geologia_MPI_dino


58. Алаңдық мору қырытысы жабын немесе жамылғы түрңнде қалыптасады, және оннан жузге дейінгі шаршы километрді алып жатыр.Сызықтық мору қыртысы жапсарда сызықты кескінді болады және жарылу аймағына орайластырған.
59. Пайдалы қазбалардың пайда болуы бұрыңғы үгілу қыртысымен байланысты. Үгілу қыртысында алюминий, темір, марганец, никель, кобальт, уран, аз кездесетін элементтер, барий, металдық емес кен орындар кездеседі. Сонымен қатар үгілу қыртысы алтын, платина, касситерит, титаномагнетит, циркон, монацит, қымбат тастар және т.б кен орындарымен байланысты. Қалдық кен орындар – Жердің жоғарғы қабатында ерітінділерінің қосылысынан және құнды минералдардың қиын еруінің қалдықтарының жиналуынан пайда болатын пайдалы қазбалардың тыңайған жерлері. Қалдық кен орындарына: темір, марганец, никель, каолин жатады.
60. Инфильтрациялық кенорындары инфильтрация үрдісі кезінде қайттан шөгінді минерал заттарының үгілу қыртысында минералдыұ масслардың жиналуынын қалыптасады. Үгілу қыртысында минералдық массалардың химиялық ұстамдылығы нәтижесінде, көмірқышқылдар мен оттегі жаңаланып өзгереді және судың әсерінен химиялық ұстамсыз бола бастап жер бетіне шығарылған алғашқы руда және төменгі тау жыныстар қалыптасады. Құрамында металлдар бар минералдық бірікпелердің бір бөлігі төменде жатқан жарықшақтар мен кеуектерде грунтты сулардың ерітіндісінде фильтрленеді. Көптеген жағдайларда инфильтрациялық мору кенорындарында уран кенорны, мыс кенорны, қарапайым күкірт кенорындары жатады.
61. Үгілу кен орны— Тау жыныстарының химиялық үгілуінен пайда болатын пайдалы қазбалар кені. Үгілу кен орны бұрыңғы геологиялық кезеңде қалыптасқан және қазіргі кезеңде тереңдіктегі тау жыныстарының ажырауынан пайда болған. Судың, оттектің, көмірқышқылдың, органикалық және бейорганикалық қышқылдардың ықпалынан, сонымен қатар, тау жыныстарының қарапайым организмдерінің жиналуы қиын силикатты агрегаттан жай оксид пен гидрооксидке айналып бөлінуінен болады. Қиын еритін қосылыстар Жер бетінде жиналып, қалдық кенорындар түзеді. Қалдық үгілу кен орындарына уран, мыс, табиғи күкірттер жатады. Бұған кең таралған уранның құмды қабаттарының кен орны мысал бола алады. (Колорадо-Плато). Үгілуде физикалық, химиялық және биохимиялық үдерістің арқасында пайда болған тау жыныстары мен оларды қосатын Жер бетінде пайда болған минералдар түсіндіріледі. Бұл құрылымдар мынадай факторларға байланысты: температураның өзгеруінен; су мен газдың, көмірқышқыл мен оттектің химиялық әсерінен; органикалық заттардан. Яғни, үгілу процесі Жер бетіндегі атмосферамен, гидросферамен және биосферамен әрекеттесуімен тығыз байланысты. Үгілу процесі климатқа, рельефке, органикалық әлем мен уақытқа байланысты болады62. Сульфид кенорындары мен кен шоғырларының үстіңгі,яғни грунт сулары деңгейінен биігірек орналасқан қабаттарында тотығу белдемі болады. Бұл өңірдегі ылғалдар оттек пен көмір қышқылына мейлінше қаныққан күйде ұшырасады да,тотығу жағдайына төзімсіз минералдар жаппай өзгерістерге ұшырап, сульфидтер есебінен тотықтар қалыптасады. Жарықшақты, кеуекті, карбонатты жыныстардағы сульфид құрамды кендерде, тұз және көмір қабаттарында тотығу белдемі қарқынды жүреді. Темірдің гидрооксиді суда нашар еритіндіктен кеннің бетінде ғана орын алады. Мұны сульфиттік кеннің темір “қалпағы” деп атайды. Тотығу белдемінде түзілген сульфаттар мен карбонаттардың сол орында қалуы да, немесе басқа жаққа орын ауыстыруы да мүмкін. Кейде ерітіндіге көшкен металдар (мыс, алтын, күміс, уран) кен денелері бойымен төмен түсіп (грунт суларының деңгейінен төмен), бастапқы кентаспен әрекеттесіп сульфаттармен қайта баю белдемін түзеді. Кеннің тотығу белдемінің қалыңдығы бірнеше м-ден, ондаған, кейде жүздеген м-ге дейін жетеді. Мыс кендерінің тотығу белдемінде алтын мен күміс мол болады. Бұл белдемнің кентасы алдын ала байытусыз-ақ тікелей қорытуға жіберіледі. Қазақстанның мыс және полиметалл кендерінде кең тараған тотығу белдемінің өндірістік мәнімен бірге кен іздеу белгілері ретінде атқаратын маңызы зор.
63. Мору қыртысы – ауаның судың және организмердің бірігіп әсер етуі салдарынан жер бетінде тау жыныстарының өзгеруңнен пайда болатын борпылдық қабат. Ыстық және ылғалды климатта үгілу қабығының қалыңдығы 100-200 м одан да көп болуы мүмкін.

Приложенные файлы

  • docx 14735772
    Размер файла: 18 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий