2-інші сабақ. Экономикалық теорияның даму кезеңдері


Экономикалық теорияның даму кезеңдері
Экономикалық мектептер
МЕРКАНТИЛИЗМ
«Меркантилизм» (итальян сөзі «мерканте» саудагер, көпес деген ұғымды білдіреді) бірінші экономикалық ілім болып табылады. Бұл адамдар байлықтың қайнар көзі тауар мен ақша айналымында, яғни сауда-саттықта деп есептеді. Олардың логикасы бойынша қандай да бір тауар елден сыртқа шығарылып сатылатын болса, елдің ішіне кіретін алтын күміс көп болатын болды. Және де олар мемлекет ішіне тауардың аз кіргізіліп, мемлекеттен көп тауар шығарылуын, яғни сатылуын талап етті.
Меркантилизмнің көрнекті өкілдері:
Англияда – У.Стаффорд, Т.Мен, Дж. Стюарт;
Италияда – А.Серра;
Францияда – А. де Монкретьен, Ж.Б. Кольер.
ФИЗИОКРАТИЗМ
«Физио» -табиғат, «кратос» - үстемдік деген мағынаны білдіреді. XVIII ғасырда қоғамның байлығы саудада емес өнім өндіруде деген қағида ең бірінші «физиократтар» мектебінің өкілі Франсуа Кэненнің еңбегінде пайда болды. Сонымен қатар ол нақтылай түсіп, ұлттық байлықтың қайнар көзі ауыл шаруашылығының еңбегінде деп есептеді.
КЛАССИКАЛЫҚ САЯСИ ЭКОНОМИЯ (КЛАССИЧЕСКАЯ ЭКОНОМИКА)
Экономикалық теорияның дамуының бұл деңгейіне Адам Смит пен Давид Рикардо үлкен үлес қосты. Физиократтар тек қана ауыл шаруашылығын зерттесе, бұл азаматтар жалпы өндірісті қарастырды. Олардың пікірінше қоғам баюның негізгі белгісі ретінде еркін бәсекелестік нарық экономикасын қарастырды. XIX ғасырдың II жартысының басында саяси экономия екі бағытқа бөлінді: марксизм және маржинализм. Адам Смит құн қалыптасуының еңбектік теориясының (трудовая теория стоимости) негізін қалады.
МАРКСИЗМ ЖӘНЕ МАРЖИНАЛИЗМ
Марксизм (К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин) идеясы тауарлы нарықта, ең алдымен, жұмыс күші тауарға айналып кеткендігін қарастырады. Бұл жерде жалдамалы жұмысшы (пролетариат) буржуазия өкіліне (капиталистке) өзінің еңбегін жалақығы айырбастайтындығы туралы айтылады. Осылай жұмыс күші буржуазияның жеке меншігіне айналады дейді. Себебі ол буржуазия меншігіндегі және пролетариаттың өндірген тауарының құнының құрамына кіреді деп есептеді. Нәтижесінде пролетариат барлық нәрсені істейді де өмір сүруіне қажетті жалақыны алады, ал буржуазия өкілі жұмыс жасамай тек қана тауар сатып, пайдаға ие болады. Сонымен бірге пролетариат кедей, ал буржуазия өкілі бай болып қала береді.
1848 жылы шыққан «коммунисттік партияның манифестін» қарастырып өтеміз (ғылыми коммунизмнің бағдарламалық іс-қағазы). Ондағы шешімдер:
-Жеке-меншік ұғымына шек қою;
- Мұраға қалдыруды жою;
- Ұлт деген түсінікті жою;
- Дін деген түсінікті жою;
- Отбасы деген түсінікті жою.
МАРЖИНАЛИЗМ
Французша «marginal» – шекті, ал латынша «marginalis» - шекте орналасқан деген мағынаны береді. Бұл мектеп шекті пайдалылық теориясынан қалыптасқан. Бұл теорияның қалыптасуы құн теориясының революциялық өзгеруіне алып келді. Маржиналистердің идеясына келер болсақ, тауардың құнын еңбек шығындарымен анықтауға болмайды. Тауардың құны оның пайдалылық эффектісімен анықталады. Маржинализм экономико-математикалық тәсілдер мен үлгілерді кең қолданады.
Өкілдері: XIX ғасырдың 70-80 жылдары: К. Менгер, У. Джевонс, Л. Вальрас, XIX ғасырдың 80-90 жылдары А. Маршалл, Дж. Кларк, В. Парето.
Жоғарыда көрсетілген азаматтардың назары – тұтынушылық таңдауда болды:
- Сұраныс қалай анықталады?
- Пайдалылық дегеніміз не?
- Оны қалай өлшеуге болады?


Приложенные файлы

  • docx 14819376
    Размер файла: 19 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий