тесты акуш и гин 2016 каз


***
Тиімді пренатальды технологиялар принципі бойынша дені сау жаңа туылған нәрестелерді анасының кеудесіне алғаш салу жүргізіледі//
+ Туылғаннан кейін бірден //
Туылғаннан 1 сағаттан кейін//
Туылғаннан 2 сағаттан кейін //
Туылғаннан 3 сағаттан кейін //
Туылғаннан 2 сағат ішінде
***
Жүктілік кезінде ұрық жағдайын бақылау үшін ең нәтижелі зерттеу әдісі болып табылады?//
Салмақ қосу//
+ Жатыр түбі биіктігін өлшеу//
Ұрық жүрек соғысы жиілігінің аускультациясы//
Жүктіліктің 16 аптасына дейін ультрадыбыстық зерттеу//
Артериялық қан қысымын өлшеу
***
Жүктілік кезінде емдік араласуды қажет ететін гемоглобин деңгейі://
120 г/л//
110 г/л//
+100 г/л//
90 г/л//
80 г/л
***
Ауыр дәрежелі преэклампсияның диагностикасы үшін қандай критерийлер қолданылады://
+ Диастолалық қан қысымы >100 mmHg. Систолалық қан қысымы >160 mmHg, протеинурия 300 мг және жоғары//
Диастолалық қан қысымы >90mmHg. Систолалық қан қысымы >140 mmHg, протеинурия 200мг және одан жоғары//
Диастолалық қан қысымы >100mmHg. Систолалық қан қысымы >160 mmHg, протеинуриясыз//
Диастолалық қан қысымы >90 mmHg. Систолалық қан қысымы >140 mmHg, протеинуриясыз//
Диастолалық қан қысымы = 80 mmHg. Систолалық қан қысымы = 120 mmHg, протеинурия 300 мг және одан жоғары
***
Физиологиялық ағымды босанудың бірінші кезеңіңде қынап арқылы зерттеу жиілігі? //
Әрбір 30 минут сайын//
Әрбір 2 сағат сайын//
+ Әрбір 4 сағат сайын //
Әрбір 6 сағат сайын //
Әрбір 8 сағат сайын
***
Босану процесі кезінде ұрықтың жүрек соғысын тыңдау жиілігі? //
Әрбір 60 минут сайын //
Әрбір 6 сағат сайын //
Әрбір 4 сағат сайын //
Әрбір 2 сағат сайын //
+ Әрбір 30 минут сайын
***
Физиологиялық босанудың бірінші кезеңіңде әйелге қандай позицияны таңдауды ұсынасыз? //
Вертикальды//
Отыру//
Қолы мен тізесіне сүйену (тізе-шынтақ) //
Шалқасынан жату//
+ Әйелдің қалауы бойынша
***
Партограмманы толтыруды қашан бастау қажет?//
15-20 минут сайын ретті жатыр жиырылуы пайда болғанда //
+Ретті толғақпен босану залына түскен кезде//
Қағанақ суы кеткен кезде//
Жетілген жүктілік мерзімінде//
Кілегейлі тығын кеткеннен
***
Партограммада әрекет сызығының қиылысуы білдіреді: //
Босануды жедел түрде аяқтау//
+Шешім қабылдау мақсатында тез жағдайды бағалау//
Кесір тілігін жасау қажет//
Эпидуральды анестезия жасау//
Босануды қоздыруды бастау
***
Босанудың белсенді кезеңінде жатыр мойнының ашылуының минимальды прогресі//
2,5 см/сағ//
2 см/сағ//
+1см/сағ//
0,5 см/сағ//
0,3 см/сағ
***
Босанудың екінші кезеңіңде босанушы әйелге қашан күшенуге болады? //
Жатыр мойнының толық ашылуы кезінде//
Ұрық басының жамбас қуысына түскен кезде//
+ Күшенуге ықылас пайда болған кезде//
Ұрық басының жамбас түбінде болуы кезінде//
Қағанақ суы кетуі кезінде
***
Босанудың екінші кезеңіңде әйелдің қандай позициясы кезінде көп мөлшерде қан кетуі мүмкін?//
Бүйірінде//
Жүресінен отырғанда//
+ Вертикальды//
Шалқасынан жатқанда//
Тізе-шынтақ қалпында
***
Босану бөлімінде температура қанша болуы керек? //
17-18 градус//
20-22 градус//
22-24 градус//
+ 25 градус//
27 градус
***
Мерзімінен бұрын босану кезінде ұрықтың РДС алдын-алу үшін дексаметазонды қандай мөлшерде тағайындайсыз: //
1 мг х 2 рет тәулігіне, 3 күн//
+6 мг х 2 рет тәулігіне, 2 күн//
6 мг х 4 рет тәулігіне, 1 күн//
2 мг х 4 рет тәулігіне, 3 күн//
1 мг х 4 рет тәулігіне, 2 күн
***
Мерзімінен бұрын босану кезінде ұрықтың РДС алдын-алу терапиясы жүктіліктің неше аптасына дейін жүргізіледі: //
25 аптаға дейін//
28 аптаға дейін//
30 аптаға дейін //
32 аптаға дейін дейін//
+ 34 аптаға дейін
***
Жүктілік маркері ретінде ХГ концентрациясы келесі мерзімге дейін жоғарылайды: //
5-6 апта//
7-8 апта//
9-10 апта//
+ 11-12 апта//
13-14 апта
***
Тиімді пренатальды технологиялар принциптері бойынша босанудың 3 кезеңін белсенді жүргізу окситоцинді енгізуді қарастырады: //
Ұрық басы көрініп/жарып шығуы кезінде//
Ұрық иықтары туылғаннан кейін//
+ Нәресте туылғаннан кейін бірден//
Ұрық туылғаннан 5 минуттан кейін//
Бала жолдасы туылғаннан кейін
***
Перинатальды кезеңге анықтама беріңіз: //
Ұрықтанудан басталып нәресте туылуымен аяқталады//
+Ұрықтың өмірге қабілетті кезеңінен басталып, туылғаннан кейін жетінші тәулікте (168 сағат) аяқталады//
Нәресте туылғаннан басталып, босанғаннан 1 айдан кейін аяқталады//
Жүктіліктің 20 аптасынан бастап нәресте туылғаннан кейін 14 тәуліте аяқталады//
Ұрықтың өмірге қабілетті кезеңінен басталып туылғаннан кейін 28 тәулікте аяқталады
***
Жүктіліктің 36 аптасына дейін қағанақ суы кетуінде жүктілікті созу кезінде антибактериальды емді бастау қажет: //
Қағанақ суы кеткеннен 12 сағаттан кейін //
Қағанақ суы кеткеннен 18 сағаттан кейін//
+ Стационарға түскеннен кейін//
Қағанақ суы кеткеннен 8 сағаттан кейін//
Қағанақ суы кеткеннен 6 сағаттан кейін
***
Босанудың 3-ші кезенін белсенді жүргізу кезінде еңгізілетін окситоцин мөлшері: //
5 ӘБ х 2 рет бұлшықетке//
10 ӘБ х 2 рет бұлшықетке //
5 ӘБ бір рет көктамырға//
+ 10 ӘБ бір рет бұлшықетке//
10 ӘБ бір рет көктамырға
***
Ана өлімі көрсеткішін қандай формула арқылы есептеу қажет: //
(босану кезінде қайтыс болған әйелдер санын)/(босану саны) х 100 000//
(жүктіліктің 28 аптасынан жүктілік асқынуларынан өлген әйелдер саны)/(өлі және тірі туылғандар саны) х 100 000//
+ (жүктілер,босанушылар және жүктілік аяқталғаннан кейін 42 күн ішінде өлген әйелдер саны)/(тірі туылғандар саны) х 100 000. //
(жүктіліктің 28 аптасы және жоғары мерзімінде, босану кезінде және босанғаннан кейінгі 2 апта ішінде өлген әйелдер)/(тірі және өлі туғандар саны) х 100 000. //
(жүктілік мерзіміне тәуелсіз жүктілер, босанушылар, жүктілік аяқталғаннан кейін 42 күн ішінде өлген әйелдер саны )/ (тірі және өлі туыл
ғандар саны)х 100 000.
***
Акушерлік қан кетуден қайтыс болған ана өлімін қандай формула арқылы есептеуге болады: //
(акушерлік қан кетуден өлген әйелдер саны)/(барлық себептерге байланысты жалпы әйелдер өлімі саны) х 1000//
+ (акушерлік қан кетуден өлген әйелдер саны )/ (тірі туылғандар саны) х 100 000//
(акушерлік қан кетуден өлген әйелдер саны)/ (жалпы босану саны) х 10 000//
(акушерлік қан кетуден өлген әйелдер саны женщин)/(тірі және өлі туылғандар саны)х100 000//
(акушерлік қан кетуден өлген әйелдер саны)/(барлық себептер бойынша қайтыс болған жалпы әйелдер саны) х 100
***
Жүктіліктің 16-21 аптасында пренатальды скринингте ұрықтың генетикалық ақауына жүргізілген қосарланған биохимиялық тестте зерттеледі: //
ФСГ және АХГ//
АХГ және прогестерон//
АФП және пролактин//
+ АФП және АХГ//
Плацентарлы лактоген және АФП
***
Жүктіліктің 1 триместрінде пренатальды биохимиялық скрининг келесі мерзімде жүргізіледі://
5-8 апта//
8-10 апта//
+ 10-14 апта//
6-8 апта//
3-5 апта
***
Жүктіліктің ІІ триместрінде пренатальды биохимиялық скрининг келесі мерзімде жүргізіледі://
13- 16 апта//
14 - 16 апта//
+ 16-20 апта//
13-28 апта//
16-21 апта
***
Жатыр мойны қатерлі ісігінің біріншілік алдын-алу әдісі болып табылады: //
Дисплазияны емдеу//
+Вакцинация//
Цитологиялық скрининг//
Адам папилома вирусына тексеру//
Жыныстық жолмен берілетін инфекцияны емдеу
***
Егіз ұрықпен босанудың екінші кезеңі. Бірінші ұрық туылғаннан кейін қынап арқылы зерттеу кезінде екінші ұрықтың көлденең орналасуы анықталды. Ұрық басы оң жақта. Босануды әрі қарай жүргізу тактикасын таңдаңыз? //
Қағанақ қабын ашу, босануды консервативті жүргізуді жалғастыру//
Кесір тілігі операциясын жасау//
Қағанақ қабын ашу, ұрықты бұзу операциясын жасау//
Қағанақ қабын ашқаннан кейін ұрықты аяғынан классикалық бұруды жүргізу//
+Амниотомия жасағаннан кейін ұрықтың классикалық бұру әдісін жүргізу, аяғынан экстракциясымен.
***
Қайталап босанушы әйелде жүктіліктің 32 аптасында ұрықтың жамбаспен келуі анықталды. Әйелдер кеңесі дәрігері тактикасы?//
Ұрық жағдайын бағалау үшін эхография жүргізу//
+ Түзету терапиясын ұсыну//
Сыртқы бұрылыс жүргізу//
Жүкті әйелді стационарға жатқызу//
Босануға дейінгі демалысты рәсімдеу, 2 аптадан кейін қайта келуді ұсыну
***
Әйелдер кеңесіне 29 жастағы жүкті әйел, ішінің төменгі бөлігіндегі және беліндегі ауырсынуға шағымданып келді. Жүктілік мерзімі 15-16 апта. Анамнезінде 1 босану және 3 мед.түсік. Қынап арқылы қарау кезінде: жатыр мойны ұзындығы 2, 5 см, сыртқы ернеуі ашық, ішкісі – жабық, жатыры жүктілік мерзіміне сәйкес ұлғайған, жыныс жолдарынан бөліністері кілегейлі, аз мөлшерде. Мүмкін болатын диагноз?//
+ Өздігінен түсік қаупі//
Басталған өздігінен түсік//
Дамымай қалған жүктілік//
Көпіршікті кезбе//
Бала жолдасының ұрық жолында орналасуы
***
30 жастағы жүкті әйел ішінің төменгі бөлігінде және бел аймағында ауырсынумен шағымданып келді. Жүктілік мерзімі 16-17 апта. Анамнезінде 1 босану және 2 өздігінен түсік 14-15 аптада. Қынап арқылы қарау кезінде: жатыр мойны ұзындығы 2,5 см, сыртқы ернеуі ашық, ішкі –жабық. Жатыры жүктілік мерзіміне сәйкес ұлғайған, жыныс жолдарынан бөліністер кілегейлі, аз мөлшерде. Мүмкін болатын диагноз?//
Седативті және спазмолитикалық заттар тағайындау, 1 аптадан кейін қайта келуді ұсыну//
Жатыр мойнына тігіс салу//
Ауру парағын беріп, амбулаторлы жағдайда токолитикалық ем жүргізу//
+ жүкті әйелді госпитализациялау//
Ауру парағын беріп, жүктілікті сақтауға бағытталған гормональды терапия тағайындау
***
Босанған әйел 35 жаста, босанғаннан кейін 3-тәулікте ішінің төменгі бөлігіндегі және бел аймағындағы ауырсынуға, қалтырау, бас ауруы, дене температурасының 39°С жоғарылауына шағымданады. Босануда бала жолдасы бөлігінің тығыз орналасуына байланысты, бала жолдасын қолмен бөлу және шығару әдісі жүргізілген. Анамнезінде – созылмалы пиелонефрит. Мүмкін болатын диагноз? //
+ Эндометрит//
Лохиометра//
Жедел респираторлы ауру//
Жатыр субинволюциясы//
Созылмалы пиелонефрит өршуі
***
Босанған әйел 30 жаста, босанғаннан кейін 4-тәулікте ішінің төменгі бөлігінде және бел аймағында ауырсынуға, қалтырау, бас ауыруы, дене температурасының 39°С жоғарылауына шағымданады. Сүт бездері аздап тығыздалған. Босанудың ІІІ кезеңіңде бала жолдасының ақауына байланысты жатыр қуысын қолмен тексеру және бала жолдасының қалдық бөлігін қолмен бөлу әдісі жүргізілген. Анамнезінде – созылмалы пиелонефрит, цистит, екі мед.аборт. Мүмкін болатын диагноз//
Мастит//
Лохиометра//
Жедел респираторлы ауру//
+Эндометрит//
Созылмалы пиелонефрит өршуі
***
Босанған әйел 30 жаста босанғаннан кейін 4-ші тәулікте ішінің төменгі бөлігінде және бел аймағында ауырсынуға,қалтырау,бас ауыруы,дене температурасының 39 С жоғарылауына шағымданады. Босануда бала жолдасы бөлігінің тығыз орналасуына байланысты бала жолдасын қолмен бөлу және шығару әдісі жүргізілген. Диагнозды нақтылау үшін қандай қосымша зерттеу әдістері қажет ? //
Бимануальды зерттеу//
+ Ультрадыбыстық зерттеу//
Жатыр қуысы гистероскопиясы//
Кіші жамбас мүшелерінің компьютерлік томографиясы//
Клиникалық қан талдауы
***
Науқас 25 жаста сүт безінің ауырсынуына, ісінуіне, бетінің және аяқ балтырының ісіңкілігіне, ішінің үрілуіне, тершендікке шағымданады, бұл шағымдар кезекті етеккір аяқталғаннан кейін тоқтайды. Гинекологиялық қарау кезінде – патология анықталған жоқ. Бұл жағдай етеккіралды синдромның қай формасына сәйкес келеді? //
Цефалгиялық//
Атипиялық//
+ Ісіктік//
Жүйкелік-психикалық//
Криздік
***
Әйелдер кеңесіне 25 жастағы жүкті әйел ішінің төменгі бөлігіндегі және беліндегі тартып ауырсынуға шағымданып келді. Жүктілік мерзімі 11-13 апта. Анамнезінде 1 босану, жатыр мойнының І дәрежелі жыртылысымен асқынған. 1 өздігінен түсік жүктіліктің ерте мерзімінде, жатыр қуысын қырумен. Қынап арқылы қарау кезінде: жатыр мойны ұзындығы 3,0см, сыртқы ернеуі ашық, цервикальды өзек 1 көлденен саусақ өткізеді. Жатыр жүктілік мерзіміне сәйкес ұлғайған, жыныс жолдарынан бөліністері кілегейлі. Мүмкін болатын диагноз? //
Басталған өздігінен түсік//
Көпіршікті кезбе//
Плацентаның ұрық жолында орналасуы//
+Истмико-цервикальды жетіспеушілік//
Дамымай қалған жүктілік
***
Қайталап босанушы әйелде босанудың ІІ кезеңі басталғаннан 30 минуттан кейін жыныс жолдарынан қанды бөлініс пайда болды. АҚҚ 120/70 мм.с.б.б. Толғағы 10 минутта 3 рет, ұзақтығы 50 секунд, жақсы күшпен. Толғақтан тыс жатыр босаңсуы нашар, пальпацияда төменгі сегментте ауырсынумен. Жамбас өлшемдері 26-27-30-18 см. Ұрықтың жүрек соғысы тынықталған. Механикалық кедергіге байланысты қуықты катетерлеу мүмкін болмады.Қынап арқылы қарау кезінде: жатыр ернеуінің ашылуы толық, ұрық басы 4/5, ұрық басында босану ісігі анықталады. Сагитальды тігіс алға ығысқан, кіші және үлкен еңбектеріне жетумен, бір деңгейде орналасқан. Мүмкін болатын диагноз?//
Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы//
+ Клиникалық тар жамбас, басталған жатыр жыртылысы//
Клиникалық тар жамбас, қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы//
Жалпақ рахититті жамбас, тарылудың ІІ дәрежесі, ұрықтың құрсақішілік жедел гипоксиясы//
Жатыр жыртылуы
***
Босанудың ІІ кезеңінің басталуынан 30 минуттан кейін клиникалық тар жамбас, басталған жатыр жыртылуы анықталды. Дәрігер іс-әрекеті://
Акушерлік қысқыштар салу арқылы босануды аяқтау//
Ұрықты бұзу операциясын жүргізу//
Пфанненштиль бойынша жедел лапаротомия, жатырдың төменгі сегментінде кесар тілігі//
+ Жедел төменгі ортаңғы лапаротомия, кесар тілігі, жатыр экстирпациясы//
Пфанненштиль бойынша тілік, жатырдың төменгі сегментінде кесар тілігі, қынапүстілік жатыр ампутациясы түтіктерімен қоса
***
Босану үйіне ұрықтың көлденен орналасуы және ұрық қолының түсіп кетуімен босанушы жеткізілді.Ұрықтың жүрек соғысы естілмейді.Бұл жағдайда босандырудың қандай әдісін қолдануға болады? //
Классикалық акушерлік бұрылыс жасау, кейінгі ұрық аяғы экстракциясымен//
Жедел түрде кесар тілігі//
+ Ұрық декапитациясын жасау//
Босануды консервативті жүргізуді жалғастыру//
Краниотомия жасау
***
Босану үйіне жедел жәрдем бригадасымен үш рет эклампсия ұстамасынан кейін ес-түссіз жүкті әйел жеткізілді. Жүктілік мерзімі 32 апта. Жағдайы өте ауыр. АҚҚ 180\120 мм.с.б.б. Ұрықтың жүрек соғысы тынықталған, 142 рет минутына. Қынап арқылы қарау кезінде: жатыр мойны сақталған, өзегі жабық. Жүктілікті жүргізу тактикасы? //
+ Жедел түрде кесар тілігі операциясымен босандыру//
Бірнеше сағат бойы қарқынды терапия, одан кейін кесар тілігі//
1 тәулік бойы қарқынды терапия, одан кейін босандыру әдісі сұрағын шешу//
Бірнеше сағат бойы интубация және өкпені жасанды желдету арқылы операцияалды дайындық, кейін оперативті босандыру//
Кешенді қарқынды терапия және босану жолдарын дайындау
***
Алғаш босанушыда босану 12 сағатқа созылды. Қағанақ қабы бүтін. Кенеттен ішінің қатты ауырсынуы, тері қабатының бозаруы пайда болды. Ұрықтың жүрек соғысы – брадикардия. Қынап арқылы қарау кезінде:жатыр ернеуінің ашылуы толық, қағанақ қабы керілген, ұрық басы кіші жамбас қуысында. Сіздің тактикаңыз? //
Жедел түрде кесар тілігі операциясына кірісу//
Ұрықтың жедел гипоксисы емін жүргізу//
Амниотомия жасау//
+Қағанақ қабын ашу және акушерлік қысқаштар салу//
Амниотомиядан кейін босануды окситоцинмен күшейтуді бастау
***
Алғаш босанушыда босанудың І кезеңінде қынаптық қараудан кейін 30 минуттан соң, ақшыл түсті аз мөлшерде қағанақ суы кетті. Сіздің тактикаңыз?//
+ Ұрықтың жүрек соғысын аускультативті тыңдау//
Үшінші және төртінші әдіс арқылы сыртқы акушерлік тексеру//
Қайталап қынап арқылы тексеру//
Ұрықтың жүрек соғысында өзгеріс болмағанда қынаптық зерттеуден тартыну//
Айнамен қарау
***
Босанудың ІІІ кезеңі 30 минутқа жалғасуда. Плацентаның бөліну белгілері жоқ. Қан жоғалту – 200 мл және жалғасуда. Сіздің тактикаңыз?//
Босанушыны бақылауды жалғастыру//
К/т окситоцин енгізуді бастау//
Креде-Лазаревич әдісі көмегімен бала жолдасын бөліп алу//
+ Бала жолдасын қолмен бөліп алу және ажырату//
Айнамен қарауды жүргізу
***
Алғаш босанушы 20 жаста, босану бөлімшесінің қабылдау бөліміне, үйінде болған эклампсия ұстамасынан кейін, ауыр жағдайда туысқандары алып келді. Жүктілік мерзімі 39-40 апта. Санасы тежелген. Тері жамылғысы бозғылт түсті, анасарка, АҚҚ 150/100 мм.с.б.б. Стационарға түскенде қандай біріншілік емдеу шараларын жүргізу керек? //
Нейросептикалық және седативті заттар енгізу//
Емдеу-қорғау режимін жасау//
Кешенді инфузионды терапия жүргізу//
Гипотензивті заттар қолдану//
+ Магнезияның старттық дозасын жүргізу
***
Алғаш босанушы 26 жаста, үйінде эклампсия ұстамасынан кейін, жедел-жәрдем көмегімен босану үйіне жеткізілді. Жүктілік мерзімі 36-37 апта. Санасы тежелген. Тері жамылғысы бозғылт түсті, анасарка, АҚҚ 150/100 мм.с.б.б. Жүргізу тактикасы?//
Жедел түрде кесар тілігі операциясымен босандыру //
Жүктілікті сақтау, кешенді терапия жүргізу//
Босануды қоздыру, кейіннен акушерлік қысқышты қолдану//
2-3 сағат кешенді қарқынды терапиядан соң, босандыру сұрағын шешу//
+ 2-3 сағат қарқынды терапия жүргізген соң кесір тілігі
***
Қайталап босанушы 36 жаста, күні жеткен жүктілік мерзімімен қағанақ суының кетуімен стационарға түсті. Анамнезінде 2 жыл бұрын ұрықтың жедел гипоксиясына байланысты жасалған кесар тілігі, босанудан кейінгі кезең эндометритпен асқынған. Дәрігерлік тактика?//
Кардиомониторлық бақылаумен босануды табиғи жолмен жүргізу//
Ұрықтың құрсақішілік гипоксиясының алдын алу//
Жатырлық-плацентарлық қанайналым жүйесін тексеру//
+Жедел түрде кесар тілігі операциясын жүргізу//
Даму ақауын терістеген соң жоспарлы түрде кесар тілігі операциясын жасау
***
Қайталап босанушы 26 жаста, ұрықтың аралас жамбаспен келуі анықталды. Босанудың ІІ кезеңінде кіндік баудың түсуі, ұрық жүрек соғысы 100 рет минутына және тынықталуы анықталды. Қынап арқылы қарағанда: ұрық жамбасы және табанымен кіші жамбас қуысында, қынапта түскен кіндік бауы анықталады. Сіздің тактикаңыз://
Кіндік бауын қайта енгізіп, консервативті босануды жүргізуді жалғастыру//
Ұрық асфиксиясына ем жүргізу//
Босануды Цовьянов әдісі бойынша консервативті жүргізуді жалғастыру//
Ұрықты жамбасы экстракциясын жүргізу//
+Жедел түрде кесар тілігін жасау//
***
Босанушы 21 жаста, босанудың ІІ кезеңімен келіп түсті. Ұрық басымен кіші жамбас қуысының тар бөлігінде. Күшену кезінде эклампсия ұстамасы болды. Сіздің тактикаңыз://
Кешенді қарқынды терапияны бастау және консервативті еммен жалғастыру//
Акушерлік қысқыш салу//
Босануды кесар тілігі операциясымен аяқтау//
Босануды ганглиоблокатор енгізу аясында консервативті жалғастыру, кейінгі аралықты кесумен//
Ұрықтың вакумм-экстракциясын жүргізу
***
Науқас 31 жаста, стационарға жыныс жолдарынан жұғынды түрдегі қанды бөлініске және ішінің төменгі бөлігінің тартып ауырсынуына шағымданып келді. Етеккірі 2 айға кешіккен. Анамнезінде – 3 өздігінен түсік. Қынап арқылы қарағанда: жатыр мойны сақталған, көгерген, цервикальды өзек 1 к/с өткізеді, жатыр қамыр тәрізді, жүктіліктің 8 аптасына дейін ұлғайған, жатыр қосалқылары ерекшеліксіз, күмбезі терең. «Қарашық» симптомы – теріс мәнді. Сіздің болжам диагнозыңыз? //
Аналық без дисфункциясы//
Түсік қаупі//
+ Басталған түсік//
Түсік жолында//
Жатырдан тыс жүктілік
***
Науқас 31 жаста, стационарға жыныс жолдарынан жұғынды түрдегі қанды бөлініске және ішінің төменгі бөлігінің тартып ауырсынуына шағымданып келді. Етеккірі 2 айға кешіккен. Анамнезінде – 3 өздігінен түсік. Қынап арқылы қарағанда: жатыр мойны сақталған, көгерген, цервикальды өзек 1 к/с өткізеді, жатыр қамыр тәрізді, жүктіліктің 8 аптасына дейін ұлғайған, жатыр қосалқылары ерекшеліксіз, күмбезі терең. Сіздің тактикаңыз? //
+ Жүктілікті сақтауға бағытталған гормональды және спазмолитикалық терапияны жүргізу//
Ұрық жұмыртқасы қалдығын инструментальды алып тастау//
Жедел түрде құрсақты ашу, жатыр түтігін алып тастау//
Антибактериальды және утеротоникалық терапия жүргізу//
Гормональды гемостаз
***
Науқас 50 жаста, жатыр мойны дисплазиясымен гинеколог қарауына келді. Жатыр мойнынан биопсия алынды. Гистологиялық көрініс – жалпақ клеткалы қабыршақтанбайтын рак. Инвазия тереңдігі 5 мм. Аурудың сатысын анықтаңыз//
0//
I//
I А//
+ II Б//
III
***
38 жастағы әйел кольпоскопиядан кейінгі жатыр мойны кілегей қабатының биопсиясында патологиялық өзгеріс жоқтығы (биопсия теріс нәтижелі) анықталды; ал цервикальды өзек жұғындысынан атипиялық клеткалар анықталған (оң нәтижелі). Әрі қарай жүргізу жоспары? //
Пап-жұғынды 3 айдан соң қайталау//
Кольпоскопиялық зерттеуді 3 айдан соң қайталау//
+ Жатыр мойны конизациясын жасау//
Қынаптық гистерэктомия жасау//
Әрі қарай бақылауды қажет етпейді
***
Жатыр миомасымен 50 жастағы әйел ретсіз етеккірлік қан кетумен келді. Анамнезінен: көп мөлшердегі етеккір әрбір 5-6 апта сайын, соңғы 3 циклда етеккір аралық қанды бөліністің 5-7 күнге жалғасуы болған. Науқасты жүргізу тактикасы?//
Темір препараттарын тағайындау//
Гормональды препараттар тағайындау//
+ Жатыр қуысын диагностикалық қыру//
Миомэктомия//
Гистерэктомия
***
Жатыр миомасымен 38 жастағы әйел ішінің төменгі жағының аздап ауырсынуына шағымданып келді. Анамнезінен: 3 жыл бұрын хирургиялық стерилизация жасалған. Қарау кезінде: жатыры жүктіліктің 14 аптасына сәйкес ұлғайған, сол жақта жатыр түбі аймағында көлемі 4 см миоматозды түйін анықталады. Науқасты әрі қарай жүргізу жоспары? //
Антибактериальды препараттар тағайындау//
Гормональды препарат тағайындау //
Жатыр қуысын диагностикалық қыру //
Миомэктомия//
+ Гистерэктомия
***
Бір баласы бар 28 жастағы әйелде жүктіліктің 13-14 аптасына сәйкес келетін жатыр миомасының түйінді түрі анықталды. Шағымы: гиперменорея, ішінің төменгі жағының ауыруы. Сіздің тактикаңыз?//
Темір препараттарын тағайындау//
Гормональды препараттарды тағайындау//
Жатыр қуысын диагностикалық қыру//
+ Консервативті миомэктомия//
Гистерэктомия
***
Науқас 30 жаста, стационарға ішінің төменгі бөлігінің жедел ауыруына, құсуға, зәр шығаруының жиілеуіне шағымданып келіп түсті. Қарау кезінде: іші аздап керілген, Щеткин-Блюмберг симптомы оң мәнді. Тамыр соғысы 90 рет минутына, дене қызуы – 37°С. Қынап арқылы қарағанда: жатыры ұлғаймаған, тығыз, қозғалмалы, пальпацияда ауырсынусыз. Жатырдың алдыңғы және оң жағында көлемі 5х6 см түзіліс пальпацияланады, консистенциясы тығыз-эластикалы, қозғағанда күрт ауырсынумен, жатырдың сол жақ қосалқылары анықталмайды, күмбездері бос, бөліністері кілегейлі. Мүмкін диагнозы? //
Ішек түйілуі//
Жатырдан тыс жүктілік//
Аналық без апоплексиясы//
+ Аналық без ісігі аяқшасының айналып кетуі//
Жатыр қосалқыларының жедел қабынуымен оң жақты тубоовариальды түзіліс
***
Науқас 28 жаста, стационарға ішінің төменгі бөлігінің жедел ауыруына, құсуға, зәр шығаруының жиілеуіне шағымданып келіп түсті. Қарау кезінде: іші аздап керілген, Щеткин-Блюмберг симптомы оң мәнді. Тамыр соғысы 90 рет минутына, дене қызуы – 37°С. Қынап арқылы қарағанда: жатыры ұлғаймаған, тығыз, қозғалмалы, пальпацияда ауырсынусыз. Жатырдың алдыңғы және оң жағында көлемі 5х6 см түзіліс пальпацияланады, консистенциясы тығыз-эластикалы, қозғағанда күрт ауырсынумен, жатырдың сол жақ қосалқылары анықталмайды, күмбездері бос, бөліністері кілегейлі. Аналық без ісігі аяқшасының айналып кетуі диагнозы қойылды. Науқасты емдеу тактикасы? //
Ішінің төменгі бөлігіне мұз басу, антибактериальды, инфузионды және спазмолитикалық терапия//
+ жедел түрде лапаротомия, жатырдың оң жақ қосалқыларын алып тастау//
Жедел түрде оң жақ аналық без резекциясы//
Консервативті ем нәтижесіздігінде жоспарлы лапаротомия//
трансвагинальды эхография бақылауымен патологиялық түзілістің пункциясы, аспираттың кейінгі цитологиялық тексеруімен
***
Ем алушы 25 жаста, жасанды түсік кезінде кюреткамен жатыр перфорациясы жасалды. Сіздің тактика? //
Бақылау, ішінің төменгі бөлігіне мұз басу, антибактериальды және утеротоникалық терапия//
Гистероскоп бақылауымен ұрық жұмыртқа қалдығын алып тастау, әрі қарай- антибактериальды және утеротоникалық терапия //
+ Жедел түрде перфорация тесігін тігу, іш қуысы мүшелерінің ревизиясы//
Консервативті ем нәтижесіздігінде, құрсақішілік қан кету белгілерінің жайылуында операция//
Іш қуыстық қан кетуді нақтылау мақсатында лапароскопия//
***
Науқас 45 жаста, стационарға кілегейастылық жатыр миомасымен келіп түсті. Қынап арқылы қарағанда: жатыр мойны гипертрофияланған, деформацияланған, жатыр жүктіліктің 9-10 аптасына дейін ұлғайған, тығыз, ауырсынусыз. Жатыр қосалқылары өзгеріссіз. Операцияның тиімді көлемі?//
Пангистерэктомия//
Қынапүстілік жатыр ампутациясы қосалқыларынсыз//
Консервативті миомэктомия//
+ Жатыр экстирпациясы қосалқыларынсыз //
Жатыр дефундациясы
***
Науқас 43 жаста, гинекологиялық стационараға кілегей үстілік жатыр миомасына хирургиялық ем алу үшін келіп түсті. Қынап арқылы қарағанда: жатыр мойны гипертрофияланған, деформацияланған, жатыр жүктіліктің 8-9 аптасына дейін ұлғайған, тығыз, ауырсынусыз. Жатыр қосалқылары өзгеріссіз, бөліністері кілегейлі. Операция көлеміне қандай фактор әсер етеді? //
Миоматозды түйіннің орналасуы//
Миоматозды түйін көлемі//
Темір жетіспеушілік анемияның болуы//
+ Жатыр мойны жағдайы//
Жатыр денесінің өлшемі
***
Науқас 23 жаста, біріншілік бедеулікке байланысты гистеросальпингография жасалған. Көрінісінде: жатыр қуысы Т-тәрізді пішінді, жатыр түтігі қысқарған, ригидті, ампулярлы бөлігі кеңейген, контрасты заттың іш қуысына шығуы анықталмайды. Мұндай өзгеріс қандай ауруға сай келеді? //
Созылмалы сальпингит хламидия этиологиялы//
Аденомиоз және жатыр түтіктерінің эндометриозы //
Жатыр түтіктері рагі//
+ Жыныс мүшелері туберкулезі//
Жатыр қосалқыларының малигнизацияланған рагі
***
Науқас 58 жаста, жыныс жолдарынан қанды бөліністердің болуымен шағымданып келіп түсті. Постменопауза – 10 жыл. Қынап арқылы қарағанда: сыртқы жыныс мүшесі және қынап жастық инволюция көрінісімен, қынаптың кілегей қабаты жеңіл жарақаттанғыш, жатыр мойны таза, қарашық симптомы «теріс» мәнді, жатыр мойны өзегінен аздаған қанды бөлініс бар. Жатыры қалыпты көлемді, қосалқылары анықталмайды, күмбездері бос. Мүмкін диагноз?//
Атрофиялық кольпит//
Климактериялық кезеңде дисфункционалдық кету//
+Жатыр денесі рагі//
Жатыр мойны рагі//
Аналық безінің гранулезды клеткалы ісігі
***
Науқас 54 жаста, жатыр мойны биопсиясынан кейінгі гистологиялық зерттеу қорытындысы: жалпақ клеткалы қабыршақтанбайтын рак. Инвазия тереңдігі – 5 мм. Науқасты емдеу тактикасы мен көлемі? //
Жатыр мойны электроконизациясы, кейінгі дистанционды сәулелік терапиямен//
Вертгейм операциясы кейінгі гормональды терапиямен//
Симптоматикалық ем//
+ Вертгейм операциясы кейінгі сәулелік терапиямен//
Жатыр экстирпациясы қосалқыларынсыз кейінгі полихимиотерапиямен//
***
Шағымы: кезеңді етеккір қызметінің 10 күнге кешігуі. Жыныстық қатынас ретті, сақтанусыз. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Трансвагинальды эхографияда үдемелі түтіктік жүктілікке күмән бар. Әйелдер кеңесі дәрігерінің тактикасы? //
+ Диагнозды нақтылау үшін жедел госпитализация//
Зәр немесе қан анализінде ХГ титрін анықтау//
Артқы күмбез арқылы іш қуысының пункциясы. Пунктат болмаса, 5 күннен соң қайта келу//
Функциональды диагностикалық, УДЗ арқылы тексеру//
Гинекологиялық стационарға жоспарлы госпитализациялау
***
Әйел метастатикалық гестациялық трофобластикалық неоплазияға байланысты 1 жылдан бері химиотерапиялық ем алған. 3 айдан соң, тексеруден кейін, АХГ сынамасы теріс мәнді, өкпені рентгенологиялық тексеруде патология анықталған жоқ. Бұдан кейін ай сайын АХГ сынамасы теріс мәнді. Бірінші кезекте осы науқасқа көрсетіледі?//
АХГ титрін ай сайын анықтау//
+ Кеуде клеткасы мүшелерін рентгенологиялық тексеру//
Химиотерапия//
Кіші жамбас мүшелерін УДЗ//
АХГ көлемін анықтау
***
Науқасқа көпіршікті кезбеге байланысты жатыр қуысын қыру жасады. Операциядан кейінгі 3 аптадан кейін АХГ титрі 6500 мМЕ/мл дейін біртіндеп төмендеді және сол деңгейде сақталуда. Бірінші кезекте науқасқа не жасау керек?//
АХГ титрін ай сайын анықтау//
+ Кеуде клеткасын рентгенологиялық тексеру//
Химиотерапия//
Кіші жамбас мүшелерін УДЗ//
АХГ көлемін анықтау
***
Босанушы босану бөліміне әрбір 2 минут сайын толғақ тәрізді ауырсынуға шағымданып келіп түсті. Жатыр мойны ашылуы 2 см. 2 сағат өткеннен соң да, жиі толғақ тәрізді ауырсынудың жалғасуына шағымданады, жатыр мойнының ашылуы 2 см. Диагноз?//
Прелиминарлы кезең//
+ Босану қызметінің ақаулары//
Босану қызметінің әлсіздігі//
Босанудың белсенді фазасы//
Босанудың латентті фазасы
***
Босанушы босану бөлімшесіне ретті толғақпен келіп түсті, 10 минутта 2 толғақ, жатыр мойны ашылуы 3 см. 2 сағат өткен соң 10 минутта 3 толғақ, ақшыл түсті қағанақ суы кетті, жатыр мойны ашылуы 6 см. Диагноз?//
Прелиминарлы кезең//
Латентті фазаның ұзаруы//
Босану қызметінің әлсіздігі//
Босанудың белсенді фазасы//
Босанудың латентті фазасы
***
Науқас 56 жаста, ішінің төменгі бөлігінің тартып ауыруына шағымданып келді. Анамнезінде – екі рет ірі ұрықпен босану. Соматикалық патология анықталған жоқ. Қарағанда: күшенгенде вульварлы сақинадан жатыр денесі анықталады, жатыр мойны элонгирленген, гипертрофияланған, гиперемияланған, қынаптың алдыңғы және артқы қабырғалары түскен, бұлшықеттерінің ажырауы анықталады. Диагноз? //
Жатырдың айналып кетуі//
Жатыр мойны элонгациясы, цисто- және ректоцеле//
Қынап қабырғасының түсуі, жамбас түбі бұлшықеттерінің шамасыздығы//
Жатырдың толық емес түсуі, жатыр мойны элонгациясы //
+ жатыр мойнының толық түсуі, жамбас түбі бұлшықеттерінің шамасыздығы, жатыр мойны элонгациясы //
***
Асқынбаған соматикалық анамнезімен 55 жастағы науқасқа диагноз қойылды: Жатыр мойнының толық түсуі, жамбас түбі бұлшықеттерінің шамасыздығы, жатыр мойны элонгациясы. Цисто- және ректоцеле. Науқасты емдеу тактикасы қандай?//
Үнемі бандаж кию, жамбас түбі бұлшықеттерін нығайтуға бағытталған емдік гимнастика//
Пессарий қолдану//
Лапаротомия, жатырдың қосалқыларымен экстирпациясы//
+Қынапүстілік жатыр экстирпациясы, алдыңғы және артқы кольпоррафия, леваторопластика//
Жатыр мойны ампутациясы, кольпоперинеоррафия
***
Науқас 54 жаста, жатыр мойны биопсиясынан кейін гистологиялық зерттеу нәтижесін алды: жалпақ клеткалы қабыршақтанбайтын рак. Инвазия тереңдігі – 5 мм. Жатыр мойны рагінің лимфогенді метастаз беруінің бірінші этапы қандай?//
+Сыртқы және ішкі мықын және жапқыш лимфатикалық түйіндер//
Жоғарғы және төменгі бөксе және латеральды сегізкөз лимфатикалық түйіндері//
Бел лимфатикалық түйіндері//
Жалпы мықын лимфатикалық түйіндері//
Парааортальды лимфатикалық түйіндері//
***
Науқас 58 жаста, жыныс жолдарынан қанды бөлініске шағымданып келді. Постменопауза – 10 жыл. Қынап арқылы қарағанда: сыртқы жыныс мүшелері және қынабы жасына сай инволюциялық өзгерістерге ұшыраған, қынап кілегей қабаты тез жараланғыш, жатыр мойны таза, қарашық симптомы «теріс» мәнді, жатыр мойны өзегінен аздаған қанды бөліністер бар. Жатыр қалыпты көлемді, қосалқылары анықталмайды, күмбездері бос. Диагнозды нақтылау үшін қандай қосымша зерттеу әдістері көмектеседі?//
+Бөлек диагностикалық қыру, қырындыны гистологиялық зерттеумен //
Лапароскопия//
Артқы күмбез арқылы іш қуысы пункциясы, аспиратты цитологиялық зерттеумен//
Кеңейтілген кольпоскопия, жұғындыны цитологиялық зерттеумен //
Гистероскопия
***
Науқас 19 жаста, ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуына, дене қызуының 37,5°С жоғарылауына және жыныс жолдарынан іріңді бөлініске, зәр шығару кезінде ауырсынуға шағымданып келді. Қарағанда: уретра инфильтраттанған, айнамен қарағанда – жатыр мойны қызарған, эрозияланған, бөліністері іріңді-кілегейлі, көп мөлшерде. Қынап арқылы қарағанда: жатыры ұлғаймаған, пальпацияда ауырсынумен, қосалқылары екі жағында да қалыңдаған, ауырсынумен. Бактериоскопияға жұғындыда – клеткаішілік және сыртылық орналасқан гонококтар. Диагноз?//
Зәр-жыныс мүшелерінің төменгі бөлігінің жаңа жедел гонореясы //
+Жаңа жедел өрлемелі гонорея//
Жеделдеу өрлемелі гонорея//
Зәр-жыныс мүшелерінің төменгі бөлігінің созылмалы гонореясы//
Торпидті гонорея
***
Жүкті әйел Л., 23 жаста. Жүктілік мерзімі 28 апта. Стационарға әлсіздікке, бас айналу, ауыз қуысының құрғауына, шөлдеуге, жүрек аймағының ауыруына, ентігу, эпигастрий аймағының ауырлауына, қанды құсуға және жүрек айнуға, тістерінің қансырағыштығына, 6 аптада дене салмағын жоғалтуға, терісінің қышуына, қалтырауға шағымданып келді. Объективті: Тері жамылғысы сарғыш түсті. АҚҚ 90\60 мм с.б.б., тамыр соғысы 100 рет минутына. Анализінде – аздаған гипохромды анемия, айқын лейкоцитоз, нейтрофильдік солға ығысу. Айқын гипопротеинемия. Қанда несепнәрдің, креатининнің күрт жоғарылауы. Холестерин қалыпты деңгейде. ТІШҚҰ-синдромының зертханалық белгілері.
Мүмкін диагноз? //
Вирусты гепатит//
Жүктілердің холестатикалық гепатозы//
Ауыр емес преэклампсия//
+Жүктілердің жедел майлы гепатозы//
Жүктілердің қайталамалы сарғаюы//
***
22 жастағы әйел жедел жәрдем көлігімен жедел түрде гинекологиялық бөлімшеге әкелінді. Шағымы: ішінің төменгі бөлігінің толғақ тәрізді ауырсынуының және жыныс жолдарынан қанды бөліністердің болуы. Анамнезінен: соңғы етеккірі 2 ай бұрын.
Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Көзге көріненін кілегей қабаты және тері жамылғысы бозғылт түсті, Ps 84 рет минутына. Дене температурасы 37°С. АҚҚ 110/70 және 110/70 мм с.б.б.
Per speculum: жатыр мойны каналы кеңейген, ұрық жұмыртқасының төменгі полюсі анықталады.
Per vaginam: жатыр денесі жүктіліктің 6 аптасына дейін ұлғайған, жұмсақ консистенциялы. Қосалқылары анықталмайды. Бөліністері қанды, көп мөлшерде. Жатыр мойны өзегі 1 к/с өткізеді, онда ұрық жұмыртқасы анықталады. Қан жоғалту – 500 мл.
Мүмкін диагноз?//
Жүктіліктің 6 аптасы. Жүктіліктің үзілу қаупі//
+ Жүктіліктің 6 аптасы. Өздігінен жолдағы түсік//
Жүктіліктің 6 аптасы. Басталған түсік//
Мойындық жүктілік//
Өздігінен толық емес түсік
***
Жүкті әйел М., 20 жаста гинекология бөліміне 20-қазанда жедел жәрдем көмегімен жедел түрде келіп түсті. Іштің толғақ тәрізді ауырсынуына, жыныс жолдарынан қанды бөлініске шағымданады. Анамнезінен: Жыныстық өмірі 20 жастан. Соңғы етекірі 2-6 тамызда. Жүктілігі бірінші, некеде, жүктілігі қалаулы.
Жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғысы және көзге көрінетін кілегей қабаты бозғылт. Дене температурасы 36,6°С, Ps 120 рет минутына, АҚҚ 90/40, 90/50 мм с.б.б. Іші жұмсақ, іштің төменгі бөлігі ауырсынады. Диурез төмендеген. Қан жоғалту 1500 мл.
Per vaginam: қынапта үлкен көлемді қан ұйындылары. Жатыр мойны қысқарған, цервикальды канал 2 к/с өткізеді. Жатыр денесі жұмсақ консистенциялы, жүктіліктің 6 аптасына дейін ұлғайған, қосалқылары пальпацияланбайды. Диагноз?//
+ Жүктіліктің 10 аптасы. Өздігінен толық емес түсік. Геморрагиялық шок II дәрежесі. //
Жүктіліктің 10 аптасы. Қан жоғалту//
Жүктіліктің 6 аптасы. Жолдағы өздігінен түсік. Геморрагиялық шок I дәрежесі//
Толық емес түсік. Қан кету//
Жүктіліктің 6 аптасы. Криминальды түсік.
***
Әйел Н., 26 жаста 5-мамырда әйелдер кеңесіне кезекті етекірінің келмеуіне шағымданып келді. Шағымы: жүрек айну, құсу, ет тағамдарынан жиіркенгіштік, шаршағыштық, тітіркенгіштік. Соңғы етеккірі 25-28 наурыз. Контрацептивті әдістерді қолданбайды. Соңғы 2 жылда 3 жасанды түсік.
Жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғысы және көзге көрінетін кілегей қабаты бозғылт. Дене температурасы 36,7°С, Ps 72 рет минутына, АҚҚ 120/80 мм с.б.б. Іші жұмсақ, іштің төменгі бөлігі аздап ауырсынады. Диурез төмендеген.
Per speculum: жатыр мойны күрт көгерген, гипертрофияланған, бөшке тәрізді пішінді, сыртқы ернеуі жабық, децентрлі орналасқан, оң жаққа және жоғары орналасқан, бөлінісі қанды, жұғынды түрінде.
Per vaginam: жатыр денесі жұмсақ, аздап ұлғайған. Қосалқылары пальпацияланбайды. Күмбездері салбырамаған. Жатыр мойны қозғауда ауырсынусыз.
Диагноз? //
Жолдағы түсік. ААА//
Басталған түсік//
+ Мойындық жүктілік. ААА//
Жүктіліктің 8 аптасы. Плацентаның толық жолда орналасуы. ААА//
Жүктіліктің 8-9 аптасы. Төменгі плацентация
***
Жүкті әйел О., 35 жаста, 30 маусымда 19:00 сағатта жедел жәрдем көмегімен жедел түрде босану үйіне жеткізілді. Шағымы: жыныс жолдарынан қанды бөлініске, іштің төмегі бөлігінің және бел аймағының аздап ауырсынуына, соңғы етеккірі 27-30 қыркүйекте, осы жүктілігі бесінші. Акушерлік анамнезі асқынған – 3 жасанды түсік. Әйелдің айтуы бойынша жүктіліктің екінші жартысында, 27 аптада, жыныс жолдарынан жұғынды түріндегі қанды бөліністер пайда болған. Дәрігерге қаралмаған. 30 шілдеде 17:00, іштің төмегі бөлігінің және бел аймағының аздап ауырсынуы мазалаған, ал 18:00 де жұғынды түріндегі қанды бөліністер пайда болған.
Жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғысы мен көзге көрінетін кілегей қабаты бозғылт. Ps 80 рет минутына, АҚҚ 120/80 мм.с.б.б. Ісіктер жоқ. Жатыры жұмсақ, ауырсынусыз. Ұрық ұзына бойы орналасқан, келіп тұрған ұрық бөлігі нақты анықталмайды. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ырғақты, 140 рет минутына. Төсенішінде алқызыл түсті қан бөліндісі, аз мөлшерде
Per speculum: жатыр мойны көгерген, сыртқы ернеуден алқызыл түсті бөлініс.
Per vaginam: жатыр мойны жұмсарған, ұзындығы 1,5 см, цервикальды канал 1 к/с өткізеді. Қағанақ қабы бүтін. Ұрықтың келіп тұрған бөлігі тығыз, дөңгелек. Ішкі ернеу артында бұдырлық анақталады. Бөлінісі қанды, аз мөлшерде.
Болжам диагноз? //
Жүктіліктің 39 аптасы. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы. ААА//
Жүктіліктің 36 аптасы. Басталған мерзімінен бұрын босану. Плацентаның жиектік орналасуы//
+Жүктіліктің 39 аптасы. Плацентаның жиектік орналасуы. ААА//
Жүктіліктің 35-36 аптасы. Плацентаның жолда орналасуы. Мерзімінен бұрын босану қаупі. ААА//
Жүктіліктің 37-38 аптасы. Төменгі плацентация. ААА
***
Жүкті әйел П., 18 жаста 15-наурызда 8 сағат 10 минутта жедел жәрдем көмегімен жедел түрде іштің төменгі бөлігіндегі жедел ауырсынумен және соңғы 1 сағат бойы жалпы әлсіздікке шағымданады. Соңғы етекірі 12-17 шілде, жүктілігі бірінші, неке тіркелмеген, жүктіліктің 30 аптасынан бастап гестозға байланысты патология бөлімінде ем алған.
Жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғысы және көзге көрінетін кілегей қабаты бозғылт. Ps 120 рет минутына, АҚҚ 90/50 мм.с.б.б. Ісік аяғында. Жатыры овоид пішінді, тығыз, жұмсармайды. Ұрық ұзына бойына орналасқан, келіп тұрған бөлігі гипертонусқа байланысты нақты анықталмайды. Ұрықтың жүрек соғысы 170 рет минутына, тұйықталған.
Per speculum: жатыр мойны артқа ығысқан, таза, бөлінісі қанды.
Per vaginam: жатыр мойны қалыптасқан, ұзындығы 3 см, цервикальды өзек 1 к/с өткізеді, келіп тұрған бөлігі – тығыз , дөңгелек, кіші жамбас кіреберісінде. Қағанақ қабы бүтін. Бөлінісі қанды, аз мөлшерде.
Болжам диагноз? //
+ Жүктіліктің 35 аптасы. ҚОПМБА. Геморрагиялық шок II дәрежесі. Ұрықтың қауіпті жағдайы//
Жүктіліктің 34-35 аптасы. Басталған мерзімінен бұрын босану. Жатырдың жыртылу қаупі. Ұрықтың қауіпті жағдайы//
Жүктіліктің 39 аптасы. Босанудың І кезеңі. ҚОПМБА//
Күні жеткен жүктілік. Босанудың І кезеңі. Босану қызметінің ақаулары. Шамадан тыс босану қызметі//
Жүктіліктің 36-37 аптасы. Плацентаның жолда орналасуы. Қан кету. Геморрагиялық шок ІІ дәрежесі
***
Босанушы Р., 28 жаста, босану залында. Соңғы етеккірі 23-26 тамызда, жүктілігі үшінші, екі жүктілігі ауруханадан тыс түсікпен аяқталған, соңында жатыр қуысын қырумен. Босану кызметі 27 мамырда таңғы 4.00 басталған, босану үйіне жеткізілді. Босануы біріншілік және екіншілік босану қызметінің әлсіздігімен асқынған, босануды күшейту жүргізілген, медикаментозды ұйқы берілген. 28 мамырда 6 сағатта босандырылған, тірі, күні жетілген, қыз жынысты нәресте туылды. Бала жолдасы өздігінен ажырап, туылды. Қарағанда қабықшалары түгел, бүтін. Жатыр мойнын айнамен қарағанда: бүтін. Қынаптың және аралықтың жыртылысы жоқ.
Жағдайы қанағаттанарлық. Дене салмағы 80 кг. Терісі бозғылт. АҚҚ 110/60, 110/60 мм с.б.б., Ps 100 рет минутына, ырғақты, толымы әлсіз. Жатыры пальпацияда жұмсақ, жатыр түбі кіндік деңгейінде. Жыныс жолдарынан көп көлемді қанды бөліністер бар. Қан жоғалту 500 мл.
Диагноз? //
Ұзарған мерзімінде босану, ерте босанғаннан кейінгі кезең. Біріншілік және екіншілік босану қызметінің әлсіздігі. Атониялық қан кету. ААА//
Ұзарған мерзімінде босану, ерте босанғаннан кейінгі кезең. Біріншілік және екіншілік босану қызметінің әлсіздігі. Атониялық қан кету ААА//
+ Ұзарған мерзімінде босану, ерте босанғаннан кейінгі кезең. Біріншілік және екіншілік босану қызметінің әлсіздігі. Атониялық қан кету ААА. //
Мерзімінде босану. Ерте босанудан кейінгі кезеңдегі қан кету. ААА. Босануды күшейту//
Мерзімінде босану. Гипотониялық қан кету. Геморрагиялық шок І дәрежесі
***
Босанушы Т., 32 жаста, 5 желтоқсанда 10:30, аудандық ауруханадан санавиациямен жеткізілді. Шағымы: іштің төменгі бөлігіндегі толғақ тәрізді ауырсынуға, жатыр тыртығы бойындағы ауырсынуға. ұрық қозғалысын сезбеуге. Соңғы етеккірі 27-30 наурызда. Жүктілігі үшінші, бірінші жүктілігі мерзімінде босанумен аяқталған, тірі, ерекшеліксіз. Екінші жүктілігі, 6 жыл бұрын, плацентаның жолда орналасуына байланысты мерзімінен бұрын оперативті босану. Операциядан кейінгі кезең метроэндометритпен асқынған. Стационарда ем алған.
Жағдайы ауыр. Санасы бұлдыр. Тері жамылғысы бозғылт. Ps 130 рет мин. АҚҚ 70/0, 70/10 мм с.б.б. Іші бұрыс пішінді, пальпацияда ауырсынады. Алдыңғы іш қабырғасы арқылы ұрықтың ұсақ бөліктері анықталады. Ұрық жүрек соғысы анықталмайды. Жатыр контуры анықталмайды. Толғағы жоқ. Жыныс жолдарынан қанды бөліністер, аз мөлшерде.
Жалпы қан анализі: эритроциттер 1,5х1012/л, Нв 62 г/л, Ht 23%.
Болжам диагноз?//
+Мерзімінен бұрын босану 35 аптада. Болған жатыр жыртылуы. Ұрықтың құрсақішілік өлімі. Геморрагиялық шок III дәрежесі. ААА. Жатырдағы тыртық//
Мерзімінде босану. Антенатальды ұрық өлімі. Жатыр жыртылуы. Геморрагиялық шок II дәрежесі. Жатырдағы тыртық//
Жүктіліктің 35 аптасы. Құрсақтық жүктілік. Ішке қан кету Құрсақішілік ұрық өлімі. ААА. Жатырдағы тыртық//
Жүктіліктің 35-36 аптасы. Мерзімінен бұрын босану. Босанудың І кезеңі. ҚОПМБА. Геморрагиялық шок ІІІ дәрежесі. ААА. Жатырдағы тыртық//
Мерзімінде босану. Жатырдың жыртылу қаупі. Клиникалық тар жамбас. ҚОПМБА. ААА. Жатырдағы тыртық
***
Жүкті әйел Р., 25 жаста босану бөліміне 5 мамырда әйелдер кеңесі жолдамасымен төменге ішінің тартуына, ішінің, белінің ауырсынуына шағымданып келді. Етекірі 16 жастан екі жылдан кейін тұрақталған. 25-28 күннен, аздап ауырсынады. Соңғы етеккірі 4-8 қарашада, 6 аптасынан бастап әйелдер кеңесінде, 8-9 аптасында жүктіліктің үзілу қаупімен ем алған. 16 аптасында жатыр мойнына Макдональд бойынша патология бөлімінде тігіс салынған. Жүктілігі екінші, 1 жүктілігі – 9 аптасында дамымаған жүктілік, abrasio cavi uteri жасалған.
Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері жамылғысы қалыпты, гирсутизм. Ps 76 рет мин, АҚҚ 110/70 и 110/70 мм с.б.б. Жатыр тонусы жоғары. Ұрықтың келіп тұрған бөлігі тығыз, дөңгелек пішінді. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ырғақты, 140 рет минутына.
Per speculum: қынабы тар, ұзын. Жатыр мойны таза, конусты, ернеуі дөңгелек. Бөлінісі кілегейлі аз мөлшерде.
Per vaginam: жатыр мойны қалыптасқан, ұзындығы 3 см, тығыз, артқа ығысқан. Мүйіске қол жетпейді. Сыртқы ернеуі жабық, бөлінісі жоқ.
Диагноз?//
+Жүктіліктің 26 аптасы. Мерзімінен бұрын босану қаупі. Органикалық және функциональды ИЦЖ . //
Жүктіліктің 20-21 аптасы. Мерзімінен бұрын босану қаупі. ИЦЖ. Жатыр мойнындағы тігіс. Инфантилизм. //
Жүктіліктің 30 аптасы. Мерзімінен бұрын босану қаупі. ИЦЖ. Жатыр мойнындағы Макдональд бойынша тігіс//
Жүктіліктің 21-22 аптасы. Аналық без гипофункциясы. ИЦЖ. Жатыр мойнындағы тігіс//
Жүктіліктің 26 аптасында мерзімінен бұрын босану қаупі. Аналық без гипофункциясы. ИЦЖ. хирургиялық коррекция
***
Алғаш жүкті болушы 26 жаста, 5-мамырда стационарға іштің төменгі бөлігінің тартып ауырсынуына шағымданып келіп түсті. Есепке тұрмаған. Етекірі 17 жастан 2 жылдан кейін тұрақталған, ауырсынумен. Соңғы етеккірі 4 қарашада. Эстрадиол, прогестерон, тестерон, дегидроэпиандростерон жоғары.
Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, тәбеті төмендеген астеникалық. Бойы 172 см, салмағы 65 кг. Тері жамылғысы қалыпты түсте, айқын гирсутизм. Сүт бездері гипопластикалық. Гемодинамикасы тұрақты. Жатыры пальпацияда жоғары тонуста. Келіп тұрған ұрық бөлігі дөңгелек. Ұрық жүрек соғысы анық ырғақты140 рет минутына .
Қарау кезінде: сыртқы жыныс мүшелерінің қалыптасуы дұрыс емес, үлкен жыныс еріндерінің гипоплазиясы, санның ішкі бетінде шамадан тыс, қасағадан кіндікке дейін түктену бар (ер адам типтес).
Per speculum: қынабы тар, ұзын. Жатыр мойны таза. Бөлінісі аз мөлшерде, кілегейлі.
Per vaginam: жатыр мойны сақталған, ұзындығы 3 см, тығыз, артқа ығысқан. Мүйіске қол жетпейді. Сыртқы ернеуі, жабық, бөліністер жоқ.
Болжам диагноз? //
Жүктіліктің 20-21 аптасы. Гирсутизм. Аналық без гипофункциясы. Мерзімінен бұрын босану қаупі //
Жүктіліктің 26 аптасы. Гирсутизм. Гиперандрогения. Туа біткен бүйрекүсті безінің дисфункциясы. ААА//
Жүктіліктің 22 аптасы. Жүктіліктің үзілу қаупі. Аналық без поликистозы синдромы. Гирсутизм. ААА//
Жүктіліктің 27-28 аптасы. Мерзімінен бұрын босану қаупі. Гиперпролактинемия синдромы//
+Жүктіліктің 26 аптасы. Мерзімінен бұрын босану қаупі. Адреногенитальды синдром. ААА
***
Босанушы У., 28 жаста, жедел жәрдеммен босану үйіне толғақпен және жыныс жолдарынан қанды бөлініске байланысты жеткізілген. Жүктілігі 8-ші. Біріншісі – 7 жыл бұрын, мерзімінде босану. Екіншісі – 6 жыл бұрын, 25 аптада әлеуметтік көрсеткіштермен трансцервикальды амниоцентез. Мед.түсіктер – 5. Соңғы етеккірі 8-14 тамыз, ұрықтың алғаш қозғалуы 12 желтоқсанда, бақылауда болмаған .
Жағдайы қанағаттанарлық. Гемодинамикасы тұрақты. ІА 84 см, ЖТБ 31 см. Ұрық ұзына бойы, басымен кіші жамбас кіреберісінде жоғары орналасқан. Ұрық жүрек соғысы анық, ырғақты, 128 рет минутына. Толғағы 10 минутта 3. Жыныс жолдарынан қанды бөліністер, көп көлемді. Қан кету 500 мл.
Per speculum: жатыр мойны таза, цервикальды каналдан қанды бөлініс
Per vaginam: жатыр мойны артқа ығысқан. 1,5 см-ге қысқарған, орташа тығыздықта, сыртқы ернеуі жабық, күмбез арқылы жұмсақ , бұдырлы, кеуекті тін анықталады. Диагноз?//
+Жүктіліктің 32-33 аптасында мерзімінен бұрын босану. Плацентаның орталық орналасуы. ААА//
Жүктіліктің 32 аптасында басталған мерзімінен бұрын босану. Төменгі плацентация. Қан кету. ААА//
Мерзімінен бұрын 30-31 аптада босану. Төмен орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы. Қан кету. ААА//
Мерзімінен бұрын 36 аптада босану. Мерзімінен бұрын төмен орналасқан плацентаның ажырауы. Қан кету. ААА
***
Ауыр преэклампсияда магнезиальды терапияның бастапқы дозасы : //
1-2 гр көк тамырға 1 сағат ішінде //
1-2 гр бұлшықетке//
+ 4-6 гр 20 минутта көктамырға//
4-5 гр бұлшықетке //
8-10 гр 5 минутта көктамырға
***
Қан кетудің қандай көлемі физиологиялық деп аталады//
+ 400 мл дейін//
500 мл дейін //
600 мл дейін //
700 мл дейін //
800 мл дейін
***
Қандай қондырылуда ұрық басы үлкен қиғаш өлшеммен кіші жамбас жазықтығынан өтеді//
Шүйдемен келудің алдыңғы түрінде//
Шүйдемен келудің артқы түрінде //
Алдыңғы төбемен келгенде //
+ Маңдаймен келгенде //
Бетпен келгенде
***
Преэкламсия кезінде инфузионды терапия жүргізуде гематокриттің қандай көрсеткішін ұстану керек //
27-28%//
25-26%//
20-24%//
+ 29-30%//
32-34%
***
Хорионамнионит фонындағы перитонит қашан басталады: //
Операциядан кейінгі 4-9 тәулікте//
Операциядан кейінгі 3-4 тәулікте//
+ Операциядан кейінгі 1-2 тәулікте//
Операциядан кейінгі 12-13 тәулікте//
Операциядан кейінгі 5-6 тәулікте
***
Жатыр мойнынан көзделген биопсия алуға көрсеткіш//
Набот безінің кистасы//
Эктропион//
Жатыр мойнының дисплазиясы//
+Цервикальды интраэпителиальды неоплазия//
Жатыр мойны гипертрофиясы
***
АИВ диагнозын дәлелдеу үшін қандай лабораториялық зерттеулер жүргізіледі//
Бір оң мәнді ИФА//
Екі оң мәнді ИФА//
Бір оң мәнді ПТР (ПЦР)//
Екі оң мәнді ПТР (ПЦР)+ иммуноблот//
+ Екі оң мәнді ИФА + иммуноблот
***
АИВ-ға антидене жұқтырғаннан кейін қашан анықталады//
2 айдан кейін//
2 атадан кейін//
+6 айдан кейін//
3 айдан кейін//
Бір жылдан кейін
***
Жатыр мойнындағы жүктілік кезіндегі дәрігер тактикасы//
Жедел түрде ұрық жұмыртқасын алып тастау//
Сақтықпен, ептеп ұрық жұмыртқасын саусақпен алып тастау//
+ Лапаротомия, жатыр экстирпациясы//
Вакуум-аспирация арқылы ұрық жұмыртқасын алып тастау//
Медикаментозды түсік
***
Науқас Л., 28 жаста, гинекологиялық бөлімге жатыр қосалқыларының жедел қабынуымен келіп түсті. Тексеру кезінде АИВ-қа оң реакция анықталды. Қандай жағдайда АИВ-инфекцияны лабораторлы оң мәнді деп есептейді? //
ИФА реакцияның бір реттік оң мәні//
ИФА реакция екі реттік оң мәнді//
+Екі реттік оң мәнді ИФА реакция+ иммуноблот//
ПЦР реакция оң мәнді//
Бір реттік оң мәнді ИФА реакция + ПЦР+ RW.
***
Әйелдер кеңесіне алғаш жүкті болушы П., 24 жаста, жүктіліктің 10 аптасында оң мәнді АИВ оң статуспен есепке тіркелді. АИВ-инфекцияның ұрыққа берілу қаупін төмендету мақсатында алдын алу емін қай аптадан бастаған жөн? //
Жүктіліктің 5 аптасынан бастау қажет еді//
+ 14 аптадан//
22 аптадан//
30 аптадан//
Босану қызметі басталғаннан бастап
***
Қыз жынысты нәрестемен мерзімінде босану болды. Сыртқы жыныс мүшесінің құрылымы интерсексуальды тип бойынша: клитор ұлғайған, урогенитальды синус.
Диагноз: //
Физиологиялық жетілмегендік//
+ Адреногенитальды синдром//
Кіші жыныс еріндерінің синехиялары//
Сыртқы жыныс мүшелерінің босану жарақаты//
Сыртқы жыныс мүшелерінің туа пайда болған даму ақауы
***
3 жастағы қыздың анасы қызында салқындау фонында пайда болған және жазылу барысында жоғалып кететін сүт бездерінің ұлғаюын байқады. Сүт безінің ұлғаюының бұл эпизоды үшінші рет болып тұр.
Диагнозы: //
Сүт безінің ісігі//
Бас миының ісігі//
+ Шектелген транзиторлы телархе//
Қалыпты вариант//
Мерзімінен бұрын жыныстық жетілудің толық түрі
***
5 жасар қыз балада екі жақты шап жарығына байланысты операция жасау барысында жарық қабынан аталық безі анықталды, іш қуысына қарай енгізілді.
Диагнозы: //
Гонадтар дисгенезиясының таза түрі//
Гонадтар дисгенезиясының аралас түрі//
Шынайы гермафродитизм//
+ Тестикулярлы феминизации синдромы//
Типтік гонадтар дисгенезиясы
***
Екіншілік жыныстық белгілері жақсы жетілген 16 жастағы қыз бала гинекологқа біріншілік етеккірінің болмауымен шағымданып келді.
Диагнозы: //
Аменореяның орталық формасы//
Аменореяның аналық бездік формасы//
Аменореяның гонадтан тыс формасы//
+ Аменореяның жатырлық формасы//
етеккір қанының шығуының бұзылысымен байланысты жалған аменорея
***
15 жасар қызда ретті етеккір қызметі 1 жылдан кейін тоқтап қалды, яғни екіншілік аменорея орын алды. 2 айдың ішінде қыз косметикалық мақсатта 6 кг-ға арықтады және жалғастыруда.
Диагнозы: //
Аналық без поликистоз синдромы//
Гипоталамикалық синдром//
Біріншілік дисменорея//
Бүйрекүсті безі қыртысының қызметі бұзылысының классикалық емес түрі//
+ Дене салмағының төмендеуі аясында пайда болған аменорея
***
18 жастағы қыз 3-4 айға кешігетін, ретсіз етеккір қызметіне шағымданады. Объективті: артық салмақты, терісі құрғақ, тілі қалыңдаған, іш қатуы бар.
Ең мүмкін диагноз: //
Гипоталамикалық синдром//
Кушинг синдромы//
Аналық без поликистозы синдромы//
+ Гипотиреоз//
Қалыпты вариант
***
13 жасар қыз педиатрға ішінің ұлғаюымен, кезеңді түрдегі тұрақты ішінің ауырсынуымен шағымданып келді. Жыныстық дамуы жасына сәйкес, етеккірі болмаған. Пальпация кезінде іші ассиметриялы, тығыз эластикалық консистенциялы, қасағадан 3 көлденең саусақ жоғары тұрған түзіліс анықталады. Тік ішектік тексеруде: түзіліс тік ішек капсуласын деформациялайды.
Диагнозы: //
Копростаз//
+ Етеккір қанының ағып шығуының кідіруімен сипатталатын қынаптың даму ақауы//
Жедел аппендицит//
Өт шығару жолдарының дискинезиясы//
Аналық без кистасы
***
Анасы 14 жасар қызымен екіншілік жыныстық белгілерінің және етеккірінің болмауымен гинекологқа шағымданып келді. Тексеру барысында аналық без қызметіне жауап беретін гипофиз гормонының деңгейінің күрт жоғарылауы анықталды.
Диагнозы: //
Аменореяның жатырлық түрі//
+ Аналық бездік аменорея//
Гипофизарлы аменорея//
Гипоталамикалық түрі//
Гиперпролактинемия
***
34 жастағы әйел жедел жәрдем көлігімен гинекологиялық бөлімге дене қызуының 38,4°С дейін жоғарылауымен және ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуына шағыммен жеткізілді. Өзін 1 тәуліктен бері аурумын деп есептейді, ол шағымдар етеккір қызметінің 7-күнінде пайда болған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тамыр соғысы 1 минутта 140 рет, t - 38,4°С. Іші пальпацияда жұмсақ, төменгі бөлігінде ауырсынумен. Ішперде тітіркену симптомы сол жақта оң мәнді. Гинекологиялық қарауда: айнамен – қынаптың кілегей қабаты және жатыр мойны гиперемияланған, бөліністері іріңді. PV: жатыр мойны цилиндр тәрізді, ернеуі жабық. Жатыр орналасуы қалыпты, өлшемдері қалыпты. Екі жақты жатыр қосалқыларында ұзынша пішінді, ауырсынатын түзіліс анықталады. Диагноз қойыңыз: //
+Жедел екі жақты аднексит//
Пельвиоперитонит//
Параметрит//
Метроэндометрит//
Сол жақты сальпингит
***
Науқас 26 жаста, дәрігер гинекологқа сол жақ жыныс ерні аймағындағы ауырсынуға шағымданып келді. Дене қызуының 37,8°С-ға дейін жоғарылауы болған. Сыртқы жыныс мүшелерін қарау кезінде сол жақ жыныс ернінің ісінуі мен гиперемиясы анықталды. Пальпация кезінде өлшемі сол жақ жыныс ернінде 5х4 см болатын, ортасында жұмсару аймағы бар түзіліс анықталады. Дұрыс диагнозды таңдаңыз://
Жедел вульвит//
Бартолин безінің кистасы//
Гартнер жолының кистасы//
+ Бартолин безінің абсцессі//
Дұрыс жауабы жоқ
***
Науқас А., 24 жаста, 2 аптаға етеккірінің кешігуі аясында ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуына және қанды бөліністердің пайда болуына шағымданып келді. АҚҚ 100/60 мм.с.б.б., тамыр соғысы 90 рет минутына. Айнамен қарағанда: жатыр мойны кілегейі цианозды, бөліністері қанды, қошқыл түсті. РV: жатыры сәл ұлғайған, қозғалмалы, оң жақ жатыр қосалқылары аймағынан ауырсынатын, консистенциясы қамыр тәрізді түзіліс анықталады. Артқы күмбез жалпақтанған, ауырсынумен. Сіздің диагнозыңыз: //
Эндометриоз//
Толық емес түсік//
+Жатырдан тыс жүктілік//
Жатыр миомасы//
Дисфункционалды жатырлық қан кету
***
Гинекологиялық бөлімге 36 жастағы науқас жедел жәрдем көлігімен ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуына, құсуға, дене қызуының 38°С дейін жоғарылауына шағымданып түсті. Жатыр миомасы мен бедеулікке байланысты 3 жыл бойы диспансерлік есепте тұрады. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы 38°С. Ішперде тітіркену симптомы оң мәнді. Айнамен қарағанда: жатыр мойны таза, бөліністері ақшыл. РV: жатыры жүктіліктің 4-5 аптасына дейін ұлғайған, жатырдың оң жақ бұрышында өлшемі 5х6 см болатын, тығыз, ауырсынатын түзіліс анықталады. Қосалқылары ерекшеліксіз. Сіздің диагнозыңыз://
Тубоовариальды түзіліс перфорациясы//
Жатырдан тыс жүктілік//
Жүктілік, ерте түсік тастау қаупі//
+ Аналық без кистасы аяқшасының айналып кетуі//
Миоматозды түйін аяқшасының айналып кетуі//
***
Науқас О., 34 жаста жедел түрде гинекологиялық бөлімге субсерозды миоматозды түйін аяқшасының айналып кетуіне байланысты жатқызылды. Операция барысында іш қуысын ашу кезінде: жатыры бұдырлы, жүктіліктің 13 апталығына дейін ұлғайған көптеген миоматозды ісікке айналған. Алдыңғы қабырғасында субсерозды миоматозды түйін аяқшасы айналған, өлшемі 4х4 см, қоңыр түсті. Екі жақты қосалқылары ерекшеліксіз. Осы жағдайда операция көлемі қандай болмақ: //
Түйін энуклиациясы//
Консервативті миомэктомия//
+ Қынапүстілік жатыр ампутациясы қосалқыларынсыз//
Жатыр дефундациясы//
Жатыр экстирпациясы жатыр түтіктерімен бірге
***
Әйелдер кеңесіне 34 жастағы науқас келді. 1 жыл тұрмыста. Етеккірі 12 аптаға кешіккен, 1 тәулік бойы ішінің төменгі бөлігінің оң жақтан ауырсынуы, аз мөлшердегі қанды бөлініс сақталады. Пальпация кезінде ішінің төменгі бөлігінде жоғарғы шекарасы қасағадан 4 көлденең саусаққа жоғары, төменгі шекарасы кіші жамбасқа кететін түзіліс анықталады. Айнамен қарағанда: жатыр мойны таза, бөліністері қанды. РV: жатыр мойны цилиндр пішінді, цервикальды канал 1 көлденең саусақ өткізеді. Жатыр бұдырлы ісікке айналған, 17-18 аптаға ұлғайған. Қосалқылары ерекшеліксіз. Дұрыс диагнозын таңдаңыз: //
Көпіршікті кезбе//
Аналық без кистомасы//
Хорионэпителиома//
+ Жүктілік және жатыр миомасы, басталған түсік//
Жатыр миомасы, миоматозды түйін некрозы
***
Науқас 42 жаста, ішінің төменгі бөлігінің толғақ тәрізді ауырсынуына, етеккірінің көп мөлшерде келуімен шағымданып түсті. Айнамен қарағанда: жатыр мойны қысқарған, цервикальды өзекте қоңыр түсті түзіліс. Қан кету көп мөлшерде. РV: жатыр мойны қысқарған, ернеуінде көлемі 5х5 см болатын жұмсақ консистенциялы түзіліс анықталады. Жатыр 8-9 апталық жүктілікке дейін ұлғайған, беткейі тегіс. Қосалқылары ерекшеліксіз. Сіздің диагноз: //
Жатыр мойны миомасы//
Жүрістегі аборт//
Жатыр мойны жүктілігі//
Жатыр мойны обыры//
+ Жатыр миомасы, туылушы субмукозды түйін
***
Науқас В., 30 жаста, гинекологиялық бөлімге дене қызуының 38°С дейін жоғарылауымен, ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуымен, жыныс жолдарынан іріңді-қанды бөліністің болуымен, жалпы әлсіздікке шағымданып келіп түсті. 2 күн бұрын жүктіліктің 8-9 апталығында жасалған медициналық аборттан кейін ауырған. Объективті: тамыр соғысы 96 рет/мин. АҚҚ 120/70 мм.с.б.б. перитонеальды белгілер жоқ. OS: жатыр мойны таза, бөліністері іріңді-қанды. РV: жатыр мойны цилиндрлі, сыртқы ернеуі жабық, жатыр қалыптыдан сәл ұлғайған, пальпацияда ауырсынумен, қосалқылары ерекшеліксіз. Диагноз қойыңыз: //
+ Метроэндометрит//
Сальпингоофорит//
Параметрит//
Пельвиоперитонит//
Периметрит
***
Науқас В., 25 жаста, жыныс жолдарынан қанды бөліністің болуына, ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуына, дене қызуының 38,5°С дейін жоғарылауына шағымданып келді. Жүктіліктің 13-14 апталығында жүктілікті үзу мақсатында жатыр қуысына салынған катетерден кейін 2-тәулікте жоғарыда аталған шағымдар пайда болған. OS: жатыр мойны таза, бөліністері қанды, цервикальды канал 2 көлденең саусақты өткізеді, жатыры жүктіліктің 12-13 апталығына сәйкес ұлғайған, жұмсақ консистенциялы, пальпацияда ауырсынумен. Екі жақты қосалқылары ерекшеліксіз. Дұрыс диагнозды таңдаңыз: //
Басталған асқынған инфицирленген түсік//
Толық емес асқынған түсік //
Жүрістегі асқынбаған инфицирленген түсік //
Толық емес асқынбаған инфицирленген түсік //
+ Басталған асқынбаған инфицирленген түсік
***
Науқас Р., 28 жаста, жедел жәрдеммен стационарға дене қызуының 40°С дейін жоғарылауымен, қалтыраумен, бұлшықеттерінің ауырсынумен, құсумен, сарғаюмен, диурездің төмендеуімен, зәрі ет жуындысы тәрізді, қанды-іріңді бөліністің болуымен жеткізілді. Дәрігерге жүктіліктің 17-18 аптасында жүктілікті үзу мақсатында жатыр қуысына катетер бойынша сабын ерітіндісін енгізгеннен 7 күннен соң келген. OS: жатыр мойнында некротикалық жабын, ихорозды бөлініс. РV: жатыр мойны жазылған, жатыр мойнының ашылуы 4 см, жатыр денесі контуры анықталмайды, жатыры жүктіліктің 12-13 апталығына дейін ұлғайған, ауырсынумен, консистенциясы біртекті емес. Сағаттық диурез – 25 мл/сағ. Лабораторлық зерттеулер бойынша: Hb - 52 г/л, эритроциттер – 2,4х1012/л, лейкоциттер - 3,4х109/л, ЭТЖ-60 мм/сағ, билирубин-230 ммоль/л. Сіздің диагнозыңыз: //
Геморрагиялық шок//
Септикалық шок//
+ Анаэробты сепсис//
Перитонит//
Пельвиоперитонит
***
32 жастағы науқас гинекологиялық стационарда жатыр қосалқыларының созылмалы қабынуының өршуіне байланысты ем қабылдады. Шығару алдында науқас дәрігерге қандай контрацепция әдісін қолдануға болатындығы жайлы кеңес сұрады. Әйел некеде тіркелген, 2 баласы бар. Соңғы 3 жылдың ішінде гинекологта жатыр қосалқыларының қабыну процесінің асқынуына байланысты екі рет ем алған. Науқасқа қандай контрацепция әдісін ұсынар едіңіз: //
ЖІС//
Таза гестагендер//
+ ҚОК//
Спермицидтер//
Ырғақты әдіс
***
26 жастағы науқаста реабразиямен болған медициналық аборттан кейін 4 ай көлемінде етеккірі болмаған. Етеккір келетін күндері ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуы болады. РV: жатыры жүктіліктің 6-7 апталығына дейін ұлғайған, консистенциясы жұмсақ. Жатыр қосалқылары ерекшеліксіз. Дұрыс диагнозды таңдаңыз://
Эндометрит//
+ Аменореяның жатырлық түрі, жатыр мойны каналының атрезиясы//
Жатырлық жүктілік, басталған ерте түсік//
Орталық генезді аменорея//
Аналық бездік аменорея
***
К., 25 жаста, гинекологқа етеккірі болмауына, әлсіздіке, енжарлыққа шағымданып келді. 1 жыл бұрын босанған, көп мөлшерде қан кеткен, гемотрансфузия жасалған. Босанған соң сүті аз болған, кейіннен, жүргізілген емге қарамастан, лактация толығымен тоқтады. Объективті: әйел арықтаған, сүт бездері солған, қолтық астында, қасағада түктену аз. Сыртқы жыныс мүшелері атрофияланған, депигментирленген. РV: қынабы сыйымды, жатыр мойны қысқарған, жатыр денесі кішкентай, қосалқылары анықталмайды. Көрсетілген диагноздың қайсысында осы клиникалық көрініс болады://
***
Шерешевский-Тернер синдромы//
Бабинский-Фрелих синдромы //
+Шихан синдромы//
Моррис синдромы (тестикулярлы феминизация)//
Лоренс-Мун-Бидль синдромы
***
Науқас 28 жаста, етеккірдің сиректігі мен жүктіліктің болмауына шағымданады. Балалық шағында қызылша, паротит, жиі баспа болған. Менархе 13 жастан, осы уақытқа дейін реттелмеген, ретсіз келеді 30-45-65 күн сайын, ұзақтығы 1-2 күннен, аз мөлшерде, ауырсынусыз. Тұрмыс құрғанына 4 жыл, жыныстық қатынасы тұрақты. Күйеуі тексерілген – дені сау. Объективті: бойы - 160 см, салмағы 70 кг, иегінде, емізік айналасында, іштің ақ сызығы бойында түктенген. Сыртқы жыныс мүшелері дұрыс дамыған. Айнамен қарағанда: қынаптың шырышты қабаты және жатыр мойны таза. Қынап арқылы: жатыр мойны конус пішінді, сыртқы ернеуі жабық. Жатыр денесі дұрыс қалыпта, көлемі кішкентай. Қосалқылар аймағында екі жақты тығыз түзіліс анықталады, көлемі 5,0х3,5х3,5 және 4,5х2,0х2,0 см. Диагноз қойыңыз: //
+Аналық без поликистозы//
Аналық бездің екі жақты кистасы//
Етеккір циклының бұзылысы//
Созылмалы сальпиноофорит, жеделдеу ағымы//
Созылмалы эндометрит
***
34 жастағы науқас тез үдемелі гирсутизмге, етеккірдің тоқтауына шағымданады. Өзін 6 айдан бері науқаспын деп санайды, сол кезде алғаш рет етеккірдің кідіруі байқалып, бетінде (сақал, мұрт) түктердің өсуінің жоғарылауы болған. Соңғы етеккірі 3 ай бұрын. Қарау кезінде: бойы-152 см, салмағы 57 кг. Айқын гирсутизм. Сүт бездері атрофияланған. Емізіктерден бөліністер жоқ. PV: жатыр мойны цилиндр пішінді, ернеуі жабық. Жатыры ұлғаймаған. Сол жақ қосалқылар аймағы ерекшеліксіз. Оң жақ қосалқылары аймағында көлемі 5,5х4,5х5,0 см тығыз түзіліс анықталады. Дұрыс диагноз қойыңыз: //
Адреногенитальды синдром//
Бүйрекүсті безі ісігі//
Аналық без поликистозы синдромы//
+Аналық бездің гормонөндіруші ісігі//
Иценко-Кушинг ауруы
***
25 жастағы науқас іштің кебуіне, сүт безінің ауырсуына, қол-аяқтың ісінуіне шағымданады. Көрсетілген барлық симптомдар етеккірден 1 апта бұрын басталып, етеккірдің тоқтауымен жойылады. Науқас жиі қабыну ауруларымен зардап шегеді.Гинекологиялық қарау кезінде патология анықталған жоқ, сүт бездері патологиясыз.Диагноз қойыңыз://
Етеккіралды синдром,криздік түрі//
Гинекологиялық дені сау//
+Етеккіралды синдромы, ісіктік түрі//
Етеккіралды синдромы//
Жоғарыдағы айтылғандардың ешқайсысы емес
***
48 жастағы науқас тәулігіне 8-10 ретке дейін ыстық құйылуына, тершеңдікке шағымданады. Көрсетілген шағымдар 1 жылдан бері байқалады. Етеккірі 2-3 айдан кейін, аз мөлшерлі – 1-2 күннен. Анамнезінде – калькулезді холециститке байланысты операция жасалынған. Босану – 3, түсік – 2.Гинекологиялық қарау кезінде патология анықталған жоқ.Сіздің диагнозыңыз://
Етеккір циклының бұзылысы//
Менопауза//
Етеккіралды синдромы//
+Климактериялық синдром//
Вегето-тамырлық дистония
***
36 жастағы науқас гинекологқа ыстық құйылуға, тершеңдікке, жиі зәр шығаруға шағымданып келді. Симптомдар жатырдың тез өсуші жатыр миомасы мен екі аналық бездің эндометриозына байланысты жасалған оперциядан кейін пайда болған. Қарау кезінде соматикалық аурулар анықталған жоқ. Сүт бездері патологиясыз. Айнамен қарау кезінде: қынаптың кілегей қабаты таза. PV: қынап тұқылы патологиясыз. Кіші жамбас қуысында инфильтраттар жоқ//
Жатыр экстирпациясынан кейінгі жағдай. Климактериялық синдром//
+Жатыр экстирпациясынан кейінгі жағдай. Кастрациядан кейінгі синдром//
Вегетотамырлық дистония//
Цистит//
Нейроциркуляторлы дистония
***
46 жастағы науқас іштің төменгі бөлігінің ауыруына, жиі зәр шығаруға, етеккір кезінде қанды бөліністерге шағымданып түсті. 3 жыл бойы жатыр миомасына байланысты есепте тұрады. 3 ай бұрын жатыр қуысын қыру жүргізілген. Гистологиялық зерттеу қорытындысы – эндометрийдің безді-кистозды гиперплазиясы. Айнамен қарау кезінде: жатыр мойны гипертрофияланған, эрозияланған. Бөліністері қанды, сұйық көп мөлшерде. PV: жатыр мойны гипертрофияланған, қалыпты консистенциялы. Жатыр 14-15 апталық көлемдегі ісікке айналған, бұдырлы, қозғалыссыз, ауырсынулы. Жатыр қосалқылары патологиясыз. Сіздің диагнозыңыз://
Жатыр миомасы,жатыр мойны эрозиясы//
Симптомды жатыр миомасы//
+Көптеген, симптомды, үлкен көлемді жатыр миомасы, жатыр мойны дисплазиясы//
Жатыр миомасы, аналық без кистасы//
Жатыр миомасы, эндометрий обыры
***
Гиперандрогения кезіндегі қосарланған оральды контрацептивтердің емдік әсері байланысты:// Аналық без қызметінің тежелуімен//
Бүйрекүсті безінің қызметінің тежелуімен//
АКТГ өндірілуінің тежелуімен//
Андрогендер инактивациясының жылдамдауымен//
+Гипофиздің ФСГ мен ЛГ өндіруінің тежелуімен
***
Эндометрийдің атипиялық гиперплазиясының морфологиялық көрінісі жиі келесіге ұқсас болады://
+Жоғары дифференцирленген ракпен//
Безді-кистозды гиперплазиямен//
Эндометриальды полиппен//
Метроэндометритпен//
Төмен дифференцирленген ракпен
***
Иығы бекіген ұрықтың басын жасанды ротациялау ұрықта қандай жарақат тудырады://
+Жұлын мен/немесе омыртқа жотасының жарақаты//
Бұғана сынуы//
Иық сынығы//
Сан сүйегінің сынығы//
Эрба салы
***
Ұрық басының қай қондырылуында оперативті босандыру көрсетіледі://
Жебе тәрізді жіктің жоғары тура қондырылуы (жамбасы көлденең тарылған әйелдерде)//
+Артқы асинклитизм//
Алдыңғы асинклитизм//
Аталғандардың барлығы//
Ешқайсысы дұрыс емес
***
Менопауза деп соңғы етеккірі болғаннан ....... айтады: //
1 айдан кейін//
6 айдан кейін//
9 айдан кейін//
+12 айдан кейін//
24 айдан кейін
***
Пременопаузада аналық безінің қызметінің төмендеуін мына ерте симптом арқылы айтуға болады: //
+Етеккір циклінің ұзақтығының өзгеруі//
Вазомоторлы симптомдардың пайда болуы//
Зәр шығару мүшелерінде қиындықтар туындауы//
Дене салмағының жоғарылауы//
Жүктіліктің болмауы
***
Қай гормон менопаузаның маркері болып есептеледі//
ТТГ//
+ФСГ//
Тестостерон//
Пролактин//
Эстрадиол
***
Менопаузаның бастапқы көріністерінде аналық бездегі фолликул қоры қандай://
100 000//
70 000//
50 000//
30 000//
+10 000
***
Гиперандрогения көрінісі болып табылмайды: //
Майлы себорея//
Акне//
Ұсақ тесікті тері//
Гирсутизм//
+ Бойшаңдық
***
Қай диагнозда жүктілік мүлдем мүмкін емес: //
Рокитанский-Кюстнер синдромы//
+ Тестикулярлы феминизация синдромы//
Свайер синдромы//
Шерешевский-Тернер синдромы//
Гипогонадотропты гипогонадизм
***
Емдік және контрацептивті мақсатта ҚОК қолдануды мына науқастарда шектеу керек://
Зәр шығару жүйесінің даму ақаулары//
Жоғары дене салмағы индексі//
+ Гиперпролактинемия//
Аз салмақтылық//
Созылмалы тонзиллит
***
Қыз балаларда ерте жыныстық жетілудің бір түрі ретіндегі шектелген телархе кезіндегі ең тиімді терапия әдісі: //
ҚОК-тер//
Гестагендер//
ГнРг агонистері//
Антиандрогендер//
+ Арнайы медикаментозды терапияның қажеттілігі жоқ
***
Дене салмағының индексін есептеуге қандай формула қолданылады: //
Салмағы (кг)/бойы (см) //
Салмағы (кг)/бойы (ш.см) //
Салмағы (г)/бойы (м) //
Салмағы (г)/бойы (ш.м) //
+ Салмағы (кг)/бойы (ш.м)
***
"Инсулинорезистенттілікті" қалай түсінуге болады://
Ұйқы безінде Лангерганс аралшаларының өлуі//
Инсулиннің абсолютті жетіспеушілігі//
+Өз инсулинін қабылдамаушылық//
Экзогенді инсулинге аллергиялық реакция//
Қант төмендететін препараттарға аллергиялық реакция
***
Келесінің әсерінен әйелдерде ФСГ жоғары деңгейде болады://
Бауыр қызметінің бұзылысы//
Бүйректің шығару қызметінің бұзылысы//
Бүйрекүсті безінің гиперфункциясы//
Гипофиз ісігі//
+ Аналық безі қызметінің төмендеуі
***
Аталған препараттардан инсулин сенситайзерін анықтаңыз://
Прогинова//
Дюфастон//
Фемостон 1/5//
Андрокур 10//
+Метформин
***
Орынтолтырушы гормональды терапияның комбинирленген препараттары құрамындағы гестагендер қажет://
Менопауза симптомын басуға//
Сүйек тіндерін бекітуге//
Жүрек-қантамыр жүйесін қорғауға//
+Эндометрийді қорғауға//
Сүт безі тінін қорғауға
***
Аборт кезіндегі жатыр перфорациясының оперативті емінің көлемі негізінен байланысты://
Қан жоғалту көлеміне//
Ауырсыну синдромынының айқындылығына//
+ Зақымдалу көлеміне//
Жүктілік мерзіміне//
Әйел жасына
***
Жыныстық жетілу кезеңінде эстрогендік әсердің болмауы сипатталады://
Қасаға түктенуінің болмауы//
Бойшаңдық//
Дене салмағының жоғарылығы//
+ Аменорея/ сүт бездері өсуінің болмауы//
Бойының кіші болуы
***
Созылмалы эндометритке тән://
Етеккіралды қанды бөліністер//
Етеккірден кейінгі қанды бөліністер //
Етеккіраралық (овуляторлы) қанды бөліністер //
Аменорея//
+ Аталғандардың барлығы дұрыс
***
Хламидиялы инфекцияны емдеуде қандай антибиотиктер тиімсіз? //
Доксициклин//
Эритромицин//
Сумамед//
+Ампициллин//
Тетрациклин
***
Инфекция таралуының Сазонов-Бартельс бойынша жіктелісінің үшінші этапына сәйкес емес ауру: //
+ Метротроэндометрит//
Босанудан кейінгі перитонит//
Септикалық шок//
Үдемелі тромбофлебит//
Сепсис
***
Андрогендердің жоғары деңгейіне ҚОК-тің емдік әсері: //
Эстрогендер деңгейінің төмендеуі//
Бүйрекүсті безі қызметінің төмендеуі//
Эстрогендер деңгейінің жоғарылауы//
Андроген инактивациясының жылдамдауы//
+ гипофиздің ФСГ мен ЛГ өндірілуін тежеуі
***
Қалқанша безі гипофункциясы диагнозының зертханалық дәлелдемесі болады://
Эстрогендердің төмендеуі//
Прогестеронның ұлғаюы//
АКТГ жоғарылауы//
ТТГ төмендеуі //
+ ТТГ жоғарылауы
***
«Біріншілік көтере алмаушылық» деп қай кезде айтады//
+ 2 және одан да көп өздігінен мерзімінен бұрын жүктіліктің үзілуі//
3 және одан да көп мерзімінен бұрын босану//
Анамнезінде 1 өздігінен түсік//
Анамнезінде 2 дамымаған жүктілік//
Анамнезінде 5 және одан да көп медициналық түсік
***
Эклампсияны емдеуде магний сульфатының бастапқы мөлшері: //
4 гр б/е//
1 сағат ішінде 3 гр к/т, содан соң әр 3 сағат сайын 3 гр б/е//
+ 15-20 минут ішінде 6 гр к/т, содан соң 2 гр/сағ тәулік бойы//
Әр 3 сағат сайын 8 гр б/е//
4 сағаттан соң 4 гр б/е
***
АҚК толтыру үшін бақылау қажет: //
ЖСЖ//
АҚ//
+ ОҚК (ЦВД)//
ЖШҚ (ОПС)//
Диурезді
***
Хламидиялы инфекцияны анықтаудың "алтын стандарты" болып табылады://
Микроскопия//
ИФА//
ПЦР//
+ Культуральды әдіс//
РИФ
***
Босану қызметінің дискоординациясын анықтауда мынадан басқасының барлығын теріске шығару керек://
Өте қарқынды босану қызметі//
+ Босану қызметінің әлсіздігі//
Ана жамбасы мен ұрық басының өлшемдерінің сәйкес келмеуі//
Жатырдың төменгі сегментінің гипертонусы//
Жатыр мойнының дистоциясы
***
Дексаметазонмен сынама қою кезінде бүйрекүсті безілік гиперандрогенияға зәрдің тәуліктік мөлшерінде 17-кетостероидтардың деңгейінің келесі өзгерісі тән: //
50% және одан да жоғарылауы//
10-20% жоғарылауы //
10-20% төмендеуі//
+ 50% және одан да төмендеуі//
Деңгейі өзгермейді
***
Фетоплацентарлы жүйенің босануға дайындығы негізделеді//
+ Ұрық бүйрекүсті безімен кортизол өндірудің жоғарылауы//
Ұрықта тиреотропты гормонның өндірілуінің жоғарылауы//
Плацента тінімен прогестерон өндірілуінің төмендеуі//
Плацента тінімен гистамин өндірілуінің күшеюі//
Ұрықта тиреотропты гормонның өндірілуінің төмендеуі
***
Жатыр мойны рагіне қарсы алдын алу вакцинасының әсері негізделген://
Стафилакокқа қарсы иммунитеттің өндірілуі//
+Адам папиллома вирусының 16 және 18 типіне қарсы иммунитеттің өндірілуі//
Жатыр мойны эрозиясының жазылуының жылдамдауы//
Цитомегаловирусқа қарсы иммунитеттің өндірілуі
***
Герпестік инфекцияның еміндегі патогенетикалық препарат: //
Интерферон//
+ Ацикловир//
Тетрациклин//
Иммуноглобулин//
Индинол
***
КТГ-да шапшаң осцилляция амплитудасы ұрықтың ауыр құрсақішілік зақымдалуын мына кезде көрсетеді://
+ 5-тен аз//
5-10//
10-25//
6-12//
12-25
***
Менопаузальды синдромның ауырлығы объективті бағаланады://
Салмақ бойынша//
АҚ деңгейі бойынша //
+ Купперман индексі бойынша //
Менопауза ұзақтығы бойынша//
Жатыр өлшемдері бойынша
***
Жас әйелдерде бактериальды вагиноз кезіндегі қынаптық ортаның рН көрсеткіші: //
2,5-3,0//
3.8- 4,5//
+ 5,0- 5,2//
5,5-6.0//
6,1-7,0
***
Эстроген тапшылық жағдайларда қынаптық ортаның рН қалай өзгереді: //
Жоғарылайды//
+Төмендейді//
Өзгермейді////
Сол деңгейде қалады//
Сілтіленеді
***
Овуляцияға қажет: //
Дене қызуының адекваттылығы//
+ ЛГ шыңы//
ФСГ шыңы //
Прогестеронның оптимальды деңгейі//
Жүйкелік импульс
***
УДЗ бойынша поликистозды аналық бездер синдромына тән овариальды көлемнің ұлғаюы://
5 куб см//
6 куб см//
7 куб см//
8 куб см//
+9 куб см
***
Поликистозды аналық бездер синдромы емін заманауи жағдайларда неден бастау керек://
Оперативті емнен//
Инфекция ошақтарының санациясынан//
+Салмағының төмендеуі және шылым шегуден бас тарту//
Метформинді тағайындаудан//
Диане-35 тағайындаудан
***
Поликистозды аналық бездер синдромы кезінде инсулинорезистенттілік кардинальды белгі болып табылады және байланысты: //
Цикл бұзылысымен//
+ Гиперандрогениямен//
Жоғары ЛГ//
ФСГ төмендеуімен//
Салыстырмалы гиперэстрогениямен
***
"Бос түрік ершігі" синдромына жиі қосарланады: //
Гонадалар дисгенезиясы//
Поликистозды аналық бездер синдромы//
+ Гиперпролактинемия//
Гипотиреоз//
Иценко-Кушинг ауруы
***
Науқас Т., 29 жаста, әйелдер кеңесіне бірінші рет жүктіліктің 29-30 аптасында келді. Шөлдеуге, терісінің қышуына, жиі зәр шығаруға шағымданады. Бұл екінші жүктілігі, біріншісі – 2 жыл бұрын мерзімінен бұрын 29-30 аптасында өлі ұрықпен босанумен аяқталды. Объективті: бойы 159 см, салмағы 71 кг, АҚҚ 110/70 мм.с.б.б., ІА – 96 см, ЖТБ – 29 см. Ұрықтың орналасуы ұзына бойы, басымен, кіші жамбас кіреберісі үстінде. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ырғақты, 136 рет минутына. Диагноз қойыңыз: //
Жүктіліктің 29-30 аптасы. ААА//
Жүктіліктің 29-30 аптасы. Семіздік. Ірі ұрық. ААА//
+ Жүктіліктің 29-30 аптасы. Қант диабеті. Семіздік. ААА//
Жүктіліктің 29-30 аптасы. Семіздік. ААА//
Жүктіліктің 29-30 аптасы. ААА
***
Жүкті әйел Н., 24 жаста, әйелдер кеңесіне жүктіліктің 6-7 аптасында келді. Бұл жүктілік – үшінші, алдыңғы екеуі 12-13 және 15-16 аптасында өздігінен түсікпен, жатыр қуысын қырумен аяқталған. Анамнезінен бала кезінде жиі баспамен ауырған; менархе 15 жастан, етеккірі ретсіз, 40-45 күн сайын, 3-4 күннен. Соңғы етеккірі 2,5 ай бұрын. Объективті: бойы - 168 см, салмағы - 60 кг, жоғарғы ернінде, емізікшелерінде, іштің ақ сызығында шаш өскен. Диагноз: //
Жүктіліктің 6-7 аптасы. Өздігінен түсік қаупі //
+ Жүктіліктің 6-7 аптасы. Үйреншікті көтере алмаушылық. Гирсутизм//
Жүктіліктің 6-7 аптасы. Жолдағы түсік. ААА//
Жүктіліктің 6-7 аптасы. Өздігінен түсік қаупі //
Жүктіліктің 6-7 аптасы. Басталған өздігінен түсік.
***
Алғаш босанушы А., 22 жаста, жетілген жүктілікпен және ретті толғағы басталғаннан 4 сағаттан кейін келіп түсті. Жамбас өлшемі 25-28-31-21. Ұрықтың орналасуы ұзына бойы, арқасы сол жақта, басымен, кіші жамбас кіреберісіне тірелген. Ұрықтың жүрек соғысы 136 рет минутына, анық, ырғақты. Толғағы 5-6 минут сайын 40-45 сек дейін, жақсы қарқынмен.
Р.V. Жатыр мойны жазылған, ашылуы 4 см, қағанақ қабы бүтін. Ұрық басымен, кіші жамбас кіреберісіне бекіген. Жебе тәрізді жік сол жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбегі оң жақта алдында. Мүйіске қол жетпейді. Диагноз қойып, түрін, позициясын, ұрықтың орналасуын анықтаңыз://
Жетілген жүктілік. Ұзына бойы, I позиция, алдыңғы түрі, басымен орналасқан. Прелиминарлы кезең //
+ Жетілген жүктілік. Босанудың I кезеңі, I позиция, алдыңғы түрі, басымен орналасқан//
Жетілген жүктілік. Босанудың I кезеңі. Босану қызметінің әлсіздігі//
Жетілген жүктілік. Ұзына бойы, I позиция, алдыңғы түрі, басымен орналасқан //
Жетілген жүктілік. Ұзына бойы, I позиция, алдыңғы түрі, басымен орналасқан. Босану ізашарлары
***
Алғаш жүкті болушы әйелдер кеңесіне жүктіліктің 35-36 аптасында ұрық қозғалысының белсенділігінің төмендеуіне шағымданып келді. Ұрықтың жүрек соғысы тынықталған, ырғақты, 136 рет минутына. Бұл жағдайда қай әдіс ақпаратты://
Амниоскопия//
+ Функциональды сынамаларды қолданумен кардиотахография //
Сыртқы акушерлік зерттеу әдісі //
УДЗ //
Ұрықтың ЭКГ
***
Жүкті әйелде 36 аптасында жүрген кезде қасаға аймағында ауырсыну пайда болды. Жүрісі "үйрек" тәрізді. Диагноз қойыңыз://
Мерзімінен бұрын босану қаупі//
Флебит //
Радикулит //
+ Симфизит
Қасаға буындасуының ығысуы
***
Жүктіліктің аяғында гемостазиограммада анықталады//
+ Фибриногеннің, протромбинді индекстің жоғарылауы, фибриногеннің деградация өнімдері //
Фибриногеннің, протромбинді индекстің төмендеуі, фибриногеннің деградация өнімдері//
Фибриногеннің, протромбинді индекстің төмендеуі, фибриногеннің деградация өнімдерінің жоғарылауы //
Фибриногеннің, протромбинді индекстің жоғарылауы, фибриногеннің деградация өнімдерінің төмендеуі//
Көрсеткіштер қалыпты мөлшерде
***
Жүктілік кезінде фетоплацентарлы жүйеде келесі гормондар түзіледі://
+ Эстрогендер, прогестерон, плацентарлы лактоген, эмбриональды альфа-фетопротеин//
Прогестерон, плацентарлы лактоген, эмбриональды альфа-фетопротеин//
Плацентарлы лактоген, эмбриональды альфа-фетопротеин//
Эмбриональды альфа-фетопротеин, эстрогендер, андрогендер//
Андрогендер, эстрогендер, прогестерон
***
Физиологиялық жүктілік кезінде қасаға буындасуының өзгерісі мынадан жоғары емес://
0,1-0,3 см //
0,4 - 0,6 см//
+ 0,7-0,9 см//
1,0-1,2 см //
1,3- 1,5см
***
Жүкті әйелде жүктіліктің 8-9 аптасында тәулігіне 22 рет құсу, салмағын жоғалту, гипотония, тахикардия 110 рет минутына, диурездің төмендеуі, қалдық азот пен креатининнің жоғарылауы, зәрінде ацетонның болуы (4+) анықталады. Диагноз қойыңыз://
Жүктілер құсуы, жеңіл түрі //
Бүйректік жетіспеушілік, олигурия, интоксикация//
Жүктілер құсуы, орташа дәрежесі //
+ Жүктілер құсуы, ауыр түрі //
Дұрыс жауабы жоқ
***
Қайталап жүкті болушыда жүктіліктің 28 аптасында балтырында, іштің алдыңғы қабырғасында ісік анықталады. АҚ 160/100 мм с.б.б., 170/100 мм с.б.б. Зәрінде белок - 0,66 г\л.
Диагноз қойыңыз://
Гипертониялық ауру//
Преэклампсия жеңіл дәрежесі //
+ Преэклампсия орташа дәрежесі //
Преэклампсия ауыр дәрежесі //
Созылмалы пиелонефриттің өршуі
***
Босану үйіне ессіз күйде жүкті әйел жеткізілді. Туыстарының айтуы бойынша тұмаумен ауырған, басының ауруы, аяқтарында ісік пайда болған. Таңертең құрысу болған. Жағдайы ауыр, есінен танған. АҚ 180/100 мм с.б.б., 190/100 мм с.б.б. Жүктіліктің мерзімі - 31-32 апта. Ұрық басымен орналасқан. Ұрықтың жүрек соғысы 140 рет минутына, зәрі катетор бойынша 10 мл, лайлы. Диагноз қойыңыз://
Жүктіліктің 31-32 аптасы. Тұмаудан кейінгі менингит //
Жүктіліктің 31-32 аптасы. Преэклампсия жеңіл дәрежесі //
Жүктіліктің 31-32 аптасы. Преэклампсия орташа дәрежесі //
+Жүктіліктің 31-32 аптасы. Эклампсия, кома //
Жүктіліктің 31-32 аптасы. Тұмаудың асқынуы
***
Босану үйіне К. есімді жүкті әйел, 24 жаста, жүктіліктің 39-40 аптасы. Бойы 152 см, салмағы - 60 кг. Жамбас өлшемдері: 23-25-28-17,5 см, Соловьев индексі - 15 см, ІА - 105 см, ЖТБ- 39 см. Михаэлис ромбы - 10х9 см. Ұрықтың орналасуы ұзына бойы, басымен, ұрықтың жүрек соғысы анық, ырғақты, 140 рет минутына. Басының тік өлшемі - 12 см.
Қынап арқылы қарағанда: жатыр мойны - "жетілген", басымен орналасқан, кіші жамбас кіреберісінде қозғалмалы. Диагональды конъюгата - 11,5 см. Диагноз қойыңыз://
Жүктіліктің 39-40 аптасы. Жалпы біркелкі тарылған жамбас I дәрежесі//
Күні жеткен жүктілік. Жай жалпақ жамбас//
+Жүктіліктің 39-40 аптасы. Жалпы біркелкі тарылған жамбас I дәрежесі. Ірі ұрық//
Жүктіліктің 39-40 аптасы. Жалпы біркелкі тарылған жамбас I дәрежесі. Суегіздік//
Жүктіліктің 39-40 аптасы. Ірі ұрық.
***
Қайталап жүкті болушы, жүктіліктің 37-38 аптасында жыныс жолдарынан қан кеткеннен 30 минуттан соң келіп түсті, қан жоғалту - 300,0. Анамнезінде 2 медициналық түсік, соңғысы – метроэндометритпен асқынған. Басы кіші жамбас кіреберісі үстінде қозғалмалы, ұрықтың жүрек соғысы анық, ырғақты, 140 рет минутына.
Айнамен қарағанда: жатыр мойны эрозияланған, цервикальды өзектен қанды бөліністер. Диагноз://
Жүктіліктің 39-40 аптасы. ААА. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы. Қан кету//
+ Жүктіліктің 39-40 аптасы. Плацентаның жолда орналасуы. Қан кету//
Жүктіліктің 39-40 аптасы. Жиектік синус жыртылысы, кіндік баудың қабықшалық бекуі//
Жүктіліктің 39-40 аптасы. Плацентаның жолда орналасуы //
Жүктіліктің 39-40 аптасы. ААА. Жатыр мойны эрозиясы
***
Жүкті әйел 36 жаста, ішінің кернеп ауырсынуына, жұғынды түрде қанды бөлініске шағымданады. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғысы және көзге көрінетін кілегей қабаттары бозғылт түсті. АҚҚ 90/50 мм.с.б.б. Тамыр соғысы 100 рет минутына. Аяғында ісік анықталады, зәрде белок - 1,5 г/л; жатыры жүктіліктің 35-36 аптасына сай ұлғайған, керілген, ұрық бөліктері пальпацияланбайды. Ұрық жүрек соғысы естілмейді. Диагноз://
Жүктіліктің 35-36 аптасы. Жеңіл дәрежелі преэклампсия //
Жүктіліктің 35-36 аптасы. Бала жолдасының төмен орналасуы //
+Жүктіліктің 35-36 аптасы. Орташа дәрежелі преэклампсия. Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы. Антенатальды ұрық өлімі. Геморрагиялық шок II дәрежесі//
Жүктіліктің 35-36 аптасы. Суегіздік. Антенатальды ұрық өлімі//
Жүктіліктің 35-36 аптасы. Ауыр дәрежелі преэклампсия. Антенатальды ұрық өлімі
***
Алғаш жүкті болушы 24 жаста, ішінің төменгі бөлігінің толғақ тәрізді ауырсынуына, жыныс жолдарынан қанды бөлініске шағымданып келіп түсті. Соңғы етеккірі 2,5 ай бұрын.
Қынаптық зерттеуде: Жатыр мойны ұзындығы 3 см, сыртқы ернеуі жабық. Жатыры жүктіліктің 8-9 аптасына сай ұлғайған. Жатыр қосалқылары анықталмайды. Жыныс жолдарынан қанды бөліністер, аз мөлшерде. Диагноз қойыңыз: //
Жүктіліктің 8-9 аптасы. Өздігінен түсік қаупі//
+ Жүктіліктің 8-9 аптасы. Басталған өздігінен түсік//
Жүктіліктің 8-9 аптасы. Толық емес өздігінен түсік//
Жүктіліктің 8-9 аптасы. Жолдағы түсік //
Жүктіліктің 8-9 аптасы. Дамымай қалған жүктілік.
***
Қайталап жүкті болушы, перзентханаға жүктіліктің 22-23 аптасында ішінің ауырсынуына шағымданып келіп түсті. Жатыры жүктіліктің 22-23 аптасына сай ұлғайған, қозған. Анамнезінде: жүктіліктің 31-32 аптасында мерзімінен бұрын босану және 20-21 аптада болған өздігінен түсік.
Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны ұзындығы 1,5 см, жұмсақ, цервикальды өзек 1 к/с өткізеді. Қағанақ қабы бүтін. Ұрықтың келіп тұрған бөлігі кіші жамбас кіреберісінен жоғары орналасқан. Диагноз қойыңыз: //
Жүктіліктің 22-23 аптасы. Басталған түсік. ААА//
Жүктіліктің 22-23 аптасы. Толық емес түсік//
+ Жүктіліктің 22-23 аптасы. Кеш түсік қаупі. ИЦЖ. ААА//
Жүктіліктің 22-23 аптасы. Жолдағы түсік//
Жүктіліктің 22-23 аптасы. Жүктіліктің үзілу қаупі
***
Резус теріс қан тобымен қайталап жүкті болушы, алғаш босанушыда жүктіліктің 33-34 аптасында антиденелер титрі 1:32 қатынасында анықталды. Анамнезінде: жатырдан тыс жүктілік, сол жақты тубэктомия және өздігінен ерте түсік, жатыр қуысын қырумен. Құрсақішілік ұрық жағдайын анықтау үшін қандай әдістер қолдану қажет://
+ Ұрықтың ЭКГ, ұрықты УДЗ, амниоцентез, кардиотахография
Ұрықты УДЗ, амниоцентез, ұрық қозғалысы//
Амниоцентез, кардиотахография, ұрықты УДЗ//
Кардиотахография, ұрық қозғалысы//
Ұрық қозғалысы
***
Резус теріс қан тобымен қайталап босанушыда жүктіліктің 33-34 аптасында антиденелер титрі 1:64 қатынасында анықталды. Анамнезінде: балалық шақта гемотрансфузия жасалған. Бірінші жүктілігі мерзімінен бұрын жүктіліктің 35-36 аптасында босанумен аяқталған, ұрық ауыр дәрежелі гемолитикалық аурумен туылып, 2 күннен кейін шетінеген. Зерттеу кезінде: Нв-94 г/л, УДЗ – плацента қалыңдығы 35 мм, асцит белгілері жоқ, бауыры аз мөлшерде ұлғайған, ұрықтың жүрек соғысы 130 рет/мин. Амниоцентез – билирубиннің оптикалық тығыздығы 0,30, протеин концентрациясы - 0,250 г/%.
Сіздің диагнозыңыз: //
+Жүктіліктің 35-36 аптасы. Резус-теріс қан тобы. Изосенсибилизация, антиденелер титрі 1:64. Анемия I дәрежесі. Созылмалы фетоплацентарлы жетіспеушілік. Ұрықтың гемолитикалық ауруы, орташа дәрежесі//
Жүктіліктің 35-36 аптасы. Резус-теріс қан тобы. Анемия орташа дәрежесі//
Жүктіліктің 35-36 аптасы. Резус-теріс қан тобы. Анемия орташа дәрежесі. ААА//
Жүктіліктің 35-36 аптасы. Резус-теріс қан тобы. Анемия жеңіл дәрежесі//
Жүктіліктің 35-36 аптасы. Резус-теріс қан тобы. Изосенсибилизация, антиденелер титрі 1:64. Анемия жеңіл дәрежесі. Құрсақішілік ұрық гипоксиясы
***
Науқас К., 34 жаста, әйелдер кеңесіне етеккірінің 2 айға кешігуіне шағымданып келді. Өзін жүкті санайды. Анамнезінде: 3 жасында қызамықпен ауырғаннан кейін гломерулонефритті басынан өткерген. Зәр анализінде протеинурия; микрогематурия анықталды. Бірінші жүктілігі жүктілер ісігімен өтіп, мерзімінде босанумен аяқталған. Кейін 3 медициналық түсік болған. Объективті: Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. АҚҚ 110/60, 110/65 мм.с.б.б. Ісік жоқ. Бимануальды зерттеуде: 8-9 апталық жатырлық жүктілік анықталды. Диагноз қойыңыз: //
Жүктіліктің 8-9 аптасы. Созылмалы пиелонефрит//
Жүктіліктің 8-9 аптасы. ААА//
Жүктіліктің 8-9 аптасы. Зәр-тас ауруы. ААА//
Жүктіліктің 8-9 аптасы. Созылмалы цистит өршу сатысында//
+ Жүктіліктің 8-9 аптасы. Созылмалы гломерулонефрит. ААА
***
Алғаш босанушы 22 жаста, перзентханаға күні жеткен жүктілікпен, 4 сағаттан бері ішінің толғақ тәрізді ауырсынуына шағымданып келіп түсті. Жамбас өлшемдері 25-28-31-21см. Ұрықтың орналасуы ұзына бойы, басымен, кіші жамбас кіреберісіне бекіген. Ұрық жүрек соғысы анық, ырғақты 140 рет минутына. Толғағы әрбір 5-6 минут сайын 40-45 секундтан, жақсы күште.
Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны тегістелген, жатыр мойны ашылуы 3,5 см. Қағанақ қабы бүтін. Ұрық басымен, кіші жамбас кіреберісіне бекіген. Жебе тәрізді жігі сол жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек оң жақта, алдында. Мүйіске қол жетпейді. Ұрықтың орналасуын, түрін, позициясын, келіп тұрған бөлігін анықтаңыз://
Күні жеткен жүктілік. Ұрықтың ұзына бойы орналасуы. I позиция, алдыңғы түрі, баспен келу, прелиминарлы кезең//
Күні жеткен жүктілік. Босанудың I кезеңі. Босану қызметінің әлсіздігі//
Күні жеткен жүктілік. Ұрықтың ұзына бойы орналасуы. I позиция, алдыңғы түрі, баспен келу//
Күні жеткен жүктілік. Ұрықтың ұзына бойы орналасуы. I позиция, алдыңғы түрі, баспен келу, босану ізашарлары//
+ Күні жеткен жүктілік. Ұрықтың ұзына бойы орналасуы. IІ позиция, алдыңғы түрі, баспен келу. Босанудың I кезеңі.
***
Науқас Б., әйелдер кеңесі дәрігеріне жыныс жолдарынан көп мөлшердегі бөліністерге, күйдіру сезіміне, сыртқы жыныс мүшесі аймағының қышуына шағымданады.
Гинекологиялық статус: сыртқы жыныс мүшелері дамуы қалыпты, ісінген, гиперемияланған, қасыған іздер анықталады.
Айнамен қарағанда: жатыр мойны және қынап шырышты қабаты гиперемияланған, іріңді бөліністер.
Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны цилиндр тәрізді, сыртқы ернеуі жабық. Жатыры қалыпты орналасқан, қозғалмалы, ауырсынусыз. Жатыр қосалқылары анықталмайды. Күмбезі бос, ауырсынусыз. Сіздің диагнозыңыз? //
+ Вульвовагинит//
Вульвит//
Эндоцервицит//
Бактериальды вагиноз//
Кольпит
***
Науқас Б., әйелдер кеңесіне жыныс жолдарынан көпіршікті, көп мөлшерлі, жағымсыз иісті бөліністерге, күйдіру сезіміне, сыртқы жыныс мүшесі аймағының 1 аптадан бері қышуына шағымданады. 2 апта бұрын кездейсоқ жыныстық қатынаста болған.
Гинекологиялық статус: сыртқы жыныс мүшелері қалыпты дамыған.
Айнамен қарағанда: жатыр мойны және қынап шырышты қабаты қызарған, бөліністері көпіршікті, көп мөлшерде.
Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны цилиндр тәрізді, сыртқы ернеуі жабық. Жатыры қалыпты орналасқан, қозғалмалы, ауырсынусыз. Жатыр қосалқылары анықталмайды. Күмбезі бос, ауырсынусыз. Сіздің диагнозыңыз?//
+ Вульвовагинит//
Бактериальды вагиноз//
Эндоцервицит//
Вульвит//
Трихомонадты кольпит
***
Қайталап босанушыда ретті босану қызметі басталғаннан 7 сағаттан кейін қағанақ суы кетіп, күшену басталды. Қынаптық зерттеуде: Жатыр мойны толық ашылған. Қағанақ қабы жоқ. Ұрық басы сегізкөз ойығы мен қасаға буынын алып жатыр, шонданай төмпешігі пальпацияланбайды, құйымшақ сезіледі. Сагитальды жігі сол қиғаш өлшемде, кіші еңбек оң жақта, алдында. Ұрық басы қай жерде орналасқан: //
Басы үлкен сегментімен кіші жамбас кіреберісінде//
Кіші жамбас қуысының кең бөлігінде//
+ Кіші жамбас қуысының тар бөлігінде//
Жамбас түбінде//
Кіші жамбас кіреберісінде
***
Мерзімі жеткен жүктілікпен алғаш босанушы әйелде толғағы басталғаннан 3 сағаттан кейін күшену басталды. Ұрық жүрек соғысы анық, ырғақты 136 рет/мин. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны толық ашылған. Қағанақ қабы бүтін, жарылды, ақшыл түсті қағанақ суы кетуде. Ұрық басы кіші сегментпен кіші жамбас қуысында. Жебе тәрізді жігі сол жақ қиғаш өлшемде, кіші еңбек оң жақ алда. Мүйіске қол жетпейді. Экзостоздар жоқ. Сіздің диагнозыңыз://
+Күні жеткен жүктілік. Босанудың I кезеңі. Тез босану//
Күні жеткен жүктілік. Босанудың IІ кезеңі. Тез босану//
Күні жеткен жүктілік. Босанудың ІI кезеңі. Шапшаң босану//
Күні жеткен жүктілік. Босанудың IІ кезеңі. Дискоординирленген босану әрекеті//
Күні жеткен жүктілік. Босанудың IІ кезеңі. Босану қызметінің әлсіздігі
***
Қайталап босанушы 30 жаста, жүктіліктің 38-39 аптасында ретті толғақ басталғаннан 5 сағаттан соң және қағанақ суы кеткеннен 2 сағаттан кейін келіп түсті. Ұрықтың жамбаспен келуі анықталды. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ырғақты, 136 рет/мин. Ұрықтың болжам салмағы 3000,0±200 гр. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны тегістелген, жиектері жұқарған, жатыр мойны ашылуы 8 см. Қағанақ қабы жоқ. Ұрық жамбасы келіп тұр. Мүйіске қол жетпейді. Экзостоздар жоқ. Сіздің диагнозыңыз://
Жүктіліктің 38-39 аптасы. Босанудың I кезеңі. Қағанақ суының ерте кетуі//
Жүктіліктің 38-39 аптасы. Ұрықтың жамбаспен келуі. Босанудың I кезеңі. Мерзімінен бұрын қағанақ суының кетуі. Босану қызметі әлсіздігі//
Жүктіліктің 38-39 аптасы. Ұрықтың жамбаспен келуі. Мерзімінен бұрын қағанақ суының кетуі. Аса қарқынды босану қызметі//
Жүктіліктің 38-39 аптасы. Босанудың II кезеңі. Ұрықтың жамбаспен келуі//
+Жүктіліктің 38-39 аптасы. Ұрықтың жамбаспен келуі. Босанудың I кезеңі. Қағанақ суының ерте кетуі
***
Қайталап босанушы 32 жаста, жүктіліктің 38-39 аптасында ретті толғақ басталғаннан 7 сағат және қағанақ суы кеткеннен 2 сағаттан кейін келіп түсті. Толғағы 3-4 минут сайын, 30-35 секундтан. Ұрықтың жамбаспен келуі анықталды. Ұрық жүрек соғысы анық, ырғақты, 136 рет/мин. Ұрықтың болжам салмағы 3000,0±200 гр. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны тегістелген, жиектері жұқарған. Жатыр мойны ашылуы 8 см. Қағанақ қабы жоқ. Ұрық жамбасы келіп тұр. Мүйіске қол жетпейді. Экзостоздар жоқ. Жүргізу тактикаңыз:
Акушерлік ұйқы-демалыс//
Жедел түрде кесар тілігі операциясымен босандыру//
Акушерлік қуыстық қысқыш салу//
+ Көктамырға 5 ӘБ окситоцинді 400,0 мл физиологиялық ерітіндіде енгізуді бастау. Босануды Цовьянов бойынша жүргізу//
Эпидуральды анестезия
***
Алғаш босанушы 32 жаста, жүктіліктің 38-39 аптасында ретті толғақ басталғаннан 5 сағаттан кейін келіп түсті. Толғағы 2-3 минут сайын, 40-45 сек, орташа күште. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ырғақты 136 рет/мин. Ұрықтың болжам салмағы 3200,0±200 гр. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны тегістелген, жиектері жұқарған, созылмалы. Жатыр мойны ашылуы 7 см. Қағанақ қабы бүтін. Ұрық басымен кіші жамбас кіреберісіне бекіген. Жебе тәрізді жігі оң жақ қиғаш өлшемде. Кіші еңбек сол жақта, алда. Мүйіске қол жетпейді. Босану күшін анықтаңыз: //
Аса қарқынды //
+ Жеткілікті//
Тез//
Әлсіз//
Қарқынды
***
Мерзімінде, күні жеткен ұл жынысты нәресте туылды, салмағы 3200,0 гр. Апгар шкаласы бойынша 8-9 ұпай. 10 минуттан кейін жыныс жолдарынан қанды бөліністер пайда болды, көлемі 150 мл. Бала жолдасының бөліну белгілері оң мәнді. Сіздің тактикаңыз: //
Бала жолдасын қолмен бөліп алып шығару //
+ Бала жолдасын сыртқы әдіспен шығару//
Көктамырға метилэргометрин 40%-1,0 - 20,0 глюкоза енгізу//
Көктамырға 5 ӘБ окситоцинді 400,0 мл физиологиялық ерітіндіде енгізуді бастау//
ішінің төменгі бөлігіне салқын басу
***
Алғаш босанушы 20 жаста, перзентханаға күні жеткен жүктілік мерзімімен, 5 сағаттан бері ішінің толғақ тәрізді ауырсынуына және 2 сағаттан бері қағанақ суының кетуіне шағымданып келіп түсті. Толғағы 3-4 минут сайын, 30-35 секундтан, орташа күште. Ұрық жүрек соғысы анық, ырғақты, 136 рет/мин. Қынаптық зерттеуде: Жатыр мойны ашылуы 5 см, қағанақ қабы жоқ, көз ұяшығы, мұрын түбірі, аузы және иегі сол жақта алдынан пальпацияланады. Мүйіске қол жетпейді. Экзостоздар жоқ. Сіздің диагнозыңыз://
Жүктіліктің 39-40 аптасы. Босанудың I кезеңі. Мерзімінен бұрын қағанақ суының кетуі//
Жүктіліктің 39-40 аптасы. Босанудың I кезеңі. Мерзімінен бұрын қағанақ суының кетуі. Артқы түр//
+ Жүктіліктің 39-40 аптасы. Босанудың I кезеңі. Қағанақ суының ерте кетуі. Бетпен келу//
Жүктіліктің 39-40 аптасы. Босанудың I кезеңі. Мерзімінен бұрын қағанақ суының кетуі. Босану қызметі әлсіздігі//
Жүктіліктің 39-40 аптасы. Босанудың I кезеңі. Қағанақ суының ерте кетуі. Алдыңғы төбемен келу
***
Мерзімінде күні жеткен қыз жынысты нәресте туылды, салмағы 3200,0 гр., ұзындығы 52 см. 30 минут ішінде плацентаның бөліну белгілері және жыныс жолдарынан қанды бөліністер жоқ. Сіздің диагнозыңыз://
Босанғаннан кейінгі кезеңнің қалыпты ағымы//
Жатыр қуысында бала жолдасының кідіруі//
Бала жолдасының тығыз бекуі//
Плацентаның қысылып қалуы//
+ Бала жолдасының беки өсуі
***
Мерзімінде күні жеткен қыз жынысты нәресте туылды, салмағы 4200,0, бойы 52 см. Өздігінен бала жолдасы бөлініп, шығарылды – бүтін. Кейін жыныс жолдарынан қанды бөліністер пайда болды. Қан тоқтатудың консервативті әдістері нәтижелі. Жалпы қан жоғалту 800,0. АҚҚ 90/50 мм.с.б.б. Тамыр соғысы 100 рет минутына. Гемоглобин - 90 г/л, эритроциттер 2,8*1012/л, Нt-30%. Диагноз қойыңыз://
Босанғаннан кейінгі ерте кезең. Геморрагиялық шок I сатысы//
Босанғаннан кейінгі ерте кезең. Геморрагиялық шок ІI сатысы//
Босанғаннан кейінгі ерте кезең. Геморрагиялық шок ІІI сатысы//
+ Босанғаннан кейінгі ерте кезең. Геморрагиялық шок IІ сатысы. Гипотониялық қан кету//
Босанғаннан кейінгі ерте кезең. Геморрагиялық шок IІ сатысы. Атониялық қан кету
***
Алғаш босанушы 28 жаста, перзентханаға жетілген жүктілік мерзімімен жатқызылды. Шағымы жоқ. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. АҚҚ 110/70, 110/80 мм.с.б.б. Жатыры қозбаған. Ұрықтың 3 ірі бөлігі пальпацияланады. Жамбас өлшемдері 25-28-31-20 см. УДЗ қорытындысы: Жүктіліктің 39-40 аптасы. Егіз ұрық. Екі ұрықтың жамбаспен келуі. Сіздің диагнозыңыз://
Жүктіліктің 38-39 аптасы. Егіз ұрық. Көлденең тарылған жамбас//
+ Жүктіліктің 38-39 аптасы. Егіз ұрық. Екі ұрықтың жамбаспен келуі//
Жүктіліктің 38-39 аптасы. Егіз ұрық. Жалпы бір қалыпты тарылған жамбас І дәрежесі//
Жүктіліктің 38-39 аптасы. Егіз ұрық. Созылмалы фетоплацентарлы жетіспеушілік//
Жүктіліктің 38-39 аптасы. Егіз ұрық. Босану ізашарлары
***
Алғаш босанушы 24 жаста, күні жеткен жүктілік мерзімімен, ретті босану қызметі басталғаннан 5 сағаттан кейін келіп түсті. Жамбас өлшемдері: 26-29-30-17,5 см, Михаэлис ромбы - 9х10 см, Соловьев индексі - 15 см, ІА - 98 см, ЖТБ- 32 см. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны тегістелген, жиектері орташа қалыңдықта. Жатыр мойны ашылуы 5 см. Қағанақ қабы бүтін. Кіндік бауы ілмектері төмен орналасқан. Ұрық басымен кіші жамбас кіреберісі үстінде қозғалмалы. Диагональды конъюгата - 10,5 см. Сіздің диагнозыңыз://
Жүктіліктің 39-40 аптасы. Босанудың I кезеңі. Жалпы біркелкітарылған жамбас I дәрежесі. Кіндік бауының түсуі//
+ Жүктіліктің 39-40 аптасы. Босанудың I кезеңі. Кіндік бауы ілмектерінің төмен орналасуы. Жай жалпақ жамбас II дәрежесі //
Жүктіліктің 39-40 аптасы. Босанудың I кезеңі. Жалпы біркелкітарылған жамбас IІ дәрежесі. Кіндік баудың төмен түсуі//
Жүктіліктің 39-40 аптасы. Жалпақ рахиттік жамбас. Кіндік баудың түсуі//
Жүктіліктің 39-40 аптасы. Босанудың I кезеңі. Кіндік баудың түсуі. Көлденең тарылған жамбас
***
Алғаш босанушы әйелде ретті босану қызметі басталғаннан 6 сағаттан соң күшену қызметі басталды. Ұрық жүрек соғысы анық, ырғақты 136 рет/мин. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны толық ашылған. Қағанақ қабы бүтін, амниотомия жасалды, ақшыл түсті қағанақ суы кетті. Ұрық басымен, жебе тәрізді жігі көлденең өлшемде, қасағаға жақын орналасқан. Мүйіске қол жетпейді. Экзостоздар жоқ. Ұрықтың болжам салмағы 4000,0±200,0гр. Сіздің диагнозыңыз://
Жүктіліктің 39-40 аптасы. Босанудың II кезеңі. Ірі ұрық//
Жүктіліктің 39-40 аптасы. Босанудың II кезеңі. Маңдаймен келу. Ірі ұрық//
+ Жүктіліктің 39-40 аптасы. Босанудың II кезеңі. Алдыңғы төбемен келу. Ірі ұрық//
Жүктіліктің 39-40 аптасы. Босанудың II кезеңі. Алдыңғы асинклитизм. Ірі ұрық//
Жүктіліктің 39-40 аптасы. Босанудың II кезеңі. Артқы асинклитизм. Ірі ұрық
***
Жетілген жүктілік мерзімімен босанушыда босанудың ІІ кезеңінде кенеттен ентігу, акроцианоз, көбікті қақырықты жөтел, өкпеде түрлі калибрлі ылғалды сырылдар пайда болды. Анамнезінде: кардиологпен қаралған, диагноз қойылды "Ревматизм, белсенді емес кезеңі. Митральды қақпақша стенозы". Күшену 1-2 минут сайын, 50-55 секундтан. Ұрықтың орналасуы ұзына бойы, басымен кіші жамбас қуысында. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ырғақты, 170 рет/мин.Сіздің диагнозыңыз://
Күні жетілген жүктілік. Босанудың II кезеңі. Митральды стеноз. Өкпенің шеменалды кезеңі//
Күні жетілген жүктілік. Босанудың II кезеңі. Митральды стеноз. Қанайналыс жеткіліксіздігі IIА//
Күні жетілген жүктілік. Босанудың II кезеңі. Митральды стеноз. Қанайналыс жеткіліксіздігі І. Ұрық гипоксиясы//
+ Күні жетілген жүктілік. Босанудың II кезеңі. Митральды қақпақша стенозы. Өкпе шемені//
Күні жетілген жүктілік. Митральды қақпақша стенозы. ТЖ ІІ дәрежесі.
***
Қалыпты жамбас өлшемімен және ұрық салмағы орташа алғаш босанушыда жатыр мойнының толық ашылуы кезінде сагитальді жігі кіші жамбас кіреберісінде көлденең өлшемде орналасқаны анықталды. Үлкен еңбек-оң жақта, кіші еңбек-сол жағында, үлкен еңбекпен бір деңгейде. Ұрық басының қондырылуын анықтаңыз://
шүйдемен келгендегі алдыңғы көрінісі//
шүйдемен келгендегі артқы көрінісі//
+ алдыңғы төбемен келуі //
маңдаймен келуі//
бетпен келуі
***
Жүкті әйел К. 25 жаста, күні жеткен жүктілікпен, қалыпты жамбас өлшемімен ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуына, зәр шығарудың жиілеуіне, кілегейлі тығын кетуіне шағымданып келіп түсті. ІА-100 см, ЖТБ-35 см. Ұрық орналасуы ұзына бойы, басымен, кіші жамбас кіреберісіне бекіген. Ұрық жүрек соғысы анық, ырғақты 136 рет/мин. Жатыры қозған. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны "жетілген", цервикальды өзек 1 к/с өткізеді. Қағанақ қабы бүтін, ұрық басымен кіші жамбас кіреберісіне бекіген. Мүйіске қол жетпейді. Диагноз қойыңыз://
Күні жеткен жүктілік. Босанудың I кезеңі//
Күні жеткен жүктілік. Прелиминарлы кезең//
Күні жеткен жүктілік. Патологиялық прелиминарлы кезең//
+ Күні жеткен жүктілік. Босану ізашары//
Күні жеткен жүктілік. Босанудың II кезеңі
***
Босанушыда салмағы 4350,0 баланы босанғаннан кейін жыныс жолдарынан қан кету басталды. Бала жолдасының бөліну белгілері оң мәнді. Бала жолдасы Креде-Лазаревич бойынша бөлінді, ақау жоқ. Жатыры тығыз. Қан кету 300,0 мл және жалғасуда. Жатыр мойнын айнамен қарау кезінде сол жақта жатыр мойнының жыртылысы, оның күмбезге дейін жетуі анықталды. Диагноз қойыңыз://
Бала жолдасының бөліну кезеңіндегі және ерте босанудан кейінгі қан кету. Жатыр мойны жыртылысы ІІ дәрежесі//
+Мерзімінде ірі ұрықпен босану. Бала жолдасының бөліну кезеңіндегі және ерте босанудан кейінгі қан кету. Жатыр мойны жыртылысы ІІІ дәрежесі //
Босанғаннан кейінгі ерте кезеңде атониялық қан кету//
Мерзімінде босану. Жатыр мойны жыртылысы І дәрежесі//
Мерзімінде босану. Гипотониялық қан кету
***
Науқас К, 35 жаста, жүктіліктің 36-37 аптасында ретті толғақ басталғаннан 7 сағат және қағанақ суы кеткеннен 10 сағаттан кейін келіп түсті. Қарағанда: дене температурасы 36,7ºС. Ұрық көлденең орналасқан, ұрық жатырмен тығыз қамтылған. Ұрықтың жүрек соғысы естілмейді. Толғағы 2-3 минут сайын, 40 секундтан, жақсы күште. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны толық ашылған, қағанақ қабы жоқ, қынапта ұрық қолы, иығы анықталады. Диагноз қойыңыз://
Жүктіліктің 36-37 аптасы. Қағанақ суының ерте кетуі. Босану қызметі әлсіздігі. Ұрықтың көлденең орналасуы. Интранатальды ұрық өлімі//
Жүктіліктің 36-37 аптасы. Қағанақ суының ерте кетуі. Босану қызметі әлсіздігі. Ұрықтың көлденең орналасуы. Ұрық қолының түсуі. Антенатальды ұрық өлімі//
+ Жүктіліктің 36-37 аптасы. Мерзімінен бұрын қағанақ суының кетуі. Босанудың ІІ кезеңі. Ұрықтың көлденең орналасуы. Ұрық қолының түсуі. Интранатальды ұрық өлімі//
Жүктіліктің 36-37 аптасы. Қағанақ суының ерте кетуі. Ұрық қолының түсуі. Антенатальды ұрық өлімі//
Жүктіліктің 36-37 аптасы. Қағанақ суының ерте кетуі. Босанудың ІІ кезеңі. Ұрық қолының түсуі.
***
Диферелин депо препаратының ұзақ уақыт қолданылуының тағайындау ережесі: //
3 ай//
+ 6 ай//
9 ай//
12 ай//
15 ай
***
Көлемі жүктіліктің 8 аптасына сәйкес келетін жатыр миомасы және пременопаузальды жастағы әйелдердегі гениталді эндометриозда таңдаулы препарат болып табылады://
Екінші фазада гестагендер//
+ ЖІС "Мирена"//
Контрацептивті режимде гестагендер//
Монофазалы КОКтар//
Орынбасушы гормоналды ем
***
Сыртқы генитальды эндометриозды анықтау әдістерінің "алтын стандарты" болып табылады://
УДЗ//
Компьютерлі томография//
МРТ//
+ Лапароскопия//
Допплерография
***
Біріншілік дисменореяның негізгі себебі болып табылады://
Гипоэстрогения//
Гиперэстрогения//
Лютеинді фазаның жетіспеушілігі//
Миометрий гипертонусы//
+ Гиперпростагландинемия
***
Периовуляторлы фолликул көлемі тең://
10-12 мм//
12-14 мм//
14-16 мм//
16-18 мм//
+18-20 мм
***
Овуляцияны үстемелдеуде қолданылатын кломифен препаратының әсер ету механизмі қандай әсерге негізделген://
Эстрогендік әсер//
+Антиэстрогендік әсер//
Антиандрогендік әсер//
Прогестерондық әсер//
Антиальдостерондық әсер
***
ЭКҰ кезінде гидросальпинкс/сактосальпинксты алып тастау қажет, бұл келесіге байланысты://
Қабыну процесінің өршу мүмкіндігіне//
+Құрамының эмбриотоксикалық әсеріне//
Овуляция үстемелдеуіне сактосальпикстің әсеріне//
Гормональды фонның өзгеруіне//
Жүктілікті ерте мерзімде үзуіне
***
Юспе әдісі дегеніміз не?
ЖІС енгізу//
Жыныстық қатынастан кейін 1 сағат ішінде постинор қабылдау//
12 сағаттық интервалмен постинордың 2 дозасын қабылдау//
+12 сағаттық интервалмен ҚОК-ті 2 рет қабылдау//
Жыныстық қатынастан кейін спермицид қолдану
***
Біріншілік аменорея себебін анықтаудағы минимальды зерттеу көлемі://
Эстрогендер, прогестерон, пролактин, кариотип//
Эстрогендер, прогестерон, пролактин, сүйек жасы//
Кариотип, ФСГ, пролактин, эстрогендер//
+ФСГ, кариотип//
Кариотип, эстрогендер
***
ФСГ деңгейінің жоғарылығы келесі бөлімнің зақымдалуын көрсетеді://
Жатыр//
+Гонадалар//
Гипофиз//
Гипоталамус//
Бас ми қыртысы
***
Келесі симптомның пайда болуы гипофиз макроаденомасын оперативті емдеуге көрсеткіш болып табылады://
Иіс сезімі бұзылысында//
Дәм сезімі бұзылысында//
Есту сезімі бұзылысында//
+Көру алаңы бұзылысында//
Көз өткірлігінің бұзылысында
***
Келесі контрацепция түрін гиперпролактинемиясы бар әйелдерде қолдануға болмайды://
Барьерлік//
Химиялық//
+ҚОК//
Ерікті хирургиялық стерлизация//
Үзілген жыныстық қатынас
***
Науқасқа ескерту қажет, депо-провера препаратын қолданғаннан кейін фертильдік қалыптасады://
Бірден бас тартқаннан кейін//
2 айдан кейін//
6 айдан кейін//
+9-12 айдан кейін//
2 жылдан кейін
***
Біріншілік гипотиреозда келесінің деңгейінің жоғарылауын терістеу қажет://
ФСГ//
ЛГ//
АКТГ//
Эстрогендер//
+Пролактин
***
Гиперпролактинемияға келесінің төмендеуі тән://
Тестестерон//
+ФСГ және ЛГ//
ТТГ//
АКТГ//
Инсулин
***
Адам организмінде пролактин өндірілу деңгейі реттеледі://
Эстрогендер//
Прогестерондар//
ЛГ//
+Дофамин//
ФСГ
***
Диферелин-депо қолданғаннан кейін етеккірдің қалыптасуы жүреді://
2 аптадан кейін//
30 күннен кейін//
45 күннен кейін//
+56 күннен кейін//
80 күннен кейін
***
Қазіргі уақытта жасөспірімдерде жатыр қуысын қыруға және гистероскопия жүргізуге қосымша көрсеткіш ретінде ұсынылады:
Көлемді жатырдан қан кетуде//
Жүктілікке күманданғанда//
Гормональды гемостаз нәтижесіздігі//
+Қайталамалы жұғынды түрде қанды бөліністе//
УДЗ бойынша эндометрий гиперплазиясында
***
Жүктілік кезінде резус-сенсибилизация қаупін жоғарылатпайды:
Босандыру тәсілі//
Жүктілік кезіндегі қан кету//
Қалыпты орналасқан плацентаның уақытынан бұрын ажырауы//
+Ана жасы//
Босану паритеті
***
Нәрестеде өмірінің бірінші күнінде сарғаю дамуы келесінің концентрациясының жоғарылауына байланысты://
Тікелей билирубин//
+Тікелей емес билирубин//
АсТ//
АлТ//
Сілтілі фосфатаза
***
Жүктілік кезінде қынаптық жұғындыда кездесетін клеткалардың басым түрі://
Беткей қабыршақтанатын//
+Аралық//
Базальды//
Парабазальды//
Беткей мүйізделмейтін
***
Ұрықтың алкогольды синдромына төменде аталғандардың барлығы кіреді, біреуінен басқа://
Орталық жүйке жүйесінің даму ақаулары//
Құрсақішілік ұрықтың даму кідірісі//
+Ірі ұрыққа тенденция//
Бет сүйегі дисморфозы//
Ұрықтың көптеген даму ақаулары
***
Жалпыбірқалыпты тарылған жамбасқа тән://
Дұрыс пішін//
Жұқарған сүйек//
+Барлық өлшемдердің бірқалыпты тарылуы//
Қасағаастылық өткір бұрыш//
Соловьев индексінің жоғарлауы
***
Төменде көрсетілген өлшеммен шынайы конъюгатаны анықтауға болмайды://
Сыртқы конъюгата//
+Соловьев индексі//
Диагональды конъюгата//
Михаэлис ромбасы ұзындығы//
Франк өлшемі
***
Қандай жамбас өлшемдері 18,5-20,0 см тең://
Шынайы конъюгата//
Диагональды конъюгата//
+Сыртқы конъюгата//
Бүйірлік конъюгата//
Қиғаш конъюгата
***
Ұрық бөліктерінің бір-біріне қатынасы - бұл://
Қалпы//
Позициясы //
Түрі//
+Мүшелік орналасуы//
Қондырылуы
***
Тармағы жатыр артериясы болып табылады://
Қолқа//
Жалпы мықын артериясы//
Сыртқы мықын артериясы//
+Ішкі мықын артериясы//
Мықын-бел артериясы
***
Босанғаннан кейінгі жатырды қолмен тексеруге көрсеткіш болып табылады://
Қан кету жоғарылауы//
Жатыр мойнының ІІІ дәрежелі жыртылысы//
Плацента бүтіндігіне күмән//
Жатыр атониясы//
Аталған жауаптардың барлығы
***
Түтікті жүктіліктің түтікті түсік түрінде үзілуі жиі келесі мерзімде болады://
11-12 апта//
9-10 апта//
+7-8 апта//
4-6 апта//
31-32 апта
***
Жатырішілік контрацепцияны қолдануға қарсы көрсеткіш болып табылады://
Жалған эрозия//
+Жыныс мүшелерінің қабыну аурулары//
Анамнезінде гонорея//
Өт-тас ауруы//
Варикозды ауру
***
ʺҚарашықʺ феномені анықталады://
Жүктілердегі жедел іште//
Жүктіліктің үзілу қаупінде//
Миоматозды түйіннің қоректену бұзылысында//
+Овуляция//
Жүктіліктің ерте мерзімінде
***
Ұзақ оральды контрацепцияны қолданғаннан кейін бақылау қажет://
Сүйек жүйесі//
Бауыр қызметі//
Жүйке жүйесі//
Бүйрек қызметі//
Көмірсу алмасуы
***
Босанушыда күшену 1-2 минут сайын, 55 секундке дейін, жақсы күште. Ұрық жүрек соғысы тынықталған, 110 рет/мин. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны ашылуы толық. Қағанақ қабы жоқ. Ұрық басымен, жамбас түбінде, жебе тәрізді жігі кіші жамбас шығаберісінде тік өлшемде, кіші еңбек қасаға астында. Дәрігер тактикасы://
Ұрықтың вакуум-экстракциясы//
Босануды күшейтуге окситоцин енгізуді бастау//
+Шығаберіс акушерлік қысқаш салу//
Қуыстық акушерлік қысқаш салу//
Шұғыл кесір тілігін жасау
***
Қайталап босанушы жүктіліктің 42 аптасында босануда 6 сағат, сусыз кезең 10 сағат. Акушерлік статус: ІА-110 см, ЖТБ-39 см. Ұрық орналасуы ұзына бойы, басымен, кіші жамбас кіреберісіне бекіген. Ұрық жүрек соғысы 140 рет/мин. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны жазылған. Жатыр мойны ашылуы - 2 см, қағанақ қабы жоқ. Ұрық басымен кіші жамбас кіреберісіне тірелген. Мүйіске қол жетпейді. Сіздің диагноз://
Жүктіліктің 42 аптасы. Босанудың І кезеңі. Ірі ұрық//
+Жүктіліктің 42 аптасы. Босанудың І кезеңі. Босануға дейін қағанақ қабы жарылуы. Босану қызметінің біріншілік әлсіздігі. Ірі ұрық//
Жүктіліктің 42 аптасы. Босануға дейін қағанақ қабы жарылуы. Босанудың І кезеңі. Ірі ұрық//
Жүктіліктің 42 аптасы. Қағанақ қабының ерте жарылуы. Босанудың І кезеңі. Ірі ұрық//
Жүктіліктің 42 аптасы. Босанудың І кезеңі. Қағанақ қабының ерте жарылуы. Босану қызметінің екіншілік әлсіздігі. Ірі ұрық
***
Әйел 20 жаста, әйелдер кеңесіне етекккірінің 2 айға кешігуіне шағымданып қаралды. Анамнезінде: 13 жаста ревматизммен ауырған, 18 жасқа дейін диспансерлік есепте тұрған. Соңғы 5 ай бұрын бастан кешірген баспадан соң ревматизм өршуі болған, стационарда ем алған. Объективті: тері жамылғысы мен көзге көрінетін кілегей қабаттары бозғылт түсті. АҚҚ 90/50 мм.с.б.б. Тамыр соғысы 90 рет минутына. Жүрек ұшы аускультациясында дөрекі систолиялық шу естіледі. Бимануальды зерттеуде: жатыры 6-7 аптаға сай ұлғайған, жұмсақ, ауырсынусыз. Диагноз қойыңыз?//
Жүктіліктің 6-7 аптасы. Ревматизм, белсенді фаза//
Жүктіліктің 6-7 аптасы. Туа пайда болған жүрек ақауы//
Жүктіліктің 6-7 аптасы. Ревматизм, Ревмокардит//
Жүктіліктің 6-7 аптасы. Ревматизм, белсенді фаза. Жүрек жетіспеушілігі//
+Жүктіліктің 6-7 аптасы. Митральды клапан жетіспеушілігі
***
Науқас 51 жаста, жиі ыстық лепке, бас ауруына, жүрек аймағының ауырсынуына шағымданады. Анамнезінде: гипертониялық ауру. Соңғы етеккірі 2 жыл бұрын болған. АҚҚ 140/80 мм.с.б.б. Гинекологиялық зерттеуде: патология анықталған жоқ. Сіздің диагноз://
Кардиальды тип бойынша НЦД//
Климактериялық синдром//
Гипертониялық тип бойынша НЦД//
Пременопауза//
Постменопауза
***
10 жастағы қыз балада екіншілік жыныстық даму белгілері мен жыныс жолдарынан бір ретті қанды бөлініс пайда болды. Қарағанда: сүт бездерінің ұлғаюы, қасаға және қолтық түктенуі анықталды. Кіші жамбас мүшелерінің УДЗ-де сол жақ қосалқылары жасына сай, оң жақ аналық безінде көлемі 5х4см, құрамы гипоэхогенді түзіліс анықталады. Сіздің диагноз://
Орталық генезді мерзімінен бұрын жыныстық жетілу//
+Аналық безінің гормонөндіруші ісігі//
Адреногенитальды синдром//
Оң жақ аналық безінің эндометриоидты кистасы//
Оң жақ аналық безінің дермоидты кистасы
***
Науқас Н. 31 жаста, ішінің төменгі бөлігінің толғақ тәрізді ауырсынуына, дене қызуының 39 °С дейін жоғарылауына, қалтырауға, құсуға шағымданып гинекология бөліміне түсті. Анамнезінде: мерзімінде босану-2, медициналық түсік-3. ЖІС-6 жыл. Объективті: Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғысы және көзге көрінетін кілегей қабаты бозғылт түсті. АҚҚ 90/60 мм.с.б.б. Тамыр соғысы 110 рет минутына. Дене қызуы 39 °С. Тілі құрғақ. Іші үрілген, төменгі бөлігі ауырсынады. OS: жатыр мойны таза, бөліністері іріңді, ЖІС жібі анықталды. PV: жатыр мойны цилиндрлі, сыртқы ернеуі жабық, жатыр көлемі қалыпты, тығыз, ауырсынумен. Жатырдың оң жағында анық емес контурлы, біртекті емес консистенциялы, шамамен көлемдері 10*15*6 см, ауырсынумен, қозғалысы шектелген түзіліс анықталады. Сол жақты қосалқылары 2 көлденең саусаққа дейін қалыңдаған, пальпацияда күрт ауырсынумен. Күмбезі инфильтрацияланған, ауырсынумен. Сіздің диагноз://
Жедел пельвиоперитонит//
Жедел параметрит//
Жедел метроэндометрит, жайылмалы перитонит//
ЖІС фонында жедел метроэндометрит, созылмалы оң жақты аднекситтің өршуі//
+ЖІС фонында жедел метроэндометрит, оң жақты тубоовариальды түзіліс, преперфоративті бөлініс
***
Науқас М., 28 жаста, етеккірінің 14 күнге кідіруінде, ішінің төменгі бөлігінің толғақ тәрізді ауырсынуына және жыныс жолдарынан қою-қанды бөліністерге шағымданып келіп түсті. Анамнезінде: жүктілік-5, оның ішінде мерзімінде босану-1, медициналық түсік-4, соңғысы эндометритпен асқынған. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. АҚҚ 110/70 мм.с.б.б. Тамыр соғысы 78 рет/мин. OS: жатыр мойны және қынап шырышты қабаты цианозды, қою қанды бөліністер. PV: жатыры қалыптыдан бірнеше есе ұлғайған, қозғалмалы, ауырсынусыз. Сол жақты жатыр қосалқылары аймағында көлемі 3*5см түзіліс анықталады, қамыр тәрізді консистенциялы, ауырсынумен. Оң жақты жатыр қосалқылары анықталмайды. Артқы күмбез қалыңдаған, ауырсынумен. Сіздің диагноз://
Өздігінен басталған түсік//
+Жатырдан тыс жүктілік//
Сол жақты аднексит//
Сол жақты аналық безі кистасы//
Жолдағы түсік
***
Науқас 20 жаста, етеккір циклының 13-күнінде ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуына шағымданып гинекология бөліміне келіп түсті. АҚҚ 100/60мм.с.б.б. Тамыр соғысы 90 рет/ мин. Тері жамылғысы бозғылт түсті. Іші жұмсақ, пальпацияда төменгі бөлігі ауырсынады. Ішперде тітіркену симптомы теріс мәнді. Айнамен қарағанда: жатыр мойны таза, бөліністері - шырышты, аз мөлшерде. PV: жатыр көлемі қалыпты, жатыр қосалқылары ауырсынуға және алдыңғы іш қабырғасы керілуіне байланысты анықталмайды, күмбезі терең, ауырсынумен. Сіздің диагноз?//
Жатырдан тыс жүктілік//
+Аналық без апоплексиясы//
Етеккір циклы бұзылысы//
Аппендицит//
Пельвиоперитонит
***
Науқас М., 33 жаста, кезеңді түрде тері қышуы болады, етеккірге дейін 1 апта бұрын беті мен аяқ-қолының ісінуі анықталды. Етеккір қызметі бұзылмаған. Анамнезінде 1 медициналық түсік. Гинекологиялық зерттеуде: патология анықталған жоқ. Сіздің диагноз://
Климактериялық синдром//
Етеккіралды синдромы//
Аллергиялық дерматит//
Созылмалы пиелонефрит//
Вегетотамырлық бұзылыс
***
Бактериальды вагиноз - бұл://
Қабыну, анаэробты флора тудырады//
Қабыну, аэробты бактериялар тудырады//
Қабыну, анаэробты-аэробты бактерия тудырады//
Қабыну, аэробты хламедия араласуымен туындайды//
+Дисбиотикалық процесс
***
Амбулаторлық жағдайда овуляция күні анықталады://
Жатыр қуысындағы сұйықтықты сорумен//
Базальды температураны өлшеу//
Гистероскопия//
Кольпоскопия//
+Кольпоцитология
***
Организмнің босануға дайындығын анықтауда ең ақпаратты әдіс://
УДЗ//
Кольпоцитология//
Окситоцинді тест, маммарлы тест//
+Жатыр мойны жетілгендігін анықтау//
Барлық жауабы дұрыс
***
Ауыр преэклампсияда қолайсыз жағдайды қандай лабораторлық тесттер көрсетеді://
Hb<100г/л//
+Тромбоциттер <100000//
АсТ>50г/л//
Протеинурия >0,01//
Дұрыс жауабы жоқ
***
Босанғаннан кейінгі кезеңде жедел аппендицит симптомына төменде аталғандардың барлығы жатады, тек біреуінен басқа://
Қызба//
Ішінің ауруы//
Жатыр инволюциясы кідірісі//
Жағымсыз иісті лохия//
Пальпацияда ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуы
***
Босанғаннан кейінгі кезеңде жатыр инволюциясының тоқтау белгілері, жатыр түбі биіктігінің төмендеуімен көрінеді://
Күніне 0,5 см//
+Күніне 1 см аз//
Күніне 2 см аз//
Күніне 3 см аз//
Күніне 5 см аз//
***
Кесар тілігі кезінде іріңді-септикалық асқынудың алдын-алу мақсатында антибиотик енгізуді бастайды://
Ұрықты алғанға дейін//
Кіндік бауды қысқаннан кейін//
Жатырдағы тілікті тігуде//
Операциядан кейін 6 сағаттан соң//
Операциядан кейін 12-24 сағаттан соң
***
Босануда УДЗ-ді жүргізуге көрсеткіш://
Босану қарқынын анықтау//
Интранатальды ұрық гипоксиясы//
Плацентаның төмен орналасуы//
+Мерзімінен бұрын плацентаның ажырауы//
Ұрықтың дистресс синдромы
***
Партограммада босану актысын келесі параметр көрсетеді, біреуінен басқа://
Толғаққа сипаттама//
Ұрық жағдайы//
Қағанақ суына сипаттама//
Босанудың І кезеңі ұзақтығы//
Босанудың ІІ кезеңі ұзақтығы
***
Үйреншікті түсік төменде аталғандардың барлығында болуы мүмкін, біреуінен басқа://
ИЦЖ//
Гормональды бұзылыстар//
Хромосома абберациялар//
Субсерозды жатыр миомасы//
Екімүйізді жатыр
***
Босануды жансыздандыруда қолданылады://
Седативті дәрілер//
Транквилизаторлар//
Наркотиктер//
Анальгетиктер//
+Барлық аталғандар
***
Жүктілікті ары қарай сақтау да, жүктілікті үзу де әйел өміріне бірдей қауіп тудыратын жүрек ақауы://
Митральды қақпақша жетіспеушілігі//
Митральды стеноз//
Фалло тетрадасы//
Аортальды ақау//
Қарыншаар алық ақау
***
Қандай гормон плацента қызметін сипаттайды?//
+Плацентарлы лактоген (ПЛ), хориондық гонадотропин (ХГ)//
Эстриол, эстрадиол//
Прогестерон//
АКТГ//
Барлық жауабы дұрыс
***
ИЦЖ кезінде хирургиялық коррекция жүргізуге ең ыңғайлы жүктілік мерзімі?//
8-11 апта//
12-16 апта//
18-22 апта//
24-26 апта//
27-28 апта
***
Дамымаған жүктіліктің клиникалық көрінісіне қандай симптом жатпайды?//
+Жатыр көлемі ұлғаюы//
Жатыр көлемі азаюы//
Ауырсыну болмауы//
Жұғынды түрде қанды бөлініс//
Цервикальды өзектің ашылмауы
***
Жүктіліктің І триместрінде жүктілікті жасанды жолмен үзуден кейін келесі асқынулар туындауы мүмкін, біреуінен басқасы?//
Жатыр мойны жыртылысы//
Жатыр перфорациясы//
Плацентарлық полип//
Эндометрит//
+Жатыр жыртылысы
***
Пубертатты кезең - бұл//
Биологиялық жыныстық жетілу кезеңі//
Организмде аналық безінің белсенетін кезеңі//
Қыз балалардың жыныстық және соматикалық тез дамитын кезеңі//
Дененің белгілі бір бөлігінде түктену жүретін жас//
Барлық аталғандар
***
Қалыптаспаған ІІ дәрежелі аралық жыртылысында келесі асқыну түрі дамуы мүмкін://
Жатыр, қынап түсуі//
Нәжіс және желді ұстай алмау//
Диспареуния//
Етеккір циклі бұзылысы//Барлық аталғандар дұрыс емес
***
Преэклампсия емі бағытталады://
Микроциркуляцияны тұрақтандыруға
Гемодинамиканы тұрақтандыруға
+Гиповолемияны жоюға
Гипопротеинемияны жоюға Барлық аталғандар
***
Эклампсияны ажырату қажет://
Эпилепсия//
Гипертониялық ауру//
Ми шемені//
Инсульт//
Барлық аталғандар
***
Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауында клиникалық көрінісі байланысты болады://
Плацента беткейінің ажырау көлеміне//
Гемостаз жүйесінің жағдайына//
Фондық патология ауырлығына//
+Барлық аталғандар//
Аталғандардың барлығы дұрыс емес
***
Бала жолдасының төмен оналасуы деп, жүктіліктің ІІІ жартысында жүргізілген УДЗ-де төменгі жиегі ішкі ернеуге жетпесе://
+3-4 см//
5-6 см//
7-8 см//
9-10 см//
11-12 см
***
Жүктілерде жыныс мүшесінің саңырауқұлақпен зақымдалуы жиі келесінің зақымдалуымен байланысады://
Бауыр//
Жүрек//
+Зәр шығару жолдары//
Ішек//
Буын
***
Анасында ЦМВ инфекциясы болған жағдайда ұрық пен жаңа туған нәрестеге берілудің мүмкін жолы//
+ Трансплацентарлы//
Босану кезінде ұрықтың табиғи босану жолдары арқылы өтуінде//
Ана сүтімен қоректендіру//
Ауалы-тамшылы//
Барлық жауап дұрыс
***
Жүрек ауруларымен жүкті әйелдерде басталған декомпенсацияның алғашқы белгілері//
Айқын демікпе//
Жөтел//
Ылғалды сырыл//
Тахикардия//
+барлық жауап дұрыс
***
Жүктілік кезінде ревматизмнің өршуінің критикалық мерзімдерінің болуы байланысты//
Ұрықтың өсуіне//
Жүрекке күш түсуінің жоғарылауы//
+Гиперволемияның дамуы//
Анемияның дамуы//
Дұрыс жауабы жоқ
***
Оң мәнді Вастен белгісі көрсетеді//
+Ұрық басының анасының жамбас өлшемдеріне сәйкес келмеуінің белгісін//
Жатырдың жыртылу қаупін//
Ірі ұрықтың болуын//
Аталғандардың барлығы дұрыс//
Аталғандардың барлығы дұрыс емес
***
Жамбастың тарылу дәрежесі, негізінен, сәйкес мына өлшемнің кішіреюімен анықталады//
Анатомиялық конъюгата//
+Шынайы конъгата//
Бел-сегізкөз ромбысының горизонтальды диагоналы//
Жатыр түбінің биіктігі
Соловьев индексі
***
Анатомиялық тар деп есептеледі//
Барлық өлшемдері 0,5-1 см кішірейген//
Кемінде бір өлшемінің 0,5-1 см кішіреюі //
Барлық өлшемдері 1,5-2 см кішірейген//
+Кемінде бір өлшемі 1,5-2 см кішірейген//
Ешқайсысы дұрыс емес
***
Күні асқан жүктілік сипатталады//
Плацентадағы патологиялық өзгерістермен//
Плацентаның қызметінің бұзылысымен//
Плацентаның кеш жетілуімен//
Қағанақ суының мөлшерінің азаюымен//
+Барлық аталғандар дұрыс
***
Жаңа туған нәрестелердің гемолитикалық ауруын диагностикалау үшін қанда анықтайды//
Гемоглобин және эритроцит мөлшері//
Билирубиннің сағаттық өсуі//
Қан тобы//
Қанның резус сәйкестігі//
+Барлық аталғандар
***
Резус қайшылықтың пайда болу шарттары//
Резус-теріс анада резус-оң ұрықтың болуы//
Анасының резус-факторға сенсибилизациясы//
Анамнезінде сәйкес емес қан құюдың болуы//
Анамнезінде түсіктер//
+Аталғандардың барлығы дұрыс
***
Жүктілік кезінде жатырдың ұлғаюы мына себепке байланысты//
+Жатырдың бұлшықет талшықтарының гипертрофиясы//
Жатырдың бұлшықет талшықтарының гиперплазиясы//
Жатыр қабырғаларының өскен ұрықпен бірге созылуы//
Дұрысы жоқ//
Барлығы дұрыс
***
Екі фазалы етеккір циклы кезінде базальды температураның І және ІІ фазадағы айырмашылығы//
0,2-0,3°С//
+0,4-0,6°С//
0,7-0,8°С//
0,9-1,5°С//
Аталғандардың ешқайсысы дұрыс емес
***
Ана организмі мен ұрық байланысады//
+плацента арқылы//
Жатыр қабырғасындағы барорецепторлар арқылы//
Ұрықтың қағанақ қабықшасы арқылы//
Жатырдың децидуальды қабықшасы арқылы//
Аталғандардың барлығы
***
Науқас 28 жаста, етеккірдің сиректігі мен жүктіліктің болмауына шағымданады. Балалық шағында қызылша, паротит, жиі баспа болған. Менархе 13 жастан, осы уақытқа дейін реттелмеген, ретсіз келеді 30-45-65 күн сайын, ұзақтығы 1-2 күннен, аз мөлшерде, ауырсынусыз. Тұрмыс құрғанына 4 жыл, жыныстық қатынасы тұрақты. Күйеуі тексерілген – дені сау. Объективті: бойы - 160 см, салмағы 70 кг, иегінде, емізік айналасында, іштің ақ сызығы бойында түктенген. Сыртқы жыныс мүшелері дұрыс дамыған. Айнамен қарағанда: қынаптың шырышты қабаты және жатыр мойны таза. Қынап арқылы: жатыр мойны конус пішінді, сыртқы ернеуі жабық. Жатыр денесі дұрыс қалыпта, көлемі кішкентай. Қосалқылар аймағында екі жақты тығыз түзіліс анықталады, көлемі 5,0х3,5х3,5 және 4,5х2,0х2,0 см. Диагноз қойыңыз: //
+Аналық без поликистозы//
Аналық бездің екі жақты кистасы//
Етеккір циклының бұзылысы//
Созылмалы сальпиноофорит, жеделдеу ағымы//
Созылмалы эндометрит
***
Гинекологиялық бөлімшеге 50 жасар науқас ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуына, әлсіздікке, дене қызуының кешке қарай жоғарылауына,іш қатуға бейім болуына шағымданады. Бір жыл бұрын аналық безінің кистасына операция жасаудан бас тартқан. Іш қуысын қарағанда бос сұйықтық анықталды. PV: кіші жамбас қуысында біркелкі емес, қозғалмайтын, көлемі 15х12х14 см болатын түзіліс анықталады. Диагнозыныз: //
Асқазан рагі//
Тубоовариальді түзіліс//
Аналық без кистасы//
Аналық без рагі, асцит//
Ішек рагі
***
Аналық безінің поликистозды синдромы бар науқасқа дексаметазонмен сынама жүргізілген. Сынамаға дейін тестостерон 8 ммоль/л, ал сынамадан кейін 5 мг/тәулігіне. Гиперандрогенияның көзі://
+Бүйрекүсті безі//
Аналық безі//
Гипофиз//
Қалқанша безі//
Ұйқы безі
***
Науқас 21 жаста, етеккірінің ретсіздігіне, салмақ қосуға шағымданады.Анамнезінен: балалық кезінде баспамен, ЖРВИ-мен жиі ауырған. Етеккірі 13 жасынан, циклі ретсіз – 22-38-42 күнде. 16 жасынан бастап тез салмақ қосу байқалған, кейіннен ернінің үстінде, иегінде түк өскенін байқаған. Тұрмыс құрмаған. Қарау кезінде: бойы 160 см, салмағы – 86 кг. АҚҚ-140/90 мм.с.б. Майлы тін негізінен иық белдеуінде, іштің төменгі бөлігінде орналасқан. Сүт бездері үлкен көлемді, салбыраған. Аздаған мұрт, іштің ақ сызығы бойына түктер өскен. Сыртқы жыныс мүшелері дұрыс дамыған, қыздық пердесі бүтін. Ректальды: жатыры және қосалқылары іштің шел-май қабатының жақсы дамуына байланысты нақты анықталмайды. Дұрыс диагнозды таңдаңыз: //
Етеккір циклының бұзылысы. Семіздік. Гипертониялық ауру//
Аналық безінің біріншілік поликистозы//
+Орталық генезді аналық безінің поликистоз синдромы//
Аналық безінің поликистоз синдромы, бүйрекүсті безілік түрі//
Иценго-Кушинг ауруы
***
Науқас 24 жаста, етеккірі мен жүктіліктің болмауына шағымданады. Анамнезінен: дені сау бала болып өскен, 12 және 14 жасында шап жарығына байланысты операция жасалған. 20 жасында тұрмыс құрған, жұбайы 20 жаста. 22 жастағы апасында да етеккірі жоқ. Қарау кезінде: бойы 157 см, салмағы 56 кг. Екіншілік жыныстық белгілері жақсы дамыған. Сыртқы жыныс мүшелері дұрыс дамыған. Айнамен қарағанда – қынабы тұйық аяқталады. Жатыр мойны жоқ. PV: қынабы босанбаған, жатыры мен қосалқылары анықталмайды. Диагноз: //
+Біріншілік аменорея//
Екіншілік аменорея//
Қынап атрезиясы//
Жатырлық аменорея//
Даму ақауы
***
22 жастағы О. біріншілік аменорея диагнозымен тексерілу кезінде анықталды – жыныстық хроманин 0, хромосомдық жиынтық 44ХУ.Диагноз қойыңыз: //
Шерешевский –Тернер синдромы//
Шихан синдромы//
Лоренс-Мун-Бидл синдромы//
+Моррис (тестикулярлы феминизация) синдромы//
Бабинский- Фрейлих синдромы
***
Иценго-Кушинг кезіндегі аменореямен ауыратын науқаста аденогипофиз гормонының гиперпродукциясы орын алады://
Фолликулстимулдеуші//
Лютеиндеуші//
Пролактин//
+Аденокортикотропты//
Тиреотропты
***
34 жастағы науқаста профилактикалық қарауда алғаш рет аналық безі кистомасы анықталған. Әйелдер кеңесі дәрігерінің тактикасы қандай? //
Науқасты онкологиялық орталыққа ем тактикасын тағайындауға жолдау//
Науқасты диспансерлік есепке тіркеп,1 айдан кейін қайта қарау//
Антибактериальды терапия курсын тағайындау, нәтиже болмаса – госпитализация//
Оперативті ем көрсету үшін науқасты жедел госпитализациялау//
+Хирургиялық ем жасау үшін жоспарлы госпитализация
***
33 жастағы науқастың кіші жамбасын УДЗ кезінде оң жақ аналық безінің ісігі, тәуліктік зәрде 17-КС 67 мг/тәулігіне анықталды. Аналық безі поликистозы мен гормонөндіруші ісікті ажырату диагнозын жүргізу үшін қандай зерттеу тағайындау керек://
Кломифенмен//
Прогестеронмен//
Дексаметазонмен гормональды жүктемелі сынама//
Бромкриптинмен//
+ХГТ-мен
***
32 жастағы науқас гинекологпен невропатологқа жолданды. Ғылыми жұмыспен айналысатын науқаста бастан кешірген стрестен кейін шаршағыштық, әлсіздік, мазасыздық, жылағыштық мазалай бастады. Барлық симптомдар етеккір келерден 10-12 күн бұрын басталып, аяқталғаннан кейін жойылады. Гинекологиялық қарауда паталогия табылған жоқ. Диагноз қойыңыз: //
Гинекологиялық сау//
Етеккіралды синдромы//
Етеккіралды синдромы, ісіктік түрі//
Етеккіралды синдромы, криздік түрі//
+ Етеккіралды синдромы, жүйкелік-психикалық түрі
***
49 жастағы әйел, гинекологиялық бөлімшеге жыныс мүшелерінен 10 күн бойы қанды бөліністің болуына шағымданады. Соңғы етеккірі 2 ай бұрын келген. Айнада: жатыр мойны таза, бөліністері қанды. PV: жатыр мойны цилиндрлі, ернеуі жабық. Жатыры қалыпты көлемді, қозғалмалы. Қосалқылары анықталмайды. Дұрыс диагноз таңдаңыз://
Эндометрий ісігі//
Аналық бездің гормонөндіруші ісігі//
+Дисфункциональды жатырлық қан кету//
Жатырлық жүктілік, түсік//
Ешқайысысы емес
***
Науқас 34 жаста, тұрақсыз етеккірге, бедеулікке, сүт безінен бөліністің болуына шағымданады. Соңғы 2 жылда салмақ қосқан. Анамнезінде 2 жүктілік, оның 1 жедел босану, 2 жыл бұрын мед.түсік. Жүктілік ІІ некеден, қазір ажырасқан. Некеде. 7 ай бойы етеккірі келмеген. Қарау кезінде: бойы 170, салмағы 70 кг. Сүт бездерін жай басқанда сүт бөлінеді. PV: жатыр мойны цилиндрлі, ернеуі жабық.Жатыр көлемі қалыпты, қосалқылары анықталмайды. Диагноз қойыңыз://
Етеккір циклінің бұзылысы//
+Етеккір циклінің бұзылысы, екіншілік бедеулік, галакторея,1 дәрежелі семіздік//
Етеккір циклінің бұзылысы, екіншілік бедеулік, семіздік//
Аменорея, екіншілік бедеулік, гиперпролактинемия//
Дұрыс диагноз жоқ
***
52 жасар науқас гинекологиялық бөлімшеге іштің төменгі бөлігінің ауырсынуына, әлсіздікке шағымданады.1,5 жыл постменопаузада. Анамнезінде 1 босану, 2 түсік, жатыр қосалқыларының созылмалы қабынуы. Қарау кезінде іш көлемінің ұлғаюы, перкуторлы дыбыстың тұйықталуы бар. Қынаптық қарауда: жатыры үлкеймеген, оңға ығысқан; сол жағында және артқа қарай бұдырлы, ауырсынусыз, аз қозғалмалы, тығыз консистенциялы, көлемі 10-12 см болатын түзіліс анықталады. Алғашқы диагноз?//
Генитальды эндометриоз//
Сол жақ аналық безі кистомасы//
Тубоовариальды абсцесс//
Жатырдың субсерозды миомасы//
+Аналық бездің рагі
***
27 жасар науқас біріншілік бедеулікпен гинекологиялық стационарға жатырдың шырышасты миомасына байланысты хирургиялық ем алуға түсті. Операуция көлемін анықтаңыз: //
Гистерэктомия//
Жатыр дефундациясы//
Қынапүстілік жатыр ампутациясы//
+Консервативті миомэктомия//
Жатырдың қынапүстілік ампутациясы, аналық бездер биопсиясы
***
Науқас стационарға түскеннен кейін аналық безінің рагі диагнозы қойылса, диагнозды нақтылау үшін қандай қосымша зерттеулер жүргізу қажет: //
Қынаптың артқы күмбезі арқылы іш қуысының пункциясы, аспиратты цитологиялық зерттеумен//
Қанда ісіктік маркерлерді анықтау//
Трансвагинальды эхография//
Ирригоскопия//
+Барлық аталғандар
***
43 жасар науқас жоспарлы оперативті емге жатырдың субмукозды миомасы диагнозымен жатқызылды. Операцияның көлеміне қандай фактор әсер етеді? //
Миоматозды түйіннің орналасуы//
Миоматозы түйіннің көлемі//
Теміртапшылық анемияның болуы//
+Жатыр мойнының жағдайы//
Жатыр денесінің көлемі
***
45 жасар науқас әйелдер кеңесіне етеккірінің кезекті 1,5 ай келмеуінен кейін қанды бөліністерге шағымданады. Қынаптық қарау кезінде: жатыр мойны эрозияланбаған, қарашық симптомы/++/, жатыры ұлғаймаған, тығыз, қозғалмалы, ауырсынусыз: қосалқылары екі жақтан да ұлғаймаған, ауырсынбайды. Қандай диагноз қоясыз://
Жатыр денесінің ішкі эндометриозы//
Жатырдан тыс жүктілік//
Жатырдың шырышасты миомасы//
Перименопаузалды кезеңнің дисфункциональды жатырлық қан кетуі//
Жатыр денесінің рагі
***
28 жасар науқас ішінің төменгі бөлігінің тартып ауырсынуына, оның етеккіралды және етеккір кезіндегі күшеюіне, 5 жыл бойы жүктіліктің болмауына шағымданады. 3 жыл аралығында өзін аурумын деп санайды. Анамнезінде 5-6 апталық мерзімде 1 өздігінен түсік болған. 20 жасында аналық безі кистасының жарылуына байланысты операция болған, оң жақ аналық безінің резекциясы жасалған. Гистологиялық зерттеу нәтижесін білмейді. Қынаптық зерттеуде: жатыр мойны эрозияланбаған, жатыры қалыпты орналасқан, қозғалысы шектеулі, ауырсынусыз; жатырдың оң жағы мен артында көлемі 8х8 см болатын, тығызэластикалық консистенциялы, аз қозғалатын, жатырдың артқы беткейімен жабысқан, жайлап ауыратын ісіктәрізді түзіліс анықталады: сол жақ қосалқысы ұлғаймаған: жыныс жолдарынан шырышты бөліністер бөлінеді. Ең мүмкін диагноз://
Жатырдың миомасының бір түйінінің шарбыасты орналасуы//
+Оң жақ аналық безінің эндометроидты кистасы//
Оң жақ аналық безінің абсцесі//
Дисгерминома//
Аденомиоздың түйінді түрі
***
45 жастағы К., стационарға «Аналық безінің рагі» диагнозымен жоспарлы оперативті емге келіп түсті. Науқасты емдеу тактикасы қандай?//
Косарланған антибактериальды және инфузионды терапия//
Лапароскоп көмегімен жатырдың оң жақ қосалқыларын алып тастау, кейінгі гормональды терапиямен//
Лапаротомия, жатырдың қосалқыларымен қынапүстілік ампутациясы//
Полихимиотерапия сәулелік терапиямен бірге//
+Лапаротомия, пангистерэктомия, шажырқай резекциясы, операциядан кейінгі полихимиотерапия
***
Гинекологиялық бөлімге аналық бездің эндометриоиты кисталарымен оперативті емге түскен науқастарды тиімді емдеу тактикасын анықтаңыз://
Мини-лапаротомия, консервативті миомэктомия//
7 күн антибактериальды терапия, нәтиже болмаса, оң жақ жатыр қосалқыларын және сол жақ жатыр түтігін алып тастау//
+ Лапаротомия, оң жақ аналық безінің резекциясы, кейіннен 6-12 ай бойы гормональды терапия//
Гонадотропин-релизинг гормонын 6 ай бойы қолдану, нәтиже болмаса, лапароскопия, оң жақ аналық безінің резекциясы//
Лапаротомия, оң жақ жатыр қосалқыларын алып тастау, сол жақ аналық безінің резекциясы, кейінгі полихимиотерапиямен
***
Науқас 30 жаста, әйелдер кеңесіне контрацепция қолданбаған тұрақты жыныстық қатынаста болу жағдайында 7 жыл бойы жүктіліктің болмауына шағымданады. Етеккірі 14 жастан, 5-6 күннен, әр 35-45 күнде, ауырсынусыз. Қарау кезінде: науқас дене бітімі дұрыс пішінді, толықтау, түктенуі әйел типті, жатыр денесі кішірейген, жыныс мүшелері қалыпты дамыған, жатыр қосалқылары аймағында 3х4х4 см тығыз, қозғалмалы, ауырсынусыз түзіліс пальпацияланады. Функциональды диагностикада базальді температурасы монофазалы, кариопикнотикалық индекс 60-70%. Күйеуінің спермограммасы өзгеріссіз. Диагнозы: //
+Аналық безінің поликистоз ауруы//
Генитальды инфантилизм//
Жыныс мүшелерінің инфантилизмі//
Жыныс мүшелерінің туберкулезі//
Аналық безінің екі жақты дермоидты кистасы//
Белгісіз генезді бедеулік
***
43 жастағы науқас гинекологиялық бөлімге жатырдың шырышасты миомасына байланысты хирургиялық емге келіп түсті. Қынаптық тексеріс кезінде: жатыр мойны гипертрофияланған, деформацияланған; жатыр денесі 8-9 апта жүктілікке сәйкес ұлғайған, тығыз, ауырсынусыз, қосалқылары екі жақтан да өзгермеген, бөліністері кілегейлі. Операцияның тиімді көлемі?//
Пангистерэктомия//
Жатырдың қынапүстілік қосалқыларынсыз ампутациясы//
Консервативті миомэктомия//
+Жатырдың қосалқыларынсыз экстирпациясы//
Жатыр дефундациясы
***
38 жастағы науқас, әйелдер кеңесіне ішінің төменгі бөлігінің, көбіне сол жақтан болатын ауырсынуына шағымданады. Етеккір қызметі бұзылмаған. Анамнезінде екі жедел босану, екі асқынусыз мед.түсік. Науқаста жатыр қосалқыларының созылмалы ауруы, амбулаторлы ем алған. Гинекологиялық статусы: қынабы ерекшеліксіз, жатыр мойны таза, сыртқы ернеуі саңылау тәрізді, жатыры қалыпты орналасқан, ұлғаймаған, ауырсынусыз; оң жақта қосалқылары анықталмайды, сол жағында овоид пішінді, көлемі 10х12 см, беті тегіс, консистенциясы тығызэластикалы, қозғалмалы, ауырсынусыз; күмбездері терең, бөліністері шырышты. Ең ықтимал диагноз?//
Созылмалы сальпингоофориттің өршуімен сол жақты тубоовариальды түзіліс//
Бір түйіннің шарбы астында орналасуымен жатыр миомасы//
+Сол жақ аналық без кистомасы//
Аналық без рагі//
Сол жақ аналық бездің эндометриоидты кистасы
***
Науқас М., 38 жаста, алғаш рет «Сол жақ аналық бездің кистомасы» деген диагноз қойылған. Амбулаторлы тағы қандай қосымша тексеріс жүргізген дұрыс?//
Ішкі жыныс мүшелерінің УДЗ//
Асқазан мен ішектердің рентгенологиялық және эндоскопиялық зерттеуі//
Кеңейтілген кольпоскопия//
Диагностикалық лапароскопия//
+СА-125 тексеру
***
Науқас 26 жаста, гинекологқа сүт безінің ауырсынуы мен ұлғаюына, бетінің және балтырының ісінуіне, іш кебуіне, қозғыштыққа, тершеңдікке шағымданады. Өзін 3 жылдан бері ауру санайды. Аталған симптомдар етеккір циклінің екінші фазасында басталып, етеккір келгеннен кейін тоқтайды. Жылдар бойы клиникалық симптомдарының ауырлығы ұлғаймаған. Гинекологиялық қарау кезінде паталогиялық өзгерістер анықталмаған. Осы жағдайда етеккіралды синдромының қандай түрі көрсетілген?//
Цефалгиялық//
Нервті-психикалық//
Криздік//
+Ісіктік//
Атипиялық
***
«Аналық безінің поликистозы» диагнозымен науқастарға қандай қосымша зерттеулер тағайындаймыз?//
Лапароскопия аналық безінің биопсиясымен және хроматосальпингоскопиямен//
Гистероскопия, жатыр қуысының және мойнының шырышты қабатын бөлек диагностикалық қыру, биоптаттардың гистологиялық зерттеуімен//
Ішкі жыныс мүшелерін трансвагинальды УДЗ сканерлеу//
Қандағы ФСГ, ЛГ, тестостеронның деңгейін анықтау//
+Аталғанның барлығы
***
Етеккіралды синдромының ісіктік формасында науқасқа тағы қандай зерттеу жүргізу керек? //
Гормональды, функциональды диагностикалық тесттерді қосу//
Маммография//
Бүйректің шығару функциясын зерттеу//
+Аталғандардың барлығы//
Науқас қосымша зерттеулерді қажет етпейді, себебі күмән келтірмейді
***
Етеккіралды синдромының ісіктік түрінде қандай емді ұсынасыз? //
Тұз, сүт, сұйықтықты шектейтін диетотерапия//
Физио- және бальнеотерапия//
Психотерапия//
Қосарланған эстроген-гестаген препараттарын етеккірдің 5-25 күні тағайындау//
+Аталғандардың барлығы
***
46 жасар әйел ретсіз, қан кетуге бейім етеккірге байланысты жатыр қуысының және мойнының шырышты қабатын бөлек диагностикалық қыру жасалған. Осы клиникалық жағдайда эндометрийдің қандай өзгерістері болуы мүмкін?//
+Безді-кистозды гиперплазия//
Полипоз//
Атипиялық гиперплазия//
Эндометрий атрофиясы//
Жатырдың мойнының рагі
***
24 жастағы науқас біріншілік бедеулікке байланысты гинекологиялық бөлімге тексеру мақсатында жатқызылды. Анамнезінен: тұрмыс құрғанына 3 жыл, күйеуі тексерістен өткен, дені сау. Етеккірі уақытылы, аз, ауырсынусыз. Базальды температурасы екіфазалы. Қынаптық қарауда: жатыры дұрыс орналасқан, ұлғаймаған, қозғалысы шектеулі; қосалқылары екі жақтан да қалыңдаған, пальпацияда сезімтал. Диагнозды нақтылау үшін және бедеуліктің генезін анықтау үшін қандай зерттеу әдісін қолдану керек://
Лапароскопия хроматосальпингоскопиямен//
Туберкулинді сынама//
Трансвагинальды эхография//
+ Гистероскопия бөлек диагностикалық қырумен //
Гормональды терапия
***
40 жастағы науқас, әйелдер кеңесіне жыныс жолдарынан әрдайым шырышты-іріңді белине және қанды бөліністерге шағымданып келді. Етеккір циклы бұзылмаған. Анамнезінде: екі босану және 9 мед.түсік. Екінші босануы оперативті, акушерлік қысқыштар салумен, жатыр мойнының жыртылуымен асқынған. Босанудан кейін цервицит, жатыр мойынының эрозиясы анықталған, соған байланысты диатермокоагуляция жасалған. Қынаптық тексерісте: жатыр мойны эрозияланған, гипертрофияланған, босанудан кейінгі жыртылыстарға байланысты деформацияланған, сыртқы ернеуі ашық, жатыр және қосалқылары патологиялық өзгеріссіз, параметрийлері бос. Кеңейтілген кольпоскопияда көп мөлшерлі ашық және жабық бездердің трансформациясының кең көлемі, алдыңғы ернеуде эктопия аймағы, 12 сағатта лейкоплакия көрінеді. Тағы қандай қосымша зерттеу жүргізу керек?//
+Жатыр мойнының қынаптық бөлігінің бетінен алынған жұғындыны цитологиялық зерттеу//
Жатыр мойны каналынан бөлінген жұғындыны терең бактериялық, вирусологиялық зерттеу//
Жатыр мойны биопсиясы, жатыр қабырғасы мен мойнының шырышты қабаттарын бөлек қыру//
Қанда ісіктік маркерлерді (СА 125) анықтау//
Гистероскопиялық зерттеу
***
Науқас 32 жаста, «Етеккіралды синдромының ісіктік формасы» деген диагноз қойылған. Осы аурудың туындауының мүмкін патогенетикалық механизмі: //
Етеккір циклының екінші фазасында прогестерон секрециясының төмендеуі,салыстырмалы гиперэстрогения//
Ренин-ангиотензин-ангиотензиноген ІІ жүйесіндегі бұзылыс//
Транзиторлы гиперпролактинемия//
+Жоғарыда аталғандардың барлығы
***
48 жастағы Ш., Науқас құйылулардың болуын байқап жүр. Бұл симптомның пайда болатын патогенездік механизмдері қандай? //
Люлибериннің ырғақты бөлінуінің көбеюі және соған байланысты лютеотропин деңгейінің жоғарылауы//
Орталық жылу реттеу процесінің бұзылысы//
+Эстроген жеткіліксіздігінен дамыған гипоталамустағы катехоламин алмасуының бұзылысы//
Вегетативті жүйке жүйесінің эрго- және трофотропты бөліктерінің дисфункциясы//
Аталғандардың барлығы
***
Кеңейтілген кольпоскопиямен қарағанда көп мөлшерлі ашық және жабық бездердің трансформациясының кең көлемі, алдыңғы ернеуде эктопия аймағы, 12 сағатта лейкоплакиясы бар науқаста жатыр мойнында қандай патоморфологиялық өзгерістері болуы мүмкін?//
Көпқабатты жалпақ эпителийдің базальды және парабазальды қабаттарының орташа немесе айқын пролиферациясы, акантоз, базальді мембрана интактты//
Көпқабатты жалпақ эпителийдің беткей клеткаларының гипер- және паракератозы, акантоз//
строманың лейкоцитарлы-лимфорцитарлы инфильтрациясы//
Жатыр мойнының жалпақклеткалы қабыршақтанбайтын ісігі//
Жатыр мойнының қынаптық бөлігінің цилиндрлік эпителийінің орташа дисплазиясы//
Ешқайысысы емес
***
Науқас 46 жаста, әйелдер кеңесіне көп мөлшерлі, ұзақ етеккірге, әлсіздікке, еңбекке жарамдылықтың төмендеуіне шағымданып келді. Анамнезінде 2 мерзімінде босану, 5 мед.түсік, жатыр қосалқыларының созылмалы қабынуы. Өзін 6 айдан бері ауру санайды, дәрігерге қаралмаған. Қарау кезінде: тері жамылғысы бозарған, қызарған, гемодинамикасы тұрақты, Нб 80 г/л. Қынаптық қарауда: жатыр мойны таза, жатыр денесі 6-7 аптаға ұлғайған, дөңгелек, қозғалмалы, ауырсынусыз; қосалқылары анықталмайды, жыныс жолдарынан бөліністер шырышты. Аталған клиникалық көрініс қандай гинекологиялық ауруға тән?//
Жатыр миомасы бір түйінінің шырышты қабатының астында орналасуымен//
Жатыр денесінің ішкі эндометриозы//
Созылмалы эндометрит//
+Пременопаузалы кезеңдегі ДЖҚК//
Ешқайсысы емес
***
Науқас 22 жаста, әйелдер кеңесі дәрігеріне етеккірінің болмауына шағымданып келді. Анамнезінен: етеккірінің болмауын 9 ай бұрын бастан өткерген ауыр, жедел вирусты инфекциямен байланыстырады, сол кезде көп мөлшерде антибиотиктер мен сульфаниламидті препараттар қабылдаған. Клиникалық және лабораторлы тексеруден кейін диагноз қойылды: Аналық бездік аменорея. Резистентті аналық бездер синдромы. Осы патологияны қандай аурулардан ажырату керек://
Аналық бездердің қажуы синдромы//
Поликистозды аналық бездер синдромы//
Аменореяның жатырлық және орталық түрі//
+ Аналық бездердің қажуы синдромы. Поликистозды аналық бездер синдромы//
Ешқайсысы дұрыс емес
***
Науқас В., 47 жаста, ДЖҚ диагнозымен дәрігер-гинеколог кеңесіне келді: гиперполименореяның ең мүмкін себептері?//
Миометрийдің жиырылу қабілетінің төмендеуі//
+Салыстырмалы гиперэстрогения //
Жатырдың етеккір аймағының үлкеюі//
Қан ұю жүйесіндегі бұзылыстар//
Туылушы жатыр миомасы
***
Науқас 52 жаста гинекологу тәулігіне 10 ретке дейін болатын ыстық құйылуға, жүрек аймағындағы ауырсынуға, АҚҚ транзиторлы 150/90 мм.с.б дейін жоғарылауына шағымданып келді. Постменопауза 2,5 жылдан. Гинекологиялық тексеру кезінде: сыртқы жыныс мүшелері мен қынап жастық инволюция жағдайында, жатыры кішірейген, қосалқылары анықталмайды. Ыстық құйылуға тән субъективті сезімдер?//
Ыстық сезіну//
Жүрек соғысы, тыныстың тарылуы//
+Бет терісінің қызаруы//
Гипергидроз//
Аталғандардың біреуі де дұрыс емес
***
Жүректің ишемиялық ауруына қарағанда климактериялық миокардиодистрофияға келесілер тән://
Кардиалгия ауырлығы мен ЭКГ өзгерістерінің арасында тура байланыстың болмауы//
Қарыншалық кешеннің ақырғы бөлігінде өзгерістердің болмауы//
+ нитроглицеринмен сынаманың теріс болуы//
Обзиданмен оң функциональды сынама//
Аталғандардың біреуі де дұрыс емес
***
Жүректің ишемиялық ауруына қарағанда климактериялық миокардиодистрофияға келесілер тән://
Кардиалгия ауырлығы мен ЭКГ өзгерістерінің арасында тура байланыстың болмауы//
Қарыншалық кешеннің ақырғы бөлігінде өзгерістердің болмауы//
+ Нитроглицеринмен сынаманың теріс болуы//
Обзиданмен оң функциональды сынама//
Аталғандардың біреуі де дұрыс емес
***
Дәрігергинекологқа алғаш қаралған 46 жастағы науқасқа диагноз қойылды: Пременопаузальды кезеңнің ДЖҚК. Диагнозды нақтылау үшін қандай қосымша тексеру әдістерін орындауға болады?//
+Ішкі жыныс мүшелерін ультрадыбысты сканирлеу//
Рентгенотелевизиялық гистеросальпингография//
Гистероскопия, жатыр қуысы мен жатыр мойны каналының бөлек диагностикалық қыруы, материалды кейінгі гистологиялық зерттеумен//
Лапароскопия//
Кольпоскопия
***
Гинекологиялық бөлімге 50 жастағы науқас іштің төменгі бөлігінің ауыруына, әлсіздікке, кешкі мезгілде дене қызуының жоғарылауына, іш қатуға бейім болуына шағымданып келді. 1 жыл бұрын аналық без кистасына ұсынылған операциялық емнен бас тартты. Іш қуысын қарау кезінде түзу емес концистенциялы, қозғалмайтын, өлшемі 15х12х14 см, ауырсынатын түзіліс анықталады. Диагноз: //
Асқазан рагі//
Тубоовариальды түзіліс//
+Аналық без кистасы//
Аналық без рагі, асцит//
Ішек рагі
***
Акушерлік қан кетуден ана өлімінің көрсеткішін қандай формула арқылы есептейді://
(акушерлік қан кетуден қайтыс болғандар саны)/(барлық себептер бойынша қайтыс болғандар саны) х 1000//
(акушерлік қан кетуден қайтыс болғандар саны)/(тірі туылғандар саны) х 100000//
(акушерлік қан кетуден қайтыс болғандар саны)/ (босанудың барлық саны) х 10000//
(акушерлік қан кетуден қайтыс болғандар саны)/ (тірі туылғандар мен өлі туылғандардың саны) х 100 000//
(акушерлік қан кетуден қайтыс болғандар саны)/(барлық себептер бойынша қайтыс болғандардың жалпы саны) х 100 //
***
Ұрық гипоксын анықтауда КТГ-ның қандай көрсеткіштеріне назар аударылады://
Жүрек жиырылуының базальды жиілігі//
Акцелерацияның болуы мен жиілігі//
Децелерацияның болуы//
бірмезгілді осцилляцияның амплитудасы//
+жоғарыдағы айтылғандардың барлығы
***
АИВ-ға антидененің анықталуы мүмкін мезгіл://
2 айдан кейін//
+6 айдан кейін//
1 айдан кейін//
3 айдан кейін//
3 аптадан кейін
***
АИВ ағзаға енген кезінде зақымдайды://
Эритроциттерді//
Тромбоциттерді//
Моноциттерді//
+Лимфоциттерді//
Нейтрофильдерді
***
АИВ инфицирленген әйелдерге профилактикалық емді бастау қажет://
5-ші аптадан бастап//
+28-32 апта//
анықталғаннан бастап//
14-аптадан бастап//
36 аптадан бастап
***
Қабылдау бөлімшесіне алғашқы босанушы 38-39 апта жүктілігінде 2 сағат бойы толғақ тәрізді ауырсынуға шағымданып келді. Толғағы 7-8 минут сайын 20-25 секундтан, әлсіз. Ұрық жүрек соғысы анық, ырғақты 136 рет/мин. Ұрықтың орналасуы ұзына бойы, жамбасымен келіп тұр. Қынап арқылы: жатыр мойны тегістелген, шеттері қалың, жатыр ернеуінің ашылуы 2 см. Қағанақ қабы бүтін. Кіші жамбас кіреберісінде ұрық жамбасы орналасқан, бос. Экзостоздар жоқ. Мүйіске қол жетпейді. Сіздің диагнозыңыз://
Жүктіліктің 38-39 аптасы. Босанудың II кезеңі.Ұрықтың жамбаспен келуі//
Жүктіліктің 38-39 аптасы. Босану ізашарлары. Ұрықтың жамбасымен келуі//
Жүктіліктің 38-39 аптасы. Преиминарлы кезең.Ұрықтың жамбасымен келуі//
+Жүктіліктің 38-39 аптасы. Босанудың I кезеңі.Ұрықтың жамбасымен келуі//
Жүктіліктің 38-39 аптасы. Прелиминарлы кезең
***
26 жастағы әйел медициналық түсіктен кейін, 4 ай бойы етеккірінің болмауына шағымданып келді. Етеккір күтілетін күндері іштің төменгі бөлігі ауырсынады. PV: жатыры 6-апталық, жұмсақ концистенциялы. Жатыр қосалқылары аймағы ерекшеліксіз. Дұрыс диагнозды таңдаңыз:
Эндометрит//
+Аменореяның жатырлық формасы, жатыр мойны каналының атрезиясы//
Жатырлық жүктілік түсік болу қаупі//
Орталық генезді аменорея//
Аналық безді аменорея
***
42 жастағы науқас іштің төменгі бөлігінің толғақ тәрізді ауырсынуына, көп мөлшердегі етеккірге шағымданып түсті. Айнамен қарау кезінде: жатыр мойны қысқарған, цервикальды каналда – қою қоңыр түсті түзіліс анықталады. Қан кету сұйық, көп мөлшерде: жатыр мойны қысқарған, ернеуде 5х5 см, жұмсақ консистенциялы түзіліс анықталады.Жатыр 8-9 апталық жүктілікке сәйкес ұлғайған, беті тегіс. Жатыр қосалқылары аймағы ерекшеліксіз. Сіздің диагнозыңыз://
Жатыр мойны миомасы//
Жолдағы түсік//
Жатыр мойнындағы жүктілік//
Жатыр мойны рагі//
+ Жатыр миомасы, туылып жатқан субмукозды түйін
***
34 жастағы науқас тез үдеуші гирсутизмге, етеккірдің тоқтауына шағымданады. Өзін 6 айдан бері науқаспын деп санайды, ең алғаш етеккірдің тоқтауы, бетіне сақал, мұрт, түктердің өсуі жоғарылауы болған. Соңғы етеккірі 3 ай бұрын. Қарау кезінде: бойы-152 см, салмағы 57 кг. Айқын гирсутизм. Сүт бездері атрофияланған. Емізіктерден бөліністер жоқ.
PV: жатыр мойны цилиндр пішінді, ернеуі жабық. Жатыры ұлғаймаған. Сол жақ қосалқылар аймағы ерекшеліксіз. Оң жақ қосалқылары аймағында көлемі 5,5х4,5х5,0 тығыз түзіліс анықталады. Дұрыс диагноз қойыңыз: //
Адреногенитальды синдром//
Бүйрекүсті безі ісігі//
Аналық без поликистозы синдромы//
+Аналық бездің гормонөндіруші ісігі//
Иценго-Кушинг ауруы
***
25 жастағы науқас іштің кебуіне, сүт безінің ауырсуына, қол-аяқтың ісінуіне шағымданады. Көрсетілген барлық симптомдар етеккірден 1 апта бұрын басталып, етеккірдің тоқтауымен жойылады. Науқас жиі салқын тиюмен зардап шегеді. Гинекологиялық қарау кезінде патология анықталған жоқ, сүт бездері патологиясыз. Диагноз қойыңыз:
Етеккіралды синдром, криздік түрі//
Гинекологиялық дені сау//
+Етеккіралды синдромы, ісіктік түрі//
Етеккіралды синдром//
Жоғарыдағы айтылғандардың ешқайсысы емес
***
48 жастағы науқас тәулігіне 8-10 рет ыстық құюылуына, тершеңдікке шағымданады. Көрсетілген шағымдар 1 жылдан бері бақыланады. Етеккір 2-3 айдан кейін, аз мөлшерде 1-2 күннен. Анамнезінде – калькулезді холецистит бойынша операция жасалынған. Босану – 3, түсік – 2. Гинекологиялық қарау кезінде патология анықталған жоқ. Сіздің диагнозыңыз://
Етеккір циклының бұзылысы//
Менопауза//
Етеккіралды синдромы//
+Климактериялық синдром//
Вегето-тамырлық дистония
***
36 жастағы науқас гинекологқа ыстық құйылуға, тершеңдікке, жиі зәр шығаруға шағымданып келді. Симптомдар жатырдың тез өсуші жатыр миомасы мен екі аналық бездің эндометриозына байланысты жасалған оперциядан кейін пайда болған. Қарау кезінде соматикалық аурулар анықталған жоқ. Сүт бездері патологиясыз. Айнамен қарау кезінде: қынаптың кілегей қабаты таза. PV: қынап тұқылы патологиясыз. Кіші жамбас қуысында инфильтраттар жоқ//
Жатыр экстирпациясынан кейінгі жағдай. Климактериялық синдром//
+Жатыр экстирпациясынан кейінгі жағдай. Кастрациядан кейінгі синдром//
Вегетотамырлық дистония//
Цистит//
Нейроциркуляторлы дистония
***
32 жастағы науқас гинекологиялық стационарда жатыр қосалқыларының созылмалы қабынуына байланысты болған. Ауруханадан шығар алдында науқас гинекологтан контрацепция мәселесі жөнінде кеңес сұраған. Әйел некеде, 2 баласы бар. Соңғы 3 жылда жатыр қосалқыларының қабыну процесіне байланысты 2 рет гинекологтан ем алған. Науқасқа контрацепцияның қандай әдісін ұсыну керек://
ЖІС//
Таза гестагендер//
+ҚОК//
Спермицидтер//
Ырғақты әдіс
***
46 жастағы науқас іштің төменгі бөлігінің ауыруына, жиі зәр шығаруға, етеккір кезінде қанды бөліністерге шағымданып түсті. 3 жыл бойы жатыр миомасына байланысты есепте тұрады. 3 ай бұрын жатыр қуысын қыру жүргізілген. Гистологиялық зерттеу қорытындысы – эндометрийдің безді-кистозды гиперплазиясы. Айнамен қарау кезінде: жатыр мойны гипертрофияланған, эрозияланған. Бөліністері қанды, сұйық көп мөлшерде. PV: жатыр мойны гипертрофияланған, қалыпты консистенциялы. Жатыр 14-15 апталық көлемдегі ісікке айналған, бұдырлы, қозғалыссыз, ауырсынулы. Жатыр қосалқылары патологиясыз. Сіздің диагнозыңыз://
Жатыр миомасы,жатыр мойны эрозиясы.//
Симптомды жатыр миомасы.//
+Көптеген, симптомды, үлкен көлемді жатыр миомасы, жатыр мойны дисплазиясы//
Жатыр миомасы, аналық без кистасы//
Жатыр миомасы, эндометрий рагі
***

Приложенные файлы

  • docx 14661998
    Размер файла: 111 kB Загрузок: 3

Добавить комментарий