к чёрту!!!


13-1. Құқықтың түсінігі жəне белгілері.
Құқық – бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтырылатын жəне қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі. Құқықтың белгілері: 1) еріктілік сипаты- халықтың белгілі-бір тобының немесе қоғамдағы көпшіліктің еркі мен мүдделерін білдіреді 2) жалпыға міндеттілігі- мемлекет аумағында тұратын барлық тұрғындарға таралады
3) нормативтілігі- заңдық нормалардың — жалпыға міндетті тəртіп ережелерінің жиынтығын білдіреді 4) мемлекетпен байланысы- мемлекеттен туындайды жəне кез-келген бұзушылықтардан мемлекеттік мəжбүрлеу шараларымен қорғалады 5) формальды анықталғандығы- арнайы мемлекеттік құжаттарда-нормативтік актілерде көрініс тапқандығы 6) жүйелілігі
14-1)Нормативтік реттеу жүйесіндегі құқықтың орны.
Нормативтік реттеу жүйесі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардан тұрады. Олар әлеуметтік және әлеуметтік-техникалық нормаларға бөлінеді. Қоғамның әлеуметтік нормалары дегеніміз қоғамдық қатынастарды реттейтін, қоғамдық пікір күші ықпалымен немесе мемлекеттің мәжбүрлеуімен қамтамасыз етілетін, қоғамдағы адамдардың мінез-құлқы, жүріс-тұрыстары ережелерінің жүйесі. Әлеуметтік нормаларға жататындар құқық нормалары, мораль (имандық, өнеге) нормалары, қоғамдық ұйымдар (корпоративтік) нормалары, әдет-ғұрыптар, дін нормалары және тағы басқа. Әлеуметтік нормалар белгілеу және қамтамасыз ету тәсілдері бойынша ерекшеленеді. Мысалы, құқық нормаларын мемлекет белгілейді және қамтамасыз етеді, имандылық, әдет-ғұрып нормалары қоғам өмірінен туындайды және қоғам пікірімен, адамның сана-сезімі арқылы қамтамасыз етіледі, діни нормалар діннен туындайды. Әлеуметтік-техникалық нормалар – техникалық құралдарды пайдалану, қолдану ережелері; санитарлық-гигиеналық нормалар; агрономиялық нормалар және тағы басқа. Жасалу тәсілі бойынша нормалар саналы және стихиялық (сұрапылдық) түрге бөлінеді. Баяндау және көріну тәсілдері бойынша нормалар ауызекі және жазбаша түрге бөлінеді. Мысалы, құқық нормалары әрқашан да жазбаша, ал өнегелік нормалар ауызекі болады.
15-1) Құқықтың қайнар көздері ұғымы мен түрлері.
Құқықтың қайнар көздері – бұл құқық нормаларының бекітілу жəне көрініс табуының мемлекет шығарған немесе ол таныған ресми-құжаттық нысандары, оларға заңды, жалпыға міндетті мағына беру. Құқықтың қайнар көздерінің түрлері: 1. Нормативтік заң актілері – бұл құзіретті мемлекеттік орган қабылдайтын, құқық нормаларынан құралған жəне белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған ресми құжаттар. Оларға Конституция, заңдар мен заңға сəйкес актілер жатады. 2. Санкцияланған əдет нормалары – бұл адамдардың санасынан орын алған жəне көп рет қолданылуының нəтижесінде əдетке айналған, тарихи қалыптасқан жүріс-тұрыс ережелеріне мемлекеттің жалпыға міндетті мəн беріп, оларды орындауды өзінің мəжбүрлеу күші арқылы кепілдеуі. Əдет-ғұрып нормаларына заңды мағына беретін мемлекет санкциясы екі түрлі жолмен беріледі: а)нормативтік актілерде əдет нормаларына сілтеме жасау арқылы; ə)оларды сот шешімдерінде жəне басқа да мемлекеттік органдар актілерінде іс жүзінде тану арқылы. 3. Заңды прецедент – бұл ұқсас істерді шешуде басшылыққа алынатын жəне жалпыға міндетті заңды мағынаны иеленетін нақты бір заңды істі шешудегі соттық немесе əкімшілік шешім. 4. Нормативтік шарт – бұл екі немесе одан да көп субъекті-лердің жалпыға міндетті заң нормаларынан құралған келісімі. 5. Құқықтың жалпы қағидалары – бұл құқықтық жүйенің негізгі бастамалары. Мысалы, заңнамалық норма, міндетті прецедент немесе əдет нормасы болмаған жағдайда заңгерлер əділет-тілік, ар-ождан, құқықтың əлеуметтік бағыттылық қағидаларына негізделуі мүмкін. 6. Діни мəтіндер – бұлар, əсіресе, мұсылмандық құқыққа тəн.
16-1) Құқық нормасы құрылымы мен түрлері.
Құқықтық норманың құрылымы үш элементтен құралады: гипотеза, диспозиция жəне санкция. Гипотеза – бұл құқықтар мен міндеттердің пайда болу жағдайын көрсету; диспозиция – бұл құқықтар мен міндеттердің өзін көрсету; санкция – бұл норманы бұзудан туындайтын қолайсыз салдарды көрсету. Құқық нормаларының түрлері: 1) реттеуші жəне құқыққорғаушы; 2) құқық беруші, тыйым салушы жəне міндеттеуші; 3) императивтік жəне диспозитивтік. Реттеуші норма – бұл субъектінің субъективтік құқықтары мен міндеттерін, олардың пайда болу жəне əрекет ету жағдайларын анықтайтын норма. Құқыққорғаушы норма – бұл субъектіге мемлекеттік мəжбүрлеу шараларын қолданудың жағдайларын, осы шаралардың сипаты мен мазмұнын анықтайтын норма.Құқық беруші норма – бұл субъектіге белгілі бір əрекеттерді жүзеге асыруға байланысты құқықтарды беретін норма.Тыйым салушы норма – бұл субъектіге белгілі бір əрекеттерді жасаудан бас тартуды міндеттейтін норма. Міндеттеуші норма – бұл субъектіге белгілі бір мазмұндағы əрекеттерді жасау міндетін жүктейтін норма. Императивтік норма – бұл қатаң ережелер түрінде көрініс табатын жəне құқық субъектілерінің қалауларынан тəуелсіз түрде əрекет ететін норма. Диспозитивтік норма – бұл өзіндік қалау бостандығын білдіретін норма.
18- 1)Құқықтық қатынастар ұғымы мен түрлері.
Құқықтық қатынас – бұл қатысушылары субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерді иеленетін, құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас. 1) салалық белгісі бойынша құқықтық қатынастар конституциялық-құқықтық, əкімшілік-құқықтық,азаматтық-құқықтық жəне т.б. болып бөлінеді; 2) сипаты бойынша – материалдық (қаржылық, еңбек жəне т.б)жəне іс жүргізушілік (қылмыстық іс жүргізушілік, азаматтық іс жүргізушілік жəне т.б.) құқықтық қатынастар; 3) құқықтың функциялары бойынша – реттеуші жəне қорғаушы құқықтық қатынастар; реттеуші құқықтық қатынастар құқық нормасы немесе шарт негізінде пайда болады, қорғаушы құқықтық қатынастар мемлекеттік мəжбүрлеумен жəне заңды жауапкершілікті жүзеге асырумен байланысты болады; 4) қатысушыларының құрамына қарай–жай жəне күрделі құқықтық қатынастар; жай құқықтық қатынастар екі субъектінің арасында туындайды (сату-сатып алу құқықтық қатынастары), ал күрделі құқықтық қатынастар бірнеше субъектілердің арасында туындайды (қылмыстық жазаны өтеу құқықтық қатынастары);5)субъектілерінің анықталу дəрежесіне қарай – абсолюттік жəне қатысты құқықтық қатынастар; абсолюттік құқықтық қатынастарда тек бір жақ қана – субъективтік құқықты иеленуші – анықталады, ал қатысты құқықтық қатынастарда екі жақ та жеке дара анықталған болып келеді жəне бір-біріне қатысты құқықтар мен міндеттерді иеленуші болып табылады; 6) жалпы жəне нақты құқықтық қатынастар; жалпы құқықтық қатынастар заңнан тікелей туындайды, нақты құқықтық қатынастар заңды фактілердің – əрекеттердің, нақты жүріс-тұрыс актілерінің – нəтижесінде пайда болады.
19-1) Құқықтық қатынастардың пайда болу, өзгеру және тоқтау негіздері.
Құқықтық қатынастардың пайда болу алғышарттарының екі түрін бөліп қарастырады:
1. Материалдық ( жалпы) алғышарттар; бұларға адамдардың құқықтық қатынастарға түсуіне əсер ететін өмірлік қажеттіктері мен мүдделері жатады. Кең мағынада – бұл белгілі бір қоғамдық
қатынастарды құқықтық реттеудің объективтік қажеттігін көрсететін əлеуметтік-экономикалық, мəдени жəне т.б. жағдайлардың жүйесі. 2. Заңды (арнайы) алғышарттар; бұларға құқық нормасы, құқық субъектілік жəне шынайы өмір жағдайы ретіндегі заңды факт жатады.
20-1) Құқықтық сана-сезім және құқықтық мәдениет.
Құқықтық сана – бұл адамдардың жаңадан қабылданған заңдарға, нормативтік актілердің нақты жобаларына жəне т.б. деген оң немесе теріс көзқарасы. Құқықтық сана мынаны білдіреді:
- құқықтың қажеттігін түсіну жəне сезіну; - құқықты бағалау; - заңнаманың дамыған жүйесін құру қажеттігін түсіну; - қолданыстағы нормативтік актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізудің қажеттігін түсіну; - құқықты жүзеге асырудың нəтижелері мен процесін қабылдау.
Құқықтық мəдениет құқықтық санамен тығыз байланыстылықта бола
тұрып, оған сүйенеді. Алайда, құқықтық мəдениет құқықтық санаға қарағанда əлдеқайда кең, себебі, ол психологиялық жəне идеологиялық элементтермен қатар, заңды мəні бар жүріс-тұрысты да қамтиды. Құқықтық мəдениет мыналарды білдіреді:
1) құқықтық шындықты сезімдік қабылдаудың жəне құқықтық ойланудың белгілі бір деңгейі;
2) халықтың заңдарды білуінің тиісті дəрежесі;
3) құқық нормаларды, олардың үстемдігін түсінудің жоғары деңгейі;
4) құқықшығармашылық жəне құқықты жүзеге асыру процесстерінің сапалық жағдайы;
5) құқықтық қызметтің ерекше тəсілдері (құқыққорғау органдарының жұмысы, конституциялық бақылау жəне т.б.); 6) құқықтық қызметтің адамдар жасаған рухани жəне материалдық игіліктер түріндегі нəтижелері (заңдар, сот тəжірибесі, заңнама жүйесі жəне т.б.).
20/1 Құқықтық сана - сезім мен құқықтық мәдениет Құқықтық сана – мемлекет пен құқық және криминология теориясының категориясы. Құқықтық сана құқықтық мәні бар құбылыстардың көрінісімен және құқықтық мәні бар құндылықтармен, құқықтық пайыммен, парыздық құқықтық тәртіппен байланысты қоғамдық, топтық, жеке сана аясын қамтиды. Құқықтық сана қоғамдық өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен, оның мәдени-құқықтық, демократиялық не авторитарлық дәстүрлерімен айқындалады. Құқықтық сана дегеніміз қоғамдық сананың формасы ретінде қабылданған адамдарды (мемлекеттегі заңдарға, құқыққа, олардың қағидалары мен мәніне әділ сотқа және тілегіндегі құқыққа деген идеялар, теориялар және сезімдердің жүйелік жиынтығы. Құқықтық сананың экономикалық негізін жеке адамдардың меншікке деген қатынастары құрайды. құқықтық сана құқықтың өзімен, құқықтық мекемелермен толыққанды дәрежеде әрекеттестікте болады. Атап айтқанда, әрекеттестік пен қарым-қатынастық бұзылған жағдайда бүкіл құқықтық реттеу дағларысқа үшырауы әбден мүмкін. Қоғамдық сананың формаларына құқық, мораль, ғылым, өнер, идеология, дін т.б. жатады. Аталған қоғадық сананың формалары қоршаған ортаның қыр-сырын өзінше танып, сол ортаға, құбылысқа байланысты өзінің қатынасын қалыптастырады. Құқықтық мәдениет құқықтық сана-сезіммен тығыз байланысты және содан негіз алып дамиды, жетіледі. Субъектінің өзінің іс-әрекетінде құқық нормаларын басшылыққа алуы оның құқықтық мәдениетінің ерекшелігін, дәрежесін білдіреді. Құқықтық тәрбие – қоғам мүшелерінің құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалыптастырудағы мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың іс-әрекетінің көрінісі болып табылады. Мемлекет неғұрлым құқықтық тәрбиеге ерекше мән берсе – құқықтық сана, құқықтық мәдениет, құқықтық білім биік дәрежеден көрініс табады. Өйткені, құқықтық сана, мәдениет, құқықтық ғылым – тәртіптің қайнар көзі, бастауы.Мемлекет құрылымы Қазақстан Республикасы -  президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Мемлекет басшысы – Президент Нұрсұлтан Назарбаев.Қазақстанда бір ғана мемлекеттік билік бар – оған Парламент арқылы жүзеге асатын заң шығару билігі; орталық органдардан (министрлік, ведомстволар мен агенттіктер) және жергілікті органдардан (әкімдіктер) тұратын   Үкімет – атқарушы билік және мемлекеттік соттар (Жоғарғы сот және жергілікті соттар) арқылы жүзеге асатын  сот билігі   кіреді. Мемлекеттік биліктің бірден бір қайнар көзі – халық. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық, бүкіл халықтың игілігі үшін экономиканы дамыту, патриотизм, мемлекет өміріндегі маңызды мәселелерді республикалық референдум немесе Парламентте   дауыс беру арқылы барынша демократиялық әдістермен шешу Республика қызметінің негізін қалаушы қағидаттар боп табылады.ҚР мемлекеттік және жеке меншік мойындалады және тең дәрежеде қорғалады. ҚР Президенті — жоғары лауазымды тұлға және ел Қарулы күштерінің бас қолбасшысы. Оның өкілеттілігі Конституцияның арнаулы бөлімінде айқын белгіленген. Лауазым 1990 жылдың 24 сәуірінде тағайындалған. Қазақстанның Тұңғыш Президенті   – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.  Қазақстан Республикасының Президентін Қазақстанның  кәмелеттік жастағы азаматтары жалпыға ортақ, тең және тікелей сайлау құқы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайлайды. Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы - «Ақ орда».  Астананың жаңа әкімшілік орталығы аумағында, Есіл өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. ҚР Президенті  Сарайының ресми тұсаукесер рәсімі 2004 жылдың 24 желтоқсанында болды.Үкімет атқарушы билікті жүзеге асырады. Үкімет басшысы – премьер-министр. Оның қоластында үш орынбасары бар. Кабинет 18 министрден тұрады. Үкімет атқарушы органдар жүйесін басқарады және солардың жұмысына жетекшілік жасайды. Үкімет  алқалы орган боп саналады және өзінің барлық қызметінде – Қазақстан Республикасы Президенті алдында, ал Конституцияда қаралған жағдайларда Парламент Мәжілісі мен Парламент алдында жауапты. Қазақстан Республикасының Президенті Үкіметті Конституцияда белгіленген тәртіппен   құрады. Заң шығарушы билік – Парламент. Екі палатадан тұрады. Жоғарғы палата  – Сенат (39 адам) әр 6 жыл сайын сайланады. Төменгі палата  – Мәжіліс (107 депутат, оның 9-ы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері) әр 5 жыл сайын сайланады.Сенат депутаттығына, конституциялық заң тағайындаған тәртіппен, әр облыстан, республикалық маңызы бар қалалар мен астанадан (14 облыс, 2 қала) екі адамнан   сайланады. Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті ұлттық-мәдени және қоғамның басқа да маңызды мүдделі өкілдерімен Сенатты қамтамасыз ету қажеттілігін ескере отырып, тағайындайды.
26/1 ҚР Үкіметі — ҚР жоғары атқарушы билiк органы. Үкімет ҚР атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Үкімет алқалы орган болып табылады және өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент Мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты. Қазақстан Республикасының Президенті Үкіметті Конституцияда көзделген тәртіппен құрады. ПремМинистр Үкiмет басшысы. П-Министрдi Парламенттiң келiсiмiмен Президент тағайындайды және қызметтен босатады. ҚР-ның П-Министрi өзi тағайындалғаннан кейiн 10 мерзiмде үкiметтiң құрылымы мен құрамы туралы ҚР Президентiне ұсыныс енгiзедi. Президент П-Министрдiң ұсынысы бойынша үкiмет құрылымын анықтайды, оның мүшелерiн қызметке тағайындайды және оларды қызметтен босатады, орт. атқарушы органдарды құрады, таратады, қайта құрады. ҚР Үкiметiнiң құрылымын министрлiктер мен өзге де орт. атқарушы органдар құрайды. Құрылымы Үкiмет құрамына кiретiн орталық (республикалық) атқарушы органдарды қызметiнiң сипатына қарай салалық құзыреттi органдарға, салааралық құзыреттi органдарға, бақылау және қадағалау органдарына, мемлекеттiң арнайы немесе ерекше атқарымдарын iске асыратын мамандандырылған мемлекеттік органдарға бөлуге болады. П-минстр Серік Нығметұлы Ахметов
26/2 Кәмелетке толмағандар еңбектік жасқа толуына байланысты е ңбек қатынасына кірісе алады. Еңбекке қабілетті деп төменгі және жоғарғы шегі еңбек заңында анықталатын жас танылады. Адамды жұмысқа қабылдауға болатын ең төменгі жас он алты жас болып белгіленген. Он бес жасқа толған адамдар орта білім алған не жалпы білім беретін оқу орнын тастап кеткен жағдайда, ата-аналарының немесе қорганышы-қамқорлығының келісімімен жеке еңбек шартын жасаса алады. Кейбір жағдайларда 14-ке толған оқушыларды олардың денсаулығына және оқуына зиян келтірмейтін, оқудан бос уақытында атқаратын жұмыска ата- аналарының біреуінің (қорғаншы, қамқоршы) келісімімен ғана алуға рұксат етіледі. Бұл жағдайда ата-анасы (қорғаншы, камқоршысы) жеке еңбек шартына кәмелетке толмағандармен бірге қол қояды. 16-дан 18-ге дейінгі қызметкерлер үшін аптасына 36 сағ ,14 пен 16-ға дейінгі жасөспірімдер үшін — аптасына 24 сағаттан аспайтын жұмыс уақыты көзделген.  еңбек заңында азаматты жұмысқа қабылдауға болатын ең төменгі жас 16 жас болып белгіленген. Жасы 15-ке толған адамдар орта білім алған немесе жалпы білім беретін оқу орнын тастап кеткен жағдайда жеке еңбек шартын ата-анасының немесе қорғаншы-қамқоршысының келісімімен ғана жасаса алады. 14-ке толған оқушыларды оқудан қолы бос уақытта атқаратын жұмысқа ата-анасының біреуінің (қорғаншы-қамкоршысының) келісімімен ғана алуға рұксат етіледі. Соңғыларының келісімі жазбаша түрде (өтініш) беріледі.
27/1 Конституциялық Кеңес ҚР саяси жүйесінде айрықша орынға ие. ҚР Конс Кеңесі өкілеттіктері алты жылға созылатын жеті мүшесінен құралған. Конституциялық Кеңестің өмір бақилық мүшелігіне Республиканың Экс-Президенттері құқылы болып табылады. Конституциялық Кеңестің Төрағасын Республика Президенті тағайындайды және дауыс теңдей бөлінген жағдайда оның дауысы шешуші болып табылады. 2 мүшесі ҚР Презднтімен, екеуі Сенат төрағасымен, екеуі Мәжіліс төрағасымен тағайындалады. Конституциялық Кеңестің қалған мүшелері әр үш жыл сайын жаңартылып тұрады. ұйымдастырылуы мен қызметі конституциялық заңмен реттеледі. Республика Президентінің сайлауы; Парламент депуттарының сайлауы; Республикалық референдум  туралы таласты шешеді. Парламентпен қабылдаған және Президент қол қойған заңдардың Конституциямен сәйкестігін; Халықаралық келісімдердің Конституцияға сәйкес бекітілуін қарайды Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімі қабылдаған күннен бастап күшіне енеді және шешім шағымдануға жатпайды, республиканың барлық аумағында жалпыға бірдей міндетті болып табылады. Басқа да шешімдердің өз күшіне ену тәртібі Конституциялық Кеңеспен айқындалады. ҚР Президентінің 1995 ж. 29 желтоқсандағы "ҚР Конс Кеңесі туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығына сәйкес қүрылды.ҚР КонстКең аппараты ҚР КонстКең қызметін және оның өкілеттіктерінің іске асуын қамтамасыз ету үшін қүрылды. Аппарат үйымдық, ғылыми-қүқықтық, ақпараттық-анықтамалық және басқа ҚР Конституциялық Кеңес қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қосалқы жүмыстарды орындайды. қүрылымдық бөлімшелері:ғылыми-қүқықтық бөлім; ақпараттық-талдау бөлімі; жалпы бөлім,қаржы-шаруашылық бөлімі. ҚР Конституцияльщ Кеңесі аппаратыньщ қүрылымы бекітілді:үйымдастыру жүмыстары және сыртқы байланыстар бөлімі; қүқықгық бөлім; ақпараттық-талдау бөлімі; жалпы бөлім; қаржы-шаруашылық бөлімі.
27/2 Қажет құжаттар жеке басын куәландырушы құжаттың көшірмесі; еңбек кітапшасы;білімі туралы куәліктің, жоғары білімі болса, дипломының көшірмесі; салық төлеушінің нөмірінің (СТН) көшірмесі; әлеуметтік жеке кодының (ӘЖК) көшірмесі; жинақтаушы зейнетақы қорымен жасасқан шартының көшірмесі; әскери билетінің көшірмесі;Жұмысқа қабылдауды ресімдеуші қызметкер тағы да басқа құжаттарды сұратуы мүмкін. Жұмысқа бірінші рет қабылданып тұрған адам еңбек кітапшасын сол кәсіпорында ресімдейді. Көпшілік компанияларда жұмысқа қабылданушы адам мекеме басшысының атына өтініш жазады.
28/1ҚР сот жүйесін ҚP Жоғарғы Соты және ҚР Конститутциясына және осы Конститутциялық заңға сәйкес құрылатын жергілікті соттар құрайды. 2. Жергілікті соттарға мыналар жатады: 1) облыстық және оларға теңестірілген соттар (Республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған сот-Қазақстан Республикасы Әскерлерінің Әскери соты және басқалар ); 2) аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық , ауданаралық , мамандандырылған сот-гарнизонның әскери соты және басқалар):3.Қазақстан Республикасында мамандандырылған (әскери, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар құрылуы мүмкін. 4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттардың ҚР Мемлекеттік елтаңбасы мен өзінің атауы бейнеленген мөрі болады. ҚР сот жүйесінің бірлігі: 1) Конститутцияда , осы Конститутциялық заңда, іс жүргізу және өзге де заңдарда белгіленген, барлық соттар мен судьялар үшін ортақ және бірыңғай сот төрелігі мен принциптерімен; 2) сот билігін барлық соттар үшін сот ісін жүргізудің заңдарға белгіленген бірыңғай нысандары арқылы жүзеге асырумен; 3) Қазақстан Республикасының барлық соттарының қолданыстағы құқықты қолданумен;4) заңдарда судьялардың бірыңғай мәртебесін баянды етумен;5) заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындаудың міндеттілігімен;6) барлық соттарды тек қана Республикалық бюджет есебінен қаржыландырумен қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасындағы соттар қызметінің тәртібін және судьялардың мәртебесін белгілейтін заңдар Қазақстан Республикасындағы сот құрылысы мен судьялар мәртебесі , сондай-ақ сот төрелігін іске асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Конститутциясымен , осы Конститутциялық заңмен жне басқа да заң актілерімен белгіленеді.
29/1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратының құрылымы Өкілетті органдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппаратының құрылымына мыналар жатады: 1) өздерінің тікелей биліктік функцияларын жүзеге асыру барысында тығыз байланыстағы және өзара бағыныстылықтағы мемлекеттік органдар;  2) биліктік өкілеттіктерге ие емес, алайда, экономика, білім беру, мәдениет, денсаулық қорғау, ғылым т.б. салаларда жалпы әлеуметтік функцияларды атқаратын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар; 3) басқарумен арнайы айналысатын мемлекеттік қызметшілер;  4) мемлекеттік аппараттың қызметін қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдастырушылық, қаржылық және күштеу құралдары /3, 22б./. Мемлекеттік аппараттың өздерінің қызметтерін жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттік органдардан тұрады. Мемлекеттік орган дегеніміз – бұл мемлекеттік міндеттерді орындаушы және осы мақсатта сәйкес биліктік өкілеттікерді иеленген ұйым немесе мекеме.  Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, олар атқаратын қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекеттік органдар өкілеттігінің шеңберіне қарай үш топқа бөлінеді: - мемлекеттік билік органдары;  - мемлекеттік атқару органдары;  - сот билігі. Республика Президенті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады. Бірақ ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінің барлық тармақтарының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді /1, 51б./Жоғарғы өкілеттік органдарды халық сайлайды. Парламент – заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенат және Мәжілістен тұрады. Сенат облыстардан, республикалық маңызы бар қаладан және астанасынан екі адамнан тиісінше барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан тұрады. Жеті депутатты Президент тағайындайды. Мәжіліс Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып, құрылатын және сайлаушылар саны шамамен тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын алпыс жеті депутаттардан тұрады. Негізінде заң шығару тек парламенттің құзыреті, бірақ кейде басқа жоғарғы органдар осы жұмысқа кіріседі. Парламент кейбір заңдарды қабылдау құқығын Президентке береді, оны делегаттық заңдылық деп атайды. Қазақстан тарихында екі палаталық парламент 1995 жылғы Конституциясында жарияланған.Атқарушы органдар  Атқару билігі өкіметтің қолында болады. Президенттік республикаларда өкімет саяси және ұйымдық тұрғыдан президент қамтитын атқарушы билік тармағына жатады. Парламенттің қатысуымен Президент басқарады әрі құрады, оның дербес құзыретті алқалы шешуші органы. Кабинет мүшелері бүкіл халық сайлаған Президент алдында дербес жауап береді. Үкіметтің нақты егеменділігі нақты мемлекет басшысының субъективтік пікіріне тікелей тәуелді. Қазақстан Республикасының үкіметі – атқарушы билікті жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық ететін мемлекеттік орган. Оның заңдық ауқымы тұрғысынан – Конституцияда және қолданылып жүрген заңдарда белгіленген /1, 53б./.  «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конституциялық Заңның 1-бабына сәйкес, Үкімет Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Үкіметті Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, орынбасарлары, Республика Үкіметінің аппаратының басшысы, Республика министрлері, мемлекеттік комитеттердің төрағалары құрамында Республика Президенті құрады. . 29/2 . 10-бап. Азаматтарды әскери қызметке даярлау Азаматтар әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа жұмыс орны мен атқаратын қызметі сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босатылады. Тіркеуді жүргізу тәртібі Әскери есеп ережелерімен айқындалады.
30/1 Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30 тамызда қабылданған жаңа Ата Заңы еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық, зайырлы және егеменді мемлекет белгілерін бекітіп айқындап берді. Өз дамуын кеңейте түскен мемлекетте ерекше орын алатын орган жүйесі болып мемлекеттік аппарат табылады. Конституцияда мемлекеттік аппарат тармақтарының әрқайсысына кең өкілеттік берілген. Қарастырып отырған курстық жұмыстың тақырыбы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік аппараты» деп аталады.
31/1 Әкімшілік құқықтың рөлі мен маңызы. Әкімшілік құқық – Қазақстан Республикасы құқық жүйесінің ең үлкен және күрделі салаларының бірі. Ол қоғамдық қатынастарды реттейтін, мемлекеттің басқару қызметінің процесінде пайдаланатын және мемлекеттік аппараттың тәртіптелген бірізділік жұмысын қамтамасыз ететін аса маңызды тәсілдердің бірі болып табылады.Қоғам өмірінің аса маңызды жақтарын құқықтық реттеу қандай да болмасын мемлекеттің ажыратылмас элементі екендігі ежелден белгілі. Мемлекет әкімшілік-құқықтық нормалар арқылы өзінің өкілетті органдары атынан қоғамның қажеттерін қанағаттандыру және де азаматтарының өміріне қалыпты жағдайларды қамтамасыз ету үшін экономикалық және әлеуметтік –мемлекеттік мәні бар аса маңызды ұйымдық шараларды жүзеге асырып отырады. Мемлекеттік басқаруды жетілдіруде, оның тиімділігін және мемлекеттік органдардың қабылдаған шешімдері үшін азаматтардың алдындағы жауапкершіліктерін арттыруды әкімшілік құқық маңызды құрал рөлін атқарады. Оның көмегімен қоғамдық өмірдің әртүрлі жақтарының басым көпшілігін қамтитын мемлекеттік басқару саласында ҚР заңдарының орындалуы қамтамасыз етіледі. Әкімшілік құқық азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуларының құқықтық және ұйымдық нысандарын бекітеді, өкілетті органдар мен лауазымды адамдар үшін де, сондай-ақ қатардағы азаматтар үшін де тиісті мінез-құлық ережелерін тағайындайды. Оның көмегімен ҚР-да құқықтық мемлекет құрудың міндеті шешіледі, және әкімшілік-құқықтық қатынастарға барлық қатынасушылардың құқықтық мәдениеті қалыптасады. Әкімшілік құқық нормалары экономика саласында (өнеркәсіп, күрделі құрылыс, ауыл шаруашылығы мен агроөнеркәсіп комплексі, көлік пен байаныс, қоршаған табиғи орта мен табиғи ресурстар, сауда, тұрғын үй-комуналдық шаруашылық, халыққа қызмет көрсету), әлеуметтік-мәдениеттік құрылыс (білім, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, әлеуметтік қорғау, дене тәрбиесі және спорт), әкімшілік-саяси құрылыс (қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, сыртқы істер, әділет, ішкі істер)саласында мемлекеттік басқаруды ұйымдастыруға байланысты пайда болатын басқару қатынастарының үлкен комплексін, тобын реттейді. Қазіргі кезеңдегі әкімшілік құқықтың проблемаларының бірі - өкіметтің орталық органдары мен жергілікті органдарының арасындағы біріне-бірінің бағыныстылығы мен өзара бірлесіп іс-қимыл жасаудың жаңа қатынастарын құру проблемасы болып отыр.
31/2 Ұжымдық еңбек дауларын шешудін, сондай-ақ ереуілге шығу құқығын іске асырудың тәртібі мен әдістерін реттеудің құқықтық негіздері Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 8 шілдедегі "Ұжымдық еңбек даулары және ереуілдер туралы" Заңында белгіленген. Еңбек ұжымының ұйымдардағы еңбек жағдайларымен еңбекке ақы төлеуді белгілеу және өзгерту, ұжымдық шарттар мен өзге де келісімдерді жасасу, оларға өзгерістер енгізу және орындау мәселелері жөніндегі талаптары осы ұжым мүшелерінің жалпы жиналысында (конференцияда) қалыптасады және ұжым мүшелерінің не конференция делегаттарының кепшілік дауысымен қабылданып, бекітіледі. Ұжымның талаптары жазбаша түрде баяндалып, жұмыс берушіге жіберіледі. Еңбек ұжымының мүдделерін олар өкілеттік берген өкілдер немесе орган қорғайды. Егер бұл керсетілген талаптарды бірнеше еңбек ұжымдары қоятын болса, онда олардың мүдделерін де ездері өкілеттік берген органдар қорғайды. Салалық немесе аумақтық кәсіподақ органдары өкілетті органдар міндетін атқара алады. Жұмыс беруші, еңбек ұжымы қойған талаптарды оны алған күннен бастап уш күнтізбелік күннен кешіктірмей қарауға және даулы мәселелер бойынша келісімге келуге тырысуы керек, ал келісімге келе алмаған жағдайда — белгіленген мерзімде өзінің шешімі мен ұсыныстарын жазбаша түрде еңбек ұжымына жеткізуге және дауды одан әрі қарау үшін қатысатын өз өкілдерінің құрамын көрсетуге міндетті. Екі және одан да көп еңбек ұжымдарының біріккен не бірлескен талаптары жұмыс берушінің (кәсіпкерлер) тиісті органдарына жіберіледі, олар оны алған күннен бастап жеті күнтізбелік күн ішінде қарап, өз шешімдері жөнінде еңбек ұжымдарьшың біріккен өкілді органына хабарлауы тиіс.
32/1 Әкімшілік - құқықтық реттеу механизмінің түсінігі мен құрылымыҚұқықтық реттеу механизмін бұдан бұрын "Мемлекет және құқық теориясы"  курсында қарастырылған болатын. Әкімшілік құқықта осы құқықтық құбылысты нақтырақ қарастыратын болсақ ол мынадай түрде болмақ. Мемлекеттің қоғамдық  қатынастарға ықпал ету тәсілдерінің бірі құқықтық реттеу. Ал құқықтық реттеу - бұл қоғамдық қатынастарға қатысушылардың  құқықтары мен міндеттерін белгілеу және субъектілердің өз құқықтары мен міндеттерін кедергісіз жүзеге асыруы.  Құқықтық реттеу үшін әртүрлі амал-тәсілдер мен құралдар пайдаланылады және оларға мыналар жатады: құқық нормалары, құқықтық қатынастар, құқық шығармашылық, субъективті құқықтар мен заңды міндеттер. Бұлардың барлығы құқықтық реттеу механизмінің құрамды элементтері болып табылады.Сонымен, әкімшілік құқықтық реттеу механизмі - бұл мемлекеттік басқару сферасында  туындайтын құқықтық қатынастарға  ықпал ететін әкімшілік - құқықтық құралдар мен амал-тәсілдердің жиынтығыӘкімшілік-құқықтық реттеу механизмі мынадай элементтерден немесе кезеңдерден тұрады:1) ҚР нормативті-құқықтық актілерінде белгіленген әкімшілік-құқықтық нормалар;2) әкімшілік – құқықтық қатынастар;3) әкімшілік-құқықтық нормаларды жүзеге асыру.Әкімшілік-құқықтық нормалардың түсінігі мен түрлері Әкімшілік-құқық, кез келген құқық саласы сияқты, заңды нормалардың жиынтығынан тұрады.  Әкімшіліктің құқықтық негізін әкімшілік нормалар құрайды.Әкімшілік - құқықтық нормалар – бұл мемлекеттік, қоғамдық басқару сферасындағы қатынастарды, сондай-ақ мемлекеттік қызметтің басқа сферасында туындайтын басқару сипатындағы қатынастарды (әділ соттылықты, прокурорлық қадағалауды) реттейтін мемлекетпен белгіленген немесе бекітілген, рұқсат етілген ережелер болып табылады және оларды орындамаған жағдайда мемлекеттің мәжбүрлеуі арқылы жүзеге асыралады.Әкімшілік - құқықтық  нормалардың негізгі міндеттері:1)Мемлекет басқару жүйелерінің әртүрлі құрамдас бөліктерін ретке келтіру;2)Басқарушы мен басқарылатын жүйелердің арасындағы тиімді арақатынасты нығайту;3)Әртүрлі басқару салаларындағы байланыстарды, мемлекет органдардың кәсіпорындармен, мекемелермен, ұйымдармен, азаматтармен арақатынастарын белгілеуӘкімшілік реттеудің мәні - басқару қатынастарын ретке келтіру, әкімшілік құқықтың  көмегімен осы қатынастарға  қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу. Олар басқару қатынастарының субъектілерінің мінез - құлықтарын қалай болуы керек екендігін анықтайды.   Әкімшілік құқық нормаларының мән -маңызы мыналарға бағытталған:1) мемлекеттік басқару сферасында қалыптасқан қатынастарды ұйымдастыруға, ретке келтіруге және жетілдіруге;2) құқықпен реттелген басқару қатынастарын қорғау.3) біздің қоғамымызды дамытатын объективті заңдардың талаптарына сай жаңа қоғамдық қатынастарды тудыруға және дамытуға;4)қазіргі уақыт талабына сай емес қоғамдық қатынастарды басқару сферасынан шығаруға бағытталған Әкімшілік - құқықтық нормалар көптеген басқару органдарының құқықтық жағдайы мен құзырлығын анықтайды, олардың қызметін, басқару нысандары мен әдістерін, басқа субъектілерімен  ара қатынастарының тәртібін белгілейді.Әкімшілік құқықтың нормалары, сондай-ақ, кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлердің, мемлекеттік басқару сферасындағы азаматтардың  құқықтық жағдайын анықтайды.Әкімшілік заңнамада әкімшілік қатынастарды  әртүрлі бұзушылықтан қорғайтын нормаларда бар. Әкімшілік-құқықтық нормалар мыналарға міндеттейді:1)белгілі бір әрекеттер жасауға;2)басқа әрекеттер жасауға тиым салуға;3)өзге де әрекеттерді жасауға рұқсат беругеӘкімшілік  реттеу үшін мына ықпал ету нормалары тән:1) Әрекет жасауға бұйрық, жарлық (алдын-ала жазылған);2) Рұқсат беру;3) Әрекет етуді қолдау;4) Тиым салу.
33/1 Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы мен түрлері. Құқық бұзушылық — құқыққа, оның талаптарына қарсы бағытталған мінез — құлық. Демек, құқықты бұзған ат-үсті қарап, талаптарынан айналып өту деген сөз. Әрбір құқық бұзушылық — нақтылы құбылыс. Оны нақты адам, белгілі бір жерде, мезгілде, жағдайда жасайды. Ол құқық нормаларының қағидасына қайшы келеді және өзіне тән оның белгілері болады. Сонымен бірге жекелеген құқық бұзушылыққа тән жалпы белгілері де кездеседі Құқық бұзушылықты сипаттайтын белгі-нышандар:1.   Құқық бұзушылық — құқықты, оның қағидаларын, құқық жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Яғни бұл адамдардың іс-әрекеті, қылығы немесе әрекетсіздігі. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Демек, құқық бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Мінез-құлвды, іс-әрекеті арқылы көрінбеген адамның ой-тұлғасы, сезімдері құқық бұзушылық болып табылмайды. Мәселен, адам өзінің ойын, сенімін күнделікке, таспаға жазып, суретке түсіруі мүмкін. Адамның ой желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болсын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатысуынсыз жасалмайды. Олар қашан да ойдың елігінен өтіп, бақылауында болады. Бұл дегеніміз, ақыл-есі дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады деген сөз. Яғни құқық бұзушылық саналы түрде жасалатын ерікті іс-әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.2.   Құқық бұзушылық құқық нормалары қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп, қоғамның және адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Құқық нормаларының талаптарын орындамау нәтижесінде құқықтық тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның құқықтарына, өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді. Зиянның көлемі, мөлшері, түрлі болуы мүмкін. Қоғамдық зиянды анықтаудың мынадай тәсілдері белгілі: 1.   Заңдылықты бұзудың объектісі адамдардың өміріне, денсаулығына, қоғамдағы негізгі қарым-қатынасқа зиян келтіруді анықтау.2.  Зиянның түрін, мөлшерін анықтау.3.  Қылмысты жасаған әдісін, уақытын, орнын анықтау.4. Қылмысты жасаған адамның өзінен және осы іске тиісті материалды, фактілерді жинастыру, толық мінездеме беру.Қалай болса да заң бұзушылық қоғам үшін зиянды іс-әрекет. Өйткені жоғарыда айтылғандай жеке адамға (өміріне, денсаулығына, ар-намысына, бас бостандығына), мүлікке, қоғамдық тәртіпке нұқсан келеді. Кейбір жағдайда келтірілген зиянның орнын толтыру мүмкін болмайды. Мәселен, кісі өлтіру, мүгедектікке душар ету, жазылмайтын ауруға соқтыру т.б. 5. Құқық бұзушылық әрқашан да құқық нормаларының талаптарына қайшы келеді. Сондықтан да оның құқық нормаларымен реттеліп және қорғалатын қоғамдық-қатынастарға қарсы бағытталғандықтан құқыққа қайшы әрекет деуге болады. Құқыққа келісті және ол рүқсат берген әрекет, ешқашан құқық бұзушылық ретінде бағаланбайды.Құқық бұзушылықтың түрлері: Барлық құқық бұзушылық қоғамға қауіптілігінің сипаты мен деңгейіне байланысты екі топқа бөлінеді. 1) Қылмыс. 2) Теріс қылық. Объектінің құндылығы, құқыққа қайшы әрекеттің мазмүны, жағдайы, уақыты, әдісі, келтірілген зиянның көлемі мен сипаты, кінәнің нысаны құқыққа қайшы әрекеттің күшейе түскендігі, оның себебі, құқық бұзушының жеке мінездемесі арқылы анықталатын қоғамға зияндылықтың сипаты мен деңгейі негіз болады.Әрекет-әрекетсіздікті құқыққа қайшы деп тануға ықпал етуші субъекті фактор негіз болады.
34/1 806-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау тәртiбi1. Судья немесе лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға кiрiскенде: 1) iстi кiм қарайтынын, қандай iс қаралғалы жатқанын, кiм және осы Кодекстiң қай бабы негiзiнде жауапқа тартылып отырғанын хабарлайды;  2) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылып отырған жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкiлiнiң, сондай-ақ iстi қарауға қатысатын өзге де адамдардың келгенiне көз жеткiзедi; 3) iс жүргiзуге қатысушылардың жеке басын анықтайды және жеке тұлғаның заңды өкілдерінің немесе заңды тұлға өкiлдерiнiң, қорғаушының өкiлеттiктерiн тексереді;4) iс жүргiзуге қатысушылардың келмей қалу себептерiн анықтайды және аталған адамдар жоқта iс қарау туралы не iс қарауды кейiнге қалдыру туралы шешiм қабылдайды;5) қажет болған жағдайларда iс қарау кезiнде қатысуы мiндеттi адамды алып келу туралы ұйғарым шығарады, аудармашы тағайындайды; 6) iс қарауға қатысушы адамдарға олардың құқықтары мен мiндеттерiн түсiндiредi, сондай-ақ мемлекеттік бюджет қаржысы есебінен тегін заң көмегін алу құқығына; 7) іс жүргізудің тілін анықтайды, арыз беру құқығын түсіндіреді, ана тiлiнде немесе өзi бiлетiн тiлде мәлiмдеме жасау, түсiнiктер мен айғақтар беру, өтiнiштер жасау, шағым беру, iстiң материалдарымен танысу, оны қарау кезiнде сөз сөйлеу, аудармашының қызметiн тегiн пайдалану құқығы түсiндiрiледi және қамтамасыз етiледi.8) мәлiмделген бас тартуларды және өтiнiш жасауларды шешедi;9) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттаманы, ал қажет болған жағдайда - өзге де материалдарды оқып бередi; 10) iс қарауды кейiнге қалдыру туралы: егер iс қараушы судьяның не лауазымды адамның, сондай-ақ алқалы орган мүшесiнiң өздiгiнен бас тартуы немесе одан бас тарту iстi мәнi бойынша қарауға кедергi келтiрсе, бас тарту мәлiмделуiне; егер қорғаушыдан, уәкiлеттi өкiлден, сарапшыдан немесе аудармашыдан бас тарту iстi мәнi бойынша қарауға кедергi келтiрсе, аталған бас тартуға; iстi қарауға қатысушы адамдардың келуi немесе iс бойынша қосымша материалдар сұрап алу қажеттiгiне байланысты, сондай-ақ осы Кодекстiң 48-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда ұйғарым шығарады. Қажет болған жағдайда судья (лауазымды адам) сараптама тағайындау туралы ұйғарым шығарады; 11) осы Кодекстiң 804-бабында көзделген жағдайларда iстi мәнi бойынша қарауға беру туралы ұйғарым шығарады. 2. Төрағалық етуші тікелей сот талқылауы барысында процеске қатысушы адамның тарапынан сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісін анықтап, факті туралы жариялай отырып, осы баптың бірінші бөлігі 2), 4), 9) және 11) тармақшаларының талаптарын сақтамастан, кінәлі адамға осы Кодекстің 636-бабында көзделген әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығаруға құқылы. Процеске қатысушы адамның тарапынан тікелей сот талқылауы барысында сотқа құрметтемеушілік білдіру фактісін анықтау осы сот отырысының хаттамасында тіркеледі. 3. Судья, лауазымды адам әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға кiрiсiп, iс бойынша өздерiне қатысты iс жүргiзiлiп жатқан жеке тұлға немесе заңды тұлға өкiлiнiң түсiнiктемелерiн, iс жүргiзуге қатысатын басқа адамдардың айғақтарын, маманның түсiндiрмесiн және сарапшының қорытындысын тыңдайды, өзге де дәлелдемелерді зерттейді, ал iстi қарауға прокурор қатысқан жағдайда оның қорытындысын тыңдайды.4. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істі қозғаған лауазымды адамның ісін қарауына немесе мемлекеттік органның өкілі қатысқан жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істі қозғауға құқығы бар өкілдер, олар бірінші адамның тиісті құқық бұзушылық және дәлелдемелер бойынша түсініктеме береді.5. Қажет болған жағдайларда осы Кодексте көзделген басқа да iс жүргiзу iс-әрекеттерi жүзеге асырылады. 
35/1 Азаматтық құқық қатынасы бұл – азаматтық құқықтың нормаларымен реттелген іс жүзіндегі қоғамдық қатынас, олардың қатысушылары азаматтық құқық пен міндеттемелердің заңды тұрғысынан тең саналады.
Азаматтық құқықтық қатынастың төмендегідей ерекшеліктері бар:
          - азаматтық құқықтық қатынастың субъектілерінің дербестігі, мүліктік жалпыламалығы және заңды теңдіктері;
          - азаматтық құқықтық қатынастың тууына әкелетін негізгі заңдылық фактілер, бұл – келісім, мәмілелер;
          - құқықтық қатынастың мазмұнын оның қатысушыларының дербес өздігінен анықтау мүмкіндігі;
          - азаматтық құқық бұзылған жағдайдағы басым сот тәртібі.
         Азаматтық құқықтық қатынас туралы неғұрлым анық көрініс оны тек қана біртұтас жалпы деп қарастырған кезде ғана емес, оның құраушы элементтерін жеке қарастырғанда да туады, оның қатарына құқықтық қатынастың мазмұны, субъектілері мен нысандары жатады Азаматтық құқық қатынасының құрылымы
         Азаматтық құқық қатынасының құрылымына мына төмендегі элементтер енеді:
           1) құқықтық қатынас субъектілері;2) құқықтық қатынас нысандары;3) құқықтық қатынас мазмұны.
        Құқықтық қатынас субъектілері бұл – азаматтық құқыққа ие және нақты бір азаматтық құқықтық қатынасқа қатысумен байланысты азаматтық міндеттемелер жүктелген тұлғалар. Азаматтық құқықтық қатынас қатысушылары олардың субъектілерімен аталады. Басқа да кез-келген қоғамдық қатынастар секілді, азаматтық құқықтық қатынастар да адамдар арасында қалыптасады. Азаматтық құқықтың кез-келген субъектілері бола алады:
           - жеке тұлғалар; - заңды тұлғалар; - мемлекет; әкімшілік-аумақтық бірліктер (ҚР АК 1 бабының 1 тарауы). Құқықтық қатынас нысандары бұл – игілік (материалдық немесе бейматериалдық), оған байланысты құқықтық қатынас туады және оған байланысты құқықтық қатынас қатысушылары құқықтар мен міндеттемелерге ие. Адамдар арасындағы өзара әрекет нәтижесінде бекітілетін қоғамдық байланыс тәрізді аазматтық құқықтық қатынастар тек қана адамның мінез-құлқына әсер етуі мүмкін. Сондықтан азаматтық құқықтық қатынастар нысаны ретінде оның субъектілерінің мінез-құлқы қаралады.Құқықтық қатынас мазмұны бұл – азаматтық құқықтық қатынас субъектілерінің субъективті азаматтық құқықтары мен міндеттемелері. Субъективті құқықтар мен міндеттемелер өзара байланысты болып келеді және әрбір жеке адамның субъективті құқығына екінші бір адамның нақты бір субъективті міндеттемесі сәйкес келеді.    Субъективтік құқық дегеніміз – құқықтық нормалармен қарастырылған құқықты болған тұлғаның мүмкін болатын мінез-құлық шаралары.
           Субъективтік міндеттеме дегеніміз – құқықтық нормалармен бекітілген міндетті тұлғаның қажетті мінез-құлық шаралары.Азаматтық құқық қатынасының түрлері    2.2.1 Өзара байланыс сипаты бойынша құқықты болған және міндетті тұлғаны абсолюттік және қатыстық құқықтық қатынас деп бөледі.
          Абсолюттік құқықтық қатынаста құқықты болған тұлғаның субъективтік құқығына міндетті тұлғалардың анықталмаған тобының міндеттері хабарланады. Осылайша, меншік иесінің өзіне тиесілі затты иемденуге, қолдануға және басқаруға құқығына басқа барлық тұлғаның оған затты қолдануына кедергі болмау міндеттемесі сәйкес келеді. Сондықтан жауапкершілік шаралары да осы жағдайда құқықты болған тұлғаның абсолюттік құқығын бұзған кез-келген тұлғаға қолданыла алады. Қатыстық құқықтық қатынаста құқықты болған тұлғаға қатаң түрде анықталған міндетті тұлға және міндеттеменің орындалуын талап ету қарсы тұрады, ал оның орындалмаған жағдайында күштеу шараларын осы міндетті тұлғаға ғана қолдануға болады. Осылайша, тек қана қарызға ақша алған тараптардан қарыз қайтаруды талап ету қажет.
          2.2.2 Азаматтық құқық нысаны бойынша мүліктік және мүліктік емес құқықтық қатынас деп бөледі.
          Мүліктік құқықтық қатынас қашанда материалдық жағдайға (мүлікке) байланысты туады және де не нақты бір тұлғадан мүлікті табумен (меншік иесі құқығы және т.б.) немесе мүліктің бір тұлғадан екінші бір тұлғаға ауысуымен (келісімшарт бойынша, мұрагерлік тәртіпте) байланысты. Мүліктік құқықты қорғау үшін тек қана мүліктік сипаттағы шаралар қолданылуы мүмкін (тұрақсыздық айыбы, зиянның орнын толтыру және т.б.). Мүліктік емес құқықтық қатынас материалдық емес жағдайға байланысты туады, олар: ар-ұят, намыс, іскери бедел, шығарманың авторлығына құқық және т.б. Мұндай құқықтық қатынастарды қорғау үшін мүліктік шаралармен қатар (моральдық шығын өтемақысы) мүліктік емес сипаттағы шаралар да қолданылады (авторлықты мойындау, көпшілік алдында теріске шығару және т.б.).
        2.2.3 Құқықты болған тұлғаның қызығушылықтарын қанағаттандыру тәсілдері бойынша заттық және міндеттемелік құқықтық қатынастарға бөледі.
          Заттық құқықтық қатынастар мүліктік қатынастардың статикасын жанамалайды және құқықты болған тұлғаның өзінің әрекеттерімен жүзеге асырылады (мысалы, меншік иесі құқығында тұлғаға тиесілі затты иемдену, қолдану мен басқару).
          Міндеттемелік қатынастар мүліктік қатынастың динамикасын реттеп отырады: затты беру жайындағы қатынас, жұмысты орындау мен қызмет көрсету.
         2.2.4 Қатысушылардың арасындағы құқық пен міндеттемелерді бөлу бойынша жай және күрделі құқықтық қатынастар деп бөлінеді. Азаматтық құқықтық қатынастардың көпшілігі күрделі болып табылады, яғни әрбір қатысушының бір мезгілде әрі құқығы, әрі міндеттемесі болады.
         Қарапайым құқықтық қатынастарда бір қатысушыда тек қана құқық, ал екінші бір қатысушыда – тек қана міндеттеме болады (мысалы, қарыз келісімінде).
36/1 Азаматтық құқық қатынасының түрлері 2.2.1 Өзара байланыс сипаты бойынша құқықты болған және міндетті тұлғаны абсолюттік және қатыстық құқықтық қатынас деп бөледі. Абсолюттік құқықтық қатынаста құқықты болған тұлғаның субъективтік құқығына міндетті тұлғалардың анықталмаған тобының міндеттері хабарланады. Осылайша, меншік иесінің өзіне тиесілі затты иемденуге, қолдануға және басқаруға құқығына басқа барлық тұлғаның оған затты қолдануына кедергі болмау міндеттемесі сәйкес келеді. Сондықтан жауапкершілік шаралары да осы жағдайда құқықты болған тұлғаның абсолюттік құқығын бұзған кез-келген тұлғаға қолданыла алады. Қатыстық құқықтық қатынаста құқықты болған тұлғаға қатаң түрде анықталған міндетті тұлға және міндеттеменің орындалуын талап ету қарсы тұрады, ал оның орындалмаған жағдайында күштеу шараларын осы міндетті тұлғаға ғана қолдануға болады. Осылайша, тек қана қарызға ақша алған тараптардан қарыз қайтаруды талап ету қажет. 2.2.2 Азаматтық құқық нысаны бойынша мүліктік және мүліктік емес құқықтық қатынас деп бөледі. Мүліктік құқықтық қатынас қашанда материалдық жағдайға (мүлікке) байланысты туады және де не нақты бір тұлғадан мүлікті табумен (меншік иесі құқығы және т.б.) немесе мүліктің бір тұлғадан екінші бір тұлғаға ауысуымен (келісімшарт бойынша, мұрагерлік тәртіпте) байланысты. Мүліктік құқықты қорғау үшін тек қана мүліктік сипаттағы шаралар қолданылуы мүмкін (тұрақсыздық айыбы, зиянның орнын толтыру және т.б.). Мүліктік емес құқықтық қатынас материалдық емес жағдайға байланысты туады, олар: ар-ұят, намыс, іскери бедел, шығарманың авторлығына құқық және т.б. Мұндай құқықтық қатынастарды қорғау үшін мүліктік шаралармен қатар (моральдық шығын өтемақысы) мүліктік емес сипаттағы шаралар да қолданылады (авторлықты мойындау, көпшілік алдында теріске шығару және т.б.). 2.2.3 Құқықты болған тұлғаның қызығушылықтарын қанағаттандыру тәсілдері бойынша заттық және міндеттемелік құқықтық қатынастарға бөледі. Заттық құқықтық қатынастар мүліктік қатынастардың статикасын жанамалайды және құқықты болған тұлғаның өзінің әрекеттерімен жүзеге асырылады (мысалы, меншік иесі құқығында тұлғаға тиесілі затты иемдену, қолдану мен басқару). Міндеттемелік қатынастар мүліктік қатынастың динамикасын реттеп отырады: затты беру жайындағы қатынас, жұмысты орындау мен қызмет көрсету. 2.2.4 Қатысушылардың арасындағы құқық пен міндеттемелерді бөлу бойынша жай және күрделі құқықтық қатынастар деп бөлінеді. Азаматтық құқықтық қатынастардың көпшілігі күрделі болып табылады, яғни әрбір қатысушының бір мезгілде әрі құқығы, әрі міндеттемесі болады. Қарапайым құқықтық қатынастарда бір қатысушыда тек қана құқық, ал екінші бір қатысушыда – тек қана міндеттеме болады (мысалы, қарыз келісімінде).
37/1 Заңды тұлғалар азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері ретіндеЗаң тілінде құқықтар мен міндеттердің иелерін құқық субъектілері деп атайды. Басқаша айтқанда, субъекті — азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушы болып табылады. Субъектілер жеке тұлға және заңды тұлға болып екі топқа бөлінеді. Жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жатады. Жеке тұлғалардың азаматтық-құқықтық қатынасқа түсуі екі шартпен тікелей байланысты. құқыққабілеттілік- пен әрекетқабілеттілік.Азаматтардың құқық қабілеттілігі — бұл жеке тұлғаның азаматтық құқық пен міндетті иелену мүмкіндігі немесе қабілет ңұқығы Құқыққабілеттілік барлық адамдарға беріледі. Бұл оның ұлтына, дініне, тіліне, тұрғылықты жеріне, әлеуметтік жағдайына, т.б. байланысты болмайды дегенді білдіреді. Азаматтық құқыққабілеттілік адам туылған кезден басталып, қайтыс болған кезде тоқтатылады.
Жеке тұлғаның әрекетқабілеттілігін шектеуге және одан айыруға ешкімнің құқығы жоқ. Азаматтық құқық- қабілеттілік адам өмірге келгеннен бастап күшіне енеді.Заңда әлі дүниеге келмеген азаматтардың кейбір құқықтары да бекітілген, нақтырақ айтқанда презюмцияланатын жағдайлар белгіленген. Мысалы, мұра қалдырушының көзі тірісінде жүкті болған және ол қайтыс болған соң дүниеге келген бала заң бойынша мұрагер болып танылады және мұрадағы өз үлесіне құқығы бар.
Бұл орайда құқыққабілеттілік адам туылғанға дейін пайда болады деп айтута болмайды. Құқықтың субъектісі болмай, оның құқыққабілеттілігі де болмайды. Мұның тек кейбір құқықтарға ғана қатысы бар.Азаматтардың ерекетқабілеттілігі — азаматтардың өз ерекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға жане оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер атқарып, оларды орындауға жене өз әрекетін тұрғын салдар үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартуға қабілеттілігі. Яғни, азаматтардың әрекет- қабілеттілігінің маңызы әрекет жасаушы өзінің әрекетінен келетін заңдық салдарды түсінетіндігінде және ерекеті арқылы зиян келтірсе оның орнын толтыруға мүмкіндігінің барлығын немесе жоқтығын белгілейтіндігінде.Жеке тұлғаның азаматтық әрекетқабілеттіліғі тұлғаның жасына және психикалық жағдайына тәуелді. Толық әрекетқабілеттілік 18 жасқа толғаннан бастап пайда болады. 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жан күйзелісімен ауыратын тұлғаларда азаматтық әрекет- қабілеттілік болмайды. Олардың атынан заңды өкілдері — ата-аналары, қорғаншылары мен қамқоршылары шығады.Шектеулі әрекетқабілеттілік те болады. Есірткі заттары мен спирт ішімдіктерін адам ұдайы пайдаланатын болса, соның салдарынан үй-ішін ауыр материалдық жағдайларға душар қылса, онда мүдделі адамдардың, яғни туған туысының, ата-анасының, әйелінің, т.б. арызы бойынша сот оның әрекетқабілеттілігін шектей алады. Оған қамқоршылық тағайындайды. Ол ұсақ тұрмыстық мәмілелерді өз бетінше жасағанымен, басқа да мәмілелерді қамқоршы келісімімен жасауға міндетті болады. Бұл әрине уақытшашара. Егер ерекетқабілеттілігі шектелген адам түзелетін болса, онда сот арқылы әрекетқабілеттілігі шектелгендігі алынып тасталынады жене ол толық әрекетқабілеттілікке ие болады.Сонымен бірге тұрақты жан күйзелісімен ауыратын тұлғаның әрекетқабілеттілігі сот арқылы шектеледі.Өрекетқабілеттіліктің бір бөлігі деликтқабілеттілік болып табылады.Деликтқабілеттілік — тұлғаның азаматтық құқық бұзушылық (деликттер) үшін жауап беру қабілеті. Деликтқабілеттілік белгілі бір жастан бастап пайда болады. Мысалы, азаматтық жауапкершілік 16 жастан бастап туындайды.Әрекетқабілеттілік пен деликтқабілеттілікті айыра білу керек. Құқыққабілеттілік пен әрекетқабілеттілік бірге құқық субъектілік (не құқық әрекетқабілеттілік) деп аталады.Құқық субъектілік — бұл осыдан туындайтын барлық салдармен бірге тұлғаның құқық субъектісі болу мүмкіндігі немесе қабілеті.
37/ 1 Жеке тұлға түсінігі. Азаматтық құқық иеленуАзаматтық құқықтың субъектілерінің арасында АК ҚР азаматтарын және басқа да жеке тұлғаларды бөліп қарастырады, ҚР АК 2 тарауы соларға арналған. «Жеке тұлғаның» жалпы түсінігі ҚР АК 12-бабында қалыптасқан. Бұл бап жеке тұлға түсінігімен ҚР азаматтарын, шетелдік азаматтарды және азаматтығы жоқ тұлғаларды біріктіреді. азаматтық айналымдағы бағалы қатысуы үшiн жеке тұлға қабiлеттiлiктiң азаматтық құқық иеленуi қажет, яғни азаматтық құқығы мен мiндеттеріне ие болуы керек және оларды жүзеге асыруы қажет. Бұл қасиетке ие болу да индивидтi азаматтық құқықтың субъектiсіне айналдырады. «Құқық иелену» термині азаматтық заңнамада қолданбайтын болса да, азаматтық құқық иеленудiң бастаулары экономикалық тауарлық қатынастарда негiзделедi, осы көрcетiлген қасиет позитивтi құқықпен бекiтіледі. Құқық иелену ұғымы өзi заң ғылымымен жасалған және ҚР-ның Конституциясында бекiтілген. Азаматтық құқық иелену бұл – салалық құқық иеленудің түрлерінiң бiрi. Заңды тұлғалардың құқық иеленуіне қарағанда жеке тұлғалардың азаматтық құқық иелену екіге бөлінедi: - азаматтық құқықтық қабiлеттiлік;- азаматтық әрекет қабілеттілігі
Заңды тұлғаның пайда болуларының негiзінде жататын – азаматтық құқықтық қабiлеттiкке және әрекет қабiлеттiлiктеріне ие заңды және жеке тұлғалар, құқықтың басқа субъектілерiнiң ерiк бiлдiруi жатады. Заңды тұлғаның пайда болуы тiкелей құрылым және мемлекеттiк тiркеуден тұрады. Теорияларда және құқық қолданатын тәжiрибелерде заңды тұлғалардың жасаудың 4 негiзгi ережелерiн көрсетеді. Басқарушы ретте заңды тұлға органның уәкiлдік мүлiк иесi (шешiмі) ұйғарымының негiзiнде жасалатынын бейнелейдi. Құзырлы мемлекеттiк құрылым немесе басқа заңды тұлға осы заңды тұлғаның пайда болуының заңдылығын тексередi және соған сәйкес рұқсат бередi. Қатысу – нормативтiк тәртіп ұйғарымды да, арнайы рұқсатты да талап етпейдi. Жалпы формадағы мұндай рұқсат заңның нормасында болады. Тек қана құрылтайшылардың әрекетi, олардың қатысулары керек болады. Заңды тұлға мемлекеттiк тiркеуден өткен соң, сол кезден бастап құрылған (ҚР АК 42 бабының 3 тармағы) болып есептелінедi. Мемлекеттiк тiркеудiң мәлiметтерi (сонымен қатар коммерциялық ұйымдар үшiн фирма атауы) (ҚР АК 42-шi бабы) заңды тұлғалардың бiртұтас мемлекеттiк тiзiлiмдерiне қосылады
38/1 заматтық құқық қатынастарының ұғымы және түрлері. Азаматтық құқық қатынастарының субъектілері және объектілері. Азаматтық құқық қатынастарының мазмұны. Азаматтық құқық қатынастарының пайда болу, өзгеру жєне тоқтатылу негіздері. Азаматтар - (жеке тұлғалар) азаматтық құқық қатынастары субъектілері ретінде. Азаматтардың құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі. Азамат есімініњ, оныњ тұрғылықты жерінің азаматтық өрісіндегі ұғымы мен рөлі. Азаматты хабар ошарсыз кеткен деп тану және өлді деп жариялау. Азаматтық айналымдағы азаматтың жағдайы туралы актілердің рөлі. Азаматтардың, заңды тұлға қарамастан, кәсіпкерлікпен айналысу әрекеттері. Заңды тұлға - азаматтық құқық субъектісі ретінде. Заңды тұлға ұғымы мен белгілері. Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі. Заңды тұлғаны құру және тарату. Заңды тұлғалардың түрлері. Заңды тұлғалардың кейбір түрлерінің сипаттамасы. Мемлекет пен єкімшілік-аумақтық бөліністер - азаматтық құқық қатынастары субъектілері ретінде. Бұл тақырыпты оқу кезінде, азаматтық құқық қатынастарының анықтамасын білу қажет. Ол азаматтық құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынастар. Азаматтық құқық қатынастарының түрлеріне мүліктік және өзіндік мүліктік емес, абсолюттік және қатысты, заттық және міндеттемелік қатынастар жатады. Азаматтық құқық қатынастарының элементтері – ол азаматтық құқық қатынастарының тараптары, мазмұны, субъектілері мен объектілері болады. Азаматтық құқық қатынастарының мазмұны оның субъектілерінің субъективтік құқықтары мен міндеттерінен тұрады. Жәнеде олардың құқықтары мен міндеттері өзара тығыз байланысты болады. Субъективтік құқықтар мен міндеттер қатысушылардың ерікті әрекеттері арқылы жүзеге асырылады. Азаматтық құқық қатынастарының қатысушылары (субъектілері): құқылы жақ (несие берүші) пен міндетті жақ (борышкер) болып бөлінеді. Азаматтық құқық қатынастарының негізгі белгісі - қатысушыларының құқықтық теңдігі болады. Азаматтық құқық қатынастарының объектісі - олардың пайда болуына себеп болатын, және субъектілерінің әрекеттері бағытталатын нысана болып танылады. Азаматтық құқық пәніне байланысты, бұл құқық саласының объектісі мүліктік (материалдық) және мүліктік емес (материалдық емес) өзіндік құқықтар мен игіліктер болады. Объектілердің негізгі түрлері ҚР АК 115 бабында аталған. ҚР АК 7 бабында аталған заңдылық фактілер азаматтық құқық қатынастарының пайда болу негіздері болып танылады. Сонымен бірге осы баптың бірінші тармағында айтылғандай, азаматтық құқық қатынастары азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болуына негіз болатын субъектілердің басқа да әрекеттерінен туындауы да мүмкін. Заңдылық фактілер, ерікті белгілерге байланысты, оқиғалар мен әрекеттерге бөлінеді. Азаматтық құқықтар мен міндеттердің туындауына әкелдіретін қатысушылар әрекеттері заңды және заңсыз болады. Заңдылық фактілердің толық жіктелүі осы оқу құралының А Қосымшасында келтірілген. Азаматтық құқық қатынастарының қатысушылары, яғни субъектілері: жеке тұлғалар (Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар); заңды тұлғалар (кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар); мемлекет, оның атынан унитарлы Қазақстан Республикасы және әкімшілік–аумақтық бөліністер (облыстар, қалалар, аудандар, кенттер, ауылдар) болады. Азаматтық құқықтық қатынастардың субъектілері болу үшін, қатысушылар құқыққа қабілетті және әрекетке қабілетті болуы қажет. Аталған терминдарды түсіну үшін негізгі ұғымдар: құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі болады. 
39/1 Азаматтық құқықтарды жүзеге асырудың түсінігі, шектері. 2.1 Азаматтық құқық қатынастарының элементтері
1. Құқық қатынастарын сөз еткенде, оны талдағанда біз алдымен құрамдас элементтерін айқындап алуымыз қажет. Әрбір құқық қатынастарында қатынастың субьектілері деп аталатын қатысушылар болып табылады. Азаматтық құқықтық қатынастарының субьектілері: жеке тұлға, заңды тұлғалар, әкімшілік- аумақтық бөліністер, сондай-ақ мемлекет болып табылады.
Құқық қатынастарын қатысушылардың арасында белгілі бір байланыс орнайды, сол себепті бұлардың арасында қатынастарының мазмұнын құрайтын белгілі бір құқықтар мен міндеттер пайда болады. Сол қатынаста құқықтар мен міндеттер не нәрсеге (мүліктік және жеке мүліктік емес игіліктер) бағытталған болса, сол нәрсе оның обьектісі деп аталады. Сөйтіп, құқық қатынастарына төмендегідей элементтер тән болады: субьектілер (қатысушылар), мазмұны (құқықтар мен міндеттер) және обьектілер (құқықтар мен міндеттердің қатынасы бар мүліктік және мүліктік емес игіліктер). 2. құқықтың жалпы теориясының бір мәселесіне тоқтала кеткеннің еш артықтығы жоқ. Әдетте “құқық” сөзі бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ шын мәнінде мүлдем бөлек екі мағына білдіретіндігін айтпасқа болмайды. Оның біріншісін “Азаматтық құқық” “құқық нормалары” дегенге қолданамыз. Бұл сөз тіркесіндегі “құқық” дегеніміз мемлекетке қалыптасқан құқықтық рәсімдер жүесі, жиынтығы. Қажет болған жағдайда оның жүзеге асырылуы мемлекетткүшіне сүйенеді. Осы мағынада қолданылатын “құқықтың обьективті мағынасындағықұқық” деп немесе “обьективті құқық” деп атайды. Бұл күнделікті өмірде “менің меншік құқығым бар”, “сіз бұлай істеуге құқығыңыз жоқ”, “оның зейнетақы алуға құқығы бар” тәрізді сөздерді жиі айтамыз, ал бұл орайда кедесетін “құқық” сөзі заң дегенді емес, тұлғаның, нақті адамның белгілі бір мүддесін ғана білдіреді. Бұл жағдайларда “құқық” туралы субьективтік мағынада немесе басқаша айтқанда, құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктер болып есептелінеді. Құқық қатынастарының элементті ретінде атқанымыз,біз субьективік құқық туралы да айтамыз “құқтық” деген сөзге беретін екінші мағына .Әрбір құқық қатынасында қатысушының бірінің субьективтіқұқығына екіншісінің заңдық міндеттілігі сәйкестендіріледі, яғни біреуінің екіншісі алдындаы міндеттілік аясы айқындалады. Мысалы, үйді сатып алу- сату шартына сәйкес сатушы мен сатып алушы үйді алуға құқылы да, сатушы оны беруге міндетті. 3. Заңдылық фактісінің түсінігі. Азаматтық құқық нормалары өздігінен азаматттық құқық қатынастарын тудырмайды. Қандай да болсын нақтылы азаматтық құқық қатынастары белгілі бір жағдай болғанда ғана пайда болады. Мұның мазмұнының өзгеруі немесе оның қысқартылуы да белгілі бір жағдайға байланысты. Осындай құқық қатынастарының пайда болуына, өзгеруіне немесе оның қысқартылуына себепкер болатын жағдайларды заңдылық фактілер деп атайды. Мысалы, баланың тууы, мәміленің бүлінуі т.б. заңдылық фактілер болып табылады. Азаматтық кодексте сатып алу- сату, жалдау, мұра қалдыру және тағысын тағылардың кезінде пайда болатын құқық қатынастарын тәртітейтін баптардың болуы сол жеке тұлғалардың арасында нақтылы құқық қатынастарын өздігінен тудыра алмайды. Белгілі бір азамат пен дүкен араларында сатып алу- сату туралы АК- баптарында көрсетілген қатынастар пайда болу үшін сол азамат дүкенге барып бір нәрсе сатып алуы керек, яғни дүкенмен сатып алу –сату мәмілелеріне кірісуі керек. Заңдылық оқиғалар. Кейбір заңдылық фактілер осы фактілер нәтижесінде туатын құқық қатынастарына қатысушы тұлғалардың өздерінің қалауы және ниетінен тыс пайда болады. Мұндай заңдылық фактілерді оқиға деп атайды. (АК –тің 7 бабы, 8- тармағы). Адамның қлуі, белгілі бір мерзімнің өтіп кетуі фактілері - осылардың бәрі де оқиғалардың қатарына жатады.
40/1 41/1
Мәміле түсінігі, шарт және оның түрлері
Соңғы кездерде қоғам өмірінің барлық салаларына қатысы бар көптеген өзгерістер болды. Көптен бері  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%AD%D0%BA%D0%BE%D0%BD%D0%BE%D0%BC%D0%B8%D0%BA%D0%B0" \o "Экономика" экономика да,  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D2%B1%D2%9B%D1%8B%D2%9B" \o "Құқық" құқық та өзгеріске ұшырады. Бұл екі түсінік кез келген  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B5%D0%BC%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D0%B5%D1%82" \o "Мемлекет" мемлекеттің өмірімен тығыз байланыста болғандықтан, әр уақытта бірге айтылады. Экономика дүние жүзі қауымдастығының және де жеке, бөлек алынған мемлекеттің дамуының жетекші күші бола отырып, қоғамға өз шарттарын қояды. Дегенмен де  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%AD%D0%BA%D0%BE%D0%BD%D0%BE%D0%BC%D0%B8%D0%BA%D0%B0" \o "Экономика" экономика үшін негіз бола алатын және осы саладағы күрделенген қарым-қатынастарды реттей алатын тірек қажет болды. Осындай тірек ретінде  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D2%B1%D2%9B%D1%8B%D2%9B" \o "Құқық" құқық өз міндетін атқаруда. Aзаматтық құқықта мәмілеге ерекше назар аударылады, өйткені Ол біздің өміріміздің шаруашылық саласында маңызды рөл атқарады. Заңды тұлға әр күн сайын әр түрлі құқықтық мәміле жасайды және де бұл олардың бүкіл өмірінде болып тұрады Кәсіпкерлер мен кәсіпорындар да әрекет түрлеріне қарымастан бір-бірімен мәмілеге келеді. Мәнө жайды түсінбеген адам тек сатыпалу — сату шарты ғана мәміле болады деп ойлауы мүмкін, алайда мәміленің тізімі үлкен. Мәдениет саласында да мәміле жасалынады.
Мәміле — азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтауға бағытталған әрекеттері.
Мәміле— бұл әрекет, яғни адамдардың саналы іс- әрекеттерінің нәтижесі. Барлық әрекеттер заңды және заңсыз болып бөлінеді. Мәмілені жасау заңды әрекет болып табылады және ол заңға сәйкес келеді.
Мәмілені жасау — мәміле субъектілерінің арнайы әрекет жасауға деген ниеті.
Мәміле заң фактілерінің санатына жатады, яғни азаматтық- HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D2%B1%D2%9B%D1%8B%D2%9B" \o "Құқық" құқықтық қарым-қатынастардың тууына, өзгертілуі мен тоқтатылуына негіз болады.
Мәміле — арнайы нәтижеге жетуге бағытталған әрекеттер. Субъекті еркінің осы бағыттылығы мәмілені заңдылықтардан ерекшелендіреді. Егер субъекті заңды қылықтар жасаған болса, онда тұлғаның әрекеті неге бағытталғанына қарамастан құқықтық салдар туындайды.
Арнайы құқықтық нәтижелерге жетуге бағытталғандық мәмілені әкімшілік актілермен жақындастырады. Әкімшілік актілер дегеніміз — жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен индивидуалды мағынадағы мемлекеттік басқару органдарының актілері.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%98%D0%BA%D1%96%D0%BC%D1%88%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BA_%D0%B0%D0%BA%D1%82" \o "Әкімшілік акт" Әкімшілік актілер де, мәмілелер де арнайы құқықтық нәтижелерге жетуге бағытталған, бірақ та осы заңды актілер арасында айырмашылықтар бар: әкімшілік актімен белгіленген азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарда тараптардың теңдігі жоқ — мемлекеттік органның еркі оның үнде лгеніне сай тұлғалар үшін міндетті деп саналады.
Азаматтық құқықта мәмілелер көп, сондықтан да оларды жіктеу қажет. Мәмілелерді түрлерге бөлу бірнеше белгілер бойынша жүргізіледі. Азаматтық кодекс мәмілені екі түрге: біржақты және екіжақты (көпжақты) деп бөледі. Мәмілелерді бұлай бөлу мәмілелерге қатысушы тараптардың санына сай жүргізілген. Біржақты мәмілелер. Біржақты мәмілені жасау үшін заңға, басқа да құқықтық актілер мен тараптардың келісіміне сай бір жақты ерік білдіруі кажет және ол жеткілікті болса ғана жасалады. Мұндай мәмілелерге мысал ретінде сенімхат беруді, өсиет қалдыруды, мұрагерліктен бас тартуды, мұрагерлікті қабылдауды, шартты орындаудан тараптың толығымен немесе жартылай бас тартуды (егер бас тарту тараптардың келісімімен жасалған болса) жатқызуға болады. Бірақ та біржақты мәміледе тек қана бір тарап пен бір ғана тұлғаның еркін білдіруін ғана есепке алмау керек. Екі жақты мәмілелер шарт болып табылады. Шарт адамзат тарихында адамдардың арасында туындайтын қатынастарды реттеудің ежелгі дәуірлерден келе жатқан, кеңінен тараған әдістерінің бірі. Шарт — сату — сатып алу, айырбас, рента, мүлікті жалға беру, сақтау және т.б. қатынастар негізінде жүзеге асырылады.
Шарт дегеніміз — екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі.
Шарт еркіндігі — шарт жасаудың басты әрі айнымайтын қағидасы. Шарт еркіндігінің кағидасы: шартты жасау еркіндігі;шартты жасауға итермелеуге жол бермеу еркіндігі;жасалатын шарттың түрін таңдау еркіндігі;тараптар өз қалауы бойынша шартқа әр түрлі жағдайларды енгізе алатындығын;тараптар заңда көзделген және көзделмеген шарттарды да жасаса алатындығын білдіреді.
Шарттар, негізінен, екі жақты жасалады, бірақ көп жақты шарттар да кездеседі, мұнда екі жақтан көп тараптар қатысады және келісілген еріктеріне байланысты құқықтық салдар туындайды. Шарттың мазмұны заңда көрсетілген реттерден басқа тараптардың ортақ келісімі бойынша анықталады. Тараптардың еріктері белгілі бір нысанда жүзеге асырылуы тиіс. Шарт екі нысанда: ауызша және жазбаша болуы мүмкін
42/1
43/1
44/1
Шаруашылық серіктестіктер. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) қосқан үлесі бөліп көрсетілген жарлық капиталы бар коммерциялық ұйымдар шаруашылық серіктестігі болып табылады. Құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарының есебінен құрылған, сондай-ақ серіктестіктің шаруашылық қызметінде шығарылған және сатып алынған мүліктер серіктестіктердің меншігіне жатады. Қазіргі кезде шаруашылық серіктестіктер толық және коммандиттік серіктестіктер болып құрылады. Толық серіктестік — мұндай серіктестіктің қатысушылары толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлікке ортақ жауапкершілікте болады. Коммандиттік серіктестік — серіктестік міндеттемелері бойынша өзінің барлық мүлкімен (толық серіктестер) қосымша жауап беретін толык серіктестіктерден және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруына араласпайтын, жауапкершілігі серіктестік (салымшылар) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін қатысушылардан тұрады. Коммандиттік серіктестіктердің қызметіне араласатын толық серіктестіктің құқылы ережесі және олардың міндеттемелері бойынша жауапкершілігі толық серіктестіктің тәртібімен анықталады.
2. Қосымша және жауапкершілігі шектеулі серіктестік Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС). ЖШС жарлық капиталы бір немесе бірнеше серіктестік тұлғалардың ұйымдастыруымен құрылған жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады, олардың қосқан үлесі құрылтайшылардың құжаттарында бөліп көрсетіледі; олар өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде ғана алған міндеттемесі мен тәуекелділік залалы бойынша жауап береді. Серіктестікке қатысушылардың саны елуден аспауы керек. Ол бір ғана тұлғадан тұратын, басқа да серіктестіктердің жалғыз қатысушысы ретінде болуына болмайды. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік. Мұндай серіктестіктің қатысушылары оның міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық капиталдағы салымдарымен, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда — қосымша өздері еселеген мөлшерінде салған салымдармен өздеріне тиесілі мүлкіне жауап береді. 3. Акционерлік қоғам — өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражаттарды тарту мақсатында акция шығарумен айналысатын заңды тұлға. Қоғам акционерлері өзінің міндеттемесі бойынша жауап бермейді және олардың қызметімен байланысты өздеріне жататын акцияларының құнының шегінде тәуекелділіктен алған зиянды шегеді. Акционерлік қоғам ашық, жабық және ашық халықтық қоғам болып бөлінуі мүмкін. Ашық акционерлік қоғам — өздерінің шығарған акциясын ашық, жеке, жабық түрде орналастыруына құқығы бар. Мұндай қоғамның қатысушылары өздеріне тиесілі акцияларды басқа акционерлердің келісімінсіз иеліктен шығара алады. Жабық акционерлік қоғам. Мұндай қоғамның акциялары тек қана өз кұрылтайшылары ішінде немесе алдын ала белгіленген тұлғалар шеңберінде таратылады. Егерде жабық акционерлік қоғамның акционерлерінің саны жүзден асып кетсе, онда келесі үш айдың барысында акционерлердің жалпы жиналысында қоғамның типін өзгертуге, яғни ашық акционерлік қоғамға айналуына шешім қабылдауына болады. Ашык қоғамның акциялары, бағалы қағаздардың нарығына қарап бағаланады және ондағы активтердің құны екі жүз мың айлық есепті көрсеткішті құраса және акционерлердің саны бес жүзден кем болмаса, онда ол ашық халықтық қоғам болып табылады. 4. Өндірістік кооператив — бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізінде, олар өзінің еңбек етуімен тікелей қатысуының негізінде және мүліктік пайларын (үлестерін) мүшесі ретінде біріктірудің негізінде құрылған азаматтық ерікті бірлестік. Кооператив мүшесі екіден кем болмауы тиіс. Кооператив мүшелері заңда қаралған тәртіп пен деңгейде қосымша (субсидиарлық) міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болады. 5. Мемлекеттік кәсіпорын. Мемлекеттік кәсіпорындарға жататындар: шаруашылықты жүргізу құқына негізделген мемлекеттік кәсіпорын. Ол өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікке жауап береді, бірақ мемлекет міндеттемелері үшін жауапты болмайды;ағымдағы (оперативтік) басқару құқығына (қазыналық кәсіпорын) негізделген мемлекеттік кәсіпорын, Қазақстан Республикасы үкіметінің немесе жергілікті атқару органының шешімімен құрылады. Қазыналық кәсіпорынның шаруашылық қызметі оның Жарғысында көрсетілген (белгіленген) мақсаттармен және міндеттермен анықталады. Қазақстан Республикасы немесе жергілікті әкімшілік-аумақтық бөлініс қазыналық кәсіпорынның міндеттемелері бойынша жәрдем беру жауапкершілігін өз мойнына алады. 6. Коммерциялық емес ұйымдар. Оларға: мекемелер, қоғамдық бірлестіктер, қоғамдық қорлар, тұтыну кооперативтері, діни бірлестіктер, қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестіктер жатады.Шаруашылық жүргізуші субъект қызметінің мақсаттарын оның меншік иесі белгілейді. Ол егер заңмен тыйым салынбаса және субъектінің жарғысына жауап беретін болса, онда ол кез келген қызмет түрін жүзеге асыруына болады.Мемлекеттік мүлікті басқаруға уәкілетті органдар, басқа заңды және жеке тұлғалар субъектінің құрылтайшылары бола алады. Шаруашылық жүргізуші субъектіні бір немесе бірнеше құрылтайшылар құрып, ол мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап заңды тұлға құқығына ие болуы мүмкін. Меншік иесінің рұқсатымен шаруашылық жүргізуші субъект заңды тұлға құқығы бар еншілес субъектілерді, сондай-ақ филиалдар, өкілдіктер, бөлімдер және басқа да ерекшеленген бөлімшелер құра алады.
48 \1) Акционерлік қоғамға, ұжымдық кәсіпкерліктің құқықтық нысаны ретінде, заңды тұлғаның  барлық негізгі белгілеріне тән, атап айтқанда: Акционерлік қоғам – акционерлік  заңнамасымен, жарғысымен, жергілікті нормативті актілерімен бекітілген ұйымдастырушылық бірлік, оған ең аз дегенде үш элемент кіреді 1) жеке субъектілер жалпы біртұтасқа бірігетін әлеуметтік мәнді өзара байланыстар жүйесінің бар болуы; 2)құрылу мен қызмет етудің белгілі бір мақсатының болуы. Акционерлік қоғам, кез – келген әлеуметтік ұйым сияқты мақсатты жалпылық – бұл осындай мақсат үшін адамдардың бірігуі, ол әрқайсысы үшін маңызды болса да, жеке түрде оған ешкім қол жеткізе алмайды. Бірақ та бұл мақсатқа жету оларды рольдер бойынша, мақсаттар бойынша, бағынуы бойынша бөлінуіне мұқтаж етеді Акционерлік қоғамдардың құрылуы мен қызмет етуінің негізгі мақсаты болып, кез – келген коммерциялық ұйымдікі сияқты пайда табу  болып табылады. Ары қарай, бірақ та акционерлік қоғамдардың құрылуы мен қызмет етуіне селсоқ қарауға болмайтыны түсіндіріледі – акционерлік қоғамның дамуы акционерлік қатынастардың субъектілерінің (акционерлер, персонал, несие берушілер, мемлекет және оның органдары ретінде т.б.) әр түрлі топтарының мүдделер жүйесінің жиынтығын жүзеге асырумен анықталады. 3) ішкі құрылымның және функционалды дифференциацияның бар болуы (акционерлік қоғамды ұйымдастырудың корпоративті әдісі, компанияның өндірістік – шаруашылық қызметінің ұйымдастырушылық құрылымы). Акционерлік қоғамдардың  қаржылық жағдайын талдау кәсiпорынынң шаруашылық қызметiн талдаудың қорытындылаушы кезеңi болып табылады. Және де ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндiрiс жәнеөткiзу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндiрiстiк және қаржылыққызметтi ұйымдастырады. Кәсiпорынның қаржылық қызметi – бұл оның осы қызмет нәтижесiнде меншiктi және тартылған капиталдың көлемi мен құрамына өзгерiс әкелетiн қызметi. Ол қаржы ресурстарының жүйелi түрде өз уақытымен түсуi мен тиiмдi пайдаануына, есеп және несие тәртiбiн сақтауға, меншiктi және қарыз қаражаттарының арасындағы ара қатынастың рационалдығына, сондай-ақ кәсiпорынынң тиiмдi қызмет етуi мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткiзуге бағытталуы тиiс.
2 ) Қазіргі кезеңдегі құқықтық жүйе дегеніміз- әр мемлекеттерде қалыптасқан құқық реттеу және құқықты қолдануда өзіндік сипат пен ерекшеліктерге ие болган нормалардың ,құндылықтардың,көзқарастардың,ерекшеліктердің жиынтығы. Дүниежүзілік құқықтық жүйе 5 түрге бөлінеді: Мұсылмандың құқықтық жүйе(діни), роман –германдық ққ жуйе,англо –саксондық ққ жуйе,дәстүрлі ққ жуйе,көшпелі өркениетінің ққ жуйе;
49\1 Әкімшілік құқық мемлекеттік басқару органдарын ұйымдастыру және олардың атқарушы өкім ету қызметінің барысында пайда болатын қо-ғамдық қатынастарды реттейді. Әкімшілік-елдегі басқару қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жиынтық атауы,елбасының, басқа да мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық үйымдардың жұмысты басқаруды ұйымдастыратын қызметкерлер құрамы; Әкімшіліктің ұйымдық құрылымы оның жергілікті мемлекеттік биліктің атқарушы органы ретіндегі қызметінің міндеттері мен құзыреттері арқылы айқындалады. Әкімшілік кімнен, оның орынбасарларынан, басқармалардан, бөлімдерден және т.б. қызмет бөлімшелерінен тұрады. Әкімшіліктің құрылымын облысты, ауданды, қаланы басқарудың жобасына сәйкес анықтап, әкімнің үсынуымен  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D3%99%D1%81%D0%BB%D0%B8%D1%85%D0%B0%D1%82" \o "Мәслихат" мәслихат бекітеді. Жергілікті атқару органдарының экономикалық және қаржылық негізгі әкімшілік-аумақтық бірліктердің меншіктерінен, жергілікті бюджеттің қаражатынан, жергілікті салықтардан, бюджеттен бөлінетін  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%94%D0%BE%D1%82%D0%B0%D2%A3%D0%B8%D1%8F&action=edit&redlink=1" \o "Дотаңия (мұндай бет жоқ)" дотаңиялар мен субвенңиялардан, мемлекеттік алымдардан, қаланың, ауданның меншігіндегі мүлік үшін төленетін жалдамалық ақылардан, кәсіпорындардан алынатын салықтардан және басқа да төлемдерден құралады. Әкім жергілікті бюджеттен басқа бюд¬жеттен тыс қор құра алады. Оған иесіз және тәркіленген мүліктерден түскен табыстар, сенбіліктер өткізуден, жер¬гілікті займдар, лотереялар таратудан, аукциондардан түскен пайда кіреді. Әкімшілік бюджетті жоспарлап, қалыптастыру, жүмсау, шаруашылық қызметті ұйымдастыру, көлік пен байланыс, жер пайдалану, табиғатты қорғау, табиғи ресурстарды жөнімен пайдалану, тұрмыстық қызмет көрсету, сауда, түрғын үй,  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9A%D0%BE%D0%BC%D0%BC%D1%83%D0%BD%D0%B0%D0%BB%D0%B4%D1%8B%D2%9B&action=edit&redlink=1" \o "Коммуналдық (мұндай бет жоқ)" коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік- мәдени қызмет көрсету ( HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D1%96%D0%BB%D1%96%D0%BC_%D0%B1%D0%B5%D1%80%D1%83" \o "Білім беру" білім беру, денсаулық сақтау, тұрғындарды әлеуметтік қорғау, т.б.), заңдылықты, құқықты, тәртіпті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғау құзыретін иеленеді. 2) Заңсыздықты негізі сот ал заңды үкімет шығарады,бірақ заң бұзушылық болса сотқа жүгінеді.Заң бүзушылығына байланысты болады.
\1)Әкiмшiлiк жаза, осыған заңмен уәкiлеттiк берiлген судья, органдар (лауазымды адамдар) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн қолданатын мемлекеттiк мәжбүрлеу шарасы болып табылады және осындай құқық бұзушылық жасаған адамның осы Кодексте көзделген құқықтары мен бостандықтарынан айыруға немесе оларды шектеуге саяды.Әкiмшiлiк жаза әлеуметтiк әдiлеттiлiктi қалпына келтiру және құқық бұзушылықты жасаған адамды заңдар талаптарын сақтау және құқық тәртiбiн құрметтеу рухында тәрбиелеу, сондай-ақ құқық бұзушының өзiнiң де, сол сияқты басқа адамдардың да жаңа құқық бұзушылық жасауының алдын алу мақсатында қолданылады. Әкiмшiлiк жаза әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамға тән азабын тарттыруды немесе оның адамгершiлiк қадiр-қасиетiн қорлауды, сондай-ақ заңды тұлғаның iскерлiк беделiне зиян тигiзудi мақсат тұтпайды. Әкiмшiлiк жазалардың түрлерi 1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн жеке адамға мынадай әкiмшiлiк жазалар қолданылуы мүмкiн:1) ескерту жасау;2) әкiмшiлiк айыппұл салу;3) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тiкелей объектiсi болған затты өтемiн төлеп алып қою;4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тiкелей объектiсi болған затты, әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кiрiстердi, ақшаны және бағалы қағаздарды тәркiлеу;5) арнаулы құқықтан айыру;6) лицензиядан, арнаулы рұқсаттан, бiлiктiлiк аттестатынан (куәлiктен) айыру немесе қызметтiң белгiлi бiр түрiне не белгiлi бiр iс-әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру;7) жеке кәсiпкердiң қызметiн тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;8) өз бетiмен салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;9) әкiмшiлiк қамауға алу;10) шетелдiктi немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен кетiру.Осы Кодекстiң  HYPERLINK "http://online.zakon.kz/Document/?link_id=1000288594" \o "ЌР ЅКІМШІЛІК ЌЂЌЫЌ БЂЗУШЫЛЫЌ ТУРАЛЫ КОДЕКСІ (30.01.01 Ж. № 155-II)" \t "_parent" 461-472,  HYPERLINK "http://online.zakon.kz/Document/?link_id=1000288595" \o "ЌР ЅКІМШІЛІК ЌЂЌЫЌ БЂЗУШЫЛЫЌ ТУРАЛЫ КОДЕКСІ (30.01.01 Ж. № 155-II)" \t "_parent" 476-баптарында көзделген жағдайларда қолданылған әкiмшiлiк жаза түрлерi туралы ақпарат уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүргiзушi куәлiгiнiң талонына енгiзiледi.51\1)Азаматтық құқық объектiлерiнiң түрлерi 1. Мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтар азаматтық құқық объектiлерi бола алады. 2. Мүлiктiк игiлiктер мен құқықтарға (мүлiкке): заттар, ақша, соның iшiнде шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық-интеллектуалдық қызметтiң объектiге айналған нәтижелерi, фирмалық атаулар, тауарлық белгiлер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары мүлiктiк құқықтар мен басқа да мүлiк жатады. 2-1. Ақшаға және ақшалай мiндеттемелер бойынша құқықтарға (талаптарға) (ақша төлеу жөнiндегi талап ету құқықтарына), егер осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актiлерiнде өзгеше көзделмесе немесе мiндеттеме мәнiнен туындамаса, тиiсiнше заттардың немесе мүлiктiк құқықтардың (талаптардың) құқықтық режимi қолданылады. 3. Жеке мүлiктiк емес игiлiктер мен құқықтарға: жеке адамның өмiрi, денсаулығы, қадiр-қасиетi, абырой, игi атақ, iскерлiк бедел, жеке өмiрге қол сұқпаушылық, жеке құпия мен отбасы құпиясы, есiм алу құқығы, автор болу құқығы, шығармаға қол сұқпаушылық құқығы және басқа материалдық емес игiлiктер мен құқықтар жатады
52\1)ҚР Конституциясына сәйкес “Қазақстан Республикасының мемлекеттiк меншiк пен жеке меншiк танылады және бiрдей қорғады”. Бұл меншiктің формалары. Әртүрлі әлеуметтiк мақсат пен құқықтық режим оларды бөлiп алуға негiздеме болады. Меншікті екі формаға бөлу Конституцияда олардың меншік құқығының субъектісi ретiнде мемлекетке қатынасының нышандары бойынша жүргiзiледi. Жеке меншiкке жататындықтан заң өте оңай анықтайды - мемлекетке тиесiлi еместің барлығы солар. Яғни барлық мемлекеттiк емес меншiктер жеке меншiк болып табылады. Ресей Федерациясында меншiк формаларынның тiзбесi жабылған жоқ. Жеке және мемлекеттiктен басқа оларда муниципалдық және басқа формалар бар. Меншiк формаларына меншiк құқығы формалары сәйкес келедi. Өз кезегiнде формалар да түрлерге бөлiнедi. Форма мешлiктiң арналған мақсаты мен әлеуметтiк бағыттылығына қарай оның салалық ерекшелiгін бейнелейдi, ал түр - меншiк формалары iшiндегi субъективтiк айырмашылық. Кез келген азамат немесе заңды тұлға, сондай-ақ мемлекет меншiк құқығының субъектісi бола алады. Азаматтық әрекет қабiлетi шектеулi болған немесе, тiптен, ол болмаған жағдайда оның мүддесiн заң немесе шарт бойынша өкiл қорғайд. Мемлекеттiң меншік құқығының субъектiсi ретіндегi ерекшелiгi сол - оның құқығы уәкiлеттi мемлекеттiк органдар немесе мемлекеттiк заңды тұлғалар арқылы, ал, заң құжаттарында көзделген жағдайдарда - мемлекеттiк емес заңды тұлғалар және азаматтар арқылы жүзеге асырылады.Конститутцияға бағдар алып Азаматтық кодекс меншiк формасы ретiнде жеке (191-бап) және мемлекеттiк (192-бап) меншiктi бөлiп қарастырады. Сонымен қатар қазақстандық заң шығарушы, ресейлiкке қарағанда, топтастыру кезiнде “форма” терминін пайдаланбады. Оған саналы түрде барды, себебi “форма” жене “түр” ұғымдары өз мәндерi жағынан көп мағыналы және меншiк құқығына қатысты қолдануға онша келмейдi. Бұл ұстаным дұрыс та шығар, дегенмен, бұл мәселеге қатысты екi көзқараст атап өткен жөн. Бiрiншiсi бойынша меншiк құқығы бiр тұтас және бiртектi. Ол нарқтық экономиканың жалпы ережесiне бағындырылған. Бiрақ мемлекеттiк меншiк құқығын бұған жатқызуға болмайды, ол мемлекет функциясын қолдау және жеке меншiк құқығының қалыпты жұмысын қамтамасыз етуде шектеулi ауқымда болады. Яғни, жеке мешнiк түрлiк емес, меншiк ұғымына келетiн тектiк ұғым. Екiншi көзқараста меншік құқығы тектiк ұғым, ал жеке және мемлекеттiк меншiк құқығы - түрлiк ұғым. Мүлiктің жеке және мемлекеттiк меншiк үшiн заңнамада белгiленген әртүрлi құқықтық режимi оған негіздеме болады. Бұл мемлекет функциясың айрықша сипатынан туындайды және субъектісінің ерекшелiгiне байланысты. жеке меншiктiң екi түрi белгiленген, олар - азаматтар меншiгi және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар мен олардың бiрлестiктерiнiң меншiгi. Өз кезегiнде АК-ның 192-бабы мемлекеттiк меншiктiң екi түрiн белгiлейдi, олар - республикалық және коммуналдық меншiктер. Қазақстан Реслубликасына қарағанда Ресей Федератицясында муниципалдық (коммунналдық) меншiк мемлекеттiк болып табылмайды, сондықтан ол оның құрамына кiрмейдi. Мынадай сұрақ туындауы мүмкiн: шетел азаматтары мен заңды тұлғаларының меншiк құқығы қалай топтастыруға болады? Жалпы ереже бойынша мүлiкке деген меншiк құқығы осы мүлiк турған елдiң құқығы бойынша анықталады. Сондықтан да, Қазақстан Реслубликасының аумағында шетел азаматтары үшін Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларының меншiк құқығы туралы заңнама қолданылады. 2 Құқық дегеніміз — мемлекет арқылы қамтамасыз етілетін, әділеттілік туралы адамдардың көзқарастарынан көрініс табатын, жалпыға бірдей міндетті нормалардың жиынтығы. Адам әр түрлі әлеуметтік қатынастарға түседі. Қарым-қатынас нәтижесінде адамдар арасында өзара әрекеттестік қалыптасады, түсіністік пайда болады, қамқорлық жасау және көмек беру жүзеге асады. Қоғамдық қатынастар әлеуметтік нормалар арқылы реттеледі, олардың арасында құқық нормалары ерекше орын иеленеді. Құқық нормалары заңдар мен [[ HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9D%D0%BE%D1%80%D0%BC%D0%B0%D1%82%D0%B8%D0%B2%D1%82%D1%96%D0%BA_%D2%9B%D2%B1%D2%9B%D1%8B%D2%9B%D1%82%D1%8B%D2%9B_%D0%B0%D0%BA%D1%82" \o "Нормативтік құқықтық акт" нормативті құқықтық актілерде көрініс табады. Жалпы адамзаттық құндылықтар және әділеттілік, ізгілік, теңдік, бостандық идеялары құқықтың негізі болып табылады. Құқық саласы бұл – қоғамдық қатынастардың сапалы түрде біртекті тобын өзіне тиесілі ерекше құқықтық реттеу әдісі арқылы реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы болып келетін құқықтық жүйенің бір бөлігі. Сонымен әрбір құқық саласы өзгелерден айрықша нысанасымен және құқықтық реттеу әдісімен ерекшеленеді. Құқық негіздері төрт түрге бөлінеді:• Құқықтық әдеттер;• Сот прецеденті үлгілері;• Құқықтық келісім-шарттар;• Нормативтік құқықтық актілер;
53\1)Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзушылық — қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс. Құқық бұзушылық — заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Ол адамдардың іс-әрекеті, қылығы, мінезі немесе әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Заң бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді. Құқықты жүзеге асыру : құқық теориясында - ұйымның, мемлекеттік органның, лауазымды тұлға мен азаматтың іс жүзіндегі қызметінде құқық нормаларын ендіру, жүзеге асыру. Құқықты жүзеге асыру нысандары: сақтау (құқықпен тыйым салынған әрекеттерді жүзеге асырудан сақтану);орындау (жағымды әрекеттерді жасау жолымен құқықта қарастырылған міндеттерді белсенді орындаудан тұрады);пайдалану (қатысушылардың нормада қарастырылған өз құқықтарын реттелетін қоғамдық қатынастар құқығын жүзеге асыруы арқылы көрінеді);құқық нормасын қолдану (нақты субъектілерге бағытталған құқықтық талаптарды жүзеге асыратын мемлекеттің ұйымдастыруы арқылы көрінеді) болып табылады Құқықты жүзеге асырудың ерекше тәсілдері бар: 1) Құқықты сақтау; 2) Құқықты орындау; 3) Құқықты пайдалану; 4) Құқықты қолдану. Құқықты қолдану бірнеше сатыдан тұрады: 1)істің нақтылы мән – жайларын анықтау; 2)істің заңи негізін анықтау;3)құқықтық норманы қолдану арқылы шешім қабылдау; 4)шешімді жүзеге асыру. 
53\1)1990 жылы 25-қазандағы Қазақ КСР-ының мемлкеттік егемендігі туралы Декларациясы осы кезеңнің конституциялық сипаттағы маңызды актісі болып табылады. Ол жай «көздеушілік Декларация» емес еді, оның нормативтік құқықтық сипаты болады.Осы конституциялық заңда тәуелсіздік  бірінші рет жарияланды, онда тәуелсіз мемлекетке тән элементтер: біртұтас азаматтық, аумақтық, дербестік, мемлекеттік органдардың дербес жүйесі, тәуелсіз мемлекет мәртебесіне сәйкес дербес экономикалық  жүйе, жеке Қарулы Күштің болуы орнықтырылды. Сөйтіп, Қазақстан әлемдік қауымдастыққа дербес мемлекет ретінді енді. 1i және 2і кезеңде ҚР конституциялық заңдары социолистік конституцияға – тәуелді мемлекеттік ұйымдардың Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен дамыды. Бұлар заң шығарушылардың қамтылмасты қамтимын деген нәтижесіз талпынысы еді. 1992 жылғы маусымына дейін Қазақ КСР Коснтитуциясының  51-бабына өзгерістер енгізілді. Одақтық Конституцияға негізделген, мықтап идеяландырылған Конституциясыны ешқандай өзгеріс пен толықтыру жақсарта да, лайықтандыра да алмас еді. әрине, заң шығарушылар мұны түсінді, сондықтан 1991 жылдың өзінде  жаңа  Конституцияның жобасын әзірлеу жөнінде Конституциялық комиссия және жұмыс тобы құрылды. Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары қалыптасуының үшінші кезеңі Жоғарғы Кеңестің 1993 жылғы қаңтарда жаңа Конституцияны қабылдаудан басталды. Бұл Қазақстан мемлекеттік және қоғамдық құрылысының мүлдем жаңаша белгіленген тарихи құқықтық акт болды. Әрине, Конституция  Қазақстанның мемлекеттік егемендігі жарияланған кезден бастап шығарылған конституциялық заңдардың көптеген құқықт ық нормаларын, принциптері мен идеяларын қабылдады. Халықтық егемендік, мемлекеттің тәуелсіздігі, билік бөлісу принципі, қазақ тілін мемлекеттік тіл деп тану, Президентті мемлекеттің және атқарушы биліктің біртұтас жүйесінің басшысы ретінде тану, сот органдарын – Жоғарғы, Конституциялық және Жоғары Төрелік сотты, прокуратуаны тану осының қатарына жатады.
55\1 Премьер министрлер:Сергей Терещенко, Акежан Кажегельдин, Нурлан Балгимбаев, Касым-Жомарт Токаев, Имангали Тасмагамбетов, Даниал Ахметов, Карим Масимов, Серик Ахметов Әділет министрлері: Серик Ахметов, Баймұхамет Шағыров, Мырзақадыр Нұрбаев, Қылышбай Сұлтанұлы Сұлтанов, Бекайдар Жүсіпов, Долда Досполов, Ғалихан Нұрмұханбетұлы Ержанов, Нағашбай Аманғалиұлы Шәйкенов, Константин Анатольевич Колпаков, Бауыржан Әлімұлы Мұхамеджанов, Игорь Иванович Рогов, Георгий Владимирович Ким, Оңалсын Исламұлы Жұмабеков, Балиева Загипа Яхяновна, Түсіпбеков Рашид Төлеутайұлы

Приложенные файлы

  • docx 14715294
    Размер файла: 88 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий