мінездеме


Мінездеме​
 
  М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік Медицина Университетінің  «Педиатрия» мамандығы бойынша резидентураның І жылғы резиденті Қостұрлиева Әселхан Ералықызы «Интернатураның  педиатриялық бейіні және ЖОО кейінгі білім беру» кафедрасында білім алады. 
Оқу барысында Қостұрлиева Әселхан Ералықызы оқу және тәжірибелік бағдарламаларын жақсы меңгеріп, тәжірибелік дағдыларды тәжірибеде қолданып, дәрігерлермен және де аурухана қызметкерлерімен жақсы тіл табыса білді. Өзіне жүктелген жұмысты жақсы игеріп, берілген тапсырмаларды уақытылы және ұқыпты атқарды. Тәжірибені өтеу кезінде өзін  жақсы қырынан  көрсетіп, науқастар алғысына бөленіп жүрді.   Өзіне жүктелген тапсырмаларды  жауапкершілікпен, ықыласпен орындады. Жаңадан білім алуға, практикалық дағдыларды игеруге талпынысы зор. Өзіне жасалған ескертулерді  тез арада жөндеуге тырысты. Мұғаліммен және медицина қызметкерлерімен субординация сақтайды. Өзінің мамандығын жас дәрігер ретінде жақсы меңгерді. Дәрігерге тән қасиеттерімен ерекшелене білді.
   Оқудан тыс кезде жүргізілген конференцияларға, семинарларға қатысты. Сабақ  бойынша өзіне тапсырылған  баяндамаларды жақсы қорғап шықты.  Сондай ақ, ''Балалардағы өкпенің туа біткен және тұқым қуалайтын аурулары'' тақырыбындағы ғылыми тәжірибелік конференциясында «Педиатриялық тұрғыдан бронхөкпе жүйесінің даму ақаулары Вильямс – Кэмпбелл синдромы» тақырыбында және С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ өткен ''Ғылым және медицина: жастардың заманауи көзқарасы'' атты студенттер және жас ғалымдардың ІҮ халықаралық ғылыми тәжірибелік конференциясында «Балалардағы бронх демікпесін пикфлоуметриямен бақылаудың тиімділігі» тақырыбында баяндама оқуды. М. Оспанов атындағы БҚММУ 60 жылдық мерейтойына арналған студенттер мен жас ғалымдарының халықаралық LVII ғылыми конференциясында «The using of Nasonex for treatment of full – time allergical rhinitis of children» тақырыбындағы баяндаманың жасалуына көмектесті.
Қостұрлиева Ә.Е. жұмыста ұқыпты, сабырлы, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын  резидент деп білемін. Алдағы жұмыс тәжірибесіне, алдағы өміріне сәттілік тілеймін.
Жетекші:                             Қалиева А.Т.

Приложенные файлы

  • docx 14802030
    Размер файла: 18 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий