кәсіпкерлік қызмет оның негізгі түрлері мен бағыттары


Жоспар
   Кәсіпкерлік – іскерлік белсенділік өнері.   
Кәсіпкерлік туралы теориялар
Кәсіпкерлік қызмет  түрлері
Глоссарий
Пайдаланылған әдебиеттер
“Кәсіп  ету” – қандай да бір жаңа істі бастау, орындауға шешім қабылдау, қандай да бір маңызды істі орындауға  кірісу.
   Соңғы уақыттарында Қазақстанда кәсіпкерлік  дамуда. Кәсіпкерлік жеке және заңды  тұлғалардың пайда, табыс алуға  бағытталған өзінің тәуәкеліне, өзінің мүліктік жауапкершілігіне, өз атынан жүзеге асатын бастамалық, еркін қызметі.  Кәсіпкерлік мәнін “іскерлік” сөзі, оның мазмұнын жақсы ашады. Іскерлік барлық жерде, өмірдің барлық ауқымында – тек  қана экономикалық қызметте ғана емес, шоу-бизнесте, киноиндустрияда, спортта, әскерде де қажет.
   Кәсіпкерлік – іскерлік белсенділік өнері.   Кәсіпкерлік – бұл алдымен ойлау процесі. Біз әр қайсымыз жеке ойлау иесі болғандықтан, осы іскерлік белсенділіктің нақты ауқымындағы әрбір кәсіпкердің  табыстары да әртүрлі. Кәсіпкерліктегі ойлау, нақты іскерлікті жобалау  – кәсіпкердің кез-келген жоспарлаған  іскерлік операциялары немесе белсенділігінің  бастапқы нүктесі түрінде көрінеді.
   Философиялық  көзқарас тұрғысынан кәсіпкерлік –  жанның ерекше қалауы, іскерлік романтика  түрі, адамның өзіне тән мүмкіндігін  жүзеге асыру құралы ретінде сипатталуы мүмкін. Кәсіби  мағынада кәсіпкерлік өзінің бизнесін ұйымдастыра алуы және оған байланысты функцияларды жеткілікті, табысты жүзеге асыра алуы ретінде қарастырылады.
   Кәсіпкер  үнемі болашақ туралы ойлайды, сондықтан  бұл жерде ұлы ағылшын жазушысы Джон Голсуорсидің мына сөзі орынды : “Егер сіз болашақ туралы ойламасаңыз, ол сізде болмайды”.
   Кәсіпкерлік іскерлік белсеңділікке ыңғайы бар, өз күшін салатын жаңа сфераларды іздестіретін адам қызметінің түрі. Бірақ кез-келген бизнесменді кәсіпкер деп  атауға болмайды. Кәсіпкер деп мысалы жыл сайын бір тауарды өндіретін және бір ғана қызметті көрсететін кәсіпорын иесін санауға болмайды. Ол кәсіпкерлік емес репродуктивті функцияларды орындайды.
   Күнделікте өмірде кәсіпкерлерге бизнеспен айналысатындардың барлығын жатқызады, бірақ бұл сөз мағынасы, тек нарықтағы мінез-қылығы ізденуші сипатымен ерекшеленетін іскер адамдарға арналған. Кәсіпкер жаңа нарықты игерумен, жаңа тауарларды қызметтерді өндіруге көшумен т.б. өзі жеке айналысуы міндетті емес. Ең бастысы - ұйымдастыру, іскерлік, ұжымда, шығармашылық атмосфера жасау, сондықтан кәсіпкерлікті шаруашылық мінез-қылық түрі ретінде түсіну керек. Оған тән сипаттама:
Ең жоғары пайдаға ұмтылу;
Тәуекелге баруға дайын;
Жаңаға ұмтылу ұйымдастыру – шаруашылық жаңашылдық.
   Қазіргі жағдайда кәсіпкерлік бәсекелестік күресті ынталандыратын жаңашылдықсыз, шығармашылық ізденіссіз, ойға сыймайды. Өз өнімінің үнемі жаңалуынан және жоғары сапасын қамтамасыз ететін кәсіпорын ғана өмір сүре алады.  Өндіріс сферасындағы кәсіпкерліктің басты  мазмұны өнімдерге (орындалатын  жұмысқа, көрсетілетін қызметке) сұранымды  табу және қалыптастыру және оны дайындау жолымен қанағаттандыру, тауар ретінде өнімдерді сату.
   Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес кәсіпкер – заңды немесе жеке тұлға, өз бастамасымен барлық шешімдерді қабылдап, заң негізінде өзінің қарауындағы мүлігін қолдануда кез келген қызметті жүзеге асыра алады уақыттың шаруашылық кеңістігінен әрбір кәсіпкер өзінің шаруашылық тауашасын (нишасын) табуы керек.    “Кәсіпкерлік” – пайда немесе жеке табыс алуға бағытталған азаматтардың бастамалық еркін қызметі, өзінің атынан өзінің мүліктік жауапкершілігімен немесе заңды тұлғалардың атынан, заңды тұлғаның жауапкершілігімен жүзеге асады. Кәсіпкер – заңмен тыйым салынбаған кез келген шаруашылық қызмет түрлерімен: коммерциялық, делдалдық, сату-сатып алу, кеңестік және басқа қызметпен, құнды қағаздармен жасалатын операциялармен айналыса алады.
   Кәсіпкерлік теориясының негіздерін 18-19 ғасырда Ф. Кенэ, А. Смит, Ж.Б. Сэй, одан кейін Шумпетер, Ф. Хайек, А. Чаянов және т.б. салған.   
   А. Смит кәсіпкер ролі туралы былай жазады: “Ол өз қызығушылыѓын ойлайды, өзінің жеке табысын іздейді, бірақ бұл жағдайда ол еріксіз, өзінің ойына мүлдем кірмеген мақсаттарға бағытталады. өзінің қызығушылығының артына түсіп, қоғамға саналы қызмет етуге ұмтылмаса да қоғам қызығушылығына қызмет етеді”.
   “Кәсіпкер”  түсінігі белгілі эволюциялық кезеңнен өтті. Мысалы 1725 ж. Р. Контильон мынадай  ой айтты, кєсіпкер тєуекел жағдайында әрекет етеді. А Бодо кәсіпкер – қабылдаған ісіне жауапкершілік  алатын адам, яғни жоспарлайды, бақылайды, ұйымдастырады жєне кәсіпорынды  басқарады. 1876 ж. Ф. Уокер кімнің капиталды  ұсынатынын, оған пайыз алатын және кімнің өзінің ұйымдастыру  қабілетінің  арқасында пайда алатынын бөліп  көрсетуді ұсынды. 1934 ж. И. Шумпетер кәсіпкер – жаңашыл, жаңа технологияны жасайды деді. Д. Маклелланд бойынша  кәсіпкер – қуатты адам, тәуекел  жағдайында жұмыс істейді.
   Г. Друкер (1964 ж.) кәсіпкер – бұл кез келген мүмкіндікті ең жоғары тиіммен  қолданады.
   А. Шапиро (1975 ж.) кәсіпкер – бұл бастама  көтеруші адам деп санайды.
   Кәсіпкерліктің  маңызды белгілері:
Шаруашылыќ субъектілердіњ еркіндігі және тәуелсіздігі, кез келген кәсіпкер кез келген сұрақ бойынша құқықтық норма шегінде шешім қабылдауда еркін.
Экономикалық қызығушылық. Кәсіпкердің басты мақсаты ең үлкен мүмкін пайданы алу.
Шаруашылық тәуекел және жауапкершілік. Кез келген дєл есептеулерінде де тәуекелді аныќтау мүмкін емес.
      Кәсіпкерлікті қалыптастыру үшін белгілі жағдайлар қажет:
Экономикалық;
Құқықтық;
Әлеуметтік және басқа.
   
Экономикалық  жаѓдай ең алдымен тұтынушылар сатып  ала алатын тауар түрлері, тауарды  ұсыну жєне оларѓа сұраным, ақша қаржыларыныњ көлемі, жұмыс орындарының көп  болуы немесе жетіспеуі, жұмысшы  күші, қызметкерлердің  еңбек ақы  деңгейі.
   Кәсіпкерлікті қалыптастырудың әлеуметтік жағдайлары экономикалықпен тығыз қосылады. Алдымен тұтынушылардың белгілі  талғам мен сәнге сәйкес тауарларды алуға ұмтылуы. Әртүрлі кезеңдерде бұл қажеттіліктер өзгеруі мүмкін.
  Кез келген кәсіпкерлік қызмет сәйкес құқықтық орта шеңберінде қызмет атқарады. Сондықтан  қажетті құқықтық жағдайды жасаудың маңызы зор. Бірінші орында кәсіпкерлік  қызметті реттейтін, кәсіпкерлікті  дамыту үшін ең қолайлы жағдай жасайтын заңдардың болуы:
Кәсіпорынды ашу және тіркеудің қарапайымдылығы мен жылдамдығы;
Кәсіпкерлікті мемлекеттік бюрократизмнен қорғау;
Өндірістік кәсіпкерлік қызметті ынталандыру бағытында салықтық заңдылықтарды жетілдіру;
Кәсіпкерлік қызмет  түрлері.
   Кез-келген экономикалық қызмет ұдайы өндіріс  циклының типтік фазаларына байланысты болғандықтан, кәсіпкерлік қызметтің  келесі түрлерін бөліп көрсетеді: өндірістік, коммерциялық, қаржылық кәсіпкерлік.
   Соңғы он жылдықта әлемнің барлық экономикалық дамыған елдерінде кәсіпкерліктің жеке түрі ретінде кеңестік (консалтинг) кәсіпкерлік бөліп көрсетілуде.
   Көрсетілген кәсіпкерліктің түрлерінің ішінде әр қайсы бірнеше түрлерге бөлінген. Өндірістік кәсіпкерлікті кәсіпкерліктің жетекші түрі деп атауға болады. Мұнда өнімді, тауарларды өндіру, жұмыс, қызметтер көрсету жүзеге асады, белгілі бір рухани құндылықтар  жасалады.
Бірақ осы қызмет сферасы нарықтық экономикаға  көшу кезінде көп, жағымсыз өзгерістерге ыдырады:
Шаруашылық байланыстар ыдырады;
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бұзылды;
Өнімді өткізу күрт төмендеді;
Кәсіпорындардың қаржы жағдайы нашарлады.
   Кәсіпкер  алдымен өндірістік қызмет түрін  таңдайды, басқа сөзбен айтқанда, қандай тауарлар, жұмыстар, қызметтер өндіретінін  ойлайды.  Одан  кейін ол тауарды сатып алатын әлеуетті тұтынушылармен қатынас жасайды. Басқаша айтқанда кәсіпкерлікке  маркетингтік қызмет кіреді. Келісімнің бұл фазасы заңдық жасалуы мүмкін. Өндірісті жүзеге асыру үшін кәсіпкер өндіріс  факторларын қолданады: жұмысшы, өндірістік қорлар, материалдар, ақпараттар. Бас  кезінде өндіріс факторларының  біразы кәсіпкердікі болуы мүмкін, ал жетіспейтіні ол бастамас бұрын  немесе кәсіпкерлік қызметтің жүзеге асу процесінде алуға мәжбүр болады. Кәсіпкер  өз күшімен орындай алмайтын қызметтер  мен жұмыстар қажет болса, онда ол басқа ұйымдар мен адамдарды  тартады. Жұмыстар  мен қызметтер ақша төлеуді талап  етеді. Егер кәсіпкерде бастапқы капитал  болмаса, ал ақшасы барлардан қарыз  алуға мәжбүр болады.Өндірістік  кәсіпкерліктің нәтижесі өндірілген тауардың белгілі көлемін тұтынушыға сатып, оларға ақша түсімін алу.
   Венчурлық бизнес. Инновациялық кәсіпкерлік туралы айта отырып, соңғы  жылдары  кең  дамыған венчурлық бизнесті еске салуға болады.   Венчурлық бизнес, әдетте тәуекелді бизнес ретінде  түсіндіріледі. Бұл технологиялық  жаңалық еңгізудің бір түрі.
   Венчурлық  бизнес ғылыми зерттеулердің нәтижесі ғылымды көп қажет ететін, жоғары технологиялық облысты коммерцияландыруға тән, тиімді алу кепілдігі жоқ  және тәуекел үлесі жоғары. Венчурлық  фирма дегеніміз, әдетте, алдын ала  анықталмаған табыспен, яғни капиталды  тәуекел салыммен, жаңа технологияны және өнімді жасаумен енгізумен айналысатын  коммерциялық ғылыми-техникалық фирма.
   Коммерциялық  кәсіпкерлік. Коммерциялық кәсіпкерлікте  негізгі рольді тауар-ақша, сауда-айырбас  операциялары атқарады. Бұл сатып  алу - сату бойынша  келісімдер. Өнімді  шығаруға қажет өндірістік қорлармен  қамтамасыз етудің қажеті жоқ.  Коммерциялық  келісімді нарықты талдау бастайды, нәтижесінде тауарды сатып алу  және сату көлемі, сатып алу бағасы, өткізу бағасы болжанады.
   Коммерциялық  келісім бағдарламасына жатады:
Сатып алу операцияларын орындауға, тасымалдауға, тауарды сатуға, жарнама жұмысын және т.б. жүргізуге қызметкерді жалдау;
Келесі сату үшін тауарды сатып алу;
Тауарды сақтау және өткізу үшін орындар, қоймалар, сауда нүктелерін жалдау;
Келісімге тікелей қатыспайтын, бірақ өздерінің ақылы қызметтерін ұсынатын басқа ұйымдар мен адамдардың қызметтері мен алу және ақы төлеу;
Келісімді қаржыландыру үшін қарызға ақша қаржыларын тарту және соңынан пайызбен қарызды қайтару;
Келісімді жасауға қажет ақпараттарды алу;
Тауарларды тұтынушыға өткізу және түсім алу;
Келісімді тіркеу, салық төлеу.
   
Қаржы кәсіпкерлігі. Қаржы кәсіпкерлігінде  сатып алу, сату объектісі, ерекше тауар, ақша, валюта, құнды қағаздар. Коммерциялық  қызметтің басқа түрлері сияқты, қаржы-қарыз келісімін құнды қағаздар нарығын талдаудан және әлеуетті тұтынушыларды іздеуге, табуға байланысты маркетингтік қызметтен бастайды.   Қаржы кәсіпкерлігінде қызметтің ерекше түрі бөліп көрсетіледі, кәсіпкер құнды  қағазды өндіреді, оны сатады, белгілі  жағдайда және міндеттемеде қаржы тауары ретінде орналастырады. Оның кәсіпкерлік  қызметінің мәні осында. Қаржы кәсіпкерлігі ақпараттарды біраз көздерден  алуды талап етеді. Бұл ақшаны, валютаны, құнды қағаздарды әлеуетті тұтынушылар туралы, валюта курсы, қарыз  пайызы туралы, қаржы қарыз операцияларын  жүзеге асыру шарттары және оларды жасау тәртібі туралы, кәсіпкерге қажет ресурстар көзі туралы мәліметтер. Егер мұндай ақпараттар кәсіпкерде болмаса, ол төлеуге сыртқы көздерден оны  алуға және оған ақшалай сыйлық мәжбүр болады.
  Кеңес кәсіпкерлігі. “Консультант” сөзі латынның “кеңес беруші” сөзінен  шыққан. Өз мамандығының сұрақтары  бойынша кеңес беретін, белгілі  облыстағы маман. Шетел тәжірибесінде  басқару сұрақтары бойынша коммерциялық, ақылы кеңес консалтинг деп аталады.
   Консалтингтік қызметтер ауызша бір рет айтылатын  кеңес түрінде жүзеге асуы мүмкін. Көбінесе олар консалтингтік жоба түрінде  ұсыналады және оған келесі негізгі  кезеңдер кіреді:
Мәселені анықтау (диагностика);
Шешімдерді, жобаны жасау;
Шешімдерді, жобаны жүзеге асыру.
   Жобаның көлеміне байланысты қорытынды кезең  бірнеше күннен бірнеше айларға  созылуы мүмкін. Кей уақытта клиенттен  қатынас бірнеше жыл болуы  мүмкін.
   АҚШ-та жеке консалтинг саласы – бұл 700 мың  адам, ал қызметінің жылдық көлемі 500 млрд. долл. құрайды.  Бірде бір күрделі экономикалық және басқару шешімдері экономикасы дамыған елдерде ғана емес, дамушы елдерде  де кеңесті қолданусыз қабылданбайды.
   Делдалдық. Делдалдық кәсіпкерліктің түрі. Делдал тікелей өнім өндірмейді, тауарларды, валютаны, құнды қағаздарды сатпайды, қарызға ақша ұсынбайды, бірақ барлық осы операциялардың жүзеге асуына және сәйкес шарт жасауына ықпал етеді. Делдал  көбінесе өндіруші мен тауарды сатушы, бір жағынан сатып алушы, екінші жағынан тұтынушы арасында тұрады, оларды кәсіпкерлік шарттың жасауға  біріктіреді.Бизнестің бұл ерекше түрі басқалармен тығыз  байланысты, өндірістік, сауда-коммерциялық, қаржы кәсіпкерлігінің құраушы  бөлігі; өндірістік, сауда коммерциялық, қаржы қарыз сферасындағы делдалдық туралы айтуға болады.
   Сақтандыру  кәсіпкерлігі. Мемлекеттік міндетті сақтандыру қазір әлеуметтік сақтандыру түрінде сақталды – бұл мемлекеттік  зейнет ақымен қамтамасыз ету және медициналық сақтандыру бұл бизнеске жатпайды.  Кәсіпкерлікке мүлікті сақтандыру, өмірді және денсаулықты  сақтандыру, тәуекелді жауапкершілікті  сақтандыру түрлері тікелей жатады.
   
Глоссарий
Концерн – көпсалалы акционерлік қоғам, әр түрлі компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алады.
Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Маманданған кәсіпорынның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.
Консурциум – бұл ірі қаржы операцияларын істеу үшін біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.
Сидикат – бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.
Картель – тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері жөнінде келісім.
Қаржы — өнеркәсіп тобы – банк, сақтандыру және сауда капиталының бірлестігі.
Пайдаланылған әдебиеттер
Әубәкіров Я.Ә., Есқалиев М. Экономикалық теория негіздері, Алматы, 1994
Нұрпейісов Ж.Қ. Экономикалық теория негіздері, Ақмола, 1996
Әубәкіров Я.Ә., Кабдиев Д.Қ., Досқалиева И.Қ., Досқалиев С.Д. Экономика, Алматы, 1998
Экономикалық теория негіздері. Оқулық - Алматы. Қазақ универ. 1988.

Приложенные файлы

  • docx 13933078
    Размер файла: 37 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий