Нуна фармакология


Қарағанды мемлекеттік медицина университеті.
Жалны фармакология кафедрасы.
Реферат
Тақырыбы:Дофаминергиялық заттар.
Орындаған:Сермагамбетоа Н.М.
215-ші топ.ЖМФ.
Тексерген:Ахметова А.Ж.
Қарағанды 2013 ж.
Жоспар:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлімДофаминергиялық заттар жайында жалпы ұғым.
Дофаминергиялық заттардың жіктелуі.
Дофаминергиялық препараттар.
4.Қорытынды.
5.Пайдаланылған әдебиеттер.
Дофамин - I-лік тирозиннің туындысы болып табылатын,адренсезгіштік түйіспелерде қозуды өткізетін медиатор ретінде бөлінетін,α және β адренорецепторлармен және арнайы сезімтал рецепторлармен байланыса алатын биогенді амин.
Норадреналиннің биосинтезі адренергиялық нейрондарда бірқатар энзимдердің қатысуымен тирозиннен синтезделеді.ДОФА мен дофаминніңсинтезі нейрондардың цитоплазмасында,ал норадреналиннің синтезі – визикулада жүреді.Сонымен дофамин биогендік кетахоламиндерге жатады.Кетахоламиндер организмдегі барлық тіндер мен жасушаларға әсер етіп,оларда күрделі биохимиялық үрдістерді тудырады және көптеген физиологиялық құбылыстардың ерекшеліктерін айқындайды.
Дофаминдік рецепторлар ағзаның әртүрлі аймақтарында орналасқан.Соның ішінде ең максималды шоғырланып орналасатын жері – ОЖЖ әртүрлі аймақтары болып табылады.Оларды постсинапстық және пресинапстық дофаминдік рецепторлар деп екі топқа жіктеуге болады.Постсинапстық дофаминдік рецепторларды аденилатциклаза жүйесінің ферметтерін белсендендіруіне байланысты d1 және d2 түрлерге бөліп қарастырамыз.Біріншісі,аденилатциклаза жүйесінің ферменттерін белсендендіреді,ал екіншісі бұл процеске қатыспайды.Сонымен қатар,дофаминдік рецепторларды белсендендіру және тежеу діңгейіне байланысты оларды d1-d4 типтерге жіктейміз.Дофаминдік рецепторларды белсендендіретін немесе стимулдейтін заттарды дофаминомиметиктер,ал керісінше дофаминді рецепторларды тежейтін заттарды дофаминолитиктер деп атайды.
Дофаминомиметиктер.
Бұл заттар екі топқа бөлінеді:
Пресинаптикалық дофаминдік рецепторларға тікелей емес әсер ететін.
Постсинаптикалық дофаминдік рецепторларға тікелей әсер ететін.
Бірінші түріне,тікелей емес әсер ететін препараттар:левадопа,мидантан және т.б.Паркинсон ауруын емдеу үшін дофаминнің синтезін және дофаминнің пресинаптикалық аяқшалардың гранулаларынан босап шығуын стимулдейді.
Екінші түрі,тікелей әсер ететін препараттар:фенамин,меридил және т.б.Олар дофаминнің және норадреналиннің пресинаптикалық грануладан босап шығуын және тежелген МАО-ны және босап шыққан дофаминнің кері нейрональды ұсталып қалуын активтендіреді.
Дофаномиметиктердің тікелей әсері және дофанолитиктік препараттар.
Дофаминдік рецепторларға тікелей әсер ететін стимулятор.Жүректің жиырылғыштық күшін және артериялық қысымның деңгейін жоғарылатады,бүйректің қан тамырларын кеңітеді және диурез дамиды.
Қолданылу көрсеткіштері:әртүрлі себептерден болатын шок кезінде,жедел жүрек-қантамырлық және бүйрек жеткіліксіздігі кезінде,кардиохирургиялық операция кезінде.
Жағымсыз әсерлері:шеткері қан тамырларының тарылуы,тахикардия,асқазан экстрасистолиясы,қозу,тыныс алу жеткіліксіздігі,бастың ауыруы.
Қарсы көрсеткіштері:феохромоацитома,наркозға арналған заттар,моноаминооксидаза ингибиторы.
ДофанолитиктерНейролептикалық әсер ететін препараттар,пресинаптикалық дофаминдік рецепторлармен қатар постсинаптикалық дофаминдік рецепторларды қоса тежейді.d2 рецепторға антагонист ретінде мына прапараттар қолданылады:сульпирид,метоклопрамид.
Дофаминергиялық заттардың Паркинсон ауруы кезіндегі ролі.
Паркинсон ауруы экстрапирамидалық жүйеніңядролары зақымданатын созылмалы нейродегенеративтіауру.Бұл патологияның жиі байқалатын көріністері құрысулық,дірілдеу,гипокинезия.Науқустың жүрісі және тұрысы өзгереді.Бірте-бәрте психикалық бұзылыстар дамиды,ақыл-ойқызметі зардап шегеді.Паркинсон ауруының этиологиясы белгісіз.Дегенмен,бұл ауруда базальды ядроларда,сондай-ақ неостриатумға таңдамалы тежеғіш әсер көрсететін қара субстанцияда дофаминнің мөлшері төмендейді.Соңғысы жұлынның қызметін реттеуге қатысатыны белгілі.Қазіргі кездің ұсынысы бойынша дофаминнің жетіспеушілігі паркинсонизм көріністерін сипаттайтын қозғалыстық және психикалық бұзылыстырдың негізгі себебі болып табылады.
Соңғы жылдары Паркинсон ауруының дамуында бас миының дофаминергиялық және глутаматергиялық жүйелердің арасындағы пайда болған тепе-теңдіктің бұзылуы алдыңғы қатарлы рөлді алатыны көрсетілген.Жоғарыда айтылғандай Паркинсон ауруының дамуында неостратиум нейрондарына тежегіш әсер көрсететін қара субстанция нейрондарында дофаминнің мөлшері төмендейді.Осы кезде глутаматергиялық нейрондарға ынталандырғыш әсер күшейе түседі.Бұл қозғалыс және психикалық қызметтердің бұзылуына әкеледі.Гипокинезия,тремор,құрысу және брадифрения дамиды.Айтылғандарды ескере отырып,Паркинсон ауруын емдеу базалды ядролардың қызметін реттеуге қатысатын әртүрлі медиаторлық жүйелердің арасындағы динамикалық тепе-теңдікті қалыптастыруға бағытталған.Паркинсонизм фармакотерапиясының негізгі мақсаттарының бірі – қажетті ядродағы дофаминнің тапшылығын жою.Осы мақсат үшін дофаминнің өзін қолдану мүмкін емес,өйткені ол мүлде гематоэнцефалды тосқауылдан өтпейді,ал бұл жай енгізгенде ми тіндеріне түспейді.Сондықтан паркинсонизмде тін тосқауылдарынан өтетін әрі қарай ДОФА-декарбоксилаза ферментінің әсерінен дофаминге айналатын дофаминнің негізін құрушы L-ДОФА қолданылатын.Дофаминергиялық жүйенің белсенділігін дофаминнің босап шығуын күшейту және қара субстанция нейрондарымен оның нейроналды ұсталуын тежеу арқылы жоғарылатуға болады.Осы мақсаттармен дофаминергиялық рецепторларға тікелей ынталандырғыш әсер көрсететін заттарды қолдануға болады.Ми тіндерінде дофаминнің белсенділігін жоятын МАО-В тежегіштері мол қызығушылық тудырады.
Глутаматергиялық әсерлерді тежейтін заттардың да болашағы зор.Мұндай препараттар қатарына базалды ядроларға глутаматергиялық нейрондардың ынталандырғыш әсерін жоятын және дофаминергиялық нейрондардың дегенеративті өзгерістерін баяулататын NMDA-рецепторларының антагонистері жатады.Экстрапирамидалық жүйенің ядросының қызметіне холинергиялық нейрондар да қатысады.Дофаминнің жетіспеушілігінде холинергиялық ынталандырғыш әсерлері күшейеді.Осында дофаминергиялық және холинергиялық әсерлердің арасында пайда болған дисбалансты жою үшін орталық холиноблокаторлаоды қолдануға болады.Бұл топтың препараттары бұзылған тепе-теңдікті холинергиялық берілулерді басу арқылы қалыптастырады.
Паркинсонға қарсы заттардың әсерлерінің принциптеріне қарай оларды келесі топтарға бөледі:
Дофаминергиялық әсерлерді белсендендіретін заттар

Моноаминооксидаза Б тежегіштері
Дофаминдік рецепторларды ынталандыратын заттар
Дофамннің негізін қалаушы


Леводопа Бромокриптин Селегилин
Глутаматергиялық әсерлерді тежейтін заттар

Мидантан
Холинергиялық әсерлерді тежейтін заттар

Циклодол
Леводопа – дофаминнің негізін қалаушы диоксифенилаланиннің солға бұратын изомері болып табылады.Гематоэнцефалды тосқауылдан және одан кейін нейрондарға өтіп леводопа дофаминге айналады.Дофамин базалды ганглийлерде жиналып,паркинсонизм көріністерін азайтады немесе жояды.Леводопа,әсіресе гипокинезияға айқын ықпал жасайды,құрысуға аз,дірілге тіпті аз әсер етеді.Леводопа Паркинсон ауруында және симптоматикалық паркинсонизмде қолданылатын аса тиімді заттарға жатады.Леводопаның әсері 1 аптадан кейін дамиды.Мөлшерін жаймен жоғарылатады.Препаратты тек астан кейін қабылдайды.Емдеуді қзақ уақыт жүргізеді,өйткені бұл орын басу терапиясы.
Асқазан-ішек жолдарынан препарат жылдам сіңеді.Ағзада ол дофаминге және басқа да метаболиттерге айналады.Бұл ДОФА-декарбоксилаза,КОМТ және МАО әсерлерімен жүреді.Қорытып келгенде леводопаның енгізілген мөлшерінен ОЖЖ-не шамамен 1 пайызы түседі.
Жанама әсерлері айтарлықтай жиі байқалады:тәбеттің бұзылуы,лоқсу,құсу,ортостатикалық гипотензия,психикалық және қозғалыстық бұзылыстар,жүрек аритмиясы.
Леводопа 2-5 жыл аралығында жоғары тиімді.Жайлап бейімделу дамиды,дискинезия және басқа да жанама әсерлер байқалады.
Препарат жүрек-тамыр жүйесінің,бауырдың,бүйректің күрделі ауруларында психоздарда қарсы көрсетілген.
Бромокриптин – паркинсонизмді емдеуде қолданылатын дофаминдікрецепторлардың ынталандығыштарына жатады.Дофаминдік Д2-рецепторларының агонисті болып табылады.Паркинсонға қарсы айқын белсенділігі бар.Бромокриптинге тән әсерлерге,сондай-ақ пролактин мен өсу гармонының өнімін төмендету жатады.
Асқазан-ішек жолдарынан шамамен 30 пайызы сіңеді.Шығуының негізгі жолы – өтпен ішекке түсу арқылы.
Жанама әсерлері:лоқсу,құсу,ортостатикалық гипотензия.
Селегилин – ферменттің таңдамалы қайтымсыз әсер ететін тежегіштеріне жатады.Әсері таңдамалы емес МАО тежегіштерінен ло симпатомиметиктермен байланысқанда айқын гипертензивті реакциялар шақырмайды.
Зерттеулерде селегилиннің МАО-В тежеуден басқа,ишемия кезінде нейрондардың зақымдалуын және бірқатар нейротоксикалық заттардың ықпалын төмендететін нейропротекторлық әсерлерә бар екендігі байқалды.
Мидантан – глутаматергиялық әсерлерді тежейтін паркинсонизмге қарсы заттарға жатады.Мидантан глутаматтық NMDA-рецепторларды тежейді,сонымен қатар дофаминнің жетіспеушілігінде дамитын кортикалдыглутаматтық нейрондардың неостриатумға шектен тыс ынталандырғыш әсерін төмендетеді.Бұл Паркинсон ауруының клиникалық көріністерін – құрысуды,дірілдеуді және гипокинезияны төмендетеді.
Мидантан көбіне жақсы қабылданады.Жанама әсерлерінен кейде ұйқысыздық,галлюцинациялар,ортостатикалық гипотензия,диспепсиялық бұзылыстар,бастың ауруы байқалады.
Препаратты галлюцинациялармен ,эпилепсия тәріздес тырысулармен жүретін ОЖЖ-нің ауруларында,сондай-ақ бауыр мен бүйректің күрделі ауруларында абайлап қолдану қажет.
Циклодол – орталық та және шеткі де М-холиноблокаторлық әсер көрсетеді.Циклодол әсіресе дірілдеуді және аз деңгейде сіреспелікті төмендетеді,гипокинезияға аз әсер етеді.
Циклодолды Паркинсон ауруында,паркинсонизмде және экстрапирамидалық жүйенің зақымдануына байланысты басқа да патологиялық жағдайларда қолданады.
Циклодолды глаукомада,қуық асты безінің гипертрофиясымен шақырылған зәр шығуының бұзылуында және жүрек, бауыр, бүйректіңауруларында қолдануға болмайды немесе абайлап қолдану қажет.Циклодолды егде адамдарға тағайындауға болмайды.
Паркинсонға қарсы аталған препараттар этиотропты терапияда қолданылатын заттарға жатпайды.Олар тек паркинсонизм синдромын жояды немесе бәсеңдетеді,сондықтан емдік әсерлері оларды қолданып жүргенде ғана сақталады.
Симапатикалық нерв жуйесіне орталық кұрлымдарына әсер ететін препараттар.
КЛОФЕЛИН (клонидин), МЕТИЛДОФА (допегит). Орталықты альфа-2-адреномиметиктер болып табылады. Олардыңантигипертензивті әсері сопақша мидың және көкшіл дактың ретикулярлы ядросының (пресинаптикалық) альфа-2 рецепторлардың стимулденуімен байланысты. Ол активті вазопрессорлық нейрондардын жиырылуына әкеледі. Нәтижесінде шеткері тамарлырын тонусы, бүйректе рениннің түзілуі және каң плазмасына түсуі азаяды, жүректің жиырылуы сирейді. Бұл топтың препараттары адренергиялық аксондардың ұштарындағы шеткері пресинаптикалық альфа-2рецепторлардың стимулдейді, соның нәтижесінде норадреналиннің бөлінуі және кан плазмасындағы концентрациясы төмендейді. Клофелин мен метилдофа гипертониялық ауру бар ңауқастардың артериалық қысымын төмендетеді: әдетте бұл препараттарды ұзақ қолданады, бірак кейде клофелинді гипертониялық кризді тоқтату үшін қолданады. Осы мақсатта оны натрий хлоридиннің изотониялық ерітіндісіне араластырып алып сосын 3-5 мин. ішінде көк тамырға жайлатып енгізеді. Көк тамырға енгізгенне кейін ортостаиткалық гипотензиянын альфа алу үшін ңауқас 1-2 сағат жату керек. Гипертониялық криз кезінде клофелинді бұлшык етке немесе тіл астына таблеткасын коюға болады. Ганглиоблокаторлар /бензлгексоний, камфоний, гигроний/ симпатикалық ганглийлерді блоктау артериалық қысымды төмендетеді. Бұл кезде артериолармен венулардын тонусыныңтөмендеуі, тамырлардың жалпы шеткері карсыласуының азаюы, өкпенің артериясы мен қарыншада қысымның төмендеуі байкалады.
Ганглиоблокторлардың жағымсыз әсерлері парасимпатикалық ганглийлерді блоктау қабілетіне байланысты. Науқастарда аккомодацияның бұзылуы, көз қысымының жоғарылауы, ауыз куысының кұрғауы, іш қату, ішек және куықтың атониясы байкалады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Х-21.Харкевич Д.А.Фармакология:Жоғары оқу орындарына арналған оқулық. – Алматы,2004.
Интернет-google желісі.

Приложенные файлы

  • docx 14730554
    Размер файла: 36 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий