каз.УМК 3-я лекц.ДВ


Дерматовенерология Алматы медицина колледжі
Кредит - 1 ЦӘК «Педиатриядағы медбике ісі»
Себебі анықталмаған тері аурулары.Қызыл жазық теміреткі, псориаз. Қызыл жегі, көпіршікті дерматоздар. Шаш, май және тер бездерінің аурулары. 3 курс, 6 семестр
4 курс, 8 семестр
Мейрембекова К.М. Жоспар.
1. Жалпақ қызыл теміреткі: этиология, патогенез, клиника, диагностика, емдеу, күтім.
2. Псориаз: этиология, патогенез, клиника, диагностика, емдеу, күтім.
3. Қызыл жегі: этиология, патогенез, клиника, зерттеу әдістері, емдеу, кұтім.
4. Көпіршікті дерматоздар: этиология, патогенез, клиника, зерттеу әдістері, емдеу, күтім.
5. Аллопецияның түрлері.
6. Себореяның түрлері. Этиология, патогенез, клиника, алдын алу, емдеу.
7. Безеудің этиолгиясы, патогенезі, клиникасы, алдын алу, емдеу.
8. Жалпы және жергілікті гипергидроз. Табанның гипергидрозы, емдеуі.
9. Аяқтың қажалуы, алдын алу, және емдеу.
Дәріске қысқаша сипаттама
Этиопатогенезі толық анықталмаған аурулар.
Қабыршақты теміретке немесе псориаз. Бұл созылмалы қайталанбалы дерматоз. 16-25жастың аралығында көбірек кездеседі, жынысты таңдамайды. Болжамалы себебі: генетикалық, вирустық, зат алмасу.
Белгілері. Біріншілік элемент жазық қызғылтым-қызыл түйіншектер, бетінде күміс түсті ақ қабыршақтар болды. Ұлкейіп табақшаларға/бляшка/ айналады. Табақшалар шетіне қарай өсіп ортасы жұқара бастайды, ал шетінде қызғылт жиек көрінеді. Түйіншектің орнында пигменттік дақ пайда болады, кейін жоғалып кетеді. «Псориаздық үштік» - феномен. 1-ші түйіншектің бетін тырнай бастағанда «стеаринді дақ» белгісі көрінеді- гиперкератоз. 2-ші әрі қарай тырнағанда «терминальді үлдір»/пленка/, негізінде акантоз жатады. 3-ші оның астында жеке қан тамшыларын көруге болады - «қан шығы», оның негізінде папиломатоз жатады.
Дамуы үш бөліктен тұрады а/ үдемелі / жедел прогрессивті/; б/ тұрақты /стационарный/;
в/ аяқталу мерзімі.
Түрлері:1. Жалқықтық псориаз; 2. Артропатиялық; 3. Кәдімгі; 4. Ошақты; 5. Іріңді; 6. Эритродермия; 7. Ескірген; 8.Себорейлық; 9. Алақан табанның псориазы; 10. Тырнақ псориазы.
Жалпы ем: ілеспелі ауруларды емдеу, кальций глюконаты ертіндісі, «В» топқа жататын дәрумендер бір, бір жарым айға дейін беріледі. Осы кезде фолий ж.аскорбин, никотин қышқылы «А» дәрумені. Тыныштандыратын, гистаминге қарсы, аутогемотерапия. Ал жергілікті емге майларға нафталан, күкірт, қарамай қосқан жөн. Салицил майы, кортикостероидтар. Екі үш күнде жылы суға түсіп тұрғаы жөн. ПУВА терапия, физио емдеу, санаторлы курортты емдеу, емдәм.
Қызыл жазық теміретке.
Созылмалы дерматоздарға жатады. Болжамалы себебі: иммунды аллергиялық, вирусты, нейроэндокринді, тұқым қуалау. Белгілері: теріде, ауыз қуысының, жыныс мүшелердің шырышты қабатында, тырнақта сәл көтерінкі, жалпақтау, көп бұрышты шектеулі, ашық қызғылт, қызғылт күлгін, көкшіл түйіншектер шығады. Беті жылтыр келеді, ортасы кіндік тәріздес ішке қарай кіріп тұрады. Кейбір табақшалардың бетінде ақшыл сұр торлы сурет көрінеді - Уикхем торы. Қолдың бүкпелі бетіде, құймышақ терісінде, сирақта, жыныс мүшелерде кейде бүкіл денеде орналасады. Қатты қышиды. Жедел басталып, бірнеше ай өзгеріссіз тұруы мүмкін, содан кейін бірте бірте жазыла бастайды, қоңырқай дақтар қалады. Түрлері: 1. Сақина тәріздес (ортасынан жазыла бастайды); 2. Пемфигиоидты (үлкен көпіршіктер болуы мүмкін); 3.Сұйелді түрі (күлгін түсті кедір бұдыр табақшалар); 4. Үшкір періфокиалды түрі (жалпақша түйіншектермен қатар үшкір де болады);
Емі: антибиотиктер (жедел кезінде), кальций глюконаты, натрий бромы, никотин қышқылы, «В-1» дәрумені, седативті (бром, валериана), резохин, плаквинил, делагил (безгекке- малярияға қарсы қолданатын дәрілер). Гипноз ж.электр тоғымен ұйықтату. Сұйел түрінде криотерапия, диатермокоогуляция.
Қызыл жегі.
Қызыл жегі немесе эритематоз созылмалы тері аурулары, үш негізгі белгілерімен бейнелетін, олар эритема, гиперкератоз, атрофия. Бұл аутоиммундық, жүйелік ауру, ағзаның ішкі мүшелерін, орталық нерв жүйесін және буындарды зақымдайды. Қауіпті фактор: тұқым қуалау, фокальды инфекция (стрептококк, вирус), ультракүлгін сәулесі, жарақаттану, стресс, тоқ ішектің аурулары. Орналасатын жерлері: ерін, бет, бастың шашты бөлігі, құлақ. Клиникасы беттегі көбелек симптомымен сипатталады. Екі түрі бар: дискоидты түрінде ошақтар шетке қарай өсіп ортасында ақ-сары қабыршақтар болады, оны қырғанда науқас ауырсынады (Бенье-Мещерский симптомы). Диссеминациялық түрінде бөртпелер кішілеу, көп. Ошақта үш зона болады: атрофия, фолликулярлы гиперкератоз, эритема. Емі. Жалпы ем: малярияға қарсы дәрілер, кортикостероидтар, дәрумендер, цитостатиктер, антибиотиктер, анаболиктер, энтеросорбенттер, иммунитеті көтеретін дәрілер, гепатопротектерлер, т.б. Жергілікті ем: кортикостероид майлары, хингамин ертіндісі ошақты (обколоть), криотерапия. Алдын алу: «Д» есепке алу, қауіпті факторларын азайту, күн сәлесін мүлдем шектеу.
Көпіршікті дерматоздар.
Бұл топқа аутоиммунды созылмалы аурулар жатады, негізгі симптомы үлкен көпіршік болып келеді. Пемфигус(пузырчатка). Қауіпті фактор: вирустар, зат алмасу, эндокринді бұзылыстар. Клиникалық түрлері: кәдімгі, жапырақты, вегитациялық, себореялық. Өте қатерлі ауру. Жалпы еміне кортикостероидтер, гепарин, активин, а/б қолданады. Жергілікті емге қабынуға қарсы, кортикостеоидтер, жетілдіретін дәрілер, анилин бояғыштары, микробқа қарсы, гелий неонды лазер. Емдәм: белок- өсімдікті диета; тұз, көмірсуларды, с уды шектеу. Дюринг дерматозы бұл созылмалы-кідірмелі үлкен көпіршікті, бөртпелері көп түрлі (эритематоздық дақтар, күлдіреуіктер, түйіншектер) ауру. Қышынумен, күюмен, ауырсынумен сипатталады. Қауіпті факторы: дәнді осімдіктердің белогына сезімталдығы, жүйке-эндокринды бұзылыстар, жүктілік, меноүзіліс,инфекция. Диагноз анықтауға йод сынамасы (проба). Калй йодид майын 50% терінің үстіне компресс ретінде және бір май қасық 3% калий йодид ертіндісін ішу. Оң болса бір екі тәулікте бірінші бөртпелер және қышыну пайда болады. Жалпы емі сульфон препараттары, предпизалон,плазма, гемодез, энтеросорбенттер дәрумендер, гистаминге қарсы т.б. Жергілікті емге қышынуға қарсы ертінділер, анилин бояғыштары, гормональды мвйлар. Алдын алу: «Д» бақылау, тағамдардан дәнді өсімдіктерді, йоды көп тағамдарды шектеу, тұзды шектеу, онкологқа қаралу, қосымша ауруларды емдеу.
Шаш аурулары. Май және тер бездерінің аурулары.
Шаш талшықтарының ақаулары көбінесе туа біткен дерматоздармен ауыратын адамдарда кездеседі(ихтиоз). Сонымен қатар (экзема, псориаз, атопиялық дерматит, эндокринді ауруларда).
Гипертрихоз - шаштың бұрын өспейтін жерде артығымен өсуі (күйік, экзема, склеродермия, күре тамырдың жетіспеушілігі).
Гирсутизм - еркектерде ғана болатын жерлерде шаштың көп өсуі (сақал-муртта)
Шаш түбінің ж. терінің ауруларына жататындар:
Ерте қасқалану (аллопеция) - шаштың түсуі артығымен, ал жаңадан өсұі жетіспейді.
Қалыпты (қарттық) - табиғи құбылыс, андрогендердің әсерінен шаштың түсуі.
Диффузды жоғары температурадан, жарақаттан, қан кетуден, босанудан, стресстен, созылмалы уланудан, жүктілікке қарсы заттарды қолданғаннан болады.
Туа пайда болған - шаштың мүлдем болмауы (атрехия) немесе бірден шаштың сиреуі (гипотрихоз).
Ошақты (теңбіл таз) - бір немесе бірнеше кішірек, дөңгелек ошақтарда кенет шаштың түсіп қалуы. Болжамалы этиопатогенезі: тұқым қуалау, астеникалық жағдай, аутоиммунды реакциялар, стресс.
Тыртықты - туа пайда болған аурулардан кейін (Дарье ауруы), жарақаттан кейін, арнайы қабынулардан кейін, терінің жаңа өсінділерінен кейін.
Себореялық аллопеция - жастық шағындағы тұрақты себореяның әсерінен шаштың түсуі. Белгілері: қышу, ауырсыну, бастың шашты бөлігінің терісінің тартылуы, қайызғақ, майлы қабыршықтар, шаштың түсуі,жұқаруы.
Себорея ( май ағу)
Май бездерінің секреторлық қызметінің бұзылуы салдарынын тері майы түзіліп, сағасының өзгеруі әсерінен дамитын ару. Бұл ауру жыныстық жетілу кезінде, және кейбір ішкі секреция бездерінде жаңадан ісік пайда болған науқастарда, сол сияқты орталық жүйке жүйесінің кейбір ауруларынан (паркинсонизм, энцефалит) кейін дамуы мүмкін. Сонымен қатар асқазан мен ішектердің қызметінің бұзылуы (запор), бауырдың қызметінің нашарлауы, дұрыс тамақтанбау, терінің аса кірлеуну,улану, қан аздық.
Себореяның үш түрі бар: сұйық; қою; құрғақ; аралас.
Сұйық себореяда тері майлы, жылтыр, май бездерінің сағасы кеңейіп, үңірейіп тұрады. Майды кетіргеннен кейін бір екі сағаттан кейін қайтадан майланып кетеді. Шаш майланып, жылтырап бір бірімен жабысып тұрады. Шаш түсе бастайды.
Қою себореяда тері қалыңдайды, қоңыр түске енеді. Тері асты май қабаты тығыз болады, иісі жағымсыз, сыққанада өте қиын сығылады. Азұақыттың ішінде беттің, арқаның, кеуденің, шаш қапшығының сағсында камедондар (қара нүктелер пайда болады), әр түрлі безеулер түзіледі көбінесе индуративтік, конглобаттық,тыртықпен бітеді. Сонымен бірге май бездерінің кисталары атеромалар пайда болады. Шаштары қалың қатты болады Қабыршақтары теріден қиын алынады.
Құрғақ себореяда балалардың өмірінің бірінші аптасында сұр түсті қабыршақ түрінде көрінеді. Ересектерде шаштары жұқарып, тері құрғайды, көп мөлшерде қабыршақтанып түседі. Өте көп қайызғақ пайда болады.
Аралас себореяда сұйықтан қою себореяға ауысатын түрі. Сұйық себореяның белгілерімен бетте, бастың шашты бөлігінде басталып, кейіннен арқада кеүдеде қою түрінің белгілері қосылады.
Безеу.
Май бездерінің және шаш қапшығының қабынуы безеу деп аталады. Қою және сұйық себореяның өршуінен пайда болатын безеуді кәдімгі немесе жасөспірім безуі дейді. Олардың арасында бірнеше түрі бар. Қарапайым безеу; түйіншекті безеу. Себорейлік теріде қызғылт,тарының дәніндей түйіншектер шығады. Ортасында камедонның қара нүктесі болады. Сонан соң түйіншектердің ортасында кішкене іріңдік түзіледі. Бірнеше күн өткен соң түйіншектің орнында пигментті дақ немесе ұсақ сәл көрінетін тыртық қалуы мүмкін. Қою себореяда сіңбе болуы мүмкін, терең тыртықтар қалтырады. Жекеленген индуративтік безеулер ұлғайып, қосылып белдеу тәрізді сіңбе құрады да бірнеше тесіктен ашылады конглобаттық безеу. Ауырудың соңында пигментті дақ, тыртықтар, жыланкөздер, келлоидты тыртықтар қалады.
Себореяның, безеудің емдері.
Емдәм ішімдікті шектеу татымдылықты /пряности/ шектеу, майлар, углеводтарды тамақ тұзын шектеу.
Жалпы жағдайын жақсартатын ем.
Вегитативтік жүйке жүйесінің қызметін реттеу.
Инфекция ошақтарын залалсыздандыру.
Инфекция қосылғанда антибиотиктер.
Дәрумендер.
Қан аумастыру.
Жергілікті ем: безеуге қарсы изотретиноин, лосьондар антибиотикпен, тыныштандыратын, Таңертең, кешке спирттегі бор, салицил қышқылдарының ертіндісін қолданады, хлорэтилмен мұздату, уқалау, ультракүлгін сәулесін қолдау.
Алдын алу: ілеспелі ауруларды емдеу, тамақтану тәртібін сақтау, шынығу, жеке гигиенаны сақтау, косметологтың кеңесі, санитарлы ақпаратты жұмыстар.
Гипергидроз.
Тершеңдік көбінесе шектеулі түрінде кездеседі. Алақан, табан, саусақтар аралығы, қолтық асты, шап-сан бұкпесіне, артқы тесік айналасында. Теріден ұнамсыз иіс сезіледі. Тері қызарып, базданып,кейіннен эрозия пайда болады, немесе екіншілік инфекция пайда болады. Себептері: жүйке жүйесі қызметінің бұзылуы, резенке аяқ киім, синтетикалық шұлық.
Емі: Ошақтарды таза ұстау керек, салицилды спирт 2%, 1% танинді спирт. Табанға формалин 5-10% 4-5 күндік үзіліспен 5-6 күндік циклы ұсынылады.тәсілі жақсы нәтиже береді: табанды сабынмен жұып, құрғатып сүртеді. Содан соң қоймалжың жағады, құрамы: формалин 6г., мырыш тотығы 5г., тальк 10г., глицерин10мл., 3 күн жағып, 7-10күн үзілістен кейін қайталауға болады. Аяққа жылы ванналар және 10% борлы опаны себуге болады.
Глоссарий.
Гиперкератоз – эпидермистің мүйізді қабатының шектен тыс қалыңдауы.
Атрофия – терінің қалпына келмейтін өзгерісі, көлемінің төмендеуі.
Фотосенсибелизация – терінің ультракүлгін саулесіне жоғары сезімталдығы.
Өткен тақырыпты қайталау сұрақтары.

1. Жалпақ қызыл теміреткі: этиология, патогенез, клиника, диагностика, емдеу, күтім.
2. Псориаз: этиология, патогенез, клиника, д иагностика, емдеу, күтім.
3. Қызыл жегі: этиология, патогенез, клиника, зерттеу әдістері, емдеу, кұтім.
4. Көпіршікті дерматоздар: этиология, патогенез, клиника, зерттеу әдістері, емдеу, күтім.
5. Аллопецияның түрлері.
6. Себорея дегеніміз не? Себореяның түрлері. Этиология, патогенез, клиника, алдын алу, емдеу.
7. Безеудің этиолгиясы, патогенезі, клиникасы, алдын алу, емдеу.
8. Жалпы және жергілікті гипергидроз. Табанның гипергидрозы және емдеуі.
9. Аяқтың қажалуы, алдын алу, және емдеу.
Ұсынылған әдебиеттер:
Негізгі:
1.Омарова М.А.»Тері және венерология ауруларындағы мейіркеш ісі» Асем-систем 2007ж
2. Есенгараева З.Б. «Тері және венерология аурулары» Қосымша әдебиеттер:
3. Розентаум М.А.»Общая терапия кожных болезней» Москва 1999г.
4.Закиев Р.С.»Семиотика заболеваний кожи» (учебное пособие). Казань 1989г.
Таратып беретін материал. Тесттер
1. Мұрын және бет терісінде көбелек тәріздес зақымдану болатын ауруды көрсет
а. Қызыл жегі в. Қызыл жазық теміреткі с. псориаз д. склеродермия е. көпіршікті дерматоз
2. Қабыршақты теміреткенің алғашқы дағы а. көпіршік в. қабық с. түйіншек д. күлбірек е. үлкен көпіршік
3. Үш симптомды («стеаринды дақ», «терминальді үлдір», «қан шығы») ауру а. Қызыл жазық теміреткі в. Қызыл жегі с. псориаз д. Пемфигус е. склеродермия
4. Көпіршікті дерматоздардың түрінде кездеспейді  а. кәдімгі в. жапырақты с. буллезды д. вегитациялық е. себореялық 5. Артропатиялық псориазға тән емес а. буындардың ассиметриялық зақымдануы в. серонегативті с. ұсақ буындардың зақымдануы д. бөртпелер қуысты болып келеді 
6. Қызыл жегінің белгілеріне жатады а. эритема в. гиперкератоз с. атрофия д. барлығы дурыс е. барлығы дурыс емес 
7. Псориаздың жаңа басталған кезінде орналасқан жері 
а. табан мен алақан в. бастың шашты бөлігі с. қатпарлард. тырнақ е. тізе және шынтақ буындарының сыртында
8. Май бездері ауруының аты а. аллопецияв. себорея с. гипергидроз д. меланома
9. Қасқаланудың басқаша аталуы а. себорея в. гипергидроз с. алопеция д. гиперкератоз
10. Себореяның түрлері
а. сұйық
в. қою
с. құрғақ
д. аралас
е. барлығы дурыс
Ситуациялық есеп
Профилактикалық қараудың кезінде 20 жасар сержанттың тізесінде және шынтағында анық иректі шекарасы бар нумулярлы түйіншектер табылды. Ошақ қызыл түсті, үсті қабыршақпен жабылған, түлеп жатыр. Аздап қышиды. Сұрастырып келгенде осындай ауру әкесі мен бауырында да бар екен.
Тапсырма.
Сіздің болжам диагнозыңыз (дәлелде)
Қандай қосымша клиникалық тест диагнозды дәлелдеуге көмектеседі.
3. Ошақтарға май жағу алгоритмі
Жабдықтау.
Мультимедия проектормен компьютер
Power Point-та мультимедиямен алғашқы таныстыру
Таблицалар «Медучпособие».
Чек-парағы бірге усыну
Үй тапсырмасы
Себебі анықталмаған тері аурулары.Қызыл жазық теміреткі, псориаз. Қызыл жегі, көпіршікті дерматоздар. Шаш, май және тер бездерінің аурулары.
Әдебиеттер: Омарова М.А. 51 -65 бет. 72 -78 бет. Дәріс материалдары.

Приложенные файлы

  • docx 11271353
    Размер файла: 34 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий