MPI_MARZhAN


38. Жапсарлык- метасоматоздык кен орындар?
Жапсарлык метасоматоз класына интрузиялык тау жыныстар массивтерінің жапсар маңы белдемдері мен кеңістік пен генетикалық бағыты және негізінде метасоматоз үрдісі нәтидесінде қалыптасқан кен орындар бірігеді. Метасоматоз бір минералдар агрегатын екіншілері химиялық құрамын өзгертіп, алмастыру үрдісі. Бір минералдардың еруі мен екіншілердің жаралуы бір мезгілде жүреді. Бұл жағдайда минералдар тау жыныстар қатты күйін сақтайды және олардың көлемі өзгермейді. Метасоматоз үрдісінде барлық жағдайларда химиялық белсенді газдың сулық ерітінділер қатысып, олар хим. Компоненттерді шығарады және әкеледі. Жапсарлық метасоматоздық кен орындар үшін ерітінділердің негізгі көзі балқымадан, оның эв- сы кезінде бөлініп шығатын заттар б.т. Тереңдерден магманың газсыздану үрдісінде бөліп шығатын ерітінділер де белгілі бір рөл атқаруы мүмкін. Бұл ерітінділер мен жер қыртысына енген магма бір көзден п.б. Ерітінділер негізінен сулық болғанымен оның құрамында едәуір мөлшерде көмір қышқылы, металдар, күкірт қосылыстар, кен заттары болады. Бұл ерітінділер тау жыныстарындағы жарықшақтар мен кеуектер арқылы сіңіп, олардан метасоматоздық алмасуларға әкеледі. Жапсарлық метасоматоздық класқа альбиттік, грейзендік, скарндық кен орындар жатады.
39. Метасоматоздық алмасу қандай физ. химиялық жағдайларда жүреді, альбиттік, грейзендік, скарындық кен орындар қалай қалыптасады?
Метасоматоз үрдісінде барлық жағдайларда химиялық белсенді газдың сулық ерітінділер қатысып, олар хим. Компоненттерді шығарады және әкеледі. ерітінділер тау жыныстарындағы жарықшақтар мен кеуектер арқылы сіңіп, олардан метасоматоздық алмасуларға әкеледі. Температура төмендеген сайын ерітінділердің физ. күйі біртіндеп газдан сұйыққа өзгереді.
Зат тасымалы 2 түрге бөлінеді:
Диффузиялық химиялық компоненттер қозғалыссыз кеуек ерітінділер арқылы олардың концентрациясы жоғары жерлерден концентрациясы төмендеу бөлшектерге жылыстайды.
Инфильтрациялық еріген заттар ерітінді ағымымен тасымалданады.
Альбиттік, грейзендік, скарндық кен орындар арасындағы айырмашылық негізінен белсенді магмалық пен сыйыстырушы тау жыныстарының құрамына метасоматоз сипатына п.қ ерекше типтері болуына байланысты. Альбитит бұрын жапсарлық метасоматоз жыныстарының тылдық бөлігінде орналасады және сындарлықтан жоғары ерітінділердің әрекетіне байланысты болады. Грейзиндер метасоматоз шебінің бойымен температураның жоғарылығы шамалы газдық сулы ерітінділер әрекетіне байланысты кейінірек жаралады. Альбитит пен грейзин қалыптасу темп. 300-6000С, тереңдігі 1-4 км, қысымы 130 мПа деп бағаланады. Скарндық кен орындар қалыптасуы кальцилік және магнилік үрдістеріне байланысты. Бұл үрдістер қышқыл және қышқылдау гранитоидтардың оларды сыйыстырушы карбонат кейде силикат тау жыныстары қатпарында өтеді. Тереңдік 500-2000 м шамасында болады. Көптеген зерттеулер пікірінше бұл кен орындардың жаралу температурасы кең ауқымда өзгереді.
43. Метомарфизм үдерісіне геологиялық денелердің құрылысы мен құрамы қалай өзгереді?
Метомарфизм геологиялық денелердің температуралық қысым, газ бен сұйық ерітінділер ықпалынан өзгеріске ұшырау әдісі. Бұл өзгерістер п.қ денелерінің жатыс жағдайлары мен марфологиясына тау жыныстарының құрылымы мен бітіміне, минералдық және химиялық құрамына әсер етеді. Темір гидрооксидтері метомарфизм кезінде магнетитке пиролюзит пен магнатит, браунитке, боксит корунтқа, опал кварцқа, фосфорит опатитке, түрленеді. Органикалық зат граниттенеді, сазды тақта тастар, анартас слюдаларға өзгереді. Метомарфизм үрдістерінде қалыптасқан минералдар: магнетит, гематит, браунит, гипс, алунит, малахит, темір гидроксидтері белгілі, бірақ олар метомарфизмде сақталмайды. Қабат тәрізді, линза, желі тәрізділер басым таралады. Денелер өлшемдері көбінесе ірі болады. Ұзындығы мен ені бойынша 10км, қалыңдығы ондаған және жүздеген м ге жетеді.
44. Метаморфталған кенорындар жаралуының геологиялық жағдайлары мен пайдалы қазбаларының ерекшелігі қандай?
Метаморфталған кенорындар деп аймақтық және термалдық жапсарлас метомарфизм үрдістеріне бұрын болған пайдалы қазбалар кен орындары бойынша қалыптасқандарды айтады. Бұл үрдісте п.қ денелері де, сыйыстырушы тау жыныстары да, пішіні, құрамы мен құрылысы бойынша метаморфтық белгілерді йемденеді, бірақ минералды шикізаттың өнеркәсіпті қолданылуы өзгермейді.
45. Метаморфтық кенорындар жаралуының геологиялық жағдайлары мен пайдалы қазбаларының ерекшелігі қандай?
Метаморфтық кен орындар тау жыныстарының және көбінесе бұрын өнеркәсіптік маңызы болмаған кенорындарының метомарфизмге ұшырау үрдісінде пайда болады. Сонымен бұл жағдайда пайдалы қазбалардың өзі метомарфизм үрдістердің нәтижесі болып табылады.

Приложенные файлы

  • docx 14735770
    Размер файла: 15 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий