Geol_MPI


Геология полезных ископаемых
1.Магмалық кен орындар (ликвациялық, бастапқы және соңғы магмалық). Жалпы мағлұмат, геологиялық жасы, жаралу жағдайлары, пайдалы қазбалар мен мысалдар.Жаралу жағдайлары
Магмалық кенорындар ультранегізді, негізді немесе сілтілі құрамды рудалы магманың дифференциалану және кристалдану процесінде, жоғары температура (700-1500̊ С) мен жоғары қысым жағдайында және үлкен тереңдікте (˃3-5 км) қалыптасады. Магмалық кенорындардың рудажасаушы элементтердің негізгі көзі Жердің жоғарғы мантиясының заты болып табылады.
Ликвациялық кенорындар ликвация процесі, яғни рудалы- силикат құрамды магманың салқындауы барысында араласпайтын руда (сульфид) және силикат құрамды екі сұйыққа бөлінуі және олардың ары қарай оқшауланып кристалдануы нәтижесінде қалыптасады. Магма ликвациясының басты геохимиялық факторлары мыналар: 1) күкірттің концентрациясы; 2) магманың жалпы құрамы, әсіресе оның құрамында темір, магний және кремний болуы; 3) силикат фазасында мыс, никель және басқа халькофиль элементтер болуы.
Бастапқымагмалық кенорындар руда минералдардың силикаттардан бұрын немесе бір мезгілде кристалдануы, яғни қатты фазаның сұйық магма балқамасында оқшаулануы нәтижесінде қалыптасады. Алғашқы кристалдану хромит, платина тобындағы металдар, алмас пен сирек жерге (монцанит) тән. Олар өздерінің жоғарға тығыздығына байланысты сұйық силикат балқымада магма камерасының түбіне қарай батады. Бұл жерде олар графитациялық және конвекциялық ағын ықпалынан жылжып, байыған бөлікшелер (сегрегациялар) жасайды. Бұл бөлікшелер өзінің құрамы бойынша сыйыстырушы таужыныстарға жақын болады, олардан құрамында руда компоненттері мөлшерінің артық болуымен айрықшаланады.
Соңғымагмалық кенорындар құрамында құнды компоненттердің негізгі массасы шоғырланған қалдық руда балқымасынан қалыптасады. Бұл типті кенорындарда алдымен таужыныс жасаушы силикат минералдар кристалданады. Қалдық балқыма тектоникалық қозғалыстардың, ішкі кернеу және ұшпа компоненттердің ықпалынан қатайған силикат интрузияда жарықшаларды, силикат минералдар түйірлердің арасындағы әр түрлі қуыстар мен бос аралықтарды толтырады. Осыған байланысты руда минералдар силикат түйірлерді цементтеуден қалыптасқан сидерониттік құрылым дамиды.
Магмалық текті кенорындар негізінен жіктелген магмалық таужыныстар массивінде жатады. Геосинклин белдемдерде перидотиттермен байланысты хромит пен платиноидтардың алғашқы және соңғы магмалық кенорындары, сонымен қатар габбро-дунит-пироксенит таужыныстарда орналасқан соңғы магмалық титанмагнетит кенорындары қалыптасады. Платформаларда ликвациялық кенорындар негізді және ультранегізді таужыныстардан тұратын интрузияларда, ал алмасты кимберлиттер ультранегізді типті жарыламдарда орналасады. Соңғы магмалық апатит, апатит- магнетит және сирекжер рудаларының кенорындары сілтілі таужыныстармен ассоциацияланады.
2.Карбонатиттік кен орындар. Жалпы мағлұмат, жаралу жағдайлары, пайдалы қазбалар, мысалдар.
Карбонатиттік кенорындар соңғы магмалық жарылымдардың айрықша типін құрайды. Зерттеушілердің көршілігі оларды жеке топқа бөледі. Бірақ олардың ультранегізді- шөгінді таужыныстың күрделі интрузивтерімен кеңістікте және генетикалық байланыста болуы, пайдалы минералдық массалардың аталған интрузиялардың аяққы даму сатысында бөлінуі- кенорындарды сипаттап отырған класқа жатқызуға мүмкіндік береді. Карбонатиттік кенорындар біршама сирек және олардың құрамында соңғы кездері ғана қызығушылық туындаған өту айрықша пайдалы компоненттер комплексі бар. Қазіргі кезде карбонатиттік ультранегізді-сілтілі таужыныстардың 200-дей массиві анықталған.Мұндай массивтер Карелияда, Кола түбегінде, Шығыс Сібірде, Приморьеда табылған. Алыс шетелдерде олар АҚШ, Канад, Бразидия, Германия, Швеция, Норвегия, Финляндия, Гренландия, Австралия, Индия, Ауғанстан мен Африканың бірқатар аудандарында белгілі.
Карбонатиттер өте маңызды өнеркәсіптік мәнге ие. Олармен тантал, ниобий, сирекжерлердің негізгі ресурстары, титан, темір рудасы, флюорит, флогопит, апатит және т.б. едәуір қоры байланысты.
Карбонатиттермен апатит- магнетит, флогопит, сирек металдар мен сирекжер элементтердің кенорындары байланысты (АҚШ, Канада, Бразилия, Африка).
3.Пегматитті кен орындар. Жалпы мағлұмат, геологиялық жасы, жаралу жағдайлары, пайдалы қазбалар, мысалдар.
Пегматиттер деп тереңдік массивтер қатаюының аяққы сатысында қалыптасатын, минералдық құрамы, морфологиясы, құрылымы мен генезисі бойынша өзіндік сипатқа ие соңғы магмалық жәнеметасоматоздық денелерді айтады. Олар интрузиялық таужыныстар мен постмагмалық руда желілері арасында өтпелі жағдайда болады.
Пегматиттердің өнеркәсіптік құндылығы өте жоғары болғанына қарамай, олардың генезисіне қатысты көптеген мәселелер әлі күнге дейін толық шешімін тапан жоқ. Бұл олардың типтерінің көптігіне, құрылысы мен құрамының заңдылықтарын анықтаудың күрделілігіне байланыста. Пегматиттер қалыптасуының физиклық-химиялық және геологиялық жағдайларының кең диапазоны осының куәсі.
Қазіргі гипотезалар бір-бірінен мынадай пункттер- пегматит жасаушы магма балқымасы мен метасоматоздың ролі, өзгертуші ерітінділердің көзі, магма балқымасындағы жүйенің тұрақтылық дәрежесі мен ұшпа қосылыстардың ( су және т,б) ерігіштігі бойынша алшақтайды. Осы белгілер бойына қазір ұсынылған гипотезаларды шамамен үш топқа бөлуге болады: 1) қалдық балқыма гипотезасы; 2) метасоматоздық еретінді гипотезасы; 3) қалдық балқыма мен метасоматоздық ерітінді гипотезасы.
Минерал жаралу процесі 700-800-ден 400-500˚С-қа дейіні температура аралықтарында жүреді. Осыған байланысты пегматит жаралымдарының әр фазасында өзіндік минералдар бөлініп, тиісінше пегматит денелерінің құрылысы өзгереді.
Қарапайым пегматиттер арасында өнеркәсіптік мәнге кварц-далашпатты кенорындар ғана ие. Олар комплексті керамикалық шикізат ретінде пайдаланылады. Керамикалық пегматит кенорындары Карелияда (Хетоламбино, Чкалов, Лупикко), Кола түбегінде, Украинада (Бельчаков, Глубочанск), Шығыс Сібірде (Мама-Чуя), Швецияда, Финляндияда, Норвегияда, индияда, АҚШ-та, Канада, Бразилияда белгілі.
Қайта кристалданған пегматиттер. Олар үшін әр түрлі кристалды ірі және зор түйірлі құрылым тән, ол бастапқы заттың газдық-сулық ерітінділері ықпалынан қайта кристалдануы нәтижесінде қалыптасады. Қайта кристадану процесінде кварц, далашпат пен мусковиттің ірі кристалдары пайда болады. Белдемділік жоқ болуы мүмкін. Сипатталған пегматиттер дербес алаңдар мен желілер жасап, күрделі пегматиттер алаңы арасында орналасады.
Қайта кристалданған пегматиттермен мусковиттің бірігей өнеркәсіптік көзі болып табылатын мусковит-кварц-далашпат кенорындары байланысты. Бұл типті кенорындар Шығыс Сібірдегі Мама-Чуя ауданында, Карелияда (Чупино-Лоух тобы), Кола түбегінде (Енск мен Стрельнинск) шоғырланған. Алыс шетелдерде мусковиттің негізгі массасы Индия мен Бразилияданың қайта кристалданған пегматит кенорындарында өндіріледі.
4.Скарндық кен орындар. Жалпы мағлұмат, геологиялық құрылымдар, жаралу жағдайлары, пайдалы қазбалар, мысалдар
Скарн – метасоматоздық жолмен карбонат, кейде силикат таужаныс арасындағы интрузивтердің жапсарлық белдемінде жаралған карбонат-силикат құрамды таужыныс. Құрамында саны мен сапасы өнеркәсіптік талаптарға сай келетін, құнды минералдық шикізат бар скарндар өзі аттас – скарндық немесе жапсарлық метасоматоздық пайдалы қазба кенорындары деп аталады.
Интрузивтердің өзгеріске ұшыраған аумағындағы бөліктеріндегілер – эндоскарндар, ал сайыстырушы таужыныстарда орналасқандар – экзоскарндар деп бөлінеді. Мұндай таужыныстардың көпшілігі интрузивтердің жапсарлы бойында орналасқандықтан, экоскарндарға жатады. Кейбір скарн жатындары сыйыстсрушы тыужыныстардың қабаттылық беттері арқылы интрузивтерден ондаған-жүздеген м-ден 1-2 км-ге дейін алыс орналасады.
Ең қарқынды скарнжаралу орташа құрамды ( гранодиорит, кварцты диорит, монцианит) интрузиялардыңжапсарында және орташа тереңдіктерінде жүреді. Скарндық кенорындар қалыптасуына интрузиялардың жайпак жапсары, тектоникалық бұзылыстар, олардың сыртқы және ішкі жапсарларындағы қарқынды жарықшақталған белдемдер, сыйыстырушы таужыныс құрамының карбонаттылығы (әктас, доломит пен мергель) қолайлы факторлар болып табылады.
Скарнжаралу метасоматоздық процесс ретінде жұқарған және делдиген көптеген бөлікшелерден тұратын, ирелең шекалары бар руда денелерінің пайда болуына әкеледі. Морфологиясы бойынша скарн жатындары мынадай типтерге бөлінеді: қабатты және қабат тәрізді, линза тәрізді, шток, құбыр, желі мен желі тәрізді, ұя, құрделі тарамдалған денелер. Скарндардың ұя тәрізді денелері кейде көлденеңінде бірнеше м-ден асады, құбыр тәрізді және желілі денелер 1-1,5 км-ге дейін созылуы мүмкін, қабат тәрізділердің қалыңдығы 100-150 м, ұзындығы 2-2,5 км болады.
Скарндар интрузияларды сыйыстсрушы таужыныстардың құрамына байланысты әкті және магнезийлі (кейде сонымен қатар силикат скарн) түрлерге бөлінеді. Скарндардың осы негізгі түрлеріне байланысты пайдалы қазбаларымен, сонымен қатар морфологиясы мен жатыс жағдайлары бойынша ажыратылады.
Басты руда минералдар магнетит, гематит, пирит, кобальтин, пирротин болса, бейрудалылары – пироксен мен анартас. Мұндай кенорындар бар жерлер: Қазақстан(Соколов-Сарыбай, Қашар және т.б.) , Орал(Высокогорное, Гороблагодать), Закавказье (Дашкесан), Батыс Сібір(Таштагол, Абакан, Шерегеш) , сондай-ақ ірі кенорындар Болгарияда, Италияда, ҚХР, Жапония мен АҚШ-та бар.
5.Гидротермалық кен орындар. Жалпы мағлұмат, минералдық заттының көзі, жаралу жағдайлары, пайдалы қазбалар, мысалдар
Гидротермалық процесі негізізінен жер қыртысының жоғарғы бөлігінде айналымданатын және суыған магмалық денелердің туындылары болып табылатын минералданған ыстық газдық-сулық ерітінділерден қалыптасады.
Минералдық заттар көпшілік жағдайда сулық ерітінділерде тасымалданады. Гидротермалық минералдар жаралу бойынша плутогендік (тереңдік) пен вулканогендік (жербеттік) болады. Олардың қалыптасуының температурасы 400—50° С, тереңдігі 300-500 м ден 1-2 км.
Гидротермалық-шөгінді (стратиформтық) кенорындар жаралу жағдайлары
Бұл топқа жаралуы гидротермалың-шөгінді болуы ықтимал кенорындар жатады, біраң олар HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A1%D1%82%D1%80%D0%B0%D1%82%D0%B8%D1%84%D0%BE%D1%80%D0%BC&action=edit&redlink=1" \o "Стратиформ (мұндай бет жоқ)"стратиформдық (қабаттың жатые пішіні бойынша) терминімен генезисінің тольщ анықталмағандығы салдарынан аталған. Қарастырылып отырған кенорындардың жаралуына қатысты бірнеше HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%93%D0%B8%D0%BF%D0%BE%D1%82%D0%B5%D0%B7%D0%B0" \o "Гипотеза"гипотеза бар. Кейбір HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%93%D0%B5%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3" \o "Геолог"геологтар бұл кенорындарды бастапқы-шөгінді сингенезистік, бірақ кейінгі кездері біршама өзгерістерге ұшыраған деп санайды. Сонымен қатар, академик Қ.И.HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D3%99%D1%82%D0%B1%D0%B0%D0%B5%D0%B2" \o "Сәтбаев"Сәтбаев кенорындардың қалыптасауы гидротермалық эпигенезистік, олар әрозиямен ашылмаған тереңдегі интрузиялық таужыныстар массивімен байланысты деген пікір айтады. бұл кенорындардың жаралуы полигендік; олар ұзақ уақыт ағымында қалыптасқан деген HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%93%D0%B8%D0%BF%D0%BE%D1%82%D0%B5%D0%B7%D0%B0" \o "Гипотеза"гипотеза кең таралған. Гипотезаның туындауына кенорындардың шөгінді қатқабаттар дамыған аудандарда орналасып, бұл жерде гидротермалық минералды ерітінділердің көзі болатын интрузиялық массивтердің болмауы ықпал еткен. Бұл гипотезаның негізінде көптеген стратиформдық кен-орындардың ұзақ дамығандығы туралы деректер, олардың сингенезистік шөгінді де, әпигенездік жаралымдар сипатының да болуы орналасңан. Кенорындардың қалыптасуы сингенезистік вулканогендік-шөгінді кен Жиналудан басталып, диагенез сатысына өтеді деп жорамалданады. Осыдан кейін, жатындар өздері қалыптасқаннан кейінгі жас жаралымдармен жабылған соң, кен-жаралу жерасты ыстық минералды судың әрекетіне байланысты жалғасқан. Осы судың ыңпалынан минералдың массалар ңайта топталып, әпигенездік кендену жүрген.
Басты минералдар - HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D1%84%D0%B0%D0%BB%D0%B5%D1%80%D0%B8%D1%82" \o "Сфалерит"сфалерит, HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%93%D0%B0%D0%BB%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D1%82" \o "Галенит" галенит, HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D0%B8%D1%80%D0%B8%D1%82" \o "Пирит" пирит, HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B0%D0%BB%D1%8C%D1%86%D0%B8%D1%82" \o "Кальцит" кальцит, HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%94%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%BC%D0%B8%D1%82" \o "Доломит" доломит, кейде HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B0%D1%80%D0%B8%D1%82" \o "Барит"барит; қосымша минералдар - HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D1%80%D0%BA%D0%B0%D0%B7%D0%B8%D1%82" \o "Марказит"марказит, халькопирит, борнит, қорғасынның сульфотүздары, HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B2%D0%B0%D1%80%D1%86" \o "Кварц" кварц, HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A4%D0%BB%D1%8E%D0%BE%D1%80%D0%B8%D1%82" \o "Флюорит" флюорит. Кен жолақ, желішікті және қабатталуы бойынша секпілдік бітімді, ұсақ түйірлі құрылымды болады. Кеннің құнды компоненттеріне қорғасын мен мырыштан басқа мыс, күміс, кадмий жатады. бұл типке жататын кенорындар HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D2%9B%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD" \o "Қазақстан"Қазақстанда (Мырғалымсай, Шалғия), Орта Азияда (ұшқұлаш, Сумсар, Жерғалан) дамыған. Олар, сондай-ақ Полыпада (Олькум, Болеслав), Болгарияда, Францияда, Италияда, Испанияда, Иранда (Ангуран), Мароккода, Алжирде, Тунисте, HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D2%9A%D0%A8" \o "АҚШ"АҚШ -та (Миссисипи-Миссури), [[ HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B0%D0%BD%D0%B0%D0%B4%D0%B0" \o "Канада"Канада | Канадада ]] (ПайнПойнт) таралған. Киноварь-антимонид кенорындары геосинклиндердің түрақталған алқаптарында немесе платформалардың белсендірілген белдемдерінде орналасады. Олардың магмалық таужыныстармен тікелей байланысы анықталмаған. Осы себепті Мұндай кенорындар беймагмалық деп аталады. Олар күмбез тәрізді және сандықша қатпарлармен, сондай-ақ айырылымдық бұзылыстармен күрделенген терригендік және карбонат комплекстер арасында жатады. Кен қабат тәрізді жатындар мен линзалардан, көбінесе кенді желілер мен штоквергтермен тоғысқан денелерден түрады. Басты кен минералдар - киноварь, антимонид; қосымша минералдар - реальгар, аурипигмент, пирит, халькопирит, марказит, солғын кендер. Негізгі желілік минералдарға HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B2%D0%B0%D1%80%D1%86" \o "Кварц"кварц, HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9A%D0%B0%D0%BB%D1%8C%D1%86%D0%B8%D1%82" \o "Кальцит" кальцит, HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A4%D0%BB%D1%8E%D0%BE%D1%80%D0%B8%D1%82" \o "Флюорит" флюорит пен HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B0%D1%80%D0%B8%D1%82" \o "Барит" барит жатады. Кенорындардың Мұндай типі таралған жерлер: HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9E%D1%80%D1%82%D0%B0_%D0%90%D0%B7%D0%B8%D1%8F" \o "Орта Азия"Орта Азия (Қадамжай, Хайдаркен, Чаувай), HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A3%D0%BA%D1%80%D0%B0%D0%B8%D0%BD%D0%B0" \o "Украина" Украина ( HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9D%D0%B8%D0%BA%D0%B8%D1%82%D0%BE%D0%B2%D0%BA%D0%B0&action=edit&redlink=1" \o "Никитовка (мұндай бет жоқ)" Никитовка), HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%BE%D0%BB%D0%B3%D0%B0%D1%80%D0%B8%D1%8F" \o "Болгария" Болгария ( HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A0%D1%8B%D0%B1%D0%BD%D0%BE%D0%B2%D0%BE&action=edit&redlink=1" \o "Рыбново (мұндай бет жоқ)" Рыбново), HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%98%D1%82%D0%B0%D0%BB%D0%B8%D1%8F" \o "Италия" Италия, HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%98%D1%81%D0%BF%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D1%8F" \o "Испания" Испания ( HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%BB%D1%8C%D0%BC%D0%B0%D0%B4%D0%B5%D0%BD" \o "Альмаден" Альмаден), HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%A5%D0%A0" \o "ҚХР" ҚХР ( HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A1%D0%B8%D0%BD%D1%8C%D1%85%D1%83%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D0%BF%D0%B0%D0%BD%D1%8C&action=edit&redlink=1" \o "Синьхуаныпань (мұндай бет жоқ)" Синьхуаныпань, HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%92%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D0%BF%D0%B0%D0%BD%D1%8C&action=edit&redlink=1" \o "Ваныпань (мұндай бет жоқ)" Ваныпань), HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D0%B5%D1%80%D1%83" \o "Перу" Перу. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%93%D0%B8%D0%B4%D1%80%D0%BE%D1%82%D0%B5%D1%80%D0%BC%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B-%D1%88%D3%A9%D0%B3%D1%96%D0%BD%D0%B4%D1%96_(%D1%81%D1%82%D1%80%D0%B0%D1%82%D0%B8%D1%84%D0%BE%D1%80%D0%BC%D1%82%D1%8B%D2%9B_)_%D0%BA%D0%B5%D0%BD%D0%BE%D1%80%D1%8B%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D1%80" \l "cite_note-0"[1]
6. Колчеданды кен орындар. Жалпы мағлұмат, жаралу жағдайлары, пайдалы қазбалар, мысалдар
Колчедан типтілерге рудасы темір сульфидтерінен тұратын кенорындар жатады.Олардың минералдық құрамында пирит пен пирротин басым болады, аз мөлшерде марказит, халькопирит, борнит, сфалерит және солғын кендер кездеседі. Бейруда минералдарының мөлшері аз, олар барит, кварц, карбонаттар мен хлориттен тұрады. Кен жатындарын сыйыстырушы таужыныстар хлориттену өзгерісіне ұшырайды. Өзгеріс негізінен жатынның жатқан қапталында жүреді.
Колчедан кенорындарының өзіндік ерекшеліктеріне олардың вулканогендік – шөгінді таужыныс белдеулеріне, тектоникалық бұзылыстар мен жарықшақтармен қираған брахиантиклин құрылымдарда орналасуы жатады, сондай-ақ негізді және қышқыл құрамды субвулкан интрузиялармен байланысты болады. Руда денелері негізінен линза, желі, қабат тәрізді жатындар мен шток, секпілдік және желішікті белдемдер пішінді.Сондай-ақ руда денелерінің пішіндері мен ішкі құрылысы сыйыстырушы таужыныстар метаморфизмнің дәрежесіне байланысты болады. Шамалы өзгерген таужыгыстарда руда колломорфтық құрылымды болып, изометрлі пішінді, ұзыншақ штоктар мен қабат тәрізді жатындарды жасайды. Қатты метаморфталған таужыныстардағы жатындар жалпақ пішінді, ал руданың құрылымы кристалды болады.
Колчедан кенорындары арасында мынандай типтер бөінуі мүмкін: пирит(күкіртті колчедан), халькопирит – пирит(мысты колчедан), галенит- сфалерит- пирит(полиметалды колчедан) кенорындары.
Пирит кенорындары күкірт қышқылы өндірісінің шикізат көзі. Руда толығымен пириттен тұрады, аз мөлшерде кварц кездеседі. Кенорынның бұл типі Оралда(Қарабаш), Закавказьеде( Чирагидзор, Тандзут), Испания мен Жпонияда белгілі.
Халькопирит- пирит кенорындары (оралдық тип) көбінесе базальтоидтық формациялардың шөгінді-вулканогнедік қатқабаттарында немесе кремнийлі- терригендік жаралымдарда орнаоасады. Руда денелері жанартаулық брекчиялар мен туф арасында жатады, ал кенорындардың орналасуын көбінесе оқшауланған жанартаулық құрылымдар бақылайды.Кен денелері үйлесімді қабат жатындар мен линза пішінді, сондай-ақ олармен тоғысқан шток, штокверк пен желі түрінде кездеседі. Кен денелерінің ұзындығы бірнеше км-ге, қалыңдығы ондаған км-ге жетеді.
Сипатталған кенорындар типі ТМД аумағында Қазақстанда (Зырьяновск, Риддер – Сокол, Тишинск, Белоусов, Жайрем, Текелі), Прибайкальеде (Холодинск), Забайкальеде (Озерное), Кавказда (Филизчай, Маднеули), ал шетелде – Германия ( Раммельсберг), Испания ( Рио- Тинто), Норвегия, Швеция (Фалун), Мьянме, Жапония, Австралия, АҚШ пен Куба ( Санта – Люсия) аумағында дамыған.
7. Мору қыртысының кен орындары. Жалпы мағлұмат, мору қыртысының профильдері, жаралу жағдайлары, пайдалы қазбалар.
Жаралу жағдайлары.Мору кенорындары минералдармен таужыныстарға атмосфераның жер беті мен жер асты суының, органикалық агенттердің ықпал ету нәтижесінде жаралады. Олардың әрекетінен таужыныстармен минералдар механикалық жолмен жекелеген құрамдас бөліктерге қирайды, содан кейін химиялық процестер ықпалынан ары қарай өзгеріске ұшырайды. Бұрынғы минералдар экзогендік жағдайларда төззімді жаңа минералдармен алмасады. Бұл процестердің мору деп аталатын белгілі. Олардың нәтижесінде мору қыртысы мен олармен байланысты мору кенорындары қалыптасады.
Мору қыртысы - дербес континенттік геологиялық формация. Ол жер бетіне шыққан түбірлік таужыныстарға атмосфералық және биогендік агенттер ықпал ету нәтижесінде жаралып, осы таужыныстардың механикалық, химиялық және биохимиялық қирау өнімдерінен тұрады. Мору қыртысы барлық экзогендік кенорындар минералдық массаның қуатты көзі.
Мору кенорындарының қалыптасуы жер қыртысының жер беті маңы бөлігіндегі термодинамикалық жағдайларда химиялық төзімсіз болатын тереңдік таужыныс массаларының қайта топтануына байланысты. Мору қыртысы Жер қойнауында грунт суы деңгейіне дейін, яғни жер бетінен60-100 м, кейде 200 м тереңдікке дейін таралады. Морудың негізгі агенттеріне су, оттек, көмір қышқылы, организмдер мен температураның ауытқуы жатады.
Пайдалы қазба кенорындарынаң мору кезіндегі өзгерістеріХимиялық және физикалық мору кезінде пайдалы қазба денелерінің минералдық,химиялық, құрамы мен құрылысы үлкен өзгерістерге ұшырайды. Ең үлкен өзгеріс сульфид руда денелері, көмір қабаттары, минералдық тұздар мен күкірт жатындары морыған кезде орын алады.
Пайдалы қазба денелерінің жер беті маңындағы өзгерісі мору қытысындағы жоғары оттектік әлеует жағдайында минералдың төзімсіз болуына байланысты. Бастапқы минералдардың ыдырауы нәтижиесінде жаңа қосылыстар пайда болады. Олардың кейбіреулері орнында қалады, келесілері шығарылып барып қайта түзіледі, үшіншілері-жыныстап кетіп шашырайды. Өзгерістің негізгі бағыты пайдалы қазба заттарының тотығуымен байланысты. Руда денелерінің тік бағыттағы өзгеру интервалы тотығу белдемі деп аталады.
Қайта баю немесе керіштену белдемінің пайда болуы, тотығу белдемінен шаймаланған металдардың бір бөлігінің қайта түзілуіне байланысты. Бұл белдемнің жоғары горизонттары туынды сульфиттермен ерекше байиды. Ал терендеген сайын туынды сульфиттер мөлшері азайып, біртіндеп бастапқы рудуға өтеді. Сульфитпен кайта баю белдемінің қалындығы бірнеше м-ден ондаған м-ге дейін өзгереді, кейде жүздеген м-ге жетеді. Бұл белдемнің дамуы бірқатар факторларға байланысты. Ең қолайлы факторлар қатарына жылы, біршама ылғал климат, орташа тілімденген белдер, рудалар мен капталдасатын таужыныстардың қарқынды жарықшақтылығы, осы таужыныс пен руда арасында рудалы ертінділермен тотығу белдемінде-ақ әрекеттесетін карбонаттардың жоқ болуы, бастапқы руданың пирит-халькопиритті құрамы жатады.
Темір. Тотыққан пирит ІІ-темір сульфатына өтеді, ол еркін оттек болған жағдайда ІІІ-темір сульфатына түрленеді. Бұл сульфаттың гидролизі кезінде қиын еритін темір гидросиді пайда болады, ол ертіндіден лимонит гелі ретінде тұнады. Жалпы алғанда тотығу белдемі темір гирокситеріне қарқынды байитындықтан,оны көбнесе «темір телпек» деп атайды.
Мыс. Мыс сульфиттері(мысалы халькопирит) тотыққан кезде оңай еритін сульфат пайда болып,ол тотығу белдемінен шығарылады.Мыс қайта баю белдемінде бөлінетіндіктен, тотығу белдемінде оның мөлшері күрт азаяды.
Қорғасын. Галениттің тотығуы қиын еритін сульфат-англезит жаралуына әкеледі, ол тотығу белдемінде жиналады,ал ары қарай қиын еритін карбонатқа өтеді.кейде тотығу белдемінде бастапқы галенит те сақталады.
Мырыш. Сфалерит тотыққан кезде оңай еритін сульфат пайда болып,ол керіштену белдемінде түзілмей, кенорынан тыс алқапта шашырап кетеді. Мырыш тек қана карбонат (смитсонит) немесе силикат(каламин)дамыған жағдайда шоғырланады.
Алтын. Тотығу белдемінде біршама алыс қашықтықтарға жүзгін немесе еріген күйде жылыстайды. Ол керіштену белдемінің жоғарғы белдемінде шөгінеді.
Күміс. Тотығу белдеміндегі күмістің әрекеті оның бастапқы руда құрамындағы форамасына байланысты болады. Сомтума күміс көбнесе тотығу белдемінде тұрақтап,ал сульфиттер құрамындағы күміс ертіндінің құрамына өтеді. Егер күміс ары қарай галогендер құрамына кірсе, ол тотығу белдеміне жиналады, ал басқа жағдайларда ол керіштену белдемінде шоғырланады.
Мору қыртысында барлық көмір түрлестері көп өзгерістерге түседі. Олардың ылғалдылығы 20 есеге дейін, ұшпа компоненттердің молшері 4-5 есеге, күлділігі 12 есеге, тығыздығы 1,5 есе артады. Сонымен қатар кокстің шығымы 4-5 есе, көміртек пен сутек мөлшері азаяды,пириттің ыдырауына байланысты көмірдің күкірттілігі күрт төмендейді.
8.Метаморфтық кен орындар. Метаморфогендік кен орындар.Жалпы мағлұмат, геологиялық жасы, жаралу жағдайлары, пайдалы қазбалар, мысалдар.
Жаралу жағдайлары. Метаморфизм - геологиялық денелердің температура, қысым, газ бен сұйық ерітінділер ықпалынан өзгеріске ұшырау процесі. Бұл өзгерістер пайдалы қазба денелерінің жатыс жағдайы мен морфологиясына, таужыныс пен пайдалы қазбаның құрылым-бітіміне, минералдық және химиялық құрамына әсер етеді.
Метаморфтық кенорындар
Бұл кластың кенорындары өзгергенге дейін практикалық мәнге ие болмаған таужыныстар метаморфизмі нәтижесінде қалыптасады. Мұндай жағдайда пайдалы қазба заты компоненттерінің жинақтала кристалдануы мен топтануы салдарынан жаралады. Бұл процес ұшпа қосылыстардың қатысуымен,бірақ руда сыйыстырушы қатқабаттан заттың әкелуінсіз жүреді.
Метаморфтыққа негізінен аймақтық метаморфизм жағдайларында жаралған бейметалл пайдалы қазба кенорындары жатады. Метаморфтық кенорындардың басты типтеріне дистен-силиманит, графит, мәрмәр, кварцит пен жабындық тақтатас кенорындары кіреді.
Жоғарғы алюмототықты шикізат немесе дистен-силлиманит кенорындары сазды тақтатастардың аймақтық метаморфизмі кезінде пайда болады. Олар көбінесе кристалды тақтатастардан, гнейс пен амфиболиттерден тұратын докембрий таужыныстары қатқабаттарында орналасқан.
Руда денелері дистен мен силиманитке байығантақтатас пен гнейстің жекелеген горизонттары болып табылады. Жатындар біршама қашықтыққа дейін созылады. Руда негізінен секпілді кейде тұтас.Бұл типті кенорындар Қола түбегінде (Кейв), Саха Республикасында (Чайныт), Забайкальеде (Кяхтинск, Китой), Индия мен АҚШ-та (Калифорнияда, Виржиния) дамыған.
Мәрмәр кенорындары Оралда (Уфалей, Коелгинск, Баландинск), Қазақстанда (Саяқ, Жәйрем және т.б.), Алтайда (Ороктой),иСалайыр бұйратында (Пуштулим), Саянда (Кибир-Кородон), Орта Азияда (Газган), Кавказда бар.
Кварцит кенорындары сирек кездеседі. Олардың ішінде ең белгілілері -Карелиядағы Шокшинск ,жекелеген кенорындар Донбаста, Кузбаста және Оралда кездеседі.
Жабындық тақтатас кенорындары Карелияда, Украинада, Оралда (Атлян), Батыс пен Шығыс Сібірде, Орта Азияда, Забайкалье мен Кавказда белгілі.
Альпілік желілер де метаморфтық жаралымдар типіне жатады.Олар жарықшақтарды метаморфизм кезінде пайда болған минералдық заттың толтыруынан қалыптасады.Бұл желілердегі жаралымдар мен сыйыстырушы таужыныстардың заттық құрамы ұқсас болып келеді.
9. Шашылым кен орындары. Жалпы мағлұмат, геологиялық жасы, жаралу жағдайлары, пайдалы қазбалар, мысалдар.
Шашылым кен орындары сынықты түзілімдер арасында тау жыныстар мен бұрынғы пайдалы қазба кен орындарыныңфизикалық пен химиялық моруға ұшырап, қирау мен қайта түзілу процесінде босап шыққан құнды компоненттердің шоғырлануынан пайда болады.
Жаралу жағдайлары бойынша шашылым кен орындары арасында элювийлік, пролювийлік, аллювийлік (немесе өзендік), литоралдық (немесе жағалаулық) мұздықтық және эолдық түрлер бөлінеді. Шашылымның қалыптасу механизмі сынықты материалдың ірілігі, тығыздығы мен бөлшектерінің пішіні бойынша іріктелгендігі, сынықтардың уатылуы мен жұмырлануы, материалдың тасымалдауға механикалықберіктігі мен әр түрлі дәрежедегі химиялық төзімділігі бойынша дифференциациялануына байланысты.
Элювийлік шашылымдар түбірлік тау жыныстар жатқан жерде пайда болып, олардың контуры шамамен бір-біріне сай келеді.
Делювийлік шашылымдар сынықты материалдың салмақ күші ықпалынан беткей бойынша сырғу процесі кезінде іріктелуі арқылы қалыптасады.
Пролювийлік шашылымдыр өте сирек кездеседі. Олар тау бөктерінде беткейлердегі сынықты материалдың уақытша ағындар арқылы шайылуы салдарынан дамиды. Мұндай шашылымдардағы сынықтар нашар жұмырланып, шамалы іріктіледі.
Аллювийлік шашылымдар су түбіндегі шөгінділердің дифференциациялануы мен шайылып түзілуі арқылы жаралады. Материалдың жиналуы тек қана белгілі бір кездері аллювийдің оңтайлы режимде жылжуынан жүреді
Шашылым кен орындары мынадай типтерге бөлінеді:
Алтынды (аллювийлік) – Ресей (шығыс Сібірде – Алдан, Колыма өзендерінің аңғары), Австралия (Калгурли), АҚШ (Аляска, Калифорния), Бразилия;
Платиналы (элювийлік және аллювийлік) – Ресей (Орал), Конго, Зимбабве, Эфиопия, АҚШ (Аляска), Колумбия;
Алмасты (шашылымдардың барлық генетикалық типтері) – Ресей (Саха, Орал), Үндістан,ОАР, Намибия, Ангола, Танзания, Конго, Австралия, Венесуэла;
касситерит –вольфрамды (делювийлік және аллювийлік) – Солтүстік –Шығыс Ресей (Иультин), Саха )Якутия, Омчи –Кандин, Депутатское), Забайкалье (Шерловогорск), Қазақстан (Қараоба, Бұғыты), Конго, Бразилия
монцонитті және цирконды (литоралдық) – Үндістан, Австралия, Бразилия;
колумбит –танталитті – Ресей, Конго, Нигерия,Бразилия;
магнетит –ильменитті (литоралдық) – Ресей (Батыс және Шығыс Сібір), Орта Азия, Үндістан, Мадагаскар, Австралия, АҚШ, Бразилия
10. Игерімдік немесе өндірістік барлаудың мақсаттары мен міндеттері
Карьерлердегі игерімдік барлау жұмыстарының негізгі міндеттері болып табылатындар: кен денелердің, руда арасындағы бос тау жыныстардың контурларын дәлді түрде анықтаулары, рудалардың типтері мен сорттарын айқындап олардың контурларын көрсету, кенорынды игеруіне қатысты гидрогеологиялық және инженерлі геологиялық жағдайларын анықтау. Игерімдік барлау жұмыстары екі түрге бөлінеді – алдынала және ілеспе барлаулар.
Алдынала игерімдік барлау жұмыстарында келесідей мәселелер шешімдерін табады – ағымдағы тазартпа жұмыстары жүргізіліп жатқан деңгейжиектен төмендегі бір-екі деңгейжиектерде кен шоғырларының сыртқы контурларын дәлдіктеу, руда араларындағы бос тау жыныстардың контурларын алдынала түрде анықтау, әртурлі типті, сортты рудаларды контурлау. Мұндай мәліметтер карьерлер борттарының алар орындарын анықтауға, болашақтық және ағымдағы қазып алу жұмыстарын жоспарлауға қажет болады.
Алдынала игерімдік барлау жұмыстары бойынша дайындаған қорлар мөлшері біржылдық қазып алу көлемінен кем болмауы тиіс, ал тау-кен қазба жұмыстарын тиімді және онай түрде жобалауы үшін одаң екі-үш есе асырып тұрған жөн болады.
Игерімдік барлау жұмыстары әдептегідей колонкалы тік немесе көлбеу бұрғылау ұнғылармен, кейбір жағдайларда кернсіз бұрғылаумен, сирек түрде канавалар қазу арқылы атқарылады.
Игерімдік барлауы міндеттерінің бірі – кен шоғырының тереңдік деңгейлеріндегі негізгі параметрлерін болжауы. Бұл мәселе көптеген жағдайларда геологиялық барлау кезіндегі ұңғылар торабын бірте-бірте жиілетуі арқылы жүзеге асырылады.
Пайдалы қазба кенорындарын болашақтағы өнеркәсіптік нысана ретінде геологиялық зерттеуде екі негізгі мәселе шешіледі:
1. Жер қойнауындағы пайдалы қазбаның таралуы мен ондағы бағалы құрамбөлшектерді анықтау және кенорынның кеңістіктік моделін құрастыру;
2. Пайдалы қазба таралған жер қойнауының көлемі мен оның осы көлемдегі сапасын анықтап, білу.
Ал пайдалы қазбаның жер қойнауындағы орналасу ерекшілігі техникалық әдіс-амалдармен тау-кен қазындылары мен бұрғылау ұңғымалары және геофизикалық зерттеу әдістері көмегімен анықталады. Ұңғымалар мен тау-кен қазындылары белгілі бір барлау торабы бойынша жүргізіледі, ал олар ұзақ жылдар бойы жинақталған практикалық тәжірибиеге және пайдалы қазбаның таралуы заңдылығына сүйенеді. Бағалауда (барлауда) жобалауда ұқсас кенорындарды зерттеуден алынған тәжірибе мәліметтерді жүйелеу, ортаңғы мөлшерін алу практикасы қолданылады. (10-кесте )
11.Барлау торының тығыздығы
Барлау торабының тығыздығы кенорындардың геологиялық құрылымының күрделігіне сәйкес етіп алынады. Игерімдік барлау жұйесі әдептегідей геологиялық барлау жүйесіне сәйкес етіліп оны одан ары дамыту арқылы (жиі ету) іске асырылады. Кен шоғырлары күрделігіне сай етіп барлау торабы жиі етіледі. Бірінші кезекте контур ішіне кіретін ұңғылар бұрғыланады. Негізгі профильдер бойындағы ұңғылар мәліміттері бірыңғай шешім қабалдауға мүмкіндіктер бермеген жағдайларда арасында қосымша профильдерді бұрғылауы қажет болады. Олар біршама қысқада болулары ықтимал.
12.Біріктірілген геологиялық құжаттар
Біріктірілген (қорытындылаушы) геологиялық құжаттарды бастапқы құжаттаудың деректерін сарапатауы арқылы жасайды. Кенорынды игруі кезінде пайда болған материалдар, міндетті түрде, сарапаталып қорытындылауы тиіс, демек оларды кейінгілер пайдалануға қажет болады. Біріктірілген геологиялық құжаттарға жататындар:
деңгейжиектік геологиялық пландар (маркшейдерлік деректер негізінде), оларда кен денелердің контурлары, литологиялық стратиграфиялық шекаралар, құрылымдық элементтер көрсетіледі;
геологиялық және игерімдік профильдері бойынша салынған көлденен және бойлық геологиялық қималар. Олар кен денелердің морфологиясын, жатыс жағдайларын сипаттайды;
геология технологиялық сорттарын және сапасын көрсететін деңгейжиекті пландар;
карьердің және рудниктің (шахтанын) жерастындағы игерімдік деңгейжиектерлерінің біріктірілген геологиялық пландары;
рудалардың, кен денелердің, кенорынның құралымдық-морфологиялық және сапалық изосызықтары салынған пландармен қималар;
кенорынның болмаса онын жеке бір денесінің блок-диаграммасы;
күрделі кенорындарда гидрогеологиялық және инженерлі геологиялық карталар (пландар).
Біріктерілген геологиялық құжаттарға және жататындар көлденнен және бойлық қималары келтірілген ауданмен кенорнының геологиялық карталары.
Қойылған мақсатқа қарай геологиялық құжаттаудың келесідей амалдары қолдануда:
жаппай;
дәлдікті және арнаулы;
құрылымдық-геологиялық карталау;
фотоқұжаттау.
Барша тау қазбалармен тазартпа забойлар (әрбір алға жылжуы сатысы сайын) жаппай геологиялық құжаттауға арналады. Құжаттау мен сүреттерін салуы 1:200-1:500 масштабта жасалады да онда зерттеу нысанының негізгі элементтері көрсетіледі.
Дәлдікті геологиялық құжаттауға күрделі яғни геологиялық жағынан қызықтыратын нысандар жатады: кен денелердің морфологиясымен ішкі құрылыстары, кенге дейінгі және кеннен кейінгі тектоникасы, геологиялық элементтерінің кеністікті – уақыты өлшемдердегі бір-бірінен қатынастары.
Арнаулы геологиялық құжаттау тақырыпты зерттеулері кезінде жекелеген қызықты бір мәселелерді шешуге арналады, мысалы парагенетикалық минералды ассоциацияларды карталауы мен зерттеуі, кенеңгізуші тау жыныстар комплексінің фациальді ерекшеліктері т.б.

Приложенные файлы

  • docx 14735453
    Размер файла: 44 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий