Жаралану, соғып алу, буынның шығуы, сынықтар ке..


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
СӨЖ
Тақырыбы: Тіршілік әрекетін қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлі. «Адам-машина-өндірістік» жүйесіндегі проблемалар
Орындаған: Үсібалиева М.
Тобы: 109 «А» КДС
Қабылдаған: Шадибекова А.
Шымкент 2013 ж

ЖОСПАР:
КІРІСПЕ:
Негізгі бөлім:
Тіршілік әрекетін қамтамасыз ету ұйымдастыру негіздері
Тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрамалар
«Адам-машина-өндірістік» жүйесіндегі проблемалар
Қорытынды:
Пайдаланылған әдебиеттер:
Тіршілік әрекетін қамтамасыз етудегі қазіргі мемелекеттің рөлі.
Азаматтық қорғанысты (АҚ) ұйымдастыру және жүргізу - мемлекеттің ең маңызды міндеттерінің бірі, қорғаныс шараларының құрамдас бөлігі. АҚ-ты ұйымдастыру және жүргізу тәртібі "Азаматтық қорғаныс туралы" 1997 жылғы 7 мамырдағы ҚР-ның Заңымен белгілінген.
Азаматтық қорғаныс (АҚ) - басқару органдарының мемлекеттік жүйесі мен бейбіт және соғыс уақытында халықты, шаруашылық нысандары мен аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдағыш (қиратқыш) факторларының әсерінен, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиынтығы.
АҚ-тың ең басты міндеті халықты (адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтау), аумақтарды және шаруашылық жүргізетін нысандарды қорғау болып табылады.
АҚ міндеттері маңыздылық сипатына қарай шартты түрде 3 топқа бөлінеді:
І) Осы заманғы зақымдау құралдары мен бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлардан халыктың қауіпсіздігін қамтамасыз ету: (дер кезінде хабарлау, байланыс жүйелерін тұрақты дайындықта ұстау; АҚ күштерін құру және тұрақты дайындықта ұстау; радиациялық, химиялық және биологиялық ахуалды қадағалау; қорғаныс ғимараттар мен жеке қорғаныс құралдарының қорын әзірлікте ұстау);
ІІ) Ұйымдардың тұрақты жұмыс істеуін арттыру үшін кешенді шаралар жүргізу (ұйымдастырушылық және инженерлік-техникалық шараларды талдап жасау);
ІІІ) Құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарын (ҚжБШЖ) жүргізу.
 АҚ-ты ұйымдастырудың жалпы принциптері. АҚ күштері
 АҚ бүкіл республика аумағында аумақтық-өндірістік принцип бойынша ұйымдастырылады.
АҚ-қа жалпы басшылықты ҚР-ның Премьер-министрі жасайды, ол  ҚР АҚ-ның Бастығы болып табылады. Оның орынбасары  ҚР-ның ТЖ жөніндегі министрілігінің төрағасы болып табылады және республика АҚ-сына тікелей басшылық жасайды.
Орталық және жергілікті атқарушы органдардағы, ұйымдардағы АҚ-қа олардың бірінші басшылары жетекшілік етеді. Олар лауызымы бойынша АҚ-тың басшылары болып табылады.
АҚ шараларын орындауды қамтамасыз ету үшін мынадай органдар құрылады:
1) ҚР ТЖ жөніндегі министрілігі және олардың құрылымдық аумақтық  органдары;
2) Орталық және жергілікті атқарушы органдарда АҚ-тың басқармалары, бөлімдері;
3) Ұйымдарда ? АҚ штабы немесе ұйымдағы АҚ бастығына  тікелей бағынатын АҚ және ТЖ жөніндегі босалқы мамандар.
АҚ күштері бейбіт және соғыс уақыттарында халықты, аумақты және ұйымдарды қорғау, химиялық, радиациялық, бактериологиялық (биологиялық) зақымдану ошақтарында, ТЖ аумағында ҚжБШЖ жүргізу жөніндегі АҚ-тың міндеттерін орындау үшін құрылады. АҚ күштері әскери және әскери емес құрамаларынан құрылады.
АҚ күштерінің негізін әскери емес құрамалары құрайды. Олар бейбіт және соғыс уақытында ТЖ қауіпі туындаған кезде ҚжБШЖ-ды жүргізеді. АҚ құрамаларының құрамына жұмылдыру қағазы бар әскери міндеттілерден, І, ІІ және ІІІ топтағы мүгедектерден, жүкті әйелдерден, 8 жасқа дейінгі баласы бар әйелдерден басқа еңбекке қабілетті жастағы ерлер мен әйелдер алынады. АҚ құрамалары аумақтық-өндірістік принциптері бойынша облыстарда, қалаларда, аудандарда және меншік түріне қарамастан ұйымдарда, тұрған жері бойынша құрылады.
АҚ құрамаларының жіктелуі:
Бағыну принципіне қарай:   1. Аумақтық құрамалар 2. Нысандық құрамалар.
Белгіленген міндеттер бойынша: 1. Негізгі құрамалар 2. Қамсыздандырушы құрамалар   
Аумақтық құрамалары облыс, қала, аудан әкімдерінің шешімдерімен, ал нысандық құрамалар ұйымдардың АҚ басшыларының бұйықтарымен құрылады. Аумақтық құрамалары маңызды нысандарда, аймақтың аумақтарында өз бетінше немесе нысандық құрамалармен өзара әрекеттесе отырып ерекше міндеттер мен жұмыстар жүргізу үшін тағайындалған. Нысандық құрамалары тікелеі нысандардың өзінде жұмыс жүргізу үшін арналған, бірақ нысаннан тыс жерлерде де ҚжБШЖ жүргізу үшін пайдаланылуы мүмкін.
Негізгі құрамаларға, ҚжБШЖ жүргізуге тікелей қатысушы (барлау, құтқару, медициналық, инженерлік, өрттен қорғау,  авариялық-техникалық, радиациялық және химиялық қорғану) құрамалар, ал қамсыздандырушыларға ҚжБШЖ-ды жүргізуді қамтамасыз етуші қалған барлық (байланыс, қоғамдық тәртіпті сақтау, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, көлік, хайуанаттар мен өсімдіктерді қорғау және басқалары) құрамалар жатады.  
АҚ құрамаларының құрамы мен саны соғыс және бейбіт уақытындағы ТЖ-да халықты, аумақ пен ұйымды сенімді қорғауды қамтамасыз ететін жеткілікті қажеттілікті ескере отыра алдағы авариялық-құтқару жұмыстарының көлемі мен болжамдар негізінде анықталады.
Жер сілкінісіне ұшыраған ҚР аймақтары үшін АҚ құрамалары кемінде 10 адамға бір құтқарушыны, ал су тасқынына, өртке және басқа апатқа ұшыраған өнеркәсіп аймағы үшін 15-20 адам үшін бір құтқарушыны есептей отырып даярланады. АҚ құрамалары құралатын ұйымдардың басшылары кәсіби даярлық, қәзіргі техникамен, қондырғымен, жарақпен, өзге материалдық құралдармен жабдықтау және оларды іс-әрекетке даярлықта ұстау үшін жеке жауап береді.
Азаматтық қорғаныс күштері мыналардан:
- АҚ-тың әскери бөлімдерінен;
- АҚ-тың аумақтық және нысандық құрамаларынан;
- АҚ және ТЖ қызметтерінің құрамаларынан;
- Республикалық (РЖҚО), аумақтық жедел-құтқару (ЖҚО)  және аэромобильді отрядтарынан тұрады.
АҚ және ТЖ қызметтерінің құрамалары - халықтың тіршілігін қамсыздандыру, авариялық-құтқару және шұғыл қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу, құтқару құрамаларын күшейту мен олардың іс-әрекеттерін жан-жақты қамсыздандыру үшін құрылады және медициналық, байланыс, өрттен қорғау,  авариялық-техникалық, материалдық қамсыздандыру, көлік, хайуанаттар мен өсімдіктерді қорғау болып табылады.
РЖҚО баруы қиын аудандарда өте күрделі нысандарда іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу және зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсету үшін құрылады. Отряд ҚР Үкіметінің шешімімен құрылады. Облыстық және қалалық ЖҚО іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу және зардап шеккендерге алғашқы дәрігірлік көмек көрсету үшін құрылады. Жергілікті бюджет есебінен ұсталады.
Бейбіт уақытта табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін бар АҚ құрамаларының санынан және штаттық мамандырылған құрылымдадардан қашанда дайын болатын шұғыл қимылдайтын отрядтар құрылады, олардың жалпы саны:
 облыстық - 150 адамнан кем емес;  қалалық - 100 адамнан кем емес; аудандық - 50 адамнан кем емес. 
Шұғыл қимылдайтын отрядтар  АҚ-тың аумақтық құрамалары санатына жатады.
АҚ құрамаларының дайындалуына берілетін уақыт:
2 сағаттан аспау керек - шұғыл қимылдайтын отрядтар үшін; 
4 сағаттан аспау керек - негізгі құтқару құрамалар үшін;
6 сағаттан аспау керек - қалған барлық құрамалары үшін.
Азаматтық қорғаныс күштері мынадай құрамаларға бөлінеді:
- "Дайындығы жоғары" АҚ-тың толық құрылымындағы әскери бөлімдер, республикалық және аумақтық жедел-құтқару отрядтары;
- "Тұрақты дайын тұратын" резервтегі әскери бөлімдер және АҚ бөлімшелері, АҚ аумақтық және нысандық құрамалары, АҚ және ТЖ қызметтерінің құрамалары.
Халықаралық нормаларға сәйкес АҚ-тың дайындығы жоғары күштері, көлемі ірі төтенше жағдайларды жою жөніндегі күш пен құралдар құрамына кіретін АҚ құрамалары төтенше жағдай аударында және зақымдану ошақтарында 14 тәулік бойы құтқару және басқа да шұғыл жұмыстар жүргізуге  дайын болуы керек.
Халықаралық шарттар мен келісімдерге сәйкес Азаматтық қорғаныс  күштеріне енетін, жекелеген құрамалар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде құтқару жұмыстарын жүргізу үшін тартылады, халықаралық Азаматтық қорғаныс  күштерінінің құрамына кіреді. Азаматтық қорғаныс  күштерінін елімізден тыс пайдаланудың  тәртібін халықаралық шарттар мен келісімдердің негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.
АҚ құрылымы. Шаруашылық нысандарында АҚ ұйымдастыру
Нысанның бірінші басшысы АҚ-қа жетекшілік етеді. Оған көмекке АҚ штабы құрылады.
АҚ шараларын ұйымдастыру және жүргізу үшін АҚ және ТЖ қызметтерінің құрамалары құрылады:
1) хабарландыру және байланыс (байланыс негізінде құрылады, хабарлау, байланысты жүзеге асыру, авариялар мен зақымдарды жою),
2) қоғамдық тәртіпті сақтау  (ведомстволық күзет бөлімдерінің негізінде құрылады, тәртіпті, қозғалысты реттеу),
3) өрттен қорғау (өртті сөндіру, алдын алу),
4) авариялық-техникалық (ұйымдардың тұрақты жұмыс істеуін арттыру үшін шаралар жүргізу, аварияларды жою),
5) паналау ғимараттар мен жасырыну орындарының (дұрыс пайдалануды, кіргізуді және толтыруды  қамтамасыз ету),
6) медициналық (медициналық көмек көрсету, алдын алу),
7) радиациялық және химиялық қорғану (ахуалды қадағалау, бақылау),
8) көлік (көшіру шараларын жүзеге асыру, құрал-жабдықтарды тасып жеткізуді қамтамасыз ету),
9) материалдық-техникалық қамтамасыз ету (азық-түлікпен, күнделікті қажет заттармен, жанар майлармен толық қамтамасыз ету). 
Базалардын болуына және жергілікті жағдайларға қарай осындай құрамалар құрылуы мүмкін.
 Оқу орындарындағы тіршілік қауіпсіздігін ұйымдастыру
Оқу орындарының АҚ бастығы - ректор (директор). Оның бұйрығымен АҚ штабы және АҚ мен ТЖ қажетті қызметтері құрылады.
АҚ мен ТЖ міндеттерін оқу орнының орай шешу үшін келесі құрамалары құрылуы мімкін: 
 - құтқару тобы;  
- қоғамдақ тәртіпті сақтау тобы; 
- байланыс тобы;
- санитарлық жасақтар; 
- радиациялық-химиялық бақылау нүктелер;
- өрттен қорғау тобы; 
- көлік тобы және т.б.
Қоршаған ортаны қорғауға және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалануға жұмсалған негізгі капиталға инвестициялар объектілердің жаңа құрылысына, кеңейтілуіне, жаналау және жаңартуына (күрделі жөндеу кезінде іске асырылатын объекті жанартуына жұмсалған шығындарды қоса), жұмсалған, объектің бастапқы құның арттыруға алып келетін және мекеменің қосымша капиталына жататын шығындарды қосады.
Көшеде тоқтап, құлақ салсаңыз МАЗ және ЗИЛ сияқты автокөліктердің дарылдаған дауысын және серіппелі темір есіктердің жабылған дауысын, ауладағы бала-шаға айқайын естисіз. Магнитофондар және теледидарлар, зауыттардағы цех станоктарының және машиналардың гүрсілі құлақ тұндырады. Осының барлығы күнделікті көрініс.Уақыт ағымына, ғылым жетістігіне байланысты жаңа дыбыс құралдары жасалып, олардың күші өсті .Ғылым және техника табыстарымен, қарқынымен урбанизациямен бірге шудың деңгейі де тоқтаусыз өсті.Шу – үлкен санды қарапайым типті әртүрлі биіктер мен күштерден тұратын дұрыс емес, қалыпты емес дыбыстардың жиынтығы. Шу - өркениетті заманымыздың өзіне тән өндірісінің шығыны, күн өткен сайын біздің өмірімізге кеңірек басып кіреді.Зерттеу мақсаты : адам ағзасына шудың әсерінің қасиетін анықтау . Осы зерттеу мақсатына сәйкес келесі міндеттерді ұсынамын:1) Шудың қайнар көздерін анықтау ;2) Адам ағзасындағы шудың әсерін зерттеу ;3) Адам ағзасындағы транспорттық шудың әсерін зерттеу ;4) Халық денсаулығына қалалық көшедегі шудың ықпал жасауына талдау жүргізу.5) Шумен күрес негізгі іс-шараларын ұйымдастыру.Адамның қоршаған ортаға әсері ғылыми - техникалық алға басудың салдары. Ғасыр басынан дүниежүзілік өндірістік өнеркәсіптер 16 есе өсті, ол ғасыр аяғына қарай 1,5-3 есеге дейін өседі, бұл бұған дейінгі адамзат тарихындағы пайдаланылған шикізат шамасынан асады.Шу мәселесі қазігі заманда төтенше де маңызды мағынаға ие болды. Ұзақ уақыт шу өркениеттің шарасыз жауыздығымен, техниканың қарқынды дамуының, автоматтандырудың, механикаландырудың, көлік өсу шегінің, техникалық алға басудың қосымша өнімі деп есептелді.Шу - уақытша күрделі құрылымды және ағзаға ерекше әсер ететін қасиеттерімен акустикалық үйлесімсіз дыбыс. Табиғатта шу пайда болу әдістеріне байланысты танылады:1) қатты денелердің дірілдеуінен пайда болатын механикалық шу . Дірілдеуден пайда болған шу лайықты шарттары бар жағдайларда дыбыс болып сәулелеле шашырайды, сондықтан көп жағдайда шудың өзі естілмейді. Механикалық шу машиналармен және механизмдердің жұмыс істеуінен пайда болады.2) Аэро немесе гидродинамикалық шу - газ қозғалысынан, бу немесе сұйықтықтың қысымының әсерінің нәтижесінде пайда болады.3) Термиялық шу - газдардың тығыздыққа байланысты жанған кезінде пайда болады.4) Кавитациялық шу - акустикалық кавитация кезінде дыбыс импульсының нәтижесінде туатын тамшылар мен қуыстардың және сұйықтықтың жарылунан пайда болады. Шу тұрғын үйлерде сырттан кіретін шудан және ішкі шудан, санитарлық - техникалық, инженерлік - технологиялық құралдарда, тұрмыс құралдарында,музыкалық аспаптарда ойнағанда, адамдардың жылжуынан және жиһазды жылжытудан, әңгімелескенде, балалардың айқайларынан құралады.Қаладағы шу " симфониясы " көптеген факторлардан түзіледі : темір жолдардың гүрсілінен және ұшақтардың гуілінен , құрылыс техникасының гүрілінен, зауыт цехтарының шуынан және тіпті тұрмыстық құралдарының шуынан - бір сөзбен айтқанда адамды қоршайтын барлық заттан тарайды.Шудың ең қуатты аккордтары автокөлік қозғалысының дыбысы, оған жалпы фонда шудың 80% береді.Қала тұрғындарын, әсіресе ірі қалаларда қалалық көліктердің шуы қатты алаңдатады: трамвайлар, автомобильдер, автобустар, мотоциклдер, мотороллерлер. Көп мөлшердегі шу, әсіресе, дизельді және жүк таситын машиналардан шығады.Қалалық көлік саны толассыз өседі және өсуде . Таза техникалық проблемалардың шешімі туралы тек қана айтып кана қоймай, қазіргі заманға сай гүрсілі аз автомобильдерді таңдау қажетті деп санауымыз керек.Соңғы он жылдықта шудың зиянды ықпалы жұмыс істеушілерге, дәл осылай халықтың басқа топтарына әсері өсті. Бұның себебі, техникалық алға басуындағы өндіріс процестерінің механикалануы, көліктің қуаттылығының артуында.Тербелмелі қозғалыс көздерінің дыбыстық энергиясы қоршаған ортаға үзіліссіз түсуі мүмкін, мысалы , тоқыма станок жұмысы кезінде немесе оқтын-оқтын импульстер түрінде, пневматикалық аспапты қолданған жағдайда орын алады. Осыған байланысты шудың тұрақты және импульстік түрлерін ажыратады. Ағза үшін импульстік шу қауіпті.Шудың адам ағзасына тигізетін әсері өзге өндірістік факторлармен үйлеседі: қанағатсыз микроклимат, улы заттар, ультродыбыстар, әсіресе, вибрациямен үйлесіп отырып шудың зиянды әсері: есту қабілетінің нашарлауына,жүйке жүйесіне, жүрек тамыр жүйесіне және т.б. жүйелерге кері әсер етеді.Бұл еңбек өнімділігінің төмендеуіне, өндірістік ақауларға алып келеді.Шу – үлкен қалардың халқына кері әсер ететін негізгі факторлардың бірі.Шудың тұрақты әсері ашушаңдылықты жоғарылатады, шығармашылық әрекетті, еңбек өнімділігін және халықтың тынығу тиімділігін төмендетеді.Бүгінгі күнгі зерттеулер бойынша шудың жоғарғы қысымы көптеген аурулардың – жүрек тамыр, асқазан жүйке жүйесі ауруларын қоздырушы болып табылады.

Приложенные файлы

  • docx 14782153
    Размер файла: 27 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий