Әтеш пен Тоты ертегісі


№23тех.карта
Оқу қызметін ұйымдастырудың технологиялық картасы
№5"Қарлығаш" ортаңғы тобына арналған
Күні, айы, жылы:
Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Әтеш пен Тоты» ертегісіМақсаты:
а)Ертегі мазмұнын түсіндіру
ә) Өз түсінігімен әңгімелеу барысында сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.
б) Құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Қолданатын көрнекі құралдар: хрестоматия, үнтаспа, жұмыс дәптері,
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс –әрекеті Балалардың іс -әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық
Психологиялық сәт:
−Балалар, күн нұрына қарай қол созып, алақанымызды жаяйық:
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн келді,
Күліп шықты күн бүгін,
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Қайырлы күн, балалар! −−−−− Өлең жолдарында берілген қимылдарды жасайды.
Ұйымдастырушы ізденушілік кезеңі
Кіріспе әңгіме:
Жұмбақ жасыру:
Бұрып қойған сағаттай,
Айғалайды таң атпай.
−Бүгінгі тақырыбымыз «Әтеш пен Тоты» ертегісі.
«Әтеш пен Тоқты» ертегісі оқылады, ертегі мазмұнын ашады. Ертегіге байланысты сұрақтар қойылады.
Сұрақ−жауап
−Ертегі қызықты ма?
−Ертегідегі Тоқты қайда бармақшы болды?
−Әтештен не сұрайды?
Сергіту сәті
Алтын айдар басында,
Қонды ағаш басына.
Таң атты! Таң атты!
Елдің бәрін оятты.
Дәптермен жұмыс:
Суретті бояу. Тапсырманы орындайды.
Рефлексиялық түзетушілік
Қорытындылау:
Ермек өтетілеуұлының « Қораз » өлеңін оқып, іс−әрекетті аяқтау.
Мен қоразбын, қоразбын,
Жалқаулармен аразбын.
Таңды бұрын қарсы алып,
Елді оятам жар салып.
Тақпақты жаттайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ертегінің мазмұнын біледі
Игереді: өз сөзімен әңгімелей білуді
Меңгерді: құстарға қамқор болуды.

Приложенные файлы

  • docx 14774491
    Размер файла: 23 kB Загрузок: 1

Добавить комментарий