Filosofia_21-40_c_1201_ra_1179_tar


21 Т. Кунның парадигмалық танымдық теориясын конструктивті- сыни талдау.
 Ғылымды біз әдетте адамның дүние туралы жалпы білім жинауға бағытталған қызметі деп түсінгендіктен, бір қарағанда ғылыми процесте дәстүрге, өткенге қайта оралуға орын жоқ секілді көрінеді. Бірақ тереңдеп тексерсек, дәстүрлер ғылым дамуының және ғалымдардың ізденістік қызметінің негізі. Бұл қағиданы барлық ғылымдарға ортақ деуге болады. Ғылымдағы дәстүрлер проблемасының негізін қалаушы американдық физик-философ Т. Кун. Гарвард университетінде стажировкадан өткен үш жыл ол үшін ғылым тарихын А.Койре, Э.Мейрсон, Е.Мецгер және А.Майердің еңбектеріне сүйене отырып еркін зерттеуге арналған кезең болды. Кейінірек әлеуметтік ғылым өкілдері мен жаратылыстану саласының ғалымдарының арасында ғылыми проблемаларды қою мен оларды шеше білу мәселелері бойынша туындаған көзқарас алшақтығы Т.Кунды ғылымдағы дәстүрлер тақырыбын жан-жақты зерттеуге, ғылым динамикасының парадигмалық концепциясын жасауға итермеледі.
Бұл концепцияның мәні мынада. Ғылымды сипаттау үшін «ғылыми қоғамдастық» және «парадигма» (бұл ұғымды Т. Кун кейінірек «дисциплинарлық матрица» деген ұғыммен ауыстырды) ұғымдарын қолдану керек.
Ғылыми қоғамдастык дегеніміз, Т.Кунның түсінігі бойынша, белгілі бір сала бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатымен парадигмалар немесе осы ізденістердің теориялық алғышарттарын негізге ала отырып біріккен ғалымдар ұжымы.
Т. Кун парадигма ұғымын тандау себептерін түсіндіреді. Әдетте бұл ұғым қабылданған модель, үлгі дегенді білдіреді. Бірақ Т. Кун бұл түсініктер парадигманың анықтамасын толық ашпайды деп есептейді, себебі бұл мағынада парадигма бұрын жасалып біткен жұмыс дегенді білдіреді, сонда ғалымдардың келесі тобы немен айналыспақ? Кунның пікірінше, парадигмаларды жалпы заң ретінде қолданылатын, бірақ сонымен бірге жаңа және қиын жағдайларда одан әрі жетілдірілетін және нақтыланылатын объект деп түсінген дұрыс.
Парадигмаларды қолдану ғылыми ізденісті жеделдетеді, себебі ғылыми мәселелерді шешудің басқа бәсекелес жолдарын қолданғаннан гөрі қабылданған парадигмаларды қолданған қолайлы және нәтижелі.
Парадигма ұғымының элементтерінің анықтамасын Т.Кун толық бермесе де, оларды жалпы түрде төмендегіше сипаттауға болады:
1) математикалық формада жазылған, бастапқы ұғымдар мен заңдарды қамтитын фундаменталдық теориялар;
2) табиғат туралы жалпы философиялық түсініктер және қазіргі ғылымда қабылданған ұғымдар мен олардың жүйесін бейнелеудің логикалық тәсілдері;
3) ғылыми қоғамдастықтың әрбір мүшесі өзіне қойылған ғылыми міндеттерді шешу үшін ұстанатын үлгілер мен эталондар.
Ғылымның жағдайын, Т. Кунның пікірінше, екі кезеңге бөліп қарастыруға болады: ғылымга дейінгі кезең (бұл кезеңде парадигмалар әлі қалыптасып үлгермеген) және ғылыми кезең (ғылыми қоғамдастық парадигаманы құрастырып, қабылдаған кезең).
Ғылыми кезеңдегі ғылымның жағдай екі түрде сипатталады: қалыпты жағдай (оны Т.Кун қалылты ғылым деп атайды) және дағдарысты жағдай. Қалыпты ғылымда ғылыми қоғамдастық белгілі бір парадигманы қабылдайды және оны танымның белгілі бір саласындағы міндеттерді шешу үшін тиімді қолданады. Парадигмаларды зерттеу жас ізденушіні белгілі бір ғылыми қоғамдастықтың мүшесі болуға дайындайды, ол өзі таңдаған, ғылым саласын кезінде нақты үлгілерге сүйеніп зерттеген адамдардың қатарына қосылады және ғылыми практикада олардың дәстүрлі теориялары мен әдістерін қолданғандықтан фундаменталдық принциптерден аса алшақтамайды. Мұндай дәстүрлілік, өзара келісімділік ғылымның қалыпты дамуына ықпал етеді. Жалпы қабылданған парадигмалардың болуы осы ғылым саласының жеткілікті дамығандығының белгісі.
Бірақ парадигмаларға негізделген қалыпты ғылымның бір ерекшелігі – ол үлкен жаңалықтарды ашуға онша бағытталмаған, оның нәтижелері көбіне көп алдын-ала, парадигмалар шеңберінде болжанған. Мұндай жағдайда ғалымның ізденістік қызметінің мәні жоқ болып көрінуі мүмкін. Кунның пайымдауынша, қалыпты ғылым саласында жұмыс жасайтын ғалымның алдына қоятын негізгі мақсаты – «жаңылтпаштарды шешу», немесе, парадигмаларға негізделген теориялық білімді іс жүзіндегі факт-материалдармен рационалды сәйкестендіру. Ғылымның дағдарысты жағдайында ізденіс процесінде қабылданған парадигмалар шеңберіне сыймайтын фактілер пайда болады да, парадигманың тиімділігі күмән туғызады, одан
бас тартып, шындықты мүлдем жаңа көзқарас тұрғысынан түсіндіретін жаңа парадигмалар жасау қажеттілігі туады.
Бұрын қабылданған парадигмадан бас тартуды Т.Кун ғылыми революция деп атайды және, Кунның пікірінше, жаңа парадигманы ғалымдардың жаңа легі психологиялық деңгейде мойындап, мақұлдауы қажет. «Ғылым логикалық емес, психологиялық» дейді Кун. Яғни, парадигманы сыни эксперименттен өткізіп қажеті жоқ, ғалымдардың аға буыны ыдырап, жаңа легі жаңа парадигмамен жұмыс жасап дағдыланса болғаны.
Ғылым динамикасының «кумулятивтік теориясының » авторы, француз ғалымы Пьер Дюгемнін пікірінше, ғылымның дамуы кірпіштен қаланған қабырғаның біртіндеп биіктеуі секілді, бұрын танылған нәрсенің біртіндеп өсуі. Ғалымның жұмысы – осы ғылым ғимаратының, оның
теориясының кірпіштерін іздеп тауып, орнына қалау. Оның бастауын ғылымның бұрынғы тарихынан табуға болады. Дюгемнің осы көзқарастарына жүгінсек, дүниенің ғылыми бейнесі өзгермейді, тек кеңейе түседі, ғылым дамуында түбегейлі теңкеріс дегендер болмаған. Мұндай көзқарастарға қарсы шыққан Кун ғылымның дамуы ескі білімнің үстіне жаңа білімнің қалануы емес, бұрынғы беделді деген, жетекші түсініктердің мүлдем жаңа түсініктермен трансформациялануы, ауыстырылуы, яғни белгілі бір кезендерде болып отыратын ғылыми революциялар деген теорияны ұсынады.
Негізінен алғанда, Т.Кунның теориясын қабылдауға болады. Ғылымның дамуы міндетті түрде өзіне дейінгі дәстүрлерге сүйене отырып дамитындығы күмән тудырмайды.
Дәстүрлер көзге көрінетін (явное) немесе вербальді және көрінбейтін (неявное) немесе вербальдік емес болып бөлінеді, ғылыми таным процесінде өзара орын ауыстырып отырады. Көрінетін білімдерді кейбір ғалымдар басты, орталық білім деп те атайды, бұл білімдер басты назарда болады, негізінен алғанда оқулықтар мен ғылыми монографияларда мәтін (текст) түрінде болады. Т.Кунның парадигмаларын білімнің осы түрінің мысалы ретінде қарастырған дұрыс.
Көрінбейтін білім (философиялық әдебиетте бұл білімді сипаттауға -жасырын», «имплициттік», «перифериялық», «үндемейтін», «менталитет» және тағы басқа терминдер қолданылады) назардан тысқарырақ, көбіне практикалық білім саласында кездеседі. Ғалымдардың әдеттерінде, мінез-құлқында кездеседі, оларды ауызша, вербалды түрде толық жеткізу қиын. Мысалы, белгілі химик-философ Марк Полани химик студенттердің практикалық сабақтарға келіп уақыттарын бөлу ерекшелігін практикалық білімдердің ұстаздан шәкіртке ғылыми дәстүр ретінде берілу деп есептейді. Олар ғалымнан оның ғылыми кадрларына ауызша емес, тек жеке үлгі-өнеге арқылы жетеді, яғни білімнің тұлғалық сипатымен тығыз байланысты.
Көрінбейтін ғылымның бір түрі – ғылыми мектеп, ғалым мен оның шәкірттерінің белгілі бір географиялық мекенде орналасқан қауымдастығы. Ғылыми мектеп шеңберінде ғалымдар арасында тығыз байланыс – араласу орнайды, тәжірибе алмасу, теориялық пікірталас-дискуссиялар үнемі жүріп отырады.
Ғылымның дамуында ғалымның тұлғалық ерекшеліктерінің белгілі бір рөл атқаратынын жоққа шығармасақ та, керінбейтін білімді М.Полани секілді тым әсірелеуге болмайды, бұл білімнің иесі ұжымдық субъект екендігін ұмытпаған дұрыс. Білімді тек жеке білім деп түсіну – қате.
Әрине, тек дәстүрлерге сүйенсек, ғылым дамымай қалар еді. Ғылыми білімнің құрылымында жаңалықтар да ерекше рөл атқарады. Ғылыми субъект парадигма-дәстүрлерді басшылыққа алып қана қоймай, оларды жаңалықтармен үнемі толықтырып отыруы тиіс.
Осы философиялық бағыттың негізін XX ғасырдың 30 – шы жылдары К. Поппер салды. Позитивизммен неопозитивизмнің жасаған ғылым картинасы XX ғасырдың ортасына таман әлсіреп, өзінің күшін жойды.
Қалыптасқан жағдайға жан бітіріп тәуекел еткен ғылымдар философиясының жаңа бағытының өкілдері К. Поппер, Т. Кун, И. Лакатос, П. Фейерабенд және т.б.Олардың арасында да әртүрлі пікірлер бар. Неопозитивизмді ауыстырған “постпозитивизм” ұғымы әртүрлі концепциялардың жиынтығын қамтиды.
Олардың әртүрлілігіне қарамастан, барлығына ортақ идеяларын шамамен төмендегідей қарастыруға болады:
1) ғылымды теориялық тұрғыдан түсіну ғылыми білімнің динамикалық картинасын құрғанда ғана мүмкін;
2) ғылыми білімнің өзінің табиғатынан тұтас, оны бір бірінен тәуелсіз эмпирикалық және теориялық деңгейге бөлуге болмайды, өйткені көрінген эмпирикалық білімнің теориялық “жүгі” бар;
3) философиялық концепциялар (онтологиялық және методологиялық) нақты – ғылыми білімдер тығыз байланыста. Философия ғылымның дамуына шек қоймайды, философиялық ой-пікірлер ғылымның “пәніне” айырылмастай кірген;
4) ғылыми теориялар бір бірінен тәуелсіз, көп жағдайларда оларды салыстыруға болмайды;
5) ғылыми білімдерді өзгертудің мақсаты ақиқатқа жету емес, алдағы “таяу” тұрған мақсаттардың бір екеуін іске асыру; кейбір құбылыстарды жете түсіну, ғылыми проблемалардың көпшілігін шешу; қарапайым және ықшамды теорияларды құру және т.б.
Енді, постпозитивизмнің кейбір белгілі өкілдеріне назарымызды аударайық: К. Поппер – ғылымның философиялық концепциясын жасаушы. Поппер неопозитивизмнің ғылыми сөйлемдерді верификациялау концепциясының сәтсіздігін заңды дейді. Еске сала кетейік, неопозитивизм – көрінген ғылыми теория тәжірибеден алынуы керек деген қағиданы ұстанады.
Ғалымдар жаналықты ашқанда фактіден теорияға өтпейді, керісінше гипотизадан жалқы пайымдауға өтеді, яғни гипотетико-дедуктивті әдісті пайдаланады дейді. Поппер ғылыми принциптерді фактілер арқылы тексере алмайсын. Сынау үшін оған сәйкес келетін фактілерді іздеу емес, керісінше оны жоққа шығаруға талпыну керек.
Сонымен, К. Поппер ғылыми біліммен жалған білімді айырып алу үшін фальсификация принципін ұсынады. Ғылым мен философия, К. Поппердің пікірінше әртүрлі бір – біріне ұқсамайтын құрылымдар. Философиялық тұрғыдан ғылыми ақиқаттылықтың жолы жалған білімдерден әлсін-әлсін тазарып отыру. Оған мысал ретінде Поппер марксизм философиясын алады. Алғашқы кезеңде марксизм концепциясында ғылымилықтың белгісі болған, өйткені оның кейбір қағидаларын жоққа шығаруға болған болар еді. Кейіннен, қайшылықтары айқындала бастағанда, теорияны “құтқару” мақсатында ол қайшылықтарды түсіндірумен айналысып фальсификация принципін бұзды. Сондықтан, К. Поппер марксизмді жалған теория деп есептейді. Философия ғылым емес, өйткені оның пайымдауларын жоққа шығара алмайсын, бірақ оны мағынасыз деп айта алмаймыз. Фальсификация принципі арқылы ғылым мен философияның арасын ажыратамыз. Осы принцип, философиялық білімдер жүйесін керексіз, мағынасыз деп жоққа шығармайды. Философия, К. Поппердің пікірінше ғылыми прогресстің қозғаушы күші.
Осы пайымдаулардың авторының философияны жақтап шыққаны байқалады, басқа позитивистер сияқты оны жоққа шығармайды, бірақ философияның пәні тарылған. Философия ғылым болғысы келсе сынмен айналасуы керек. Философиялық іс-әрекет “сыни рационализм” өкілдерінің пікірінше тек сындарлы әрекет.
Сонымен, К.Поппер ғылымды теориялық деңгейде тұтас жүйе ретінде талдауды ұсынады. Көрінген теория, ғылым статусын сақтағысы келсе, тәжірибе арқылы бекерге, жоққа шығарылуы керек.
Егер теория жоққа шығарылмаса, оны ғылым дей алмаймыз.
Фальсификация принципінде кейіннен сынға ұшырайды.
Теорияны жоққа шығару – оны фальсификацияға ұшырату емес, фактілерді жақсы түсіндіре білетін басқа теориямен ығыстыру. Осы мақсатпен ғылымды эмпириялық және теориялық деңгейде ғана қарастырмай,ғылымилықтың мазмұнды нормаларын беретін метатеориялық деңгейде де қарастыру керек деген ұсыныс болды.
Томас Кун осы ұсынысты ескере отырып философияға жаңа “парадигма” ұғымын кіргізді.
Парадигма - барлық ғылыми қауымдастық қабылдаған ғылыми нәтиже. Оның көмегімен ғылыми проблемаларды қоюға және оны шешудің әдістерін қарастыруға болады. Парадигма ауысқан уақытта, ғылыми нормалар да ауысады. Әртүрлі парадигмалардың аясында қабылданған теорияларды салыстыруға болмайды, өйткені ғылымилықтың әртүрлі стандарттарына негізделген. Парадигма деңгейінде ғылыми біліммен, жалған білімнің арасын ажырататын нормалар қалыптасады.
Кун ғылымның дамуын парадигмалардың ауысуымен байланысты революциялық процесс деп біледі. Ғылым дамуы екі кезеңнен өтеді. Қалыпты кезеңде ғылыми ғылым бір нақты парадигманың аясында дамиды. Осы уақытта эмпириялық фактілер жинақталады және қолданылып жүрген әдістердің көмегімен түсіндіріледі. Уақыт өткен сайын ғылыми қауымдастық қолданылып жүрген әдістермен принциптерге күмәндана бастайды, өйткені жаңа фактілер тұрақтанып қалған ғылыми тұжырымдарға қайшы келетіні байқалады. Осының нәтижесінде жаңа фактілерді түсіндірудің жаңа әдістері қалыптасады. Осыған байланысты ғылыми қауымдастық ескі парадигмадан бас тартып, жаңа парадигмамен санасуы керек. Осы сәтті Т. Кун ғылымның дағдарысы деп атайды. Ғылыми қауымдастықтың көпшілігі жаңа парадигма ғылыми мақсаттарды шешудің дұрыс амалын ұсынады деп сенуі керек.
Дегенменде, сенім ғылыми зерттеудің логикасында жатқан рационалдық негізге сүйенеді. Кейіннен Т. Кун парадигманы дисциплинарлық матрица ұғымымен алмастырды. Дисциплинарлық матрица осы нақты дәуірде басым ғылымилықты анықтайды, сонымен бірге ғалымнан белгілі ойлау тәсілін, мінез-құлқын қажет етеді.
Ғылымның дамуы туралы И.Лакатос ұсынған концепция Т.Кунның позициясына жақын.
Ғылымның дамуы ғылыми-зерттеу бағдарламасының ауысуы арқылы жүреді. И.Лакатос ғылыми-зерттеу бағдарламасын екі кезеңге прогресс және регресс деп бөледі. Ғылыми қауымдастық көбінесе прогрессивті зерттеу бағдарламасын таңдайды, өйткені бағдарлама фактілерді түсіндіріп қана қоймай, белгісіз фактілерді болжауға көмектеседі.
Ғылыми-зерттеу бағдарламасының ауысуын И.Лакатос ғылыми революция деп атайды. И.Лакатостың пікірінше ғылымның даму тарихы осы ауысып отыратын бәсекелес зерттеу бағдарламалардың күресі арқылы толық анықталады. И.Лакатос ғылымның ішкі және сыртқы даму тарихын айырады. Ғылымның ішкі тарихы идеялар мен методологиялардың ауысуы, ал сыртқы тарихы жеке тұлғалармен, ғылымды ұйымдастыру формаларымен байланысты, яғни ғалымдардың іс-әрекетіне тәуелді.
22 Ғылыми танымның диалектикалық принциптерін философиялық талдау.
Ғылыми таным өзгешелегі Кейде ғылыми білім өзге біліми салаларымен салыстырғанда өзінің жоғарғы дәлдігімен ерекшелеледі деп айтылады. Бұл рас болғанымен шешуші рөл атқармайды. Бүгінгі күні техникада ғана емес, қоғамдық басқар жүйесінде де матиматкалық есептеулер,статистикалық мәліметтер, бүге-шүгесіне дейін дәл есептелген оспарлар мен бағдарламалар қолданылады. Дәлділік нақтылыққа қатынастың белгілі бір тәсілі ретінде күделікті өмірге де енді: темір жол және авиация кестелері дәл болып табылады, ол мемлекет қызметкерлеріне де, станоктағы жұмысшыға да, бухгалтер мен дәрігерге де қажет. Ғылыми таным абстрактылы ұғымдармен жұмыс жасаса, көркемдік таным нақтылы тірі адамды бейнелі, көрнекілік тұрғыдан қарастырады деген пікір қалыптасқан. Бұл тұжырым белгілі мөлшерде әділ болғаныменен, ол да ғылыми танным ерекшелігін көрсете алмайды. Бір жағынан, күрделі ғылыми абстракциялар құрастыру мен айналысатын ғылымға көрнекі бейнелерге,  аналогия мен метафораларға жиі жүгінуге тура келсе, екінші жағынан, суретшілер ( сұңғатшылар, мүсіншілер, жазушылар, сазгерлер және т.б.) өз шығармашылқтарында  дәл, логикаық, кіршіксіз ұғымдарға, пікірлермен әдістерге сүйеніп  отрады. Мұны, мысалы, Шостаковичтің бірқатар симвониялары бағдарламаларын музыклық мәтінмен салыстырғанда айқын аңғаруға болады. Дәл, ұғымдарға бейнеленген білімдер  көптеген ірі жазушылардың шығармашылығының негізін құрайды( Пушкин, Толстой, Чехов). Бұл ұғымдық және бейнелік  танымдар  бірін-бірі теріске шығармайтындығын көрсетеді. Олар әр түрлі «дозаларда» ғыыми шығармашылықта да , көркемдік шығармашылықта да  кездеседі. Бұл тұрғыда философ-неопозитивистердің ғылыми білім ерекшелігін  эмперикалығы, яғни білімнің бүкіл мазмұны бақылаулура мен эксперименттерді сипаттау арқылы ғана анықтайтын пікірмен келісуге болмайды. Білім формасы түріндегі және және оның өзге формалардан  артықшылығы, ғылымның теориялық  білімдер жүйесі түрінде өмір сүруінде. Ғылыми білімнің ең жетілге формасы теория болып табылады.
Теория – бұл тәжірибенің , практиканың  немесе бақылаудың қортындылануы деп жиі айтылады. Кез –келген қортынды жекелеген заттармен, жағдайлармен  және үдерістермен бірқатар бақылаулар , эксперименттер мазмұнын құрайтын ортақ жлпылықты ерекшелеп бекітеді.
Бірақ барлық қортынды ғылыми ғылыми теория қалыптастыратындай теориялық бола алмайды.Біз обьективті  әлем заңдары мен ғылым заңдары арсындаы маңызды айырмашылық пен  тәуелділікті анықтай аламыз
Бастапқы көптеген заңдар ғылым заңдары гипотеза (гекше hipothesis—негіз, жорамал) формасында көрінеді. Гипотезалар—бұл толығыменен бекітілмеген, дәлелденбеген , белгілі мөлшерде ғана негізделген  болжамдар, жорамалдар. Екі топқа бөлінеді: айғақты және  теориялық гипотезалар. Алғашқысы жекеленген заттар, жағдайлар мен үдерістер туралы болжамдар мен жорамалдар.  Мысалы, оған Ай беткейінің құрлысын зерттегендегі болжамдарды тексеріп , нақтылы тәжірибелік  зерттеуден алынып, теріс тұжырымдар фальсификацияланады.  Теориялық гипотезаларға   Мендельеевтің химиялық элементтер қасиеттері өзгеріп және мерзімді  түрде  қйталанып отырады деген бастапқы болжамын жатқызуға болады. Осы жорамал негізінде жаңа химиалық элементтер мен олардың қаситттері боланды. Бұл болжамдар дәлелденгеннен кейін гипотезаны ұсыныс ретінде  емес, берік, ғылыми дәлелденген заң ретінде қарастыра бастады. Теориялық гипотезалар бастапқыда қызық әрі фантстикалық болып көрінуі мүмкін. Ф.Энгельс гипотезаны «жратылыстаным дамуының формасы» деп атайды.  
Ғылыми танымның артықшылығы  адамның кезкелген әрекеті қандай да міндеттерді және мәселелерді  шешуді білдірді.
Оның бірі – өндірістік міндеттер—материалдық игіліктерді игеруге бағытталған. Келесілері—саяси міндеттер—саяси мақсаттарға жетуге бағытталған.Қазіргі ғылым қалыптасқанға дейін танымдық міндеттер өте жай және ұзақ уақытта шешілетін еді. Ал бүгінгі күнгі  техникалық дамудың өте жедел қарқыны күннен-күнге ашылп жатқан ғылыми жаңалықтардың үдемелі жылдамдықпен өндіріске еніп жатумен де сипатталады.
Танымның жалпы ғылыми әдістері
Жюль Верннің  атақты «Капитан Гранттың балалары» романы кейіпкерінің бірі геоеграф Жак Паганель бірде  өзінің серіктестеріне құс жұмыртқасын дайындауың жүзге жақын тәсіл  болатынын айтқан еді. Әрине, бір ғана нәтижеге бірнеше, тіпті жүздеген тәсілдермен жетуге болады. Күнделікті өмірде болсын, өнеркәсіп өндірісінде немесе ғылыми эксперимнтте , бір ғана міндетті әр түрлі  жолмен, әрекетермен, операциялармен, рәсімдермен, шешетн жағдайлар жиі  ұшырасады.Оның ішінде жақсы таңдау кейде экономикалық тиімділігімен, ейде техникалық мүмкіндігімен, ал кейде мәндетті түрде аз уқытта шешу қажеттіліктерімен байланысты болды. Бұл жағдайлардың барлығында мамандар не дайын, жинақталғантәжірибеге сүйенеді, не болмаса берілген міндет пен оның шешілу шартына неғұрлым сәикес әрекет тәсілін ойлап табады. Бұл шешімнің барысында, мысалы, берілген  бөлшекті  үлгіге салу әдісі немесе металды кесу  тәсілі арқылы даярлау, руда өндіріуді ашық немесе жабық тәсілмен  жүргізу және т.б. жағдайларда мамандарға  терең философиялық танымға,  методология  мен гнесологияға  жүгінудің  қажеті шамалы. Бұл мақсат үшін нақтылы техникалық білім, тәжірибе жеткілікті. Алайда, өзінің табиғаты   жағынан әмбебап әдістерді қажет ететін және жалпы танымның терең негіздерімен, көбіне ғылыми таныммен байланысты міндеттерде кездеседі.  Мұндай жағдайда сәйкес міндеттерге философиялық және гнесеологиялық талдау жасамауға  болмайды, өйткені таңдалған әдістің танымдық   міндеттерді шешуге жарамдылығы алынған білімнің шынайылығына, жалп ғылыми талаптарға  сәйкестігімен тікелей сипатталады.
Әр түрлі  ғылымдар өздерінің арнайы міндеттерін шешуүшін қолданылатын сан-алуан тәсілдермен өзге ғылыми білімнің  өзін даярлайтын және құрылымын реттейтін  барлыұ ғылымдарға ортақ кейбір ішіндегі ең маңыздыларын қарастырайық.
Абстракциялықтан нақтылыққа көшу әдісі. Әрбір  теорияның негігі тұжырымдары, яғни оның пастулуаттары,  принциптері мен аксиомалары  осылардан туындайтын  бүкіл білімнің іргетасын құрайды. Сондықтан да  бұл тұжырымдарға  енген абстракциаларды фундаментальды (іргелі) деп атайды. Әрбір ғылыми теорияның абыройы түпкі фундаментальдық абстрциялар қаншалықты дұрыс қалыптасқанына, олардың зерттелетін обьектілір арасындағы терең ішкі байланыстарын  қаншалыұты дұрыс бейнелейтініне байланысты. «Абстрактылы» және «нақтылы» деген қарама- қарсы  категориалардың терең  диалектикалық бірлігін анықтай отырып,  К. Маркс былай деп жазады: «Нақтылық – көптеген анықтамалардың  синтезі болғандықтан, «алуантүрлілік тұтастығының» жалғасы болғандықтан ғана нақтылық».Зертеудің тарихы және логикалық әдістері неокантшыл  философтар Риктер мен Виндельбанд және сыншыл роционализм  көсемі Поппер  айтқандай бірін -бірі теріске шығармайды, керіснеше, бірін -бірі  толықтырады. Осылайша дамушы және қызмет етуші жүйелердіі зертеудегі  тұтастықты бекіту үшін және жүйелерді  функционалдық,  тарихи-генетиалық көзқарас  тұрғысынан сипаттайтын  теорияларды  келісімге келтіру үшін негіз қалптасады.
Үлгіліеу әдісі және жүйелік прнципі. Қандай да бір себептер мен тікелей зертеуге көнбейтін әйтеуір бір обьекті зерттеу  қажет деп алайық , сонда үлгілеу үдерісі қолданылады . Мұндай үлгілер көбіне математикалық үлгі болып табылады және өзіне арнайы  бағдарламалар мен қазіргі кезде тез қимылдайтын ЭЕМ –ын қолдануды қажет етеді. Жүйелілік басқарудың басты міндеті  күрделі прототипті  дұрыс қарапайымдандыру мен зерттеуге оңай үлгінің  қарапайым түрін құрастыру екендігін  көрсетеді.  Ол зерттеу барысында ешқандай ақпарат жоғалтпайтындай, оның күрделі жүйелік прототипке қайта өту мүмкіндігінің    міндетті түрде сақталу шартын қанағаттандыруы тиіс. Үлгілеу әдістері үлгі типтері сияқты қазәргә ғылымда өте алуан түрлі. Мұнда жалпы философиялық және методологиялық  мәселе әр түрлі материалдық, белгілік жүйелердің ө зара байланысын терең түсінуге жетуде.Бұл түсініктің негізі қарама қайшылықтың өзара байланысы  мен тұтастығы  алуан түрліліктің  бірлігі философиялық принциптері болып   табылатыны анық.
Танымды жалпы түрде адамның әлемге әлеуметтік тарихи тұрғыдан дамыған қатынасы деп анықтауға болады. Танымның мәні қоғам деңгейіне байланысты. Сондықтан ол тарихи тұрғыдан өзгермелі болады. Танымның теориясы процестің негізгі элементтеріне объектісі және табиғи объектімен сәйкеспейді, қайта адамның субъективтік мүдделерін және мақсаттары көрініс беретін бөлігі болып табылады. Таным сезімдік және рационалдық болып екіге бөлінеді. Танымның сезімдік деңгейі мына формаларға ие – түйсік, қабылдау, елестеу. Ал танымның рационалдық деңгейіне ұғыну, пайымдау, ой қорытындылау жатады. Танымның осы деңгейлері арасында диалектикалық өзара байланыс бар. Таным процесіндегі негізгі мәселе ақиқат болып табылады. Ақиқат өзін абсолютті және салыстырмалы формада көрсетеді. Танымның ғылыми және ғылыми емес деңгейлері (қарапайым, діни, көркемдік) бар.
  Ғылыми таным дегеніміз жүйелік білімдердің негізділігі, ғылымның тілі, ғылыми зерттеулердің әдістері мен құралдары сияқты ерекше белгіге ие танымның түрі болып табылады. Ғылыми танымның әдістері мен формаларын екі түрлі деңгейде қолданады. Олар:
-         эмпирикалық таным әдістері;
-         теориялық таным әдістері.
Кейде ғылыми білім өзге білім салаларымен салыстырғанда өзінің жоғарғы дәлдігімен ерекшеленеді деп айтылады. Бұл рас болғанымен, шешуші роль атқармайды. Дәлді нақтылыққа қатынастық белгілі бір тәсілі ретінде күнделікті өмірге де енеді. Ғылыми таным абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасаса, көркемдік таным нақты тірі адамды бейнелі көрнекілік тұрғыда қарастырады деген пікір қалыптасады. Бұл тұжырым белгілі мөлшерде әділ болғанымен, ол да ғылыми таным ерекшелігін көрсете алмайды.
Бір жағынан күрделі ғылыми таным ерекшелігін көрсете алмайды. Екінші жағынан – бұл білім формасы түріндегі және оның өзге формалардан артықшылығын ғылымның теориялық білімдер жүйесі түрінде өмір сүруінде. Ғылыми білімнің ең жетілген формасы теория болып табылады.
Теория – бұл тәжірибенің, практиканың және бақылаудың қорытындылануы деп жиі айтылады. Осы дұрыс па? Мысалы, суық бөлменің ішінде пешке от жаққанда уақыт өте келе пештің суығанын, ал бөлме ішіндегі ауа қызғанын байқаймыз.
Біз мұны қорытындылай келе:
А) қыздырылған пеш жалыны жеткіліксіз болғандықтан суи бастайды;
В) бөлмедегі ауа мен пештің температурасы бірдей болған жағдайда суыну тоқталады. Бұл білім де қорытындылау нәтижесінде алынғанымен, оны теориялық деп айтуға келмейді. Кез келген қорытынды жекелеген заттармен, жағдайлармен және үрдістермен бірқатар бақылаулар, эксперименттер мазмұнын құрайтын ортақ жалпылықты ерекшелеп бекітеді.
Бірақ барлық қорытынды ғылыми теория қалыптастыратындай теориялық бола алмайды. Оның себебі ғылыми қорытындылар, бақылаулар мен эксперименттердегі ортақ жалпылықтарды ерекшелеп қана қоймай, бірқатар ерекше логикалық тәсілдерді қолдануда да болып шығады.
Бастапқыда көптеген ғылым заңдары гипотеза формасында көрінеді. Гипотезалар – бұл толығымен бекітілмеген, дәлелденбеген, белгілі мөлшерде ғана негізделген болжамдар, жорамалдар. Өзінің логикалық формасында олар әдетте мына пікірлер кейпінде болады. Егер: А және В арасында R қатынасында болса, онда олардың арасында Q қатынасы да болады және т.б. Гипотезалар екі үлкен топқа бөлінеді: алғашқы және теориялық.
Алғашқылары – жекелеген заттар, жағдайлар мен үрдістер туралы болжамдар мен жорамалдар. Екінші топтағы гипотезаларға мысалы, Д.И. Менделеевтің химиялық элементтер қасиеттері өзгеріп және мерзімді түрде қайталанып отырады деген бастапқы болжамын жатқызуға болады. Осы жорамал негізінде жаңа химиялық элементтер мен олардың қасиеттері болжамдалды. Бұл болжамдар дәлелденген соң, гипотезаны ұсыныс ретінде емес, берік ғылыми дәлелденген заң ретінде қарастыра бастады. Теориялық білімдер өз құрамына практикадан дәлелденген, бекітілген, орныққан ғылым заңдарын ғана емес, сонымен қатар объективті шындық ретінде мойындалмаған. Бірақ теріске де шығарылмаған айғақтық және теориялық гипотезаларда да, әр түрлі эмпирикалық түйіндерде де кіргізеді. Олардың арасындағы бұрынғы бекітілген заңдарға қайшы келмейтін және жоғарғы дәрежеде дәлелденген гипотезалар құрамына ене алады. Теория осылайша теориялық білімдердің неғұрлым қатаң және тексерілген бөлігі болып табылады. Логикалық формасы жағынан өзара бір-бірінен белгілі бір логикалық қатынастармен байланысқан пікірлердің жүйесі болып көрінеді. Мұндай қатынастар қатарына ең алдымен эквивалентті және туындамалы немесе логикалық жалғастық қатынастары жатады. Теорияны құрайтын пікірлер күмәнсіз дәлелденген, объективті шынайылығы болуға тиісті. Олар өздерінің шынайылығы мағынасында эквивалентті. Теорияның негізгі маңызы – оны құрайтын пікірлердің бастапқы, түпкі ұсыныстардан таза логикалық немесе математикалық жолмен шығарылатындығы. Мұндай түйін нәтижесінде алынған пікірлер теория салдары деп аталады. Салдарлар өз мазмұны жағынан қарастырылар теорияның заңдары болуымен қатар белгілі бір жағдайдың ахуалдары мен үрдістерді сипаттайтын эмпирикалық тұжырымда болуы мүмкін. Салдардар туындайтын ұсыныстар әдетте теория постулаттары, принциптері және аксеомалары деп аталады. Танымның ерекше түріне әлеуметтік танымды жатқызамыз. Мұндағы ең маңыздысы зерттейтін объектілерге объективті түрде сипаттама беріліп қана қоймай, адамның құнды мәніне де көңіл бөлінеді. Ғылым адамзат қызметінің басқа да салаларымен тығыз байланысты және қазіргі замандағы жалпы адамзаттың мәселелерді шешудегі жетістіктерді анықтайды.
Ғылымдар, ғылыми танымның қандай артықшылықтары бар екенін айқын аңғаруға болады. Адамның кез келген әрекеті қандай да бір міндеттерді және мәселелерді шешуді білдіреді. Қазіргі ғылыми танымның қалыптасуы барысында ғылыми теориялар көмегімен мұндай шешімдердің іске асуы уақыттың ондаған және жүздеген есе қарастыруға мүмкіндік туады. Ол үшін тек ғылыми теория ғана құру қажет. Оған белгілі ережелерге сәйкес салыстырмалы түрде аз уақыт ішінде көптеген берік салдарларды алуға болады. Шындығында теориялар құрудың өзі көптеген орасан зор күш жігерді талап етеді және қоғам үшін қымбатқа түседі. Яғни, ғалымдарды дайындауға, құрал-жабдықтарға, экспериментке орасан зор шығын кетеді. Оның есесіне ең құнды нәрсе уақытты ұтуға болады.
        Бүгінгі күнгі техникалық дамудың өте жедел қарқыны күннен күнге ашылып жатқан ғылыми жаңалықтар үдемелі жылдамдықпен өндіріске еніп жатумен де сипатталады.
23 Детерменизм принципі. Себеп-салдарлық байланыстың түрлеріне сипаттама беріңіз.
 
Дүниедегі сан-қилы заттар мен құбылыстар бір-бірімен байланыста болып, бір-біріне өз әсерін тигізіп, өзара өзгеруде. Алайда, біз Дүниеде ретке келтірілген өзгерістерді, я болмаса тәртібі жоқ тұңғиықты байқаймыз ба? Бүгінгі таңдағы деректерге сүйенсек, Дүниеде бір жағынан өзіндік ұйымдасу, күрделену, тәртіпке келу үрдістері жүріп жатса, екінші жағынан құлағызу, ыдырау, термодинамикалық теңдікке жету өзгерістері де бар.
Детерминизм (determіno,- латын сөзі,-анықтаймын) – Дүниедегі заттар мен құбылыстардың белгілі бір заңдылықтардың негізіндегі байланыстары мен өзара тигізетін ықпалдарының арқасындағы өзгеріске түсуін зерттейтін ілім болып саналады.
Дүниеде бірде-бір басқа заттармен байланысқа түспеген зат, я болмаса, құбылыс жоқ. Ал байланыс дегеніміздің өзі өзара іс-әрекетке әкелетіні де сөзсіз. Олай болса, затты қоршаған басқа заттар мен құбылыстар оған өз әсерін тигізіп, оның өмір сүруінің объективтік факторларын құрайды.
Қайсыбір даму үрдісі уақыттың шеңберінде өткеннен кейін бір заттың орнына екінші зат келеді - әрбір өмірге келген нәрсенің өз себептері бар – Дүниеде себепсіз ешнәрсе жоқ, ең ақырғы күннің сәулесіне шалынған көзге әзер көрінетін шаңның өзінің себебі бар.
Әдебиетте бейсебептіліктің негізінде пайда болатын детерминация болуы мүмкін ,- деген пікір бар (қараңыз: П.В.Алексеев, А.В.Панин. Философия., Проспект, 1998, стр.403). Алайда, мұндай пікірдің бізді мистикалық (құпиялық), иррационалдық (ақылға сыймайтын) бағытқа сілтейтін салдарын да ұмытпағанымыз жөн.
Заттардың өзара әрекеті белгілі бір заңдылықтардың негізінде рет-ретімен іске асады – бұл да детерминацияның ерекшеліктерінің бірі.
Детерминизмге қарсы тұрған бағыт – индетерминизм (іn,- қосымша, лат.,- теріс мағна береді), яғни болмыстың өз себептілігін мойындамайды. Екінші бағыт (Д.Юм, И.Кант) себептілік тек біздің Дүние қабылдауымыздың қасиеті ғана, ал шын өмірде ол жоқ деген пікір айтады.
 
Үшінші бағыт (неокантиандық) табиғатта себептілік болуы мүмкін, бірақ адам ырқы оған көнбейді, өйткені, ол – саналы пәнде, оның еріктілігімен мен жауапкершілігі бар. Жалпы алғанда, рухтың дамуын себептілік арқылы түсіну мүмкін емес- деген ой айтады.
Детерминизм категориясын толыққанды зерттеу – тек қана себептілікті талдаумен тең емес. Сонымен қатар, “заң”, “заңдылық”, “мүмкіндік пен шындық”, қажеттілік пен кездейсоқтық”, “еріктік пен тәуелділік” т.с.с. ұғымдарды пайдаланып қана оны жете түсінуге болады. Енді соған кірісейік.
“Себеп пен салдар” –детерминизм категорияларының негізгілеріне жатады. Себеп деп зат, я болмаса құбылыстардың белгілі бір жағдайлардағы өзара әрекет негізіндегі қажетті түрде өзгеруі, я болмаса, екінші зат, құбылысты тудыруын айтамыз. Салдар деп белгілі бір себептердің негізінде пайда болған зат, я болмаса құбылысты айтамыз. Мысалы, студент пен оқытушының қарым-қатынасының негізінде тек қана студент емес, сонымен қатар, оқытушы да өзгереді. Микроәлемдегі электрон мен позитронның өзара байланысы екеуінің де жоғалып екі фотонға айналуына әкеледі.
Себеп салдарды зат, энергия, информациялық ықпал арқылы іске асырады. Екінші бір ескеретін нәрсе, себеп пен салдар уақыттың шеңберінде болғаннан кейін олар бірбағыттылықтың негізінде жүреді, яғни салдар себептің алдына ешқашанда шығып кете алмайды, соңғы әрқашанда – алда. Сонымен қатар, бір құбылыстың артынан екіншінің келуі – себеп пен салдардың нәтижесінде болмауы да мүмкін. Мысалы, күн мен түннің алмасуы, судың көтерілуі мен кері кетуі, т.с.с. табиғи құбылыстар бір-бірін себептік байланыс арқылы тудырмайды – олардың бір-біріне өтуі жердің айналысы, айдың тартуымен байланысты құбылыстар.
Қоғам өмірінде саналы адамдар іс-әрекет етіп шым-шытырық байланыстарға түскеннен кейін шынайы себеп астыртын түрде іске асып сылтау сияқты көрінуі мүмкін. Ол, әсіресе, халықаралық дипломатияда кеңінен кездесетін нәрсе. Мысалы, АҚШ “халықаралық терроризмге” қарсы күресеміз деп талай рет Ирак мемлекетін бомбалады – ол, әрине, сылтау. Шынайы себеп – сол аймақтағы мұнай байлығында, соған тартыста жатыр. Ал, халықаралық терроризмге келер болсақ, оның терең себептері – кедей елдердегі халықтардың дамыған елдердің дене ләззатына бағытталған “материалдық-сезімдік” құндылықтарына қарсылығы, соған қосылған жұмыссыздық, қайыршылық т.с.с. факторлар.
Себеп пен салдар біртіндік және көптіндік даму жүйелерінде әр-түрлі болуы мүмкін. Біртіндік жүйелер өте сирек, тек қана “жабық жүйелерде” кездеседі. Оны былайша көрсетуге болады: …АБСД… яғни, А себеп ретінде Б-ні, Б - С-ні т.с.с.тудырады. Сонымен, әрбір құбылыс бір жағынан белгілі бір себептің салдары болса, екінші жағынан, келесі салдардың себебіне айналады.
Ал, күрделі де ашық жүйелерге келсек, онда олардың көбі “кері байланыстың” негізінде өмір сүреді. Мысалы, қайсыбір машинаның моторы жұмыс істеген кезде, оның қызуына әкеледі, температура белгілі бір нүктеге жеткен кезде, вентилятор іске қосылып оның қызуын төмендетіп тоқтайды, мотор тағы да қызғанда, айтылған механизм тағы да іске қосылады... Мұндай жүйелер кері байланыстың үлкен рөлін көрсетеді.
24 Абстрактылықтан нақтылыққа өрлеу әдісін философиялық талдау.
ҒЫЛЫМ ЛОГИКАСЫҒылыми танымның логикалық жақтарын зерттейтін философия ғылымының саласы. Ғ. л. жалпы ғылымға, ғыл. танымға тән зандылықтарды зерттейді. Филос. зерттеудің арнайы нысаны ретіндегі Ғ. л. жөнінде 20 ғ-дың 1-ширегінде позитившіл филос. ағым өкілдері (Фре-ге, Рассел мен Витгенштейн) мәселе көтере бастады. 20 ғ-дың 30-жылдары Вена үйірмесіне қатысушылар, сондай-ақ К.Поппер, В.Дубис-лав, Х.Рейхенбах, т.б. ғалымдар философияны формалды логика ретінде түсіндіріп, оның міндеті — ғылымның тіліне талдау жасау деген анықтама ұсынды. Әсіресе, Рейхенбахтын айтуынша, философтың қолынан келетіні — ғылым нөтижелерін талдау, оларға мағына беру және дүрыстығын анықтау ғана. Таным теориясы ғылымды талдау болады. Бұл тұжырым, әрине, философияның өзіндік проблематикасын жоққа шығарады. Бірақ бұдан ғылым логикалық талдаудың нысаны бола алмайды деген қорытынды шықпайды. Формалды логика дайын, қалыптасқан білімді қарастырады; білімнің жалпы ғылымға тән формалдық құрылымын, элементте-рінің байланысын зерттейді. Ғыл. танымды талдап зерттеуге формалды логиканың, дайын аппаратын (индуктивтік жөне дедуктивтік) қолданудың практикалық пайдасы зор. Қазіргі кезде оны пайдаланбайтын ешбір ғылым саласы жоқ. Бірақ оның ғыл. танымды зерттеудегі рөлін тым асыра бағалап, ғылымның бірден-бір логикалық негізі деу үстірттік. Білім жүйесі ретінде ғылымға талдау жасағанда формалды логиканың түрғысынан шешілмейтін басқа да мәселелер ұшырасады. Олар — білімнің ақиқатқа қатысы, оның шығу тегі, шынайылығы, т.б. Мұндай мәселелер танымның логикасы мен теориясы болып саналатьш диалектика тұрғысынан қарағанда ғана толық шешімін табады. Диалектиканың заңдары мен категориялары — адам танымы мен практикасының қорытындысы, жиынтығы. Ол адам ойының ақиқатқа, жаңа ғыл. жетістіктерге жетуіне жол ашьш, реттейтін логикалық пішім — ғыл. ойдың принциптері. Диалектика үшін өзгермейтін дайын білім жоқ; білімді жалпы таным дамуының бір кезеңі ретінде карастыра отырып, оның қалай пайда болатынын, даму заңдылыкгарын айқындап, ғыл.-зерттеу әдістерінің рөлі мен міндеттерін ашып көрсетеді. Яғни формалды логика дайын, қалыптасқан білімді оның түпнұсқалы негізінен айырьш алып қалса, диалект. логика, керісінше, танымның қайнар көзін, даму бағытын, оның түпнүсқасы мен негізін, табиғатын белгілі бір зандылықтар аясында зерттейді. Зерттеліп отыр-ған жүйені жан-жақты, теория жүзінде нақтылы бейнелеу үшін бүтін жүйенің бастапқы негізін зерттеп білу керек. Бұл бастапқы негіз жүйенің басқадай қырларын, анықтамаларын мүмкіндік түрінде де, дамыған түріндде бойына сіңіреді. Бірақ ғылым бір жақты, абстрактылы түсінікпен канағаттанып қалмайды. Ұғынудың біржақтылығынан, жартыкештігінен әрі өту үшін әлгі санның ішкі қайшылықтары қалыптаса дамуының басты басты кезеңдері, өмір сүру; пішімдері ғылымның жаңа нақтылы ұғымдарымен бейнеленуі кажет. Ойлаудың бұл диалект. даму жолы абстрактылықтан нақтылыққа қарай өрлеу әдісі деп аталады. Бұл әдіс өзінің логикалық қүрылымы жағынан өте күрделі Мұнда теория мен эмпирия тарих пен логика, индукцш мен дедукция, анализ бен синтез тоғысып жатады. Сонымен, Р. л. — өз аддына ғылым саласы немесе ерекше логикалық жүйе емес, ол ғылым сияқты күрделі нысан жайындағы білімдердің жиынтығы.
ҒЫЛЫМ ЛОГИКАСЫҒылыми танымның логикалық жақтарын зерттейтін философия ғылымының саласы. Ғ. л. жалпы ғылымға, ғыл. танымға тән зандылықтарды зерттейді. Филос. зерттеудің арнайы нысаны ретіндегі Ғ. л. жөнінде 20 ғ-дың 1-ширегінде позитившіл филос. ағым өкілдері (Фре-ге, Рассел мен Витгенштейн) мәселе көтере бастады. 20 ғ-дың 30-жылдары Вена үйірмесіне қатысушылар, сондай-ақ К.Поппер, В.Дубис-лав, Х.Рейхенбах, т.б. ғалымдар философияны формалды логика ретінде түсіндіріп, оның міндеті — ғылымның тіліне талдау жасау деген анықтама ұсынды. Әсіресе, Рейхенбахтын айтуынша, философтың қолынан келетіні — ғылым нөтижелерін талдау, оларға мағына беру және дүрыстығын анықтау ғана. Таным теориясы ғылымды талдау болады. Бұл тұжырым, әрине, философияның өзіндік проблематикасын жоққа шығарады. Бірақ бұдан ғылым логикалық талдаудың нысаны бола алмайды деген қорытынды шықпайды. Формалды логика дайын, қалыптасқан білімді қарастырады; білімнің жалпы ғылымға тән формалдық құрылымын, элементте-рінің байланысын зерттейді. Ғыл. танымды талдап зерттеуге формалды логиканың, дайын аппаратын (индуктивтік жөне дедуктивтік) қолданудың практикалық пайдасы зор. Қазіргі кезде оны пайдаланбайтын ешбір ғылым саласы жоқ. Бірақ оның ғыл. танымды зерттеудегі рөлін тым асыра бағалап, ғылымның бірден-бір логикалық негізі деу үстірттік. Білім жүйесі ретінде ғылымға талдау жасағанда формалды логиканың түрғысынан шешілмейтін басқа да мәселелер ұшырасады. Олар — білімнің ақиқатқа қатысы, оның шығу тегі, шынайылығы, т.б. Мұндай мәселелер танымның логикасы мен теориясы болып саналатьш диалектика тұрғысынан қарағанда ғана толық шешімін табады. Диалектиканың заңдары мен категориялары — адам танымы мен практикасының қорытындысы, жиынтығы. Ол адам ойының ақиқатқа, жаңа ғыл. жетістіктерге жетуіне жол ашьш, реттейтін логикалық пішім — ғыл. ойдың принциптері. Диалектика үшін өзгермейтін дайын білім жоқ; білімді жалпы таным дамуының бір кезеңі ретінде карастыра отырып, оның қалай пайда болатынын, даму заңдылыкгарын айқындап, ғыл.-зерттеу әдістерінің рөлі мен міндеттерін ашып көрсетеді. Яғни формалды логика дайын, қалыптасқан білімді оның түпнұсқалы негізінен айырьш алып қалса, диалект. логика, керісінше, танымның қайнар көзін, даму бағытын, оның түпнүсқасы мен негізін, табиғатын белгілі бір зандылықтар аясында зерттейді. Зерттеліп отыр-ған жүйені жан-жақты, теория жүзінде нақтылы бейнелеу үшін бүтін жүйенің бастапқы негізін зерттеп білу керек. Бұл бастапқы негіз жүйенің басқадай қырларын, анықтамаларын мүмкіндік түрінде де, дамыған түріндде бойына сіңіреді. Бірақ ғылым бір жақты, абстрактылы түсінікпен канағаттанып қалмайды. Ұғынудың біржақтылығынан, жартыкештігінен әрі өту үшін әлгі санның ішкі қайшылықтары қалыптаса дамуының басты басты кезеңдері, өмір сүру; пішімдері ғылымның жаңа нақтылы ұғымдарымен бейнеленуі кажет. Ойлаудың бұл диалект. даму жолы абстрактылықтан нақтылыққа қарай өрлеу әдісі деп аталады. Бұл әдіс өзінің логикалық қүрылымы жағынан өте күрделі Мұнда теория мен эмпирия тарих пен логика, индукцш мен дедукция, анализ бен синтез тоғысып жатады. Сонымен, Р. л. — өз аддына ғылым саласы немесе ерекше логикалық жүйе емес, ол ғылым сияқты күрделі нысан жайындағы білімдердің жиынтығы.
25 Эволюцияның синергетикалық парадигмасының ерекшелігін көрсетіңіз.
Синергетика – әр түрлі салалардағы көпнұсқалы (сызықтық емес) күрделі жүйелердегі өзіндік ұйымдасу заңдылықтарын қарастыратын жаңа пәнаралық ғылыми бағыт. Ол жүйенің жеке ерекшеліктерін ескерместен, жалпы үлгілер негізінде оның дамуының ортақ механизмдерін ашып көрсетеді. Қазіргі кезде синергетика әу баста пайда болған жаратылыстану саласында ғана емес, әлеуметтану, философия, психология сияқты гуманитарлық салаларда да жиі қолданылады. Синергетикалық көзқарас көп нұсқалы, ықтималдығы мол, өздігінен ұйымдасатын дүниені бейнелейтін, жаңаша ойлау стилінің қалыптасуының негізі болып танылады.
Синергетика жоғары білім беру жүйесінде ғана емес, жалпы орта білім беру және біліктілік арттыру жүйесінде де үлкен маңызға ие болып отыр.
Жалпы орта білім беру жүйесінде ол адам мәдениетінің ажырамас екі бөлігі – жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың біріктіру арқылы оқушылардың дүниеге біртұтас көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді. Екінші жағынан жаратылыстану пәндерін аналитика-синтетикалық амалдан гөрі эволюциялық-синергетикалық амал арқылы оқытуға мүмкіндік береді.
Ал біліктілік арттыру жүйесіндегі синергетика ең алдымен әр түрлі шектеулі ақпараттардан бүтін жүйе құрастыруға тырысудан ақпараттарды контекстік қабылдау арқылы дүниеге біртұтас көзқарас қалыптастыруға көшу керектігін түсінуден басталады.
Келесі қадам білім сатысы оқуларын үш құрамдас бөліктен тұратын технология арқылы ұйымдастыру болып табылады: а)теориялық мазмұндағы дәрістер; ә)лабораториялық  немесе практикалық жұмыстар; б)кіріспе және жалпылаушы семинарлар.
Біліктілік арттыру жүйесінің алдында тұрған негізгі міндет андрогогика ұстанымдарын, соның ішінде біліктілік арттыруға әрекеттік тұрғыдан келуді басшылыққа ала отырып, әдіскерлер мен дәріскерлердің басты қызметін фасилитаторлыққа айналдыра отырып, білім сатысы оқуларын синергетикалық тұрғыдан ұйымдастыру болып табылады.
Біліктілік арттыру жүйесіндегі синергетика екі жақты роль атқарады: бір жағынан оқыту үрдісінің әдіснамалық негізін құраса, синергетикалық білімдер оқыту үрдісінің мазмұндық жағын қамтамасыз етеді. Демек дәрістер мен семинарларда, практикумдар барасында синергетикалық білімдерді беру мен қалыптастыру жүзеге асарылып қана қоймай, сонымен бірге синергетика интерактивті үрдіс ретінде тыңдаушылармен бірге дәріскердің де ынталылығын арттыратын оқыту үрдісінің әдістемесін де құрайды. Тыңдаушылар қойылған міндеттер мен талқыланатын өзекті мәселелерді түсінуге, өздігінен шешім іздеуге, қорытынды жасауға, жалпылауға ұмтылады. Бұл кезде оларда педагогикалық жүйе туралы қалыптасып, хаостан реттілікке өте отырып, жүйелі қызмет өрісі пайда болады, танымдық және шығармашылық қабілеттері артады. Мұның бәрі дәріскердің негізгі функциясы өзгеріске ұшырауы қажеттігін көрсетеді.
Синергетика теориясы
Келісіп пішкен тон келте болмас.
Халық мақалы.
Қазіргі ғылыми зерттеулердің жаңа бағыты синергетика – оны құраушылардың табиғи қасиеттеріне қарамастан, кез келген күрделі жүйелердің өзін-өзі ұйымдастыруы мен эволюциялық дамуын қарастырады.
Синергетиканың пәнаралық, салааралық маңызы зор. Синергетиканың салааралық маңызы оның белгілі бір пәндер ауқымынан шығып, мета-деңгейде жүзеге асуымен сипатталса, пәнаралық маңызы бір пәннің ғылыми зерттеу әдістерінің екінші бір салада қолданылуымен түсіндіріледі. Бірінші мәселеге қазіргі кезде жиі айтылып жатқан, мұғалім мен оқушының құзырлылығын арттыруды жатқызуға болады.
Синергетиканың негізгі функцияларының бірі – оның синтетикалық (жинақтаушылық) мәні. Оның бастысы – ғылымның гуманитарлық және  жаратылыстанушылық бағыттарын қосуға бастайтындығы. 
Бірақ ол табиғат және адами мәдениет арасын байланыстырумен шектелмейді, оның жаңа жинақтаушылық (синтездеуші) қырлары мынадай:
-         дүниетанымның батыстық (талдаушылық) және шығыстық (синтездік) түрлерін біріктіру.
-         Ғылымның қатаң негіздері мен оның қолданбалы бағыттарын кіріктіру.
-         Ғылымның нормативтік және дискриптивтік қырларын, яғни ақпараттың бүтіндігі мен оның адам белсенділігі үшін құндылығын біріктіру.
-         Күрделілік пен хаос туралы ғылым мен мәдениет пен өнер туралы көзқарастарды қосу.
Синергетиканың негізгі функцияларының тағы бірі – оның әдіснамалық және эвристикалық қызметі, яғни зерттеу стратегиясы ретінде қарастырылуы. Синергетика жаңа ғылыми проблемаларды шешуге бағытталғандықтан, зерттеу-ізденіс қызметінің негізгі әдісіне айналады. Егер күрделі жүйелердің жалпы заңдылықтары айқындалса, оның құрылымдалуы мен дамуы туралы болжамдар жасауға болады. Демек математикалық әдістерді пайдалану мүмкіндігі жоқ жерде синергетиканы сапалық негіз ретінде қолдануға болады.
Білім беру мен біліктілік арттыру жүйесіндегі синергетика үш жақты қарастырылады: 1)синергетика білім беру саласы үшін; 2)білім берудегі синергетика; 3)білім беру синергетикасы.
Синергетиканың білім беру саласыны ықпалы арнайы және бейімдеу курстарында, қайта даярлау негізінде екінші мамандық алудағы біртұтас дүниетанымға бағытталған интегративтік оқытуда байқалады. Білім берудегі синергетика әр түрлі білім салаларында жаңаның пайда болуы, қалыптасуы және дамуы зерттелгенде ғылым мен мәдениеттің ұштасуы түрінде көрінеді. Білім беру синергетикасы тұлға мен оның білімінің қалыптасуы мен дамуы барысында білім беру үрдісінде анық байқалады.
Тәжірибелі ұстаздардағы педагогикалық шеберліктің жоғарылығы мен жаңашылдардың авторлық әдістемелері білім беру синергетикасының нақты дәлелі болып табылады. Біліктілік арттыру жүйесіндегі, оның ішінде әдістемелік қызметтегі қазіргі кездегі басты мақсат – ортақ әдістеме жасау емес, әркімнің өзіндік оқыту стилі мен әдістемесін қалыптастыру.
Біліктілік арттыруды синергетикалық тұрғыдан басқару
Қазіргі кезде өздігінен ұйымдасу феномені ретінде синергетикалық көзқарас қалыптастыру басты назарда тұр. Синергетикалық басқарудың негізгі ұстанымдары ащықтық, толықтырымдылық және субъектілік болып табылады.
Өздігінен ұйымдасатын дүниетанымның негізгі сипаттамасы – субъектілік, яғни өзі тудырған тұлғалық мән-мағына болмақ. Субъектіліктің педагогикалық құндылығы ҚР “Білім туралы” Заңында, 12 жылдық жалпы білім беру тұжырымдамасында нақты айтылған. Демек дүниетанымдық көзқарас білімдік құндылық ретінде синергетикалық тұрғыдан қарастырылған кезде ғана өзекті бола түседі.
Тұлғаға бағытталған білім беру, өзінің мәні жағынан алғанда, синергетикалық құбылыс болып табылады. Бұл феноменнің ортасында жай механикалық тұрғыдан емес, адами тұрғыдан қарастырылатын өздігінен ұйымдасып, дамитын тұлға тұрады.
Педагогикалық зерттеу нәтижелері мұғалімнің негізгі күш-жігері тұлғаның дүниетанымының өзіндік ұйымдасуының ішкі көздерінің ақыл-ой белсенділігін арттыруды ұйымдастыруға бағытталуы керектігін дәлелдеп отыр. Сол сияқты біліктілік арттыру барысында да әдіскерлер мен дәріскерлердің басты назары тыңдаушының танымдық белсенділігін арттыруға бағытталуы керектігі айдан анық. Мұның бәрі берлескен әрекет негізінде ғана жүзеге асары даусыз.
Қорытынды
Адамның өмір мен өзгелерді түсінуі
 оның өзін-өзі түсінуінен басталады.
Р.Декарт.
Өзгермелі қоғамда өмір сүретін азаматтарды өмірге дайындауға тікелей міндетті мұғалімдер қауымы анықталмағандық жағдайында жұмыс жасап, өзінің негізгі проблемаларын өзі айқындап, өзі шеше алуы үшін білім сатысы оқуларын тек интерактивті оқыту әдістері арқылы тыңдаушылар белсенділігін арттыру негізінде ұйымдастыру жеткіліксіз болып табылады. Сонымен бірге олардың рефлексиялық мәдениетін қалыптастыруға ұмтылу керек. Өйткені, өзінің ой-пікірі мен іс-әрекетіне өзі талдау жасап, өзі баға бере алмаған педагог ешқашан кәсіби тұрғыдан өсуі мүмкін емес.
Білім сатысы оқуларының тиімділігімен бірге өнімділігін арттыру үшін оларды іскерлік ойындар арқылы, соның ішінде ұйымдастырушылық-әрекеттік ойындар арқылы ұйымдастыру өте қажет. Бұл біліктілік арттыру үрдісінің нәтижелілігін қамтамасыз етіп, тыңдаушыларда жобалау икемділіктерін қалыптастырады. Сонымен бірге тыңдаушыларды белгілі бір бифуркациялық құрылымды таңдату арқылы аттрактор жағдайына жеткізуге мүмкіндік береді. Пайда болған диссипативті жүйелер жаңа сапалық функцияларға ие болып, жаңа мүмкіндіктерді іске асыруға жағдай жасайды.
Әлеуметтік жүйедегі синергетикалық ұғымдар
Түсіну ғылыми ұғымдар қақпасы арқылы өтеді.
В.Занков.
Аттрактор – жүйенің, оған жеткен соң қайтадан бұрынғы жағдайына қайта келе алмайтын, шектік жағдайы. Мұны әлеуметтік жүйенің жаңа сапалық күйге көшуі ретінде түсіндіруге болады. Мысалы, білім беру субъектілерінің өз қызметінің нәтижелеріне қанағаттанбауы оны шығармашылық ізденіске талпындырып, нәтижесінде олардың педагогикалық мәдениеті мен кәсіби мүмкіндіктері жаңа сапалық деңгейге көтеріледі.
Бифуркация – ашық сызықтық емес жүйенің даму эволюциясы жолдарының тармақталуы. Әлеуметтік саладағы бифуркация – ескі сапаның белгілі бір жаңа сапалардың шексіз жиынтығына тармақталуы. Бұл білім беру мекемелері мен педагогтардың өзін-өзі ұйымдастыру үрдісіне стохастикалық (әр мағыналы) сипат береді.
Детектор – тезаурус ішінен белгілі бір бифуркациялық құрылымды таңдап алу арқылы оны мүмкін жағдайдан нақты жағдайға айналдыру. Мұны педагогикалық технологияларды таңдаудағы түйінді мәселелер арқылы түсіндіруге болады.
Диссипативтік құрылым – жүйеде оны тепе-теңдіктен шығарып жібергенде пайда болатын жаңа құрылым (И.Р.Пригожин). Диссипативтік жүйе – қозғалыс барысында толық энергиясы кеми отырып, басқа энергияға айналатын механикалық жүйелер. Ал әлеуметтік салада бұған мысал ретінде жүйенің сыртқы ретсіздікті күшейте отырып, ішкі реттілігін сақтап қалуға ұмтылысын айтуға болады.
Келісім қағидасы – адамның немесе әлеуметтік жүйенің өзара қарым-қатынас пен диалог негізінде қалыптасуы. Француз ғалымдарының айтуынша, өзгенің білімімен шыңдалмаған білім – білім емес.
Қалыптасу қағидасы – негізгі форманың тыныштық пен жетілгендік емес, керісінше қозғалыс пен жетілмегендік екендігі. Қалыптасу өзінің екі қарама-қарсы шектік нүктесі арқылы айқындалады: хаос – күрделілік пен кездейсоқтықтың және бұзылу мен түзілудің негізі, реттілік – қарапайымдылық пен қажеттіліктің және сұлулық пен үйлесімділіктің негізі.
Синергетика – грек тілінен аударғанда бірлескен әрекет энергиясы, синергия – бірлескен әрекет. Әлеуметтік салада синергетика қоғамның негізі ретінде адам өмірінің барлық саласындағы бірлесе еңбек ету түрінде қарастырылады.
26 Қозғалыс, оның қасиеттері және негізгі формаларын талдаңыз.
Қозғалыс-материяның ең маңызды, жалпыға ортақ атрибуты, оның өмiр сурү тәсiлi. Дүниеде қозғалыссыз материяның болмайтыны сияқты, материясыз қозғалыстың болуы да мүмкiн емес.
Егер қозғалыс болса, ол “бiрдеменiң” қозғалысы, “ештененiң” қозғалысы емес, қозғалыс “өзiнен өзi” болмайды. Кеңее беретiн Ғаламда планеталар әр түрлi жақтарға “екпiндейдi”, оларды (спутниктар) серiктер айналып жүредi, (кометалар) құйрықты жұлдыздар мен метеориттер жан-жаққа зымырайды, шексiз ғарышта әр түрлi толқындар сейiледi. Органикалық жүйелер де уздiксiз қозғалыста болады: зат алмасу, информация алмасу, ұрықтау және көбейю, қарапайым физиологиялық және күрделi биологиялық өзгерiстер өтiп жатады. Әлеуметтiк жүйе де өзгерiстерге ұшырайды, мұнда ең бiрiншiдең адамның өзгерiстерi және онто- және филогенез процесстерiндегiадамзат өзгерiстерi.
Сансыз көп түрлi заттардың, құбылыстар мен процесстердiң өзара байланысы нәтижесiнде болмыстың бiртұтастығы, тұрақтылығы қамтамасыз етiледi.     Сонымен, дүниеде бәрi де, бiрденеге ұмтылып, өзгерiп, болмыссыздыққа өтедi.
Қозғалыс дегенiмiз-кез гелген өзара әсер, өзара байланыс, кез келген өзгерiс. Материя өзiн тек қозғалыс арқылы бiлдiрiп, бiздiң санамызға, түйсiк-сезiмдерiмiзге әсер ете алады.
Қозғалыс- материяның өмiр сүру тәсiлi, сондықтан ол да материя сияқты мәңгi, жасанды емес және жойылмайды, сытқы себептер арқылы тумайды, тек бiр формадаң басқасына ауысып отырады, өзi-өзiнiң себебi бола отырып.
Пiкiр: Бәрi де өзгередi, бәрiде ағады.  Гераклид
Қозғалыс- үздiксiз орын ауыстыру болып табылады. Т.Гоббс
Әр күн бiр жаңалық тудыратыны, қандай ғажап. Г.Рейхенбах
Сонымен, қозғалыс жалпыға бiрдей және абсолюттi болып келедi. Әр нәрсе бiзге тыныштықта болып көрiнетiн, негiзiнде қозғалыста болады (Жер әр тәулiк бойынша өз осiнен толып бiр айналым жасап отырады, сонымен бiрге жер бетiнде бардың бәрi де қозғалады). Егер қозғалыс абсолюттi болып келсе, оған қарсы- тыныштық салыстырмалы, өткiншi б.т. Тыныштық қозғалыстан бөлек те, бiрге де емес, ол- бар болғаны қозғалыстың бiр сәттiк тұрақтылығы. (жердегi денелер, процесстер мен құбылыстар, әрине, онымен бiрге қозғалып отырады, бiрақ олар Жерге қатысында тыныштық қалпында; адам тыныш, қозғалмай отыр дегеннiң өзiнде оның ой жүйесi жұмыс iстеп тұрады, тыныс алуы, қан айналуы, жүрек соғуы тынымсыз). Сондықтан да қозғалыс абсолюттi, ал тыныштық өзi де- қозғалыс, оның бiр сәттiк тепе-теңдiгi. Тыныштық- бiр жағдайда, бiр қатынаста ғана тыныштық, басқа қатынастардың бәрiнде ол да қозғалыс.
Мәселе шешу: Немiстiң белгiлi жаратылыстанушы ғалымы Освальд энергетизм ф-ң негiзiн қалады. Мұнда, ол қозғалысты материядан бөлiп алып қарауға, материяны энергияға айналып кетедi, ал энергия болса материя емес, ендеше материя ғайып болады дегендi дәлелдеуге тырысты.
   Осы заманғы кейбiр энгертизм ф-н  қуаттағысы келетiн ғалымдар да Е=мс формуласын өздерiнше түсiндiргiлерi келедi. Олардың пiкiрiнше, жарықтың жылдамдығы тұрақты коэфицент болғандықтан, бұл формула материя мен энергияның өзара баламалылығын бiлдiредi. Немесе олар электрон мен протонның фотонға айналуын (е +е >Ф) да материяның жойылып, ғайып болуы деп есептейдi.
Олар, қандай методологиялық қате жiберiп отыр?
Жауап: 1) энергия материядан бөлек, одан тыс болмайтын нәрсе, ол материяның қасиетi, қозғалыстың сан өлшемiн бiлдiредi. Материя бар жерде қозғалыс та бар, ендеше энергия да бар. 2) бөлшектердiң фотонға ауысуы бар болғаны материяның бiр қалпынан, яғни заттық қалпынан- екiншi, өрiстiк қалпына өзгеруiн көрсетедi.
Материяның өмiр сүруiнiң көптеген қалыптары мен түрлерi, оның жүйе есебiнде ұйымдасуының әр түрлi материалдық деңгейлерiне сәйкес қозғалыстың да сапалық көп түрi болады (Энгельс).
Қозғалыстың формалары өзара тығыз әрi күрделi байланыста болады. Физикалық қозғалыс өз құрамында механикалық қозғалысты, химиялық қозғалыс- механикалық және физикалық қозғалысты қамтиды. Ең жоғары әлеуметтiк қозғалыстың құрамында алдынғы формалардың бәрi өз бейнесiн табады.
Бiрақ мұнда, материяның жоғары формаларың материяның төменгi нысандарының заңдылықтарымен түсiндiруге болмайды, бәрiнде бiрiктiруге болмайды- “қосылмас ұстанымы” әдiсiң қолдану қажет. Мысалы, биологиялықты химиялық арқылы; әлеуметтiктi- биологиялық арқылы, немесе электронды есептеу машинаны адам миымен. Мұндай жоғарыны төменгiге теңестiру редукционизм деп аталады. (редукция-қарапайымдану).
Сондай-ақ ғылымның дамуы, адам практикасының жемiсi материяның ұйымдасып, жүйеленуiнiң жаңа сапалық түрлерiн аша беретiнi сөзсiз. Қазырғы заманда – геологиялық, информациялық және ғарыштық формалары жайында болжам жасалды. Бiрақ бұл гипотезалар әлi,  теориялық және эмпирикалық деңгейде дәлелденген жоқ.
27 Психология ғылымының философиялық мәселелерінің ерекшелігінің көрсетіңіз.
психология дегеніміз - психиканың айғақтарын, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін ғылым. Психология алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің көпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму үстінде. Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып - үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады. Соңғы онжылдық көлемінде психологиялық зерттеулер шеңбері айтарлықтай кеңіп, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды. Психологиялық мәліметтердің басқа ғылымдарда қолданылуы және, керісінше, психология олардың нәтижелерін қаншалықты шамада қолдануға құзырлы екені, психологияның ғылымдар жүйесінде алатын орнына байланысты болады. Қандай да бір тарихи кезеңдегі ғылымдар жүйесіндегі психологияның алатын орны психологиялық білімдердің даму деңгейін өзінің жіктеу үлгісінің жалпы философиялық бағытын айқын көрсетті. Қоғамның рухани дамуының тарихындағы білімнің ешбір саласы, ғылымдар жүйесіндегі орнын, психология сияқты өзгерткен емес.
Психологияның жалпы ғылыми білімдер жүйесіндегі негізгі қызметінің мағынасы мынада: ғылыми білімнің басқа аумақтарындағы нәтижелерін белгілі бір қатынаста талдай отырып, Б. Ф. Ломовтың айтуы бойынша зерттеуінің объектісі адам болатын, барлық ғылыми пәндердің интеграторы болып саналады. Белгілі психолог Б. Г. Ананьев психология адам туралы мәліметтерді нақты-ғылыми білім деңгейінде талдауға ыңғайлы екенін көрсете отырып, бұл мәселені толығымен өңдеді.
Қандай күрделі болса да барлық психикалық құбылыстардың материалдық негізінің қызметін бас миы қабыршығындағы уақытша байланыстар жүйесі атқарады. Осы байланыстардың қалыптасуы және қызмет жасауы салдарынан психикалық құбылыстар адамның іс-әрекетіне ықпал етуі мүмкін - оның қылықтарын реттеп, бағыттайды, адамның объективтік шындықты қабылдауына ықпалын тигізеді.
Психология пәнін түсінудегі дағдарыстардың себебі болып аталған теорияларды қалыптастырған философияның әдістемелік ұстанымдары саналады. Осылайша сана психологиясы тұрмыс пен сана арасындағы, объективтік пен субъективтік арасындағы қатынастардың негізгі мәселелерін идеализм принципі тұрғысынан шешті. Бихевиористер бұл проблемаларды вульгарлық материализм принципі тұрғысынан шешті. Олар үшін материалдық пен психикалық арасында айырмашылық болмады. Осылай, жалған бастапқы философиялық принциптер психология пәнін айқындауға жол бермеді.  Осы тығырықтан диалектикалық материализм философиясы шығарды. Диалектикалық материализм барлық тіршіліктің бір ғана көзін - материяны мойындайды, ал психиканы, ойлауды, сананы материядан туындайтын, екінші ретінде қарастырады. Осылайша, философиялық материализм монистикалық ілім, материалистік монизм (грек тілінен: "монос" - жалғыз) болып табылады. Ол ғылым мен тәжірибенің мәліметтеріне сүйене отырып, олардың дамуына байланысты өзінің қорытындыларын анықтай түседі және тереңдетеді.  Диалектикалық материализм көзқарасы бойынша материя бірінші болып саналады; психика, сана - бұл екінші, объективтік шындықтың мида бейнеленуі. Бұлайша материалдылылық (шынайы заттар мен құбылыстар) пен идеалдылылық (олардың сезімдер, ойлар және басқалар түрінде бейнеленуі) өзара қарама-қайшы болады. Егер ақиқаттың мидағы бейнеленуінің физиологиялық механизмін қарастырсақ, онда сезімдер, ойлар, түйсінулер және т.б. мидың -материалдық мүшенің - қызметі, сыртқы тітіркену қуатының сана айғағына айналуының нәтижесі болғандықтан, идеалдылылық пен материалдылылық айырмашылығы абсолюттік сипатта емес,салыстырмалы сипатта болады. Психика мен сана ми қызметінен бөлінбейді және де басқа ешқандай амалмен білінуі мүмкін емес.  Психиканы, сананы және материяны осылайша түсіну дүниенің материалдылығы туралы диалектикалық материализмнің бастапқы бабымен тұтастай келіседі. Дүниеде мәңгілік қозғалыста болатын және әр түрлі қасиеттері бар мәңгілік материядан басқа ешқандай бастау жоқ. Сонымен қатар, материя қозғалысы дегеніміз тек орын ауыстыру ғана емес, оның кез келген өзгеріске ұшырауы. Бұған материяның дамуы да, оның жаңа қасиеттерінің пайда болуы да жатады.  Материяның дамуы дегеніміз - оның төменгі түрлерінен жоғары түрлеріне өтуі, материя қозғалысының төменгі түрінен жоғары түріне өтуі. Алғашқыда тек қана органикалықсыз материя, өлі табиғат болды. Материяның белгілі бір даму сатысында, оның ұзақ та көп жылғы эволюциясының нәтижесінде органикалық материя пайда болды, материя қозғалысының жаңа түрі, оның жаңа қасиеті - өмір пайда болды. Материя дамуының үрдісінде өсімдіктер, жануарлар және ақырында адам өзінің санасымен - материяның ең жоғары туындысымен пайда болды.  Кеңес психологиясына сүйенетін, диалектикалық материализм дәрежелерінің жүйесіндегі бейнелеу дәрежесі негізгі мағынаға ие болады. Дәл осы дәреже арқылы психиканың неғұрлым жалпы және маңызды сипаттамасы айқындалады: психикалық құбылыстар объективтік шындықтың әр түрлі формалар мен субъективтік деңгейлер түрінде бейнелеу ретінде қарастырылады. Психологиядағы бейнелеу теориясы тұжырымдамалар, түсініктемелер, фактілер лабиринтінде жол табуға, психология ғылымының пәнін анықтауға, зерттеудің әдістерін жасауға мүмкіндік беретін жалпы әдістемелік бағытының рөлін атқарады. Органикалық материяның қасиеті ретіндегі психиканың сапалық ерекшелігін не құрайды?  Материя тұтасымен бейнелеу қасиетіне ие. Психика мидың қызметі, материяның қасиеті бола тұра, бейнелеудің ерекше түрі ретінде, психиканың дамуының шарты ретінде білінеді. Бейнелеудің арнайы түрі болып, психика, материяның даму үрдісі кезінде, оның қозғалысының бір түрінен басқа түріне ауыса отырып пайда болады. Биологиялық эволюция барысында заң жүзінде пайда болған психика оның маңызды факторы болып табылады. Бейнелеу ағзаның ортамен неғұрлым кең көлемді көптеген байланысқа түсуін қамтамасыз етеді.  Сыртқы, физикалық өмірсіз ішкі психикалық өмір бола алмайды. Яғни өзінен тәуелсіз әрі тысқары объективтік шындықты психика, сана бейнелейді, бұл ұғынылған болмыс. Ақиқат болмаса, бейнелеу туралы айтудың мағынасы жоқ. Кез келген психикалық акт - бұл шынайы шындықтың бөлшегі: біреуі болмаса басқасы, біреуі де, басқасы да. Психиканың өзіндік ерекшелігі болып оның болмысының шынайы жағы да, оның бейнесі де болуы есептеледі [2, 9 б].  Сонымен, психиканың қызметі шындықтың қасиеттері мен байланыстарын бейнелеуден және осының негізінде адамның әрекеті мен мінез-құлқын реттеуден құралады. Психикаға диалектикалық-материалдық көзқараспен қарау, психиканың шындықтан ажыратылған және оған ешқандай қатысы жоқ тұйық дүние емес екендігін көрсетеді.  Диалектикалық материализм принципінің тұрғысынан қарағанда психологиядағы ғылыми ілімнің пәнін не құрайды? Бұған алдымен, психикалық өмірдің нақты айғақтары жатады. Психикалық өмір айғағы ретінде есті, яғни адамның жеке тәжірибелерді жинақтау қабілеттілігін алайық. Бірақ психология ғылымы психологиялық айғақты сипаттаумен ғана шектелуі мүмкін емес - оны түсіндіру қажет, яғни осы айғақтар, осы құбылыстар бағынатын заңдылықтарды ашу керек. Теориялық және эксперименталдық зерттеулер дәл осы мақсатқа бағындырылған. Ғылыми таным құбылыстар арасындағы қайталанатын, маңызды, тұрақты, қажетті байланыстарды (қатынастарды) анықтаудан тұрады. Сонымен, ес қызметінің өз заңдылықтары болады. Естің көптеген түрлері болатыны белгілі. Мәселен, материалды қайталау есте сақтауға ықпал етеді, ал құрылымы жақсы жасалған материал, байланыссызға қарағанда, оңай әрі тез есте сақталады.  Психика заңдылықтарын анықтау, заңды деп санауға болатын байланыстар мен қатынастарды анықтау міндеті ғылымдағы күрделі міндеттердің қатарына жатады. Қатаң ғылыми көзқарас объективтік заңдылықты анықтауды ғана емес, оның әрекеттерінің саласын, сонымен бірге оның әрекет жасай алатын ғана жағдайларын табуды талап етеді. Сондықтан психологиялық айғақтармен бірге психологиялық заңдылықтар да психологиядағы зерттеудің тақырыбы болып саналады.  Бірақ заңды байланыстарды білу, заңдылықтарды айқындауға себепші болатын нақтылы механизмдерді өздігінен ашпайды. Психология міндетіне психологиялық айғақтар және заңдылықтармен қатар, психикалық әрекеттің механизмдерін орнықтыру да кіреді. Ал механизмдер осы немесе басқа психологиялық үрдісті жүзеге асыратын нақтылы анатомо-физиологиялық аппараттардың жұмысын қажет ететін болғандықтан, психология бұл механизмдердің табиғаты мен әрекетін басқа ғылымдармен бірге зерттейді. Мәселен, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді естің негізіне әр түрлі механизмдер жататыны белгілі.  Сонымен, психология дегеніміз - психиканың айғақтарын, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін ғылым.
28 Қазіргі ғылымдағы кеңістік-уақыт мәселесін талдау.
Кеңістік пен уақыт, философияда – философиялық категориялар. Кеңістік пен уақыт категориялары бір-бірімен тығыз байланысты, олардың бірлігі кез келген жүйенің қозғалысы мен дамуынан көрініс табады. Ежелгі дәуір философиясы мен ғылымында Кеңістік пен уақыт категорияларын жүйелеу принципі өзгешелеу болды. Ежелгі грек ойшылдары (Платон, Аристотель) физ. нысандар мен құбылыстарға математикалық (геометриялық) сипаттама беру ықтималдығын жоққа шығарды. Орта ғасырлар ойшылы Ф.Аквинский математикалық кеңістік пен ақырғы нақты физикалық кеңістік (орын) арасындағы айырманы ажыратып қарады. Қайта өрлеу дәуірінде қиялдағы геометриялық фигуралар және олардың арақатынасы ретінде көрініс тапқан кеңістік ұғымы, атап айтқандакескіндеме өнерінің келешегі туралы ілімнің дамуына байланысты, алдыңғы қатарға шықты. Жаңа дәуір ғылымы мен философиясы схоластикалық дәстүрге қарама-қарсы бағытты ұстанды, кеңістік туралы бұрынғы түсініктерді жоққа шығарды. Спиноза тұрқылықты (протяженность) жалғыз құдайлық субстанцияның шексіз белгілерінің бірі деп қарастырды; оның пайымдауынша, мұнда адамның ақыл-ойы танып-білетін белгілі екі нәрсе ғана бар, олар: тұрқылық пен ойлау. Декарт та кеңістікті тұрқылыққа теңеді, оны ойлаумен бірге өздігінен бар тәуелсіз субстанция сипатындағы материяға ұқсастырды, яғни кеңістікті өзінің өмір сүруі үшін бірыңғай және жалғыз субстанция болып табылатын Құдайдан басқа ештеңеге мұқтаж емес мәңгі бар болу деп пайымдады. Декарттың түсінуінше, Құдай мен адамзаттың ақыл-ойы шексіздік пен шектілік сипатындағы рухани субстанция, ал күллі физика нақты нәрсені Декарт қозғалыс арқылы жекелеген бөлшектерге бөлінетін біртекті қашықтыққа жатқызады. Декарт физикалық заттардың кеңістігінен өзгеше басқа кеңістік бар деп мойындамады, сондықтан геом. нысандар нақ сол кеңістіктің өзінде орналасқан заттар ретінде қаралуға тиіс деп білді. Геом. кеңістікті физ. кеңістікке ұқсастыру Декарттың Галилейден кейін физикалық денені математиканың заты деп қарауына, дене субстанциясы туралы математикалық ғылымды, яғни механиканы жасауына мүмкіндік берді. Ньютон кеңістікті денелерге тәуелсіз және олардан бұрын өмір сүретін нәрсе деп қарады. Кеңістік үздіксіз нәрсе, сонымен қатар мынадай қасиеттерге ие: кеңістік үш өлшемді, тең өлшемді және барлық бағыттарда шексіз көсіліп жатады, мәңгі және табиғаты бойынша өзгермейтін нәрсе. Кеңістіктің барлық бөліктері қозғалмайды және бір ғана қасиеттерге ие. Ньютонның пайымдауынша, шегі бар нәрсе кеңістіктің қайсыбір бөлігінде де болмай тұра алмайды; Құдай күллі шексіз кеңістікте бар. Ньютонның бұл пайымдауын 17 ғ-дың көптеген философтары мен теологтары, атап айтқанда, Т.Мор мен Дж.Рафсон қуаттады. Мысалы, Мор тек қана Құдай мен кеңістікке тең түрде қатысты 20 қасиет бар деп есептеді, олар: бірлік, қарапайымдылық, қозғалмайтындық, мәңгілік, кемелдік, шексіздік, т.б. Ньютонда кеңістік – жаратылған физикалық дүниенің өзінше бір субстанциясы. Ньютонды замандастары, атап айтқанда Лейбниц, осы үшін сынға алды. Лейбниц кеңістікті денелерден бөлек, өздігінен өмір сүрмейді деп есептейді. Ол кеңістік ұғымы тек физикалық нысандардың қатар орналасуын ғана көрсетеді, шын құбылыстар мен заттардың да, ықтимал құбылыстар мен заттардың да қатынасы, өмір сүру реті ғана бар деп пайымдайды. Жаңа дәуірде кеңістік физикалық денелермен байланысқан объективті нәрсе ғана емес, сонымен бірге сананың немесе қабылдаудың жемісі ретіндегі субъективті нәрсе деп те қаралды. Соңғы түсінікті Т.Гоббс (1588 – 1679) ұстанды, оның пікірінше, кеңістік шын заттың қиялдағы бейнесі ғана. Джон Локк (1632 – 1704) те осы пікірде болды, оның ойынша, кеңістік субъективтік түсінік, заттарды сезімдік қабылдау арқылы алуға болады. Кант кеңістікті сезімділіктің ашық априорлық пішіні, яғни тәжірибеге дейінгі және тәжірибеге тәуелді емес, бірақ барлық тәжірибеге қажетті қатысушы пішін деп түсіндірді. Француз ғалымы А.Пуанкаренің (1854 – 1912) пайымдауынша, Евклид кеңістігінде мынадай қасиеттер бар: ол үздіксіз, шексіз, үш өлшемді, бір текті және изотропты (кеңістіктің қасиеттері бағытқа тәуелді емес). Кеңістікті тек заттық, табиғи құбылыстарға ғана тән деп қабылдау адамдардың күнделікті үйреншікті сезімдерінде, ойлау машығына берік бекінген. Егер біз бір нәрсенің тұрқын, енін, биіктігін, тереңдігін, шектілігін, шексіздігін, оңын, солын, алдын, артын, т.б. тікелей өлшей алмасақ, онда кеңістіктің белгісі жоқ сияқты болып көрінеді. Адамдардың әлеум., тех., рухани, т.б өмірі, оның түрлері болмыстың кеңістіксіз салалары болып шығатын тәрізді. Оларды метрлеп, километрлеп өлшей алмайсың. Сонымен қатар адамдар күнделікті ойлауында өзара қатынастарын, қоғамдасудың түрлерін, олардың ішкі құрылымын, т.б. жақтарын кеңістік түрлерінде қабылдайды, түйсінеді, сипаттайды. Бұлар соның үстіне адамгершіліктің сипаттамалары іспетті. Біз іс-әрекетті, қарым-қатынасты, тіпті ақыл-парасатты, ой-сананы, сезім-түйсікті биік-төмен, алыс-жақын, терең-таяз, т.б. деп, яғни физ. құбылыстардың қасиеттерін ондай қасиеттері жоқ қоғамдық қатынастарға көрнекі бейнелік қуат беру үшін ұқсастыра аламыз. Демек, кеңістіктік қатынастар әлеуметтік өмірге, рухани әлемге де тән. Әлеуметтік кеңістіктің де, рухани кеңістіктің де өзіндік үлкен өзгешелігі бар. Әлеуметтік жүйенің де шеті, шегі мен орталығы, төменгі және жоғарғы жақтары, биігі мен ені бар. Оларда да шеңберлік немесе пирамидалық құрылымдар кездеседі. Мысалы, қатаң бір орталыққа бағынатын басқару жүйесін пирамидалық деп атайды. Ол әншейін көрнекі бейне емес, ол әлеуметтік пирамида, оның басқару орталығы жоғары ұшында. Бұл, көбінесе, тоталитарлық жүйелерге тән. Сондықтан да қарапайым бұқара арасында тараған “Құдай биікте, патша алыста” деген мәтел олардың шын қатынастарын көрсетеді. Патша географиялық алыстықта емес, әлеуметтік алыстықта. Географиялық жағынан тіпті жақын тұрған патшаға қарапайым адамның жетуі қиынның қиыны, бәлкім, одан гөрі жұмыр жерді он айналып шығу оңайырақ болар. Адамдар қоғамындағы дүниеге дәстүрлі көзқарасын, сол қоғамның әлеуметтік жүйесін, т.б. алып қарағанда, олардың негізінде жатқан құндылықтардың белгілі бір кеңістіктік қатынастарды туғызғанын көруге болады. Осы орайда түркі халықтарының байырғы тұрмыс-тіршілігін, дүниеге көзқарасын мысалға алып қаралық. Олардың “Тәңірі – Ұмай” жүйесіндегі байырғы нанымдары бойынша, Тәңірі (аспан) – әке де, Ұмай (жер) – ана. Түркілер солардың ұрпағы. Аспан дүниесі, ондағы денелер, әсіресе, Күн түркілердің айрықша қастерлеп, табынатын киелі нысандары. Аспан (тәңірі), әсіресе, Күн адамдарды тудырған, оларға нұр шашып, өмірді үнемі жандандырып, жайнататын күш. Одан қымбат, одан құнды ешнәрсе жоқ. Күннен кейінгі табынатын нәрсе – Ұмай (Жер-ана). Ал жер асты, оның қойнауы – өлілер дүниесі, адамдарға жат, қорқынышты, көбінесе, жамандық әкелетін жақ. Яғни түркілер үшін құндылықтың ең бастысы – Аспан, Күн. Ежелгі түркілер үйлерінің есігін үнемі шығысқа, яғни Күннің туатын жағына немесе Күннің ең қуатты жағы – оңтүстікке қаратқан. Түркілерде алдыңғы, артқы, оң, сол жақ олардың шығысқа қатынасына байланысты. Барлық уақытта алдыңғы жақ – шығыс жақ. Яғни адамдардың әлеум. ой-санасында кеңістіктің құрылымы, ұйымдасуы олардың ең түпкі құндылықтарына бағынады. Демек, әлеум. кеңістіктің де өз тұңғиығы, өзінің бет жағы, биігі мен төмені, өзіндік ауқымы бар. Сондай-ақ, рухани кеңістік, мәдени ауқым, саяси кеңістік деген ұғымдар да өмірде бар, шын нәрселердің көрінісі. Саяси кеңістік – тарихи жағдайларға байланысты дүниеге келген саяси жүйе таралатын немесе оның саяси ықпалы жүзеге асырылатын аумақ. Саяси кеңістік үш функцияны: 1) саяси өмірдің алғышарттарын; 2) мемлекеттердің саяси қызметінің (геосаясат) мақсаттарын; 3) саяси өмірдің алуан түрлі пішіндерінің тіршілік етуі мен дамуының экологиялық ортасын жүзеге асырады. Алғышарт ретінде ол саяси жүйенің аумақтық мөлшерін және шекарасын айқындайды, экологиялық-географиялық жағдайлардың саяси өмірді ұйымдастыруға, оның атқарушы билік тарапынан басқарылу дәрежесіне, орталықтың жергілікті жерлердегі билікпен байланысу дәрежесіне ықпалын сипаттайды. Мысалы, Еуропа мемлекеттері шекарасының кеңістіктік ашықтығы Батыс Еуропадағы демократия жеңісі алғышарттарының бірі болды. Экологиялық орта ретінде саяси кеңістік саяси жүйенің нышандары арасындағы байланыстарды, осы байланыстардың сипатын ой елегінен өткізуге, мысалы, отарлық иеленуді немесе ықпал ету аймағын қоса, көбінесе, ұлттық мемлекет шеңберінен шығатын мемл. басқару аумағы мен шекарасын тиянақтауға мүмкіндік береді. Саясат тілінде саяси кеңістіктің символикалық және метафоралық мәні бар. Мәселен, “қырғиқабақ соғыс” жылдарында “Батыс” сөзінің жай ғана геогр. мағынасы болып қойған жоқ, ол ең алдымен әскери-саяси бірлесу деген мағынаны білдірді. Қазір “Батыс” деген сөз әлемдік достастықтың аймақтық шекарасын, демократиялық басқару пішіні мен нарықтық экономика құрамдас бөлігі болып табылатын қоғамдық-саяси дамудың белгілі бір үлгісін сипаттайды. Бұл үлгінің құрамдас бөліктері түрлі қоғамдар мен мәдениеттерге таралып сіңісуде. Жаңа мыңжылдықтың қарсаңы мен басында әлемдік саяси кеңістік қалыптасып келеді, ол түрлі саяси жүйелердің жақындасуымен, дамудың ең таңдаулы үлгілерінің іріктелуімен, тайталастан шығу және халықаралық саясатта келісу жолдарын іздестірумен сипатталады, ал бұл жаңа әлемдік қоғамдастықтың қалыптасуын айғақтайды. Ежелгі дәуірдегі және ортағасырлық философияда уақыт адамның дүниені қабылдауының мағыналы өрісі түрінде ұғынылған. Грек философиясында уақыт проблемасы сократшыларға дейін-ақ қарастырылған: уақыттың оғаштықтары туралы алғашқы тұжырымдаманы айтқан элейлік Зенон. Ежелгі дәуірде уақыт ғарыш өмірімен байланыста қарастырылды, сондықтан кейде ол аспан күмбезінің қозғалысына ұқсастырылады. Платон уақыт ұғымына бүкіл бар болуды болмыс пен қалыптасуға ажырату тұрғысынан талдау жасайды. Алғашқысы мәңгі жасайды, екіншісі уақытша пайда болып жоғалады. Уақытты талдауға байланысты Платон үш нәрсені ажыратады, олар: 1) мәңгі жасайтын нәрсе, тумаған және жасалмаған нәрсе; 2) әрқашан да жасайтын нәрсе (жасалған, бірақ өлетіні расталмаған нәрсе); 3) уақытша жасайтын (пайда болатын және өлетін) нәрсе. Алғашқысы – Жалғыз жаратушы; екіншісі – ғарыштың өзі; үшіншісі – өзгергіш, өткінші эмпирикалық құбылыс. Аристотель ішінара Платон ізімен жүріп, ішінара одан алыстап, өзінің “Физикасында” уақыт ұғымына кең талдау жасайды. Ғарышты мәңгі деп есептегенімен, Аристотель уақытты мәңгілікке жатқызбайды. Алайда Платон сияқты Аристотель де уақытты ғарыштың санымен және тіршілігімен, жалпы физикалық қозғалыспен, ал уақыт өлшемін аспан күмбезінің қозғалысымен байланыстырады. “Уақыт дегеніміз – әлдебір қозғалыс пен өзгеріс”, – дейді ол. Аристотельдің пікірінше, қозғалыс уақытпен, ал уақыт қозғалыспен өлшенеді. Ортағасырлық схоластикада уақытты психологиялық талдауға, тарихилық сезімге жете мән берілмеді. Мұнда уақыт логикалық-онтологиялық тұрғыда қаралды. Аквинскийдің пайымдауынша, ұзақтықтың пішіні уақыттан өзгеше түрде шексіз, алайда мәңгіліктен өзгеше түрде ол бөлінбейтін бірлік емес, әрқашан да ұзаққа созылады. Аквинский ойын жалғастырған Ф.Суарес (1548 – 1617) ішкі уақыт (ішкі ұзақтық) идеясын өрбітіп, оғаш тұжырымға келеді. Ол ішкі уақытты сыртқы уақыттан бөліп алады. Орта ғасырларда адамзат субъектілігінің жемісі ретінде түсіндірілген уақыттың салыстырмалылық сипаты жаңа дәуір философиясында одан әрі дамытылды. Декарттың пайымдауынша, ұзақтық заттың бар болуымен үйлеседі және субстанция белгісі, уақыт тек біздің ойлауымызда ғана берілген. Уақыт – қозғалыстың саны: заттың ұзақтығын анықтайтын жалпы өлшем болуы үшін біз тең өлшемді қозғалыстың, яғни аспан денелері қозғалысының ұзақтығын пайдаланамыз. Гоббс уақыт идеясын қозғалыс үстіндегі дененің бейнесінен шығарады, бұл бейне қабылдаушы санада қалады, бірақ ол дененің мәніне қатысты емес: “Уақыт заттардың өзінде емес, тек ойлауда ғана өмір сүреді”. Спиноза, схоластар сияқты, бар болуды екі түрге бөледі: “Мәңгілік – Құдайдың мәңгі өмір сүруіне көзімізді жеткізетін қасиет-белгі, керісінше, ұзақтық – жаратылған заттардың өмір сүретініне көзімімізді жеткізетін қасиет-белгі”. Алайда ұзақтық уақытқа ұқсамайды, ол заттардың өзінің қасиет-белгісі, уақыт “заттың күйі емес, ойлаудың модусы ғана, яғни ойдағы болмыс қана”. 17 – 18 ғ-ларда ұзақтық жаратылыстар туралы құдайлық ой-ниетпен, дүниенің жаратылуымен және сақталуымен байланыстырылады. Сондықтан Құдайдың қасиет-белгісі ретіндегі мәңгілік пен объективтілік ұзақтықты өлшеудің субъективті тәсілі ретіндегі уақыттың арасына орналасқан. Осы “аралық” сипатына қарай ұзақтықты бірде мәңгілікке жуықтатуға, бірде уақытқа ұқсастыруға бейім тұрды. Ньютонның абсалюттік және салыстырмалы уақыт туралы іліміне осындай бейімделу тән: “Абсолюттік, шынайы математикалық уақыт өзінен өзі және өзінің мәні жағынан, әлдебір сыртқы нәрсеге ешқандай қатыссыз, тең өлшемде өтеді және басқаша ұзақтық деп аталады. Салыстырмалы сияқты немесе күнделікті уақыт не дәл, не өзгермелі, сезіммен көз жеткізуге болатын, қайсыбір қозғалыс арқылы жасалатын сыртқы, созылыс өлшемі, бұл өлшем күнделікті өмірде шынайы математикалық уақыттың орнына қолданылады, былайша айтқанда: сағат, күн, ай, жыл”. С.Кларктің түсіндіруінше, Ньютон абсалюттік уақытты, яғни ұзақтықты бейнебір өзгермейтін, мәңгі деп ойлайды, сондықтан да ұзақтықты Құдайдан тыс өмір сүрмейді деп есептейді. Ньютоннан өзгеше түрде Лейбниц абс. уақыт пен кеңістікті де, абсалюттік қозғалысты да мойындамайды: “Мен … кеңістікті – қатар өмір сүру тәртібі, уақытты – тізбектілік тәртібі деп есептеймін”. 18 ғ-да метафизиканы сынаумен бірге уақыттың метафизикалық тұжырымдамалары да қайта қаралды. Олардың орнына психологиялық (Локк, Юм) және аңдаулық (созерцание, восприятие) (Кант) туралы тұжырымдамалар келді. Канттың уақыттың идеалдылығы туралы ілімін Фихтежаңаша түсіндіреді. Уақыттың иесі Фихтеде субстанция емес. Канттан өзгеше түрде Фихте өзіндік зат ұғымын алып тастап, Меннен бүкіл жаратылыстың пішінін ғана емес, мазмұнын да шығарады. Ол болмысты қатынастарға телиді. Уақыт “жанның ұзақтығы”, ал қиял оның теориялық түсінігінің негізін құрайды; ұқсастық заңының – логика мен онтологияның негізгі заңының орнына Фихте қарама-қарсылықтардың күресі заңын қояды. Қатынас субстанцияның орнына қойылған кезде, уақыт жанның мәні болып шығады. 19 ғ-дағы философия мен ғылымда даму, эволюция өзекті ұғымдарға айналды. Адамзат тарихы табиғи-тарихи процестің аяқталу кезеңі деп пайымдалды. Жанды нәрсенің даму пішіні ретінде ұғынылған уақыт мәңгілікке жатқызылмайды, жаңаның үздіксіз туындауына, яғни келешекке жатқызылады. Кеңістік категориясына қарағанда, уақыт табиғи процестермен ғана емес, тарихи процестермен де тығыз байланысты. Уақыттың ағыны өткеннен келешекке қарай да, келешектен өткенге қарай да жылжиды, уақыт тіпті айналмалы, бұрандалы қозғалыс та жасауы мүмкін. Өйткені ол қозғалыстың объективті сипаттамасы, оның сипаты қозғалыстың табиғатына байланысты. Оның себебі: келешекке біздің бүгінгі болмысымыз ғана өтпейді, оған өткен болмысымыз да өтеді. Сонымен бірге келешек болмыс та бүгінгі арқылы өткен болмысымызға ауыса алады. Бүгін әрқашан да өткеннің бүгіні әрі келешектің де бүгіні, ол өткен мен келешекті ажыратып қана қоймайды, сонымен бірге екеуін сабақтастырып та тұрады. Бүгінгіміз өткеннен шыққан. Өткен жоқ болса, бүгінгі де жоқ, ертең де болмайды. Онда жалпы уақыт та жоқ. Уақыт жоқ болса, қозғалыс та жоқ, өмір де жоқ. Ал адамның психикасы, жан дүниесі, санасы үшін мұның өзі оның жады жоқ деген сөз. Яғни ол өзінің кім екенін, басқалардың, қоршаған дүниенің ол үшін кім, не екенін және өзінің олар үшін кім немесе не екенін білмейді, сезбейді. Демек, ол адамдық қасиеттен мақрұм. Бұл өткеннің, болғанның бізде, болмыста ешбір ізі қалмағаны деген сөз. Онда болғанды еске түсіру, оны ой-сезім арқылы болса да қайта бастан кешіру болмайды. Яғни психиканың, ойлаудың, “меннің” тұтастығы жоғалады. Мыс., психикалық жан ауруына ұшырағандарда бір-бірімен байланыссыз үзік-үзік психикалық процестер ғана қалады. Қазақта мұндайларды мәңгүрт деп атайды. Ш.Айтматтың романындағы өз анасын танымай өлтірген мәңгүрт ұл ең алдымен жадынан айрылған. Өз жадында уақыттан айрылу санадан айрылумен бара-бар. Сондықтан уақыт кері бұрылмайды деу, ол тек бір бағытта деп түсіну қозғалыстың тек сыртқы пішінін ғана аңдаудан шығады. Кеңістіктің уақытқа ауысуы немесе уақыттың кеңістік міндетін атқаруы әлеуметтік үдерістерде, адамның өмірінде неғұрлым айқын көрінеді. Тарихта әр түрлі дәуірде әр түрлі өркениетте тарихи уақыттың бүкіл ішкі құрылымы өзгеріп жатады. Мысалы, ежелгі қауымдық құрылыс пен жаңа дәуірді осы тұрғыдан салыстырып көрелік. Қауымдық құрылысты көбіне дәстүрлі қоғам дейді. Өйткені ол дәуірде адам өмірі түгелімен дерлік дәстүрлермен, әдет-ғұрыптармен реттеледі. Дәстүрлер өмірдегі әрбір жағдайда, әр істі адамдардың қалай ұйымдастыруын, не атқаратынын бүге-шігесіне дейін тәптіштеп белгілеп қоюға тырысады. Қауымдық өмірдің осы ерекшелігінің негізінде адамдардың қандай негізгі құндылыққа ұмтылатындығы жатыр. Ол рулық-тайпалық қауымдасу, яғни қауымдасудың негізінде ата-аналардан тараған адамдардың бірлігі жатыр. Бұл олардың тіршілік етуінің негізгі жолы. Яғни олар үшін бұл түпкілікті құндылық. Рулық қоғамның адамы бүкіл әлемнің құрылу қағидатын да туыстық бірліктен көреді. Сондықтан да ежелгі түркі қауымы үшін Аспан (Тәңірі) – әке, ата, ал жер (Ұмай) – ана. Әрбір ұрпақ аталардың орнатқан тәртіптерін, жол-жосындарын қасиет тұтады. Оларды бұлжытпай қайталап, іске асырып отырады. Мұндай қоғам жаңа нәрсеге ұмтылмайды. Келешек олар үшін өмірді өзгертуге, жаңа қатынастарды енгізуге әкелмеу керек, келешек – бұрынғыға үнемі қайтып оралу, соған күш салу. Өткен дәуір, яғни аталар дәуірі – алтын ғасыр, ол өмірдің айнымас эталоны, үлгісі. Жетілгендіктің, жақсылықтың бәрі де өткенде қалды, сондықтан адамдар әрбір ісін, ойын өткеннің таразысымен өлшеп, соның көзімен қарап, өзін сонымен бірлікке жеткізуге тырысуы тиіс. Әрине, адамдардың күнкөріс әрекеттері, халықтың өсіп-өнуі, т.б. өзгеріс туғызбай қоймайды, бұрынғы қатынастарды ыдыратып, әлсіретеді, жаңа қатынастар келіп жатады. Бірақ олардың түпкі ұмтылыстары бұрынғыдай, яғни уақыттың жүрісі айналмалы. Онда өткен де, бүгін де, келешек те бар, бірақ уақыттың негізгі ағыны үнемі өткенге қайтып оралу. Мұнда бүгіннің өзі – өткеннің бүгіні, ал келешек немесе ертең – кешегіге неғұрлым жақындау. Бір сөзбен айтқанда, бұл қауымдық адамның әлеуметтік-рухани кеңістігі, себебі адамдардың дамуы үшін уақыт кеңістік рөлін атқарады, адам уақыт шеңберінде дамиды. 17 – 18 ғасырларда басталған жаңа дәуірдің уақыт ағыны соншалықты басқаша болғандығы себепті қауымдық өркениетті зерттеген осы жаңа заманның көптеген ойшылдары оның ішкі логикасын әуелде түсіне алмаған. Уақыттың ақылға сиымсыз көрінетін қайшылықтарын кейбір ойшылдар түсінуге соншалықты қиын метафизикалық жұмбақ деп есептеген. Қауымдық дәуірдің ішкі серпіні, негізгі құндылығы өткенде болса, жаңа дәуірде ол құндылық келешектен көрінеді. Бұл дәуірдің адамдары үнемі дерлік алға ұмтылуды ертеңге ұмтылу деп біледі. Дәлірек айтқанда, олар ертең деп кешегіні немесе бүгінгіні сақтап, нығайта түсуді емес, орныққан қалыптан оның өзгерген қалпына қарай ұмтылуды түсінеді. Бұл, көбінесе, адамдардың санасында толық айқындалған, олардың өздерінің алдына анық қойған мақсатынан гөрі, өздері де біле бермейтін, кейде тіпті сезіне де бермейтін ұмтылыстары. Бұл ұмтылыстар көп жағдайда бейсаналық қалыпта. Әлеуметтік серпінде алға шыққан бірінші бағыт – даму. Қоғамдық санада ол үдеріс (прогресс) деп аталады. Әрине қоғамда бұған қарама-қарсы бағыт та бар, бірақ үдеріс басты бағыт. Осыған орай уақыт ағыны өзгеріп отырады. Ол енді өткеннен бүгін арқылы келешекке (ертеңге) жылжиды. Керісінше ағын да бар, бірақ ол осы негізгі бағыттың тасасында қалады. Адамдар өткенді, бүгінді тек өткінші кезең, ертеңге өтудің дайындығы, соған апаратын тепкішектердің бірі деп қарайды. Егер бұрын, қауымдық өмірде бүгін мен ертеңнің мәнділігі олардың өткенге қатысынан анықталған болса, енді, керісінше, өткеннің, кешегінің және бүгінгінің мәні олардың келешекке, ертеңге қатыстылығына байланысты. Уақыттың ағыны оның негізгі бағыты жағынан қарағанда бір түзудің бойымен тартылған, оралмайтын әрі қайталанбайтын қозғалыстай. Уақыт оралмайды дейтін түсінік осындай әлеум. қозғалыстың нәтижесі. Осындай ұмтылыстың ағынындағы адамдар үшін кешегі мен бүгінгінің бағасы әлдеқайда кемиді. Әрине, келешектің бейнесі адамдар үшін әр түрлі бола береді. Біреулер үшін ол – баю, екінші біреулер үшін – билік, үшінші біреулерге келешек қоғамдық құрылыс, т.б. Бүгінгі қанағаттандырмайды. Бай – байи түсуді, биліктегі билігін арттыруды аңсайды. Болашақ адамға алаңсыз жат нәрсеге айналғанда, ол бар нәрселердің бәрін де, ең алдымен, адамның өзін де құрбандыққа келтіретін аждаїа сынды сипат алады. Мұндағы ақылға сиымсыз нәрсе – қол жеткен нәрсенің ешқайсысы, кеше ғана армандай болған жетістік, деңгей, т.б. енді адамды қанағаттандыра алмайды, өйткені ол келешек болудан қалады. Ол енді бүгінге айналды. Ал шын құндылық, бірден-бір бағалы нәрсе – келешек. Сондықтан бүгінгіге айналған келешек өзінің мәнінен де, бағасынан да айрылады. Оның ақылға сиымсыздығы (парадокс) – келешектің айқын бет-бейнесі жоқ абстракцияға айналғандығы. Келешек, қанша ұмтылсаң да ешқашан қолға түспейтін бұлдыр сағым болып шығады. 20 ғасырдың басынан бастап физикада ашылған жаңалықтар Кеңістік пен уақыттың өзара байланысы, бір-біріне тәуелділігі жөніндегі жаңа көзқарастарға алып келді. Әсіресе, А.Эйнштейннің салыстырмалылық теориясы үлкен жаңалық әкелді. Ол микробөлшектердің кеңістіктегі қозғалысы сәуленің жылдамдығына (секундына 300000 км) жақындаған сайын оның массасы шексіз ұлғая беретіндігін және ол бөлшектің тұрқының да қысқара түсетіндігін дәлелдеді. Сонымен қатар биол., қоғамдық ғылымдардың жетістіктері қозғалыстың органик. және әлеум. түрлерінде кеңістік те, уақыт та, тіпті басқаша сипатта болатынын көрсетеді. Әлеуметтік өмірдің ырғағы біздің заманымызда әлдеқайда шапшаңдады. Өзгерістердің тым баяу өтуіне үйренген адамдар көп жағдайда жаңа дәуірдің екпініне бейімделе алмайды. Сондықтан Кеңістік пен уақытты да материя сияқты адамдардың дүниеге қатынасынан оқшау қарап, тек табиғаттағы адамға қатысы жоқ заттар мен құбылыстардың қасиеті деп түсіну – мәселені философиялық тұрғыдан қарау емес, физика, т.б. жаратылыстану ғылымдарының тұрғысынан қарау болып шығады. Бұлай қараудың дүниеге көзқарастық мәні жоқ. Философиялық пайымдау кеңістік, уақыт, қозғалыс және болмыстың бірлікте екенін көрсетеді. Бұлар болмыстың өзіндік айқындықтары. Болмыстың ең жалпы, ең абстрактілі айқындықтарынан адам бұрынғыдан да гөрі нақтырақ, мазмұны күрделірек айқындықтарына өрлей береді. Соның негізінде айқындықтарды бейнелейтін ұғымдарды анықтайды. Бұл диалектикалық ойлау жолы.
29 Сана мәселесін философиялық талдау.
Сана мәселесі философиядағы басты және күрделі, түсіндіруге қиын мәселелердің бірі, себебі сананы керу, өлшеу, сезім мүшелері арқылы қабылдау мүмкін емес, бірақ сана адамның жануарлар дүниесінен ерек.шелігін көрсететін факторлардың бірі, сана арқылы адам мен оны қоршаған ортаның арасындағы байланыс жүзеге асырылатыны күмәнсіз. Сондықтан да философия тарихында «сана», «жан», «бейсаналық» ұғымдарының төңірегінде үнемі пікірталастар жүріп отырды және олар қазір де жалғасуда.Сапаны түсінудегі әр түрлі көзқарастарды біріктіріп, екі үлкен топқа бөлуге болады:1) материалистік . сананы материяның дамуында пайда болатын табиғаи қасиеті деп түсіну;2) идеалистік . сананы материяға жат, одан алғашқы, жаратылстан тыс пайда болатын рухани субстанция деп ұғыну.Жаратылыстану ғылымдарының дамуының нақты жетістіктері саңаның мәні, генезисі туралы сауалдарға жауап берді деп айтуға болады. Түйіндеп айтсақ, сана туралы ғылыми көзқарас мынадай: сана ерекше түрде ұйымдасқан материяға . адам миына ғана тән қасиет. Оның дәледі ретінде адамның миы зақымданғанда оның ойлау, психикалық қызметі бұзылатынын айтсақ жеткілікті.Сананың табиғаты қоғамдық, яғни ол тарихи эволюция нәтижесінде қоғамда қалыптасты және сананың дамуы қоғамдық ортада ғана мүмкін болмақ. Сананың қалыптасуының алғышарты ретінде еңбекті атауға болады. Еңбектің арқасында адам өзінің күнделікті өмір сүруіне және табиғаттың дүлей күштерінен қорғануға қажетті нәрселерді жасады, табиғат заттарының жаңа қасиеттерін ашты, ой.өрісін кеңейтті, еңбек құралдарын бірте.бірте жетілдіре түсті. Еңбектің дамуы қоғамда өмір сүріп отырған адамдарды жақындатты, олардың бір.біріне бірдеңе айту қажеттілігі туды, араласу құралы ретінде тіл пайда болды. Еңбек пен тіл адамның миын, сезім органдарын дамытты, есту, көру. сезу, қабілетін күшейтті, санасын қалыптастырды. Абстракциялауға, тұжырым жасауға құштарлық еңбек пен тілге қайта әсер етті, оларды дамытуға жаңа күш берді.Сана, сонымен қатар, бейнелеудің жоғарғы формасы. Бейнелеу барлық материяға тән қасиет. Объективті өмір сүретін заттар, құбылыстар, процесстер бір.біріне үнемі әсер етіп отырады және белгілі бір дәрежеде өзгерістерге ұшырайды. әрбір зат, құбылыс өзі әсер еткен нәрседе өзінің «ізін», бейнесін қалдырады. Бейнелеудің сатылары:1) қарапайым бейнелеу . бейнелеудің бұл түрінде субъект объектінің белсенділігін туғызбайды (мысалы, заттың судың немесе айнаның бетінде бейнеленуі).2) информациялық бейнелеу . бейнеленуші бейнелеушінің бойында белсенді әрекет, өзгерістер жасайды. Мұндай бейнелеу тірі табиғатта да, қоғамда да кездеседі. 
Таным дегеніміз — нағыздықтың адам санасында мақсатты және белсенді түрде бейнелену үдерісі болып табылады. Таным кезінде болмыстың түрлі жақтары айқындалады. Заттардың сыртқы және ішкі мәні, қоршаған орта құбылыстары, сонымен қоса адамның санасында танымдық қызметтің субъектісі — адамның қызметі зерттеледі. Демек, адам өзін-өзі зерттейді. Осының бәрі адамның санасы барлығынан болып жатады. Өйтпесе онсыз таным үдерісі шынайы болмас еді. Сондықтан адамның санасы сияқты ғажап құбылыстың негізгі нысандарын зерттеп білу керек. Адамда оның денесі (физиологиялық организм) және жаны (рухани-психикалық) сияқты қарама-қарсы екі бастама бар. Адам жануарлар дүниесінен шыққандықтан, ол биологиялық заңдылықтарға бағынады. Сонымен қоса адам сөйлей алады. Оған күрделі ойлау және эмоциялық қызмет тән. Ол "сана" деп аталады. Қоғам дамуының салыстырмалы қысқа тарихи мерзімі ішінде адам кептеген жетістіктерге: мысалы, заттарды алдын ала тапсырылған қасиеттер бойынша алуға, ойлай алатын машиналар жасауға, Айға, Шолпанға,Марсқа ғарыш кемелерін жіберуге, қарапайым бөлшектердің құпияларына терең үңілуге қол жеткізді. Әлеуметтік және коғамдық өмірдің аяларына, оны зерттеу, ойлау арқылы зерттелетін объектінің өткеніне, қазіргісіне және келешегіне үңілуге болады. Алайда адам солай болса да, езінің санасын әлі білмейді, оны жеткілікті деңгейде басқара алмайды. Демек, ежелгі ғалымдардың "өзіңді-өзің таны" дегені әлі күнге дейін өзекті болып отыр. Бірде Үндістанда Шакунтале Деви деген әйелге 200 цифрлы санның 23 дәрежелі түбірін табу ұсынылған екен. Осындай есеп, сонымен бірге ең жетілген компьютерге де берілген. Машина есепті 60 секундта, ал Деви 50 секундта шығарған. Есеп шығаруда осындай жетістіктерге жеткізе алатын біздің ойлауымыздың сипаты қандай? Біздің жалпы санамыздың өзі қандай? Жансыз заттардың, мысалы, компьютерлердің ойлауға қабілеті бар ма?Сана — қоғамдық құбылыс. Адамның санасы адамзат коғамының ұзаққа созылған дамуының нәтижесінде пайда болды. Психикалық және саналы қызметтің элементтері ақпарат алмасу үшін дыбыс сигналдарын және ишараны қолданатын жоғары дамыған, топтасып өмір сүретін жануарларда көрініс береді. Бір катар жануарлардың — мысық, ит тектестер,приматтар, дельфиндер әрекеттерінің көбі күрделі және сананың қызметін талап етеді. Одан кейін жануарлардың өзіндік "моралі", өзін ұстау әдеттері, жетекшілік үшін күрес жүргізуі бар. Жалпы, жануарлардың өмірі өзінен-өзі жүріп жатқан жоқ, оларда санаға бағыныштылық, яғни бір мән бар. Алайда адамның санасы бүл жануарлардың күрделендірілген психикалық қызметінің жалғасы емес, терең ұстанымды өзгерістердің нәтижесі. Бүл өзгерістердің негізі — еңбек. Еңбек арқылы еңбек құралдары жасалды және материалдық заттарды кайта жаңғырту үшін адамдардың алдымен қарапайым, кейінірек күрделі қажеттіліктерін өтеу үшін пайдаланылды. Адамның эволюциясы 3 миллион жылға жуық мерзімді құрайды, соның 95%-ы адамның нышаны айқын көрінетін алғашқы ұжымдарды калыптастыру үшін жұмсалды. Алғашқы адам қалдықтары табылған жер француз деревнясы Неандерталь болғандықтан, оларды неандертальдықтар деп атайды. Неандертальдықтар тастан қанжар жасай білген, найзаның ұшын, сүйектен қарулар жасады, жасанды жолмен отты алды. Оларда алғашқы қауымдық құрылыс қатынастары орнады. Еңбек құралдары өлі жетілмеген дамудың алғашқы кезеңінде өмір үшін күрес ширығып, еңбек қызметі сол мақсаттарға ғана арналып, тек қана ұжымның күшімен жүзеге асырылатын жағдайда болды. Бүл мақсаттарды іске асу, еңбек үдерісін басқару үшін жақсы сигнал жүйесі, жылдам ақпарат алмасу қажет болды. Осындай жағдайлар ойдың дамуы мен жетілуінде шешуші рөл атқарған тілдің пайда болуына алып келді. Қалыптасқан бірқатар жағдайларға байланысты біздің ежелгі ата-бабаларымыз өмірінде өте маңызды өзгерістер болып жатты. Кездейсоқ, жағдайда ғана қару ретінде қолына белгілі бір затты — тасты немесе бұтақты алып әрекет еткен кездің орнына қаруды тастан және сүйектен дайындап, үнемі пайдаланатын кез келді. Тас және басқа да қарапайым қарулары бар адамдар тобыры енді жануарлармен салыстыруға болмайтын, әлдеқайда күрделі жүйеге — қоғамға айналды. 
30 Таным теориясындағы ақиқат мәселесін философиялық талдау.
Адамның алған бiлiмдерi оныс есiнде “жүк” ретiнде қалабермейдi, ол оны өзiнiң практикалық әрекеттерiнде қолданады. Қоршаған әлем туралы алған бiлiмдерiне сүене отарып, адам бағдар (ориентируется) жасайды, бұл дүниеге белсендi әсерiн тигiзедi, оны мақсаттарына сай өзгертедi. Бiрақ әр бiлiм адамның көмекшiсi бола бермейдi. Өйткенi, бiлiм шынайы емес, терен емес болу да мүмкiн. Онда ол бiлiм керi әсерiн тигiзiп, адамның өмiрiнде қауып тудыруда мүмкiн.
Танымның мақсаты шынайы бiлiм. Шындық, ақиқат дегенiмiз не? Бұл сұрак гносеологияның iргелi мәселелерiнiң бiрi. Философияда бұл мәселе жайында бiр қалыпты түсiнiк жоқ. Бiреулер, бiлiмнiң шындыққа сай келуi деп түсiнедi, бұл үйлесiмдiк немесе корреспонденция теориясы. Келесiлерi, ақиқат деген тәжiрибеде дәлелденгеннiң өзi дейдi, бұл эмпирикалық тұғырнама. Үшiншiлер, ақиқат бұл келiсiм шарт деп уағыздайды- конвенционалды теория. Төртiншiлерге, ақиқат бұл бiлiмнiң өзiндiккелiсiмдiлiгi- когеренция теориясы. Бесiншiлер, бiлiм тек пайда әкелгенде, практикада тиiмдi болғанда ғана ақиқатты болады деп есептейдi- прагматикалық тұғырнама.  Ақиқат концепциясының дәстүрлiнемесе классикалық концепциясы бiрiншi түсiнiгiмен байланысты. Ол көне замандарда пайда болды. Аристотель “үзiлгендi үзiлгендеп, байланыстыны байланысты дейтiн деп айтатың шындыққа жетедi”. Ортағасырларда, Фома Аквинский “ақиқат дегенiмiз интелект пен заттың арасындағы келiсiммен айқындалады”. Декарт “ақиқат- өзiнiн мән-мағынасында ойдың затқа үйлесiмдiлiгi”. Бұл пiкiрдi материслистер де, идеалистер де; диалектиктер мен метафизиктер де; теологтар мен атеистер де келiстi. Қазырғы заманда корреспонденция теориясы негiзiнде келесi түсiнiк қалыптасты: 1) ақиқатты түсiну объективтi және субъективтi шындықың бар екенiн мойындауды бiлдiредi; 2) ақиқат таным объектiсiмен, субъектiсiмен және оның практикалық әрекетiмен байланысты бiлдiредi; 3) ақиқат нақты болып табылады, оның мазмұны танымның нәтижелерiне баға берiлетiн нақты орынмен, және уақытпен себептелiнедi; 4) ақиқат шексiз процесс болып табылады, онда бiлмеуден бiлiмге, толық емес бiлiмнен толық бiлiмге өту болып жатады.
Сонымен, ақиқат- таным субъектiсiнiң практикалық бiлiмде алынатың шындықты барабар бейнелеу. Әр бiр ақиқат өзiнiң формасы жағынан субъективтi: ол субъектiнiң әрекетiнiң нәтижесi және субъектiден тыс өмiр сүрмейдi. Ол тұлғаның “iзiн” сақтайды, өйткенi ол өзiнiн әлеуметтiк-тарихи тәжiрибесiне сүйенедi. Ал, мазмұны жағынан ақиқат объективтi: адам санасынан  тыс, одан тәуелсiз тұрған объектiнi адам санасында бейнеленуi. Мұнда, ақиқат тұланың ерекшелiктерiне, танымның тәсiлдерiне тәуелдi емес- ол жақсыз, жалпы ақиқатты (общезначима).
Адамның және адамзаттың дамуымен объективтi дүние жайында бiлiмдер де өзгередi, өркениеттiн жаңа сатысына көтерiлуiмен бiлiм алу құралдары да өзгередi. Бұрын, басында танылмаған, танылады, белгiсiз болған белгiлi болады. Бұдан ақиқаттың салыстырмалы болатыны анықталады, ол екi аспектiде көрiнедi: 1) салыстармалы ақиқат қоғамның дамуының белгiлi бiр деңгейiне лайықты, сол бiлiмдердi алудын тәсiлдерiн себептейтiн (обуславливающий) толық емес, нақты емес бiлiмдер; 2) оларды алу шарттарына, орыны мен уақытына байланысты, тәуелдi бiлiмдер. Салыстырмалы бiлiмдердiн, оның бiрiншi анықтамасына сай келесi мысалды ретiнде кез келген ғылымды келтiруге болады. Әр ғылым, осы мағынада толық емес, толық аяқталған бiлiм емес болып келедi. Екiншi мағынасына сай мысал келесi қағиданы келтiруге долады “Зорлық бұл зұлымдық”, бұл қағида адмгершiлiкке қарсы мақсатта қолданған кезде ақиқат, ал қылмыскерлермен күрес жүргiзу барысында немесе отанының шекарасың қорғау кезiнде ол зұлымдық болмайды.  Және бұл мысал ақиқаттың салыстырмалығы мен нақтылығының байланысын көрсетедi, келесi түiнге әкеледi: абстрактiлi ақиқат болмайды, ол үнемi нақты.  Абсолюттi ақиқат бұл 1) шексiз дүниенi тұтас күйiнде түсiну мен байланысты толық жетiлген, сарқылған бiлiм; 2) келешекте терiстелмейтiн бiлiмдер. Бiрiншi жайда жалпы әлем және оның жеке салалары туралы толық жетiлген бiлiмдi аламыз, оған жету мүмкiн емес өйткенi адамның танымдық мүмкiндiктерi шектеулiжәне  шексiзде, алуан түрлi дүние өзгермелi. Екiншi жайда еш уақытта терiстелмейтiн, тек толықтырылып, терендетiлiп отыратың және танымның кейiнгi барлық сатыларында шынайы болып қала беретiн бiлiмдi айтамыз. Мысалы “қозғалыс- дегенiмiз кез келген өзгерiс болып табылады”, “Қоғам- табиғаттың ерекше бөлiгi”.
Таным процесiнде абсолюттi және салыстырмалы ақиқат тығыз байланыста: абсолюттi ақиқат салыстырмалыдан құрылады, сондай-ақ салыстырмалы бiлiмдерде абсолюттi дшынайы бiлiмдердiн бөлшектерi бар. Сонда абсолюттi және салыстырмалы ақиқаттар бiр бiлiмнiң әр түрлi қырлары болып табылады. Салыстырмалы бiлiмдерi абсолюттендiру релятивизмге әкеледi, ол танымның нәтижелерiне күмән келтiредiскептизм, немесе объективтi бiлiмдi алу мүмкiндiгiн терiстейдi- агностицизм (Юм-бiлiм сезiмдiк таныммең, тәжiрибемен, ойдың мүмкiндiктерiмен шектеулi, сондықтан бiлiм сыртқы, мәндi емес, терен емес; Кант-“өзiндiк затты”танп бiлу мүмкiн емес, танылатың құбылыс қана-феномен, ал танылмайтын “өзiндi зат”-ноумен). Абсолюттi бiлiмдi маңызын асыра дәрiптеу догматизм.
Ақиқатт проблемасын шешу барысында келесi ұғымдарға көңiл бөлу қажет: расталған және расталмаған (болымды, гипотетикалық) бiлiмдер, ақиқат, жалғандық және адасушылық. Расталған бiлiм- бұл объективтi, шынайы бiлiм. Және олар шынайы болып логикалық тұрғыда дәлелденгең де, немесе эмпирикалық, эксперименталды, нақты дәлелдеңген кезде есептеледi. Мысалы, Абай 1845-1904 ж. өмiр сүрдi. Нақты, құжат арқылы дәлелденедi; немесi “Сократ пенде (смертный)” логика бойынша “бәр  адамдар пенделi” және “Сократта адам”.  Ал расталмаған бiлiм логикалық тұрғыдан толық дәлелденбеген немесе әлi практикада өз көрiнiсiн таппаған бiлiмдер. Мұндай бiлiмдер күмән тудырады және қосымша дәлелдемелердi қажет етедi. Мысалы, Жер планетасынаң басқа планеталарда тiршiлiктiн болуы;  “Бiздiн факультетiмiздiң студенттерiнiң кобi мұғалiм болғылары келедi ” бiрнеше топтардаң пiкiртерiм негiзiнде алыңған.  Бiлiмнiң ерекше түрi, растау немесе терiстеуге болмайтын, ол  белгiсiз бiрдене туралы бiлiмдер, олар көбiнесе өз көрiнiстерiн мәселе ретiнде табады. Мысалы, философияда өмiр және өлiм мәселесi, қажеттiлiк пен еркiндiк мәселелерi т.б. гносеологияның спецификалық феноменi адасушылық болып табылады. Егер өтiрiк – бұл шындықты әдейi бұрмалау болса, жалған бiлiмдердi шынайы бiлiм деп көрсетiге тырысқан пиғыл (намерение) болып табылады, ондаадасушылық әдейi емес бiлiидi бұрмалау болып келедi. Адасушылық- бұл қателiк. Адасушылық- бұл шынайы деп қабылданған дұрыс емес, немесе керiсiнше қаралатың бiлiмдер. Мысалы, философия мен ғылымдарда көптеген уақыт бойынша геоцентiрлiк теория қолданды, немесе биологияда тұқымдық қасиеттердi жеткiзуде жоғары молекулярлы белок қосындылары алады беп есептелдi (бiрақ сонғы он жылда клеткаларға дейiн тiршiлiктiн алғышарттары нуклейiн қышқылдары (ДНК,РНК) және белок емес, кiшi молекулалардың “динамикалық ойындары”, ол кейбiр металдардың (темiр, мырыш-цинк, алюминий, никель, мыс-медь) иондары, сера-күкiрт, фосфор, азоттың қосындылары, және аминоқышқылдар мен көмiрсутектердiң- углеводы бiраз органикалық молекулалары).  Адасушылықтың себептерi әр түрлi болады: психологиялық (жеке тұлға ұстанымдары, таптаурын-стереотиптер); логикалық (қортынды жасау ережелерiн бiлмей бұзу); гносеологиялық (танылатын объектi туралы қалыптасып қойған субъективтi пiкiр, сынаржақтылық және фрагментарлы бiлiм); әлеуметтiкмәдени (қоғамдық пiкiрге немесе идеологияға бағытталыну) т.б.
Ақиқаттың өлшемдерiне қоғамдық практика жатады: 1) ол таным процесiмен тiкелей байланысты, оның дамуын айқындайды және алынған қортындылардың растылығы мен толық болуын анықтайды; 2) практика абсолюттi (адам басқа өлшемдердi тапқан жоқ), салыстырмалы (тарихи шектеулi болғандықтан қоғам жинаған барлық бiлiмдердi дәлелдей алмайды), универсалды (болған және келешекте болатын адамдардың тәжiрибесi мен әрекеттерiн қамтиды); 3) объективтi (өзгерiлетiн объект) және субъективтi (адамның белсендi-саналы әрекеттерi) жақтары бар; 4) практика сезiмдiк, абстрактiлi (жалпы) және тiкелей шындықты қамтиды.
Маркстiн философиясында практика кең мағынада қарастырылады, дүниенi және адамды  өзгертуге бағытталған адамның мақсатталған сезiмдiк-заттық әрекеттерi деп.  Практиканың мұндай жалпы түсiнiгi теориялық танымның басқа салаларында ақиқаттың жеке өлшемдерiн қлдануды терiстемейбi. Мысалы: жаратылыстану ғылымдарында- эксперимент және бақылау, өнер мәселесi мен айналысатың ғылымдар- жалпы мәдени, эстетикалық, этикалық өлшемдерге бой бұрады, математика немесе логика өте абстрактiлi ғылымдар ретiнде, олардың қағидаларың тiкелей тексеру мүмкiн емес- теориялардың “қолданбалығы”, басқа ғылымдарда, техникада, өндiрiсте көрiн табуы мен қатар формальды-логикалық (теорияның толықтығы, қарамайшылықтың болмауы, интерсубъективтiлiгi) өлшемдi қолданады.
Соңғы кездерде ақиқат критерилерiмен байланысты жаңа концепциялар пайда болды:
1.ақиқаттың когеренттi тұғырнамасы (Лейбниц, Спиноза, Гегель, Гемпель, Нейрат) бiлiмнiң байланыстылығын, жүйелiлiгiн, бiртұтастығын мойындайды. Мұнда логикалық өлшемдер басшылыққа алынады. Жалпы жүйеде бiр-бiрiмен байланысты үйлесiмдiлiкте пiкiрлердiн болуы, көп бұынды логикалық құрылым. Бұл тұғырнама нормативтi болып келедi, өйткенi субъектiден алшақ болып, бiрiншi орынға танымдық процедуралармен бiлiмнiң өзiне бередi.
2. ақиқатылықтың конвенционалды тұғырнамасы (Пуанкаре) мұнда ғылыми теориялар және онда қолданылатың ұғымдар объективтiшындықтың бейнесi емес, ол адамдардың арасындағы келiсiмнiң болу (конвенция) нәтижесi.
3. ақиқатылықтың прагматикалық тұғырнамасы (көне Қытай және антика философияда өз бастамасың алған- ақиқаттың практикалық құндылығын мойындау, маркстiк философияға да тән- ақиқаттың өлшемi практиак болып есептелдi, Джемс, Дьюи, Пирс т.б. жалғасын тапты) ақиқат мақсатқа жетуге мүмкiндiк беретiн пайдалық. Олар өздерiнiң назарын ақиқаттың әлеуметтiк маңызына, оның комуникативтiлiгiне және қоғам мен мойндалуына аударды.
31 ХХ ғ.басындағы физикадағы гносеологиялық дағдарысты философиялық талдау
Физика дағдарысқа ғасырдың алып келген төменде айтылатын мәселелер еді. Ескі механикалық көзқарасқа сәйкес, атом – ол классикалық механика бойынша бізге белгілі кез келген материалдық дене дейді, және де бұл сәтсіз тұжырымдардың бірі болды. Негізінде, атом – жылдам өсуге қабілетті протондар мен электрондардан тұратын күрделі электромагниттік жүйе екендігі дәлелденді. Жылдамдық өзгеруіне байланысты протондар мен электрондардың массасын ұлғайту және азайта алу қасиеттерін, Томсон «жеңіл» эфирлер мен салмақты материя арасындағы алмасу деп түсіндірді. Осылайша, бізге белгілі болған материяның құрылымы түрлі протондар мен электрондардың жаңа нысандарынан тұратындығы анықталды. Джордж өзінің «Материяның корпускулярлық теориясы» деп аталатын кітабында былай дейді, корпускулалық (Томсон электрондарды – корпускула дейді) массаның пайда болуы өте қызық, яғни масса электрлік заряд нәтижесінде туындайды, ол корпускулаға негізделген. Массаның өсуі байқалған жері, зарядталған денеге сәйкес келмейді, бірақ заряд кеңістігінде орналасады, мысалы эфир кеңістікті толтырып тұрса, ол өзі арқылы заряд нәтижесінде қозғала алады. Зарядталған дененің массасының өсуі эфирдің массасына негізделген. Корпускула үшін басқа массаның блуы мүмкін емес, барлық масса – электрлік масса. Сонымен, корпускуланың массасының көп бөлігі электрлік болса, жылдам қозғалатын корпускула баяу қозғалатын корпускулаға қарағанда көбірек болады, ал егер де негізгі масса механикалық болғанда ол, жылдамдыққа тәуелді болар еді. Электрлік теорияда жасалған тәжірибелер, барлық масса – элетромагнитті масса дейді. Тек XX ғасырдың алғашқы жылдарында ғана, кейбір физиктер, мысалы Томсон, жаңа ашылулардың нәтижесінде материяның жаңа фрмаларын түсінуге және бұған дейінгі біздің материяға көзқарасымыз қате екендігін және соны толығырақ зерттеу керек екендігін жеткізді. Осы мәселе бойынша Ленин: Егер де біздің философиялық тақырыптардағы кітаптар мен мақалалар жазушы махистер, материяның жойылатыны, материяның элетрмен теңесетінін алдын-ала ойлай алғанда, жаңа материялардың формалары, жаңа материялардың формаларының қозғалысы ашылар еді.
 Ғылым тарихы XVI-XVII ғасырлардағы ғылыми революциялар арқылы пайда болған жаратылыстану физика ғылымының дамуымен тығыз байланысты екендігін дәлелдейді. Физика ғана бүгінгі күнде ең дамыған, жүйелі түрде дамып келе жатқан жаратылыс ғылымы болып есептеледі.
Әлемнің физикалық картинасы бір жағынан, табиғат туралы бұрынғы алынған білімді қорытындыласа, екінші жағынан физика ғылымына жаңа философиялық идеялар мен жаңа түсініктерді, жаңа принциптер мен гипотезаларды енгізеді, бұның өзі әлемнің картинасының өзгеріп отыратындығын көрсетеді.
Физика ғылымының дамуы - әлемнің физикалық картинасымен тығыз байланысты. Оның өзгерісімен физика дамуында басқа жаңа түсініктер, принциптер, болжамдар мен ойлау стилінің жүйесі қалыптасқан жаңа кезеңге байланысты. Ал бір кезеңнен келесі кезеңге ауысу – физика ғылымындағы жаңа революцияларға, әлемнің ескі картинасының біртіндеп күйреуіне әкеліп соғады.
Физика дамуының әрбір кезеңдерінің барысында әлемнің физикалық картинасы эволюциялық жолмен біртіндеп дамып отырады. Әлемнің тантуралы түсініктің ауысуы - әлемнің физикалық картинасының ауысуына әкеледі. Физика тарихында бұндай жағдай екі рет қайталанды. Алғашында материя құралы атомистикалық, корпускулярлық теория өрістік-континуальдық теориямен алмасты. Одан соң ХХ ғасырда континуальдық теория қазіргі кванттық теориямен ауысты. Соған байланысты әлемнің физикалық картинасының бірін-бірі алмастырған үш түрін қарастыруға болады.
Философия мен ғылым арасындағы байланыстың тарихи түрлерін көрсетіңіз және сипаттаңыз. Философия мен ғылым арасындағы қатынастардың ұзақ тарихы бар. Антикалык дәуірде және орта ғасырларда олардың арасындағы айырма аңғарылмады. Ол кезде ғылым қазіргі кездегімен салыстырғанда әлсіз болды. Ғылымда философияның кағидалары жүретіні казір белгілі жайт. Ол ұстанымдардың дұрыстығына тәжірибелермен көз жеткізіледі. Мысалы, ғылымда философияның дүниенің шексіздігі, материяның тереңдігі, оның бірлігі мен көптүрлілігі туралы ұстанымы түйінделеді. Осы сияқты, математикамен бірлесе отырып та философияның кағидалары тексеріледі. Физикалық тәжірибелер арқылы тек физика ғана емес, сонымен коса оның құрамындағы математика да, философия да тексеріледі. Философияның әдіснамалық функциясы оның ғылымдарға бағыт беруші әсерінен көрінеді. Сонысымен олардың мейлінше тиімді бейнеде дамуына септіғін тигізеді, өзінід дамуындағы киындықтардан өтуіне көмектеседі. Философияның әдіснамалық функциясы белгілі бір мақсатка, мысалы, ғылыми білімді тиімді күрылымдаудың, эстетикалык шығармашылыктың, әлеуметтік практиканың алдына коиылған максаттарға жету үш колданылатын әдістерді іріктеп ала білумен айқындалады. Философияның өзіне тән түйық емес, іргелі зерттеу әдісі, әрекет ұстанымдары туралы сез болады. Ғылыммен айналысу дүниеге белгілі бір кұндылыктық катынастарды өкеледі. Ғылымда ақиқат және оған алып баратын әмпириялык және теориялық өдістер бөрінен де жоғары бағаланады, бұлар ғылым үшін ең қымбат құндылық. Осыдан философия ғылымында таным ұғымы қалыптасады.
Ғылым тарихы XVI-XVII ғасырлардағы ғылыми революциялар арқылы пайда болған жаратылыстану физика ғылымының дамуымен тығыз байланысты екендігін дәлелдейді. Физика ғана бүгінгі күнде ең дамыған, жүйелі түрде дамып келе жатқан жаратылыс ғылымы болып есептеледі.
Әлемнің физикалық картинасы бір жағынан, табиғат туралы бұрынғы алынған білімді қорытындыласа, екінші жағынан физика ғылымына жаңа философиялық идеялар мен жаңа түсініктерді, жаңа принциптер мен гипотезаларды енгізеді, бұның өзі әлемнің картинасының өзгеріп отыратындығын көрсетеді.
Физика ғылымының дамуы - әлемнің физикалық картинасымен тығыз байланысты. Оның өзгерісімен физика дамуында басқа жаңа түсініктер, принциптер, болжамдар мен ойлау стилінің жүйесі қалыптасқан жаңа кезеңге байланысты. Ал бір кезеңнен келесі кезеңге ауысу – физика ғылымындағы жаңа революцияларға, әлемнің ескі картинасының біртіндеп күйреуіне әкеліп соғады.
Физика дамуының әрбір кезеңдерінің барысында әлемнің физикалық картинасы эволюциялық жолмен біртіндеп дамып отырады. Әлемнің тантуралы түсініктің ауысуы - әлемнің физикалық картинасының ауысуына әкеледі. Физика тарихында бұндай жағдай екі рет қайталанды. Алғашында материя құралы атомистикалық, корпускулярлық теория өрістік-континуальдық теориямен алмасты. Одан соң ХХ ғасырда континуальдық теория қазіргі кванттық теориямен ауысты. Соған байланысты әлемнің физикалық картинасының бірін-бірі алмастырған үш түрін қарастыруға болады.
Философия мен ғылым арасындағы байланыстың тарихи түрлерін көрсетіңіз және сипаттаңыз. Философия мен ғылым арасындағы қатынастардың ұзақ тарихы бар. Антикалык дәуірде және орта ғасырларда олардың арасындағы айырма аңғарылмады. Ол кезде ғылым қазіргі кездегімен салыстырғанда әлсіз болды. Ғылымда философияның кағидалары жүретіні казір белгілі жайт. Ол ұстанымдардың дұрыстығына тәжірибелермен көз жеткізіледі. Мысалы, ғылымда философияның дүниенің шексіздігі, материяның тереңдігі, оның бірлігі мен көптүрлілігі туралы ұстанымы түйінделеді. Осы сияқты, математикамен бірлесе отырып та философияның кағидалары тексеріледі. Физикалық тәжірибелер арқылы тек физика ғана емес, сонымен коса оның құрамындағы математика да, философия да тексеріледі. Философияның әдіснамалық функциясы оның ғылымдарға бағыт беруші әсерінен көрінеді. Сонысымен олардың мейлінше тиімді бейнеде дамуына септіғін тигізеді, өзінід дамуындағы киындықтардан өтуіне көмектеседі. Философияның әдіснамалық функциясы белгілі бір мақсатка, мысалы, ғылыми білімді тиімді күрылымдаудың, эстетикалык шығармашылыктың, әлеуметтік практиканың алдына коиылған максаттарға жету үш колданылатын әдістерді іріктеп ала білумен айқындалады. Философияның өзіне тән түйық емес, іргелі зерттеу әдісі, әрекет ұстанымдары туралы сез болады. Ғылыммен айналысу дүниеге белгілі бір кұндылыктық катынастарды өкеледі. Ғылымда ақиқат және оған алып баратын әмпириялык және теориялық өдістер бөрінен де жоғары бағаланады, бұлар ғылым үшін ең қымбат құндылық. Осыдан философия ғылымында таным ұғымы қалыптасады.
32 Эволюциялық теориялардағы антиномиялардың философиялық интерпретациясын беріңіз және шешу жолдарын көрсетіңіз.
Адам ақылы өзінің таным құралдарымен өз мүмкіндіктерінен шығуға тырысқанда, ол шешілмейтін қайшылықтарға тап болады, ол антиномиялар – ақылдағы пайымның бір-бірін өзара терістеуі. Ақыл көмегімен логикалық дәлелдеуге болады, бір мезгілде екі қарама-қайшы логикалық дәлел болуы мүмкін, сөйтіп антиномиялық жағдай туындайды. Антиномияға Кант төрт мысал (құдайдың бар немесе жоқ екендігі, дүниенің шекті немесе шексіз екендігі,) келтірді, оның әрқайсысында тезис және антитезис бар. кант бойынша, антиномиялардың болуы – ақылдың таным мүмкіндіктерінің шектеулі екендігін дәлелдейді. И.Кант «Практикалық ақылға сын» еңбегінде мен не істеуім керек деген сұраққа жауап іздеп, этикалық мәселелерін қарастырады. Яғни, адамгершілік, мораль, парасат мәселелерін қарастырды. Кант теоретикалық ақылдан, оның шешілмейтін шым-шытырық қайшылықтарынан практикалық ақылға өтті. Практикалық ақыл деп аталуының себебі, оның функциясы – адамның өзін-өзі алып жүруін басшылыққа алды, яғни адамгершілік әрекеттерінің принциптерін жасады. Мораль, адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті ешбір сыртқы жағдайға тәуелді болмауы керек, адам адамгершілік, парасатты жан, сондықтан ол адамгершілік заңдарына сүйенуі керек. Бұл заңда Кант адамгершілік категорияларының императиві деп атады және ол былай анықталды: адамның өзіндік еркі мен мінез-құлқы, іс-әрекеті, әрқашан жалпы заңдардың принципне бағынып, соның негіінде жасалуы қажет.Кант ашқан антиномиялар танымның, ойлаудың Қайшылыққа толы табиғатын түсіндіруге, олардың диалектикасын ашуға көмектесті. Қайшылық өз алдына жеке ойлау түрі ретінде Неміс философы Гегельдің субъектерінде зерттелді. Ол Қайшылықтың диалектік түсінігін бірінші болып қалыптастырды. Қайшылықсыз ештеме жоқ, болуы да мүмкін еместігін дәлелдеп: “Заттардың бәрі өз ішінде қайшылықты келеді, “қайшылық – заттардың ақиқаты мен мәнін білдіреді”, – деді. Оның пікірінше, Қайшылық – заттардың өзіне тән қарама-қарсы қасиеттердің, үрдістердің, анықтамалардың бірлігі мен күресі. Заттар даму үстінде бара-барлықпен бірге, айырмашылыққа, қарама-қарсылықтарға, Қайшылыққа ие болады және бара-барлық пен айырмашылық немесе қарама-қарсылықтар – қатар тұрған екі түрлі нәрселер емес, тегінде, олар бір нәрсе: олар біріне-бірі өтіп отырады. Гегель Қайшылыққа тек зиянды құбылыс ретінде қарауға, оны кездейсоқ өткінші нәрсе деп түсінуге қарсы шықты. Ол Қайшылықты таным принципі ретінде қолданып, оның ақиқатқа жету жолындағы және ақиқатты бейнелеудегі эвристик. қызметін, методол. рөлін көрсете білді. Қайшылық пайда болып қана қоймайды, Қайшылық туралы ілімніңбасты бір сәті оның шешілуінде жатыр. Қайшылықтың шешілуі оның мүлдем жоқ болуы емес, оның орнын жаңа Қайшылық басады. Қайшылықтың пайда болуы, шешілуі, жаңа Қайшылықтың туындауы даму барысында жаңа нәрсенің, заттың пайда болуын бейнелейді, сөйтіп дамудың мәңгілігін, шексіз-шетсіздігін білдіреді.Табиғат туралы ғылымдар сыртқы тәжірибемен байланысты болғандықтан «түсіндіру» әдісін пайдаланады. Өзіңнің ішкі дүниеңді түсіну интроспекция (өзіңді бақылау) арқылы, басқа адамды түсіну – онымен «бірге күйзелу», арқылы, өткен мәдениетті түсіну интерпретация әдісі (герменевтика) арқылы іске асады. Дильтей тарихтың прогресс бағытын даму заңдылығын мойындамайды. Тарих кездейсоқ оқиғалардан құралады, сондықтан оған әсер ету мүмкін емес.Теолог, палеонтолог Тейяр де Шарден, өзінің “Адам Феномені” атаулы кітабында Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясын христиандық бірқұдайлық ілімімен татуластырады. Әлем, теологтің пікірінше, хаостан космосқа эволюция жолымен өтуде. Дүниенің алғашқы негізі рухани- энергетикалық субстанция. Космостағы қалыптасу, реттелу процестерін объективті заңдар басқармайды, Құдай басқарады. Оны Тейяр де Шарден “Омега” нүктесі дейді. “Омега” – Құдай. Әлемнің әрбір бөлшегінде ерекше энергетикалық субстанция бар. Осы субстанция дүние мен адамның дамуының, эволюциясының қозғаушы күші болып табылады. Оның өзегі рухтың дамуы, ноосфера. Адамның дүниеге келуі, және дамуы – ол эволюцияның аяқталуы емес, тек дүниенің өздігінен жетілуінің құралы.
33 Экономика ғылымының философиялық мәселелеріне көзқарас.

34 Экзистенциализм философиясындағы гносеологиялық мәселелердің ерекшелілігі мен негізгі категорияларын талдау.
Экзистенциализм адамтану, адам тіршілігінің мәні мәселесіндегі ғылыми әдістердің нәтижесіздігін кесімді түрде жариялады. Осылайша адамның иррационалистік болмысының бірегейлігіне аса мән беретін қазіргі заманғы ең ықпалды бағытқа айналды. Экзистенциализмді біржақты түсіну дұрыс болмас еді. Өйткені ол аса күрделі, ішкі қайшылықты, бүгінгі қоғамның рухани қайшылықтарының көрінісі болып табылатынағым.
Бірінші және Екінші Дүниежүзілік соғыстар арасында адам өміріне, тірі тіршілікке деген құрметтің тапталуы бүкіл ғылымның, рационализмнің абыройын төмендетті. Бұл трагедия ойланатын адамдардың санасында өшпес із қалдырып, қайғылы замандағы адам тіршілігін, оның қайшылықтарға толы ой тебіренісін, адам өмірінің мән-мағынасын анықтау сияқты сұрақтарға көңіл бөлуге жетеледі. Дат философы С. Кьеркегордың, неміс философы Ф.Ницшенің, француз ойшылы Б.Паскальдың, орыс жазушысы Ф.Достоевскийдің, Мартин Хайдеггердің, Карл Ясперстің, Жан-Поль Сартрдың, Альбер Камюдің, Н.Бердяев пен Л.Шестовтың, Виктор Франклдың, Хосе Ортега-и-Гассеттің ойлары, еңбектері экзистенциализм бағытының теоретикалық қайнар көзіне айналды.
«Экзистенция» ұғымы (лат. exsistehtia - «өмір сүру») ерекше рөл атқарады, оның барлық философиялық қағидаларының бастапқы негізін құрады. Экзистенциализмнің бастапқы негізі материяның, заттар дүниесінің өмір сүруі емес, жеке адамның өмір сүруі, оның көңіл-күйі, сезімі, ішкі талпынысы, яғни психикалық сезім құбылыстарының жиынтығы арқылы көрінетін субъекттің өмір сүруі. Демек, болмыстың ең жалпы формаларын зерттеу емес, сыртқы дүниенің немесе танымның мәнін ашу емес, адам өмірінің мәнін, экзистенциясының мәнін ашу. Адам өз болмысының мәнін түсіну арқылы ғана өзінен тыс сыртқы дүниеде не бар екені жайында пікір айта алады. Адамның нағыз тіршілігі, яғни экзистенциясы оның тәндік болмысына тең емес. Адамның нағыз тіршілігі, экзистенциясы ғылыми таным объективтілігінен сырғып, ұстатпайды.
Субъективтіліктің алғашқылығы бұл жерде гносеологиялық тұрғыдан ғана емес, онтологиялық тұрғыдан да көрініп тұр.
Экзистенциалистер адамның табиғатын ғылыми тұрғыдан танып-білуді жоққа шығарады, өйткені адам табиғатының ішкі сырын, оның өмір сүруінің мәнін ашу олардың философиясының мақсатына қайшы келеді. Заттарды ғылыми тұрғыдан танып-білу емес (олай ету өмірдің шындығын ашып көрсете алмайды, ғылым оның шын мәні жайындағы сұраққа жауап бере алмайды), адамның «шын» және «жалған» өмір сүруін бір-бірінен ажырата отырып «жалған» өмірге адамның күнделікті тіршілігін, ал «шын» өмірге оның әлеуметтік қатынастарға тәуелсіз, адамның ішкі табиғатынан туатын ерікті іс-әрекеттерін жатқыза отырып, экзистенциалистер: адам өзінің табиғаты бойынша бостандықтан ерікті түрде бас тартады, сөйтіп күнделікті тіршілігімен айналысуға бейім тұрады деп дәлелдейді. Адам үшін еріксіздік жағдайында өмір сүру әлдеқайда қолайлы да жеңіл, бостандыққа талпынудан гөрі тағайындалған тәртіпке бойсұну ыңғайлы деп қорытады экзистенциалистер.
Экзистенциализм бойынша, адамның міндеті дүниені өзгерту емес, керісінше, өзінің дүниеге деген қатынасын, көзқарасын өзгертуде. Қазіргі заманғы экзистенциализмді адам психологиясынсыз, дағдарыс сезімінсіз түсіну мүмкін емес. Үрей-қорқыныш - экзистенциализм философиясының басты ұғымы. Болашаққа сенімсіздік, ертеңгі күннен, тұрақсыздықтан үрейлену, өмір алдындағы қорқыныш – экзистенциализм философиясының әлеуметтік және психологиялық түп-тамырлары. Экзистенциалистер бұл дағдарыстан шығудың жолын қоғамдық қатынастарды өзгертуден іздемей, адамдардың қарым-қатынасының шеңберін тарылтудан іздейді. Ал діни экзистенциалистер бұл жолды құдайға жалбырынудан іздеуді ұсынады.
Экзистенциализмнің жеке өкілдерінің әлеуметтік-саяси көзқарастары да бірдей емес. Мәселен, Сартр мен Камю Францияны неміс фашистері басып алған кезде жауға қарсылық қозғалысына қатысты, ал 60-жылдардың аяғынан бастап солшыл радикализмді және экстремизмді жақтады. Ясперс пен Марсельдің саяси бағыты либералдық сипатта болса, Хайдеггер фашистік нәсілшілдік саясат жетегімен өзінің еврей ұлтты қарт ұстазы Гуссерльдің қудалануына, моральдық азап шегуіне және дүниеден өтуіне себепкер болды.
ХХ ғасырдағы Еуропалық өркениеттің дағдарысы адамзаттың ақыл-ойы мен адамгершілік құндылықтарға сенбеушілікті тудырды. Бұл салада анықталған ең бірінші жаңалық – ғылым мен техника дамыған сайын адам болмысының тұрақсыздығы мен нәзіктігінің өсе түсетіндігі. Күрделенумен қатар қатігезденіп жатқан дүниеде тұрақтану үшін адам ең алдымен өзінің ішкі өмірін талдап, соның негізінде өзінің мүмкіндіктері мен қабілеттерін бағамдауы қажет. Өз тіршілігіне қас дүниеге адам өзінің рухы арқылы ғана қарсы тұра алады. Олай болса, адамға ең керекті нәрсе - зат, материя, я болмаса идея, таным емес. Оған керегі - адам философиясы. Адам – ол: субъект. Ерікті, өз-өзіне жеткілікті, жауапкершілікті болмыс.
Тіршілік философиясының негізінде «экзистенция» және «эссенция» ұғымдары жатыр. Мысалы, жануарлар дүниеге өзінің мән-мағынасымен бірге келеді. Ал адам - алдымен дүниеге өзі келеді. Сан түрлі жағдайларды бастан кешіп барып қана өз өмірінің мән-мағынасына ие болады. Яғни адамның өмір сүруі - оның мән-мағыналыққа жетуінен алда жүреді. Мысалы, жаңа туылған бота, күшік, марғаулар өз аяғына тұрған бойда анасының мәліметінсіз-ақ өз тіршілігін бастайды. Ал дүниеге жаңа келген сәби анасыз өмір сүре алмайды. Оны көп жылдар бойы тәрбиелеп өсіру қажет, содан кейін ғана ол өз өмірі жайлы сұрақтардың мән-мағынасын ашуға тырысады.
Экзистенциализмде «шекаралық ахуал» деген ұғымға көп көңіл бөлінеді. Ол - өмір мен өлімнің арасында қалу, үрей мен алаңдау. Тек өз өміріне қауіп төнген жағдайда ғана, жан дүниесі терең сілкініске ұшырағанда, «өмірде болу» сезімінің негізінде адам тез жетіліп, өз өмірінің қайталанбайтын ерекше мәнін ашады.
Экзистенциализм - адамның бостандығына, еріктілігіне ерекше көңіл бөледі. Еріктілік - «қажеттілікті тану», я болмаса «табиғи дарынды іске асыру» емес. Ол - өмір сүрумен тең. Адам дегеніміз - өзін-өзінен жасайтын пенде. Ол - өзінің өзіңдік жоспары. Бұл дүниеде адамды еш нәрсе билей алмайды. Адамның себебі тек өзіңде ғана, ол өзіне «Gausa sui». Ал бостандық, еріктілік дегеніміз - таңдау. Адам ерікті пенде ретінде ойына не келсе, соны істей алады. Бірақ сонымен қатар ол өз істеріне жауапты да өзі береді. Сондықтан Ж-П. Сартр: «Еріктілік дегеніміз – адамға артылған адамгершіліктің ауыр жүгі», - деген болатын. Адам өз ісіне ғана емес, басқалар үшін де жауапты. Ол өз-өзін жете түсінудің арқасында басқалардың да терең сырын аша алады.
Адам экзистенциясының іргетасы - трансценденттілену, яғни өз шегінен асу. Адам өз шеңберінен аттап өтіп, не нәрсеге жеткісі келеді? Діни экзистенциализм Құдайды трансценденттікпен теңейді. Олай болса, Құдаймен қосылуға ынтық болу, нағыз бостандықты содан іздеу - діни трансценденция болып есептеледі. Діни экзистенциализмнің өкілі Бердяевтің пікірінше, адам - екі жақты қайшылық пен қайғыға шомған пенде. Сондықтан оны түсіну – одан жоғары тұрған Құдайды талап етеді. Бұл - адамның Құдайға тәуелді пенде екендігін көрсетпейді. Философия адамның құдайшылдығын, Құдайдың адамгершілігін көрсетуі қажет. Өйткені Христостың өзі адам болып туды. Құдай дегеніміз - ол рух. Тек рухани қатынас қана адамның терең мәнін көрсетеді.
Атеистік бағытқа келсек, оның өкілдері Сартр мен Камю өмір мәнін «ештеңеге» теңеп, экзистенцияның ең терең құпиясы деген пікірге келеді. Сонымен экзистенция дегеніміз – өзінің шектілігін, уақытшалығын сезінетін, «ештеңеге» бағытталған адам өмірі.
Экзистенциализмнің ерекшеліктерінің бірі – жеке адам мен әлеуметтік болмысты бір-біріне қарсы қоюы, адамзат болмысының осы екі жағының бір-бірімен ымыраласпайтынын көрсету болып табылады. Олай болса, адам өмірінің ерекшелігі – өмір сүру мен мәңдіктің, болу мен бола алудың, таным мен түсінудің арасындағы тебіреніс, таңдау. Бұл - адам болмысының мұңды жақтарын көрсетеді.
«Болмыс және уақыт» еңбегінде М. Хайдеггер адамның өмір сүруін «Dasein» деген ұғыммен береді. Мұндай ұғымды философияға енгізу арқылы адам болмысы - тарихи болмыс екенін, яғни «қазір осы арада» өмір сүріп жатқанын көрсеткісі келді.
Дүниеде адамнан басқа ешқандай тіршілік иесі өзінің шектілігін, яғни өлетіндігін білмейді. Адамға ғана уақыт сезімі, ал сонымен бірге өмірде болу мәселесі тән. Бұл тұрғыдан алғандағы философияның негізгі мақсаты – дәл қазір өмір сүріп жатқан адамның ішкі тебіренісін зерттеу, содан шығатын өмір тәжірибесін талдау болып табылады. Бұл - жаңа онтология. Яғни ол - уақытпен шеңберленген адам болмысы, осы арада өмір сүріп, басқалармен бірге коммуникацияға түсу.
Өндірістік қоғамдағы адамның болмысы өзінің бейшынайылығымен сипатталады. Бір конвейерден шыққан ұқсас заттар сияқты, адамдар да орталанып, бір тұлға екіншіні жеңіл алмастырады. Адамдар бірін-бірі ауыстыра алатындықтан, «басқа» дегеніміз - «нақтылы басқа тұлға» емес, «қайсыбір басқа», «жалпы бір басқа». Мұндай жағдайда «ол да», «мынау да» - шынайы субъект емес. Мұндай тобыр адамын Хайдеггер «das Man» деген терминмен берсе, Бердяев оны «объективацияланған дүние» деп атады.Ал адамның шынайы болмысына келер болсақ, ол - адамның тарихи пенделігін, уақыт шеңберінде шектелгенін, сонымен қатар өзінің еріктілігін сезінуінде. Шынайы болмысқа жету үшін адам күнделікті күйкі өмірден бас тартып, соңғы өмірдің шегі - өлімге тіке қарай алатын жағдайға келуі қажет.
Бейшынайы болмысты аттап өту үшін адамдар бір-бірімен қосылып «абсурдты дүниеге», оның шектілігіне, жалпы дүниенің жетілмегендігіне, мәнсіздігіне қарсы шығып, көтерілуі керек, - дейді француз ойшылы А.Камю.
Діни экзистенциализм бұл мәселенің басқа шешімін ұсынады. Г. Марсельдің ойынша, адамдар шынайы болмысты заттардың болмысымен теңейді. Ал шынайы болмыс, негізінен алғанда, әрқашанда тұлғалық болмыс. Болмыс - «Ол емес», «Сен». Сондықтан адамдардың Құдай алдындағы бір-бірімен ішкі сырларын бөлісуі – шынайы болмыстың алғышарты. Өзге адамның терең сырын ұғынып шынайы болмыстық дәрежеге көтерілу маһаббат арқылы ғана іске асады.
Марсельдің ойларын М.Бубер, Э.Левинастар дамытты. Олардың ойынша, адамның дүниеге деген қатынасы екіжақты. Өйткені оның сөздігінде екі негізгі сөз бар. Олардың біреуі «Мен» және «Сен» болса, екіншісі «Мен және Ол». Дүние - адамзат тәжірибесі ретінде «Мен және Олға» жатады. «Мен және Сен» - адами шынайы қарым-қатынасты тудырады. Олай болса, адам алдында дүниеде болудың екі мүмкіндігі бар. «Мен және Сен» - шынайы болмысты тудырса, «Мен және Ол» - адами қатынастарды заттандырады. Мен оны тануға, зерттеуге тырыспаймын, өйткені мен онымен қарым-қатынастамын. Ол қатынастардан босағанда ғана, мен оны тани бастаймын. Тану, білу –«Сеннің» алшақтауына әкеліп соғады. «Мен және Сеннің» қарым-қатынасын маһаббатпен теңеуге болады. Маһаббат сезімі бүкіл дүниені өзінің сәулесімен жарқыратып, гүлдендіреді. Маһаббат аясындағы адам қайыбір адамды, жақсы мен жаманды, сұлу мен түрсізді, ақылды мен наданды – бәрін де ерекше «Сен» ретінде қарайды. Алайда адам болмысының трагедиясы – «Мен және Сеннің» өзара қатынасының сарқылуында, я болмаса құралға айналуында. Экзистенциализм философиясының көрнекті өкілі—Виктор Франкл. Ол қоғамдағы адамдардың қасіреті - ноогендік невроздарда: адамның өз өмірінің мән-мағынасынан айырылып қалуында деген пікір айтты. Соңғыны В.Франкл «экзистенциалдық вакуум» деген ұғыммен берді. Өз болмысының мән-мағынасынан айырылып қалған адамдардың бірі рухани құлазудан арылу үшін «Құдайды іздеу» жолына түссе, екіншілері нашақорлық пен ішімдіктің сағымында жүреді, үшіншілері қоғамдағы тәртіпке қарсы бағытталған қылмыстық іс-әрекеттерге, төртіншілер суицидке барады. Өмірдегі ахуал қандай қиын болса да: жазылмайтын сырқат, өлімнің өзі болмасын, адам өз өмірінің мән-мағынасын жоғалтпауы керек, деген ойға келеді Франкл. Өзінің Екінші Дүниежүзілік соғыс кезіндегі Бухенвальд концлагерінде болған экзистенциалдық тәжірибесін сараптай келе, Франкл өз өмірінің мән-мағынасын сақтап қалған адамдар ғана сол тозақтан құтылғанын, ал оны жоғалтқан көпшіліктің «малға ұқсайтын тобырға» айналып құрығанын баяндады.
35 Энергетизм бағыты ақиқат па,жалған ба?.Конструктивті-философиялық талдау.
Энергетизм– 19 ғ-дың аяқ кезінде жаратылыстану зерттеушілерінің белгілі бір топтарының арасында тараған филос. тұжырым. Энергетизмнің жақтастары табиғаттағы құбылыстардың барлығы тек қана энергияның өзгеруіне байланысты болады, оларда ешқандай материалдық негіз жоқ деп есептеді. Энергетизмнің негізін салушылар В.Ф. Оствальд, Мах, т.б. жаратылыстанушы ғалымдар энергет. түсініктемені дамыта отырып, атомдық теорияның ғыл. маңызын жоққа шығарды. Бірақ олардың шәкірттері кейіннен, 20 ғ-дағы атомастика жетістіктерінің ықпалымен атомдардың бар екендігін мойындауға мәжбүр болды.Осыған байланысты атомизм идеялары энергия туралы физ. ілімнің өзіне дендеп еніп, энергияның дискреттік үлес – кванттар түрінде өзгеріп отыратындығы ашылды. Сөйтіп Энергетизм идеялары ядр. физ. мен элементар бөлшектер физикасында анықталған жаңа деректерге байланысты біршама жүйеге келтірілген формада қайта жаңғырды. Сайып келгенде, массаның ақауы мен бөлшектің өріске және кері ауысу ықтималдығының ашылуы материяның энергияға және энергияның қайта материяға ауысу мүмкіндігі түрінде түсіндіріледі. Бұл тұжырымдар масса мен энергияның өзара байланыстары туралы заңға арқа сүйей отырып беки түсті және жоғарыда келтірілген мүмкіндікті теорияның негізі ретінде қарастырды. Энергетизмнің гносеол. бастауы бір жағынан жаратылыс туралы ғылымның табыстарында жатса, екінші жағынан “материя құрылысының жаңаша” теориясын жасаудың шындығында жатыр. Ғылым алдында материяның ішкі құрылымын ашу міндеті тұрған кезде Энергетизм филос. бағыт ретінде қайта түлейді. М. Сәбитов[1]36 Биологияның философиялық мәселелеріне көзқарас.
Адамның өмір сүрүі мәселесі де адамның мәні мәселесі сияқты маңызды. Оның алғышарты туралы емес, адамның өмір сүруі мен мәнділігінің тұтастығы мен қажетті байланысы туралы айтуға болады. Адам әрқашанда, бір жағынан әуел бастапқы "нәрсе" және, екінші жағынан, ол өзінің ізі мен шектеуін қалдыратын әлеуметтік ортада дамиды. Сондықтан да индивидуалдық өмір сүру осы қажеттіліксіз, оның мәнін құрайтын қоғамдық қатынастарының жүйесінсіз мүмкін емес. Сонымен қатар, оның мәні де оның өмір сүруінен тыс бола алмайды.
Адамның бойындағы биологиялық пен әлеуметтіліктің арақатынасы мәселесі де осы өмір сүру мен мәнділік мәселесімен байланысты. Өзінің мәні жағынан адам әлеуметтік жан. Сонымен бір мезгілде ол табиғаттың жемісі және оның шектерінен тыс өмір сүре алмайды, өзінің биологиялық қажеттіліктерін өтейді, ішеді, жейді, дене қабатын тастап кете алмайды. Адамдағы биологиялық пен әлеуметтілік ажырамас тұтастықта орналасады оның бір жағын "әлеуметтік сапаға" ие тұлға құраса, екінші жағын оның табиғи негізі болып табылатын ағза құрайды.
Өзінің биологиялық жаратылысы жағынан әрбір индивидтің өз ата-анасынан алатын гендер жиынтығы - белгілі бір генотипі әуел бастан қаланады. Туылысымен-ақ ол нышандары генде сақталған биологиялық тұқым қуалаушылыққа ие болады. Бұл нышандар индивидтің сыртқы, физикалық кейпіне де (бойы, терісінің түрі, бет-әлпеті, дауысының күші, өмірінің ұзақтығы және т.б.), психикалық қасиеттеріне де (эмоция, темперамент, кейбір мінез-құлықтары және т.б.) Кейбір ғалымдардың пікірінше, адамдардың әртүрлі әрекет түрлеріндегі де дарындылығы да тұқым қуалаушылықпен беріледі. Алайда мұнан адамның қабілеттері тек табиғи алғышарттармен байланысты деген қорытынды шығарудың қажеті жоқ. Нышандар-бұл адам қабілеттерінің алғышарттары ғана, оны генотипке әкеліп тіреуге болмайды. Қабілеттер де өзінің жалпы түрінде үш фактордың бірлігі: биологиялық, әлеуметтік, психикалық.
Әлеуметтілік пен биологиялық мәселелерін қарастырғанда екі көзқарастан бойды аулақ ұстау керек: әлеуметтік факторды абсолюттендіру және биологиялық факторды абсолюттендіру. Біріншісінде адам әлеуметтік ортаның абсолюттік нәтижесі болып көрінеді. Екінші концепцияға әртүрлі биологияландырушы ілімдер жатады. Оның ішінде, мысалы табиғи тұрғыда бір нәсілді екіншісінен жоғары қоятын нәсілшіл теорияларды жатқызуға болады. Нәсілшілділіктің жарамсыздығын адам генотипінің ерекшілігінің нәсілдік емес, индивидуалдық денгейде көрінетіндігі арқылы дәлелдеуге болады. Табиғатта қандай да болсын нәсілдік, ұлттық немесе әлеуметтік генотиптер өмір сүрмейді. Дарвиннің табиғи сұрыпталу ілімін негізге ала отырып қоғамдық өмірді түсіндіруге тырысқан социал-дарвинизмнің өкілдері де осы биологияландырушы позицияны ұстанды.
 
Қазіргі кездегі ғылымда адамның биоәлеуметтік табиғаты туралы пікір қалыптасты. Мұның үстіне адамның әлеуметтілігі төмендетілмейді, есесіне Homo варіөпв жануарлар әлемінен бөлініп, оның әлеуметтік жанға айналуындағы шешуші рөлі баса айтылады. Адам пайда болуының биологиялық алғышартын ешкім теріске шығара алмайды. Тіпті ғылыми дәлелдерге сүйенбей-ақ, қарапайым бақылаулар мен қадағалауларды жетекшілікке ала отырып, адамның табиғи өзгерістерге - атмосферадағы магниттік борандарға, күннің белсенділігіне, жер стихиялары мен апаттарына барынша бағыныштылығын аңғаруға болады.
Екінші жағынан адамның қалыптасуындағы үлкен рөл еңбек, адамдар арасындағы өзара қатынастар, олардың әлеуметтік және саяси институттары сияқты әлеуметтік факторларға тиесілі. Бұлардың әрқайсысы жеке өз алдына адамның жануарлар әлемінен бөлініп қалыптасуына әкелуі мүмкін емес. Бұл тек олардың өзара әсері мен диалектикалық тұтастарының арқасында ғана мүмкін болады.
Адам жер бетінде өмір сүретін биологиялық түрдің біріне жатқандықтан оның биологиялық табиғатын гомоноид (адамға ұқсас) ретінде оған тиесілі түрлік қасиеттердің жиынтығы анықтайды. Алайда, осы биологиялық параметрлердің өзіне әлеуметтік фактор тікелей эсер етеді, мысалы, өмірдің ұзақтығына, жас ерекшіліктеріне және т.б. эсер етеді. Жануарға тән өмір сүру ортасына түскен нәрестенің өзі қалыпты жағдайларға сай физикалық тұрғыда тірі қалғанымен, ол адам болып қалыптаспайды. Бұл үшін индивид әлеуметтендірудің белгілі бір кезеңдерін бастан өткізуі керек. Сонымен қатар төмендегі пікірмен де келісуге болады: "Туылған сәтінде нәресте адамға кандидат қана, ал оқшау жағдайда кандидат та бола алмайды: ол адам болуды адамдармен қарым-қатынас барысында үйренеді" (А. Н. Леонтьев). Басқаша айтқанда, әлеуметтік жағдайлардан тыс, тек биология ғана адамды тұлға ретінде қалыптастыра алмайды.
38 Қазіргі ғылымдағы гносеологиялық дағдарысты философиялық талдау


39 Б. Спинозаның "Этика" атты еңбегін конструктивті-философиялық талдау.

40 Проблема -гипотеза- теория арасындағы байланысты талдау
Проблема дегеніміз- өмірдің-өзі алға тартып отырған әр алуан қарама-қайшылықты жағдайлар, сол себепті проблеманы «білместік туралы білім» деп атайды.
Теория (гр. theorіa – пайымдау, анықтау)– белгілі бір құбылыстың, шындықтың заңдылықтары мен байланыстары жайлы жан-жақты, толық мағлұмат беретін тұжырым. Теория өзінің ішкі құрылымы жағынан бір-бірімен логикалықбайланыста болатын біртұтас білім жүйесін құрайды. Теорияның мазмұны белгілі бір ұғымдар мен тұжырымдарғанегізделіп, арнайы логикалық-методологиялық принциптер мен ережелерге сүйеніп баяндалады. Теория көбінесе болжамдық, тұспалдық сипатқа ие. Теорияның кең көлемді теориялық материалды жүйелеуге, сипаттауға бағытталғансипаттамалы немесе логикаға негізделген дедуктивті түрлері бар. Логикалық көзқарас тұрғысынан Теория өзара байланыстағы гипотетикалық-дедуктивтік жүйені құрайды. Кез келген теориялық қорытынды негізгі тұжырымнан(аксиома, анықтама, қағида) тұрады немесе бірнеше ой-тұжырымдардың логикенті қорытындысы (теорема, нәтиже) болып табылады. Эпистемологиялық мәнде Теория үнемі дамып, өзгеріп отыратын білімдер жүйесі. Қазіргі ғылымметодологиясы Теорияның негізгі төрт құрамдас бөлігін айқындайды:1. Теорияның теориялық тұрғыдан түсіндірілуге тиісті тәжірибелік нәтижелері мен деректік жиынтығынан тұратынэмпирикалық негізі;2. Әр алуан жалпы заңдылықтар мен қағидаттардан тұратын теориялық негізі;3. Белгілі бір логикалық және методологиялық реттегіштер;4. Дәлелдерден, қорытындылардың жиынтығынан тұратын негізгі теориялық жүйе.
Теория практикалық іс-әрекетті, тәжірибені қорытып, оны жаңа жағдайда ғана қолданбай, ол тәжірибе нәтижелерін шығармашылық тұрғыдан өзгерту арқылы практиканың алдына жаңа талаптар қойып, оның өрісін кеңейте түседі. Ғылыми-техникалық төңкеріс заманында Теорияның практикаға қатысты ғылыми-өндірістік маңызы айқын көрінеді. Сондықтан практика Теорияның ақиқаттылығын дәлелдеумен қатар, оны дамытып, жетілдірудің негізі..
Тексерудің қарапайым түрі – тікелей тәжірибе арқылы тексеру. Бірақ теорияны көп жағдайда тікелей тәжірибемен тексеру мүмкін емес (масалы,Жердегі өмірдің пайда болуы), немесе бұндай тексеру өте қиын, не қымбат (макроэкономикалық және әлеуметтік теориялар), сондықтан теориялар болжаулық қабілетінің барлығын пайдалану арқылы – яғни алдында белгісіз немесе байқалмаған нәрселерді, оқиғаларды шығарса, ал ұқыптап бақылағанда бұл нәрселер немесе оқиғалар табылып жатса, онда бұл қабілеттің бар болғаны.
Жалпылағанда, ғылым мақсаты – болашақты болжау; бақылау (аналитикалық) мағынасы – біз әсер ете алмайтын оқиғалар желісін сипаттаумен қатар синтетикалық, бізге керек болашақты технология арқылы жасау, мағынасын да қамтиды.
Басқаша айтқанда, теория мәні жанама белгілерді бір-бірімен байланыстыру мен өткен шаққа баға беріп, белгілі шарттар орындалғандағы болашақта болатын оқиғаларды көрсетуінде жатыр.
Теория (Theory) - білім саласындағы негізгі идеялар жүйесі. Автоматтар теориясы (Теория авто-матов; automata theory) — автоматты құрылғылардың жасалу, жұмыс істеу және қолдану принциптерін зерттейтін ғылым. Алгоритмдер теориясы (Теория алгоритмов; algorithm theory) — алгоритмдердің жалпы қасиеттерін зерттейтін математика ғылымының бір тарауы. Алгоритмдер теориясының екі тармағын атап өтуге болады. Біріншісі — математиканы конструктивті негіздестіруді және алгоритмдік шешілмеушілік феноменін зерттейтін логикалық теория. Екіншісі — алгоритмдердің өзін, олардың құрылымын, эквиваленттік түрлендіру әдістерін, тиімділікті бағалау тәсілдерін және құру әдістерін зерттейтін алгоритмдердің аналитикалық теориясы. Ақпарат теориясы (Теория информации; information theory) — ақпаратты классификациялау, сақтау, алмастыру, шығару тәсілдерін сипаттау және оларды бағалау жұмыстарымен айналысатын кибернетиканың бір саласы.
Гипотеза (гр. ὑπόθεσις — негізгі, жорамал) — белгілі бір құбылысты түсіндіру үшін алға тартылатын және тәжірибе түрінде тексеруді және сенімді ғылымитеория болып қалыптасу үшін теориялық негізді талап ететін ғылыми болжам, дәлелденбеген тұжырымдама, жорамал.[1]Әдетте гипотеза өзін құптайтын байқауларға (мысалдарға) негізделе жасалады, сондықтан рас болып көрінеді. Гипотезаны аяғында не дәлелдеп ақиқатқа айналдырады, немесе одан (қарсы мысал келтіру арқылы) бас тартып алдамшы тұжырымдамаға жатқызады. Ал, бас тартпаған және дәлелденбеген гипотезаны ашық мәселе (проблема) деп атайды.гипотезаның пайда болуы ежелгі дәуірдегі математиканың дамуымен тығыз байланысты. Көне заман математиктері гипотезаны матем. есептер шешімін дәлелдеу әдісі ретінде ұсынды және алғашқы жобаның дұрыстығын тексеру мақсатымен олардан қорытынды жасайтын дедуктивтік ойлау әдістерін кеңінен қолданды. Платон гипотезаны ой қорытудағы абс. ақиқат сипатты қамтамасыз ететін дәлелдеудің синтет. талдау әдісі ретінде қарастырды.

Приложенные файлы

  • docx 14813832
    Размер файла: 1 MB Загрузок: 0

Добавить комментарий