Тәеулсіздік шығарма


Ел боламын десең, бесігіңді түзе «Еліңнің ұлы болсаң, Еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып - көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» (Н. Назарбаев). Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған, бір ауыздан айтылып, кең өлкемді шарлаған осынау бір ыстық сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да қан тамырымыздың лүпіл - бүлкіліндей естіледі бізге. Иә, бұл – бүкіл қазақ жұртының, дүйім Қазақстан елінің қызу құштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі. Ол – өлең, ол – ән, ол – сұлулық, ол – асқақ арман, ол – шалқыған дәулет, көркейген сәулет! Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз да осында. Жарастығымыздың да, жақсылығымыздың да, тыныштығымыздың да қиясы, махаббатымыздың да ұясы – Қазақстан. Талай - талай қас батырлар жанын қиып, қорғап қалған, талай арулар махаббат құрбаны болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз – Қазақстан! Қазақстан - тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды. Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тотолитарлық жүйе, ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Себебі, бұл - тарих. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын. Сонау ел басына түскен нәубет жылдары тарыдай шашырап кеткендердің елге оралған сәттегі туған жерді, ата - бабаларының кіндік қаны тамған топырақты құшырлана сүйген сәттегі бейнелерін көргенде қалайша толқымассың?! Міне, ежелден еркіндікті аңсаған азат халқымыз тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлады. Қазақстан, тәуелсіз мемлекет ретінде, дүние жүзіндегі барлық елдерге түгелдей дерлік танылды. Тәуелсіздік! Тәуелсіздік деген қастерлі сөз екен - ау! Шыдамадым қапасқа, Кеңшілікке қаштым. Көндікпедім матауға, Асау атша бастым. Уһ, шырқап, зымырап, Сұңқардай зулап ұшайын! Ұшайын!- деп, дүние құндылығы бостандықта екенін Сәкен Сейфуллин атамыз да жырлап өтті. Бәрінен бұрын адамның жан дүниесі, рухы мен ар - ұжданы азаттықты тілейді екен. Сол халқым өз табиғатына тән тіршілік кешкісі келсе, несі айып? Ақыры бұғау біткенге сыймай, шідер біткенді шірей тартып, халқымыз тәуелсіз ел дербестігіне қол жеткізді. Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт - сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік – арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті. 
ЭССЕ Тақырыбы: «Қазақстанның Тәуелсіздігіне 25 жыл» Орындаған: Абдраманов А.К.
Қаржы институттарымен жұмыс жасау департаментініңҚаржы институттарына мониторинг жасау басқармасы
Фронт-менеджері

Өткен күннен алыс жоқ,
Келер күннен жақын жоқ
(қазақтың халық мақалы)
Міне, көзді ашып жұмғанша, осы жылы Қазақ халқы тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлайды. Тәуелсіздікке жету – оңай жолмен келген жоқ, ол бәрімізге мәлім. Бұл қазақ халқының ғасырлар бойы көздеген арман-мұраттарының орындалуы.
Тәуелсіз мемлекетке айналу, бізге үлкен серпіліс, күш берді. Тарихи күш десе де болады. Біздің өз еркімізбен алға ұмтылуға, мемлекет болып өркендеуге жол ашылды.
Тәуелсіз мемлекет бола салысымен, көптеген шұғыл сұрақтарға шешім табылды. Неше түрлі ауыртпашылық әкелген Семей полигоны жабылды, Арал теңізі мәселесі шешілді, тарихи мұра, мәдениетіміз, қазақ тілі қайта жаңғыртылды, табиғи байлығымызды өз иелігімізге қайтара алдық.
Қазір біз болашағымызға сеніммен қарай алатын, зайырлы, өркениетті, индустриалдық жаңғырту жолында жоғарғы қарқынмен дамып келе жатқан мемлекетпіз.
Тәуелсіздікке дейінгі кезеңде өз жерімізде басымызды түсірдік. Экономика, ішкі және сыртқы саясатпен қатар, табиғи қорларымыз да, басқа мемлекеттің қарамағында еді. Сол қиын-қыстау кезеңде, қазақ халқының сана-сезімі, намысы оянды. Жігерлі қазақ жастары өз жерімізде лайықты күн көруге, өз ана тілімізді, мәдениетімізді құқылы қолдануға талпынды.
Бүгін міне, тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында, біз артқа карап, Кеңес Одағы кезеңіндегі тарихты, сөзбен жеткізе алмайтын қиын өмірді еске алып жатамыз. Сонау Горбачёв бастаған қайта құру кезеңі ұлттық сана-сезімді оятты. Жаппай қазақ мектептерінің жабылуы, қазақ тілінде шығарылған газет-журналдар, мақалалар, кітаптардың сатылымнан жоғалуы, жоғарғы билеуші таптың басымдылығы, біздің ержүрек, батыл, намысшыл жандарымызды ызаландырды. Сөйтіп, халықтың ұлттық мүддесі үшін күреске жол ашылды.
Осының бәрі, бізді 1986 жылғы Алматыда өткен желтоқсан оқиғаларына алып келеді. Себебі, жаңа алаңда өткен қазақ жастарының шерулері, тәуелсіздікке әкелген бастама десек, қателеспейміз. Бүгін міне, желтоқсан оқиғаларына 30 жыл. Уақыт келе, сол тарихи окиғаның мәнісін енді ғана ұға бастағандаймыз.
Қазіргі таңда, Қазақстанның өзіндік үні, пікірі, мәртебесі бар. Біз әлемдік деңгейде аяғымызды сенімді басып, басқа елдер бізбен санасатын мемлекетке айналдық. Мұндай нәтижеге қол жеткізу үлкен шараларды, іс-әрекеттерді талап етеді. Яғни, ішкі және сыртқы саясатты дұрыс жүргізу, халықтың әлеуметтік-экономикалық тұрғыда өркендеуін, дүниежүзілік қауымдастықта өркениетті мемлекеттермен білікті қарым-қатынас жасау, әрине бір адамның қолында емес. Бірақ, халық атынан үлкен деңдейде сөйлей алатын, сөзін құлақ салып тындайтын, мемлекетке бағыт-бағдар беріп отыратын, ерекше тұлға, мемлекет басшысы – Президент.
Тәуелсіздік жариялаған сәттен бастап, Қазақстанды күтіп отырған оқиғалардың мән-жайын түсіну, ұғыну, мемлекеттің одан әрi даму үрдiсiн болжау және халықтың талғамына сай, ең тиiмдi даму стратегиясын таңдауда жан-жақты, қайсар, жігерлі, саясат жүргізуде көшбасшы және ой-өрісі кең, интеллектуалды тұлға ұқажет еді. Мұндай тарихи міндетті, Жаратушы осы қасиеттерге сай Елбасымыз - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа бұйырды. Тәуелсіз мемлекеттің қазіргі келбеті, бастан өткен сәтсіздіктері және жеңістері тұңғыш президентіміз, Елбасының есімімен тікелей байланысты. Тарихи өтпелі кезеңде Елбасының рөлі айқын және ашық көрінеді.
Елбасымыздың сол кезеңдегі басты таңдаған стратегиялық бағыты – ашық нарықтық экономикаға көшу болды. Түбегейлі құрылымдық өзгерістерді жүргізуде шетелдік инвестицияны маңызды фактор деп есептеді. Осындай тарихи шешімдердің арқасында біз қазіргі таңда әлемнiң 50 ең бәсекеге қабiлеттi елдері қатарына кірдік. Бұл, меніңше, мақтаныш сезіміне бөлейтін ең маңызды жетістік.
Әрине, сонау 25 жылда, еліміз неше түрлі жетістіктерге жетті, биік белес, асуларды алды. Маңыздыларын Елбасымыз “Қазақстан – 2030” Стратегиясының толықтай орындалуында қорытындылап кетті. Яғни, ұлттық кауіпсіз, ішкі саяси тұрақтылық пен бірлік, ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу сияқты стратегияда белгіленген негізгі міндеттер орындалды.
Енді біздің алдымызда одан үлкен міндеттер тұр. 2012 жылы желтоқсан айында, Елбасымыз “Қазақстан – 2030” Стратегиясын қорытындылай отырып, мемлекеттің жаңа саяси бағытын жариялады. Ондағы басты мақсат 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. https://strategy2050.kz
Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін “Қазақстан – 2050” Стратегиясы жеті ұзақмерзімді басымдықтарды іске асыруды қарастырады. Бәріне тоқталудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Әрине, бәрі маңызды, мейлінше кәсіпкерлікті, яғни ұлттық экономиканың жетекші күшін, ішкі нарықты әрі қарай жан-жақты қолдау керек. Өйткені, отандық кәсіпкерлік экономиканың негізгі қозғаушы күші болады. Шағын және орта бизнесті қолдауда 1997 жылы құрылған “Даму” Кәсіпкерлікті Дамыту Қоры” Акционерлік қоғамының еңбегі орасан зор. Қазіргі таңда “Даму” Қоры кәсіпкерлердің несие бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау және банктердің алдында кәсіпкерлердің несиелерін кепілдендіру саясатын жүзеге асыратын қаржылық агент болып табылады.
Ірі бизнесті қолдауда да мемлекет тарапынан үлкен көлемде қаржылай көмек бөлініп отыр. Басты көздейтін мақсат – әртараптандыру арқылы ұлттық экономиканы шикізат секторынан тәуелсіз етуі. Осындай мақсатпен 2001 жылы “Қазақстанның Даму Банкі” Акционерлік қоғамы құрылған. Банк еліміздегі шикізат емес секторларға инвестицияларды жүзеге асыру арқылы ұлттық экономикамыздың тұрақты дамуына үлесін қосып жатыр. Осы жылы Банктің құрылғанына 15 жыл толады. Соңғы мәліметтерге сүйінсек, 14 жылда Банк инвестицияларының көмегімен 78 инвестициялық жоба іске қосылды, 20,4 мың жұмыс орны ашылды. Осы кәсіпорындардан жыл сайын мемлекеттік бюджетке 10 млрд. астам салық төлемдері түседі http://www.қдб.қаз/kz
Соңғы жылдардағы дағдарыстың салдарынан 2015 жылы экономиканың шикізат секторындағы өндіру көлемі тау-кен өндiрушi саладағы шығару көлеміне дерлiк теңестiрілдi. Сол себептен, елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуына оң әсер тигізетін, 2010 жылы қабылданған мемлекеттік индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының екінші бесжылдығын ары қарай жүзеге асыру керек. Өңдеуші өнеркәсіптің бәсекеге жарамдылығын көтеру үшін шағын және орта бизнесті қаржыландыру ғана емес, сонымен қатар болашағы бар ірі жобаларды шетелдік инвесторлар арқылы қаржыландыруды тоқтатпаған жөн болар. Осы бағытта жыл сайын өткізілетін “Еуразиялық экономикалық форуммен” қатар “Астана экономикалық форумының” айтарлықтай пайдасы бар. Алдымызда “Еуразиялық кедендік одақ”, “Дүниежүзілік сауда ұйымы” сияқты халықаралық сауда-саттық нарығында сынақтар күтіп тұр.
Кәсіпкерлер бизнес жүргізуде неше түрлі жасанды бөгеттерге кезігеді, оны бәріміз естіп жүрміз. Мемлекет шенеуніктерінің осындай істерді тудырмау жолдарын қарастыруымыз қажет. Пара алу, жемқорлыққа қарсы күресті, бюрократия секілді бөгеттермен жұмысты жалғастыру - басты мақсатқа айналу керек. Мұндай шараларды қолдана отырып, Елбасымыз “мықты бизнес – мықты мемлекет” қағидасын іске асыру жайында өз жолдауында айтып өткен.
Жастарға заманауи білім берумен қатар, өңдеуші өнеркәсіпті жақсарту мақсатымен жаңа мамандар даярлау керек. Қазіргі таңда жастар көбінесе билікке ұмтылады. Мемлекетімізде бірі заңгер, бірі мұнайшы, бірі экономист болғысы келеді. Қазір осының салдарын көріп келеміз. Халықаралық нарықтың кесірінен болған мұнай бағасының түсуінен қаншама жұмысшыларымыз жұмыс орнынан босатылды. Артынан қол қусырып қарап отырған жанұялары, іні-қарындастары бар. Мұндай сценарий қайталанбау үшін жастардың экономиканың игерілмей қалған салаларына құштарлығын ашу керек. Жастармен жұмысты тек сауаттылық жағынан ғана емес, мектептер мен жоғарғы оқу орындарын қазіргі заманға сай техника-құралдармен, инновациялық жабдықтармен қамтамасыз ету керек.
Тағы айтып кететін жайт, бұл жастарды бизнеске деген құштарлығын ояту. Халықаралық тәжірибенің көрсетуі бойынша жастарды кәсіпкерлікте қолдау, жаңа жұмыс орындарды ашуымен қатар білікті мамандарды дайындауға жол ашылады. Сонымен қатар, еліміздің инновациялық даму жолына тезірек көшуіне мүмкіндік туғызады. Жастардың, менің ойымша, инновациялық жоғары белсендiлiгі, ойлаудың инновациялылығы, жедел түрде шешім қабылдауы, түрлі бөгеттерге иiлгiштiгі, тәуекелге бейiмделуi сияқты күшті жақтары бар. Жыл сайын Алматы қаласында кәсіпкерліктің жаһандық аптасы шеңберінде “Жастар Кәсіпкерлігінің Форумы” өтіп келеді. Одан әрі жас кәсіпкерлер клубы, бизнес инкубатор сияқты жобалар ашылып жатыр. Мемлекет тарапынан осындай жобаларға қаржылай көмек бөліну керек деп ойлаймын.
Әрине, біз көпұлтты және көпконфессиялы қоғам екенімізді ұмытпау керекпіз, бірақ ана тілі – қазақ тілін ары қарай дамытуымыз керек. Өйткені, ана тіліміз біздің рухани байлығымыз, тарихи құндылығымыз болып табылады. Өз тілімізді қай салада болмасын, ұялмай, керісінше қуана қолдануымыз қажет. Білмейтіндеріміз үйренуге талпынайық! Бірнеше жұмыс орнында қызмет істей келе, туған тілімізде, таза сөйлейтін адамдарды сирек кездестірдім. Кейбіреулер қазақ тілінде сөйлессең, тіпті менсінбей қарайды. Қазақ тілін дамытуда, мемлекет тарапынан неше түрлі жағдайлар жасалып жатыр. Тегін сабақтар берілуде, тегін видео таспалар таратылуда, осы мемлекеттен берілген сыйлықтарды пайдаланып алайық. Өзіміздің тілімізді қастерлеп, құрметтесек, қоғам да өзгерер, ал біздің мәртебеміз одан сайын асқақтайды.
Иә, 25 жылда мемлекетіміз күрт өзгерді. Экономикалық, әлеуметтік, интеллектуалды тұрғыда өркендеп келеміз. Оны архитектуралық тұрғыда қарасақ, Елбасы айтқандай, мемлекетіміздің басты күші – Астана қаласы. Астана тәуелсіздіктің белгісі, үні, келбеті деуге де болады. Осы жерді басып жүріп, шын мәнінде, біздің болашағымыз жарқын екеніне қатты қуанам.
Алдымызда “ЭКСПО-2017” атты халықаралық көрме Астанада өткізілмекші. Ол Орталық Азияда және “Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына” кіретін мүше елдерде өтетін алғашқы көрме болмақ. Мұндай үлкен шараны біздің елде өткізу мемлекетіміздің жоғарғы деңгейін көрсетеді. Көрменің тақырыбы “болашақ энергиясы” деп аталады, яғни жасыл технологияларға арналған. Халықаралық көрмелер бюросына мүше елдерді таң қалдырған сұрақ, қазіргі таңда көкейкесті мәселе. Сарқылмайтын энергия көздері: күн сәулесі, жел, жер асты сулары арқылы энергия алу, болашақта адам баласына ең қажетті ресурс түрі. Бүкіләлемдік көрме 3 айға дейін жалғасады. Оған әлемнің 100-ге жуық елі және 10-нан астам халықаралық ұйымы қатысады. Көрмеге 2 миллионнан астам адам қатысады деген болжам бар http://www.akorda.kz/kz/national_projects/page_expo-2017-astanada_1356073251
Өтетін көрме, елдің өндірістік қуатына мықты серпін бере алады. Мұндай ауқымды және жауапкершілікті іс-шараны өткізуде біздің ел үшін пайдасы өте мол. Басқа елдермен достық қатынастар нығаюымен қатар, жоғарыда айтылғандай, елімізге инвесторлар алып келеді, еліміздің мәртебесін жоғарлатады.
Бірақ, мен тағы бір сұраққа тоқталғым келеді. Бұл қазіргі кезде жас жанұялардың арасында ажырасудың көбеюі. “Жастар қандай мақсаттарды көздейді? Басты құндылықтары қандай? Үйде ата-анасынан алатын тәрбиелері, ақылы қандай?”деген сұрақтар мені мазалап отыр. “Үйлену оңай, үй болу қиын” деп қазақта бекер айтылмаған. Алайда, жанұя деген институтты одан ары қарай қалай сақтаймыз, қалай құнды қыламыз, қалай қадірлейміз? Осы сұрақтарға шешім табу керек деп ойлаймын. Уақыт жаңа техногиялық бағытта зымырап өзгеріп барады, бірақ ата-бабамыздан қалған құндылығымызды сақтап қалу керек. Мектептегі жоғарғы сыныпта оқушыларға жанұялық психология атты жаңа пән енгізу керек пе, әлде жанұямен жұмыс жасайтын орталықтар ашу керек пе, оны эксперттер жақсы біледі. Бірақ, бұл біздің қазіргі таңдағы баса назар аударатын өзекті мәселе деп есептеймін.
«Бала тәрбиесі – бесіктен» дейді ғой, ол біздің балабақшадан басталады. Патриоттық тәртіп те жастайынан қалыптасады. Елімізде “Балапан” атты бағдарлама күні бүгінгіге дейін іске асырылуда, сол үшін Елбасымызға айтатын алғысым шексіз. Осы бағдарламаның көмегімен елде 4 мыңнан астам балабақша ашылды деген мәліметтер бар, өз көзіммен көрген Алматы облысының, Талғар ауданына қарасты, Тұздыбастау ауылында 10-нан астам балабақша және бала орталықтары іске косылды. Өзіміз де осы саланы меңгеріп келеміз. Бірақ, балабақша ашумен ғана шектелмей, осы бағытта жаңа әдістемелер, тәсілдер арқылы балаларға тәлім-тәрбие беруді тоқтатпау керек.
Қорыта келгенде, 25 жыл ішінде жеткен жетістіктердің маңыздылығын бағалай отырып, біз болашаққа сеніммен қарай аламыз. Елбасымыздың 90-шы жылдарда анықтаған стратегиясының арқасында біздің еліміз осындай аз уақыт ішінде құрметке ие, жетістіктерін танитын, сөзіне құлақ салатын мемлекетке айналып отыр. Елбасымыздың осы қиын жолда сіңірген еңбегі зор, баға жетпес.
Меніңше, екі алып мемлекеттің арасында осындай халге жетуіміз Құдайдың бізге берген сыйы, мейірімі, аманаты деп есептеймін. Біз өз ұлтымыздың, мемлекетіміздің тарихын ерекше қадірлеп, сақтауымыз керек. Келешек ұрпаққа да ақылын айтып, жеткізсек, біз де алып, мықты мемлекет бола аламыз.
Дүние керемет өзгеру жолында, бірақ біз ұлттық идеяны сақтап, тарихи мұра, құндылықтардың қасиетін жоғалтпай, кейінгі ұрпаққа аманат етуіміз керек. Әрине, ең бастысы, жеріміздегі ұлтаралық келісім, саяси тұрақтылық, ыңтымақтастықты сақтай отырып, көптеген нәтижеге жете аламыз.
Негізгі бөлімде айтылмаған жетістіктер өте көп, бірақ спортқа келетін болсақ, ол еліміздегі ұлтаралық келісім мен бірліктің нәтижесі. Сыртқы және ішкі саясатты жүргізіп отырған азаматтарымыздың еңбегі де өте зор.
Біздің ел тәуелсіздігін жариялаған күннен бастап, дүниежүзілік қоғамдастықтың белсенді мүшесі екенін жан-жақты дәлелдеді. Абайдың 150 жылдығын “ЮНЕСКО” шеңберінде тойлады. “Біріккен Ұлттар Ұйымы” шеңберінде 2002 жылы Алматыда, яғни тұңғыш рет Азия құрлығында 24 мемлекет басшысын біріктіріп, кеңес өткізді. “Шанхай ынтымақтастық ұйымын” құрудың негізгі ұйытқысы, алғашқы ұсыныс жасаумен танылды. Одан әрі, 2003 жылы Астанада тұнғыш рет әлемдік діндер жетекшілерінің съезін өткізумен тарихта аты жазылды. Алдымызда, 100-ге жуық елдің басын қосатын халықаралық көрме “ЭКСПО-2017”. Осының бәрін бағалауымыз керек.
Қазір біз өркендеудің жаңа жолына, әлеуметтік дамудың жаңа кезеңіне бет алдық. Елбасы бекіткен жаңа экономикалық бағамда жаңа бағдарламалар, оның бағыттары және нәтижеге жету жолдары көрсетілген. Сол бағытты ұстанып, болашаққа сеніммен қарайық!
Тәуелсіз елдің патриотымын!
Жарияланды 15-12-2013, 07:54 Категориясы: Оқушыларға 
Тәуелсіз елдің патриотымын!«Пай, пай, пай! Киелі неткен жер!Батырлар дүрілдеп өткен жер,Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер!Ғашықтар бір - бірін өпкен жер,Сарылып сал – сері кеткен жер.Бас иіп, иіскеп топырағын,Тағзым жасамай өтпеңдер!»- деп М. Мақатаев айтқандай, ең біріншіден, туған жеріміз Қазақстанға тағзым етіп, тәуелсіз елде өмір сүріп жатқанымды мақтан тұтамын. Ақиық ұлы ақынымыз:«Ой - хой, қазақ даласы, не көрмедің?!Қанша қурап, қаншама көгермедің?!Қорқыт ата қобызымен боздаттың ғой,Асанның шерге толы өлеңдерін!Ой - хой, қазақ даласы, не көрмедің?!»- деп жырлағандай, халқымыз қазақ болып, ұлт болып қалыптасуы жолында да, одан кейінгі кезеңдерде де, талай қиямет - қайым күндерді де, талай қилы замандарды, кескілескен шапқыншылықтарды да бастан өткерді.Білектің күшімен, найзаның ұшымен, соңғы демі қалғанша туған жерімізді қорғап, бізге аманат етіп қалдырған ұлы даланың ұлы кемеңгерлерінің арқасында бақытты өмір кешудеміз.«Тәуелсіз Қазақстан!», «Қазақстан Республикасы»! Неткен керемет, киелі ұғымдар! Бұл ұғымдардан, Отанымыздың тәуелсіз, еркін мемлекет екенін бірден аңғаруға болады. Бүгінде біз – қанатын кеңге жайған егеменді елміз. Көк туымыз желбіреп, сол жағымыздағы мақтаныш сезімімен дүрсілдеп тұрған жүрек әнұранымызға әуен қосып, әнұранымыз асқақтай шырқалуда. Тәуелсіздік туының желбірегеніне де, міне, 23 жыл толады. Тоғыз жолдың торабындағы алпауыт елдер қатарындағы алып мемлекетімізді әлем жұртшылығы құрметтейді. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев та Қазақстанның 20 жылда биік тұғырға көтерілуіне елеулі үлес қосты. Ерен еңбегімен Қазақстанның әр азаматының жүрегінен орын алған осындай көшбасшымыздың болғанына да мақтанамын. Мен тәуелсіз елдің патриотымын!Ешқандай қиыншылық көрмей жүргенімде, ата - анамның жүздерінен қуаныш пен шаттық іздерін байқағанда, көкірегімді керіп «Тәуелсіз елдің патриотымын!»деп айта бергім келеді. Еліміздің бейбітшілігінің, тәуелсіздігінің арқасында күліп - ойнап, еркін білім алып жатқан ерікті елдің еркін ұланының бірімін!Н. Ә. Назарбаев: «Алдымызда асу - асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқи соққан желдер бар. Бел де талар, жел де беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну керек, жас ұрпақ!»- деп айтқандай, біздер, жас ұрпақ, тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін жауапты екенімізді аға ұрпақ зор сенім артып отырғанын түсінуіміз керек. Бүгінгі партада отырған оқушы – ертеңгі азамат, ел патриоты. Сол азаматтардың ең бірінші міндеті – өзінің тәуелсіз елдің өркені екенін ұмытпау, екінші міндеті – сол елдің іргетасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің патриоты екенін дәлелдеу. «Арыстандай айбатты,Жолбарыстай қайратты,Қырандай күшті қанатты,Мен жастарға сенемін!» - деп өршіл ақын М. Жұмабаев болашаққа, жастарға үлкен сенім артты емес пе? Ақынның өлеңде келтірген көркем сөздеріне лайық болатынымызға сенемін.Елімнің ертеңінен, болашағынан жүрегім қорықпайды, керісінше, қуанады, ендеше, келешегім нұрлы болмақ. Оған негіз – бүгінгі «арыстандай», «жолбарыстай», «қырандай» күшті жас ұрпақтың, біздің бүгінгі әдемі әрекеттеріміз, ұтымды ұмтылыстарымыз. Мен қазақ болып туылғаныма, осындай бай, байтақ өлкеде өмір сүріп жатқаныма бақыттымын. Өйткені, мен Тәуелсізбін, тәуелсіз елдің патриотымын!
Елімнің бақытын тербеткен – Тәуелсіздік Менің отаным-Қазақстан. Қазақстан дамыған бірлігі мықты әлемге танылған ел. Қазақстанның әр бір жері жасыл алқап. Өз елін өз жерін сүймейтін адам жоқ. Тәуелсіздігіміз үшін аға әпкелеріміз жандарын қиды. Тәулсіздікті 1991 жылы 16 желтоқсанда алдық. Бұл Қазақстандықтар үшін ең ауыр кезеңдердің бірі болды. Сол кздегі Қайрат Рұсқұлов, Ляззат Асанова секілді батырлардың рухына бас иуіміз керек. Біздің осылай өз жрімізде емін еркін, күліп ойнап өмір сүруіміз сол кісілрдің арқасында.Қазақстан деген жалғыз ауыз сөздің құдыреті мен қасиетін осы жерд туған және осы өлкеде өскен әрбір азаматтың сергек сезінуі парыз. Бұл сөз біздің қанымыз бен жанымыздың ажырамас бір құрамды бөлігі. Қазақ жері, қазақ елі біздің ата-бабамыздың кейінгі ұрпақтарға қалдырған асыл мұрасы. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы құтты болсын! Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық. Міне содан бері 25 жыл! Елімізде тек бейбітшілік,ынтымақтастық болсын.
Отан! – деген сөзім қандай әдемі! Көзге елестер бүкіл қазақ әлемі. Таңдандарды жан-жағымды - бай өлке, Қарапайым, кең дастархан, әдебі. Атам қазақ аңсағаны еркіндік, Сақтау үшін азаттықты бекіндік, «Қастығы жоқ қазақ» деген аңыз бар, «Татулықтың символымыз » сертім нық. Халқымның «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген даналық пікірін ойлап қарасақ, ата-бабаларымыздың асқар таудай ақылында, өз өмір тәжірибесінен өткен өнегелі істері – елін, жерін қорғау, бірлікте, ынтымақта өмір сүріп, еліне елеулі, халқына қалаулы болу сияқты жақсы қасиетті ұрпақтан- ұрпаққа дарыса деген асыл арманы екен. Сонау ғасырлар қойнауының қатпар-қатпар белесінен байқасақ, ежелден –ақ ру-тайпаларымыздың өз жерін еш жауға бастырмаған, ұлын құл, қызын күң еткізбеуге батырлық ержүректігін, жауына қатал, досына адал, шыбын жанын шүберекке түйіп, садақ ұстап қол күшіне сеніп, найзаның ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен. Отанымызды қорғаған еліне деген сүйіспеншілігі, ерлер сияқты қолына қару алып, ат құлағында ойнап жүріп жауын жеңуі сақ қызы - Тұмар падишаның ерлік істері. «Маған туған жердің бір уыс топырағы да қымбат. Сонда енді не бар?!» деп тұрсыңдар ғой... Менде ел бар, менде жер бар, мен елімді-жерімді қорғадым, - деген Тұмар падиша осындай байтақ та бай дархан Отанымызды жұдырықтай жүрегіндегі ерлік сезіммен қорғаған. «Тар қолтықтан оқ тисе, тартып олар қарындас» - деп қыздарға сеніммен арқа сүйеген де, шашын төбесіне түйіп жауға шапқан батыр қыздардың қазақта болуы бізді зор мақтанышқа бөлейді. Сан ғасырлық тарихымызда мақтан тұтар, бүгінгіміз бен келешегіміз үшін ғибрат алар оқиғалар мен Отан алдындағы адал қызметінен үлгі алар ұлы тұлғалар аз болмаған. Олардың қатарына: қазақтың ұлт болып ұйысуы мен оның ұлан ғайыр ата-қонысының (этникалық территориясын) қалыптасуын; ұлттық мемлекттігіміз – қазақ хандығының құрылуы мен дамуын; отырған тағы емес, билеп отырған халқының бағын ойлаған хандар мен оларға ел мен мемлекет тұрғысынан ақыл-кеңес берген ұлы билер дәстүрлерін; ата-бабаларымыздың халқымызға тән шаруашылық жүргізу жүйесін қалыптастыруын, таңғажайып этномәдени үлгілерін жасау арқылы әлемдік өркениетке қосқан үлесін, батырларымыздың ел тәуелсіздігі мен ата-қоныс тұтастығын сыртқы жаулардан қорғаған үлгісін жатқызуға болады. Алла Тағала біздің елімізге осыншама кең жерді нәсіп еткенін түсінуге ұмтылсақ, ұшқан құстың қанаты талатын осынау ұлан ғайыр Алтай мен Атырау аралығын ата-бабларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап келген. Жоңғарлардан даламызды арашалап қалған батырлардың ерлігі турала тарихи жырлар Исатай, Махамбетке байланысты мұралар, Ресей патшасының отарлау саясатына қарсы көтерілген ұлт-азаттық қозғалыстың басты кейіпкерлері туралы жыр-дастандар біздің ұлттық сана-сезімімізді көтереді. Азаттық қазақтың ежелгі арманы еді. Түлкі бұлаң тарихтың нешеме бұрылысында ел азаттығы үшін талай тарланның тақымындағы тер кеппеді. Ат үстінде өткен ғасырлар көп болды. Қазақтың соңғы ханы Кенесары азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді. Қаша ұрыс салып жүргенде қапы кетті. Ханның басы қанжығада кете барды... Ата дініміз ислам болғандықтан, мұсылмандық сабырлықпен, ұстамдылықпен соғысқан Кенесары жауынгерлері әуелі «Алла» деп, содан кейін «Абылай», «Ақжолтай» деп, өз ерлерінің қадірін бағалай біліп, ұранға айналдырғаны мәлім. Әруақтарын ұран қылғанда ол есімдерге Алланың ерекше нұры түскенін мойындап, сол арқылы сол кезде қажет рухани күштің әсерін сезінгендері белгілі. Бізге бүгін қажет жігерліктің, батырлықтың, біліктіліктің, адалдықтың, Отансүйгіштіктің мысалдары өткен тарихи оқиғаларымызда жатыр. Ел басына күн туғанда даналығымен, батырлығымен, парасаттылығымен ел мұңын, халық сырын, тарих үнін түсіне білген, халықтың басын қосқан, халық мүддесі жолында, табандылығында, тапқырлығын да таныта білген хан Абылай қазақ халқының күшін тасытты, мәртебесін көтерді, қазақ елін аса іргелі елге айналдырды. Батырларын, елін сүйген ерлерін, ақын-жырау өнерпаздарын достық –бірлікте ұстап, оларды жүзге бөліп жармады.Жауын торғайдай тоздырып, тарыдай шашып, ірімшіктей іріткен, қоқңдап қоңқылдаған Қоқанмен де, қалың қара Қытаймен де, ормандай орыспен де тіл табысқан бабамыздың даналығының арқасында, осы біз өмір сүріп отырған аяулы Отан- Қазақстан жері сол бабалардың сақтап қалған, бізге қалдырған асыл мұрасы екні сөзсіз. Айдын шалқар, күміс сулы бұлағым, Жасыл –желек ат көрінбес құрағым. Мыңғырған мал даласында жайылған, Бабалардың болған сондай тұрағы. Бұхар, Қоқан бұл байлыққа қызықты, Орыс патша арам ойлы бұзықты. Қорған салып, жерін алып, қуса өзін, Сонда көрген сорлы қазақ шыжықты. Қазақта жер қалмады патша алмаған, Елін, жерін, малын тегіс жалмаған. «Қойға тиген қасқырдай» боп қазақтың, Отаршылдық қыр соңынан қалмаған... Халық басына осындай қиын-қыстау заман зары туған шақта, қазақ қауымының бас көтерген батыр да ержүрек перзенттері елдің елдігін, ердің ерлігін сақтап қалды. Абай, Шоқан, Ыбырай дәуірін қылыштан гөрі қаламның қуатты екенін дәлелдейді. XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басын ала бере тарих сахнасына қазақтың оқығандары шықты. Ол кезде Отанымызда кеңестік кезең орнаған еді. XX ғасырдың 20-жылдарының екінші жартысында күшейген Сталиндік әміршіл-әкімшіл жүйе қоғамның тарихи заңдылықтарына қайшы келетін эксперименттер жасағанын бірінші кезекте айтар едік. Олар бүкіл КСРО-ны, оның ішінде Қазақстанды да қамтыды Бұл эксперименттердің басты бағыттары мынадай болды: ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және соның негізінде байлар мен ауқатты шаруаларды тап ретінде жою; аса тез қарқынмен елді индустрияландыру (бұл шара негізінен колхоздарға зорлап кіргізілген шаруаларды аяусыз қанау есебінен жүргізілді); мәдени-рухани салада, демографиялық саясатта, ұлт мәселесінде жергілікті (ұлт аймақтарындағы) халықтарды орыстандыру; қоғамдық саяси өмірдің негізгі салаларында тек қана комунистік идеологиялық үстемдігін орнату. Осылардан туындайтын және басқа да ірілі-ұсақты шаралар болды.Тоталитарлық тәртіп жүзеге асырған халыққа жат саясат аса зор, қасіретті зардаптар әкелді: жаппай отаршылдықтың салдарынан қазақ халқының жартысына жуығы қырылды; өзінің атамекенінен басқа елдерге ауа көшті, тіл мен діл, дін мен ұлттық сезім, таным жойыла бастады;қазақ халқы өз жерінде ұлттық азшылыққа айналды... Ахмет, Әлихан, Міржақып, Мағжан, Мұстафа, Смағұлдар алаш туы астында ел болуға, мемлекет құруға шақырды. Сұлтанмахмұттың «Өлер жерден кеттік біз, бұл заманға жеттік біз» деп жапанға жар салатын кезінде ұлт зиялылары не істеу керек, қайтеміз, қалай ел боламыз?- деп ойын он саққа, қиялын қырық саққа жүгіртіп еді. Сонда Әлихан Бөкейхан «Автономия, бізге керегі – автономия!» деп қайта-қайта шырылдап, телеграмма салумен болды. Сондағы ойы «мемлекет құрып алайық, мемлекетіміз болса, қалғанының бәрі болады» деген асыл арман-ды. Қазақ автономиясын жариялағанда алаштың арыстары «міне, ел болдық, еркіндік өз қолымызға тиді» деп бөркін аспанға атты. Алайда, бұл қуаныш ұзаққа бармады. Қазақтың еркіндігінен қорыққан қызыл империя көсемдері алаш туы астына бірікендердің бәрін біртіндеп құртты. Ең алдымен Жүсіпбек Аймауытовты атты. Қалғандарын, қияндағы Шәкәрімнен бастап қаладағы қазақ оқығандарын түгел қырды. Мұстафа Шоқай шетел асты... Алашорда партичсына мүше болғандардан жалғыз Мұхтар Әуезов қана аман қалды... Алаш деген сөзді тарихи санадан өшіру әрекеті басталды. Дүниедегі ең жек көрінішті сөзге айналдыруға тырысушылардың «еңбегі» зая кеткен жоқ. Әлі күнге дейін кейбіреулер алаш дегенде селк ете қалады... Қазақтың өз билігі өз еркінен кеткен соң қара халықты қалай қорлаймыз деп қызыл империя аса қиналған жоқ. ... 32-33-тің ашаршылығы қолдан жасалды. ... 36-37-нің қырғыны әдейі істелді. 1937-1938 жылдары яғни, бір жылдың ішінде 125 мың қазақ зиялысы қырылған. Жоғары білімді қазақтың бетке ұстайтын азаматтарының бар кінәсі - көзі ашық болғаны, өз ұлтының намыс-сезімін жақтағандары ғана. Бүгінгі ұлттық сана-сезіміміздің құны осыншама құрбандықпен келгенін есте сақтағанымыз жөн болар еді. Осы асыл азаматтардың үзілген жас, қыршын өмірлері, орындалмаған үміттері, армандары бізге аманат сияқты болып көрінеді. «Мен үшін Отаныма адал солдат болудан артық бақыт жоқ», - деп Ислам Жеменей айтқандай, Отан қорғау жолында 41-45 –ші жылдары ең көп қырылған қазақ солдаттары еді. Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1 миллион 196 мың адам қару асынып, майданға аттанды. 700 мың адам еңбек армиясының сапында болды. Соғыстан тек 410 мың Қазақстандық жауынгер ғана оралды. Осыншама нәубеттің ішіндегі ең сұмдығы – 1949 жылдан қазақ халқы атом полигондарының сынағына тасталды. Қазақ қоян құрлы болған жоқ. XX ғасырда дүние жүзіндегі бір де бір ел қазақ көрген азапты көрген жоқ. Аяулы Отаным - Қазақстан – ядролық қарудың қасіретін әлем бойынша ең көп тартқан ел. Оның талай ғасырға жететін тарихын қозғасақ, бабалардың басынан кешкенін көзге елестетсек, көздің жасын тия алмаспыз. Қазақстан ядролық инфрақұрылымнан құтылуды әлемге айғақ еткен, әлемге Қазақстанды бейбітшілікті сүйетін ел ретінде танытқан, еліме тәуелсіздіктің туын желбіреткен елбасы Нұрсұлтан ағамызға алғысымыз ұшан-теңіз. Атом сынағынан аман өттік, бұл заманға да жеттік. Аяулы Отаным-Қазақстан жерін бабаларымыз ерлікпен қорғап бізге қалдырған, кейінгі ұрпағыма «Асыл мұрам, ал балам» деп айту үшін, бізге тұтас уланбай, жоғалмай, өртенбей, сынбай-жанбай, ауыр азап, қиын-қыстау кезеңдерді бастарынан өткізген екен. Халқымыз сол заманнан бері –ақ, елінің елдігін, жерінің байлығын сақтап қалу жолында талай ержүрек, ақылды, шешен де білгір азаматтарының бастауымен «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Тәуке ханның жеті жарғысы» деген қағидаларды сақтап, «Абылайдың ақ жолы», «Нұрсұлтан ағамыздың нұрлы шапағатына» ұласып отырғанын көріп отырмыз. Әрбір адам баласын тіршілік етіп, өзін-өзі асырап отырғаны, ұрпағын қалдырып, дамып жатқаны осы Отанның арқасында. Отан сүйгіштік кісінің бойындағы күш-қуатын, білімі мен өмір тәжірибесін халық мүддесінің игілігіне,кір жуып кіндік кескен жеріне деген ыстық махаббаты оның кісілігін танытатын ерекше асқақ сезім. Мәселен, М.Әуезов «Отан –анам. Отаным, сенен аяр жаным жоқ, сенен іскер күшім жоқ», дейді. Ал,В.А.Сухомлинский: «Отан-өз бесігің, өз үйің, өз бесігіңді ұмытпа»,- дейді. (4,254 б). К.Г.Паустовский: «Адам жүрексіз өмір сүре алмайтын болса, Отансыз да өмір сүре алмайды.», - дейді. И.С.Тургенев: «Отансыз бақыт жоқ, кім-кімнің де тамыр жаяр топырағы - туған жер», - дейді. (5, 489б). Ал, Ж.Ж.Руссо: «Ең зор ізгі ерліктерді Отанға деген сүйіспеншілік туғызған »,- дейді. Ф.М.Достоевский: «Өз Отаныңның мүддесін қорғап, өміріңді құрбан етуден асқан асыл мұрат жоқ», - дейді. (6, 101б). Л.Н.Толстой: «Отан халықтың өткені мен бүгіні және келешегі», - дейді. (3, 287б). Осындай небір ұлағатты , қасиетті сөздер көзі ашық, көкірегі ояу азаматқа рух берері сөзсіз. Қаны қандас, тілі тілдес, дініміз де тіліміз де бірдей бауырлас аға мыз Расул Гам затов өзінің әкесінде Шамильдей ерлерінің бір хатының сақталғанын айтады. Онда былай деген екен: «Менің таулықтарым! Өздеріңнің жалаң жабайы жартастарыңды сүйіңдер, оны сақтаңдар, ол үшін күресіңдер. Сендердің қылыштарыңның шыңылы менің бейіттегі ұйқымды тәтті қылар» (1, 26б). Ал,Отансүйгіштік туралы айтылған ақын тебіреністері де бірінен-бірі асып түседі. «Отанның намысы үшін оттан қашпа, Шын сүйсең мақсатыңнан қия баспа. Тайсалма бар Отанның құрбаны бол, Өмірің орынсыз боп кетпес босқа». О, дариға, алтын бес ік- туған жер, Қадіріңді келсем білмей кеше гөр Отан! Қайсар ар-намысым, жайсаң іңкәр шапғым Перзентке жүктеген қорғанысын, Сен намыстың ну қалың орманысың. Сол үшін шыңнан заңғар атағың Тұлғасына табындырған, Алыс жүрсем сабылтып, сағындырған, Менің ұлы әкем сенсің, Отаным! – деп Мұхтар Шаханов жырлаған. Қайсар ар-намысты аға ұрпақ кеңес үкіметі жылдарында, атап айтқанда ,1929-1931 жылдары, Қазақстанды күштеп ұжымдастыруға қарсы 370-тен астам көтерілістер мен әртүрлі деңгей мен көлемдегі қарулы қарсылықтар ұйымдастырды, ал, 1917 жылғы Қазан революциясына дейін халқымыз отарлық езгіге қарсы 400-ден астам ктерілістерге шығып, наразылықтар көрсетті. Осындай азаттық күрестің басында халқымыздың ортасынан қайнап шыққан ірі-ірі тұлғалар болды. Солар көрсеткен үлгі , сеппкен ұрық бір ұрпақтан екінші ұрпаққа табиғи түрде ауыса келіп,1986 жылғы желтоқсанда жаңғыруына әкелді. Желтоқсан көтерілісі ұлттық рухтың өлместігін жарқын түрде дәлелдеді. 1986 – жылғы желтоқсанда елде жария етілген қайта құрудың 20-шы айы өтіп жатқан-ды. Құқықтық мемлекет құрамыз дегенге сеніп, Горбачевтік «сәуір тезистерінің» тың идеяларымен жігерленген қазақ жастары орталықтың бұрынғыша өктемдігіне келіспеушілігін білдіруге митингілер, шерулер өткізіп алаңға шықты. Қылышынан қаны тамып, жарты әлемді билеп тұрған қызыл империя кеңестік коммунистік партия кезеңінде қазақ жастарының ұлттық намысн ту етіп, отаршылдыққа қарсы алғаш жойқын бұлқыныс танытуы Мәскеудегі өктемшіл шовинистердің төбесіне жай түсіргендей әсер етті. Өйткені, уысындағы қол бала іспеттес көптеген ел бұдан «үлгі-өнеге» алып, ол өрт қаулай түссе, халдерінің мүшкілденетінінен қауіптенді. Оны олар алдын-ала сезді де, басқыншылық әрекеттерге, фашистік қатыгездік қадамдарға да көз жұма барды. Әділдіктің салтанат құруын сұраған жалаң қолды бейбіт жандардың тілектеріне құлақ асқысы келмеген озбыр орталық жүйесі жүректері тітіркенбестен мұздай қаруланған әскермен шеруге шыққандарды аяусыз жаншыды, итке талатты, бас-көз жоқ ұрып соқты. Кремльден кесепатты бұйрықтың пәрмені солай аласапыран құбылды. Қазақ жастары Алматыда,Талдықорғанда,Ақмолада, Орталық Қазақстанның бірнеше елді мекендерінде тоталитарлық билік жүйесіне қарсы көтеріліп, өкіметке саяси талаптар қойды. Желтоқсан көтерілісі сол кездегі кеңес одағының керегесін шайқалтып, КСРО-дағы ашық демократиялық үрдісінің негізін қалаушы оқиғалардың бірі болды. Белгілі ән- өлеңінде айтылғандай, «желтоқсан гүлді солдырып, нұрды оңдырып, көңілде мұңды із қалдырып» қана қойған жоқ, сонымен бірге және ең маңыздысы – халқымыздың ең алдымен жас буынның ұлттық санасын оятумен, ұлттық намысын көтеруінде болды. Ол еліміздің тәуелсіздік алуының алғышарттарын дайындауға қызмет етті. Қатыгездігі мың батпан солақай саясат орын алған соң, жүздеген еркіндік аңсаған ақ ниетті жас азаматтар алаштың арманын асқақтатып, кеудемсоқтықты көксегендерге ойсырата соққы жасады. Мұндай тегеурінді қарсылықтың болуы тиіс емес деп есптейтін кеудесіне нан піскен КОКП төбе шашы тік тұрып, «бұл нағыз қазақ ұлтшылдығы» деп апыл-ғұпыл баға беріп тастады. Олар үшін, әрине, бұл оп-оңай шаруа. Ал, сонда халық намысын қайда қоймақпыз? Орталық партия комитетіндегілер қазақ жастарының Респубика алаңына шығуын нашақорлардың, маскүнемдердің әрекеті деп жалпақ жұртқа жария етті. Уақыт өте өздері ушықтырып, күш қолданғандықтарын бүркемелегісі де келді. Бұл үлкен оқиғаны тент ектік әрекетке балауы көрсоқырлық еді. Көп ұзамай шындықтың бет пердесі ашылды. Оған көзі жеткен кеңес одағының тізгінін ұстаған серкелер «қазақ ұлтшылдығы» деген КОКП шығарған қаулының, яғни, қазақ халқына жабылған жаланың күшін жоюға мәжбүр болғаны белгілі. Жазықсыз, қиянатпен жоғары оқу орындарынан шығарылған, сотталған сан мыңдаған қыз-жігіттер кейін ресми ақталды. Бірақ, олардың жүректерінде қалған қаяу, сызат-дақ кете қойды ма екен?! Талайы зардабын шегіп, қасіретін тартты. Қаншама өрімдей жасөспірімдер қанаты қайырылса да намысын жерге таптатпай, еңселерін биік ұстады. Бірақ, сырын сыртқа шығармай, шерін тарқата алмай іштен тынды. Заман райы солай болды. 1991-жылы қазақ елі егемендікке қол жеткізіп, өз алдына тәуелсіз мемлекет атанды. Шын бағасын иеленбеген желтоқсан көтерілісін жай оқиға деу қиянат екенін дауыстап айтуға мұршамыз келеді. Мұстафа Ататүрік айтқандай, «шынжырларды балқытып, тәжбен тақты күйрететін күшті нұр- ұлттық егемендігімізге қолымыз жетті». Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы, Лаула, лаула желтоқсанның мұзға жаққан алауы. Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы! – деп ақын жырлағандай, желтоқсанның мұзға жаққан алауы, 1991- жылы 16-желтоқсанда тәуелсіздік таңын тудырды. Бұл күнді тарихи бір сәт десек те болады. Әрине, қарапайым ұғымда.Ал, мұны дүниенің жаратылысымен тарих дөңгелегінің заманалар белесіндегі қасиетімен даралап айтсақ, Қазақстан тарихында бұл дата ешқашанда ұмытылмайтын, бақытты баға сымен халқымыздың есінде мәңгілік сақталып қалары анық. Тәуелсіздік- халықтың үні, ұлттың тілі мен ділі. Тәуелсіздік- халықтың тойы, елдің тойы. Қалың қазақ, алты алаш туған күн, мерейтой. «Қаз тұрып, қадам басқан тәуелсіздік сәбилік тұсауын өміршең уақытқа кестірген кезден бастап, осынау 15 жылдың бедерінде айшылық жерді алты рет аттаған алып секілді, дәуір жалынын мығым ұстап, тізгінін бекем қаға білді» - деп, елбасымыз Н.Ә .Назарбаев айтқандай, егемен Қазақстанды бүкіл әлем таныды. (9,1 б). Туған Отанымыз жер жүзілік қауымдастықтың терезесі тең мүшесі ретінде демократиялық өрениетті даму жолына түсті. Үш ғасырға созылған ата-бабамыздың арманының жүзеге асқаны, оған өзімнің куәгер болғаным – мен үшін шексіз қуаныш. Мен өз халқымның ешкімге нақақ қиянат жасамағанын мақтан етемін, ал, қиянат жасамағанға Алланың көзі түзу. Біздің қолымызда қанның емес, тердің иісі бар. Демек, біз - жасампаз халықпыз. Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын-қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтіп, тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды. Отанымыз Қазақстанымыз туралы айтарымыз да мақтанарымыз да көп-ақ! Ендігі жеңіс те ерлік те біздің қолда. Дербес болуға бағыт алған егемен еліміз – Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын биіктетіп байытатын, абыройын асырып, өз бақытының иесі болуына қол жеткізіп отыратын, білім мен білік жолын таңдаған кейінгі ұрпақтар, яғни, біз жұмыла еңбек етуіміз қажет. XXI ғасырда қазақтың қасіреті аз болғай, қуанышы көп болғай! Таяудағы жүз жылдық, әрідегі мың жылдықтарда қазақтың арманы мен мүддесін, елдігі мен еңбегін хақ тағала баянды еткей!
Осыдан 25 жыл бұрын егемендігімізді жариялап, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл ғасырлар бойы қазақ халқының аңсаған арманы еді. Ұлы қазақ елі осы күнге жеткенше үш жүз жылға жуық бодандықтың бұғауында, жетпіс жылдан аса кеңес одағының шырмауында болды. Жер бетінде елдің бостандығын, халқының тәуелсіздігін ойламайтын жұрт жоқ болар. Тәуелсіз Қазақстан! Тәуелсіздік! Яғни егеменді, дербес мемлекет. Бүгінгі күні осы тәуелсіздігімізді алғанымызға 25 жыл уақытта зымырап келіп қалды. Ал осы уақыт тарих үшін қас - қағым - ақ. Қаншама ғасырларды алып құшақтаған тарих қойнау талай үлкен мемлекеттердің тәуелсіздігін көрген. Солай бола тұрса да, біз үшін өзіміздің тәуелсіздігіміз қымбат. Неге десеңіз, мемлекетіміздің сөнген отын жаққаны үшін, ата - бабамыздың рухын көтергені үшін, елімізді әлемге танытқаны үшін, «қазақ» деген атауға жан кіргізгені үшін бізге қымбат. Кей кезде маған осыдан 25 жыл бұрын біздің қазақ елі қандай еді деген сұрақ ойыма орала береді? Әрине, бұдан 25 жыл бұрын алға қойған мақсатымыз даңғыл жол болды, яғни тәуелсіздік даңғылы. Осы тәуелсіздікті алғаннан кейін халықтың басын біріктіріп, өз алдына ел қылуға Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ елінің тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен қазақ халқы әлемге танылды. Елім ерлігін көрсетті, елдігін танытты. Қазақ халқы тәуелсіздігін алып, егемендігіне қол жеткізгенде өз алдына ел бола алатынына күмәндана қараған жандарда болған екен. Бірақ ар - намысты алға қойған Елбасымыз бен үкімет басында отырған елі үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. Біз түрік ұрпағымыз, мекеніміз қасиетті - Түркістан. Осы өңірге ту тіккен біздің бақытымызды Нұрсұлтан атамыз баянды етіп келеді. Тәуелсіздік жолы тәуекелді ту етті. Сөйтіп тәуекел қайығына міндік, 25 жыл ішінде басқа халықтар ғасырлар бойы өткен жолдан өттік. Аллаға шүкіршілік, Елбасымыз осы 25 жыл бойы елін, халқын осы даңғыл жолмен әкеле жатыр. Алға басып дамуымызда айқын әрі анық. Еліміздің рухы күннен – күнге көтеріліп келеді. Жалпы біз үшін тәуелсіздік – Ту, тәуелсіздік - ауа, жер - су, тәуелсіздік ел дәулеті болып табылады. Тәуелсіздік - азаттықтың алтын діңгегі, ұлттық өрлеудің ұлы күші. Тәуелсіз елдің қызы - өжет, ұлы - қайратты, халқы - қаһарман. Қараның да, ханның да рухани өзегі тәуелсіздік. Ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт - сананың мызғымас тірегі – тәуелсіздік! Халқының тәуелсіздігі үшін Жәнібек пен Керейден бастап Кенесарыға дейінгі қазақ хандары қарап жатпады. Барлығы да елдің тәуелсіздігі мен халқының тыныштығы үшін қажымай талмай күресті. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы, шын мәнінде, қазақ халқының тәуелсіздігі үшін ең соңғы күресі еді. Тәуелсіздік қажырлы күреспен келді. Бостандықтың 25 жылында жүз жылдарға татитын қадамдар жасалуда. Тәуелсіздіктің арқасында елдігімізге құт қонып, ырыс үйіріліп, ортаға үлкен сыбаға түсіп тұр. Қазақстан ертең күн шыға қауызы ашылып, сосын жан - жағына әдемілік, сұлулық сыйлайтын исі жұпар гүлдердей жайнап, құлпырып кетеріне осы елдің азаматы ретінде мен кәміл сенемін. Ендігі ұрпақтың мақсаты мол біліммен қаруланып, кең - байтақ жерімізді теріс пиғылды басқыншылардан қорғау. Талай жерде құрсақта жатып, құрбан болып кете жаздаған тәуелсіздігімізді пәле жаладан аман сақтайық, ғұмыры ұзақ болғай. Ынтымағымыз жарасқан, бірліктегі ел бола берейік. Бұл мен сияқты мыңдаған қазақ халқының тілегі. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!
Тәуелсіз болу – бақыт. Тәуелсіздікке қолы жеткен елдер алдында одан да биік мақсаттар туындайды. Ол – қол жеткен табыстардың баянды болуы. Ол үшін тәуелсіздікті нығайтып, еліміздің еркіндігін еңбекпен еселеуіміз қажет. Қазақстан таяудағы жылдар ішінде әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарына кіруі тиіс. Бұл дегеніміз – бәсекеге төтеп беру. Әлемдік бәсекеге төтеп берудің басты шарты – күшті рух пен білім. Тәуелсіздіктің жиырма екі жылында Қазақстандағы жоғары білім беру жүйесінің мазмұны да, бағыты да, маңызы да өзгеріп, жаңа сипатқа ие болды. Елбасының жүргізіп отырған сындарлы саясатының арқасында білім саласында көптеген реформалар жүзеге асып, тың идеяларға дем беріп, жаңаша бетбұрыс жолына түсті. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қабылданған «Болашақ» бағдарламасының өзі мемлекетіміз үшін қаншама маңызы болды. Биыл, міне, бұл бағдарламаның жүзеге асқанына да 20 жыл толып, білім жүйесінің локомотивіне айналды. Ілім мен білімнің дамуы – адамзат өркениетінің өлшемі, десек бұл жолда да Елбасы көрегендік танытты. Өйткені, қашанда білімі күшті ел озады, білімі әлсіз ел оған қызмет етеді. Бұл – дәлелді қажет етпейтін заңдылық.
Шығарма
Қазақстан – Тәуелсіз ел!
Егемен еліміздің тәуелсіздігі – ата – бабамыздың асқақ арманынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс. Ежелден еркіндік аңсаған азат халқымыз тәуелсіздігінің жиырма төрт жылын тойламақ. Тәуелсіздік атты қасиетті ұғымның тереңіне үңілсек, ата – бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы мен мұратын, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтың ұрпаққа қалдырған аманатын жүрегімізбен бойлаймыз.
Бір мың тоғыз жүз тоқсан бірінші жылдың он алтыншы желтоқсанында Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялады. Қазақ халқы үшін ақ түйенің қарны жарылған мерейлі күннен бері жиырма жылдан аса уақыт өтті. Тарих үшін жиырма жыл көп емес. Ал біздің жас мемлекетіміз үшін бұл жылдар елімізді нығайтуға бағытталған үлкен істерге толы болды. Осы аз уақыт ішінде дүние жүзі Қазақстан елінің тәуелсіздігін мойындады. Еліміз әлемдік қауымдастыққа, соның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшелікке қабылданды. Әр азаматын жігерлендіретін Гимніміз, мақтаныш сезім ұялататын Елтаңбамыз, ерлікке жетелейтін Туымыз, экономикалық дербестігімізді танытатын төл теңгеміз бар. Әлем картасындағы «Қазақстан Республикасы» деген атау еліміздің әр азаматының төл құжаты іспеттес. Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде дүние жүзіндегі барлық елдерге түгел дерлік танылды. Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, салт – дәстүрдің, ұлттық сананың тірегі. Тәуелсіздік – орындалған арман.
Қазақ халқы ежелден – ақ үш нәрсені қасиет тұтып өтіпті. Соның бірі Отан мен туған жер екен. Қазақтың біртуар ақыны Қасым Аманжолов:
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Яндекс.ДиректОбъявление скрыто.
СкрытьНе интересуюсьНадоелоСпамМешает
Бұл далада атам қолға ту алған.
Бұл далада жылап келіп, уанғам,
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман
– деп, Отанға деген жүрек тебірінісін жырға қосып жеткізген. Ақын жырлағандай, менің қасиетті Отаным – Қазақстан Республикасы.
Қазақ халқының қат – қабат тарихының басты мазмұны  – азаттық үшін күрес. Елдік пен бостандық үшін күресінің байырғы скиф, ғұн, оғыз, сақ, үйсін, қаңлы, қыпшақ замандарынан кешегі шерлі желтоқсанға дейін сан ғасырлық шежіресі бар. Ата – бабаларымыз өзінің  жанқиярлық пен табандылық күресінің арқасында  бірлік – берекесін сақтап қана қоймай, он бесінші ғасырда Қазақ хандығын құруға дәнекер болды. Тамыры тереңде жатқан, ұлан – ғайыр жерімізге көз алартып, сұқтанғандардан ата – бабаларымыз сол жерді қорғап, ұрпақтарына қалдыру үшін бүкіл ғұмырын сарп етті. Ата қоныс үшін, азаттық үшін небір сұрапыл шайқастар өтті. Дербестік үшін күрескен талай боздақтардың жаны қыршыннан қиылды…
Атамекеніміз бізге ата–бабаларымыздан қалған аманат!
 
Міне, бүгінде біз болашаққа деген жарқын сеніммен алға қарай нық қадам басып келеміз. Егемендіктің ашық аспаны астында алшаңдай басып, жиырма үш жылды артқа тастадық. Бізді бұл бақытқа жеткізген ата – бабаларымыздың, аяулы арыстарымыздың еркіндік үшін күресте төгілген қаны, солардың жанқиярлық ерлігі!
Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым өмірге, қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім
–  деп Жұбан ақын жырлағандай, біз мәңгі өлмейтін халықтың ұрпағымыз! Ежелден аңсаған еркіндіктің туы жоғары, елдігі берік болсын!
Тәуелсіздік - ел бақыты
Д.Тасыбаев,
Байзақ аудандық сотының төрағасы.
Халқымызға ғасырлар бойы арман болған Тәуелсіздік жарияланған күн біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 22 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты түрде аталып өтіледі.
Бізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар – елді қорғау жолындағы соғыстар, ұлт-азаттық көтерілістер, халқымыздың қандай да ауыртпалықты көтере білген, жасымайтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы-өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуға тиіс. Бұл еркіндік сүйгіш, патриоттық дәстүр 16 желтоқсан оқиғаларына дейін жалғасты. Осылайша Тәуелсіздік күнінің оңайлықпен келмегенін білеміз. Елбасымыз өткен дәуірдегі қаһармандық оқиғалардың тізбегін «Ұлы далада бірінен соң бірі толас таппай жүріп жатқан 200-ге тарта көтерілістер эстафетасы, біздің бүгінгі Тәуелсіздігіміздің бастау көздері» деп бағалаған болатын.
Елдің біртұтастығы мен тыныштығын сақтауға бар өмірін сарп еткен хан-сұлтандары мен батырларын халқымыз тарихқа өлшеусіз үлес қосқан ірі тұлғалар ретінде ардақтап, олардың өлмес рухын ұлт мақтанышы ретінде күні бүгінге дейін жеткізді. Бұл қасиетті шежіре – бүгінгі буын арқылы келер ұрпақтың бойына жастайынан сіңірілетін баға жетпес игілік. Осы өнегені, елжандылық, отансүйгіштік дәстүрді жастардың бойына дарыту, патриоттық рухта тәрбиелеу – бүгінгі таңда әрбір қазақстандықтың қасиетті борышы болып табылады.
Тәуелсіздігімізді жарияланғаннан бергі мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Бұл Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі, яғни барша жеңісіміз еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігінің, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының арқасында болып отыр. Еліміздің Тәуелсіздігі мен мемлекеттілігінің орныға түсуі, ұлттық қауіпсіздігі, экономикамыздың жедел қарқынмен дами беруі, Қазақстан халықтарының өз болашақтарына деген берік сенімі, қазіргі замандағы өркениетті қауымдастық ортасында іргелі елге айналуы стратегиялық негізгі бағыттарды құрайды. Сондықтан бұл күн жас мемлекетіміз үшін біртұтас елдіктің, ынтымақтастық пен татулықтың, сонымен қатар өткенге деген тағзымды салауат пен болашаққа деген сенімді үміттің мерекесі болып табылады. Еліміздің ұлы тарихына, ата-баба рухына, аға ұрпақтардың қаһармандық өмір жолына құрметпен басымызды иіп, Отанымыз – Қазақстанға деген құрметтеу сезімін әкелетін мереке күні алға тағы да берік сеніммен қарап, болашақтың бейбіт өмірі үшін іс-әрекетті жалғастыруымыз керек.
Қоғамдық өмір сабақтары мен Отанымыздың мүддесі қазіргі таңда патриоттық дәстүрге сай жаңа талаптарды қойып отыр. Ата-бабаларымыздың алдында Тәуелсіздік үшін күресу мақсаты тұрған болса, біздің алдымызда оны нығайта түсу міндеті тұр. Сол мақсатты орындау жолында аянбай күш-жігер жұмсау, басты борыш екенін естен шығармайық дегім келеді.

Приложенные файлы

  • docx 14675884
    Размер файла: 60 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий