Қыз Жібек текст


Қыз Жібек
1 сахна
Музыка. Қобыз. Соғыстан кейінгі сәт.
Төлеген: Бұл ел бір апатқа ұшыраған болдығой.
Шеге: Апат болғанда да айта қаларлықтай апат болған екен.
Аз ғана аАлты Шекпі кіммен араздасып қалған екен?
Қай бір сырттан келген жау дейсің? Өзді өздері шығар?
Көш керуен.
Қаршыға: Туың міне Алдияр! Қыйсайған жоқ. Желбіреп барып жекілдеп қайтты.
Бекежан: Жеріңе қызыққанды жерге аунатып қырдық, суыңа қызыққанды суға аунатып ұрдық.
Сырлыбай: Ұраның басқа болса да өрісің бір екенін көрсеттің Бекежан мырза! Абырой атаққа ортақсың жаным!
2 сахна
Жібек: Сүйінші! Сүйінші! Жау жеңіліпті! Сүйінші! /Қыздардың шығуы. хор/
Қыздар: Дүрия! Дүрия! /Дүриянің әні/
3 сахна
Бекежан: Ер арманы Жібек
Тұғырыңда тілеп
Отырмысың тотым?
Дүрия: «Отырмысың тотым?»
Қай уақытта болып еді
Жібек сенің тотың?
Имені жоқ, сыйлау жоқ.
Сенікі осы қай көку?
Жігіттер: Қанды қолмын жасырман
Құс шырман басымнан
Қаны тамған қанжармын
Қыз алдында бас ұрман
Ұсынаң олың жетпейтін
Қызыл нармын бір туған!
Ханға лайық басым бар,
Төрге сүйреп шығарам
Ерге лайық кеудем бар
Өрге сүйреп шығарам!
Жібек Гәкку
Дүрия: Бір көкірек әйтеуір,
Басылмай жүрген баяғы
Қолы жетпеске ұмтылад
Байқап баспай аяғын
Бекежан: Қой-қой байқаусызда сағанда тиіп кетер таяғым.
Жібек: Бекежан олардың айтесің? Оданда әніңді айт, көңіл көтерейік
Бекежан: Жібекжан қол жетпес құмарымда, жел шалмас шынарымда сенсің!
Бекежанның әні жиырма бес.
4 сахна
Дүрия: Әттең мен Жібек емеспін. Әйтпесе мен оған былай дер ем?
Қыздар: Не дер ең?
Дүрияның әні Ағажан.
Бекежан: Қой қой бұл өкпең ғой. Айталмай жүрген ішіңдегі дертің ғой. Сонда да сене алмаспын ау. Сен тұрмақ, сен сықылды салдырлаған қыздарға көзімнің қырында салмаспын.
Жібек: Бекежан. Дегенменен тоқталмай Дүрияның жауабын қайтар.
Бекежан: Жібекжан менің оған айтар жауабым жоқ, менің сөзім өзіңде.
Бекежан мен Қыз Жібектің дуэті.
5 сахна
Шеге: Төлеген. Қыздар!
Шегенің әні.
Дүрия: Келе сала қақсаған,
біреудің жоғын жоқтаған.
Мына бір сорлы кім екен?
Шеге: Төскейде малымыз,
Төсекте басымыз қосылған жағалбайлы боламыз. Мынау Базарбай мырзаның үлкен ұлы Төлеген.
Бекежан: Уа! Мыналар не деп сандалады ей! Қайда жр десем сайда жүр екенсіңдер ғой.
Дүрия: Жарасым дегенге жаның қаспа сенің? Неге кимелейсің?
Бекежан: Е е е Жағалбайлымыз де? Төсекте басың қосылса, Қосөркеште қаның неге қосылмады?
Төлеген: Уа мырза! Жағалбайлының айыбы қанды қырғынға келмей қалғаны болса сол қырғынның айыбы кімде, абыройы неменеде? Соны ойлаған кім бар? Бүгін біреуді сен жеңіп жатсаң, ертең біреу сені жеңіп жатар. Осыдан тапқан олжамыз қайсы? Қаралы ат, ұаралы жесір қаптап келе жатса, жеңгендегі тапқаның осыма? Жеңген ел сен осындай күйге ұшырасаң, жеңілгеннің күні қандай екен? Соны ойлаған кім бар? Мен сізден ең алдымен осыны сұрағым келеді?
Халық: гуілдеп дұұрыс айтады!
Бекежан: аман сауыңда еліңді тап. Жағалбайлымен келісім болмайды.
Жібек: Бекежан аға. Айтып жеткізе алмай жүргеніңіз бір Қосөркештің жыры болса, оны рсы ел өзі ақ жеткізер еді-ау... алып бола алмай жүргеніңіз болса , алып болар едіңіз-ау. Жат қорлығынан құтқарысып, өз қорлығымды орнатам десеңіз, бұл ел оған көнбей жүрер... Ат тізгінін тарта ұстасаңыз қайтеді?
Шеге: Пах, пах ойдағының өзі екен.
Төлеген: Тоқта Шеге.
Төлегеннің әні Қос барабан
Жібектің Толқымасы
Алқарайкөк
6 сахна
Төлеген: Бақшаңдайын жайнаған
Бұлбұлым бол сайраған
Жібек: Бұлбұл емес жай құс боп
Ұнамай жүрсем қайтермін?
Төлеген: Танымаған бұлбұлды
Құлағым болар кінәлі.
Жібек: Әр айыпқа жаза бар
Тыңдай білмес құлақтан
Жұлып жүрсем қайтерсің?
Төлеген. Өзіне болар обалы
Өзім тоса беремін
Жібек: Айтылған сөз-атқан оқ,
Кетер, кейін қайрылмас.
Төлеген: Айтылған сөз, берген серт
Қайталанбас айнымас
Уәде деші осыны?
Жібектің әні Гәкку
7 сахна
Төлеген: Сіз жаңа ғана маған әйелдер алдында қыр көрсете сөйледіңіз ау деймін?
Бекежан: Немене арқаңа батқаны енді ғана білініп келеме?
Төлеген: Жоға... еркекке еркек еркекше сөйлейтін шығар деп ойлаушы ем.
Бекежан: а..а.. батқан екен бағланым. Ендеше еркекшемді айтайын. Аман сауыңда ауылыңды тап. Қынабың бар болғанмен қылыш ұстай білмессің. Менде қанжығамды былғап жүрмейін. Қайта ғой.
Төлеген: Қалауың осы болса, онда езгілесіп тұрмайық.
Бекежан: сандалмай қанша жерден атысарыңды айт.
Төлеген: 100 қадам
Бекежан: оқ талып келіп дарымасың дейсің ғой. 50 қадам.
Төлеген: Ендеше өз обалың өзіңе. Өлшеңдер жерді.
Садақ биі:
Жібек: Тоқтаңдар. Тоқтаңдар.
Бекежан: Жібекжан айтар жерім бқл емес білем. Айтпасыма амалым жоқ, таласымыз жалғыз сен, төрешіде өзің бол.
Жібек: Төрешінің арманы таластыру емес, табыстыру, қастастыру емес достастыру болса қайтесіңдер?
Төлеген: Мен көндім.
Бекежан: Нар тәуекел, менде көндім!
Жібек: Онда көшті тоқтатпайық жігіттер. Ойын-сауық үзілмесін. Төрешілерің мен болсам, құдай ойыма не құйса соны айтармын. Мына екі оқтың бірін қорамсадан көзімді жұмып тұрып, әлсіз қолыммен аспанға атармын. Сол оқ қай жерге қадалса, отауым сол жерге тігілер, сол оқтың иесі, отаудың да иесі болып кірер, енді бірің сол отаудың жан қиысар досы болып кірерсіңдер.
Қыздар: Жасаған-ай жаңылыстыра көрме.
Садақтың атылуы музыка
Шеге: Біздің оқ! Біздің оқ!
Хор Сәулем-ай.
Хор .
Шашу биі.
Кеңес күйі.
8 сахна
Шеге: Жабырқама Төлеген.
Жастар сенің жаныңда
Көнбесе әкең ғана көнбес.
Төлеген: Әке
Базарбай: Қыруар малды қырқап матап беруге қыз таба алмай барама Жайыққа? Өз көзім жұмылмай, тізгінімді бере алман. Өзім айттырмаған адамды, босағамды аттата алман.
Сансызбай: Көке! Ойдағы елді он аралап, қырдағы елді қырық аралап ұнатып қайтқаны осы Жібек емес пе? Алып қайтсын сүйген адамын. Рұқсатыңызды беріңіз.
Базарбай: Жоқ. Рұқсатым жоқ. Аттансаң жалғыз аттанасың. Жалғыз!
Шеге: Алдияр!
Сансызбай: Жігіттер! Қырықымыз қыңырды жеңерміз. Төлеген аға. Әкеміз батасын бермесе де Жібекті алып келерміз. Уайымдамаңыз.
Қамқа: Ақ тілеуге аттанған
Бағланымды баға жүр....
Аттан қарағым аттан!
Қамқаның ариясы.
Хор және Төлегеннің қоштасу әні.
9 сахна
Бекежан: Төлеген атқа бір қонсақ, ұшқан құс шаңымызға лесе алмас.
Төлеген: Бекежан. Достығың арзанға түскен жоқ. Арманым жоқ ақтадың.
Бекежан: Жібектің ауылына құшақтасып бірге барсақ ешкімде мін таба алмас.
Төлеген: Достығыңа ризамын Бекежан аға.
Бекежан: Аттан достым аттан!
Ақсақ құлан
Қыз Жібектің қоштасу әні.

Приложенные файлы

  • docx 14737696
    Размер файла: 19 kB Загрузок: 1

Добавить комментарий