3048 ЖМФ Рахит


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІПатологиялық анатомия және сот медицина кафедрасыСӨЖТақырыбы: “Рахиттың патоморфологиясы”Орындаған: 3048 ЖМФТексерген: Стабаева Л.МҚарағанды 2014 жыл Жоспар Кіріспе.Негізгі бөлім. ЭтиологиясыЖіктелуі Клиникалық көрінісі.Рахиттың диагностикасы.ПатогенезіПатологиялық анатомиясы. ҚорытындыҚолданылған әдебиеттер. Кіріспе.Рахит (грек. rhahis— омыртқа жотасы) — ерте жастағы балалардың сүйек түзілу процесінің бұзылуымен сипатталатын және сүйектерде минералдардың жеткіліксіздігімен көрінетін ауру. Негізгі патогенетикалық звеносы болып Д-витаминінің гипо немесе авитаминозы. Бұл мектеп жастағы балаларда және үлкен жастағы адамдарда Д-витамин жеткіліксіздігі остеомаляцияға алып келеді. Оның негізі – фосфор кальций алмасуының, сүйек түзілісінің процесстері және сүйек минерализациясының бұзылыстары. Мүшелер мен жүйелердің қызметтері өзгереді. Ағзаның қорғаныштық қызметі төмендейді. Рахит көптеген елдерде жас нәрестелер арасында көп таралған. Ол әлеуметтік жағдайына, географиялық жағдайына тікелей байланысты болады. Этиологиясы Рахиттің экзогенді қауіп факторы: Климатогеографичялық – қатаң климатты және инсоляциясы төмендеген аймақтар. Жасанды және аралас тамақтандыру. Макро, микроэлементтедің, ақуыздардың, дәрумендердің жеткіліксіздігі. Әлеуметтік-тұрмыстық: көп балалы отбасылар, егіздер, материальдық деңгейдің төмендеуі. Экологиялық: қоршаған ортаның ластануы. Гигиеналық: балаға дұрыс қарамау, дұрыс шомылдырмау, дұрыс орамау. Рахиттің эндогендік қауіп факторының дамуы: Ананың жас болуы.Аз интервалмен жиі жүктілік, жасанды түсік. Туылған кездегі баланың төмен салмақты болуы. Көп ұрықты жүктіліктен туылуы. Тері, АІТ, бүйректің аурулары. Өсіп келе жатқан ұлпаларға кальций, фосфор, Д витамин метоболиттернің тасымалдайтын жүйенің жеткіліксіздігі. Перинатальды гипоксия; Гипотрофия; Генетикалық жағдайлар және басқалар. Жіктелуі Әр жастағы дамитын классикалық түріЕрте мешел: 3айдан 1 жасқа толғанға дейін дамитынКешеуіл мешел: 3-6 жас аралығында дамитынД-витамин тәуелді мешел - аутосомды рецессивті тұқым қуалайтын сырқатД-витамин резистентті мешел-жыныстық Х-хромосомамен тіркесіп, тұқым қуалайтын сырқатЕресектер мешелі немесе остеомаляция Рахиттің клиникалық түрінің әр түрлігіне байланысты оның өту ағымының дәрежесіне байланысты жіктейді. Сонымен қатар 1925 жылы балалар дәрігерлерінің III Бүкілодақтық съезінде процесстің ауырлығына байланысты рахитті үш дәрежеге жіктейді. Балалар дәрігерлерінің VI съезінде С.О. Дулицкий ұсынған жіктелуді қабылдады. Ауру кезеңіне Ауырлығына Ағым сипаттамасына Бастапқы I дәрежесі жеңіл Жедел Айқындалу кезеңі II дәрежесі орташа Жеделдеу Реконвалесценция III дәрежесі ауыр Қайталамалы Қалдық көріністер Клиникалық көрінісіАуру кезеңдері. Бастапқы кезең жаңа туған нәрестелерде, жиірек 2-3 айлығында немесе өмірінің алғашқы жылдырында байқалуы мүмкін. Ең бастапқы симптомдары: тершендік, шүйденің таздануы, мазасыздану және бастапқы скелеттің бұзылыстары. Рахитің бастапқы кезеңдері I дәрежеде 2-3 аптаға созылады. Қанның биохимиялық зерттеуінде фосфор мөлшері көбейеді, сілтілі фосфатаза белсенділігінің жоғарлауы, кальций қалыпты болады. Айқындалу кезеңі жүйке жүйесімен қатар сүйектердің де өзгеруі жүреді: остеомаляцияның күшеюі, бас, кеуде қуысының, қол аяқтың сүйектерінің өзгеруі. Сүйектердің өзгерісі I дәрежеде айқын байқалмайды, II дәрежеде көптеген және айқын көрінеді, III дәрежеде деформацияға ауысады. Рахит дәрежесіне байланысты бұлшық еттердің гипотонусы, анемия. III дәрежесінде бауыр мен көкбауырдың ұлғюы болады. Қанда калций мен фосфор төмендейді, сілтілі фосфотаза жоғарлайды. Реконвалесценция рахиттің симптомдарының кері дамуымен сипатталады. Сүйектер қалыңдайды, оны біз 6 айлық балалардан тез байқаймыз, краниотабес төмендейді және жоғалады. Қанда фосфор мөлшері жоғарлаған, кальций төмендейді, сілтілік фосфатаза жоғарлаған. Қалдық көріністер кезеңі ол 2-3 жасында рахиттік процесс біткен кезде байқалады. Тек қана сүйек деформациясы және анемия қалады. Аурудың ауырлығына байланысты. Патогенезі. Аурудың патогенезі кальций мен фосфор алмасуының терең зақымдануына негізделген. Соның салдарынан остеоидтық ткань кальций фосфатын сіңіре алмайды да, дұрыс ізбестенбейді. Мешелдің қанында бейорганикалық фосфор азайып, тканьдерде тотығу процессі бәсендеп, ацидоз дамиды. Белоктор мен липидтер дұрыс алмаспайды; әрі май қышқылының мешел ауруының ағымын жандандырғыш қасиеті бар. Патологиялық анатомиясы Рахит кезінде морфологиялық өзгерістер айқын байқалмайды, себебі жас нәрестелер рахиттан емес рахит салдарынан болған аурулардан өледі. Рахит кезінде сүйектің өзгеруі осы аурудың патогномиялық болып келеді. Рахиттік сүйектің негізгі ерекшелігі оның жұмсақтығы; рахиттің ауыр және орташа түрлерінде кесуге оңай болады. Сүйектің жұмсақтығына байланысты олар тез қалыңдайды, майысады, оларды жиі сынғыштық байқалады. Сүйектің жұмсаруының себебі оның толық ізбестелуінің жеткіліксіздігі, себебі рахиттік сүйек тіні кальций фосфор тұзын байланыстыра алмайды. Еңбек пен жіктердің шеттерінің жұмсаруымен қоса, бастың жұмсақ сүйектерінің жұмсаруы болады ол краниотабес деп аталыды. Лямба тәрізді жік пен еңбек аймағанда диаметрі 1,5-2 см дейін жететін жұмсарған аймақ пайда болады. Ол жұмсақ пергаментті немесе жұқа целлулоидты пласстинканы басқан тәрізді болады. Жұмсақ бас қанқасы өзінің конфигурациясын өзгертеді: шүйде қалыңдайды, бастың асимметриясы пайда болады. Остеоидты ұлпаның тез ізбестелу нәтижесінде еңбек және маңдай бөліктері айқын білінеді. Бас қанқасы бұрыштық формада болады. «олимпиялық маңдай» пайда болады. Гипертензионды -гидроцефальды синдром әсерінен бас қанқасы өзгереді. Остеоидты ұлпаның тез дамуына байланысты қабырғаның сүйектік және шеміршектік бөліктері қалыңдайды. Оның рахиттік «четка» деп атайды. Бұғананың иірімі күшейеді; кеуде қуысы екі жағынан сығылады, төменгі апертурасы шамалы бұрылады, екі бүйірінен дифрагманығ бекінген шетінен гаррисон жүлгесі пайда болады.. Кеуде қуысының алдынғы бөлігі мен төс сүйегі алға қарай шығынқы келеді және «тауық» кеудесін түзеді. Арқа иірімі жоғарлай түседі, «рахиттік кифоз» пайда болады. Ол бала жүре бастағанда лордоз, одан кейін сколиоз пайда болады. Эпифиздің деформациясы және метафиздің кеңеюі қалыңдауды береді. Оны «рахиттік білезік» деп атайды. Саусақ фалангалары қалыңдайды, соның нәтижесінде « жесчуг жіптері» пайда болады. Кейде балтырдың қалыңдағаның көреміз, көбіне аяқтар О тәрізді қисаяды, сирек Х тәрізді қисаяды. ПневмонияІріңді инфекцияАсқорыту жүйесінің ауруы. Асқынулары. Қорытынды Рахит жас балалар арсында өте көп кездесетін өте қатерлі ауру. Баланы ондай ауруға шалдықтырмас үшін барлық талаптарды сақтап, баланы міндетті түрде күнннің көзіне серуендетіп, дұрыс тамақтандырып, қажет жағдайда дәрумендерді қолдану керек. Бұл ауруда тек сүйек қана емес, сонымен қатар басқада ішкі мүшелерде зақымдалады. Қазіргі таңда мешелмен ауыратын балалар саны статистика бойынша жоғарлағанын көрсетеді. Біз болашақ дәрігерлер ретінде профилактикалық шараларды жүргізуіміз керек және аурулардың санын азайтуға жағдай жасау керек. Пайдаланылған әдебиеттер 1. “Детская эндокринология” М.А.Жуковский Москва, Медицина, 1982 ж / 117-136 бет2. Патологиялық анатомия А.И.Струков, В.В.Серов Қарағанды, 1996 ж /246-248 бет3. “Пропедевтика детских болезней” Н.А.Геппе, Н.С.Подчерняева, Москва, 2009 ж /397 бет4. Вовченко А.Я., Куценок Я.Б., Зинченко В.В. и др. Ультразвуковое исследование тазобедренного сустава у детей первых лет жизни как маркер формирования скелета // Проблемы остеологии. - 2003. 5. Коровина Н.А., Подзолкова Н.М., Захарова И.Н. и др. Влияние витаминов и микроэлементов на состояние здоровья беременной женщины и плода. //Лечащий врач. - 2004. 6. Куценок Я.Б., Рула Э.А., Мельник В.В. Врожденная дисплазия тазобедренного сустава, врожденные подвывих и вывих бедра // К.: Здоров'я.- 1992.- 182 с. 7. Тутельян В.А. Витамины: 99 вопросов и ответов. - М.: Книга, 2000.8. Ультрасонография в диагностике и лечении дисплазии тазобедренного сустава у детей. Руководство по сонографии тазобедренного сустава / Р. Граф, П. Фаркас, К.Лерхер и др.- Vilnius, med. diagnost. centras, 2001 .9. Пропедевтика внутренних болезней,В.Х.Василенко,А.Л.Гребнева10. Пропедевтика детских болезней под редакцией Н.А.Геппе,Н.С.Подчерняевой.

Приложенные файлы

  • ppt 11434305
    Размер файла: 3 MB Загрузок: 0

Добавить комментарий