5 сынып мінездеме


Қарағанды облысы Балқаш қаласы жалпы
білім беретін №5 орта мектебінің
6 «Ә» сынып оқушысы
Зарубеков Дидар Нуржанұлына
Мінездеме.
Зарубеков Дидар диагнозы ПДТ –психологиялық дамуы тежелген.
Дидар қазақ тілі сабағын себепсіз босатпайды, мемлекеттік бағдарламаны қанағаттанарлық деңгейде меңгереді. Оқу сауаттылығы орташа , жазу сауатттылғы өте төмен. Мазмұнын ауызша айта алады, жазуға келгенде ойын ашық жеткізе алмайды. Тек ауызша тапсырмаларды орындағанды ұнатады. Үй тапсырмасын орындауға қабілеті жетпейді, ата-анасы тексермейді, тек сыныптағы тапсырманы ғана орындайды. Сабақта бос отыруды әдетке айналдырған, тек ескертулермен ғана жұмыс жасайды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Ж. М. Имангалиева
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы жалпы
білім беретін №5 орта мектебінің
6 «Ә» сынып оқушысы
Рыспаев Ертайға
Мінездеме.
Диагнозы ПДТ–психологиялық дамуы тежелген.
I жарты жылдықтағы оқу бағдарламасын төмен деңгейде меңгерді. Оқу сауаттылғы орташа, көбінесе ауызша айтқанды, мазмұнын айтуды ұнатады. Жазбаша тапсырмаларды орындауға әлсіз, тек оқулықтан көшіруді ұнатады. Үйге берілген тапсырмаларды уақытында орындамайды.Сабақта үнемі бос сөйлеп отыруды әдетке айналдырған, басқа балаларға бөгет жасап, сөзін бөліп, қайталап мазақтап отырады. Сабақта көп сөйлеп, сыныптастарына және мұғалімге көп кедергі жасайды. Көңіл –күйіне қарай тапсырманы орындайды. Кей уақытта тиянақты орындап жақсы деген баға алды. Сабақта Ертай мінезін көрсетіп, тез өкпелеп, немесе жанжал туғызуы мүмкін.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Ж. М. Имангалиева
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы жалпы
білім беретін №5 орта мектебінің
6 «Ә» сынып оқушысы
Садыков Азамат Қанатұлына
Мінездеме.
Садыков Азамат диагнозы ПДТ –психологиялық дамуы тежелген.
Азамат оқу бағдарламасын орташа деңгейде меңгереді. Оқу сауаттылығы , оқу жылдамдығы жақсы, жазу сауаттылығы орташа. Берілген тапсырмаларды уақытында орындауға тырысады. Жаттау, мазмұндау дағдылары жақсы, үй тапсырмасын шамасы келгенше орындайды. Артық мінезін көрсетпейді, басқа оқушыларға көмек көрсетіп отырады. Интерактивті тақтадан тапсырмаларды көшіріп жаза алмайды, себебі көру қабілеті нашар.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Ж. М. Имангалиева
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы жалпы
білім беретін №5 орта мектебінің
6«Ә» сынып оқушысы
Қасенхан Аяулы Мадиқызына
Мінездеме
Қасенхан Аяулы диагнозы ақыл-есінің тежелуінің жеңіл түрі.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқу бағдарламасын қанағаттанарлық деңгейде меңгереді, бірақ есте сақтау қабілеті төмен деңгейде. Сыныпта берілген тапсырманы орындайды, тез ұмытып қалады. Берілген тапсырмаларды өздігінен орындай алмайтындықтан, үйде ата-анасы қадағалайды. Әдебиет пәнінен берілген ауызша тапсырмаларды мазмұндау қабілеті жақсы. Қызығып оқиды, жаттайды, біраз уақыттан кейін бәрін тез ұмытып қалады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Ж. М. Имангалиева




Қарағанды облысы, Балқаш қаласы жалпы
білім беретін №5 орта мектебінің
6«Ә» сынып оқушысы
Қуанышбек Ерсұлтан Арнұрұлына
Мінездеме.
Қуанышбек Ерсұлтан диагнозы ПДТ –психологиялық дамуы тежелген.
Ерсұлтан қазақ тілі мен әдебиеті сабағын себепсіз босатпайды, оқу бағдарламасын қанағаттанарлық деңгейде меңгерді. Берілген тапсырмаларды уақытында орындауға тырысады. Үй тапсырмасын тиянақты орындай алмайды, ата-анасы қадағаламайды. Сөйлеу деффектісі болғандықтан мазмұнын толық жеткізе алмайды. Жазу сауаттылғы өте төмен. Есте сақтау қабілеті орташа. Сабақ барысында көп ескертулер алады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Ж. М. Имангалиева
Қарағанды облысы, Балқаш қаласы жалпы
білім беретін №5 орта мектебінің
6«Ә» сынып оқушысы Маратқызы Мөлдірге
Мінездеме.
Маратқызы Мөлдірдің диагнозы ПДТ –психологиялық дамуы тежелген.
Мөлдір қазақ тілі мен әдебиеті пән бағдарламасын орташа деңгейде меңгерді. Оқу сауаттылығы жақсы, жазу сауаттылғы орташа. Әдебиеттен өлеңдерді жаттау, мазмұндау қабілеті жақсы. Тапсырған жұмысты жауапкершілікпен орындайды. Сабақта тыныш отырады, жұмыс жасайды, бірақ тез ұмытып қалады. Басқа оқушыларға көмектесіп отырады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Ж. М. Имангалиева

Қарағанды облысы, Балқаш қаласы жалпы
білім беретін №5 орта мектебінің
6 «Ә» сынып оқушысы Тоқболатова Тұрымға
Мінездеме.
Тоқболатова Тұрымның диагнозы -ПДТ –психологиялық дамуы тежелген.
Тұрым оқу бағдарламасын толық меңгермейді. Оқу , жазу сауаттылығы жақсы. Тақырыпты мазмұндау, ауызша тапсырмаларды орындау қабілеті жақсы. Сынып жұмысын жақсы орындағанмен, үй тапсырмаларын толық орындамайды, жалқаулық танытады. Тапсырған жұмысты жауапкершілікпен орындауға ерінеді. Сабақта тыныш отырады, жұмыс жасайды, тек «жақсы» баға алғанды ұнатады, орташа баға алса тез ренжіп, тапсырманы орындамай қоятын әдеті бар.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Ж. М. Имангалиева

Приложенные файлы

  • docx 14802117
    Размер файла: 18 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий