Зәр шығару ағзаларының арулары кез м. ісі.


Пәнің аталуы «Балалар аурулары» Алматы медицина колледжіКредитер- 2 ЦӘК «Педиатриядағы мейірбике ісі»
Дәрістің тақырыбы-Зәр шығару ағзаларының аурулары кезіндегі мецірбике ісі.
Сабақтың мақсаты – дидактикалық , тәрбиелік, дамыту Курс-4,семестр-8
Оқытушы – Омашбекова Г.А. Дәрістің кысқаша мазмұны:
Дәрістің жоспары:
1.Зәр шығару жолдарының АФЕ –сі
2. Пиелонефрит жайлы түсінік.
3. Пиелонефриттің себептері, белгілері, диагноз қою, емдеу.
4. Гломерулонефрит жайла түсінік.
5. Гломерулонефриттің түрлері.
6. Гломерулонефриттің белгілері.
7. Гломерулонефриттің диагностикасы, емі.
8. Осы аурулардың негізгі емдеу принциптері және алдын – алу.
Дәрістің мәтіні:
Жас балалардың бүйректері төменірек орналасқан, салмағы үлкен кісінің бүйрегімен салыстырғанда 2 есе ауыр. Бүйрек түбектері мен несепағарларының сергітуі төмен. Бұл ерекшеліктер зәрдің тоқтап қалуына жағдай туғызып қабыну процесстеріне әкеліп соқтырады. Нәрестенің қуығы сәл жоғары орналасқан, оның көлемі жасына байланысты:
ЖТБ-да         50 мл
3 айында      100 мл
1 жасында    200 мл
10 жасында  900 мл.
ЖТБ сөткесіне 25 ретке дейін зәр шығарады. Қыздардың зәр шығаратын жолы қысқа 0,8-1,0 см, сондықтан баланың астын дұрыс жумаған кезде инфекция оңай жоғары көтеріліп бүйректі қабындырады, пиелонефрит дамиды. 3-4 айынан бастап баланы ұйқыдан кейін немесе тамақтандырғаннан 20 минуттан кейін тосып үйреткен жөн. Алдымен қолға алып табақтың үстіне, ал 6 айдан бастап горшокқа отырғызуға болады.
Пиелонефрит
Пиелонефрит-бүйректің түбегінің және тканінің микробтық қабынуы.
Этиологиясы: ішек таяқшасы, стафилококк, стрептококк, вирустар, протеилер.
Патогенезі: Инфекция зәр шығару жолдарын 3 түрлі енеді:
1.      Гематогендік /әр-түрлі іріңді ауруларда қан арқылы/.
2.      Уриногендік /вульвовагинит немесе стерильді емес инструменттермен тексерулер өткізгенде, қыз баланың астын дұрыс жумағанда/.
3.      Лимфогендік /гематогендік сияқты/.
Клиникалық айқындалуы: ауру жедел немесе еппен басталады.
Пиелонефрит ағымы бойынша өткір (6 айға дейін), қайталанғыш және жасырын түрде өтеді.
Жедел пиелонефриттің клиникалық белгілері жедел дене қызуы көтерілуден, интоксикациядан басталады. Одан кейін диспепсиялық, дизуриялық белгілер қосылады: баланың іші ауырып, құсады, жиі дәретке отырады, кейде кіші дәретін ұстай алмау байқалады (шыжың-энурез). Баланың іші, белі ашып ауырады, Пастернацкий белгісі оң нәтиже көрсетеді. Зәрдің жалпы тексерісінде өзгерістер пайда болады: зәрдің мөлдірлігі төмендейді, көп мөлшерде эпителий клеткалары, лейкоциттер – лейкоцитурия, бактериурия, гематурия анықталады. Қанда лейкоцитоз, эритроциттердің шөгу жылдамдығы (ЭШЖ) артады, қаназдық (анемия). 
Пиелонефриттің қайталанғыш түрінде баланың жалпы жағдайы көп уақытқа дейін өзгермейді, қайталану (рецидив) кезінде: температура көтеріледі, баланың жалпы жағдайы бұзылады, белі, іші ашып ауырады, зәрде лейкоцитурия анықталады. Ауру жиі қайталана берсе бүйрек қызметінің бұзылуына, бүйрек жетіспеушілігіне әкелуі мүмкін.
Пиелонефриттің жасырын (латентті) түрінде баланың жалпы жағдайы өзгермейді, ұзақ уақытқа дейін ауру білінбей жүреді, тек бала басқа аурулармен ауырған кезде барып дизуриялық белгілер және зәрде өзгерістер анықталады. Осы кезде сұрастыра келе баладан тез шаршағыштық, тәбеттің төмендеуі, кейде субфебрильді температура, ауық-ауық іші ауыратынын анықтауға болады.                          
Емі: 1.-Төсек режимі тек ауыр жағдайда тағайындалады, басқа кездерде баланың көбірек қимылдап тігінен жүргені зәрдің ағуына жағдай жасайды.
2,-Диета №7 стол. Тамағы негізінен сүт өнімдерінен болғаны дұрыс, сөткесіне 2 литрге жуық сұйықтық ішуі керек. Ащы, қуырылған, майлы тағамдар берілмейді.
3.-Антибактериалды ем ұзақ өткізіледі /нитрофуран дәрілері, налидиксин қышқылының препараттары/ микробтардың сезімталдығын ескере отырып 6-айдан-1,5 жылға дейін10-15 күннен өткізіледі.
4.-Антигистаминді препараттар
5.-Витаминдер комплексі
6.-Фитотерапия-қарақаттың жапырағы, аю құлақ, жолжелкен, дала қырықбуыны, қалақай, түймедақ, жүгері желкенінің қайнатпалары беріледі.
7.-Симптомдық ем.
Күтімі:
Баланың күн тәртібін сақтауын қадағалау.
Баланың тамағын және сұйықтықты жеткілікті ішуін қадағалау.
Баланың уақтылы кіші және үлкен дәретке отыруын қадағалау.
Жеке  бас гигиенасын сақтау.
Дәрігердің белгілерін мұқият орындау.
Диспансерлік  бақылауға алынып емханада схемамен емдеуді жалғастыру- 10-15 күн антибактериалды терапия, 10-15 күн фитотерапия кем дегенде 6 ай бойы жүргізілу керек.
Гломерулонефрит
Гломерулонфрит-инфекциялық аллергиялық ауру, бүйректің домалақшаларының қабынуымен сипатталады.
Этиологиясы: Стрептококктар, стафилококктар, вирустар. Баспа, қызамық, вирусты инфекциялар баланың қорғаушы күштерін төмендетеді де, 1-3 аптадан кейін бүйректе қабыну процесстері пайда болады. Бұл аурумен мектеп жасындағы ер балалар жиірек ауырады.
Клиникалық айқындалуы:
1.                       Ауру жедел немесе баяу баланың жалпы жағдайының бұзылуымен басталады: әлсіздік, көңілсіздік, тәбетінің төмендеуі, ыстығының көтерілуі, лоқсу, құсу, терісінің және шырышты қабаттарының бозаруы. Бала  зәрді сирек, аз шығаратын болады, белі, іші ауырады.
2.                       Бұл ауруға тән белгілердің бірі-ісік синдромы немесе нефротикалық синдром. Бүйрек ауруы кезінде ісік әуелі көздің қабақтарында пайда болады, әсіресе таңертеңгілік көзі, беті ісініп тұрады. Ауру асқынған кезде кеуде мен құрсақ қуыстарында сұйық жиналады, ал өте ауыр жағдайларда ісіну процесстері бүкіл организмге тарап анасарка дамиды.
3.                       Бұл ауруға байланысты қан қысымы көтеріліп, жүректің көлемі улкейіп, соғуы әлсіз болады. Басы қатты ауырып, ұйқысы бұзылып, денесі құрысып-тырысуы мүмкін.
4.                       Зәрдегі өзгерістер. Зәрмен организмнен су, минералдық тұздардың артығы, зат алмасудың қалдық заттары шығарылады. Бүйректе қабыну процесстері дамығанда домалақшалардың қан тамырларынынң қабырғаларынан эритроциттер мен ақуыздар өтіп кететін болады. Ақуыздардың зәрде пайда болуы-протеинурия, эритроциттердің пайда болуы-эритроцитурия  немесе гематурия деп аталады. Эритроциттер зәрге көм мөлшерде өткен кезде зәрдің түсі ет жуындысына ұқсас болады, мұны макрогематурия дейді. Эритроциттерді тек микроскоппен ғана көрсе-микрогематурия дейді. 
Осы синдромдардың қайсысы алдыңғы орынға шығуына байланысты гломерулонефриттің 3 түрі бар:
1.                         Гематуриялық формасы-гематурия және гипертониямен сипатталады.
2.                         Нефротикалық формасы-ісіктер және протеинуриямен сипатталады.
3.                         Аралас формасы-гематурия, протеинурия, гипертония, ісік болады, бұл аурудың ең  ауыр өтетін формасы.
Өтуіне байланысты-жедел, созылмалы, латентті /симптомсыз/ болып бөлінеді.
Асқынуы: бүйректің жедел жетіспеушілігі – бүйректің қызметінің бұзылуы, олигурия, анурия дамып бала организмінің зат алмасудың қалдық заттарымен улануы.
Клиникасы: Баланың жағдаы күрт нашарлайды: тәбеті жоқ, басы ауырады, лоқсиды, құсады, денесінің құрысып-тырысуы пайда болады, есінен айрылады. Зәр шығаруы төмендеп, мүлдем тоқтап қалуы мүмкін.
Соңғы кездерде қанды уыттардан тазартуға «жасанды бүйрек» аппараты қолданылады /гемодиализ/.
Емі: Этапты өткізіледі:
1-ші этап- арнайы бөлімшеде.
2-ші этап- емханада диспансерлік бақылау.
3-ші этап-санаторлы-курорттық ем.
І. Нефрология бөлімшесіндегі ем:
3-4 апта қатаң төсек режимі.
Диета. №7 стол-жеміс, бал, варенье беріледі. Сұйықтық мөлшері азайтылады, тұзы шектелген.
Антибактериалды ем-пенициллин т.б.
Антигистаминді дәрілер.
Витаминдер комплексі.
Кальций препараттары.
Қан қысымын төмендететін препараттар-резерпин, дибазол.
Зәр бөлуді жақсартатын препараттар-гипотиазид, фуросемид.
Калий препараттары, гармондар.
Симптомдық ем.
Күтімі:  1.Баланың диета және режимін сақтауын қадағалау.
Баланың жеке бас гигиенасын сақтауын қадағалау.
Қан қысымын, салмағын бақылау.
Анализдерін дұрыс жинау.
ІІ. Жедел түрі 5 жыл, созылмалы түрі өмір бойы диспансерлік бақылауда тұрады. Денешынықтыру сабағында арнайы топта шұғылданады.
ІІІ. Санаторлық емдеу-6 айдан кейін
Алдын алуы:
Баланы дұрыс тамақтандыру, шынықтыру.
Созылмалы ауруларды мұқият емдеу.
Барлық балаларды диспансерлік бақылауға алу.
Глоссарий:
1. Лейкоцитурия – зәрде лейкоциттердің санынының көбеюі.
2. Гипопротеинемия – қанда ақуыздардың мөлшерінің төмендеуі.
Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар:
1. Пиелонефрит дегеніміз не?
2. Пиелонефриттің себептері, белгілері, диагноз қою, емдеу?
3. Гломерулонефрит дегеніміз не?
4. Гломерулонефриттің түрлері айтыңыз?
5. Гломерулонефриттің белгілерін атаңыз?
6. Гломерулонефриттің диагностикасын, емін айтыныз?
Тарататын материал: тестер, ситуациалық есептер.
Манипуляция алгоритмдері:
Сабақтың жабдықталуы: оқу-жұмыс бағдарламасы, дәріс, кестелер, тестер, сөзжұмбақтар.
ЧЕК-парағы:
Үй тапсырмасы: Зәр шығару ағзаларының аурулары кезіндегі мецірбике ісі. Дәріс.
Қолданатын әдибиет:
К.А. Святкина, Е.В.Белогородская, Н.П.Кудрявцева алматы – «Ана тілі» 1993 ж «Балалар аурулары», 276 - 292 беттер.
Тестер:
1. Гломерулонефритке тән белгі:
құсу
суюқ нәжіс
жиі зәр шығару
мықын аймағының ауырсынуы
*денесімен аяқ-қолының ісінуі
2. Зәр анализіде пиелонефритке тән көрсеткіш:
мөлдір
тығыздығы– 1016
протеинурия
*лейкоцитурия
эритроцитурия
3. Гломерулонефриттің жедел кезеңінде балаға күтім жүргізілгенде бақылау керек: пульстің жиілігіне;
жүрек соғуының санын; нәжістің сипаттамасына; қабылдағын сұйықтықтың көлемін; *қабылданған және бөлінген сүйықтық көлемін.4. Бетінің ісуі,зәр түсінің «ет жуындысы» тәрізді болуы байқалады:
баспада
лейкозда
пневмонияда
стоматите
гломерулонефритте
5. Пиелонефриттің еміне қолданылатын препарат:
аспирин
*амоксиклав
парацетамол
платифиллин
сульфат магний
6. Пиелонефритте тәң көрсеткіш:
гипоглекемия
протенурия
гиперглекемия
гематурия
*бактериурия
7. Гломерулонефритте зәр анализіндегі өзгеріс:
ақуыз болмайды
түсі сары, мөлдірлігі төмендеген
көз аймағында 1-2 эритроцит
көз аймағын толық лейкоциттер жапқан
*көз аймағын толық эритроциттер жапқан
8. Пиелонефритте індеттің негізгі түсу жолдары:
ауа арқылы
тамшы арқылы
плацента арқылы
тырмыстық –қатнас арқылы
*лимфогематогенді
9. Гломерулонефрит - бұл:
аллергиялық ауру, және қуықтың қабынуы
бүйректің қабынуы
зәр жолының қабынуы
бүйректің денешігінің шумақтарының қабынуы
бүйректің тостақаншасының қабынуы
10. Пиелонефритке бейімдейтін факторларды көрсет:
* туа біткен бүйректің аномалиясы
семіру
аз қозғалу
күтімнің нашарлығы
ретсіз тамақтану
Ситуациалық есептер:
10 жасар балаға үйіне шақырғанда,науқас бастың ауырсынуына, дене қызуының 39С көтерілуіне, құсуына шағымданды.Тексергенде науқас бозарған, беті ісіңкі, АҚҚ 140/80мм.Зәрдің түсі ет жуындысы тәрізді.Сіздің диагнозыңыз-
цистит
гепатит
пиелонефрит
*гломерулонефрит
менингококкты індет

Приложенные файлы

  • docx 14819517
    Размер файла: 30 kB Загрузок: 0

Добавить комментарий