Науқасты тасымалдау кез…


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

Науқасты тасымалдау кезіндегі профессиональды қорғаныс шараларыОрындаған: Темиргалиева М.ЕТексерген: Қозыкенова Ж.У Ең қолайлы, берік және сақтаныш түрі науқастарды каталкамен тасымалдау.Науқасты үшеулеп кушеткадан каталкаға және керісінше жатқызу қолайлы болады.Науқасты каталкаға ауруының және зақымдануының сипатына қарай ыңғайлап жатқызады.Науқасты бұлай жатқызу дене бұлшықеттерінің толық босаңсуына, науқастың қосымша күш талап етпеуіне мүмкіндік береді және тасымалдауға ең қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді. 1 Каталканы кушеткаға көлденең қойыңыз, каталканың бас жағын кушетканың аяқ жағына қаратыңыз.2 Үшеуі де каталканың бір жағында тұрады. а) Біреуі науқастың басы мен жауырыны астына қолдарын салады. ә) Екіншісі жамбас пен санның жоғарғы жағынан ұстайды. б) Үшіншісі санның орта жағынан және балтырынан ұстайды.3 Науқасты көтеріп каталкаға 90єС жағына айналыңыз.4 Науқасты каталкаға жатқызып, үстінен жабыңыз.5 Бөлімшеде каталканың бас жағын төсектің аяқ жағына келтіріңіз,науқасты үшеулеп көтеріп 90єС айналып төсекке жатқызыңыз. 1 Науқас адамды көтергенде абай болу керек.2 Жүрген кезде қысқа адымдармен зембілді шайқамай,алдыға қарап жүру керек.3 Артта келе жатқан адам науқастың жағдайын қадағалап, оның жай- күйін сұрастыру керек.4 Сатымен науқасты жоғары көтергенде зембілді бас жағынан алға қарай,төменгі жағын көтере,көлденең қалыпта ұстай отырып шығару керек.5 Сатымен төмен түсіргенде аяғын төмен қаратып, зембілді аяқ жағынан көтере отырып тасымалдау керек.6 Миға қан кеткен адамды зембілде арқасымен жатқызып тасымалдайды. НАУҚАСТАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ Ауыр науқасты қарау кезінде мейірбикеге науқастың қауіпсіздігі үшін үлкен жауапкершілік жүктеледі. Бұл науқасты төсекпен, каталкамен, кресло-каталкамен, зембілмен тасымалдау, ал тасымалдау құралдары жоқ жағдайда науқасты бір, екі не үш медициналық жұмыскерлердің көмегімен қолмен көтеріп тасымалдау. НАУҚАСТАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ Тасымалдаудың түрін науқастың жағдайына қарай дәрігер анықтайды. Зембілмен тасымалдау кезінде науқастың қауіпсіздігі жайлы естен шығармау және кейбір ережелерді сақтау керек: Тасымалдаудың түрі Науқас болатын жайттың барлығынан хабардар болуы керек;Науқасты құлатып алмастай көлденең күйде ұстап тұрып носилканы абайлап көтеріп қою керек; Науқастың басын алдыға ұстап носилканы теңселтпей қысқа (адыммен) жүру керек; Артта келе жатқан адам науқастың жағдайын бақылап оның жай-күйі жайлы сұрастыруы керек; Тасымалдаудың түрі Артта келе жатқан адам науқастың жағдайын бақылап оның жай-күйі жайлы сұрастыруы керек;Сатымен жоғары зембілді бас жағымен алға қарай, төменгі жағын көтере, көлденең қалыпта ұстай отырып шығару керек Сатымен төмен түсіргенде – аяғымен төмен қарай, зембілдің аяқ жағын көтере отырып тасымалдау керек;Егер медперсоналдың қайсібірі шаршаса, онда ол туралы басқа мейірбикелерге дереу хабарлауы керек, тоқтап жерге зембілді қояды, әйтпесе қолдың шаршаған саусақтары босаңсып зеңбіл құлауы мүмкін. НАУҚАСТАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ Каталкамен тасымалдау, тасымалдаудың ыңғайлырақ түрі болып табылады. Науқасты каталкаға ауруының және зақымдануының сипатына қарай ыңғайлылап жатқызады. Бұлай жатқызу дене бұлшықеттерінің толық босаңсуына науқастан қосымша күш талап етпей-ақ мүмкіндік береді және тасымалдауға ең қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді. Кресло-каталканы пайдалану Кресло-каталканы да қолдануға болады. Қауіпсіздік мақсатында науқасқа кресло-каталкаға қалай дұрыс отыру керектігін түсіндіру керек: Кресло-каталканы пайдалану Кіші мейірбике аяқ тұғырына аяғымен басып кресло-каталканы алдына еңкейтеді;Науқасты аяқ тұғырына тұруға сұраңыз, содан соң науқасты сүйеп креслоға отырғызыңыз; Кресло-каталканы негізгі орынына келтіріңіз;Кресло-каталканың арқасының сыртындағы рамкалардың көмегімен науқасқа қажетті жағдайды (отыру немесе жартылай жату) орнату керек; Кресло-каталканы пайдалану Тасымалдау кезінде науқастың қолының кресло-каталканың сыртына шығып кетпеуін қадағалаңыз;Науқастың палатадағы төсекке отыруына көмектесіңіз;Кресло-каталканы дезинфицирлеңіз. Кресло-каталка Каталкалар және зембілдер сырты клеенкамен қапталған және шытпен тысталған матрацтармен жабдықталуы керек, басына жастық қойылады. Науқасты жыл мезгілдеріне қарай (суық уақытта – көрпемен, жылы уақытта – шытпен) жабу керек. Науқасты тасымалдаудың ерекшеліктері аурудың түріне және оны жоюдың сипатына байланысты болады Ауыр науқастарды каталкадан төсекке тасымалдауды білу қажет Ауыр науқастарды каталкадан төсекке тасымалдауды білу қажет. Каталканы төсектің жанына науқасты ыңғайсыз және қажетсіз қозғалыстар арқылы мазаламайтындай етіп қалай дұрыс қою керектігін алдын-ала ойластыру қажет. Каталканы төсекке каталканың басы төсектің аяғына сәйкес келетіндей етіп параллель орналастырады (схема №1); медперсонал науқасқа қарап зембіл мен төсектің арасына тұрады, екеулеп немесе үшеулеп науқасты көтереді және 1800-қа бұрылып оны төсекке жатқызады. Науқасты кушеткадан каталкаға және кері жатқызу кезінде үшеулеген қолайлы болады.Каталканы кушеткаға көлденең қойыңыз - каталканың бас жағын кушетканың аяқ жағына.Үшеуі де науқастың бір жағында тұрады:а) біреуі - науқастың басы мен жауырыны астына қолдарын салады;ә) екіншісі - жамбас пен санның жоғарғы жағынан;б) үшіншісі - санның орта жағынан және балтырынан.Науқасты көтеріп, каталкаға 90° жағына айналыңыз. Науқасты каталкаға жатқызып, үстін жабыңыз.Бөлімшеге халі нашар науқас жіберілгені туралы хабарлаңыз.Науқасты, оның медициналық картасын бөлімшесіне медициналық қызметкерімен шығарып салғанда жіберіңіз. Бөлімшеде каталканың бас жағын төсектің аяқ жағына келтіріңіз, науқасты үшеулеп көтеріп 90° айналып, төсекке жатқызыңыз. Егер каталка болмаса 2-4 кісі зембілді қолымен апарады. Басқышпен төмен қарай науқасты аяғымен алдына апарады, әрі алдыңғы жағын сәл көтереді. Басқышпен жоғары қарай, науқасты баспен алдына апарады. АУЫР ЖАРАҚАТ АЛҒАН АДАМДЫ ҚАЛАЙ ТАСЫМАЛДАУҒА БОЛАДЫ Зардап шеккен адамды бүктетілмейтіндей, әсіресе мойны мен бас жағы бүгілмейтіндей етіп өте сақтықпен көтеріңіз. Зардап шеккен адамды тасымалдап алып жүрген кезде аяқ жағы бас жағынан жоғарырақ жатқаны дұрыс, тіпті таулы, қия жерлердің өзінде де оны сол қалыпта ұстау керек. Екінші біреу зардап шеккен адамның астына зембілді жылжытып салсын.Басқалардың көмегімен зардап шеккен адамды зембілдің үстіне ептеп көтеріп салыңыз. Егер де мойыны зақымданса, онда басты қозғалмайтындай етіп екі жағынан орама шүберекпен немесе құм қалталармен таңып тастаңыз. Назарларыңызға рахмет!!! Назарларыңызға рахмет!!!

Приложенные файлы

  • ppt 14819316
    Размер файла: 1 MB Загрузок: 0

Добавить комментарий