Ауруханаға дейінгі кезеңдегі акушерлік көмек


Ауруханаға дейінгі кезеңдегі акушерлік көмек
Босану — жедел жәрдем шақырту себептерінің бірі. Жедел жәрдем дәрігері босанудың әр бір кезеңімен: ашылу кезеңі, қуу кезеңі және ерте босанғаннан кейінгі кезеңдермен бетпе- бет кездесуі мүмкін. Босану толғақ келуіне байланысты жатыр мойнының ашылу кезеңінен басталады. Бірінші және қайта босанған әйелдердің жатыр мойнының ашылу үрдісінің бір-бірінен айырмашылығы бар. Бірінші рет босанғанда жатыр мойны әуелі тегістеліп, сонан соң ашылады, қайта босанғандарда жатыр мойнының тегістелуі мен ашылуы бір мезетте болады.
Ашылу кезеңінің ұзақтығы бірінші босанатындарда 12-14 сағат, кайта босанғандарда 8-10 сағатты құрайды. Физиологиялық босанудың ашылу кезеңінің аяғында кағанақ жарылып, айналасындағы су ағады. Дегенмен 30-40% босануда қағанақ жарылуы ерте (қағанақ суының ерте ағуы), я болмаса толғақ алды (қағанақ суының мезгілінен бұрын ағуы) болады.
Босанудың екінші кезеңі — қуу кезеңі- нәрестенің тууымен, дүниеге келуімен аяқталады. Бұл кезеңде толғаққа күшену қосылады — дене көлденең жолақты бұлшық еттерінің рефлекторлы жиырылуы. Күшенудің әсерінен іштегі нәресте туу жүйесінен өтіп бара жатып, итерілу және айналу қимылдарын: бастың иілуі, бастың ішкі айналуы, шалқайтылуы (туылуы), ішкі айналуы және дененің туылуы. Дені сау нәресте туыла салысымен қатты айқайлайды, белсенді, терісі қызғылт болады. Бірінші рет босанғандарда қуу кезеңі 1-2 сағат, қайта босанғандарда 30 минунқа дейін, кейде 5-10 минутқа созылады.
Үшінші босанғаннан кейінгі кезең — бала жолдасының тууымен аяқталады (яғни бала жолдасы мен пердесі). Алдыңғы екі кезеңге қарағанда, соңғы кезеңде көбірек қан кетуі мүмкін. Негізінде бала жолдасының түсуі 3-4 толғақпен немесе ұзақтығы 10-15 минут ішінде аяқталады.
Физиологиялық қан жоғалту ерте босанғаннан кейін немесе бала жолдасының түсуі кезеңінде 200-250 мл құрайды.
215905603240Бала туылғаннан кейін үшінші, бала жолдасының түсу кезеңі басталады. Босанған әйелдің хал — жағдайына, өңіне, шағымына, АҚҚ, пульсіне, мұқият қарап отырған жөн. Әйелдің жамбасының астына жоғалтып жатқан қанды жинап, есептеу үшін жам (жайпақ ыдыс) қойылады. Баланың жолдасының ажыратылып,түсуіне кедергі болмау үшін қуықты катетер қойып босату қажет.
Баланың жолдасын жатырды сыртынан сипау немесе кіндіктен тарту арқылы күшпен түсуін тездетуге болмайды, себебі бала жолдасының түсу үрдісінің бұзылуына және қан кетуге әкеліп соғады. Түскен баланың жолдасын міндетті түрде перзентханаға жеткізу керек, себебі акушер — дәрігер оның бүтіндігіне түбегейлі баға беруі керек. Босандыру үшін бір реттік қолданылатын, залалсыздандырылған акушерлік құрам қолданылғаны дұрыс.

Приложенные файлы

  • docx 14154443
    Размер файла: 47 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий