына байланысты витамин Д 2000-нан 5000 ХБ 30 – 45 күн беріледі. Содан кейін 2 жыл бойы жаз айынан басқа айларда 500 ХБ мөлшерінде, 3-і жылы тек қыс айында тағайындалады. Қатер тобындағы балаларға 1-і курс емі біткен соң 3 айдан кейін витамин Д 2000 – 5000 ХБ мөлшері 3 – 4 аптаға беріледі. Антенатальды алдын алу шаралары:-Міндетті түрде жүкті әйел күндізгі және түнгі ұйқы уақытын сақтап, таза ауада серуендеу;Постнатальды алдын алу шаралары:-Міндетті түрде емшекпен емізу;-Жасанды тамақ сүті ана сүтіне 100 пайыз ұқсас болу керек;-Витамин Д тағайындау. Дені сау балаларға алдын алу мөлшері 400 – 500 ХБ тәулігіне. Бұл мөлшер баланың өмірінің 4 – 5 аптасынан бастап беріледі (күз, қыс, көктем айларында).Қатер тобына жататын балаларға витамин Д 1000ХБ мөлшері күз, қыс, көктем айларында алғашқы екі жыл, ал шала туылған балаларға өмірінің 10 – 14-ші күннен бастап 400 – 1000 ХБ күнде жаз айынан басқа айларда беріледі. Рахиттің алдын алу үшін және емдеу үшін көбінесе витамин Д3 сулы ертінде түрінді аквадетрим қолданылады. Қалпына келтіру еміне массаж, ЛФК жатады және тұзды ванналар дәрілік ем бастағаннан соң екі аптадан кейін тағайындалады. Рахитпен ауырған балалар әр 3 ай сайын бақылауда болады. Рентген тек қана өте қажеттілік болған кезде ғана жасалады.  Рахиттың ешқандай белгісі қалмайтындай етіп емделу үшін аталған кезеңнен бастап жақсы профилкатикалық емдеу жұмыстарын жүргізу керек. Егер осы кезеңде дұрыс профилактикалық жұмыс жүргізілмесе, онда ауру ары қарайғы қауіпті ортаңғы кезеңіне өтеді. Әсіресе, таза ауада жиі болмайтын, көмір қышқыл газды ауамен көп тыныс алатын, «Д» витаминінің жеткілікті мөлшерін қабылдамаған және профилактикалық байқаудан өтпеген балаларда рахит ауруы ауыр өтеді. Ортаңғы кезеңдегі рахиттың белгілері мынадай:* бассүйек жілігі деформациясы мен кеуде клеткаларының;* жамбас сүйегінің тарылуы;*аяқтардың қисаюы;* ішкі ағзалардың қызметінің бұзылуы. Аурудың қозған кезеңінде дұрыс прфилактикалық жұмыстар атқару керек. Әсіресе, дәрігерлердің араласуымен емдеу өте маңызды.Дер кезінде емделмеген рахит ауруы бар балалардың кейінгі кездегі уақыттарында аурудың белгілері қалып қояды. Және рахитпен ауырған балалар жиі аурығыш келеді және аурулары созылмалы түрде болады.Аурудың басталмай жатқан кездегі профилактикалық шараларына ананың емшек сүтін ұзақ уақыт ему, дисбактериозды емдеу мен дұрыс тамақтану жатады. Нәресте емшек сүтімен қоректенетін болса, ананың дұрыс тамақтануына да назар аудару керек. Ана тамағында белок май, минералды тұздың көп болуына көңіл бөлген жөн. Егер бала жасанды тағаммен қоректенетін болса, пайдаланатын сүт ана сүтіне неғұрлым жақын болуы керек. Массаж, ашық орындарда күн сәлесінің астында жүру, физикалық жаттығулар жасау мен құрамында Д дәрумені бар дәрі-дәрмектерді пайдалану ауруды обастан-ақ қайтарады. Кейін аурудың ешқандай жаман әсері қалып қоймауы да мүмкін. Сондай-ақ, рахит ауруымен ауырғанда баланың ағзасындағы фосфор-кальций алмасуы бұзылып, нәтижесінде сүйектерге калций тұзы дұрыс тарамайды. Ал бұл, өз кезегінде, сүйектің жұмсаруы мен қисаюына әкеп соғады. Рахиттың кезіндетекқана Д дәруменінің жеткіліксіз болуы ғана айтылмайды, сонымен бірге А, В, С дәрумендерінің, микроэлементтердің (магний, мырыш, темір және мыс) де жетіспей қалатын кездері айтылады.Қайталанған рахиттың белгілері біраз басқаша болады. Олар аурудың себебіне және кей жағдайлардағы рахитты профилактикалық емдеу әдістеріне де байланысты болады. Екінші реттік (қайталанған) рахиттың түрлері:* ұзақ уақыт дәрі-дәрмек қабылдағаннан пайда болған рахит;* ішкі секреция безінің ақаулы функциясынан болған рахит;* бауырдың қызметі бұзылғандағы рахит;* гендердің мутациясынан (гипофосфатазия) болатын рахит.Рахит ауруын диагностикалық тексеру кезінде басқа аурулардың белгісін көрсетуі мүмкін. Олар мынадай аурулар:* қаңқаның нәзіктігі;* диабет;* гипотиреоз (қалқанша безі гармонының тұрақты түрде жетіспеушілігі).Рахит кезінде зат алмасудың бұзылуымен қатар, тыныс алу жүйесінде де өзгерістер байқалады. Соның әсерінен баланың кеуде құрылысы өзгеріп, дем алуы қиындайды. Науқасқа шалдыққан баланың иммунитетті әлсірейді. Әдетте ақыл тісі, бірте-бірте басқа да тістері мүжіліп, дене бітімі жағынан артта қалуы, қан азаюы мүмкін. Рахитті емдеуді кешенді түрде жүргізу қажет. Алдымен кальций, фтор алмасуын реттеу керек, «Д» витаминін жеткілікті мөлшерде қабылдату қажет. Бала таза ауада көбірек болып, емдік дене тәрбиесі, үзу гигиеналық ванна қабылданған жөн.Рахитты емдеу мен профилактикалық шаралардан бұрын дұрыс диагноз қойып алу маңыздырақ. Басқа да ауру мен рахит ауруының белгілері ұқсас болуы ғажап емес. Бірақ емдеу мен профилактикалық шаралардың оң әсерінің болуы дер кезінде және дұрыс қойылған диагнозға байланысты. Соңғы жылдары рахит ауруының азаюы, 0-6 айға дейін балалардың табиғи тамақтандырылуы және арнайы емес алдын алу, күнге ұйықтау, 0-1 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарына салауатты өмір салтын насихаттау жұмысының белсенділігі мен күз-қыс айларында туған нәрестелерге витамин «Д» алдын алу мақсатында тағайындалып, 0-5 жасқа дейінгі балалардың тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілуімен байланысты. Жаңадан дүниеге келген жас сәбиге анасының табиғи сүтінен асқан тамақ жоқ екенін ұмытпаған жөн. Баланың тамақтануымен бірге ананың да дұрыс тамақтануына жете мән берілуі керек.Рахитты емдеу барысында дәрумендер (әсіресе, D2 дәрумені) дәрігердің нұсқауымен берілуі керек. Бұл шамадан тыс қолданып қоюдың алдын алу болып табылады.Мамандар жас сәбиді туылғаныннан бастап 2-3 жыл бойын үздіксіз анасының сүтімен тамақтандыру керек екендігін айтады. Ол жайлы тіпті Қасиетті Құран кітапта да жазылған. Демек, балалардың емшек сүтімен тамақтануының маңызы өте зор. Егер олай жасамаған кезде зиянды әсерлердің болуы әбден мүмкін. Қорытынды Рахиттің алдын алу мақсатымен витамин Д ерте уақытысында тағайындау нәтижесінде рахит ауруы едәуір төмендеді. Ата – аналармен санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу жақсы нәтижелерге жеткізді. 

Приложенные файлы

  • ppt 11432467
    Размер файла: 4 MB Загрузок: 0

Добавить комментарий