Психологиялық түзету жұмыстарының түрлері


Психологиялық түзету жұмыстарының түрлеріПсихологиялық түзету жұмыстары –педагог – психолог қызметіндегі маңызды және жауапты бағыт болып табылады. Ол оларды өзгерту мақсатында адамның ішкі әлемнің дискретті сипаттамаларына қисынды әсер етуді көздейді.
Психологиялық түзету жұмысының әдістерін таңдау мен мазмұны объектінің ерекшелігіне, олардың жай –күйіне, сондай – ақ психологиялық тәжірибеде тұжырымдалған клиентердің тілдік қиындықтарымен байланысты.
Психокоррекцияның объектісі – бұл өзгеруі мүмкін жеке тұлғаның сферасы, оның пәні – психологиялық түзетуге бағытталған, психологиялық шындық.
Психокоррекция дегеніміз - адамның мінез-құлқы мен психологиялық қасиеттерін өзгерту мақсатымен оған арнайы әсер етіп, оның шытырман жағдайдағы өзін-өзі ұстау стилінің ыңғайсыздығын көрсетіп, бұл жағдайдан шығу жолын бірге іздеп табу. Психокоррецияның мақсаты – баладағы психикалық даму заңдылықтарын түсіне отырып, үлкендермен серіктесе жүргізілетін белсенді әрекет түрі. Психокоррекциялық мақсат үш бағытқа негізделеді: 1. әлеуметтік даму жағын ықшамдау. 2. балада жетекші іс-әрекет түрлерін дамыту. 3. жас және психологиялық жаңа білімді қалыптастыру. Психокоррекцияның негізгі міндеттері: Жеке бас дамуының қажетті когнитивті (ақыл-ой), эмоционалды және мінез-құлықтық өрістер бірге қарастырылады. Субъектінің мәдени және жас ерекшелігі ескеріле отырып, ішкі ресурстарды белсенділеу болып табылады. Психокоррекциялық жұмыстарды жүргізу жағымды тәжірибе жинақтау мақсатында құрылуы және жүзеге асырылуы қажет. Психокоррекциялық жұмыстың кезеңдері: 1. Психокоррекцияға нанамнез (ақпарат) жинақтау; А) әңгімелесу Б) психодиагностика 2. Психологиялық диагноз қою (жас мөлшері мен әлеуметтік мәдени ерекшелігін ескерту) 3. Ықтимал немесе шартты – қалыпты болжам қою. 4. Психокоррекцияның іс-шараларды жоспарлау (таяудағы даму аймағын ескерту) 5. Психокоррекциялық іс-шараларды жүзеге асыру. 6. Коррекциялық жұмыстың нәтижесін бағалау. 7. Мәселенің қайталанбауын алдын алу.
Психокоррекция жүргізу мақсатымен зерттелінген адамдардың жеке даралық психологиялық ерекшеліктері туралы жинақталған мәліметтерге байланысты бұл жұмыс екі бағытта жүзеге асырылады:
1. Нормативтерді құру коррекциясы.
2. Адамның даралық мүмкіндіктерін дамыту коррекциясы.
Нормативтерді құру коррекциясы. Адамның ішкі жан-дүниесінің жеке даралық сипаттамасын әлеуметтік ортада қабылданған нормативтерге сай келтіру коррекциясы топпен жүргізіледі. Олар көбінесе қарым-қатынас мәдиниетін қалыптастыру, мазасыздану және агрессия көріністерін төмендету, жеткіншектердің жас ерекшеліктеріне байланысты орын алатын акцентуация мәселелерін шешуге бағытталған. Коррекциялық әдістердің нәтижелі болуы ауытқудың синдромына және бұзылудың көрініс беру симптомдарының түрлеріне тәуелді. Мектеп оқушылары және олардың ата-аналарымен жүргізілетін коррекцияда қарым-қатынас тренингінің барлық түрлері қолданылады, олар мінез-құлықтың нақты формаларын меңгеруге көмектеседі және клиентке өзінің жан-дүниесіндегі неше түрлі құбылыстардың орын алғанына жауапкершілікті өз мойнына алуды үйретеді.
Сонымен қатар, әр жас кезеңінің және әлеуметтік ортадағы әр адамның атқаратын рөлдер репетуарына, клиенттің алдында тұрған психологиялық проблемаларына байланысты психокоррекцияны жүргізудің өзіне тән көптеген ерекшеліктері бар. Сондықтанғ бұл жас кезеңдегілермен коррекциялық жұмыстар олардың таным процесстерін жетілдіру және мектеп режиміне үйрету, сыныптағы балалармен, оқытушылармен қарым-қатынас жасауға икемділігін қалаыптастыру, қысқаша айтқанда, оның барлық көрсеткіштері бойынша мектеп өміріне даярлау болып табылады. Бастауыш сыныптарда бұл бағыттағы психологиялық қызмет көрсету жалғастырылады.
Жеткіншек жас кезеңдегілермен жүргізілетін психокоррекция, басқа жас кезеңдегілерден жиірек орын алады. Оның себебі, осы жас кезеңінің көптеген ерекшеліктерімен байланысты. Балалардың өтпелі жас кезеңінде басынан кешетін қиындықтарды психокоррекциялау және психологиялық кеңес берудің негізгі себептері болып табылады. Жеткіншектерде жиі кездесетін акцентуация, агрессия, дидоктегенді невроздар баланың тұлғалық қалыптасуына теріс әсерін тигізіп, оқушының мотивтік сферасының бұзылуына алып келеді. Білуге тырысушылық мотиві, кей кезде, оқу ісінде басты болудан қалады, өйткені, баланың құндылықтарды бағалауы, өзін-өзі бағалауы өзгереді. Оқушыны қатты шаршату, көп тапсырма беруде жүйеліліктің болмауы, кейінгі кезде орын алған аралық аттестациялауға баланың ішкі даярлығының төмен болуы олардың психологиялық жағдайына алып келуі мүмкін. [1, 512 ]
 
Психологиялық түзету жұмысының негізгі формаларыОйын терапиясы- арттерапияның түріне жатады. Бұл терапияның жүргізу үлкендер мен балалардың әлеуметтік және психологиялық мәселелерді жеңу үшін, жеке және эмоционалды дамуы үшін арнайы ойындар қолданады. Егер бала ойынға белсенді және бар ықыласымен қатынасса емдеу әсерлі болады.Ойын баланың психологиялық ахуалын сақтауға, оның қоғаммен қарым-қатынасын анықтауға, ересек өмірге дайындайды. Ойын балаларға белгілі дағдыларды меңгеру үшін, сонымен қатар қарым-қатынасты, өмірге деген құлшыныстарын арттырады, эмоционалды және физиологиялық жағдайын жақсартады. Ойын психологиялық күйзелістен шығу үшін емдеудің бір тәсілі ретінде қолданылады.Бала ойынға өз еркімен қатысып, ойыннан қуаныш рахатын көру керек. Балалардың ойын барысында эмоционалды әсерін мөлшерлеп, өзін қалай сезінетінін бақылаңыз.1. Эмоциялық жаттығуларды қамтамасыз ету- жиналып қалған жүйкелік күшті алып және ата-аналармен балалардың өмірге деген қызығушылықтарын арттыру.2. Күтпеген жерде болатын шабуылдан, жазалаудан, қараңғыдан, жалғыздықтан болатын қорқынышты азайту.3. Тез шешім қабылдай білу қабілетін арттыру.4. Топта өзін-өзі ұстау ережелерін меңгерту.5. Ата-аналармен балалардың қарым-қатынасын жақсарту.6. Қозғалыстағы бағыттарын және ептілікті дамыту.
Арт -терапия туралы түсінік. Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт-терапия болып табылады. Арт-терапия даму үстіндегі психотерапиялық әдістердің жаңа түрі болып табылады. Аталған терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие. Алғашқы Арт-терапия түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат, ауру, немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, қазіргі кезде оның қолданыс аясы, шеңбері кеңеюде. Яғни бұл терапия адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы қасиеттердің мүмкіндігін түсініп ашуға да жағдай жасайды.Арт терапия- бұл емдеу ғана емес, сонымен креативтің дамуы, тұлғаның дамуы мен үйлесімділігі, кез-келген жағдайды шешуге көмек.Арт терапия бейнелік өнер арқылы жанның дамуы мен емдеудің табиғи және қолайлы әдісі. Арт-терапия терминин ғылымға 1938 жылы Адриан Хилл енгізді. Арт-терапия ағылшын тілінен аударғанда шығармашылық терапия деген ұғымды білдіреді.Артерапия шектеусіз және психотерапияның барлық бағыттарында, педагогикада, әлеуметтік жұмыста т.б. қолданылады.Әр адам өзін, өз сезімін және өзінің жағдайын әуен, дыбыс, қимыл және сурет арқылы көрсете алады. Кейбір адамдар үшін бұл- әлемге өзі туралы өзінің шығармашыл адам екенін танытудың жалғыз ғана әдісі болып табылады.
Көбінесе коррекцияны адам өміріне үлкен роль атқаратын іс-әрекеттер түрінде ұйымдастырылады. Адам өмірінің барлық жас кезеңдерінде маңыздылығын сақтайтын, әсерлілігі өте жоғары болып табылатын ойын әрекеттің орны ерекше. Балалар үшін ойын өмір сүрудің, әлеуметтік тәжірибені меңгерудің негізгі түрі, ал үлкендер үшін өздерінің балалық «Менін» шақырып, басқалардың, әсіресе балалардың қылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан ойын коррекциясы психологиялық қызмет көрсету тәжірибесінде кеңінен қолданылады. Коррекциялык ойын барысында келесі мәселелер шешіледі.
1. Балалар ойнау барысында басқа адамдарға деген сезімін көрсетудің жаңа формаларын меңгереді.
2. Басқа адамдарға, үлкендер, кішілер және құрбыларына, өз-өзіне деген көзқарасы ақикатқа жақындатылады, өзін-өзі және басқаларды бағалауға, сыйлауға үйренеді.
3. Өзіне деген сенімі нығайады.
4. Құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасау тәжірибесі қалыптасады.
5. Ойын - іскерлікке, қарым-қатынастың жаңа түрлеріне жаттықтырады.
6. Балаларды сыйлап, олардың пікірімен санаса қатынас жасау арқылы олардың санасына кішігірім өзгерістер ендіріп, олардың дербес болуға, өз бетімен қажетті мәселелерді шешуге шамасы келетініне сендіреді.
Психокррекцияны жүргізуге пайдаланатын әр ойын көп функция атқарады: бір адамға - өз-өзін бағалауын жоғарылату жолы; екіншілерге –сергіту құралы, қабілеттілікті арттыру және өзін емін еркін сезінуге үйрету жолы; үшіншілерге - көпшілікпен тіл табысып өмір сүруге, ұжымдағы адамдармен санасуға үйрететін әдіс. Коррекциялық ойындардың осы үш функциясы – негізгі. Сонымен қатар әр адамның праблемасына байланысты жеке мәселелер тууы мүмкін. Коррекцияның осы ортақ көрсеткіштерді ескеріп жүргізу қажет. [2, 448]
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. АбрамоваГ.С. Практическая психология. — 4-е изд., перераб. и доп. — Екатеринбург: Деловая книга, 1999.
2. Овчарова Р.В. Практическая псмхология. - 4-е изд., Издадельский центр «Академия».

Приложенные файлы

  • docx 13623219
    Размер файла: 28 kB Загрузок: 1

Добавить комментарий