БАЛАЛАРДАҒЫ РАХИТ АУРУЫ.ЕМДЕУ ШАРАЛАРЫ.


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Қабылдаған:Махамбетова.г.д.Орындаған:Әшірбекова.а.қ. Тобы:ЖМ-501БАЛАЛАРДАҒЫ РАХИТ АУРУЫ.ЕМДЕУ ШАРАЛАРЫ. АНЫҚТАМАСЫРахит (мешел, ит тиген, қой ауруы, кешек) – сәбилердің қарқынды өсу кезеңіндегі Д витамині мен оның белсенді метаболиттерінің аздығына байланысты кальций-фосфар зат алмасуы өзгерісімен, сүйектердің минералдануы мен сүйек құрылуының және негізгі ағзалар мен жүйелер қызметінің бұзылуымен сипатталатын ауру. Д витаминінің функциялары. Ішекте Са сіңірілуін ынталаландыру. Тетігі: энтероцит ядросына әсер және ген экспрессиясы (Са-байлайтын белок түзілісін бақылайтын). Осымен қатар Р сіңірілуі жүреді. Д гиповитаминозында Са (90-100%) мен Р-дың (60-70%) тамақпен түскен мөлшері түгелге дерлік нәжіспен жоғалады (Са:Р тепе-теңдігі ылғи теріс). Са мен Р-дың арықшалардың реабсорбциясын арттыру. Сүйектің минералдануын ынталандыру: - қан-сүйек шекарасында цитраттар түзілісін күшейтеді ; - клеткадан тыс сұйықта Са концентрациясы төмендегенде бағаналы клеткалардың остеокластарға ауысуын белсендіреді,яғни сүйектің ремоделденуі жүреді ; - органикалық матрица қасиеттеріне белсенді әрекет етеді-бөлінетін хондроциттердегі глюкозааминогликандарды ынталандырады. Глюкозаамингликандардың аниондық топтары Са ионын байлап,оссификацияға әкеледі. - сүйектің басты белогы остеокальциннің остеобластардағы түзілісін ынталандырады. - бұлшықет жиырылуын белсендіру арқылы Са-дің етке енуін ынталандырады; - иммундымодульдеу және антипролиферативтік әсер. ЭТИОЛОГИЯСЫРахиттің дамуының жағдайлары:Теріде холекальциферол түзілісінің бұзылуы;Бауыр мен бүйректе Р-Са алмасуының бұзылысы;Тағаммен Д витаминінің кем түсуі; Ю.В. Наточин (1997) организмде Д(3) витаминінің аз мөлшерінің төмендегі себептерін келтіреді: - Д вит. аз қабылдау; - күн сәулесінің аздығы; - Д витаминінің сіңірілуінің бұзылысы; - субтоталды гастроэктомия салдары; - СПРУ; - созылмалы панкреатит; - ұзақ мерзімді іш айдағыштар қолдану; Стеатория; Д вит. метаболизмі бұзылысы; Бауыр циррозы (Гано);Құрысуға қарсы дәрілер қолдану;Паратгормон түзілісінің азаюы;Дисфосфанаттармен емдеу;Д вит. қосылмаған жасанды қоспалармен қоректендіру;Сүтпен ұзақ мерзімді тамақтандыру және т.б. Рахиттің пайда болуына әсер ететін факторлар.- Таза ауа мен күн сәулесінің жеткіліксіздігі;- Сәбидің жедел өсуі;- Полигиповитаминоз;- Шала және егіз туу;- Нәрсіз, бірыңғай жасанды тамақтандыру;- Диарея, ішек дисбактериоздары;- Перинаталдық энцефалопатиялар, құрысуға қарсы емдік дәрілер әсерлері және дене қимылының аздығы;- Ішектен ас сіңу бұзылысының синдромдары; - Экологиялық жағымсыз әсерлер. ПАТОГЕНЕЗІФосфор - кальций алмасуының бұзылуы жетекші рөл атқарады. Бірте-бірте заттек алмасуының барлық түрлері бұзылады. Витаминдер, әсіресе С және В топтарының алмасуында елеулі бұзылыс орын алады, сондықтан полигиповитаминоз пайда болады. Микроэлементтердің ( мыс, мырыш, темір, кобальт, калий), әсіресе магнийдің, белоктың зат алмасуы бұзылады (организмдегі бағалы аминқышқылдары несеппен шығып кетеді,сондай-ақ көмірсу, липид, сүйектерде кальцийдің жиналуына әсер ететін цитраттар алмасуында да өзгерістер болады).Көрсетілген алмасу бұзылыстары кезінде және қышқыл өнімдердің жиналуынан ацидоз дамиды. Осының бәрі сүйектің пайда болуы мен толықпаған талшықтардың, шеміршектің сүйекке айналуының бұзылысына әкеп соғады. Рахиттік өзгерістер негізгі үш құбылыстан тұрады:1) Шеміршектің жеткіліксіз түрде сүйекке айналуы, яғни эндохондралық сүйектенудің бұзылуы; 2) Остеоидтық толықпаған талшықтардың шамадан тыс дамуы; 3) Рентгенограммада сүйек кеуектігі – дамушы сүйекте әктің жеткіліксіздігінен болады ЖІКТЕМЕСІ1) Аурудың кезеңіне байланысты: - бастапқы; - дендеу; - айығу; - қалдық салдары; 2) ауырлығына қарай: - жеңіл; - орташа; - ауыр (1-2-3дәрежесі) 3) аурудың ағымына қарай: - жедел ағымды; - жеделдеу ағымды; - қайталамалы; КЛИНИКАСЫ І дәрежедегі рахит (бастапқы кезең) вегетативті жүйке жүйесіндегі бұзылыстар және сүйек өзгерістерімен сипатталады.2-3 айлық балада үлкен еңбегінің аумағы үлкейіп, босаң болады, бастың сүйек жігі және желке жұмсарады (краниотабес). Бас сүйектің жұмсақтығы желке сүйегінің жалпаюына әкеледі.Бұл кезде вегетативті жүйке жүйесіндегі бұзылыс тершеңдік, сәби жастыққа басын шайқап, үйкей беретіндіктен желке шаштың түсуі,мазасыздық, үрей, қорқу, ұйықтап жатқанда селк ете түсу сияқты өзгерістермен байқалады. ІІ дәрежеделі рахит (дендеу кезеңі) сүйек жүйесіндегі анық өзгерістермен сипатталады. Сүйек талшықтарының шамадан тыс өсуіне байланысты төбе мен маңдайдың дөңестігі, 5-8 қабырғаларда “ рахиттік таспих” пайда болады. Қабырғалар жұмсақ, иілгіш, көкірек қуысының шет жақтары жалпайып, кеуденің төменгі апертурасы ұлғаяды, көкеттің бекітілген жағына сәйкес қабырға ішке майысады. Осылайша Гаррисон сайы – рахиттің патогномикалық белгілерінің бірі көрініс табады. ІІІ дәрежеделі (ауыр түрдегі) бас сүйек одан әрі жұмсарып, ол мойын омыртқаларын қысады, кеңсірік батыңқыланып, маңдай және төбе сүйек бұдырлары сыртқа өседі. Сөйтіп сәбидің басы “төрт бұрыш” тәрізденеді (олимптік маңдай, “шаршы” бас ), көкірек қуысының алдыңғы жағы төспен бірге ілгері майысып, құс төсі сияқтанып тұрады (“тауық төсі”). Омыртқалар доғаланып иіліп, рахиттік бүкірлік, қисаюлар (кифоз, лордоз, сколиоз) пайда болады. Бұдан кешірек, 6-8 айдан асқанда, түтікше сүйектердің өзгеруі – білек және балтыр сүйектерінің бас жағының (“рахиттік білезік”), саусақ буындарының жалпаюы (“інжу жіптері”) білінеді. Бала қаз тұра бастаған кезде бүккіш немесе жазғыш бұлшық еттер күш қуатының (тонусы ) бір жақты әсерінен аяқтар О немесе Х әріпі тәріздес өзгерістер дамиды. Сүт тістерінің шығу мерзімі, сонымен қатар эмаль түзілуі бұзылады, тістер кариеске бейім болады. Құрсақ шандырының, ішектер тонусының нашарлауынан (атония) сәбидің іші үлкейеді (“құрбақа іші”),оның уақытында отыра бастауы, тұруы,жүруі кешігеді. Белок, липид алмасуы, мыс, мырыш, магний, В1, В5, В6, А, Е, С витаминдері жеткіліксіздігі болады. Рахит кезіндегі “О” немесе “Х” әріпі тәріздес аяқ.
Айығу (реконвалесценция) кезеңінде нерв жүйесінің зақымдану белгілері жойылады, сәбидің сүйегі қатайып, тістері шығады, тұру және жүру қалпына келеді. Бұл кезеңде қанда анорганикалық фосфор денгейі артады, кальций мөлшері аз күйінде қалады, сілтілік фосфатазаның белсенділігі қалыптан әлі жоғары болады.Сәби кезіндегі рахиттен бел лордозына байланысты жамбас сүйегі иілген әйелдердің босануы қиындауы мумкін. Жедел ағымды рахит ірі туған сәбилерде болады. Рахиттің созылыңқы ағымы Д витаминін жеткіліксіз қабылдаған, гипотрофиясы бар балаларда кездеседі.
ЕМІ.Спецификалық емес ем: - Таза аулада жеткілікті серуендеу; - Жасына қарай тиімді тамақтану; - Массаж, гимнастика;Спецификалық ем: - Рахит емінде қолданылатын Д вит. дәрілер.Ем мақсаттары: - Д витамин тапшылығын жою; - Р-Са алмасуын қалпына келтіру; - Метаболикалық ацидоз, гипокалиемияны жою;





Эргокальциферол (Д2 вит.) Дәрілік түрлері: 0,5% спирттік ерітінді ( 1 мл-де- 200 000 ХБ, 1 тамшыда – 4000 ХБ). 0,0625% майлы ерітінді (1 тамшыда- 625 ХБ) және 0,125% майлы ерітінді (1 тамшыда – 1250 ХБ). Окседевит (1-альфа-(ОН) – холекальциферол). Дәрілік түрлері: капсулалар: 0,25мкг: 0,5мкг: 1мкг: 0,125% және 0,25% видехолдың майлы ерітіндісі Д3-дің холестеринмен қосындысы) - 1 тамшысында тиісінше 1250 ХБ және 2500 ХБ. Мәскеуде кең қолданылатыны вигантол (холе- кальциферолдың (Дз) майлы ерітіндісі; 1 тамшыда 600 ХБ; неміс фирмасы “Мерк”). Бастапқы кезең. Эргокальциферол майлы ерітінді түрінде – күніне 500-625 ХБ мөлшерінде не әсіресе күлгін сәуле курсы (1/8-ден 1,5 биодозға дейін). Әсіре күлгін сәуле курсын жүргізгенде Д витамині берілмейді.Өршу кезеңі. Дз вит. Суға ерігіш түрі, оның тәуліктік мөлшері 2000-5000 ХБ дейін жоғарылайды (курстық мөлшері 200 000 – 400 000 ХБ). Д вит. Емдік курсын аяқтаған соң алдын алу мөлшеріне ауысады (эргокальциферол-400 ХБ тәулігіне). Д вит. қоса А және В тобы витаминдерді де тағайындайды. Са мен дәрілері тек аса шала туылғандарға ғана беріледі. Репарация және қалдық әсерлері кезеңі. Уқалау, гимнастика; тұзды ванналар (болбыр, қимылы аз, бұлшықет гипотониялы балалар) не қылқан жапырақты ванналар (жоғары нервті-рефлекторлық қозу синдромды балалар); әсірекүлгін (УФ) сәуле курсы. Болжамы.Классикалық рахитте тиімді ем жақсы әсер береді, бірақ сауыққан соң сын-сымбат бұзылысы түгел кетпей не сақталуы мүмкін: тіс кариесі; жамбас, кеудесінің майысқан қалдықтары. Рахиттің алдын алу жолдары. Антенаталдық алдын алу.Нәресте тумастан бұрыңғы алдын алу шаралары жүкті әйел режим сақтап, сүт, жеміс-жидек тағамдарын қабылдап, маңызды және жеткілікті тамақтану, таза ауада көп уақыт болуымен ұштасады. Арнайы алдын-алу. Жүктіліктің 28-30 аптасынан бастап бастап 6-8 апта бойына күн сайын 400-500 ХБ-тен Д витаминін береді. Жасы 35-тен асқан, сонымен бірге жүрек қан-тамырлары жүйесінің дерті бар жүкті әйелге Д витаминімен рахиттің алдын-алуын жүргізуге болмайды. 2) Рахиттен постнаталдық сақтандыру. Рахит ауруымен күресте міндетті түрде табиғат факторларын барынша мол және дұрыс пайдаланған жөн: күн, ауа, және су, сондай-ақ уқалау мен гимнастика. Рахиттің алдын алуда тиісінше тамақтандырумен бірге баланы дұрыс күте білу және режим сақтау маңызды орын алады. Арнайы алдын алу. Балаларды рахиттен арнайы сақтандыру жұмыстарын 2-жетіден бастап жүргізу қажет. Д витаминінің мөлшері тәулігіне 400-500 ХБ болады., күз-қыс-көктем кездерінде сәбидің алғашқы және екінші жасында оны В1 С(0,03) және В2 (0,01), В5(0,03) витаминдерімен қосып, айына екі жеті бойы береді. Рахитпен ауырған барлық балаларды 3 жылға диспансерлеу керек, әр тоқсанда 1 рет бақылап тұрады.Жылына 2 рет емдік шаралар жүргізледі.Олар тамақтану режимін тағайындағанда әрқайсысының жеке ерекшеліктерін ескеруді талап етеді.Олардың жүйке психикалық дамуында ата-аналар жағынан мұқият ынталандыруды талап етеді.Зерттеу көлеміне P, Ca-ге тексеру, несепті Сульеович реакциясы арқылы тексеру жатады.Мектеп жасындағы рахиттың қалдық көріністері бар балаларға тыныс органдарының , жүрек-тамыр, ішек-қарын жолының қызыметінің функционалды қызыметінің бұзылуын емдеу керек болуы мүмкін.Кейде рахиттың қалдық көріністері ортопедиялық түзетуді қажет етеді.Рахиты бар балаларға сақтандыру егулерін жасауға болады.Диспансерлеудің нәтижелігін бағалау рахиттың сиреуі, рахиттың ауыр және орташа ауыр түрлерінің азаюы,баланың дене дамуы көрсеткіштерінің жаксаруы,балалардың ауруының және сәби өлімінің азаюы арқылы есептеледі.Диспансеризация

Приложенные файлы

  • pptx 11432564
    Размер файла: 271 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий