Төрттік кезең түзілімдерінің генетикалық жіктемесі



Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті
«5B060900»-География мамандығы
СӨЖ
Тақырыбы:
Орындаған:
Тексерген: Құсайынов С.А.
Алматы 2017 жыл
Жоспар:
I.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1. Төрттік кезең түзілімдерінің генетикалық жіктемесі
ІІІ.Қорытынды бөлім
Генетикалық тип деген ұғым. Орыс ғалымы А.П.Павловтың айтуы бойынша, генетикалық тип деген ұғым – белгілі геологиялық агенттің әсерінен пайда болған түзілімдер жиынтығы. Ал геологиялық агент деп белгілібір экзогендік геологиялық процесті атайды. Бұл процесс өзіне сәйкесті түзілімдердің генетикалық түрлерінің пайда болуының себепкері болады. Мысалы, су жер бетінде ең басты әсер етуші агенттердің бірі. Судың әр түрлі күйіне және ағу жағдайына байланысты, беткей бойымен тарамдалып аққан аландық шаю, маусымды жауын-шашын суларымен байланысты уақытша, яғни тұрақсыз ағын сулар және арна бойымен жиналған судың тұрақты ағыны , сонымен қатар тұйық тоспаларға жиналған суларды айырамыз. Сулардың, осы әрі түрлі сипаты түзілімдердің нақтылы динамикалық түрлерін қалыптастырады, бұлар – делювийлік, аллювийлік, пролювийлік, көлдік түзілімдердің динамикалық түрлері. Бұлар тиісті түзілімдердің генетикалық типтерін құрайды.
Осыларды тереңірек түсіну үшін төрттік түзілімдердің екі генетикалық типін, яғни аллювий мен делювийді салыстырып көрейік. Аллювий деп тұрақты ағын сулар әрекетінен өзен аңғарында түзілетін шөгінді таужыныстар жиынтығын атайды. Ағын су сызықты эрозия арқылы жер бетінде эрозиялық аңғарды тілімдеп, ойлы-қырлы бедерлерін құрайды. Ал, делювий жауын-шашын немесе еріген сулардың тасымалдану әсерінен тау-төбешіктердің бөктері мен етегінде түзілетін борпылдақ таужыныстар жиынтығы. Сорғалап аққан сулардың беткейлік шаюы жалпы алаңдық денудацияға жатады. Оның морфологиялық әсері сызықтық эрозия әрекетіне керісінше, беткейлердің тегістелуіне және бедердің жазықтануына әкеліп соқтырады.
Атап кететін бір жайт, төрттік түзілімдердің генетикалық типін нағыз таза литологиялық категория ретінде қарастыруға болмайды. Мысалы, аллювийлік түзілімдерге өздерінің литологиялық құрамымен, құрылымымен және бітімімен айқын ажыратылатын таужыныстар жатады. Мұнда жұмырланған қойтастардан және малтатастардан құралған арналық аллювий, ұсақ түйірлі құмдардан және құмдақтардан құралған жайылмалық аллювий және сазды құмдардан құралған ескіарналық аллювий кездеседі. Сол себептен тек литологиялық сипаттама тұрғысынан қарағанда түзілімдердің белгілі генетикалық түрлерін анықтау жеткіліксіз. Бұдан басқа ескертетін бір жайт, түзілімдердің генетикалық типтері деген ұғым белігілі геологиялық процестерді түсіндіріп қана қоймай, бедер өзгеруінің тарихи-геологиялық мәнін анықтайды және сөйтіп, шөгінділер жиынтығының қалыптасу ерекшелігін нақтылауда елеулі роль атқарады. Мысалы, төрттік түзілімдердің екі генетикалық типін, яғни аллювийлік және флювиогляцияық түзілімдерді салыстырайық. Жалпы айтқанда, өзеннің тұрақты ағын суы және мұздықтың астынан аққан еріген су тасқыны арасындағы динамикалық айырмашылықты ажыратуға болмайды. Бірақ, төрттік кезендегі жамылғы мұздық су әрекетінен қалыптасқан зандрлық түзілімдер құрамы жағынан қазіргі аллювийге ұқсас арналық құмдардан және малтатастардан құралса да, олар аллювийлік түзілімдер емес, олар генезис тұрғысынан алғанда, флювиогляциялық түзілімдерге жатады. Генезисі жағынан бұлар төрттік кезеңде пайда болған жамылғы мұздықтар әрекетінің нәтижесі. Сол себептен флювиогляциялық түзілімдерден құрылған кең аумақты зандрлық жазық өзен аңғарларының шекарасынан тыс, яғни аллювий пайда бола алмайтын суайрық өлкелерінде қалыптасады. Демек, динамикалық геология тұрғысынан ұқсас осы екі түзілім типтерінің негізгі даралану белгісі – олардың тарихи-геологиялық, яғни тарихи-генетикалық ролі.
Сөйтіп, зандрлық түзілімдер басқа тарихи-геологиялық жағдайды бейнелеп көрсетеді және кәдімгі аллювий түзілімдеріне қарағанда жер бетінің өзгеруінде, сонымен қатар шөгінді жамылғысының қалыптасуында басқаша роль атқарады. Төрттік түзілімдерінің генетикалық типтерінің бөлінуі тек динамикалық процесте ғана емес, дәл осы тарихи-геологиялық мағынада ажыратылады. Сайып келгенде, төрттік түзілімдердің генетикалық типтері дегеніміз – белгілі физикалық-географиялық жағдайларда көбінесе бір ғана бастаушы яғни негізгі геологиялық агент әрекеті нәтижесінде түзілген түзілімдер жиынтығы. Төрттік түзілімдерге диагностикалау, яғни олардың генетиалық типтерін анықтау – бұл шөгінді формацияны зерттеп білудің негізгі әдісі, сонымен қатар, палеогеографиялық талдау, инженерлік-геология проблемаларын іздеу және барлау жұмыстары әдістемелерінің негізі болып табылады. Төрттік түзілімдердің генетикалық жіктемесін көптеген зерттеушілер, атап айтқанда: Н.И.Николаев, С.А.Яковлев, Е.В.Шанцер, С.В.Эпштейн, т.с.с.ұсынған еді. Солардың ішінде континенттік түзілімдердің генетикалық жіктемесін зерттеуде Е.В.Шанцер едәуңр үлес қосты. Е.В.Шанцер континенттік түзілімдердің генетикалық жіктемесінде төменгі таксонометриялық қатарларды белгілеген: 1)класс, 2) парагенетикалық қатар, 3)парагенетикалық топ және топтар тарамы, 4) генетикаық тип. Парагенезис – (гр para-қасында +genesis- жаратылу ) генезисі жағынан бір жағдайда, бір табиғи ортада жаралған минералдың бірлестігі.
1987 жылы Ленинградтағы Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу геологиялық институтының бір топ ғалымдары ұсынған төрттік түзілімдердің генетикалық жіктеу кестесі таксонометриялық бірліктердің төменгі қатарын қамтиды: 1) топ; 2)класс 3)генетикаылық қатар; 4)генетикалық тип; 5)генетиалық тип тарамы; 6)фация тобы; 7)фация. Континенттік түзілімдер тобы төрт класқа, 8 генетикалық қатарға, 23 генетикалық типке, 42 типтік тарамдарға және көптеген фация тобын бөлінген. Фация туралы айтсақ, қазіргі кездегі ғалымдардың көпшілігі “фация” деп белгілігі бір стратиграфиялық кескінінде өзінің литологиялық құрамы және қалыптасқан физикалық-географиялық ортасы тұрғысынан көршілес түзілімдердің оңай ажыратылатын таужыныстар жиынтығын атайды. Мысалы, жасы бірдей теңіз тұнбалары арасынан кедертасты әктастар, жағаға жақын белдемдерінде толқын әрекетінен қалыптасқан құм және малтатасты шөгінділер, немесе теңіз жағалауында оқшауланып қалған тоғанның тұз қабаттары, ал теңіздің терең түбінде саз және лай тұнбалары дараланады. Осылардың жасы бірдей болса да, олар таралу тереңдігіне қарай өздерінің литологиялық құрамы жағынан әр түрлі. Жоғарыда айтылған аллювийлік түзілімдер арналық фацияға, жайылмайлық фацияға және ескіарналық фацияға бөлінеді. Олардың геологиялық жасы бірдей бола тұрса да, литологиялық құраы әр түрлі.
Авторлар жаңағы айтылған Ленинградтағы Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу геологиялық интитутының ғалымдары жасақтаған төрттік түзілімдердің генетикалық жіктелу кестесінің континентік тобын оқырман қауымға ұсынып отыр. Әрине, жоғарыда келтірілген ғалымдардың айтуы бойынша, төрттік түзілімдерді жіктеуде барлық генетикалық қатарларды және генетикалық типтерді бірыңғай критерлийлік негізде бөлектеу мүмкін емес. Төрттік түзілімдердің көбі шөкпе түзілімдерден тұрады, олардың генетикалық типтерге бөліну белгісі әдетте экзогендік процестердің түріне тәуелді, борпылдақ материалдыі тасымалдану және шоғырлану ерекшеліктері. Ал элювийлік түзілімдердің негізіне гипергендік процестердің ерекшелегі жатады. Биогендік және вулканогендік түзілімдердің бөліну, шөгінді түзілімдермен салыстырғанда, басқа ұстамдық негізінде жүргізіледі. Биогендік түзілімдерді белгілеуде өсімдіктер мен жанауарлардың тіршілік іздері мен қалдықтары қарастырылады.
Ал, вулканогендік түзілімдердің жіктелуіне жанартаулардың әр түрлі әрекеттерінің (экструзиялық, эффузиялық және эксплозиялық) нәтижелері негізге алынады. Парагенетикалық қатарлар және генетикалық типтерінің бөлінуі әр түрлі критерийлерге негізделгендіктен, жіктеу кестесінің таксонометриялық қатарынан ең жоғары бірлігі ретінде әр түрлі "кластар" қаралады, олар: гипергендік, седиментогендік, биогендік және вулконагендік кластар болып бірнеше топтарға жіктеледі.

Приложенные файлы

  • docx 14818969
    Размер файла: 20 kB Загрузок: 1

Добавить комментарий