аппликация



«Ақбота» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметі технологиялық картасы
Күні: 26.09.2016ж.
Тәрбиеші: Алиева А.Т.
Білім беру саласы: Шығармашылық. Бөлімі: Аппликация
Тақырыбы: «Достарыма арналған үй»
Мақсаты:қоршаған орта және үй жануарлары туралы білімдерін кеңейту;балаларды қайшымен жұмыс істеуге үйрету;техникалық қауіпсіздік ережелері туралы түсіндіру;төртбұрыш,шаршылармен үйдің қабырғасын,үшбұрышпен үйдің шатырын жасауға болатындығын түсіндіру.Тілдерін дамыту.Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.Қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Керекті құралдар: ит пен мысықтың түрлі тұқымының суреті,түрлі-түсті қағаздан жапсырмалар,қайшы,сулық,желім,үлестірмелі материалдар,қиылып алынған ит пен мысық жапсырмалары.
Билингвальді компонент:ит-собака,мысық-кошка,достар-друзья,үйшік-домик.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Тақтаға иттің және мысықтың түрлі тұқымдарының суреттерін ілу.
Жұмбақ
Ырылдайды,үреді,
Үй маңында жүреді.
Иесін ол біледі,
Бөтен біреу келсе егер,
Үріп белгі береді.
Суреттерді қызыға қарайды.
Жұмақты шешеді.
Жауабы:ит.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Ғажайып сәт
-Балалар,бізге ит және мысық қонаққа келді.Олармен танысайық.
Тәрбиеші жұмсақ ойыншықтар: ит және мысқыты көрсетеді.
Билингвальді компонент: ит-собака,мысық-кошка,достар-друзья,үйшік-домик.
Балаларды қауіпсіздіктің техникасының жөн-жосығымен,қайшымен қалай жұмыс жасау керектігімен таныстырады.
1.Жұмыс істегенде тек өз үстелінде отыруға міндеттісің.
2.Қайшының қиятын бөлігінен ұстауға болмайды.
3.Қолындағы қайшымен жүгіруге болмайды.
4.Қолыңдағы қайшымен жолдасыңның қасына баруға болмайды.
5.Қайшының жүзін үстел үстінде өзіңнен әрі қаратып,құлап кетпейтіндей берік қою керек.
Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
Сергіту сәті.
Әр баланың жасаған жұмыстарын үйшіктерінің терезесіне отырғызады. Қонақтармен амандасады,қуаныштарын білдіреді.
Қайталайды:ит-собака,мысық-кошка,достар-друзья,үйшік-домик.
Қауіпсіздік техникасының жөн-жосығымен танысады,қайшымен қалай жұмыс жасау керектігін тыңдайды,жұмысқа кіріседі.
Рефлексиялық-
түзетушілік -Қараңдаршы,балалар,қандай керемет үйлер бой көтерді!
Балалар,Дос және Мурка сендерге барлық көмектерің үшін рақмет айтады.Сендермен қоштасып,қолдарын бұлғайды. Балалар қуанышты көңіл-күймен ойыншықтарды құшақтап,итпен және мысықпен қоштасады.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: қайшымен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасын сақтайды,үйшік жасайды.
Түсінеді: ит және мысық тұқымдарының бірнеше түрі бар екендігін,олардың бір-бірінен айырмашылықтарын.
Қолданады: шаршы,тіктөртбұрыш,үшбұрышты қолданып үйшік жасайды.
«Ақбота» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметі технологиялық картасы
Күні: 28.09.2016ж.
Тәрбиеші: Алиева А.Т.
Білім беру саласы: Шығармашылық. Бөлімі: Аппликация
Тақырыбы: «Піскен алмалар»
Мақсаты:Қоршаған орта және күзде пісетін жемістер туралы білімдерін кеңейту,балаларды дәстүрден тыс аппликация-жырту тәсілімен таныстыру;желіммен жұмыс істегенде кезде тиянақты болуға үйрету.Тілдерін дамыту.Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.Шығармашылық ойын дамыту.Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Алма бағының суреті,алмалармен ойнауға арналған себет,қуыршақ,желім,сулық,үлестірмелі материалдар.
Билингвальді компонент:Күз-осень,алма-яблоко.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Ғажайып сәт
-Балалар,бізге қонақ келді.Оның кім екенін білу үшін жұмбақ шешейік.
Жұмбақ
Жапырақты бояды,
Атырапты бояды.
Бояп-бояп барлығын.
Сап-сары ғып қояды.
Қызығушылық танытады,жұмбақ шешеді.
Жауабы:күз.
Ұйымдастырушылық-ізденістік -Балалар,кәнекей,алма бағын жинап,күзге сыйлайық.
Үлестірмелі материалға назарларын аударады.
Жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді.
-Алдымен жырту тәсілімен ағаштың діңін жасап,желімдейміз.Көп емес,азғана жыртып,жапырақтарды жабыстырамыз.
Соңында піскен алмаларды жабыстырамыз.
-Жапырақтардың түсі қандай?
-Алмалардың түсі қандай?
Сергіту сәті.
Сөздік жұмыс: піскен.
Жұмысқа кірісуді ұсынады.
Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
Билингвальді компонент:
күз-осень,алма-яблоко. Тәрбиешіні тыңдайды,жауап береді.
Үлестірмелі материалдағы үлгіні қарастырады,жұмыстың орындалу ретімен танысады.
-Жапырақтар жасыл.
-Алмалар қызыл.
Мәтінге қарай қозғалыстарды келтіреді.
Қайталайды:піскен.
Жұмысқа кіріседі.
Қайталайды:
күз-осень,алма-яблоко.
Рефлексиялық-
түзетушілік -Күз,қарашы,барлық ағаштарды қосып,қандай алмалы бақ жасадық!
Күз:- Рақмет,балалар,еңбектерің үшін менен күздің жемісін-қып-қызыл тәтті алмаларды алыңдар.
Балалармен қоштасады. Балалар жасаған жұмыстарын талдайды.
Қуаныштарын білдіреді.
Күзбен қоштасады.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: дәстүрден тыс аппликация-жырту тәсілін.
Түсінеді: күздің белгілерін және жемістердің-алмалардың қайда өсетәнә туралы.
Қолданады: жапсырмаларды тиянақты жабыстырады.

Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: Тәрбиеші:
Білім беру саласы: Шығармашылық. Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: «Шалғындағы саңырауқұлақтар»
Мақсаты:қоршаған орта және саңырауқұлақ туралы білімдерін кеңейту,жеуге жарамды және жарамсыз саңырауқұлақтар туралы түсінік беру;тіктөртбұрыштан дөңгелек қию тәсілін және жабыстыруды;қылқаламмен аздап желім алып,сулықпен қағаздың үстіне жабыстырманы басуды үйрету.Тілдерін дамыту.Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Саңырауқұлақ ата (ойыншық), «орман алқабы» суреттелген кілем,Мухомор киіміндегі бала,ашық жасыл түсті қағаз,жеуге жарамды саңырауқұлақ жабыстырмалары:қоңыр қалпақша және сары аяқтары;мухомор:қызыл қалпақша және ақ аяқтар,жасыл қағаздан жасалған шөптер,қайшы,желім,қылқалам,үлестірмелі материалдар.
Билингвальді компонент:саңырауқұлақ-гриб.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Ғажайып сәт
Тәрбиеші:
-Балалар,бізге қонақ келді.
-Саңырауқұлақ атамен таныс болыңдар.
Саңырауқұлақ ата балалармен амандасады:
Саңырауқұлақ атамын,
Орманда менің тұрағым.
Тәртіпті мен қараймын,
Саңырауқұлақты санаймын.
Қызығушылық танытады,қонақпен амандасады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Балаларға жұмбақ жасырады:
Қарашы,маңызды жан,
Ақ аяқ,
Қызыл қалпақ.
Қалпағында ақ бұршақ.
Мухомор киімін киген бала шығып,өз-өзін қызыға мақтайды.
-Қызыл қалпақ,ақ бұршақ.
Келбетің сенің керемет-ақ.
Себетке біз сені салмаймыз,
Өте,өте қауіптісің!
«Алақаныңды жасыр» ойыны.
Тәрбиеші үлестірмелі материалға назарларын аударады.
Жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді.
Тәрбиеші Саңырауқұлақ атаның атынан балаларға кеңес беріп,көмектеседі.
Билингвальді компонент:саңырауқұлақ-гриб. Балалар,жұмбақты шешеді.
Жауабы:мухомор.
Балалар саңырауқұлақтың баскиімін мұқият қарап,түстерін ажыратып айтады.
Балалар шеңбер бойымен тұрады.
Шеңбер ішінде мухомор жүгіріп жүріп,балалардың алақанын ұстап қалуға тырысады.
Қайталайды:
Саңырауқұлақ-гриб
Рефлексиялық-
Түзетушілік Саңырауқұлақ ата балалардың жұмысына қызығып қарайды.Балаларды мадақтайды. Қуаныштарын білдіреді.Дайын жұмыстарын көрмеге іледі.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: тіктөртбұрыштан жарты дөңгелек қияды,сулықпен және алақанмен суретті басады.
Түсінеді: жеуге жарамды және жарамсыз саңырауқұлақтардың болатындығын және ерекшеліктерін.
Қолданады: қиылған бөлшектерді құрастырады,қылқаламмен желім алып,беткі жағына жабыстырады.
Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: Тәрбиеші:
Білім беру саласы: Шығармашылық. Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: «Банкадағы қияр мен қызанақ»
Мақсаты:көкөністің адам ағзасына пайдасы туралы мағұлмат беру;көкөніс түрлері туралы білімдерін кеңейту;бұрыштарын қайырып,шаршыдан шеңбер,тіктөртбұрыштан сопақ пішінді қиюды үйрету;назарлары мен ойлау қабілеттерін дамыту.Тілдерін дамыту.Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.Желім мен сулықты ұқыпты қолдану.Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Керекті құралдар: көкөніс пен жеміс тиелген арбалар,сулық,үлестірмелі материалдар.
Билингвальді компонент:қияр-огурец,қызанақ-помидор.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Ойын жағдаяты
Екі бала топқа көкөніс пен жеміс тиелген арбаны сүйреп әкеледі.
-Балалар,не сүйреп әкелді?
-Көкөністердің атын айтып,көрсетіңдерші.
-Енді жемістерді атаңдар.
-Көкөністер қайда өседі?
-Жемістер қайда өседі?
Арбаны қарайды.
-Көкөніс пен жемістерді.
-Қияр,қызанақ,бұрыш,пияз.
-Көкөністер бау-бақщада өседі.
-Ал жемістер бақта,ағаш басында өседі.
Ұйымдастырушылық-ізденістік -Балалар,көкөністерді қысқа қалай сақтайтынымызды білесіңдер ме?
Сергіту сәті
«Орамжапырақты тұздау»
Тық-тық,тық-тық,
Орамжапырақты кесеміз,
Оны біз тұздаймыз.
Ыдысқа біз саламыз,
Дайындаймыз қысқа азық.
Үлестірмелі материалға назарларын аударады.Жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді.
-Шаршының түсі қандай?
-Бұл шаршыдан дөңгелек қиямыз.Бұл қызанақ болады.Бұрыштарын дөңгелетіп қиямын,дөңгелек шығады.
-Тіктөртбұрыштың түсі қандай?
-Бұрыштарын дөңгелетіп,сопақ пішінді қиямыз.Неге ұқсайды?
Балалармен жеке жұмыс жүргізеді. Балалардың жауабы.
Балалар үстел үстін ұрып,алақандарын үркелейді.Өлең мәтініне байланысты қимыл-қозғалыстар жасайды.
Үлестірмелі материалды қарастырады.Жұмыстың орындалу ретімен танысады.
-Жасыл.
-Қиярға ұқсайды.
Рефлексиялық-
Түзетушілік Тәрбиеші балаларды мақтап,аналарына көмекші екенін айтады.
-Жарайсыңдар,балалар,қысқа біз қаншама азық дайындап алдық! Қуаныштарын білдіреді,жұмыстарын бір-біріне көрсетеді.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: аппликацияда пропорциялар ережесін сақтап,бұрыштарын қайырып,шаршыдан шеңбер,тіктөртбұрыштан сопақ пішінді қияды.
Түсінеді: көкөніс пен жемістердің айырмашылығын,көкөністен жасалатын тағамдардың адам ағзасына пайдасын.
Қолданады: оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдыларды.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:13.11.2014ж Тәрбиеші:
Білім беру саласы: Шығармашылық. Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: «Қонжыққа арналған пирамида»
Мақсаты:қоршаған орта және ойыншықтар туралы түсініктерін кеңейту;ойыншықтың келбетін көшіріп,аппликация жасауға үйрету.Тілдерін дамыту.Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.Ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.
Керекті құралдар: ойыншық қонжық,пирамидалар,қайшылар,желім,сулық,үлестірмелі материалдар.
Билингвальді компонент:қонжық-медвежонок,пирамида-пирамида.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Ойын жағдаяты
-Балалар,біздің ойын бұрышымызда қонжық бар.Бүгін маған қонжық сүйікті ойыншығы-пирамиданың сынып қалғаны туралы айтты.
-Қалай ойлайсыңдар,біз қонжыққа көмектесе аламыз ба?
Тапсырма: «Пирамиданы құрастыруға көмектес.»
-Балалар бір-бірден шығып,сақиналарды үлкеннен кішіге дейін құрастыруға көмектесіңдерші.
Қызығушылық танытады,тәрбиешіні тыңдайды.
Қонжыққа көмектесуге ынта білдіреді.
Пирамиданы жинайды,түсін және пішінін айтады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік -Аппликация жасау үшін бізге не керек?
Үлестірмелі материалға назарларын аударады.
Жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді.
Сөздік жұмыс: түрлі-түсті пирамида
Қауіпсіздік ережелерін еске түсірейік:
1.Жұмыс істегенде тек өз үстелінде отыруға міндеттісің.
2.Қайшының қиятын бөлігінен ұстауға болмайды.
3.Қолындағы қайшымен жүгіруге болмайды.
4.Қолыңдағы қайшымен жолдасыңның қасына баруға болмайды.
5.Қайшының жүзін үстел үстінде өзіңнен әрі қаратып,құлап кетпейтіндей берік қою керек.
Сергіту сәті.
Балалармен жеке жұмыс жүргізеді. -Қайшы,қағаз және желім.
Үлестірмелі материалды қарастырады.
Жұмыстың орындалу ретімен танысады.
Қайталайды: түрлі-түсті пирамида.
Балалар еске сақтаған қауіпсіздік ережелерін айтады.
Мәтінге сәйкес қимыл-қозғалыс жасайды.
Рефлексиялық-
түзетушілік Тәрбиеші қонжықтың атынан балаларға алғыс айтады.
Балалар мадақтайды. Қуаныштарын білдіреді.Дайын жұмыстарын көрмеге іледі.

Күтілетін нәтиже:
Жасайды: бұрыштарын қайырып,сопақша пішін қияды.
Түсінеді: ойыншықтармен ұқыпты ойнауды,пирамиданы өсу ретімен жинау керектігін.
Қолданады: бірнеше бөліктерден тұратын ойыншық бейнесін құрастырып,желімдейді.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 27.11.2014ж Тәрбиеші:
Білім беру саласы: Шығармашылық. Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: «Бауырсақ»
Мақсаты:шыршадан дөңгелектері қиюға үйрету; жұмысты соңына дейін бітіруге дағдыландыру; қайшымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіз техникасын сақтауды үйретуді жалғастыру;балалардың шығармашылық ойын дамыту. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Халық ертегілеріне деген қызығушылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: «Бауырсақ» ертегісінің желісін көріп,ертегі кейіпкерлерімен таныстыру.
Сөздік жұмыс: домалау.
Билингвальді компонент: бауырсақ-колобок,дөңгелек-круг.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Педагог балаларға жұмбақ жасырады:
Атасынан да қашты,
Апасынан да қашты,
Өзінің домалақ басына
Кездестірді түлкіні,
Жоқ боп кетті бір күні
-Балалар бауырсақ жоғалмапты,мінекей ол
-Бауырсақпен амандасайық,балалар.
Педагог балалармен бірге ойыншық Бауырсақпен амандасады.
Сөздік жұмыс: домалау.
-Балалар,Бауырсақпен ойын ойнайық
«Ұқсас пішіндерді тап» ойыны
Билингвальді компонент: бауырсақ-колобок,дөңгелек-круг.
Тәрбиешіні тыңдайды,жұмбақты шешеді.
Жауабы: бауырсақ
Бауырсақты көреді, амандасады.
Қайталайды : бауырсақ-колобок,дөңгелек-круг.
Ұйымдастырушылық-ізденістік -Балалар аппликация жасау үшін бізге не қажет?
Үлестірмелі материалға назарларын аударады.
Жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді.
-Алдымен қағазды жырту тәсілімен жол жасаймыз, желімдейміз
-Мен шаршыны аламын. Түсі қандай?
Мен неге осы түсті таңдадым?
-Сары шаршының бұрыштарын әдемілеп қайырып,дөңгелектеп қиямыз.
-Екінші жағына желім жағып,суреттегі жолға желімдейміз.
-Ал оны не күтіп тұр?
-Бұған бірдеңе жетіспей тұрған сияқты
-Жұмысқа кіріспес бұрын,қайшымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасын еске түсірейік.
Сергіту сәті.
Оңға,оңға түзу тұр
Солға,солға түзу тұр.
Алға қарай бір адым.
Жоғары,төмен қарайық
Орнымызды табайық
Жұмысқа кірісуді ұсынады.
Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі. -Қайшы ,қағаз және желім
Үлестірмелі материалды құрастырады. Сұрақтарға жауап береді. Жұмыстың орындалу ретімен танысады.
-Сары түсті,себебі бауырсақ қамырдан жасалып, қуырылған
-Түлкі
-Оған көз,мұрын және ән айту үшін ауыз жабыстыру керек немесе салу керек. Балалар естеріне түсіріп айтады.
Қимыл-қозғалыстар жасайды.
Жұмысқа кіріседі,
Аппликацияларды жасайды.
Рефлексиялық-
түзетушілік -Түлкі бауырсақты жеп қойғысы келген, бірақ бүгінгі ертегіміз сәтті аяқталды!
Бауырсақ шыршаның артына тығылып қашып кетеді.
Жол бойында жүгіріп ән шырқайды.
Апамнан да қаштым,
Атамнан да қаштым
Түспедім мен ауызға,
Ас болмадым тағы да
Бауырсақпын осындай!
Аяқталды ертегіміз,
Сәтті болды күніміз!
Бауырсаққа балалар рақмет айтады. Балалармен қошатасады Қуаныштарын білдіреді. Жұмыстарын Бауырсаққа сыйлайды.
Балалар бауырсақпен қоштасады

Күтілетін нәтиже:
Жасайды: бұрыштарын дөңгелектеп шаршыдан дөңгелек қияды,қарындашпен немесе фломастермен аппликацияларды толықтарады.
Түсінеді: домалақтың бұрышы болмайтындығын , еркін домалайтындығын
Қолданады: қайшымен еркін жұмыс істейді және мұқият жапбыстырады, сулықты қолданады.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 11.12.2014ж Тәрбиеші:
Білім беру саласы: Шығармашылық. Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: «Табақты әшекейлейміз»
Мақсаты: балаларды қазақ халқының тұрмысымен таныстыруды жалғастыру;ұлттық өнерімен таныстыру;табақты өрнектермен әшекейлеуді үйрету;ұқыпты желімдеуге жаттықтыру;әшекейлеу дағдыларын арттыру;сұлулықты сезіне білуге тәрбиелеу;қазақтың өнеріне қызығушылығын тудыру.Тілдерін дамыту.Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.Отанға деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.
Керекті құралдар: дастархан суреті,желім,қайшы,үлестірмелі материалдар.
Билингвальді компонент:табақ-блюдо,өрнек-орнамент.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық -Балалар,мен сендерге ертегі айтып берейін.
-Балалар,қараңдаршы.Ою-өрнектер үстел үстінде жатыр.Ыдыстарға осы ою-өрнектерді желімдеп,өрнектейік. Ертегіні тыңдайды.
Ыдыстарды өрнектеуге ынта білдіреді.
Ұйымдастырушылық-ізденістік -Бірақ алдымен жан-жағымызға қарап,сұлулықты іздейік.Терезенің ар жағында аспанда ақ бұллтар қандай әдемі!Сұлулықты қайдан көріп тұрсыңдар?Терезенің ар жағынан ба?Топтан ба?Достарыңнан ба?
Саусақ жаттығуы: «Қонаққа барамыз»
-Әдемі әуен бізге жақсы жұмыс істеуге көмектеседі. (Қазақтың әдемі әуені шырқалады)
Сөздік жұмыс: өрнек.
Үлестірмелі материалға назарларын аударады.
Жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді.
-Ыдыстың ортасынан бастап өрнектейміз.Ең үлкен элементтерді таңдап,қошқармүйіз бен құстұмсық оюларын желімдейміз.
Балалармен жеке жұмыс жүргізеді. Тәрбиешіні тыңдайды,сұрағына жауап береді.
Балалар саусақ жаттығуын жасайды.
Қайталайды: өрнек.
Үлестірмелі материалды қарастырады.Жұмыстың орындалу ретімен танысады,жұмысқа кіріседі.
Рефлексиялық-
Түзетушілік Тәрбиеші балаларды мадақтайды.Жасаған жұмыстарынан көрме ұйымдастырады. Достарының жұмысын талдайды.Жасаған жұмыстарын көрмеге қояды.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: «қошқармүйіз», «құртұмсық», «гүл күлтесі» оюларын қиып,ыдысты әшекейлейді.
Түсінеді: «қошқармүйіз», «құртұмсық», «гүл күлтесі» оюларының мәнін.
Қолданады: қағаздан ою қияды,симмериялы етіп орналастырады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 25.12.2014ж Тәрбиеші:
Білім беру саласы: Шығармашылық. Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: «Шыршаны шарлармен безендіреміз»
Мақсаты: Жаңа жыл мерекесі туралы білімдерін кеңейту;шаршыдан дөңгелектерді қиюға үйрету;жұмысты соңына дейін бітіруге дағдыландыру.Тілдерін дамыту.Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Керекті құралдар: шырша суреттері,шыршаның қағазға желімденген үлгі суреті,жасыл түсті қағаз,қайшы,үлестірмелі материалдар.
Билингвальді компонент:жаңа жыл-новый год,шырша-елка.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Шаттық шеңбері
Күнім күлім қағады,
Шуағын маған шашады!
Қуан,қуан,алтын Күн!
Қуан,қуан,Жер-көгім!
(Г.Бектұрова)
-Балалар,қараңдаршы,сиқырлы қобдиша тауып алдым.
Сөздік жұмыс: қобдиша.
Балалар шеңбер жасап тұрады,өлең жолдарын бірге қайталайды.
Қызығушылық танытады.
Қайталайды: қобдиша.
Ұйымдастырушылық-ізденістік -Сиқырлы қобдишада не бар екен?Оның ішінде қағаз бар екен,қағазда жазылғанды оқып көрейік:
Ағаштардың көріктісі,
Мәңгі жасыл бұтағы.
Мекен ғып тау,өлкені,
Кәусар ауа жұтады.
Бұл не?
«Пішінді ата» дидактикалық ойыны.
Үлестірмелі материалға назарларын аударады.
Жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді.
Тәрбиеші моншақ жасау техникасын түсіндіреді:домалақ және сопақша моншақтарды алу үшін тіктөртбұрыштардың және шаршылардың бұрыштарын дөңгелектеп қиямыз.Пішіндері әртүрлі моншақтарды кезектестіріп,орналастырып,шыршаға мұқият және түзу жапсыруды көрсетеді.
Сергіту сәті
Балаларға жұмысқа кірісуді ұсынады.
Балалармен жеке жұмыс жүргізеді. Тыңдайды,жұмбақты шешеді.
Жауабы: шырша.
Ойынға кіріседі,пішіндердің атауын айтады:дөңгелек,сопақша,шаршы.
Үлестірмелі материалды қарайды.Жұмыстың орындалу ретімен танысады.
Балалар жаттығу жасайды.
Жұмысқа кіріседі,шыршаға моншақтар жасайды.
Рефлексиялық-
Түзетушілік -Біздің шыршамыз әдемі болып кетті.Аязата мен Ақшақарға көрсетеміз.
Тәрбиеші шыршадағы моншақтарды балалармен талдайды.Мадақтайды. Балалар өз жұмыстарын тамашалайды,талдау жасайды.

Күтілетін нәтиже:
Жасайды: домалақ және сопақша моншақтарды алу үшін тіктөртбұрыштардың және шаршылардың бұрыштарын қиып,пішіндері әртүрлі моншақтарды кезектестіріп жабыстырады.
Түсінеді: шыршаны тек Жаңа жыл мерекесінде ғана безендіретіндігін.
Қолданады: оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдылары.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 15.01.2015ж Тәрбиеші:
Білім беру саласы: Шығармашылық. Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: «Ақшақар»
Мақсаты: қоршаған орта мен қыс туралы түсініктерін кеңейту;шаршыдан дөңгелектерді қиюды үйрету;қайшымен және желіммен жұмыс істеу дағдыларын меңгерту және бекіту.Тілдерін дамыту.Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Жаңа жыл мерекесінің суреттері,түрлі түсті қағаздан жапсырмалар,қайшы,желім,сулық,үлестірмелі материалдар,қуыршақ Ақшақар.
Билингвальді компонент:Ақшақар-Снегурочка,қар-снег.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Тәрбиеші балаларға ән айтқызады.
О,алақай,Аязата!
Келе жатыр алыстан!
Кел билейік,үйренейік,
Ол келгенше жаңа жыр.
Құтты болсын,құтты болсын,
Құтты болсын...
Жұмбақ жасырады.
Тікен,тікен тік пісте,
Қысы-жазы бір түсте
Ол...
-Жаңа жылда бізге кім келеді? Ертегіні тыңдайды.
Ыдыстарды өрнектеуге ынта білдіреді.
-Жаңа жыл.
-Шырша.
-Аязата,Ақшақар.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Тәрбиеші қуыршақ Ақшақарды көрсетеді.Үстіне көк тон киіп алғанын айтады.
Сөздік жұмыс: тон.
-Балалар,Ақшақар деп неге атаған?
-Қазір дала аяз,бұл Ақшақар ұнататын ауа райы.Ақшақар бізді серуендеуге шақырып тұр.
Сергіту сәті.
Билингвальді компонент:Ақшақар-Снегурочка,қар-снег.
-Балалар,біз бүгін Ақшақардың аппликациясын жасаймыз.
Үлестірмелі материалға назарларын аударады.
Жұмыстың орындалу ретін түсіндіреді.Алдымен шаршыдан шыршаны жасаймыз,шаршыны екіге бөліп,қиямыз,шыршаны құрастырамыз,жапсырамыз.
Ақшақарды жасауды тонынан бастаймыз.Ол үлкен үшбұрыш болады.Басы мен бетіне дайын жапсырмаларды қолданамыз.Қолы да үшбұрыш.Ал енді жұмысқа кірісейік.
Балалармен жеке жұмыс жүргізеді. Қуыршақты қарастырады,сұрақтарға жауап береді.
Қайталайды:тон
-Себебі ол қардан жасалған.
Қимыл-қозғалыстар жасайды.
Қайталайды:Билингвальді компонент:Ақшақар-Снегурочка,қар-снег.
Үлестірмелі материалды қарастырады.Сұрақтарға жауап береді.Жұмыстың орындалу ретімен танысады.
Жұмысқа кіріседі.
Рефлексиялық-
Түзетушілік Қуыршақ Ақшақар балаларды мадақтайды,балаларға ризашылығын білдіреді.
Балалармен қоштасады. Балалар жасаған жұмыстарын көрмеге қояды.
Ақшақармен қоштасады.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: геометриялық пішіндерден Ақшақар құрастыруды.
Түсінеді: Ақшақардың қардан жасалған қыз екендігін,шырша мерекесінің қонағы екендігін.
Қолданады: оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдылары.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:29.01.2015ж Тәрбиеші:
Білім беру саласы: Шығармашылық. Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: «Пойыз»
Мақсаты: балалардың пойыз туралы білімдерін,теміржолда жүретін көлік екенін түсіндіру;ұсақ бөлшектерді қосу;шаршыдан дөңгелектерді қию;шығармашылық ойды дамыту.Тілдерін дамыту.Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Керекті құралдар: пойыздың суреттері,қайшылар,желім-қарындаш,сулық,үлестірмелі материалдар.
Билингвальді компонент:пойыз-поезд.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Ойын жағдаяты
Пойыз әнін орындауды ұсынады.
Пойыз,пойыз
Судай жаңа,
Жылтырайды шынымен.
Не бар екен пойызда?
Аю менен маймылдар,
Мысықтар мен қояндар,
Міне.осындай пойызды
Балаларға сыйлаймыз.
Ұзақ,ұзақ,
Жол ұзақ.
Проблемалық жағдаят
-Балалар,біздің ойыншықтар саяхатқа шыққысы келеді.Бірақ оларда пойыз жоқ.Не істейміз?

Ынта білдіреді,орындықтарды пойыз сияқты етіп,ретімен қойып,пойыз туралы ән шырқайды.
Көмектесуге ынта білдіреді.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Үлестірмелі материалға назарларын аударады.
-Пойыз қандай геометриялық пішіндерден тұратынын қарастырайық.
-Пойыз-көлік,теміржолмен жүреді.
-Пойызда паровоз бен вагондар бар.
Сөздік жұмыс: паровоз,вагон.
Тәрбиеші жұмысты жасау ретін түсіндіреді,көрсетеді.
Қауіпсіздік техникасын еске түсіреді.
Сергіту сәті.
Пойыз: «Ду-ду!Ду-ду!
Мен жүремін
Мен жүремін!»-деп шулайды.
Ал вогондар зулайды
«Тақ-тақ-тақ! Тақ-тақ-тақ!
«Тақ-тақ-тақ! Тақ-тақ-тақ!
Ұшақ болып балалар,
Ұшамыз биікке,биікке.
Жоғары қарай тартыламыз.
Енді жерге қонамыз,
Қолымызды төмен түсіреміз.
Билингвальді компонент:
Пойыз-поезд.
Жұмысқа кірісуді ұсынады.
Балалармен жеке жұмыс жүргізеді. Үлестірмелі материалды қарастырады.Сұрақтарға жауап береді.
-Пойыз тіктөртбұрыштар,үшбұрыштар мен дөңгелектерден тұрады.
Тәрбиешіні тыңдайды,жұмысты жасау ретімен танысады.
Балалар бірінің артына бірі «Пойыз» сияқты тұрады.
Билингвальді компонент:
Пойыз-поезд.
Пойыз жасауға кіріседі.
Рефлексиялық-
Түзетушілік Тәрбиеші балаларды ойыншықтардың атынан мақтайды. Қуаныштарын білдіреді.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: геометриялық пішіндерді пайдалана отырып,пойыз құрастырады,қайшымен жұмыс істегенде қауіпсіздік техникасын сақтайды.
Түсінеді: пойыздың теміржолмен жүретін көлік екендігін.
Қолданады: қайшы мен желім-қарындашты дұрыс қолданады,оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдыларды.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 12.02.2015ж Тәрбиеші:
Білім беру саласы: Шығармашылық. Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: «Аквариумдағы балықтар»
Мақсаты: аквариумда балықтар,ұлулар,өсімдіктер болатыны туралы түсіндіру;балалардың елестете білу қабілетін дамыту.Тілдерін дамыту.Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.Табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Керекті құралдар: Табиғат бұрышындағы аквариум,ойыншық балықтар мен ұлулар,дайындамалар- қызыл тіктөртбұрыш және сары түсті шаршылар,қайшы,желім-қарындаш,сулық,үлестірмелі материалдар.
Билингвальді компонент:балық-рыба,су-вода.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Ғажайып сәт
Топқа алтын сандықты көтеріп әкеледі.
Тәрбиеші жұмбақ жасырады.
Төртбұрышты шыны үй,
Терезесі жоқ,іші толы су.
Осы үйдің тұрғындары
Шетінен шебер жүзгіштер.
Басы ізі жоқ,
Жүрсе жолы жоқ. Қуаныштарын білдіреді.
Жұмбақты тыңдайды,жұмбақтың шешуін табуға тырысады.
Жауабы: аквариум,балық.
-Ұлу
Ұйымдастырушылық-ізденістік -Ал енді балықтарды талдайық.
Қандай балықтарды білесіңдер?
-Балалар,аквариумда бірдей балықтар бар ма?
-Олардың бір-бірінен айырмашылықтары неде?
-Барлық балықтарға ортақ не бар?
-Балалар,балыққа қабыршақ не үшін қажет?
-Дұрыс,судың түбінде жүзгенде балық жаралануы мүмкін,ол балықтың денесін қорғайды.
Билингвальді компонент:балық-рыба,су-вода.
Ойын: «Балықты көркемде»Балаларға балықтар мен қабыршақтар таратылады.
Тәрбиеші жұмысты жасау ретін түсіндіреді,көрсетеді.
Денелерінің пішінін анықтап, тәрбиеші балаларға сопақ пішінді балықтың денесін,құйрығын,қанатын қалай қиятынын түсіндіреді,қию үлгісін,оны құрау әдісін,жабыстыру тәсілін көрсетеді. Тіктөртбұрыштың шетін қайырып-дөңгелету сопақшалар қию-балықтың денесі,оларға кішкентай үшбұрыштар қосу-үшбұрыштар қосу-құйрықтарын жасау.
Жұмысқа кірісуді ұсынады
Ойын: «Балық қайда тұрасың?»
Балалар бір-біріне балықты шеңбер бойынша беріп,кімге «тұрасың» сөзі түскенде,сол бала балықтың қайда тұратынын айтады.
Балықтарды күту ережелерін еске түсіреді.
Балықтардың үйін қорғайық,оларды күтіп баптайық. Олар тірі жан екенін ұмытпайық, тамақтандырып, суын тазалап отырайық. Сонда балықтар бізді қуантады. Білетін балықтарды атайды.
-Қанаты,құйрығы әртүрлі болып келеді.
-Басы,денесі,құйрығы,қанаты.
-Қабыршақ балықтың денесін қорғайды.
Үлестірмелі материалды қарастырады,суреттерді қарап,жауап береді.
Жұмысты жасау ретімен танысады.
Ойынға кіріседі.
Бір-біріне балықтар шеңбер бойынша беріп, кімге «тұрасың» сөзі түскенде,сол бала балықтың қайда тұратынын айтады. Педагогті тыңдайды, өз пікірлерін айтады
Рефлексиялық-
Түзетушілік Балықтарды күту ережелерін еске түсіреді.
Балықтардың үйін қорғайық,оларды күтіп-баптайық.Олар тірі жан екенін ұмытпайық,тамақтандырып,суын тазалап отырайық.Сонда балықтар бізді көркімен қуантады. Тәрбиешіні тыңдайды,өз пікірлерін айтады.
Күтілетін нәтиже:
Жасайды: қию және жабыстыру тәсілімен ұсақ бөлшектерді (қабыршақтарды) өзі қалауы бойынша жабыстырады.
Түсінеді: аквариумда балықтар,ұлулар,өсімдіктер болатынын (балық жүзеді,ұлу жорғалайды,балдыр өседі,балықтар үшін қорғаныс және азық болады)
Қолданады: Табиғат бұрышында тұрған аквариумдағы балықтарды күтуде оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдыларды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 26.02.2015ж Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: «Ұшақтар самғайды»
Мақсаты: көлік туралы түсініктерін кеңейту, қайшымен жұмыс істеудегі қауіпсіздік техникасын естеріне салу, тиянақтылыққа, ұқыптылыққа, дербестікке тәрбиелеу. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Ойыншықтармен ұқыпты ойнауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер:
Қолданылатын көрнекіліктер,қажетті құрал-жабдықтар: қайшы, желім, сулық, үлестірмелі материалдар, ойыншық ұшақ.
Алдын-ала орындалатын жұмыс: әуе көліктері туралы әңгімелесу, «Ұшақтар» қимылды ойынын ойнату.
Сөздік жұмыс: ұшқыш.
Билингвальді компонент: ұшақ-самолет; ұшқыш-летчик; аспан-небо.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық –қозғаушылық Ойын жағдаяты
Педогог топқа ойыншық ұшақ әкеледі, тақпақ оқиды:
Құстар қайда ұшады?
Биікте, биікте.
Ұшақ қайда ұшады?
Алысқа, алысқа.
Жұлдыз қайда жарқырайды?
Үстінде, астында.
Біздің батыл ұшқыштар
Алдында, алдында.
Балалар аспанда не бар
Балалар ұшақты кім ұшырады
Сөздік жұмыс: ұшқыш. Қызығушылық көрсетеді. Тақпақты тыңдайды.
Ойланады, жауап береді.
Аспанда Күн бар, құстар, ұшақтар ұшады, аспанда бұлт бар.
Ұшқыш.
Қайталайды: ұшқыш
Ұйымдастырушылық -ізденістік Ұшақпен сахяхатқа шығуды ұсынады.
-Ұшу үшін ұшақ керек, ұшақ жасайық, біз оны аспанға жібереміз.
Билингвальді компонент:
Ұшақ-самолет, ұшқыш-летчик, аспан-небо.
Сергіту сәті:
«Ұшақ» ойынын ойнатады.
-Енді орнымызға ұшып келдік.
Үлестірмелі материалдарға назарларын аударады.
-Бұл қандай пішіндер?
Педогог жұмысты жасау ретін түсіндіреді, қию үлгісін көрсетеді. Ұшақты қалай жабыстырғанын айтады. Тіктөртбұрыштың шетін қайтарып, ұшақтың денесін жасаймыз, ұшақтың қанаты да дәл солай жасалады.
-Ұшақтарды құрастырып, жабыстырамыз. Иллюминаторы үшін дайын жапсырмаларды қолданамыз. Күн мен бұлттың суретін саламыз.
-Балалар, қайшымен жұмыс істеу қауіпсіздік технологиясын кім айтып береді?
Педогог жауаптарды толықтырады.
Жұмысқа кірісуге ұсыныс жасайды.
Балалармен жеке жұмыс жүргізеді. Қызығушылық танытады.
Қайталайды:
Ұшақ-самолет; ұшқыш-летчик; аспан-небо.
Әуенге балалар ұшақтың қимыл-қозғалыстарын келтіреді, ұшақты оталдырады, топты айналып ұшады, отырады.
Үлестірмелі материалдарды қарастырады, сұрақтарға жауап береді, тіктөртбұрыш, дөңгелек.
Жұмысты жасау ретімен танысады, педогогті тыңдайды.
Балалардың жауаптары.
Жұмысқа кіріседі, дайын ұшаққа иллюминаторларын(дайын жапсырмаларды) жапсырады, қылқалам мен бояу алып(сары және көк). Күн мен бұлттың суретін салады.
Рефлексиялық-
түзетушілік
Балаларды мадақтайды.
«Ұшқыштар ойынын ұйымдастырады.
Жұмыстарды қарап, бір-бірлеріне пікірлерін айтады.
Ойын ойнайды.
Күтілетін нәтиже
жасайды: ұшақ бөлшектерін қиып, жапсырады.
түсінедi: ұшақтың әуе көлігі екендігін, иллюминатор ұшақтың терезесі екендігін.
қолданады: ұшақ жасауда оқу іс-әрекеті барысында дағдыларды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 12.03.2015ж Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: «Гүлдер»
Мақсаты: 8 наурыз мерекесі туралы және гүлдер туралы білімдерін кеңейту, түсті айыра білуге эстетикалық тұрғыда қабылдай білуге үйрету. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Өздерінің ойларын жеткізе білу, жақындарына қуаныш сыйлау. Анасына деген құрмет пен сүйісеншілікті дамыту.
Әдіс-тәсілдер:
Қажетті көрнекіліктер: түрлі түсті ашықхаттар, желім, қайшы, сулық, үлестірмелі материалдар.
Сөздік жұмыс: ашықхат
Билингвальді компонент: сыйлық-подарок, мама-ана, гүл-цветок.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық
Шаттық шеңбері.
Әр бала анасын есіне түсіріп, мейірімді сөз айтуын ұсынады.
-Балалар қандай мереке жақындап келе жатыр?
-8 наурыз – аналар мерекесі.
Бұл күні қыздарды, аналарды, әжелерді құттықтайды.
-Апаларымыз бен аналарымызды қалай құттықтаймыз?
Енді балалар ашықхаттардың түрлерін қарастырайық. Педогог балаларға әдемі ашықхаттардың түрлерін көрсетеді.
Сөздік жұмыс: ашықхат
Шаттық шеңберіне тұрады, аналарына мейірімді сөздер айтады.
Ойланады, сұрақтарға жауап береді.
-8 наурыз-аналар мерекесі.
Сурет саламыз, құттықтаулар қағаздарын жасаймыз.
-Ашықхаттарды қарастырайық.
Қайталайды: ашықхат.
Ұйымдастырушылық -ізденістік Педогог балаларға аналарына арнап ашықхат жасауды ұсынады.
Билингвальді компонент: сыйлық-подарок, ана-мама, гүл-цветок.
Үлестірмелі материалдарға назарларын аударады.
-Гүлді қараңдаршы.
-Гүлдің пішіні қандай?
-Түсі қандай?
Пластикалық жаттығу «Гүл қауызы»
Балаларға гүлдің бейнесін қимылмен салуды ұсыну.
Педогог балаларға аппликацияның жасалу ретін және үлгісін көрсетеді.
Алдымен дайындалған қағазымызды ортасынан төменге дейін біріктіріп, дәл ортасынан қайшымен қиямыз. Енді бізге гүлдің сабағы керек, жасыл түсті қағазды алып гүлдің сабағын қиямыз.
Тіктөртбұрышты қағазды алып, одан жапырақтарының жобасын жасаймыз. Бұрыштарын абайлап кесеміз.
Құмыраға арналған қағазды алып, бұны да дәл бүктеп, дәл ортасынан қиямыз. (көрстеді)
Мінекей, біз ашықхатқа керектінің бәрін дайындап болдық.
Бірінші құмыраны, одан кейін гүлдің сабағын, гүл бөлігі мен жапырақтарын орналастырамыз.
Енді желім жағатын қылшаны аламыз, дайындалған заттарымызға теріс жағынан желім жағамыз, абайлап жұмыс жасаймыз. Енді жапсырамыз, оның үстін арнайы дайындалған сулықпен тегістеп, жабыстырамыз.
Қауіпсіздік техникасын есіне түсіреді.
Жұмысқа кірісуге ұсыныс жасайды Қайталайды: сыйлық-подарок, ана-мама, гүл-цветок.
Үлестірмелі материалдарды қарастырады, сұрақтарға жауап береді
Гүлдің пішіні дөңгелек, түсі қызыл сары.
Балалар әдемі әуенмен гүлдің қимылын келтіреді.
Шынтақтарын үстелге қойып, қолдарын қосады. Алақандарымен ашылмаған гүл қауызын жасайды. Гүл күннің шуағына бөленіп, ашыла бастайды. Балалар алақандарын аша бастайды, ашылған гүлді көрсетеді. Желмен тербелгендерін көрсетіп, бастарын әрі-бері бұрады.
Жұмыс жасалу ретімен танысады.
Жұмысқа кіріседі, барлық тапсырмаларды дайындайды. Алдымен құмыраның сабағын, гүлді және жапырақтарын жапсырады.
Рефлексиялық-
түзетушілік
-Қандай гүлдер гүдеді, біздің ашықхатта? Сүйіспеншілік пен құрметіміз, нәзіктік сезіледі. Бұл гүлдер ешқашан солмайды, аналарымызды қуантады.
Педогог балаларға ана туралы тақпақ оқуды ұсынады
Қуаныштарын білдіреді.
Өздері білетін ана туралы тақпақтарды оқиды.
Күтілетін нәтиже
жасайды: геометриялық пішіндерді қиып, гүлдерден ашықхаттар жасайды.
түсінедi: еңбектену арқылы жақындарына қуаныш сезімін сыйлай алатындарын.
қолданады: анасына сыйлық жасау барысында оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдыларды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні: 26.03.2015ж Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным» Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: «Сәукелені әшекелейміз»
Мақсаты: қазақтыі ұлттық бас киім атауларын ажыратуды үйрету; ұлттық өнер түрлерімен таныстыру; сәукелені өрнектермен әшекелеуді үйрету; эстетикалық талғамды қалыптастыр; қазақтың һнеріне қызығушылықтарын тудыру. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Отанға деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер:
Қажетті көрнекіліктер: «Суретті құрастырайық» карточкалары, қазақтың ұлттық киімдер мен бас киімдерінің суреттері. Айсұлу қуыршағы, түрлі түсті жапсырмалар., желім, сулық, үлестірмелі материалдар.
Сһздік жұмыс: сәукеле, тұмар.
Билингвальді компонент: әдемі-красивый.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Ғажайып сәт.
Топқа қазақтың ұлттық киімін киген Айсұлу келеді.
-Балалар, бізге қонаққа Айсұлу келді. Балалар «Үш ағайынды және Айсұлу» ертегісі естерінде ме?
Педогог қазақтың ұлттық киімін киген қыздарының суретін көрсетеді.
Сәукеле үйлену тойында қалыңдық киетін бас киім.
Қазақ қыздары өздеріне көйлек тігіп, сәукелесін әшекейлеген. Басты бөлігі желек, жеңіл матадан жасалған. Сәукеленің жоғарғы бөлігіне тіл-көзден сақтайды деген тұмар үкі таққан.
Сөздік жұмыс: сәукеле, тұмар.
Ал, біздің Айсұлуымыздың сәукелесі дайын емес. Әдемі аппликация жасап, көмектесейік.
Билингвальді компонент: әдемі-красивый. Қызығушылық көрсетеді, қуыршақпен амандасады, киімдерін қарастырады. Педогогтың әңгімесін тыңдайды.
Суреттерді қарайды.
Қайталайды: сәукеле, тұмар.
Көмектесуге ынта білдіреді.
Қайталайды: әдемі-красивый.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Балалар, Айсұлу «Суретті құрастырайық» ойынын әкеліпті. Педогог үстел үстіне ойын карточкаларды-кесілген суреттерді, қазақтың ұлттық киімдері салынған бейнелерді қояды.
Үлестірмелі материалдарға наар аударады, сәукеленің үлгісін қарастырады.
-Сәукеленің пішіні қандай?
-Қандай түстер қолданамыз?
-Өрнектер қалай орналасқан?
-Бас жағында не бар?
Педогог жұмыстың жасалу ретін түсіндіреді.
-Дайын сәукелеге үлестірмелі материалдағы жапсырмаларды жапсырамыз.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,
Бір шынығып аламыз.
Бір отырып, бір тұрып,
Тез шынығып аламыз.
Иіліп оңға бір,
Иіліп солға бір.
Денемізді дұрыстап,
Тұрамыз тік ұстап.
Қауіпсіздік техникасын еске түсіреді.
Жұмысқа кірісуді ұсынады.
Балалармен жеке жұмыс жүргізеді. Балалар кесілген суреттердегі киімдерді қарайды, құрстырады, түрлерін айтады.
Үлестірмелі материалдарды қарастырып, сұрақтарға жауап береді.
-Үшбұрышты.
-Қызыл, сары түстер қолданамыз.
-Ортасында.
-Тұмар ретінде тағылған үкісі.
Педогогты тыңдайды, жұмыстың жасалу ретімен танысады.
Қимыл-қозғалыстар жасайды.
Жұмысқа кіріседі, тапсырманы орындайды, сәукелеге дайын жапсырмаларды жапсырады.
Рефлексиялық-
Түзетушілік Педогог балалармен бірге көрме ұйымдастырады.
-Балалар, Айсұлу сендердің көмектерің үшін өте қуанышты. Рақмет айтып жатыр.
«Тақия тастамақ» ойынын ұйымдастырады.
Айсұлу балалармен қоштасады. .Балалар өздерінің және достарының жетістіктеріне қуанады.
Ойынға кіріседі. Балалар Айсұлумен қоштасады.
Күтілетін нәтиже
жасайды: қайшымен жұмыс жасайды, геометриялық пішіндерден сәукеленің бейнесін жасайды.
түсінедi: қазақтың ұлттық бас киімі сәукеленің ұзатылатын қалыңдық киетінін.
қолданады: сәукелені әшекейлеу кезінде оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдыларды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:09.04.2015ж Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: «Түлкі бикеш»
Мақсаты: жабайы аңдар туралы түсініктерін кеңейту; аппликацияда бірнеше бөліктерден бейнелерді суреттерге баулу; түстерді тану білімін тексеру. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Жануарларды қорғауға үйрету.
Қажетті көрнекіліктер: жабайы аңдар және олардың төлдерінің суреттері, түлкі бейнесі салынған сурет, жұмсақ ойыншықтан жасалған түлкі, желім, сулық, үлестірмелі материалдар.
Алдын-ала орындалатын жұмыс: аңдар туралы әңгімілесу.
Сөздік жұмыс: орман тұрғындары.
Билингвальді компонент: түлкі-лиса, қасқыр-волк, аю-медведь, қоян-заяц, кірпі-еж.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Ойын жағдаят
Педогог балаларды орманға серуенге шақырады.
Ұшақпен ұшып баруға ұсыныс жасайды.
-Балалар, мінекей біз ормандағы алаңқайдамыз. Мына жерлерде нелердің суреттері бейнеленген?
-Қандай орман тұрғындарын білесіңдер?
Сөздік жұмыс: орман тұрғындары.
Билингвальді компонент: түлкі-лиса, қасқыр-волк, аю-медведь, қоян-заяц, кірпі-еж.
«Енелері мен төлдері» ойыны
Педогог жабайы аңдар бейнеленген карточкаларды көрсетеді, олардың төлдері қалай аталатынын сұрайды.
Мысалы: қоян-көжек.
Педогог жұмбақ жасырады:
Өзі ширақ, өзі қу,
Жүрген жері айқай шу.
-Балалар, біз бүгін түлкінің аппликациясын жасаймыз.

.Бірінің артына бірі тұрып, қолдарын жайып, ұшақтың ұшуын бейнелеп көрсетеді.
Суреттерге қарап, жауап береді.
-Жабайы аңдар.
-Қасқыр, аю, қоян, түлкі, кірпі.
Қайталайды: орман тұрғындары.
Қайталайды: түлкі-лиса, қасқыр-волк, аю-медведь, қоян-заяц, кірпі-еж.
Балалар жабайы аңдардың төлдерін атайды: аю-қонжық, түлкі-жаутаң, қоян-көжек, қасқыр-бөлтірік.
Жұмбақ шешеді.
Шешуі: түлкі.
Түлкінің аппликациясын жасауға ынта білдіреді.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Үлестірмелі материалдарға назараларын аударады, суреттерді көрсетеді.
-Түлкінің денесі, түсі қандай?
Педогог жұмыстың жасалу ретін түсіндіреді.
-Үлкен үшбұрышты шаршыдан қиып аламыз. Үлкен үшбұрыштан денесін жасаймыз, бұдан кішірек үшбұрышты алып, түлкінің басын жасаймыз. Енді құлақтарын желімдейміз.
Түлкіміз қандай көңілді болып шықты.
Сергіту сәті:
Қауіпсіздік техникасын еске түсіреді.
Жұмысқа кірісуге ұсыныс жасайды.
Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
Үлестірмелі материалдарды қарап, сұрақтарға жауап береді.
Қызғылт сары түсті.
Әртүрлі пішінді үшбұрыштар.
Жұмыстың жасалу ретімен танысады, педогогты тыңдайды.
Оңға бұрылады, солға бұрылады, қолдарын артқа ұстайды.
Қауіпсіздік техникасын айтады.
Жұмысқа кіріседі, тапсырманы орындайды.
Рефлексиялық-
Түзетушілік Педогог балаларды мадақтайды.
-Түлкі туралы қандай ертегі білесіңдер?
Мен сендерге ертегілерден үзінді оқимын, сендер қандай ертегі екенін еске түсіріп айтыңдар.
Қасқыр мен түлкі жолдас болыпты. Қасқыр түлкіге айтыпты: «Менің басым ауырып барады, тамырымды ұстап берші»,-дейді. Сонда түлкі тамырын ұстап тұрып айтады: «Басың жазылуы үшін, олай-бұлай жүгіріп, құйрығыңды ойықтағы мұзға сала ғой..»,-дейді.
Түлкі жолбарыстың алдына түсіп, паңдана жүріп оырады. Жолбарысты көрген аңдардың, құстардың зәресі ұшып, тым тырақай қашады, ұялары мен індеріне тығылады, аспанға ұшады...
Бір күнің түлкі тырнаны қонаққа шақырыпты:
-Маған қонаққа кел, мен дәмді иамақ пісіріп қомын...
4. «Менің құлағым дұрыс естімеуші еді, әніңді менің мұрныма отырып қайталашы...»
- Тамаша, қандай көп ертегі білесіңдер.
- Ертегілерде түлкі қандай? Оны қалай айтады?
.
Бірін-бірінің жұмыстарын қарайды, қуаныштарын білдіреді.
Ойынға кіріседі. Ертегілердің атын айтады.
«Қасқыр мен түлкі»
«Қу түлкі»
«Түлкі мен тырна»
«Бауырсақ»
-Ертегілерде түлкі қу болады. Оны құ түлкі деп айтады.
Күтілетін нәтиже
жасайды: қайшыны дұрыс ұстап, қияды; қағаз бетіне заттардың суретін дұрыс орналастырады; үшбұрыштардын түлкінің денесін құрастырады.
түсінедi: жабайы аңдар орманда мекендейтігін, түлкінің ертегілерде қу болатынын.
қолданады: жұмбақтарды шешеді, оқу іс-әрекеті барысында алынған даңдыларды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:23.04.2015ж Тәрбиеші:
Білім беру саласы: «Таным» Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: «Әдемі мерекелік жалаушалар»
Мақсаты: қоршаған орта туралы түсінітерін кеңейту, қайшымен және желіммен жүмыс істеу дағдыларын меңгерту және бекіту, эстетикалық қабылдауды дамыту, қазақтың өнеріне қызығушылығын тудыру. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру. Отанға деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.
Қажетті көрнекіліктер: шақыру хат, күн мен бұлт, ағаш немесе суреті, желім, сулық, үлестірмелі материалдар.
Сөздік жұмыс: түрлі түсті.
Билингвальді компонент: мейрам-праздник, жалауша-флажок.
Оқу іс-
әрекетінің
кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
қозғаушылық
Ойын жағдаят
-Балалар, топқа қонаққа Ақтөс ит келіп тұр. Ақтөстің көңіл қошы жоқ, өйткені бүгін туған күні. Ол бұл мерекеге ұзақ дайындалды, айналаның бәрін әдемі шыршалармен және түрлі түсті жалаушалармен безендірді. Бірақ жаңбыр жауып, жалаушалардың түсін шайып кетті.
Ақтөске көмек көрсетсек қайтеді?
Сөздік жұмыс: түрлі түсті.
Билингвальді компонент: мейрам-праздник, жалауша-флажок Қонақпен амандасады, қызығушылық білдіреді.
Итке көмектесуге ынта білдіреді.
Қайталайды: түрлі түсті.
Қайталайды: мейрам-праздник, жалауша-флажок.
Ұйымдастырушылық -ізденістік Бұлт Ақтөстің мерекесін бүлдіргісі келетін сияқты. Итті бәрі жақсы көреді. Ал бұлтты ешкім жақсы көрмейді, сондықтан ол жалаушалардан түстерді жаңбырмен шайып тастады.
-Сендер қалай ойлайсыңдар, бұлтты не үшін ешкім жақсы көрмейді?
-Жалаушаларыңыз қандай түсті болады?
Үлестірмелі материалдарға назар аудартады.
Жұмыстың жасалу ретін түсіндіреді, көрсетеді.
Саусақ жаттығуы
Бас бармақтың үйіне
Келді бүгін қонақтар
Бес саусағым-бақытың
Сонда болар, бақ құтың
Қауіпсіздік техникасын еске түсіреді.
Жұмысқа кірісуге ұсыныс жасайды.
Балалармен жеке жұмыс жүргізеді.

Педогогты тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.
-Түнеріп тұрады, жаңбыр жауғызады, себебі ол қайғылы.
-Қызыл, сары, көк...
Үлестірмелі материалдарды қарастырады, жұмыстың жасалу ретімен танысады...
Рефлексиялық-
түзетушілік
Педогог Ақтөс иттің атынан балаларға көмектері үшін алғысын айтады.
-Қараңдаршы, балалар. Ақтөс сендерге сый дайындапты, әуе шарларын әкеліпті.
Ақтөс балалармен қоштасады.
Қуаныштарын білдіреді, әуе шарларымен ойнайды.
Ақтөспен қоштасады.
Күтілетін нәтиже
жасайды: тіктөртбұрыштан, шаршыдан үшбұрыш қиып, түрлі-түсті жалаушалар жасайды.
түсінедi: мереке өтетін орынды безендіру, мерекенің көңілді өтуіне себеп болатынын.
қолданады: оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдыларды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:14.05.2015ж Тәрбиеші:
Білім беру саласы: Шығармашылық. Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: «Бұйра қошақан»
Мақсаты: Үй жануары қой туралы білімдерін кеңейту. Аппликацияның жаңа техникасымен таныстыру; сулықты домалату арқылы қойдың жүндерін жасау техникасын үйрету; ПВА желіммен жабыстыруды үйрету. Қиялы мен шығармашылық ойын дамыту. .Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.
Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: ойыншық қой,орау үшін ақ түсті сулық,ПВА желім,сулық, үлестірмелі материалдар
Сөздік жұмыс: бұйра
Алдын ала орындалатын жұмыс: «Үй жануарлары» дидактикалық ойынымен таныстыру,журнал қарау
Билингвальді компонент: қой-баран,қозы-ягненок
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын
Кішкентай ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар
-Мынау-қой
-Қой- үй жануары ма немесе жабайы жануар ма?
-Қой төрт түліктің бірі.Ол шөппен қоректенеді
-Бүгін біз «Бұйра қошақан» аппликациясын жасаймыз.
Сөздік жұмыс: бұйра Балалар жұмбақты шешеді
Жауабы: қой
Тәрбиеші тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.
-Қой-үй жануары
«Бұйра қошақан»
Аппликациясын жасауға ынта білдіреді.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Үлестірмелі материалға назарларын аударады.
-Мына қойға қараңдаршы: терісінде жүн жоқ қой. Біз жүнін сулықтан жасайсыз.
Жұмыстың жасалу ретін түсіндіреді, көрсетеді.
Сулықты жыртып,саусақтарымызға айналдырып,кішкентай ширатпалар жасаймыз. Осылау қозының терісіне жететіндей етіп орай береміз.ПВАжелімін алып,сулықтан жасалған жапсырмаларға жағамыз. Бір-біріне жақын қойып,қозының денесін толтырамыз да,желімдейміз.
-Міне, біздің қозымыз дайын,оған жүру үшін аяқтар керек.
Сергіту сәті.
Еркін ұста денеңді
Тарсылдатпай еденді
Орнымыздан тұрып ап,
Жүгірейік бір уақ
Бір ,екі,үш,бір,екі,үш
Аяқты алға созайық
Тік көтеріп,қозғайып
Тым сылбыр да болмайық
Алға тағы озбайық
Бір,екі,үш,бір,екі,үш!
Қауіпсіздік техникасын еске түсіреді.
Жұмысқа кірісуге ұсыныс жасайды
Балалармен жеке жұмыс жүргізеді
Билингвальді компонент: қой-баран,қозы-ягненок
Үлестірмелі материалды қарастырады
Жұмыстың жасалу ретімен танысады
Мәтінге сәйкестендіріп қойды қозғалысқа келтіреді.
Жұмысқа кіріседі, тапсырманы орындайды.
Қайталайды:қой-баран,қозы-ягненок
Рефлексиялық-
Түзетушілік -Балалар,кімнің қозысы көркес,әдемі болы екен?
Мадақтайды Балалар өзінің жеке достарының жетістіктеріне қуанады
Өздеріне ұнағанын айтады

Күтілетін нәтиже:
Жасайды: ПВА –желімімен,сулықпен жұмыс жасайды,сулықты домалату арқылы қойдың жүндерін жасайды.
Түсінеді: қой мен қозы үй жануары екенін,оларға қамқорлық керектігін
Қолданады: сулықты кішкентай бөліктерге бөлуде қауіпсіздік техникасын сақтайды, оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдыларды

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Күні:28.05.2015ж Тәрбиеші:
Білім беру саласы: Шығармашылық. Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: «Камзол мен тақияны әшекелейміз»
Мақсаты: қазақтың ұлттық киімінің атауларын ажыратулы үйрету; қайшыны және желіммен жұмыс істеу дағдыларын меңгерту және бекіту,қазақтың өнеріне қызығушылығын тудыру. Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.Отанға деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер, қажетті құрал-жабдықтар: қазақтың ұлттық киімдері,үлестірмелі материалдар,желім,қайшы, сулық,қуыршақ Айсұлу
Сөздік жұмыс: тақия,камзол
Билингвальді компонент: тақия-тюбетейка,кошқармүйіз оюы- орнамент бараний рог.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық Ғажайып сәт:
Топқа қонаққа Айсұлу келеді. Балалармен амандасады.
-Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен қазақтың ұлттық киімдерін сатып алдым.
Көргілерің келе ме№?
Сондықтан киімдерді алып,балаларға көрсетеді.Ою-өрнектерге көңіл бөледі.
-Қараңдаршы,киімге қандай ою-өрнектер салынған. Қандай әдемі!
-Мынау-тақия, мынау-камзол
Сөздік жұмыс: тақия,камзол
-Балалар қазір осындай киімдер кие ме?
-Қазақтың ұлттық киімі екенін қалай білеміз? Қызығушылық танытады
Қонақтармен амандасады.
Киімдерді,ою-өрнектерді қарайды
Қайталайды
Ұйымдастырушылық-ізденістік Тәрбиеші киімдерді жақсылап көруге ұсыныс жасайды
Үлестірмелі материалға назарын аударады.
Жұмыстың жасалу ретін түсіндіреді, көрсетеді. Камзолды әшекейлеу үшін «сүйек», «қошқармүйіз» өрнектерін таңдаймыз. Қағазды бірнеше бөлікке қиып «сүйек» өрнегін камзолдың шетіне желімдейміз.
-«Қошқармүйіз» өрнегінің дайын жапсырмаларын өздеріңнің қалауларың бойынша жапсырасыңдар
Осы өрнекті тақияға да желімдейміз.
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрамыз,
Алақанды ұрамыз
Бір отырып, бір тұрып
Тез шынығып аламыз
Иіліп,оңға бір,
Иіліп солға бір,
Денемізді дұрыстап,
Тұрамыз тік ұстап
Қауіпсіздік техникасын еске түсіреді.
Жұмысқа кірісуге ұсыныс жасайды.
Балалармен жеке жұмыс жүргізеді Көреді, өлшейді
Үлестірмелі материалды қарастырады, тәрбиешіні тыңдап, жұмыстың жасалу ретімен танысады.
Қимыл-қозғалыстар жасайды
Жұмысқа кіріседі, аппликацияны жасайды.
Рефлексиялық-
Түзетушілік Қуыршақ Айсұлу балалардың жұмыстарын мадақтайды
-Өзіміз жасаған жұмыстарымызды көрейік
Әр бала өзіне ұнаған жұмысты таңдап,неге таңдағанын айтады
-Жұмыстарымыз көрмеге жіберуге жарай ма? Қалай ойлайсыңдар? Қуаныштарын білдіреді, талдауға қатысады.

Күтілетін нәтиже:
Жасайды: тіктөртбұрышты ою-өрнек қияды,камзол мен тақияны әшекелейді.
Түсінеді: қазақтың ұлттық киімдерінің ерекшеліктерін
Қолданады: ою-өрнектерді орнымен жабыстырады, қауіпсіздік техникасын сақтап, қайшымен жұмыс жасайды; оқу іс-әрекеті барысында алынған дағдыларды

Приложенные файлы

  • docx 11278637
    Размер файла: 101 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий