Экологиялық аурулар Назко


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Орындаған: Курс: Tоп: Факультет: Тексерген: Тақырыбы: Экологиялық ауруларҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІС.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІМИНИСТЕРСТВО ЗДРАВООХРАНЕНИЯ РККАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВААлматы 2015 Жоспары:КіріспеНегізгі бөлім:Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторларҚоршаған ортаның ластануының салдарынан пайда болатын аурулар КіріспеБүгінгі таңда еліміздің экологиялық жағдайларына байланысты табиғатты қорғау бүкіл дүниежүзілік мәселелердің бірі болып отыр. Табиғатымыздың ластануы, ауамыздың нашарланып бұзылуының салдарынан адамдардың көбісі ауыршаңдық болып келетіндігі табиғатымыздың күрт өзгеруінің салдарынан болып отырған нәтиже. Осы жерде айта кетсек Арал, Балқаш, Семей өңірлерінің экологиялық жағдайларының нашарлануының салдарынан әртүрлі жаман аурулар көбейіп кетті. Осы мәселе біздің елімізде ғана емес, бүкіл әлем алдындағы экологиялық мәселелердің бірі болып отырған жоқ па? Адамның ақыл-ойының нәтижесінің арқасында әр түрлі атом станциялары, зауыттардың қалдық қоқыстары табиғатымызды ластап жатыр. Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторларАдамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға, оған тән емес 4 млн.-нан астам заттар шығарылады. Сонымен қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаган жаңа заттар шығарылады. Олардың көпшілігі ксеиобиотиктер (грек тілінен аударғанда хеnos —бөтен) адам мен басқа да тірі ағзалар үшін бөтен заттар.Аурулардың көбеюі сонымен қатар табиғи ортаның әр түрлі трансформацияларымен, оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге, бір типті тұрғын жерлерге және т.б., яғни «үшінші табиғатқа» айналуына байланысты. Денсаулыққа әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың әсері артып отыр. Табиғи және физико-химиялық тұрғыдан алғанда таза орта болса да, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін өмір көрсетіп отыр. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы адамның психологиялық күйі мен стресстік құбылыстар арқылы әсер етеді. 9-кестеде халықтың өліміне әр түрлі  аурулардың әсері  көрсетілген. Қоршаған ортаның белгілі бір көрсеткіштерімен байланысты аурулар негізінен екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа экологияға байланысты аурулар жатады – ауру этиологиясы ретінде экологиялық әсер ету болған жағдайда туған адам ауруы. Оған жататындар:  эндемиялық аурулар, табиғи-ошақтық инфекциялар, радиация және биологиялық аллергендер әсеріне байланысты аурулар. Екінші топты әлдеқайда көп экологияға тәуелді аурулар құрайды – ерекше сипаты жоқ аурулар, едәуір өзгерген сыртқы ортада пайда болады. Бұл жерде экологиялық себептер, патологияның пайда болуына түрткі болатын патогенетикалық механизмдер ретінде әсер етеді: тұрғындардың жалпы аурушылдық деңгейі жоғарылауы, балалар ауруының көбеюі, жүктілік кезіндегі патологияның жиілеуі, ұрықтың жатыр ішілік дамуының бұзылуының жиілеуі, онкологиялық аурулардың көбеюі т.б. Егер қоршаған орта ұзақ уақыт бойы ластанғанда және осындай жағдайда бірнеше ұрпақ өмір сүргенде, сонымен қатар ірі өндірістік қалалар тұрғындары үшін жоғарыда айтылғандардың маңызы ерекше. Қоршаған ортаның ластануының салдарынан пайда болатын аурулар Қоршаған ортаның радиоактивтік және таксикологиялық улануы жағынан жер бетінің ешбір халқы да, табиғи жүйесі де дәл Қазақстан халқындай және табиғатындай зардап шеге қоймаған шығар, сірә?Бұлай деуіміздің себебі – атомдық және химиялық өндірістердің, ядролық сынақтар мен басқа қарулардың ісерінен елімізде көптеген аймақтар күрделі экологиялық дағдарысқа ұшырады. Республикамыздың Арал өңірі, Шығыс Қазақстан, Семей полигоны және Батыс Қазақстандағы Азғыр, Тайсойған, Ресеймен шекаралас «Капустин Яр» басы ашық айқын аймақ апаттар болып табылады.Елімізде осылай экологиялық жағдайдың пайда болуы біріншіден, халық шаруашылығықұрылымының дұрыс ұйымдастырылмауының нәтижесі, яғни, көне технологияларды пайдалану, саясат пен экономикада «біжден кейін кұл болмасаң, бұл бол» тоқмойын милитаристік көзқарастың үстем болуы, республиканың  тек қана шикізат өндіруге бағытталуы себепші. Бұл қатынас адамның сана-сезімінің деформацияға ұшырауына және еңбекте экологиялық мәденеттің, экологиялық көзқарастың бұзылуына, сайып келгенде өз көрін өзі қазған қарабайырлыққа әкелді. Сондықтан экологиялық жағдайдың зиянды жағына қарай өзгеріп жатқанын ашық айтуға мүмкіндік болмады. 1949-1989 жылдарда Семей сынақ полигонында 470 ядролық жарылыс болды, оның 26 – жер үстінде, 90 – ауада, 354 – жер астында жасалды. Осылардың салдарынан тұрғындардың денсаулығы, жануарлар мен өсімдіктер әлемінің табиғи тепе-теңдігі бұзылды. Зымырандарды космосқа шығаруға пайдаланған гептил деген жанармай қалдықтарының табиғи ортаға, адамға, жан-жануарларға әсері дәйекті зерттелмеген.Ал іс жүзінде қоршаған ортаның радиоактивтік, химиялық заттармен ластануының әсерінен адам тәнінде тектік және хромосомдық өзгерістердің пайда болуы, сонымен бірге өсімдіктер мен жануарлардың құри бастауы адамзатқа төнген қауіптің қаншалықты зор екендігінің айқын айғағы. Осындай генетикалық өзгергіштіктердің салдарынан мысалы, ұрықтанған жұмыртқа жасушаларының  50%-і өледі, немесе олардан пайда болған организмдер артына ұрпақ қалдыра алмайды. Гентикалық зардаптар дене мүшелеріндегі іртүрлі өзгерістер және психологиялық кеселдер түрінде пайда болады. Осындай зардапқа душар болған балалардың балалардың – 10 пайызы, яғни әрбір 1 млн баланың – 100 мыңы кеміс болып туылады екен.Қазақстанның зардапты экологиялық проблемалары көрші мемлекеттерің де наразылығын тудыруы әбден мүмкін. Сондықтан мемлекеттік деңгейдегі стратегиялық маңызды шарттардың бірі – халықтың экологиялық тұрғыдан қауіпсіздігін нақты жүзеге асыру – бүгінгі күннің ең басты да ең негізігі талабы… Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі - Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы 29 тамызда болды. Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты сынақтары жүргізілді. Ядролық қару-жарақтарды сынау аймақтың табиғи ортасына және халықтың денсаулығына кері әсерін тигізді. Республика көлемінде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстар жоспарлы түрде іске асуда. Олар: жер қойнауын тиімді пайдалану (минералды шикізаттарды кешенді пайдалану, игерілген жерді рекультивациялау және көгалдандыру) ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды. Тек Семей ядролық полигонының ғана емес, соған жақын жатқан орасан үлкен аумақтар да (Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жезқазған облыстары және Ресей Федерациясының Алтай өлкесі) радиоактивті ластануға ұшырады. Соның нәтижесінде сол аумақтағы көптеген тірі ағзалар және тұрғын халықтар зардап шекті. Ядролық техниканы сынаудың  салдары: рак, катаракта, туберкулез, аллергия, глаукома, жүрек, тері және нерв-жүйке, психикалық аурулар, екі басты, қолы жоқ, бүйрексіз балалардың өмірге келді. Мұндай аурулар әрбір отбасын дерлік қамтыды. Семей полигонының зардаптары Экологиялық зардаптар Өнеркәсіпті қалаларда және оған көршілес орналасқан елді мекендерде ауаның әр түрлі газдармен ластануы нәтижесінде халык арасында тыныс жолдары ауруларының саны артуда. Мысалы, Алматы тәрізді ірі калаларда автокөліктерден шыккан улы газдың молаюы байқалады. Көптеген елді мекендерде орталық су құбырлары жүйесінің болмауына байланысты тұрғындар асқазан, ішек ауруларына ұшырайды. Тұрғын халықты сапалы ауыз су - қамтамасыз етуді жақсартпаған жағдайда өндіріс қалдықтарымен, әр түрлі тыңайтқыш, пестицидтермен ластанған өзен суын пайдалану қауіпті. Соның нәтижесінде әр түрлі ауру туғызатын бактериялар көбейіп, сары ауру сияқты дертке шалдықтырады.Адам денсаулығына ядролық жарылыстардың да тигізетін зиянды әсері көп. Мысалы, космодромға көршілес аудандарда, ядролық полигон төңірегінде тұратын халык қатерлі ісік, қанның азаюы (анемия), ак қан (лейкемия) ауруларымен көп ауырады. Қазіргі кезде Байқоңырдан ұшырылып, апатқа ұшыраған зымырандардың сынығы, Орталық Қазақстан жеріне құлаған «Протон» қондырғылары халық денсаулығына өте зиян келтіруде. ҚорытындыАлматы ауасының қатты ластануына сол автокөлiктерден шыққан қалдықтар, өнеркәсiптiк кәсiпорындар мен жылу энергетикасынан бөлiнген зиянды қоспалар Алматы жұртшылығының ауруын асқындыруда. Осындай экологиялық-гигиеналық факторлар бар ауруды асқындырмауды еске салатындай. Шаһарымыздағы сырқаттың 40 пайызы экологиялық фактормен байланысты. Мәлiметтерге көз жiберсек, бiр жыл iшiнде қала iшiндегi, оған қоса транзиттiк және қалааралық автокөлiктерден тарайтын зиянды қалдық 190 мың тоннаға жетедi екен. Қолданылған әдебиеттер1. Экология және табиғатты тиімді пайдалану. Ә. Бейсенова, А. Самақова, Т. Есболов, Ж. Шілдебаев.2. Экология негіздері. Ғ. Сағымбаев.3. Экология. Г. С. Оспанова, Г. Т. Бозматаева.4. Денсаулық журналы.5. Экология. Ә.С. Бейсенова, Ж. Б. Шілдебаев, Г. З. Сауытбаева.

Приложенные файлы

  • pptx 11256167
    Размер файла: 482 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий