5+ Сурет салу


«Шығармашылық» білім беру саласы бойынша «Сурет салу»
ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің перспективті жоспары
№ Тақырыбы Мақсаты С/с
1 Заттық сурет
Терек бұталары Білімділік: терек бұталары жайлы түсінік беру.
Дамытушылық: ағаштарды өзіндік ерекшеліктеріне байланысты бір-бірінен ажыратуға және терек бұталары суретін салуға үйрету.
Тәрбиелік: таза, ұқыпты, жұмыс жасауға тәрбиелеу.
1
2 Мазмұнды сурет
Күзгі орман Білімділік: қылқаламмен және бояумен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Дамытушылық: сүйкей жағу арқылы қағаз бетіне
дақ түсіру кезіндегі қолдың қимыл-қозғалысын дамыту.
Тәрбиелік: ұқыпты жұмыс істеуге үйрету, тиянақтылыққа тәрбиелеу. 1
3 Сәндік сурет
Тостаған Білімділік: заттың пішіндері туралы білімдерін жетілдіру, қылқаламды пайдалана отырып затты безендіруді үйрету. Тостаған туралы білімдерін бекіту.
Дамытушылық: балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: жұмысты орындау барысында икемділікке, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
1
4 Заттық сурет
Торсық Білімділік: балалардың торсық жайлы білімдерін арттыру, торсықты дұрыс сала білуді үйрету.
Дамытушыл: ұлттық бұйымдарға қызығушылықтарын арт/у.
Тәрбиелік: таза, ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.
1
5 Мазмұнды сурет
Жаңбырлы күн Білімділік: балаларды табиғат құбылыстарын бақылай отырып өз сезімдерін бейнелей білуге үйрету.
Дамытушылық: жаңбыр тамшыларын қағаз бетіндегі жазықтықты дұрыс пайдалана отырып түсіруге жаттықтыру.
Тәрбиелік: ептілік пен жинақылыққа тәрбиелеу.
1
6 Сәндік сурет
Қоржынды сәндейміз Білімділік: қазақтың үй бұйымы – қоржынмен таныстыру, қоржын туралы білімдерін одан әрі жетілдіру, қоржынды безендіре білуді үйрету.
Дамытушылық: эстетикалық талғамдарын дамыту.
Тәрбиелік: тиянақтылық пен ұқыптылыққа тәрбиелеу.
1
7 Заттық сурет
Автобус Білімділік: түрлі түсті бояудың көмегімен, геометриялық фигураларды пайдаланып автобустың суретін салуды үйрету.
Дамытушылық: сурет салу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік: достыққа, татулыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. 1
8 Мазмұнды сурет
Астық жинау Білімділік: балаларға сопақша дөңгелектерді қолдана отырып бидай масақтарын салуды үйрету.
Дамытушылық: өз ойларынан белгілі мазмұн бере отырып ұқыпты жұмыс жасауға дағдыландыру.
Тәрбиелік: астықты, дәнді дақылдарды құрметтей білуге тәрбиелеу. 1
9 Сәндік сурет
Сазбалшықтан жасалған табақ Білімділік: балаларға қазақ халқының ыдыстары туралы білім беру, ою – өрнек элементтерін қолдана отырып табақты сәндеуді үйрету.
Дамытушылық:көркемдік стилдің әліппесімен таныстыру, көркемдік талғамын дамыту.
Тәрбиелік: ұқыптылық пен жинақылыққа тәрбиелеу.
1
10 Заттық сурет
Құмған Білімділік: құмған туралы білімдерін жетілдіру, салуға үйрету.
Дамытушылық: сурет салу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: қазақтың салт – дәстүріне деген қызығушылығын ояту, өз халқының қолөнеріне деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу. 1
11 Мазмұнды сурет
Гүлдене бер, Қазақстан! Білімділік: кең – байтақ Қазақстан туралы мәліметтерін кеңейту, туған жердің көрінісін қағазға түсіре білуге үйрету.
Дамытушылық: өз Отанына деген құрмет сезімдерін дамыту.
Тәрбиелік: өз еліне деген сүйіспеншілік пен патриоттыққа тәрбиелеу.
1
12 Сәндік сурет
Ертегідегі құстар Білімділік: құстар туралы білімдерін жетілдіру, құстардың бейнесін қағаз бетіне түсіре білуді үйрету.
Дамытушылық: құстарға сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.
Тәрбиелік: құстарды қорғауға тәрбиелеу. 1
13 Мазмұнды сурет
Менің сүйікті ертегім Білімділік: балаларды сурет салғанда ертегілер сюжетін, өздері ұнататын кейіпкерлерге тән сипаттарды бере білуге үйрету.
Дамытушылық: түрлі тәсілдермен бейнелеу дағдыларын нығайту, бейнелік елес, қиялды дамыту.
Тәрбиелік: бауырмалдыққа, достыққа, бір – біріне қамқорлыққа тәрбиелеу. 1
14 Сәндік сурет
Қолғап Білімділік: қазақ халқының ұлттық киімдері мен заттары туралы білімдерін кеңейту және олардың қолданылу мүмкіншіліктерін ажыратуға үйрету.
Дамытушылық: эстетикалық талғамдарын дамыту.
Тәрбиелік: жинақылық пен ептілікке тәрбиелеу.
1
15 Мазмұнды сурет
Мерекелік отшашу Білімділік: балаларға салтанатты шерулердің мәнін түсіндіру, мерекелер туралы білімдерін одан әрі жетілдіру.
Дамытушылық: шығармашылық қиялдарын, көркемдік талғамдарын дамыту.
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу.
1
16 Мазмұнды сурет
Жаңа жыл мерекесі Білімділік: жаңа жыл мерекесі туралы түсінік беру.
Дамытушылық: қиялдау, елестету дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: бауырмалдыққа, армандай білуге тәрбиелеу.
1
17 Заттық сурет
Аяз ата Білімділік: Аяз атаның бейнесін салуды үйрету. Жаңа жыл кешінің аса сыйлы қонағы – Аяз атаның қалай пайда болғанымен таныстыру.
Дамытуш: жаңа жыл мерекесіне қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбиелік: балаларды мейірімділікке тәрбиелеу. 1
18 Сәндік сурет
Мерекелік дастарқан Білімділік: қазақтың дастарқаны, қонақ күту рәсімі туралы түсініктерін жетілдіру.
Дамытушылық: Іс – әрекет барысында өз ойын толық жеткізе әңгімелеу арқылы тілін дамыту. Ой-қиялын ұштауға ықпал ету. Көркемдік талғам қалыптастыру.
Тәрбиелік: Әсемдікті, сұлулықты сезіне білуге тәрбиелеу.
1
19 Заттық сурет
Қыстағы жапырақсыз аққайың Білімд: қыстағы жапырақсыз аққайың бейнесін бере білуге ү/у.
Дамытушылық: жапырақсыз ағашты салу техникасын мен таныстыру, эстетикалық талғамдарын дамыту.
Тәрбиелік: табиғатқа деген сүйіспеншілікке, қамқорлық жасауға тәрбиелеу. 1
20 Сәндік сурет
Қар кесегі Білімділік: қыс қызығымен таныстыру. қардың «аппақ ұлпа», «мамықтай» жұмсақ болатынын түсіндіру. балаларға дербес түрде қар кесегін салуды үйрету.
Дамытушылық: қылқаламмен сурет салу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік: қысқы табиғат құбылыстарын сезіне білуге тәрбиелеу. 1
21 Сәндік сурет
Атама арналған тымақ Білімділік: балаларды ер адамға арналған баскиімнің түрлерімен, олардың ерекшеліктерімен, баскиімнің басқа да киімдерден өзгешелігімен таныстыру.
Дамытушылық: бейнелеу өнеріне қызығушылықтарын дамыту.
Тәрбиелік: қазақ халқының салт-дәстүрін қадірлеуге тәрбиелеу
1
22 Заттық сурет
Ақшақардың сүйікті достары Білімділік: Ақшақардың достарымен танысып, олардың сурет сала білуге үйрету.
Дамытушылық: қол, саусақ қимыл-қозғалыстарын дамыту.
Тәрбиелік: балаларды қайырымды, мейірімді болуға, бір – бірімен дос болуға тәрбиелеу.
1
23 Мазмұнды сурет
Қыстағы шуақты күн Білімділік: Қыстағы шуақты күн табиғатымен таныстыру, балалар бойында байқағыштыққа үйрету.
Дамытушылық: қысқы табиғат құбылыстарының ерекшелігін сезіне білу дағдысын арттыру.
Тәрбиелік: қоршаған ортаға сүйіспеншілік қасиеттерін тәрбиелеу.
1
24 Сәндік сурет
Қуыршақтың қамзолы Білімділік: қамзолдың суретін салуға жаттықтыру, сурет салу іскерлік – дағдыларын меңгертуді үйрету.
Дамытушылық: жұмыстың нәтижесін жете білуге, әсемдігіне мән беру дағдысын дамыту.
Тәрбиелік: көркемдік талғампаздыққа тәрбиелеу.
1
25 Сәндік сурет
8 наурыз ашық хаты Білімділік: анаға арнап ашық хат жасай білуге үйрету.
Дамытушылық: ой-қиял көркемдігін дамыту.
Тәрбиелік: балаларды өз аналарын және барлық басқа да аналарды құрметтеуге, қыз балаларды сыйлауға, мейірімділік пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
1
26 Мазмұнды сурет
Қызғаншақ екі қонжық Білімділік: достық туралы, тату – тәтті қарым – қатынас жасау туралы білімдерін жетілдіру.
Дамытушыл: дұрыс қарым-қатынас жасай білу дағдыландыру.
Тәрбиелік: балаларды қайырымды болуға, көпшіл, мейірімді болуға тәрбиелеу. 1
27 Сәндік сурет
Сәукеле Білімділік: ұлттық киімдер туралы ұғымдарын бекіту.
Дамытушылық: сурет салу іс – әрекеті арқылы баскиімдерді әшекейлеу, ұлттық ерекшеліктерін ажырата білу, іскерлік дағдыларын дамыту, көркемдік талғамын қалыптастыру,
Тәрбиелік: адамгершілік, ізгілік қасиеттерге тәрбиелеу.
1
28 Заттық сурет
Ұлу Білімділік: ұлу туралы білімдерін жетілдіру.
Дамытушылық: ұлудың суретін салудағы ептілік пен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: ұлу әрекетімен таныстыра отырып шыдамдылыққа, қарапайымдылыққа тәрбиелеу.
1
29 Мазмұнды сурет
Көрікті көктем Білімділік: көктем мезгілі жайлы түсініктерін жетілдіру, бояу түстерін таңдап, алмастыра қолдануға үйрету.
Дамытушылық: көргендерін бейнелеу іс – әрекеті арқылы қағаз бетіне түсіруге дағдыландыру, ептіліктерін дамыту.
Тәрбиелік: табиғат сұлулығын сезінуге, эстетикалық қабылдауға тәрбиелеу. 1
30 Сәндік сурет
Сырмақты әшекейлейміз Білімділік: балалардың сәндік – қолданбалы өнер мен қазақтың ұлттық бұйымдары туралы білімдерін жетілдіру.
Дамытушыл: сурет салудағы ептілік пен дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: өз елінің тұрмыс – салттарына деген құрмет пен мақтаныш сезіміне тәрбиелеу.
1
31 Заттық сурет
Ғажайып ұшақ Білімділік: әуе ұшақтары, аспан планеталары туралы білімдерін жетілдіру.
Дамытушылық: сурет салудағы іскерлік дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: балаларды қайырымды, мейірімді болуға тәрбиелеу. 1
32 Заттық сурет
Алма ағашы гүлдеді Білімділік: қоршаған орта туралы білімдерін жетілдіру.
Дамытушылық: балалардың іс – әрекет белсенділігін арттыру, саяхат барысында табиғатқа деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті, байқампаздықтарын дамыту.
Тәрбиелік: сыпайылыққа, жағымды мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға тәрбиелеу. 1
33 Мазмұнды сурет
Қызыл телпек Білімділік: «Қызыл телпек» ертегісі мазмұнымен таныстыру.
Дамыт: сөздік қорларын молайту, сурет салу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік: балаларды қайырымды, көпшіл болуға тәрбиелеу.
1
34 Заттық сурет
Балалар жаттығу жасайды Білімділік: балаларды адамның жалпы дене құрылысын анықтап, жаттығу кезіндегі қолдарының, аяқтарының өзгерісін беруге үйрету.
Дамытушылық: сурет салудың түрлі әдістері мен қимыл бейнелеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу.
1
35 Мазмұнды сурет
Кешкі қала Білімділік: ұжымдық жұмыста бірлесіп еңбек етуге, бір-бірімен ақылдаса, келісе қала көрінісін шығармашылықпен бейнелеуге жұмылдыру.
Дамытушылық: еңбек нәтижесіне қанағаттану сезімдерін ояту, көркемдік талғамын, ой-қиялын дамыту.
Тәрбиелік: Кешкі қала көрінісінің әсемділігін, сұлулығын сезіне білуге тәрбиелеу. 1
36 Сәндік сурет
Алашаны әшекейлеу Білімділік: сәндік-қолданбалы өнермен таныстыру.
Дамытушылық: бояу түстері мен ою-өрнектерді үйлестіру арқылы балалардың көркемдік талғамын дамыту.
Тәрбиелік: эстетикалық тәрбие беру.
1
Барлығы 36 сағат

Приложенные файлы

  • docx 14673852
    Размер файла: 22 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий