11сынып мінездеме


Б. Момышұлы атындағы
№131 мектеп-лицейінің
11а сыныбының оқушыларына
Мінездеме
11а сыныбында 18 оқушы бар. Ұлдары - 6, қыздары – 12. Оқушылардың жастары 17-18 жас аралығында. Жас айырмашылығы тек 1 жылды құрайды. Сынып оқушыларының жалпы білім деңгейі жақсы, тәрбиелі. Барлық оқушылар ғылымға, білімге және қоғамдық жұмыстарға белсенді көңіл бөледі. Олар әрқашан көңілді және бір-біріне бауырмал, қиын сәттерде көмек көрсете алады, яғни ұйымшылдылық көрсеткіші өте жоғары. Сынып оқушылары өз сыныбында ғана қарым-қатынас орнатып қоймай, сондай-ақ басқа да қазақ және орыс бөлімдерінде оқитын сыныптастарымен жақсы сөйлеседі. Оқушылар саяси өмірге қызығушылықтары жоғары. Олар барлық сабақтарға өте белсенді қатысады. Пәндерге деген қызығушылықтар жоғары. Барлық тапсырмаларды уақытында тапсыруға және алдағы келе жатқан ҰБТ-да жақсы баға алуға тырысады. Топтың белсенді студенттерінің құрамы: Джармухамбетова Жангүл, Асқаров Дархан, Мұхтар Олдас, Тастанбекова Жанель. Осы барлық оқушыларды оқуда озат, белсенді, ұйымшыл және жауапкершіліктері мол оқушылар ретінде сипаттауға болады.
Сабақтан тыс кезде оқушылар театрға, киноға, саяхатқа шығып тұрады.
Олар тез арада ортақ тіл табысады және бұл олардың қызығушылықтарының бірегейлігімен және бірдей жастарына байланысты. Сынып оқушылары өте ұйымшыл және еңбекқор, сондықтан оқушылар өміріндегі кез келген мәселені олар бірге шешеді. Сыныптағы жалпы интеллектуалды атмосфера орташадан жоғары болып табылады. Кейде ғана қиын жағдайларда шағын конфликтілер туады, бірақ осы қиыншылықтарға біріге отырып төтеп беру конфликтілерді тез арада жояды. Сонымен қатар топтың мүшелері бір-бірімен қалжыңдасып, орта атмосферасын көңілді күйде сақтауға тырысады.
Практикант: Сынып жетекшісі:

Приложенные файлы

  • docx 14801705
    Размер файла: 15 kB Загрузок: 1

Добавить комментарий