Қағазды бүктеу арқылы құрастырылған бұйымдар


2-сынып
Еңбекке баулу
Сабақ тақырыбы: Қағаз жолақшалардан композиция құрастыру (квиллинг)Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушыларға қағаздан дайындалған бұйымдарды көрсетіп, жасалу жолдарын түсіндіру.Дпмытушылық: Оқушыларға қағаздан квиллинг жасау тәсілдерін үйрету барысында оқушылардың икемділігін, шеберлігін дамыту.Тәрбиелік: Эстетикалық талғаммен ұқыптылыққа тәрбиелеуСабақтың түрі: араласКөрнекіліктер: дайын бұйымдар, нұсқаулық суреттер.Керекті құрал - жабдықтар: түсті қағаздар, қайшы, біз, желім.Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру.2. Үй тапсырмасын тексеру.3. Жаңа сабақ.Мұғалім сөзі:- Оқушылар алдымен біз қайшымен жұмыс жасайтын еңбек қауіпсіздік ережесін еске түсірейік. Сабағымыздың негізгі мақсаты: қағазды бөліктерге бөліп, құрастырып бұйым жасау. Қағазды орап бейнеге айналдыру өнерін – квиллинг деп атайды. Бұл өнер Жапонияда 14-15 ғасырларда пайда болған. Жапондықтар қағазды қолданудың көптеген тәсілдерін ойлап тапқан.Квиллинг өнерін игеру арқылы кез - келген бейнені жасап алуға болады. Мына суреттерге назар аударайық. Қағаздан квиллинг әдісімен түрлі бұйымдар дайындалған: картиналар, букеттер, шыршаға арналған ойыншықтар, қарлар. Бұл бұйымдарды сувенир ретінде мерекелерде сыйға тартуға болады.- Сарамандық жұмыс: гүл жасау.І сызба. Қағазды орау тәсілдер,.ІІ сызба. Құрастыру тәсілдері- Бұл жұмысқа 2-3 түсті қағаз пайдаланылады. Барлығы 9-10 жолақ дайындалады. Енді жасалу ретіне тоқталамыз.1. Қағазды көлденеңнен 1-1,5см жолақтар сызып, оларды қырқып аламыз.2. Жолақтарды біздің көмегімен тығыз етіп ораймыз.3. Оралған дөңгелекті сәл босатып, шетін желімдейміз.4. Алынған оралған қағаздардан пішіндер жасаймыз.5. Соңында оларды бір-біріне құрастырып, желімдеп қоямыз.Сергіту сәті:Мақал - мәтелдердің ұйқасын табу керек.Жұмысты әрі қарай жалғастыру, әр оқушыға жекелеп көмек көрсетіп, жұмыс жасау барысын бақылау.Бекіту сұрақтары:1. Сабақ ұнады ма? Қандай қиындықтар кездесті?2. Квиллинг өнері деніміз не?3. Бұл өнер қай елде пайда болған?4. Қағаздан тағы да қандай бұйымдар жасауға болады?Оқушылардың жұмысын бағалау.Үйге тапсырма: жұмысты аяқтау.

Приложенные файлы

  • docx 14810757
    Размер файла: 21 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий