teo_1-25_40-60


Педагогика (гр. 'παῖς', paіda — бала, гр. 'ἄγω', gogos — жетектеуші) — жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны. Ертедегі Грекия еңбекке, қол және соғыс өнеріне үйретуші құлдарды педагог деп атаған. Педагогика бұл-адамзат ғылымының ең ежелгі және қоғам дамуының ажырамас саласы болып табылады. Себебі: педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындау немесе тәрбиелеу мен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді. Педагогика барлық ғылымдар сияқты философия ғылымы аясында қарастырылды. Ежелгі грек философтарды Гераклит, Демокрит,Фальс, Сократ, Аристотель, Платон, т.б. ғылымдарының педагогикаға қосқан үлесі зор. «Педагогика» деген ұғым көне грек елдерінде б.э.б. 2,5 жылда пайда болған дейді.  Педагогика деген сөз, яғни тәрмин, көне грек тілінен шыққан, ол балаларды ертіп жүру, баланы жетектеп мектепке апаруы деген сөз. Анығырақ айтатын болсақ, "Педагогика" тер¬мині гректің екі сөзінен: "пайс" - балалар және "эгейн" - ба¬ланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан шыққан. Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Пе¬дагогика - бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім. Адам баласының ұрпағы үнемі жаңарып, өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау аясы кеңейе тусуде. Сондықтан "педагогика - бала тәрбиесі жайындағы ғылым", -деп шек қоюға болмайды. Педагогиканың ғылыми таным саласы - тәрбие. Педагогика қоғамдық өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Педагогика - жалпы адам тәрбиесі жайындағы ғылым . Ал тәрбие - жастарды әлеуметтік өмірге және еңбекке даярлап, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі.
Педагогика пәнін және оны зерттейтін салалаларын толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық. 
педагогикада – тәрбие, білім беру, оқыту ұғымдары жатады.
Педагогика ғылымының құрылымы, оның басқа ғылымдармен байланысы. Педагогика дамып, тәрбие мен білім беру жайлы ғылыми тарауларға бөліне бастады. Мысалы, педагогиканың жалпы негіздері, тәрбие теориясы, дидактика, т.б. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысыФилософия - табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдарын, түбегейлі мәселелерін зерттейді, өмір шындығын танып-білу жөніндегі көзқарастың негізгі жүйесі болып табылады, адамды күшті идеялық сенімге, айқын түсіне білушілікке тәрбиелейді.Ғылыми философия тұрғысынан қарағанда, мысалы, теріске шығару зақының мәнін былайша түсіндіруге болады: ескінің орнын жаңа басады, дамудық бір кезеңі екінші кезеңімен ауысады. Мысалы, қоғамның тарихи даму барысында бір формация екінші формациямен ауысады. Ғасырлар бойы табиғи дамудық негізінде жануарлар мен өсімдіктердің ескі түрлерін жаңа түрлері теріске шығарады.Ғылыми философия әр түрлі заттарды, құбылыстарды, оқиғаларды терең және жан-жақты зерттей білуді талап етеді. Сондықтан ол басқа ғылымдар сияқты педагогиканы диалектикалық әдіспен қаруландыра отырып, тәрбие және оқыту мәселерін ғылыми тұрғыдан шешуге көмектеседі.Кейбір жалпы мәселелер философия мен педагогика ғылымдарының бірігіп зерттеуін қажет етеді.Оларға тәрбиедегі жұртшылықтың рөлі, адамды қалыптастыруды тұқым қуалаушылықтың, ортаның және тәрбиенің рөлі, т.б. жатады.Педагогика психологиямен тығыз байланысты. Педагогика тәрбие мен дидактика мәселелерін әр уақытта психологиялық ғылыми мәліметтерге сүйене отырып зерттейді.Егер психология психикалық процесті (түйсік, қабылдау, зейін, ес, ойлау, т.б.) және адамның дербес ерекшеліктерін (темперамент, мінез, қабілет), демек, адам психологиясының даму заңдылықтарын зерттейтін болса, ал, педагогика осы мәселелерді терең пайдалана отырып, адамды қалыптастыру үшін тәрбие мен оқыту және білім берудің тиімді әдістері мен құралдарын анықтап ашады.
Педа¬гогика пәнін (зерттейтін) толық түсіну үшін ең алдымен негізгі педагогикалық ұғымдарды қарастырайық. Педагогика ғылымына үш ұғым жатады; тәрбие,білім,оқыту.
Тәрбие дегеніміз - адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тежірибені беру процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дегіінга мекеме, оқу тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды. Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық, мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді.
Білім беру - табиғат пен қоғам жайында жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі.Білім беру ұғымын педагогикаға тұңғыш енгізген И. Песталоцци.Білім беру - оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастық дамуына ықпал жасайтын процесс.
Оқыту - білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты, бір текті процесс:1. Оқытушы оқушыларға білім берін, іскерлік, дағдыға үйретеді. 2. Оқушы таным міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті, дағдыны игереді және оларды өмірде колданады.Ал адамның білім алуы тек оқыту процесінің нетижесі емес, оның; білім алуына көпшілік ақпарат құралдары кино, радио, телехабар, т.б. ықпал жасайды.Сонымен бірге адамның "жетілуі", "даму", "өзін-өзі тәрбие¬леу" ұғымдары да педагогиканың зерттейтін меселелері саласын толықтырады.
Негізгі педагогикалық, ұғымдар – тәрбие, білім беру, оқыту біріне-бірі теуелді, табиғи байланысты. Бұл ұғымдар жастарды өмірге, тәжірибеге дайындаудың басты құралы.
«Педагогика» оқу пәні ретінде бұрыннан бері оқытылып келеді. Оқытудың әдіснамалық, теориялық, әдістемелік негіздері анық және толық меңгерілген. Педагогиканы оқытудың әдістемесін оқу пәні ретінде оқыту көбінде эмпирикалық ыңғайға негізделген. Педагогиканың оқу пәні ретінде қалыптасуы мен әдістемелік жүйенің қалыптасу үдерісі қатар жүргендіктен, педагогиканы оқыту әдістемесі әлі жеке тұтас жүйе бола қойған жоқ. Айта кеткен жөн, педагогиканы оқытушылардың тәжірибесі және жоғары мектептегі дидактика саласындағы жекелей түрдегі ғылыми зерттеулер педагогиканы оқыту әдістемесіндегі теориялық ұстанымдар, қағидалар, ережелер мен ұсыныстарды жүйелеуге мүмкіндік берді. Педагогиканы оқыту әдістемесі екі бөлімнен тұрады (жалпы және жеке). Әдістеменің жалпы бөліміне педагогиканың әдіснамалық және жалпы педагогикалық негіздері кіреді. Әдістеме қолданбалы дидактика ретінде қарастырылған кезеңде, әдіснаманы жасап шығаруға қажеттілік болмады, себебі мұндай түрде дидактика әдіснама ретінде саналған еді. Оқыту әдістемесінің әдіснамасын ұғынбастан, берілген ғылым саласының негізін, оның тәжірибелік қолданылуын да, таным үдерісінің ерекшеліктерін де түсіне алмаймыз. Педагогиканы оқытудың оқу құралдарында әдіснама жайлы сұрақтар тура қойылмаған, алайда олардың авторлары әдіснамаға әдістеменің нысаны мен пәнін, арнайы ғылыми саламен дидактикамен, философиямен, психологиямен байланысын жатқызады. Зерттеушілер әдіснамалық негіз ретінде философиялық және педагогикалық концепциялар мен теорияларды, оқытушылардың, психологтар мен әдіскерлердің еңбектерін санайды. Осыдан оқу пәнінің әдістемелік әдіснамасы деп нені түсінеміз деген сұрақ туындайды. Ғылым әдіснамасының жалпы сипатына қысқаша тоқталсақ. Анықтамалық әдебиеттерде әдіснама танымның ғылыми әдісі ретінде; теориялық және практикалық іс-әрекетті ұйымдастыру тәсілдері мен принциптерін зерттейтін ілім ретінде; ғылымдарда қолданылатын әдістердің үйлесімділігі ретінде анықталады [13, 118-бет]. Философияда әдіснаманың мазмұнына біртұтас көзқарас қалыптаспаған. Оны көп жағдайда белгілі саладағы іс-әрекеттің қисындық ұйымдастыруына, әдістері мен құралдарына жатқызады [2, 108-бет]. Әдіснаманың философиялық және арнайы-ғылыми деңгейлері бар. Осы деңгейлерді педагогиканы оқыту әдістемесіне қатысты қарастырамыз. Әдіснаманың жоғарғы деңгейі – философия. Педагогиканы оқыту әдістемесіне келсек, кеңес кезінде философиялық негіз ретінде сөзсіз материалистік диалектика танылды. Қазіргі уақытта педагогиканы оқыту әдістемесінің көптеген әдіснамалық жағдайы қайтадан қарастырылып отыр. Алайда, көптеген ғалымдар қазіргі кездегі амалдардың көптүрлілігіне қарамастан, бұрынғыдай әдістеменің философиялық негізі ретінде диалектиканы есептейді. Олар келесі көзқарасты ұстанады: диалектиканың жағдайы жалпылама болып табылады, сондықтан да тәрбие, оқыту, педагогикалық жүйе құбылыстарына қолданылады [4, 61-бет]. Сондықтан философиялық теориялардың маңызды негіздерін еске түсіргеніміз жөн, өйткені педагогиканы оқыту әдістемесі тұрақты түрде онымен байланысты болады. Педагогика ғылымы да өзінің күш-жігерін, тәрбие, білім беру, оқыту мәселелерін зерттеуге бағыттайды. Педагогикалық зерттеу әдістері - педагогикалық болмыс туралы зерттеуші жинаған фактілерді және білімдерді талдаудық негізгі тәсілдері. Педагогикалық зерттеулер теориялық және эмпирикалық деп бөлінеді. Теориялық әдістер: ғылыми педагогикалық әдебиеттерді талдау; индукция; дедукция; жіктеу; аналогия; салыстыру. Эмпирикалық әдістер: мәліметтерді жинау (бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тест); тексеру және өлшеу (шкалалау); мәліметтерді өңдеу; математикалық, статистикалық, графикалық, кесте; баға беру әдістері (өзін-өзі бағалау, рейтингі, педагогикалық консилиум); зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу (эксперимент). Зерттеулерде мына әдістер пайдаланады.Педагогикалық бақылау.Бақылау баланың мінез-құлқын әр түрлі жағдайларда көруге мүмкіндік береді.Бақылау арқылы мұғалім өте құнды материалдар алады. Байқағыштық - педагогикалық біліктіліктің көрсеткіші.Л.Н. Толстой "Мұғалім баланы үнемі бақылап, ол туралы көзқарасын өзгерту үшін қайта бақылау керек", - деген.Бақылау нәтижелерінің дұрыс болуы оған сезім мүшелерінің бәрінің қатысуына байланысты.Күрделі бақылау - зерттеу жұмысында қолданылатын бақылау.Бақылау арқылы қандай да бір педагогикалық құбылыс мақсатты түрде бақыланып, ол туралы фактілер жиналады.
4. Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек « кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін « үнемі оқып – үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.
Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы алғанда «құзырлылық» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылық ұғымы – соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «сомпетенс»белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді. Бұл жайлы Б.Тұрғанбаева «... өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз » деп анықтаса, Ресей ғалымы Н.Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы ».
5. Педагогика тарихы ғылым ретінде және оның негізінде құрылған оқу пәні жалпы түрде қоғам өміріндегі тәрбиенің теориясы мен тәжірибесінің даму заңдылықтары үрдісін зерттейді. Тәрбиені кең мағынада түсінетін болсаң, сонда оның құрамына оқыту да, білім беруде кіреді.Тәрбиені әлеуметтік және педагогикалық құбылыс ретінде қарастыру қажет. Тәрбие үрдіс ретінде белгілі әлеуметтік, қоғамдық жағдайларда пайда болды. Ол қоғамдық дамудың тарихымен тығыз байланысты. Егер де тәрибеге жан-жақты берілген анықтамалардың бірінде “тәрбиені адамзат тәжірибесін бір ұрпақтан келесі ұрпаққа беру үрдісі ретінде қарастырады, демек, тәрбиенің қоғамның дамуында, ұрпақтар сабақтастығында, жас ұрпақтық өркениеттің, жинақталған тәжірибесін меңгеруде мәні ерекше”.
Педагогика тарихы-ғылым және оқу пәні ретінде кеңестік дәуірде көп жылдар бойы өзінің әдіснамалық негізі ретінде марксистік-лениндік ілімдігі, диалектикалық және тарихи материалдық біржақты басшылыққа алып келді. Бұл ілімнің қатаң қағидалары негізге алынады, ғылыми зерттеу жұмыстары мен әдебиеттер, өткендегі белгілі педагогтардың, ағартушылардың көзқарастары мен педагогикалық жүйелері, сонымен қатар әртүрлі тарихи кезеңдегі тәрбиенің, білім берудің, оқытудың теориясы мен тәжірибесін қарастырғанда және оған баға бергенде марксистік-лениндік әдіснама, партиялық таптық көзқарас тұрғысынан түсіндіріледі. Тарихи-педагогикалық үрдісті, оның ішінде тәрбие тарихын әлеуметтік құбылыс ретінде бағалауда таптық көзқарас басшылыққа алынды. Тарихи-педагогикалық құбылыстарға таптық тұрғыдан қарау тәрбиенің тарихи-теориялық теориясы мен тәжірибесінің барлық байлығын тежеп отырды, тарихтағы көрнекті педагог тұлғалардың идеяларын жеткіліксіз бағалауға, олардың дүниетанымдық идеяларын пайымдауда біржақтылыққа ұрындырды, сонымен қатар объективтік тұрғыдан оларыдң тарихи-педагогикалық үрдістегі орны мен мәнін дұрыс бағалалауға жол берілді. Әсіресе, бұл кемшіліктер педагогика тарихынан жазылған оқулықтар мен оқу құралдарында ерекше орын алды.
6. Алғашқы қауымдық тәрбие - алғашқы қауымдық кұрылыс шарттарында іске аскан өсіп келе жатқан ұрпаққа қоғамдық тарихи тәжірибені табыстау. Балалар мен жасөспірімдер алғашқы еңбек және соғыс кұралдарын жасау және қолдану дағдыларын игерді, бірге өмір сүру ережелерін меңгерді. Олар әртүрлі ырымдарды орындауға және барлық мүмкін «арнау» мен «сынаулардың» жүргізілуіне қатысты. Бала өмірінде өз орнын ойын да тапты
Ұрпақта еңбек іс әрекетіне дайындалу адамзат өз тарихы әр кезеңдерде түрлі жолмен шешімін тапқан, маңызды әлеуметтік педагогиканың мәселелері бірі болып табылады.Еңбек бөлінген жер өңдеу, мал шаруашылығы қол өнер пайда болғаннан кейін жоспарды тіршілік әрекетіне отбасына дайындады. Аншылық қауымындағы шаруашылық кәсібі адам өндірістік формадағы енгіншілік пен шаруашылық еңбегімен ұласты. Қоғамдағы беделді топ,көсем,ақсақал,дінбасар балаларды еңбекке баулау тәрбиесіне есепшотты пайдалануға үйретуге көңіл бөле бастады. Жер өлшеу,ауа райын, су тасқындарын болжау, адамды емдеу, білім үйрететін аранйы мекемелер ашылды.Онда болса практикалық іскерлік мен дағдылары жетілдірілді.Жинақтаған өмір тәжіребиесін адам ұрпақтан ұрпаққа беру бірлескен еңбек іс әрекетінде қалыптасып отырды.Олар балаларын өздерімен ертіп жүріп, аң балық аулауға және жеміс жинау жұмыстарына үйреткен.
Мектеп
Адам баласы балаларын ерте кездерден-ақ  оқыта бастаған. бар болғаны өзі өмір сүріп жатқан тайпа дұрыс деп баға беретін ережелерді үйреткен. Осы ережелерді білудің арқасында балалар өмірлерін аман сақтап қала алған. Мысалы, кейбір тайпалардың балалары бөгде адамды көрген кезде жүресінен отыратын болған. Бұл достық қарым-қатынасты білдіреді. Келесі бір тайпалар бас киімін шешетін болған. Алғашқы деректерге сүйенсек, ең алғаш Ежелгі Шығыста пайда болған.Шумерлер. Ертеректе жоғалып кеткен бұл тайпалар жайында тек ХІХ ғасырда ғана айтыла бастады. Шумерлер Тигр мен Евфрат өзендерінің аралығында өмір сүріп, тұрған жерлерінде мәдени орта қалыптастырған. Олар жер өңдеп, тігін тігу, киім тоқу, медий мен қоладан қару-жарақтар және саз балшықтан бұйымдар жасаған.Б.з.д. 3000 жылдың өзінде жазу үлгісін қалыптастырып, алгебра ережелерін меңгеріп, кез келген саннан түбір шығара алатындай дәрежеге жеткен. «Тақтайшалар үйі» атты мектептері болған. Оқушылар саз балшықтан жасалған тақтайшаларға жазатындықтан, мектептер дәл осылай аталған. Мектеп мүдірін «уммиа» деп атаған. Оған «аға мырзалар» көмектескен. Яғни, тәртіп пен білімге жауап беретін ұстаздар. Бүгінгі таңда шумерлік балалардың жазып қалдырған тақтайшалары табылып отыр. Осындай тақтайшалардың бірінде оқушы жазған шығармасында ұстазына алғыс айтқан. Осылайша жер бетіндегі ең алғашқы мектептер пайда болған.
7. Одан әрі тарихи дамудың нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс жаңа қоғамдық формация – құлдық қоғаммен ауысты. Ертедегі Шығыста алғашқы таптық қоғам пайда болды, материалдық және рухани мәдениеттің негіздері қаланды. Шығыс мәдениеті белгілі дәрежеде ертедегі Греция мен Рим мемлекеттеріне әсерін тигізді. Ертедегі Шығыс елдерінде арнаулы мекемелер (мектептер) бірте-бірте ашыла бастады. Ал мектептерде негізінен үстем тап өкілдерінің балалары оқыды.
Ертедегі Индияда мектеп ашыла бастады. Мыңдаған жылдар бойы қарапайым жер шаруашылығымен айналысатын қауымдардың ұйымдастыруымен қауымдық мектеп өмір сүрді.
Сонымен қатар Кіші Азияда және Египетте мектептер дами бастады. Адамдар табиғат құбылыстарына бақылау жүргізе бастайды, су тасқынын алдын-ала анықтауды үйренеді, астрономия, геометрия, арифметика, медицина сияқты ғылымдардың негіздері қалана бастады. Осы мәліметтердің барлығы үстем тап өкілдерінің қолында жинақталған. Ертедегі Қытайда төменгі және жоғары мектептер жұмыс істейді. Жоғары мектептерде үстем тап өкілдерінің балалары күрделі пероглиф тәсілімен оқуға және жазуға үйренді, философия және мораль жазушылар мен ақындардың шығармаларыноқып үйренді. Онда астрономиядан кейбір мәліметтер берілді. Ертедегі қолжазбаларда (Қытай, Индия, Мысыр және т.б.) тәрбие туралы мұғалім мен тәрбиеге қойылатын талаптартуралы құнды ойлар кездеседі. Бұл мектептерде қатаң тәртіп, дене жазалауды кеңінен қолданылады.Ертедегі Шығыстың, Греция мен Римнің құлиеленуші мемлекеттерінде тәрбиенің алғашқы жүйелері қалыптаса бастайды, алғашқы педагогикалық теориялар дүниеге келеді.Ертедегі Египетте мектепте оқыту туралы алғашқы мәліметтер б.э.дейінгі 3 мың жылдықтарға жатқызуға болады. Мыңдаған жылдар бойы Нил сағасында белгілі психологиялық жеке тұлға қалыптасты. Ертедегі египеттіктердің идеялы көзге сараң, дағдырдың қиындығы мен соққысына шыдай білетін, табанды адам болып табылады. Осындай адамды оқыту және тәрбиелеу мақсатын қойды
8. Ертедегі Қытайда төменгі және жоғары мектептер жұмыс істейді. Жоғары мектептерде үстем тап өкілдерінің балалары күрделі пероглиф тәсілімен оқуға және жазуға үйренді, философия және мораль жазушылар мен ақындардың шығармаларыноқып үйренді. Онда астрономиядан кейбір мәліметтер берілді. Ертедегі қолжазбаларда (Қытай, Индия, Мысыр және т.б.) тәрбие туралы мұғалім мен тәрбиеге қойылатын талаптартуралы құнды ойлар кездеседі. Бұл мектептерде қатаң тәртіп, дене жазалауды к Басқа да алғашқы адамзат өркениеттері сияқты Ертедегі Қытайдың бай және өзіндік педагогикалық дәстүрінің негізіне түбірімен алғашқы қауымдық құрылысқа кететін жанұялық-қоғамдық тәрбие тәжірибесі жатады.Әрбір жанұядағы өмір ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлер мен түсініктердің белгісімен іске асты. Барлық жанұя мүшелері белгілі ережелерді және шектеушіліктерді сақтау қажет болды, мәселен, жаман сөздер айтуға, үлкендерге және басқа да туысқандарға зиянды қылықтарға тиым салу.Қытайда ғасырлар бойы педагогикалық идеал қалыптасты, ол көп білетін, “өзінің жандүниесінде бейбітшілік пен үйлесілімділікті қалыптастыратын адамды тәрбиелеу” мақсатын қойды. Тәрбиелік қатынастардың негізіне жастардың үлкендерді сыйлай білуін жатқызды.
Ертедегі кітаптар бойынша, бірінші мектептер Қытайда б.э.д. 3-мыңжылдықта пайда болды. Олар сян және су сюй деп аталды. Оқытудың негізгі мақсаты пероглифті жазуды меңгеру болды. Оқыту және тәрбиелеу бағдарламасына 6 өнердің түрі кіреді: мораль, жазу, санау, саз, садақ ату, атқа міне білу.Қытай – ертедегі өркениеттің негізін қалаған мемлекеттің бірі ретінде тәрбие мен білім беруді теориялық тұрғыдан пайымдауға алғашқы қадамдар жасалды. Ертедегі Қытайда педагогикалық ой-пікірдің дамуына Конфуций және оның ізбасарлары ерекше ықпал етті.Конфуций (551-479жж. б.э.д.) өзінің мектебін құрды, онда 3 мыңға тарта шәкірт даярлады. Конфуций Ертедегі Қытайда тәрбиелеу және оқыту тәрбиесін жинақтады және өзінің тамаша ойлары мен идеяларын ұсынды. Конфуцийдің айтуынша, идеялдық тәрбиеленген адам адамгершілігі жоғары, шындыққа ұмтылу, әділдік, рухани мәдениеті бай адам болу керектігін ерекше жоғары бағалады.еңінен қолданылады.
Ертедегі Шығыстың, Греция мен Римнің құлиеленуші мемлекеттерінде тәрбиенің алғашқы жүйелері қалыптаса бастайды, алғашқы педагогикалық теориялар дүниеге келеді
Ертедегі Греция – көптеген құлиеленуші мемлекеттерді- полистерді біріктіретін ел. Греция тарихында екі мемлекеттің (полистің) – Афина және Спартаның ерекше мәні, ықпалы зор болды. Олардың әрқайсысында ерекше тәрбие жүйесі қалыптасты, оның ерекшелігі мынадай жағдайларға байланысты болды: бір жағынан, құлиеленуші құрылыстың жалпы заңдылықтарымен, екінші жағынын, сол елдің даму ерекшеліктерімен байланысты.
Ертедегі Грецияда тәрбиенің екі жүйесі қалыптасты: спартандық және афиналық. Кейбір жалпы ерекшеліктерімен қатар бір-бірінен елеулі айырмашылықтары да болды.
Спартандық тәрбие жүйесі. Спарта мемлекеті Ертедегі Грециядағы ең алғашқылардың бірі болды. Спартандық құл иеленушілік мемлекеттің негізгі шаруашылығы егіншілікпен айналысты. Құлдар бұл мемлекетте мемлекеттің жекеменшілігіне айналды. Спартандық және афиналық жүйенің айырмашылығы бұл мемлекеттердің экономикалық және саяси дамуының және мәдениеті жағдайының кейбір ерекшеліктерімен байланысты. Бұл екі мемлекетте құлиеленуші мемлекеттер болды, қоғамдық тәрбие жүйесі тек ғана құлиеленушілердің бағаларын оқыту және тәрбиелеу ісімен айналысты. Бұл мемлекеттерде құлдар барлық адамзат құқықтарынан айырылған болатынды. Сондықтан да Спарта мемлекетінде құлдардың көтерілісі жиі болып тұрды. Осы жағдай спартактарды қарудың күшімен өздерінің үстемдігін орнатып отырды.
Ертедегі Римде көп ғасырлық тарихының, дамуында жанұя және мектеп тәрбиесі мен білім берудің өзіндік тәжірибесі қалыптасты.Ұзақ уақыт Рим жанұясында рулық қауымның тәрбие дәстүрі сақталған болатын-ды, соған қарамастан үй тәрбиесінің сипаты ең алдымен Рим қоғамының әлеуметтік баспалдағынан жанұяның қандай орын алатындығына байланысты.Римде әйел белгілі құққа ие болады (мәселен тұқым қуалау саласында), бірақ ерлер өз балалары мен әйеліне толық үстемдік ете, басқара білді. 4-5 жасқа дейін балалар мен қыздар жанұяда бірге тәрбиеленді, содан кейін оларды бөліп тәрбиеледі. Қыздар анасының, қызметшілердің бақылауында болды. Қыздардың негізгі жұмысы тігіншілікпен айналысады, оларды сонымен қатар саз өнеріне, биге үйретті, ауқатты жанұяларда – грек тілін оқыды. Ер балалардың тәрбиесімен ерлер адамдар шұғылданды: әкелері, тәрбиешілер, кейде Грециядан шақырылғандары. Ер балаларды ерлердің айналысатын кәсібіне үйретті, ең алдымен қаруды қалай ұстай білуге үйретті.Бастауыш білімді ауқатты емес балалар элементарлық мектептерде алды, олар ақылы, жекеменшік мектептер болды, оларға қыздар да қабылданды. Ауқатты ата-аналардың балаларын, тәртіп бойынша, үй мұғалімдері оқытты, ең алдымен грек тілі мен әдебиетіне үйретті.Грецияның әсерімен грамматикалық мектептер пайда болды, онда 12 жастан 16 жасқа дейін бай, ауқатты ата-аналардың балалары оқыды. Оларға грек тілін, шешендік өнерін, әдебиет пен тарихтан кейбір мәліметтер берілді. Рим империясының пайда болуымен (ІІ ғ.б.э.д) императорлар грамматикалық мектептер мен шешендік мектептерді мемлекеттік мектептерге айналдырды, олардың міндеті – императорлық өкіметке берілген чиновниктерді тәрбилеу.
Христиан діні мемлекеттік дінге айналған кезде мұғалімдік қызметке дін өкілдері тағайындала бастады. Жанұядағы және мектептердегі тәрбие бірте-бірте діни сипатқа ие бола бастады.
9. Одан әрі тарихи дамудың нәтижесінде алғашқы қауымдық құрылыс жаңа қоғамдық формация – құлдық қоғаммен ауысты. Ертедегі Шығыста алғашқы таптық қоғам пайда болды, материалдық және рухани мәдениеттің негіздері қаланды. Шығыс мәдениеті белгілі дәрежеде ертедегі Греция мен Рим мемлекеттеріне әсерін тигізді. Ертедегі Шығыс елдерінде арнаулы мекемелер (мектептер) бірте-бірте ашыла бастады. Ал мектептерде негізінен үстем тап өкілдерінің балалары оқыды. Ертедегі Индияда мектеп ашыла бастады. Мыңдаған жылдар бойы қарапайым жер шаруашылығымен айналысатын қауымдардың ұйымдастыруымен қауымдық мектеп өмір сүрді.Сонымен қатар Кіші Азияда және Египетте мектептер дами бастады. Адамдар табиғат құбылыстарына бақылау жүргізе бастайды, су тасқынын алдын-ала анықтауды үйренеді, астрономия, геометрия, арифметика, медицина сияқты ғылымдардың негіздері қалана бастады. Осы мәліметтердің барлығы үстем тап өкілдерінің қолында жинақталған. Ертедегі Қытайда төменгі және жоғары мектептер жұмыс істейді. Жоғары мектептерде үстем тап өкілдерінің балалары күрделі пероглиф тәсілімен оқуға және жазуға үйренді, философия және мораль жазушылар мен ақындардың шығармаларыноқып үйренді. Онда астрономиядан кейбір мәліметтер берілді. Ертедегі қолжазбаларда (Қытай, Индия, Мысыр және т.б.) тәрбие туралы мұғалім мен тәрбиеге қойылатын талаптартуралы құнды ойлар кездеседі. Бұл мектептерде қатаң тәртіп, дене жазалауды кеңінен қолданылады.Ертедегі Шығыстың, Греция мен Римнің құлиеленуші мемлекеттерінде тәрбиенің алғашқы жүйелері қалыптаса бастайды, алғашқы педагогикалық теориялар дүниеге келеді.Ертедегі Египетте мектепте оқыту туралы алғашқы мәліметтер б.э.дейінгі 3 мың жылдықтарға жатқызуға болады. Мыңдаған жылдар бойы Нил сағасында белгілі психологиялық жеке тұлға қалыптасты. Ертедегі египеттіктердің идеялы көзге сараң, дағдырдың қиындығы мен соққысына шыдай білетін, табанды адам болып табылады. Осындай адамды оқыту және тәрбиелеу мақсатын қойды.
10. Ортағасырлық педагогикалық ой-пікірдің даму тарихында аты әлемге әйгілі ортағасыр данышпандары – Қожа Ахмет Яссауи, Ахмет Жүгінеки қазақ жерін әлемге мәшһүр етті. Белгiлi араб ғалымы Ибн Халдун (XIII-XIV ғ.ғ.) ғылымға бет бұрған адамдарға байсалдылық, бәрiн ақылмен шешу, есте сақтау қабiлетiн ұштау, күнделiктi ғылыми-зерттеу жұмыстарымен тыңғылықты айналысу керектiгiн айтады. Оның түсiнiгiнше ғылыми бiлiм – ұзақ жаттығу арқылы ғана жинақталады, ғылыми iзденiстi жүргiзуге дағдылану барысында қаланады дегендi айтады.Ибн Халдунның пiкiрi бойынша медресеге келген бала құраннан үзiндi оқығаннан гөрi, араб тiлi мен әдебиетiн игерсiн, жатық оқуға төселгеннен кейiн ғана құран аяттарын талдауға қатыстырылуы тиімді. Себебi, оқуды жаңа бастаған бала құранның аяттарындағы ұғым-түсiнiктердi жете түсiне алмайды. Бұл мұсылман елдерiнде қалыптасқан оқу жүйесiндегi батыл қадам едi. Ибн Халдун балаларды қатал жазалауға қарсы болды, қорқыту, баланың талап-тiлегiн басып тастау оны өтiрiк айтуға, қулыққа бейiмделуге итермелейдi. Мұғалiм пәндi әдiстемелiк жағынан түсiндiрудi қамтамасыз етуге тиiс. Оқушының бiр пәндi меңгерудегi әдiс-тәсiлдерiн екiншi пәндердi оқығанда одан әрi жетiлдiруге ұйытқы болады, оқу материалын бiр-бiрiне ұштастыра бiлуге дағдыландыруы ой-санасын дамытады. Оқытудың бастауыш мектебiнде әдебиетпен қатар балаларды есеп-шотқа үйрету, бiртiндеп арифметиканы, алгебра мен геометрияны оқыту қажет. Ибн Халдун математика ғылымын ерекше бағалаған, ол математика өзiнiң логикалық құрылымына сай жастардың интеллектiсiн дамытады, шындықты мойындауға, өзiн тәртiптi ұстай бiлуге тәрбиелейдi дегендi айтады. Ұстаз алдында тұрған маңызды мақсаттың бiрi оқу құралдырын таңдай бiлу керек дейдi. Кейбiр авторлар өз оқулықтарына барлық ақпараттарды кiргiзуге талаптанып, балалардың түсiнуiне кесiрiн тигiзедi. Яғни, көлемi шағын, қысқа жазылған оқу құралында ғылымның соңғы жетiстiктерiнiң бәрiнен мәлiмет беруге тырысу медресе оқушысының бiлiмге деген ынтасын қайтарады. Ибн Халдун бойынша оқыту үрдiсi әр уақытта оқуды қабылдаудың жалпы заңдылықтарымен қатар жүргiзiлiп, ешқашанда пәндi түсiндiрген кезде қиын жағынан бастамау керек дейдi. Мысалы, алғашқыда пән жайлы жалпы мәлiмет, екiншiсiнде пән мазмұндарына жалпы сипаттама берiп, содан кейiн оқу материалының түсiнiксiз пiкiр-талас туғызатын бөлiмдерiн оқушылармен бiрге отырып қарастыру, оқушылардың қисынды ойлау ерекшелiктерiн дамытуға болады деп есептейдi. Орта ғасырда жастарды адамгершiлiкке тәрбиелеу ерекше орын алды. ХI ғасырдың әйгiлi ойшылы Әбу Хамид Әл-Газали (1058-1111 ғ.ғ.) баланы кiшкентай кезiнен бастап мейiрiмдiлiкке, имандылыққа, сенiмдiлiкке, адалдыққа, алдамауға тәрбиелеу қажет деп санады. Жас баланы дастархан басында өзiн ұстай бiлуге тәрбиелеу, жеткiншектердi қатты кереуетке ұйықтауға дағдыландыру, оның денесiн шынықтыру, баланың мiнез-құлқын тәрбиелеу, ата-аналар назарынан тыс қалмауы керектiгiн ерекше атап өттi. Газалидiң пiкiрi бойынша, адамгершiлiк қасиеттер басты екi тәрбие әдiстерi негiзiнде – үлгi-өнеге, өзiн-өзi тәрбиелеу арқылы қалыптасады.Ата-аналар балаларының кiмдермен достық қарым-қатынас жасайтынын бiлуге тиiс, олар оқитын кiтаптарда адамгершiлiк мұратқа қайшы келмейтiн материалдар iрiктелiп алынуы керек. Жеткiншектiң ақыл-есi дами келе оны өзiн-өзi тәрбиелеуге бейiмдеу, қоршаған ортаны өздiгiнен бақылауға, өзiн-өзi тануға талпындыру қажет.Баланың бойындағы жағымсыз қылықтарды жоюда, оның себеп-салдарын бiлу, егерде оқушының мiнез-құлқында қиқарлық болса, оны басқа әдет-дағдымен алмастырып, өзiн-өзi тәрбиелеуге жағдай туғызу керек.Әл-Газали оқушыны жазалау мәселесiне келгенде ұстамдылық көрсетудi талап етiп, мүмкiндiгiнше жазалауға бара бермей, оның сенiмiне ықпал жасау керек екенін айтады, әйтпесе тәрбие iсiнде ақыл айта беру баланы мезi қылатынын ескертеді. Тіпті бала тәртiп бұзғанның өзiнде, басқалардың көзiнше оның абыройын түсiрмеу жөнiнде кеңес бередi.
Мектептегi бiлiм сапасын көтеруге зиялы қауымдар қатыстырылды. Соның бiрi IХ ғ. араб жазушысы Мұхаммед Ибн Сухнун (817-880 ж.ж.) бастауыш мектепке арнап ''Мұғалiмдердiң мiнез-құлқы'' деген шығарма жазды. Оның педагогикалық ойының мәнi – мұғалiм ешқашанда ашу шақырмай, ауқатты және кедей отбасы балаларына бiрдей қарап, қарым-қатынас жасауы қажет деп мiндеттейдi. Баланың жеке даралық ерекшелiктерiне байланысты жазалау әдiсiн қолдануға болады. Бiрақ, денесiн дүрелеу немесе жан дүниесiне тиетiндей қатал сөздер айтуды өте сирек пайдалану керектiгi, шапалақтаудың өзiн де үштен асырмауды талап еткен. Әсiресе, он жастағы баланы жазалау болмасын, ескерту, кейiс бiлдiру қажет, ал бала тәртiп бұза берген жағдайда, оны оқытып жүрген жасы үлкен оқушыға тәртiпке шақыру тапсырылған.Халифаттық мектеп практикасында оқушыны жазалаумен қатар мадақтау тәрбие әдiсi де пайдаланылған. Ең тәртiптi, өте жақсы оқитын оқушыны атқа мiнгiзiп, қаланы аралатқан, ал қатар-құрбылары оның үстiне тәттi шашу шашқан.
11. Қытай тарихында ортағасырлық дәуiр б.з.д. бiрiншi мыңжылдықтан XIX ғасырдың аяғына дейiнгi кең мағыналы кезеңдi алады. Бұл дәуiр бiрнеше кезеңдерге бөлiнiп, педагогикалық ойлар мен мектеп iстерiне байланысты біраз жетістіктерге қол жеткізді.Мәселен, Цинь патшалығы (б.з.д. II ғасыр) кезiнде жазу таңбалары азайтылып, хат тануды, оқытуды жеңiлдеттi. Орталықталынған бiлiм беру жүйесi жасалынып, үкiметтiк және жеке меншiктi мектептерде бiлiм берiлдi. Бұл жүйе ХХ ғасырдың басына дейiн жұмыс жасады. Хань патшалығы (б.з.д. II ғасырдан ж. з. II ғасыр аралығы) кезеңiнде қағаз шығып, оқу құралдарының дайындалуы оқу сапасын көтердi. Бұл кезеңде үш сатыдан тұратын бiлiм беру жүйесi – бастауыш, орта және жоғары мектептердiң бет-бейнесi айқындалып, оқытуда үлкен жетiстiктерге жеткен. Iрi қалаларда бiрiншi жоғары оқу орны мемлекеттiк мекеме деп есептелiп, ауқатты отбасылардың балалары оқып, осындай мектептерде 300-ге жуық студенттер бiлiм алды. Хань дәуiрiндегi тәрбие мен бiлiм берудiң идеологиясы – Конфуцийдiң саяси-әлеуметтiк iлiмi болды. Мектептерде классикалық Конфуций трактаттары басты пәндер ретiнде жүргiзiлдi. Бұл пәндердің толық оқу курсы Конфуций қағидаларын ұғынып, түсiнуді қамтамасыз етті. Курсты бiтiргеннен кейiн білім алушылар емтихан тапсырып оларға ғылыми дәрежелер берiлетiн. Бұл мектептi бiтiрген жастар мемлекет аппаратына қызметке қабылданатын. Біздің дәуіріміздің III-Х ғ.ғ. ортағасырлық Қытайда мәдениет пен бiлiм беру деңгейi көтерiлiп, “алтын ғасыры” аталып, онда оқу мекемелерiнiң саны өстi. Университет типтес алғашқы оқу орны ашылып, мемлекеттiк емтиханға әлеуметтiк жағдайларына қарамай тiлек бiлдiрген әрбiр адамдар жiберiлдi. Жоғары оқу орындарында ғылыми атақтар Конфуцийдiң бес классикалық трактаттары бойынша: “Өзгерiс кiтабы”, “Этикет”, “Көктем және күз”, “Поэзия кiтабы”, “Тарих кiтабы” берiлдi. “Алтын ғасырдың” аяғында бiлiм беру жүйесi практикалық қажеттiлiктi өтей алмайтын күй кештi. Конфуций идеологиясы догмаға, схоластикаға айналды, сондықтан бiлiм берудегi дағдарыстарды жою қажеттiлiгi туды.Қытайдағы тәрбие мен бiлiм берудегi дағдарысты шешуде философ және педагог Чжу Си (1130-1200 ж.ж.) Конфуций идеясын жетілдіруді көздеді. Монғол әулетi Юань (1279-1368 ж.ж.) кезiнде дәстүрлi қытайлық тәрбие және оқыту жүйесiмен қатар моңғол мектептерi мен жазулары жаппай тарай бастады. Жаратылыс және математикалық ғылымдардың дамуы арқасында математикалық, медициналық, астрономиялық және басқа арнайы мектептер ашылды.Қытайдың ортағасырлық бiлiм беру тарихында, әсiресе, Мин әулетi (1368-1644 ж.ж.) басқару кезеңiнде жалпыға бiрдей бастауыш бiлiм беру мәселесi көтерiлiп, элементарлық оқу орындарының саны өстi. Пекин мен Нанкинде жоғары әкiмшiлiкке кадрларды даярлау мақсатында жоғары оқу орындары жұмыс жасай бастады. Манчжурлық Цин әулетi (1644-1911 ж.ж.) кезiнде бiлiм беру саласында өзгерiстер болмай, тәрбие мен бiлiм беру тоқырауға ұшырады. Бiлiм гуманитарлық бағдар алып, сырт өмiрмен қатынасын үзiп, көршiлес және алыс елдер жайлы оқушылар ешқандай ақпараттар алмады. Балалардың санасына “Қытайдан басқа дүние жоқ” деген сенiмдердi қалыптастырды. Ұл балаларды сауаттануға оқыту 6-7 жастан басталып, мемлекеттiк мектептерде аздаған қаражатқа оқыды, оқу 7-8 жылдарға созылды. Қыз балалар үйлерiнде тәрбиелендi, ал ауқатты отбасыларында мұғалiмдердi жалдап оқытса, кейбiреулерi жеке меншiктi мектептерге балаларын оқуға бердi.Оқытудың алғашқы кезеңдерiнде 2-3 мың иероглифтердi (әрiптердi) жаттап алулары тиiс едi. Бастауыш мектепте емтихан тапсырғаннан кейiн, мектептің келесi сатысында бiлiмдерiн жалғастырады. Оқу бағдарламаларына философия, әдебиет, тарих, стилистика енгізiлдi. Оқу құралдары ретiнде Конфуцийдiң “Төрт кiтапшасы” мен “Бес кiтапшасын” пайдаланды.
Үндістанда ортағасырлық мәдениет пен бiлiм беру Гуптi империясы (V ғ.) құлағаннан кейiн қайтадан жандана бастады. Бiрақ, қоғамдағы касталық жүйе сақталып, халықтың кейбiр жоғары касталық топтары ғана бiлiм алуға мүмкiндiк алды. Брахман балалары дiни қызметкер лауазымына дайындалса, кшатр (әскерилер) мен вайшы (саудагер, дихандар) балаларын практикалық iс-әрекеттерге оқытуға бағытталды. Мысалы, вайшы балалары егiн егу, жердiң құнарлығын, көлемiн анықтау, суландыру, т.б. әрекеттерге үйретiлуімен қатар, мектептерде жағрапия, шетел тiлдерiн бiлу, сауда-саттық операцияларын үйренумен шұғылданды. Буддистiк бiлiм беру жүйесi демократиялық негiзде болғандықтан касталық бөлiнудi мойындамады. Буддистер үйде оқытудан бас тартып, бiлiм берудi монахтарға тапсырғандықтан, монастрларда балалар мен жеткiншектер 10-12 жыл оқыды. Оқыту дiни-философиялық негiзде жүргiзiлiп, оқыту бағдарламаларына грамматика, лексика, медицина, философия, логика пәндерi енгiзiлдi. Бiртiндеп брахман және буддистiк педагогикалық дәстүрлер жақындап, бiркелкi мәдени бiлiм беру жүйесi қалыптасты. Бұл жүйе ХI-ХII ғ.ғ. Үндістанды мұсылмандар жаулап алғаннан кейiн төмендеп кеттi. Мұсылмандарды оқыту мен тәрбиелеудiң басты шарты – араб тiлiнде Құранды оқу. XVI-XVII ғ.ғ. көптеген мектептерде оқыту парсы тiлiнде жүргiзiлiп, мемлекеттiк шенеунiктер мен ғалымдар осы тiлді жұмыстарында пайдаланады. Мұсылмандардың бiлiм беру жүйесi орта ғасырдағы Үндістанда бүкiл мұсылман дүниесiндегi оқыту жүйесiмен ұқсас болған. Оқушылар бiлiмдi үй мұғалiмдерiнен және мектептерден алған, ал мектептер болса мешiттердің қарамағында болды. Оқытуды көп жағдайларда жеке оқу орындары мен жалданған мұғалiмдер жүргiздi. Мұсылмандар мектептерiнiң төрт түрi: бастауыш және жоғарылау бастауыш бiлiм, Құран мектебi (Қасиеттi кiтапты оқу, жазу және есептеу); парсы мектебi (есеп, парсы тiлiндегi Саади, Хафиз поэзия үлгiлерiн оқу және жазу); парсы тiлi және Құран мектебi (алдыңғы екi мектептер бағдарламасы бойынша); ересектерге арналған араб мектептерi (Құранды талдау және оқу, парсы дәстүрiндегi әдеби бiлiм оқушыларға жүйелi исламдық бiлiмдер берген).Мұсылмандар жоғары бiлiмдi медреседе және монастырлық оқу орындарында - даргабахта алатын. Ең iрi даргаб Делиде, медреселер Хайрабадта, Жампурада, Фирозабадта болып, XVI-XVII ғ.ғ. бұл оқу мекемелер ағарту орталықтарына айналып, атақтары көршiлес мемлекеттерге кең тараған. Медреселерде оқу парсы тiлiнде жүргiзiлiп, мұсылман-студенттер араб тiлiн оқыды. Оқу бағдарламаларына грамматика, риторика, логика, дiнтану, метафизика, әдебиет, заң негiздерi кiредi. Оқыту көпшiлiгiнде ауызша жүргiзiлгенiмен, кейiн келе оқу әдебиеттерiнiң көбеюiне байланысты студенттер өздiгiнен бiлiмдерін толықтырып отырды. Үндістандағы ортағасырлық мұсылмандардың бiлiм берудi реформалауы XVI ғасырға жатады. Оның басы-қасында ұлы Могол әулетiн құрған Бабыр (1483-1530 ж.ж.) мектептерінің алдына қойған басты мақсаты – мемлекетке шын берiлген қызметкерлер даярлау едi. Бұл ұстанымды император Акбар (1542-1605 ж.ж.) және оның сенiмдi кеңесшiсi Абдул Фазл Аллами (1551-1602 ж.ж.) бiлiм беруде және тәрбие жүйесiнде одан әрi жетiлдiрiп отырды. Император Акбар зайырлы ғылым оқу жоспарларына арифметика, алгебра, геометрия, медицина, агрономия, басқару негiздерi, астрономия пәндерiн енгізіп, мiндеттi түрде оқытуға тапсырма берген. Акбар мен Алламидың жоспарлары бойынша кастылары мен дiни сенiмдерiне қарамай оқушылардың бiркелкi зайырлы бiлiм алуларына жағдайлар жасауға талпынды. Бiрақ, материалдық-педагогикалық алғышарттардың болмауы, нақты бақылау жүргiзiлетiн бiлiмдi адамдардың аздығы белгiленген жоспарларды iске асыруға мүмкiндiк бермеді. 
12. Батыс Еуропа мен Византия сияқты орта ғасыр өркениетiн сақтап, ежелгi мәдениетi мен бiлiм дәстүрiн жалғастырып келе жатқан орталықтарының бiрi - Таяу Шығыс. ҮII-ҮIII ғасырлардың басында Византия қол астында болған Сирия, Египет, Иран, Солтүстiк Африка елдерiн арабтар жаулап, жаңа дiндi исламды алып келдi.Ислам дiнiн негiздеген, өзiн “Алланың елшiсi” деп атаған тарихи тұлға Мұхаммед пайғамбар (570-632 ж.ж. болды). Мұхаммед және оның iзбасарлары – халифтер ислам дiнiн уағыздауымен қатар, саяси идеяларды таратушы адамдар болған.Құранмен бiрге қасиеттi кiтап – Сұнна (үлгi-өнеге) жазылды, онда ислам тәрбиесiнiң мән-мазмұны ашылып, мұсылман қауымдастарының нақты реттелген хадистер арқылы дiни және әлемдiк өмiр жолдарын ұстауға бағыттайтын 50 мыңға жуық қысқа тапсырмалар жүктеледi. Ислам дiнiнің басты құрамдас бөлiгi – шариғат, құқық және құдайға табынудың нормалық жүйесiн реттейдi. Шариғат этикалық мiнез-құлықтарға негiзделген және оны қоғамдық рөлiне қарай заңдармен теңестiруге болады. Шариғат талаптарын орындау адамнан адалдықты және саналылықты талап етедi. Арабтардың үстемдiгiнде болған мемлекеттер өздерiнiң бұрынғы мәдени және әлеуметтiк мұраларынан айрылмай, салт-дәстүрлерiн және өмiр тұрмыстарын ұзақ жылдар бойы сақтай бiлген. Арабтар қоластында Таяу Шығыстың iрi қалалары: Дамаск, Александрия, Кордова тәрiздес қалалық орталықтар өз тiршiлiктерiн жалғастырумен қатар, Бағдат және Каир (Х-ХI ғ.ғ.) сияқты бiлiм ордаларына айналды. 
Қазақ халық педагогикасы, оның мазмұны, құралдары және әдістері. Ежелгі жазба түркі ескерткіштері.
Қазақ халық педагогикасының тарихын адамзат дамуының коғамдық құрылыс кезеңдерiне сай, бiздiң ойымызша, 8 кезеңге бөлiп карастыру кажет демекпiз.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезеңi тапсыз қоғам болды. Адамдар өздерiнiң iс-әрекеттерiн көпшiлiк болып топтасып, бiрге атқарып отырған. Мұндағы тәрбие жас пен жыныс ерекшелiктерiне қарай қоғамдық сипат алды. Ұл балалар садақ тарта бiлдi, аң аулауға көмектестi, қыз балалар үй жұмыстарына араласты, киiм пiштi, тұрмыстық салт-дәстүрлердiң рәсiмдерiне қатысты.
Алғашқы адамдар Қазақстан территориясының Арпаөзен, Қаратау, Тәңiрқазған, Шарбақты және Ұлытау өңiрлерiн мекен еткен.
Сақтар империясы, шамамен, бiздiң жыл санау дәуiрiмiзге дейiнгi VII-III ғасырлар аралығында, қазiргi Орта Азия мен Қазақстан территориясын мекендедi.
Қазақтың халықтық педагогикасының даму кезеңдерi (шартты түрде)
Бiрiншi дәуiр Б.д.д. Екiншi
дәуiр
Б.д.д. Үшiншi
дәуiр
Төртiншi дәуiр Бесiншi дәуiр Алтыншы
дәуiр Жетiншi дәуiр Сегiзiншi
дәуiр
тас, қола
заманда-ры
ҮII-IIIғғ. Б.д. Ү ғ. дейiн ҮI-IХғғ. аралығы Х-ХҮғғ. Аралы-ғы ХҮ-ХҮIIIғғ ара-лығы ХҮIIIғ.-дан
ХХ ғ. 20 ж дейiн 1920-1990
жж
аралығы 1991жкейiн-гi еге-мендi ел
Алғашқы қауымдық құрылыс кезiндегi тәрбие
Сақтар мен ғұндардың жауынгерлiк тәрбиесi Ұлы Түрiк қағанаты кезiндегi тәлiм-тәрбие Араб Шығыс мәдениетi, орта ғасыр ойшылдары-ның тәлiм-герлiк ой-пiкiрлерi Қазақ хандығы кезiндегi ұлттық тәлiм-тәрбие көрiнiстерi (жыраулар поэзиясын-дағы тәлiмдiк ойлар) Қазақ-стан Ресейге қосылу
кезiндегi
ұлт-азаттық қозғалысымен ағарту
шылық-демократиялық
бағыттағы тәлiм-
тәрбие Кеңестiк дәуiрдегi ғылыми педаго-гиканың қалып-тасуы Тәуелсiз Қазақ
стандағы ұлттық
тәлiмтәр-биенiң өркен жаюы
Халық педагогикасы ұлттық әдебиет пен сол ұлттың салт-дәстүрлерінің құралады. Әдебиет көркем шығармалар арқылы сан үйретуден бастап, шығарма кейіпкерлерінің тілін, ойын, іс-әрекеттерін, мінез-құлқын, ұлттық қасиеттерін үлгі ретінде әсерлі баяндап, содан соң көркемдеп көрсетіп үйрету арқылы жеке тұлғаның адами қасиеттерін қалыптастырып, кісілік сана-сапасын арттырады.
Қазақтың ұлттық тәрбие негіздері (халық педагогикасы) ең әуелі дүниетанытуды, содан кейін тәрбиелеуді, ол үшін өмір заңдылықтарын үйретуді көздейді.
Қазақтың халық педагогикасының үлкен бір саласы ауыз әдебиеті (жалпы әдебиет) — ұрпақты адамгершілікке, еңбекке, әсемдікті сезуге, тіл мәдениетіне құштарландыра тәрбиелейтін құдіретті құрал. Оның тәрбиелік кеңістігі мен қуаттылығы тарихи кезеңдер мен уақыттарға байланысты өлшенеді.
Көне түркі жазба ескерткіштері, түркі руникалық жазба ескерткіштері – 7–9 ғ-лардағы көне түркі ойма жазулары мен қолжазбалары, көне түркі әліпбиіндегі әр алуан мәтіндер. Көне түркі жазба ескерткіштері арқылы қазіргі түрік халықтарының көне тілін, тарихын, этногенезін, географиясын, рухани мәдениетін, жазба дәстүрін, әдет-ғұрыптары мен дүниетанымын білуге болады.
Табылған аймақтары[өңдеу]
Көне түркі жазба ескерткіштері табылған аймақтарға Сібірдегі Енисей, Лена өзендерінің аңғарлары, Моңғолиядағы Орхон, Онгин, Селенга өзендерінің алқабы, Орта Азия мен Қазақстандағы Талас пен Сыр бойы, Ертіс пен Іле қойнауы жатады. Орыс этнограф-ғалымы Н.М.Ядринцев 1889 жылы Моңғолиядағы Орхон өз-нің құйылысынан қос тілдік жазуы бар ерекше үлкен екі тас тапты. Кейіннен біреуі Білге қағанға (735), екіншісі оның інісі Күлтегінге (732) қойылғаны белгілі болып, мазмұны толық анықталды. Бұл ескерткіштердің бір қырына Қытай иероглифтері ойылған, ал үш қырына ойылған жазу таңбалары «Сібір руналарына», Енисей бойынан табылған жұмбақ жазуларға (бұл жазулар сыртқы көрінісі жағынан Скандинавия руналарына біршама ұқсас болғандықтан «руникалық» немесе «руна тәріздес» деп те аталды) ұқсас. Финн және орыс ғалымдары жүргізген арнаулы зерттеулер нәтижесінде Орхон және Енисей ескерткіштерінің нұсқалары (фотосурет, эстампаж) жинақталып жарияланған атластар жарық көрді. Сайып келгенде Дания лингвисі В.Томсен 1893 жылы түркі руникалық (Орхон-Енисей) таңбаларының дыбыстық мағыналарын негізінен дұрыс анықтап, акад. В.В.Радлов 1894 жылдың қаңтарында көне түркі тілінде жазылған Күлтегін ескерткішіндегі руникалық жазудың тұңғыш аудармасын берді. Ғылымда ашылған бұл жаңалық – тіл білімінің тарихи салыстырмалы бағытын белгілеп, түркітану ғылымын жүйеге келтіру ісінде мықты қазық болды. Мұнан кейін Көне түркі жазба ескерткіштері тек тастарға ғана қашалмағандығы, металл (алтын, күміс, қола) және саз балшықтан жасалған түрлі бұйымдарға ойып жазылғандығы да айқындала түсті. Моңғолиядағы, Сібір мен Азиядағы айқындалған түркі руникалық ойма жазуларының жалпы саны әзірше екі жүзге жуық. 20 ғ-дың бас кезінде Шығыс Түркістандағы түркі руникалық жазуының шамандық, манихейлік, буддалық дін және заң мазмұнында қағазға жазылған нұсқалары (8–10 ғ-лар) айқындалды. 1932 жылы Талас алқабынан ағаш таяқшаға ойылған руникалық жұмбақ жазу табылды. С.Е.Малов, Х.Н.Оркун, А.М.Щербак, т.б. таяқшалардағы жазудың түркі руникалық таңбаларымен ұқсастығын көрсетіп, оны көне түркі тілінде оқып көрді.
Иссык жазба ескерткіш— сак дэуірінен калган жазба ескерткіш (б. з. д. 5—4 г.). 1970 ж. Ӏле екірінін тау бектеріндегі Есік қаласы іргесіндегі Сак заманынан каіған үлкен корымнан алтынға бөленген жауынгер мәйіті және онын түрлі заттары, сонын ішінде жүмбак жазуы бар куміс тостағанша табылған. Онын сырт жағына руна тәріздес 26 танба ойылып жазылған. Ескерткіштін күндылығы — біріншіден, ертедегі Қазақстан жерін мекендеген сак тайпаларынын тілі коне түркі тілі екендігін, екіншіден, будан 2500 жыл бүрын түркі тектес тайпалардын әліпбилік жазуы болғанын дәлелдейді:
Могoилян жазба ескерткіш — Орхон езені бойынан табылған көне түркі ескерткіші (7 ғ.соны). Ескерткіш Күтлүғ(Кдпаған) кағаннын баласы Могилян- ғаарналған, мәтінін жазған Иоллығ Тегін, оны тапкан Н. М. Ядринцев, алғаш рет окыған В. В. Радлов. Жазуда Могиляннын, Күлтегіннін, Тонукүктын жорыктары баяндалған.
Мойунчур ескерткіші — Орхон-Енесей көне түркі жазуымен 759 ж. жазылған ескерткіш. Оны Солтүстік Монголияда 1909 ж. тапкан Г. И. Рамстедт. Ол — ескерткіш мәтінін немісше аударыгі, 1913 ж. жариялаған. Бұл енбекті Н. Оркун түрік тіліне, С. Е. Малов 1959 ж. орыс тіліне аударып жариялаған. Ескерткіш "Селенге тасы" деп те аталады. Мойун-чур сол кездегі үйғыр мемлекетінін ханы болған. Ескерткіш мәтінінде жер-су, адам, тайпа, халык (үйғыр, оғыз, тоғыз, татар, кырғыз, түркеш, түрік, соғды, кыпшақ т.б.) атаулары кездеседі. Ескерткіште әнгіме оғыз тайпасынын өкілі атынан баяндалады.[1]Орхон ойма жазулары — Монголиянын Орхон, Селенге өзендері бойынан табылған көлемді әдеби мұралар, хан әулетінін кұлпытастары, 7—8 ғғ. жазылған көне түркі руникалык ескерткіштері болып табылады. иран Білге каган, Күлтегін, Тонукүк, Күлі-чур, Мойун-чур т.б. ескерткіштер жатады Ескерткіштер мен ондағы жазбаша деректерлі ашып жариялаған — Н. М. Ядринцев, В. Томсен, В. В. Радлов.
Қазақстан жерінде[өңдеу]
Соңғы отыз жыл ішінде Қазақстан жерінде де көне түркі жазба ескерткіштерінің бар екендігі анықталды. Талас бойынан (Жамбыл облысы) төртбұрышты тас мөр мен дөңгелек тастың жарты сынығына бедерленген руникалық ойма жазулар, Іле бойынан (Алматы облысы) жартастарға қашалған руникалық жазу үш жерден табылды. Осы өңірден жүзіктегі руникалық жазу да анықталды. Сыр бойында (Оңтүстік Қазақстан облысы) ескі кенттердің орнынан табылған саз балшықтан күйдірілген дөңгелек алқа, құмыра сияқты ойылған руникалық жазулар белгілі болды. Ертіс өңірінен екі қола айнадағы руникалық ойма жазудың (Шығыс Қазақстан облысы) бірін А.Н.Бернштам 1948 жылы жариялады. Сондай-ақ 1985 жылы Шығыс Қазақстаннан жартасқа қашалған руникалық жазу, ал 1987 жылы бауға тағылған мөрдің табанына ойылған руникалық жазу табылды Жайық өңірінен (Ақтөбе облысы) анықталған қола айнадағы руникалық жазу 1986 жылы жарияланды. К. т. ж. е-нің тілін зерттеп, зор үлес қосқан ғалымдар – Томсен, Радлов, П.М.Мелиоранский, В.Банг, Г.И.Рамстед, А.Габэн, С.Е.Малов, В.М.Насилов, И.А.Батманов, А.Н.Кононов, Дж.Клоусон, Т.Текин, т.б.[2]Түркілер дәуіріндегі тәрбие және оқыту ісінің даму барысы. Мұсұлман мектептері мен медреселерінің пайда болуы.
IX—X ғасырларда ұлы Түркi қағанаты бiрнеше мемлекеттерге (қарлұқ, Түркеш, Қарахан, Қыпшақ, Ұйғыр, Хазар, Қимақ т.б.) бөлiнiп, Араб Халифаты империясының Орта Азия мен Қазақстан территорияларына үстемдiк жүргiзулерiне әкелiп соқты. Арабтар ислам дiнiн уағыздаумен бiрге ғылым мен бiлiм де әкелдi. Нәтижесiнде түркi халықтарының ұлы ғалымдары: Фараби, Фердоуси, Авиценна, Бируни, Низами, Науаи, Қашқари, Яссауи, Баласағұн және басқалары араб тiлi мен мәдениетiн меңгердi. Оның үлкен прогрессивтiк маңызы болды. Көптеген шаһарларда дiни медреселер ашылды, ғылым мен бiлiм деңгейi артты. Медреселер дiни iлiмдермен ғана шектелiп қалмай, арифметика, медицина, жақаннама (философия), дiнтану, астрология сияқты әлемдiк маңызы зор дәрiснама берудi басты мақсат еттi. Бұл жерде қазақ топырағындағы Отырар қаласында дүниеге келген, Шығыстың екiншi Аристотелi атанған ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидiң (870-950) еңбегiне ерекше болды. Ол математика, музыка, логика, философия, психлогия ғылымдарының негiзiн салды. Өмiр бойы ғылым жолына берiлiп өмiрiнiң көбiн Сирия, Дамаскiде өткiздi. Ол бiрнеше ұлттардың тiлiн бiлген, ғылым-бiлiм жолында бар өмiрiн сарп еткен ғалым.
Адамгершiлiк, азаматтық жолды, ғылым-бiлiмдi мақсат тұтқан ғалым шетте жүрсе де атамекенiн бiр сәт естен шығармаған шынайы патриот азамат болды.
Iзгiлiк, имандылық, адамгершiлiк қасиеттердi паш еткен Жүсiп Баласағұнидың “Құтты бiлiк”, Ахмет Жүинекидiң “Ақиқат сыйы”, Махмұт Қашқаридiң “Түркi сөздерiнiң түсiндiрмесi”, Қожа Ахмет Яссауидiң “Диуани хикмет” атты еңбектерiнiң ХI-ХII ғ.ғ этикалық-педагогикалық мән-мағынасының зор болғаны, бұл еңбектердiң он ғасыр өтсе де өзiнiң тағылымдық қадiр-қасиетiнiң бiр сәт төмендетпейтiнi сөзсiз.
Қазақстан мен Орта Азия елдерiн ХIII ғ. басында Шыңғыс ханның жаулап алуы мәдениеттiң тоқырауын тудырды.
Көне мәдениет көздерi – Отырар, Сығанақ, Исфиджаб қалалары жалынға оранды. Қалалар қиратылып, мешiт, медiреселер, сауда дүкендерi, кiтапхана қорлары талқандалып жоқ болды.
Алтын Орда ыдырап, қазақ даласы Ресей қол астына қарағанға дейiн (1731) қазақ жерi кескiлескен шайқастардың, қанды майданның аренасына айналды.
Моңғол шапқыншылығына Алтын орданың ыдырауына дейiнгi аралықта (ХIII-ХҮ ғ.ғ.) түркi тiлдерiнде едәуiр жазба мұралар жасалды. Мәселен Р.Хорезмидiң “Махаббатнама” поэмасы, ақын Сайф Сарайдың “Гүлстан” аты дастаны атты еңбектер адалдықты, әдiлдiктi, махаббаты марапаттады.
Дiни медреселерде Шығыс халықтарына ортақ “Чөр кiтаб” атты тәлiмдiк-танымдық педагогикалық туынды дүниеге келдi.
Атақты астроном Ұлықбектiң әлемде тендесi жоқ обсерваториясы ортағасырлық үлкен ғылыми жетiстiк болып саналды.
Алтын Орда мемлекетiнiң кезiнде пайда болған “Бабырнама” (“Бабыр дастаны”), ал Хорезмидiң “Мухаббатнама”, Саиф Сарайдың “Қырық бiр батыр жыры”, “Гулстан бит турки”, Құтыптың “Хусрау Шырын” сияқты туындылары сөзсiз жас ұрпақтарға тәлiм-тәрбиелiк ықпалын тигiздi. Бұл кезеңдердегi тәлiм-тәрбие көрiнiстерi негiзiнен әскери-жауынгерлiк бағытта өрбiдi. Ел қорғау мәселелерi ұлы ойшылдар мен ақындар шығармаларының өзегi болды. Ата-аналар ұрпақтарының ең алдымен қайратты, ептi және намысқой, өнерлi болып өсулерiн талап етiп отырды.
Ү-ХҮ ғ.ғ. Қазақ даласындағы ойшылдардың педагогикалық идеялары. Кодекс куманикус шығармасының тәлім-тәрбиелік маңызы.
Қазақтың сан ғасырға созылған халықтық тәрбие қағидалары көне Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінен басталып, орта ғасыр ойшылдарының еңбектері мен ХҮ-ХҮІІІ ғ.ғ. ақын-жыраулардың толғауларынан, ауыз әдебиеті нұсқаларынан, билердің шешендік сөз үлгілерінен өзекті орын алған. Оны әсіресе ІХ ғ. өмір сүрген Қорқыт бабаның афоризм сөздерінен айқын аңғаруға болады.
Қорқыт ата – ҮІІІ–ІХ ғ.ғ. төңірегінде Сырдарияның орта және төменгі ағысын жайлаған оғыз-қыпшақ тайпаларының арасынан шыққан әйгілі күйші, музыкант, аңыздық кейіпкер, кемеңгер ойшыл. “Қорқыт ата кітабы” – Орта Азия, Қазақстан және Әзірбайжан халықтары арасына кең тараған. Қорқыттың музыкалық-этнографиялық мұрасы түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ рухани мұра. Сондай-ақ, Қорқыт айтты дейтін ақыл-нақыл, афоризм, ұстаздық ұлағат сөздер көптеп кездеседі. Онда имандылық, ізгілік, қанағатшылдық, әрекетшілдік, тәубешілік мәселелері сөз болады. Мысалы: “Тәңіріне сыйынбаған адамның тілегі қабыл болмайды… Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді… Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді…” делінген.
Дана ойшыл ата-ананы сыйлап, құрметтеу, үй-ішілік жарасымды қарым-қатынасты, ұл мен қыз тәрбиесі, адамның жақсы-жаман қасиеттері жайында да келелі ой қозғайды.
Мысалы: “Мыңғырған мал жиғанмен, адам жомарт атанбас”…, “Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман…” Ұлың өсіп жетілсе, от басының мерейі, бас-көзі”, деген мақал-мәтелдер осының нақты айғағы бола алады.
Қорқыттың бір топ афоризм сөздері жастарды ерлікке тәрбиелеуге, тектілік мәселесіне, қонақжайлылыққа, мейірімділікке арналған. Мысалы, “Қорқаққа қылыш сермеп, күшіңді сарп етпе…”, “Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі…”, “Жауға атқан садағың өткір болсын”, “Қонағы жоқ қараша үйден құлазыған түз артық…”, “Ата даңқын шығарып өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді…”, “Өтірік сөз өрге баспайды…”, “Сөзге берік, шыншыл адамға бұл дүниеге отыз жылды үшке көбейтіп, өмір сүрсе де аз” т.б. Қорқыт әйелдердің бойынан жақсы адамгершілік қасиеттерді көруді аңсайды. Ол әйел қауымын төрт түрге бөледі. Бірі – отбасының тірегі, үйдің құты, қонақжай, үрім-бұтағы өсіп-өнген жандар. Екіншілері – ынсапсыз, қанағатсыз, есіл-дерті тамақ. Ал әйелдердің үшінші түрі - салдыр - салақ, түске дейін ұйықтайтын, кір-қожалақ, көрпе-төсегі жиналмай шашылып жататын үйдің “иелері”, төртіншілері – адам тілін алмайтын, қасарыспа, кесір, барынша қырсық әйелдер” – дейді. Қорқыт өсиеттерінің тәлімдік мәні аса зор, қай заманда болмасын ескіріп көнермейтін асыл мұра.
Отырардың перзенті, шығыстың екінші Аристотелі атанған ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабиді (870–950) ерекше атауға тура келеді. Ол ойшыл-философ, социолог, математик, физик, астроном, лингвист, психолог, педагог, музыка зерттеушісі.
Мәдениеті өркендей түскен мұсылман дүниесінде жас Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылым мен өнерге деген құмарлығы ерте оянды. Ол 20 жасқа дейін білімді туған топырағы Отырарда алды. Кейін Бұхара, Мерве, Хоране, Александрия, Бағдат, Каир, Дамаск, Шам, Халеб сияқты мұсылмандық шығыстың көптеген қалаларында өмір сүріп, түркі, араб, парсы, грек, латын, санскрит және т.б. тілдерін жетік меңгереді.
Әл-Фараби “Бақытқа жетудің жолы”, “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы”, “Азаматтық саясат” трактаттарында “Жан қуаты” “бақыт” дегеннің не екендігін, оған жетудің жолдарын қарастырады. Ұлы ғұлама: Бақыт – қайырымды адамдардың мәртебесі, кемелденушінің жаны мен тән қуатының жетістігі, тұтас дүниемен үйлесімділікте өмір сүру қабілеті дегенді айтады.
Әл-Фараби өмірде ізгілік пен зұлымдықты ажырата білу, игілікті орнықтыру, зұлымдықтан арылу – практикалық танымның басты міндеті дейді. Адамдар қайырымды қалада ғана жүрек қуатын игі іске қоса алады, еркін ойлайды, жүрек пен ерік қуаттарын қосарлап бақытқа жетеді.
Қайырымды тұрғындар жан мен тәннің тазалығы үшін зұлымдыққа бармайды, байлыққа басын тікпейді. Ақыл мен жан қуаты үйлескен жан қайырымды келеді. Ақылға қоса ерік пен жан қуатын толастата алған кісі ел басқаратын әкімдікке жарайды. Ал нағыз жақсы әкім әділ, инабатты, мейірімді, білімді, жақсылыққа жаны құмар, жамандықтан жиіркенетін, батыл, жомарт, өнер мен әдебиетті сүйетін адам болуға тиіс. Қалай дегенмен, елбасшы, қолбасшы адамдық қасиеттен арылмау керек. Ондай әкім, біріншіден, бақытқа жетудің жолын көрсететін көсемдікке жарайды, екіншіден, мемлекеттегі қайырымдылық дәстүрін ұстай алатын басшылықты жалғастырады, үшіншіден, өз қандастарымен оқыту және тәрбиелеу жұмыстарын дұрыс жолға қоя алады. Мұның бәрі бақытқа жетудің шарты деп қарады. Әл-Фараби жоғарыдағы еңбектерінде оқыту әдістерінің ұғынықты, дәйекті, жүйелі, көрнекті болуына, сондай-ақ дағды, әдет, қабілет, икемділік, мінез, т.б. тәлім-тәрбиелік ұғымдарға түсінік береді. Көз жеткізу, иландыру, мойынсұндыру тәрізді әдіс-тәсілдерге талдау жасайды. Ол өзінің “математикалық трактаттарында” жүзден астам геометриялық есептердің шешілу әдістерін, шығару жолдарын түсіндіреді.
Ол Аристотельдің жан туралы ілімін одан әрі дамыта отырып, Шығыс әлемінде тұңғыш рет психологиялық терминдерге түсініктеме береді. Ол жан жүйесі туралы ілімнің сан салаға бөлінетініне (музыкалық, педагогикалық, қоғамдық, медициналық болып) түрлі іс-әрекеттерге қалай жетілуіне тоқталады.
Фараби мұралары Орта Азия мен Қазақстан халықтарының философиялық, психологиялық және педагогикалық ой-пікірлерінің әрмен қарай өріс алуына ерекше ықпал етті. Мәселен Х–ХҮ ғасырлар аралығында Орта Азия мен Қазақстан топырағында медресе шәкірттеріне арналған математика, логика, этика пәндері бойынша көптеген оқу құралдары жарық көрді. Тавтазани жазған “Мантик” (логика) атты оқу құралы медреселерде ұзақ жылдар бойы қолданылып келеді.
Сопылық ілімнің Түркістан өлкесінде негізін қалаушылардың бірі Қожа Ахмет Иасауи (1094–1167) болды. Ол түрік әлемінің ойшылы. Оның “Дүнияуи Хикмет” атты дастанында дүниені жаратушыға табыну, оны танып білу – өзіңді-өзіңнің танып білуің дегенді айтады. Адамдықтың басты мақсаты – ақиқатқа жету. Адам өзін-өзі тану және жетілу арқылы адамдық биікке көтеріледі. Осы тарихат жолында адам өзін ұстамдылыққа, жетілдіруге шақырады. Сол шынайы қасиеттері арқылы сүйіспеншілік пен махаббат идеясын ұсынады. Тарихаттың нұсқайтын жолы “Өзін білгені – хақты (жаратушыны) білгені, құдайдан қорқып ынсапқа келгені”.
Ахмет Иасауидің ойынша “шариғатсыз – тарихат”, “тарихатсыз – мағрифат”, “мағрифатсыз – хақиқат” болмайды. Әділдік жолына түсу үшін, ақиқатты іздеп табыну керек. Адамның рухани өмірінің таза болуы үшін ислам шариғаттарын мойындау қажет және оларды әркім өзінше түсініп қабылдауға ерікті. Адамның кемелденуі жаратушыға да қажетті. Адам баласы бұл дүниенің қызығына елігіп арамдық жолға түседі. Мәңгілік өмірге адам рухының тазарып баруы үшін жаратушыға құлшылық етіп, тіршілікте еткен күнәларын ой елегінен өткізіп, тазарып баруы керек. Аллаға ғашықтық сопылықтың бір көрінісі. Ғашықтық адамның иманжүзділігі, жүрегінің ашық пердесі, имани тазалық – рухани тазалық дегенді айтады. Сөйтіп, Иасауи өзінің адамгершілік жөніндегі ойларын дін арқылы, діни мораль арқылы түсіндіреді. Екіншіден, А.Иасауи түрік мәдениетін – тәңір дінін араб мәдениетімен, исламмен ұштастырды. Үшіншіден, Ислам діні арқылы адамды жан-жақты жетілдіруге болады деп ұқты. Алланы тану арқылы адам өзін-өзі танып білуге, өзіне-өзі сын көзімен қарауға талпынады дегенді айтты. Яғни адам өзін-өзі дін арқылы тәрбиелеуі керек деген идеяны ұстанды.
Қожа Ахмет Иасауи еңбектеріндегі сопылық идея өзінен кейінгі ақын-жырауларға (әсіресе Бұқар, Ақан сері, Әсет т.б.) қала берді жазба әдебиетінің өкілдеріне, тіпті ұлы Абайға да азды-көпті әсерін тигізді. Мәселен Иасауи айтқандай Абай да “Құдай – хақ, иман – парыз” дей отырып, “Жақсылық – жамандықты жаратқан құдай, бірақ қылдырған құдай емес. Ауруды жаратқан құдай, ауыртқан құдай емес. Байлықты, кедейлікті жаратқан құдай. Бай қылған, кедей қылған құдай емес… Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең, оқыт… Иман, обал, сауап бар жерде әділет бар… Хақтың жолы осы” – деп халықты имандылыққа, мейірімділікке, әділетке, оқу-білімге үндейді. Бірақ Абай құдайды мойындай отырып, оған әрекетсіз табынуға қарсы. Адам іс-әрекет арқылы мақсатқа жетеді. “Мақсатсыз, әрекетсіз – өмір тұл” дегенді айтады.
: «Кодекс Куманикус» сөздігі«Кодекс Куманикус» - кумандардың кітабы, қыпшақ тілінің сөздігі, қыпшақ тілі туралы жинақ.«Кодекс Куманикус» - /1303 ж. жазылған/ екі бөлімнен тұрады, бірінші бөлім: «Латынша, парсыша, куманша сөздік».«Кодекс Куманикус» - жұмбақтар, христиандар діни аңыздарынан түрлі уағыз-өсиет сөздер. Христостың өмірі, Мария Ананың әулиелігі, киелі апостолдар жөніндегі діни хикая-аңыздар .«Кодекс Куманикусты» зерттеуші, тәржіма жасаушы, бастырып шығарушы ғалымдар /Г.Ю.Клапрот, Г.Кун, В.В.Радлов, К.Гренбек, Ә.Құрышжанов/ туралы.Әдебиеттер: 1-11, 66, 71, 76, 83, 90, 92№11 дәріс: Хорезми "Махаббат-наме"Хат түріндегі дастан. Нұсқалары. Екі көшірмесі бар. Ұйғыр(1432) және араб(1503-1509). Ұйғыр әрпімен жазылған нұсқасы А.М. Щербактың аудармасы арқылы жақсы таныс, ал араб әрпіндегі нұсқасын Э.Н.Наджип орыс тіліне аударып зерттеген. Араб нұсқасы әлдеқайда толық, дұрыс сақталған.
Ү-ХҮ ғ.ғ. Қазақ даласындағы ойшылдардың педагогикалық идеялары. Мулхакат ас сурах шығармасының тәлім-тәрбиелік маңызы.
Қазақтың сан ғасырға созылған халықтық тәрбие қағидалары көне Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінен басталып, орта ғасыр ойшылдарының еңбектері мен ХҮ-ХҮІІІ ғ.ғ. ақын-жыраулардың толғауларынан, ауыз әдебиеті нұсқаларынан, билердің шешендік сөз үлгілерінен өзекті орын алған. Оны әсіресе ІХ ғ. өмір сүрген Қорқыт бабаның афоризм сөздерінен айқын аңғаруға болады.
Қорқыт ата – ҮІІІ–ІХ ғ.ғ. төңірегінде Сырдарияның орта және төменгі ағысын жайлаған оғыз-қыпшақ тайпаларының арасынан шыққан әйгілі күйші, музыкант, аңыздық кейіпкер, кемеңгер ойшыл. “Қорқыт ата кітабы” – Орта Азия, Қазақстан және Әзірбайжан халықтары арасына кең тараған. Қорқыттың музыкалық-этнографиялық мұрасы түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ рухани мұра. Сондай-ақ, Қорқыт айтты дейтін ақыл-нақыл, афоризм, ұстаздық ұлағат сөздер көптеп кездеседі. Онда имандылық, ізгілік, қанағатшылдық, әрекетшілдік, тәубешілік мәселелері сөз болады. Мысалы: “Тәңіріне сыйынбаған адамның тілегі қабыл болмайды… Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді… Басқалардан өзін жоғары ұстаған адамға тәңірі бақ бермейді…” делінген.
Дана ойшыл ата-ананы сыйлап, құрметтеу, үй-ішілік жарасымды қарым-қатынасты, ұл мен қыз тәрбиесі, адамның жақсы-жаман қасиеттері жайында да келелі ой қозғайды.
Мысалы: “Мыңғырған мал жиғанмен, адам жомарт атанбас”…, “Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман…” Ұлың өсіп жетілсе, от басының мерейі, бас-көзі”, деген мақал-мәтелдер осының нақты айғағы бола алады.
Қорқыттың бір топ афоризм сөздері жастарды ерлікке тәрбиелеуге, тектілік мәселесіне, қонақжайлылыққа, мейірімділікке арналған. Мысалы, “Қорқаққа қылыш сермеп, күшіңді сарп етпе…”, “Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі…”, “Жауға атқан садағың өткір болсын”, “Қонағы жоқ қараша үйден құлазыған түз артық…”, “Ата даңқын шығарып өзінің тегін қуған балаға ешкім жетпейді…”, “Өтірік сөз өрге баспайды…”, “Сөзге берік, шыншыл адамға бұл дүниеге отыз жылды үшке көбейтіп, өмір сүрсе де аз” т.б. Қорқыт әйелдердің бойынан жақсы адамгершілік қасиеттерді көруді аңсайды. Ол әйел қауымын төрт түрге бөледі. Бірі – отбасының тірегі, үйдің құты, қонақжай, үрім-бұтағы өсіп-өнген жандар. Екіншілері – ынсапсыз, қанағатсыз, есіл-дерті тамақ. Ал әйелдердің үшінші түрі - салдыр - салақ, түске дейін ұйықтайтын, кір-қожалақ, көрпе-төсегі жиналмай шашылып жататын үйдің “иелері”, төртіншілері – адам тілін алмайтын, қасарыспа, кесір, барынша қырсық әйелдер” – дейді. Қорқыт өсиеттерінің тәлімдік мәні аса зор, қай заманда болмасын ескіріп көнермейтін асыл мұра.
Отырардың перзенті, шығыстың екінші Аристотелі атанған ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабиді (870–950) ерекше атауға тура келеді. Ол ойшыл-философ, социолог, математик, физик, астроном, лингвист, психолог, педагог, музыка зерттеушісі.
Мәдениеті өркендей түскен мұсылман дүниесінде жас Әбу Насыр әл-Фарабидің ғылым мен өнерге деген құмарлығы ерте оянды. Ол 20 жасқа дейін білімді туған топырағы Отырарда алды. Кейін Бұхара, Мерве, Хоране, Александрия, Бағдат, Каир, Дамаск, Шам, Халеб сияқты мұсылмандық шығыстың көптеген қалаларында өмір сүріп, түркі, араб, парсы, грек, латын, санскрит және т.б. тілдерін жетік меңгереді.
Әл-Фараби “Бақытқа жетудің жолы”, “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы”, “Азаматтық саясат” трактаттарында “Жан қуаты” “бақыт” дегеннің не екендігін, оған жетудің жолдарын қарастырады. Ұлы ғұлама: Бақыт – қайырымды адамдардың мәртебесі, кемелденушінің жаны мен тән қуатының жетістігі, тұтас дүниемен үйлесімділікте өмір сүру қабілеті дегенді айтады.
Әл-Фараби өмірде ізгілік пен зұлымдықты ажырата білу, игілікті орнықтыру, зұлымдықтан арылу – практикалық танымның басты міндеті дейді. Адамдар қайырымды қалада ғана жүрек қуатын игі іске қоса алады, еркін ойлайды, жүрек пен ерік қуаттарын қосарлап бақытқа жетеді.
Қайырымды тұрғындар жан мен тәннің тазалығы үшін зұлымдыққа бармайды, байлыққа басын тікпейді. Ақыл мен жан қуаты үйлескен жан қайырымды келеді. Ақылға қоса ерік пен жан қуатын толастата алған кісі ел басқаратын әкімдікке жарайды. Ал нағыз жақсы әкім әділ, инабатты, мейірімді, білімді, жақсылыққа жаны құмар, жамандықтан жиіркенетін, батыл, жомарт, өнер мен әдебиетті сүйетін адам болуға тиіс. Қалай дегенмен, елбасшы, қолбасшы адамдық қасиеттен арылмау керек. Ондай әкім, біріншіден, бақытқа жетудің жолын көрсететін көсемдікке жарайды, екіншіден, мемлекеттегі қайырымдылық дәстүрін ұстай алатын басшылықты жалғастырады, үшіншіден, өз қандастарымен оқыту және тәрбиелеу жұмыстарын дұрыс жолға қоя алады. Мұның бәрі бақытқа жетудің шарты деп қарады. Әл-Фараби жоғарыдағы еңбектерінде оқыту әдістерінің ұғынықты, дәйекті, жүйелі, көрнекті болуына, сондай-ақ дағды, әдет, қабілет, икемділік, мінез, т.б. тәлім-тәрбиелік ұғымдарға түсінік береді. Көз жеткізу, иландыру, мойынсұндыру тәрізді әдіс-тәсілдерге талдау жасайды. Ол өзінің “математикалық трактаттарында” жүзден астам геометриялық есептердің шешілу әдістерін, шығару жолдарын түсіндіреді.
Ол Аристотельдің жан туралы ілімін одан әрі дамыта отырып, Шығыс әлемінде тұңғыш рет психологиялық терминдерге түсініктеме береді. Ол жан жүйесі туралы ілімнің сан салаға бөлінетініне (музыкалық, педагогикалық, қоғамдық, медициналық болып) түрлі іс-әрекеттерге қалай жетілуіне тоқталады.
Фараби мұралары Орта Азия мен Қазақстан халықтарының философиялық, психологиялық және педагогикалық ой-пікірлерінің әрмен қарай өріс алуына ерекше ықпал етті. Мәселен Х–ХҮ ғасырлар аралығында Орта Азия мен Қазақстан топырағында медресе шәкірттеріне арналған математика, логика, этика пәндері бойынша көптеген оқу құралдары жарық көрді. Тавтазани жазған “Мантик” (логика) атты оқу құралы медреселерде ұзақ жылдар бойы қолданылып келеді.
Сопылық ілімнің Түркістан өлкесінде негізін қалаушылардың бірі Қожа Ахмет Иасауи (1094–1167) болды. Ол түрік әлемінің ойшылы. Оның “Дүнияуи Хикмет” атты дастанында дүниені жаратушыға табыну, оны танып білу – өзіңді-өзіңнің танып білуің дегенді айтады. Адамдықтың басты мақсаты – ақиқатқа жету. Адам өзін-өзі тану және жетілу арқылы адамдық биікке көтеріледі. Осы тарихат жолында адам өзін ұстамдылыққа, жетілдіруге шақырады. Сол шынайы қасиеттері арқылы сүйіспеншілік пен махаббат идеясын ұсынады. Тарихаттың нұсқайтын жолы “Өзін білгені – хақты (жаратушыны) білгені, құдайдан қорқып ынсапқа келгені”.
Ахмет Иасауидің ойынша “шариғатсыз – тарихат”, “тарихатсыз – мағрифат”, “мағрифатсыз – хақиқат” болмайды. Әділдік жолына түсу үшін, ақиқатты іздеп табыну керек. Адамның рухани өмірінің таза болуы үшін ислам шариғаттарын мойындау қажет және оларды әркім өзінше түсініп қабылдауға ерікті. Адамның кемелденуі жаратушыға да қажетті. Адам баласы бұл дүниенің қызығына елігіп арамдық жолға түседі. Мәңгілік өмірге адам рухының тазарып баруы үшін жаратушыға құлшылық етіп, тіршілікте еткен күнәларын ой елегінен өткізіп, тазарып баруы керек. Аллаға ғашықтық сопылықтың бір көрінісі. Ғашықтық адамның иманжүзділігі, жүрегінің ашық пердесі, имани тазалық – рухани тазалық дегенді айтады. Сөйтіп, Иасауи өзінің адамгершілік жөніндегі ойларын дін арқылы, діни мораль арқылы түсіндіреді. Екіншіден, А.Иасауи түрік мәдениетін – тәңір дінін араб мәдениетімен, исламмен ұштастырды. Үшіншіден, Ислам діні арқылы адамды жан-жақты жетілдіруге болады деп ұқты. Алланы тану арқылы адам өзін-өзі танып білуге, өзіне-өзі сын көзімен қарауға талпынады дегенді айтты. Яғни адам өзін-өзі дін арқылы тәрбиелеуі керек деген идеяны ұстанды.
Қожа Ахмет Иасауи еңбектеріндегі сопылық идея өзінен кейінгі ақын-жырауларға (әсіресе Бұқар, Ақан сері, Әсет т.б.) қала берді жазба әдебиетінің өкілдеріне, тіпті ұлы Абайға да азды-көпті әсерін тигізді. Мәселен Иасауи айтқандай Абай да “Құдай – хақ, иман – парыз” дей отырып, “Жақсылық – жамандықты жаратқан құдай, бірақ қылдырған құдай емес. Ауруды жаратқан құдай, ауыртқан құдай емес. Байлықты, кедейлікті жаратқан құдай. Бай қылған, кедей қылған құдай емес… Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең, оқыт… Иман, обал, сауап бар жерде әділет бар… Хақтың жолы осы” – деп халықты имандылыққа, мейірімділікке, әділетке, оқу-білімге үндейді. Бірақ Абай құдайды мойындай отырып, оған әрекетсіз табынуға қарсы. Адам іс-әрекет арқылы мақсатқа жетеді. “Мақсатсыз, әрекетсіз – өмір тұл” дегенді айтады.Ү-ХҮ ғ.ғ. Қазақ даласындағы ойшылдардың педагогикалық идеялары. Махаббатнаме шығармасының тәлім-тәрбиелік маңызы.
А. Қыраубайқызы: "А. Яссауидың сопылық поэзиясының әсерімен жазылған. Қыздың тал бойындағы мінсіздікті суреттеу-Алланың шеберлігін мабақтау болып табылады".Хорезмиге дейін нама жанрында дастан жазу түркі поэзиясында болмаған. Әсіресе, "жауаптасу-хат" түріндегі наманы Хорезми "арнау хат" жазу арқылы байытқан. Наманың шығысқа белгілі үлгілері араб әдебиетіндегі "тарассульден" тарайды. Тарассуль арабд-тың "хат", "арнау" деген мағынаны білдіретін "рисала" сөзінен шыққан. Бұл жанр 13-ғасырда араб мемлекетінде ресми іс-қағаз стиліне мұқтаждық туған кезде пайда болған. Негізгі белгісы-біреуге немесе көпшілікке арнау ретінже юазылады. Ұйқастың әрі ырғақты қара сөз –"саж" өрнегімен орындалады. Өлең, мақал-мәтел, құран үзінділері көп қолданылған. Дастанда ренессанстың белгілері байқалады (туындыгердің өз ана тілін құрметтеуі, сол заманда поэзия парсы тілі болып қалыптасқанм ен, ана тілінде жазуы, кейіпкердің жан дүниесін, сезім толқуын нәзік суреттеуі). Дастанда "шарап культі" жырланады. Шығыс поэзиясындағы "шарапқа мас болу" ұғымының мәні тереңде. Шарап-бұл жерде симфолдық нышан ғана. Алланы жүрекпен танып-білуге ұмтылған, аллаға ғашық, жаны пәк адамның жан рахатының семіргендей күй кешуі, сезім күйі ғана. Мас болу- алланы сүюден жан рахатына бөленгенін елестететін нышан.Дастанның "Хикаят" аталатын шағыт бөлімі шығарманың негізгі мазмұнынан бөлек. Айтар ойы-азға қанағат тұту, дәстүрлі әдет-салтты сақтау, ақыл-парасатты материалдық құндылықтардан артық қою. Дастанның көркемдік дастаны қазақ әдебиетінде көбірек сақталған. Көркемдігі. Араб, парсы поэзиясының түрлері байқалады. Мысалы, бәйіт, ғазал, мәснәуи т.б. Жалпы алғанда, аруз өлең өлшемімен жазылған лирикалық дастан деуге болады. 
XV-XVII ғғ. Педагогикалық ойдың даму бағыттары.Ақын жыраулардың қазақ қоғамындағы тәлім-тәрбиелік маңызы.
XІV-XV ғасырларда қазақ даласында құрылған қазақ хандығы – сақтар мен ғұндардың, ежелгі түркілердің, Шыңғыс хан мен Алтын Орда империяларының заңды мұрагерлері болып саналады.
Алтын Орда империясының ыдырауы – Русь мемлекетінің отаршылдық бұғаудан босанып, өз тәуелсіздігін алуына әкеліп соқтырды. Русь мемлекетінің тәуелсіздік алуы – қайта өрлеу дәуіріне (XІV-XVІ ғғ.) дөп келеді.
Бір кезде Шыңғыс, Бату, Жошы, Тоқтамыс, Ақсақ Темір империясының отар елі болған Ресей, кейін сол империядан ыдырап, бөлініп шыққан халықтарды (Өзбек, Татар, Ноғай, Сібір (Көшім), Қырым, Астрахан хандықтарын) өз империясының отар еліне айналдырды.
Қазақ хандығы жаңа мемлекет болып қалыптасу барысында (1470–1731 жж.) 260 жылдай тәуелсіз ел болып, дербес өмір сүрді. Бірнеше ауыр қасіреттерді, жойқын соғыстарды бастан кешіріп, тіпті жер бетінен жойылып кете де жаздады.
Қазақ жерінің байлығына қызыққан Ресей мен Қытай империялары құпия келісімшарт жасасып, Қытай – жоңғарларды, ал Ресей – қалмақтарды қазақтарға қарсы айдап салды.
Осындай қырғын соғыстар қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық дамуын тежеді, көне дәуірден бері қалыптасып келе жатқан өнер-білімнің, ұлттық мәдениеттің одан әрі дамуына қажетті жағдай туғыза алмады. Дегенмен де қазақ халқының іштей ұйытқысы болған рухани күш бар еді. Ол – азаттық идеясы. Елдің елдігін ұстап тұрудың кепілі ретінде үш күштің бірлігі алға тартылды. Оның бірі – ел басқарушы қағанның білікті болуы, оның бұйрығы мен заңдарының түзулігі (“тура биде туыс жоқ”, “хан қараға да, халыққа да ортақ ие” деген ұстаным үстемдік құрды). Әсіресе Жәнібек, Керей, Қасым хан мен Есім, Хақназар, Тәуке, Абылай хандардың дипломатиялық ел билеу саясаттары мен жарғылары ерекшеленіп көзге түсті. Хандар халықтың бірлігі үшін ел ішіндегі сөзі куәлі, аузы дуалы билер мен ақын-жырауларды хан сарайы маңына топтастырды. Олар хандардың ел билеу саясатын қара халыққа түсіндіріп бақты.
Ел бірлігінің ұйытқысы қол бастайтын батырлар мен ел бастайтын көсем-билердің бірауыздылығы, әсіресе “ел намысы – ер намысы” деп қарау басты идея болды. Олар үшін “атақоныс” ең қасиетті ұғым болып саналады. Елін, жерін қасықтай қаны қалғанша жаудан қорғау, тәуелсіздіктің туын жоғары ұстау қастерлі заң болып табылды. “Сегіз қырлы, бір сырлы” отаншыл азамат тәрбиелеу моральдық-этикалық басты принцип болып есептелді. Осы мақсат ел билеуші хандар мен халықтың сөзін ұстаушы би-шешен, ақын-жыраулардың тәлімдік талаптарын айқындады. Ол талаптар: көшпелі мал шаруашылығын жете игеру, еңбексүйгіштік, қиындыққа төзе білу, ел намысын қорғау, жаудан беті қайтпау, ататегін жадында сақтау, сөз асылын қадірлеу, тапқырлық пен алғырлық, ат құлағында ойнау, ата салтын бұзбау (жасы үлкенді, ата-ананы сыйлау, құдайы қонақтың меселін қайтармау, көрші хақын жемеу, қайырымды, ізгі жүректі, бауырмал болу т.б.) Осындай қоғамдық қатынасты кішкентайынан көріп-біліп өскен адамдарда ел намысын көп болып қорғау, тұрмыс-тіршіліктегі мүдделестік, өмірге деген көзқарастың үлкен-кішідегі сәйкестілігі, олардың өзара қарым-қатынасында жеке бастың бұра тартуына мүмкіндік бермеді. Тұрмыс-тіршіліктегі бірыңғайлық, психологиялық жағынан мүдделестік пен бірауыздылық әркімнің өз рулық одағының ар-намысын қорғауға жұмылдырды. Ол бүкіл ру мен ұлтқа ортақ салт-дәстүрлерді туғызды.
Ақын-жыраулар мен билер хан қасында отырып, оларға ақылшы бола білді. Өздерінің өлең-жыр, толғауларымен халықты хан айналасына топтастырып, ел мүддесін қорғауға, береке-бірлікке ұйытқы болды. Яғни олар ханға да, қара халыққа да тәлімгер тәрбиеші, ақылгөй ұстаздық рөлді атқарып келді. Солардың ішінде көрнекті қайраткерлер: Майқы, Асан қайғы, Қазтуған, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қадырғали Жалаири, Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы, Әнет баба, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Бәйдібек би, Жиембет, Ақтамберді, Доспамбет, Үмбетей, Бұқар жыраулар т.б. бар еді. Хандық дәуірден қалған рухани мұралардың ішінде XV-XVІІ ғғ. жазба мұралар да жоқ емес. Мысалы: Мұхаммед Хайдар Дулатидің “Тарих-и Рашиди”, Қадырғали Жалаиридің “Жами-ат тауариғы” және Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының “Шипагерлік баян” т.б. еңбектер.
Асан қайғы. Асан қайғы Сәбитұлы (ХІҮ-ХҮ ғ.) халық есінде абыз, философ, ақын болып, мәңгі жатталып қалған ірі тұлға. Оның бар ғұмыры халықпен бірге өтіп, біте қайнасып кеткен. Ауызбірлігі жетіспеген ортада елінің ертеңін ойлап үнемі мұңға батып жүргендіктен, замандастары оны Асан “қайғы” атап кеткен.
Асан қайғы Алтын орданың ханы Ұлұғ-Мұхаммедтің ықпалды билерінің бірі болған. Қазан қаласынан Дешті Қыпшақ жеріне қайтып оралған Асан қайғы Алтын Орданың орнында пайда болған ұсақ хандықтардың өмірі ұзаққа созылмайтынын болжай білген. Ол Керей, Жәнібек сұлтандар бастаған қазақ руларының Әбілхайыр хандығынан бөлінуін жақтайды. Асан қайғы өз халқының “жерұйығын” Шу, Сарысу бойынан, Ұлытау төңірегінен іздеуге бет бұрады. Сондағы көздегені – ежелгі скиф, қыпшақ даласынан безбеу.
Халқының болашағын ойлаған Асан қайғы желмаясына мініп, төңіректің төрт бұрышын шарлап, «жайлы қоныс» іздейді. Жол бойы кездескен тау-тас, өзен-су, көлдерді көріп, әр жердің ерекшелік қасиеттерін өзінше бағалап, өсиет сөздерін айтады.
Асан қайғының дүниетанымында адамгершілік мәселесі, мінез-құлықтық қасиеттер, өзін-өзі ұстай білу, қайырымдылық, кішіпейілділік, ізеттілік, т.б. сөз болады. “Ұлық болсаң, кішік бол”, “Өзім болдым, толдым деп асқақтама” дегендер айтылады. Асан қайғының ұғымында жұртты бай, кедей деп, немесе үлкен-кіші деп жіктеу, бөлу жарамсыз. Абыздың пайымдауынша “таза мінсіз асыл сөз, ой түбінде жатады”. Асан қайғы жастардың жақсылардан үлгі алып, жамандардан бойды аулақ салудың қажеттілігін, олардың ата-аналары мен үлкендерді сыйлап қастерлеуін, ақылын тыңдап үнемі басшылыққа алуын, ізгі ниетті жайсаң жан болып өсуін қалайды. Осыған орай жыраудың: “Арғымаққа міндім” деп, артқы топтан адаспа. Артық үшін айтыспа, достарыңмен сынаспа” немесе “Қарындасыңды жамандап, өзіңе туған табылмас” деген сөздерінің тәлім-тәрбиелік мәні аса зор.
Нағыз кісілік қасиеттер – озбырлыққа, менмендікке, бос даурықпаға елікпеу. Сондықтан “Мінезі жаман адамға, енді қайтіп жуыспа. Тәуір көрер кісіңмен жалған айтып суыспа” деген өсиетті ұсынады. “Тіршілікте бәріңіз бір болыңыз” деп халықты достыққа, бірлікке шақырады.
Ел қамын көп ойлап, көп толғанған қарт жырау өзінің толғау-жырларында “не жақсы”, “не жаман”, “не ғаріп” деген мәселелер төңірегінде ой толғап, заман жайында пәлсапалық ой-пікір білдіреді.
Мұритін тауып алмаса
Асыл туған пір ғаріп…
Ата жұрты бұқара
Өз қолында болмаса,
Қанша жақсы болса да,
Қайратты туған ер ғаріп – деп, ел басқарар көсемнің азғын болмай әділ болуын, қол бастаған батырдың соңынан ерер сарбазы – қалың қолы болуын, ерді елдің қолдауын құптайды.
Асан қайғы экологиялық тәрбие төңірегінде сөз қозғаған қазақтың тұңғыш ойшылдарының бірегейі. Оның толғауларында қазақ даласының сұлулығы, жер байлығы, аң-құстардың тыныс-тіршілігі, олардың географиялық мекен-жайы тілге тиек болады. “Аққу құстың төресі, ен жайлап көлде жүреді” деген шумақтан сұлулықтың сипатын аңғаруға тура келеді.
Жырау толғауларынан елге, жерге, ағайын-туысқа деген патриоттық сезім ерекше сезіледі. Әділдікті адамгершіліктің ақ туы тұтқан Асан ата “Әділдіктің белгісі - біле тұра бұрмаса, Ақылдының белгісі – өткен істі қумаса” деп айналасындағы ел жақсысына келелі кеңес беріп, үлкен ой салады.
Жорықта айдынды аламан, ақындықта арқалы жырау атанған Шалкиіз Тіленшіұлы (1465-1560) Дешті Қыпшақ өңірінде ғана емес, Қырым, Терістік Кавказ, Дон бойына да әйгілі тұлға. Ол өз заманындағы Ноғайлы әміршісі Темір, қазақ ордасы, кавказдықтар арасындағы саяси күрестердің ешқайсысынан сырт қалмаған. Жорықтың алдыңғы шебінде, айтыс-тартыстың басы-қасында, елдің бел ортасында жүрген Шалкиіз елдік пен ерлік, жақсылық пен жамандық, шеберлік пен шикілік мәселелеріне баса көңіл аударған. Кісілік қасиеттерге әр жақтан қайта-қайта оралып отырған. Шамасы, Шалкиіз өзі айтқандай “Жауырынына қанды көбе сыймаған, жағасына адам қолы тимеген” ержүрек, батыр, балуан, айдынды азамат болса керек.
Жорықта, соғыста, айтыс-тартыста ел мен ердің құны бәсекеге түсіп, бәйгеде сыналады. Ел ерлерсіз, ер өз елінсіз бабына келмейді. Осы бақталас пен жанталаста ақниетпен атқа мінгендер “жұртын жөнге салмақ” болады, қайырымсыз хандарға тежеу салады, тәубесіне келтіреді. Осындай ел үшін еңіреген ерлер қайда дегенді айтады Шалкиіз.
Шалкиіз дүрліккен, деміккен елге бас-көз болатын ханның бейнесін іздейді. “Пиғылы теріс хан іс етсе, ол жиған малыңды тәрік етер, ат-тоныңды бұлды етер, өз басыңды олжа етер” – дей келіп, әділетсіз Темірдің ісін көпке айғақ етеді. “Жақсыңнан мені кем көрдің, жаманыңмен тең көрдің” деп оның айыбын бетіне басады. Шалкиіз “Ақылсыз достан, ақылды дұшпан артық” екенін ұмытпағын деп достарына ой сала отырып,
Жаманға сырыңды қосып сөз айтпа
Күндердің күні болғанда
Сол жаман айғақ болар басыңа –
деп досты дұрыс таңдай, тани білу керектігін ескертеді. “Жаман дос жолдасын жауға алдырады” дегенді аңғартады.
Жақсы мен жаманды, адалдық пен арамдықты, дос пен қасты адами өлшемімен айғақтай келіп, Шалкиіз айналасындағыларға өрелі өсиет ұсынады:
Малыңды бер де басың қос,
Басыңды қос та, бек сыйлас.
Күндердің күні болғанда
Басың жауда қалар ма! -
деп шынайы дос пен қасты дұрыс айыра біл дегенді айтады.
Сырты құрыш, жүзі болат, ақыл-айласы мен қажыр-қайраты көпке танымал, сөзіне ісі сай, от тілді, болат қанжарлы Ақтамберді Сарыұлы (1675–1768 жж.) батырлығымен де, батылдығымен де, алғырлығымен де, ақындығымен де жұртқа танылған жырау.
Ақтамберді 17 жасынан қару асынып, жасақ ертіп Орта Азия хандықтарымен, қалмақ шапқыншыларымен соғыста қолбасшылық қабілетімен көзге түскен. “Ақтабан шұбырынды” оқиғасының куәгері болған. Ол елін жаудан қорғап қана қоймай, отырықшылыққа баулып, арық қаздырып, егін салдырған. Жырау 93 жыл жасап, 1768 ж. дүниеден қайтқан. Ақтамбердінің өмірбаяны оның өлеңдерінен айқын байқалады.
Атадан тудым жалқы боп,
Жақыннан көрдім талқы көп – деп өмірден көрген өгейлігіне реніш білдіреді.
Халқымыздың тіршілік тынысы, ата кәсібі, мінез-құлқы, жастарға айтар өсиеті, өмірге деген көзқарасы оның толғауларынан айқын аңғарылады.
Көпті көрген көне жырау жастарға өсиет айта келіп, Меккені іздеп қайтесің, ата-анаңа көрсеткен сый-құрметің құдай жолын қуып, Меккеге барумен пара-пар деп ой қорытады.
“Жақсыда жаттық жоқ”, “Жақсының ісі көпке ортақ” деп ұққан жырау:
Білімді туған жақсылар
Аз да болса көппен тең,
Жақсысы кеткен ауылың,
Өртеніп кеткен шөппен тең” – деп терең философиялық ой топшылайды. Ақтамберді жырау халық әрқашанда ел басқарған, тура жолдан таймайтын басшыны қадір тұтқан. Ол алысқа да, жақынға да әділдігімен жаққан. Ұлығы әділ ел ешкімнен кем-қор болмайды дегенді білдіреді. Берекелі бірлікшіл болыңдар, адал еңбек етіңдер дегенді өсиет етеді.
XVІІ-XVІІІ ғғ. еларалық дипломатиялық қарым-қатынасты күшейтуде, ортақ жауға қарсы елді берекелі бірлікке, ел намысын қорғай білуге үндеуде Әнет, Төле би, Әйтеке би, Қазыбек билердің тапқырлық ойларға құрылған шешендік сөздерінің тәлімдік мәні ерекше. Олар халықты ортақ жаудан қорғаудың күшті құралы ел бірлігінде деп қарады. Төртеу түгел болса аспандағыны алуға болатынын, ал алтау ала болса қолдағыдан айырылуға болатынын өздерінің шешендік ой толғауларымен халыққа білдіріп отырды. Бірлігі күшті елдің алмайтын қамалы жоқ деп қарады. “ Бірлік түбі – береке, береке болар мереке” деп ел бірлігіне ұйытқы болды. Олар айтқан әділдік, адалдық, шыншылдық, бірлік, береке-бірлік, ел намысын қорғау жөніндегі асыл ойға құрылған шешендік сөз топшылаулары заман өткен сайын өз құндылығын жоймайтын тарихи мұра болып саналады.
М.Х.Дулати және К.Қосымұлы еңбектеріндегі тәрбие және білім беру мәселелері.
Кейін есейіп ер жеткен шағында Мұхаммед Хайдар шын мағынасында Кұншығыстағы даңқты адамның бірі болып, Орта Азия мен Қазақстан халықтарының әдебиетіне, оның тарихына зор үлес қосады.
Күншығыс халқын зерттеуші ғалымдардың айтуынша Мұхаммед-Хайдардың атын жоғары көтеріп, оны жұртқа танытқан, әсіресе, оның “Тарихи-Рашиди” атты кітабы болды. Бұл шығарманың Күншығыс жазушыларына берген әсері сонша еді, олар мұхаммед-Хайдардың тарихи жазуларына ерекше баға беріп, оның кейбір жерлерін өзерінің жазған кітаптарында пайдаланып отырады. XVI – XVII ғасырлардағы Үнді мен Орта Азия тарихшыларынан Мұхаммед – Хайдардың “Тарихи-Рашиди” кітабын пайдаланбағандары кем де кем-ақ. Оның ішінде Үндістанның Европа әдебиетіне белгілі тарихшысы Мұхаммед-Қасым Ферште Бадахшан, Қашмир уәләяти туралы жазғанында, оның мағлұматын бір ғана “Тарихи-Рашиди” кітабынан алады, Мұхаммед-Қасымның айтуынша “Тарихи-Рашиди” – Орта Азия тарихы туралы жазылған шығармалардың ішінде ең мағыналысы және мағлұматтың ең дұрысы, ең толығы болып санлған.
Мұхаммед Хайдарды оқыған күншығыс ғалымдарының ол туралы жылы сөз айтпай қалған бірде бірі жоқ. Үндістанның атақты ғалымының бірі – Ағзам. Ол Мұхаммед-Хайдардың Қашмир өлкесі туралы жазғанына зор қуаныш көрсетіп, өзінің “кашмир тарихы” деген кітабында Мұхаммед-Хайдардың әдебиеттегі орнына ерекше баға береді. “Мұхаммед-Хайдар күншығыс ғылымның терең білген данышпан еді оның үстіе ол қаламынан сөз құйылған талантты ақв болды. Оның “тарихи Рашиди” кітабы болған оқиғаны төндіре айтуда ең инабатты шығарманың бірі” дейді.
Ол сол кездегі саяси оқиғалар мен оған қатысқан қайраткерлерді, сондай-ақ Моғолстан мемлекетінің, Қазақ хандығының өткен тарихын жақсы білген. Оның тікелей өзі куә болған жайлары да көп еді. Содан да болар ол орта ғасырдағы қазақтарға, әсіресе дулат тайпасының тарихына қатысты өте құнды материалдар береді. Қазақ хандығының құрылуы мен қалыптасуы, одан кейінгі кезеңдері, олардың қырғыздармен, өзбектермен қарым-қатынасы, көрші елдермен жайында кеңінен сөз болады. Әсіресе ғалымның өз заманы, соның ішінде Қазақ хандығының құрылуы, бұл Орданың қалыптасуы кезеңіндегі ОА-дағы саяси оқиғалар туралы егжейлі-тегжейлі мәліметтер берген деректері аса құнды болып отыр. Оның тарих саласындағы құнды еңбектері арқылы біз Ұлы ғалымды қазіргі Қазақ тарихы ғылымының бастау кеөздерінің бірі және ұлттық тарихтың негізін салушы ретінде танимыз.
Жалайыр Қосымұлы Қадырғали (1530-1605) – орта ғасырдағы қазақтың ғұлама ғалымы, атақты биі. Тарихи шығармаларда оны «Қайырғали Жалаири» деп көрсетеді. Бұл – тарихи тұлғаның аты-жөнінің соңына оның қай мекеннен екені білдіру үшін туған жерін көрсететін бұрынғы қалыптасқан дәстүр бойынша алынған. Бірақ мұнда ғұламаның туған жері емес, тайпасының аты көрсетілген. Оның шыққан тегі – Ұлы жүздің тарақ таңбалы Жалайыр тайпасынан. Оның «Жалайри» аталуы осыдан. Тарихи шығармаларда оның есімін Қыдырғали, Қыдырәли, Қадырғали деп құбылтып атай береді. Туған жері – Қазақстан жеріндегі Сырдария бойы.
Жастай білім алып, бірнеше тіл меңгерген Қадырғалидың өзі де хан сарайында қызмет атқарып, хан балаларын тәрбиелеу ісімен айналысқан.
Шығай ханның баласы «Ұзын оқты» атанған Ондан сұлтан жау қолынан өлген соң, оның 13 жасар баласы Ораз-Мұхаммедті алып, өзіне қараған елмен Сібірдің Көшім ханының қол астына көшіп кетеді. Онда Қадырғалидың білімділігіне, ақыл-парасатына риза болған Көшім хан оны Төбе би етіп сайлайды, өзінің ақылгөй кеңесшісі етеді. Бірақ ол онда ұзақ бола алмайды, кейін Сібір кінәзі Сейдектің ықпалымен, онымен бірігіп, Көшім ханға қарсы шығады. Сөйтіп ол енді Ораз-Мұхаммедпен бірігіп, Сейдектің мәртебесін көтереді. Осында жүргенде оларды Сібір воеводасы Д. Чулков алдап тұтқынға түсіреді. Қадырғалиды Ораз-Мұхаммедпен бірге Москваға жөнелтеді. Кейін шведтерге, Қырым хандығына қарсы соғыста ерлік көрсеткені үшін орыс патшасы Ораз-Мұхаммедке Ока бойындағы Қасым хандығынан иелігіне жер бөліп береді. 1600 жылы орыстың жаңа патшасы Борис Годунов оны Қасым хандығының ханы етіп қояды. Қадырғали оның төрт биінің бірі болып тағайындалады.
Ол осында ғылыммен шындап айналысады. Ана тілімен бірге араб, парсы тілдерін де жақсы меңгеріп, Шығыстың әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын терең зерттейді. Соның нәтижесінде ол Орта Азияның сол кездегі атақты ғұламаларының деңгейіне көтеріледі. Кейін «Жами ат-тауарих» («Жылнамалар жинағы») деген атпен әлемге әйгілі болған өзінің атақты еңбегін жазады. «Мен дүние жүзіндегі неше түрлі мемлекеттерді аралаған, әділ үкім, нақыл сөздерге қанық көптеген кітап оқыған адаммын» деп жазады ол өзі жайында.
«Жылнамалар жинағы» - орта ғасырдағы қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи шығармалардың бірі. Мұнда қазақ хандығының Х ғасырдың басынан бергі ішкі-сыртқы жағдайлары, қазақ тайпаларының халық болып қалыптасуы, оның халықаралық жағдайлары, хандардың және олардың төңірегіндегі түрлі әлеуметтік топтардың саяси ахуалдары жөнінде аса құнды мәліметтер берілген.
Х-ХҮІІІ ғ.ғ. Ресейдегі тәрбие, оқыту және педагогикалық ойдың дамуы.
Ежелгі Русьте білім беру және тәрбиелеу мәдениеті қалыптаса бастады. Прокопий Кесарийскийдің (VI ғ.) шығармаларында славяндарға тән тұлғалық мынадай сапалар аталады: көпшілдік және әділдік, жоғары құдыретті күштің бар екендігін мойындау, сиқырлыққа сену, қайырымды болу, жауынгерлік, еркіндікті сүйетін, батыр, денесі шымыр, күшті болу.
Ежелгі славяндардың тыныс-тіршілігінде алғашқы қауымдық құрылыстағы білім беру мен тәрбиелеу дәстүрлері сақталды, олар:
-балаларды балалық шақтан бастап түрлі істерге араластыру көзделді;
-ер және қыз балаларды тәрбиелеудің өзіндік ерекшеліктерінің болуы;
-түрлі ғұрыптарды сақтауды ұстану.
Алғашқы қауымдағы экономикалық үдерістердің дамуынан шаруашылықтың түр-түрі пайда болды. Ол отбасының жіктелуіне, сөйтіп, түрлі әлеуметтік топтардың, яғни жер иеленушілер, қолөнершілер, ақсүйектер, дін иелері, т.б. пайда болуына ықпал етті. Осыған орай әр түрлі әлеуметтік топтардың өз мүддесіне қажетті тәрбие ерекшеліктері қалыптасты.
Бала тәрбиесі қашанда отбасынан басталады. Онда әсіресе ана тәрбиесі басым еді. Балаларды жас ерекшеліктеріне қарай былайша бөлген: “ сәби”- емшек еметіндер; “балдырған”- 3-6 жастағы ана тәрбиесіндегілер; “жеткіншек”- 7-12 жас аралықтарындағылар (сауат ашуға тартылғандар); “бозбала” –12-15 жасар балалар отбасының түрлі кәсіби шаруашылық дағдыларын меңгеріп, тайпадағы ересектер қатарына қосылғандар.
Экономикалық жағынан дамыған қауым “бозбалалардан” дайындықтан өткен жауынгерлер жасақтарын құрды.
Қауымдағы алуан түрлі кәсіптердің дамуына байланысты, кәсіби дайындықты меңгеру үрдісі біртіндеп күрделене түсті. Соған байланысты VI – IX ғ. ғ. шығыс славяндар арасында шәкірттік - оқыту формасы пайда болды. Қолөнерші шәкіртіне нақты кәсіби дағдыларды меңгертумен бірге, шеберліктің құпия сырын түсінуге және оның түрлі рәсімдерін орындауға да баулыды. Шығыс славяндар арасында шеберлер ерекше киелі қасиетке ие деген ұғым қалыптасты.
Ежелгі славяндардың тәрбиесі көптәңірлі дүниетанымға байланысты болды. Тәңірлердің дәрежесі әр түрлі еді. Мәселен, жер, найзағай, жануарлар, байлық, т.б. тәңірлер көптеп саналды. Сонымен қатар, олар жоғары құдыретті күшке де сыйынды.
Түйіндей келе, ежелгі славяндар табиғаттың тылсым сырын қайырымды және жауыз күштермен байланыстырды. Қауымдағы көптәңірлі дүниетаным бала тәрбиесіне жан-жақты ықпал жасады. Осы күнге дейін орыс деревняларында сақталған тұрмыстық салттар (нәрестенің дүниеге келуі, үйлену, адамды жерлеу, жыл мезгіліндегі түрлі мерекелер - масленица, Иван Купала, т.б.) сол дүниетанымның нышаны болып табылады.
Шығыс славяндарда тәрбие балаларды әрекетке араластырумен іске асқан.
Отбасы тәрбиесі:
-туғаннан 3-4 жасқа дейін - анасының қамқорлығы, қарапайым тәжірибе беру;
-3-4 жастан 7 жасқа дейін - баланың шамасы келетін жұмыс, анасына көмек;
-7 жастан 14 жасқа дейін жыныстық ерекшелігіне байланысты жұмыстармен айналысу.
Кесте 1 - Шығыс славяндардағы тәрбие беру
Ер балаларҚыздар
• Жас шамасына сай оқыту. Ерлер жұмысында (ауыл шаруашылығы, жер өңдеу, мал шаруашылығы) әкелеріне жәрдемдесу. Бұл 7 жастан бастап ер балалар отбасындағы әйелдер жағынан ерлер жағына өту сияқты салт арқылы жүргізілген.
• 14 жастан бастап отбасының толыққанды мүшесі бола бастаған.
• Ер балалар әскери даярлықтан өткен.• Үйде әйел жасайтын жұмыстарды игерген. Иірген, өрген, құмыра жасаған.
• VII ғасырда- сақшыларды 12 жастан тәрбиелеген, олар арнайы үйлерде тұрған. Бұл тәрбиенің белгілі бірден-бір ұйымдастырылған формасы болған
• VI- IX ғ.ғ. қол өнеріне үйренуші оқушы, өйткені еңбектің қоғамдық бөлінісіне сай қолөнер жерөңдеуден бөлінген еді.
• VII-VIIIғ.ғ. атақты ақсүйектің балалары 7-8 жасқа дейін бағынышты отбасына берілді.
• VI-IХғ.ғ. тәрбие отбасылық сословиелік сипаттала бастады, еңбектің қоғамдық бөлінісімен анықталды.
• X-XIIIғ.ғ. ежелгі Русь педагогикасында екі мәдениет болды: тіндік мәдениет және христиандық, кітаптық.
Монғол шапқыншылығына дейінгі педагогикалық ойдың ерекшелігі адамды бостандық еркіндігі бар, жақсылық пен зұлымдылықтың біреуін таңдау мүмкіндігіне ие деп түсінуі болды.
Тәрбиелік - діни идеал - ойлай алатын, қайырымды, ұяты бар, әдеміні түсіне алатын, өзінің қатысуымен әлем мен адамдарды жетілдіруге ұмтылатын адам тәрбиелеу қажеттігі. Бұл идеалдағы патриоттық негіз – Отан ең жоғары этикалық құндылық, - деп саналады.
Ортағасырлық Русьте сауаттылық барлық жер-жерлерге тарады. Педагогикалық ойлар Златоустың педагогикалық идеяларында, Владимир Мономахтың өсиетінде және тағы сол сияқты жинақтарда болды.
Шығыс славяндар тарихындағы Киев кезеңі (X-XIII ғ. ғ.). X-XIII ғ. ғ. Киев кезеңінде ежелгі орыс халқы және олардың мемлекеті қалыптасты, сондықтан да оқу-тәрбие айтарлықтай өзгерістерге ұшырады.
Киев Русінде білім беру мен тәрбие 988 жылдан бастап Византия ықпалына көшті, осы кезеңнен бастап олар православие дінін ресми түрде мойындады.
Ежелгі Русьтегі педагогикалық ой-пікірлер мен мектеп славяндық көптәңірлік дүниетаныммен және шығыстық христиан дәстүрімен бірігіп, өзіндік ерекшелікке ие болды. Сонымен құдайға құлшылық ету, жазу және балаларға тәрбие беру, оқыту славян тілінде жүргізілетіндіктен, славян алфавиті - кириллица қолданылды.
Орыс жеріндегі алғашқы дін иелері гректер болды, кейіннен шіркеу мен монастырлар жанынан дін басыларын даярлайтын мектептер ашыла бастады. Византиядан орыс жеріне келген дінді уағыздаушылардың славяндар болуы немесе славян тілін білетін гректер болуы сауат ашу ісінің тез дамуына әсер етті. Батыс Еуропада XII ғ. дейін жазу жергілікті халықтарға түсініксіз латын тілінде жүргізілетін, өйткені оларға христиан діні Римнен тараған болатын. Ал орыс жерінде жазу славян тілінде жүргізілді, бұл жағдай сауат ашу ісіннің тез дамуына әсер етті.
Римнен таралған христиан идеясы шығыс славяндардың көптәңірлі дүниетанымымен және адамгершілік идеалдарымен үйлесім тапты, өйткені ол дүниетаным олардың рулық-тайпалық құрылымына жақын да түсінікті болатын. Христиандық дүниетаным біртіндеп славяндардың санасына сіңіп, бұрынғы көптәңірлі дүниетанымымен біте қайнасып кетті.
Киев Русінде білім беру мен мәдениет Византия мәдениетінің аясында дамыды. Тәрбие идеалы мен бағдарламасының негізіне византиялық діни дәстүрдегі “әулиелер өмірі” туралы уағыздар алынды.
Киев Русінің барлық сословиелік топтарының балалары отбасында тәрбиеленді. Оларға отбасында қарапайым білім берілді. Отбасы тәрбиесі үнемі шіркеудің назарында болды.
1051-1053 ж. ж. ежелгі орыс жазба ескерткіштерінің бірі - Ярослав Мудрыйдың жарғысы отбасы тәрбиесінің құқын белгіледі. Онда әйел-ананың ар-намысын қорғау, ата-ананың баланы тәрбиелеуге жауапкершілігі, оларға қамқорлық көрсетуі және жетімдіктен қорғау тетіктері көрсетілді.
Киев Русіндегі алғашқы мектептердің ашылуы діннің өріс жаюына, сауатты адамдардың көбеюіне байланысты болды. X-XIII ғ. ғ. мектептер Новгород, Переяславль, Суздаль, Чернигов, Полоцк, Муром, т.б. қалаларда ашылды.
Училищелер княздіктерде, шіркеулер мен монастырлар жанынан құрылды. Олар шәкірттерге діни кітаптар оқытып, мәнерлі жазуға үйретілді, бірігіп діни ән айту, адамгершілікке тәрбиелеу және “ар-ұят” қағидалары уағыздалды. Алғашқы кезде шіркеу жанындағы мектептер князьдер қаражатына салынса, кейіннен оларды шіркеулердің өздері салатын болды. Мектепте балалар бірге топтастырылғанмен, әр бала жеке оқытылды. Бала оқуға 7 жастан қабылданып, оқуы ақылы болды.
“Кітап оқуға” ауқатты сословие өкілдерінің балалары қамтылды, оларға діни элементарлық және жоғары білім берілді. Мектепте оқу, жазу, есеп шығару, математика, табиғат, шетел тарихы оқытылды.
Ежелгі Русьтегі бастауыш оқыту жүйесі. Бастауыш білім беру қоғамдық-практикалық жүйе формасында ұйымдастырылды. Бастауыш оқытуды сауат ашу шеберлері жүргізді. Олар барлық сословие өкілдерінің балаларының сауатын ашты. Оқу, жазу, есепке және кәсіпке үйрету түрінде жүргізілді. Сауат ашу үшін арнайы тақталарға әріптер ойылып жазылды. Бастапқыда балалар әріп танып, жазып, сонан кейін діни мәтіндерді оқуға жаттықты. Х-ХI ғ. ғ. ертедегі Русьте барлық сословие өкілдері арасында жазу кеңінен тараған еді. Сол кезеңде Киев Русі сауаттылық жағынан Орталық және Батыс Еуропамен бір деңгейде болды. Князь сарайлары, боярлар үйлері мен монастырларда 140 мыңға тарта кітап қолжазбалары сақталды. Ярослав Мудрый Киевтегі София соборында кітапхана ашты. Ол кітапханадан бізге жеткен ХI-ХIII ғасырларындағы қолжазбалардың саны 500-ге жуық.
Түрлі қалалардың қазба жұмыстарынан табылған деректер - ертедегі ортағасырлық Русьте сауаттылық кең тарағанын, қайың қабығына жазылған 700-ге тарта грамоталардан көруге болады. Ондағы жазулар ХI ғасырмен белгіленген.
Орыс князьдарының көбі сауатты адамдар болатын. Көне шежірелерде князь Ярославтың білімді адам болғаны туралы айтылады. Оның грек тілінен орыс тіліне кітаптар аударып, орыс жерінде алғашқы кітапхана ашқаны белгілі.
Князь Святослав Ярославович Черниговский де өте білімді адам болған. ХI ғасырда жазылған философиялық, тарихи, моральдық тақырыптардың жиынтығы - “Святослав жинағы” жоғарыда аталған князьдің есімімен байланысты.
Дін иелерінің ішінде де білімді адамдар көп болды. Соның бірі ретінде “Игорь полкі” туралы жырдың авторы жырау Боянды атауға болады.
Көне шежірелерде Киев жерінде кітаптың құндылығы туралы жазылған. Жоғарыда аталған “Святослав жинағы” шығармасының ішінде кітапты оқу жөнінде мақала берілген. Онда кітапты асықпай, қайталап оқу керектігі, балаларды кішкене күнінен кітапты қадірлеуге үйрету туралы кеңестер кездеседі.
ХI-ХII ғасырларда Киев мемлекетінің қолдан жазылған бірнеше діни-моральдық уағыздар жинағы пайда болды. Мысалы, “Святослав жинағы” кітабында грек патшасының балаларына арналған өсиеті беріледі. ХI ғасырдағы “Владимир Монамахтың балаларына өсиеті” – алғашқы педагогикалық ескерткіштердің бірі. Онда мемлекет қайраткері Монамах балаларына қалай өмір сүру туралы кеңес береді. Балаларынан Отанын сүюді, оны жаулардан қорғауды, еңбексүйгіш, ержүрек батыр болуды талап етеді. Ол балаларында адамгершілік, ерлік, қамқорлық қасиеттердің болуын қажет деп санады. Үлкенді сыйлау, жетім-жесірге қамқор болу керектігін көрсетті. Монамах балаларынан білімді игеруді, оқуды талап етті.
Монғол-татар басқыншылығы (1237-1241) және ХIII-XV ғасырларда орыс жерінде үстемдік етіп, халықты көп күйзеліске ұшыратты. Монастырь және шіркеу жанындағы мектептер қирады, сөйтіп басқыншылық салдарынан білім деңгейі күрт төмендеді.
Орыс жеріндегі ХIV- XVI ғ.ғ. мемлекеттің экономикалық дамуы тәрбие мен білім беруге мейлінше ықпал етті. Баланы өмірге даярлау отбасында жүргізілді. Ата-аналар балаларына отбасында өмірге қажетті еңбек дағдыларын меңгертті. Балаларды әр сословие өзінің дәстүрлі кәсібіне үйретті. Кәсіпті меңгеру атадан балаға беріліп отырды. Кей кездерде балаларға белгілі бір кәсіпті үйрету үшін сол сословиенің шеберіне баласын шәкірттікке беріп отырды.
Балалар сауат ашу, оқу, есеп шығару біліктілігін сауатты туысынан немесе “сауат ашу шеберінен” үйренді. Онда олар қолдан жазылған кітаптар арқылы хат тануға 2-3 жыл уақыт кетірді. Жазу құралдары болмағандықтан, жазуды меңгеру қиындыққа түсті. Татар-монғол шабуылына ілікпеген немесе аз іліккен жерлерде орыс мәдениеті әжептәуір өріс жайды (Новгород жері, Тверь, Владимир княздіктері). ХIV ғасырдың аяғынан бастап Мәскеу княздігі дами бастады.
ХIV-XV ғасырларда Новгород экономикасы мен саудасы дамыған ірі мемлекет орталығына айналды. Қалада қолөнер жақсы дамыды, шетелдермен сауда байланысы күшейді. Новгород қаласында кітап көшірушілер көп болды. Ол қолөнердің бір түрі болып саналды. Новгород жеріндегі ірі монастырларда кітаптар көшіріліп жазылды. Қолмен көшірілген Новгородтық энциклопедия сөздіктерінің бірқатары біздің заманымызға дейін жетті. Ол кітаптардың ішінде астрономия, философия, табиғаттану жөніндегі мақалалар кездеседі. XV ғасырдың соңғы 10 жылдығында Новгородте қолөнершілер мен саудагерлерге кеңестер мен өсиеттер беру үшін “Домострой” (“Книга, глаголемая Домострой, имеет в себе вещи … полезны, поучение и наказание всякому христианину, мужу и жене, и чадам, и рабам, и рабыням”) атты кітап даярланды. “Домострой” кітабы Ресейде морльдық катехизис және үй құрылысының энциклопедиясы іспеттес болды.
XVI ғ. соңында алғашқы баспа оқулық - әліппе пайда болды. Кітап басу негізін қалаған Иван Федоров (1510-1583 ж. ж. шамасы) деп көрсетіледі. 1574 жылы басылған “Әліппе” кітабының түсініктемесінде оның балалар мен ата-аналарға арналғаны айтылады, бұдан сауат ашу отбасының міндетіне жүктелгенін байқауға болады.
XVI ғасырда орыс жері Мәскеу княздігі қарамағындағы бір орталыққа бағынған мемлекет болып құрылды, ал кейін Еділ өзенінің бойы, Сібір жері қосылғаннан кейін Ресей феодалдық мемлекетке айналды.
Балалардың діни тәрбиесіне шіркеу жауапты болды. Дін иелері бұқара халыққа христиан дінінің ұстанымдарын уағыздап, шіркеуді және үкіметті құрметтеуге тәрбиеледі. Діни-адамгершілік тәрбие элементарлық біліммен байланыстырылды. Училищелердің көпшілігі діни ғибадатханаларда орналасты. Мектеп ұғымы шіркеу ұғымымен теңестірілді. Сөйтіп, Ресей феодалдық мемлекетінде оқыту отбасылық, шіркеулік және монастырлық түрде жүзеге асырылды.
Түйіндей келе, сол кезеңдегі қалыптасқан оқыту тәжірибесі мемлекет пен қоғам сұранысын қамтамасыз еткендіктен, білім беруді жетілдірудің қажеттігі болған жоқ. Сондықтан XVII ғ. дейін орыс жерінде мемлекеттік сауат ашу мектебі болған емес. Отбасында балаларға тұрмыстық ережелер үйретілді.
Сол кезеңдегі ең сауатты сословие дін иелері болды. Олар дәстүрлі білім көлемімен бірге, адамгершілік-діни тәрбие алып, өздерін рухани тұрғыдан жетілдірумен айналысты. Монастырларда терең білім алуға болатын еді. Дін иелері шіркеудегі қызметтерінен босаған соң кітап оқып, қолжазбаларды көшірді. Монастырларда кітап қорлары жиналып, олар кітап жазу орталықтарына айналды.
XVII ғасырдағы батыс православиелік бауырластықтар (Львов, Виленск, Могилев, Луцк, Киев т.б.) оқу - ағарту ісіне көп көңіл бөле бастады, оны православиелік сенімді және шіркеуді нығайтуға пайдаланды.
Львов және Луцк мектептерінің біздің заманымызға дейін сақталған жарғысынан ондағы мектептердің демократиялық ұстанымға құрылғандығы көрінеді. Мектеп ректоры мұғалімдер ұйымының жалпы жиналысында сайланған. Оның үстіне мектеп жұмысын бақылайтын екі қамқоршы өкіл сайланған. Баласын мектепке берерде баланың әкесі мектеппен келісім-шарт жасайтын болған. Ол келісім-шартта мектептің баланы неге үйрететіні, ата-ананың мектеп алдындағы міндеті (ата-ананың мектептен баланы оқу аяқталған соң алуы және оқуға үзбей баруына кедергі келтірмеу) жазылған. Жарғыда мұғалімнің жеке басының үлгісі туралы да айтылған.
Мектепке барлық сословие балалары оқуға тартылып, олар панасыз балалар ұйымының есебінен оқытылды.
Бауырластық мектеп жарғысында мұғалімдерге демократиялық талаптар қойылды: мұғалім балаларды бірдей оқытып, бірдей жақсы көруі, бай, кедейге бірдей қарауы тиіс еді. Әр оқушыны шамасына қарай оқытты. Мұғалім сабаққа келмеген оқушының себебін анықтауы керек болды. Мұғалім алдымен үй тапсырмасын тексеріп, сонан кейін сабақ өткізетін еді, үйге тапсырма беріліп, сенбі күні апта бойы оқытылған сабақ пысықталды. Бауырластық мектептерде ана тілін оқытуға ерекше көңіл бөлінді.
Бауырластық мектептер алғашында элементарлық, онан кейін орта және жоғары мектептерге айналды. Мәселен, Киев-Могилян академиясы ашылды. Орта мектеп діни сипат алып, діни семинария рөлін атқарды.
Туысқандық мектептер жеке меншік те, отбасылық та емес, қоғамдық мектеп болды. Бұл мектептер діни-шіркеулік қызмет атқарды. Онда барлық діни рәсімдер қадағаланып, құдайға күнделікті құлшылық ету талап етілді. Сонымен бірге шіркеу жарғысын қадағалау, шіркеу оқуларына қатысу, топтасып діни ән айтуға жаттығу міндеттелді. Діни “Киелі” кітаптар оқытылып, грек-латын тілдері және православиелік тұрғыдан қажетті делінетін “жеті түрлі өнер” үйретілді. Бауырластық мектептер білім деңгейін көтеру үшін кітаптар жинады.
Бауырластық мектептердің ішінде ерекше сипатқа ие болған Львов бауырластық мектептері болды. Олар басқа бауырластық мектептерге мұғалім даярлады.
1615 жылы Киевтегі бауырластық мектеп Киев-Могилев коллегиумы, сонан кейін академия болып аталды.
Бұл орыс жеріндегі ең алғашқы жоғары оқу орны болды. Оның үш бөлімінде (төменгі, орта, жоғары) 1200 адам оқыды. Онда философия, дін, құқық пәндері оқытылды. Оны бітіргендердің білімі батыс еуропалық схоластикалық стандарт деңгейінде болды.
Оқушыларының саны көп оқу орындарының бірі - Баспаханалық мектеп 1681 жылы ашылды. Ондағы оқу бағдарламалары кеңейтіліп, славян және грек тілдері оқытылды. Төменгі сыныптарда 50 адам сауат ашу, ал ересек сыныптарда бірінші жылы 10 адам діни оқу оқыды. Уақыт өте келе баспаханалық мектеп бастауыш мектеп рөлін атқарса, кейіннен баспахана аудармашылар даярлайтын училищеге айналды.
1685 жылы Мәскеуде Богоявлянский монастырында мектеп ашылды. Бұл мектептің типі Батыс Еуропа университеттеріне жақын болды. Мұнда баспаханалық мектептер мен Чуд монастырлық мектебін бітіргендер оқуларын жалғастырды. Онда грек-латын тілдері оқытылды.
Түптеп келгенде, XVII ғасырдағы Русьте орта мектеп пен жоғары мектеп арасында айтарлықтай өзгешелік болған жоқ. Білім сапасы мектептердің бағытына және ондағы мұғалімдердің білім деңгейіне сәйкес жүргізілді.
1687 жылы Мәскеудегі ең бірінші жоғары оқу орны - эллин-гректік, кейіннен славян - грек - латын академиясы болып ашылды. Академияны ашуда білімді ағайынды Лихудылар үлкен еңбек сіңірді. Олар жоғары сыныптарда риторика және философиядан сабақ берді, грек, латын тілінде грамматика мен риторикадан оқулықтар құрастырды. Кейіннен олар Новгородта славян-грек-латын училищесін ашты. Осының үлгісімен XVIII ғасырдың басында Новгород жерінде 14 грамматикалық мектеп ашылды.
Мәскеу академиясы Киев академиясының үлгісімен құрылды. Оның ашылуына еңбек сіңірген Симеон Полоцкий (1629-1680) болды. Ол латын тілді мектепті қолдады. С.Полоцкий өзінен кейін бірнеше оқу кітаптарын “Псалтырь”, “Славян тілінің әліппесі”, т.б. қалдырды. Ол табиғатқа сәйкестік ұстанымын қолдады. Адамды тәрбиелеудің үш кезеңін ұсынды: туғаннан 7 жасқа дейін- адамгершілік тәрбиесі кезеңі, 7 жастан 14 жасқа дейін- практикалық оқыту кезеңі, 14 жастан 21 жасқа дейін- ақыл-ойдың даму және азаматтық тәрбие кезеңі. Жақсы ата-анада жаман баланың болу себебі шектен тыс баланы сүю деп есептеді. Баланың ең алғашқы дағдыларына жете мән берді. Симеон Полоцкий І Петрді тәрбиелеуді қадағалаған.
Полоцкий әлемді құдайдың жазған кітабы ретінде қабылдайды. Мұғалім оқушыны осы кітапты оқуға үйретуі қажет деп көрсетті. Ол оқытуды латын, грек және орыс тілінде жүргізу керектігін айтты.
Бұлардан кейін білім берудің таза шіркеулік-діни кезеңі аяқталып, оқу орнында дінмен қатар, ғылым да оқытыла бастады. Дегенмен ғылыми пәндерді оқытудың өзі де дінге тәуелді болды, барлық ғылым православиелік дін тұрғысынан түсіндірілді.
Мәскеу академиясы XVIII ғасырдың соңына дейін жалғыз жоғары оқу орны болса, кейіннен ол тек діни мекемеге - діни семинарияға айналды.
Бұл академияның қабырғасында М.В.Ломоносов, көрнекті жазушы А.Д.Кантемир, архитектор В.И.Баженов және т.б. мәдениет саласындағы көрнекті қайраткерлер оқыған еді.
XVII ғасырдың екінші жартысында Ресейде оқыту мен тәрбиенің латын тілді, византия-ресейлік, славян-грек-латын, ескі салттық есептік - төрт бағыты сарапталды.
Бұлар Ресейдің алдағы қоғамдық даму жолын бағалау жағынан екі бағытты ұстанды. ХIХ ғасырда олар батыстық бағытты және славяндық бағытты ұстанушылар деп аталды.
Сол кезеңдегі педагогикалық ой-пікірдің жетістігін бейнелейтін белгілі қайраткер Сильвестрдің тілі көркем, мазмұны қызықты жазылған «Домострой» шығармасын атауға болады. «Домострой» үш бөлімнен тұрды.
Бірінші бөлімінде өмірге байланысты діни ақыл-кеңес берілді. Мұнда ата-аналардың басты міндеті балаларына адамгершілік-діни тәрбие беру керек делінді.
Кітаптың екінші бөлімі отбасылық қарым-қатынасқа арналды. Күнделікті тұрмысқа қажетті еңбекке, сауаттылыққа және кітап «ғылымын» үйрену жөнінде кеңес берілді.
«Домостройдың» үшінші бөлімінде үйді жабдықтауға, шаруашылық жұмыстарға қатысты кеңестер берілді.
Ресей XVIII ғасырдың басында ортағасырлық тығырықтан шығып, өзінің экономикасын, саясатын, мәдениетін дамытуды көздеді. Оған білімді мамандар - офицерлер, теңізшілер, артиллеристер, инженерлер, дәрігерлер, ғалымдар, үкімет қызметкерлері, мұғалімдер қажет болды. Осыдан білім саласын жетілдіру қажеттігі пайда болды.
Петр I-ші мемлекетті дамыту мақсатымен шіркеуді өз билігіне көндірді. Шіркеу бірден-бір білім бақылау құқынан айырылды. Бұдан былай білімді бақылау мемлекет қарамағына алынды. Сонымен Ресейдегі оқу-ағарту жұмысы үкімет мүддесіне қызмет етуге бағытталды.
1721 жылы Петр I-нің тікелей қатысуымен Феофан Прокопович «Рухани регламент» жасады. Онда мемлекеттің шіркеуге үстемдік етуі бекітілгенмен де, халықты адамгершілікке тәрбиелеп, ақыл-кеңес беру үшін шіркеудің білім деңгейін жетілдіру көзделді. «Рухани регламентте» мемлекеттің мүддесі басым болды. Ф.Прокопович жаңа мектепке ғылыми сипат беруді көздеді, онда түрлі пәндерді оқыту, оқытуды көрнекілікке негіздеу, кітапхананың болуы міндеттелді, өйткені «кітапсыз академияның жаны жоқ» деп көрсетілді.
Академияның оқу жоспарындағы пәндер:
- грамматика тарихпен және жағрафиямен бірге;
- арифметика геометриямен бірге;
- логика мен диалектика бірге;
- риторика мен тақпақ шығаруға жаттығумен бірге;
- физика қысқаша метафизикамен бірге;
- қысқартылған саясат;
- діни оқу (мерзімі 4 жылдан 2 жылға қысқартылды).
Шет тілдері (латын тілін міндетті түрде оқыту, егер мұғалім табылса, грек және еврей тілін оқыту) сабақ уақытындағы екі пәннің арасында оқытылуы тиіс болды.
Оқу мерзіміне 8 жыл бөлінді. Оқуды бітіргендерге дін немесе ғылым жолына түсуге мүмкіндіктер берілді.
“Регламентте” элементарлық мектеп жайы атап өтілді, әр епископ өз үйінде дін иелерінің балаларын оқытып, дін жолына түсетін қызметкерлер даярлауға міндеттелді. Ең бастысы Ф.Прокоповичті толғандырып, мазасыздық тудырған мәселенің бірі - мұғалімдердің саны мен сапасын көтеру болатын. Өкінішке орай Ф.Прокоповичтің идеясы мен пікірлері дін иелері тарапынан қолдау тапқан жоқ, өйткені олар Петр I-нің білімді қайта құруына қарсы болды.
I Петр заманындағы мектептің жайы. Петрдің қолындағы «Рухани регламент», білімді қайта құру жобасын толықтай жүзеге асырмады. Дегенмен сол жобаның ықпалынан Петрге дейінгі қалыптасқан бір типті білім екі бағытқа бөлінді - шіркеулік және дүнияуи, соңғысының аясында түрлі кәсіби мектептер пайда болды. Петр заманындағы жаңадан ұйымдастырылған білім сипатына тоқталсақ, біріншіден, ол кәсіби бағыт алса, екіншіден, сословиелік жіктелуді күшейтті, өйткені бұл тұста дворяндарды қолдау саясаты күшті жүргізілді.
Петрдің алғашқы бастамасы мемлекеттік мектепте бұқара халықтардың балаларын оқыту үшін - цифирлік мектептер ашуынан басталды. Ол мектеп патша жарлығымен 1714 жылы 10-15 жас аралығындағы бұқара халықтың балаларынан мемлекеттік қызметтің төменгі деңгейіне қызметкер даярлауды көздеді. Негізінен онда әскери қызметке, завод және кеме жасайтын жұмысшылар даярланды. Цифирлік мектептер кәсіби мамандыққа арналған даярлық кезеңі болып саналды.
Оқу мазмұнында сауат ашу, арифметика, бастапқы геометрия қамтылды. Ондағы мұғалімдік қызметке мәскеулік математика мектебі мен кеме жүргізу (навигация) мектептерінің шәкірттері тартылды. Бірақ цифирлік мектептің ғұмыры қысқа болды, себебі ондағы оқуға төленетін қаржыны бұқара халықтың жағдайы көтермеді. Алайда, бұл мектептің жұмысы педагогикалық тәжірибені дамытты.
XVIII ғасырдың басында әскери адамдар мен теңіз мамандарының балаларын оқытатын армия мен флоттың төменгі басшылық құрамына қызметкерлер, кеме жасау және жүргізу мамандарын даярлау қажеттігі туды. 1698 жылы Преображенск полкінің жанынан артиллерия мектебі ашылды. Онда сауат ашу, есепке үйрету, артиллериялық іске баулу жүргізілді. 1721 жылы ондай мектептерді әр әскери полкте ашу жайлы бұйрық берілді.
Кәсіби жұмысшыларды даярлау үшін кен-заводтық мектептер ашылды. Мұндай мектеп 1716 жылы алғаш Карелияда ашылды. Ол мектепке кедейленген дворян отбасыларының 20 шақты баласы алынып, оларға оқу-жазу, арифметика, геометрия, кен және артилерия ісін меңгертті.
1701 жылы Мәскеуде артиллерия-инженер мектебі, 1703 жылы Мәскеу инженер мектебі, 1719 жылы Петербург артиллерия мектептері ашылды.
1707 жылы Мәскеудегі әскери госпиталь жанынан хирургия мектебі ашылды.
Мәскеудегі математика және навигация ғылымдары мектебі сол кезеңдегі алдыңғы қатарлы мектеп саналды. 1707 жылы Петр I-нің жарлығымен түрлі келеңсіз жағдайларды болдырмау, оқу сапасын арттыру мақсатында оқушыларды қатаң жазалау шарасы енгізілді. 1715 жылы бұл мектеп Петербургке көшіріліп, Теңіз академиясы деп аталды.
1725 жылы Санкт-Петербургте Ғылымдар Академиясы құрылды. Оның жарғысы Петр I-нің тұсында жарияланды. Академия үшін Батыс Еуропа елдерінен ғалымдар шақырылып, керекті жабдықтар сатып алынды. Петр I-нің жобасы бойынша академия жанынан университет, гимназия ашылды. Академияның жұмысына М.В.Ломоносов белсене араласты.
Петр I-ден кейінгі кезеңде таққа келген оның мұрагерлері, ата-бабасының бастаған істерін қолдағандай болды. Сөйтіп, Петр заманындағы оқу-ағартудағы белгілі жетістіктер біртіндеп өзгеріске түсіп, дворяндық тәрбиеге назар аударыла бастады.
Дворян иеліктеріндегі отбасында білім беру үшін шетелдерден мамандар шақырыла бастады. Дворян иеліктеріндегі отбасы тәрбиесіне түрлі жағдайлар ықпал етті: отбасының қаражаты, қоғамдағы әлеуметтік орны. Үй иесінің негізгі іс-әрекетіне қарай бала тәрбиелейтін гувернерлер мен мұғалімдерді жалдау қажет саналды.
Дворяндардың балалары 7 жасқа толғанда Петербургке әкелініп, бірінші байқаудан өткізіліп, арнайы тіркеуден өтуі керек болса, ал Мәскеу мен губерниялық қалаларда губернаторларда тіркелу керек болды. Екінші байқау 5 жылдан кейін өткізілді. Ол кездегі жеткіншек («недоросль») өз оқу дағдысын жақсы меңгеріп, есеп шығара білуі тиісті болды.
Оқудың келесі сатысы үйде немесе мемлекеттік мектепте жалғасуы қажет еді. Онда олар арифметика мен геометрияны, Құдай заңын оқыды. Сөйтіп, дворяндық тәрбие (7-16 жас ) дворяндық иеліктердегі үйде жүзеге асырылды. 16 жасқа толғаннан кейін оның білімін сенат тексерді. Дворян баласы оқуын онан соң үйде немесе мемлекеттік мектепте жалғастырып, жағрафия мен тарихты, фортифкацияны меңгеруі тиісті еді.
Инженерлік, артиллериялық, гарнизондық мектептердің оқушылары Петербургтегі Әскери коллегия мүшелерінің немесе гарнизондар мен қала губернаторы, коменданты, «ғылым адамдары» алдында емтихан тапсырды.
Дворян балаларына болашақ офицерге керекті білім беретін арнаулы әскери оқу орындары – кадет корпустары ашылды. Бұл оқу орындары Қазан төңкерісіне дейін сақталды.
1731 жылы Санкт-Петербургте дворян балаларын әскери және мемлекеттік қызметке даярлайтын алғашқы кадет корпусы ашылды. Бұл мектепте әскери даярлықпен бірге жалпы білім берілді. Онда 4 сынып болды. Әр сыныпта оқу екі жылдан төрт жылға созылды (барлығы 10-12 жыл) Алғашқы екі сыныпта жалпы дәрежелі білім берілді (әдебиет, математика, тарих, жағрафия оқытылды). Жоғары сыныптарда арнаулы пәндер оқытылды. Сонымен қатар атқа салт мініп жүру, қылыштасу, би, музыка өнерін үйренуге көңіл бөлінді. Кадет корпусында оқыған жастар не әскери қызметке, не мемлекеттік қызметке қажетті мамандық алатын болды. Бұл типті оқу орындарында эстетикалық және дене тәрбиесіне ерекше көңіл бөлінді. Кадет корпустарының кітапханасы, театры болды және журнал басып шығарып тұрды.
М.В.Ломоносовтың педагогикалық идеясы. Михаил Васильевич Ломоносов (1711-1765) – орыстың алғашқы жаратылыстанушы ғалымы, ақын, философ, суретші, тарихшы, ағартушы, әлемдік ғылымда аты қалған орыстың алғашқы академигі. Ол Ресейдің ғылымы мен мәдениетінің барлық саласының негізін қалаған біртуар ғалым: әдебиетші, ақын, түрлі тілдерді меңгерген тарихшы, жағрафияны жетік білген, кен зерттеуші, темір қорытушы, физик, химик, суретші, ұстаз болды. Ол барлық ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізуді, мемлекеттің байлығын арттыруды көздеді. М.В.Ломоносов ағартушы ретінде Ресей мемлекетінің мүддесіне, ғылым және оқу-ағарту саласында қажырлы еңбек етті.
Мәскеу университетінің (1755) құрылуы М.В.Ломоносов атымен тығыз байланысты. Ол қазіргі кезеңдегі әлемдегі жетекші университеттердің бірі болып саналады. Ломоносов осы университетті құру жобасы мен оқу бағдарламасын жасады. Ғалымның ұсынысы бойынша университет қабырғасында гимназия ұйымдастырылып, ол 1812 жылға дейін өз қызметін жалғастырып келді.
Университеттің жанынан екі гимназия ашылды. Бірі дворян балалары үшін, екіншісі - крепостной шаруалардың балаларынан өзге, әр түрлі шендегі сословиелердің балаларына арналды. Бұдан кейін Мәскеу гимназиясының үлгісімен Қазанда да гимназия ашылды.
Мәскеу университетінің жанында орыс архитекторлары Казаков пен Баженовтың мектептері жұмыс істеді. Бұл университеттің профессорлары ірі педагогикалық зерттеулермен айналысты. Олар оқыту әдістемелерін зерттеді. Жеке пәндерді оқыту туралы бағалы құрал жасап ұсынды. Ол құрал “Университетке түсушілерді оқытудың әдістері” (1771) орыс, латын, неміс, француз тілінде шықты.
Мәскеу университетінің жанында Ресейдегі алғашқы оқытушылар семинариясы жұмыс істей бастады. Бұл семинария гимназиялар мен басқа мектептер үшін мұғалімдер даярлады.
Мәскеу университетінің ашылуы М.В.Ломоносовтың жоғары демократиялық мектеп жайлы арманын іске асырды. Онда барлық сословиенің өкілдері оқуға мүмкіндік алды.
Мәскеу университеті қиындықтарға қарамастан өз қызметінің аясын кеңейте бастады. Онда әдеби және ғылыми бірлестіктер құрылды. Сонымен бірге “Баспаханалық бірлестік” те бой көтеріп, баспадан кітаптар шығарып, оны сататын дүкендер ашты.
60-жылдары М.В.Ломоносов Санкт-Петербугтегі академиялық гимназия мен университетті басқарды. Ол жалпы жұмыс жоспары, оқу жоспары, ондағы жұмыс тәртібі жайлы “Академиялық гимназия регламентін” жасады. Ломоносов алғаш рет Санкт-Петербург университетінде дәрісті орыс тілінде оқыды, бұрынғы ғылым тілі Еуропа мен Ресейде латын тілі еді.
М.В.Ломоносовтың ағартушылық қызметінің бірі - орыс тілінде қажетті оқулықтар мен әдістемелік құралдар жазуы. Мәселен, оның “Риторика” (1748) және “Орыс тілінің грамматикасы” (1758) жарты ғасыр бойындағы ең жақсы оқулық болып саналды. Тарихқа байланысты кітаппен бірге “Кен ғылымын алғашқы негіздеу” кітабын жазды. “Студенттерге арналған физика кітабын” латын тілінен орыс тіліне аударды.
М.В.Ломоносовтың ең ірі педагогикалық жетістігі - чех педагогы Ян Амос Коменскийдің “Суретті әлем” деген шығармасын мейілінше насихаттап, гимназия оқулығы ретінде пайдалануға ұсынуы.
М.В.Ломоносовтың педагогикалық жетістігінің екінші бір қыры - Ресейде ең алғаш рет академия мен университеттерге сыныптық-сабақ жүйесін енгізуі, кейіннен сол үлгі бойынша, кадет корпустарына да сыныптық-сабақ жүйесі енгізілді.
М.В.Ломоносовтың біліктілігі мен парасаты оның жасаған бағдарламалары мен ғылыми еңбектерінде көрініс тапты.
Сондай-ақ, І-Петр тұсындағы мектепті ұйымдастыру ұстанымдары: мектептердің мемлекеттілігі, кәсібиліктің энциклопедиялық біліммен ұштасуы, оқу жоспарларында математика, навигация және теңіз ғылымдарына ерекше орын берілді, зорлықпен оқыту және қатаң режим орнатылды.
XVII ғасырдағы білім беру мекемелері жүйесіне жалпы білім беретін және кәсіптік оқу орындары (математика және навигация ғылымдары мектебі (1701) .математика, астрономия, география, геодезия, теңізде жүзу; Теңіз академиясы (1715); цифирлік училищелер (1714 жылдан бастап шаруалар үшін басқа оқу, жазу, арифметика).
Арнайы оқу орындары: таукен - заводтық мектебі, инженерлік мектеп; артиллериялық мектеп; қарапайым бұқара халық үшін халық училищелер жүйесі; кіші- 2 курстық, негізгі-4 курстық; Петербургтік басты халық училищесі - мұғалімдік семинария және жабық сословиелік оқу орындары (шетелдік пансиондар, теңіздік кадеттік корпус (1752), артиллериялық дворяндық корпус, бастауыш архиерей мектептері, рухани семинарлар мен рухани академия, Смольныйдағы ізгілікті қыздар институты) және ғалымдар Академиясы (1725), Мәскеудегі университет (1755) т.б.бүкіл білім беру жүйесінің негізгі белгісі - анық көрініп тұратын сословиелік болды.
Александр Николаевич Радищев (1749-1802) – ХVIII ғ. екінші жартысындағы Ресейдегі революцияшыл педагогикалық ойдың көрнекті өкілі болды. Ол крепостнойлық тәртіптің күшті кезінде халықты қанауға батыл қарсы шыққан орыс дворяндарының бірі еді.
А.Н.Радищев табиғат, адамның пайда болуы және оның санасы жөнінде орыстың философиялық материализмінің алдыңғы қатарлы идеяларын жақтады.
А.Н.Радищев тәрбиенің негізгі міндеті азаматтық санасы және жоғары моральдық қасиеттері бар, мейлінше Отанын сүйетін патриот адамды қалыптастыру деп санады. Ол шын мәніндегі патриот деп қаналушы халықтың мүддесі үшін патшамен белсенді күрес жүргізген адамды ғана санауға болады дегенді айтты. Бұл пікір оның “Отанының шын ұлы кім екендігі туралы әңгіме” деген еңбегінде көрініс тапты.
Оның “Петербургтен Мәскеуге саяхат” атты негізгі шығармасында шаруа балаларының помещиктің қанауынан тартып отырған азабын ашып көрсетті. Шаруа балаларының рухани дамуына крепостнойлық тәртіптің кедергі жасап отырғанын, олардың табиғи қабілеттерінің дамуына үкімет тарапынан қамқорлықтың жоқтығын сынады. Жас ұрпақтың тиісті тәрбие алуы мемлекеттің міндеті деп атап көрсетті, тәрбие беру арқылы жас ұрпақтан Отанының азаматын, шын мәніндегі патриотты тәрбиелеу қажет деп санады.
Отбасы тәрбиесіне байланысты балаларды қатаң тәртіппен бағындыруға болмайды, отбасындағы ата-аналар мен балалардың қарым-қатынасы олардың жеке басының ғана ісі емес, ол қоғамдық мәселе деп көрсетті.
ХІХ – ХХ ғ.ғ. басындағы Ресейдегі мектеп және педагогиканың дамуы.
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдегі мектеп пен білімінің мемлекеттік жүйесі. XIX ғасырдың бірінші жартысында Ресейдің ішкі өмірінде капитализмнің дамуына байланысты крепостнойлық құрылыстың ыдырауы күшейе түсті. Осы кезеңде таққа отырған Александр I мемлекетті билеудің ескірген жүйесін өзгертті. Оның мектепті өзгерту саясаты екі кезеңнен тұрды.
Ол 1815 жылға дейінгі мектеп ісін ұйымдастыруда ағартушылық бағытты ұстанды. 1816 жылдан бастап білім беру саясатында реакцияшыл бағыт күш алды.
1802-1804 жылдары халыққа білім беруді қайта құрудың бірінші кезеңі басталды. Бұрынғы коллегиялардың орнына бір орталыққа бағынған министрліктер құрылды. Соның бірі 1802 жылы құрылған Халық ағарту министрлігі болды. Бұл министрлік ғылым, әдебиет, баспасөз, ағарту және тәрбие ісін басқарды.
1803 жылы Халық ағарту министрлігі “Халық ағарту ісінің бастапқы ережелерін” жариялады. Бұл “Ережелер” бойынша бүкіл Ресей 6 оқу округтарына бөлінді, әр оқу округын мемлекет шенеунігі – оқу округының попечителі басқарды. Осылай халық ағарту ісін басқарудың қатаң бюрократтық жүйесі құрылды.
Ресейдегі оқу орындарының типі. 1804 жылы “Оқу құралдарының жарғысы қабылданды”. Бұл “Жарғы” бойынша Ресейде жаңа оқу жүйесі 4 сатыдан тұратын болды:
- университеттер (жоғары саты);
-гимназия (орта саты);
-уездік училищелер (аралық саты);
- приходтық мектептер (төменгі саты).
Приходтық мектептер әр қала мен селолық жерлерде ұйымдастырылды. Бұлар оқу мерзімі бір жылдық мектептер еді. Бұл мектепке уездік училищелерге оқушылар әзірлеу, дін тәрбиесі мен элементарлық сауат ашу міндеттері жүктелді. Мектептің оқу жоспарында "Құдай заңы" мен ережелері, оқу, жазу, арифметиканың бастапқы төрт амалы, үй тұрмысы мен денсаулыққа байланысты оқыту пәндері қаралды. Приходтық мектептер мемлекет қарамағына алынбады, оларды ұйымдастыру жергілікті басқару органдарына жүктелді. Шаруалардың балалары бұл мектепте оқи алмады.
Уездік училищелер – губерниялық және уездік қалаларда ашылды. Бұлар оқу мерзімі екі жылдық оқу орындары болды. Училищелердің оқу жоспарына 15 оқу пәні: “Құдай заңы”, орыс тілі грамматикасы, жағрафия, тарих, арифметика, геометрия, физика, жаратылыстану, бастапқы технология, т.б. пәндер қамтылды.
Гимназиялық білім беру 4 жылға созылды, оқу жоспарына латын және қолданыстағы шет тілдері, тарих, статистика, поэзия, әдебиет, математика, жаратылыс тарихы (минералогия, ботаника, зоология, коммерция, технология, сурет) енгізілді. Дін сабағы қамтылғанымен, орыс тілі оқу жоспарына енгізілген жоқ.
Білімді қайта құрудағы басты нысана университеттік жоғары білім беру болды. Мәскеу, Вильно, Дерптегі университеттер қатарына Харьков, Қазан, Санкт-Петербург университеттері қосылды.
Университеттер мемлекеттік жұмысқа шенеуніктер мен оқытушылар даярлады. Оқу орындары жарғысын даярлаған ғалымдардың талаптарына сәйкес және үкіметтің либералшыл саясатына байланысты университеттердің өзін-өзі басқару түрі қабылданды. Университеттерді сайланып қойылатын кеңес, ректорат және деканаттар басқарды.
Жарғыда оқу орындарының барлық түрінде жалпыға бірдей, тегін білім берілетіндігін жариялаған еді, бірақ қабылданған жарғының ізінше крепостной шаруалар гимназияларға алынбайды деген ескертпе жіберілді. Төменгі сословие өкілдері гимназияға қабылдану үшін бұрынғы сословиесінен шығып, онан жоғары сословиеге тіркелуі тиіс болды.
Оқу жарғысының тарихи прогресшіл жақтары да болды: оқу сатыларының бірімен-бірі тығыз байланысты болуы көзделді.
Бұрынғы гимназиялар, негізгі халық училищелерінің жаңа типті гимназия, кіші халықтық училищелер – уездік училищелер болып қайта құрылуы екі жылға созылды.
Приходтық училищелер көп өзгеріске түскен жоқ. Олардың саны қаражаттың аздығынан баяу өсті.
Осы кезеңде мемлекеттік оқу орындарымен бәсекеге түсетін жеке меншік оқу орындары да ашыла бастады. Мысалы, Одессадағы Ришель лицейі (кейіннен университет болды), Ярославтағы лицей, Мәскеудегі Лазарев шет тілдер институты, В.В.Измайловтың Мәскеу түбіндегі пансионы, Смоленск губерниясындағы Архангельск селосында шаруа балаларына арналған А.А.Ширинский-Шихматов мектебі.
Лицейлердің (мемлекеттік жабық оқу орны - дворян балаларына арналған) ашылуына байланысты жеке меншік пансионат азая бастады. Царскосельский лицейін көрнекті администратор М.М.Сперанский (1722-1839) ұйымдастырды. Бұл лицейдің алғашқы директоры ағартушы В.Ф.Малиновский (1765-1814) болды. Царскосельский лицейінің қабырғасында ұлы ақын А.С.Пушкин, ірі дипломат А.М.Горчаков, декабристер И.И.Пущин мен В.К. Кюхельбекер тәрбиеленді. Лицейді оқып бітіргендердің білімі университет бітіргендермен тең болды.
Дворяндардың ортасында әлі де отбасы тәрбиесі басым болатын. Гувернерлердің бәрі дерлік француз-эмигранттары болды. Біртіндеп дворяндық тәрбие қоғам талабын қамтамасыз ете алмайтын күйге жетті. А.С.Пушкин сол кезеңдегі дворяндардың отбасы тәрбиесін өткір сынға алды.
1812 жылғы Отан соғысы қарсаңында Ресейдің 47 губерниялық қалаларының барлығында да гимназиялар, уездік қалаларда уездік және приходтық училищелер ашылды.
Үкімет крепостнойлық-сословиелік идеологияны күшейту үшін барлық оқу орындарына діни оқуды ендірді.
1812 жылғы Ресейдегі Отан соғысы орыс халқының сана-сезімін оятуда үлкен рөл атқарды. Елде бостандық сүйгіш пікірлер өрістеді, крепостнойлық пен патша саясатына қарсы саяси күреске шыққан құпия, жасырын одақтар құрылды. Оқу орындарында бұрын тыйым салынған декабристердің шығармалары таратылды. Бұған қарсы патша үкіметі ағарту саласында керітартпа саясатын күшейте түсуге тырысты.
Александр I патшалық құрып тұрған соңғы онжылдықта қоғамның дамуында реакцияшылдық тенденция басым болды:
-1816 жылы білім министрлігін А.Н.Голицын басқарған кезде мектеп ісі шенеуніктердің қолында болды, оқытушы өзінің жоғары басшыларының әмірін орындайтын дәрменсіз үкімет шенеунігі дәрежесінде қалды;
-халықтың білім алуын тежеуге бағытталған бірнеше жарлық қабылданды. Декабристердің басты талаптарының бірі халық және крепостной шаруалардың арасына сауаттылықты тарату болатын. Олар патша шенеуніктерінің мәдениет пен ғылымның дамуына жасап отырған кедергілерін, ғалымдар мен оқытушылар үстінен жүргізіп отырған полициялық-бюрократтық бақылау жүйесін қатаң сынға алды;
-оқу орындарындағы студенттер мен оқытушылардың үстінен полициялық бақылау қойылды. Декабристер көтерілісі күшпен басылғаннан кейін педагогикалық қоғамдар таратылды, крепостнойлық үкімет ағарту саласында реакцияшыл үстемдікті мейілінше өрістетті.
Николай I-нің (1825-1885) таққа отыруына байланысты білім беру жүйесі мен мектеп саясатына өзгерістер енді. Білім министрі болып граф Ливен бекітілді. Оның тұсында 1828 жылы “Бастауыш және орта мектеп туралы жарғы” қабылданды. Жарғыда бұрынғы төрт сатылы білім жүйесі сақталып, “Әр сословиеге өзіне тән білім деңгейі” деген ұстаным жүзеге асырылды.
1838 жылы Ресейдегі ең білімді адамдардың бірі С.С.Уваров Ағарту министрі болып тағайындалды, ол 1849 жылға дейін осы қызметті атқарды.
Ол Мәскеу университетін тексертіп, студенттер білімінің төмен болуын “еуропалық идеяның лебі” тиюі себебінен деп атап көрсетті. Тексеру қорытындысы бойынша тәрбие және білім берудің тұғыры ретінде үш ұстаным: “Православиелік, самодержавиялық, және халықтық” ұстанымдар ұсынылды. Уваровтың ұсынған ұстанымдары патшаның мүддесін қорғау, бұрынғы білім саласындағы қалыптасқан дәстүрді нығайта түсуді көздеді. Халықтық ұстанымы батыс еуропаның халық санасын ояту идеясынан туындаған еді, патша үкіметі оны да өз бойына икемдеді. 1835 жылы қабылданған Университет жарғысы попечительдердің жеке басқаруына ерік берді, сөйтіп университеттердің дербестігі жойылды.
Осыған қарамастан білім беру саласында белгілі жетістіктер де болды. 1832-1842 ж. ж. Ресейдегі білім деңгейінің бірсыпыра көтерілгені байқалды:
▪ университеттегі студенттер саны (Польша мен Финляндияны есептемегенде) 2,1 мыңнан 3,5 мыңға (соның ішінде университеттік диплом алғандар 477-ден 742-ге) жетті;
▪ түрлі оқу орындарындағы оқушылар саны – 69,3 мыңнан 99,8 мыңға жетті (шіркеу мектептері, әскери училищелер, патшайым Мария Федоровна ашқан әйелдер мектептерінен тысқары);
▪ гимназия саны – 64-тен 76-ға дейін;
▪ уездік мектептер - 393-тен 445-ке дейін;
▪ приходтық училищелер – 555-тен 1067- ге дейін;
▪ жеке меншік мектептер (пансиондарды қоса есептегенде) –358-ден 531-ге дейін;
▪ білім жүйесіндегі оқытушылар мен шенеуніктер саны – 4,8 мыңнан 6,8 мыңға дейін өсті.
1828 жылғы Жарғы бекіткен дворяндарға арналған жабық оқу орындар саны да артты. 1842 жылы губерниялық қалаларда сондай 47 оқу орны болды. Онда тәрбиеленушілердің кейбіреуі жабық оқу орнында дворяндық тәрбие алумен қатар гимназияда түрлі шендегілердің балаларымен бірге оқыды.
Министрлік қарамағындағы гимназиялар классикалық білім мектептері ретінде дамыды (жаратылыстану пәндері 1849 жылдан бастап оқу жоспарына енгізілгенімен, оны гимназиялар тегіс қабылдамады). Оқу бағдарламасында грек, латын тілдеріне ерекше мән берілді.
1849-1852 ж. ж. гимназия құрылымы өзгеріске ұшырады, үш түрлі гимназиялар ескі екі тілді (латын, грек тілдерін); жаратылыстану мен заңға кіріспе пәндерін; заңға кіріспе пәнін оқытатын гимназиялар құрылды.
Министрлік бақылауындағы жеке меншік оқу орындарының да маңызы күшейді. Университеттер ғылыми және педагогикалық орталыққа айналды. 1851 жылы Мәскеу университетінде педагогика кафедрасы ашылды.
ХІХ ғасырдың ортасынан бастап орыс қоғамында білім беру мен тәрбиенің батыстық және славяндық көзқарастағы топтары арасында пікірталас басталды.
Батыстық көзқарасты ұстанғандар (В.Г.Белинский, А.И.Герцен, К.Д.Кавелин, т.б.) батыстық нұсқадағы білімді қолдады, Ресейдегі крепостнойлық - сословиелық оқу-тәрбиеге қарсы тұрды, жеке тұлғаның өз мүмкіндігін іске асыру құқын сақтау қажеттігін ұсынды.
Славяндық көзқарастағылар орыстың халықтық тәрбиелік дәстүрін сақтауды көздеді.
XIX ғасырдың 60-шы жылдарындағы Ресейдегі қоғамдық педагогикалық ағымдар. XIX ғасырдың 60–шы жылдарындағы Ресейдегі революциялық қозғалыс саяси, экономикалық және мәдени өмірдің барлық салаларын қамтыды. Орыс философиясы мен әдебиеті, музыкасы, бейнелеу өнері, ғылымы бұл кезеңде дамудың жоғары сатысына көтерілді.
Педагогикалық қозғалыс сол кездегі қоғамдық қозғалыстың бір бөлігін құрады. Крепостнойлық тәрбиені қатты сынау, сословиелік мектепке қарсы ерте мамандандыруға қарсы күрес, жалпы білім беру және әйелдерге білім беру үшін күрес, баланың жеке басын сыйлау, ескі діни оқуға, құрғақ жаттау мен жазалауға қарсы күрес, халық мектептерін көптеп ашуды талап ету, жоғары мектептің дербестігі - міне, осылар прогресшіл педагогика өкілдері көтерген басты мәселелер болды.
Прогресшіл педагогтар азаматтық қоғам орнату үшін ақыл-ой және адамгершілік тәрбиесіне баса назар аудару керек деп есептеді. Халыққа білім беру ғана олардың саяси құқыққа қол жеткізуін қамтамасыз етеді деп көрсетті.
ХIX ғасырдың 90-шы жылдарына дейінгі Ресейдегі педагогикалық ой-пікірлер. 1859 жылы Санкт-Петербургте педагогикалық кеңес құрылды. Кейіннен ол Петербург педагогикалық қоғамы болып аталды. Оның жұмысына К.Д.Ушинский, В.Я.Стоюнин, В.И.Водовозов, Д.Д.Семенов, Я.Я.Герд, т.б. көптеген педагогтар мен әдіскерлер қатысты. Көптеген қалаларда педагогикалық қоғамдар пайда бола бастады.
Еңбекші бұқараның мүддесін жақтайтын педагогиканың өкілдері прогресшіл революцияшыл-демократиялық бағытта болды. Бұл бағыттың ең көрнекті өкілдері Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, т.б. еді. Бұл бағыт жалпыға бірдей оқуды енгізуді, мектепті демократияландыруды, қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің тең құқықтығын қамтамасыз етуді талап етті. Тәрбиенің мақсаты крепостнойлықтың қалдықтары мен самодержавиеге қарсы күрескерді даярлау болуы керек деп есептеді.
Буржуазиялық-либералшыл педагогикалық бағыттың ең көрнекті өкілдері Н.И.Пирогов, В.Я.Стоюнин, И.А. Корф, т.б. болды.
Олар патша үкіметінің мектепті қайта құруға мүмкіншілігі бар деп түсінді; әйелдерге білім беруді қолдағанымен, олардың еркектермен бірдей тең құқықты болуына қарсы болды; халықтық мектеп ашуды қолдағанымен, жаппай оқуға тартуды қажет деп санамады; ескі оқуға қарсы бола отырып, балаларға адамгершілік тәрбие беруді жақтаумен бірге, оларды жазалауды жоққа шығарған жоқ, тек оны белгілі дәрежеде шектеу керектігін айтты.
Бұл екі бағыттың арасында аралық жағдайды ұстанған, бірақ буржуазиялық-либералшыл педагогикалық бағытқа біршама жақын көзқарастағы педагогтарға буржуазиялық-демократияшыл бағыттың өкілдері жатады. Олардың қатарында К.Д.Ушинскийді (1824-1870) , оның шәкірттері В.И.Водовозовты (1825-1886), Н.Ф.Бунаковты (1837-1905), т.б. атауға болады. Бұлар белгілі қоғамдық құрылыстың көлемінде мектептің жағдайын жақсартуға, мәдени және адамгершілік жағынан адамдарды тәрбиелеуге болады деп есептеді. Олар сонымен бірге педагогика мен тәрбиеде халықтық идеяны жақтады, шетел мектеп жүйесін қабылдауға және оған бас июге қарсы болды.
Буржуазиялық-демократияшыл бағыттағы педагогтар орта білім берудегі ертеден қалыптасып қалған классикалық бағытқа да қарсы болды.
Қоғамдағы пікірталастар қайшылығына қарамастан орыс жұртшылығы жаңа мектептер ұйымдастыруға бағытталған шаралар жүргізді.
ХIX ғасырдың 60-70 ж. ж. мектепті қайта құру. 1860 жылғы ең алғашқы құжаттардың бірі “Халыққа білім беру министрлігі ведомствосының әйелдер училищелері туралы ережесі”, оның екі типі бекітілді.
Бірінші санаттағы училищедегі оқу мерзімі 6 жыл болатын, онда “Құдай заңы”, орыс тілі мен әдебиеті, арифметика мен геометрияның алғашқы ұғымдары, жағрафия, жалпы және орыс тарихы, жаратылыстану, физика және қол өнері пәндері оқытылды.
Екінші санаттағы училищедегі (оқу мерзімі 3 жыл) оқу мазмұны “Құдай заңы”, орыс тілі, жағрафия, орыс тарихы, арифметика мен қол өнерімен шектелді.
1864 жылы бастауыш және орта білімді қайта құру жұмысы қолға алынды. “Бастауыш халық училищелері туралы ереже” 1864 жылы 19 шілдеде шықты. Бастауыш халық училищелері - сословиелік емес оқу мекемесі болды. Олар халықтың діни және адамгершілік ұғымдарын қалыптастырып, пайдаға асатын білім беруге қажет деп есептеледі. Училищелер ер балалар мен қыздарды бірге оқытатын болды. Оқу тегін болғанмен, мазмұн жағынан терең білім беру көзделмеді. Мұнда оқудың орыс тілінде жүргізілетіндігі баса айтылды. Мұғалімдік жұмысқа дін иелері мен сауатты адамдар тартылатын болды.
1864 жылы 19 қазанда гимназия мен прогимназия жарғысы бекітілді, екі типті гимназия (классикалық және реалды) және прогимназия. Классикалық гимназияның ерекшелігі оқу мерзімінің 40 пайызы ескі тілдерді (грек, латын) оқытуға жұмсалды. Реалды училищелердің оқу бағдарламасында ескі тілдер болған жоқ, өйткені олар жоғары техникалық және ауылшаруашылық оқу орындарына дайындады. Прогимназияда білім беру мазмұны жағынан гимназияның бастапқы 4 сыныбына сәйкес келеді. Олардың оқу жоспарына арифметика, “Құдай заңы”, орыс, латын, грек тілдерінің грамматикасы, табиғаттану, орыс тілі сабағының құрамында әңгіме өткізу оқытылды. Прогимназиялар кішігірім қалаларда шәкірттерін орта гимназияға түсуге дайындады.
1864 жылдың I қаңтарында қабылданған Жергілікті мекемелердің ережесінде уездік және губерндік жетекші мекемелерге шаруашылықпен байланысты мекемелер, сонымен қатар оқу орындары да қарайтын болды. Жергілікті мекемелер бастауыш мектепті қаржыландыруға тиіс болды. Ондағы оқу-тәрбие жұмысы училище кеңесінде қаралды.
1870 жылы Әйелдер гимназиясы туралы ереже жасалды. Осыған байланысты барлық әйелдер гимназиясы екі топқа бөлінді. Бірі патшайым Мария Федоровнаға қарайтын, екіншісі халық ағарту министрлігіне қарайтын оқу орындары болды. Олардың оқу бағдарламаларында айтарлықтай өзгерістер болған жоқ. Ал жаңалығы әйелдер гимназиясында қосымша, сегізінші педагогикалық- сынып ашылды.
1871 жылы Гимназия мен прогимназия туралы жаңа жарғы бекітілді. “Гимназия” атауы тек классикалық гимназияларда сақталып, реалдық гимназиялар жабылды. Оқу мазмұнында бұрынғы дәстүрлі пәндер сақталды. Университетке оқуға түсу құқы тек гимназия бітіргендерге ғана берілді.
1872 жылы Реалды училищелер жарғысы бекітілді. Бұл жаңа типті оқу орны еді, ол жалпы және арнайы білім беретін болды. Оқу мерзімі 7 жыл болып белгіленді. Оқу жоспарындағы ерекшеліктері: ескі тілдер алынып тасталды, уақыттың көп бөлігі математика, физика, химия, жаратылыстану, жаңа шет тілдеріне бөлінді.
1872 жылғы Ереже бойынша уездік училищелер де өзгеріске ұшырады. Соның негізінде оқу мерзімі 5 жылдық екі сыныптық бастауыш училище, оқу мерзімі 6 жылдық қалалық училище жұмыс жасайтын болды.
Білім және тәрбие мекемелерінің ішінде 2 жылдық шіркеулік-приходтық мектептер көп болды.
40-60 - жылдардағы қоғамның қарқынды дамуы арнайы мұғалімдер дайындайтын оқу орындарын ашуды жеделдетті.
1870 жылы Мұғалімдер семинариясы туралы ереже қабылданды. Ол ереже 1875 жылы толықтырылды. Онда семинария шәкірттерінің орыс православиелік шіркеуінің талаптарын орындауы, құдайға құлшылық жасауы, діни мазмұндағы кітаптарды оқуға міндетті екені атап айтылды.
В.Я.Стоюниннің педагогикалық идеялары (1826-1888). Владимир Яковлевич Стоюнин - педагог, білім беру қайраткері, теоретик-әдіскер. Ол 1860 жылғы қоғамдық-педагогикалық қозғалыстың ықпалымен азамат тәбиелеу, тәрбиеде гуманизм ұстанымдарын сақтау, жалпы білім беру, мектепті демократияландыру идеяларын қолдады.
В.Я.Стоюнин психология мен педагогикаға негізделген еркін шығармашылықты мектептің дамуына жағдай жасауды ұсынды.
Оның әдіскерлік идеясы тәрбиелей отырып оқыту ұстанымына негізделді. Тіл сабақтарын оқыту оқу еңбегінің рухани-адамгершілігін қалыптастыратын құрал деп санады. Ол әдебиетті оқытудың біртұтас жүйесін жасады. Ол сословиесіз ұлттық мектеп құруды қолдады. Сондай-ақ, В.Я. Стоюнин ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесінің өзара байланысына мән берді.
Оның “XVIII ғасырдағы Ресейдегі педагогикалық пікірлердің дамуы” (1857-1858), “ХIХ ғасырдың басындағы тәрбие тарихынан” (1878), “Біздің отбасы және оның тарихи тағдыры” (1884) атты еңбектері Ресей педагогикалық ой-пікірінің дамуына айырықша ықпал етті.
ХІХ-ғ-дың соңы – ХХ-ғ-дың басында Ресейде халыққа білім берудің дамуы.
ХIX ғасырдың 90-шы жылдарына дейінгі Ресейдегі педагогикалық ой-пікірлер. 1859 жылы Санкт-Петербургте педагогикалық кеңес құрылды. Кейіннен ол Петербург педагогикалық қоғамы болып аталды. Оның жұмысына К.Д.Ушинский, В.Я.Стоюнин, В.И.Водовозов, Д.Д.Семенов, Я.Я.Герд, т.б. көптеген педагогтар мен әдіскерлер қатысты. Көптеген қалаларда педагогикалық қоғамдар пайда бола бастады.
Еңбекші бұқараның мүддесін жақтайтын педагогиканың өкілдері прогресшіл революцияшыл-демократиялық бағытта болды. Бұл бағыттың ең көрнекті өкілдері Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, т.б. еді. Бұл бағыт жалпыға бірдей оқуды енгізуді, мектепті демократияландыруды, қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің тең құқықтығын қамтамасыз етуді талап етті. Тәрбиенің мақсаты крепостнойлықтың қалдықтары мен самодержавиеге қарсы күрескерді даярлау болуы керек деп есептеді.
Буржуазиялық-либералшыл педагогикалық бағыттың ең көрнекті өкілдері Н.И.Пирогов, В.Я.Стоюнин, И.А. Корф, т.б. болды.
Олар патша үкіметінің мектепті қайта құруға мүмкіншілігі бар деп түсінді; әйелдерге білім беруді қолдағанымен, олардың еркектермен бірдей тең құқықты болуына қарсы болды; халықтық мектеп ашуды қолдағанымен, жаппай оқуға тартуды қажет деп санамады; ескі оқуға қарсы бола отырып, балаларға адамгершілік тәрбие беруді жақтаумен бірге, оларды жазалауды жоққа шығарған жоқ, тек оны белгілі дәрежеде шектеу керектігін айтты.
Бұл екі бағыттың арасында аралық жағдайды ұстанған, бірақ буржуазиялық-либералшыл педагогикалық бағытқа біршама жақын көзқарастағы педагогтарға буржуазиялық-демократияшыл бағыттың өкілдері жатады. Олардың қатарында К.Д.Ушинскийді (1824-1870) , оның шәкірттері В.И.Водовозовты (1825-1886), Н.Ф.Бунаковты (1837-1905), т.б. атауға болады. Бұлар белгілі қоғамдық құрылыстың көлемінде мектептің жағдайын жақсартуға, мәдени және адамгершілік жағынан адамдарды тәрбиелеуге болады деп есептеді. Олар сонымен бірге педагогика мен тәрбиеде халықтық идеяны жақтады, шетел мектеп жүйесін қабылдауға және оған бас июге қарсы болды.
Буржуазиялық-демократияшыл бағыттағы педагогтар орта білім берудегі ертеден қалыптасып қалған классикалық бағытқа да қарсы болды.
Қоғамдағы пікірталастар қайшылығына қарамастан орыс жұртшылығы жаңа мектептер ұйымдастыруға бағытталған шаралар жүргізді.
ХIX ғасырдың 60-70 ж. ж. мектепті қайта құру. 1860 жылғы ең алғашқы құжаттардың бірі “Халыққа білім беру министрлігі ведомствосының әйелдер училищелері туралы ережесі”, оның екі типі бекітілді.
Бірінші санаттағы училищедегі оқу мерзімі 6 жыл болатын, онда “Құдай заңы”, орыс тілі мен әдебиеті, арифметика мен геометрияның алғашқы ұғымдары, жағрафия, жалпы және орыс тарихы, жаратылыстану, физика және қол өнері пәндері оқытылды.
Екінші санаттағы училищедегі (оқу мерзімі 3 жыл) оқу мазмұны “Құдай заңы”, орыс тілі, жағрафия, орыс тарихы, арифметика мен қол өнерімен шектелді.
1864 жылы бастауыш және орта білімді қайта құру жұмысы қолға алынды. “Бастауыш халық училищелері туралы ереже” 1864 жылы 19 шілдеде шықты. Бастауыш халық училищелері - сословиелік емес оқу мекемесі болды. Олар халықтың діни және адамгершілік ұғымдарын қалыптастырып, пайдаға асатын білім беруге қажет деп есептеледі. Училищелер ер балалар мен қыздарды бірге оқытатын болды. Оқу тегін болғанмен, мазмұн жағынан терең білім беру көзделмеді. Мұнда оқудың орыс тілінде жүргізілетіндігі баса айтылды. Мұғалімдік жұмысқа дін иелері мен сауатты адамдар тартылатын болды.
1864 жылы 19 қазанда гимназия мен прогимназия жарғысы бекітілді, екі типті гимназия (классикалық және реалды) және прогимназия. Классикалық гимназияның ерекшелігі оқу мерзімінің 40 пайызы ескі тілдерді (грек, латын) оқытуға жұмсалды. Реалды училищелердің оқу бағдарламасында ескі тілдер болған жоқ, өйткені олар жоғары техникалық және ауылшаруашылық оқу орындарына дайындады. Прогимназияда білім беру мазмұны жағынан гимназияның бастапқы 4 сыныбына сәйкес келеді. Олардың оқу жоспарына арифметика, “Құдай заңы”, орыс, латын, грек тілдерінің грамматикасы, табиғаттану, орыс тілі сабағының құрамында әңгіме өткізу оқытылды. Прогимназиялар кішігірім қалаларда шәкірттерін орта гимназияға түсуге дайындады.
1864 жылдың I қаңтарында қабылданған Жергілікті мекемелердің ережесінде уездік және губерндік жетекші мекемелерге шаруашылықпен байланысты мекемелер, сонымен қатар оқу орындары да қарайтын болды. Жергілікті мекемелер бастауыш мектепті қаржыландыруға тиіс болды. Ондағы оқу-тәрбие жұмысы училище кеңесінде қаралды.
1870 жылы Әйелдер гимназиясы туралы ереже жасалды. Осыған байланысты барлық әйелдер гимназиясы екі топқа бөлінді. Бірі патшайым Мария Федоровнаға қарайтын, екіншісі халық ағарту министрлігіне қарайтын оқу орындары болды. Олардың оқу бағдарламаларында айтарлықтай өзгерістер болған жоқ. Ал жаңалығы әйелдер гимназиясында қосымша, сегізінші педагогикалық- сынып ашылды.
1871 жылы Гимназия мен прогимназия туралы жаңа жарғы бекітілді. “Гимназия” атауы тек классикалық гимназияларда сақталып, реалдық гимназиялар жабылды. Оқу мазмұнында бұрынғы дәстүрлі пәндер сақталды. Университетке оқуға түсу құқы тек гимназия бітіргендерге ғана берілді.
1872 жылы Реалды училищелер жарғысы бекітілді. Бұл жаңа типті оқу орны еді, ол жалпы және арнайы білім беретін болды. Оқу мерзімі 7 жыл болып белгіленді. Оқу жоспарындағы ерекшеліктері: ескі тілдер алынып тасталды, уақыттың көп бөлігі математика, физика, химия, жаратылыстану, жаңа шет тілдеріне бөлінді.
1872 жылғы Ереже бойынша уездік училищелер де өзгеріске ұшырады. Соның негізінде оқу мерзімі 5 жылдық екі сыныптық бастауыш училище, оқу мерзімі 6 жылдық қалалық училище жұмыс жасайтын болды.
Білім және тәрбие мекемелерінің ішінде 2 жылдық шіркеулік-приходтық мектептер көп болды.
40-60 - жылдардағы қоғамның қарқынды дамуы арнайы мұғалімдер дайындайтын оқу орындарын ашуды жеделдетті.
1870 жылы Мұғалімдер семинариясы туралы ереже қабылданды. Ол ереже 1875 жылы толықтырылды. Онда семинария шәкірттерінің орыс православиелік шіркеуінің талаптарын орындауы, құдайға құлшылық жасауы, діни мазмұндағы кітаптарды оқуға міндетті екені атап айтылды.
В.Я.Стоюниннің педагогикалық идеялары (1826-1888). Владимир Яковлевич Стоюнин - педагог, білім беру қайраткері, теоретик-әдіскер. Ол 1860 жылғы қоғамдық-педагогикалық қозғалыстың ықпалымен азамат тәбиелеу, тәрбиеде гуманизм ұстанымдарын сақтау, жалпы білім беру, мектепті демократияландыру идеяларын қолдады.
В.Я.Стоюнин психология мен педагогикаға негізделген еркін шығармашылықты мектептің дамуына жағдай жасауды ұсынды.
Оның әдіскерлік идеясы тәрбиелей отырып оқыту ұстанымына негізделді. Тіл сабақтарын оқыту оқу еңбегінің рухани-адамгершілігін қалыптастыратын құрал деп санады. Ол әдебиетті оқытудың біртұтас жүйесін жасады. Ол сословиесіз ұлттық мектеп құруды қолдады. Сондай-ақ, В.Я. Стоюнин ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және дене тәрбиесінің өзара байланысына мән берді.
Оның “XVIII ғасырдағы Ресейдегі педагогикалық пікірлердің дамуы” (1857-1858), “ХIХ ғасырдың басындағы тәрбие тарихынан” (1878), “Біздің отбасы және оның тарихи тағдыры” (1884) атты еңбектері Ресей педагогикалық ой-пікірінің дамуына айырықша ықпал етті.
Орыс педагогикасының ұлы классигі К.Д. Ушинскийдің педагогикалық жүйесі.
Константин Дмитриевич Ушинский (1824-1870) Тула қаласында дүниеге келген. Оның балалық шағы Чернигов губерниясындағы ата-анасының шағын иелігінде өтті.
1844 жылы Мәскеу университетінің заң факултетін үздік бітіріп шықты. Ярослав заң лицейінде әкімшілік және экономикалық ғылымдардың профессоры міндетін атқарушы болып тағайындалды. 1849 жылы лицейдегі студенттер арасындағы толқуларға байланысты қызметінен босатылды.
Ішкі істер министрлігінде қызмет атқара жүріп, “Современник”, “Библиотека для чтения” журналдарымен тығыз байланыс жасап, олардың беттерінде ағылшын тілінен мақалалар мен рефераттар аударып басты.
1854 жылы Гатчинадағы жетімдер үйіне мұғалім болып бекітілді, 1855-1859 ж. ж. оның инспекторы, яғни оқу меңгерушісі болды.
1859-1862 ж.ж. Смольныйдағы әйелдер институтының инспекторы, сонымен қатар “Халық ағарту министрлігінің журналында” редакторлық қызмет атқарды.
1862 жылдан қызметтен босатылғаннан кейінгі қалған өмірін педагогика теориясы мен бастауыш оқытудың әдістемесіне арнады.
К.Д.Ушинский өзінің “Педагогикалық әдебиеттің пайдасы” (1857) атты мақаласын отбасы тәрбиесі мен мектеп тәрбиесінің мәселелеріне арнады. Онда педагогикалық теорияны тәжірибемен байланыстыру, педагогиканы тәрбие өнеріне айналдыру, оны тек теория деңгейінде ғана емес, халықтың тәжірибесімен байланыстыру қажеттігін айтты.
“Қоғамдық тәрбиедегі халықтық туралы” (1857) мақаласында К.Д.Ушинский еуропа елдеріндегі тәрбие дәстүрін талдай келіп, мынадай маңызды қорытынды жасайды: ол халықтық тәрбие жүйесінің тәрбиелік күші кез келген абстрактылы педагогикалық жүйеден артық деп санады.
К.Д.Ушинский тәрбиенің ең басты мақсаты - адамның рухани дамуымен тығыз байланысты, ол үшін халықтың мәдени-тарихи дәстүріне сүйену және ұлттық ерекшелігін ескеру қажет деп тапты. Оның бұл пікірлері “ Ана тілі” (1861), “Орыс мектептерін орыс ету” (1867) “Халық мектептерінің құрылуына жалпы көзқарас” (1870) атты еңбектерінде орын алды.
“Еңбектің психикалық және тәрбиелік мәні” (1860) атты мақаласында К.Д.Ушинский еңбектің бала психикасы мен тәрбиесіне ықпал етуші фактор екенін айырықша атап көрсетті.
“Н.И.Пироговтың педагогикалық идеялары” (1862) мақаласында ол педагогикадағы маңызды мәселе “білім берудің негізгі идеясын іздеуге” арнады. К.Д.Ушинский тәрбие пәнінің басты нысанасы адам деп есептеді. Осы мәселені терең зерттеуге арналған “Адам тәрбие пәні- Педагогикалық антропология тәжірибесі” атты еңбегінің бірінші томы 1868 жылы, ал екінші томы 1869 жылы Петербургте шықты. Бұл еңбек орыс педагогикасындағы ізденістерге арналды. Зерттеуші өзінің педагогикалық ойын толық жүзеге асырып үлгермеді, оның тек “Физиологиялық”, “ Психологиялық” екі бөлімі ғана жарық көрді. Онда К.Д.Ушинский адам организмінің физиологиялық қызметінің заңдылықтарының және психикалық құбылыстардың тәрбиеге ықпалын кеңінен қолдану мақсатын көздеді. Оның “Педагогикалық мәселеге арналған бөлімі” аяқталмай қалды.
К.Д.Ушинский еңбектерінің жетістігінің бірі - бастауыш оқыту мәселесін мейлінше зерттеді. Оның негізгі еңбектері: “Сауат ашу - білімді кеңейту құралы” (1858), ”Балалар әлемі мен Хрестоматия”, “Оқу кітабы. Ақыл-ойды жаттықтыруға арналған табиғат әлемімен біртіндеп танысу” (1865), “Алғаш орыс тілін оқыту” (1864) оқушыларға арналған “Ана тілі” және “Ана тілін оқытуға ата-аналарға кеңес” (1864).
К.Д.Ушинский - Ресей ғылыми педагогикасының негізін қалаушы. К.Д.Ушинский теориясының басты идеясы - халықтық тәрбие беруге саяды, ол халықтың шығармашылық қабілеті мен күшіне сенім арту қажеттілігін және олардың білім алуға құқы болуы керектігін айтты.
Оның халықшылдық идеясы ұлттық тұрғыдан шектелу дегенді білдірмейді. Өзге халықтардың жетістіктерінің пайдасын жоғары бағалай келіп, ол халықтық білім беру негізінің мықтылығына тоқталады. Мектеп ісін басқаруда қоғамдық ой-пікір мен халықтық идеяны басшылыққа алудың маңызын көрсетеді. Осы ұстаным тұрғысынан К.Д.Ушинский ер балалар мен қыздарға жалпы білімді ана тілінде беру керек дегенді баса айтты.
Орыс мектептерінде халықтық ұстанымды сақтау үшін орыс тілінің алдыңғы пәндер қатарына шығарылуын талап етті. Ана тілінде оқыту баланың сөзді түйсініп, сезіну, түсіну қабілетін, дүниетанымын арттырады, сөз құпиясын ашады (“кез келген білім - ана тілге оранған болуы тиіс”) деді. Халықтық принцип еңбекпен тығыз байланысты, бұл жеке тұлғаны дамытудың негізгі факторы, баланы еңбекке баулу арқылы халықтың өміріне терең бойлап, оны мейілінше түсініп, сезінуіне болады деп түсіндірді.
К.Д.Ушинский тәрбиені “тарихты жасаушы” деп қарастырды. Адам тәрбие пәні болса, ал педагогика адам тәрбиелеуді жан-жақты қарастыру үшін оны терең зерттеп білуі тиіс. Адамды физиологиялық және психикалық тұрғыдан зерттеп, қоғамдық ортаның “уақыт рухын”, оның мәдениеті мен қоғам идеалының ықпалын - “бағытталмаған тәрбие” ықпалын ескеру керек деп санады.
Педагогика “бағытты тәрбиені” ұйымдастыру үрдісінде адам туралы ғылым жетістіктерін қолданады, оны К.Д.Ушинский “антропологиялық” деп атады: философия, саясиэкономия, тарих, әдебиет, психология, анатомия, физиология, т.б.
К.Д.Ушинскийдің “антропологиялық” ұстанымы физиологиялық және психикалық үдерістерді жоғары ғылыми деңгейде түсінуге, іргелі педагогикалық мәселелерді, әсіресе дидактика саласындағы мәселелерді шешуге көмектесті. Сонымен қатар ол, оқытуды ақыл-ой, адамгершілік, дене дамуының құралы деп қарастырды. Оқыту білім беру және тәрбиелеуді жүзеге асырады.
Оқыту үдерісінде мұғалім оқушыларға білім беріп, дағдыны қалыптастырса, ал оқушылар білім мен дағдыны меңгереді.
Көрнекті педагог оқыту үдерісінде екі кезеңге бөлді. Бірінші кезеңде - білімді белгілі бір жүйеге келтіру. Ол үшін зат пен құбылысты біртіндеп қабылдау керек; оларды салыстырып, ортақ қасиеттерін табу шарт; алғашқы ұғымдарын қалыптастыру; ол ұғымдарды жүйеге келтіру.
Екінші кезеңнің мәні - алған білімі мен дағдысын қорытып, бекіту.
Оқыту үдерісі негізгі дидактикалық ұстанымдарға негізделуі тиіс: саналылық пен белсенділік, көрнекілік, бірізділік, түсініктілік, беріктік.
Ол оқытудағы әлемдік сыныптық-сабақтық жүйені қолдап, оны мектептегі оқытуды ұйымдастырудың ең тиімдісі деп санады. Оның жүйесінде белгілі тәртіпті қадағалауы тиіс: сыныптағы тұрақты оқушылар санының болуы; сабақтың өтілу реті сақталып оқу кестесінің құрылуы; мұғалімнің бүкіл сынып оқушыларымен және жеке оқушымен жұмыс жасауы.
К.Д.Ушинский оқытудың сабақтық-сыныптық жүйесіндегі жетекші рөлді мұғалім атқарады, сабақтың әр түрлі өтуі оның мақсатына байланысты екендігін айтты.
Сабақты даярлау және оны өткізу мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен алдын ала дайындығын қажет етеді деді. Сабақты ұйымдастырудың негізгі талаптары: жоспарлау, жаңа тақырыпты түсіндіру, сабақтың гигиенасы. Сыныптық-сабақтық жүйені толықтыратын оқушылардың үй тапсырмаларын орындау қызметі - өздігінен жұмыс жасау деп санады.
К.Д.Ушинский екі деңгейлі дидактика туралы ілім жасады: жалпы дидактика оқытудың басты ұстанымдары мен әдістерін зерттейді. Ал жеке пән дидактикасы оқыту ұстанымдары мен әдістерін нақты пән аясында зерттейді; әмбебап дидактика - оған жинақтау және талдау идеяларын қолдану жатады; жекелеген дидактикаға – оқыту теориясы мен әдістемесі, баяндау, зертханалық-практикалық жұмыс, жазба жұмыстар, кітаппен жұмыс, т.б. қосылады.
К.Д.Ушинскийдің негізгі тезисі – оқыту мен тәрбиенің бірлігін қамтамасыз ету болатын. Ол тәрбиенің маңыздырақ екеніне тоқталып, жалпы ақыл-ойдың дамуы тәрбиелікпен сабақтасып, толығуы керек деп түйіндейді.
Адамгершілік пен адамгершілік тәрбиесі К.Д.Ушинский еңбектерінде халықтық идеямен бірлікте қарастырылады. Діннің қоғамдық моралді қалыптастырудағы тәрбиелік мәнін мойындай отырып, ол мектеп пен ғылымның дербес болуын талап етті. Адамның адамгершілік дамуын К.Д.Ушинский қоғамдық-тарихи дамумен байланысты қарастырады. Оның адамгершілік тәрбие туралы жүйесі беделге емес, жағымды мысалдарға, мұғалімнің адамгершілік ықпалына, “баланың саналы іс-әрекетіне”, адамды жақсы көру, құрметтеу, сүюге негізделеді
Қазақстанда ХҮІІІ-ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы мектеп пен педагогикалық ойдың дамуы. Бұхар жыраудың педагогикалық көзқарастары.
ХҮІІІ ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулар ішінде шоқтығы биік, ірі тұлға, Абылай ханға да, қара халыққа да ақылшы бола білген данагөй-дидакт, қарт жырау Бұқар Қалқаманұлы (1668-1781 жж.) болды.
Оның өлеңдеріндегі басты идеялар: дүние көркі – адам; адам көркі – оның жер бетіндегі жасар игілігі, белді қасиеттері; ерлік, елдік, бірлік. Дүние – бай мен жарлы-жақыбайға ортақ алма-кезек, мәңгі байлық та, жарлылық та, көптік те, жалғыздық та жоқ (мұның бәрі шартты). Адамнан ала да, құла да, күшті де, әлсіз де туады. Әркім өз қасиеттерімен ерекшеленеді. Біреулер көреген, білгір, озық ойлы, қара қылды қақ жаратын әділдігімен көңілден шығады. Енді біреулер, керісінше, ойсыз, талапсыз, надан, озбыр қылықтарымен көзге түседі. Алғашқылардың ерен еңбегі олардың әлеуметтік рөлін көтермелейді. Надандардың әлеуметтік опаты мен зұлымдығын сөзбен жеткізе алмайсың дегендерді білдіреді.
Бұқар өзінің Абылайға деген толғауында ханның мәртебесі біріншіден, халықтың өзара бірлігін сақтай білуінде, екіншіден, халыққа өз саясатын қолдатқыза алған ептілігінде екенін алға тартады. Осыдан – адамды адам ететін – оның ортасы, нақыл тәлім-тәрбиесі деген ұстанымды ұсынады.
Бұқар ер азаматтың нағыз азамат болуы үшін он бір тілектің орындалуы қажет дейді. Ол “тілектер” былайша баяндалады:
1. Аллаға адал болу, Алла – сенің бүкіл өмірің мен тыныс-тіршілігіңнің негізгі арнасы. Аллаға сыйынғанның бақ-дәулеті орнына келеді, ортаймайды.
2. Пасық, залым адамның тіліне еріп азба. Қаскөйлерден ылғи да сақтанып жүр.
3. Қыз-келіншектер, әйел қауымы үнемі үсті-басын таза ұстап, жарасымды киінуді ұмытпасын. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, бүрсігүні – ақ шашты әже. Анаға қарап бала–ұрпақ өседі.
4. Төсек тартып жатпағын. “Әуелгі байлық – денсаулық” екенін ұмытпа. Сол үшін белсенді әрекет жаса.
5. Мұсылмандықтың белгісі – бес парызды ұмытпа.
6. Ардақтаған аяулың бөтен біреуге тегін олжа болмасын. Көрші күштілерге кіріптар боп қалмасын (Бұл жерде орыс, қытайлармен бейбітшілікті сақта деген ой айтылып отыр.)
7. “Желкілдеген ту келіп, жер қайысқан қол келіп, содан сасып тұрмалық” деп ел қорғау мәселесін алға тартады.
8. Өз ұрпақтарын төтенше жағдайлардан сақтай білуге үндейді. (Табиғи апаттан сақтануды айтып отыр – С.Қ.)
9. Хан бағдарламасын қолдау да – имандылық. (“Ханның ісі халқымен” дегенді ұрандап отыр.)
10. “Тар құрсағын кеңіткен, тас емшегін жібіткен” аналарды құрметте. Ол адамдық асыл парыз.
10.Жастық шақты еске ала келіп, әр жастың өзіндік ерекшелігіне баға беріп, өмірді мәнді өткізуді, оның қадір-қасиетін бағалай білуді уағыздайды.
Жалпы ХҮ-ХІХ ғ.ғ. ақын жыраулар поэзиясын сөз еткенде олардың халық үшін еткен еңбегіне,ой қиял өрістеу өресіне,қимыл,әрекет-ісіне қарай үш топқа бөліп:жауынгер жыраулар. Доспамбет,Жиенбет,Ақтанберді,Махамбеттер);мәмілегер(Асан қайғы,Сыпыра жырау,Үмбетей,Бұқар);тәлімгер(Шал,Базар,Майлықожа)жыраулар деп шартты түрде жіктеуге болады.Ақын-жыраулар өлең-жырларымен де өнегелі ісімен де халыққа белсене қызмет етіп,ел ұйытқысы,тәлім-тәрбие мектебінің ұстазы бола білді.
Қазақстанда ХҮІІІ-ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы мектеп пен педагогикалық ойдың дамуы. Махамбет Өтемісұлының педагогикалық көзқарастары.
Заманымыздың заңғар жазушысы Мұқтар Әуезов Махамбеттің ақындық құдыретін жоғары бағалай келіп, былай деп жазды: «… Махамбет бұрынғы, соңғы қазақ ақындарының ішіндегі ең бір күштісі деп саналуға тиіс. Махамбет жырлары өз заманындағы ең қанды, ең әсерлі сөз, көпшіліктің өз үні, өз тілі, өз арман талабы». Бұл классик ақынымыздың шығармашылығына берілген әділ баға деп білуіміз керек.
ХІХ ғасырдың 30-40 жылдарында Қазақстанның батыс аймақтарын мекендеген ел өмірінде ерекше із қалдырған ұлт-азаттық көтерілістің рухани көсемі, қазақ поэзиясының классигі Махамбет Өтемісұлының туғанына 200 жылдық мерейтойын ЮНЕСКО-ның шешіміне сәйкес 2003 жылы Атырау мемлекеттік университетінде халықаралық деңгейде өткізілуінің тәлімдік және тағылымдық мәні орасан зор.
Қазақтың Махамбеттей біртуар ұлының 200 жылдық мерейтойының ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілуі егемен еліміздің еңсесін биіктете түседі.
Махамбет – қазақ халқының кегі, ызасы, намысы, жігері, қайтпас қайсарлығы, яғни, Махамбет – қазақ халқының кегі мен ызасынан, намысы мен жігерінен жаралған наркескен рухани қару.
Жауынгерлік рухтағы өршіл жырлардың інжу маржанын ұрпағына мұра еткен Махамбет – ерлік пен намыстың ақыны. Қазтуған, Доспамбет, Жалкиіз, Ақтамберді жыраулардың жалғасы Махамбет – сан ғасырлар бойғы тәуелсіздікке ұмтылған бабалар рухының нақты көрінісі.
Махамбеттің жырлары – ерліктің, өрліктің гимні, қайсарлықтың символы.
Ерегескен дұшпанға қызыл сырлы жебедей қадалған Махамбет – жақсыларға еп, жамандарға көп, лапылдап тұрған өрт. Аңдамаған жалынана шарпылады. Жауырынан етін алса да жалынып, жалтақтауды білмес, қыңқ етпес табандылық ердің еріне бітеді. Халық қайғысын айтуға хан ұлынан қаймықпау да, «бас кесермін, жасырман» деп, қасқая қарап тұру кез келгеннің қолынан келе қояр ма екен?
Махамбет ел, халық жүрегінен мәңгілікке орын тапты. Оның жырлары елдің рухын көтеретін, ерлікке, елдікке бастайтын ұран іспетті. Сондықтан да болар халқымыз Махамбеттің есімін де, отты жырларын да қатты қастерлеп, ұрпақтан ұрпаққа рухани қазына ретінде аманаттап жеткізіп отырды.
Махамбеттің қай өлеңін алсақ та, оның негізгі лейтмотиві – жас ұрпақты ерлікке патриотизмге, адамгершілікке тәрбиелеу. Демек, оның шығармаларындағы айтылған қағидалар көтерілген мәселелер бүгінгі педагогиканың уақыт талабына қойып отырған мәселелерімен үндесіп жатыр. Ескі идеология, тарихнама, әдіснама бойынша тарихтағы жеке тұлғалардың ролі дұрыс бағаланбады, бұрмаланып біржақты түсіндірілді. Әсіресе, тарихи тұлғалардың алатын орнын, еңбектерін бағалауда ескі идеологияға негізделген көзқарасқа, әдіснамаға сүйенілді. Ел билеген хандар мен билерді, қолына қару алып елін қорғаған батырларды еліне білім мен ғылымның нәрін себуде ерекше еңбек сіңірген ойшылдарды, атап айтқанда, Махамбет, Исатай, Жәңгір Ханның тарихтағы орны, еңбектері біржақты бұрм аланып бағаланды.
Тек ғана соңғы жылдары тарихқа жаңа көзқарас тұрғысынан егемендігіміздің нәтижесінде Махамбет сынды алыптарымыздың еңбектерін жаңаша зерделеуге мүмкіншілік туды. Бабамыздың мұрасы көп жылдар ескерусіз келді.
Махамбет өлеңдерінде ұрпақ тәрбиесіне қатысты тәрбиенің сан-алуан салалары атап айтқанда, адамгершілік-имандылық, сұлулық, ел жандылық, экологиялық тәрбие туралы жан-жақты сөз болады. Махамбет шығармаларының жастардың бойында жағымды адами қасиеттер мен құндылықтарды қалыптастыруда алатын орны ерекше.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында сұрапыл жырлармен халықты күреске шақырып үндеген Махамбеттің ақындық дарыны ерекше.
Өлең-тәрбие құралы. Көне заманнан бері халықымыз тәрбие құралы ретінде ертегі, аңыздарды, батырлар жырлары мен дастандарды, өлеңдер мен терме, баталарды, мақал-мәтелдерді, қанатты сөздер мен шешендік өнерді, ырым-тиым сөздерді тиімді пайдаланып, ұлттық дәстүрімізді жалғастырып отырды. Көтеріліс кезінде Исатай бастаған қолдың алдында тұрып, оларды Жеңіске жетелеп, ұран көтеріп, өлеңмен жігер берген Махамбет ақынның басты құралы - өршіл жырлары болды.
Көтеріліс жеңіліске ұшыраса да, ол өз рухын жоғалтпады. Халықты көтеріліске қайта шақырып, өлеңмен ой салып, халық санасын оятуға күш салады. Амал не, қараңғы халық ойын түсінбеді, оның өлеңінің құдіретіне бас исе де, ақын соңына ермеді. Патша әскерінің қаруынан сескенген халық ақынның өлеңмен шақырған үндеуіне құлақ аспады. Жалғыздықтан күйінген ақын, өз сырын өлеңмен айта берді. Ақын: «Мен едім» деген өлеңінде:
Бөз ағаштан биік мен едім,
Бұлтқа жетпей шарт сынбан,
Ел құтқарар, ер едім
Жандаспай ақыры бір тынбан, - деп өршілдігін жырлап көрсетеді. Ақын өлеңінің тәрбиелік мәні ерекше халық санасын оята түседі.
Ақын өлеңдерінің тәлімдік-тағылымдық негіздері тереңде жатыр. Ақынның «Күн қайда?» деген өлеңінде:
Қарт бұғыдай билерден
Ақыл сұрар күн қайда?
Бізді тапқан ананың
Асыраған ананың,
Ризалықпен жайласып
Қолын алар күн қайда? – халықымыздың халықтық педагогика негіздерін алдымызға тартады.
Махамбеттің өлеңдерінің бастан аяғына дейін жырлаған негізгі өзекті тақырыбы – жастарды елін, туып өскен жерін қорғау үшін «жалаулы найза қолға алып, жарақты жауды тоқтатып» есі үшін құрбан болған елдің арманы жоқ, туған халқы, елі үшін кездескен қиыншылықты жеңе білуге жас ұрпақты үгіттеді.
Махамбеттің:
Толарсақтан саз кешіп,
Тоқтамай тартып шығуға
Қас үлектен туған катепті
Қара нар керек біздің бұл іске.
Қабырғасын қаусатып,
Біздің бүйткен бұл іске, - деп аталатын өлең жолдарында жастарды қандай ма болмасын қиындықты жеңе білуге туып өскен Отанын елін сүюге, елжандылыққа тәрбиелеуге жас ұрпақты үндеді:
Махамбеттің «Қызғыш құс» өлеңінде де ақынның еліне деген сүйіспеншілігі тамаша өрнектелген. Ақын психологиялық параллелизмді шебер қолдана отырып, қызғыш пен өз дағдырын салыстырады. Махамбет көл қорығақызғыштай елі үшін отқа түседі:
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
Қанатың қатты, мойның бос.
Исатайдан айырылып,
Жалғыздықпен болдым дос.
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
Ел қорыған мен едім
Мен де айырылдым елімнен
Көл қорыған сен едің,
Сен де айырылдың көліңнен.
Махамбет өз туған халқының перзенті ретінде өз елінің болашағынан үлкен үміт күтті, елдің еркіндігін аңсады:
Еділдің бойы ен тоғай,
Ел қондырсам деп едім.
Жағалай жатқан сол елге,
Мал толтырсам деп едім…
Махамбеттің бұл арманы бүгінде орындалды, іске асты. Бүгінде Қазақстан Республикасы – егеменді ел. Тәуелсіздік алған мерзімнің ішінде Президентіміздің басшылығымен біршама жетістіктерге қол жетті. Қазақ тілінің мың оралымдығы, қасиетін ұғындыруда ақын жырлары – ұрпақ тәрбиесінде баға жетпес байлық. Махамбеттің Исатай бейнесін көркем сомдауы, халық кегінің жолында көтеріліске шақыру болашаққа, келер ұрпаққа деген нық сенімі жыр жолдарында өте көркем берілген. Ұрпақ бойында ұлттық рухты, өзіне деген сенімділікті, халқына деген құрметті қалыптастыруда Махамбет өлеңдерін түсіне отырып оқыту қажет.
Біздің парызымыз – осы тұлғаны ұрпаққа таныту, оның жырларын өшірмей мәңгілікке сіңіру Махамбет өлеңдері барша елдік, ерлік қуатымен, көркемдік құнарымен шетел тілдеріне аударылса, әлем халықтары сүйіп оқитын қымбат шығарма, қазақтың тілін, ерлігін танытатын асыл қазына болары анық. Осы баға жетпес асылымызды оқыта отырып, жас ұрпақтың өзін тани білу үн қосу. Жыр жолдарын ұрпақ тәрбиесінде орынды қолдану – ұстаз міндеті. Махамбет жырлары миллиондаған жас жүректерге ерлік рухын дарытып, үміт отын жағып, күш-қуат берері сөзсіз.
Махамбет бабамыздың есімін кеңінен насихаттау мақсатында ЮНЕСКО шеңберінде 200 жылдық мерей тойын өткізу барысында республика мектептері мен жоғары оқу орындарында «Махамбеттану» бағытында біршама танымдық-тәрбиелік шаралар іске асты.
26-27 ақпанда 2003 жылы Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына арналған Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Атырау облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен, көршілес Астрахань облысының білім басқармасымен бірігіп, «Оқушыларды тәрбиелеудің этнопедагогикалық негіздері» атты халықаралық конференция өткізілді.
Махамбет поэзиясында оқушыларды жақсы өнеге, адамгершілікке үндеген терең философиялық түйін, парасатты ой, қайсарлық пен нәзіктік аз емес.
Оқыту үрдісінде оларды тәрбиелік мақсаттарға ұтымды пайдалана білу, өскелең ұрпаққа дәйектілікпен жеткізе білу – парызымыз.
40. 1917-1941 ж.ж.кеңес мектебі мен педагогикасы.
1917 жылы 9 қарашадағы декрет бойынша, Ағарту ісінің мемлекеттік комиссиясы ұйымдасты, ол негізінен халыққа білім берудің жаңа жүйесін құрудың негіздерін талдаумен айналысты.Халық ағарту комиссары А.В.Луначарский (1875-1933) жұртшылыққа мұғалімлерге және оқушыларға үндеу тастады. Бұл үндеуде ол халық ағарту саласындағы Кеңес үкіметінің негізгі қағидалары мен міндеттерін сипаттан берді: жалпыға бірдей міндетті бастауыш оқыту, мектептердің барлық сатыларында жалпы білім алуға болатындығы, мектептің діні болуы, білім беруді демократияландыру, жергілікті және ұлттық ерекшеліктерді ескеру. Халық ағарту ісін басқарудың ескі жүйесін тарату басталады. 1918 жылдың 18 маусымында Халық Комиссарлар Кеңесі “Ресей Социалистік Кеңес Республикасында халық ағарту ісін ұйымдастыру туралы ереже” қабылданды, ереже бойынша республикада халыққа білім беруді жалпы басқару халық ағарту Мемлекеттік комиссиясына жүктеледі, ал жергілікті жерлерде губерниялық, уездік және болыстық халыққа білім беру бөлімдеріне. Халыққа білім беру бөлімдерінің жанынан білім беру кеңестері ұйымдастырылды, еңбекшілердің әртүрлі ұйымдарының өкілдерінен, мұғалімдерден, оқушылардан тұратын кеңесші органдар болып табылады.1918 жылы 30 мамырда барлық оқу орындары мен жалпы білім беретін мекемелерді Халық ағарту комиссариатының қарамағына беру декретке қол қойылды. Барлық жалпы білім беретін және кәсіптік оқу орындарын Халық ағарту комиссариатының қарамағына жинақтау мектеп реформасының бірлігін қамтамасыз етеді. 1918 жылы 20 қаңтарда Халық комиссарлары кеңесінің “Шіркеулік және діни қоғамдарда ар-намыс еркіндігі туралы” декрет қабылданды. Онда шіркеуді мемлекеттен және мектепті шіркеуден бөлуді жариялады. Бұл декретте ар-намыс еркіндігі жарияланды, белгілі бір дінге қатысына байланысты кез-келген шектеушілік пен жеңілдіктер алынып тасталды; әрбір адамның кез-келген дінді ұстауға немесе ешқандай ұстамауға еркі бар екендігі атап көрсетілді. Декрет барлық мемлекеттік және қоғамдық, сонымен қатар жекеменшік оқу орындарында діни қағидаларды оқытуға тиым салынды. І Бүкілресейлік халықағарту съезінде (25 тамыз – 4 қыркүйек 1918 жыл) екі сатылы бірыңғай мектептің жүйесі мақұлданды: І сатысы – 5 жыл және ІІ сатысы – 4 жыл; бұл екі сатысы бірігіп, тоғыз жылдық жалпы білім беретін орта мектепті құрады. Кеңес үкіметінің жоғарыда көрсетілген декреттері мен шаралары контрреволюциялық элементтер – буржуазиялар, помещиктер және буржуазия зиялылары тарапынан ерекше қарсылықты кездестірді.1918 жылдың бойына Ағарту ісі туралы мемлекеттік комиссияда А.В.Луначарскийдің, П.Н.Лепешинскийдің, Н.К.Крупскаяның жетекшілігімен “Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі қағидалары” және “Бірыңғай еңбек мектебі туралы ережелері” жасауда қызу жұмыс жүргізілді. 1918 жылдың тамыз айында “Бірыңғай еңбек мектебі туралы ережелер”жобасы Ағарту ісі Бүкілресейлік съезінде хабарланып, бірауыздан оны мақұлдады.“Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі қағидалары” педагогика-жұртшылықтың арасында “Бірыңғай еңбек мектебі туралы” атымен белгілі. Ол кеңес педагогикасының жаңа саяси-идеялық және ғылыми-педагогикалық қағидаларын жариялады. Мектептің саясатқа қарсы идеясын насихаттаған буржуазиялық және ұсақ буржуазиялық педагогикаға қарама-қарсы “Бірыңғай еңбек мектебі туралы Деклорация” мектептің саясатпен байланысын кеңес педагогикасының негізгі қағидасы ретінде атап көрсетті. Бірақ “Бірыңғай еңбек мектебі туралы ережелер” және “Бірыңғай еңбек мектебінің негізгі қағидалары” уақытпен байланысты кейбір кемшіліктеріне қарамастан (емтихан және үй тапсырмасын алып тастау, ақыл-ой білімінің есесінен, еңбек тәрбиесімен ерекше әуестену және т.б) мектепті революциялық қайта құруда бұл еңбектердің мәні орасан зор болды.1930 жылы сәуір айында өткен халық ағарту ісі бойынша ІІ Бүкілодақтық партия кеңесі дамудың қазіргі сатысында жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру проблемасы негізгі проблема екендігін атап өтті. Кеңес жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім берудің кең ауқымды бағдарламасын белгіледі.1930-1931 оқу жылынан бастап, бастауыш білім алмаған 8-10 жастағы балалар мен 11-15 жастағы жеткіншектерді жалпыға бірдей міндетті оқытумен қамту жоспарланды. Партия 1930 жылы 25 шілдеде “Жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру туралы” қаулы қабылдады. Онда 1930-31 оқу жылынан бастап, барлық жерлерде жалпыға бірдей басмтауыш білім беруді енгізуді міндеттеді. 1930 жылдың 14 тамызында Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесі “Жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру туралы” қаулы қабылдады. Қаулының алдыңғы үш бабында былай делінген: 1. 1930-1931 жылы Кеңес Одағының барлық жерінде балаларға жаппай бастауыш білім беруді енгізу жүктеледі. 8-9-10 жастағы ер балалар мен қыз балалар 4 жылдық бастауыш мектеп көлемінде білім алуға тиісті болды. Осы қаулыға сәйкес 1930 жылдың күзінде жоғарыда көрсетілген жастағылардың бірінші бастауыш мектеп (4 сынып) көлемінде білім алуы міндетті деп белгіленді. 930-1931 жылдан бастап, мектепте оқып жүрген балалардың бірінші басқыш мектеп (4 сынып) көлемінде білім алуы міндетті деп белгіленді. 2. 1930-1931 оқу жылынан бастап, 11-15 жастағы ер және қыз балаларды жаппай оқыту белгіленді. 3. 1930-1931 оқу жылынан бастап, өнеркәсіпті қалаларда, фабрика-зауыт аудандарында және жұмысшы поселкелерінде жетіжылдық мектеп көлемінде білім беру жүйесі енгізілді. Қаулы бойынша балаларды міндетті түрде оқыту олардың ата-аналарына жүктелді. Жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беруді жүзеге асыру үшін елімізде қызу жұмыс жүргізілді. Бұл жаппай бастауыш білім берудің қалалық, аудандық және ауылдық комитеттері құрылды. Республикаларда бұл жұмысты республикалық комитет басқарды.1930-1934 жылдары жаппай білім беру бастауыш мектеп көлемінде, өндірістік қалаларда, фабрика, зауыт аудандарында және жұмысшы поселкелерінде жетіжылдық мектеп көлемінде жүргізілді. 1930-1931 оқу жылынан бсатап, жалпы білім беретін мектептерде оқитын балалардың саны жыл сайын 3-4 миллионға көбейіп отырды. Егер олардың саны 1929-1931жылдары 13,5 миллион болса, 1939 жылдың аяғында 32 миллионға жетті. Ұлттық республикаларда жаппай білім беру ерекше тез қарқынмен дамып отырды. Ү-ҮІІІ және ҮІІІ-Х сыныптарда оқитын балалардың саны өте тез өсті. Ү-ҮІІІ сыныптарда 1929-1930 жылы 1,6 миллион бала оқыса, ал 1938-1939 оқу жылы 8,8 миллион бала оқыды. Ауыл мектептерін Ү-ҮІІ сыныптарында оқитын балалардың саны аталған мерзімде он есе көбейді.Мектептерді педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында педагогикалық институттардың, техникумдардың және педагогикалық курстардың желісі артты. Бастауыш мектеп мұғалімдерінің материалдық жағдайы жақсарды. 30-жылдары жетіжылдық және орта мектептердің желісінің тез қарқынмен өсуімен ондағы оқушылардың санының артуымен сипатталады, негізінен жоғары және орта сыныптардың (Ү-Х) есебінен. Жетіжылдық мектептердің саны 1927-28 оқу жылы 6554 тен 1937-38 оқу жылы 34199-ға жетті. Орта мектептердің саны соған сәйкес 1775-тен 9909-ға өсті. Оқушылардың жалпы саны 11466 мыңнан 1927-1928 оқу жылында 29562 мыңға дейін 1937-1938 оқу жылында өсті. 30-жылдардың бас кезінде орта және жоғары мектеп туралы партия мен үкіметтің бірнеше қаулы-қадарлары қабылданды. Бұл қаулылар орта және жоғары мектептің дамуы мен оның оқу-тәрбие жұмысын қайта құрудың және педагогика ғылымының теориялық жетістіктерін айқындап берді. Сонымен қатар біз бұл партия мен үкіметтің қаулыларына баға бергенде, кезінде елеуші кемшіліктер жібергендіктен атап өткен жөн. 1931 жылы 5 қыркүекте “Бастауыш және орта мектеп туралы” қаулы шыққаннан кейн мектеп оқушыларының жалпы даярлығына мән беру ерекше артты. Бірақ 4 наурыз 1937 жылы Халық ағарту комиссариатының қаулысымен еңбек сабағы оқу жоспарынан алынып тасталды. 20-жылдардың аяғы мен 30-жылдардың бас кезінде көпшілік политехникалық мектеп туралы, мектептің өмірімен байланысы кең өріс алған қозғалыс Халық ағарту комиссариатының саясаты мен мектеп тәжірибесінде кеннеттен негізсіз өзгерістерге әеп соқтырды. Мектеп пен педагогикалық оқу орындарына өздеріне тән емес міндеттер жүктелді: базалық мекемелердің өндірістік жоспарын орындауға қатысу, өндірісте тәртіп нығайту үшін күрес, мәдени-ағарту жұмыстарының белгілі көлемін орындау. “Проект әдісі” педагогикалық институттарда, техникумдарда әмбебеп әдіс ретінде міндетті енгізілді. Қалыптасқан жағдай  “Бастауыш және орта мектеп туралы” (1931 жылы, 5 қыркүектегі) қаулының кезекті “бұрмалаушылықты” болдырмауда мәні орасан зор болды. Сонымен қатар қаулыда еңбекке оқыту және тәрбиелеу идеясына елеулі соққы беріліп, нұсқан келтірді. Екінші жағынан, қаулыда политехникалық білім беруді іске асыруда теория мен практиканың бірлігі мәселесіне ерекше мән берілді және бүкіл оқушылардың қоғамдық пайдалы еңбегі оқу мен тәрбие мақсаттарына бағындырылуға тиіс екендігі атап көрсетілді. “Бастауыш және орта мектептің оқу бағдарламалары мен режимі туралы” (1932 жылы, 25 тамыздағы) қаулыда мектепте оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ деп атап көрсетілді. Ол оқушылардың бригадалық жұмысын және басқа да оқу жұмысының ұжымдық түрлерін қамтыды. Бірақ осы қаулыда мақұлданған оқу бағдарламаларының қағидалары шығармашылық жұмысты қатаң көрсетілген шектеушілік пен көптеген орындауға тиісті талаптардың жағдайында тежеп отырды. “Бастауыш және орта мектеп туралы” қаулыда педагогикалық жоғары оқу орындарында мектеп пен мұғалімге әдістемелік көмек беру жөнінде елеулі жұмыс жүргізуді талап етті. 1934 жылы 15 мамыр айындағы Халық Комиссарлар Кеңесінің “Мектептерде азаматтық тарихты оқыту туралы” және “Бастауыш орта мектепте жағырафияны оқыту туралы” (1935 ж) қаулыларына сәйкес кейбір педагогикалық институттарда тарих және жағырафия факультеттері ашылды. 1930 жылдары жалпыға бірдей бастауыш білім енгізіле бастағанда, мектеп жүйесі мен оқушылар саны тез қарқынмен өсе бастады, осыған орай мектептерді маман педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету проблемасы ерекше күн тәртібіне қойылған мәселелердің бірі болды. Партия 1936 жылғы 4 маусымдағы “Халық ағарту комиссариаты жүйесіндегі педагогикалық бұрмалаушылықтар туралы” қаулысында педагогикалық ілім жалпы алғанда ғылым жат ілім деп танылды. Бұл қаулыда өрескел жіберілген кемшіліктердің біріне педалогияны буржуазиялық ғылым деп біржақты сынауын жатқызуға болады. Педалогтарға тағылған ең негізгі кінә -  олардың оқушылар арасында зерттеу және тесті жүргізуін “партия тарапынан бұрын сыналған” жалған буржуазиялық әдіс деп бағаланды. Оқушылардың ақыл-ой дамуы мен дарындылығын зерттеу үшін қолданылған бұл әдістерді “оқушылардың қажетсіз, кеңес мектебінің міндеттеріне қайшы келетін буржуазиялық, таптық педалогиялық ілімді кеңсе мектебі жағдайына сын көзбен қарамай енгізу” деп өрескел бұрамаланған еді. Осы қаулының негізінде көптеген педалогиялық оқу орындары жабылып қалды. Қазіргі жағдайда сол кездегі педалогтардың балалардың ақыл-ой әрекетінің дамуы мен қабілеттілігін зерттеу үшін қолданылған диагностикалық зерттеу әдістерін де бүгінгі мектеп тәжірибесінде балалардың қабілетін дамытуда кеңінен қолданылуда. Бұл қаулы 20-жылдардың бас кезінде мектеп өміріне кеңінен енгізіле бастаған әртүрлі оқу пәндерін, оқытудың белсенді әдістерін, оның ішінде ынтымақтастық педагогика идеясын қолдану бағытында дамуын 30-жылдары буржуазиялық педалогия деп бағалаған болатын-ды. 30-жылдардағы педалогиялық бұрмалаушылықтар туралы қаулыда негізінен шәкірттердің қабілетін дамытуға тиым салды. 70 жылдан астам уақыт кеңес мектебінде білім беруде формализм мықтап орын тапты. Қаулының кемшілігі барлық шәкірттерге бірдей білімнің деңгейін ұсына отырып, қабілеттіліктерін дамытуға мүмкіншілігі болмады. 20-жылдардың бас кезінде халық ағарту саласында кең өріс алған барлық, демократиялық қағидалар, мейлі ол аяғына дейін ойластырылмаған, кейбір кемшіліктері болғанымен, 30-жылдары Сталиннің жеке басына табынудың қалыптасуы жағдайында және әкімшілік бәрін жоққа шығарды. Біз бүгін 30-жылдарда қабылданған партия мен үкіметтің мектеп туралы қаулыларын бағалағанда; 20-жылдардағы мектепке тән жаңашылдық ізденістерді бірден-бір жоққа шығарған құжат ретінде қарауымыз керек. 30-жылдардағы жоғары мектеп пен орта мектептің жалпы білім берудің қажетті деңгейін қамтамасыз ете алмады, политехникалық білімді ғылым негіздерін терең меңгеруден бөліп қарастырды, оқушыларды жоғары оқу орындары мен техникумдарға түсуге даярлау міндеттерін жеткіліксіз шешкен болатын-ды. Бұл кемшіліктерге қарамастан, 30-жылдардың бас кезіндегі орта және жоғары мектеп туралы қаулыларының Қазақстанда мектеп жүйесі мен педагогикалық кадрларды даярлауда ерекше роль атқарды.
41.Н.К.Крупскаяның ағартушылық қызметі мен педагогикалық ойлары. Социалистік дəуір педагогикасын танымал еткен Н.К.Крупская, А.С. Макаренко, В.А.Сухомлинский еңбектері. Надежда Константиновна Крупскаяның (1869-1939) теориялық ізденістері жаңа кеңес мектебін қалыптастыру, сыныптан тыс тəрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру, енді пайда бола бастаған пионер қозғалысы проблемаларының төңірегінде шоғырланды. Кеңестік дидактиканың негіздерін талдауда Н.К.Крупскаяның еңбегі ерекше. Ол тек ғана педагогиканың бұл саласында жалпы мәселелерін қарастырып қойған жоқ, сонымен қатар жеке әдістеменің мәселелерін, әрбір оқу пәнінің білімдік және тәрбиелік мәнін қарастырды. Ол жаратылыстануды оқытуға ерекше мән берді, ғылыми-жаратылыстану пәндері оқушылардың ғылыми-материалистік көзқарасын қалыптастыруда ерекше роль атқаратындығын атап өтті.Оқыту әдістері мәселесіне тоқтала келіп, жеке әдістемелер сабақта оқушылардың белсендігін және дербестігін қамтамасыз етуді Крупская талап етті, оларды ұжымда ұйымдасқан түрде әрекет етуге, дәйектер мен құбылыстарға ізденіс тұрғысынан қарауды қалыптастыруға үйретті. Крупская мектептің міндеті тек ғана оқушыларды біліммен қаруландыру ғана емес, сонымен қатар олардың бақылағандығын, таным қабілеттіліктерін және белсенділігін дамыту, өз бетімен жұмыстың дағдысын, ой еңбегінің мәдениетін қалыптастыру екендігін атап көрсетті.
42. А.В.Луначарскийдің ағартушылық қызметі мен педагогикалық ойлары. Ұлы педагог А.В. Луначарский«Педагог- жаңа ұрпаққа ғасырлар бойы жинақталған барлық бағалы дүниелерді беріп, жалған сенімдерді, кінәраттар мен кеселдерді бермеуге тиісті адам» деген. Жеке тұлғаның қоғам-табиғат талабына толық қанағаттанып өсуі үшін рухани қалыптасқан мәени күш қажет.Музыкалық тәрбие – ұзақ, күрделі әрі сан қырлы процесс.Әдетте, балалар бақшасында тәрбиеленушілердің мектепке дейінгі мекемелерге бармайтын балаларға қарағанда неғұрлым дамыған, эмоциялық жағынан алғанда тез қабылдағыш болып келеді, олар әр нәрсеге әуестеніп отырады. А.В.Луначарскийдің сөзімен айтқанда, өнер айналасындағыларға сезімдік жағынан әсер етеді «ол өткенді, болашақты...түсінуге, сүюге, оны тез сезінуге мәжбүр етеді, сондықтан, егер біз бұл үшін өзіңізге лайықты болып табылатын элементтерді көне өнерден таңдап ала отырып, оны пайдалана алсақ, онда біздің идеяларымыз, принциптеріміз, көзқарасымыз көрініс табатын және орасан зор тәрбиелік маңызы бар өз өнерімізді дамытуды қадағалауға тиіспіз» - деп атап көрсеткен.
43. П.П.Блонскийдің ағартушылық қызметі мен педагогикалық ойлары. Кеңес педагогикасын дамытуда Павел Петрович Блонский (1884-1941) ерекше роль атқарды. Ол “Педагогика” (1922) және “Педагогика негіздері” (1925) оқулықтарын жазды. Педагогикалық деонтологияның пайда болу тарихында П.П.Блонскийдің ойлары өте маңызды. Ол тарихи ұстанымдарды мектептің өмірімен сәйкестендіруді, оқытудың өндірістік еңбекпен үндестігін, оқыту мен тәрбиенің өзара сабақтастығын маңызды жеке тұлғаны жан-жақты әрі үйлесімді дамыту ұстанымы ретінде көрсетті. Қиын балалар және мінез-құлықтағы қиындық ұғымы 1920-30 жылдары П.П.Блонскийдің еңбектерінде зерттеле бастады. П.П.Блонский «Педагогика курсы» еңбегінде шетел ғалымдарының зерттеулеріне сүйене отырып, қиын балалар проблемаларын шешуді көздейді. Зерттеуші қиын балалардың мінез-құлықын мектеппен, отбасы тәрбиесімен, жанындағы араласатын достарымен байланыстырады. П.П.Блонский қиын балаларға мынадай мінездеме береді: «Объективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы – ол мұғалімнің жұмысының жемісті еместігіне байланысты. Субъективті көзқараспен қарағанда қиын оқушы – онымен мұғалімге жұмыс істеу өте қиын, мұғалімнен көп жұмыс істеуді талап ететін оқушы». П.П.Блонскийдің ой-тұжырымы бойынша қиын балаларды қайта тәрбиелеудің бірден-бір жолы – қиын балаларды мәдениетсіз ортадан мәдениетті балалар ұжымына біртіндеп қосу болып табылады. Мұғалім бақылаудың өзіндік бақылауға да негіз болатын жалпы бағдарламасын дайындайды. П.П. Блонский материалды меңгеруге қатысты өзін-өзі бақылаудың көрінуінің төрт сатысын белгілеген. Бірінші саты ешбір өзін-өзі бақылаудың болмауымен сипатталады. Осы сатыдағы оқушы материалды меңгерген жоқ және сондықтан ештеңені бақылай алмайды. Екінші саты – толықтай өзін-өзі бақылау. Осы сатыда оқушы меңгерген материал қайта жаңғыртуының дұрыстығын және толықтығын тексереді. Үшінші сатыны П.П. Блонский таңдаулы өзін-өзі бақылау сатысы ретінде сипаттайды, мұнда оқушы сұрақтар бойынша тек бастысын ғана бақылайды, тексереді. Төртінші сатыда көрнекті өзін-өзі бақылау жоқ, ол өткен тәжірибе негізінде, қандай да бір мәнсіз бөлшектер, белгілер негізінде жүзеге асады.
44. С.Т.Шацкийдің ағартушылық қызметі мен педагогикалық ойлары. 20-жылдары өзінің жан-жақты педагогикалық және ғылыми қызметімен белгілі болған кеңес педагогикасының көрнекті өкілі Станислав Теофилович Шацкий (1878-1934). Ол халықағарту ісінің бірінші тәжірибе станциясын ұйымдастырды. Тәжірибе станциясы жас кеңес педагогикасының негізгі практикалық және теорияылқ міндеттерді шеше білді. Шацкий еңбек тәрбиесіне, оқытуды еңбекпен, қоғамдық пайдалы еңбекпен ұштастыруға ерекше мән берді.   Еңбек мектебі құрылысының алғашқы онжылдығында кеңес дидактикасы бұл бағытта елеулі табыстарға жетті. Сонымен қатар шетел теорияларына сын көзбен қарамау, сынып-сабақ жүйесін жоққа шығару, ауызша оқыту әдістерін менсінбеу, оқыту мен тәрбиеде мұғалімнің ролін төмендету аңғарылды.   Кеңестік педагогиканың алдына бірінші күндерден бастап, балалар ұжымын ұйымдастырмайынша, тәрбие міндеттерін жемісті шешу мүмкін еместігі белгілі болды. Ол адамды әлеуметтендіру процесінде тәрбие беруді ізгілендіру және демократияландырудың біртұтас тұжырымын жасаған.
45
В.А.Сухомлинскийдің шығармашылығы әрбір жыл өткен сайын біздің елімізде, сол сияқты шетелде ғылыми және педагогикалық жұртшылықтың тарапынан бірден-бір ерекше көңіл бөлініп келеді. Бұл кездейсоқтық емес. Оның талдаған педагогикалық жүйесі педагогика ғылымын жаңашылдық идеялармен және қағидалармен тек ғана байытып қойған жоқ, теорияға, сонымен қатар білім беру және тәрбие тәжірбиесіне ерекше үлес қосты және отандық педагогикалық ой-пікірдің дамуына белгілі реваолюциялық кезең болды. В.А.Сухомлинскийдің өмірі мен педагогикалық қызметі туралы бүгін де біршама әдебиет баршылық, әдебиеттердің үлкен бөлігі В.А.Сухомлинскийдің ғұмырнамалық деректерін және педагогикалық көзқарасын талдауға арналған. В.А.Сухомлинскийдің еңбектерінің ішінде еліміздің педагогикалық жұртшылығы мен көптеген шетелдерде белгілі және кеңінен тараған “Балаға жүрек жылуы”, “Азаматтық қалыптасуы”, “Коллективтің құдыретті күші”,т.б. кітаптарын ерекше атауға болады. Оның қызметінде әрбір педагогтың өзінің кәсіби қызметіне шығармашылықпен қарау мәселесі басты орынды алды. Өзінің “Мектептің жас директорымен әңгіме” еңбегіне былай деп жазды: “Егер педагогикалық еңбек мұғалімі қуаныш әкелсін десеңіз, егер күнбе-күнгі өткізілген сабақтар жалықтыратын, бірсарынды қайталанып отыратын жұмысқа айналмасын десеңіз, әрбір мұғалімді зерттеудің бақытты жолына жетелеңіз”. 
46
Тәрбиенің негізгі мақсаты -қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуы мәселесінің көп ғасырлық т Психологияда "жеке тұлға" деген ұғымның әр түрлі түсіндірмелері бар, бірақ олардың көбісі мына түсінікке келіп тіреледі: жеке тұлға дегеніміз әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі - оның әлеуметтік мәнінің болуы және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға, өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқаруы. Жеке тұлғаның ең маңызды белгілері - оның саналылығы, жауапкершілігі, бостандығы, қадір-қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң дене жағьшан үлкейеді, яғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүйесі оседі. Оның тілі шығып, сөздік қоры молаяды. Бала көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және моральдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда, адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы - оның бойында болып жатқан сапалық өзгерістер (танымдық, сезім, моральдық-жігерлілік т.б.). Педагогика мен психологңяда жеке тұлғаның "қалыптасуы" термині жиі қолданылады. Бұл жеке тұлғаның дамуының нәтижесі дегенді және оньщ пайда болып, тұтастыққа, бір қалыпты касиеттерге және сапаларға ие болғанын білдіреді. Қалыптастыру (қалыптасу) дегеніміз - бір нәрсеге пішін (форма) мен тұрақтылық беру; толықтық пен нақты бір тұр беру,,, Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына сыртқы, қоршаған орта ықпалының мәні зор екендігіне сене отырып, философ-материалистер адамның биологиялық табиғатын жоққа шығармады,, Тәрбие - бұл тұлғаның қалыптасуына мақсатты бағытталған процесс, сонымен қатар тәрбие туа біткен нышандарды түзетеді және микро-ортаны өзгертеді.. Барлық балалар тәрбиелік-білім беру мекемелерінен өтеді,
ол мекемелер педагогикалық процесті сауатты құрастырып, оқушылардың жан-жақты іс-әрекетін нәтижелі ұйымдастырады, өйткені ол жеке тұлғаның дамуының шешуші шарты болып табылады.
47
Тұқым қуалаушылық жер бетіндегі тіршіліктін тарихы және белгілі бір түрдің (біздің жағдайымызда - адамның) өмірінің тарихын анықтайды. Адамның тұқым қуалаушылығын екі түрге бөлуге болады: жалпы адамзаттық (тік жүру бейімділігі, сана, ақыл, сезім мүшелері дамуының бейімділігі, шартсыз рефлекстер, нәсілдік және ұлттық белгілер) және даралық (жүйке жүйесінің түрі, анатомиялық-физиологиялық (нышан) тума қабілеттер).Ағзаның тектілік негізі немесе генотипі төмендегі суреттегідей болып бөлінеді . Жеке тұлғаның қалыптасуына, сонымен қатар, орта: адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар әсер етеді. Орта макро және микро болып бөлінеді. Макро-орта бұл -адамға қажетті әлеуметтік-экономикшіық ықпалдардың мол жиынтығы (өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар деңгейі, өмірдің қаржы жағдайлары. Микро-орта бұл - баланың ең жақын қарым-қатынас ортасы, ол - адамды әрдайым коршайтьщ және оның дамуына әсер ететін өзара байланысты заттар, құбылыстар мен адамдар әлемі. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына, белгілі бір мөлшерде, табиғи немесе географиялық орта (климат), табиғат жағдайлары әсер етеді. Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең маңызды орын алады. Кең мағынада тәрбиені белгілі бір әлеуметтік қызметтер атқаратын қоғамдық құбылыс ретінде қарастыру қажет (ұрпақтан ұрпаққа берілетін әлеуметтік тәжірибе, жалпы адамзаттық мәдениет, т.б.), ал шағын педагогикалық мағынада тәрбие дегеніміз - өсіп келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндылықтарды игерту үшін мұғалім мен оқушылар, балалар мен ата-аналар арасындағы бірлескен іс-әрекеттердің педагогикалық процесін ұйымдастыру.
48
 Адам белсенділігінің табиғатын тани білу, еңбек және моральдық белсенділік дәрежесі бойынша адамның қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете анықтау мұғалімнің басты міндеті. Белсенділік - адамның іс-әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Тіршілік және іс-әрекеттері барысында адамның қарым-қатынас жасау, таным және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды. Бала белсенділігінің ең алғашқы формасының бірі - қарым-қатынас жасау белсенділігі. Бұл адамның бүкіл өмірінде дамитын белсенділік. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдар мен қарым-қатынас жасау белсенділігінің мазмұны өзгеріп отырады. Мектеп жасына дейінгі балалар ересек адамдардық әрекеттеріне үңіле қарап, үйренеді, оларға еліктейді. Бала еліктеу, қабылдау арқылы түрлі рөлді ойындарды атқара отырып, әлеумет өмірінің, өндіріс қатынастарының мазмұнын түсінеді. Әр түрлі ойын баланың дүниетінымын кеңейтіп, қарым-қатынас жасау белсенділігін дамытады. Қарым-қатынас жасау белсенділігі жеке адам қасиеттерінің (қайырымдылық, қамқорлық, т.б.) қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Баланың даму барысында таным белсенділігі артады. Қарым-қатынас адам психикасының және оның мінез-құлқының мәдени, саналы түрде қалыптасуы мен дамуында үлкен роль атқарады. Қарым-қатынас арқылы адам жоғары қабілеттері мен қасиеттерін аша алады. Дамыған адамдармен белсенді қарым-қатынасқа түсе отырып, ол өзі тұлға болып қалыптаса алады. Егер туғаннан бастап, адам басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігінен айрылса,ол ешқашан мәдениетті, адамгершілігі бар адам болмас еді, тек ғана аяғына дейін жартылай жануар болып яғни сыртқы жағынан адамға ұқсас болар еді. Сүбъектінін іс-әрекеті – жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуынын факторы. Жеке тұлғаның дамуының маңызды факторларын сөз еткенде және бұл процесте тәрбиенің орны ерекше екенін баса айтқанда, адамды ортаның әсерімен тәрбие ықпалының пассивті объектісі деп қарастыруға болмайды. Сана мен іс-әрекеттің тұтастығы материалистік диалектика мен психологияның ен маңызды заңдылығы болып есептелінеді. К. Маркс адам жағдайдың пассивті жеміс емес, ол қоршаған ортасын, жағдайларды және езін белсенді түрде өзгерте алады деп жазған болатын. 
51,Жеке тұлғаның жан-жақты дамуы - білім беру тұрғысынан екі мәні бар:
адамды қоғамның әртүрлі тіршілік әрекеттері сферасына жан-жақты, біліктілігімен және жауапкершілікпен қатысуға дайындау;
индивидтің рухани сферасының барлық жағын, оның интеллектін, ақылын, ерігін сезімін үйлесімді дамыту, оның көзқарасындағы рационалды-логикалық және эмоциялы-психологиялық компоненттерінің бірлігіне қол жеткізу.[1]Тәрбиенің негізгі мақсаты - қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік
тәжірибені меңгеруі, оның жан-жақты үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның дамуы мен
қалыптасу мәселесінің көп ғасырлық тарихы бар. Ол көп аспектілі және әртүрлі
ғылымдардың тоғысында қарастырылады. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның
дамуына биологиялық факторлармен қоса әлеуметтік факторлар да әсер етеді деп
есептеген. Жеке тұлғаның қалыптасу фокторлары туралы идкялар келесі дәуірлердің
прогрессивті философиялық және психологиялық-педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын
тапқан (Э.Роттердамский, Я.А.Коменский, К.А.Гельвеций, Д.Дидро, А.Дистерверг,
К.Д.Ушинский , Д.Дьюи, Э.Торндайк, П.П.Блонский, А.С.Макаренко, Л.С.Выготский,
Э.И.Моносзон, Л.И.Божович, С.Л.Рубинштейн, В.В.Давыдов т.б.).
Адам-өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан табиғат заңдары
оның дамуына да әсер етеді. Қоршаған ортаға бейімделіп, өз тіршілігі үшін дайын заттарды
пайдаланатын жануарларға қарағанда адам өзіне керектіні өз қолымен жасайды. Адам
табиғатының өзгеруі адам өмірінің әлеуметтік жағдайларының әсерінен болады, адамның
тектілігі тек биологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи дамуы нәтижесінде де
пайда болады. «Әлеуметтік мұрагерлік» адамның қоғамдық тәжірибеге ие болуы
нәтижесінде орын алады. Сонымен, адамның жалпы дамуында өзара байланысты екі бағыт
– биологиялық және әлеуметтік бағыттар байқалады. Адам биологиялық тіршілік иесі болып
туады, алайда өз дамуы барысында ғана ол әлеуметтік тіршілік иесіне айналады.
Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасатын болғандықтан, жеке
тұлғаның “дамуы мен қалыптасуы” ұғымдарының мәнін ашу педагогика үшін маңызды
мәселе болып табылады.
Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен сапасындағы сандық
өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң дене жағынан үлкейеді, иғни оның кейбір
дене мүшелері мен нерв жүйесі өседі. Оның тілі шығып, сөздік қоры молаяды. Бала көптеген
әлеуметтік- тұрмыстық және моральдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие
болады. Алайда, адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең бастысы- оның бойында
болып жатқан сапалық өзгерістер. Адамның дамуына ішкі және сыртқы, меңгерілетін және
меңгерілмейтін факторлар әсер етеді, олардың арасында мақсатты тәрбие мен білім
берудің алар орны ерекше.
Жеке тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлардың арасында тәрбие ең маңызды
орын алады. Кең мағынада тәрбиені белгілі бір әлеуметтік қызметтер атқаратын қоғамдық
құбылыс ретінде қарастыру қажет, ал тар педагогикалық мағынада тәрбие дегеніміз- өсіп
келе жатқан ұрпаққа жалпы адамзаттық құндалақтарды игерту үшін мұғалім мен оқушылар,
балалар мен ата- аналар арасындағы бірлескен іс- әрекеттердің педагогикалық процесін
ұйымдастыру.
Материалистік философия қоршаған орта мен биологиялық бейімділіктер қатарында
тәрбиеге ерекше орын бөледі, тәрбие - жеке тұлғанын дамуы мен қалыптасуының үшінші
факторы. Бұндағы айта кететін жағдайлардың бірі- материалисттік түсінікте жеке тұлға тек
объекті ретінде ғана емес, сонымен қатар, ең бастысы, тәрбиенің субъектісі ретінде, өзіндік
қайта құру қызмет- әрекетінің субъектісі ретінде қарастырылады.
Тәрбие - жеке тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы ретінде.
Тәрбие - жеке тұлғаны мақсатты қалыптастыру процесі, бұл процесте
тұқымқуалаушылық бейімділік пен микроортаның өзгерістері жөнге келтіріледі. Барлық
балалар тәрбиелік- білім беру мекемелерінен өтеді, ол мекемелер педагогикалық процесті
сауатты құрастырып, оқушылардың жан- жақты қызмет- әрекетін жемісті ұйымдастырады,
себебі ол жеке тұлғаның дамуының шешуші шарты болып табылады.
Қазіргі ғылыми көзқарас бойынша баланың жеке тұлғалығы тәрбиенің обьектісі ретінде
де, субьекісі ретінде де қарастырылады. Оның обьект болу себебі оның қалыптасуы сыртқы
ықпал-әсерлерге, әсіресе, тәрбие секілді мақсатты әсерлерге тәуелді. Субьект болу себебі
жеке тұлғаның белсенділігінсіз, сыртқы ықпал-әсерлерге деген белсенді ықпалынсыз даму
ілгері жүрмейді; тағы бір себебі: адамның дамуы өзін-өзі дамыту процесінде ғана жүзеге
асады, сондай-ақ жеке тұлғаның дамуында өзін-өзі тәрбиелеудің де алар орны ерекше (солсубьект қалағанындай жеке тұлғаға тән белгілі бір қасиеттерін қалыптастыру мақсатында өз
бетінше жұмыс).
Қазіргі заманғы зерттеулер дарындылық тұқым қуалайтын қасиет емес дейді. Н.И.
Дубининнің айтуы бойынша, дарындылық болу үшін “жөнді универсалды генетикалық
бағдарлама” керек: ал оның аса мол потенциалын жүзеге асыру үшін, әсіресе жеке тұлғаның
дамуының өте ерте кезеңінде, қолайлы жағдайлардың болуы.
Бала өмірінің алғашқы үш - бес жылын ғалымдар “Ұлы бастаулар уақыты” деп атайды.
Адам психикасының сырттай көріністерінің қасиеттері өмір барысында қалыптасады,
сондықтан оларды ата- ана, педагогтар және баланың өзі қадағалап, реттей алады.
Тәрбиенің негізгі мақсаты жеке адамды қалыптастыру және оны жан-жақты дамыту. Ал
бұл міндеттердің нәтижелі болуы жеке адамның қалыптасуына қандай жағдайлардың ықпал
ететінін білумен байланысты. Тәрбие қоғамдық өндірістік және мәдени өмірдің белсенді
қатысушысын даярлауды мақсат етіп қойған жеке адамды қалыптастырудың жүйелі үрдісі.
Педагогика үшін мәнді мәселенің бірі – “жеке тұлға” түсінігінің өзін айқындап алу.
Адамның дамуында бір-біріне байланысты екі өзек байқалады, оның бірі – биологиялық,
екіншісі – әлеуметтік. Шетел педагогикасы мен психологиясы жеке тұлғаның даму мәселесін
үш негізгі бағытта қарастырады, яғни олар: биологиялық, әлеуметтік және
биосоциологиялық. Осы бағыттар адамның дүниеге келген күнінен бастап оның дамуы мен
қалыптасуында көрініс бере бастайды. Адам туғанда тек биологиялық тіршілік иесі болып
танылады, жеке тұлғалыққа жету әлі ерте. Биологиялық нышандар мен қасиеттердің дамуы
адамның өмір бойы мүшелік пісіп жетілуі және қалыптасуы үрдісінің сипатын көрсетіп
отырады. Адамның биологиялық кемелдену және өзгеру үрдісі, оның дамуының жастық
сатылары мен мінез-құлығында көрініп, осыдан балалық, жасөспірімділік, ересектік және
қариялық табиғи бітістерін ажыратамыз. Жеке адам қоғам өмірінің өнімі болғанымен, оның
тірі организм екенін ұмытпау керек. Әлеуметтік және биологиялық қатынастар жеке
адамның қалыптасып дамуына әртүрлі әсер етеді.
Адамның табиғи дамуы сан алуан әлеуметтік сапалар мен қасиеттерді қабылдауымен
тығыз байланыста бірге дамып отырады, бұл адамды қоғамдық тіршілік иесі ретінде
сипаттайды. Мысалы, нәрестенің жақын адамдарды танып, күлімсіреуі, кейін тілге келуі, тік
жүру қабілетін игеруі, үйдегі және көпшілік арасындағы қалыптары, еңбектеуі және т.б. Өсе
келе ол білім игереді, моральдық қалыптар мен ерекшеліктерді орындайды, әртүрлі жұмыс
істеу арқылы ептіліктер мен дағдылары қалыптасады және олардың барлығы да өмір
барысында адамда пайда болып, дамып отырады.
Тұлға дамуы туралы ізденістегі психологтердің айтуы бойынша әр адамның дамуы өз
қолында, оны сырттан әсер етер күшпен дамытуға болмайды, тек оңтайлы ықпал жасауға
болады. Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар. Оқушы
тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік өсуінің, өзіндік қалыптасуының, өзіндік жетілуінің
амалы ретінде қарастырылады. Сондықтан, мектеп мақсаты баланың табиғи күштері мен
мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін
оқушы тұлғасының дамуын көздейтін білім беру үрдісін ұйымдастырудың түрлі әдістері мен
амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.
Сонымен, адам баласы тұлға ретінде өмір сүру барысында өзінің қоғамдық мәнін
сипаттайтын көптеген әлеуметтік сапалар мен қасиеттерді қалыптастырады, әрі дамытады.
Міне, осыдан ол ғылымда биоәлеуметтік тұлға, субъект, яғни тарихи-қоғамдық қызмет пен
таным иесі деп танылады. Демек, “адам” түсінігі осыдан биологиялық және әлеуметтік
(қоғамдық), сапа мен қасиеттердің бірлігін білдіреді.
Ал “жеке тұлға” түсінігін алатын болсақ, ол тек қана әлеуметтік сапа мен қасиеттерді
игерген тұлғаны танумен байланысты. Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша: “Жеке тұлғаның
негізгі функциялары қоғамдық тәжірибені шығармашылықпен меңгеру және қоғамдық
қатынас жүйесіне қосылу”. Бұл тұлға қоғамдық тіршілік иесі сипатында көрініп, тіл игеруі,
санасы, әртүрлі әдеттермен ерекшеленеді. Жеке адамдық қасиетке ие болу, оның табиғи
биологиялық болмысына емес, қоғамдық қасиеттерге тікелей байланысты. Сонымен “жеке
тұлға” дегеніміз адамның қоғамдық сипатын танытып, оның өмір барысында өзіне топтаған
әлеуметтік сапалар мен қасиеттер жиынтығын білдіреді.Жеке адамдық сапалар өмір барысында қалыптасқандықтан, олар біреулерде айқын
көрініп, басқаларда күңгірттеу болады. Олай болса, жеке адамдық дәреже деңгейін қалай
білеміз және оның өлшемдері қандай деген сұрақтар туындайтыны сөзсіз.
С.Л. Рубинштейн зерттеуі бойынша жеке адам өз қылығы мен іс-әрекетін саналы
басқаруға мүмкіндік беретін психикалық даму деңгейімен сипатталады, яғни өз әрекетін
ойластыра біліп, жауапкершілікті сезіну қабілетінің болуы, өз бетінше дербес іс-әрекетін
жасай білуі – жеке адамның мәнді белгілері. Белгілі философ-ғалым В.П. Тугаринов жеке
адамның сапалық көрсеткіштері ретінде төмендегілерді атайды:
- саналылық;
- жауапкершілік;
- еркіндік;
- жеке басының қадірі;
- даралық;
- қоғамдық белсенділік пен бекіген саяси-идеялық бағыттылық.
Жеке адамдықтың критерийлерін (өлшемін) белгілеумен В.П. Тугаринов бұл түсінікті
адамның жастық әрі психикалық кемелденуімен байланыстырды.
Егер жеке адам өз сапа және іс-әрекетін қоғамдық прогресс бағытымен үйлестіре алса,
өз бойына игерген сапа мен қасиеттерді неғұрлым айқын көрсете алса, өз іс-әрекетіне
ерекше жасампаздық сипат бере алса, оның құндылығы арта түседі. Бұл тұрғыдан “адам”
және “жеке тұлға” түсініктерінің сипаттамасы “даралық” түсінігімен толықтырылады.
Даралық бір адамның екіншісіне ұқсамайтын, өзіндік ерекшелігі мен өзгешелелігін
сипаттайды. Даралық әдетте, мінез бен темпераменттің айрықша бітістері (салмақты,
сабырлы, ашушаң), шығармашылық іс-әрекет және қабілетінің ерекшеліктерінің (ойлап
тапқыш, ұқыпты) өзіндік көріністермен бөлектенеді. Аталғандар сияқты мұғалімнің де
даралық белгілері оның терең білімдарлығында, педагогикалық ой-өрісінде, балаларға
жайлылығы мен еңбектегі шығармашылығында танылуы мүмкін. Даралық түсінігі бір
адамды екіншіден айырып, оған өзіндік қайталанбас сән беретін жалпылық және жалқылық
қасиеттерді білдіреді.
Адамның қоғамдық тіршілік иесі сипатының толықтығы үшін “индивид” түсінігін де білген
жөн. Бұл латын сөзі қазақша “жекелік” дегенді білдіреді. Түсінік ретінде одан адамзат тегінің
әрбір бөлек өкілін, оның сапа-қасиеттеріне қатысынсыз танимыз. Бұл тұрғыдан әрбір адам
“индивид” бола алады. “Жеке тұлға” түсінігінің және онымен байланысты ғылыми
категориялардың мәні осында.
Жеке адамдық сапалар адамның өмір барысында дамиды және қалыптасады.
Сондықтан, педагогикадағы “даму” және “қалыптасу” категорияларының мәнін ашып беру
маңызды.
Даму – бұл жеке адам сапалары мен қасиеттеріндегі сандық өзгерістер жүйесі. И.П.
Подласый даму ұғымын былай түсіндіреді: “Даму дегеніміз адам организміндегі сандық және
сапалық өзгерістер”. Адамның туған күннен бастап дене құрылымы мен әртүрлі мүшелері
ұлғаяды. Ол сөйлей бастайды, сөздік қоры молая түседі, көптеген әлеуметтік-тұрмыстық
және рухани ептіліктер мен еңбектік дағды және әдеттерді игереді. Бірақ адамның жеке
адам болып дамуындағы басты белгі, ондағы сапалық өзгерістер. Оны мына мысалдардан
түсінуге болады: тілдік қызметтің жіктелуі адамның танымдық қабілетін арттырады, сезімдік
аймағын кеңейтеді. Танымдық қызмет барысында абстракт ойлау, логикалық ес дамиды,
өмірге деген көзқарас пен наным-сенімдер орнығады. Еліктеушілік мінез-құлық бірте-бірте
белсенді – жасампаз, шығармашылық іске ауысады, өз қылық әрекетін басқара алу мен
өзіндік билік қабілеті көркейеді. Бұл өзгерістердің бәрінен адамның анатомиялық-
физиологиялық кемелденуіндегі, жүйке жүйесі мен психикасының және танымдық пен
шығармашылық іс-әрекетінің жетілуіндегі, дүниетанымдық, имандылық, қоғамдық-саяси
көзқарастары мен нанымдарындағы бір-біріне кіріге байланысқан сандық және сапалық
өзгерістер үрдісін білеміз.
Қалыптасу түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтижесі ретінде оның
кемелденуі мен тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін білдіреді.
Адам жөніндегі басқа ғылымдардағыдай педагогика үшін де ең басты мәселе – жеке
адамның дамуы және сол дамудың көзі мен ықпал күштері. Идеалистік ағымдар бұл туралыәртүрлі тұжырымдар пайымдауда. Ғылымда ежелден бір-біріне қарама-қарсы келе жатқан
теориялық пікірлердің дұрыс-бұрыстығына баға беруді оқырманныың өзіне қалдырып,
оларға тек қана объективті сипаттам беруді өз міндетіміз деп есептейміз.
Идеализм өкілдері, қай бағттағы болмасын, жеке адамның қалыптасуын алдын-ала
болжастырылған бағдарламаға теліп, ол бағдарламадағы сапа мен қасиеттер өз беттерінше
өріс алатынын уағыздайды. Ал тәрбие олардың ойынша, жәрдемші роль атқарып, сол
бағдарламаның іске асуына көмектесуші ғана құрал.
Қазіргі заманғы идеалистік философия, психология мен педагогика әлеуметтік
төңкерістер мен күйзелістерге толы қоғам жеке адамның тозуына себепші, сондықтан да
адам өзінің шын кемеліне жету үшін қоғаммен байланысын үзу қажеттігін дәріптейді. Бұдан
шығатын қорытынды: адамдық мән рухани және әлеуметтік бостандықты алу үшін күрес
емес, өз болмысының шын, ең жоғары сыр-мағынасын тану (экзистенциализм) немесе
тәңірлік кемелге жақындау (неотомизм).
Идеалистік педагогикада жеке адам дамуы жөніндегі пікір-сайыста бірнеше теориялық
концепциялар бар. Олар: биологизаторлық бағыт: адамның дамуы оның табиғи
(биологиялық) жетілуімен байланысты, соның барысында оның дене құрылымы мен рухани
қасиеттері қалыптасады. Адамдар арасындағы моральдық қатынастар биологиялық негізде
орнығады (Аристотель, Ф. Мюллер, Э. Геккель, Шешендік Летурно, Ч. Ломброзо).
психоаналитикалық бағыт: жеке адамдық қалыптасуда қоғам зиянды. Адамның дамуы мен
оның мінез-құлқы толығымен жыныстық инстинктке тәуелді (З. Фрейд). Прагматикалық
бағыт: адамның психикалық дамуы тума инстинктерге байланысты, әрбір адамда тұрақты
нәсілдік қасиеттерді сақтаушы ерекше саналық гендер болады. Сондықтан да жеке адамдар
мен әлеуметтік топтардың қоғамдағы орнын иеленуі олардың биологиялық болмысымен
анықталуы тиіс, себебі әртүрлі халықтар мен нәсілдердің бірі табиғатынан дарынды, ал
екіншілері – кемірек дамыған (Дж. Дьюи, Э. Торидайк).
Материалистік бағыттағы философия және оныың көрнекті өкілдері жеке адамның
дамуы мен қалыптасуы туралы:
- ежелгі грек философы Эпикур: адамның қоғамдағы иеленген орнының әртүрлі болуы
оның табиғатынан емес, тұрмыстық жағдайы мен таптық тұрғысынан;
- француз философы Гельвеций: адам қоршаған орта, нәсілдік және тәрбиеге
байланысты біртұтас әсерлердің нәтижесінде қалыптасады. Соның ішінде аса маңыздысы –
тәрбие;
- В.Г. Белинский: адам табиғаттан, бірақ оны дамытып, жасайтын қоғамнан;
- Н.Г. Чернышевский: адамдарды бұзықтыққа келтіретін келтіретін табиғат не олардың
нәсілдік кемістігі емес, қолайсыз қоғамдық жағдайлар мен жаман тәрбие.
Осы күнгі педагогикада жеке адам дамуы жөнінде қалыптасқан ой-пікірлер
төмендегіше:
- Адамның қоғамдық тұлға ретінде қалыптасуына, оның дамуға деген табиғи қабілеті
аса маңызды. Әр адам іс-әрекеттің түріне негіз болар нышанмен дүниеге келеді, сондықтан
да адамның биологиялық және әлеуметтік даму мүмкіншілігі бір-бірімен тығыз байланыста,
бірақ әлеуметтік фактордың рөлі басымдау.
Жеке адамдық дамудың ықпалды көзі – тәрбие, қоршаған орта, табиғи нышандармен
қатар тұрса, ол адам қалыптасуына жетекші фактор. И.П. Подласый: “Тәрбие – қоғамға
жеткілікті қалыптасып дамыған жеке адамды бере алатын негізгі күш” – деп баса айтады [2].
Олай болса қоғамға қажет жеке адамды қалыптастырып, дамыту үшін тәрбие ісін дұрыс,
мақсатты, ұйымдастыру керек деп ойлаймыз.
Адам дамуында тәрбиенің ықпалды күш екенін айта отырып, оның қоршаған орта мен
нәсілдік әсерлердің енжар объектісі деп тануға болмайды. Бұл үрдісте жеке адамның өз
белсенділігі мен шығармашыл-жасампаздық іс-әрекетінің маңыздылығын ескеру қажет.
Олай болса қазіргі күні тәрбие ісінде оқушыға, тәрбиеленушіге өзі дамушы субъект ретінде
қарау аса маңызды.
Жеке адам дамуы мен қалыптасуында ықпал жасаушы әсерлер екі топқа бөлінеді: ішкі
және сыртқы. Қоршаған орта және тәрбие – сыртқы әсерлер: табиғи икемділік пен
құмарлықтар. Сыртқы тәрбие орта әсерлерінен пайда болатын сезімдер мен
толғаныстардың жиынтығы – ішкі әсерлерге жатады. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуыосы екі фактордың байланысынан болады. Тәрбие адамның ішкі жан дүниесіне ұнамды
қозғау салып, (өзіне бағдарланған) өзіндік өңдеу белсенділігін арттыра алса ғана, адам өз
дамуындағы қызметін орындай алғаны.
Балалар қабілеттілігі – тарих азығы. Көптеген іс-әрекеттің нәтижесінде адамдардың
қабілеті қалыптасып, дамиды. Жай ғана психикалық процесстерден күрделі процесстерге
дейін адамның іс-әрекет процессінде дамиды. Өмірлік практика әртүрлі заттарды қажет
еткендіктен – қабылдау қабілеті дамиды; табиғатқа әсер етуі арқасында, оның өзгеруі
нәтижесінде – ойлау қабілеті дамиды; өткен ұрпақтың тәжірбиесі жетіспегендіктен, жаңа
орта жағдайына байланысты – елестету қабілеті дамиды.
Балалардың өздерінің қабілеттерін оқу әрекетінде дамытуға мүмкіндіктері бар.
Мектептегі оқыту мен тәрбиенің арқасында балаларға белгілі қоғамдық тәжірбие беріледі.
Оқу бағдарламасының күрделенген түрлерін меңгере отырып, оқушылардың қабілеттері
дамиды. Білім жүйесін меңгере отырып, балалар сана операцияларын меңгереді және өзінің
сана қабілеттерін дамытады. Бастауыш сыныптағы дұрыс ұйымдастырылған оқу-тәрбие
жұмысы оқушылардың жеке адам болып қалыптасуының алғы шарты.
А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн, Д.Б. Эльконин, А.З. Запорожец т.б. ғалымдар
Пиаженің баланың психикалық дамуын әлеуметтік қатынастар жүйесіне біртіндеп және өте
жай уақытта кіретін индивид ретінде қарастыруын сынға алған. Индивидтің қоғамнан
тәуелсіз болуы мүмкін емес. Олардың пікірінше, Пиаже бала туғаннан бастап адамдар
ұжымына мүше болып, қоршаған адамдармен қатынасқа түсу дерегін есепке алмаған.
Жалпы Пиаже «әлеуметтендіру» үрдісін қате түсінген. Оның ойынша «әлеуметтендіру» -
бала санасының басқа саналармен қарым-қатынасы, ал қоғам – қоғамдық санамен
сипатталады (Францияның әлеуметтік мектептерінің көзқарасы). Сонымен қатар, бала
ойлауының дамуын, баланың әлеуметтік тәжірибесін есепке алмай, объектілермен
қарапайым манипуляциялау дей келе, баланың алғашқы заттық әрекеті ересектермен
қарым-қатынас жағдайында (ересек адамдар заттың әлеуметтік қызметіне қарай бала
әрекетін ұйымдастырады) жүзеге асатындығын ескермеген. А.Н. Леонтьевтің пікірі бойынша
баланың қоршаған заттық әлемге қатынасы үнемі қоғамды, әлеуметтендірілген. Пиаже
еңбектеріндегі «бала-зат» қатынасына қарағанда, Л.С. Выготский, Д.Б. Эльконин т.б.
көзқарастары бойынша «бала-ересек адам-зат» қатынасы әлдеқайда дұрыс.
Адам дамуы – бұл өте күрделі, ұзақ мерзімді жəне қарама-қайшылықты процесс. Біздің
ағзамызда болып жатқан өзгерістер өмір бойына ұласады. Ал адамның тəн-дене болмысы
мен рухани дүниесі, əсіресе, балалық жəне жас өспірімдік шақта қарқынды ауысуларға
кезігеді. Адамның дамуы сандық өзгерістердің қарапайым жиынтығы немесе төменннен
жоғарыға бағытталған ілгерілі қозғалыс тобы емес., бұл процестің өзіне тəн ерекшелігі –
сандық өзгерістердің тұлғаның физикалық, психикалық жəне рухани сапалық қасиеттеріне
диалектикалық түрде өтіп, жаңалануы. Бұл құбылыстарды түсіндіруде əртүрлі көзқарастар
қалыптасқан. Мамандардың бір бөлігі адамдардың дамуын кездейсоқ, басқарымға
келмейтін өзінше жүрісі бар, даму өмір шарттарына тəуелсіз, сондықтан, тумадан берілген
күштерге байланысты; адамның дамуын ешкім, еш уақытта өзгертуі мүмкін емес, тағдыр
белгілейді. Ал басқа бір зерттеушілер тобының пайымдауынша: даму – бұл əуел бастан
қозғалысқа қабілетті тірі материя. Даму жолында көне жойылып, жаңа туындап барады.
Өмірге енжар икемдесуші жануарлардан адам өз дамуы үшін қажеттерін өз еңбегімен жасай
алатындығымен ажыралады.
Дамуды қозғаушы күш – қарама-қарсылықтар тайталасы. Қарама-қарсылықтардың
арқасында үздіксіз қайта жасалулар мен жаңғыртулар дүниеге келеді. Қарама-қарсылықтар
– бұл өзара екі полярлы күштердің бір-біріне сиымсыздығынан туындайтын диалектикалық
процесс. Адам қайшылықтарды іздеп немесе ойдан шығарып, əлектенуінің қажеті жоқ, олар
қадам сайын өмірлік қажеттіктердің өзгеру салдарынан пайда болып отырады. Табиғатынан
адамның өзі де қарама-қайшылықты дүние болмысы. Қарама-қайшылықтар барша
адамдардың дамуына ықпал жасаушы ішкі жəне сыртқы, жалпы (əмбебап), сонымен бірге
қарапайым материалдық жəне ең жоғары рухани қажеттерінің жəне оларды қанағаттандыру
мүмкіндіктері арасындағы қарама-қайшылықтар əмбебап сипатқа ие. Ішкі қарама-
қайшылықтар əр адамның өз болмысына қанағаттанбауынан туындайды. Олар жеке-дара
ниеттерде көрінеді. Негізгі ішкі қайшылықтардың бірі – жаңадан пайда болған қажеттер меноларды іске асыру мүмкіндіктерінің арасындағы алшақтықтар. Мысалы, оқушылардың өз
психикасы мен интеллект, əлеуметтік деңгейінің жетімсіздігіне қарамай, мүмкіндіктері
толысқан ересектермен бірге іс алып баруға ұмтылуы. “Қалаймын -“қолымнан келмейді”,
“білемін” - “білмеймін”, “мүмкін”-“болмайды”, “бар”-“жоқ” – мəңгі қарама-қайшылықтарды
белгілейтін қосарлы ұғымдар. Адам дамуын зерттей отырып, ғалымдар даму жəне оның
нəтижелері – бір жағынан, жəне оларға ықпал жасаушы себептер – екінші жағынан,
арасындағы заңдылықты байланыстарды аңдатушы бірнеше маңызды тəуелділіктерді
ашты.
Неліктен кей адамдар өз дамуында өте биік нəтижелерге жетіседі, ал екінші біреулер -
ондай мүмкіндікке ие емес? Бұл процестің жəне оның нəтижесі неге байланысты? Ұзаққа
созылған зерттеулер осы сұраққа орай жалпы заңдылық ашты: адам дамуы ішкі жəне
сыртқы жағдайларға тəуелді. Ішкі жағдайлар – адам ағзасының физиологиялық жəне
психикалық қасиеттері. Сыртқы жағдайлар – бұл адамның қоршаған ортасы, ол жасаған
жəне дамыған аймақ, сыртқы ортамен ықпалды араласу процесінде адамның ішкі мəні
өзгереді, жаңа қасиеттері қалыптасады, ал бұл, өз кезегінде алдағы өзгерістерге жол
ашады.
Сонымен, адамның дамуы сандық жəне сапалық өзгерістердің желісі мен нəтижесі.
Даму барысында адам тұлғаға айналып, сана мен өзіндік сана, дербес жаңғыртушы іс-
əрекет иесі болып жетіледі. Дамудың қозғаушы күші-қарама-қарсылықтар күресі. Адамның
дамуы ішкі жəне сыртқы жағдайлармен анықталады.
Дамудың қай қырлары адамның өзіне тəуелді жəне қай тараптары сыртқы жағдайларға,
жағдаяттарға байланысты? Дамуды айқындаушы себептер тобы – жағдайлар деп аталады,
ал сол қарапайым себептердің ішіндегі ең маңызды, мəнді себеп – жағдаят (фактор) деп
аталады. Даму процесі мен оның нəтижесіне əсер етуші жалпы жағдайлар мен жағдаяттар
қандай?
Белгілі болғандай, адамның даму процесі мен оның нəтижесі үш өзекті жағдаяттардың
бірлікті əрекетімен жасалады, олар –нəсілдік, қоршаған орта жəне тəрбие. Негізге “нəсілдік”
деп аталатын адамның тума, табиғи ерешеліктері алынады. Нəсілдік – бұл атадан балаға
берілетін тұрақты сапалар мен ерешеліктер. Нəсілдікті тасушы – биологиялық ген (грек сөзі -
туындатушы). Организм қасиеттері табиғат жаратқан гендік кодтарда өрнектеліп, белгілі
ақпарат күйінде тіршілік өкілі тəнінде сақталатынын жəне бірден бірге ауысып баратынын
бүгінгі ғылым дəлелдеп отыр. Генетика – адам дамуының нəсілдік бағдарлама құпияларын
ашып, жариялайды. Адамның нəсілдік бағдарламасы адамды адам кейпінде танытатын
жалпы, сонымен бірге əрбір адамның басқаға ұқсамас өзгешілігін білдіретін айрықша
детерминатты (тұрақты) жəне ауыспалы бөліктерді өз ішіне алады. Нəсілдік бағдарламаның
т ұ р а қ т ы бөлігі адамзаттық ұрпақ жалғастыру жəне адам тегіне тəн нышандарды –
сөйлеу, тік жүру, еңбек іс-əрекеті, ойлау, т.б. – қамтамасыз етеді. Атадан балаға адамның
сырт-қы белгілері: дене құрылысы, шаш, көз, тері түстері – ауысады. Қан тобы, резус-
фактор, ағзадағы ақуыздардың əртүрлі бірігімі қатаң генетикалық бағдарламаға тəуелді
түзілген.
Адамның жүйке жүйесі, мінезі, психикалық процестердің өту ерекшелігі осы нəсілдік
қасиеттер тобынан. Ата-аналар тəнінде болған жүйке жүйесінің кемшіліктері, олардың
арасында психикалық күйзеліс, сырқаттар – патологиялық ауытқулар ұрпақтан-ұрпаққа өтіп
отырады. Сондай-ақ, қан аурулары (гемофилия), қан диабеті, кейбір эндокриндік
бұзылыстар, мысалы – ергежейлілік, нəсілдік сипатқа ие. Ұрпаққа ауыр зиян келтіретін
жағдаяттардың бір тобы – ата- аналардың алкагольдік жəне нашақорлық зиянды
əдеттерінен.
Барша қалыпты адамдар табиғатынан өзінің ақыл жəне танымдық күштерін дамыту
мүмкіндігіне ие, сонымен бірге шексіз рухани дамуға қабілетті. Жоғары жүйке қызметі
типтеріндегі айырмашылық ойлау процестерінің жүрісін ғана өзгертуі мүмкін, ал ақыл-
парасат əрекеттері деңгейіне олардың ешқандай əсері жоқ. Солай да болса, бүкіл дүние
педагогтары нышандардың ақыл ой қабілеттерінің дамуына кедергі де болатынын
айғақтайды. Мысалы, маскүнемдерден туған балалардың бас миындағы енжар жасушалар,
нашақорларда болатын гендік құрылым бұзылымдары, кейбір нəсілдік психикалықсырқаттар– қабілеттердің орнығуына көп кедергі келтіреді. Шылымкеш ата-аналардан туған
балалар өкпе ауруына шалдыққыш келеді.
Ақыл-ой əрекетіне негіз – жалпы нышандармен бірге арнайы нышандар да ұрпақтан-
ұрпаққа беріледі. Белгілі іс əрекет түрінде адамды қалыптастырудың бастауы осы арнайы
нышандарда. Егер адамға қажетті жағдайлар жасалса, арнайы нышандар ерте жастан-ақ
белгілі болады. Мұндай нышандар: əн-күй, сурет өнері, математика, лингвистика, спорт
жəне т.б. үлкен маңызға ие.
Дамуға нəсілдіктің, қоршаған ортаның жəне тəрбиенің ықпалына қосымша əсер ететін
аса маңызды жағдаяттардың жəне бірі – бұл тұлға іс-əрекеті. Іс-əрекет ұғымы қандай да
жұмысты орындау үшін жасаған адам қимыл-қозғалыстарының бəрін аңдатады.
Іс-əрекет барысында адамның жан-жақты жəне біртұтас тұлғалық дамуы жүріп жатады,
оның қоршаған дүниеге көзқарас, қарым-қатынасы қалыптасады. Таңдалған іс-əрекет
көзделген тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына ықпал етуі үшін оны қажетті деңгейде
ұйымдастыру жəне келелі бағдарлап отыру қажет. Бұл тəрбие практикасында өте күрделі іс.
Өкінішке орай, көп жағдайларда осы күрделілік даму мүмкіндіктерін шектейді; кейде
тəрбиеленушілер ең қажетті болған жағдаяттарға – қоғамдық, еңбек, таным əрекеттеріне
белсенді араласа алмай, енжар бақылаушы күйінде қалып, дайын ережелерді жаттаудан
ары өте алмайды.
Балалар мен жасөспірімдердің іс-əрекеттерінің негізгі түрлері – ойын, оқу, еңбек.
Бағдары бойынша іс-əрекет танымдық, қоғамдық, спорттық, көркем өнерлік, техникалық,
кəсіптік, құмарлық (гедоникалық) болып ажыралады. Барлық жастағы оқушылардың іс-
əрекеттерінің ерекше түрі – тілдесу, қатынасу (ортақтасу).
Іс-əрекет сипаты бойынша белсенді (актив) жəне енжар (пассив) болуы мүмкін. Тіпті,
құрттай ғана сəбидің өзі белсенді тіршілік иесі болып көрінгенді қалайды. Ол жасына
қарамай үлкендерге, қатарына қандай да талаптар қояды, төңірегіндегі кісілерге, заттарға,
болып жатқан оқиғаларға өз қатынасын білдіруге тырысады. Уақыттың озуымен қоршаған
орта жəне тəрбиенің ықпалы арқасында белсенділік көтерілуі де мүмкін, кейде төмендеуі де
ықтимал. Мысалы, адам көп жұмыс істеуі мүмкін, бірақ іске құлықсыз, көңілі құламай,
орындалуы қалай болса, солай – енжар. Əлбетте, мұндай іс-əрекет адамды жоғары
нəтижелерге жеткізбейді. Дамудың тиімді болуы іс-əрекеттің белсенділігіне, көңіл-күй
жарасымдылығына тəуелді. Адам таңдаған ісіне жан-тəнімен кірісіп, өзіндегі бар
мүмкіндіктердің бəрін іске жұмылдырып, өзін кемелденген тұлға ретінде көрсете білуі қажет.
Мұндай қызмет адамға қанағат лəззатын əкеліп, шабыт пен қуаттың көзіне айналады.
Сондықтан да, іс-əрекеттің маңыздылығы оның өздігінен ғана емес сол əрекетте көрінетін
тұлға белсенділігінің деңгейіне байланысты.
Тұлғаның белсенділігі дамудың тек алғы шарты емес, оның нəтижесі де. Қоғамдық
белсенді, ынталы, шығармашыл жəне өзі мен төңірегіндегі қатысқан адамдардың бəріне
бірдей жақсылық пен қуаныш беретін тұлға қалыптастырушы тəрбие əрдайым өз мақсатына
жетіп отырады. Саналы, педагогикалық сынақтан өтіп, ұйымдастырылған оқушы іс-əрекеті
белсенділіктің қай түрін де қамтамасыз ете алады. Өсіп келе жатқан адамға толық іс-əрекет
мүмкіндігін ашып беру, өз күш-қуатын белсенді қолдануға қажет əрекет тəсілдерімен
қаруландыру, тұлғалық ерекшеліктерді жете зерттеу жəне əр тұлғаның болмысындағы
табиғаттан берілген нышандар мен дарындылықты мейлінше жайып салу- əрбір тұлғаның
даму процесін ақылгөйлікпен бағыттаушы ұстаз-педагогтың өз ар-намысы мен қоғам
алдындағы борышы
52.Педагогикалық ой-пікірлердің даму тарихында тәрбие мақсаты туралы әртүрлі көзқарастар, олардың қоғамдық -тарихи сипаты.
Мақсат дегеніміз - бір нерсеге ұмтылу, іске асыру. Бұл тұрғыдан алғанда тәрбие мақсаты — жастарды өмірге әзірлеу мақсатымен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының нәтижесін ерте болжау.Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді. Тәрбие мен қоғам бір мезгілде пайда болды. Тәрбие қоғамдық құбылыс, онсыз қоғам өмірі ілгері дамымайды. Алғашңы қауымдық құрылыста ересектер балаларды еңбекке дағдыландыру үшін қауымның әдет-ғұрпын, салтын үйретті.Таптық қоғамда тәрбие мақсатын анықтау қоғамның ең негізгі мақсатына айналды. Құл иеленуші қоғамдық құрылыста құлдар, өндіріс құралдары (жер, еңбек құралдары) - құл иеленушілерінің жеке меншігі болды. Тәрбиенің мақсаты құл иеленушінің мүддесіне бағындырылып, балаларды басқыншылық соғыс өнеріне тәрбиеледі.Әрбір мемлекетте балаларға білім беру мен тәрбиені ұйымдастырудық нақтылы мәселелері мен әдістері қарастырылады. Мұғалім қандай адамды қалыптастыратынын дәл білуі керек. К.Д.Ушинский өз қызметінің айқын мақсатын көрмейтін тәрбиешіні құрылыс материалдарын бір жерге үйіп тастап, одан не алғысы келетінін білмейтін архитектормен салыстырады. Тәрбиеші жас ұрпаққа берілетін білім, іскерлік, дағдыны, тәрбиелейтін сезімді біліп, жоспарлы, мақсатты тәрбие жұмысын жүргізеді.Я.А. Коменский "Тәрбие мақсаты және міндеттері, маңызы, жүзеге асыру жолдары адамның қоғамда алатын орнымен анықталу керек", "Келесі ғасырдық қандай болатындығы сол ғасыр үшін тәрбиеленген азаматтарға байланысты. Дүние - даналар-дық көптігімен баңытты" - деген ойлар айтты. Осы ойларын "Ана мектебінің" кіріспесінде өрбітеді."Тәрбие - адамды қалыптастыратын және жетілдіретін үйлесімді процесс" - деп Коменский тәрбие мақсатын төмендегі-дей негізгі элементтерге бөлді:• адамға барлық заттарды білгізу - "ғылыми білім";• заттардың және өзінің қожасы ету - "адамгершілік";• құдайға, заттарға құлшылық ету - "діни тәрбие";• тән саулығы - "дене тәрбиесі".И.Г. Песталоцци тәрбиенің мақсаты балаға бастауыш білім, еңбек, ақыл-ой, дене тәрбиесін беріп, жан-жақты және үйлесімді дамыту деген.Неміс педагогы А. Дистервег педагогикалық мәселелерді шешудегі сословиелік және шовинистік саясатқа қарсы күресіп, "Мектептің міндеті - адамзатты және өз халқын сүйетін саналы азаматтарды тәрбиелеу" - деген.К.Д. Ушинский тәрбиенің мақсаты қоғамға пайдалы, адамшылығы бар адамды тәрбиелеу деген. Ол адамгершілік тәрбиесін ақыл-ой, еңбек тәрбиесімен тығыз байланысты қарастырады.П.П.Блонский тәрбие мақсаты балаға жалпы адамзаттың және ұлттың мәдениетті меңгеруге көмектесу, жеке тұлғаның жалпы адамзаттық идеалдарын қалыптастыру деген.1941-1990 жылдардағы педагогикалық әдебиеттерде "жан-жақты даму" ұғымына ақыл-ой, политехникалық оқу және өндірістік еңбек, адамгершілік тәрбиесі, дене және эстетикалық тәрбие салалары енгізілді.А.С.Макаренко тәрбиенің мемлекеттік міндеті негізінде педагогикалық міндет қойып, педагогтардың жұмысын бақылауға алуға болатындығын атап көрсетті. Ол "Тәрбиенің негізгі мақсаты баланы жан-жақты дамыту" - деген ұсынысты қолдады, В.А.Сухомлинский оны жүзеге асырды.Тәрбие мақсаты қазақ тәлім-тәрбие тағылымына да қойылды. Ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фараби "Адамға ең әуелі білім емес, тәрбие берілуі керек. Онсыз берілген білім - адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі" - деді.Ы.Алтынсарин "өмірдің негізгі мәні — еңбек, ол адамның адамгершілік қасиетін мәртебелендіреді, өмірдің шын қадірін тек еңбексүйгіш адам ғана түсіне алады. Мәнсіз еңбек, мағынасыз бейнетқорлық адамның жігерін мұқалтады, өз еңбегінің қызығын, рақат-ләззатын көре білу - кісіліктің басты белгісі" - деген.Абай Қүнанбаев талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды жеке тұлғалық жақсы сапаларды қалыптастыру мақсатын қойып, өсек, өтірік, маңтаншақтың, еріншектік, бекер мал шашпақ сияқты зиянды әдеттерді жоюға шақырады.М.Жұмабаев "Көркем денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден .ляззат алып, жаны толқынарлық болса, баланың дұрыс тәрбие алып шын адам болғандығы" - деп жазды.Мәтжан Мақсымұлы Тілеужанов өзінің "Қазақ тағылымы" атты монографиясында (1994) қазақ тағылымының негізгі бағыттарын атап көрсетті. Олар: ар-ождан тазалығын сақтау; ақыл-ойлы, парасатты болу; барлық әрекетінен, сөйлеген сөзінен, қарым-қатысынан, көзқарасынан ғибрат иісі аңқып тұру; ерте тұрып, кеш жату; аз сөйлеп, көп тыңдау; иманды, инабатты, қайырымды болу; жас ұрпаққа тәрбие беруден жалықпау; халық дәстүріне берікболу; оны жаңарту; әдет-ғұрыпта жоқ нерселерден алулақ болу; сегіз қырлы, бір сырлы болу; халқының рухына кір салмау; ел берекесін сақтап, оның баюына үлес қосу.Сонымен дәстүрлі педагогикада жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі мақсаты "жан-жақты үйлесімді дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру" - деп жазылды.Қазақстан Республикасының 1995 жылғы "Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы" халықаралық адам құқығы туралы нормаларға сәйкес жазылған.Қазақстан Республикасында халыққа білім, тәрбие берудің Негізгі мақсаты-Қазақстанның егемендігін қамтамасы ететін, оны бүкіл дүние жүзіне мойындататын, онымен тең қарым-қатынас жасап, Қазақстандық патриотизмді, саяси бостандықты қамтамасызыз ететін нарықтың іргетасын қалап, экономикалық бостандыққа қол жеткізетін, жан-жақты дамыған адамдарды тәрбиелеу.Тәрбиенің мақсатынан міндеттер туындайды
Тұлғаның үйлесімді дамуы әлеуметтік -педагогикалық мәселеҚазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті- жеке тұлғаны ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтардың, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде қалыптастыру, дамыту және кәсіби тұрғыдан жетілдіру»,-деп атап көрсетілуі әр дара тұлғаның заманауи талаптарға сай білімді де білікті азамат ретінде қалыптасуын көздейді.Жеке тұлғаның үйлесімді дамуына мүмкіндік беретін, білім ордаларында жоғары ізгілік мұраттардың ең құндысы рухани-адамгершілік тәрбие берудің ошағы – «Өзін-өзі тану»пәні.«Өзін-өзі тану»бағдарламасының негізгі мақсаты – адамның қоршаған ортаны біліп, өзінің ішкі жан дүниесіне үңіліп, өзін-өзі басқару негізінде адамгершілік-рухани әлеуетті көтеру. Сол себепті қазіргі ұрпақ тәрбиесіндегі басты мәселе тұлғаны адамгершілік-рухани тұрғыдан дамыту, ар-ұятымызды молайтып, адамгершілік қасиеттерімізді жетілдіру арқылы ізгілікке, инабаттылыққа, парасаттылыққа үйрету.«Өзін-өзі тану» бағдарламасының басқа бағдарламалардан айырмашылығы Қазақстанның білім беру жүйесінде педагогтарды жеке тұлға тәрбиесін ізгілендіруге бағыттап, өскелең ұрпақты «Өзін-өзі тану» курсы арқылы жан-жақты дамыған, рухани адамгершілігі мол, бір-біріне сүйіспеншілікпен, құрметпен қарайтын, өмір сүруге деген құштарлығы жоғары жеке тұлға етіп тәрбиелей аламыз.Дана халқымыз «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтпаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде педагогтар шешуші рөл атқарады.Ұрпақ тағдыры – ұлт тағдыры демекші, ұлттың болашағы- оның білімді, талантты, адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтың қолында. Рухы күшті ұлт озады. Сара Алпысқызы «Өмір әдебі» деп аталатын еңбегінде «Ғасырлар бойы әр елдің халықтары осы біз кімбіз,не үшін өмір сүріп, қайда кетеміз, өміріміздің мағынасы неде, басты адами бағдарымыз қандай болуы тиіс?» деген сауалдар төңірегінде іздене отырып , «тіршіліктің осынау мәңгілік сұрақтарына жауап беру үшін жалпы адамзаттық құндылықтарды қайта жандандырып, өзіміздің бастапқы қайнар көзімізге оралу керектігіне бір сәт те күмәнданбайтындығын» айтады.

Мектеп оқушыларына тәрбие беруді кешенді жұргізу.
Тәрбие-қоғамдық үрдіс, қоғам мен жеке тұлғаның ара қатынасын қамтамасыз ететін басты жүйе. Оның негізгі өлшемі өмірге қажетті тұлғаның жағымды қасиеттерін дамыту болып табылады.Тәрбие маңыздылығы сондай, біздің болашақ ұрпағымыз тәрбиеден ғана рухани байлық алып, тәрбие арқылы ғана Адам болып қалыптасады.Қазіргі таңда еліміздегі оқу-тәрбие жұмысына байланысты болып жатқан жаңартулар білім мен тәрбие жұмысын қайта қарауды міндеттейді. Бүгінгі таңда тиянақты білім беру жүйесінде оқушылармен тәрбие жұмысын дамыту басты мақсат болып отыр. Осыған байланысты мектептің алдына қоятын ең басты мәселесінің бірі-өркениетті, прогресшіл бағыттағы азаматтық-адамгершілік қасиеті мол, сондай-ақ ұлттық тілін жоғалтпаған, өзге елдегі замандастарымен тең дәрежеде бәсекелесе алатын биік, өрелі, терең білімді ұрпақ тәрбиелеу.Ал мұғалім мен мектептің ең қасиетті міндеті-рухани бай, жан-жақты дамыған жеке, дарынды тұлғаны зерттеп, дамытып, қалыптастыру. Болашақты гүлдендіріп, тәуелсіздікті нығайтатын ұрпақ алдымен рухани ұлттық тәрбие нәрімен сусындауы қажет. Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет-салты, әдебиеті, мәдениеті, өнері, шыққан түп-тамырында жататыны белгілі Сол ұлттың байлықты бүкіл адамзаттың өз ұрпағын тәрбиелеудегі, білім берудегі озық ұстанымдарымен байланыстыра отырып, әр баланың қабілетін, талантын ашу, өзіне-өзінің сенімін нығайтып, өзіне-өзінің жол ашуына түрткі жасау. Міне, бүгінгі білім беру, тәрбие ісінің басты міндеті осы... Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Ендеше, тәрбие-ауадай қажет.
55.Тәрбиенің құрамдас бөліктері ,олардың негізгі мақсаттары мен өзара ерекшеліктері.
Тәрбиенің негізгі құрамдас бөліктері:
Ақыл-ой, дене, адамгершілік, эстетикалық, еңбек.
Ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты – балалардың ақыл-он күштерін және интеллектуалдық қабілеттерін дамьпу. Жеке тұлғаның адамзат мәдениетіне ену процессінде білімнің ролі, ақыл-ой мәдениетінің құрамды бөлігі ретінде қарастырылатын тұлғаның ғылыми көзқарасы өте өзекті. Ақыл-ой тәрбиесі барысында балалардың танымдық қызығушылықтары, логикалық ойлау, есте сақтау, зейін қою, елестету қабілеттері, икевділіктері мен дарындылықтары дамиды.Ақыл-ой тәрбиесінің міндеттері:- танымдық қызығушьшықты дамьпу;- танымдық белсенділікті қалыптастыру;- белгілі білім көлемін меңгеру;- ғылыми көзқарасты қалыптастыру;- ақыл-ой күштерін, қабілеттерін дамыту;- ғьшыми ақпараттар ағысында өз бетінше білім алуға ынталандыру.Ақыл-ой тәрбиесі ғылымдар негіздерін, өндірістің ғылыми принциптерін зерттеуді қарастырады. Ақыл-ой тәрбиесі білімді тереңдетуге, бекітуге, оның тәжірибелік мәнін түсінуге септігін тигізеді.Ақыл-ой тәрбиесін жүргізу барысында мұғалімдер оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеріп отырулары тиіс. Кейбір балаларда дарындылықтары бір салада жақсы байқалса, басқаларыныкі – басқа салада байқалады. Жас ерекшеліктері бірдей болсада балалар арасында тез немесе өте баяу жұмыс жасайтын, ойлау, есте сақтау мүмкіндіктері және меңгерген теориялық материалды қайта айтып беру кабілеттері әр-түрлі оқушылар кездеседі
Адамгершілік тәрбиесі – тұлғаның әлеуметтік ортада тіршілік етуіне қажетгі қоғам талабына сай балалар бойында тұрақты моральдык касиетгерді, нормалар мен адамгершілік идеалдарды, жалпыадамзаттық құндылықтарды, адамгершілік қасиеттерді үйрету және қалыптастыру.Адамгершілік тәрбиенің мақсаты — жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген тұтас адамгершілік тұлғаны қалыптастыру.Адамгершілік тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны мораль, этика, адамгершілік, адамгершілік ұғымдар, түсініктер, сезім, әдептілік, өзін-өзі ұстау мәдениеті деген ұғымдармен тығыз байланысты болады. Адамгершілік тәрбиесінің бір ерекшелігі оның оқушылардың іс-әрекеттерінің кез келген түрімен байланысты болуында.Адамгершілік тәрбиенің міндеттері:– адамгершілік сана-сезімді қалыптастыру;– адамгершілік сезімдерді тәрбиелеу және дамьпу;– адамгершілік мінез-құлықтың әдеттері мен іскерліктерін қалыптастыру;– адам санасында оның қоғаммен байланыстылығын, қоғамға тәуелділігін, қоғам мүддесіне өзінің мінез-құлқын сай болу қажеттілігін қалыптастыру;– қоғамның адамгершілік идеалдарымен, талаптарымен таныстыру, олардың заңдылығы мен парасаттылығын дәлелдеу;– өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі жетілдіруге талпынуды қалыптастыру.Адамгершілік адамның тұлғалық сипаты болып саналады да, мейірімділік, ұжымдылық деген қасиеттерді біріктіреді. Ұлы Абай шығармашылығының негізгі өзегі – адамның адамгершілігі, ар-ұяты, ақылдылығы болып келеді, мысалы «Адам бол», «Өзіңдегі адамгершілікті сақта»- деген өсиеттері осыны айғақтайды.Сонымен қатар, адамгершілік тұлғанын басқа «Мен»- дермен әрекеттесу процесін қамтитын қарым-қатынастар жүйесі болып табылады. Осы қарым-қатынастар адамгершілік нормалар мен мінез-құлық механизмдерін игеруге әкеледі (Хмель Н.Д.).Тұлғаның адамгершілік нормалары мен талаптарын меңгеру механизмдерінің ерекшеліктері адамгершілік тәрбиеге жағымды психологиялық жағдай тудырумен, адам іс-әрекеттерінің адамгершілік жақтарын және нәтижелерін бағалаумен тығыз байланысты болады.Бірақ қоғам өмірінің нормаларын қадағалап қорғайтын заңдардың маңыздылығын қарастырмай адамгершілік тәрбиесінің мазмұны толық ашылмайды.
. Дене тәрбиесінің маңызды мақсаттарының бірі - балалар мен ересек адамдарды дене шынықтыру ісіне жұмылдыру.Дене тәрбиесінің міндеттері:- денсаулықты нығайту және шынықтыру, дененің дұрыс өсіп-жетілуіне және ағзаның жұмыс қабілетін арттыруына әсер ету;- қимыл дағдылары мен іскерліктерін қалыптастыру және жетілдіру;- қимылдың жаңа түрлеріне баулу және оны теориялық білімдерімен байланыстыру;- негізгі қимыл-қасиеттерін күшті, төзімділікті, шапшаңдықты және ептілікті дамыту;- еріктілікке, батылдыққа, табандылыққа, тәртіптілікке, ұйымшылдыққа, достық пен жолдастық сезімге, мәдениет мінез-құлық дағдысына еңбек пен қоғамдьщ меншікке саналы көзқарасын тәрбиелеу;- өдеттерді қалыптастыру және дене жаттығуларымен үнемі шұғылдануға ынтаны тәрбиелеу;- гигиеналық дағдыларды сіңіру, дене жаттығулары мен шынықтыру гигиенасы жөніндегі білімді хабарлау.
Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - жеке адамның эстетикалық мәдениетін дамыту. Оның негізгі компонентері:• Эстетикалық қабылдау.• Эстетикалық сезім.• Эстетикалық талғам.Эстетикалъщ қабылдасау деп - әсемдікті қабылдау процесін айтады, мұның нәтижесі эстетикалық әсерлену, эмоция болып табылады. Табиғат, өнер, адам жасаған заттар, адамның сыртңы кгйпі, рухани дүниесі, тұрмыс-салты, әрекеттері мен қылықтары, адамның өзі де эстетикалық қабылдасаудық объектісі бола алады.Сезім байлығы - адамның рухани өмірін жоғары даәр тарапты дамытудың қажетті шарты. Адам рухани жағынан бай болып, осомдікті көре біліп, одан ләззат ала білуге тиісті.Эстетикалық талғам - әсемдікті дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу. Эстетикалық талғам немесе көркемдік талғам әрбір адам өзі жасайтын белгілі бір эстетикалық мұратты бейнелейді.Эстетикалық мұрат дегеніміз - адамдардық көксеп жүрген әсемдік жөніндегі түсінігі. Адамның жетем-ау деген арманы, өмірде сол бойынша құрғысы келетін нерсесі.Эстетикалық сезімдерді, мұрат, талғамдарды бағалауды тәрбиелеу білімді меңгеріп алумен бірге, дүниеге көзқарасты қалыптастырудық маңызды құралы болып табылады.Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - оқушының бойында көркем-эстетикалық мәдениетті қалыптастыру, оны жоспарлы және мақсатты түрде сіңіру болып табылады (№13-14 қосымшаларды қараңыз).Эстетикалық тәрбиенің міндеттері:• Бейнелеу өнері арқылы көркем шығармашылық сезімін, талғамын дамыту.• Эстетикалық құралдарды: өнер, әдебиеттерді, қолдана білу дағдысын қалыптастыру.• Эстетикалық сезімді және эстетикалық қабылдасауды тәрбиелеу.• Оқушыларды әсемдікті көре біліп, сезінуге тәрбиелеу
Мектепте еңбекке тәрбиелеу - тәрбиенің жалпы жүйесінің құрамды бөлігі. Еңбекке тәрбиелеу, баулу және кәсіптік бағдар, мектеп оқушыларының қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке тікелей қатысуы оқуға деген саналы көзқарасты тәрбиелеудің, азамат болып өсудің жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудық негізгі көзі болып табылады, осымен қатар мұны еңбек тәрбиесінің мақсаты деп түсінуіміз қажет.Еңбек тәрбиесінің негізгі мақсаты - жас жеткіншектерге еңбек туралы тәрбие беру және жеке адамды жан-жақты дамыту.Еңбек тәрбиесінің мақсаты еңбекке даярлау ғана емес, сонымен қатар жас жеткіншектерді біліммен, іскерлікпен және дағдымен мен қаруландыру қабілеттілігін дамыту, мамандық таңдауға көмек беру болып табылады.Еңбекке тәрбиелеудің міндеттері:• Еңбекке сүйіспеншілік пен еңбек адамдарына құрметпен қарау.• Оқушыларды халық шаруашылығы салаларындағы еңбектің түрлерімен таныстыру, еңбек іс-әрекетінің барысында олардың дағдысы мен іскерлігін қалыптастыру.• Мамандықты таңдауға дайындау.Еңбектің тәрбиелік қызметін оқушы бойына дарыту барысында оның экономикалық (дәрежесіне) нәтижесіне мән беру қажеттілігін ғалымдар дәлелдеп берді. Еңбек нәтижесіз болса, ол адам бойында еңбекке деген жек көрушілік сезімін туғызады. Ең маңыздысы, мақсатты ұйымдастырған еңбек үрдісінде еңбектің бір түрінен екінші түрі туындап, үздіксіз еңбек ету адам ағзасының күнделікті дағдысына айналады.Тұлғаның ақыл-ой, дене, адамгершілік және басқа жақтарынан дамуының нәтижесі оның мамандық таңдау даярлығына жггкілікті дәрежеде әсер ететін болады.Бүгінгі заманда жұмысты жалпы адамзаттың құндылыққа, өзара түсінушілікке, ынтымақтастыққа бағдарлау мен құра білу табысты еңбек етудің кепілі болып табылады
56.Біртұтас педагогикалық процесс туралы ұғым ,оның мәні мен ұрылымы
Педагогикалық процесс-педагогикалық жүйе жағдайындағы оқыту мен тәрбиенің мақсатын бірлікте және өзара байланыста жүзеге асыру процесі, соның негізінде тәрбиешілер мен тәрбиенушілер ұйымласқан түрде өзара әрекет етеді.
Ю. К. Бабанский ,Н. Ф. Тальзина, Н .Д. Хмель секілді ғалым ұстаздар оқу мен тәрбие процесін біртұтас педагогикалық процесс деп атауды жөн санайды, олар бұндай атаудың өзіндік ерекшеліктерін былай сипаттайды: білім және тәрбие процесінде берілетін түсініктер мен ұғымдар бір-бірінен оқшау тұрған жоқ, өмірдің сұранысына сәйкес интеграцияланған немесе кіріге байлансқан. В. Е. Гурманың айтуынша Белгілі пән бойынша білім беруді ұйымдастыруға болады, бірақ жеке тұлғаның кейбір қасиеттерін тәрбиелеуді< құралдандыруға> болмайды. ол біртұтас жұйенің ішінде жүзеге асады.
Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасуының алғашқы кезеңінде білім берумен жеке тұлғаны қалыптастыру бір-бірінен бөлек қарастырылмады, білім алу деген білімдер жүйесін меңгеру, мінездің белгілі бір қасиеттерін қалыптастыру деп түсінілді. осыған байланысты оқу тәрбие құралы ретінде де қарастырылды.
Дегенмен, тәрбие мен оқыту педегогикалы процестің құрамдас бөлігі болғанымен де олардың өзіне тән ішкі ерекшелігі ескеріліп, олар шартты түрде жеке-тара қарастырылады. өйткені тәрбиенің мазмұны әлеуметтік тәжірибеге негізделген құндылықтар, өнеегелі ережелер мен нормалар жүйесін танып білуге бағытталса, оқтыудың мазмұны әлем туралы ғылыми білімдерді (табиғат, қоғам ,адам жайындағы білімдер) меңгертуді көздейді.
Педагогикалық процестің құрлымы органикалық тұрғыдан өзара байланысты компоненттерден (бөліктер) құралған.Педагогикалық процестің құрлымына кіреді :ұстаздар, оқушылар, ісәрекет және оның элементтері( Мақсат ,міндеттер ,маөмұн, құрал ,формалар, әдістер және амал тәсілдер ,тапсырмалар, нәтиже). осылардың ішінде басты компонент рнтінде ұстаздар мен оқушылар саналады. өйткені адамдар –іс-әрекеттің субьектілері ,ықпал етудің обьектілері болып танылыды. Бұл жерде ұстаздар мен оқушылар бір мезгілде педагогикалық іс әрекеттің әрі субьектілері ,әрі обьектілері болып есептелінеді.
57.Падагогикалық процесс мұғалім іс -әрекетінің обьектісі.
Кез келкен мамандықтың кәсіби іс әрекетінің обьектісі болады сол кәсіби іс әрекетің обьектісінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты белгіл бір талаптар қойылады Мұғалымның кәсби іс әрекетінің обьектісібіртұтас педагогикалық процесс болып табылады соның барысында мүғалымның негізгі міндеттерінің бірі оқушыларға оқу пәндерінің мазмұнынан әлеуметтік тәжірбиені алуға үйрету адамзат жинақтаған рухани мәдени құндылықтарын меңгеру Бұл міңдет қоғамның басты міндеттерінің бірі ретінде мұғалымның кәсіби іс әрекетін тығыз байланысты қарастырылады
Барлық басқа да кәсби ісәрекеттер салалары секілді педагогикалық еңбекте мұғалімнің педагогикалық еңбектің субьектісі болады педагогикалық іс әрекет мұғалім педагогикалық іс әрекет субьектісі болады Осы орайда Н В Кузыминамұғалымнің кәсби еңбегінің ерекшелігіне былай сипаттама береді педагогикалық іс әрекеттің обьектісі сонымен бірге сол іс әрекеттің субьектісі болады
Еңбек құралдары жағыдайында мұғалімнің білім білікті жәңе тұлғалық қасиеттері оның педагогикалық құралдарына жатады Дегенмен адамның қандай да бір іс әрекетінің заттық саласы оның құрамында оқу материалдарын меңгершілердің яғни оқшылардың іс әрекеті және оған басшылық процесі яғни мұғалімнің іс әрекеті деп түсіндіреді
Сондықтан да мұғалім іс әрекетінің обьектісін оқып үйрену міндетті түрде біртұтас педагогикалық процестің мәнін анықтауды қажет етеді
Падагогикалық процестің заңдылықтары мен принциптері.Педагогикалық процестің зандылықтары «ұстаздар — оқушылар» жүйе байланысының бейнесі: жүйенің өзінің ішіндегі кейбір жеке қосымша жүйелердің және сыртқы басқа одан жоғары сатыдағы жүйелер байланысы (мектепті қоршаған әлеуметтік орта, қоғам). Көрсетілген себеп бойынша педагогикалық процестің қызмет істеуінің ерекшелігін (жағдай, байланыс, қатынас көрсететін процестің қасиеті мен оның сапасын), бейнелейтін заңдылықтар анықталады.Сондықтанда педагогикалық процестін негізгі мынадай зандылықтары болады:– оқу орнының педагогикалық процесі қоғамның әлеуметтік экономикалық қажеттілігіне сай болады;- педагогикалық процестің мақсатқа бағыттылығы қоғамның мақсатын көрсетеді, ол әлеуметтік тапсырыс ретінде, білім беру заңдары арқылы талап етіледі;- педагогикалық процесс екі жақгы процесс, ол ұстаздармен оқушылардың, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара әрекетімен байланысты, міндетті түрдегі екі жақты іс -әрекет;- оқушылардың творчестволық белсенділігі мұғалімнің мұқият ойластырған және ұйымдастырылған іс – әрекетінің нәтижесі;- педагогикалық процестің қызметі оның жасалуымен ұйымдастырлуы оқушылар коллективі, соньгмен катар жеке оқушьшардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейлеріне сай келуіне байланысты;- педагогикалық процесс бөліктерінің мағынасы маңыздылығы әртүрлі,олардың бір – біріне бағыныштылығы (иерархия) мен бір — біріне әсері бар;- педагогикалық процесс бір қас қағым сәттік емес ұзақ мерзімге бағытталған;- педагогикалық процестің ішіндегі қосымша жүйелердің ортасы мен өзара қиылысқан бағыттарының әсері көптеген факторларды тудырады,соның ықпалы негізінде ең ақырғы нәтиже қальштасады.Заңцылықгар педагогикалық процестің ішкі және сыртқы байланыстарын көрсетеді, олар өз арасында жеткілікті дәрежедегі күрделі байланыстарын құрайды. Сондықтан, егер ұстаз нақтылы педагогикалық процессті негізгі жағдайда заңдар мен зандылықтарды ескермей ұйымдастырса, бұл ең ақырында оку-тәрбие жұмысының сапасынан төмендеуіне әкеледі.Барлық педагогикалық процестің зандары мен заңдылықтарын айқындалғандарын ескере отырып, баланың түлға ретінде дамуының тиімді жағдайын нақгьшы әлеуметтік — экономикалық жағдайларда өзіндік дамыту және өз орнын таба алу кдбілетін қамтамасыз еткізетін мұғалімнін басшылыққа алуға тиісті принциптерінде тұжырымдарға мүмкін болды.Принциптер мұғалімнің іс- әрекетін ұйымдастыруға қойған негізгі талаптар болып есептеледі, олар тұрақты нысаналар болып және педагогикалық процестің қызмет істеуінде творчестволық түрде көрінеді. Негізінен принциптерде педагогикалық процестің заңдары мен зандылықтары жүзеге асады. Бұл мұғалімнің теориядан практикалық әрекетке көшуі болады:- педагогикалық процестің ізеттілігі, тұлғалық нысандық бағыттылығы;- іс – әрекеттің санамен мінез – құлық бірлігін қалыптастыруға бағыттылығы;- педагогикалық процестегі іс – әрекеттерді оқушылар тұлғасын дамытудың көкейкесті қажеттілігін ескере отырып ұйымдастыру;- педагогикалық талап қоюшылықты окушының көзқарасын оны адамдарға, құбылыстарға, процестерге қарым -қатынасын сыйлаумен ұйымдастыру;- оқушы мен ұжымның дамуында жеке даралықты(индивидуалдық) психологиялық физиологиялық жас ерекшелік пен ұлттық ерекшеліктерді ескеру;- педагогакалық басшылықгы оқушылардың инциативасымен,қайраткерлігімен ұластыру;- оқушылардың іс- әрекеттерде тиімді нәтижелерге жетуге көмектесу;- ұстаздардың, оқушьшар ұжымының және отбасыларының оқушыларға қоятын талаптарының үйлесімділігі;- әрбір бала үшін тиімді психологиялық ахуалдың әлеуметтік қауіпсіздігін қамтамасыз ету;- оқушы тұлғасы мен ұжымның дамуыңдағы жаңа құрылымдыүздіксіз бақылау.Заңдар, заңдылықтар және педагогикалық процесті ұйымдастыру принциптері озара байланыста болуы мүмкін. Бұл өзара байланыстылық процестің мәнінен оған қатысушылардың практикалық әрекеттерінен көрінеді, ал педагогикалық процестегі мұғалімдер мен оқушылардың іс- әрекеттерін ұйымдастыру моделі ретінде ұсынылуы мүмкін.Суретте тілдің екі бағыты керсетілген. Сағат тілі бойынша оқушьшардьщ іс-әрекетінің үйымдастьфылуы керсетілген, керісінше бағытта педагогикалық процесте жанылысқан жерін тауып алу үшін қозғалыс.
59.Падагогикалық процестің құрылымы және негізгі компоненттері
Педагогикалық процестің жеке дара бөліктері (компонентері) туралы оның теориясын жасаудан біраз бұрын практикада жеткілікті дәрежеде жақсы белгілі болған. Олардың бір бөліктері (мақсат, міндеттері, мазмұны) өзгеру барысындағы қоғамдық өмірге мектептің әлеуметтік тапсырма ерекшеліктеріне байланысты қайта -қайта жаңадан қаралып жетілдіре түседі. Көрсетілген мәселені В.Е.Гмурман, В.С. Ильин, Б.Т.Лихачев және т. б. зерттеген. Г.К. Костюк ұстаздар мен оқушыларды иедагогикалық ироцестің бөліктеріне жатқызады.
М.А Даниловтың көрсетуінше педагогикалық процестің ішкі серпілісі оның негізгі, басты өзегі тәрбиенің мақсаты болады.Жорамалдау бойынша, қандайда болмасын мақсатқа белгілі бір мазмұнды іс-әрекеттер міндеттерін шешу арқылы жетуге болады. Сондықган педагогикалық процестің (әлеуметтік) бөліктеріне ұстаздарды және оқушыларды жатқызған жөн. Бұл педагогикалық процестің адамзатгық факторы болады. Олардың іс-әрекеттерінің бөліктерін (мақсат, міндеттер, мазмұны, құрал, форма, әдістер мен тәсілдер, нақтылы тапсырманың түрі), маңыздылығы олардың оқушыларды оқытудың мәнінің құрамына кіруінде. Сондықтаңда процестің бөліктері «ұстаздар мен оқушылар» жүйесін құрайтын адамдар және олардың іс-әрекетінің бөліктері болды.Педагогикалық процестің мәнін терендеу және жан-жақты түсіну үшін тек бөліктер құрамын ғана емес, сонымен бірге олардың әрбірінін ерекшеліктерін білу керек. Педагогикалық процес бөліктерінің ерекшеліктерін түсіну нақтылы оқу орнындағы педагогикалық процесіндегі солардың арасындағы объективті өмір сүретін ішкі байланыстарын анықтауға мүмкіндік береді. Бөліктердің ерекшеліктерін қарастырайық.Отандық педагогикада тәрбиенің мақсаты жан-жақты тұлға дамуындагы, гумандық бірізділік идеясы тұрғысынан анықгалады. Бұл мақсаттың сөз жоқ өзінің құндылығы бар, оның тәрбие мақсатының қоғамдық талабынанөсіп түсінуде (Р.Г. Гурова) философтар мақсатты идеал (идеал – мақсат) ретінде қарастырады.Алайда мақсат -идеал немесе іс – әрекеттің нәтижесінін өте оңды тамаша моделі аралық мақсаттарға жету арқылы қол жетеді, оларды мақсат- міндеттер деп анықтауға болады. Басқаша айтқанда, педагогикалық процеске сай мақсат идеалға жету осы нақтылы бөлікке шешуге көздейтін кейбір шартты сатыларға бөлумен байланысты.
.
60.Падагогикалық процестің қозғаушы күші. Педагогикалық процесс статикалық емес, ол «ұстаздар -оқушылар» жүйе жағдайының үздіксіз өзгеруі болады. Ал жағдай жақсы жаққа да, жаман жаққа да өзгеруі мүмкін. Оның барлығы ұстаздың белгілі бағытта қажетті жағдай жасай алу дайындығына байланысты. Бірақ бұл деген процестін дамуына әсер ету, даму барысындағы процеске тән қарама – қайшылықтар-дың яғни онын қозғаушы күштерінің мәнінін түсінбейтінше ол мүмкін емес дегенді білдіредіМ.А. Даншюв алғашқылардың бірі болып оқыту процесінің қозғаушы күштерін зерттеуге көңіл бөлді, бірақ нәтижесінде объективті әлеуметтік шек жекемен қосылып кететін біртұтас педагогикалық процестің диалектикасын зерттеу керектігіне тек қана осы бағытта ол педагогиканын ғылым ретіндегі жобалау қызметінін күшейе түсуіне ықпал ететін білімді анықтай білу мүмкіндік болатындығын және практик ұстаздарды сол бір ғылыми саймандар мен күрделі тұлғаны қалыптастыру саласындағы құбылыстар мен процестерді басқаруға күш беретінін көре білді. Ю.К. Бабанский қарама – қайшылық көп жағдайда кездейсоқ бір ізділікте қарастырылатындығын анықтады. Ол жоспарлау процедурасына сәйкес келмейді, оқыту процесін ұйымдастыру мен реттеуде мұғалімдер мен әдіскерлер нақтылы жағдайда процесті жасау ескерілмейді.Зерттеу нәтижесінде мыналар анықталады:қарама – қайшылықтарды қалай болса солай тұжырымдау дұрыс емес,нақтылы педагогикалық процесті жүйе ретінде олар зерттелетінобъектінің мәнін, ашуы тиіс: қарама – қайшылықты ұстаздар меноқушылар іс – әрекетін -педагогикалық процесті басты құрамынкөрсеткіш ретінде сипаттау керек; қарама – қайшылықтар жүйесінғана емес, сонымен бірге оларды шешу әдістемесін негіздеу керек

Приложенные файлы

  • docx 14742642
    Размер файла: 195 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий