Дамудың қатерлі кезеңдері


Чтобы посмотреть презентацию с картинками, оформлением и слайдами, скачайте ее файл и откройте в PowerPoint на своем компьютере.
Текстовое содержимое слайдов презентации:

С. Д. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті Гистология, цитология және эмбриология кафедрасы. Тақырыбы: Дамудың қатерлі кезеңдері. . ЖОСПАР І. Кіріспе ІІ.Негізгі бөлім:Тератогенді факторларГаметопатиялар, бластопатиялар, эмбриопатия, фетопатиялар Дамудың туа біткен ақаулықтарыМультифакторлық ТБДА ІІІ Қорытынды Дамудың қатерлі кезеңдері деп ұрықтың қоршаған ортаның әртүрлі зиянды факторларына өте сезімтал кезендерін айтамыз. Бұл кезеңдерде зиянды факторлар әсерінен онтогенездің қалыпты жүруі бұзылып, ұрық не өліп қалады не міндетті түрде әр түрлі ақаулықтар қалыптасады. Дамудың қатерлі кезеңдері терминін 1897 жылы Браун енгізген. ДАМУДЫҢ ҚАТЕРЛІ КЕЗЕҢДЕРІНДЕ: ұрықта метаболизм, тыныс алу құбылыстары күшейеді, РНҚ қасиеттері, иммундық мәртебесі өзгереді, өсу қарқыны төмендейді Адам эмбриогенезінің 3 қауіпті кезеңдерін ажыратады:а) имплантация − эмбрионның жатырдың кілегей қабатына енуі (ұрықтанғаннан кейін 6-7тәулік)б) плацентация − плацентаның түзілуі (ұрықтанғаннан кейін 14-15 тәулік)с) туылу (39-40−шы апталар) Гаметопатиялар − бұл ұрықтануға дейінгі гаметалардағы патологиялық өзгерістер. Бұл өзгерістер спонтанды түсікке және тұқым қуалайтын ауруларға әкеледі.Бластопатиялар − ұрықтанудан кейін алғашқы екінші аптадағы зиготаның зақымдалуы. Бір қатар жағдайларда осы кезеңдегі ұрықтарда келесі бластопатиялар деп аталатын паталогиялық өзгерістер кездеседі:− симметриялық немесе ассиметриялық егіздер ақаулығы− сиреномиелия және циклопияЖатырдан тыс жүктілік Эмбриопатия − ұрықтың жатыр қабырғасына бекітілгеннен плацентаның түзілуіне дейінгі уақыт аралығында ұрықтың зақымдалуы.плацентаның бұзылуы шетінеуге алып келеді, эмбрионның дамуы тежеледі, оның тіршілікке қабілеті төмендейді.Фетопатиялар − нәрестенің жатырішілік дамудың 76 күнінен немесе 12−ші аптасынан бастап туылуына дейінгі аурулардың жалпы атауы.(алкогольдік фетопатия, диабеттік фетопатия және т.б.) фетопатиялар гипоплазия, дисплазия, микроцефалия, гидроцефалия түрінде көрініс береді. Туа біткен даму ақаулықтары деп бірден анықталған немесе туылуға дейін пайда болып туылудан кейін анықталған, мүше немесе бүкіл ағзаның тұрақты морфологиялық өзгерістерін айтамыз.Даму аномалиялары − әдетте қызметтерінің бұзылуы болмайды. ТБА−ны зерттейтін ғылымды тератология деп атайды.м ТБДА жіктелуі этиология бойынша 1)тұқымқуалаушы 2) экзогенді 3) мультифакторлы деп бөлінеді.Тұқымқуалайтын ТБДА мутация нәтижесінде пайда болады, олар ата−анасының біреуінен немесе екеуінен де берілуі мүмкін. Экзогенді ақаулықтар ұрықтың не құрсақтағы баланың тератогендік факторлармен тікелей зақымдануы нәтижесінде қалыптасады, яғни эбриональдық кезеңде тератогенді факторлардың органогенезге әсерінің салдары болып табылады. Иондаушы радиацияның, дәрілік заттардың, зиянды тұрмыстық әдеттердің, дұрыс тамақтанбау, биологиялық факторлардың тератогендік әсері дәлелденген. Мультифакторлық ТБДА тұқым қуалайтын және экзогенді факторлардың бірігуінің әсерінен пайда болады, осы факторлардың жеке біреуі ақаулықтың себебі болмайды. Жалпы ақаулықтардың 20-30% тұқым қуалайтын ақаулықтар, 2-5% экзогенді, 30-40% −мультифакторлы, 25-50% − себебі әлсіз ақаулықтар құрайды. Агенезия − мүшенің мүлдем дамымауы, болмауы; Аплазия − мүшенің өте нашар дамыған бастамасы ғана болуы мүмкін; Туа біткен гипоплазия − мүшенің толық жетілмеуі; Туа біткен гипертрофия − мүше салмағының салыстырмалы түрде ұлғайып өсуі; Туа біткен гипотрофия − нәрестенің не құрсақтағы баланың дене салмағының аз болуы; Макросомия − нәресте денесінің ұзын болуы; Гетеротропия − кейбір мүшелерде өздеріне тән емес жасушалардың, ұлпалардың немесе басқа бір мүшенің түгелдей бір бөлігінің кездесуі; Гетероплазия − кейбір ұлпалардың жіктелуінің бұзылуы; Эктопия − мүше орнының ығысуы яғни оның өзіне тән емес жерлерде орналасуы; Атрезия − қуыс мүше арнасының не табиғи тесікшесінің мүлдем болмауы; Стеноз − қуыс мүше арнасының не тесігінің тарылуы; Бітісу − екі монозиготалы егіздердің бір−бірімен бітісуі; Дисхрония − ағза мүшелерінің даму қарқыннының бұзылуы; Мүшелердің және мүшелер жүйелерінің туа біткен ақаулықтары:Орталық жүйке жүйесінің, сезу мүшелерінің ақаулықтары;Мойын және бет ақаулықтары;Жүрек−қантамыр жүйесінің ақаулықтары;Тыныс алу жүйесінің ақаулықтары;Ас қорыту жүйесінің ақаулықтары;Тірек−қимыл жүйесінің ақаулықтары;Зәр шығару жүйесінің ақаулықтары;Жыныс мүшелеріінң ақаулықтары;Ішкі секреция бездерінің ақаулықтары;Тері және оның туындыларының ақаулықтары;Плацента ақаулықтары;Басқа да ақаулықтар;Көптеген ақаулықтар:Хромосомалық ақаулықтар;Гендік синдромдар;Экзогендік факторларға байланысты синдромдар;Пайда болуы анықталмаған синдромдар;Айқындалмаған көпшілікті синдромдар; Тератогендік факторларды 3 топқа бөледі: Эндогендік факторлар:а) мутациялар;б) ішкі секреция бездерінің қызметінің бұзылуы;в) жыныс жасушаларының пісіп кетуі;г) ата−аналар жасы. Экзогендік факторлар:а) физикалық факторлар;б) иондаушы радиация;в) механикалық факторлар;г) химиялық факторлар; Биологиялық факторлар:а) вирустар б) микоплазмалар т.с.с. Әр түрлі факторлардың әсеріне сезімтал онтоенездің кезеңдерін − қауіпті, ал зиян келтіретін факторларды тератогенді факторлар деп атайды. Эмбрион дамуындағы қауіпті кезеңдердің маңызы сол, сипаты бойынша әртүрлі патогендік факторлар бірдей патологиялық өзгерістер тудыруы мүмкін, бұл олардың әсерінің уақытына байланысты болады.

Приложенные файлы

  • ppt 14819397
    Размер файла: 2 MB Загрузок: 2

Добавить комментарий