лайла


Жоспары:
І.Кіріспе
Микробиологияың структурасы
ІІ. Негізгі бөлім
Микробиология ғылымының дамуы
Микроорганизмдер морфологиясы
Микроорганизмдердерді қолдану аясы.
ІІІ. Қорытынды
Микроорганизмдердердің табиғат пен адамзат өміріндегі маңызы
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Микроорганизмдердерді қолдану аясы.
1. Микроорганизмдер- көбінесе бір клеткалы, өте ұсақ, жай көрінбейтін тірі организмдер. Олар миллиметрдің мыңнан бірлігі- микронмен өлшененді. Бұлардың құрылысын, сыртқы пішінін және қозғалысын зерттеу үшін кем дегенде 400-500 есе үлкен арнаулы аспап-микроскоп қолданылады. Қазір 800-1300 есе үлкейтіп көрсететін биологиялық микроскопты пайдаланады.
Микробиология – жай көзге көрінбейтін, ұсақ тірі организмдерді, олардың құрылысы мен биологиялық, биохимиялық қасиеттерін, табиғатта жүріп жатқан процестердегі ролін, адам тұрмысындағы пайдасы мен зиянын жан-жақты зерттейтін ғалым.
Микроорганизмдердің басым көпшілігі — бактериялар. Сонымен қатар микробиология төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарды, ашытқы саңырауқұлақтарын, ұсақ балдырларды, қарапайым организмдерді, вирустарды да зерттейді.Микробиология ботаника мен зоология ғылымдарының қарапайым организмдерді зерттейтін салаларымен тығыз байланысты. Микробиология — микроорганизмдердің биохимиялық әрекеттерін, қоректік заттарды өзгертудегі олардың негізгі ролі қарастырылады.
Микроорганизмдер тіршілігінің ең бір айқын байқалатын жері-ашу процесі.Күнделікті көріп жүрген сыра мен түрлі шараптар, тағамдардың шіріп, бүлінуі және көгеруі бәрі де осы микроорганизмдердің әсерінен болады.
2. Микробиология ғылымы көптеген жаңалықтармен теориялық және практикалық жеңістіктермен толықтырылады. Халық шаруашылығының түрлі қажеттері мен мақсаттарына сәйкес бұл ғылым-жалпы микробиология, техникалық немесе өнеркәсіптік микробиология, тағамдық микробиология, ауыл шаруашылық микробиологиясы, медициналық микробиология, эпидемиология, мал дәрігерлік микробиология және вирусология болып бірнеше салаға бөлінеді.Жалпы микробиология – микроорганизмдердің өзгергіштігі мен тұқым қуалаушылығына, дамуы мен тіршілік етуінің негізгі заңдылықтарына жалпы сипаттама береді, олардың табиғатта заттар алмасу процесіндегі ролін және оны адам баласының пайдасына қолданудың мүмкіндіктерін зерттейді.
Техникалық немесе өнеркәсіптік микробиология – микроптардың тіршілігі нәтижесінде түзілетін өнімдердің адам баласына ең қажеттілерін іс жүзінде өндізудің ғылыми негіздерін жасайды, оларды көптеп өндіруді қарастырады. Техникалық микробиологияның дамуы барысында ашыту өнеркәсібі, антибиотиктерді, ферменттерді, витаминдерді, амин қышқылдарын өндіретін өндірістер ұйымдастырылады.
Тағам микробиологиясы-әр түрлі микроорганизмдердің көмегімен тағамдық өнімдерді алудың әдістерін зерттейді және өнімдердің микробтар әсерінен бұзылуын болдырмаудың шараларын белгілейді.
Ауыл шаруашылық микробиологиясы-өсімдіктердің қоректенуімен топырақ түзілуіндегі микроорганизмдердің ролін зерттейді. Сонымен бірге мал азықтық белоктарды өндірудегі басқа да өсімдіктер тектес азықтардың құнарландырудағы микроорганизмдердің пайдалы топтарын тауып, шаруашылыққа ұсынады. Геологиялық микробиология- немесе геоморфология жер қабатындағы микроорганизмдерді зерттейді. Санитарлық микробиология- су, ауа, және топырақтағы микроорганизмдердің таралуын, ауру қоздырғыштық қасиеттерін және олардың көиегімен аурудың таралу жолдарын зерттеп, ақыр аяғында табиғаттағы адам пайдаланатын объектілерді зиянды микроорганизмдерден тазартудың әдісі мен жолдарын белгілейді.
Медициналық микробиология- адамдар ауру қоздыратын микроорганизмдерді, олардың организммен қарым-қатынасын зерттейді, жұқпалы ауруларды емдеу мен олардың алдын-ала сақтандырудың лабораториялық диагностикасы және арнаулы әдістерін жасауды қарастырады.
Эпидемиология-адам мен жануарларда кездесетің әртүрлі жұқпалы аурулардың жаппай таралуы жолдарын және олардың шығу себептерін анықтайды және олармен күресу шараларын белгілейді.
Мал дәрігерлік микробиология –малдарда болатын жұқпалы ауруларды қоздырғышы микроорганизмдерді зерттейді, олармен күресудің шараларын анықтайды.
Вирусология -өсімдіктерде, жануарларда, адамдарда және бактерияларда вирустардың даму заңдылықтарын зерттейді , вирустық ауруларды табудың әдістері мен жолдарын белгілейді және емдеу , алдын –ала сақтандыру жағдайларын қарастырады.
3. Микробиология тарихында римнің профессоры Афанаси Қирхердің (1601-1680)есімі де аталуы тиіс. Қирхер сасыған ет, щарап сіркесін, сүтті қарап, онда түрлі құрттардың кездесетінің байқады. Ол қанды қарап, онда түрлі клеткаларды көреді.Микроорганизмдерді алғаш рет ашу Голландия әуесқойы Антон ван Левенгуктің (1632-1723)есімімен тікелей байланысты. Жас кезінен шыныларды құрастырумен көп айналысқан ол, заттарды 160-300есеге дейін үлкейте алатын алғашқы микроскопты құрастырған. Орыс оқымыстысы И.И.Мечниковтың 1845-1916 еңбегі зор. Ол микробиологияда бір қатар жаңалықтар ашты. Соның ішінде, әсіресе иммунитет және бактериология жайындағы еңбектері өте бағалы. И.И.Мечников фагоцитоз және оның иммунитетттегі ролі туралы тыңғылықтық ілім жасады.
Бактериялар-бір клеткалы ағзалар, хлорифилі жоқ, өсімдіктердің бір түрі. Олар көптеген инфекцияның ауру қоздырғыштарынан тұрады. Олардың өте үлкен және ұсақ, орташа түрлері болады. Ең ірі бактериялар сібір жарасы, гангрена қоздырғыштары.
Бактериялардың негізгі 3 түрлі формалары бар:шар тәрізді коккалар, таяқша тәрізді бактериялар, бациллалар және клостидиялар және спирал тәрізді спирилла және виброндар.
Шар тәрізділер түрлері форма-коккалар сыртқы пішіні шар тәрізді строфилкоккалар, ст.рептоктар.Көптеген коккалар-сапрофиттер, олар спора түзбейді. Қозғалмайды, табиғатта кең таралған. Коккалар жеке-жеке бір-бірмен қосылмаған-микрококктар деп аталады Диплококктардан адам ағзасында ауру туғызатын қоздырғыштар, гонореия, минингит қоздырғыштары.Таяқша пішінді түрлері- спора түзушілер және спора түзбейтін түрлері болады. Пішініне қарай ірі, орташа ұсақ таяқша түрлері, цилиндр, овал формалары түрлері кездеседі.Спирал пішінді түрлері-табиғатта кең таралған. Оларға споралар және виброндар жатады. Споралар тығын тәрізді спирал формалы болып келеді.
Спирохиттер-штопр тәрізді иілген формалы бактериялар және қарапайымдардың аралық формасы. Көлемі, ені-0,3-1,5м, ұзындығы-7-500м. Клетка қабықшасы жоқ, ядросы болмайды. Спирохиттер қозғалғыш. Бөліну арқылы көбейеді.Бүктелу және қозғалғыш қасиеті орталық жіпше арқылы жүзеге асады. Саңырауқұлақтар-хлорофилсіз өсімдік әлеміне жатады. Дифферециялық ядросы бар, спора арқылы көбейеді. 5 классқа жіктеледі.
1.Архилициттер класы (archimycetes)-жыныссыз жолмен көбейетін қарапайым саңырауқұлақтар. Жоғары сатылы өсімдіктердің паразиттері.2.Фикомициттер класы(Phycomycetes)-жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді.Жұқа бұтақша пішінді саңырауқұлақтар. Бұл классқа мукор үлпілдек мақта тәрізді плесень түзіледі. Мукор мақтасы жынысты жолмен де көбейеді. Адамда өкпе, құлақ қалқандарын ауруға ұшыратады.3.Аскомициттер класы(ascomycetes)-тағамдарда, қанның бетінде кездеседі. Адамдарда тыныс жолдарын, көз, құлақты зақымдайды4.Пенициллин(penicillium)-көп клеткалы, пенициллин алады.5.Акомицитез класы- ашытқы саңырауқұлақтар. Нан өсімдіктерде, шарап өндіруде қолданады.
Қарапайымдылар бактерияларға қарағанда күрделі дамыған. 4 классқа жіктеледі:70 мың түрлері бар.1.Саркодиналар класы-тынымсыз қозғалады, қабықшасы болмайды,дене пішіні тұрақсыз, бөліну арқылы көбейеді.2.Спорофиттер(Sporozoa)- жынысты және жыныссыз жолмен көбейеді,арнайы қозғалу органы жоқ.3.Жгутиктілер(Flogollata)-овал және шар тәрізді, белсенді қозғалады. Бөліну арқылы көбейеді.4.Талшықтар(Infusoria)-инфузориялар кірпікшелер арқылы қозғалады, адамда ішек инфузориясы кездеседі.
Гнотобиология-микробсыз жануарлар ғылымы. Жасанды ортада өсірілген, табиғатта микробсыз жануарлар кездеседі. Сүтқоректілер ұрығы жатырда стерилді ортада дамиды. Оларды гнотобионттар деп атайды.
Микроорганизмдер, микробтар – тек қана микроскоппен көруге болатын өте ұсақ организмдер. Бұларды алғаш рет 17 ғасырда голланд ғалымы А.В. Левенгук ашқан. Микроорганизмдер арасында прокариоттар және эукариоттар тобына жататындары бар. Кейде Микроорганизмдерге вирустарды да жатқызады. Микроорганизмдер мөлшері жағынан тым ұсақ болғандықтан, оларды табиғи субстраттардан оқшаулап алуда (таза дақыл күйінде), өсіруде және зерттеуде ерекше тәсілдерді қолдауды қажет етеді. Микроорганизмдерді зерттейтін ғылым саласы – микробиология. Микроорганизмдердің басым көпшілігі бір клеткалы организмдер. Олар, көбінесе, қарапайым бөліну арқылы тез көбейеді. Көп клеткалы организмдерге тән өте күрделі жынысты көбею процессі бұлардың көбінде болмайды.
Микроорганизмдер физиологиялық және биохимиялық қасиеттері жағынан әртүрлі. Олардың кейбіреулері басқа организмдер өніп-өсе алмайтын ортада тіршілік етуге бейімделген. Мысысалы, 70 – 1050С ыстықта, жоғары деңгейдегі радиацияда және концентрациясы өте күшті қышқылды (pH<1,0) немесе сілтілі (рН 9,0 болатын, кейде одан да жоғары) орталарда, NaCl-дың жоғары концентрациясында (25 – 30%), оттек жоқ жерде (анаэробты жағдайда) тіршілік ете алатын Микроорганизмдер белгілі. Олар өте төмен температурада да, құрғақшылық ортада да көбейе алады. Кейбір бактериялар мен балдырлар өз клеткасына қажетті барлық заттарды синтездеу үшін СО2-ні пайдаланады, бұларды автотрофтар деп атайды. Бұлардың ішіндегі кейбіреулері (мысысалы, сүт қышқылы бактериялары және қарапайымдылар) өздерінің дамуына қажетті өсу факторларын, яғни дайын витаминдер, амин қышқылдары немесе т.б. органикалық заттарды өздері синтездей алмайды. Мұндай Микроорганизмдерді – ауксотрофтар деп атайды. Көптеген Микроорганизмдер өте күрделі органикалық қосылыстарын (ақуыздар, көмірсулар, соның ішінде целлюлоза, липидтер, нуклеин қышқылдары, көмірсутектер) ыдыратса, кейбіреуі адамдарды және жануарларды уландыратын (метанол, көміртотығы, күкіртсутек, нитриттер) заттарды пайдалана алады, ал кейбір түрлері табиғи емес қосылыстарды ыдырата алады (ксенобиотиктер). Микроорганизмдер табиғатта – топырақта, суда, ауада кең таралған, биосферадағы зат айналымына белсене қатысады. Микроорганизмдер фотосинтез процесі кезінде түрлі қосылыстардың минералдануына жағдай туғызып, атмосферадағы СО2 қорының болуын қамтамасыз етеді, сондай-ақ топырақ пен ауаға бірқатар биогендік элементтерді қайтарады. Микроорганизмдер ауадағы молекуларық азотты сіңіруге де (азотфиксация) белсене қатысады. Тау жыныстары мен топырақ түзілу процесін ыдыратып, кейбір пайдалы қазбалардың (мысысалы, сульфидтер мен күкірт) түзілуіне әсер етеді. Микроорганизмдердің практикалық маңызы зор. Олардың көпшілігі өнеркәсіптің әртүрлі саласында (мал азықтық белокты түзу, шарап жасау, нан пісіру, сүт қышқылы тағамдарын өндіру кезінде антибиотиктер, витаминдер, амин қышқылдары, кейбір ферменттер, т.б.), адам шауашылығында (сүрлем даярлауда, өсімдіктерді биологиялық жолмен қорғауда) кеңінен қолданылады. Сондай-ақ Микроорганизмдер лас суларды тазартуда, жанар газ – метанды түзуде пайдаланылады. Бірқатар Микроорганизмдер адамдар, жануарлар және өсімдіктердің патогені болып саналады. Микроорганизмдердің кейбір түрлері топырақты құнарсыздандырып, көптеген адам шаруашылығы өнімдерін бүлдіреді, металдардың коррозияға ұшырауына ықпал етеді. Микроорганизмдер биологияның көптеген мәселелерін шешуде маңызды зерттеу нысаны болып саналады. Соның нәтижесінде көптеген биологиялық заңдылықтар ашылып, биотехнологияның негізі қаланды.
Микробиология ғылымының жетістіктері қазіргі кезде ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруда, түрлі өсімдіктер мен жануарлар зиянкестеріне қарсы күресте, шырынды азық – сүрлемді даярлауда кеңінен қолданылады.
Микроорганизмдерді барлық судан кездестіреміз. Әсіресе олардың басым көпшілігі судың түбіндегі қорыста қоректік заттардың молырақ жерінде тіршілік етеді. Ал өзіміз тыныс алатын ауада да олар жеткілікті. Көбінесе олар ауасы нашар, әсіресе халқы тығыз, өнеркәсіптер жиі орналасқан жерлерде көп тараған.
Жалпы микроорганизмдер дүниесінің табиғаттағы маңызы орасан зор. өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарды микробтардың қатысуымен шіріп, ыдырайды. Олардың денесіндегі түрлі химиялық элементтер ауа мен топыраққа тарайды. Осының нәтижесінде қайтадан тіршілікке қажетті заттар пайда болады.
Жалпымикробиология
Микроорганизмдердің морфологиясы физиологиясы генетика және басқа да қасиеттерін табиғаттағы зат айналымындағы халық шаруашылығының әр түрлі саласында кеңінен қолданылатын битологиялық активті қосылыстардың түзілуін зерттейді, бұл сала биологияның барлық саласымен жан-жақты байланысты болады.
Медециналық микробиология
Нағыз ауру қозғыштарды және шартты түрдегі ауру қоздырғыштарды жұқпалы потологияның дамуындағы рөлін зерттейді. Лабораториялық диагностиканың әдістерін жұқпалы аурулардан алдын-ала сақтандыру оларды емдеудің ерекшеліктерін зерттейді. Қазіргі кезде вирусология, микология, иммуналогия санитария және космостық микробиология болып бөлінеді.
Ветеринарлық микробиология
Медициналық микробиологиямен тығыз байланысты. Олай болатын себебі көптеген жұқпалы аурлардың қоздырғыштары адам жануарларға ортақ. Аурулардан алдын-ала сақтандыру және олардың емдеу мәселелері біріңғай.
Ауылшаруашылық микробиология
Микроорганизмдердің органикалық заттарды ыдырату мен минералдандыру топырақты қажеттік заттарға байыту және шаруашылық дақылдарының өнімділігінің ролін зерттейді. Техникалық микробиология.
Техникалық (өндірістік) микробиология
Қазіргі кезде өндіргіш күштерге айналып отыр. Өнеркәсіпте алдыңғы қатарда технология құрал – жабдықтар, ыдыстарда, минералды-органикалық өсіріп биологиялық заттардың синтездерді алады. Микроптар табиғи санитарлар мекеніне талай-талай мысалдар келтіруге болады. мысалы: лас сулар биологиялық жолмен, микроптар ауаны да тазартады.
Микроорганизм көмегімен түрлі биологиялық өнімдерді антибактерия фермент, витамин, олардың қышқыл (этанол, бутанол, ацетон, глицерин) полисахаридтер (каратин) өндіреді.
Практика кезінде антибиотиктер пеницилин, стрептамицин т.б. саңырауқұлақтармен актиновицеттерден алынады.
Микробиология – микроорганизмдердің биохимиялық әрекеттерін, қоректік заттарды өзгертудегі олардың негізгі ролін қарастырады. Бұл процестердің ішінде кейбір микроорганизмдер әрекеттерінің, мәселен қанттың спиртке дейін ашуының, антибиотиктер мен витаминдер түзілуінің халық шаруашылығында зор маңызы бар. Микроорганизмдер тіршілігінің ең бір айқын байқалатын жері – ашу процесі. Күнделікті көріп жүрген сыра мен түрлі шараптар, тағамдардың шіріп, бүлінуі және көгеруі бәрі де осы микроорганизмдер әсерінен болады.
Осы жағдайды еске ала отырып, біз микроорганизмдердің биохимиялық әрекеттеріне ерекше көңіл бөлдік, көптеген биологиялық процестердің негізін толығырақ баяндауға тырыстық.
Сонымен қатар микробиологияның отан қорғау жөнінде де алатын орны ерекше. Дүние жүзілік үстемдікке құмар империалистер көздеген мақсаттарына жетуге барлық айла-амалдарын қолданудан бас тартпайды. Мұны тарих көрсетіп отыр.
Қазір кейбір капиталистік мемлекеттер микроорганизмдердің адам мен жануарлардың өміріне қауіпті аурулардың тууына себепші болатын әрекеттерін соғыс мақсатына пайдалануды көздеп отыр. Олар антибиотиктердің өзі қарсы тұра алмайтын микроорганизмдердің қасиеттерін күшейтіп, оны әр түрлі жәндіктерге (маса, сона, шіркей, шыбын, бүрге т.т) жұқтырып қолданбақ. Өйткені мұндай жәндіктер жұқпалы ауруды селолар мен қалаларға тез таратып, жаппай қырғынға ұшырау қаупін тудырады. Ол үшін микроорганизмдерді жан-жақты зерттеп, жете талдау керек. Сонда ғана олардың қауіпті әрекеттерін біліп қана қоймай, нақты күрес шараларын белгілеп, келтіретін пайдасын да білуімізге болады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Егоров Н. С и др. “Биотехнология” М. Выс. Школа 1987 г.
2. Уалиханова Г. Ж “Өсімдіктер биотехнологиясы” Алматы ҚазУнивер. 2001
3. Альбер Сассон “Биотехнология” изд. Мир 1987г.
4. Вгорова Т. А. и др. Основы биотехнологий М. 2003. – 208с.
5. Биотехнология. Принципы и применение. Пер. Под. Ред. М. Хиггинса, Д. Беста и Дж. Джонса М. Мир. 1988. – 480с.


Приложенные файлы

  • docx 14719256
    Размер файла: 22 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий