Міндеттемелік құқық ұғымы мен түрлері


Міндеттемелік құқық ұғымы мен түрлері
ЖоспарКіріспе............................................................................................................31 тарау. Міндеттемелік құқықтың ұғымы, негіздері және түрлері.1.1. Міндеттемелік құқықтың ұғымы мен түрлері....................................61.2. Міндеттеменің пайда болуының құқықтық негіздері.......................152 тарау. Міндеттемелерді орындау.2.1. Міндеттемелерді орындаудың ұғымы мен принциптері.................182.2. Міндеттемені орындау субъектілері және орындауға қатысты мәселелер.............................................................................................212.3. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету...................................273 тарау. Міндеттеменің бұзылғандығы үшін жауапкершіліктіңжалпы мәселелері.3.1. Міндеттеменің бұзылғандығы үшін азаматтық құқықтық жауапкершіліктің ұғымы және негіздері...........................................373.2. Міндеттемелерді бұзғаны үшін азаматтық - құқықтық жауапкершіліктің түрлері және мөлшері...........................................443.3. Міндеттемені тоқтатылудың түсінігі және құқықтық реттелуі.................................................................................................46Қорытынды.................................................................................................48Қолданылған әдебиеттер...........................................................................51К і р і с п еАзаматтардың құқықтары мен бостандықтарының өзіндік мәні бар және қасиеті болғанымен, оларды міндеттемелер деп бөліп қарауға болмайды. Құқықтар мен бостандықтар міндеттермен өте тығыз байланысты. Азаматтар өздеріне жүктелген міндеттерді бұлжытпай орындағанда ғана құқықтары мен бостандықтарын толығынан жүзеге асыра алады. Сондықтан міндеттердің орындалуы жеке адамның, қоғамның және мемлекеттің мүдделерін қамтамасыз ету үшін қажет.Қазақстан Республикасының Конституциясының 12 бабының 3 тармақшасында былай делінген: «Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып міндетгер атқарады».Осы тармақта адам мен азаматтың құқықтық мәртебесі ерекшеленген. Егер адам құқығы тумысынан жазылған болса, азаматтың құқықтық кепілі пайда болады. Азаматтың құқықтық мәртебесінен табиғи түрде адам құқығы, сондай—ақ жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың кепілдігі негізіне қызмет ететін, азамат пен оның мемлекеті арасындағы ерекше билік қатынастарын қоғамдық шарттар түрінде белгілейтін саяси құқықтары мен міндеттер кешені кіреді. Азаматтың мәртебесі, осы аталғандарға қоса тек құқықтар ұғымын ғана емес міндеттер ұғымын қамтиды. Айталық азамат иеленген саяси биліьске деген құқығы. Осы адамға қатысты құқығының екінші жағы ретінде арнаулы міндетінің болуы қажеттігімен де ерекшеленеді.Осыған орай азаматтық зандар Конституцияларға негізделіп қабылданады. Бұлар Қазақстан халқының ой — еркін білдіреді, мемлекетіміздің тәуелдсіздігінің негізін қалап, азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын баянды етеді.Құқықтық мемлекет құру барысында қоғамдық қатынастардың басым көпшілігі зандармен реттеледі, соның ішінде азаматтық заңдар мен мүліктік және мүліктік емес жеке қоғамдық қатынастары реттеледі. Соның бір институты ретінде міндеттемелер жатады.Ғ.И.Төлеуғалиев міндеттемелік құқықты былай тұжырымдайды: "Міндеттелмелік қатынасты реттейтін азаматтық құқықтың қосалқы саласы болып табылатын, азаматтық-құқықтық норомалардың жиынтығы — деп аталады" — дейді.Міндеттемелік құқық өте күрделі болып келеді, оны біз жүйелі түрде, зандарды, әдебиеттерді пайдалана отырып күрделі мәселелерді қарастырамыз. Біздің мақсатымыз осы азаматтық құқықтағы міндеттемелерді тереңірек талқылап, оның мән -мағынасын тану. Міндеттемілік құқықтың бір ерекшелігі, ол қоғамдағы қалыпты қатынастарда және де қандай да бір қарым қатынастың бұзылғанын реттейді. (Қорғалатын міндеттемелер, міндеттемелердің орындалмауына жауапкершілік, міндеттемені қамтамасыз ету).Міндеттемелер, азаматтық қарым қатынастарда, қоғамда маңызды рөл атқарады. Олсыз құқықтық тәртіпте, даму да болмас еді, бір һауыс (тәртіпсіздік) орын алар еді.Қазіргі уақыттағы Қазақстанда міңдеттемелік құқық тоқтаусыз ұлғаюда, қоғамдық қарым - қатынастың үлкен шеңберін реттеуде.Нарықтық экономикаға өткенде, қаңдай — да болмасын барлық маңызды институтт ардың өзгеруіне әсер етуде, өмірге жаңа міндеттемелерді шақырады, бұрынғы бар, болған міндеттемелердің түбегейлі өзгеруіне ықпал жасайды.Азаматгық құқыққа бүрын мәлім болған бір жақты шарт түрі, конкурс, мемлекеттік меншікті жекешелендіруде, жылжымайтын мүліктің ипотекасы, мемлекеттік тапсырыс ұсынуда, банкроттық жағдайда қолданылуын табуда. Біз міндеттемелердің теориялық мәселелерін және оның қолданылуын ашып көрсетеміз.Азаматтық кодексте міндеттемелік құқық екі бөлімге бөлінген. а)"Міндеттемелік құқық" (екі бөлімшеден: "Міндеттеме туралы жалпы ережелер" және "шарт туралы жалпы ережелерден тұрады"). ә)"Міндеттемелердің жекеленген түрлері".Сонымен міндеттемелік құқықтың қосалқы саласы азаматтық-құқықтық нормалардың белгілі - бір бөлігін құрайды. Міндеттемелік құқықтың қосалқы саласы азаматтық - құқықтық нормалардың белгі — бір бөлігін құрайды. Міндеттемелік құқықтың жалпы бөлімі бар, ол барлық немесе көптеген міндеттемелерге қолданылатын ережелерді бекітеді. Ерекше бөлімнің әр тарауы міндеттеменің жекеленген түрлерін реттейді. Міндеттемелік құқықтың ерекше бөлімінің нормалары қосалқы заң құжаттарынан тұрады. Оның өзі азаматтық кодекстің тиісті тараулар мен қаралмай қалған міндеттеменің бір қатар түрін реттейді.Міндеттемелік құқықтың көптеген қатынастары азаматтық кодекске тәртіптелгенін айта кету керек.Осыңдай нормалардың саны мейлінше көп, олар меншік, мұрагерлік, авторлық және тағы басқа қатынастарды реттейтін азаматтық - құқықтық институттар құрамына енеді.Біз міндеттемелік құқықтың ұғымын, негіздерін және түрлерін міндеттеменің орындалуын оның бұзылғандығы үшін жауапкершіліктің жалпы мәселелерін және міндеттеменің тоқтатылуын қарастырамыз.^ I тарау. Міндеттемелік құқықтың ұғымы, негіздері және түрлері1.1. Міндеттемелік құқықтың ұғымы мен түрлеріМіндеттеменің ұғымы. Міндеттеме ұғымының түбегейлі тұжырымдалған заңды негізі не? Біз оны қалай түсінеміз? Бұл туралы Азаматтық кодексінің 268- бабында: «Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышқор) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға, не белгілі әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан аз міндеттерін орындауын талап етуге құқылы. Несие беруші борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті», - деп атап көрсетеді. Демек, міндеттеме — азаматтық құқықтық қатынастың бір түрі. Ал, талап етумен міндеттеме несие беруші мен борышқорғау өзара жауапкершілік жүктейтін екі жақты: құқықтық қатынасқа жатады. Екі жақты құқықтық қатынас: несие беруші тұрғысынан қарағанда — талап ету (белсенді жағы), борышқор жағынан алып қарағанда — міндеттемелік (бәсең жағы) болып есептеледі.Заңгерлер: талап етуді «Міндеттемелік құқық» деп атайды. Бұл — «екі жақты құқықтық қатынас ақыр аяғына дейін жеткізілгенше құқылы» деген сөз. Басқа да азаматтық құқықтық қатынастар сияқты, міндеттеменің де өзіндік құрамдас бөліктері болады: олар — субъект, мазмұн және объект.Ал, енді міндеттеменің субъектілері кімдер? Бұл туралы азаматтық кодексін тағы да сол 268 — бабында тайға таңба басқандай: «Міндеттеменің субъектілері: борышқор мен несие беруші» — деп жазылған. Осы екі субъектіге нактылы анықтама беретін болсақ, борышқор — белгілі бір әрекетті жүзеге асыруға міндетті, немесе, тұратын жақ; несие беруші — борышқордан мойнындағы міндеттемесін орындауды талап ететін жақ. Егер заң құжаттарында басқаша көрсетілмесе, бұлар — азаматтар, заңды тұлғалар және мемлекеттің мігндеттеме тараптары деген сияқты өзіндік атаулар мен нұсқаланады.Азаматтық кодекстің 269 — бабына сәйкес, несие беруші немесе борышқор ретінде міндеттемеге бірмезгілге бірнеше адам ат салады. Мұның аты — көп тұлғалармен жасалған міндеттеме.Мұндай жағдайда, Азаматтық кодексінің 286 — 288 баптарында көрсетілгендей, үлесті ортақтасқан немесе субсидиялық (жәрдем берушілік) міндеттеме пайда болады.Бұл секілді міндеттемелермен, негізінен алғанда, бірнеше жеке тұлға өздерінің ортақ менешік құқығындағы мүлікті сатқанда, бірнеше жеке тұлға бірлесіп қарыз бергенде, бірнеше азамат кепілдеме жасағанда, бірнеше кісі басқа біреуте зиян келтіргенде және т.б. осыған ұқсас жағдайларда жолығамыз. Қайсысы болмасын, аталған жағдайлардың бәрінде де сол мәмілеге кіріскен адамдар немесе басқа біреуге бірлесіп зиян келтіргендер занды түрде пайда болған міндеттемелік құқық қатынастарына түгелімен не борышқор, не болмаса, несие беруші ретінде қатысалды. Егер міндеттемеде бірнеше тұлға борышқор ретінде көрсетілген болса, міндеттемені орыңдау жауапкершілігі құжатқа сәйкес, үлесіне қарай немесе ортақ (бірлескен) болуы мүмкін.Үлестік міндеттеме борышқордың әрқайсысы тек өзі үшін жауап береді, ал несие берушілердің әрқайсысы борышқордан тек өзіне тиесілі ғана үлесті талап етуге құқылы. Міндеттеме өзінің үлесіне сәйкес қарызын өтеген борышқор үшін тоқтатылады да, өтемеген басқа борышқорлар күшін де қала береді.Несие берушілердің әрқайсысы, Азаматтық кодексін 287 — бабына сәйкес, борышқорлардан міндеттемені толық атқаруды талап етуге құқылы, ал борышқорлардың әрқайсысы оны толық атқаруға міндетті. Осындай көп жақ қатысатын міңдеттемені — ортақтасқан міндеттеме деп атайды. Ортақтасқан міндеттеменің үш түрі болады:1) Бір несие беруші мен бірнеше борышқорлар қатысқаны — ортақтасқан міндеттеме;2) Бір борышқор мен бірнеше несие берушілер қатысқаны — ортақтасқан талап етуші;3) Бірнеше несие берушілер мен бірнеше борышқорлар қатысқаны - аралас ортақтасу, - делінеді.Егер шарттарда бұлар көзделмесе немесе заң құжаттарында нақтылы көрсетілмесе, сонымен бірге, міңдеттеменің мәні бөлек — жарып анық нұсқаланбаса — ортақтасқан міндеттеме немесе ортақтасқан талап пайда болады. Кәсіплкерлік қызыметпен байланысты міндеттеме бойынша бірнеше борышқордың міндеттері, сол сияқты бірнеше несие берушінің талаптары, егер заң құжаттарында немесе міндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе, ортақтасқан міндет болып табылады. Несие беруші ортақтасқан міндетті барлық борышқорлардан да, жеке —жеке алғанда олардың кез келгеннен де, сондай — ақ, түгелдей де, бөлшектеп те борышты талап етуге құқылы. Ортақтас борышқорлардың біріне толық қанағаттанбаған несие беруші алымдарын олдардың қалғандарынан талап етуге де құқығы бар. Ортақтас борышқорлар міндеттеме толық орындалғанға дейін міндетті болып қала береді. Борышқорлардың бірінің ортақтас міндетті толық орындауы қалғандарын несие беруші алдындағы міндеттерінен босатады. Талаптар ортақ болған жағдайда ортақтас несие берушілердің кез келгені борышқорларға толық көлемінде талап қоюға құқылы. Ортақтас несие берушілердің біреуіне міндеттемені толық орындау борышқорды өзге несие берушілерге оны орындаудан босатады. Ортақтасқан міндет болған ретте борышқордың несие берушінің талаптарына қарсы басқа борышқорлардың осы борышқор қатыспайтын несие берушіге осынай қатынастарына негізделген қарсылық білдіруге құқығы жоқ. Талаптар ортақ болған жағдайда борышқордың ортақтас несие берушілердің беруінің талабына қарсы осы несие беруші қатыспайтын борышқордың басқа ортақтас несие берушімен осындай қатынастарына негізделген қарсылық білдіруіне құқығы жоқ. Азаматтық кодекстің 288 — бабына сәйкес негізгі борышқор несие берушінің міндеттемені орындау туралы талабын қанағаттандырмаған жағдайда бұл талап орлындалмаған бөлігінде басқа борышқорға (субсидиялық борышқорға) мәлімдеуі мүмкін екендігі заң құжаттарында немесе несие беруші мен борышқордың арасындағы міндеттеме ережелерінде көзделуі мүмкін.Сонымен субсидиялық міндеттеме дегенді түсіндіре кетелік, яғни борышқор өзінің алған негізгі міндеттемесіне орай атқаруға тиісті әрекетін мезгілінде орындай алмаса, міндеттемені басқа борышқорға жүктейді. Мысалы, субсидиялық міндеттемеде занды тұлға құрылтайшысының (меншік иесінің) жауапкершілігі қарастырылады, мүлігінің жетімсіздігіне банкротқа ұшыраған ондай заңды тұлғаның ауыртпалығын негізі қоғам өзіне көтеріп алады. Міндеттеме жүзеге асуы кезінде оның субъектілерінің құрамында өзгерістер болуы мүмкін. Яғни құқықтық қатынасқа бұрынғы несие берушінің орнына жаңа қатысушы келе алады, сондай-ақ бұрынғы борышқордың орнын кейінгі басады. Бұл жағдай жалпы құқық қабылдаушылық (әмбебап) негізінде жүзеге асады. Мысалы, заңды тұлғаны қайта құрғанда, мүлік мұрагерлікпен ауысқанда мұндай мәселе көрініс береді. Құқық қабылдау кезінде бұрынғы тұлғаның барлық құқықтары мен міндеттері кейінгісіне ауысады, сондықтан да сондай құқықтарының бірінен нақты міндеттемесі де кіреді. Заң міндеттемедегі тұлғаны ауыстыруға жеке құқық қабыддаушылық жағдайында рұқсат береді, яғни белгілі бір адамнан екіншісіне қандай да бір міндет еткен кезде беретін тұлғаның басқа қалған мүлкі сақталады.Міндеттемедегі тұлғаның ауысуы мұндай жағдайда арнайы мәміле негізінде жүзеге асырылады, бұл талап етуді беру шарттары мен борыштың ауысуы деп аталады.Несие берушіге талап етуді басқа адамға беруіне жол беріледі. Несие берушілер арасында борышқорға талап ету құқығы келісім шарт арқылы жүзеге асады. Мысалы, қарыз беруші өзі бір жаққа ұзақ уақытқа кеткенде інісіне қарыз алушыдан алған қарызды қайталауына талап ету құқығын қалдырады. Талап етуді берге беру (мұны цессия деп атайды) басқа шарттар сияқты жасалады, мұның күші, тәртібі және т.б. белгіленеді. Ол сонымен бірге талап беруді жүзеге асыру тәртібіне қатысты арнайы ереже болады. Несие берушінің жеке басына қатысты талап қоюы цессияның аясына кірмейді. Несие берушінің жеке басына тығыз байланысты құқықтардың, атап айтқанда, алимент жөніңдегі және азаматтың өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толықтыру жөніндегі талаптардың басқа адамға ауысуына жол берілмейді.Несие беруші құқықтарының басқа адамға ауысуы үшін, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, борышқордың келісімі талап етілмейді.Дейтұрғанымен талап етуді беру шарты жасалғанда еске салынуы тиіс. Егер несие беруші осьщан туындайтын өзіне қолайсыз салдарға тәуекел етеді. Бұл жағдайда бастапқы несие берушіге міндеттеменің орындағанын тиісті несие берушіге орындағаны болып танылады.Егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, бастапқы несие берушінің құқығы жаңа несие берушіге құқықтың ауысуы кезінде болған көлемде және сондай-ақ жағдайларда ауысады. Атап айтқанда, жаңа несие берушіге міндеттеменің орындауды қамтамасыз ететін, сондай-ақ басқа да құқықтар, соның ішінде алынбаған сый ақыға (мүддеге) құқықтар талап етуде байланысты құқықтар ауысады. Борышқор талаптардың осы адамға ауысқанына дәлелдемелерді өзіне табыс еткенше жаңа несие берушіге міндеттемелерді орындамауға құқылы.Талап етуді басқа адамға берген несие беруші оған талап ету құқықтарын куаландыратын құжаттарды беруге және талапты жүзеге асыру үшін маңызы бар мәліметтерді хабарлауға міндетті. Борышқор міндеттеме жөніндегі құқықтардың жаңа несие берушіге ауысқаны туралы хабарды алар кезіңде бастапқы несие берушіге қоймақшы болған қарсылықтарын жаңа несие берушінің талаптарына қарсы қоюға құқылы. Азаматтық кодекстің 344 бабына сәйкес, міндеттеме жөніңдегі несие берушінің құқықтары заң құжаттары және срларда көрсетілген мынадай жағдайлардың болуы негізінде:1. Несие берушінің құқықтарындағы әмбебап құқықты мирасқорлық нәтижесінде;2. Заң құжаттарында мұндай ауысу мүмкіндігі көзделсе, несие беруші құқықтарының басқаға ауысуы туралы сот шешімі бойынша;3. Міндеттемені оның кепіл болушысы, тапсырушы немесе осы міндеттеме бойынша борышқор болып табылмайтын кепілге зат берушінің орындауы нәтитжесінде;4. Сақтандырушы сақтандыратын жағдайдың басталуына жауапты борышқорға несие берушінің құқықтарын алып берген кезде;5. Заң құжаттарында көзделген өзге жағдайларда басқа адамға ауысады.Борыштың ауысуы дегенді былай түсінген жөн - несие беруші, борышқор және үшінші тұлға арасындағы соңғысының борышты өз мойнына алу жөніндегі келісім-шарты. Борышқордың өз борышын басқа адамға ауыстыруына тек несие берушінің келісімімен ғана жол беріледі. Бұл түсінікті де, өйткені, несие берушіге борышқорының кім екендігін білу маңызды ғой. Сондай-ақ борышқорының тындырымды әрі төлем төлей алатын қабілетті болғанын қалайды. Оның үстінен бұрынғы борышқордың міндеті жаңасына айна қатесіз ауысуы шарт, жаңа борышқор несие берушімен бастапқы борышқордың арасындағы қатынастарға негізделген қарсылықтарын несие берушінің талабына қарсы қоюға құқылы. Борыштың ауысуымен бірге үшінші жақтың тағайындаған кепілімен кепіл болушылық өзінің күшін тоқтатады. Ол тек кепілдік беруші немесе кепіл беруші жаңа борышқор үшін жауап беруге келісілген жағдайда ған күшін жоймайды. Ақшаны аудару жөніндегі мәміленің нысаны жөніндегі мәселе талап етілуі беруі нысанасына сәйкес келуге тиіс. Міндеттемелік құқық қатынастарында регрестік (шегерме) міндеттеме ерекше орын алады. Басқа адамның міндеттемесін орындаған борышқор орындалған міндеттеме мөлшерінде сол адамға кері талап қоюға құқылы, осыны регрестік міндеттеме деп атайды.Азаматтық кодекстің 289 бабына сәйкес, үшінші адамның әрекеттері салдарынан міндеттемені орындамаған борышқор осы адамнан залалдарын өтеуді талап етуге құқылы. Ортақтасқан міндеттемені орындалған борышқор қалған борышқорларының әрқайсысына оның өзіне тиесілі үлесін шеберлік, тең үлеспен кері талап қоюға құқылы. Борышқорлардың бірі ортақтасқан міндетті орындаған борышқорға төлемегені осы борышқорларға және қалған борышқорларға тең үлесте түседі.Борышқордың орындағанын қабылдаған ортақтас несие беруші басқа несие берушілерге, егер олардың арасындағы қатынастардан өзгеше дау туындамаса, оларға тиесілі үлестерін өтеуге міндетті.Азаматтық кодекстің 268 бабына сәйкес міндеттеменің объектілері мүлік беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі бір әрекеттер жасауға байланысты келеді (немесе белгілі бір әрекет жасауды тартынуды айтуға болады). Міндеттеменің пәні ретінде әрекет зандық мүддені білдіреді немес міндеттеме құқық аясында өзіндік маңызға ие болады. Сөйтіп, міндеттеменің негізінде заттық, айрықша немесе өзіңдік құқық жатуы тиіс. Міндеттеменің мазмұнын оған қатысушы несие беруші мен борышқордың субъективтік құқықтары мен міндеттері құрайды. Мысалы, мүлікті жалға алудың міндеттемелік құқық қатынасында жалға алушы жалға берушіден мүлкін әкеліп беруді талап ететін субъективті құқыққа ие екендігі көрсетіледі. Сондай-ақ берушіге мүлкін пайдаланғаны үшін белгілі бір мөлшердще ақысын төлеуге міндетті. Жалға беруші жалға алушыға мүлкін пайдалануға міндеттеледі. Әрі жалға алушыдан мүлікті пайдаланғаны үшін ақысын төлеуді талап ете алады, бұл оның субъективті құқығы болып табылады. Сонымен міндеттеменің мазмұны қатысушылардың құқығы арқылы, сондай ақ міндеті арқылы айқындала алады. Борышқордың міндеті әдетте белгілі бір әрекетті жасауға келіп тіреледі. (мүлікті беру, ақша төлеу, жұмысты орындау және т.б.).Азаматтық кодекстің 238 бабында көрсетілген тізімнен соны көруге болады.Борышқордың міндеті басқа әрекетті жүзеге асырудан да білінеді. Мысалы, несие берушінің тапсырмасымен шарт жасайды. Кейбір міндеттемеге сәйкес несие беруші борышқордан белгілі бір әрекеттерге бармауын талап ете алады. Айталық, мүлікті қорғайтын адамнан сол мүлікті пайдаланбауын талап етуге құқылы. Мүлікті жалға алушы (борышқор) оны басқа біреуте жалға бермеуге міндеттеледі. Кейде міндеттемелік құқыққа мүліктік емес сипаттағы әрекеттер де жатады. Мысалы, театр драмалық шығарманың авторымен жасаған шартқа сәйкес жарнамада автордың аты-жөнін көрсетеді. Мұндай мүліктік емес құқық пен міндет мүліктік әрекетке байланысты болатын міндеттеме мазмұнында қосалқы рол атқарады.Міндеттемелер айқындалған, факультативтік және баламалық мазмұнмен ерекшеленеді. Айқындалған мазмұндағы міндеттемеде борышқордың жасайтын әрекеттерінің сипаты біржақты бекітіледі. Мұндай әрекеттерді басқасымен ауыстыру әр жақтың келісімімен ғана мүмкін болады, әйтпесе міндеттемені борышқордың бұзғаны деп бағаланады. Несие беруші атқаруға тиісті нәрсенің бұрмалануымен келісе алмайды, нәтижесінде міндетін бүрмалағаны үшін санкция қолданылады.Факультативтік мазмұнындағы міндеттемеде борышқордың белгілі бір әрекеттерді жасау міндеті бекітіледі, ал мұның өзі мүмкін болмаған жағдайда басқа әрекет қолға алынады. Мысалы, мердігерге жиһаз жасауға материал бөлінсе оны дайындауды міндеттейді, егер әлгі материялдар жоқ болса, онда ғимараттың қабырғасына құрастырылмалы нәрсені жасауды тапсырады. Факультативтік міндеттеменің бір ерекшелігі бастапқы ойға алған нәрсе жүзеге аспаса, әрекет тоқтатылмайды, қайта жаңа мазмұндағы іс жалғасын табады. Демек міндеттеменің тек мазмұнына ғана өзгеріс енгізіледі.Балама мазмұндағы міндеттемеде борышқордың екі немесе одан да көп әрекеттерді тен дәрежеде жүзеге асыру мүмкіндігі белгіленеді. Балама міндеттеме уәкілетті тұлғаның қай әрекет тандауына тәуелді келеді, яғки таңдап алынған нұсқа міндеттеменің нақты мазмұнына айналады.Екі немесе бірнеше әрекеттің бірін жасауға міндетті борышқорға, егер заңдардан немесе міндеттеменің шарттарынан өзгеше туындамаса, тандау құқығы беріледі. Мысалы, сатып алушы дүкенге келіп қасында жод баласына екі заттың бірін сатып алады, бұл жағдайда оның қалағаның алуға ерік беріледі. Ал қалған жағдайда тандау құқығы балама міндеттемеде борышқордың еншісіне тиеді.Құқықтық қатынастарға сәйкес міндеттеме заңмен қорғалады. Борышқор өз міндетін орындамаған жағдайда оған мемлекет тарапынан мәжбүр ету шарасы қолданыла алады. Сол арқылы міндеттемені талапқа сай орындауы қамтамасыз етіледі. Нәтижесінде — несие берушінің бұзылған мүддесі қалпына келтіріледі. Міндеттемені бұзған кезде қолданылатын мәжбүрлеу шарасына санкция жатады, сол арқылы міндеттемеге қажетті толықтыру енгізіледі. Бұл мәжбүрлеу шарасының түп қазығы болып табылады. Ол тек міндеттеме бұзылған жағдайда ғана жүзеге асады. Санкция қолдану нәтижесінде борышқордың міндеттемені бұзуына жол бермейді. Немесе орын алған кемшіліктің жйылуына жағдай жасалады, ал несие беруші жеткен ағаттықтан болған залалдың орнын жабады. Бірақта, санкцияның әр түрлі бұл міндеттерді әрқалай шешеді.Кейбір санкциялар міндеттеменің дұрыс орындауына қызмет етеді. Бірақ ал жарамсыз борышқорға қосымша мүмкін мүліктік төлем төлетуді өзіне мақсат етіп қоймайды. Мұндай түрлерін оперативтік санкция деп атайды. Ол атқаруды жүзеге асыруға қолданылатын тұтқа болып табылады. Міндеттеменің мазмұнына өзгерістер енгізеді. Бұрмаланған тұстарды анықтамаған соң, міндеттеме бойынша жасалуға тиісті мәселелердің орындалуына мәжбүр етеді. Борышқордан атқару құралын алып, несие берушіге беру, басқа тұлғаның күшімен борышқор есебінен жұмыс істеу тәрізді борышқор атқара алмаған жұмыстар жүзеге асырылады.Санкцияның екінші тобына борышқордан қосымша мүліктік залалды өндіртіп алу және несие берушінің міндеттемесін орындауға байланысты болған залалға өтемақы төлеу жатады. Бұлар мынадай мүліктік санкциялар: міндеттеменің бұзылуынан пайда болған залалды қалпына келтіру, айып төлеу.Кейбір санкцияларда мүліктік төлем төлеу алименттері мен оперативтік сипаттаға шаралар кездеседі. Оларды оперативтік мүліктік деп атайды. Оған, мәселен борышқордың өз кінәсін мойындап, ақауы бар затты сапалы затпен алмастыруды айтуға болады. Санкцияның ерекше түрі деп міндеттемені тоқтатуды айтар едікБірқатар жағдайда міндеттеменің санкциялардың бірнеше түрін біріктіруді қолдануды қажет етеді. Азаматтық кодекстің 9-бабында құқық қорғаудың қажетті санкциялары келтірілген.
 1.2. Міндеттеменің пайда болуының құқықтық негіздері.Өзге де құқықтық қатынастар тәрізді міндеттеменің пайда болу негіздері белгілі бір заңдық фактілерге байланысты және сол негізден көрінеді, мұның өзі Азаматтық кодекстің 7 — бабында көрініс тапқан. Азаматтық кодекстің 271 — бабы осы кодекстің 7 — бабында көрсетілген тұжырымға сүйене отырып, міндеттелмелердің қалай пайда болатынын айқындай түседі. Яғни міндеттеменің пайда болу негіздері шарттан, зиян келтіруде немесе өзге де негіздерден пайда болады.Азаматтық кодекстің 7—бабы әр тдүрлі құқықтық қатынастарының мүмкіндік болу негіздерін тізбелеп келтірген. Жоғарыда көрсетілген негіздерден басқа да міндеттемемен байланысты бірқатар негіздер бар. Бұл ең алдымен, әкімшілік құжаттары, әрине, біз бұл арада Азаматтық құқықтық қатынасқа қатыстысын айтып отырмыз. Әкімшілік құжатының занды күші бағынышты органға міндетті түрде өкімнің жүргізетіндігінен көрінеді. Сондықтан да барлық жағдай да әкімшілік құжат органдар, яғни құжатты шығарушы, атқарушы, оның орындалуын бақылаушы органдар және т.б. арасында әкімшілік құқықтық қатынастарды туғызады. Сонымен бірге ол адресаттар арасында Азаматтық міндеттемені де дүниге әкеледі.Алайда, мұндай жағдайлар салыстырмалы түрде сирек кездеседі, кәдімгі жоспарлы тапсырманы (немесе басқалай әкімшілік құжат) күрделі зандық құрамның бір бөлшегі десе болады. Міндеттеменің пайда болу негізінде шарт әкімшілік құжатқа келіп қосылады.Міндеттеменің пайда болу негізіне құқыққа қайшы нақты әрекеттер де жатады. Бұған — біреудің мүлкін қасақана не кездей соқ иелену, залал келтіру арқылы өзгенің заңмен қорғалатын мүддесін бұзуды мысал етіп алуға болады. Міндеттеме азаматтық кодекстің 271 — бабында қарастырылған негіздерде де пайда болуы мүмкін.Міндеттеме өзінің мазмұнына, объектілерінің салалы ерекшеліктеріне және субъектілерінің сипатына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:1. Жағымды мазмұндағы міндеттеме, жағымсыз мазмұндағы міндеттеме.2. Біржақты және өзара ортақ міндеттеме;3. Борышқор әрекетін нақты айқындайтын міндеттеме және балама міндеттеме;4. Қатаң түрдегі жеке сипаттағы міндеттеме (Бұл міндеттеме субъект ретіндегі жеке сипаттылық міндеттеменің пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқталуына әсер етпейді);5. Басты және тәуелді міндеттемелер; 6. Шартқа негізделген міндеттемелер, шарттан тыс міндеттеме және бір жақты еркін құжат түрлеріндегі міндеттеме. Міндеттеме жағымдағы мазмұндағы және жағымсыз мазмұндағы деп бөлгендегі мақсат борышқор мен несие берушінің әрекет сипатын айқындау түсу. Бұл орайда борышқорға белгілі бір әрекетті жасау жүктеледі, ал несие берушіге сол әрекетті орындауды талап ету құқығы беріледі. Мұнын өзі жағымды мазмұндағы міндеттеме деп аталады. Мұндай міндеттеме жиі кездеседі, мәселен, саянсай тұрғызуды айтуға болады. Жағымсыз мазмұндағы міндеттеме деп борышқордың белгілі бір әрекет жасаудан бас тарта тұруын, несие берушінің бас тартуды мәжбүр ету құқығын айтамыз. Мысалы, автор өз шығармасын жасалаған шарт мерзімі бітпейінше басқа баспаға ұсынбауы тиіс. Міндеттеме бір жақты және өзара ортақ та болады. Біржақты міндеттеме дегеніміз міндеттемеге қатысушының біріне тек қана құқық беріледі де, екіншісінен тек қана міндет бөлінеді. Ал екі жақты міндеттеме деп әр жақты әрқайсысының міндеті де, құқығы да болуын айтамыз. Оған сатып алу — сату міәндеттемесін мысалға келтірген дұрыс. Бұл міндеттемеде сатып алушының да, сатушының да бірқатар құқықтары мен міндеттері ескеріледі. Мұндай жағдайда Азаматтық кодекстің 269 — бабының 3 — тармағына сәйкес тараптардың әрқайсысы басқа тараптың пайдасына міндет алса, бұл оның пайдасына жасауға міндетті басқа тараптың борышқоры және сонымен бірге оған талап қоюға құқығы бар оның несие берушісі болып есептеледі.Міндеттемеде әдетте несие беруші борышқордан белгілі бір әрекетті атқаруды талап етеді. Мысалы, мынадай затты қайтару, мынадай ақшаны беру және т.б. Бірақта мазмұны талап ету құқығы болып табылатын міндеттеме де кездеседі, оған тиісті міндеттемеге сәйкес бір немесе бірнеше әрекет тандалынад. Бұл әрекеттердің бірін аяқтау міндеттемені атқаруды білдіреді. Мұнадай міндеттеме балама деп аталады.Міндеттемелердің бір тобын жеке сипаттағы міндеттемелер құрайды. Оған борышқор мен несие берушінің жеке басына қатысты міндеттемелер жатады. (мысалы, мүсіншінің міндеттемесі тапсырыс шартынан келіп шығады). Мұндай міңдеттемеде борышқордың немесе несие берушінің қайтыс болуымен байланысты тоқтатылады. Міндеттеменің туындауына орай оларды шарты, шарттан тыс деп те, сондай — ақ бір жақты еркін құжат міндеттемесі деп те бөледі. Міндеттеменің шартты тобы өте көп кездеседі (сату — сатып алу тасмалдау, сақтандыру және т.б.).Шарттан тыс міндеттеме әр жақтың келісімі бойынша пайда, болмайды, керісінше азаматтық құқықтық кез — келген субъектісінің мүлкіне жасалған зиян нәтижесінде кездеседі. Сондай - ақ негізсіз баю салдарының туындайтын міндеттемелер, яғни басқаның мүлкін не жинағандарын заңсыз сатып алу және жинау, мәмлемен белгіленген негіздерсіз иелену жағдайында да көрінеді. Бұл жайында Е.Баянов былай айтады: "Міндеттеменің пайда болуы азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлкіне және олардың өздеріне зиян келтіру салдарынан туындауы да мүмкін Азаматтың құқық теориясында мұндай міндеттемелерді шартсыз міндеттемелер деп те атайды".2 тарау. Міндеттемелерді орындау ^ 2.1. Міндеттемелерді орындаудың ұғымы мен принциптріМіндеттемелердің орындау дегеніміз борышқордың алған міндеттемесіне сай белгілі бір әрекетте жасауы немесе несие берушінің талап етуі құқығына сәйкес оқшау әрекеті жасауды тоқтата түруы. Міндеттемені орындау көбіне көп борышқордың белсенді әрекетінен, не әрекетін кейде тоқтата тұруынан көрінеді. Міндеттемені орындаудың алдына қоятын мақсаты болады. Міндеттемені орындау арқасында азаматтардың, занды тұлғалардың, мемлекет пен қоғамның тұтастай алғанда материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға қол жеткізіледі. Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау оның тоқталуына әкеледі.Міндеттемені орындаудың құқықтық тәртібі АК — тің 272 -291 баптарында, міндеттеменің жекелеген түрлерін реттейтін (мысалы, сатып алу — сату, жеткізу, келісім — шарт, электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ету, жалға беру, мердігерлік және т.б.) нормативтік актілерінде бекітілген. Міндеттемені орындау Азаматтық кодексте бекітілген принциптерге сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Оған міндеттемені тиісті дәрежеде орындау (272 — бап) және міндеттемені нақты орындау (354 - бап) жатады. Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау принципі борышқордың міндеттемені заңдардың талаптары мен міндеттеме шартына сәйкес орындауын біддіреді. Ал мұндай шарттар болмаған жағдайда — дәстүрлі іскерлік айналымға немесе басқа да кәдімгі қойылған талаптарға сәйкес орындалуы тиіс. Міндеттеме тиісті дәрежеде орындауды сипаттайтын талаптар мен шарттар заңдарда, басқа да норматилвті актілерде, міндеттеме алған жақтарын келісіміңде бекітіледі. Аталған талаптар мен шарттар қатысушыларды, мерзімді және міндеттеменің орындалу тәсілін айқындайды. Міндеттемені орындауда осы апйтылғандар сөзсіз орындалуы тиіс. Сонымен міндеттемені тиісті дәрежеде орындау дегеніміз оның саны мен сапасына, субъектілеріне, орнына, мерзімімен тәсіліне қатысты талаптар мен шарттарды дәлме—дәл сақтай отырып, орындау болып саналады.Міндеттемені борышқор тап — тинақтай етіп орындауы үшін несие беруші немесе оған өкілетті орган заңында немесе шартта көрсетілген мерзімді, орынды, белгілі бір тәсілді міндеттемеге енгізуі тиіс. Жоғары да аталған шарттардың біреуі орындалмаса, онда міндеттемені тиісті дәрежеде орындалады деп айтуға болмайды. Міндеттеменің нақты түрінде, дәл принципі борышқордың міндеттемені сол қалпында орындау керектігін міндеттейді, демек, ол міндеттеме мазмұнында көросетілген жағдайлар (затты тапсыру, жұмысты орындау, қызмет көрсету) жүзеге асуы үшін әрекет етуге тиіс, бірақ бұл орайда ақшалай өтем жасай алмайды.З.О. Ашитов тағы бір принципті айқындайды:" Үнемшілдікті сақтау деп міндеттемелерді орындау барысында артық шығымға жібермеу жолдарын қарастыруды айтады. Әңгіме тапсырысты орындау барысында әр — түрлі ресурстарды, мейлінше, тиімді пайдалану туралы болып отыр" - деп тұжырымдайды.Міңдеттемені нақты түрінде дәл орындау принципі көбінесе несие берушінің мүддесін қанағаттандырады. Осы принципке сәйкес борышқор тап осындай әрекеттеріне баруы керек немесе орындау пәні болып табылатын нәрселерден бас тартады (мысалы, басқа мүлікті емес, берілуге тиісті мүлікті беру, немесе несие беруіиіге құнын төлей алмайды, басқа жұмысты емес, нақ тапсырылған жұмысты жасау және т.б.). Міндеттемені нақты түрінде орындау принципі Азаматттық кодекстің 354 бабында бекітілген. Жаңа кодексте қаралып отырған принципке анағұрлым өзгерістер енгізілген. Біріншіден міндеттемені тиісті дәрежеде орындамағаны үшін айып төлеу және залалдарды өтеу борышқорларды, заңда басқаша қаралмаса, міндеттемені орындаудан босатпайды. Демек, аталған принцип борышқор міндеттемні бұзған кезде, заңда немесе шартта өзгеше көзделмесе, іс жүзінде оны нақты орындауын талап етеді.Екіншіден, міндеттемені орындамаған жағдайда залалды өтеу және оны орындамағаны үшін айып төлеу борышқорды, егер заң құжаттарында немесе шартты өзгеше көзделмесе, міндеттемені заттай орындаудан босатады. Мерзімі өтіп кеткендіктен өзі үшін енді керегі болмай қалған міндеттеменің орындалуынан несие берушінің бас тартуы, сондай-ақ бас тарту төлемі ретінде белгіленген ақшалай сомманы төлеу, борышқорды міндеттемені заттай орындаудан босатады.Нақты түрінде дәл орындау принципі Азаматтық кодекстің кейбір баптарында міндеттеменің жекелеген түрлерін қолдануда тәртіптелген. Міндеттемені тиісті дәрежеде орындау нақты түрінде дәл орындаудың бір мезгілде болғанын көрсетеді. Бірақта бұл принциптерді араластыруға болмайды. Тиісті дәрежеде орындау принципі нақты түрінде дәл орындауға қарағанда кеңірек. Мысалы, затты уақыттың өткізіп барып беру арқылы нақты орындау мерзімінің бұзылуына байланысты тиісті дәрежеде орындау бола алмайды.^ 2.2. Міндеттемені орындау субъектілері және орындауға қатысты мәселелер.Жалпы ереже бойынша міндеттемені борышқор орындауы тиіс. Соны мен бірге, заңца, міндеттеме шартында, не оның мән-мағынасында міндеттемені борышқордың тікелей өзі орындау керектігі көрсетілмесе, онда борышқор тек өзіне алған міндеттемені орындалуын үшінші жақа жүктей алады. Мұндай жағдайда несие беруші борышқор үшін үшінші жақ ұсынған орындау ісін қабылдаута міндетті.Егер міндеттемені орындау борышқордың тікелей өзінен ғана талап етілетін жағдайда (портрет салу, жұмысты жасау, қызмет көрсету және т.б.) несие беруші үшінші жақтың ұсынатын орындалған ісін қабылдаумауға құқылы.Шарттан туындайтын міндеттемені орындау үшінші жаққа, егер арнайы ереженің қаралмаса, толықтай және ішінара жүктеледі. Мәселен, арнайы ережелер көлік заңдарында кездеседі, соған сәйкес түкті жөнелтуші оны тасмалтайтын көлік ұйымымен шарт жасайды, бірақ көлік жарғыларынан сәйкес жүкті тасмалдау міндеттемесі қалған көлік орындарына (басқа теміржол, кеме) жаңа шарт жасамай ақ жүктеледі.Заңда көрсетілген ретке үшінші жақ, Азаматтық Кодекстің 339, 347—баптарына сәйкес өзіне көшкен міндеттеме бойынша борышқордың келісімсіз — ақ несие берушінің талаптарын өз есебінен қанағаттандыра береді.Мұндай құқық несие берушінің борышқор мүлкінен ақы өндіріп алу салдарынан өзінің бұл мүлікке құқығынан (пайдалану, иелену, кепілге салық құқығы және басқа құқықтары) айырылу қаупі төмен жағдайда үшінші жаққа беріледі.Мәселен қозғалмайтын мүлікті жалға алушы жалға берушінің несие беруші алдында қарыза бар екендігін және оны өндіріп алу ниетін білсе, сондай — ақ жалға алу өзіне тиімді деп есептесе, онда жалға берушінің келісімсіз — ақ оның қарызын төлеп тастайды. Бұдан кейін жалға алушының міндеттемедегі жалға беруші алдындағы борышын өтейді. Несие беруші, мұндай жағдайда үшінші жақтың міндеттемені орындауын қабылдауға міндетті.Нәтижесінде жалға алушы кейін жалға берушіден ол үшін төлеген қаржысын қайтарып алуды талап ете алады.Міндеттемеде оның әр тараптары — несие беруші немесе борышқор ретінде бір мезгілде бірнеше адам қатыса алады. Егер міндеттемеде борышқордың және несие берушінің жағында бір емес, бірнеше тұлға (қатысушылар) болса, онда көпшілік тұлғалар мен міндеттеме пайда болады. Мысалы, мұрагерлікке қалған жекешеліндірілген пәтердің үш мұрагері оны ерлі — зайыпты адамдарға сатты делік, сонда сатып алу — сату кезінде екі жақтан да көпшілік тұлғалар пайда болады, бұл орайда сатушылар - үшеу, ал сатып алушылар — екеу.Бір тараптың талап ету құқығы және екінші тараптың міндетіндегі зат (нәрсе) жөнінде болса, сол міндеттеменің пәні болады. Міндеттемені орындау пәні зат, оның ішінде ақша, бағалы қағаздар, шығармашылық қызметтің нәтижесі, жасалатын белгілі — бір жұмыстар. т.с.с. Демек борышқор өз міндетін орындауда мүліктерді тапсыру, жұмыстың нәтижесін беру, қызмет көрсету, несие берушіге ақаіа төлеу тәрізді қолға алады. Ал мұнсыз не нақты түрінде дәл, не тиісті дәрежеде болуы мүмкін емес.Міндеттемені тиісінше орындау үшін, борышқор міндеттемеде көрсетілген пәнді орындуы тиіс, пәнге қойылатын талаптар шартта көрсетіледі. Ал, олай болмаған жағдайда дәстүрлі құқықпен шешіледі. Мысалы, борышқор біреуге тиіс заттың сапасы міндеттемеде көрсетілуі керек, бұл орайда мемлекеттік стандарттар мен үлгілердің талаптары ескеріледі. Міндеттеменің пәні кейбірінде жекеленген затты беру, ал кейбірінде тектес белгідегі заттар болуы мүмкін. Тектес белгілері бар міндеттеменің ең бастысы — акщалы міндеттеме, яғни белгілі бір ақша соммасын төлеуді талап ететін міндеттеме.Ақшалай міндеттемені орындау үшін арнайы талаптар занда қарастырылған. Ақшалай міндеттемені орындалудың кейбір ерекшеліктері болады. Ақшалай міндеттеме теңгемен айқындалады. Ақшалай міндеттемеде шетел валютасы түріндегі белгілі бір соммаға тең теңге түріндегі соммада төленуге тиілс екендігі көзделуі мүмкін. Мұндай сомма Қазақстандық банкаралақ валюта биржасының курсымен айқындалады, ол төлем жасалған күнгі шетелдік валютаға сай келуі қажет. Аталған ереже ақшаның құнсыздануынан несие берлушілердің мүддесін қорғайды.ҚР аумағындағы міндеттемелер бойынша есеп айырысу шетел валютасы сондай — ақ шетел валютасы түріндегі төлем құжаттарын пайдалануға заң құжаттарында көзделген реттер мен жағдайлары немесе соған сәйкес белгіленген тәртіп бойынша жүзеге асыралады. Ақшалай міндеттеме бойынша азаматты асырауға тікелей төленетін сомма (өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянның орнын толтыру үшін, өмір бойы асырау шарты бойынша және басқалары) - ең төменгі жавлақының ресми түрде өсуіне қарай арттырылып отырады. Міндеттемені орындаудың мерзімі, орны, тәсілі.Міндеттеменің орындалу мерзімі заңы мен және шартпен , сондай—ақ, шарт алдындағы дауды қарайтын органның айқындалуы мүмкін.Егер міндеттемеде ол орындалатын күн және ол орындалуға тиісті уақыт кезеңі көзделсе және оны анықтау мүмкін болмаса, міндеттеме сол күні және тиісінше сол кезең ішінде кезкелген уақытта орындалуға тиіс. Мысалы, құрылыс объектісін бітетін күні міндеттемені орындау күні болып табылады, ал басқа жұмыстар мердігерлік шарттарда, ақапаны қайтару - қарыз шартында, несие беруші шартында қарастырылады.Міндеттеме орындалуға тиісті келісімді уақыт тауарларды жеткізу шарттарында қаралуы мүмкін, ондда әр тарап жеткізілетін тауарларды партияларға бөліп, өздерінің уақытын белгілейді. Ол тоқсандық, ай, он күндік мерзімдер мен өлшенеді. Егер міндеттемеде ол орындалатын мерзім көрсетілмесе, ол мерзімді анықтауға мүмкіндік беретін шарттар болмаса, ол міндеттеме пайда болғаннан кейін ақылға қонымды мерзімде орындалуға тиіс. Ақылға қонымды мерзім дегеніміз міндеттеме нақты жағдайды ала отырып, орынды мүмкіндігі болып табылады. Бұл орайда борышқордың жағдайына байланысты мүмкіндігі, міндеттемені орындау тәсілі т.б. ескеріледі (мысалы, несие берушіге дейінгі қашықтық, көлік түрі, және т.б.). Ақылға қонымды мерзімде орындалмаған, сол сияқты орындалу мерзімі талап етілетін кезең белгіленген міндеттемені, егер зандарды, міндеттеме шарттарынан, іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан және міндеттеме мәнінен басқа мерзімге орындау міндеті туындамаса, - борышқор несие беруші оның орындалуын талап еткен күннен бастап жеті күн мерзімінде орындауға міңдетті.Міңцеттеменің тезарада орындалуын жүкті сақтайтын жерге тапсыратын, банкке ақша салатын адам талап ете алады.Борышқорға аяқ астынан болатын міндеттемені орындау үшін дайындыққа жеті күн мерзім беріледі. Міндеттемелерде орындау уақыты көрсетілмеген жағдайда несие беруші борышқордың орындағанын кез келген уақытта, заңда көзделегеннен тыс ретте қабылдауы керек.Егер заңдарда және міңдеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе және оның мәнін туындамаса, борышқор міндеттемені мерзіміне дейін орындауға құқылы. Кәсіәпкерлік қызметке байланысты міндеттемелерді мерзімінен бұрын орындауға міндеттемені мерзіміне дейін орындау мүмкіндігі заңдарда немесе міндеттеме шарттарында көзделген (жүкті жеткізу, банктің несие беруі және т.б.), не іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан және міндеттеменің мәнінен туындаған реттерде ғана жол беріледі (АК , 279 бап). Демек бұл ереже кәсіпкерлер қатысатын қатынасқа арналады. Борышқордың несие беруші — кәсіпкер мен алдын ала келіспей түрып міндеттемені мерзімінен бұрын орындау оны қиын жағдайға қалдыру мүмкін, өйткені, оның орындалған міндеттемені аяқ астынан қабылдай қоюға дайындығы мен жағдайы келмей қалуы ғажап емес. Айталық, борышқордың тауар әкелетінін білмегендіктен онда дайын түрған қойма, тауар сақтайтын арнайы орындар болмауы мүмкін, оның үстіне әкелінген тауарды теміржол бекетінен, кемеден ала қоятындай көлікке алдын-ала шарт жасалмауы да кедергі келтіреді. Содан келіп несие беруші залал шегеді,ал мұның өзі нарық жағдайында қолайсыз нәрсе.Міндеттеме орыңдалатын жер борышқордың заттарды тапсыратын, жұмысты атқарып, қызмет көрсетіп, ақша төлейтін, ал несие берушінің тиісінше орындалғанын қабылдатын орын. Мәселен, үйді жөндеп, еденді тазалау, терезені сүрту тек үй тұрған жерде ғана жүзеге асады.Егер де міндеттеме орындалатын жер заңдарда және міндеттеме мәнінен және іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардың көрінбесі, ол:1) міндеттеме бойынша қозғалмайтын мүлікті беру — мүлік орналасқан жерде;2) міндеттеме бойынша тауар және өзге де мүліктік тасмалдауды пайдалана отырып беру мүлкті несие берушіге жеткіз үшін оны бірінші тасмалдаушыға тапсырған жерде;3) егер бұл міндеттеме пайда болған кезде несие берушіге белгілі болса кәсіпкердің басқа міндеттемелері бойынша тауар және өзге де мүлікті беру — мүлік дайындалған және сақталған жерді;4) ақшалай міндеттеме бойынша — несие берушінің міндеттеме пайда болған кездегі тұрғылықты жерінде, ал егер несие заңды тұлға болса- міндеттеме пайда болған кезде оның болған жерінде егер несие беруші міндеттеменің орындалу кезінде тұрғылықты жерді өзгертіп, бұл туралы борышқорға хабарласа — орындалатын жердің өзгеретуіне байланысты барлық шығындарды соның есебінен жатқыза отырып, оның жаңа тұрғылықты жерінде және тұрған жерінде;5) басқа да барлық міндеттемелер бойынша - борышқордың тұрғылықты жерінде, ал егер борышқор занды тұлға болса — оның орналасқан жерінде орындалуға тиіс.Міндеттемені орындау тәсілі заңмен және әр жақтың жасасқан шарттары мен айқындалады, және сол міндеттеменің мәні мен туындайды.Міндеттеме орындау бір жолғыи(заттың құнын толықтай төлеу) немесе несиеге алған мүліктің құнын жабуы, почта, көлік құралдарына төлеу тәрізді мерзімді түрде әрекет ету болып жүзеге асады. Кейбір міндеттемелер тұтастай және бөліктей орындалуы мүмкін (мысалы, қарыз шартты бойынша қарызды қайтару). Сонымен бірге, егер міндеттеме шартында, заңдарда өзгеше белгіленбесе, және іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтарды және мәнінен өзгеше туындамаса, несие беруші міндеттемені бөлшектеп орындауды қабылдаумаға құқылы.Борышқор заңда қаралған ретте нотариат кеңсесіне және соттың денозитіне қарызды тапсыруы міндеттемені орындағаны болып есептеледі. АҚ 291-бабына сәйкес борышқор ақша соммасын және бағалы қағаздарды нотариус пен соттың депозитіне салу құқығына ие.Егер:1) несие беруші және орындалған істі қабылдауға өзі уәкілдік берген адам міндеттеме орындалуға тиісті жерде болмаса:2) несие беруші әрекет қабілетсіздігі болып және оның өкілі болмаса;3) міндеттеме бойынша , атап айтқанда бұл мәселе жөнінде несие беруші мен басқа да адамдар арасындағы дауға байланысты несие берушінің кім екені жайында оның айқындық болмаса;4) несие берушінің орындалған істі қабылдаудан жол тартуы және өз тарапынан мерзімін өткізіп алуына байланысты борышқордың міндеттемені орындай алмасы онда борышқор міндеттемелерін орындау үшін өзінен алатын ақшаны депозит шарттарынан, ал бағалы қағаздарды нотариустың атына сақтау шарттарына, ал заң құжаттарымен белгіленген жағдайларды, соттың атынан орналастыруға құқылы.Ақша немесе бағалы қағаздарды депозит шарттарына салу және нотариустың не соттың атына сақтау міндеттеменің орындалғаны болып есептеледі. Нотариус пен сот өз кезегінде несие берушіге оның борышқорынан депозитке бағалы қағаздар мен ақшаның келіп түскені туралы хабарлайды. Өзара міндеттердің орындалуының өзіндік ерекшеліктері бар. Егер заңдардан, іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардың, міндеттеме шарттарынан және оның мәнінен өзгеше туындамайтын болса, тараптар өзара міндеттерді бір мезгілде орындауға тиіс. Сөйтіп, тараптардың бірінің міндеттемені орындамауы және тиісінше орындамауы өзара міндеттерді орындау және қарсы тараптарды қанағаттандыру кезінде, егер заң құжаттарында және міндеттеме шарттарында өзгеше белгіленбесе, екінші тарапты өз міндеттерін босатады.^ 2.3. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету.Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің ұғымы. Азаматтық құқықтың нормаларын сақтайтын қатысушылар көп жағдайда міндеттемені ерікті түрде және тиісінше орындайды сонымен бірге өмірде міндеттемені орындамау және тиісінше орындамау орын алатыны тағы шындық. Осыған байланысты заң міндеттемені орындауды қамтамасыз ету үшін әдістер деп аталатын арнайы шараларды көздейді. Міндеттемені қамтамасыз ету оны орындатуға бағытталатын, жалпыға бірдей емес, арнайы шаралар болып табылады. Сондықтан ол міндеттемелердің бәріне бірдей емес, тек заңдарда және келісімге отырған жақтардың шарттарында қаралған міндеттемелерге қолданады. АҚ 292 бап талаптарына сәйкес, ондай әдістерге: айып төлету, кепіл, борышқордың мүлігін аманат кепілдік, кепілпұл және басқа да әдістер жатады.Қамтамасыз ету әдістері өздерінің сипаттарына қарай төрт топқа бөлуші болады. Қамтамасыз ету сипатының бірі міндеттемені орындамағанда және тиісінше орындамағанда борышқордың белгілі бір ақша соммасын төлеу арқылы қосымша мүліктік залал шегуінен (айып төлеу, кепілпұл) көрінеді. Екінші топтың әдістері несие беруші арқылы мүлікті өндіріп алумен жүзеге асады (кепіл). Үшінші топтағы қамтамасыз ету әдісі несие берушіге тек борышқордың ғана емес, үшінші жақтың да мүлкін өндіртіп алуды қамтиды. Төртінші топқа біздің заманымызға бұрын сонды тән болмаған әдіс - борышқордың мүлкін ұстап қалу болдып табылады. Бұл әдістің ерекшелігі сол заң несие берушіге борышқор өз міндетін орындамайынша, борышқордың затын өзін-өзі қорғау мақсатында ұстап қалу құқығын береді. Міндеттемені орындауды қамтамасыз ету әдістері негізгі міндеттемеге қосымша міндеттеме түрінде көрінеді. Мысалы, сатып алу — сату шарты негізгі міндеттеме б.т.-ды, ал сол шартты жасаған жақтар міндеттемені мерзімінен кеш орындаса, онда айып төлеу туралы келісім негізгі міндеттеменің болмысынан келіп шығады. АҚ 292—бабының 3 — тармағына сәйкес негізгі міндеттеменің жарамсыздығы оны қамтамасыз ететін міндеттемені жарамсыз етеді. Ал, міндеттемені қамтамсыз ету туралы келісімнің жарамсыздығы негізгі міндеттеменің жарасыз болуына әкеліп соқтырмайды. Қамтамсыз ету (қосымша) міндеттемесі жөніндегі келісім жазбаша түрде жасалуы тиіс. Жазбаша нысананың сақтамауы, мәселен, айып төлеу туралы келісімнің жарамсыздығына әкеліп соқтырады.Міндеттемені орындауды қамтамасыз етудің әдістері. Айып төлеу.Борышқор міндеттемесін орындамаған не тиісінше ретте, атап айтқанда, орындау мерзімін өткізіп алған ретте несие берушіге төлеуге міндетті заңдар мен және шартпен белгіленген ақша соммасы айып төлеу (айыппұл, өсім ) деп танылады.Айып төлеу туралы талап бойынша несие беруші оған келтірілген залалдарды дәлелдеуге міндетті емес.Айып төлеу — кәсіпкерлік салада пайда болған міндеттемені орындауды қамтамасыз ету әдістерінің ең көп тараған түрі. Жеткізу, сатып алу, тасмалдау, мердігерлік және т.б. шарттарды орындамау айып төлеу арқылы қамтамасыз етіледі.Азаматтардың қатысуымен болатын қатынастарды ол ақша міндеттемелерінде (қарыз шарты, тұрғын үйді жолдау және т.б.) қолданылады. Айып төлеудің есептеу әдісіне орай үш түрі болады: айып төлеу, айыппұл және өсім. Бұл орайда өсім ақшалай міндеттеменің уақытын өткізіп алған кезде қолданылады, яғни өткізіп алған әрбір күні үшін сомманың пайызымен ұсталады. Мәселен, өсім борышқордан тұрғын үй, электр энергиясын пайдаланудағы және т.б. төлем төлеу — уақытын өткізіп алғанына орай өндііріледі. Айыппұл тек қана ақша соммасында және сомманың белгілі — бір мөлшерінде орындалмаған міндеттемеге қолданылады.Қосымша міндеттеменің пайда болу негізінде айып төленуді заңды және шартты деп екіге бөледі.Занды түрдегі міндеттемеге, қандай міндеттемені бұзған кезде қолданылатын айқындайды. Заңды айып төлеу көлікпен жүк тасмалдау, өнімді жекткізу, құрлысқа қажетті құрама бұйымдарды жеткізу үшін болатын міндеттемелерде кеңінен қолданылады.Заңды айып төлеу тараптардың міндетінде көзделген — көзделмегеніне қарамастан борышқордан өндіріле береді. Егер заңдарда тиім салынбаса, тараптардың келісімімен занды айып төлеу мөлшері көбейтілуі мүмкін.Шартты айып төлеу әр жақтың келісімімен айқындалады. Бұл орайда олар қандай бұзушылыққа, қандай мөлшерде қолданатынын өздері анықтайды.Міндеттеменің тиісінше орындалмауынан келген залалдың көлеміне байланысты есепті, айыппұл, айрықша және балама айып төлеу болып бөлінеді. Есепті айып төлеу кезінде залалдың бір бөлігі ғана орындалады, бірақ, онымен залалдың бәрі жабыла қоймайды. Мысалы, міндеттемені орындаумауға байланысты залалдар 5 мың теңгені құрайтын болса, айып төлеу 2 мың теңге болады делік, сонда несие беруші борышқор борышқордан 2 мыңды айып төлеу деп, 3 мың теңгені залал деп өндіріп алуына хақысы бар. Әдетте айып төлеу есепті сипатқа не. Айып төлеудің бұл түрі барлық жағдайларда, занда және келісімдерде басқаша көзделгеннен басқа ретте, қолданыла береді.Айрықша айып төлеу. Несие берушіні тек айып төлеуді жүзеге асырумен шектейді. Аталған мысал бойынша тек 2 мың теңгені төлетеді де қояды. Айрықша айып төлеу көлік қатынастарында кеңінен тараған. Ол жүкті тасмалдың жоспарын орындамаған үшін, көлік құралдарының нормадан тыс тұрғаны үшін және т.б. өндіріледі. Азаматтардың қатынасуымен болатын қатынастарға, аиталық, пәтер ақы электр энергиясына төлеу тәрізді салаларға тап осындай айып төлеу түрі қолданылады. Балама айып төлеуде несие берушіге міндеттемені бұзғанынан келген залалды өндіпте ме, әлде төлеуді жүзеге асыра ма, оған өзінің таңдауын айтуына мүмкіндік береді. Сондай — ақ, сот борышқордың міндеттемені орындау дәрежесін және барышқордың міндеттемені орындау дәрежесінде және барышқор мен несие берушінің назар аударуға лайықты мүдделерін айыппұл мөлшерін азайтуға ескереді. Айып төлеудің негізгі мақсаты барышқордың өз міндеттемесін орындамаған және тиісінше орындамағаны салдарынан несие берушінің шеккен зиянының орнын толтыру болып табылады.Кепіл. Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемеге сәйкес несие беруші (кепіл ұстаушы) кепілдің күшіне сүйене отырып, борышқор кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған ретте кепілге салынған мүлік құнынан заң актілерінде белгіленген алымды шығарып алып, осы мүлік тиесілі адамның (кепіл берушінің) басқа несие берушілер алдында артықшылықпен ие болады.Мүлік кепіл мен міндеттемені орындауда қамтамасыз ету несие беруші үшін неғұрлым қолайлы жағдай жасайды, өйткені, барышқор міндеттемені орындамаған күнде несие беруші қолындағы кепілге алынған мүлік арқылы талабын қанағаттандыра алады. Кепіл бойынша заң және шарт арқылы туындайтын міндеттемеге негізделеді. Кепіл бойынша қатынастарда әр жақ кепіл беруші және кепіл ұстаушы деп аталады. Кепіл берушінің кепіл шаруашылық жүргізу құқығы болады. Мұндай құқықтар оған мүлікке иелік етуге мүмкіндік береді. Негізгі міндеттеме бойынша кепіл беруші дегеніміз барышқордың өзі , сондай — ақ оған үшінші жақтың да құқығы бар.Кепіл ұстаушы дегеніміз негізгі міндеттеме бойынша несие беруші, яғни кепілге құқығы бар тұлға. Кепіл ұстаушы өзінің құқығын кепіл жөніндегі шарт басқаша талаптардан бастартудың жалпы ережесіне сәйкес басқа тұлғаға беруге құқылы.Кепілдің пәні кез — келген мүлік бола алады, оның ішінде қозғалатын және қозғалмайтын мүліктер, мүліктік құқықтар (талаптар) бар.Ал азаматтық айналымнан алынып тасталған мүліктер, несие берушінің жеке басымен тығыз байланысты талаптар, атап айтқанда, алименттер, өміріне және денсаулығына келтірілген зиянды өтеу туралы талаптар және құжаттарымен оларды басқаға беруге тыйм салынған өзге құқықтар кепіл пәні бола алмайды.Кепіл талаптың қойылған кезіндегі мөлшерін қамтамасыз етеді. Бұған негізгі қарыздан басқа орындауды кешіктіргеннен келген айып төлеу, зиянды қалпына келтіру, кепілге алынған мүлікті кепіл ұстаушының ұстауға кеткен шағынан өтеу қосылады. Кепіл ұстаушы аталған соммалар бойынша шығыннан орнын толтыруды талап етуге құқылы.Егер тараптар мұндай талаптарды кепіл арқылы қамтамасыз ету мөлшері туралы уағдалысқан жағдайда кепіл болашақты пайда болатын талаптарға қатысты да белгіленуі мүмкін.Шартта кепілдің мәні мен оны бағалау құны, кепілмен қамтамасыз етілетін міндеттеменің мөлшері мен орындау мерзімі көрсетуге тиіс.Кепіл туралы шарт жазбаша түрде жасалуға тиіс. Егер негізгі міндеттеме ноториалды куәландырута жатса, онда кепіл туралы шарт ноториалды куәландірілуы керек. Қозғалмайтын мүлік кепілі туралы шарт нотариалды куәландырылғанда ғана күшіне енеді.Кепіл туралы шартты өзгеше көзделмегендіктен, кепіл құқығы кепілі тіркелуге жататын мүлік жөніндегі тіркелуге жататын мүлік жөніндегі шартты тіркеу кезенін бастап, басқа мүлік жөнінен — бұл мүлікті кепіл ұстаушыға берген кезден бастап, ал егер біреуге жатпаса кепіл туралы шарт жасасқан кезден бастап т.б. (АК — 310 бап).Қазіргі қолданылып жүрген зандар кепілге салынып үлгерген затты қайтадан кепілге салу мүмкіндігін қарастырады. Кейіннен берілетін кепіл бұрынғы жасалған шартты рұқсат етілген не тиым салынбаған болса жүзеге асады. Мұндай жағдайда кепіл беруші кепіл ұстаушыға кепілге берілген мұндай мүлік туралы мәлімет береді. Кейінгі кепіл ұстаушының талабы алдыңғы кепіл ұстаушылардың талаптары қанағаттандырылғаннан келіп кепіл мәнінің құнынан қанағаттандырылады. Кепілдің екі түрі бар: а) ипотека ә) кепілзат.Ипотека — кепілге салынған мүлік кепіл салушының және үшінші бір жақтың иелігінде және пайдалануында қалатын кепіл түрі. Ипотекаға тұтастай кәсіпорындар, жекеленген құрлыстар ғимараттьары яғни жерге тікелей байланысты (ипотека) басқа да объектілер сондай —ақ айналымдағы тауар және азаматтық айналымнан алынбаған басқа да мүлік ипотека мәні бола алады. Ипотека тәртібіне сай кепілге салынған мүлік кепіл ұстаушыда қалады.Ипотека, содай — ақ белгілі — бір мүліктің кепілі заңда белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтуге жатады.Бұл орайда әңгіме кәсіпорындардың, ғимараттардың, құрлыстардың, пәтерлердің жер учаскесіне құқықтың және басқа қозғалмайтын мүліктің (ипотека) кепілі ҚР-ң қозғалмайтын мүліктің ипотекасы туралы заңмен реттелетіндігі жөнінде болып отыр. Ипотека туралы ҚР-ның заңында өзгеше ережелер белгіленбеген ретте ипотекаға АК-тегі кепіл жалпы ережелер қолданылады. Ипотека туралы шартты ипотеканың мәні, оның атауы тұрған жері және бұл мәннің айтарлықтай индентификация үшін сипаттауы, сондай — ақ кепіл, осы несие берушінің құқығын тіркеген осы мүлікке — мемлекеттік органның тіркеуі көрсетлілуі тиіс. Жер учаскесінің ипотекасы туралы шартқа жер ресурстары мен жерге орналастырудың тиісті комиттетері берген осы учаскесі шекарасының сызбасы қоса тіркелуі қажет. Шартта негізгі міндеттеме туралы — міндеттеменің ақшалай құны, туындау негіздері, орындау мерзімі және т.б. көрсетіледі.Ипотека туралы шартты жасаған кепіл беруші кепіл ұстаушыны ипотеканың мәніне үшінші жақтың белгілі құқықтары жөнінде жазбаша ескертуге міндетті (кепіл құқықтары, жалға беру, және т.б.). Ипотека туралы шарт нотариалды куәландырылуы керек. Ол қозғалмайтын мүліктің тұрған жері бойынша мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап жасалды деп есептеледі. Кепілге салынған мүлікті кепіл ұстаушының иелігіне беруі кепілзат деп аталады. Жақтардың келісімі бойынша кепілге салынған мүлік кепіл ұстаушыда құлыпталып, мөр басылып және белгі қойылуы арқылы сақталады.Кепілге салынған мүлікті күту мен сақтау кепілге қатысты негізгі міндет болып табылады. Бұл міндетті кепілге салынған мүлік араласқан жақ мойнына алады. Сондай — ақ бұл тарап: кепілге салынған мүлікті сақтауды қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды, оның ішінде оған үшінші жақтар тараптарынан қол сұғылып талаптар қойылуынан қорғау үшін қажетті шаралар қолдануға кепілге салынған мүліктің жоғалуы және бүлінуі қаупінің пайда болуы туралы екінші тарапқа дереу хабарлауға міндетті.Азамат кепіл беруші ретінде өзінің жеке тұтынушыдағы мүлікті қысқа мерзімді несиені қамтамасыз ету, үшін кепілдікке салады. Бұл орайда кепіл ұстаушы ломбард б.т. Бұл лицензия негізінде кәсіпкерлікті жүзеге асыратын арнайы ұйым. Заттың кепілі туралы шарт кепілдік билеттерімен рәсімделеді. Кепілге салынған мүлік ломбардқа беріледі, ал өз кезегінде кепіл берушінің пайдасына заттың құнымен сақтаңдырады. Оның кепілге салынған затты пайдалануға, иелік етуге хақысы жоқ. Ломбард кепілге салынған заттардың жоғалуы және бүлінуі үшін жауапты болады.Борышқордың мүлкін алып (ұстап) қалу.Міңдеттемені орындауды қамтамасыз етудің жаңа әдісі — борышқордың мүлкін алып (ұстап) қалу.Қазақстандық азаматтық заңдарда борышқордың мүлкін алып (ұстап) қалуға анықтама берілмеген. Бұл әдістің өзіне тән бір екіншілігі несие беруші заттық құқыққа ие бола түрып меншік иесі бола алмайды. Несие беруші заттың есесіне қайтару, залалдардың орнын толтыру және т.б. өзінің талаптарын заттың құнын қанағаттандырады. Мұңдай әдістің кепіл әдісіне келетін тұстары? бар. Бұл жағдайдың қайсысында болсын несие берушінің, кепіл ұстаушының талаптары алдын ала белгіленген мүлік есебінен орындалады. Сонымен қатар міндеттемені орындаудың осы айтқан әдістері арасында айтарлықтай ерекшелік те бар. Кепіл негізгі міндеттеменің туыңдауына орай бір мезгілде әр міндеттеменің негізгесінде болсын, қосымшасында болсын көрсетілген не көрсетілмегеніне қарамастан негізгі міндеттің бұзылуынан келіп шығады.Борышқордың мүмкін алып қалу бір жақты әрекет ол заңға негізделген және міндеттеменің ақшалай орындалмауына байланысты (затты төлеу, жоғалғанда қалпына келтіру, және басқа залалдар) белгілі бір заңдық фактілердің туындауынан көрінеді. Бұл әрекет бұзылған құқығы қорғауға бағытталған, сондықтан да, оны несие берушінің бұзылған құқығын өздігінен қорғау деп тануға болады. Борышқордың мүлкін алып (үстап) қалу құқық сақтаушыға, комиссионерге марапат ретінде, ал сятушыға тауарды төлеу және т.б. ретінде жүреді.Кейбір ғалымдардың пікірінше, борышқордың мүлкін алып (ұстап) қалу құқық бұзушының әрекетіне орай (шұғыл) шара қолдану делінеді. Борышқордың мүлкін алып (ұстап) қалу кезінде несие беруші өзінің әрекеті мен борышқорға зиян келтіруі мүмкін. М.Фалькович мұндай жағдайда несие беруші келтірілген зиянды орнына келтіру үшін шарттарға:1) қорғау әдісі бұзушылыққа сай болу керек.2) қорғану әдісі оны қажетті қолдануда әрекет шегінен шықпауы тиіс — екендігін айтады.Кепіл болушылық.Кепіл болушылық бойынша кепіл болушы басқа жақтан (борышқордың) несие берушісі алдында сол жақтың міндеттемесінің орындалуына толық немесе ішінара қолсалқы жауаптымын деп міндеттенеді (АҚ 33—бап.) Кепіл болушылық арқалы міндеттеме қамтамасыз етіледі. Бұл кепіл болушының жауапкершілігі мәнінен туындайды, егер шартта өз өзгеше көзделмесе кепіл болуышылықта көрсетілген сомма шегінде жауапты болады.Кепіл болушылық кезінде борышқордың несие берушісі мен оның кепіл болушысы арасында шарт жасалады. Кепіл болушылық қатынастарында үш субъект қатысады. Біріншіден борышқор өзінің негізгі мінднттемесі бойынша кепіл болушымен өзінің орындамаған міндеттерін орындауға тәуекел ететіні жөнінде келіседі. Екіншіден, аталған келісімі негізінде кепіл болушымен негізгі міндеттеменің несие берушісі арасында жасалады.Бұл қатынастардың өзіндік негізгі тері сол, несие беруші алдында негізгі міндеттеме бойынша борышқор мен қосымша міндеттеменің кепіл болушысы жауапты болады. Мұнда қатынастар құрылымды несие берушінің өз міндетін атқаруына үлкен сенімділік туғызады. Оның белгілері: кепіл болушының міндеттемесін негізгі борышқордың міндеттемесіне толық енмесе ішінара қосалқы қосалқы түрде қосалқы түрде қатысты болады; Кепіл болушы несие беруші алдында борышқордың жетпейтін ақшасы көлемінде жауапкершілікті мойнына алады, бірақ ол кепіл болушылық шартында көрсетілген деңгейден аспауы керек; Несие беруші кепіл болушыға талаптар қоймастан бүрын борышқордың бұл талаптарды ақылға алады орында шараларын ойластырып алады. Сонымен қатар оны қарсы талаптар мен борышқордың мүлкінен өндіріп алудың белгіленген шартына орай жүзеге асады.Кепілдік.Кепілдік бойынша кепілдік беруші, заң актілерінде көзделген жағайларды қоспағанда, басқа жақтың (борышқордың) несие берушісі алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына толық немесе борышқор мен ортақтасып ішінара жауап беруге міндеттенеді. Бірлесіп кепілдік берген адамдар, егер кепілдік шартында өзгеше белгіленбесе, несие беруші алдында ортақтасып жауап береді. Кепілдік шарты болашақта туындайтын міндеттемені қамтамасыз ету үшін де жасалуы мүмкін.Кепілдік дегеніміз негізгі міндеттеме бойынша тұлға мен міндеттемені қамтамасыз ететін несие беруші арасындағы тағайындалған құқықтық қатынас болып табылады. Негізгі міндеттемеге қатысты кепіл беруші әрқашан үшінші жақ болады. (АК, 270 бабы). Кепілдік міндеттемесі негізгі міндеттемден туындай тұрса да негізгі борышқор оған тікелей араласа алмайды және кепілдік бойынша құқықтық қатынасқа қатыспайды. Кепіл беруші мен борышқор арасындағы қатынас кепіддік бойынша құқықтық қатынастық және негізгі міндеттемеден тыс болады. Әрі оның соңғысы үшін ешқандай маңызға ие емес. Кепілдік шарттары жазбашаны нысанда жасалады. Жазбаійа нысанды сақталу кепілдік шартының жарамсыз болуына әкеліп соқтырады.Кепілдік беруші несие беруші алдында негізгі міндеттеменің тиісінше орындалмауына және міндеттемені борышқордың орыБдалмауынан несие берушіге келген залалға борышқордың жауапкершілігі тұрғысынан. Сонымен бірге бір мезгілде кепілдік шартының талаптарына сәйкес кепіл берушінің жауапкершілігі бір көлемде және шекте қаралуы мүмкін.Кепіл пұл.Уағдаласушы тараптардың біреуінің шарт бойынша өзінен алынатын төлемнің есебінен екінші тарапқа және шарт жасау мен орындауды қамтамасыз етуге берілген ақша сомма кепілпұл деп танылады.Кепілпұл туралы келісім оның негізгі міндеттемесінің соммасы мен түріне қарамастан жарамсыз болудан сақтану мақсатында да жазбаша жасалады. Бұл ерекше негізгі міндеттеме наториалдық жолымен куәландыруға тиіс болатын жағдайда да қолданылады. Келісімнің жазбаша нысанда жасалуын сақтамау кепілпұл келісімін жарамсыз деп тануға әкеліп соқтарады. Кепілпұл заңға сәйкес, біріншіден төлем міндетін атқарады, өйткені, ол шартқа сәйкес екінші жакқа берілетін нақты ақша саласы болып есептеледі: екіншіден, тараптар арасындағы шарттық қатынастардың барлығын дәлелдейді.Егер шарт жасалмаса кепілпұл туралы келісім де болуы мүмкін емес; үшіншіден, жасалған шартты қамтамасыз ету құралы болып табылады.
 3 тарау. Міндеттеменің бұзылғандығы үшін жауапкершіліктіңжалпы мәселелері.3.1. Міндеттеменің бұзылғандығы үшін азаматтық құқықтың жауапкершіліктің ұғымы және негіздері.Жауапкершілік барлық құқық қатынастарына тән нәрсе. Азаматтық - құқықтық қатынастардың негізгі бөлігін міндеттеме құрайтын болғандықтан жауапкершілік жөніндегі мәселе міндеттемелік құқықтың жалпы ережелерінде қаралады. Бірақта бұл арада айтылған мәселе міндеттемелерден тыс құқық қатынастарына қатысты. Жалпы алғанда, жауапкершілік дегеніміз заңмен немесе шартпен қаралған ретте өзіне жүктелген міндетті бұзатын азаматтық құқық қатынасының субъектісіне қолданылатын мүлікті өндіртіп алу немесе мүліктік салмақ салу болып табылады. Оған бұзылған құқыққа орай уәкілетті түлғаның мүліктік шығынының орнын толтыру да жатады."Міндеттемелерді орындамау немесе тиісінше орындамаудың несие берушіге мүлікті зиянды салдарларын тигізіп мүліктік нұсқа келтіреді. Бұзылған құқықты қалпына келтіру үшін мүліктік санкциялар белгіленген. Қарыздар несие берушінің көрген залалдарының орнын толтыруы тиіс."Жауапкершілікке тарту, азаматтық құқық бұзушылық жағдайында құқықтық нормаларға санкцияны жүзеге асыруға түрткі болады.Ең алдымен, азаматтық -құқықтық жауапкершілікте мемлекеттік және шарттық тәртіпті нығайту да , осы мақсаттың аддын алуда тәрбиелік маңызы айрықша. Азаматтық құқық қатынасының субъектілері болып табылатын тараптар өздеріне жүктелген міндеттерді орындамауы қоғамдық қатынастарды бұзып, мүліктік шығынға және жеке тұлғалар мен бүкіл қоғамды қолайсыз жағдайларға әкеп соқтыратынын білуі тиіс әрі өзінің міндетін бұзбауға күш салуы керек. Тәрбиелік жағын былай қойғанда, егер, әлгі айтқан құқық бұзушылыққа жол берілетін болса, онда азаматтық - құқықтық жауапкершілік оны қайта қалпына келтіруді қамтамасыз етеді. Сондықтан да, борышқор өзі істеуге міндетті нәрсені орындамағанда ғана емес, оны орындаудан өз бетімен бас тартқан кезде де оған жауапкершілік бәрібір мойындатылады.Азаматтық құқықтың қосымша мүлікті өндіртіп алу тәрізді өзіне тән жауапкершілік қасиеті болмаса, несие беруші міндеттемесін орындаудан жалтарған борышқорға жазалау шарасын қолдана алмайды және оның іс әрекетін өз дәрежесінде реттеп отыруы қиындай түседі.Азаматтақ - құқықтық жауапкершіліктің өзіне тән қасиеттері:а) борышқордың міндеттемені бұзғанынан туындаған мүліктік шығындарды несие берушіге қайтару;ә) борышқордың міндеттемені тиісті дәрежеде орындауын қадағалау;б) борышқордың міндеттемесін орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жазалау;в) белгілі бір дәрежеде несие берушінің міндеттемеге қатысуына түрткі болуы;г) борышқордың тәртіпсіздік фактілерін басқа тұлғалардың көзінше айғақтау б.т.Ықпалы әр түрлі деңгейде бола тұрса да, міндеттемелердің бәрінде жауапкершіліктің мұндай қасиеттері кездеседі мұндай жауапкершіліктің қажеттілігі міндеттеменің бұзылмауын реттейтін (мысалы міндеттемені бұзғаннан келетін залалдық орнын толтыру), әр жақтың өзара жасасқан шарттарынан, міндеттеменің келісілген жағдайларынан туындайды. Жауапкершілікгі белгілеу қосымша келісімдер арқылы да жүзеге асады. Мысалы, оған міндеттеменің мерзімін бұзғаны үшін салынатын айыпқа орай жасалатын келісімді жатқызуға болады.Азаматтық- құқықтық жауапкершілік — Азаматтық құқықтың жалпы бөлімінің институты болып табылады, өйткені, ереже бойынша азаматтық - құқықтық қатнастардың барлық түрінде өзіне тән қасиеттер кездеседі.Азаматтық - құқықтық жауапкершілік түсінігі — заң ғылымында даулы мәселе. Кейбір авторлар оң мағынадағы (позитивті) жауапкершілікті бөліп құрайды, яғни оны барлық міндеттердің бұлжымайтын, қатаң түрде жетілген бастамасы мен жүзеге асырылуы деп біледі.Мұндай жауапкершілікке міндеттеменің тиісінше орындауда азаматтық - құқықтық жауапкершілік әр қилы ережелерге бағынады, демек оны борышқордың белгілі бір әрекетінің аясына сыйдыруға болмайды.Басқа автордың тұжырымдауы бойынша: "Заң жүзіндегі жауапкершілік әр қашанда мінез құлыққа нақтылы баға береді, яғни сол құқық бұзушының мінез-құлқының салдарына мән береді. Сондықтан да оны ретроспективтік жауапкершілік деп атайды"."Заң жүзіндегі жауапкершілік өзінің жасаған іс - әрекеті үшін есеп беру міндеті құқығымен реттеледі" деген де пікір бар. Өзінің әрекетінде есеп беру міндеті құқық бұзушылық болмаған жағдайда да болатындығын еске сала кеткен жөн. Жауапкершілік дегенді — "мемлекеттік немесе қоғамдық мәжбірлеу шарасын қолдану " — деп те түсіндіретіндер де кездеседі.Мұндай көз қарастың кемшілігі сол, борышқордың несие берушіге келтірген залалын өз еркімен қалпына келтіру немесе айыпты төлеуде азаматтық - құқықтық жауапкершіліктен айналып кету мүмкіншілігін туғызады.Азаматтық - құқықтық жауапкершілік тудыратын жағдай оның негіздері болып есептеледі. Ондай негіздерге ең алдымен заңда немесе шартта көрсетілген құқықтарды бұзу жатады.Мысалы, міңдеттеме шартында көрсетіле тұрса да тұлғаның орындалмауы немесе тиісті дәрежеде орындамауы, әлде кімге мүліктің залал келтіруі тәрізді жағдайларды айтуға болады.Алайда жауапкершіліктің аталған негіздерінің бірі пайда болған кезде оны белгілі- бір тұлғаға қолдана қою әр кез мүмкін емес. Бұзылған құқықты қалпына келтіру үшін мүліктік санкциялар белгіленген. Қарыздар несие берушінің көрген залалдарының орнын толтыруы тиіс. Азаматтық - құқықта залал ұғымын міндеттемені қарыздар орындаған жағдайда несие беруші алуы ықтимал, несие беруші өндірген шығындарды, оның мүліктерінің жоғалуы немесе зақымдануы, сондай-ақ ол алмаған табыстар түсіндіріледі, яғни бір адамның екінші адамға мүліктік нұқсан келтіруі залал болып табылады. Сөйтіп, залалдардың екі түрі бар: бір жағынан - тура мүліктік нұсқан, екінші жағынан - борышқор міндеттемесін орындаған жағдайда болуға тиісті несие берушінің табыстары. Қандай жағдайда болсын шаруашылық шарттарын бұзғаны үшін келісімі мен жауапкершілікті шектеуге болмайды. Материалдық нұқсан толық өндіріліп алынуы тиіс.Жауапкершіліктің көлемі төмендеген жағдайда мүліктік жауапкершіліктің тәртібі және одан босанудың шарттары толық белгіленген.Мүліктік жауапкершілікке тарту үшін белгілі — бір шарттар қажет. Азаматтық - құқықтық жауапкершіліктің мұндай жалпы негіздеріне жататындар:1) Тұлғаның құқыққа қайшы қылығы (іс-әрекеті не әрекетсіздігі);2) Жәбірленген тұлғаның шеккен зияны немесе залалдың бар болуы;3) Құқық бұзушының құқыққа қайшы іс - әрекеті мен оның келтірген зиянының салдары арасындағы болатын себепті байланыс;4) Құқық бұзушының кінәсі.Нақты тұлғаға азаматтық - құқықтық жауапкершілікті жүктеу үшін жалпы ереже бойынша қажетті келтірілген негіздер жиынтығы азаматтық-құқықтық бұзушылықтың құрамы болып табылады. Көрсетілген негіздердің біреуі болмай қалса жауапкершілікке тарту мәселесі туындамайды. Бірақта, кейбір жағдайларды заң азаматтық - құқықтағы құқық бұзушылық құрамының бар болуы мүліктік жауаикершілікке тарту үшін жалпы талаппен санаспайды: Мысалы, жоғары қауіптілік көзін иеленуші занды тұлға жәбірленушінің алдында кінәсіз жауап береді.Енді азаматтық - құқық бұзушылықтың құрамының әлгінде айтылған элементтерінің әр қайсысына тоқтала кетелік.Құқықка қайшы тұлғалардың қылықтары - азаматтық - құқықтық жауапкершіліктің негізі.Құқыққа қайшы тұлғаның қылығы дегеніміз - заңға немесе шартқа сәйкес емес теріс іс - әрекет болып табылады. Ол құқықтық қатынасқа түсетін екінші жақтың мүліктік немесе мүліктік емес игіліктері мен құқықтарын бұзуға әкеп соғады.Тұлғаның құқыққа қайшы қылығы жауапкершілікке тартудың бірден — бір шарты болса, оны жауапкершіліктің заңдық негізі деп атайды. Тұлғаның құқыққа қайшылығының жағдайы іс-әрекеттеріне әрекетсіздіте көрінуі мүмкін. Тәртіптің саналықпен жүзеге асуы басқаға, яғни құқықтық бұзушылық құрамының субъективті жағына, кінәлілік мәселесіне қатысты. Құқыққа қайшылық пен кінәліліктің шатыстыру заң әдебиеттерінде де, сот тәжірибесінде де кездеседі, әлі кездесіп те жүр. Сонымен қатар, жауапкершілікке тартудың әрбір шарты қателіктерден ада болуы үшін әрқайсысы міндетті түрде басқаларынан бөлек талдануы қажет.Занды, міндетті, бұйрықты орындау, құқықты жүзеге асыру, жәбірленушінің келісімі, қажетті қорғаныс және аса қажеттілік тәрізді жағдайлар құқыққа қайшы тұлғаның қылығы болып есептелмейді. Оның бөрі белгілі бір негіздерді сақтай отырып, сапалы түрде атқаруды қажетсінеді, ал олардың бұзылуы-құқыққа қайшылық, міне, оның салдарынан жауапкершілік мәселесі туындайды.Кінә-азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізі.Жалпы заң ілімі кінәлі тұлға өзінің заң бұзу әрекетін немесе әрекетсіздігін жан дүниесімен, демек психологиялық тұрғыдан сезінуі деп түсіндіреді. Заңда оны қылмысты істердегі кінә және азаматтық істердегі кінә деп екіге бөледі.Қылмыстық зандарда кінә мүліктік немесе мүліктік емес өзіндік міндеттемелерді орындамау тұрғысынан болады. Занды біле тұра бұзу және оның келтіретін зиянды салдарын болжау да қасақаналық болып саналады, ал абайсыз занды бұзған тұлға заңды бұзғанын тіптен сезбейді және оның зиянға әкеліп соғатын салдарын болжай да алмайды алмайды. Бірақ ол нақтылы жағдайларды ескере отырып, мұны сезе де, болжай да алуы керек еді. Кейде азаматтық қатынастарда тараптардың екі жағы да кінәлі болуы мүмкін. Мұндай аралас кінә жағдайда келтірілген зиянның орнын толтыру жауаптылығы екі жаққа бірдей жүктеледі.Азаматтық құқықта тұлға кінәсіз болса да жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Кінәсіз жауаптылық тек занда көрсетілген жағдайларда ғана зиян келтіруші бұл жөнінде кінәлі болмаса да жауап береді. Мысалы, қатерлі қауіп көзі болып тадылатын ұйымдар кінәсіз жағдайда да келтірілген шығынды өтеуге міндеті. Керісінше, есі ауысқан адам, 14 жасқа жетпеген бала кінәлі болса да келтірілгензиян үшін жауап бермейді.Азаматтық кодекстің 359-бабының 1-тармағына сәйкес, егер борышқор міндеттемені тиісті дәрежеде орындау үшін өзіне байланысты шаралардың барлығын қолданңанын дәлелдесе, ол кінәсіз деп танылады. Сөйтіп, азаматтық құқықта тұлғаның өз қылығына заң кінәні субъективтік, психикалық қатынас деп қарамайды, керісінше тұлғаның өз іс-әрекеті салдарынан болған жайсыз нәтижелерді немесе ағаттықты қалпына келтіруге мүмкін болатын шараны алмағанына мән береді. Біздің заманымыздың тұжырымы бойынша жақта тұлғаның қылығы істің шын болмысымен салыстырылуы керек, бұл орайда, тұлғаның мүмкіндігі бола тұра өзіне тиесілі нәрсені орындамағаны есепке алынады.Азаматтық кодекстің 359-бабының 1-тармағының жалпы нормасы кәсіпкерлік саласына қолданылмайды. Ак-ң 359 бабының 2-тармағында кәсіпкерлер үшін диспозитивтік сипаттағы басқа жалпы ереже берілген: міндеттемені орындаманан немесе тиісті дәрежеде орындамаған тұлға басқа кінәсі болмаса да жауап береді. Демек кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде міндеттемені орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындай алмаған кәсіпкерге жоғары жауапкершідік жүктеледі.Зиян.Зиян-заңмнен қорғалатын игілік атаулының кемуі. Егер зиян мүліктік сипат алатын болса, оны залал деп атайды. Залалдың ақшалай баламасы шығын делінеді.Азаматтық кодекстің 9-бабында құқығы бұзылған адам, егер заң мен шартта аз мөлшердегі шығын қаралмаса, өзіне келген заладды толық қалпында келтіруді талап ете алатындығы бекітілген. Залалдың орнын толтыру жөніндегі норма имперактивті тұрғыда келеді, ол барлық азаматтық құқықтық қатынастарға жүреді және жақтардың шартында шығынды келтіру қаралды ма, жоқ па, оған қарамай әрекет ете береді. Мемлекеттік өкімет билігі органының зандарға сай келмейтін құжат шығаруы, сондай-ақ, осы органдарының лауазымды адамдарының әрекеті (әрекетсіздігі) салдарынан азаматқа немесе занды тұлғаға келтірілген залалды Қ.Р-сы немесе тиісінше әкімшілік аумақтық бөлініс өтеуге тиіс.Залалдар мынадай екі түрге бөлінеді:1. Құқық бұзылған тұлға жасаған немесе зақымдануы (нақты нұқсан).2. Сол тұлғаның ұқсастығы бұзылмаған болса, дағдылы айналым жағдайында болатын, бірақ алынбай қалған табыстары (айрылып қалған пайда).Себепті байланыс-азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізі.Азаматтық жауапкешілікті анықтау үшін құқыққа қайшы іс-әрекет пен зиянның арасында себепті байланыстың болуы да заңды. Мүліктік залалдың себептеріне оның алдындағы жағдайлар емес, нақты жағдайда оны туғызған нәрселер жатады. Бұл былай деген сөз: қандай бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасағандағы (немесе әрекетсіздігі) үшін жауапкершілік жүктеуден сол зиянның болуы, сол іс-әрекеттің (немесе әрекетсіздіктің) кездейсоқ бола қалған іс емес, сол іс-әрекетке байланысты (немесе әрекетсіздігіне байланысты) дағдылы, қалыпты ретіментуғандығын анықтау шарт. Борышқордың заңды қайшы әрекеттері мен несие берушіге келтірілген залалдардың әрбір жағдайында олардың арасындағы қажетті айқын, тікелей байланысты қалыптастыру. Себепті байланыстың мәні міндеттемені бұзғаны үшін жауапкершілік шарттарына тиісті т.б. Әрбір нақтылы істі қарағанда соттың міндеті: зиянның жасалуы алдында болған оқиғалар тізбегінен қалыпты жағдайда, дағдылы жолымен зиян келтіретін іс-әрекеттің біреуін ерекше бөліп шығару. Егер, құқық бұзушылық пен зиянның пайда болуының арасында «қалыптың себепті байланыстар барлығын анықтау мүмкін болмаса, бұл ретте зиян шектірушіге жауапкершілік артуға дәлел жоқ. Кейде құқыққа қайшы іс-әрекет пен зиянның арасындағы себепті байланысты анықтау қиындыққа соқпайды (мәселен, мылтықты аңғырттықпен ұстап біреу-міреуді өлтіріп алған реттерде). Бірақ ерекше күрдулі жағдайларды себепті байланысты анықтау үшін сарапшының (дәрігерлік, техникалық.т.б. көмегі қажет болады. Мүмкін, зиянның болуына құқық бұзушының іс-әрекеті де себеп болуы мүмкін. Бұл ретте оканың қалыпты жағдайында зиянның орын алуына іс-әрекеттердің қайсысының шешуші рөл аттқарғанын анықтау керек. Мысалы: АК, 935-бабына сәйкес жәбірленушінің теріс пиғылы салдарынан пайда болған зиян өтеуге жатпайды. Ал егер жәбірленушінің өзінің өрескел абайсыздығы зианының орын алуына немесе ұлғайуына себеп болса, жәбірленуші мен зиян келтіруші кінәсінің дәрежесіне қарай өтеу мөлшері азайтылуға тиіс.^ 3.2. Міндеттемелерді бұзғаны үшін азаматтық - құқықтың жауапкершіліктің түрлері және мөлшері.Жауапкершіліктің түрлерін оның негіздерді, субьектілері, құқық бұзушыға қолданылатын шара мен оның сипаты бойынша айруға болады. Негіздері бойынша жауапкершілік шартты және шарттан тыс деп бөлінеді, яғни ол шарт арқылы немесе онсыз да жүзеге асады. Бірінші жағдайда әр жақтың өзара шартынан,сондай ақ басқа да әреттерінен туындайтын құқықтық қатнастарға байланысты көрінеді. Жақтардың мақсаты қоғамдық-пайдалы нәтижижерге қол жеткізуі болып табылады, бірақ, заң, мен шарт олардың мүмкін болатын құқүқ бұзушыларына орай міндеттері мен жауапкершілік осы құқықтық қатынасқа қатысушылардың құқыққа сай келетін іс-әрекеттерінің сол нормалармен реттейді.Әдетте екі жаққа бірдей әрі мелінше қатал талаптар қойылады. Шарттан тыс қатынастар құқұққа қайшы келетін екі жақтың бірінің кездейсоқ әрекеттерімен сипатталады. Сол септі, әлбетте, жауапкершілік қатынастары өзгелерінен бөлек реттеледі, заң шығарушы жәбірленушіге қарағанда құқық бұзушыға барынша қатаң қарайтыны табиғи нәрсе.Егер құқық қатынасында жауапкершілік субьектілері бірнешеу болса, онда жауапкершілік үлестік немесе ортақтасқан сипат не субсидиялы болып есептеледі.Құқұқтық қатнастың екі жағынының да кінәсі болған жағдайда оны аралас кінә деп атайды. Егер бір жақта бірнеше адамның кінәсі бар болатын болса, оны бірлескен кінә дейді.Міндеттемеде тұлғалар көп болғанда, сондай-ақ міндеттемені орындау үшүнші жақпен жүзеге асырылатын жағдайда, регрестік талаптар бойынша жаукершілік туындайды.Заң жауапкершілік шарасы бойынша залалдың толық өтелуін талап етеді. Кейбір міндеттемелерде жауапкершіліьсгің борышқордан белгілі-бір затты жеке беру міндеті туралы түрі де кездесуі мүмкін. Мұндай шаралар негізінен алғанда, заңда немесе шартта әдейі көрсетілмей-ақ қолданыла берді. Жауапкершіліктің басқа шаралары жалпы ережеге сай келеді, әрі заңның немесе шарттың арнайы көрсетуімен жекелеген міндеттемеде қолданылады.(Мысалы, есеп айрысу құқық қатнастарында кездеседі). Тағы бір шаралар бас міндеттемеге қосымша ретіңце қарастырылады және міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету құралы ретінде көрініп, сонымен бір мезгілде жауапкершіліктің шарасы (өлшемі) болып табылады және ақшалай болып келеді.Жауапкершіліктің мөлшері жауапкершіліктің түріне және басқа да жағдайларға байланысты әр қалай анықталады.Залалдың орнын толтыру кезінде өзгертілетін бағаның қандай деңгейде болу керектігі есепке алынуына байланысты ол мәселені шешуде маңызды рол атқарады. Азаматтық кодекстің 350 бабында мұндай шешім қарастырылған. Егер зандарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, міндеттеме орындалуға тиісті жерде залал анықталған кезде борышқор несие берушінің талабын өз ықтиярымен қанағаттандырған күнгі бағаға жүгінеді. Ал егер талап ерікті түрде қанағаттандырылмаған жағдайда сол талап арыз берілген күнгі қолданылған баға назарға алынады. Мән - жайларды негізге ала отырып, сот шешім шығарған күні не нақты төлем төленген күні қолданылған бағаны назарға ала келіп залалдың орнын толтыру туралы талапты қанағаттандыра алады.Залалдың орнын толтыру жәбірленушінің мүліктік жағдайын қалпына келтіруді мақсат етеді. Әдетте залал толық көлемде қалпына келтіруге тиіс. Осыған байланысты азаматтық - құқықта залалдың толықтай орнын толтыру принципі қаралған.Егер міндеттеменің орындалмауы немесе тиісті дәрежеде орындалмауы екі тараптың да кінәсінен болса, сот соған сәйкес борышқор жауапкершілігінің көлемін азайтады. Сот, егер несие беруші міндеттеменің орындалмауынан немесе тиісті дәрежеде орындалмауынан келтірілген залал көлемінің ұлғаюына касақана немесе абайсызда себепкер бола, немесе олардың азаюына ақылға қонымды шаралар қолданбаса борышқор жауапкершілігінің мөлшерінде азайтады.^ 3.3 Міндеттемені тоқтатылудың түсінігі және құқықтың реттелуі.Міндеттеме өзінің құрамына кіретін құқықтар мен міндеттер толық жүзеге асқан сәттен бастап тоқтатылады. Бұл көбіне — көп оны орындаудың нәтижесінде болады. Бірақта несие беруші борышты кешіргенде немесе оны орындауға мүмкіндік болмайтындай болса, негізгі мақсаты жүзеге асырумен байланысты емес тоқтауларда болады. Сөйтіп, міндеттемені тоқтату дегеніміз міндеттеменің мазмұнын құрайтын оның қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін жою б.т.Шарттық міндеттемелерді тоқтатудың негізгі себептеріне олардың тиісінше орындалуы, қарсы талапты қанағаттандыруы, несие беруші мен борышқордың бір адам ретінде үйлесуі, тараптардың келісуі, орындауды атқарудың мүмкін еместігі, борышқордың немесе несие берушінің өлімі жатады. Міндеттемені тоқтатудың басты және мейлінше, кең тараған тәсілі оның тиісті деңгейде орындалуы болып табылады.Заңдар мен шартта міндеттемені тоқтатудың басқа да негіздері көзделуі мүмкін.Міндеттемені тоқтатудың барлық негіздерін мынадай екі топқа бөлуте болады:1) өзінің қатысушылары еркімен тоқтатылатын міндеттеме (мысалы, жаңарту, есепке жатқызу, бас тартуды ұсыну, борышты кешіру) ;2) өзінің қатысушыларының еркінен тыс тоқтатылатын міндеттеме (мысалы, азаматтың қайтыс болуы міндеттеменің тоқтатылуына әкеледі, заңды тұлғаны тарату, және т.б.);^ Міндеттемені тоқтатудың жекелеген әдістері.Міндеттемені тоқтатудың мейлінше тиімді түрі — оны орындау. Яғни міндеттеме тиісті дәрежеде орындалуы керек, несие берушінің құқықтарын жүзеге асыру міндеттеменің мәніне, әдісіне, орындалатын жеріне және т.б. толық сәйкес жүзеге асуы керек. Міңдеттеме тиісінше орындалмаса да тоқтатылмайды, қайта қосымша міндеттер (айып төлеу, залалды өтеу, және т.б.) жамалады.Тараптардың келісімі бойынша міндеттеме орындалудың орнына бас тарту төлемін беру арқылы тоқтатылуы мүмкін (АҚ 369 бап). Бас тарту төлемі міндеттемені тоқтатудың жаңа негізі болып табылады, оның өзі бұрын азаматтық кодексте болған емес. Бас тарту төлемінің мән-мағынасы міндеттемнің пәнін басқа мүлік беру немесе ақша мен алмастыру болып табылады. Сондай—ақ жұмысты орындау немесе қызмет көрсетуді де ұсынуы мүмкін.Міндеттеме мерзімі жеткен, не мерзімі көрсетілмеген немесе мерзімі талап ету кезімен белгіленген бір — тектес қарсы талапты есепке жатқызу арқылы толық немесе бөлік — бөлігімен тоқтатылады. Жаңғыртылуы - міндеттемені тоқтату әдісі ретінде бастапқы міндеттемені жаңа міндеттемемен ауыстыру туралы әр жақтың өзара келісімімен сол адамдардың арасындағы орындаудың өзге нысанын немесе әдісін көздейтін басқа міндеттемемен (жаңғыртылуға байланысты) тоқтатылады.Азаматтың өміріне және денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі және алимент төлеу жөніндегі міндеттемелерге қатысты жаңғыртылуға жол берілмейді.Жаңғыртылумен бірге тоқтатылатын қосымша міндеттемеге кепілді, кепіл болушылықты, міндеттеменің орындаудың басқа да әдістері, сондай — ақ ақшалай міндеттеме бойынша марапаттауды (ынталандыруды) жатқызуға болады. Бұл бойынша М.К.Сүлейменов: "Залалды қалпына келтіру құқығы тоқтауға жатпайды, өйткені залалды өтеуді қосымша міндеттеме деп тануға болмайды, ол кез — келген міндеттемеге тән және де жаңғыртылу оны тоқтата алмайды" — деп айтады.Азаматтық кодекс міндеттемені тоқтатудың басқа да негіздерін қарастырады. Оған борышқор мен несие берушінің бір тұлға болып келуін жатқызуға болады (371 - бап). Бұл кәсіпорын қайта құрылған кезде орын алады, мәселен, кәсіпорынға оның борышқоры келіп қосылады. Мұндай жағдайда жаңадан құрылған занды тұлға әрі борышқор әрі несие беруші болады. Мұндай нұсқада міндеттеме болуы мүмкін емес, сондықтан ол тоқтатылады.ҚорытындыТоқсан сөздің тобықтай түйініне келетін болсақ Азаматтық құқықтағы міндеттемелер қоғамдық қатнасты реттегенде үлкен маңызы бар. Өйткені міндеттемелер болмаған жағдайда қалай мемлекет қызметін атқарар еді, ол барлық экономикалық, әлеуметтік саяси жағынан ықпалын зор тигізеді. Біз жалпы міндеттемелердің орындалуын, оның орындалуына байланысты пайда болатын құқықтық жауапкершілікте және міндеттеменің тоқтатылуын қарастырдық.Міндеттеменің жекеленген түрлері тәжірибеде (практикада) кеңінен қолданылуда, оларға сатып алу —сату, айырбас сыйға тарту, мердігерлік, және т.б. кіреді.Міндеттемелердің шарттардан және басқа негіздерден туындалуы тәртіпке қарай нақты түрде және белгіленген мерзімде орындалады. Егер міндеттемелердің тиісті түрде орындау немесе өзге де міндеттемені орындау прициптері, орындалмаса кінәлі тарапқа мәжбүрлеу шарассы қолданылады. Оларға мыналар жатады: Міндеттемені орындамаған немесе тиісті дәрежеде орындамағаннан келтірілген залалды нақты орындалуына мәжбүр ету.Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етуді былай десекте болады, зандарда немесе тараптардың келісімімен қаралған қосымша мүліктік сипаттағы борышқорға әсер ететін әдіс, оның - негізгі міндеттемені орындауына түрткі болатын және негізгі міндеттемені тиісті дәрежеде немесе орындалмаған жағдайда несие берушінің қызығушылықтарын қанағаттандырады.Тараптардың міндеттемені қамтамасыз ету тәсілдері, әдістері жазбаша нысанда істелуі тиіс. Азаматтық құқыққа бұрыннан мәлім болған бір жақты шарт түрі, мемлекеттік меншікті жекешелендіруде, банкроттық жағдайда, сатып алу-сату (өндірісті, жерді сатып алу-сату, мүліктік құқық-жер пайдалану құқығы, және т.б.) қазітргі уақытта басқа көзқарас алды және тез дамуда, қолданылуын табуда. Жаңа шарт түрлері пайда болуда рента, факторинг, франчайзинг, сенімгенрлікпен басқару және т.б. Бұл процесс жалғасуда. Себебі мемлекет дамыған сайын оның қоғамдағы қажеттіліктері өзгеріп, зандарда өзгереді. Осы міндеттемелер тақырыбын зерттеу барысында қазіргі қолданылып жүрген заңымыздың, яғни азаматтық кодексте грамматикалық деймізбе, әлде кішкене баптарында қарама-қайшылықты анықтадым. Яғни ол, міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістерінде әңгіме болып отыр.Азаматтық кодекстің 292-бабының талаптарына сәйкес, ондай әдістерге: айып төлеу, кепіл, борышқордың мүлігін алып қалу, аманат, кепілдік, кепілпұл және басқа әдістер жатады деп көрсетілген. Ал осы аманат Азаматтық кодекстің 330-бабында кепіл болушыны деп алынған, яғни кепіл болушылық ол, кепіл болушылық бойынша кепіл болушы басқа жақтың (борышқордың) несие берушісі алдында осы жақтың міндеттемесінің орындалуына толық немесе ішінара қосалқы жауап беруге міндеттенеді.Менің ойымша осы келеңсіздікті жою үшін Азаматтық кодекстің 292-бабындағы аманат деген сөзді кепіл болушылық деген сөзге ауыстыруды ұсынып отырмын. Оны қабылдау, қабылдамау құзырлы органның немесе лауазымды адамның қолында.Тағы бір айта кететін жай, шарттық міндеттемелерді болу әр-түрлі критерилерге байланысты зандық әдебиеттерде әлі де талас жүруде.Менің өз көз-қарасым бойынша міндетемелер институтын бөлу борыш қордың қызмет ету садасы бойынша дұрыстау болар еді. Яғни мүлікті беру жұмысты істеу қызмет жасау. Бұл Азаматтық кодекстің 268 — бабындағы міндеттемелерді анықтаудағы дәрежесіне сай келер еді. Осыған сәйкес келесі шарттық міндеттемелер түрін көрсетуге болады: 1. Мүлікті жеке меншікке беру немесе өткізу міндеттемесі. (Мысалы, сатып алу — сату, ауыстыру, сыйға тарту, энергия мен және басқа да шикізаттар мен қамтамасыз ету, жалдау);2. Мүлікті пайдалануға беру міндеттемесі (мысалы, мүлікті жалдау (аренда), соның ішінде лизинг, концессия, қайтарымсыз мүлікті пайдалану, үйді жалдау);3. Жұмыстарды істеу міндеттемесі (мысалы, мердігерлік, соның ішінде құрылыс салуға, жоспарлы-іздестіруге, жақсылап жөндеуге, тәжірибелі — конструкторлық жұмыс т.б.)4. Қызмет көрсету міндеттемесі (мысалы, транспорттық міндетеме, сонымен қатар, жеткізіп беру, транспорттық экспедиция, банктық қызмет көрсету, сақтау, сенімгерлікпен басқару т.б.).Сонымен сөздің кең мағынасында міндеттеме дегеніміз — жазбаша нысандағы, сөзсіз орыңцалуға қажет ететін ресми түрде берілген уәде. Бұл жағдайда әңгіме жоғары сапалы адамдардың имандылық сипатындағы қабылдаған міндеттемелері туралы болып отыр.Біз міндеттемелердің керекті сұрақтарын қарастырдық. Олар қоғамдағы қатынастарда көп жағдайларда қолданылады. Мемлекеттің дамуындағы бір алғы шарты болып табылады. Міндеттемелер заман ағысына қарай алға дамиды береді. Міндеттемелердің туындауы көбінесе шарттардан, мәмілелерден, зиян келтіру саддарынан, занда көзделген басқа да негіздерден туындайды. Оларды орыңдуу борышқордың өз іс-әрекеттерімен істеуі қажет. Егер міндеттемелер негізсіз себептермен, орындалмаса, борышқор жауапты болады, яғни айыппұл төлеиді немесе залалдың орнын толтырады. Егер өз еркімен істемеген жағдайда, мәжбүрлі түрде істетіледі. Сөйтіп азаматтардың құқықтары мен бостандықтары қорғалып, қалпына келтіріледі. Біздің еліміздің өтпелі кезеңінде экономиканы, халықтық, әлеуметтік жағдайды ең нәтижелі және сенімді құқықтық реттеу туралы құралы ретінде міндеттеме екені сөзсіз деп ойлаймын.Қолданылған әдебиеттер1. Қазақстан Республикасының Конституциясы — Алматы, "Жеті — жарғы", 1998 ж.2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, жалпы және ерекше бөлімдер, "Юрист" баспасы, 2001 ж.3. "Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар жарлығы 22-желтоқсан. 1995 ж.4. "Банкроттық туралы " Қазақстан Республикасының заңы 21-қаңтар. 1997 ж.5. Қазақстан Республикасының Конституциясына түсініктеме, ред. басқарған Сапарғалиев F. Аударған С.Бақтыгерейүлы — Алматы: Жеті — жарғы, 1999 ж.6. Сапарғалиев F. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы: Оқулық- Алматы, Жеті — жарғы.1998ж.7. Гражданский кодекс Республики Казахстан. общая часть, коментарии. Алматы, Жеті — жарғы, 1-2 том, 1998 г.8. Мемлекет және құқық негіздері. Н.Дулатбеков, С. Амандықова, Астана. Фолиант. 2001ж.9. Е.Баянов. Мемлекет және құқық негіздері, оқулық, Алматы, Жеті — жарғы, 2001 ж.10. Шарттар жинағы, құрастырған Р.А.Темірғалиева. Алматы, Әділет, 2001 ж. 11. Алексеев С.С. Проблемы теорий права М. Ч.-І. 1992г.12. Гражданское право, в 2-х том,уч для вуз, Е.А. Суханов 2-е изд. I перераб и доп. М. издателство БЕК, 2000г.13. Төлеуғалиев Ғ.И. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы-Алматы: Қаз МЗА, 2001ж.14. Сапарғалиев F. Қазақстан мемлекеті мен құқығының негіздері-Алматы: Атамұра-Қазақстан, 1994ж.15. Булгакова Д.А. Теория государства и права (уч.методичекое пособие)- Алматы, Дәнекер. 2001 г.16. Лазарев В.В., Липеть С.В. Теория государстваи права: учебник для вуз. - М. "спарк" 1998г.17. Мемлекет және құқық теориясы. Окулық. Қ.Д.Жоламан, А.Қ. Мұхтарұлы. Алматы, Қаз М.З.У. 1999 ж.18. З.О.Ашитов Егемен Қазақстан құқығы, Алматы, жеті — жарғы, 1997ж.19. Гражданское право, 1-том уч. для вуз: М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. Алматы, КазГЮА 2000г.20. Гражданско-правовая ответственность. Васькин В.В., Овчиников И.Н. 1998г.21. Гражданское право. Под ред. доктора профессор юридических наук А.П. Сергеева. Санкт-Петербург 1996г.22. Основы гражданского право. М.Г.Маркова.23. Гражданский Кодекс РК коментарии. Общая часть. Алматы. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин.24. Гражданское право. Е.А.Суханов.25. Ответственность за нарушение гражданско-правового обязательства. Алматы, "Әділет- Пресс", 1997г.26. Гражданское право. Учебник/Под ред. А.П.Сергеева, Ю.К.Толстого. М.,1997г.27. Юридическая ответственность и законность. Братусь С.Н. Москва. Гражданское право, часть в*торая в вопросах и ответах. Москва юристь 2001г.29. Алексеев С.С. Проблемы теории права- М., 1972г.30. Гражданский Кодекс РК толкование и комментирование, Алматы, 1997 г.31. Заң терминдерінің түсіндірме сөздігі. Ғ.Сапарғалиев. 1995ж.32. Гражданская правовая ответственность за пречинение вреда. Теория и практика. Белякова М.А. 1996г.

Приложенные файлы

  • docx 14279076
    Размер файла: 75 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий