MPI_dayyn


ПАЙДАЛЫ ҚАЗБА КЕНОРЫНДАРЫНЫҢ ГЕОЛОГИЯСЫ «МПИ»
1 ҚР қазіргі экономикасы үшін пайдалы қазбалардың мәні: Пайдалы қазба – экономиканың əр түрлі салаларында пайдаланылатын табиғи минералдық агрегат. Одан табиғи түрде немесе алдын-ала өңдеу (уату, iрiктеу, байыту) жүргiзiлген соң қажет металдар немесе минералдар айырып алынады. Физикалық күйi бойынша пайдалы қазбалар газ тəрiздi, сұйық жəне қатты түрлерге бөлiнедi. Өнеркəсiптiк пайдаланылуы бойынша пайдалы қазбалар металл, бейметалл, жанғыш немесе каустобиолит, гидроминералдық жəне газминералдық түрлерге бөлiнедi. Металл пайдалы қазбалар металдар мен элементтер айырып алу үшiн қажет. Олар мынадай топтарға бөлiнедi: · қара металдар – темiр, марганец, хром, титан; · легирлеушi металдар – никель (тініке), кобальт, вольфрам, молибден; · түстi металдар – алюминий, мыс, қорғасын, мырыш, сүрме, сынап; · асыл металдар – алтын, күмiс, платина, палладий; · радиобелсендi элементтер – уран, радий, торий; · сирек жəне шашыранды элементтер – висмут, цирконий, ниобий, тантал, галлий, германий, кадмий, индий, рений, осмий; · сирекжер элементтер – лантан, церий, иттрий. Бейметалл пайдалы қазбаларға құрылыстық таужыныстар (табиғи құрылыстық тастар, құм, саз, тас құю шикiзаты, шыны мен керамика шикiзаты), индустриялық шикiзат (алмас, графит, асбест, слюдалар, асыл жəне əшекей тастар, пьезокристалдар, оптикалық минералдар), сонымен бiрге химиялық жəне агрономиялық шикiзаттар (күкiрт, флюорит, барит, галит, калий тұздары, апатит, фосфорит) жатады. Жанғыш қазбаларға торф, қоңыр жəне тас көмiр, антрацит, жанғыш тақтатас, мұнай мен жанғыш газ кiредi. Олар энергетикалық жəне металлургиялық (кокс) отын, химия өнеркəсiбiнiң шикiзаты ретiнде пайдаланылады. Газ минералдық шикiзатқа жанбайтын инерттi газдар: гелий, неон, аргон, криптон жəне т.б. жатады.Гидроминералдық пайдалы қазбаларға жататындар: жерасты суы (ауызсу, техникалық, шипалық немесе минералды су); құрамында айырып алуға жеткiлiктi мөлшерде құнды элементтер (бром, йод, бор, радий, ванадий жəне т.б.) кездесетiн мұнай суы; тұздықтар (көл тұздықтары, минералды балшық пен ұйық). Маңызды гидроминералдық шикiзатқа мұхит пен теңiз суын жатқызуға болады, ол тұщы су мен көптеген құнды элементтер айырып алу үшiн пайдаланылады. Қатты пайдалы қазбалардың ең маңызды түрi руда деп те аталады. Руда (кен) – құрамындағы құнды пайдалы компоненттердiң (металдар, олардың қосылыстары, минералдар) мөлшерi қазiргi экономиканың, техника мен технологияның ахуалы тиiмдi айырып алуға мүмкiндiк беретiн, əр салада пайдалануға жеткiлiктi минералдық шикiзат. Компоненттерiнiң санына қарай монометалды жəне полиметалды рудалар болады. “Пайдалы қазба” жəне “руда” деген түсiнiктердiң мағынасы белгiлi дəрежеде шартты. Олар экономиканың тарихи кезеңдердегi түрлi минералдық шикiзатты тұтыну қажеттiлiгiне тəн, оларды өндiрудiң технологиялық мүмкiндiктерi мен экономикалық жағдайларын, өңделуiнiң мүмкiндiгi өнеркəсiпте пайдаланылуын көрсетедi. Пайдалы қазбаларға деген қажеттiлiктiң артуы оларды өндiру көлемiнiң өсуiне əкелдi. Минералдық шикiзаттың көптеген жаңа түрлерi соңғы техника салаларында қаттылығы, берiктiгi, басқа да арнайы қасиеттерiнiң жоғары көрсеткiштерiне сай келетiн, жаңа конструкциялық материалдардың қажеттiлiгiне байланысты өнеркəсiптiк пайдалануға ене бастады. Кейбiр металдардың тапшылғы оларды басқа металдармен немесе бейметалл шикiзатпен алмастыру қажеттiгiн анықтады. Ал оларды өндiрудiң күрт артуы өз кезегінде құрылыс көлемiнiң артуына, минералдық тыңайтқыштарды кең қолдану – химиялық өнеркəсiптiң дамуына əкелдi. Пайдалы қазбаларды өндiрудiң орасан масштабы, оларды өндiру мен өңдегенде мүмкiндiгiнше толық айырып алу қажеттiгiн, пайдаланудың комплекстiлiгiн арттыру мен шығынды азайтуды шешу мəселелерiн алға шығарды. Пайдалы қазбалар жер қыртысының белгiлi бiр бөлiкшелер ауқымында шоғырланады. Олар масштабының кiшiрею ретi бойынша провинцияларға, алқаптарға (белдеулер, алаптар), аудандарға немесе түйiндерге, алаңдарға, кенорындарға, кен бiлiнiмдерге жəне кен денелерiне бөлiнедi. Пайдалы қазбалар кенорны – олардың геологиялық денелер түрiнде табиғи шоғырланған жер қыртысының бөлiкшесi. Кенорындағы минералдық шикiзаттың мөлшерi мен сапасы экономика мен техниканың қазiргi жағдайында өнеркəсiптiк өндiрiс нысаны бола алады. Пайдалы қазбаның жер қойнауындағы масса немесе көлем бiрлiгiмен өлшенетiн мөлшерi оныңгеологиялық қоры деп аталады. Кен орындарға өнеркəсiп қатаң талаптар қояды. Бұл талаптар пайдалы қазбаларды өндiрудiң техникалық мүмкiндiгiмен жəне экономикалық тиiмдiлiгiмен анықталады. Жер қойнауындағы пайдалы қазбалардың мөлшерi мен сапасына жəне кенорынның кен-геологияық жағдайларына қойылатын талаптардың жиынтығы өнеркəсiптiк кондициялар деп аталады. Сонымен, “пайдалы қазбалардың кенорны” деп аталатын түсiнiк тек қана геологиялық емес, негiзiнен геологиялық-экономикалық болып шығады. Пайдалы қазбалар кен бiлiмi – жер қыртысындағы өндiруге жеткiлiксiз немесе əлi толық зерттелiп болмаған минералдық шикiзат жиынтығы. Пайдалы қазба (кен) денесi немесежатыны деп барлық жағынан шектелген минералдық заттар жиынтығын айтады. Əр кенорын ауқымында бiр немесе бiрнеше кен денелерi болуы мүмкiн.
Кен денелерінің жатыс элементтері мен морфологиясы. “Пайдалы қазба денелерiнiң морфологиясы” деген түсiнiкке мыналар кiредi: 1) денелердiң пiшiнi; 2) сыйыстырушы таужыныстармен жапсарының сипаты жəне пiшiнi; 3) сыналануының сипаты; 4) қалыңдығы жəне оның өзгергiштiгi; 5) жатыс жағдайлары; 6) кенденудiң бiркелкiлiгi; 7) сыйыстырушы таужыныстармен жаралу уақыты бойынша ара қатынасы; 8) сыйыстырушы таужыныстардың құрылымдық элементтерi мен жатыс жағдайлары бойынша ара қатынасы; 9) жатысы мен таралуының тереңдiгi; 10) кенденуден кейінгі (пострудалық) тектоникалық процестер əсерінен бұзылғандық дəрежесi мен сипаты. Кен денелерiнiң (жатындарының) пiшiнi. Кез келген кенорынды зерттеген кезде мiндеттi түрде анықтауды қажет ететiн элементтердiң бастысы – кен денелерiнiң, яғни пайдалы қазба шоғырланған көлемнiң конфигурациясы саналады. Өлшемдердiң арақатынасы бойынша жатындардың негiзгi үш морфологиялық типi бөлiнедi: изометрлi, жалпақ (тақта пiшiндi) жəне ұзыншақ (құбыр тəрiздi). Изометрлi денелердiң үш өлшемi де шамамен бiрдей болады. Оларға шток, штокверк, буцена (кен қапшықтар), ұя жəне бүйрек пен сеппелер сияқты ұсақ бөлiнiмдер жатады. Шток деп iрi (10 м-ден асатын) изометрлi жатынды айтады, ол тұтас минералдық шикiзаттан тұрады. Оның мысалы ретiнде тастұз денелерiн, гидротермалық, метасоматоздық жатындарды, магмалық таужыныс массивтерiн айтуға болады. Егер жатындардың өлшемi 10 м-ден кiшi болса, оларды буценалар немесе кен қаптары деп атайды. Мұндай денелердi кейбiр кенорындардағы алтын, қорғасынмырыш, хромит, сынап жəне т.б. рудалы жатындар құрайды. Өлшемi ондаған см-ден бiрнеше м-ге дейiн жететiн кендi минерал шоғырлары ұя деп аталады. Шток, кен қаптары мен ұялары бiр бағытта жалпайса, олар линзаға айналады. Өлшемдерi бiрнеше см-ден аспайтын минералдар агрегаты бүйректер деп аталады, олар ары қарай ұсақталыпсеппелерге айналады. Штокверк – əр түрлi бағдарланған жəне минералдық зат сеппелiктерiне қаныққан желiшiктермен кесiлiп, түйрелген таужыныстардың бiршама изометрлi көлемi. Штокверк ауқымында өнеркəсiптiк жатынның шекарасы сынамалау деректерi бойынша анықталады. Мұндай жағдайда руда деп кондициялар талаптарына сай келетiн, минералданған желiшiктермен тiлгiленген таужыныс массасын қарастырады. Жалпақ (тақта тəрiздi) денелер екi үлкен жəне бiр кiшi (қалыңдығы) өлшемiмен сипатталады. Олар табиғатта ең көп таралған морфологиялық типтi құрайды. Қабат – көбiнесе шөгiндi тектi, қапталдас таужыныстардан бiршама параллель қабатталу (қабаттың табаны мен жабыны) беттерiмен жiктелген тақта тəрiздi кен денесi. Қабаттар құрылысы бойынша қарапайым жəне күрделi болады. Қарапайым қабаттың құрамы бiркелкi, оған сыйыстырушы таужыныс қабатшалары кiрмейдi. Күрделi қабат пайдалы қазба мен сыйыстырушы таужыныс қабатшаларының кезектесiп қабатталуынан тұрады. Қабаттардың ұзындығы бойынша қалыңдығы жұқарған жəне делдиген бөлiкшелерi, қарапайым жəне күрделi сыналануы кездеседi. Көмiр, марганец, темiр жəне т.б. руда кен орындарының денелерi қабатқа мысал бола алады. Пайдалы қазбалардың пiшiнi қабаттарға жақын келетiн денелерiн қабат тəрiздi жатын деп атайды. Желiлер – таужыныстардағы пайдалы қазбаның минералдық затына толған жарықшақтар. Оларды сонымен қатар қабат тəрiздi денелер санайды. Өйткенi созылымы мен төмен қарай таралуы ондаған жəне жүздеген метр болса, ал үшiншi өлшемi – қалыңдығы көбiнесе бiрнеше см мен бiрнеше метр аралығында ғана болады. Желi минералдық затының сыйыстырушы таужыныстармен жанасқан беттерiн зальбанд деп атайды. Морфологиясының детальдары бойынша желiлер арасында моншақ тəрiздi, камераланған, ер тəрiздi, сатыланған, парақталған жəне басқа түрлерi бөлiнедi. Желiлердiң жиынтығы кейде желiлi алаңдар жасайды
Құбыр тəрiздi денелердiң морфологиясы мен жатыс жағдайлары олардың бату (немесе сүңгу) бұрышымен, бату бағыты бойынша ұзындығымен жəне көлденең қимасының ауданымен анықталады. Бату бұрышы – құбыр тəрiздi дене осi мен көлбеу жазықтық арасындағы бұрыш, оның мəні 0-ден 90°-қа дейiн өзгередi. Дененiң көлденең қимасының өлшемдерi мен осiнiң ұзындығы өзгерiп тұрады.
Пайдалы қазба кенорындарында құбыр тəрiздi денелер өте сирек кездеседi. Олардың ең көп тараған өкiлдерi – алмасты кимберлит түтiкшелерi.
Пайдалы қазбалар денелері пішінінің жіктемесі.
Изометрлі Шток, ұя Шток, ұя, штокверк
Тақта тəрізді Қабат, линза Желі, линза, жасмық
Құбыр тəрізді – Құбыр, кен бағанасы
3 Алюминий, вольфрам, темір, марганец, мыс, никель, күкірт, фосфордың басты өндірістік минералын атаңыз. Темірдің басты өнеркәсіптік минералдары: магнетит (Fe3O4),мартит пен гематит (Fe2O3), ильменит (FeTiO3), сидерит, темірлі хлориттер, темірдің сулы алюмосиликаттары. Марганецтің басты өндірістік минералдары:пиролюзит MnO2,браунит,гаусманит,манганит,псиломелан,радохрозит. Никельдің басты өндірістік минералдары;пентландит, миллерит, никелин. Вольфрамның басты минералдары:вольфрамит пен шеелит.Алюминийдің басты минералдары: бемит пен диаспор, гиббсит, нефелин, алунит, боксит. Мыстың басты минералдары:борнит,ковеллин,халькозин,куприт,малахит,азурит.Фосфордыкі:апатит пен фосфорит.
Пайдалы қазбалардың түрлері мен сұрыптары. Пайдалы қазба типтерi деп, олардың кеңiстiкте шоғырлану мүмкiндiгiн ескеретiн минералдық құрамы, бiтiмдiк жəне құрылымдық ерекшелiктерi бойынша бөлiнетiн табиғи түрлестерiн айтады. Өнеркəсiптiк сорттарға өндiрiлуi ұтымды жəне алынатын өнiмнiң қажет сапасын қамтамасыз ететiн пайдалы қазбалардың бiр немесе бiрнеше табиғи типтерi кiредi. Қатты жанғыш қазбалардың – көмiр, жанғыш тақтатастың құрамы айрықша. Олар органикалық жəне бейорганикалық компоненттерден тұрады. Органикалық компоненттер бастапқы өсiмдiк материалы мен олардың түрлену өнiмдерiнен құралған жекелеген элементтер болып табылады. Олар əдетте микроскоп астында ғана анықталады. Өйткенi олар, бiр жағынан, белгiлi бiр морфологиялық жəне құрылымдық белгiлермен ерекшеленсе, ал екiншi жағынан, геологиялық факторлар ықпалынан өзгермелi химиялық құрам мен физикалық қасиеттерге ие болады. Қатты жанғыш қазбалар арасында құрамы мен қасиеттерiнiң ерекшелiктерi бойынша макротиптер (немесе литотиптер), микролитотиптер мен микрокомпоненттер бөлiнедi. Қатты жанғыш қазбалар құрамында көп немесе аз мөлшерде мiндеттi түрде болатын бейорганикалық компоненттерге минералдық қоспалар (саз минералдары, карбонаттар, темiр сульфидтерi, кварц жəне т.б.) жатады. Қатты жанғыш қазбаларда минералдық қоспалармен қатар 15-тен 60%-ке дейiнгi мөлшерде ылғал болады. Органикалық компоненттер құрамына көмiртек, оттек, сутек, азот, күкiрт пен фосфор кiредi. Минералдық қоспалар мен субалласт деп аталады. Күкiрт пен фосфор зиянды қоспаларға жатады. Балласт пен құрамдас бөлiктердiң мөлшерi қатты жанғыш қазбалар пайдаланылуының көпшiлiк бағыттарында қатаң шектеледi (бұл туралы төменде “жанғыш қазбалар” тарауында толық мəлiметтер келтiрiлген).
Пайдалы қазбалар кен орындарының генетикалық классификациясы. Пайдалы қазба кенорындары жаралуының геологиялық жағдайларын зерттеу олардың генетикалық жүйеленуiне, белгiлi бiр геологиялық құрылымдар жəне таужыныстар комплексiмен байланысына, пайдалы минералдық массалар түзiлуiнiң көздерi мен жолдарына, рудажаралу процестерiнiң физикалық-химиялық параметрлерiне қатысты мəселелердi қамтиды. Кенорындарды генетикалық жүйелеудiң ғылыми жəне практикалық маңызы үлкен. Өйткенi кенорындардың жаралу жағдайлары олардың жер қыртысында орналасу заңдылықтарын, негiзгi кеңiстiктiк-морфологиялық жəне көлемдiк-сапалық сипаттамаларын анықтайды. Кенорындардың топтарға бiрiгуi петрогенездiң негiзгi үш процесiмен байланысты. Бұл процестермен магматизм, метаморфизм жəне седиментогендік руданың жаралуы да байланысты. Топтардың арасында дəстүрлi магматогендiк, метаморфогендiк жəне седиментогендiк кенорындармен қатар, эндогендiк серияда қосымша магматогендiк-метаморфогендiк, ал эндогендiк-экзогендiк серияда – магматогендiк-седиментогендiк топтар бөлiнген. магматогендiк кенорындар магма балқымалардың эволюциялану жəне жіктелуінің негiзгi кезеңдерiне сай кластарға бөлiнедi. Бұл кезеңдер ағымында минерал жаралатын ортаның сипаты да өзгередi. Класшалар пайдалы минералдық массалардың бөлiнуі, кенорындардың қалыптасу уақытына жəне механизмiне байланысты. Метаморфогендiк кенорындар метаморфизмнiң негiзгi типтерiне сай жiктеледi. Седименттiктер үшiн жiктеме седиментогенездiң негiзгi кезеңдерiне – заттың мору белдемiнде жылыстап, содан кейiн шөгiндi ретiнде түзiлуiне, сонымен қатар бұл процестердiң физикалықмеханикалық механизмiне негiзделедi. Пайдалы қазба кенорындары мен олардың əр класс пен класша ауқымында жаралу жағдайлары төменде арнайы қарастырылады. Кенорындар минералдық құрамы бойынша бөлiніп сипатталады. Сондықтан кенорындардың бөлiнген типтерi таза генетикалық тұрғыдан емес, өнеркəсiптiк-генетикалық мағынада баяндалады.
6. Ликвациялық кен орындар.Ликвация пайда болуының физикалық-химиялық шарттары. Ликвациялық кенорындар ликвация процесi, яғни рудалы-силикат құрамды магманың салқындауы барысында араласпайтын руда (сульфид) жəне силикат құрамды екi сұйыққа бөлінуі жəне олардың ары қарай оқшауланып кристалдануы нəтижесiнде қалыптасады. Магма ликвациясының басты геохимиялық факторлары мыналар: 1) күкiрттiң концентрациясы; 2) магманың жалпы құрамы, əсiресе оның құрамында темiр, магний жəне кремний болуы; 3) силикат фазасында мыс, никель жəне басқа халькофиль элементтер болуы. Ликвация басталғанда сұйық силикат массасында сульфид фазасы ұсақ тамшы тəрiздi шариктер формасында шашыла кристалданады. Шариктер жолақтарға, ұяларға бiрiгiп, олардың бiр бөлiгi тығыздығына байланысты магма камерасының түп маңы бөлiктерiне батады. Ал, қалған бөлiктерi камераның түбiне жетпей, орта жолда асылып қалады. Ал түбiне жеткен тамшылар бірігіп тұтас дене жасауы мүмкiн. Осыған байланысты аспалы, түптiк жəне қабаттық жатындар пайда болады. Сульфид балқыманың негiзгi бөлiгi тұтқыр силикат балқымадан кейiн кристалданады. Сондықтан руда денелерi көбiнесе эпигенетикалық сипатқа ие болып, түпнұсқа таужыныс арасында тұтас руданың қиюшы желiлерi мен жатындарын жасайды. Ликвациялық кенорындар Ликвациялықтарға негiздi жəне ультранегiздi магмалық таужыныстардағы пентландит-халькопирит-пирротин (сулфид мысникель) кенорындары ғана жатады. Кенорындар бiршама сирек, бiрақ олардың өнеркəсiптiк мəнi өте үлкен. Олар тек қана ежелгi платформалардың тектоникалық белсендiрілген бөлiкшелерi ауқымында орналасып, дифференцияланған габбродолерит, норит, пироксенит жəне перидотит интрузив массивтерiмен кеңiстiкте жəне генетикалық байланыста болады. Рудалы массивтер лополиттен, қабаттық жəне күрделi жатындардан тұрады, ал олардың орналасуын терең жарылымдар мен платформа шөгiндi тысының синклин құрылымдары бақылайды. Интрузиялардың ұзындығы км-мен, ал қалыңдығы ондаған м-мен өлшенедi. Интрузияларды сыйыстыратындар – шөгiндi жəне вулканогендiк-шөгiндi таужыныстар. Рудаланған интрузиялар көбiнесе қабатталған, қышқылдау таужыныстарды жоғарыдан төмен қарай негiздiлеу таужыныстар алмастырады. Кенорындар негiзiнен интрузиялардың төменгi дифференциаттарында орналасқан. Морфологиясы мен жатыс жағдайлары бойынша сульфид рудаларының төрт типi бөлiнедi: 1) интрузиялардағы секпiлдiк руданың қабаттық аспалы жатындары; 2) интрузиялар мен олардың астындағы таужыныстардағы шомбал жəне желiшiктi-секпiлдi рудалардың қабаттық жəне линза тəрiздi жатындары; 3) жапсар маңы брекчиялық рудалардың линзалары мен бұрыс денелерi; 4) интрузия мен сыйыстырушы таужыныстағы желiлер
7. Ерте магмалық кен орындардың пайда болуы. Ерте магмалық кенорындар руда минералдардың силикаттардан бұрын немесе бiр мезгiлде кристалдануы, яғни қатты фазаның сұйық магма балқымасында оқшаулануы нəтижесiнде қалыптасады. Алғашқы кристалдану хромит, платина тобындағы металдар, алмас пен сирекжерге (монцанит) тəн. Олар өздерiнiң жоғары тығыздығына байланысты сұйық силикат балқымада магма камерасының түбiне қарай батады. Бұл жерде олар гравитация мен конвекциялық ағын ықпалынан жылжып, байыған бөлiкшелер (сегрегациялар) жасайды. Бұл бөлiкшелер өздерiнiң құрамы бойынша сыйыстырушы таужыныстарға жақын болады, олардан құрамында руда компоненттерi мөлшерiнiң артық болуымен айрықшаланады. Магма кристалдануының алғашқы кезеңiнде сыйыстырушы магмалық таужыныстармен бiр мезгiлде дерлiк жаралатын алғашқы магмалық кенорындарға мынадай айрықшалықтар тəн: 1) руда мен сыйыстырушы таужыныстар арасындағы жапсарлардың бiртiндеп қалыптасуы (осыған байланысты оларды контурлау сынамалаудың деректерi бойынша жүргiзiледi); 2) руда денелерi негiзiнен бұрыс пiшiндi болуы – ұялар, линзалар, күрделi тақта тəрiздi жатындар, құбыр тəрiздi денелер; 3) рудалардың бiтiмi негiзiнен сеппелiк, ал құрылымы – кристалды-түйiрлi. Бұл класқа жататындар – қабатталған перидотит пен дунит интрузияларындағы (Оралдағы Ключевское кенорны, Оңтүстiк Африкадағы Бушвельд пен Ұлы Дайка) хромиттерiнiң сеппелiк жəне шлир тəрiздi жиылым белдемдерi, сондай-ақ габброидтардағы титанмагнетит рудасы мен сiлтiлi таужыныстардағы графит кен орындары (Шығыс Саяндағы Ботогол, Канада, Испания, Австралия кенорындары). Өнеркəсiптiк мəнді алғашқы магмалық кенорындарға кимберлиттердегi алмас кен орындары жатады. Олар ежелгi платформалардың белсендiленген белдемдерiнде орналасады – Сiбiрде (Саха Республикасы), Африкада (ОАР, Танзания, Конго), Индияда (Голконда), Австралияда (Жаңа Оңтүстiк Уэльс штаты), Солтүстiк Америкада (Канада, АҚШ). Жер шарында барлығы 1600 кимберлит түтiкшелерi анықталған, бiрақ олардың аз бөлiгi ғана алмасты. Алмасты кимберлиттер күрт еңiс цилиндр немесе сопақ қуыстарды толтырып, құбыр тəрiздi денелер жасайды. Түтiкшелердiң өлшемдерi көлденең қимасында бiрнеше м-ден жүздеген м-ге дейiн өзгередi; тереңге қарай олар 1 км-ге дейiн байқалады. Кимберлиттегi алмастың мөлшерi əр 1 м3 таужынысқа 0,5 карат (1карат=0,2 г) мөлшерiнен аспайды. Кимберлит түтiкшелерi арасында массасы ондаған миллион карат болатын өте iрi алмастар да кездеседі.
8.Кеш магмалық кен орындардың пайда болуы. КЕш магмалық кенорындар құрамында құнды компоненттердiң негiзгi массасы шоғырланған қалдық руда балқымасынан қалыптасады. Бұл типтi кенорындарда алдымен таужынысжасаушы силикат минералдар кристалданады. Қалдық балқыма тектоникалық қозғалыстардың, iшкi кернеу мен ұшпа компоненттердің ықпалынан қатайған силикат интрузияда жарықшақтарды, силикат минералдар түйiрлерiнiң арасындағы əр түрлi қуыстар мен бос аралықтарды толтырады. Осыған байланысты руда минералдар силикат түйiрлердi цементтеуден қалыптасқансидерониттiк құрылым дамиды.Кеш магмалық кенорындарға сондай-ақ карбонатиттiк кенорындар да жатқызылған. Карбонатиттер деп эндогендiк карбонаттар шоғырларын айтады, олар күрделi ультранегiздi массивтер – сiлтiлi таужыныстар қалыптасуының ұзақ процесiн аяқтайды. Магмалық тектi кенорындар негiзiнен жіктелген магмалық таужыныстар массивтерiнде жатады. Геосинклин белдемдерде перидотиттермен байланысты хромит пен платиноидтардың алғашқы жəне соңғы магмалық кенорындары, сонымен қатар габбро-дунитпироксенит таужыныстарда орналасқан соңғы магмалық титанмагнетит кенорындары қалыптасады. Платформаларда ликвациялық магмалық кенорындар негiздi жəне ультранегiздi таужыныстардан тұратын интрузияларда, ал алмасты кимберлиттер ультранегiздi типтi жарылымдарда орналасады. Кеш магмалық апатит, апатит-магнетит жəне сирекжер рудаларының кенорындары сiлтiлi таужыныстармен ассоциацияланады. Кеш магмалық кенорындардың типтерi: 1) серпентинденген дунит мен перидотиттегi хромит кенорындары – Оралда (Кемпiрсай, Алапаев, Саран), Закавказьеде (Шоржы), Швецияда, Норвегияда; 2) габбро-перидотит-дунит құрамды массивтердегi титанмагнетит кенорындары – Оралда (Куса, Качканар, Гусевогорск), Карелияда (Пудожгорск), Таулы Алтайда (Харлов), Забайкальеде (Чиней), Норвегияда (Телнесс), Швецияда (Таберг), АҚШ-та, Канадада; 3) дунит, перидотит пен пироксениттегi платина кенорындары – Оралда (Нижне-Тагил), ОАР (Бушьвельд); 4) сiлтiлi таужыныстар массивтерiмен байланысты апатитнефелин кенорындары – Кола түбегiнде (Хибин), Шығыс Сiбiрде (Горячегорск, Қия Шалтыр). Кенорындардың өнеркəсiптiк мəнi əсiресе хромит, титанмагнетит пен апатит рудалары үшiн жоғары. Олардың барлық əлемдiк өндiрiсiн жоғарыда аталған соңғы магмалық генезистi кенорын типтерi қамтамасыз етедi.
9. Пегматиттік пайдалы қазбалар кен орындарының пайда болу шарттары?
Пегматиттер деп тереңдік массивтер өатаюының соңғы сатысында қалыптасатын, минералдық құрамы, морфологиясы, құрылымы мен генезисі бойынша өзіндік сипатқа ие соңғы магмалық денелерді айтамыз. Олар интрузиялық таужыныстар мен постмагмалық кен желілері арасында өтпелі жағдайда болады. Пегматиттер кеңістікте интрузиялық таужыныстармен байланыста, өйткені олардың ішінде немесе тікелей солардың маңында орналасады. Пегматиттер мен түп нұсқа таужыныстардың құрамы бірдей болғанымен, олар бір-бірінен мынадай ерекшеліктерімен ажыратылады; пегматиттер денелердің өлшемі кішілеу болады, пішіні желі мен ұя тәрізді, ішкі құрылысы белдемденген, таужыныстардың құрылымы ірі және зор түйірлі, минералдық құрамы күрделі, құрамында ұшпа минералдаушы компоненттер, сирек және сирек жер элементтер болады, бұрынғы минералдық ассоциацияларды кейінгілердің алмастыру белгілері байқалады. Пегматиттерге кез келген құрамды интрузиялық таужыныстар да кездесетіні тән. Бірақ олардың арасында басым таралғаны және жетекші мәнге ие болатыны гранит пегматиттер, кейде сілтілі және ультранегізді пегматиттер кездеседі. Пегматиттердің өнеркәсіптік құндылығы өте жоғары болғанына қарамай, олардың генезисіне қатысты көптеген мәселелер әлі күнге дейін толық шешімін тапқан жоқ. Пегматиттердің минералдық құрамында силикаттар мен оксидтер басым кездеседі. Пегматит денелерінің негізгі пішіні қарапайым қабат тәрізді және күрделі желілер, ал кейде линза, ұя және құбыр тәрізді денелер де кездеседі. Денелердің өлшемдері ерекше әр түрлі: қалыңдығы 10-25 метрден 50-200 метрге дейін ауытқиды: еңістігі бойынша ұзындығы ондаған жүздеген метрге дейін, созылымы бойынша жүздеген метрден бірнеше километрге дейін.
10. Карбонатиттік пайдалы қазбалар кен орындарының пайда болу шарттары?
Карбонатит кенорындарын соңғымагмалық жарылымдардың айрықша типін құрайды. Зерттеушілердің көпшілігі оларды жеке топқа бөледі. Бірақ олардың ультранегізді шөгінді таужыныстардың күрделі интрузивтерімен кеңістікте және генетикалық байланыста болуы, пайдалы минералдық массалардың аталған интрузиялардың аяққы сатысында бөлінуі – бұл кенорындарды сипатталып отырған класқа жатқызуға мүмкіндік береді. Карбонатит кенорныдарын біршама сирек ижәне олардың құрамында соңғы кездері ғана қызығушылық туындаған өте айрықша пайдалы компоненттер жиынтығы бар. Қазіргі кезде карбонатит ультранегізді – сілтілі таужыныстардың 200-дей массиві анықталған. Олардың ішінде тек 20-сы ғана өндіріс нысаны бола алады. Мұндай массивтер Карелияда, Кола түбегінде, Шығыс Сібір, Приморьеде табылған, сондай ақ олар АҚШ, Канада, Гремания, Швеция,Норвегия, Финляндия, Гренландия, Австралия, Үндістан, Ауғанстан, Африканыың бірқатар аумақтарында белгілі. Интрузивтердің құрылысы концентрлі-белдемді болады. Олар шток, лопотит, сақиналық, жартылай сақиналық дайкалар жүйесі, жарықшақтық сызықша созылған массивтер, күрделі піщінді денелер боуы мүмкін. Қалыпты жағдайда массивтердің орталық бөліктері сілтілі таужыныстардан тұрып, олар ультранегізді таужыныстармен жіктеледі, ал ары қарай гнейс белдемі, содан кейін метасоматоздық таужыныстар белдемі орналасады. Карбонатит жатындары шток массивтің орталығына қарай еңіс орналасқан конустық дайкалар, қарама-қарсы еңіс жатқан радиал дайкалар жасайды. Кен денелердің өлшемі әр түрлі: штоктардың көлденең қимасы жүздеген метрден 10 км-ге дейін; дайкалардың созылымы бойынша ұзындығы жүздеген метрден 1-2 км-ге дейін. Карбонатиттердің 80-90% бөлігі карбонат минералдардан тұрады. Олардың құрамында сонымен қатар апатит, флогопит, титанмагнетит, сирек минералдар- бадделит,пирохлор, перовскит, монацит, сирек жер карбонаты кіреді. Карбонатиттер өте маңызды өнеркәсіптік мәнге ие. Олармен тантал, ниобий, сирекжерлердің негізгі ресурстары, титан, темір кені, флюорит, флогопит, апатит,т.б. едәуір қоры байланысты.
11. Гидротермалдық және гидротермалдық пневматолиттік пайдалы қазбалар кен орындарының пайда болуының физикалық – химиялық шарттары және сыйғыздырушы жыныстардың өзгерісі?
Гидротермалық кенорындар негізінен жер қыртысының жоғарғы бөлігінде айналымданатын және суыған магмалық денелердің туындылары болып табылатын, минералданған ыстық газдық-сулық ерітінділерден қалыптасады. Пайдалы қазбаларды жасайтын минералдық заттар көпшілік жағдайда сулық ерітінділерде тасымалданады. Олар физикалық химиялыұ құрамы бойынша жүзгін, коллоид, молекулалық ерітінділерге жатады. Жүзгіндермен суспензиялар – дисперсиялық фаза бөлшектерінің өлшемі0,1 мкм-ден асатын ерітінділер. Гидротермалық кен жаралуда олар елеулі рөл атқара өоймайды. Коллоид ерітінділер гидротермалдық үдерістерде үлкен рөл атқарады. Олардың коагуляциялануынан гель пайда болады да, ары қарай метаколлоид минералдық массаларға айналады. Шынайы немесе молекулалық ерітінділер гидротемалық кен жаралудың негізгі көзі болып табылады. Жорамал бойынша гидротермалық ерітінділер суының көзі магмалық, метаморфтық, ежелгі шөгінділер құрамында көмілген терең айналымды атмосфералық су болуы мүмкін. Магмалық балқымадан оның қатаюы және магмалық таужыныстар қалыптасуы үдерісінде бөлінеді. Эксперимент пен төгілген лаваларды зерттеу деректері бойынша магмадағы судың мөлшері 1-7 шамасында, бұл гидротермалық кенорындар дамуының масштабын түсіндіре алады. Гидротермалық ерітінділерден минералдық массалар түзілуге мыналар себеп болуы мүмкін: ерітіндідегі және ерітінді ығысқан кездегі заттардың алмасу реакциялары, ортаның қышқылдық-сілтілігінің өзгеруі, коллоидтардың коагуляциясы, сүзілу әсері, сорбция, табиғи электр өрістерінің ықпалы, ерітінділер температурасы, жүйе қысымының өзгеруі.
12. Альбититтік кен орындар. Кен тасушы ерітінділердің сілтілі кезеңінің кен пайда болуы?
Өнеркәсіптік нысан ретінде бұл кенорындар зерттеушілердің назарын жуықта ғана аударып, олардың жүйелі зерттеу жұмыстары соңғы жиырма жылда жанданды. Альбитит-метасоматоздық жолмен жаралған лейкократтық таужыныс. Оның құрамында ұсақ түйірлі негізді альбитит массасының аясында кварц, микролин, слюда, сілтілі амфиболдар немесе пироксендердің порфир бөлінімдері байқалады. Альбитиитік кен орындар шамалы немесе орташа тереңдіктердің қышқылды және сілтілі құрамды, жасы әр түрлі интрузиялық жиынтықтармен байланысты. Олар интрузив масситерінің апикал бөліктерінде, апофизалаоында, күмбез тәрізді дөңестерінде орналасып, айырылымды тектоникалық бұзылыс белдемдерінде бақыланады. Кенденудің апикал бөлікшелері ауқымында орналасуы, бұл жерде интрузив массивтерінің терең бөліктерінен шыққан кенжасаушы ерітінділердің ұзақ уақыт бойы жинауыш (коллектор) рөлін атқарған төмен қысымды белдемдер пайда болғандығымен түсіндіріледі. Кенорындардағы кен денелері штоквергпен минералданған уатылу белдемдері пішінді, олардың заттық құрамы күрделі. Кендену дамыған аудан бірнеше км2-ді қамтиды, тереңдігі жүздеген метрден 600м тереңдікке дейін таралады. Альбититтерде тантал, ниобий, торий, уран. Сирекжер, цирконий кенорындары орналасады. Олар Ресей, ҚХР, Үндістан, Намибия, Нигерия, Канада, Бразилия аумағында дамыған.
13. Грейзендік кен орындар және олардың аймағы?
Грейзен жалпы жағдайда көбінесе слюдалар (мусковит, биотит, лепидоли) мен кварц агрегаттарынан тұрады. Олардың құрамында топаз, флюорит, турмалин, мен кен минералдары жиі кездеседі. Грейзендердің негізгі массасы гранит массивтерінің апикал дөңестерінде және олардың жабынындағы алюмосиликат таужыныстарда құмтас, тақтатас, эффузивтерде орналасады. Осыған байланысты магмалық таужыныстардың өзінде орналасқан эндогрейзендер мен сыйыстырушы таужыныстардағы экзогрейзендер бөлінеді. Грейзен кенорындарының кен денелеріне көбінесе желі, штоквергғ минералданған белдемдер пішіні тән. Желілердің қалыңдығы бірнеше см-ден бірнеше метрге дейін, созылымы бойынша ұзындығы 1-2 км, еңістігі бойынша 70-80 метрден 600 мерт терңдікке дейін таралады. Көбінесе күрделі пішінді желы-штокверг жаралымдар кездеседі. Айтылып өткендейғ грейзендік кенорындар альбититтермен тығыз генетикалық байланыста. Кейде бұл байланыс кеңістікте де байқалады, бірақ олардан металлогениялық бағыты бойынша көп айырмашылығы да бар. Егер альбититтердің типоморфтық элементтеріне ниобий, тантал мен цирконий жатса, ал грейзендерге көбінесе вольфрам, қалайы, молибден, т.б. тән. Грейзендік кенорындар арасында мынадай негізгі типтер бөлінеді: вольфрамит-топаз-кварцты, касситерит-топаз-кварцты және жиынтықты воьфрамит-молибденит-топаз-кварцты. Вольфрамит-топаз-кварцты кенорындары лейкократтық және пегматоидтық гранит массивтерінің күмбез тәрізді апикал бөліктерінде және олардың сыртқы жапсар белдемдерінде орналасады. Кен денелері шток, штокверг, желі пішінді болады. Басты кен минералдары вольфрамит, сонымен қатар касситерит, молибденит, висмутин ұшырасады. Касситерит-топаз-кварц кенорындары гипабиссал фацияның лейкократтық аляскит гранитімен байланысты. Кенді желілер мен штоквергтер граниттің өзінде де, жабынындағы такжыныстарда да орналасады. Басты кен минералдар касситерит пен воьфрамит. Вольфрамит-молибденит-топаз-кварц кенорындары көбінесе аляскит граниттің күмбездерінде және оларды жапқан мүйізтастарда орналасады. Грейзендерді жарылымдар, сақиналық және сызықтық жарықшақтар, кливаж шекаралар бақылайды. Басты кен минералдар: молибненит пен вольфрамит.
14. Скарндық кен орындар. Әктік және магнезиалдық скарндардың кен орындары?
Скарн- метасоматоздық жолмен карбонат, кейде силикат таужыныстар арасындағы интрузивтердің жапсарлық белдемінде жаралған карбонат-силикат құрамды таужыныс. Құрамында саны мен сапасы өнеркәсіптік талаптарға сай келетін құнды миенралдық шикізат бар скарндар өзімен аттас – скарндық немесе жапсарлық-метасоматоздық пайдалы қазба кенорындары деп аталады. Интрузивтердің өзгеріске ұшыраған аумағындағы бөліктеріндегілер – эндоскарндар, ал сыйғызушы таужыныстарда орналасқандар – экзосрандар деп бөлінеді. Мұндай таужыныстардың көпшілігі интрузивтердің жапсары бойында орналасқандықтан, экзоскарндарға жатады. Кейбір скарн жатындары сыйыстырушы таужыныстардың қабаттылық беттері арқылы интрузивтерден ондаған-жүздеген метрден 1-2 км-ге дейін алыс орналасады. Ең қарқынды скарнжаралу орташа құрамды интрузияларжың жапсарында және орташа тереңдіктерінде жүреді. Скарндық кенорындар қалыптасына интрузиялардың жайпақ жапсары, тектоникалық бұзылыстар, олардың сыртқы және ішкі жапсарындағы қарқынды жарықшақталған белдемдер, сыйыстырушы таужыныстар құрамының карбонаттылығы қолайлы факторлар болып табылады. Скарнжаралу метасоматоздың үдеріс ретінде көптеген жұқарған және делдиген бөлікшелерден тұратын, метасоматоздық денелерге тән ирелең шекаралары бар кен денелерінің пайда болуына әкеледі. Морфологиясы бойынша скарндық жатындардың мынадай типтері бөлінеді: қабатты және қабат тәрізді, линза тәрізді, шток, құбыр, желі мен желі тәрізді, ұя, күрделі тарамдалған денелер. Скарнның ұя тәрізді денелері кейде көлденеңінен бірнеше метрден асады, құбыр тәрізді және желілі денелер 1-1,5 км-ге дейін созылуы мүмкін, қабат тәрізділердің қалыңдығы 100-150 м, ұзындығы 2-2,5 км болады. Скарндар интрузияларды сыйыстырушы таужыныстар құрамына байланысты әкті және магнезийлі түрлерге бөлінеді. Скарндардың осы негізгі түрлеріне байланысты пайдалы қазба кенорындары бір бірінен заттық құрамымен, өздеріне тән пайдалы қазбаларымен, сонымен қатар морфологиясы және жатыс жағдайлары бойынша ажыратылады.
15. Қазақстанның сирек металдармен қамсыздандырылуы?
Қазақстандағы сирек металл кенорындарын анықтау перспективасы алі таусылған жоқ. Тантал мен ниобийдің біршама ресурстары техногендік кенорындарда – Белогорск комбинатының қалдық қоймаларында бар, оларда құрамында тантал, қалайы, бериллий, литий, цезий, т.б.10 млн. тоннадан аса тастанды қалдықтар жинақталған. Тантал мен ниобийге деген практикалық қызығушылықты сілтілі гранитоидқа байланысты мору қыртысы мен шашылымдары туындата алады. Қазақстан минералдық-шикізат базасы уранның әлемдік қорының 25%шамасын құрайды. Қазақстандағы уранның жалпы ресурсы 1,5 млн.тонна деп бағаланады. Олардың ішінде барланған қордың мөлшері 470 мың тонна, бұл республиканы осы көрсеткіш бойынша әлемде алғашқы орындардың біріне шығарады.
16. Гидротермалдық плутоногенді кен орындар?
Гидротермалдық плутоногендік кенорындар қышқылды, біршама қышқылды және біршама сілтілі магмалық таужыныстармен кеңістікте және генетикалық байланыста. Кендену тік бағытта 1-2 км тереңдікте дамып, жасы ұстамдылығымен ерекшеленеді. Кен денелері құыстарды толтыру немесе метасоматоз жолымен қалыптасады. Олардың пішіні сыйыстырушы жыныстар мен тектоникалық құрылымдарға байланысты болып, әртүрлілігімен сипатталады. Изометрлі, жалпақ және құбыр пішінді үйлесімді және үйлесімсіз типті жататындар белгілі. Денелердің өлшемі кең ауқымда өзгереді, ұзындығы бірнеше метрден ондаған километрге дейін. Ең көп таралғаны қалыңдығы аз, саны көп кен денелерінен тұратын кенорындар. Гидротермалдық плутоногендік жоғары температуралы кенорындарда молибденит, вольфрамит, касситерит, флюорит, т.б. минералдар бар. Олар кврц желілері мен грейзен белдемдерінен тұрады. Кенорындар кеңістікте гранитоид массивтерінің апикал бқліктерімен байланысты жәнеолардың ішкі және сыртқы жапсар белдемдерінде орналасады. Кен күрт еңіс желілерді, құбыр тәрізді денелерді, штокверг белдемдерін құрайды. Денелердің ұзындығы мен қалыңдығы шамалы, кен секпілді бітімді. Молибденнің мқлшері 0,3-2%. ТМД аумағында бұл типті кенорындарға Джида, Белуха, Бекуба, Шахтама, Бом-Горхан, Қазақстандағы Шалқия мен Жоғарғы Қайрақты жатады. Гидротермалдық плутоногендік орташа температуралы молибден мен мыс-молибден кенінің кенорындары қышқылдау гранитоидтардың ірі интрузивтерімен, сондай ақ гранит-порфир штоктарымен және дайкаларымен байланысты. Кенденудің орналасуын аймақтық жарылымдар мен жарықшақтар тоғысқан жүйелер бақылайды, кен штокверг пен желішікті-секпілді белдемдер жасайды. Олардың бітімі секпілді және желішікті, басым минералдары молибденит, халькопирит, кварц; қосымшалары борнит, солғын кен, сфалерит, галенит, карбонаттар. Кенде молибден мен мыстан басқа рений, селен, теллур, висмут, алтын, күміс байқалады. ТМД аумағында бұл типке Қоңырат, Бозшакөл, Қалмақыр (орта азия), Каджаран, Агарак (армения), Сор (батыс сібір), кенорындары жатады. Шетелдердегі ірі кен орындар Медет (болгария), Майданнек (югославия), Эрденет (монғолия), Кляймакс, Бингем (АҚШ(, Тонекама (перу), Чукикамата (чили).
17. Гидротермалды вулканогенді кен орындар
Гидротермалық жанартау тектi (вулканогендiк) кенорындар негiзiнен қатпарлы зоналардың жербетi андезит-дацит вулканизмiмен, сонымен қатар белсендiленген платформалардың сiлтiлi жəне трапп магматизмiмен байланысты. Ең көп таралғаны– вулкан таскөмейлерi мен олардың шеттерiнде орналасқан кенорындар.
Кенорындарға конустық, сақиналық, құбырлық, радиал-жарықшақтық құрылымдар тəн. Сонымен қатар жарылымдар мен эффузиялық таужыныстардың жербеттiк қабаттастықтарын бақылайтын кенорындар да белгiлi. Руда денелерi желi, құбыр жəне штокверк болып келедi, олар300–500 м тереңдiкке дейiн жылдам сыналанып кетедi. Руданың минералдық құрамы күрделi, ол пайдалы компоненттердiң əркелкi таралуымен жəне қоңды кеннен тұратын«кен бағаналары» деген денелердiң болуымен сипатталады. Руда бiтiмiнiң арасында ең көп таралғаны– метаколлоидтықтар. Таужыныстардың гидротермалық өзгерiстерi байқалады. Бұл өзгерiстер кварцталу, пропилиттену, алуниттену, каолиндену түрiнде бiлiнедi.
Сипатталып отырған кенорындар арасында мынадай негiзгi типтер бөлiнедi: магнетит, касситерит-сульфид, киноварь, алтын-күмiс, алунит, күкiрт(сомтума күкiрттi), цеолит кенорындары.
Магнетит кенорындары трапп денелерiмен байланысты жəне габбро-диабаз штоктары мен жарылыстың жанартау құбырларында орналасады. Олар карбонат жəне құмтас-тақтатас таужыныстар, скарндалған интрузиялық трапп арасында жатады. Руданың бiтiмi шомбал, секпiлдi жəне брекчия тəрiздi, кейде друзалы жəне тарақшаланған. Олар жанартау түтiкшелерi ауқымында жəне тектоникалық белдемдер бойында желi, шток пен штокверк тəрiздi белдемдер жасайды. Руданың құрамына магнетиттен басқа гематит,карбонаттар кiредi, аз мөлшерде хлорит, апатит, кварц пен сульфидтер болады. Бұл кенорындардың типтiк мысалдары– Шығыс Сiбiрдегi Коршуновск, Рудногорск, Нерюндина, Тагар.
Касситерит-сульфид кенорындары орташа құрамды дайкалармен, субвулкандық интрузиялармен ассоциацияланып, жарылымдар мен олардың жарықшақтық белдемдерінде орналасады.Сыйыстырушы таужыныстар: құмтас, сазды тақтатас, эффузивтер, эрупциялық брекчиялар. Руда денелерi желi, ұя, рудаланған брекчия,штокверк, бұрыс жатындар пiшiндi болады. Руда касситерит, галенит,сфалерит, пирит, халькопирит пен арсенопирит құрамды. Кенорындардың бұл типi Приморьеде(Джалинда, Хинган), Жапонияда(Акенобе), Боливияда (Ллалгуа, Потаси), Мексикада(Дуранго, Эль-Сантин) белгiлi
Киноварь(сынап) кенорындары қалыптасуы мен кеңiстiктегi жағдайлары бойынша қышқыл жəне орташа құрамды төрттiк вулканизмiмен байланысты. Олардың орналасуы жарылымдар, экструзивтер, брекчиялану белдемдерi тоғысымен бақыланады. Секпiлдi жəне жарықшақты руда штокверк, шашыранды секпiлдiк денелер мен жұқпалар жасап, уатылу мен брекчиялану белдемдерiндегi жарықшақтарды толтырады. Руда құрамына киноварьдан басқа антимонит, реальгар, сомтума күкiрт, пирит, марказит кiредi. Бұл кенорындар Чукоткада(Пламенное), Камчаткада(Чемпура), Амур маңында(Ланск), Закарпатьеде(Боркут), Италияда (Монте-Амиата), Алжирде(Ислаим), Жапонияда(Итомука), АҚШ-та(Мак-Дермит-Опалит), Жаңа Зеландияда(Пуи-Пуи) белгiлi
Алтын-күмiс кенорындары кварцты порфир субвулкан интрузияларымен ассоциацияланып, тереңдiк жарылымдар, уатылу белдемдерi мен көне жанартауларда орналасқан. Олар көбiнесе андезит-дацит таужыныстар арасында орналасып, жанартау көмейлерiн кесiп өтетiн желiлер будасы болады. Руда құрамына кварц, халцедон, опал, пириттi карбонат, халькопирит, галенит, сфалерит, күмiс пен алтын кiредi. Бұл типке Забайкалье(Балей, Белая гора, Тасеев), АҚШ(Крипл-Крик, Комсток) пен Румыниядағы кенорындар жатады.
Сомтума күкiрт кенорындары көбiнесе стратовулкандардың немесе вулканаралық ойпаңдардың беткейлерiнде, етегiнде, кальдераларында орналасады. Руда денелерi негiзiнен кеуек пирокласт таужыныстардың тектоникалық жарылымдармен қиылысқан белдемдерiнде орналасып, əр түрлi пiшiндер(линза, шток, қабат жəне құбыр пiшiндi жатындар) жасайды. Рудалы саналатындар– күкiрт қышқыл ерiтiндiлер əсерiнен туынды кварциттерге айналған вулканогендiк таужыныстар. Олардың құрамында сомтума күкiрт сеппелерi болады. Бұл типке Камчатка(Новое, Заозерное жəне т.б.), Жапония(Мацуо, Адзума), Чили(Копиано), Перу мен Филиппин кенорындары жатады.
18.Стратиформдық кен орындардың пайда болуының гипотезалары
Бұл топқа жаралуы гидротермалық-шөгiндi болуы ықтимал кенорындар жатады. Бiрақ олар стратиформдық терминiмен(қабаттық жатыс пiшiнi бойынша) генезисiнiң толық анықталмағандығы салдарынан аталған. Қарастырылып отырған кенорындардың жаралуына қатысты бiрнеше гипотеза бар.
Кейбiр геологтар бұл кенорындарды бастапқы-шөгiндi сингенезистiк, бiрақ кейiнгi кездерi ол бiршама өзгерiстерге ұшыраған деп санайды. Сонымен қатар, кенорындардың қалыптасуы гидротермалық эпигенезистiк, олар эрозиямен ашылмаған тереңдегi интрузиялық таужыныстар массивiмен байланысты деген пiкiр айтылады(академик Сəтбаев Қ.И.).
Бұл кенорындардың жаралуы полигендiк; олар ұзақ уақыт ағымында қалыптасқан деген гипотеза да кең таралған. Гипотезаның туындауына кенорындардың шөгiндi қатқабаттар дамыған аудандарда орналасып, бұл жерде гидротермалық минералды ерiтiндiлердiң көзi болатын интрузиялық массивтердiң болмауы ықпал еткен. Бұл гипотезаның негiзiнде көптеген стратиформдық кенорындардың ұзақ дамығандығы туралы деректер, олардың сингенезистiк шөгiндi де, эпигенездiк жаралымдар сипатты да болуы жатады. Кенорындардың қалыптасуы сингенезистiк вулканогендiк-шөгiндi руда жиналудан басталып, диагенез сатысына өтедi деп жорамалданады. Осыдан кейiн, яғни жатындар өздерi қалыптасқаннан кейiнгi жас жаралымдармен жабылған соң, рудажаралу жер асты ыстық минералды судың əрекетiне байланысты жалғасқан. Осы су ықпалынан минералдық массалар қайта топталып, эпигенездiк рудалану жүрген.
19. кен пайда болуының Экзогендік процестерінің жалпы сипаттамасы, сыртқы процестер – Күн энергиясы мен Жердің өзіне тарту (HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%93%D1%80%D0%B0%D0%B2%D0%B8%D1%82%D0%B0%D1%86%D0%B8%D1%8F" \o "Гравитация"гравитация) күшіне негізделген геологиялық процестер жиынтығы. Экзогендік процестерге атмосфера газдарының, жел, жауын-шашынның, организмдерінің әрекеттерінен туатын, бір-бірімен тығыз байланысты физика-HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A5%D0%B8%D0%BC%D0%B8%D1%8F" \o "Химия"химиялық, геохимиялық, физика-механикалық, гидродинамикалық, гидрохимиялық, биохимиялық, биогеохимиялық, т.б.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D1%80%D0%BE%D1%86%D0%B5%D1%81" \o "Процес" процестер жатады. HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B5%D1%80" \o "Жер"Жер бетінің әр бөлігінде Экзогендік процестердің белгілі тобы (құрлықта физика және химия үгілу, гипергенез, су айдындарындағы литогенез процестері) басым келеді. Экзогендік процестерәсерінен барлық түпкі тау жыныстарының минералдары мүжіліп үгіледі, әр түрлі жылдамдықпен ыдырайды, үгілген материал бастапқы орнынан жылжып көшеді, жаңа орынға келіп жиналады. Сөйтіп, жаңа физика-географиялық, геохимиялық жағдайларда жаңа гиперген минералдар мен тау жыныстары түзіледі. Экзогендік процестерден үгілу қыртысы, тотығу белдемі, жер бетінің борпылдақ (континенттік) тау жыныстары, су айдындарында түрлі құрамды тұнбалар және бұлармен байланысты пайдалы қазбалар қалыптасады.
Экзогендік серия седиментогендік топка жатады. Седиментогендік топ үгілулі, төгілмелі, шөгінді болып қарастырылады. Үгілуліге: қалдықты инфильтрационды; төгілмеліге: элювиалды, делювиалды, пролювиалды, аллювиалды, литоральды ; шөгіндіге: механикалық, химиялық, биохимиялық, вулкандық.
Седиментогенез сатысы заттың мору қыртысында жылыстау (мобилизация), шөгiндiлердiң тасымалдану жəне аяққы сушарада шөгiндiжиналу кезеңдерiн қамтиды. Заттың мобилизациясы механикалық жəне химиялық дифференциациялану процесiнде жүзеге асады. Оның сужиналу алаңынан тасымалдану формалары əр түрлi болуы мүмкiн– шынайы немесе коллоид ерiтiндiлер, механикалық жүзгiн түрiнде жəне су түбiнде сүйрелену арқылы. Тасымалдану кезiнде еритiн қосылыстар сушараға толық шайылып жетсе, ал су сынықты өнiмдердi жартылай шаяды.
Диагенез сатысында аса ылғал, бактериялар мен шағын компоненттерге қаныққан ұйық тығыз таужынысқа айналады. Бұл процесс ондаған м-ден жүздеген м-ге дейiнгi шөгiндiлер қатқабаты астында өтедi. Диагенездiң бiрiншi кезеңiнде тотықтану минералжаралуы жүрiп, ұйық суындағы оттек есебiнен темiр мен марганец гидроксидтерiнiң тасберіштері пайда болады. Екiншi кезеңде шөгiндi ортасы тотықтыдан тотықсызға ауысады. Шөгiндiнi сiңiрген су сульфатсызданып, II-темiр, марганец оксидтерге, кремнийтотыққа, органикалық затқа, фосфорға, шағын элементтерге баийды. Осындай жолмен сидерит пен темiрлi хлориттердiң диагенетикалық жатындары, марганецтiң конвекциялық родохрозит пен родонит рудалары, жалбыр фосфорит, мыс, қорғасын мен мырыштың шөгiндi секпiлдi рудалары қалыптасады.
Диагенездiң соңғы кезеңiнде аутигендiк(өз орнында жаралған, яғни өзiндiк шөгiндi) материалдыңiштей қайта түзiлуi, оның кейбiр нүктелер төңiрегiнде жиырылып, тасберіштер дамуы орын алады.Диагенез кезiнде заттың қайта түзiлуi нəтижесiнде шөгiндiлердiң шектеулi жиылымдарында кейбiр элементтердiң концентрациясы артады. Мысалы, марганецтiң концентрациясы7 есеге дейін артуы мүмкiн.
Катагенез сатысында шөгiндiлердiң үлкен тереңдiкте жоғары қысым мен температура ықпалынан ары қарай өзгеруi жалғасады. Бұл сатыда таужыныстардың минералдық құрамы айтарлықтай өзгермегенiмен, олар толық тасқа айналады(литификация), таужыныстардың кеуегi гипске, ангидритке, флюоритке толады. Заттың бiршама қайта түзiлуi түйiр аралық кеңiстiкте бiлiнедi. Органикалық массадан бөлiнген газ фазасынан сұйық жəне газ тəрiздi
каустоболиттiң түзiлуi басталады.
Элювийлiк шашылымдар түбiрлiк таужыныстар жатқан жерде пайда болып, олардың контуры шамамен бiр-бiрiне сай келедi. Егер шашылымдар түбiрлiк таужыныстар арасындағы пайдалы қазба затының шашындысы ғана болса, олар байымауы да мүмкiн, ал егер кенсiз таужыныстар беткейлiк ағын сумен шайылып кететiн болса, онда шашылымдар пайдалы қазбаға байиды. Шашылымдардың бұл түрi мору кен орындары қатарына жатады. Бiрақ сипаттауға ыңғайлы болу үшiн олар көбiнесе механикалық шөгiндi кенорындармен бiрге қарастырылады.
Делювийлiк шашылымдар сынықты материалдың салмақ күшi ықпалынан беткей бойынша сырғу процесi кезiндеiрiктелуi арқылы қалыптасады. Сынықты массаның жылжу сипаты, яғни шашылымның құрылысы беткейдiң еңiстiк бұрышына, сусыманың қалыңдығына, сынықтардың параметрлерiне(өлшемi, пiшiнi, тығыздығы), климаттық, гидрогеологиялық жəне инженерлiк-геологиялық жағдайларға байланысты. Делювийлiк шашылымдардың контуры олардың көзi орналасқан төбеден бастап, беткей бойымен төмен қарай созылады. Шашылымның ұзындығы ондаған-жүздеген м-ге жетедi. Олардағы құнды минералдардың таралуы əркелкi болады, мөлшерiнiң максимумы шашылымдардың төбесiнде орналасады.
Пролювийлiк шашылымдар өте сирек кездеседi. Олар тау бөктерiнде беткейлердегi сынықты материалдың уақытша ағындар арқылы шайылуы салдарынан дамиды. Мұндай шашылымдардағы сынықтар нашар жұмырланып, шамалыiрiктеледi.
Аллювийлiк шашылымдар су түбiндегi шөгiндiлердiң дифференциациялануы мен шайылып түзiлуi арқылы жаралады. Материалдың жиналуы тек қана белгiлi бiр кездерi аллювийдiң оңтайлы режимде жылжуынан жүредi. Бұл режим өзеннiң əр түрлi бөлiктерiндегi ағыс жылдамдығының ара қатынасына жəне аллювийдiң фракциялық құрамына байланысты. Аллювийлiк шашылымдар өздерi орналасқан жерлерге байланысты қайыр, арна, аңғар, терраса жəне атырау шашылымдарына бөлiнедi. Олар құрылысы бойынша қарапайым(құнды минералдар бiр горизонтта) жəне күрделi (мұндай горизонттар бiрнеше) болуы мүмкiн.
20. Мору кен орындары. Мору процестерінің геоло-қ, физика-қ, химия-қ және гидрогео-қ шарттары.Мору кенорындары минералдар мен таужыныстарға атмосфераның жер бетi мен жер асты суының, органикалық агенттердiң ықпал етуi нəтижесiнде жаралады. Олардың əрекетiнен таужыныстар мен минералдар механикалық жолмен жекелеген құрамдас бөлiктерге қирайды, содан кейiн химиялық процестер ықпалынан ары қарай өзгерiске ұшырайды. Бұрынғы минералдар экзогендiк жағдайларда төзiмдi жаңа минералдармен алмасады. Бұл процестердiң мору деп аталатыны белгiлi. Олардың нəтижесiнде мору қыртысы мен олармен байланысты мору кенорындары қалыптасады.
Мору қыртысы – дербес континенттiк геологиялық формация. Ол жер бетiне шыққан түбiрлiк таужыныстарға атмосфералық жəне биогендiк агенттер ықпал етуi нəтижесiнде жаралып, осы таужыныстардың механикалық, химиялық жəне биохимиялық қирау өнiмдерiнен тұрады. Мору қыртысы барлық экзогендiк кенорындар минералдық массаның қуатты көзi.
Мору кенорындарының қалыптасуы жер қыртысының жер бетi маңы бөлiгiндегi термодинамикалық жағдайларда химиялық төзiмсiз болатын тереңдiк таужыныс массаларының қайта топтануына байланысты. Мору қыртысы Жер қойнауында грунт суы деңгейiне дейiн, яғни жер бетiнен60–100 м, кейде200 м тереңдiкке дейiн таралады. Морудың негiзгi агенттерiне су, оттек, көмiр қышқылы, организмдер мен температураның ауытқуы жатады.
Түпкiлiктi таужыныстардың мору қыртысында ыдырауында маңызды ролдi тотығу , гидраттану, гидролиз реакциялары атқарады. Мору қыртысындағы геохимиялық түрленулер сатылана жүретiндiгiмен сипатталады. Бастапқы сатыда мору таужыныстардан оңай еритiн тұздар(сульфат, хлорид жəне калий, натрий, кальций,магний карбонаттары, кремнийтотық) шығарылған кезде өтедi.Осымен бiр мезгiлде алюминий, темiр мен марганецтiң жиналуына əкелетiн силикаттар гидролизi жүредi. Минералдардың ыдырау жылдамдығы əр түрлi жəне олардың құрамы мен кристалдық құрылымына байланысты.
Пайдалы қазба кенорындарының мору кезiндегi өзгерiстерi
Химиялық жəне физикалық мору кезiнде пайдалы қазба денелерiнiң минералдық, химиялық құрамы мен құрылысы үлкен өзгерiстерге ұшырайды. Ең үлкен өзгерiс сульфид руда денелерi, көмiр қабаттары, минералдық тұздар мен күкiрт жатындары морыған кезде орын алады.
Пайдалы қазба денелерiнiң жер бетi маңындағы өзгерiсi мору қыртысындағы жоғары оттектiк əлеует(потенциал) жағдайында минералдың төзiмсiз болуына байланысты. Бастапқы минералдардың ыдырауы нəтижесінде жаңа қосылыстар пайда болады. Олардың кейбiреулерi орнында қалады, келесiлерi шығарылып барып қайта түзiледi, үшiншiлерi – жылыстап кетiп шашырайды. Өзгерiстiң негiзгi бағыты пайдалы қазба заттарының тотығуымен байланысты. Руда денелерiнiң тiк бағыттағы өзгеру интервалы тотығу белдемi деп аталады.
Өзгерiстердiң негiзгi агенттерiне су, оттек, көмiрқышқылы,органикалық заттар жатады. Сіңген жер бетi суының айналымы үш белдемге бөлiнедi (10.2-сурет). Жоғарғы белдем ауалану немесе сiңу белдемi ерiген оттек пен көмiрқышқылына қаныққан судың жылдам жəне еркiн, негiзiнен тiк бағыттағы айналымымен сипатталады. Грунт суы деңгейiнiң астында ағу немесе белсендi су алмасу белдемi орналасады; бұл белдемде құрамында ерiген оттектiң бiршама мөлшерi бар су бүйiрiне қарай баяу жылжиды. Ең төменгi тоқырау су белдемiнде еркiн оттек болмайды.
21. Қалдық кенорындар коолиндер, бокситтер Мору кен орындарының бұл класшасы өздерiн қалыптастырған тау жыныстардың үстiне орналасады. Жаралған массаның(элювийдiң) минералдық құрамы түпнұсқа таужыныстар құрамы мен химиялық мору реакцияларының сипатына тiкелей байланысты болады.
Каолин кенорындары кез-келген далашпатты таужыныстың,бiрақ көбiнесе қышқылды жəне сiлтiлілердiң мору қыртысында қалыптасады. Алаңдық типтi жатындар көбiнесе қалыңдығы 10 м шамасындағы(кейде одан асатын) бұрыс пiшiндi жамылғылардан тұрып, тереңге қарай түпнұсқа таужыныстарға өтедi. Олардың минералдық құрамына каолин, галлуазит, монтмориллонит, халцедон, сондай-ақ жұрнақ(кварц, мусковит, рутил) жəне туынды(кальцит, доломит, гипс) минералдар кiредi. Каолин кенорындары Украинада (Глуховецк), Оралда, Алтайда, Батыс Сiбiрде
Гарниерит-нонтронит кенорындары силикат никель(кобальт қоспасы бар) рудасынан тұрып, дунит пен перидотиттен жаралған серпентиниттiң мору қыртысымен байланысты. Никельдi минералдар ыдырауының бастапқы сатыларында никель ерiтiндiге, мору қыртысының жоғарғы бөлiктерiнен тереңге қарай өтеді де бұл жерде туынды минералдар ретiнде қайта түзiледi. Мұндай жағдайда никель темiрдiң оңай тотықтанғыштығына байланысты одан бөлiнедi де рН көрсеткiшiнiң аз мəндерiнің өзiнде шөгiндi ретiнде тұнады.
Боксит кенорындары əр түрлi алюмототықты-сiлтiлi, қышқылды, негiздi таужыныстар ыдырауынан қалыптасады. Бастапқы таужыныстардың өзгеру процесi үш сатыда өтедi: 1) силикаттардың ыдырауы, сiлтi мен сiлтiжер элементтердiң шығарылуы, кремний тотықтың да жартылай шығарылып, саз құрамды минералдардың жиналуы; 2) силикатсызданып, алюмототық жиналуы; 3) карбонат, сульфид пен басқа қосылыстардың бөлiнуi салдарынан боксит құрамының күрделенуi.
Лимонит кенорындары серпентиниттiң моруы кезiнде пайда болады. Руда құрамында аз мөлшерде легирлеушi металдар концентрациясы болатындықтан, оны табиғи легирленген деп атайды. Олардың арасында бiр-бiрiне өтуiне байланысты мынадай түрлестер бөлiнедi: никельмен жəне кобальтпен легирленген темiр рудасы; комплекстi темiр-никель; комплекстi темiр-кобальт; комплекстi темiр-марганец-никель рудасы. Табиғи легирленген лимонит рудасының қалдық кенорындары белгiлi жерлер: Орал(Елизаветске, Стрижевск, Аккерманжəне т.б.), Солтүстiк Кавказ(Малкин), Индонезия, Гвинея, Куба, Филиппины, Гвинея мен Суринам.
Пиролюзит-псиломелан(марганец рудалы) кенорындары құрамында марганец бар метаморфталған таужыныстар морыған кезде жаралады. Олар дамыған жерлер: Орал(Полуночное), Батыс Сiбiр (Мазульск), Индия, Гана, Габон, ОАР, Австрия, Канада, Куба, Бразилия, Венесуэла.
Инфильтрациялық(сiңбелiк) кенорындар Бұл кенорындар типiне ерiген күйде грунт суының айналымы алқабына түсiп, қолайлы жағдайларда тұнба түрiнде шөгетiн мору өнiмдерi бөлiгiнен жаралатындар жатады. Минералдық заттың түзiлуi кеуектердi толтыру жолымен немесе метасоматоздық тəсiлмен жүредi. Кеуектердi толтыру жағдайында пайдалы қазба бiршама салқын сулық ерiтiндiлерден бөлiнедi, яғни пайдалы жүк гидротермалық ерiтiндiлер əкелетiн себептерге байланысты болады. Сулық ерiтiндiлер белсендi əрi оңай еритiн таужынысты кездестiргенде, сыйыстырушы таужыныстың кейбiр компоненттерiн шаймалап шығарады да олардың орнына бұрын ерiтiндiлер құрамында болған компоненттердi түзедi. Осыған байланысты қапталдас таужыныс минералдары ерiген күйде келген жаңа минералдармен метасоматоздық алмасады. Осындай жолмен бiрқатар пайдалы қазбалар: темiр, марганец, мыс, ванадий, уран, радий, фосфорит, гипс, борат, магнезит кенорындары пайда болады.
Сидерит-лимонит темiр кенорындары көбiнесе мору қыртысында сүзiлу тəсiлiмен жасалады. Темiр əр түрлi мөлшерде барлық таужыныстарда бар. Бұл кенорындар типiнiң рудалары сидерит, лимонит пен гематиттен тұрады. Руданың бiтiмi – сынықты, конгломераттық, жалбырлық. Кен денелерiнiң ең көп таралған пiшiндерi: ұя, линза жəне қабат тəрiздi, олар морыған кремнийлi таужыныстар мен əктастарда орналасады. Мұндай кенорындар Оралда (Алапаевск мен Синаро-Каменская тобы) орналасқан; осындай
кенорындар Ұлыбританияда, Германияда(Зальцгиттер, Пейне-Илседе) кездеседi. Бiрақ бұл кенорындардың өнеркəсiптiк мəнi шектеулi.
Инфильтрациялық уран кенорындары терең айналымды жер асты суының əрекетi нəтижесiнде пайда болады. Құрамында уранның жоғары концентрациясы бар таужыныс осы элементтің көзi болып табылады. Уран акцессор минералдар құрамына кiредi. Олардың мору
процесi кезiнде ыдырауы нəтижесiнде уран ерiтiндiге өтiп, уранил қосылыстары түрiнде грунт суымен тасымалданады.Уранның ерiтiндiлерден настуран жəне уран кiреукесi түрiнде бөлiнуi əр түрлi тотықсыздандырғыштар– көмiрлi зат, битум, күкiртсутек жəне т.б. əсер етуiне байланысты. Бұл кенорындардың өнеркəсiптiк мəнi жоғары. Олар Қазақстанда, Францияда,
Ұлыбританияда, Италияда, Венгрияда, Румынияда, Германияда, Австрияда, Индияда, АҚШ пен Канадада белгiлi.
22. Инфильтрациялық(сiңбелiк) кенорындар Бұл кенорындар типiне ерiген күйде грунт суының айналымы алқабына түсiп, қолайлы жағдайларда тұнба түрiнде шөгетiн мору өнiмдерi бөлiгiнен жаралатындар жатады. Минералдық заттың түзiлуi кеуектердi толтыру жолымен немесе метасоматоздық тəсiлмен жүредi. Кеуектердi толтыру жағдайында пайдалы қазба бiршама салқын сулық ерiтiндiлерден бөлiнедi, яғни пайдалы жүк гидротермалық ерiтiндiлер əкелетiн себептерге байланысты болады. Сулық ерiтiндiлер белсендi əрi оңай еритiн таужынысты кездестiргенде, сыйыстырушы таужыныстың кейбiр компоненттерiн шаймалап шығарады да олардың орнына бұрын ерiтiндiлер құрамында болған компоненттердi түзедi. Осыған байланысты қапталдас таужыныс минералдары ерiген күйде келген жаңа минералдармен метасоматоздық алмасады. Осындай жолмен бiрқатар пайдалы қазбалар: темiр, марганец, мыс, ванадий, уран, радий, фосфорит, гипс, борат, магнезит кенорындары пайда болады.
23.ұсақ т ж пайда болу Шашылым кенорындары сынықты түзiлiмдер арасында таужыныстар мен бұрынғы пайдалы қазба кенорындарының физикалық жəне химиялық моруға ұшырап, қирау мен қайта түзiлу процесiнде босап шыққан құнды компоненттердiң шоғырлануынан пайда болады.
Жаралу жағдайлары бойынша шашылым кенорындары арасында элювийлiк, пролювийлiк, аллювийлiк(немесе өзендік), литоралдық
(немесе жағалаулық), мұздықтық жəне эолдық түрлер бөлiнедi.
Шашылымның қалыптасу механизмi сынықты материалдыңiрiлiгi, тығыздығы мен бөлшектерiнiң пiшiнi бойыншаiрiктелгендiгi, сынықтардың уатылуы мен жұмырлануы, материалдың тасымалдауға механикалық берiктiгi мен əр түрлi дəрежедегi химиялық төзiмдiлiгi бойынша дифференциациялануына байланысты.
Элювийлiк шашылымдар түбiрлiк таужыныстар жатқан жерде пайда болып, олардың контуры шамамен бiр-бiрiне сай келедi. Егер шашылымдар түбiрлiк таужыныстар арасындағы пайдалы қазба затының шашындысы ғана болса, олар байымауы да мүмкiн, ал егер кенсiз таужыныстар беткейлiк ағын сумен шайылып кететiн болса, онда шашылымдар пайдалы қазбаға байиды. Шашылымдардың бұл түрi мору кен орындары қатарына жатады. Бiрақ сипаттауға ыңғайлы болу үшiн олар көбiнесе механикалық шөгiндi кенорындармен бiрге қарастырылады.
Делювийлiк шашылымдар сынықты материалдың салмақ күшi ықпалынан беткей бойынша сырғу процесi кезiндеiрiктелуi арқылы қалыптасады. Сынықты массаның жылжу сипаты, яғни шашылымның құрылысы беткейдiң еңiстiк бұрышына, сусыманың қалыңдығына, сынықтардың параметрлерiне(өлшемi, пiшiнi, тығыздығы), климаттық, гидрогеологиялық жəне инженерлiк-геологиялық жағдайларға байланысты. Делювийлiк шашылымдардың контуры олардың көзi орналасқан төбеден бастап, беткей бойымен төмен қарай созылады. Шашылымның ұзындығы ондаған-жүздеген м-ге жетедi.
Олардағы құнды минералдардың таралуы əркелкi болады, мөлшерiнiң максимумы шашылымдардың төбесiнде орналасады.
Пролювийлiк шашылымдар өте сирек кездеседi. Олар тау бөктерiнде беткейлердегi сынықты материалдың уақытша ағындар арқылы шайылуы салдарынан дамиды. Мұндай шашылымдардағы сынықтар нашар жұмырланып, шамалыiрiктеледi.
Аллювийлiк шашылымдар су түбiндегi шөгiндiлердiң дифференциациялануы мен шайылып түзiлуi арқылы жаралады.
Материалдың жиналуы тек қана белгiлi бiр кездерi аллювийдiң оңтайлы режимде жылжуынан жүредi. Бұл режим өзеннiң əр түрлi бөлiктерiндегi ағыс жылдамдығының ара қатынасына жəне аллювийдiң фракциялық құрамына байланысты. Аллювийлiк шашылымдар өздерi орналасқан жерлерге байланысты қайыр, арна, аңғар, терраса жəне атырау шашылымдарына бөлiнедi. Олар құрылысы бойынша қарапайым(құнды минералдар бiр горизонтта) жəне күрделi (мұндай горизонттар бiрнеше) болуы мүмкiн.
24. Химиялық шөгiндi кенорындар
Мұндай кенорындарды шынайы немесе коллоид ерiтiнділер қалыптастырады. Шынайы ерiтiндiлерден лагуналарда, тұз туындатушы теңiз алаптарында аридтiк климат жағдайларында минералдық тұздар, гипс, ангидрид, борат, барит кенорындары пайда болады. Бiрақ бұл түзiлiмдердiң өзi ерiтiндiлердегi тұздың мөлшерi өте жоғары концентрациясына жеткенде ғана жиналады.
Металдар рудасы су алаптарының(өзен, көл, теңiз) түбiнде континенттiк қыртыстың мору өнiмдерiнен жаралған суспензиялардан жəне коллоид ерiтiндiлерден шөгедi. Бұл металдардың қосылыстарын майда жүзгiн, коллоид жəне шынайы ерiтiндiлер формасында өзендер мен грунт суы тасымалдайды. Мұндай қосылыстар көлдер мен теңiздер жағалауында суда ерiп, коллоидтарды коагуляциялайтын жəне оларды тұндыратын электролиттердiң əрекетiнен түзiледi. Металдардың əр түрлi геохимиялық жылыстау қабiлетiне байланысты, олар түзiлу процесiнде дифференциацияланады. Бокситтер жағаға жақын маңда, ал марганец рудасы қайраңның жоғарғы бөлiгiнде жиналады. Дифференциация бiр металл рудасында да бiлiнедi. Ол жағадан алыстаған сайын минералдық құрамының өзгере беретiнi түрiнде байқалады. Осы бағытта марганец рудасының жатындарында төрт валенттi қосылыстар бiртiндеп үш валенттiге, ал содан кейiн екi валенттiге алмасады. Темiр рудасының жатындарында осы бағытта оксидтердiң карбонаттарға, содан кейiн силикаттарға өтуi байқалады.
Химиялық шөгiндi кенорындар арасында мынадай негiзгi типтер бөлiнедi: сильвин-галит, сидерит-шамозит-лимонит, родохрозит-псиломелан-пиролюзит жəне боксит кенорындары.
Сильвин-галит кенорындары натрий, калий, магний, кальций хлоридтерi мен сульфаттарынан тұрады. Оларда бромид, иодид пен бораттардың қоспалары болады. Кенорындардың көпшiлiгiнде басты минерал галит болып табылады, сонымен қатар сильвин, гипс пен ангидрит те ұдайы кездеседi. Минералдық тұздардың кенорындары қалыптасу жағдайлары бойынша қазiргi заманғы тұзды алаптарға, тұзды жерасты суына жəне қазба тұз кенорындарына бөлiнедi.
Сидерит-шамозит-лимонит темiр руда кенорындары қабаттардан, ұзын линзалардан, қабат тəрiздi жатындар мен ұялардан тұрады. Кен денелерiнiң ұзындығы ондаған км-ден жүздеген км-ге, енi бiрнеше км-ге, ал қалыңдығы ондаған м-ге жетедi. Кеннiң құрамына темiр окисидтерi мен гидроксидтерi (лимонит, гидрогётит, гётит, гематит), карбонат(сидерит) пен силикаттар– темірлі хлориттер (хлорит-шамозит, тюрингит) кiредi. Сонымен қатар, руда құрамында марганец минералдары, кварц, халцедон, кальцит, барит, гипс пен саз минералдары бар. Кеннiң бiтiмi оолиттi. Сыйыстырушы таужыныстар – теңiз бен континенттiң құм-саз түзiлiмдерi. Шөгiндi темiр рудасыныңiрi кенорындары Қазақстанда(Аят), Қырымда(Керчь алабы), Орталық Еуропада(Лотарингия алабы), Малиде, Австралияда, АҚШ(Клинтон) пен Канадада орналасқан.
Родохрозит-псиломелан-пиролюзит кенорын жатындары қабат, қабат тəрiздi жəне линза тəрiздi денелерден тұрады, олар созылымы бойынша бiрнеше км-ге, енi – жүздеген м-ге, қалыңдығы– 10–20 м-ге жетедi. Руданың минералдық құрамында негiзгi ролдi оксид пен гидроксидтер(пиролюзит, псиломелан, манганит), карбонаттар (родохрозит, манганокальцит) атқарады. Руда құрамына белгiлi бiр мөлшерде лимонит, саз минералдары, опал, пирит, марказит, барит кiредi. Руданың бiтiмi тасберішті, кеуек, күйе тəрiздi.
Қазiргi заманғы тасберіш темiр-марганец рудасы кенорындарында шикiзаттың орасан қоры шоғырланады. Сонымен қатар бұл қор ұдайы қайта жаңарып отырады. Руда марганец пен марганецтiң оксидтері мен гидроксидтерiнен, халцедон, хлорит, саз минералдарынан тұрады. Руда құрамында марганец(орташа мөлшерi 20 %) пен темiрден(16 %) басқа никель(0,6 %), кобальт(0,33 %), мыс (0,35 %), қорғасын, мырыш пен күмiс болады. Мұндай руда дамыған үлкен алаңдар Тынық, Атлант жəне Индия мұхитында анықталған.
Шөгiндi боксит кенорындары платформалық жəне геосинклиндiк түрлерге бөлiнедi. Жатындарға қабат, линза, ұя жəне таспа тəрiздi пiшiндер тəн. Олардың қалыңдығы бiрнеше м-ден ондаған м-ге жетедi, таралу ауданы бiрнеше шаршы км-дi қамтиды. Боксит жатындары құм-саз жəне карбонат түзiлiмдерде орналасады. Руда денелерiнiң астыңғы жапсары көбiнесе бейтегiс болады. Ол рудамен жапсарлас əктастардағы карст қуыстарын толтыратын бокситтердiң пiшiнiне байланысты. Руданың құрамына бемит, диаспор мен гиббсит, темiр гидроксидтерi, кремнийтотық пен саз минералдары кiредi. Бiтiмi бойынша шомбал, оолиттi, ноқатты, брекчиялық, кеуек жəне қопсық рудалар бөлiнедi.
25)Биохимиялық шөгінді кен орындар
Шөгінді кен орындар- тау жыныстарының өзен, көл, мұхиттардың түбінде шөгуі салдарынан пайда болады. Оған ас тұзы, калий тұзы, бораттар, тас көмір, т.б. Кен орындары жатады. Шөгінді кен орындар химиялық, механикалы, биохимиялық шөгінді кен орындар болып бөлінеді. Биохимиялық шөгінді кен орындар-кейбір жануар мен өсімдік организмдерінің тіршілі әрекеті кезінде үлкен мөлшердегі әр түрлі химиялық элементтердің шоғырлануы процессінен пайда болатын кен орындар. Кейде теңіз организмдері де қатысуы мүмкін, және олардың мөлшері бірнеше есе артық болуы мүмкін.
26)Жанғыш пайдалы қазбалардың пайда болуы Жанғыш пайдалы қазбалар, яғни каустобиолиттер-жанғыш қазындылар; органикалық жолмен пайда болған тау жыныстары. Каустобиолиттер 3 топқа бөлінеді:
1)Гумолиттер (HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A2%D0%BE%D1%80%D1%84&action=edit&redlink=1" \o "Торф (мұндай бет жоқ)"торф, қоңыр және тас көмірлер)
2)Сапропелиттер (HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B0%D0%BD%D2%93%D1%8B%D1%88_%D1%82%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%82%D0%B0%D1%81" \o "Жанғыш тақтатас"жанғыш тақтатастар, сапропельдік көмір, кеннель, богхед)
3)Мұнай тектес қазындылар (HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D2%B1%D0%BD%D0%B0%D0%B9" \o "Мұнай"мұнай, жанғыш газдар, асфальт, озокерит, тағы басқалар.
Жаралу жағдайлары бойынша каустобиолиттер екі топқа бөлінеді:
1) көмір қатарындағы каустобиолиттер, оларға: шөгінді жаралумен сингенезисті тау жынысытар (шымтезек,қазба көмірлер, жанғыш тақтатастар) мен минералдар (мыс.,  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%AF%D0%BD%D1%82%D0%B0%D1%80%D1%8C" \o "Янтарь" янтарь) жатады. Каустобиолиттердегі органикалық заттар басқа тау жыныстардағы шашыранды органикалық заттардың түр өзгешеліктерінен әлдеқайда көп мөлшерде (көмірде — 50%-дан асады, жанғыш тақтатастарда — 50—25%, кейде оларда тиісті техникалық сапасына байланысты органикалық заттардың мөлшері төмендеу болуы мүмкін). Көмір қатарындағы каустобиолиттер заттық құрамы (гумолиттер, сапролиттер, липтобиолиттер мен олардың аралық өтпелі түр өзгешеліктері) және көмірлену дәрежесі (HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A8%D1%8B%D0%BC%D1%82%D0%B5%D0%B7%D0%B5%D0%BA" \o "Шымтезек"шымтезек, қоңыр көмір, тас көмір және антрацит) бойынша жіктеледі. Көмірлердің жіктемесінде органикалық заттың бастапқы материалы, түпнұсқа өсімдіктердің сабақтары, жапырақтары және баска бөліктері, бастапқы материалдың жиналуы мен түрленуінің физикалық-географиялық және биохимиялық жағдайлары, ортаның ландшафты, тектоникалық жағдай ескеріледі. Бұл жағдайлар көмірдің петрогенетикалық типтерінің қалыптасуын анықтайды. Барлық көмір типтері олардың құрылымына, бітіміне және жылтырлығына негізделіп бөлінеді
2) мұнай (және нафтоид) қатарындағы каустобиолиттер, оларға асфальт, әзәкерит т.б. жатады. Мұнай қатарындағы жаралу жағдайы бойынша генетикалық желілерге ажыратылады, олардың ауқымында физикалық және химиялық белгілері (консистенция, балқығыштық, ерігіштік, элементтік құрамы, т.б.) бойынша градациялар бөлінеді.
27)Мұнай кен орындарынынң пайда болуынның геологиялық шарттары
Мұнай - көмір сутектердің күрделі (негізінен парафинді және нафтенді, аз дәрежеде-ароматты) қоспасы. Әр түрлі кен орындарында мұнайдың көмірсутектік құрамы түрліше өзгеріп отырады. Негізінен алғанда көмірсутектерінен (85 % -ға дейін) тұратын бұл заттар дербес үйірімдер шоғыры түрінде жекеленеді: метанды, нафтенді және ароматты (хош иісті) тізбектер. Оның құрамында оттегі, азот, күкірт, асфальтты шайыр қосындылары да кездеседі. Мұнайдың түсі қызғылт, қоңыр қошқыл, кейде ол ашық сарғыш түсті, ақшыл болып та келеді..
Мұнай кен орындарының пайда болуы — кезеңді, үзақ, бірнеше жүздеген миллион жылға дейін созылатын процесс. Оның пайда болуынынң екі концепциясы бар: органикалық және бейоргнаикалық. Органикалық теорияға сәйкес мұнай тірі организмдердің қалдықарынан пайда болды. Суларда өсімдік қалдықтарының шөгуі кезінде ол біртіндеп өзгеріске ұшырайды, тереңдігі 3-6км, температурасы 50° жоғары болған кезде өсімдік қалдығы термиялық және термокаталитикалық ыдырауға ұшырайды, әсерініен микромұнай бөлшектері біріге бастайды.
Бейорганикалық теорияға сәйкес мұнайорганикалық емес әр түрлі элементтерден құралған, бұл реакциялар үлкен тереңдікте, жоғары қысым мен темпетаратура кезінде жүреді.
28)Табиғи газ кен орындарынынң пайда болуынынң геологялық шарттары
Табиғи газ — Жер қойнауларында органикалық заттардың анаэробты бөлінуі кезінде пайда болған газдар қоспасы.
Табиғи газ HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D0%B0%D0%B9%D0%B4%D0%B0%D0%BB%D1%8B_%D2%9B%D0%B0%D0%B7%D0%B1%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%80" \o "Пайдалы қазбалар"пайдалы қазбалар қатарына жатады. Табиғи газ қабаттарда (жер қойнауларында) орналасқанда газтәрізді күйде - жекелеген шоғырлар (газ кендері) түрінде немесе  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9C%D2%B1%D0%BD%D0%B0%D0%B9-%D0%B3%D0%B0%D0%B7_%D0%BA%D0%B5%D0%BD%D0%BE%D1%80%D1%8B%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D1%80%D1%8B&action=edit&redlink=1" \o "Мұнай-газ кенорындары (мұндай бет жоқ)" мұнай-газ кенорындарының беткі бөлігіндегі арнайы газды қабат (шапка) ретінде немесе  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D2%B1%D0%BD%D0%B0%D0%B9" \o "Мұнай" мұнайда, кей жағдайда суда ерітілген күйде де болады. Қалыпты жағдайда (101,325 кПа және 15 °C) табиғи газ тек газтәрізді күйде болады. Сондай-ақ табиғи газ табиғи газ гидраттары түрінде кристалл күйінде де кездесе береді. Таза табиғи газдың иісі мен түсі болмайды.
Өліп, теңіз түбіне түскен тірі организмдер теңіз түбінде ауа болмағандықтан тотыға алмайтын, микробтармен бүліне алмайтын күйге түседі. Бұл организмдердің қалдықтары шөгіп, тұнбалар түзеді. Геологиялық қозғалыстар есебінен бұл түнбалар үлкен тереңдіктерге шөгеді. Она жоғары температура мен қысым әсерінен миллиондаған жылдар бойы шөгінді құрамындағы көміртегі көмірсутегіне айналу процесстері жүреді. Аз молекулалы көмірсутектерден газда пайда болады.
29)Көмір кен орындарынының пайда боуынының геологиялық шарттары
Көмір – өсімдік қалдықтарынан түзілген жанғыш, қатты шөгінді кен жынысы. Көмір құрамында әр түрлі мөлшерде минералдық қоспалар (50%-дан аспайды) бар, ол басқа шөгінді кен жыныстарының арасында қабаттар түрінде кездеседі. Көірдің ағаш көмір, тас көмір, антрацит, қоңыр көмір болып бөлінеді.Көмірдің пайда болуы үшін өсімдіктердің шөгіп, қабатталуы қажет. Девоннан бастап ертедегі торфтық батпақтарда өсімдік қалдықтары оттегі қатысуынсыз жиналып көмірді түзеді. Ең көне көмір жасы шамамен 300-400млн жыл. Химиялық құрамының, физикалық және технологиялық қасиеттерінің өзгешеліктеріне қарай көмір мынадай негізгі табиғи түрлерге ажыратылады: қоңыр көмір, таскөмір, антрацит. Көмірдің қасиеттері оның петрографиялық құрамына, көмірлену дәрежесіне және минералдық микроқұрауыштардың мөлшеріне байланысты болады. Көмірдің тығыздығы 0,92 – 1,7 г/см3 аралығында, бұл көрсеткіштің мәні күлділік азайған сайын төмендейді; қаттылығы Моос шкаласы бойынша 1 – 3 аралығында. Органикалық массасының элементтік құрамы көміртектің басымдылығымен (қоңыр көмірде 65%, антрацитте 98%), оттек (тиісінше 30-дан 1%-ға дейін) және сутек (6-дан 1%-ға дейін) мөлшерімен сипатталады.Ағаш көмірі шіріген өсімдік материалы оның бактериалық ыдырауынан тезірек жиналуы кезінде жүреді. Бұл үшін оттегі аз болатын батпақтық жерлер өте қолайлы. Белгілі бір кезеңде одан шығатын қышқылдар бактериалардың әрекетін тоқтатады. Осылайша көмір пайда болуынның алғашқы материалы-торф пайдп болады. Уақыт өте келе қысым әсерініен, су мен газды жоғалта отырырп ол көмірге айналады.Тас көмір өсімдік қалдықтарына жоғары температура, қысым, оттегінінің жетіспеуі әсерінен пайда болады.Антрацит 6км тереңдікте тас көмірден қысым мен температураның жоғарылауы салдарынан пайд болады.Қоңыр көмір 1км-дей тереңдікте жоғары температура мен қысы әсерінен органикалық қалдықтардан пайда болады.Көмірдің басты технологиялық көрсеткіштері – ұшпа заттардың шығымы, біріккіштігі, күлділігі.
30)Метаморфтық және метаморфталған кен орындардың пайда болуынының геологиялық және физикалық-химиялық шарттары
Метаморфтық кен орындар практикалық мәнге ие болмаған таужыныстар метаморфизмі нәтижесінде қалыптасады. Мұндай жағдайда пайдалы қазбалардың заты компоненттердің жинақтала кристалдануы мен топтануы салдарынан пайда болады. Бұл ұдеріс ұшпа қосылыстардың қатысуымен, бірақ кен сыйыстырушы қатқабаттардан заттың әкелуінсіз жүреді. Метаморфтыққа негізінен аймақтық метаморфизм жағдайларында жаралған бейметалл пайдалы қазба кенорындары жатады. Метаморфтық кенорындардың басты типтеріне дистен-силлиманит, графит, мәрмәр, кварцит пен жабындық тақтатас кенорындары жатады. Жоғары алюмототықты шикізат немесе дистен-силлиманит кенорындары сазды тақтатастардың аймақтық метаморфизмі кезінде пайда болады. Олар көбінесе кристалды тақтатастардан, гнейс пен амфиболиттерден түратын докембрий таужыныстары қатқабаттарында орналасқан. Кен денелері дистен мен силлиманиттерге байыған тақтатастар мен гнейстің жекелеген горизонттары болып табылады.
Метаморфталған кен орындар деп аймақтық және термалдық жапсарлас метаморфизм үрдістерінен үрын пайда болған пайдалы қазбалардың кен орындары. Аймақтық метаморфизм кезінде пайдалы қазбалар денелері жаншылады, бұның әсерінен тақтатастық және талшықты құрылым пайда болады, тығыздығы төмен минералдар тығыздығы жоғары минералдармен ауыстырылады, сулы минералдар сусыз минералдармен ығыстырылады, аморфтық зат кристаллдық затпен ауыстырылады.
31)Пегматитті кен орындардың түзілу жағдайы
Пегматиттер деп тереңдік ассивтер қатаюының соңғы сатысында қалыптасатын минералдық құрамы, морфологиясы, құрылымы мен генезисі бойынша өзіндік сипатқа ие соңғы магмалық кен орындарды айтамыз. Пегматиттер мен түпнұсқа тау жыныстарының құрамы бірдей болғандықтан, оларды келесі белгілері бойынша ажыратамыз: пегматиттердің өлшемі кішілеу болады; пішіні желі мен ұя тәрізді; құрылымы ірі түйіршікті; минералдық құрамы күрделі. Пегматиттердің түзілу жағдайына байланысты қазіргі кезде үш гипотеза белгілі:
1)қалдық балқыма гипотезасы
2)метасоматоздық ерітінді ипотезасы
3)қалдық балқыма мен метасоматоздық ерітінді гипотезасы
Қалдық балқыма гипотезасын А.Е.Ферсман ұсынған, ол бойынша пегматиттер магмадан дараланып, қалдық магманфң қатаюына пайда болады. Ерекше орынды ең сонғы кезде ұсынылған (Г.Рамберг, Ю.М. Соколов және т.б) пигматиттердің метаморфогендік жаралуы туралы гипотеза алады.Бұл гипотеза бойынша, пегматиттер негізінен прекембрий таужыныстарының метаморфтық түрленуінің әр түрлі сатыларында қалыптасады және құрамынын ерекшеліктері бойынша сыйыстырушы таужыныстар метаморфизмінің фазасына сәйкес келеді.Ең ықтималы, пигматит жаралу процесі әр түрлі геологиялық жағдайда әр түрлі жолдармен жүруі мүмкін. Мұндай жағдайда пегматиттік кенорындар жалпы геологиялық, минералогиялық және геохиммиялық белгілердің өзіндік жиынтығына ие болады. Бұл объективті құбылыс кенорындардың конвергенттілік принципі ретінде белгілі.Пегматит денелерінің негізгі пішіндері-қарапайым қабат тәрізді және күрделі желілер; кейде линза, ұя және құбыр тәрізді денелер кездеседі. Денелердің өлшемдері ерекше әр түрлі; қалындығы 10-25 метрден 50-200 метрге дейін ауытқиды; еңістігі бойынша ұзындығы ондаған-жүздеген метр, созылымы бойынша жүздеген метрден бірнеше километрге дейін.
32)Магмалық кен орындардың түзілу жағдайы
Магмалық кен орындар ультранегізді, негізді және кенді магманың дефференциациалану және кристаллдануы кезінде, 700-1500° жоғарғы температура және қысым жағдайында, үлкен тереңдікте (5000м жоғары) жағдайда түзіледі. Кен орынның кен жасаушы негізгі элементтерінің көзі жоғарғы мантияның заты болып табылады. Бұл туралы кен орындарының да, сыйыстырушы жыныстарының терең жарылымдарда орналасуы куәландырады. Кенді магманың балқыма дифференциациясының негізгі бағыттарына сәйкес магмалық кен орындарының 3 классы бөлінеді:
1)ликвациялық
2)бастапқы магмалық
3)соңғы магмалық
33.Скарн минералдарын атаңыз. Скарн - метасоматоздық жолмен карбонат, кейде силикат тау жынысытар арасындағы интрузивтердің жапсарлық белдемінде жаралган карбонат-силикат құрамды тау жынысы. құрамында саны мен сапасы өнеркәсіптік талаптарға сай келетін құнды минералдың шикізат бар скарндар өзімен аттас - скарндық немесе жапсарлық-метасоматоздық пайдалы қазба кенорындары деп аталады. Интрузивтердің өзгеріске ұшыраған аумағындағы бөліктеріндегілер - эндоскарндар, ал сыйыстырушы тау жынысытарда орналасқандар - экзоскарндар деп бөлінеді. Мұндай тау жынысытардың көпшілігі интрузивтердің жапсары бойында орналасқандықтан , экзоскарндарға жатады. Кейбір скарн жатындары сыйыстырушы тау жынысытардың қабаттылық беттері арқылы интрузивтерден ондаған-жүздеген метрден 1-2 км-ге дейін алые орналасады. Ең қарқынды скарн жаралу орташа құрамды (HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%93%D1%80%D0%B0%D0%BD%D0%BE%D0%B4%D0%B8%D0%BE%D1%80%D0%B8%D1%82" \o "Гранодиорит"гранодиорит, кварцты диорит, монцанит) интрузиялардың жапсарында және орташа тереңдіктеріндежүреді. Скарндық кенорындар қалыптасуына интрузиялардың жайпақ жапсары, тектоникалық бұзылыстар, олардың сыртқы және ішкі жапсарындағы қарқынды жарықшақталған белдемдер, сыйыстырушы тау жынысытар құрамының карбонаттылығы (HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D3%98%D0%BA%D1%82%D0%B0%D1%81" \o "Әктас"әктас, доломит пен мергель) қолайлы факторлар болып табылады. Скарнжаралу метасоматоздық үдеріс ретінде көптеген жүқарган және делдиген бөлікшелерден түратын, метасоматоздық денелерге тән ирелең шекалары бар кен денелерінің пайда болуына әкеледі.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%BE%D1%80%D1%84%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F" \o "МорфоÐ" Морфологиясы бойынша скарндық жатындардың мынадай типтері бөлінеді: қабатты және қабат тәрізді, линза тәрізді, шток, құбыр, желі мен желі тәрізді, ұя, күрделі тарамдалган денелер. Скарнның ұя тәрізді денелері кейде көлденеңінде бірнеше метрден асады, ңүбыр тәрізді және желілі денелер 1-1,5 километрге дейін созылуы мүмкін, қабат тәрізділердің қалыңдығы 100-150 м, ұзындығы 2-2,5 км болады. Скарндар интрузияларды сыйыстырушы тау жынысытардың құрамына байланысты әкті және магнезийлі (кейде сонымен қатар силикат скарндар бөлінеді) түрлерге бөлінеді. Скарндардың осы негізгі түрлеріне байланысты пайдалы қазба кенорындары бір-бірінен заттық құрамымен, өздеріне тән пайдалы қазбаларымен, сонымен қатар морфологиясы және жатые жағдайлары бойынша ажыратылады. Әкті скарндар әктастарды алмастыру арқылы қалып- тасады. Олардың басты минералдарына анартас (гроссуляр-андратит қатары) пен пироксен (диопсид-геденбергит қатары) жатады.Әкті скарндар құрамында маңызды орынды везувиан,волластонит, амфиболдар, эпидот, магнетит, кварц, карбонаттар иемденуі мүмкін. Әкті скарндар хром,  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D2%AF%D1%80%D0%BC%D0%B5" \o "Сүрме" сүрме мен сынаптан басқа барлық металдардың, сонымен қатар көптеген бейметалл пайдалы қазбалардын өнеркәсіптік кенорындарын сыйыстырады. Олардың жетекші рөл атқаратын кенорындарының типтері төменде қарастырылады.Скарнды  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%BA%D0%B0%D1%80%D0%BD%D0%B4%D1%8B_%D0%BA%D0%B5%D0%BD_%D0%BE%D1%80%D1%8B%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D1%80%D1%8B" кен орындары-кендері негізінен HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%90%D0%BD%D0%B0%D1%80%D1%82%D0%B0%D1%81&action=edit&redlink=1" \o "Анартас (мұндай бет жоқ)"анартас пен HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D0%B8%D1%80%D0%BE%D0%BA%D1%81%D0%B5%D0%BD%D0%B4%D0%B5%D1%80" \o "Пироксендер"пироксеннен тұратын, амфибол мен HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A5%D0%BB%D0%BE%D1%80%D0%B8%D1%82%D1%82%D0%B5%D1%80" \o "Ð¥ÐÂ"хлоритті қоспа түрінде кіріктіретін, жоғары температура жағдайында қалыптасатын желілі метасоматитті немесе жапсарлы-метаморфты таужыныстан тұратын скарндар көлемінде немесе жапсарларында шоғырланған  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%BA%D0%B0%D1%80%D0%BD%D0%B4%D1%8B_%D0%BA%D0%B5%D0%BD_%D0%BE%D1%80%D1%8B%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D1%80%D1%8B_blank" кен орындары.
34.Грейзенді кен орындардың түзілу жағдайы.Грейзен жалпы жағдайда көбінесе слюдалар (мусковит, биотит, лепидолит) мен кварц агрегаттарынан тұрады.Олардың құрамында топаз, флюорит, турмалин мен кенминералдары жиі кездеседі. Грейзендердің негізгі массасы гранит массивтерінің апикал дөңестерінде және олардың жабынындағы алюмосиликат таужыныстарда -HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D2%B1%D0%BC%D1%82%D0%B0%D1%81" \o "Құмтас"құмтас, тақтатас, эффузивтерде орналасады. Осыған байланысты магмалық таужыныстардың өзінде орналасқан эндогрейзендер мен сыйыстырушы таужыныстардағы экзогрейзендер бөлінеді. Грейзен кенорындарының кен денелеріне көбінесе желі, штокверг, минералданған белдемдер пішіні тән. Желілердің қалыңдығы бірнеше сантиметрден бірнеше метрге дейін, созылымы бойынша ұзындығы 1-2 км, еңістігі бойынша 70-80 метрден 600 метр тереңдікке дейін таралады. Көбінесе күрделі пішінді желі-штокверг жаралымдар кездеседі. Айтылып өткендей, грейзендік кенорындар альбититтермен тығыз генетикалық байланыста. Кейде бұл байланыс кеңістікте де байқалады, бірақ олардан металлогениялық бағыты бойынша көп айырмашылығы да бар. Егер альбититтердің типоморфтық элементтеріне ниобий, тантал менцирконий жатса, ал грейзендерге көбінесе вольфрам, қалайы, молибден, т.б. тән. Грейзендік кенорындар арасында мынадай негізгі типтер бөлінеді: вольфрамит-топаз-кварцты, касситерит-топаз-кварцты жөне жиынтықты вольфрамит-молибденит-топаз-кварцты.  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%92%D0%BE%D0%BB%D1%8C%D1%84%D1%80%D0%B0%D0%BC%D0%B8%D1%82" \o "ВоÐÂ" Вольфрамит-топаз-кварц кенорындары лейкократтық және пегматоидтық гранит массивтерінің күмбез тәрізді апикал бөліктерінде және олардың сыртқы жапсар белдемдерінде орналасады. Кен денелері шток, штокверг, желі пішінді болады. Басты HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%93%D1%80%D0%B5%D0%B9%D0%B7%D0%B5%D0%BD%D0%B4%D1%96%D0%BA_%D0%BA%D0%B5%D0%BD%D0%BE%D1%80%D1%8B%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D1%80_blank"кен минерал - вольфрамит, сонымен қатар касситерит, молибденит, висмутин ұшырасады. Сыйыстырушы таужыныстар грейзенденеді, мусковиттенеді, биотиттенеді және кварцталады. бұл типті кен-орындар дамыған жерлер Қазақстанда (ақшатау, Қараба), Забайкальеде (Спокойнинск), Чехияда (Циновец), Германияда,Францияда (Монтебрас), ҚХР (Пяотан, Синь-хуаньшань), Моңғолияда (Югодзыр, Баянмод), Австралияда (Вольфрам Кемп, HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A2%D0%BE%D1%80%D1%80%D0%B0%D0%BD%D0%B3%D1%82%D0%BE%D0%BD&action=edit&redlink=1" \o "Торрангтон (мұндай бет жоқ)"Торрангтон).
35.Ликвационды кен орындарының түзілу жағдайы. ликвация үрдісі,яғни кенді силикаты құрамды магманың салқындаған кезде араласпа тың екі сұйыққа сульфидті және силикат құрамды және олардың ары қарай оқшаулап, кристалдану нәтижесінде қалыптасады. Магма ликвациясының басты геохимиялық факторлары мынандай: күкірттің концентрациясы; магманың жалпы құрамы(темір,кремний,магний болуы); кенді фазасында мыс,никель,т.б. элементтің болуы; Магма ликвациясының оның тау жыныстарын араласып, химиялық тепе-теңдігі бұзылуы себеп болуы мүмкін. Ликвация басталғанда сульфид фазасы сұйық силикат массасында ұсақ тамшы тәрізді шариктер фазасында машыла кристалданады. Шариктер жолақтарға,ұяларға бірігіп, олардың бір бөлігі тығыздығына байланысты магма камерасының туы маңы бөліктеріне бөлінеді,ал қалған бөліктері камераның түбіне жетпей,орта жолда қалады. Түбіне жетпей тамшылар тұтас өзіне жасауы мүмкін. Сульфид балқыманың негізгі бөлігі силикат балқымадан кейін кристалданады, сондықтан кен денелері көбінесе эплгенетикалық сипатқа ие болып, түпнұсқа тау жыныстар арасында тұтас кеннің қиюшы желілері мен жатындарын жасайды.

Приложенные файлы

  • docx 14735213
    Размер файла: 89 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий