ЛАЙЛА


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті Этил спирті.Алкоголизмнің қоғамдық аспектілеріОрындаған:Жұмабай Л.О Курс:2 Тобы:19-01 Жоспары:1)Кіріспе2)Негізгі бөлім Этил спирті жайлы түсінік Этил спиртінің адам организміне зиянды әсері. Алкоголизммен күресу шаралары.3)Қорытынды. Этил спирті Этил спирті, этанол, С2Н5ОН – біратомды қаныққан-алифатты спирт, түссіз, күйдіргіш дәмі және өзіндік исі бар оңай қозғалатын сұйықтық; балқу t –144,15°С, қайнау t 78,39°С. Этил сумен, спирттермен, эфирлермен, бензинмен, т.б. органикалық еріткіштермен кез келген қатынаста жақсы араласады Наркотикалық әсері бар зат ОЖЖ жалпы тежегіш әсер көрсетедіМедициналық практикада қолданылуы шектеуліЖергілікті қолданғанда антисептикалық қасиетке ие Этил спиртін ішке қабылдағанда ол негізінен ащы ішекте және шамамен 20%асқазанда жылдам сіңеді.Этил спиртінің резорбтивті әсері аш қарынға қабылдағанда жылдам дамиды. Этил спиртінің тотығуы бауырда жүреді,ол энергияның айтарлықтай мөлшерінің бөлінуімен жүреді.Ұзақ қолданғанда этил спиртінің инактивациясы жылдамдығының жоғарылауын шақыратын бауыр ферменттернің индукциясы байқалады.Өзгермеген түрде өкпе,бүйрек және тер бездері арқылы шығады. Этил спиртінің резорбтивті әсері негізінен ОЖЖ-не бағытталған.Оған этил спиртінің концентрациясы қанда және ми тіндерінде жоғарылаған сайын тежегіш әсер көрсетеді.Бұл негізгі 3сатыда өтеді: 1)қозу сатысы 2)наркоз сатысы 3)агония сатысы Этил спиртінің қандағы концентрациясы жоғарылағанда анльгезия,ұйқышылдық байқалады,кейіннен сана сезімі бұзылады.Жұлындық рефлекстер тежеледі.Дереу агониялық сатыға ауысатын қысқа әсерлі наркоз сатысы дамиды. Этил спиртінің орталықтан дамитын әсерінің бірі-жылуды реттеуге қатысуы. Этил спиртінің зәр айдағыш әсер етеді,бұл кезде гипофиздің артқы бөлігінің антидиуретикалық гормонының өндірілуі төмендейді Этил спирті ас қорыту жүйесіне айқын әсер көрсетеді.Ол сілекей және асқазан бездерінің секреторлық белсенділігі күшейтеді Медицинада этил спиртінің резорбтивті әсері сирек қолданылады.Кейде оны шокқа қарсы зат ретінде,сирек-ұйықтатқыш немесе тыныштандырғыш зат ретінде қолданылады.Кейбір жағдайларда этил спиртін тым арық науқастарға тағайындайды.Дегенмен,этил спирті қоректік затқа жатпайтынын ескерген жөн. Этил спиртін ұзақ қолданғанда оған бейімделу және тәуелділік дамиды. Спиртті ішімдікті қабылдау дәрежесі этил спиртінің қандағы концентрациясына байланысты.Мас болу шамамен 1-2г/л концентрациясында дамиды.3-4г/л концентрациясында айқын интоксикация басталады.Өлім шақыратын концентрациясы 4-5г/л құрайды. Этил спиртімен созылмалы улану түрлі көріністермен сипатталады.Әсіресе,жоғары жүйкенің қызметі,интеллект ауыр зардап шегеді.Ақыл ой қабілеті,назары,есте сақтау төмендейді.Психикалық бұзылыстар дамуы мүмкін(маскүнемдік елірме,корсаков психозы).Шеткі инневация да бұзылады. Маскүнемдік – ішімдікті жиі және ұдайы қабылдаудан дамитын әлеуметтік,жан дүниелік және физиологиялық бейімделу үрдестерінің бұзылыстары.Бұл дерт ақырындап адамның әл қуатын,ойлау қабілетін әлсіретіп,оның азғындауына әкеледі.Ішімдікке рухани және физикалық тәуелділік дамиды,оны тоқтатқаннан кейін доғару синдромы байқалады.Ішімдікке салынудың нәтижесінде адам әлеуметтік сәтсіздікке ұшырайды. Маскүнемдіктің нәтижесінде балалар мен жеткіншектердің жалпы дамуы мен жетілуі,білім алуға деген ынтасы әлсірейді,белгілі бір кәсіпті игеруге және әлеуметтік жағдайға бейімделу мүмкіешіліктері азаяды. Егде адамдарда маскүнемдік жиі аңғарылмайды.Оларда оның белгілері өте құбылмалы болып келеді.Маскүнемдіктің көріністерін жиі созылмалы аурулардың әйгіленімдеріне немесе қарттық өзгерістерге жатқызады.Еркектер маскүнемдікке 5 есе жиі ұшырайды.Әйелдер ішімдікті көбінесе жасырынып ішеді және оларда маскүнемдік тезірек дамиды. Организмдегі этанолдың өзгерістеріҚабылданған этил спирті асқазан мен аш ішекте тез қанға сіңіріледі және онда айналып жүріп жасушаларға жеңіл өтеді.Оның 90%-ы сағатына 5-10 мл жылдамдықпен СО2 және Н2О-ға дейін тотығады,ал 5-10%-ы деммен,термен,несеппен, нәжіспен сыртқа шығарылады.Ол бауырда ацетальдегидке дейін ыдыратылады. Бұл зат ары қарай ацетальдегиддегидрогеназа ферментінің қатысуымен су мен көмірқышқыл газына дейін тотығады. Ацетальдегидтің бір бөлігі қанмен айналып жүріп,ағза мен тін жасушаларына жеңіл өтіп, оларға қатты уытты әсер етеді.Ол мида дофаминнің апиынға жауап қайтаратын жүйенің түзілуін көбейтеді.Мидағы дофаминге және апиынға жауап қайтаратын жүйелер өзара тығыз байланысты болады.Осыдан мидың қызметтері бұзылады.Бұл бұзылыстар қандағы этанолдың деңгейімен тікелей байланысты. Маскүнемдікпен ауыратын адамдарда ацетальдегиддегидрогеназа ферментінің белсенділігі қатты төмендеген болады.Тектік ерекшеліктерге байланысты оның аз белсенділігі тіпті бар жоғы 20-30мл арақ ішкеннен кейін-ақ ацетальдегидтің қандағы деңгейін қатты көбейтеді.Осыдан кейбір адамдардың беттері аз ішімдік ішкеннің өзінде қызарып кетеді. Ішкі ағзалар қызметінің бұзылуыЖүйке жүйесінің бұзылыстарынан энцефалопатия,психоздар дамуы,маскүнемдік елірме,әртүрлі елестер мен сандырақтар,өзіне қол жұмсауға талпыну, озбырлыққа бейімділік.Ауыр түрлерінде ақыл-есінен адасады.Маскүнемдіктің нәтижесінде миға қан құйылу,қояншық ауруына ұқсас ұстамалар,дірілдеу-қалтырау,қимыл-қозғалыстың бұзылыстары байқалады. Ас қорыту жолдарының бұзылыстарынан тәбеттің жоғалуы,құсу,іш ауыруы,бауырдың созылмалы дерттері цирроз ,асқазан мен ұлтабарда ойық жара, ұйқы безінің қабынуы,астың және онымен бірге витаминдердің,аминқышқылдарының сіңірілуінің бұзылыстары байқалалады. Жүрек-қан тамырлар жүйсі бұзылыстарынан артериялық гипертензия, жүрек аритмиялары,маскүнемдік кардиомиопатиялар дамидыТыныс алу жүйесінде жиі аспирациялық пневмония,бронхит байқалады.Эндокриндік жүйенің бұзылыстарынан зат алмасуларының өзгерістері беттің және кеуденің жоғары жақтарына май жиналуына,гипогликемия,гиперхолестеринемия, гиперлипидемия, гипертриглицеридемия. Ішімдіктің миға зияны Маскүнемдіктің даму сатыларыБірінші сатысы 1ден 4 жылға дейін созылуы мүмкін.Бұл кезде адам көп ішкенді көтере алады,артық ішкеннен кейін құсу болмайды,масаю кезінде істегендерін ұмытып қалады.Науқастарда рухани тәуелділік дамып,ұдайы ішкісі келіп тұрады, ішпеген кездерде өзін-өзі жайсыз сезінеді.Бұл сатыда әлі физикалық тәуелділік байқалмайды. Екінші сатысында (5-15жыл) ішімдікті көп және күнделікті іше бастайды.Ол ішу көңіл-күйінің қобалжуын енді баспайды,керісінше оны тек қоздырады.Жадында сақтау қабілеті жоғалады,көңіл күйінің сәттілігі ұдайы ішімдік қабылдаудан байланысты болады.Ішпеген жағдайда ойлау әрекеттері бұзылады,ой жұмысын атқара алмайды.Ойы ішімдік ішуге ғана ауып тұрады. Бұл келтірілген дерек-дәлелдер салыстыру нәтижесінде шығатын пайымдау пікірлер төмендегі шараларды жүзеге асыруды нұсқайды - азаматтық қоғамды жұмылдыру және ақпараттандыруда, алкогольді мәселелерге байланысты жетекші потенциалды күшейтуде маңызды рөл атқаратын үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) мен желілерге қолдау көрсету;- сонымен бірге, ойын-сауық және спорттық шараларды өткізу кезінде кәмелет жасқа толмағандарға алкогольді сусындарды сатуға тыйым салу маңызды мәселенің өзектілігін ескере отырып, алкогольді теріс пайдаланудың алдын-алу,және пациенттерге көмек көрсету мен медициналық көмек көрсету қызметінің профилактикалық және реабитациялық, емдеу жұмыстарын жүзеге асуының рөлін көтеру; Емдеуі Маскүнемдікті емдеуде қолданылатын препараттың бірі-тетурам. Тетурам этил спиртінің аз мөллшерімен қоса тағайындалады.Тетурамның әсер механизмі оның этил спиртінің тотығуын ацетальдегид деңгейінде тоқтатуына байланысты. Тетураммен емдеу курсы науқастарда этил спиртіне теріс рефлекстердің дамуына әкеледі.Тетурамды қабылдап жүрген науқас этил спиртінің мөлшерін тіпті аз ғана жоғарылату өлімге әкелетінін білуі тиіс. Тетурамды 50жастан асқан,жүрек-қантамыр жүйесінің ауруы бар,бауыр және бүйрек патологиясы бар,зат алмасу үрдістері бұзылған адамдарға тағайындауға болмайды. Тетурамның э с п е р а л ь атты ұзақ әсер көрсететін препараты бар.Эспераль таблеткасын тері асты шел қабатына жапсырады. Сонымен қатар,маскүнемдікті емдеуде опиоидты анальгетиктердің антагонисті налтрексонды қолданады Ішімдіктің ақыры... Пайдаланылған әдебиеттерФармакология,Д.А.Харкеевич,2009Патофизиология,Ә.Нұрмұханбетовwww.google.ruwww.youtube

Приложенные файлы

  • pptx 14719383
    Размер файла: 613 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий